Қуқық
Серік Бектұрғанов – жоғары марапат иесі 21.01.2026
Серік Бектұрғанов – жоғары марапат иесі Қызылордада өткен Ұлттық Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтай мүшесі, Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Шыңғысұлы Бектұрғановқа еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградаларының бірі - III дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті.Бұл марапат – оның көпжылғы еңбегі, қоғамға қызмет ету жолындағы азаматтық жауапкершілігі мен адалдығы үшін халықтың шынайы ықыласы және зор құрметінің белгісіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1145339?lang=kk
Президент тапсырмаларын орындау: Үкімет экономиканың өсуі үшін нақты секторды қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды 21.01.2026
Үкімет ЖІӨ өсімін кемінде 5% деңгейінде қамтамасыз етеді және экономиканың нақты секторын қолдауға шамамен 8 трлн теңге бағыттайды. Ұлттық құрылтайда берілген Президент тапсырмаларын жүзеге асыру тетіктері туралы Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.Оның айтуынша халықтың табысын арттыру үшін макроэкономикалық тұрақтылық бағдарламасы жалғаспақ. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін жалпы ішкі өнімге қатысты 18%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Шаралар кешені халықтың нақты табысының 2-3%-дан жоғары өсуіне мүмкіндік береді.Экономикалық өсудің проактивті саясаты шеңберінде жалпы қосылған құнның, экспорттық түсімдердің және еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін жаңа өндірістік қуаттарды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік механизм құрылады. Басты екпін экспортқа және импортты алмастыруға бағытталған терең өңдеу кластерлерін дамытуға жасалады, — деп хабарлады вице-премьер Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1144986?lang=kk
Төтенше жағдайларды жоюдан бастап, миналарды залалсыздандыруға дейін: Қазақстанның инженерлік әскерлері қалай қызмет атқарады 21.01.2026
21 қаңтарда Қазақстанда ең жауапты әрі қауіпті әскери мамандықтардың бірінің кәсіби мерекесі – Инженерлік әскерлердің күні аталып өтіледі. Олардың қатарында саперлар, инженер-барлаушылар, механик-жүргізушілер, понтоншылар, кинологтар және басқа да мамандар бар. Әскери инженерлер бағдарларды дайындау мен қамтамасыз етуге, фортификациялық құрылыстар салуға, миналық-жарылғыш бөгеттерді орнату және залалсыздандыруға, өткелдер ұйымдастыруға, сондай-ақ әскерлерді сумен қамтамасыз етуге жауапты.Сонымен қатар олардың міндетіне әскери нысандарды бүркемелеу немесе имитациялау кіреді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде инженерлік-саперлік бөлімшелер ерекше рөл атқарады. Олар аумақты миналардан тазалау жұмыстарын жүргізеді. Бұл қызмет жоғары кәсіби дайындықты, қатаң тәртіпті және күйзеліске төзімділікті талап етеді. Инженерлік әскерлер заманауи барлау құралдарымен, робототехникамен, жер қазу және понтондық техникамен жабдықталған.Әскери инженерлер төтенше жағдайлардың салдарын жоюға да тартылады. 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде Ойыл және Есіл өзендері арқылы паром өткелдері ұйымдастырылып, 3 мыңнан астам адам эвакуацияланды, шамамен 1,5 мың техника бірлігі өткізілді және 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді.Қазақстандық инженерлер халықаралық миссияларға да елеулі үлес қосты. Ирактағы операция барысында олар 4 миллионнан астам жарылғыш затты залалсыздандырып, 6,7 мың текше метрден астам суды тазартты. Қазіргі заманғы техникамен жабдықталған және білікті мамандармен толықтырылған инженерлік әскерлер ұлттық қауіпсіздік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1144813?lang=kk
«Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында Алматыда микро және шағын кәсіпкерліктің 659 жобасына қолдау көрсетілді 20.01.2026
«Алматы» ӘКК» АҚ-ның еншілес ұйымы — «МҚҰ «Almaty» ЖШС 2025 жылы «Almaty Business – 2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Алматының шағын және микро бизнесіне 72 жеңілдетілген несие берді. Жаңадан бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер бизнесін дамыту үшін жылдық 2% және 6% жеңілдетілген мөлшерлемемен қаржы алды.Өткен жылы берілген несиелердің жалпы көлемі 3,2 млрд теңгеден асты. Бір қарыз алушыға берілетін қаржыландыру лимиті 78,64 млн теңге, ал ең жоғары несиелеу мерзімі 7 жыл болды.Салалық тұрғыда ең көп қаржыландырылған жобалар өндіріс және қайта өңдеу саласына тиесілі — бұл барлық қолдау тапқан жобалардың 32%-ы. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету саласындағы жобалар – 24% және денсаулық сақтау – 21% болды. Бұдан кейін білім беру – 8%, креативті экономика – 7%, сондай-ақ туризм мен спорт – әрқайсысы 4% болды.«Almaty Business – 2025» бағдарламасы 2019 жылы іске қосылғалы бері «МҚҰ «Almaty» Алматыда жалпы сомасы 16,5 млрд теңге болатын 659 жобаны қаржыландырды. Әсіресе, ең үлкен қолдау өндірістік жобаларға – 29% және денсаулық сақтау саласындағы жобаларға – 16% бағытталды. Қаржыландырудың тағы 10%-ы әлеуметтік кәсіпкерлікке тиесілі, бұл жобалар жылдық 2% ең төменгі жеңілдетілген мөлшерлемемен несие алды.Аумақтық бөліністе ең көп жоба Бостандық ауданында қолдау тапты — 141 несие. Одан кейін Алатау ауданы — 110, Алмалы — 88, Медеу — 80, Әуезов — 77, Наурызбай — 67, Жетісу — 49 және Түрксіб — 47.МФО «Almaty»-дің жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында қалада шамамен 3 000 жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша қарыз алушылар бизнесін дамыту есебінен бюджетке шамамен 3 млрд теңге салық төледі.Қазіргі уақытта «Almaty Business» бағдарламасын ұзарту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы қосымша хабарланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1144331?lang=kk
Қостанай облысының жас робототехниктері әлемдік аренада 20.01.2026
2025 жылы Қытай Халық Республикасының Уси қаласында өткен World Robot Contest Final (WRCF) дүниежүзілік роботтар байқауының финалы әлемнің әр түкпірінен келген жас өнертапқыштарды бір алаңға жинады. Аталған беделді халықаралық жарыста Қазақстан Республикасының атынан қатысқан жас робототехниктер жоғары деңгейде өнер көрсетті.Атап айтқанда, Қостанай облысы Амангелді ауданы Амантоғай орта мектебінің оқушылары - Әубәкір Хақназар мен Дүйсенбай Бекнұр аталған байқауға қатысып, өздерінің инженерлік жобаларын сәтті қорғады. Олар «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы жанындағы «РобоШеберхана» үйірмесінің тәрбиеленушілері. Оқушыларды халықаралық додаға үйірме жетекшісі Жетібаева Лаура Ерболқызы дайындады.Халықаралық байқау барысында қатысушылар робототехника саласындағы теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын, инженерлік ойлау қабілеттерін және командамен жұмыс істеу мәдениетін көрсетті. Қазылар алқасы жобалардың техникалық шешімдеріне, жаңашылдығына және орындалу сапасына ерекше назар аударды.Бұл жетістік - жас жеткіншектердің тынымсыз еңбегінің, жетекшінің кәсіби шеберлігінің, сондай-ақ ата-аналар мен білім ордасының жан-жақты қолдауының нәтижесі. Осындай байқаулар оқушылардың ғылым мен технологияға деген қызығушылығын арттырып, елдің инновациялық дамуына серпін береді.Қостанай облысының жас робототехниктерінің жетістігі - өңір ғана емес, тұтас ел мерейін үстем еткен маңызды нәтиже. Алдағы уақытта да «РобоШеберхана» үйірмесінің тәрбиеленушілері жаңа белестерді бағындырып, халықаралық ареналарда Қазақстанның абыройын асқақтата береді деген сенім мол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1144230?lang=kk
Қазақстан шикізаттық емес экспортты жүйелі басқаруға көшуде 20.01.2026
Қазақстан 2028 жылға қарай күнбағыс майын әлемдегі жетекші топ-3 экспорттаушы елдің қатарына еніп, май-тоңмай саласы өнімдерінің экспорт көлемін 1 млрд АҚШ долларынан асыруға ниетті. Осы мақсатта ел экспортты қолдаудың жекелеген шараларынан жүйелі салалық басқару моделіне көшіп, шикізат базасынан бастап өңдеу, логистика және мақсатты нарыққа дейінгі толық экспорттық тізбектерді қалыптастыруға бағыт алды. Астанада биылғы жылғы шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі Экспорттық штабтың алғашқы отырысы өтті. Жиын ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабековтің төрағалығымен ұйымдастырылды. Отырыста агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспортын дамытуға арналған жаңа тәсілдер және қазақстандық өндірушілердің сыртқы нарыққа шығу барысында кездесетін жүйелі кедергілерді жою мәселелері талқыланды. 2025 жылы Экспорттық штабтың қызметі сапалық тұрғыдан жаңа форматқа өтті. Бұған дейін талқылаулар жекелеген мәселелер шеңберінде жүргізілсе, мамыр-желтоқсан айлары аралығында QazTrade алаңында бес салалық отырыс өтті. Олар агроөнеркәсіп кешені өнімдеріне, май-тоңмай саласына, астықты қайта өңдеуге, балға, сондай-ақ өнеркәсіп және IT өнімдеріне арналды. Нәтижесінде штаб нақты салалардың экономикалық ерекшеліктеріне негізделген жүйелі шешімдерді әзірлеуге бағытталды. Бұл жұмыстың негізгі нәтижесі 2026–2028 жылдарға арналған май-тоңмай саласы өнімдері экспортының даму жөніндегі Жол картасының әзірленуі болды. Сала алғаш рет қосылған құнды қалыптастырудың толық тізбегі аясында қарастырылды. Құжатты әзірлеу барысында еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде майлы дақылдарды өсірумен, сондай-ақ Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Жетісу және Алматы облыстарында оларды өңдеумен айналысатын 30-дан астам кәсіпорынға кешенді диагностика жүргізілді. Жұмысқа мемлекеттік және жеке сектордан 50-ден астам өкіл тартылып, үш бейінді министрліктің өзара іс-қимылы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар Еуропалық одақтың қолдауымен Халықаралық сауда орталығының халықаралық әдіснамасы қолданылды. Жол картасында саланың дамуына арналған нақты әрі өлшенетін көрсеткіштер айқындалды. Олардың қатарында өңдеу қуаттарының жүктемесін арттыру, экспорт географиясын кеңейту және 2028 жылға қарай Қазақстанның күнбағыс майын әлемдегі жетекші үш экспорттаушы елдің қатарына енуі көзделген. Нәтижесінде сала сыртқы нарықтардағы нақты сұранысқа негізделген бірыңғай және келісілген іс-қимыл жоспарына ие болды. Қалыптасқан тәжірибе салалық тәсілді агроөнеркәсіп кешенінің өзге бағыттарына да кеңейтуге негіз болды. Отырыста мысал ретінде экспорт көлемі тұрақты өсіп келе жатқан және табыстылығы, климаттық тәуекелдерге төзімділігі мен экспорттық тартымдылығы бойынша дәстүрлі дәнді дақылдардан асып түсетін жасымық дақылы қарастырылды. Сонымен қатар шикізаттық емес экспортқа кедергі келтіретін жүйелі мәселелерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, теміржол көлігінде жүктерді басымдықпен тасымалдау, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау рәсімдері, қазақстандық компанияларды Қытай Халық Республикасының тізілімдеріне енгізу, экспорттық шығындарды өтеу және қаржылық қолдау құралдарына қолжетімділік мәселелері қозғалды. «Май-тоңмай өнімдері экспортының даму жөніндегі Жол картасы саланың стратегиялық дамуына берік негіз қалады. Сонымен бірге май өңдеу зауыттарын Еуразиялық экономикалық одақтың тауар өндірушілері тізіліміне жедел енгізу және карантиндік рәсімдерді оңайлату қажет. Бұл шаралар шығындарды азайтып, экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді», - деді «Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі Ядыкар Ибрагимов. Өз кезегінде Айдар Әбілдабеков проблемалық мәселелердің бірыңғай тізілімі қалыптастырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл тетік шешілмеген кейстерді «қолмен басқару» режимінде Сауда және интеграция министрлігі деңгейіне, қажет болған жағдайда Үкімет Аппаратының қарауына шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Экспорттық штаб отырыстарын ай сайын, салалық қағидат бойынша өткізу туралы шешім қабылданды.Айта кетейік, Экспорттық штаб құрылғаннан бері шамамен 20 отырыс өткізіліп, 2025 жылы Экспорттаушылар форумы ұйымдастырылды. QazTrade экспорттық акселерация бағдарламаларын іске асыруды, сауда-экономикалық миссияларды, көрмелер мен бизнес-форумдарды өткізуді, сондай-ақ экспорттаушыларға консультациялық және қаржылық қолдау көрсетуді жалғастырып келеді. Отырыстың қорытындысы бойынша экспорттаушылар мен салалық қауымдастық өкілдері Экспорттық штабтың жаңартылған жұмыс форматының тиімділігін атап өтіп, көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс білдірді. Олардың пікірінше, мұндай тәсіл нақты мәселелер бойынша жедел шешім қабылдауға және бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге ықпал етеді. Анықтама: 2025 жылы экспорттаушыларды қолдау мақсатында өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің 109 субъектісіне 6,1 млрд теңге көлемінде шығындар өтелді. Отандық экспорттаушылардың қаржылық ресурстарға қолжетімділігі кеңейтілуде. Экспорттық-кредиттік агенттік желісі бойынша 2025 жылдың қорытындысында қаржылық қолдау көлемі 650,9 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда (336 млрд теңге) шамамен 1,9 есе артты. Сауда және экспорт алдындағы қаржыландыруға басымдық беріліп, оның көлемі 88,4 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есеге жуық өсімді көрсетті. Барлығы 113 экспорттаушыға қолдау көрсетілді (оның ішінде шағын және орта бизнес үлесі – 69%, орта және жоғары деңгейде қайта өңделген өнім үлесі – 87%; 2024 жылы – 96 экспорттаушы).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1144238?lang=kk
Қалдықтар табысқа айналады: ел тұрғындары үйден шықпай-ақ қалай табыс таба алады 20.01.2026
Астана қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында «Таза үй - Таза ел» экологиялық бастамасы іске қосылды. Жобаның бастамашысы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның қолдауымен «Жасыл даму» АҚ. Ал жобаны тәжірибелік тұрғыда жүзеге асыруды «Astana Qaqazy» ЖШС қамтамасыз етті.Бастама аясында елордадағы тұрғын үй кешендерінің аулалары мен аумақтарында қағаз және пластик қалдықтарын бөлек жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылды. Тұрғындар картон, қағаз, пластик және бөтелкелерді таза күйінде сұрыптап тапсыру мүмкіндігіне ие болды. Жиналған барлық қалдықтар қайта өңдеу зауыттарына жөнелтіліп, оларға «екінші өмір» беріледі.Жоба «EcoQolday» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Контейнерлерді орнату қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымын қалыптастыру мен қала тұрғындарын экологиялық жауапты мінез-құлыққа тартудағы маңызды практикалық қадам болды.«Қалдықтарды бөлек жинау - бұл тек экология мен экономика мәселесі ғана емес, сонымен қатар қоғамның экологиялық мәдениетінің көрсеткіші. «Таза үй - Таза ел» бастамасы әрбір елорда тұрғынына өз үйінің, қаласының және тұтас елінің тазалығы үшін жеке жауапкершілікті сезінуге, сондай-ақ осы арқылы табыс тауып, оны үйдің қажеттіліктеріне жұмсауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов.EcoQolday цифрлық платформасы (https://apps.apple.com/kz/app/ecoqolday/id6475673696) қалдықтарды көму көлемін азайтуға, қайта өңдеу саласын дамытуға және ресурстарды тұтынуға саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді. Тұрғындар үшін бұл - қосымша шығындарсыз және қиындықсыз экологиялық бастамаларға қатысудың ыңғайлы әрі түсінікті құралы.«Жасыл даму» АҚ және жоба серіктестері бастаманың географиясын кезең-кезеңімен кеңейтіп, қалдықтарды бөлек жинау жүйесіне барған сайын көбірек тұрғынды тартуды және Қазақстанда таза, орнықты әрі экологиялық жауапты ортаны қалыптастыру миссиясын дәйекті түрде іске асыруды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1144196?lang=kk
Аграрлық сектордың терең өңдеу әлеуеті 20.01.2026
Мемлекет басшысы өз Жолдауында аграрлық сектордың терең өңдеу әлеуетін дамыту қажеттігін ерекше атап өтті.Міне, сол себепті, өңірде өндірілетін барлық ауыл шаруашылығы өнімдері өзімізде өңделуі тиіс.Осы бағытта «Qostanai Grain Industry» астықты терең өңдеу жобасы іске асырылуда. Жобаның құны – 71,0 млрд. теңге, жобалық қуаты – 415,0 мың тонна, 650 жұмыс орны ашылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1144055?lang=kk
Әскери қызметшілер далалық жағдайда қалай тамақтанады: жеке тамақтану рационының құрамына не кіреді 19.01.2026
Әскери қызмет көбіне қолайсыз жағдайларда — полигондарда, алыс аймақтарда және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде өтеді. Алайда қандай жағдайда болмасын өзгермейтін қағида бар: әскери қызметші киіммен, аяқ киіммен және толыққанды тамақпен қамтамасыз етілуі тиіс. Ыстық тамақ ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда Қарулы күштерде жеке тамақтану рациондары (ЖТР) қолданылады. Оның үш негізгі түрі бар: жалпыәскери, Десанттық-шабуылдаушы әскерлерге арналған және кеме мен катер экипаждарына арналған борттық рацион. Жеке рациондар әскери қызметшілерге жол үстінде, оқу-жаттығулар кезінде, полигондарда, әскери бөлімдерден алыс орналасқан бөлімшелерде, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар аймақтарында беріледі. Әрбір рацион жеті күнге есептелген және оның құрамына галеттер, ет консервілері, паштет, жылқы етінен жасалған сүрленген өнімдер, балқытылған ірімшік, қоюлатылған сүт, шоколад, кептірілген жемістер, шай, кофе, қант және тұз кіреді. Рационның орташа энергетикалық құндылығы тәулігіне шамамен 4170 килокалорияны құрайды. Барлық өнімдер ұлттық және мемлекетаралық стандарттарға сай өндіріледі әрі құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар жоқ. Олар герметикалық түрде қапталып, ұзақ уақыт сақтауға және сыртқы әсерлерден қорғауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жинақта портативті жылытқыш, су мен желге төзімді сіріңке, суды залалсыздандыру құралдары, майлықтар, бір реттік қасықтар және жиналмалы металл консерві ашқыш бар. Осындай ойластырылған азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесі әскери қызметшілердің күш-қуат дайындығы мен жауынгерлік қабілетін күрделі әрі стандартты емес жағдайларда да сақтауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1143884?lang=kk
Күштік құрылымдар жоғары оқу орындарының курсанттары Іле Алатауындағы 3500 метрлік шыңды бағындырды 19.01.2026
Алматыда күштік құрылымдарға қарасты жоғары оқу орындарының курсанттары Іле Алатауындағы 3500 метр биіктіктегі тау шыңына көтерілді. Іс-шара тәрбие құрылымдары офицерлері институтының құрылған күніне орай ұйымдастырылғанын айта кету керек.Акцияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Тау дайындығы орталығының нұсқаушылары мен Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери жоғары оқу орнының медицина қызметкерлері тартылды.Құрлық әскерлері әскери институты бастығының орынбасары полковник Данияр Құдайбергеновтің айтуынша, жорыққа «тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жатқан курсанттар қатысқан.19 қаңтарда әскерлердің моральдық-психологиялық қамтамасыз етілуіне, әскери ұжымдарда қолайлы ахуал қалыптастыруға және әскери қызметшілердің патриоттық санасын дамытуға жауапты мамандар кәсіби мерекесін атап өтеді. Болашақ тәрбиеші офицерлерге олардың мамандығы тек білімді ғана емес, сонымен қатар күш-қуат төзімділікті, командамен бірлесе жұмыс істей білуді және жеке жауапкершілікті талап ететінін көрсету біз үшін өте маңызды болды, – деп атап өтті ол.Шыңды бағындыруға Құрлық әскерлері әскери институтынан, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтынан, ІІМ академиясынан, ҰҚК академиясынан және Шекара академиясынан он курсанттан қатысты.Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты Дархан Дүйсенбек шыңға көтерілу қатысушыларға өз мүмкіндіктерін жақсырақ түсінуге және жолдастарының қолдауын сезінуге мүмкіндік бергенін айтты. – Шыңға көтерілу арқылы командалық бірлікті сезіндік. Сонымен бірге табиғат аясында ерекше сезімдерді бастан кешірдік. Көрсеткен көмектері мен нақты нұсқаулары үшін тәжірибелі нұсқаушыларға алғысымыз шексіз. Міндетімізді орындағанымызға мақтанамыз, – дейді ол.Іс-шара әскери-патриоттық құндылықтарды насихаттауға, жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және саламатты өмір салтын дәріптеуге бағытталды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың болашақ офицерлердің кәсіби, моральдық және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1143477?lang=kk
АНОНС НҚА 19.01.2026
Шымкент қаласы бойынша 2026 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерiнің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидия нормаларын бекіту туралы интернет-порталында жарияланды.Аталған қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ кіру сілтемесі: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15776885 Шымкент қаласының тұрғын секторында қорғаныш конструкциялары мен реттеуші элементтерді (шлагбаумдар және басқа да қоршаулар) орнату қағидаларын бекіту туралы интернет-порталында жарияланды.Аталған қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ кіру сілтемесі: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15773034 Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 6109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Шымкент қаласының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды өтеу туралы» интернет-порталында жарияланды.Аталған қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ кіру сілтемесі:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15772123Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1178055?lang=kk
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Берлиндегі Grüne Woche көрмесінде Қазақстанның Ұлттық павильонын ашты 19.01.2026
Берлинде өткен халықаралық Grüne Woche көрмесінің жүз жылдық мерейтойы мен Global Forum for Food and Agriculture халықаралық конференциясы аясында Қазақстан агроөнеркәсіптік кешен мен сауда саласындағы серпінді әрі сенімді әріптес ретінде өз ұстанымын айқын көрсетті. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған делегация «Жасыл апта» аясындағы аграрлық саясат, бизнес және халықаралық ұйымдар өкілдерін тоғыстырған негізгі іс-шараларға қатысты. Көрмедегі басты оқиғаның бірі– Қазақстанның Ұлттық павильонының ашылуы болды. Павильон іскерлік диалог алаңы ретінде қызмет атқарып, экспорттық әлеуетті таныстыруға және өнеркәсіптік кооперацияның келешегін талқылауға мүмкіндік берді. Экспозицияда Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен терең өңдеу, заманауи агротехнологияларды енгізу және орнықты агрожүйелерді дамыту бағытындағы мүмкіндіктері кеңінен көрсетілді. Павильон неміс және халықаралық серіктестер тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, қазақстандық өнімдер мен бірлескен жобаларға деген сұраныстың артып келе жатқанын дәлелдеді. GFFA аясында Арман Шаққалиев бірқатар халықаралық әріптестермен екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Германияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және өңірлік сәйкестік жөніндегі федералдық министрі Алоис Райнермен, Германияның Экономика және энергетика федералдық министрлігінің статс-хатшысы Томас Штефенмен, Неміс экономикасының Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармспен, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас директорының орынбасары Жан-Мари Паугаммен келіссөздер жүргізілді. Тараптар сауданы кеңейту, кедергілерді азайту, азық-түлік жеткізу тізбектерінің тұрақтылығы және өзара нарықтардағы қатысуды күшейту мәселелерін талқылады. Келіссөздердің жеке блогы аграрлық ынтымақтастық пен технологиялық әріптестікті дамытуға арналды. Қазақстан делегациясы Пәкістанның Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі және зерттеулер жөніндегі федералдық министрі Рана Танвир Хуссейнмен, Германияның Ауыл шаруашылығы федералдық министрлігінің мемлекеттік хатшысы Маркус Шикпен, Неміс агробизнес альянсының директоры Пер Бродерзенмен, CLAAS компаниясының Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Михаэль Байермен, сондай-ақ APD жобасының жетекшісі Йон Клаус және ADT жобасының жетекшісі Уве Веддигемен мазмұнды кездесулер өткізді. Кездесулерде өндірісті жергіліктендіру, ауыл шаруашылығы техникасын жаңғырту, неміс сапа стандарттарын енгізу, тұқым шаруашылығын дамыту және су үнемдеу шешімдері негізгі назарда болды. Қазақстан тарапы Неміс агробизнес альянсы ұйымдастырған салалық пікірталастарға да белсенді қатысты. Оның ішінде орнықты су пайдалану мен инновациялық агротехнологияларға арналған панельдік сессия және «Kazakhstan–Germany Agro & Water Nexus» дөңгелек үстелі өтті. Бұл алаңдар тараптарға нақты кооперация үлгілерін, бірлескен пилоттық жобаларды және технология трансферін талқылауға мүмкіндік берді. Іс-шаралар барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың нығайып келе жатқаны атап өтілді. 2025 жылдың қаңтар–қараша айларының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 3,91 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстанның Германияға экспорты 7,9 пайызға өсіп, 1,17 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл неміс нарығының қазақстандық жеткізушілер мен жоғары қосылған құны бар өнімдерге деген тұрақты қызығушылығын көрсетеді.Сапардың маңызды практикалық нәтижелерінің бірі – Арман Шаққалиев пен Неміс экономикасының Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс арасында наурыз айында бизнес пен салалық ведомстволардың қатысуымен бейнеконференция өткізу жөніндегі уағдаластық болды. БКС аясында агроөнеркәсіптік кешен мен экспортқа бағдарланған салалардағы нақты кооперациялық жобалар егжей-тегжейлі талқыланбақ. Сонымен қатар тараптар сәуір айында Германия делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру жоспарын растады. Бұл сапар барысында бірлескен инвестициялық және өндірістік бастамаларды іске қосуға басымдық беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1143220?lang=kk
Арнайы операциялар күштері күні: ұлттық қауіпсіздік күзетіндегі элиталық құрылым 19.01.2026
Елімізде 19 қаңтарда Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштері күні аталып өтіледі. АОК қолбасшылығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы Жарлығымен конституциялық құрылысты және мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау жолында ең күрделі әрі жауапты міндеттерді орындауға қабілетті әмбебап әскери бөлім ретінде құрылды. Арнайы операциялар күштері құрылған сәттен бастап өз әлеуетін жүйелі түрде нығайтып келеді. Бөлімшелер жоғары технологиялы қару-жарақпен, заманауи әскери және арнайы техникамен жабдықталып жатыр. Оқу-материалдық базасы да дамытылып, инфрақұрылым жетілдірілуде.Жеке құрамның жауынгерлік дайындығы мен үйлесімділігін арттыруға ерекше назар аударылады. Әскери қызметшілер оқу-жаттығу және тактикалық-арнайы жаттығуларға тұрақты түрде қатысып, беделді халықаралық жарыстарда бақ сынауда. Мәселен, Дубайда өткен SWAT Challenge 2025 сайысында АОК командасы алғаш рет бақ сынап, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Қазақстандық арнайы бөлімшелер халықаралық оқу-жаттығулар барысында да жоғары бағаға ие болды.Арнайы операциялар күштерінің идеялық әрі кәсіби символы ол күрең қызыл түсті берет. Оны ең үздік әскери қызметшілер ғана кие алады. Олар – жоғары дайындық деңгейін, төзімділікті және қызметке адалдықты дәлелдеген жауынгерлер. Жастар элиталық бөлімшелерде қызмет етуді армандайды.Бүгінде Арнайы операциялар күштері – ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз ету жолында ең күрделі міндеттерді орындауға толық дайын. Сондай-ақ арнайы даярланған, заманауи техникамен және жабдықпен қамтылған әскери құрылым.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1143200?lang=kk
Алматы облысында 2025 жылы 70 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды 19.01.2026
2025 жылы Алматы облысында халықты жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Алматы облысының еңбек мобильдігі орталығы» КММ өңірде жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде нақты нәтижелерге қол жеткізді.Ресми деректерге сәйкес, жыл басынан бері облыс аумағында 70 876 жұмыс орны құрылды. Оның 56 978-і тұрақты, ал 13 898-і уақытша жұмыс орындары. Сонымен қатар, ұлттық жобалар аясында 3 243 жұмыс орны ашылған.Жұмыссыз азаматтарды нақты еңбек нарығына тарту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. 2025 жылы 22 099 адам тұрақты бос жұмыс орындарына орналастырылды. Бұл көрсеткіш өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге айтарлықтай әсер еткен.Субсидияланатын жұмыс орындары бағдарламалары арқылы да мыңдаған азамат жұмыспен қамтылды. Атап айтқанда, жыл ішінде 12 256 жұмыссыз азамат осы бағыттағы жобаларға жіберілді. Оның ішінде 544 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 918 адам жастар практикасына, 7 686 адам қоғамдық жұмыстарға, 570 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 1 517 адам «Күміс жас» бағдарламасына, ал 38 адам «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысқан.Кадр даярлау мен еңбек нарығының сұранысына бейімделу мақсатында қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары да іске асырылды. Оқыту 6 колледжде және 10 оқу орталығында жүргізіліп, оған 707 жұмыссыз азамат қамтылды. Оқуды аяқтаған 504 адам алған мамандықтары бойынша тұрақты жұмыс орындарына орналасты.Кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы маңызды тетіктердің бірі – қайтарымсыз мемлекеттік гранттар. 2025 жылы жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 260 мемлекеттік грант берілді. Бұл қаржы азаматтардың өз кәсібін ашып, тұрақты табыс көзіне қол жеткізуіне мүмкіндік берді.Жалпы, атқарылған жұмыстар Алматы облысында жұмыспен қамту саясатының жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын және еңбек нарығын тұрақтандыруға нақты ықпал етіп отырғанын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1143119?lang=kk
Крещение мерекесі 17.01.2026
2026 жылғы 18–19 қаңтар күндері Алматы облысында дәстүрлі Крещение рәсімі ұйымдастырылады. Өңірде рәсімді қауіпсіз өткізу мақсатында барлық талаптар сақталған 21 стационарлық орын белгіленіп, келісілген.Крещение рәсімі өтетін орындар: Қонаев қаласында – 1, Іле ауданында – 6, Талғар ауданында – 7, Жамбыл ауданында – 4, Қарасай ауданында – 1, Еңбекшіқазақ ауданында – 2. Барлық алаңдар қатысушыларға ыңғайлы кіріп-шығу жолдарымен, баспалдақтармен, жарықтандырумен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қажетті құралдармен жабдықталады.Рәсім өтетін орындарда полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері және медицина қызметкерлері кезекшілік атқарады. Іс-шараларды үйлестіруді Алматы облысының Дін істері басқармасы мен аудандық және қалалық әкімдіктер жүзеге асырады.«Крещение рәсімі барлық ниет білдірушілер үшін ашық. Сонымен қатар қатысушылар қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы, ауа райы жағдайын, өз денсаулығын ескеруі және суға түсуге алдын ала дайындалуы қажет. Крещение рәсімі – ең алдымен рухани дәстүр, сондықтан оған қатысу саналы әрі жауапты болуы тиіс», – деп атап өтті Алматы облысының Дін істері басқармасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1143035?lang=kk
Қорғаныс министрлігінде жастардың әскери-патриоттық тәрбиесінің жаңа форматтары талқыланды 17.01.2026
Астанадағы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтің Қарулы күштердің ардагерлерімен кездесуі өтті.Іс-шараны аша отырып, Қорғаныс министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Қарулы күштерде тәрбие және идеологиялық жұмысты, әсіресе жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ қазіргі күрделеніп отырған әскери-саяси жағдайда ардагерлердің кәсіби тәжірибесі мен өмірлік даналығының маңызы ерекше екенін айтты.– Ардагерлер біз үшін өткеннің өкілі емес, жас әскери қызметшілерге ар-намыс, парыз және Отанға адалдық құндылықтарын жеткізетін армияның сенімді күші. Сіздердің арқаларыңызда Қарулы күштердің рухани негізін және жауынгерлік қабілетін қалыптастыратын әскери дәстүрлер сақталып, нығаюда, – деп атап өтті генерал-майор Асқар Мұстабеков.Кездесу барысында ол әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау шаралары туралы да хабардар етті. Атап айтқанда, далалық төлемдердің қайта енгізілуі, азық-түлік үлесі құнының артуы, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің демалыс орнына барып-қайтуы үшін теміржол көлігінде тегін жүру мүмкіндігі қарастырылғанын алға тартты.Сонымен қатар 2025 жылы қабылданған жастармен әскери-патриоттық жұмыс жүргізуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерге ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда бұл бағытта республикалық үйлестіру кеңесі, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп жұмыс істеуде.Кездесуге қатысушылар әскери-патриоттық тәрбие ісі тәжірибеге бағытталған, мазмұны жағынан жандандыруды қажет ететін және цифрлық ортада белсенді жастардың қызығушылықтарына сай болуы тиіс деген ортақ пікірге келді. Бұл салада формализмге жол беруге болмайтыны атап өтілді.Ардагерлер мен министрлік басшылығы Қарулы күштердің беделі мен қоғамның сенімін нығайту үшін өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын енгізу, ақпараттық жұмысты жандандыру және заманауи коммуникациялық арналарды кеңінен қолдану қажеттігін қолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1143032?lang=kk
Қостанай облысындағы мәдениет және спорт мекемелерін дамыту 17.01.2026
Қостанай облысында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың өзін-өзі дамытуына және салауатты өмір салтын нығайтуға бағытталған мәдени және спорттық инфрақұрылымды дамыту шаралары жүйелі түрде іске асырылуда.Соңғы үш жылда облыстың ауылдық елді мекендерінде 5 мәдениет нысаны салынды:Жітіқара ауданының Пригородное ауылы, Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылы, Қамысты ауданының Арқа ауылы, Ұзынкөл ауданының Ершовка және Троебратское ауылдары.Барлық жаңа мекемелерде жастардың бос уақытын ұйымдастыруға, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізуге арналған заманауи жағдайлар жасалған.Спорттық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылуда.2025 жылы өңірде 8 спорт кешені, 6 хоккей корты, оның ішінде 4 жабық, сондай-ақ 2 жабық спорт залы салынды. Спорт кешендерінің жалпы санынан 3 нысан қалаларда пайдалануға берілді — оның бірі Арқалық қаласында, екеуі Рудный қаласында орналасқан.Қостанай қаласында үстел теннисі кешенінің құрылысы басталып, «Осьминог» аквапаркінің қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жітіқара қаласында жеке инвестициялар есебінен дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы жүзеге асырылуда.Жаңа мәдениет және спорт нысандары барлық жастағы тұрғындарға, оның ішінде балалар мен жастарға арналған және Қостанай облысының әлеуметтік-мәдени дамуына маңызды үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1143025?lang=kk
Жамбыл ауданында денсаулық сақтау инфрақұрылымы нығаюда 17.01.2026
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында пайдалануға берілген жаңа емхананың қызметімен танысты.Сапар барысында министр өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыру мәселесіне тоқталып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республика көлемінде 655 медициналық нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.«Алматы облысы – халқы тығыз орналасқан өңір. Жамбыл ауданындағы бұл емхана 200 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Жаңа нысанның жұмысымен таныстық, алдағы уақытта бірқатар ұйымдастыру мәселелерін пысықтау қажет. Ең бастысы – халыққа қолайлы әрі сапалы медициналық көмек көрсету», – деді Ақмарал Әлназарова.Жаңа емхана тәулігіне 250 адам қабылдауға қауқарлы. Медициналық мекеме алғашқы медициналық-санитариялық көмектің барлық талаптарына сай және заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мұнда жоғары технологиялы диагностикалық аппараттар, цифрлық рентген, ультрадыбыстық зерттеу құрылғылары, зертханалық талдау жүйелері, телемедицина мүмкіндіктері мен жедел медициналық көмекке арналған жабдықтар орнатылған.Жамбыл аудандық ауруханасының директоры Дархан Сыбанбаев жаңа емхананың аудан тұрғындары үшін маңызын атап өтті.«Бұл емхананың іске қосылуы Жамбыл ауданы тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік. Медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасы айтарлықтай артады. Бүгінде мекемеде 324 қызметкер еңбек етеді, оның ішінде білікті дәрігерлер мен бейінді мамандар жеткілікті. Алдағы уақытта тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын одан әрі жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жүргіземіз», – деді ол.Айта кетейік, емхананың штаттық құрамында 324 қызметкер бар. Оның ішінде 98 дәрігер, 194 орта медициналық персонал, 24 кіші медициналық қызметкер және өзге бағыттағы 8 маман еңбек етеді.Сонымен қатар, Алматы облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 38 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланған болатын. Оның ішінде 13 дәрігерлік амбулатория, 14 фельдшерлік-акушерлік пункт және 11 медициналық пункт бар. Жобалардың жалпы құны 8,2 млрд теңгеден асады. Қазіргі таңда барлық 38 нысанның құрылысы толық аяқталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1143016?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орнында ҰҰА мамандарын даярлау мектебі ашылды 17.01.2026
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтын аяқтағалы жатқан 300-ден астам курсант FPV-дрондарын меңгеруге кірісті. Осы мақсатта оқу орнында ұшқышсыз ұшу мамандарын даярлайтын әскери мектеп ашылды.Енді әскери институт курсанттары мектептің тәжірибелі оқытушыларының жетекшілігімен бүгінде соғыс әрекеттерінің сипатын айтарлықтай өзгерткен ұшу аппараттарын басқаруды меңгере алады.Болашақ офицерлер кешендердің сипаттамаларын, құрылысын, қолдану ережелерін, техникалық қызмет көрсету тәртібін, сондай-ақ, қауіпсіздік шаралары мен әртүрлі жағдайда қолдану ерекшеліктерін үйренеді.– Қазіргі заман технологияларын меңгеру арқылы курсанттар бүгінгі күні көптеген салада кеңінен қолданылатын ұшу аппараттарымен жұмыс істеуге практикалық тұрғыда дағдыланады, – деді әскери мектептің бастығы подполковник Данияр Ділдабаев.Сонымен бірге компьютерлік симуляторлардағы сабақтарға да ерекше көңіл бөлінбек. Онда курсанттар ұшу тапсырмаларын орындайды, төтенше жағдайда техника мен жеке құрамға қауіп төндірмей әрекет етуге машықтанады. Практикалық дайындық жергілікті жердегі нақты ұшуларды, кедергілер арасында маневр жасауды, бақылау жүргізуді және басқа да оқу тапсырмаларын қамтиды. Мектепте FPV-дрондарға арнайы дрон-трасса салынған. Онда алдағы уақытта курсанттар арасында жарыс өткізу жоспарда бар. Тағы бір айта кететіні, мектептің нұсқаушылары дрондардың бәрін, шағын FPV-ден бастап орташа өлшемді «камикадзе» дрондарға дейін, бөлшектерінен өздері жинайды. Курсанттарға да сол дағдыны үйретуді жоспарлап отыр.Қазіргі таңда 300-ден аса оқуды аяқтаушы курсант факультатив түріндегі оқытуды меңгеруде. Келесі оқу жылынан бастап ұшқышсыз ұшу аппараттарын меңгеруді қалағандардың бәрі оқи алады.Ұшқышсыз авиациялық жүйе мамандарын даярлау Қарулы күштерді қазіргі заманғы технологияларды қауіпсіздік пен ел қорғанысы мүддесіне тиімді пайдалана алатын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1142997?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Латвиямен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды 16.01.2026
Астана, 2026 жылғы 16 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Латвия Республикасының Елшісі Даце Руткамен кездесу өткізді.Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-латыш ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оның даму перспективалары талқыланды.Өзара сауда көлемін ұлғайту үшін шешуші маңызға ие көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.Қызығушылық тудыратын түрлі бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайындық білдірілді, сондай-ақ 2026 жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесі талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар мазмұнды диалогты жалғастыру және екі ел арасындағы жан-жақты өзара ынтымақтастықты тереңдету ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1142955?lang=kk