Enbekshi QazaQ

Қуқық

Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны екі есе азайды 27.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.Әкімнің айтуынша, 2022 жылдан бері 45 жаңа мектеп және 6 жапсаржай салынды, сондай-ақ 55 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Оның 11-і инвесторлар есебінен, ал 20-ы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған.Жыл соңына дейін тағы алты мектеп ашу жоспарланып отыр.Білім нысандарының көбейуі үш ауысымда оқытатын мектептер санын айтарлықтай қысқартқан. Мектеп инфрақұрылымын кеңейту нәтижесінде кейінгі үш жылда үш ауысымда білім беретін мектептердің саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды.«Осы орайда қалған 28 мектепті бір мезгілде бастап салу үшін отандық және шетелдік инвесторлады EPC механизмі бойынша келіссөздерге шақырамын», - деді Сұлтанғазиев.Өңір әкімі денсаулық сақтау және мәдениет инфрақұрылымының да дамып жатқанын атап өтті.Облыста 356 медициналық нысан бар, олардың 54%-ы тозған. 2022-2025 жылдар аралығында 55 нысанға құрылыс жұмысы жүргізілді. 6 млрд теңгеге 153 бірлік медициналық жабдық сатып алынды. Мәселен, 300 шақырым қашықтықта орналасқан Нарынқол ауылының тұрғындары Алматыға немесе облыс орталығына келместен толық медициналық қызмет ала алады.Сонымен қатар 7 мәдениет үйі, 6 спорт кешені, мемлекеттік архив және өнер мектебі салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113775?lang=kk
Алматы облысында Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы мен «Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылды 27.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірде білім, спорт және креативті индустрияны дамыту бағытындағы бастамаларды таныстырды.Әкімнің айтуынша, жастардың шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында облыста Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы ашылған. Бұл – өңір үшін маңызды мәдени және білім беру қадамы. Академия 200 студентке арналған, оқу америкалық бағдарлама бойынша бес бағытта жүргізіледі: киноөндіріс, сценарий және актерлік шеберлік, ойын дизайны, 3D-анимация. Қазір академияда 60 студент білім алып жатыр, олардың арасында Африка және Еуропа елдерінен келгендер де бар.Сонымен қатар халықаралық деңгейде спортшылар дайындауға бағытталған «Атлетико Мадрид» футбол академиясы жұмысын бастаған. Бүгінде мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 113 оқушы білім алып жүр.Облыстың мәдени және рухани өмірінде ерекше орын алатын шаралар қатарында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы бар. «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушы, әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісінің мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтіліп жатыр. Мерейтой аясында ТҮРКСОЙ ұйымымен бірлескен жобалар жүзеге асырып, Бейжің мен Мәскеуде концерттер ұйымдастырылған. Сондай-ақ Нұрғиса Тілендиевтің есімі мәдениет үйлеріне, көшелерге және оқу орындарына беріліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113778?lang=kk
Қонаев пен Алатау жаңа экономикалық және инновациялық даму кезеңіне қадам басты – Cұлтанғазиев 27.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдің стратегиялық дамуының негізгі бағыттарын қорытындылап, назарды Қонаев пен Алатау қалаларына аударды.Әкімнің айтуынша, Қонаев қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында «Smart Qonaev» тұжырымдамасы енгізілген. Қалада қоғамдық бейнебақылау камералары, iQonaev электрондық жүйесі, жолақы төлеу жүйесі және Біріңғай төлем құжаты іске асырылған.Инфрақұрылымды жаңарту аясында Қонаевта 39 шақырым жол жөнделіп, 50 жаңа аялдама орнатылды, 73 шақырым электр беру желісі және 26 шақырым су құбыры тартылды, 11 трансформатор жаңартылды. Сонымен қатар қаладағы 65 нысан абаттандырылған. №5 қалалық жағажай «Үздік жағажай» конкурсына қатысқан 30 қатысушының ішінен Бурабайдан кейін 2-орынды иемденді.Ал Алатау қаласы 88 мың гектар аумақты қамтитын және 54,2 мың тұрғынға қызмет көрсететін дербес әкімшілік-аумақтық бірлікке айналды. Үкімет қаланың 2050 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітіп, 12 негізгі өсу нүктесін анықтаған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Алатау қаласына арнайы мәртебе берілу өңірді жаңа, қарқынды даму кезеңіне шығарды.Бұл мақсатта Алатау қаласын дамыту жөніндегі Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен жобалық кеңсе құрылып, нәтижелі жұмыс жүргізілді. Одан әрі Президент Жарлығына сәйкес, қаланы дамыту жөніндегі Кеңес жасақталды, оны Премьер-министр басқарады. Қазір Конституциялық заң дайындалып, жыл соңына дейін Парламентке енгізу жоспарланып отыр.Инвестициялық бағыт бойынша Алатау қаласында жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 42 жоба іске асырылды. Олардың қатарында PepsiCo, Mars, «Молочная долина», QazQon Hub тағы басқалары бар.Сұлтанғазиевтің айтуынша, Алматы облысының әлеуметтік, экономикалық дамуы айқын нәтижелерге жетіп отыр. Әр сала бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп, түйінді мәселелер кезең-кезеңмен шешіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113781?lang=kk
Алматы облысының экономикасы 3,4 трлн-нан 6 трлн теңгеге өсті 27.11.2025
Алматы облысының экономикалық өсімі күшейіп, өңір республика бойынша 10-орыннан 5-орынға көтерілді.Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте айтты.Өңір әкімінің сөзінше, Қонаев қаласы облыс орталығы болғаннан бері өңір барлық негізгі бағыт бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді.Жалпы өңірлік өнім көлемі 3,4 трлн теңгеден 6 трлн теңгеге ұлғайған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың республикадағы жалпы ішкі өнімдегі үлесі 4,4% болса ал 2025 жылдың алғашқы жартысында 4,8%-ға жетті.«Ірі өнеркәсіптік облыстарды озып, шикізаттық емес экономикаға негізделген өсудің драйверіне айналдық. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,7% болды. Барлық негізгі салада оң үрдіс сақталып отыр», - деді Марат Сұлтанғазиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113736?lang=kk
Қазақстан бизнесі Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қатысуды күшейтеді 27.11.2025
Астанада "Орталық Азия-орнықты дамуға арналған жаңа Жібек жолы" форумы өткізілді.Іс-шара ұлттық әріптестер мен бизнестің қолдауымен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, БҰҰ-ның Жаһандық шарты-Орталық Азия желісі ұйымдастырған жоғары деңгейдегі негізгі аймақтық алаңға айналды.Форум өңірдегі инновациялардың, жасыл трансформацияның және инклюзивті өсудің катализаторы ретінде жеке сектордың өсіп келе жатқан рөлін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның жауапты бизнесін байланыстыратын аймақтық хаб ретінде БҰҰ Жаһандық шарты-Орталық Азия желісін таныстырды.Қазақстандағы бизнес қоғамдастық 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі негізгі қатысушының біріне айналуда. Осылайша, елде қоршаған ортаға ұқыпты қарау, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқарудың жоғары сапасы (ESG тетігі) қағидаттары бойынша 150-ден астам компания жұмыс істейді.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Шегай Виктория, БҰҰ Қазақстандағы Тұрақты өкілі Раднаарагча Саранго, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Жанназарова Нұргүл және басқалар құттықтау сөз сөйледі.Виктория Шегай ХЕҰ 26 негізгі конвенциясын және БҰҰ Мүгедектердің құқықтары туралы Факультативтік хаттамасын ратификациялау туралы, 2029 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасын және 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясатты қабылдау туралы хабардар етті. Сондай-ақ Орнықты даму мақсаттары бойынша прогрестің жеделдеуін атап өтті.Жанназарова Нұргүл өз сөзінде мемлекет пен жеке сектордың күш-жігерін біріктіре отырып, ұлттық және жаһандық деңгейде Орнықты даму мақсаттарын іске асыруда нақты және жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болатынын атап өтті. Ортақ мақсатқа жету жолындағы бірлескен іс-қимылдар ғана елдің орнықты дамуына серпін береді.Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты үйлестірушісі Раднаарагча Саранго өз сөзінде Қазақстанның ОДМ-ға қол жеткізудегі оң динамикасын, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ-ның осы бағытта белсенді ынтымақтастық көрсеткенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1113449?lang=kk
Қазақстанның Елшісі Дания Короліне сенім грамоталарын тапсырды 27.11.2025
Копенгаген, 2025 жылғы 26 қараша – «Christiansborg» сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Олжас Сүлейменовтің Дания Королі Фредерик X-ға сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.Рәсім барысында Қазақстан Елшісі Корольге Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемдері мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстанның Даниямен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілді екенін атап өтті.Рәсімнен кейін өткен сұхбат барысында тараптар Қазақстан-Дания қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Қазақстан мен Дания арасындағы байланыстардың қарқынды дамып келе жатқаны, өзара сенім мен құрметке негізделгені аталып өтті.Қазақстан Елшісі Фредерик X-ға Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басымдықтары, соның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы жөнінде ақпарат берді.Сұхбат барысында экология және климат мәселелеріне айрықша назар аударылды. «Жасыл көшу» тақырыптары, сондай-ақ Жоғары Мәртебелінің патронажымен жүзеге асырылатын Данияның ұлттық «State of Green» жобасы талқыланды. Король Қазақстанның экология және тұрақты даму саласындағы саясатына ерекше қызығушылық танытты.Тараптар сондай-ақ Арал және Каспий теңіздерінің экожүйелерін сақтау мәселелері бойынша пікір алмасты, су және климат саласындағы сын-тегеуріндерді шешуде халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ білім беру, ғылыми зерттеулер және климаттық тұрақтылық салаларындағы өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінді. Екі елдің іскер топтары мен ғылыми орталықтары арасындағы байланыстарды нығайтудың маңызы аталып өтті.Король Фредерик X Қазақстан халқы мен Президентіне өзінің ең ізгі тілектерін жеткізіп, екіжақты қатынастардың оң динамикасын атап өтті және Елшіге табысты дипломатиялық қызмет тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1114342?lang=kk
Қазақстан СІМ-де «Әл-Джазира» телеарнасының өкілімен кездесу өтті 27.11.2025
Астана, 2025 жылғы 26 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Айбек Смадияров «Әл-Джазира» халықаралық телекомпаниясының өкілі Хафез Әл-Ауамен кездесті.Кездесу барысында сұхбаттастар медиа саласындағы өзара іс-қимылдың даму перспективаларын талқылады. Халықаралық ақпарат кеңістігін қалыптастыруда маңызды орын алатын шетелдік хабар тарату құрылымдарымен ынтымақтастықтың маңыздылығы аталып өтті.А.Смадияров Қазақстанның «Әл-Джазирамен» ықпалдастықты кеңейтуге ашық екенін жеткізіп, жаһандық аудиторияны еліміздің әлеуметтік-экономикалық үрдістері мен сыртқы саяси бастамалары туралы хабардар етуге бағытталған бірлескен жобаларды ұлғайтуға қызығушылық білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді диалогты жалғастыруға және ықпалдастықтың ықтимал бағыттарын қарауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1113384?lang=kk
Мемлекеттік қолдаумен Жамбыл облысында жаңа химия зауытының құрылысы басталды 27.11.2025
Жамбыл облысында жылына 25 мың тонна натрий цианидін өндіруге арналған жаңа химия зауытының құрылысы басталды. Бұл өндірістік кешен елдегі химия және қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудағы маңызды жобалардың біріне айналмақ. Кәсіпорынды іске қосу 2027 жылдың наурызына жоспарланған.«Химпарк Тараз» арнайы экономикалық аймағында салынып жатқан зауыт ішкі нарықтағы сұранысты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті де арттырады. Кәсіпорын өнімін отандық тұтынушылардан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолияға жеткізу көзделіп отыр.Жобаны жүзеге асыру еліміздің химия саласын айтарлықтай нығайтып, аммиак пен каустикалық сода бойынша ішкі нарықты шамамен 50 пайызға кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бастама ілеспе салалардың дамуына да серпін беріп, жергілікті қамтудың артуына ықпал етеді.Кәсіпорын іске қосылған соң 108 тұрақты жұмыс орны ашылады, ал құрылыс кезеңінде 200-ге жуық адам уақытша жұмыспен қамтылады. Жобаның экономикалық әсері де айқын: жыл сайын республикалық бюджетке шамамен 500 млн теңге көлемінде салық түседі деп күтілуде.Инвестициялық жобаны «Altynalmas Reagents» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Оның нәтижесінде Қазақстан мен Орталық Азиядағы тау-кен өндіру өнеркәсібіне қажетті шикізатты ішкі нарықтан тұрақты түрде қамтамасыз ететін өндірістік тізбек қалыптаспақ. Айта кетейік, осы салада натрий цианидіне деген сұраныс жыл сайын өсіп келеді.Құрылысты қаржыландыруды «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы қамтамасыз етіп отыр. Банк пен жобаны іске асырушы компания арасында несиелік желі туралы келісімге 2023 жылдың қыркүйек айында қол қойылған. Ал 2024 жылдың мамырында алғашқы қаржыландыру ашылды. Бөлінген қаражат көлемі – 98,8 млн еуро, бұл жобаның жалпы құнының 75 пайызына тең. Қаражат жобалаудан бастап құрылыс-монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарына дейінгі барлық негізгі кезеңдерді қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1113398?lang=kk
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Алматы облысының тұрғындарымен кездесті 27.11.2025
26 қараша күні, Қаскелең қаласындағы SDU University ғимаратында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Алматы облысының тұрғындарымен кездесіп, ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелерін талқылады.Кездесу барысында вице-министр өңір тұрғындарын ғылым және жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарымен, жүзеге асырылып жатқан реформалармен, жаңа стратегиялық бастамалармен таныстырды. Сондай-ақ Алматы облысындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарының даму перспективалары қарастырылды.Талғат Ешенқұловтың айтуынша, Қазақстанда 2023-2029 жылдарға арналған Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасы аясында бірқатар жүйелі шаралар қабылданды. Атап айтқанда, тең және қолжетімді білім беру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында гранттар саны мен стипендия мөлшері арттырылып жатыр, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізіліп, сараланған гранттар мен жеңілдетілген білім беру несиелері іске асырылады.Вице-министр еліміздің жоғары оқу орындарының халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің артып келе жатқанын атап өтті. QS World University Rankings рейтингінде 21 отандық жоғары оқу орны, ал Times Higher Education рейтингінде 5 университет ұсынылған. Сонымен қатар Назарбаев Университеті алғаш рет әлемдік ТОП-500 қатарына енді.«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл – отандық жоғары білім беру жүйесінің әлеуетін арттыруға, білім трансферін қамтамасыз етуге, үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге, сондай-ақ шетелдік студенттер үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде елімізде 40 стратегиялық серіктестік бар, оның 33-і әртүрлі модель бойынша жұмыс істеп жатыр», – деді Талғат Ілиясұлы.Вице-министрдің айтуынша, бұл серіктестіктер өңірлердің сұранысына сай білікті әрі бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауға ғана емес, жоғары оқу орындарының кадрлық және ғылыми әлеуетін нығайтуға, технологиялар трансферін, соның ішінде ғылыми технологиялар мен инновацияларды тартуға жол ашады.Кездесу барысында азаматтардың ұсыныстары мен сұрақтары тыңдалып, саладағы түрлі мәселелер бойынша тиімді кері байланыс орнатылды.Іс-шара қорытындысында вице-министр бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Алматы облысының тұрғындарымен кездестіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1113400?lang=kk
Астанада өлімге әкелетін автономды қару жүйелеріне қатысты өңірлік ұстаным талқыланды 26.11.2025
Астана, 2025 жылғы 25 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қауіпсіздік департаментінің директоры Арсен Омаров Халықаралық Қызыл Крест комитеті өткізген өлімге әкелетін автономды қару жүйелері (ӨАҚЖ) бойынша өңірлік дөңгелек үстелге қатысты.Дипломаттар, әскери сарапшылар және академиялық өкілдер әскери салада жасанды интеллектті пайдаланумен байланысты гуманитарлық, құқықтық және этикалық қиындықтарды талқылады. Кездесу барысында адамның араласуынсыз нысаналарды өз бетінше таңдай және соққыға жығый алатын автономды қару жүйелері есеп берушілікке, ашықтыққа және халықаралық гуманитарлық құқықты сақтауға қатысты елеулі алаңдаушылық тудыратыны аталып өтті.А.Омаров өз сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда жасанды интеллекттің дамуын жеделдету жөніндегі бастамаларын атап өтті және елдің ӨАҚЖ реттеу жөніндегі ұстанымын егжей-тегжейлі баяндады. Ол Астананың толық автономды қаруға алдын ала тыйым салуды және қазіргі заманғы қару-жарақты әзірлеуде жасанды интеллектті енгізу кезінде әскери қажеттілік пен этикалық стандарттар арасындағы ақылға қонымды тепе-теңдікті сақтауды жақтайтынын атап өтті. Қазақстанның Өлімге әкелетін автономды қару жүйелерін реттеуге арналған заңды күші бар құрал ретінде Ізгіліксіз қару туралы конвенцияның VI Хаттамасын әзірлеуді қолдайтынын айтты.Дөңгелек үстелге Аустрияның Қазақстандағы Елшісі Андреа Бахер (Аустрия – БҰҰ Бас Ассамблеясының ӨАҚЖ бойынша екі қарарының бастамашысы) және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның сыртқы саясат және қорғаныс министрліктерінің өкілдері қатысты. Іс-шара Орталық Азия мемлекеттері арасында ӨАҚЖ бойынша біріктірілген ұстанымды қалыптастыруға арналған платформа бола алатыны аталып өтті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1113354?lang=kk
Құрметті Жетісу облысының бизнес өкілдері! 26.11.2025
2025 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді және азаматтарды жеке қабылдайды.Өтетін орны: Жетісу облысы, “Тіл сарайы” Қаратал ш.а. 36, 2-қабатХалықпен және бизнес өкілдерімен кездесу сағат 15:00 - 16:30;Азаматтарды қабылдау – сағат 16:30 - 17:00;Сіз Сауда және интеграция бірінші вице-министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 786 3919 (СИМ).Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 786 3919 (Азиза Нұрпейісова).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1113142?lang=kk
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы демографиялық жағдай туралы 26.11.2025
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Абай облысының халық саны 597,3 мың адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 374,4 мың адам (62,7%), ауыл тұрғындары – 222,9 мың адам (37,3%). 2025 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 5,5 мың адамға немесе 0,9%-ға азайды.Халықтың табиғи қозғалысыАбай облысы бойынша 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында халықтың табиғи өсімі 2229 адамды құрады, бұл 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегімен (3142 адам) салыстырғанда 29,1%-ға аз. Халықтың табиғи өсімінің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 4,98 адамды құрады.АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілеріндегі мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында туғандар саны 6200 адамды құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (7231 адам) 14,3%-ға аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,84 туғанды құрады.Есепті кезеңде қайтыс болғандар саны 3971 адамды құрады, бұл 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегімен (4089 адам) салыстырғанда 2,9%-ға аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 8,86 қайтыс болғанды құрады.2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыста 1 жасқа дейінгі 37 сәби өлімі тіркелді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (58 сәби) 36,2%-ға азайды. Сәбилер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға шаққанда 5,97 жағдайды құрады.Халықтың көші-қоныКөші-қон қызмет органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облысқа келгендер саны – 23624 адам, облыстан кеткендер саны – 31393 адам болды. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 7769 адамдық теріс сальдо қалыптасты.Негізгі сыртқы көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендер саны – 68 адам немесе жалпы мигранттардың 66%-ы, кеткендер – 140 адам немесе 89,7%-ы. Келгендер мен кеткендердің негізгі бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі.Алыс шетелдермен көші-қон бойынша оң сальдо қалыптасты: облысқа 35 адам келді, 11 адам кетті.Өңіраралық көші-қон бойынша келгендер саны – 9947 адам, кеткендер – 17663 адам, теріс сальдо – 7716 адамды құрады._________________________________________________________________________________________________________________Әдіснамалық түсіндірмелерХалықтың табиғи өсімі - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы  айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа  шаққанда есептеледі.Өлімнің жалпы коэффициенті - халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.Нәресте өлімінің коэффициенті - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1000 тірі туғандарға  есептелінеді.Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың)  орын ауыстыруы.Көшіп-қонушы - тұрақты тұратын жерін ауыстырумен көші-қон жасайтын адам.Келгендер саны - есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келген адамдар саны.Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны. www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистикаӘлеуметтік және демография статистикасы бөлімінің  басшысы: С.А. КондратьеваТел. +7 7222 36-25-49Мекен-жайы:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1113105?lang=kk
Жыл басынан бері қазақстандықтар ауылшаруашылық жәрмеңкелерінен 7,9 мың тонна өнім сатып алған 26.11.2025
Өткен демалыс күндері еліміздің барлық өңірінде республикалық ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Іс-шараға 1300-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен кәсіпкер қатысып, жәрмеңкелерге келгендердің жалпы саны 170 мыңға жуықтады. Негізгі сұраныс ет өнімдеріне бағытталды. Барлығы 300 тоннадан астам ет сатылды. Сиыр еті бағасы келісіне 2 500–3 500 теңге аралығында болды.Астанада жәрмеңке барысында 20 тонна сиыр еті 3 000–3 500 теңгеден сатылды. Сонымен қатар 1 тонна құс еті (1 500 тг/кг), 1 тонна ұн (280 тг/кг), 0,5 тонна макарон (300 тг/кг), 0,5 тонна күріш (400 тг/кг) және 0,2 тонна қарақұмық (250 тг/кг) саудаланды. Күнбағыс майы 900 теңгеден 0,1 тонна, ал сары май 4 000–4 200 теңгеден 0,2 тонна көлемінде сатылды. Алматы қаласының тұрғындары шамамен 20 тонна ет өнімдерін сатып алды. Шымкентте жәрмеңкеге 258-ге жуық кәсіпкер қатысты. Олардың қатарында Түркістан облысының ет өндірушілері, көтерме жеткізушілер және шаруа қожалықтары болды. Тұрғындар әлеуметтік маңызы бар сиыр еті бағасының қолжетімді екендігін атап өтті. Сонымен бірге барлық санаттағы сиыр етіне, соның ішінде жұмсақ бөліктеріне де бағаны төмендету жөнінде ұсыныстар білдірілді. Басқа әлеуметтік тауарлар бойынша бағалар нарықтық және бөлшек сауда желілеріне қарағанда әлдеқайда қолайлы деп бағаланды.Республика бойынша өткен жәрмеңкелерде ет өнімдерімен қатар көкөністер, жеміс-жидек, жарма түрлері және сүт өнімдері ұсынылды. Ең қолжетімді тауарлар картоп, сәбіз және пияз болды. Картоптың орташа бағасы – 200 теңге, сәбіз – 250 теңге, пияз – 220 теңге. Келушілер жәрмеңкенің ыңғайлылығын, бағаны салыстыру мүмкіндігін және сапалы өнімді төмендетілген бағамен алу артықшылығын атап өтті.Батыс Қазақстан облысында ауылшаруашылық жәрмеңкелері екі орында өтті. Өңірдің тауар өндірушілері ұсынған өнім қатарында кондитерлік және шұжық өнімдері, күнбағыс майы, сүт тағамдары, жұмыртқа, бал және басқа да тауарлар болды. Шаруа қожалықтары картоп, құс еті, үйрек, қаз, түйетауық, сондай-ақ сиыр, жылқы және шошқа етін саудалады. Барлық өнім жоғары сапасымен және қолжетімді бағасымен ерекшеленді. Мәселен, сиыр және жылқы еті 2 700–2 800 теңгеден, картоп 130 теңгеден, пияз бен қырыққабат 100 теңгеден, С1 санатындағы жұмыртқа 52 теңгеден ұсынылды.Өскемен қаласында сенбі күні бес ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Марқакөл ауданынан келген фермерлер 2 тонна сиыр етін 3 000 теңгеден, 3 тонна жылқы етін 2 800 теңгеден және 3 тонна қой етін 3 200 теңгеден жеткізді. Бұдан бөлек, бал, сүт өнімдері, ірімшік, сары май және басқа да тауарлар да тиімді бағамен сатылды. Қаланың өзге жәрмеңкелерінде де түрлі ет өнімдері, сүт тағамдары, бал, көкөніс, жеміс-жидек және табиғи өнімдер кеңінен ұсынылды. Бір күн ішінде шамамен 5 тонна сиыр еті, 4 тонна жылқы еті, 5 тонна қой еті, 10 тонна көкөніс, 2 тонна құс еті және бірнеше тонна басқа да ауылшаруашылық өнімдері сатылды.Жәрмеңкелердегі бағалар нарықтық деңгейден төмен болды: картоп – 200 теңге, сәбіз – 150 теңге, қырыққабат – 140 теңге.Жыл басынан бері елімізде 504 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп, онда жалпы көлемі 7,9 мың тонна өнім 5,3 млрд теңгеге саудаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1113010?lang=kk
Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» Заң қабылданды 26.11.2025
Қостанай облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы Азамат Кашиев Қазақстан Республикасы Президентінің Орталық Азияда және елімізде алғаш рет «Жасанды интеллект туралы» Заңға қол қоюына байланысты өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына түсініктеме берді.Пікір білдіру барысында жаңа заң цифрлық технологияларды жауапты әрі қауіпсіз дамыту жолындағы маңызды қадам екені атап өтілді.Құжат жасанды интеллектті экономикаға, мемлекеттік қызметтерге және әлеуметтік салаға енгізуге құқықтық негіз қалыптастырады. Сондай-ақ авторлық құқық мәселелеріне ерекше назар аударылды.Ведомство басшысы нейқауіпсіздік жүйесіндегі жіктеу мәселесіне тоқталып, негізгі терминдерді түсіндіріп, ұлттық платформаны дамыту келешегін талқылады.Азамат Кашиев өңірлік органдар жаңа нормативтік талаптарға сәйкес ақпараттық жүйелерді бейімдеуге дайындықты бастап кеткенін атап өтті. Сонымен бірге жасанды интеллект технологияларын өмірдің өзге салаларына енгізу мәселелері де қарастырылып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1112881?lang=kk
Депутаттар, сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мәселесін талқылады 26.11.2025
Астанада әскери қызметшілердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету, армияның әлеуетін нығайту және әскери қызметтің беделін көтеру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар мен күштік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов ведомство жұмысының негізгі бағыттары туралы баяндады. Ол жауынгерлік дайындықты жетілдіру, инфрақұрылымды жаңғырту, қауіпсіздік стандарттары мен цифрлық шешімдерді енгізу төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Министрдің айтуынша, әскери қызметтің қауіпсіз жағдайын қалыптастыру және әскерге шақыру тәртібін ашық ету үшін Парламентпен, қоғаммен, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығымен тығыз байланыс қажет.Министр, әсіресе мерзімді қызметтегі сарбаздармен кешенді жұмысты күшейтуге және профилактикалық шараларды арттыруға баса назар аударылатынын атап өтті. Командирлерді дайындау талаптары күшейтіліп, нормативтік база жетілдіріліп, сарбаздардың отбасыларымен байланыс кеңейіп келеді.Қатысушыларға әлеуметтік қолдау шаралары да таныстырылды. Атап айтқанда, биыл 2710 сарбаз білім гранттарын алса, 20 мыңнан астам әскери қызметші жалпы сомасы 8 млрд теңгені құрайтын кредиттік демалысқа қол жеткізді. Бұдан бөлек «Smart военкомат», Jauynger, Sarbaz 2.0 және Askeri Ziyat сияқты цифрлық жобалар, сондай-ақ Арнайы операциялар күштерінің жаңа киім үлгілері мен жабдықтары ұсынылды.Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай қорғаныс саласында әскери омбудсмен институтын енгізуді қарастыруды ұсынды. Оның айтуынша, бұл тетік қоғам, әскери қызметшілер және Парламент арасындағы байланысты нығайтып, азаматтар өтініштеріне және әскери қызметшілердің қажеттіліктеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.Қоғамдық ұйым өкілдері ашық коммуникация мен сенімді ақпарат көздерінің маңызын атап өтті. «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің төрайымы Лилия Хайруллина ресми әрі ашық ақпараттың қауесеттердің алдын алып, қоғам сенімін арттыруға ықпал ететінін айтты.Талқылауға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, сарапшылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты. «Айқын» газетінің бас редакторы, әскери сарапшы Амангелді Құрмет ақпараттық кеңістікте оң пікір қалыптастыруды нығайтып, қоғам сенімін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін көтерді.Мәжіліс депутаттары заңнаманы одан әрі жетілдіру керек екенін атап өтті. Биыл әскери-патриоттық тәрбие, аумақтық қорғаныс және резервтік қызмет туралы үш маңызды заң қабылданғаны еске салды.Қарулы күштердің ардагерлері Халық қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев пен генерал-майор Марат Нағұманов жеке құраммен жұмысты жетілдіруге қатысты өз тәжірибелерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.Дөңгелек үстел форматы мемлекеттік органдар, күштік құрылымдар және қоғамдық ұйым өкілдерінің ортақ ұстанымдарын біріктіруге мүмкіндік берді. Жиын қорытындысы бойынша әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қорғауды күшейту, қызмет жағдайларын жақсарту және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласында заң шығарушылардың, мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен жұмысына бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірлендіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1112811?lang=kk
Алматы облысында жастарды есірткі қылмысынан қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары күшейтілді 26.11.2025
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде жастарды есірткі қылмысына тарту қаупінің алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиында аталған бағыттар бойынша атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстардың барысы мен негізгі міндеттер таныстырылды. Іс-шараға Алматы облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Дастан Жексенбеков және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының» психологы Динара Қуатбекова қатысты.Дастан Жексенбековтың айтуынша, өңірде синтетикалық есірткіні интернет арқылы тарату деректері әлі де өзекті. Қылмыстық топтар жасөспірімдерді көбіне мессенджерлердегі анонимді арналар мен «курьерлік жұмыс» деген жалған ұсыныстар арқылы алдап, құқықбұзушылыққа тартып жатады.Спикер ұсынған мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері облыста жастар арасында кең көлемді профилактика жүргізілген. Оның ішінде:• 360-тан астам мектеп және колледж кездесулері• 1000-нан астам есірткі жарнамасын жою• «Кибернадзор» жүйесімен онлайн арналарды бақылау• 121 еріктілер акциясы• әлеуметтік желілерде 414 ақпараттық материал жариялау- Басты мақсатымыз – қылмысты анықтау ғана емес, жастарды есірткі бизнесінің ықпалынан алдын ала қорғау. Ең үлкен қауіп – жасөспірімдердің жеңіл табысқа тез алдануы», – деді Дастан Жексенбеков.Сондай-ақ Динара Қуатбекова тұрмыстық зорлықтың алдын алуда психологиялық қолдаудың рөлі зор екенін атап өтті. Айтуынша, көптеген жасөспірімдер мен әйелдер отбасындағы эмоционалды қысым, агрессия, травмалық жағдайлар нәтижесінде қиын күйге түсіп, кейде есірткіге қызығушылық танытуы да мүмкін.Орталықта жәбірленушілерге жан-жақты көмек көрсетіледі: психологиялық консультациялар, диагностика, қолдау топтары, дағдарыстық жағдайда шұғыл көмек, әлеуметтік-психологиялық патронаж.Мамандар жастарды есірткі қылмысынан және зорлық-зомбылық қауіпінен қорғауда ата-аналар, білім беру ұйымдары, полиция және әлеуметтік қызметтердің бірлескен әрекетінің маңызын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1112695?lang=kk
Әскерилер майдангер Виктор Изюмниковты 101 жасқа толғанымен құттықтады 26.11.2025
Алматыда Қарулы күштердің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Карпович Изюмниковты 101 жасқа толған туған күнімен құттықтады.Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің және Медеу ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілдері майдангерге барып, Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың атынан құттықтау хатын табыс етті.– Сіздің бүкіл ғұмырыңыз – Отанға жанқиярлықпен қызмет етудің өнегесі. Сізге жауынгерлік ісіңіз үшін ғана емес, бейбіт уақытта еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан ерен еңбегіңіз үшін алғыс айтамыз. Сізге шын жүректен зор денсаулық, сергектік және амандық тілейміз, – деді қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Нұржан Естаев.Виктор Карпович 1942 жылы әскер сапына алынды. Әскери байланыс мектебінде оқығаннан кейін ол әуе-десанттық әскерлеріне жіберілді. 106-шы атқыштар дивизиясы 355-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамында Будапешт үшін ұрыстарға қатысты, Венаға шабуыл жасап, Венгрияда шайқасты. Қазақстандық аға сержант болып жүріп, радиостанция бастығы лауазымында Чехословакия шекарасындағы Зноймо қаласын азат ету кезінде жеңісті қарсы алды. Оның II дәрежелі Отан соғысы ордені, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі және бірқатар мерейтойлық наградалары бар.Демобилизациядан кейін Виктор Карпович өмірін Қазақстанның халық шаруашылығына арнады. Тың игеруге қатысып, ауыл шаруашылығы саласында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Экономика ғылымдарының кандидатының көп жылғы еңбегі Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет белгісі» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды.Виктор Карповичтің өмір жолында көрсеткен табандылығы мен адалдығы қазақстандықтардың бірнеше буынына үлгі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1112522?lang=kk
Алматы облысы: медициналық ұйымдар дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілуде 26.11.2025
Алматы облысында тегін дәрілік заттардың тапшылығы байқалмайды. Бұл туралы өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы мен «СК-Фармация» өңірлік өкілдігі хабарлады. Вирусқа қарсы, қызу түсіретін және басқа да негізгі препараттар стационарларға қалыпты режимде жеткізіліп отыр.Ведомствоның мәліметінше, ТМККК және МӘМС шеңберіндегі дәрілік қамтамасыз ету жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр. Біріңғай дистрибьютор арқылы өңірдегі 55 медициналық ұйым дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.«СК-Фармация» өңірлік өкілдігінің деректері бойынша, медициналық ұйымдар жалпы 1 487 атаудағы дәрілік заттар мен медөнімдерге өтінім берген. Жыл ішінде қосымша 953 атауға қажеттілік туындаған.Өкілдік басшысы Манат Альмаханованың айтуынша, 2025 жылы стационарлық деңгейде 47 медициналық ұйыммен келісімшарт жасалып, 1 266 атаудағы дәрілер мен медөнімдер 14,5 млрд теңгеге сатып алынған.Амбулаторлық деңгейде 467 атау бойынша өтінімдер қалыптастырылып, олардың 93,3%-ы медициналық ұйымдарға жеткізілді.Стационарларға 12,4 млрд теңгенің дәрісі жөнелтілген, бұл жылдық көлемнің 85,5%-ын құрайды.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов жағдайдың толық бақылауда екенін атап өтті: «Біз өңірдегі дәрі-дәрмек қорын және медициналық ұйымдардың қажеттілігін күн сайын бақылап отырамыз. Қажет болған жағдайда біріңғай дистрибьютор препараттарды басқа өңірлерден жедел түрде қайта бөледі. Басты мақсат — тұрғындарды үздіксіз және сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету», — деді ол.Қазіргі уақытта препараттардың жеткізілуі жоспарға сай жүргізілуде. Барлық өтінімдер Денсаулық сақтау басқармасының тұрақты бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1112516?lang=kk
Қазақстан мен Әмірліктер жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттерін растады 26.11.2025
Астана, 2025 жылғы 25 қараша – Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы саяси консультациялардың алтыншы отырысы өтті.Қазақ делегациясын ҚР Сыртқы істер министр Ермек Көшербаев, ал әмірлік – БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі, Орталық Азиямен инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Сухейл Әл-Мазруи басқарды.Әмірліктер делегациясын қошеметтеп, Е.Көшербаев Астана үшін Әбу-Даби араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық серіктестердің бірі екенін атап өтіп, жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.Консультациялар барысында саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ энергетика, көлік, инновациялар және жасанды интеллект салаларындағы серіктестіктің перспективаларын егжей-тегжейлі талқыланды.Тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қаңтардағы Әмірліктерге жасаған жұмыс сапары барысында және Әбу Даби Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның мамыр айында Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын қарастырды.БАӘ делегациясының басшысы екі ел арасындағы серіктестіктің деңгейін жоғары бағалап, Әбу Дабидің Қазақстанмен барлық негізгі бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін атап өтті.Келесі жылы жоспарланған бірлескен іс-шараларға, соның ішінде биік деңгейдегі байланыстарға ерекше көңіл бөлінді.Сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты форматтардағы күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы тұрақты және сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1112459?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Грекиямен ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды 25.11.2025
Астана, 2025 жылғы 25 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Грекия Республикасының Елшісі Эфталия Какиопулумен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ қазақ-грек ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы саяси диалог пен өзара іс-қимылдың оң динамикасы аталып өтті. Сұхбаттастар көлік және логистика, туризм, білім беру және цифрлық технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.А.Исетов Грекия Қазақстанның Еуропа Одағындағы және Жерорта теңізіндегі маңызды серіктесі екенін атап, екіжақты деңгейде де, халықаралық ұйымдар шеңберінде де ынтымақтастықты тереңдетуге дайындығын білдірді.Э.Какиопулу өз тарапынан Афинаның Астанамен жан-жақты байланыстарды одан әрі нығайтуға деген ұмтылысын атап өтіп, сауда-инвестициялық саладағы өзара іс-қимылдың және мәдени бастамаларды ілгерілетудің перспективалылығын атады.Кездесу соңында тараптар тұрақты саяси диалогты қолдауға және барлық бағыттар бойынша қазақ-грек серіктестігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1112433?lang=kk