Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қазақстан Елшісі Кувейт Әміріне сенім грамоталарын тапсырды 25.11.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 25 қараша – Қазақстан Республикасының Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Әмірі шейх Мишааль Әл-Ахмад Әл-Джабер Ас-Сабахқа сенім грамоталарын табыстады.Рәсім барысында Қазақстан-Кувейт қатынастарының достық сипаты және тараптардың саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтылысы расталды.Е.Елекеев Кувейт пен Қазақстан тұрақтылықты нығайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұлттық экономиканы әртараптандыру сияқты ортақ басымдықтарға ие екенін атап өтті. Елші сондай-ақ Қазақстан институттардың тиімділігін арттыруға және шешімдерді орындаудың ашықтығына бағытталған мемлекеттік басқаруды цифрландырудың ауқымды бағдарламасын іске асыратынын хабарлады.Кувейт Әмірі Елшіге табысты жұмыс тілеп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қолдау білдірді. Ол Кувейттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтудің ерекше маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның агроөнеркәсіптік сектордағы сенімді серіктес ретіндегі жоғары әлеуетін атап өтті.Әмір Кувейттің осы саладағы перспективалық бастамаларды, соның ішінде тұрақты азық-түлік жеткізілімдерін дамытуға және екі елдің мемлекеттік және жеке институттары арасындағы өзара іс-қимылдың ұзақ мерзімді тетіктерін құруға бағытталған жобаларды қарастыруға дайын екенін айтты.Қазақ дипломаты Кувейттің өңірдегі стратегиялық серіктес ретіндегі маңыздылығына назар аудара отырып, Қазақстанның Парсы шығанағы елдерімен өзара іс-қимылды нығайтуға бейілділегін атап өтіп, екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша диалогты тереңдетуге дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1112436?lang=kk
Қазақстан мен Түркіменстан көкөністер мен жемістерге арналған «жасыл дәлізді» кеңейтуде 25.11.2025
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамырат Гелдимырадовпен кездесті. Вице-премьер Түркіменстан Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды әріптесі екенін атап өтті. Соңғы бес жылда екі ел арасындағы тауар айналымы төрт есе өскен, ал соңғы екі жылдағы өзара сауда тұрақты түрде $500 млн-нан асып тұр. Мемлекет басшылары алға қойған тауар айналымын $1 млрд-қа дейін жеткізу мақсатын ортамерзімді перспективада еркін орындауға болады.Келіссөздердің жеке бір блогы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасына арналды. 2025 жылғы 9 айда Түркіменстанға қазақстандық экспорт негізінен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қайта өңделген өнімдерді жеткізу есебінен $221,7 млн құраған. 2025 жылы экспорт ұн, өсімдік майы және басқа да өңделген тауарлардың көбеюіне байланысты өсті.Экспорттағы агроөнеркәсіп тауарларының үлесі тұрақты түрде 30%-дан асады. Қазақстан бидай ұны, күнбағыс майы, бидай, макарон өнімдері, маргарин, шай концентраттарын жеткізеді.Серік Жұманғарин тауарларды жеткізу көлемін ұлғайтуды және бидай, жүгері, жасымық, бұршақ, соя, күнбағыс майы, ұн, қант және басқа да өнімдерден тұратын агроөнеркәсіп өнімінің түрлерін көбейтуді ұсынды.Түркіменстаннан импорт та өсуде: 2025 жылғы 9 айда ол $141,9 млн-ға жетті. Табиғи газдан басқа жемістер мен көкөністер де жеткізіледі. 2025 жылы қызанақ көлемі 30 мың тоннадан асты, ол – Түркіменстаннан келетін  импорт құрылымындағы екінші маңызды тауар.«Біз жеміс-көкөніс өнімдерінің біздің нарықта болғанына мүдделіміз. Сіздер жеткізетін барлық нәрсе — қызанақ, жеміс, көкөністі біз «жасыл дәліз» аясында қабылдауға дайынбыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Кездесуде көлік-логистикалық жобаларды дамытуға ерекше назар аударылды. Ходжамырат Гелдимырадов Гератпен шекарада құрғақ порт құрылысының басталғаны туралы хабарлады және Қазақстанды осы жобаға қосылуға шақырды.Тараптар сондай-ақ «Герат – Тургунди» теміржол желісінің құрылысын қоса алғанда, Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан-Пәкістан транзиттік дәлізін қалыптастыру перспективаларын талқылады. Серік Жұманғарин мен Ходжамырат Гелдимырадов бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға, елдер арасындағы интеграцияны кеңейте отырып, көлік, сауда және логистикалық байланыстарды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруға ниетті екендерін растады.Анықтама:2025 жылғы қаңтар–қыркүйекте Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы $363,6 млн құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,4%-ға артық ($345 млн). Экспорт $221,7 млн (+6,8%), импорт $141,9 млн (+3,2%).2024 жылы Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы $555,7 млн құраған болатын, оның ішінде экспорт – $335 млн, импорт – $220,7 млн.https://primeminister.kz/news/kazakstan-men-turkimenstan-kokonister-men-zemisterge-arnalgan-zasyl-dalizdi-keneitude-30759 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1112267?lang=kk
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында екі жарым мыңға жас сарбаз әскери ант берді 25.11.2025
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Тараз гарнизонындағы әскери бөлімдерінде 400-ден астам мерзімді қызмет жауынгері әскери ант берді.Салтанатты рәсімге «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраев, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты. Жас сарбаздардың алдында сөз сөйлеген аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жауынгерлерді әскери істі жауапкершілікпен меңгеруге және оларды шыңдай түсетін армияның қиындықтарынан қорықпауға шақырды.– Бір жыл бойы Жамбыл облысы сіздердің үйлеріңіз болады және бұл уақыт естеріңізде мәңгі сақталады, – деді Е. Карашөкеев. – Біз сіздердің әскери қызметті абыроймен атқарғандарыңызға, Отан алдындағы борыштарыңызды құрметпен орындайтындарыңызға сенеміз.Әскери ант қабылдау салтанаты дәстүрге айналған Жеңіс саябағында, қазақ халқының даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының ескерткіші жанында өтті. Атақты батальон командирінің атын иеленген 5-механдандырылған бригаданың жас сарбаздарымен бірге байланыс полкінің, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау батальонының, сондай-ақ жөндеу базасының жауынгерлері де ант берді.Бір ай бойы жас жауынгер курсында болған сарбаздар атыс және тактикалық дайындықтан өтті. Жауынгерлікк техниканы меңгеріп, полигонда атыс тапсырмаларын орындады. Сонымен бірге сарбаздар уақыттың едәуір бөлігін әскери жарғыларды оқуға арнады.Қонақтар арасында жас жауынгерлердің туыстары да болды. Ақтөбеден Таразға егіз ұлдары Ақниет пен Әділетті көруге келген Ерболат Төремұрат әскери қызметтің өмір мектебі екендігін жақсы біледі. Себебі өзі де екі жыл әскерде болған. Ол армия ұлдарының шынығып, Отанның нағыз қорғаушылары болып шығуына көмектесетініне сенімді.Сондай-ақ Шу ауданынан Надыр мен Исмаил Ибрагимовтерді көруге олардың әжесі Гильшат Бадырова да келді. Немерелерінің қызмет арқылы күшті, ақылды, батыл болып шығатынына сенімді қария оларды қолдау үшін арнайы келгенін айтты.Салтанатты рәсімнен кейін жауынгерлерге дәстүр бойынша туыстарымен уақыт өткізу үшін қалаға сейілге шығуға рұқсат берілді. Осы күні «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде екі жарым мыңға жуық жаңадан шақырылған сарбаз ант берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1111930?lang=kk
Сауда министрлігі азық-түлік нарығын тұрақтандыруға арналған жаңартылған шаралар пакетін талқылады 25.11.2025
24 қарашада Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев инфляция деңгейін тежеу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиынға Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, қаржылық мониторинг агенттігі мен өңір әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Кеңес барысында министр жыл басынан бері 160 негізгі азық-түлік тауарлары бойынша баға өсімі 11 пайызға жеткенін атап өтті. Дегенмен әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің баға индексі тұрақты. Қараша айының үш аптасында өсім минииал 0,1 пайызды құрады. Апта сайынғы мониторинг, өндірушілер және сауда желілерімен тікелей жұмыс, мемлекеттік бақылау мен тұрақты жәрмеңкелер бағаны ұстап тұруда маңызды рөл атқаруда. Кеңесте Сауда министрінің бірінші орынбасары Айжан Бижанова азық-түлік қоржынының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. Тізбе құрамына қосымша көкөніс, жеміс-жидек, сүт, ет және балық өнімдерін енгізу ұсынылуда. Бұл шара шекті сауда үстемесін кең ауқымды тауарларға қолдануға және делдалдық тізбектің ықпалын азайтуға мүмкіндік береді. Жаңа тізбе мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП-мен, салалық қауымдастықтармен, сауда желілері мен импорттаушылармен талқыланады. Сонымен қатар өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарларын ірі көлемде импорттайтын компаниялар мен оларды жеткізушілердің тізімі айқындалды. Бағаны тұрақтандыру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және импорттың ашықтығын қамтамасыз ету бағытында орталық және өңірлік деңгейде келіссөздер өткізу жоспарланып отыр. Талқылау барысында министр Арман Шаққалиев өңірлердің жұмысына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бүгінде әрбір өңірге инфляцияға ең көп ықпал ететін негізгі тауарлардың тізімі ұсынылады және жаңа тәсілдің қағидаты түсіндіріледі. «Біз әр тауар бойынша нақты жағдайды көрсететін алгоритм жасадық. Ол баға қай фактордан өсіп жатқанын – логистика ма, маусымдық құбылыс па, импорт па, әлде өндіріс пен тұтыну теңгерімі ме – толық көрсетеді. Мұндай тәсіл жедел әрекет етуге және негізсіз қымбаттаудың алдын алуға мүмкіндік береді. Әсіресе тікелей реттеуге жатпайтын тауарлар үшін бұл аса маңызды. Басты мақсат – әр өңірде тұрақтылықты қамтамасыз етіп, әр отбасы жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесін сезінуі», – деді Арман Шаққалиев. Кеңесте жәрмеңкелер мен «Береке Fest» форматындағы ауқымды акцияларды жалғастыру мәселесі де қаралды. Мұндай іс-шаралар халықты қолжетімді ет, көкөніс және басқа да әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Астана тәжірибесін негізге ала отырып, арзандатылған еттің тікелей жеткізілімін кеңейту жоспарлануда. Сонымен бірге Иран, Пәкістан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстаннан жеміс-көкөніс өнімдерін жеңілдетілген тәртіппен импорттау тетігі сақталатыны расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1111751?lang=kk
Қостанайда жұмысшы мамандықтар жылына орай «Ел тірегі – еңбек адамы» республикалық патриоттық форумы өтті 25.11.2025
Қостанай қаласында «Ел тірегі – еңбек адамы» республикалық патриоттық форумы өтті. Бұл шара Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылып, оның мақсаты — еңбек адамының мәртебесін көтеру, жұмысшы мамандықтарды насихаттау, техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамыту, жастар арасында патриоттық құндылықтарды нығайту болды.Форум бағдарламасы 2025 жылғы 23 қараша күні Қостанай автомобиль көлігі колледжінде өткен «Кәсіпке бағыт – болашаққа жол: техникалық және кәсіптік білімнің рөлі» атты семинардан басталды. Семинарда жұмысшы мамандықтарға қойылатын қазіргі талаптар, дуалды оқыту жүйесін кеңейту және техникалық кадрларды даярлаудағы өзекті мәселелер талқыланды.Форумның екінші күні, 24 қарашада, қатысушылар Міржақып Дулатұлының ескерткішіне гүл шоғын қойып, кейін «IQOSTANAY» смарт-орталығында негізгі іс-шараға — «Ел тірегі – еңбек адамы» патриоттық форумына жиналды.Форумда ерекше назар аударылған еңбек династиясы – Кәкімжановтар отбасы. Әулиекөл өңірінің қадірлі азаматы Дәуренбек Қабжанұлы бұрынғы «Тимофеев» кеңшарының озат еңбеккерлерінің бірі болған. Оның ұлы Мадияр әкесінің жолын жалғастырып, жеке шаруа қожалығын ашып, Соснов ауылындағы тұрғындарға жұмыс беріп, жергілікті қоғамға үлес қосты. Ал Шыңғыс әулеттің үшінші буыны ретінде ауыл шаруашылығы саласында кәсіби шеберлігін көрсетіп, облыстық және республикалық конкурстардың жеңімпазы атанды. Форумда Шыңғыстың еңбегі ерекше атап өтіліп, марапатты оған ҚР Еңбек Ері Сайран Бұқанов табыс етті.Сондай-ақ форумға арнайы келген қонақтардың бірі — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков болды. Ол еңбек жолын колледжде өндірістік оқыту шебері болып бастаған, кейін түрлі жетекшілік қызметтер атқарған тәжірибелі маман. Форумда депутат өңірлік университеттің биология және химия кафедрасының оқытушысы Елена Симанчукты марапаттады. Елена Александровна өз сөзінде патриотизм нақты іспен көрінетінін, ғылыми зерттеулер мен жаңа технологияларды енгізудің ел экономикасына қосқан үлесін атап өтті. Ол студенттердің білімін тек теориямен шектемей, практикалық тәжірибе арқылы жетілдірудің маңыздылығын да ерекше атады.Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бахытжан Нарымбетов қатысушыларды құттықтап, форумның маңыздылығын атап өтті:«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмысшы мамандықтар жылын жариялай отырып, еңбектің маңыздылығын ерекше атап өтті. Қостанай өңірі қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіптік орталыққа айналып отыр. Жаңа кәсіпорындар, соның ішінде жоғары технологиялық KIA зауыты ашылды, құрғақ порт пен логистика дамып, аймақтың халықаралық маңыздылығы артты.Бүгінде өңірде 22 мыңнан астам жас техникалық және жұмысшы мамандықтарды меңгеріп, олардың көпшілігі тәжірибені өндіріс орнында жинақтап отыр. Бұл білікті мамандарды даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі.Қадірлі жастар! Сіздер — елдің болашағын қалыптастыратын мамандарсыздар. Адал еңбек — абырой, ал абырой — болашаққа жетелейтін баспалдақ. Сіздерге зор табыс, үлкен жетістіктер тілеймін!»Форумға Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан, сондай-ақ Астана қаласынан жас мамандар мен тәжірибелі оқытушылар қатысты. Іс-шара қатысушыларға тәжірибе алмасу, кәсіби мәселелерді талқылау және өңірлік кадрлық әлеуетті нығайту мүмкіндігін берді.Форум, еңбек, кәсіби шеберлік және патриоттық құндылықтарды насихаттай отырып, жастарды болашаққа дайындайтын алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1111593?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Швейцария Елшісін жылы қошеметпен шығарып салды 25.11.2025
Астана, 2025 жылы 24 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Швейцария Конфедерациясының Елшісі Салман Балды оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.Сұхбат барысында дипломаттар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, оның ішінде 5-ші «Қазақстан-Швейцария» іскерлік кеңесінің отырысына қатысу аясында Швейцария Вице-президенті Ги Пармеланның Астанаға жоспарланған жұмыс сапарын талқылады.Саяси диалогтың оң динамикасы, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың кеңеюі аталып өтті. Сұхбаттастар цифрландыру, көлік және логистика, білім беру және су дипломатиясы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.С.Бал қазақ тарапына жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай нығайту әлеуетінің жоғары екенін атап өтті.Кездесудің соңында А.Исетов Елшіге Қазақстан-Швейцария қарым-қатынасының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың атынан құрмет грамотасын табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1111529?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Дүниежүзілік балалар күніне арналған конференция өтті 25.11.2025
Астана, 2025 жылғы 20 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Дүниежүзілік балалар күніне орай, «Қазақстан – балалық шақ қорғалған мемлекет!» атты концеренция өтті.Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, балалар мен жастар бірлестіктерінің, еріктілер қозғаласының өкілдері, сондай-ақ, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері қатысты.Өз кіріспе сөзінде, ҚР Сыртқы істер министрлігі Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надиркулова 1989 жылғы 20 қарашада БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы қабылданғанын атап өтті. Аталған құжат бүкіл әлем қауымдастығы үшін құқықтық бағдарға айналып, Қазақстан осы халықаралық стандартты алғашқылардың бірі болып қолдағанын және балалар құқықтарын қорғау тетіктерін жүйелі түрде нығайтып келетініне назар аударды.Елші Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бала құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше мән беретінін атап өтті. Атап айтқанда, 2024 жылы Балалар ұлттық қоры құрылды. Оның шеңберінде инвестициялық кірістің 50%-ы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың жеке жинақ шоттарына жыл сайын бағытталады.Сонымен қатар бұл салада Қазақстан ұлттық деңгейде ғана емес, халықаралық аренада да өз міндеттемелеріне берік екенін дәлелдеп келеді. Еліміз «Әрбір бала үшін бейбітшілік пен толеранттылық жолындағы сапалы білімді қамтамасыз ету» атты резолюцияның бастамашысы болып, құжат БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде бір ауыздан қабылданды.ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілдігінің басшысының міндетін атқарушысы Рамиз Бехбудов Қазақстан мен ЮНИСЕФ арасындағы көп жылдық серіктестікті атап өтті. Оның айтуынша, Ұйымның жетекшілігімен елімізде ондаған бастамалар, зерттеулер мен бағдарламалар жүзеге асырылып, балалардың нақты қажеттіліктерін анықтауға және халықаралық стандарттарға сай шешімдер әзірлеуге мүмкіндік беруде.Конференция барысында БҰҰ Бала құқықтары комитетінің бұрынғы төрайымы, Халықаралық даму және әділдік орталығының президенті Рената Винтердің құттықтау сөзі де ұсынылды. Ол Қазақстанның балаларға арналған сот төрелігін дамытудағы және қақтығыстан кейінгі бағдарламаларды іске асырудағы маңызды үлесін атап өтті.Судьялар, адвокаттар және медиаторлар – Гүлнар Абдиғалиева, Ләйла Зинашева, Жанаргүл Алпыспаева, Ира Жасқайрат және Ильвира Назырова, ювеналдық юстиция саласындағы практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, сот жүйесінде балаларды қорғау тетіктерін одан әрі күшейту қажеттігін жеткізді.Конференцияның басты назарында балалардың өзі болды. Астананың білім беру ұйымдарының оқушылары, балалар мен жастар бірлестіктерінің және еріктілер қозғалыстарының белсенділері балалар ұйымдарының қоғамдағы рөлі жөніндегі өз көзқарастарымен бөлісіп, ересектерді оларға сенуден қорықпауға шақырды және шын мәнінде балаға қолайлы ел құру бойынша өз ұсыныстарын айтты – бұл елде олардың құқықтары, дауысы мен армандары маңызды орын алатынын жеткізді.«Бақытты бала» қоғамдық қорына және «Ғылым және құқық» институтына көпжылдық жүйелі еңбегіне үшін ерекше алғыс білдірілді. Бұл ұйымдар балалар құқықтарын ілгерілету, құқықтық мәдениетті дамыту және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайту бағытында маңызды жұмыс жүргізіп келеді.Жалпы, талқылау ашық және сындарлы форматта өтті. Ұйымдастырушылар балалардың дауысы естілгенін және конференция қорытындылары Қазақстанның бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатын жетілдіруге оң ықпал ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1111538?lang=kk
Қазақстан мен Еуропалық одақ өңірлік серіктестіктің стратегиялық диалогты нығайтудағы негізгі рөлін растады 24.11.2025
Астана, 2025 жылғы 24 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Еуропалық одақтың Орталық Азия жөніндегі Арнаулы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады.Кездесу барысында Министр Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің он жыл бұрын қабылданып, ұзақ мерзімді өзара іс-қимылдың берік негізіне айналғанын және екіжақты саяси диалогтың қомақты түрде нығайып келе жатқанын атап өтті.Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасып, «жасыл» трансформация мен көлік байланыстығын ілгерілету жобаларының маңыздылығына назар аударды. Бұл тұрғыда Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытудың маңыздылығы расталды.Сыртқы саяси ведомство басшысы Қазақстанның Еуропалық одақ үшін сенімді әрі жауапты серіктес екенін және екіжақты экономикалық пен саяси өзара іс-қимылды кеңейтуге ашықтығын атап өтті.Е.Көшербаев өңірлік диалогты ілгерілету және практикалық бастамаларды іске асыру үшін тиімді платформа ретінде танытқан «Орталық Азия – Еуропалық одақ» форматы шеңберінде кооперацияны одан әрі дамытудың маңыздылығын айтты. Бірлескен жобаларға одан әрі белсенді қатысуға және ЕО-мен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша қатынастарды нығайтуға дайындық білдірілді.Өз кезегінде Э.Стипрайс Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға және маңызды экономикалық әрі инфрақұрылымдық бастамаларды дамытуға қосқан Қазақстанның үлесін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілділігін растап, екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1111525?lang=kk
Ақтауда армия генералы Алтынбаевтың мерейтойына орай Ерлік сабағы өтті 24.11.2025
Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде Халық қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған Ерлік сабағы ұйымдастырылды.Сабақтың негізгі тақырыбы Мұхтар Алтынбаевтың өмір жолы мен ел Қарулы күштерінің дамуына қосқан үлесіне арналды. Іс-шараға қатысушыларға батырдың қызметтік және қоғамдық жұмысындағы маңызды кезеңдер туралы бейнематериалдар ұсынылды.– Ерлік сабағы жастарға армияның күші – жауапкершілігі жоғары, әскери борышына адал жандарда екенін еске салудың бір тәсілі. Ал Мұхтар Қапашұлының өмір жолы елге деген шексіз сүйіспеншілік пен халыққа риясыз қызмет етудің жарқын үлгісі, – деді 29011 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Асылхан Маралбаев.Қарулы күштер ардагерлерінің қатысуы іс-шараның маңызын арттыра түсіп, ұрпақтар сабақтастығының жас сарбаздарды тәрбиелеудегі маңызын айқындады.Мұхтар Алтынбаевтың қызмет жолына қатысты баяндамаға қосымша ардагерлер өз тәжірибелерін ортаға салып, студенттерге әскери абырой мен азаматтық жауапкершіліктің құндылығын еске салды.Сабақ барысында әскери кафедра студенттері армия генералының өмірі мен қызметіне зор қызығушылық танытты. Іс-шара түрлі буындарды ортақ әскери борышқа деген құрмет пен тарихтың маңызды беттеріне деген ықыласпен байланыстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1111355?lang=kk
24 қараша – әскери-ғылыми қызметкер және әскери педагог күні 24.11.2025
Бұл мереке 1997 жылғы 24 қарашада Қорғаныс министрінің «Қарулы күштер үшін педагогикалық және ғылыми кадрларды дайындау туралы» бұйрығының шығуымен байланысты.Әскери салаға арналған жоғары білікті мамандарды дайындау – еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Бүгінде Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру жүйесіне түрлі деңгейдегі тоғыз оқу орны кіреді. Олардың жұмысын Әскери білім және ғылым департаменті үйлестіріп отырады. Департаменттің негізгі міндеті – кәсіби әскери кадрлар даярлау деңгейін қамтамасыз ету, отандық әскери-ғылыми мектепті дамыту және профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесін арттыру.Қазіргі таңда педагогикалық, ғылыми-зерттеу және ізденіс бағытында 7 ғылым докторы, 61 ғылым кандидаты және 76 философия докторы (PhD) қызмет етеді.Кәсіби мерекеге орай елордадағы армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде салтанатты жиын өтті. Оған Қорғаныс министрлігінің басшылығы, профильдік департамент өкілдері, әскери оқу орындарының жетекшілері, ғалымдар, педагогтар және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.Сала мамандарын кәсіби мерекемен Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, вице-адмирал Серік Борамбаев құттықтады.– Білікті кадрлар дайындау мен әскери білім беру жүйесін дамыту – Қорғаныс министрлігінің басты басымдықтарының бірі. Бұл елдің қорғаныс қабілетіне тікелей әсер етеді. Қазіргі әскери мамандардың кәсіби деңгейі әскердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы жөніндегі міндеттерді табысты орындауға мүмкіндік береді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен қызметке деген адалдықтарыңыздың арқасында Қазақстанның әскери ғылымы мен білімі заманауи талаптарға сай дамып келеді, – деді вице-адмирал С. Борамбаев.Жиында әскери жоғары оқу орындары басшыларының әріптестеріне арналған бейнеқұттықтаулары ұсынылды. Олар әскери педагогтарға Отан қорғаушыларды тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі маңызды миссияны абыроймен атқаруға, ал әскери-ғылыми қызметкерлерге ел қауіпсіздігін нығайту жолында жаңа жетістіктерге қол жеткізуді тіледі.Кәсіби мереке аясында бірқатар педагогтар мен ғалымдар «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен, Қорғаныс министрінің атынан грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1111315?lang=kk
Көліктен мүлікке дейін: тұтынушылардың резонанс тудырған істеріне шолу 24.11.2025
Соңғы уақытта тұтынушылардың құқығын қорғау саласында бірқатар резонанс оқиғалар тіркелді. Біз адамдар өз құқықтары бұзылғанда қалай әрекет еткенін және әділдікке қалай қол жеткізгенін көрсететінең маңызды жағдайларға шолу жасадық. Бұл оқиғалардер кезінде көмек сұраудың маңыздылығын және оқиғаға білікті мамандар араласқанда істің қалай өзгеретінін көрсетеді. Жалпы түскен өтініштердің басым бөлігі автокөлік сатып алуға қатысты болды. Алматы қаласында бірнеше тұтынушы жаңа сатып алынған көліктердің ақауы бар екенін байқаған. Бір алматылық тұрғын қозғалтқыштағы күрделі ақауды байқап, заңгерденкеңес алғаннан кейін көліктің толық құнын, яғни 6,99 млн теңгені қайтарып алды. Басқа бір сатып алушы өз автокөлігінде беріліс қорабында ақау, артқы камерасының істемейтінін және жанармай багының қақпағының ашылмайтынын анықтаған. Департамент мамандарының кеңесінен соң оған автосалон 14,9 млн теңгені толық көлемде қайтарды. Тағы бір автокөлік иесі беріліс қорабындағы ақауды анықтап, мамандардың қолдауымен 13,9 млн теңгесін қайтарып алды. Шымкент қаласында электромобиль иесінің оқиғасы көпшіліктің назарын аударды. Ол көліктің жүріс қоры өндірушінің көрсеткен мәліметіне сәйкес келмейтінін байқап, бұрын пайдаланылған батареялардың қолданылған болуы мүмкін деген күмән туындады. Мәселе мамандар арқылы шешілгеннен кейін сатушы тұтынушыға 21 млн теңгені қайтаруға келісті. Ұлытау өңірінде басқа бір тұрғын жаңа автокөліктің қозғалтқышы мен кондиционер жүйесінде ақау бар екенін анықтады. Кеңестер мен келіссөздерден кейін автокөлік толықтай жаңа көлікпен ауыстырылды, оның құны 9,09 млн теңгені құрады. Бұл жағдай даулы мәселені тиімді шешудің жарқын мысалы болды. Жылжымайтын мүлік нарығында да маңызды оқиғалар болды. Алматыда бір әйел келісімшартта көрсетілген мерзім өтіп кеткеніне қарамастан өз пәтерін ала алмаған. Мердігер әртүрлі себептерді алға тарттып,  пәтер  кілтін беруді кейінге қалдырып келген. Құқықтық кеңес алғаннан кейін оған алдын ала төленген 7,2 млн теңге қайтарылды. Шымкентте тағы бір тұрғын жеке себептерге байланысты сатып алған пәтерден бас тартқысы келген, бірақ сатушы қаражатты қайтарудан бас тартты. Департаменттің араласуының арқасында мәселе оң шешімін тауып, тұтынушы 37 млн теңгені қайтарып алды. Актөбе облысында туристік агенттіктерге қатысты бірнеше шағым түсті. Тұтынушылар алдын ала төленген турға бара алма қалған. Жүргізілген түсіндіру жұмыстары мен консультациялар нәтижесінде жеті азаматқа 1,2 млн теңге қайтарылды. Батыс Қазақстан облысында ерекше оқиға тіркелді. Департамент бірден он сегіз тұтынушының құқығынқорғау үшін сотқа жүгінді. Тұрғындар жиһазға тапсырыс берген, бірақ тауарды ала алмаған. Сот талапты толық қанағаттандырып, кәсіпкерлерді 11,2 млн теңгені қайтаруға міндеттеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1111242?lang=kk
Алматы облысының оқушылары шетелдік мектептің грантын жеңіп алды 24.11.2025
Талғар қаласындағы №7 мектеп-лицейдің 4-сынып оқушылары Аңсар Сарқытбек пен Айша Назар халықаралық білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсетіп, Малайзияның Куала-Лумпур қаласында Cambridge бағдарламасы бойынша білім беретін халықаралық мектептің грантының иегерлері атанды.Тестілеу қорытындысы Аңсар Сарқытбек пен Айша Назардың жоғары деңгейдегі дайындығын, айқын қабілеттерін және білімге деген зор құштарлығын көрсетті. Сарапшылар бұл гранттың оқушылардың табандылығы және жүйелі еңбегінің нәтижесінде берілгенін атап өтті.Халықаралық грант иегерлері 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап 4-сыныптың екінші жартыжылдығын Малайзиядағы халықаралық мектепте жалғастыратын болады. Оқушылардың оқу ақысы толық көлемде төленіп, барлық қажетті академиялық қолдау көрсетіледі.Қуанышты жаңалықты мектеп ұжымы ыстық ықыласпен қабылдап, оқушылар мен олардың ұстаздарын құттықтады.Шетелде білім алу жас дарындар үшін болашақтағы жетістіктерге бастар маңызды қадам болып, жаңа халықаралық мүмкіндіктерге жол ашады деп күтілуде.Аңсар мен Айшаның жеңісі — талғарлық оқушылардың білімге деген жоғары ұмтылысы мен әлеуетінің дәлелі. Педагогтер мен ата-аналар балалардың алдағы уақытта да жаңа биік белестерді бағындыратынына сенімі мол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1111073?lang=kk
Дубайда өткен халықаралық байқауда Жамбыл ауданының оқушысы Гран-приді жеңіп алды 24.11.2025
Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Сезім Исағали Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен «Dubai Oner Kerueni» халықаралық байқауында мектеп оқушылары арасында бас жүлдеге ие болды. Жас дарын байқауға ұлттық нақыштағы авторлық қолданбалы өнер туындыларын ұсынып, жоғары бағасын алды.Сезім Исағали қазылар алқасына өзінің үш бірдей авторлық жұмысын таныстырды:Фетрге «Қазақ даласы» атты қой жүнінен бедерлеп айшықталған көркем панно;Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен қарлығаш бейнесі бейнеленген жүн рельефі техникасымен орындалған композиция;Дәстүрлі эстетикада безендірілген ағаштан жасалған шағын киіз үй макеті.Сезімнің айтуынша, оның ең басты мақсаты — қазақ мәдениеті мен ұлттық қолөнерін халықаралық аудиторияға дәріптеу.Ол байқауға қатысу өміріндегі маңызды кезең болғанын атап өтті:«Дубайдағы байқауға қатысу мен үшін үлкен өмірлік тәжірибе болды. Алғашқы толқу уақыт өте келе сенімділікке ұласты. Гран-приді иеленген сәт — ең жарқын әсерлердің бірі. Менің жұмыстарым ұлттық ою-өрнектерге негізделген, ал қазақ мәдениеті мен тарихын шетелде насихаттау маған үлкен шабыт берді», — деді жас шебер.Сезім — ерекше білім беруді қажет ететін оқушы. Тірек-қимыл аппараты мен сөйлеу тілінің дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, ол еңбекқорлық және шығармашылық қабілетін көрсетіп, елеулі жетістікке қол жеткізді. Оның табандылығы көптеген дарынды балалар үшін үлгі болып отыр.Ұйымдастырушылардың мәліметінше, байқауға түрлі елдерден келген ондаған жас талант қатысқан. Солардың ішінде ұлттық нақышқа негізделген Сезімнің жұмыстары қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, байқаудың бас жүлдесіне лайық деп танылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1111068?lang=kk
Құрлық әскерлерінің нұсқаушылары заманауи ұрыс жүргізу әдістерін меңгерді 24.11.2025
68665 әскери бөлімінің базасында Құрлық әскерлерінің нұсқаушылары үшін тактикалық-атыс даярлығы бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өтті.Іс-шара кәсіби дайындықты арттыруға, тәжірибе алмасуға және қазіргі заманғы ұрыс жүргізу тәсілдерін ескере отырып, әскери қызметшілерді оқыту үрдісін жетілдіруге бағытталды.– Нұсқаушылармен өткізілетін жиындар жеке құрамды сапалы дайындау үшін аса маңызды. Нұсқаушы жауынгердің кәсібилігі, жауынгерлік дайындығы мен тәртібінің негізін қалыптастыратын тұлға болып табылады. Оның шеберлігі бүкіл әскердің оқу жүйесінің тиімділігіне әсер етеді. Сондықтан ортақ талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқу үдерісін жетілдіру бағытында жұмыс істеу маңызды, – деп атап өтті Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев.Сабақтар теориялық бөлімді, оқу-жаттығу алаңындағы практикалық дайындықты және көрсетілімдік іс-шараларды қамтыды. Заманауи оқу технологияларын енгізуге, жаттығу процесінің сапасын арттыруға және бөлімшелердегі әдістемелік талаптарды біріздендіруге ерекше назар аударылды.Нұсқаушылар жауынгерлік, атыс және тактикалық дайындық, әскери педагогика мен сабақ өткізу әдістемесі бойынша кешенді оқытудан өтті. Ұйымдастырушылардың бағалауынша, олар өздерінің жоғары кәсіби деңгейін растап, бөлімшелерде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруға толық дайын екендіктерін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1110837?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ 23.11.2025
ШЫМКЕНТТЕ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫШымкент қаласында Францияның Құрметті консулдығы ресми түрде ашылды. Бұл бастама Шымкент қаласының әкімдігі мен Францияның Қазақстандағы Елшілігі арасында 2025-2028 жылдары бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Ынтымақтастық жөніндегі жол картасы аясында іске асырылып отыр.Жаңа консулдықтың ашылуы Франция мен Шымкент қаласы арасындағы дипломатиялық, экономикалық, мәдени және ғылыми байланысты одан әрі нығайтуға серпін береді. Сонымен қатар, өңірге инвестиция жұмылдыруға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.Консулдық сауда-экономикалық байланыстарға көмектесу, Қазақстандағы Франция азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғауға қолдау көрсету, құжаттарды (паспорттар, визалар және т.б.) алуға байланысты көмек көрсету, француз тауарлары мен қызметтерін жергілікті нарықта ілгерілету, екі ел арасындағы экономикалық, ғылыми және сауда ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ, мәдени және білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға қолдау көрсету бағыттары бойынша қызмет көрсетеді.Францияның Шымкент қаласындағы Құрметті консулдығының ашылуы өңірдің халықаралық серіктестікке ашықтығын айқын көрсетіп, Шымкенттің жаһандық деңгейдегі беделін арттыруға ықпал ететін маңызды қадам болып саналады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1110557?lang=kk
Біріңғай цифрлық платформа: авторлар мен пайдаланушылар үшін негізгі өзгерістер 22.11.2025
21 қарашада «Атамекен» ҰКП Мәдениет және креативтік индустриялар жөніндегі кішікомитеті алаңында зияткерлік меншік мәселелері бойынша қабылданған түзетулердің негізгі қағидалары таныстырылды. Отырысқа ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Әділет министрлігі, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы қатысты.Басты жаңашылдық ұжымдық құқықтарды басқару саласындағы Бірыңғай цифрлық платформа (БЦП) болды. Ол шығармалардың пайдаланылуын, шарттарды және сыйақы есептеуді бірыңғай жүйеде тіркеуге мүмкіндік береді, бұл авторлар мен пайдаланушылар үшін ашықтық пен қолайлылықты қамтамасыз етеді.Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың айтуынша, платформаны енгізу сыйақыны жинау мен бөлуді әділ етеді.Талқылауға шығармашылық индустрияның, өңірлік палаталардың, театрлар мен филармониялардың, авторлар мен бизнес өкілдерінің 200-ден астам өкілдері қатысты. Қатысушылар платформа жұмысына қатысты түсіндірмелер алып, цифрландыру зияткерлік меншік саласындағы ашықтық пен тиімділікті арттыра түсетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1110490?lang=kk
Қазақстан мен Германия консулдық сала мен реадмиссия бағытында ынтымақтастықты нығайтуда 22.11.2025
Берлин, 2025 жылғы 19-20 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Данияр Ысқақовтың басшылығымен қазақ делегациясы Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігінде келіссөздер өткізді. Келіссөздерге неміс тарапынан ГФР СІМ Құқықтық және консулдық мәселелер, заңды көші-қон және кері қайтару жөніндегі уәкілі Кристиан Кляйн жетекшілік етті.Тараптар консулдық өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету жөніндегі қадамдарды егжей-тегжейлі талқылады.Сонымен қатар ГФР Ішкі істер министрлігінде екіжақты Үкіметаралық реадмиссия туралы келісімді іске асыру мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Отырыс Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Федералдық канцлері Олаф Шольц 2024 жылғы 16 қыркүйекте қабылдаған Ынтымақтастық туралы бірлескен декларацияны орындау аясында ұйымдастырылды. Жұмыс тобының құрамына Қазақстан Ішкі істер министрлігі мен Германия Федералдық ішкі істер министрлігінің өкілдері кірді.Отырыста тараптар Реадмиссия туралы келісімді практикалық іске асыру тетіктерін, қауіпсіздік пен көші-қон саласындағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, сондай-ақ реадмиссияға жататын тұлғаларды сәйкестендіру және қайтару рәсімдерінің тиімділігін арттыру, көші-қон процестерін бақылауды жетілдіру мақсатында цифрлық құралдарды енгізу перспективаларын қарастырды.Қазақ делегациясының Берлинге сапарының қорытындысы бойынша тараптар консулдық және көші-қон мәселелерінің барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бейілділігін растады, сарапшылық деңгейдегі қарқынды диалогты сақтаудың маңыздылығын атап өтті және Қазақстан мен Германия арасындағы достық байланыстардың жүйелі түрде нығайып келе жатқанын ерекше атап көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1110477?lang=kk
Астанада Халық қаһарманы Мұхтар Алтынбаевтың 80 жылдығына арналған волейболдан өткен турнирдің қорытындысы шығарылды 22.11.2025
Жарысқа Қарулы күштердің түрлерінен, Тыл, Қару-жарақ басқармаларынан ҚР Ұлттық қорғаныс университетінен, Әскери полиция бас басқармасынан және ардагерлер ұйымынан 80 спортшыдан тұратын 8 команда қатысты.Жеңімпаздарды, жүлдегерлер мен номинация иегерлерін марапаттау рәсіміне Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев, Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық армия спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов, сондай-ақ «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов қатысты.– Бүгін біз әскери қызметшілер мен ардагерлерді бір алаңда тоғыстырған турнир өткіздік. Оны Халық қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың мерейтойына арнадық. Бұл шара өз өмірін елге және халыққа қызмет етуге арнаған тұлғаға көрсетілген құрмет. Ол бүгін де сапта. Қарулы күштер ардагерлері ұйымын басқара отырып, жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге және әскери қызметшілердің моральдық рухын нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары С. Борамбаев.Тартысты ойын нәтижесінде финалда жеңісті «Қарулы күштер ардагерлері» РҚБ командасы жеңіп алды. Екінші орынға Ұлттық қорғаныс университетінің командасы қол жеткізсе, үшінші орын Тыл бастығының басқармасына бұйырды.Номинациялар бойынша үздік спортшылар да анықталды. Өмірзақ Сағымбаев үздік ойыншы атанса,  Босман Амрин үздік шабуылшы деп танылды. Екеуі де ардагерлер ұйымының өкілдері. Қорғаныс қапталында Қару-жарақ бастығы басқармасының ойыншысы Алексей Бакаушинге тең келер ешкім болмады.Турнир барысында ойыншылар жоғары спорттық шеберлік танытып, жанкүйерлердің ыстық қолдауымен өз командаларын жеңіс тұғырына көтеруге бар күш-жігерін салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1110457?lang=kk
Түркияның әскери жоғары оқу орнында қазақстандық офицерге арналған ескерткіш тақта ашылды 22.11.2025
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Түркияға ресми сапары барысында Анкарадағы Түркия Құрлық әскерлері әскери институтына барды. Оқу орнында ол әскери борышын атқару барысында қаза тапқан қазақстандық бітімгерге арналған мемориалдық тақтаны ашып, сонда білім алып жатқан қазақстандық курсанттармен кездесті.Институт бастығы генерал-майор Левент Сабахаттин қазақстандық делегацияны оқу орнының қызметімен, оның қалыптасу тарихымен, оқу бағдарламаларымен және офицерлік кадрларды даярлау тәсілдерімен таныстырды. Ол институттың Түркия Республикасындағы ең көне әскери оқу орындарының бірі екенін және құрлық әскерлері үшін кәсіби командалық құрамды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің офицері, Ирактағы бітімгерлік миссияны орындау кезінде қаза тапқан капитан Қайрат Құдабаевқа арналған ескерткіш тақтаның ашылуына офицердің жұбайы мен екі қызы қатысты. Жиналғандар бітімгердің рухына бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті.– Ескерткіш тақтаның дәл осы әскери оқу орнында ашылуы бекер емес. Қайрат Құдабаев осы институттың түлегі. Қазақстандық офицер жарылыс кезінде өз денесімен жарылған оқ-дәрілерді жауып, жолдастарын аман алып қалды. Ерлігі үшін ол I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, – деді Қорғаныс министрі.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Құрлық әскерлері әскери институтында білім алып жатқан қазақстандық курсанттармен кездесті. Олардың оқу және тұрмыс жағдайларын, қамтамасыз етілу деңгейін зерделеп, өзекті мәселелерді талқылап, оқу үлгерімімен танысты. Курсанттар оқу үдерісінің жоғары қарқындылығын, заманауи материалдық базаға қол жеткізу мүмкіндігін және басшылық тарапынан көрсетілетін қолдауды атап өтті.Кездесу барысында министр қазақстандық әскери қызметшілерді шет елдерде даярлау ұлттық армияның кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал ететінін және үздік халықаралық тәжірибені меңгеруге мүмкіндік беретінін айтты. Министр Түркияда алынған білім мен дағдылар Қазақстан Қарулы күштерінде болашақта командирлік лауазымдарда қызмет ету барысында қажет болатынын ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1110450?lang=kk
Солтүстік Қазақстан облысында әскери қызметшілердің мектеп оқушыларымен және жұмысшы жастармен кездесулері өтті 22.11.2025
Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Солтүстік Қазақстан облысында «Біртұтас ел – біртұтас жер» акциясы аясында бірқатар іс-шаралар өткізді. Топ құрамында бейінді департаменттердің өкілдері және ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қызметкерлері бар.Петропавл қаласында әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсімі, аумақтық қорғаныс бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, сондай-ақ ірі кәсіпорындардың жұмысшы жастарымен кездесулері ұйымдастырылды. Қала мектептерінде офицерлер жоғары сынып оқушыларына әскери оқу орындарына түсу тәртібі және әскери борышын өтегендерге берілетін жеңілдіктер туралы айтып берді.– Мерзімді қызмет борышыңды өтеу ғана емес, ол білім алу мен жұмыспен қамтуға жол ашатын мүмкіндік, – деп атап өтті полковник Мұрат Ағыбаев.Новоникольск және Бескөл ауылдарында әкімшілік пен білім бөлімі өкілдерімен әскери-патриоттық тәрбие мәселелері талқыланды және оқушылармен кездесулер өтті. Әскери-тарихи музейдің қызметкерлері Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме экспозициясын және Қарулы күштер туралы бейнематериалдарды көрсетіп, орталықтың шығармашылық ұжымы концерт қойды.Қорғаныс министрлігінің офицерлері жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлеріне видеоконференция арқылы сабақ өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1110436?lang=kk