Қоғам
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ МЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ МІНДЕТ 23.09.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында атап өткендей, киберқылмыстардың алдын алуға мүмкіндік беретін заманауи, интеллектуалды жүйе құру қажет. Бұл ретте қажеттілігіне қарай тиісті заңнамаға өзгерістер енгізу және құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру міндеті тұр.Сондай-ақ Президенттің айтуынша, Ұлттық банктің инвестициялық корпорациясы негізінде цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құру маңызды. Аталған құрылым жаңа цифрлық қаржы жүйесінде болашағы зор активтерден тұратын стратегиялық крипторезервті жинақтайтын болады.Мемлекет басшысы жоғары технологиялық салаларға бір миллиард долларға дейін инвестиция тартуға бағытталған арнайы бағдарламаны әзірлеуді тапсырды. Бұл жұмысты Үкімет Ұлттық банкпен бірлесе атқаруы тиіс.Сонымен қатар, Екінші деңгейлі банктердің нақты секторға қаржы салуда белсенділік таныту қажеттігі де айтылды. Бұл мәселе қоғамда бұрыннан қызу талқыланып келеді. Сондықтан аталған жұмысты созбай қолға алу маңызды.Президенттің Жолдауында атап өтілгендей, Қазақстандағы банктердің активтері мен қаражаты дамыған мемлекеттермен салыстырғанда орта есеппен бірнеше есе жоғары пайда әкелуде.#Жолдау2025 #ҚаржыЖүйесі #ЦифрлықЭкономика #Киберқауіпсіздік #Инвестиция #ҰлттықБанк #Қазақстан
ҚЫЗМЕТІНЕ АДАЛ, КӘСІБІНЕ БЕРІК 23.09.2025
Айдос Аймашов – туған өлкесінің өсіп-өркендеуіне үлес қосып келе жатқан еңбекқор азамат. Ол 1988 жылдың 22 қазанында Түркістан облысы, Төле би ауданында дүниеге келген.Алғашқы білімін 1996 жылы Әңгірата бастауыш мектебінде алған жас талап 2000 жылы Абай атындағы орта мектепке қабылданып, оны 2006 жылы тәмамдады. Сол жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне грант негізінде оқуға түсіп, 2010 жылы жоғары білімді маман атанды.Еңбек жолын Айдос 2010 жылдың 9 шілдесінде «Шымкентмай» акционерлік қоғамында оператор қызметінен бастады. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби біліктілігін арттыра білген ол 2021 жылдың 21 маусымында ауысым шебері лауазымына көтерілді.Бүгінде 15 жылдық еңбек өтілі бар маман өндіріс саласында үздіксіз қызмет етіп, еңбек ұжымына үлгі болып келеді.#Теміржол #ЕңбекАдамы #Жұмысшымамандық #ТеміржолСаласы #Шымкент #ҚазақстанТемірЖолы
Шымкент қаласының әкімі әлем және Азия чемпиондарымен кездесті 23.09.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әлем және Азия чемпионы атағын жеңіп алған спортшылармен кездесті. Ортақ мақтаныш атмосферасында спортшылар алған әсерлерімен бөлісті, ал қала басшысы олардың жеткен жетістіктерінің бүкіл ел үшін маңыздылығын атап өтті. Айта кетейік, жақында Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті алтын, бір күміс, екі қола медаль жеңіп алып, тарихи жетістікке жетті. Бұл рекорд қазақстандық спорттың шежіресіне енеді. Былғары қолғап шеберлері Сабырхан ағаларға ерекше алғыс айтылды. Махмұд екінші рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, оның 19 жастағы ағасы Төрехан спорттық мансабында тұңғыш рет әлем чемпионы атанып, есімін тарихта мәңгілікке қалдырды. Шымкент спортының басқа да жетістіктері бар. Санжар-Әли Бегалиев Бангкокта өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын жеңіп алды. Абайдың 180 жылдығына арналған турнирде тоғызқұмалақтан үш дүркін әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаев өз өнерін көрсетті. Ал әскери қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы Жұмажан Қожамбеков жеңіске жетті. "Ерік-жігер, тәртіп, спортқа берілгендік осындай нәтижелерге әкеледі. Спортшыларымыздың жетістіктері жастарды жігерлендіріп, Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін нығайтады", - деді Шымкент қаласының әкімі. Демеушілер атынан жеңімпаздарға автокөліктер табысталды. Жиын соңында қала басшысы чемпиондарды құттықтап, бапкерлері мен тәлімгерлеріне алғысын білдіріп, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тіледі.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 23.09.2025
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әлем және Азия чемпиондарымен кездесті. Мақтаныш пен шабытқа толы атмосфера аясында спортшылар алған әсерлерімен бөліссе, қала басшысы олардың тамаша жетістіктерінің бүкіл ел үшін маңызды екеніне тоқталды. Айта кетейік, Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті алтын, бір күміс, екі қола медаль жеңіп алып, тарихи жетістікке жетті. Бұл рекорд қазақстандық спорттың шежіресіне енеді.Ағайынды Сабырхандарға арнайы алғыстар айтылды. Махмұд тұғырдың ең биік сатысына екінші рет көтерілсе, небәрі 19 жастағы інісі Төрехан тұңғыш рет әлем чемпионы атанып, төл тарихта қалды.Шымкент спортында өзге де жетістіктер жетерлік. Бангкок қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Санжар-Әли Бегалиев алтын алса, тоғызқұмалақтан үш дүркін әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаев Абайдың 180 жылдығына арналған турнирде және үш дүркін әлем чемпионы Жұмажан Қожамбеков әскерилер арасындағы қазақ күресінен чемпион атанып, шеберлік көрсетті.«Ерік-жігер, тәртіп пен спортқа деген адалдық осындай нәтижелерге жетелейді. Спортшыларымыздың жетістіктері жастарды шабыттандырады және Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін нығайтады», - деді қала әкімі.Жеңімпаздарға демеушілер есебінен автокөліктер табысталды.Жиын соңында қала басшысы чемпиондарды құттықтап, бапкерлері мен тәлімгерлеріне алғысын білдіріп, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тіледі.
Мемлекет басшысы PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады 23.09.2025
2025 ж. 21 қыркүйек, Нью-Йорк қ. – Мемлекет басшысы PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады.Кездесуде PepsiCo компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысы қарастырылды. Әлемге әйгілі бренд Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт құрылысына кірісті. Инвестиция көлемі – 368 миллион доллар.Президент жобаны іске асырудан күтілетін экономикалық пайдаға назар аударды. Компания 900-ге тарта тұрақты жұмыс орнын ашудан бөлек, қытырлаққа арналған картопты жергілікті жерде өсіруге ниетті.Стивен Кихоның айтуынша, бүгінгі таңда бағдарламаға Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарынан 15-ке жуық шаруашылық қосылған. Бұдан бөлек, шикізатты сақтау базасын кеңейтіп, картоп өнімділігі мен сапасын арттыру үшін ғылыми тәсілге жүгіну жоспарланып отыр.Қасым-Жомарт Тоқаев PepsiCo компаниясының орнықты агрошаруашылықты дамыту бастамасына қолдау білдіріп, Үкімет пен жергілікті әкімдік өндірістің уақтылы іске қосылуына барынша жағдай жасайтынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1074469?lang=kk
Президент Смитсон институтының басшылығымен кездесті 23.09.2025
2025 ж. 21 қыркүйек, Нью-Йорк қ. – Президент Смитсон институтының басшылығымен кездесті.Қасым-Жомарт Тоқаев Смитсон орталығының халық шығармашылығы және мәдени мұра арнайы жобалары жөніндегі директоры Халле Батвинге қазақ мәдениетін АҚШ-та белсенді түрде дәріптеп жүргені үшін алғыс айтты.Орталық жанынан құрылған Қазақстанның мәдени мұра қоры ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттаумен, сондай-ақ қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрі және рухани өмірін зерттеуге арналған бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастырумен айналысады.Мемлекет басшысы мәдени дипломатия Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.Смитсон институты – әлемнің ең ірі мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу кешендерінің бірі. Оның құрамына 21 музей мен галерея, 14 ғылыми және білім беру орталығы, кітапханалар мен ұлттық зообақтар кіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1074468?lang=kk
Қасым-Жомарт Тоқаев Educational Testing Service (ETS) компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Амит Севакты қабылдады 23.09.2025
2025 ж. 21 қыркүйек, Нью-Йорк қ. – Қасым-Жомарт Тоқаев Educational Testing Service (ETS) компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Амит Севакты қабылдады.Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы ETS компаниясының білімді тестілеу мен бағалау саласында көш бастап келе жатқанына ерекше назар аударды.Президенттің айтуынша, Қазақстан компанияның білім беру жүйесіндегі тәжірибесін зерделеу мен пайдалануға қызығушылық танытады.Амит Севак Мемлекет басшысына компанияның халықаралық жұмыс жоспары туралы мәлімет берді.Ұйым жылына әлемнің 180 еліне 50 миллионнан аса тест әзірлейді әрі әкімшілендіреді, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесіне арналған бейіндік шешімдерді ұсынады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1074467?lang=kk
Мемлекет басшысы Goldman Sachs Global Institute компаниясының президентімен Джаред Коэнмен кездесу өткізді 23.09.2025
Мемлекет басшысы Goldman Sachs Global Institute компаниясының жаһандық мәселелер бойынша президенті Джаред Коэнмен кездесу өткіздіҚасым-Жомарт Тоқаев америкалық Goldman Sachs жетекші инвестициялық банкінің Қазақстан Ұлттық банкімен ұзақ мерзімді серіктестік орнатқанын атап өтіп, ықпалдастық деңгейіне жоғары баға берді.Мемлекет басшысының айтуынша, толық цифрлық мемлекетке айналуды көздейтін Қазақстан жасанды интеллект, қаржы экожүйесін цифрландыру салаларындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытады.Ал Джаред Коэн Goldman Sachs Digital Asset Platform цифрлық қаржы тұғырнамасының тәжірибесіне тоқталды.
Мемлекет басшысы Cameco корпорациясының президенті Тим Гитцельді қабылдады 23.09.2025
2025 жылғы 21 қыркүйекАҚШ, Нью-Йорк қаласыПрезиденттің Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары канадалық трансұлттық компанияның басшысымен кездесуден басталды. Жүздесуде уран өндіру саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев Cameco «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесі екенін атап өтті. Елімізде қызмет ете бастағаннан бері аталған компания 500 миллион доллардан астам инвестиция құйған әрі технологиялар трансфертіне ықпал еткен.Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан энергетиканы дамытудың жаңа кезеңіне өтіп, алдағы уақытта үш атом электр стансасын салуды көздеп отыр. Еліміз атом саласында қолданылатын инновациялық тәсілдерге қызығушылық танытады.Тим Гитцель Президентке «Инкай» бірлескен кәсіпорнының қазіргі қызметі мен жоспарлары жөнінде ақпарат берді. Бұл компания Түркістан облысында орналасқан кен орнын ширек ғасырдан бері игеріп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/news/details/1072883?lang=kk
ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН БІЛІКТІЛІК ИЕСІ 22.09.2025
Теміржол саласы ел экономикасының күре тамыры. Осы салада табандылықпен еңбек етіп жүрген білікті мамандардың бірі Тұрар Қалдыбеков.Ол еңбек жолын Түркістан локомотив пайдалану депосында машинистің көмекшісі болып бастаған. Теміржол саласындағы кәсіби қызметіне 12 жыл 5 айын арнаған Тұрар Қалдыбеков бүгінде өз ісінің нағыз маманы атанды.Қазіргі таңда ол техникалық бөлімнің бастығы қызметін абыроймен атқарып келеді. Жауапкершілігі мол жұмыста тәжірибесі мен біліктілігін ұштастыра отырып, сала дамуына үлес қосып жүр.
ЦИФРЛЫҚ ТЕҢГЕ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРПІН 22.09.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында елдің қаржы саласындағы стратегиялық бағыттарын айқындап берді. Мемлекет басшысы цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.Президенттің айтуынша, цифрлық теңгенің енгізілуі осы бағыттағы жұмысты жеделдетіп отыр. Қазіргі таңда жобаларды Ұлттық қор есебінен қаржыландыру кезінде цифрлық теңге қолданылып келеді. Енді оның қолданыс аясын кеңейтіп, республикалық және жергілікті бюджетте, сондай-ақ мемлекеттік холдингтердің бюджетінде пайдалануды жолға қою қажеттігі атап өтілді.Бұл мақсатта Үкімет Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, заң жобасын жан-жақты пысықтап, оны жыл соңына дейін қабылдау тапсырылды.Сонымен қатар Мемлекет басшысы Алатау қаласына арнайы мәртебе беріп, оны еліміздің жаңа іскерлік әрі инновациялық орталығы ретінде дамыту жөнінде нақты міндет қойды. Қаланы Үкіметке тікелей бағынатын етіп, он күн ішінде тиісті Жарлық әзірлеу жүктелді.Президент Ұлттық банк пен Үкіметке банктердің қаражатын экономикаға тиімді тарту жолдарын қарастыруды міндеттеп, бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайтынын айтты. Оның сөзінше, банктер туралы жаңа заң қабылдау – аталған бағыттағы маңызды қадам болмақ. Бұл құжатта экономиканың сұранысы мен технологиялық өзгерістер ескерілуі тиіс.#ПрезидентЖолдауы #ЦифрлықТеңге #Экономика #АлатауҚаласы #Инновация #ҚаржыСекторы #ҰлттықҚор #ҚРҮкіметі #ҰлттықБанк #ЖаңаЗаң #ҚасымЖомартТоқаев #Қазақстан
ӨЗБЕК ЭТНОСЫ КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ АТАЛЫП ӨТТІ 21.09.2025
🔹Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Шымкент қаласындағы Орталық саябақта Қазақстан Республикасы өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дўстлик» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» кеңінен аталып өтті.🔹Мерекелік шараның шымылдығы Шымкент қалалық өзбек драма театры әртістерінің Абай мен Әлішер Науаи бейнелерін сомдаған ерекше сахналық көрінісімен ашылып, қонақтар ұлттық құндылықтарды айшықтаған көрмелерді тамашалады.🔹Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймолдинов, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимов, «Дўстлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының м.а. Заңғарбек Усупахметов, Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім»КММ басшысы Нүркен Әлімқұлов, Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев және қоғам белсенділері қатысты.🔹Концерттік бағдарлама Мемлекеттік Әнұранмен басталып, театр әртістерінің «Қош келдіңіз» композициясымен жалғасты. Мукими атындағы №13 мектептің «Бахор» би ансамблі өзбек халқының ұлттық «Шодлик» биін және қазақ биін тарту етті. Шымкент қалалық драма театры «Сары Жайлау» композициясын сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленсе, қалалық опера және балет театрының әншісі Нематилла Зикриллаев Төлеген Мұхамеджановтың «Отан» және А.Зацепиннің «Тыңда» әндерін орындап, мерекенің сәнін келтірді. Сондай-ақ театр әртісі Шахиста Усманова өзбек халқының әсем әуені – «Мустахзод» әнін шырқады.🔹Мерекелік жиын барысында бірқатар азаматтар этномәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды.
ШЫМКЕНТТЕ НЕМІС МӘДЕНИЕТІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 21.09.2025
🔹Шымкент қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және «Возрождение» неміс мәдени орталығының 35 жылдығына арналған мерекелік фестиваль өтті.🔹Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, мерейлі мерекеге жиналған көпшілікке ұлттық және классикалық ән-билер ұсынылды. Қала қонақтары неміс жастары клубының өнерін тамашалап, түрлі жанрдағы шығармаларды тыңдап, этностық мәдениеттің байлығына куә болды.🔹Фестиваль барысында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы орынбасары Талғат Бисенбиев, қалалық ҚХА жанындағы шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Рамазан Матаев, сондай-ақ Төле би ауданының Құрметті азаматы, Ленгер қаласындағы немістер қоғамының негізін қалаушы Лидия Мехлик құттықтау сөз сөйлеп, шараның татулық пен достықты дәріптеудегі маңызына тоқталды.🔹Мереке аясында қонақтарға неміс халқының тұрмыс-тіршілігі мен тарихи-мәдени мұрасын айшықтайтын қолөнер және кітап көрмесі ұсынылды. Сонымен бірге, ұлттық тағамдар әзірленіп, қонақтар дәстүрлі дәмдерден ауыз тиді.🔹Фестивальде неміс мәдени орталығының қоғам өміріне белсене араласып, этносаралық татулық пен келісімді нығайтуға үлес қосқан азаматтарға Алғыс хаттар табысталды.🔹Бұл мерейлі мереке – Қазақстандағы этностардың достығы мен ынтымақтастығының, мәдениеттер тоғысуының айқын айғағы болды.
Шымкент Дүниежүзілік тазалық күніне қосылды: көшелер, аулалар мен саябақтар тазартылды 20.09.2025
Бүгін бүкіл ел бойынша Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды экологиялық акция өтті. Бұл бастама қоршаған ортаны тазарту, тұрғындардың экологиялық санасын арттыру және табиғатты құрметтеуге шақырады. Бұл игі іске Шымкент қаласы да белсене қосылды. Жалпықалалық сенбілікке мыңдаған тұрғындар, жастар, еріктілер, мемлекеттік органдар, түрлі ұйымдар мен оқу орындары қатысты. Қаланың барлық аудандарында абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып, таңертеңнен басталды. Нақтырақ айтсақ, Мангельдина көшесінде (№ 32-34 үйлер), Конституция (Конституция) өткелінде және № 2 ғимараттардың маңында тазалық жұмыстары басталды. Отырар шағын ауданындағы 58 және 58/1. Жұмысқа жергілікті тұрғындар да, ұйымдастырушылар да белсене атсалысты. Әл-Фараби ауданында сенбілікке 937 адам мен 14 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 22,2 тонна қалдық шығарылды. Ағаштар кесілді, шөп шабылды, көшелер мен контейнер алаңдары тазартылды. Еңбекші ауданында жұмыс негізгі әлеуметтік нысандар мен өндірістік аймақтарды қамтыды. Сенбілікке 11 792 адам мен 66 техника қатысты. Алынған қалдықтардың жалпы көлемі 58 тоннаны құрады. Қаратау ауданы бойынша 968 адам мен 18 техника жұмылдырылып, 32,9 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Тұран ауданында сенбілікке 13 957 адам мен 54 техника қатысты. 60 тонна қалдық шығарылды. Қатысушылар арасында 5230 тұрғын, 1000-нан астам студент, 115 әлеуметтік нысан және 212 кәсіпорын болды. Дүниежүзілік тазалық күні аясында қалалық жастар ресурстық орталығы «Шымкент – таза қала!» атты кең ауқымды акция ұйымдастырды. 200-ге жуық белсенді жас шымкенттік Маятас ауылының маңын қоқыстан тазартты. Жалпықалалық сенбілікте тек қоқыс шығару ғана емес, ағаштарды санитарлық кесу, шөп шабу, көгалдандыру, сырлау, аулалар мен көшелерді жуу, көгалдандыру, шағын жөндеу жұмыстары да жүргізілді. Жалпы, қаланың барлық аудандарында өткен сенбілікке ондаған мың адам қатысып, жүздеген тонна қоқыс шығарылды. Шымкенттіктер өз қалаларын таза ұстауға деген ынталарын көрсетіп, тәртіпті сақтау баршаның міндеті екенін дәлелдеді. Шымкент қаласының әкімдігі тұрғындар арасында экологиялық сауаттылықты арттыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын хабарлады. Қала билігі барлық тұрғындарды, еріктілерді, кәсіпорындар мен ұйымдарды таза және салауатты қала ортасын құруға белсенді қатысуға шақырады.
ТАЗАЛЫҚ КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖҮЗДЕГЕН ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ 20.09.2025
Бүгін еліміздің барлық өңірінде «Дүниежүзілік тазалық күні» аясында кең ауқымды экологиялық акция өтті. Бұл бастама қоршаған ортаны қоқыстан тазарту, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатты аялауға үндеуге бағытталған.Аталған игі іске Шымкент қаласы да белсенді түрде қатысты. Қала аумағында өткен жалпықалалық сенбілікке мыңдаған қала тұрғындары, жастар, еріктілер, мемлекеттік мекемелер, түрлі ұйымдар мен білім беру орындары атсалысты.Тазалық жұмыстары қала аумағының барлық бөлігінде ұйымдастырылып, таңертең ерте басталды. Атап айтқанда, Мангелдин көшесі №32-34, Конституция өткелі және Отырар шағынауданындағы 58 және 58/1 үйлер аумағынан бастау алған сенбілікке аумақ тұрғындары мен мекеме ұжымдары белсенді қатысты.Әл-Фараби ауданында – 937 адам мен 14 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 22,2 тонна қоқыс шығарылды. Ағаш бұтақтары кесіліп, көгал шөптері шабылды, көшелер мен қоқыс алаңдары жуылды. Еңбекші ауданында – сенбілікке 11 792 адам мен 66 техника тартылып, 58 тонна тұрмыстық қалдық жиналды. Сенбілік әлеуметтік нысандар, өндірістік аймақтар мен барлық мекемелерді қамтыды. Ал, Қаратау ауданында – 968 адам мен 18 техника жұмыс істеп, 32,9 тонна қоқыс шығарылды. Тұран ауданында – 13 957 адам мен 54 техника жұмылдырылып, 60 тонна қоқыс тазартылды. Қатысушылар қатарында 5230 тұрғын, 1000-нан астам студент, 115 әлеуметтік нысан мен 212 кәсіпкерлік құрылым бар.Дүниежүзілік тазалық күніне орай Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Шымкент – таза қала!» атты кең ауқымды акция өтті. Іс-шара аясында Маятас елді мекенінде 200-ге жуық белсенді жас тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыс жинауға атсалысты.Жалпықалалық сенбілік барысында тек қоқыс жинаумен ғана шектелмей, ағаштарды санитарлық кесу, шөп шабу, көгалдандыру, бояу, аула мен көшелерді жуу, абаттандыру және жөндеу жұмыстары да атқарылды.Жалпы, қаланың барлық аудандарында өткізілген сенбілікке он мыңдаған адам қатысып, жүздеген тонна қоқыс шығарылды. Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін қала тұрғындары нақты іспен дәлелдеді.Шымкент қаласы әкімдігі экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра бермек. Сонымен қатар, қала билігі барлық тұрғындарды, еріктілерді, кәсіпкерлер мен ұйымдарды туған қаланың тазалығы үшін бірлесе әрекет етуге шақырады.
Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту – экономикалық өсімнің негізгі бағыты 20.09.2025
Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру – ел экономикасының маңызды басымдықтарының бірі. Қазіргі таңда көптеген аймақтарда өндірістің барлық сатысын қамтитын үздік агрокәсіпорындар жұмыс істеп келеді. Оларды халық жақсы біледі және бұл кәсіпорындар цифрландыру тәсілдерін кеңінен енгізу арқылы өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыруда.Кәсіпкерлер елімізді цифрлық дамытудың негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 40 пайызға, ал жұмыспен қамту ісіндегі үлесі 50 пайызға жуықтап отыр. Бұл көрсеткіштер жаман емес, дегенмен аталған саланы жүйелі түрде жетілдіру арқылы ғана экономиканы дамытуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға тың серпін беруге болады.Сонымен бірге, министрлік мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдау жоспарын әзірлеп, нақты қаржыландыру шараларын қолға алуы қажет. Басты мақсат – ішкі нарықты сапалы ет өнімдерімен толық қамтамасыз ету және осы саланың экспорттық әлеуетін арттыру.📌 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауынан*#АуылШаруашылығы #Кәсіпкерлік #Цифрландыру #ЭкономикалықДаму #ПрезидентЖолдауы
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РӨЛІ 20.09.2025
🔹Бүгін Шымкент қаласында «Орталық Азия елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.🔹Бұл басқосудың негізгі мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен татулықты нығайтудағы тәжірибесін талқылап, Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін айқындау. Жиында ұлтаралық достықты сақтау ісінде қалыптасқан үлгілер сараланып, мемлекетаралық қарым-қатынастардың жаңа бағыттары сөз болды.🔹Алқалы шараның шымылдығы «Дўстлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжановтың алғысөзінен басталды. Ол өз сөзінде: «Қазақстан халқы Ассамблеясы – татулықтың темірқазығы, ол Орталық Азия елдері арасындағы достыққа да берік көпір болып келеді», – деп атап өтті.🔹Бұдан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймолдинов сөз сөйлеп: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның ХХХІІ сессиясында бейбітшілік пен келісімді нығайту жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Бүгінгі конференция – сол міндеттердің іс жүзіндегі көрінісі», – деді.🔹Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік интеграцияны дамытудағы рөлі, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы орны, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да көршілес мемлекеттердің достық пен келісімді нығайту тәжірибелері ортаға салынды.🔹Баяндамашылар Орталық Азиядағы этнос өкілдерінің бірлігін нығайту – өңірлік тұрақтылықтың темірқазығы екенін атап өтті. Қатысушылар мәдени байланыстарды арттырудың жаңа қырларын, елдер арасындағы серіктестікті бекітудің тиімді жолдарын ғылыми тұрғыда зерделеді.🔹Қорытынды бөлімде қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Жиын барысында Өзбекстаннан келген сарапшы Фармон Тошев: «Ұлтаралық келісім – ел дамуының кепілі. Қазақстан тәжірибесі бүкіл Орталық Азияға үлгі бола алады», – деп атап өтті.🔹Осылайша, Шымкент төрінде өткен халықаралық конференция татулық пен достықтың алтын көпіріне айналып, мемлекеттер арасындағы ізгі қадамдардың жаңа белесін айқындады. Ұлы Даланың рухани кіндігінде бастау алған бұл басқосу – Орталық Азия елдерін бірлікке шақырған бейбітшілік үні, болашаққа бағытталған сенім мен ынтымақтың айқын айғағы болды.#ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #Shymkent #АНК #ANK
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ нығайтудағы рөлі. 20.09.2025
🔹Бүгін Шымкентте Жұмабек Тәшенов атындағы университетте «Орталық Азия елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы тәжірибесін талқылау, сондай-ақ Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін анықтау болды. Кездесуде ұлтаралық достықты сақтаудың қалыптасқан үлгілері зерделеніп, мемлекетаралық қатынастардың жаңа бағыттары белгіленді. Конференцияның ашылу салтанаты «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжановтың құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде: «Қазақстан халқы Ассамблеясы – келісімнің өзегі, ол Орталық Азия елдері арасындағы достықтың берік көпірі болды», - деп атап өтті. 🔹Содан соң Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймолдинов сөз сөйледі. Ол: «Ассамблеяның ХХХІІ сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейбітшілік пен келісімді нығайту бойынша нақты міндеттер қойды. Бүгінгі конференция осы мақсаттарды іс жүзінде жүзеге асыру болып табылады», - деп атап өтті. 🔹Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік интеграцияны дамытудағы, өскелең ұрпақ арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеудегі, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықтағы рөлі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да көршілес мемлекеттердің достық пен келісімді нығайтудағы тәжірибелері таныстырылды. Баяндамашылар Орталық Азия этностарының бірлігін нығайту аймақтық тұрақтылықтың шешуші шарты екенін атап өтті. Қатысушылар мәдени байланыстарды дамытудың жаңа формаларына және елдер арасындағы әріптестікті нығайтудың тиімді жолдарына ғылыми талдау жасады. 🔹Конференция пікір алмасумен және ұсыныстармен аяқталды. Өзбек сарапшысы Фармонт Тошев: "Ұлтаралық келісім – ұлттық дамудың кепілі. Қазақстанның тәжірибесі бүкіл Орталық Азияға үлгі бола алады", - деп баса айтты. 🔹Осылайша, Шымкентте өткен халықаралық конференция тату көршілік бастамалардың жаңа кезеңін белгілеп, достық пен келісімнің алтын көпіріне айналды. Ұлы даланың рухани ошағында бұл шара Орталық Азия елдерін бірлікке шақырып, сенімнің, ынтымақтастықтың, болашаққа деген ұмтылыстың айқын көрінісіне айналды. #ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #Шымкент #АНК #АНК
ШЫМКЕНТТІҢ АГРОӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА 17.09.2025
Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасадыШымкент қаласында агроөнеркәсіп кешені соңғы айларда айтарлықтай өсім көрсетіп отыр. 2025 жылғы қаңтар–шілде аралығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 29,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9%-ға артты. Бұл көрсеткіштің негізгі үлесі мал шаруашылығына тиесілі – 23,1 млрд теңге.Салада өнімділікті арттыру мақсатында шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Жыл басынан бері асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар бойынша 16 тауар өндірушіге 479 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде сүт өндірісі 4,8%-ға өсіп, 13,2 мың тоннадан асса, құс жұмыртқасы 18,3%-ға көбейіп, 4,5 млн данаға жетті. Қаладағы мал басы да тұрақты артып келеді: жылқы саны 3,7%-ға өсіп, 20,8 мыңға жетсе, құс саны 14%-ға артып, 1,2 млн басқа тіркелді.Егін шаруашылығында да оң нәтижелер бар. Биыл 23 мың гектар алқапқа дақылдар егілді. Қолайсыз ауа райына қарамастан шаруалар 66 мың тоннаға жуық өнім жинап алды. Сондай-ақ қаладағы 100 гектар жылыжай кешендерінен жылына 15 мың тоннаға жуық көкөніс өндіріледі. Биыл жергілікті бюджеттен өсімдік шаруашылығына 863 млн теңге, мал шаруашылығына 1,1 млрд теңге қаржы бөлінді.Инвестициялық жобалар да жүзеге асырылып жатыр. Қалада қуаттылығы жылына 8,5 мың тонна болатын екі тауарлы сүт фермасы мен көкөніс сақтау қоймалары салынып жатыр. Сонымен қатар, жылына 50 мың тоннаға дейін шұжық өндіретін ет өңдеу зауыттары іске қосылмақ. Түркия мен Польша компаниялары жалпы аумағы 800 гектарды қамтитын заманауи жылыжай жобаларын қолға алды.Ветеринария саласында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жануарларды аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Қызмет процестері электронды жүйелер арқылы цифрландырылып, малды бірдейлендіру мен ветеринариялық анықтамаларды беру автоматтандырылған. Ветеринар мамандар жаңа автокөліктермен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жалақылары кезең-кезеңімен өсірілуде. Сонымен қатар, 2026–2027 жылдары 6 ветеринариялық бекет салу жоспарланған. Жалпы алғанда, Шымкенттің агроөнеркәсіп кешені өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, жаңа жобаларды іске асырып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету бағытында тұрақты дамып келеді.
Абай ауданы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында инфрақұрылымдық дамудағы ірі жетістіктерін жариялады 19.09.2025
ШЫМКЕНТ – Абай ауданының әкімі Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы өткен баспасөз конференциясында ауданның 2025 жылдың алты айына арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық жетістіктері мен жүргізіліп жатқан жобалары туралы кеңейтілген баяндама жасады. Баяндамада тұрғындардың өмір сүру сапасын түбегейлі жақсартуға бағытталған бірқатар бағдарламалардың сәтті іске асырылып жатырғандығы баса айтылды.Аудан әкімінің атап өткендей, Абай ауданында 27 елді мекенде 55 159 тұрғын үй, 255 көпқабатты ғимарат және 257 000 астам тұрғыны бар. Аудан инфрақұрылымының негізгі көрсеткіштері бойынша айтарлықтай өсу байқалды.Коммуникацияларды жан-жақты қамтамасыз етуБірінші кезекте, тұрғындарды коммуналдық қызметтермен қамту деңгейіне тоқталды. Ауыз суымен және электрмен қамту 100% деңгейіне жеткен. Табиғи газбен қамту бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізілді: ағымдағы жылдың ақпан айында Ынтымақ және Тәуелсіздікке 20 жыл шағын аудандары Алаба табиғи газ жүйесіне қосылып, осы арқылы аудан бойынша газбен қамту деңгейі де 100%-дық көрсеткішке жетті.Алайда, аудан әкімі жергілікті биліктің назарында қалған мәселелерді де атап өтті. Атап айтқанда, Жиел шағын ауданындағы ТЖС аумағында 15 үй, Ақжайықта 30 үй және Нұрсуақ шағын ауданында 200 үйдің газ жүйесі әлі жүргізілмеген. Бұл мәселені шешу мақсатында Энергетика басқармасы тарапынан қазірдің өзінде жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Құжаттама дайын болғаннан кейін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржыны бюджеттен бөлу мәселесі қойылатын болады.Көше желілерін жаппай жаңартуКөшелердің жағдайына келетін болсақ, аудан аумағында жалпы ұзындығы 1080 км-ді құрайтын 1274 көше орналасқан. Олардың ішінде:Асфальтталған жолдар: 844 көшеТас жолдар: 430 көшеҚала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы аудандық барлық тарrys көшелерге толықтай асфальт төселген болуы керек. Осы мақсатта жыл басынан бері 148 көшеге асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Жыл соңына қарай жоспарланған барлық жұмыстар орындалған жағдайда, аудандағы асфальтталған көшелердің үлесі 66%-дан 100%-ға дейін көтерілетін болады. Бұл жол қауіпсіздігін арттыруға және тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуге үлкен ықпал етеді.Жылу маусымына дайындық толық орындалдыЖылу маусымына дайындық бойынша аудандағы 255 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы тексеріліп, жылу жүйелеріне қысым салынып, сынақтан өткізілген. Олардың ішінде:104 үй – пәтер ішінен алынатын автономды жылу жүйесімен;24 үй – жеке қазандықпен;127 үй – орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған.Сонымен қатар, аудандағы 32 мектеп, 9 балабақша және 13 медициналық ұйым да жылу маусымына толығымен дайын деп расталды.Көше жарықтандыру сапасы түбегейлі жақсарып жатырЖарықтандыру саласындағы жетістіктер ерекше атап өтінді. 2024 жылдың басына дейін Абай ауданында жарықтандырылған көшелер саны тек 93 болған, бұл жалпы санаттың 15% құраған. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы барлық көшелерді жарықтандыру жүйесімен қамту жоспарланып, жұмыстар қарқынды жалғасуда. Қазіргі таңда жалпы 954 көше жарықтандырылып, бұл көрсеткіштің өткен тоқсанмен салыстырғанда айтарлықтай өскенін көрсетеді. Жыл соңына қарай жарықтандырылған көшелердің үлесі 100%-ға жеткізілетін болады.«Халық қатысатын бюджет»: Нәтижелер және жоспарлар«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Абай ауданына 1 миллиард 990 миллион теңге қаражат бөлінді. Осы қаражат есебінен келесі жұмыстар аяқталды:16 ойын алаңшасы салынды;3 спорт алаңы салынды;5 гүлзар ұйымдастырылды;34 000 шаршы метрге аяқ жол салынды.Ауданның жасыл кеңістігін одан әрі кеңейту мақсатында тағы да 5 жаңа әмбебап демалыс алаңшалары мен гүлзарлар салу жоспарлануда. Қазірдің өзінде бұл бағыттағы құрылыс жұмыстары басталып, кейбір нысандар пайдалануға берілген. Нақты аудандар:Достық шағын ауданы, Ақбоса көшесі жағасы;Достық шағын ауданы, Ақсу аяулы көшесі жағасы;Қызылжар шағын ауданы, Тоқбай көшесі;Нұршуақ шағын ауданы, Миялы көшесі;Асар елді мекені, Нұр Жол көшесі.Сонымен қатар, жаяу жүргізушілерге ыңғайлы жағдай жасау мақсатында аудан бойынша жалпы көлемі 34 000 шаршы метрді құрайтын 50 көшеге аяқ жол салу жұмыстары жүргізілді.Экологиялық жағдайды жақсарту және «Таза Қазақстан»Экологиялық бағытта да жұмыстар тоқтаусыз жалғасуда. Асар шағын ауданында тозық жеткен 4 гүлзарды қайта құру жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны 285 миллион теңге-ді құрайды.Сонымен қатар, қала көшелеріне әдемі көрініс беру үшін Темірлан, Тасжолы, Бақбаев, Түркістан және Терминал жолдарына түнгі жарық шамдары мен бағандарына қосымша әсемдік жарық шамдар орнатылатын болады. Бұл жобаға 82 миллион теңге бөлінген, мердігер мекеме анықталған және қазірдің өзінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.«Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері 37 сенбілік жұмыс өткізілді. Оларға аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, ерікті жастар және БАҚ өкілдері қатысып, барлығы 30 000-нан астам адам болды. Бұл жұмыстар апта сайын әрбір шағын аудан мен тұрғын алапта жалғасуда.Балаларға арналған ойын алаңшаларын жаңартуАбай ауданындағы 117 аулада орналасқан тозық жеткен және кепілдік мерзімі өткен 63 ойын алаңшасының 45-і толықтай жаңартылып, пайдалануға берілді. Бұл жұмыстарды Абай Қауыпсыздық мемлекеттік мекемесі жүйелі түрде және жоғары сапада орындады.Тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру бойынша жұмыстарТұрғындарға қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында Ағниет, Самал-3, Самал-2, Қызылжар, Шымсети шағын аудандарында және Әл-Фараби көшесінің бойындағы арықтардың жиектерін қоршау жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері осы бағытта 50-ден астам жерде қоршау орнату, көпір салу және аяқ жолдарын реттеу жұмыстары табысты аяқталды.ҚорытындыСұлтанхан Шәкір Асылханұлы өз баяндамасын Абай ауданы әкімдігінің тұрғындардың өмір сүру сапасын жан-жақты жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға және қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағдарланғанын атап өтіп аяқтады. Жүргізіліп жатқан жобалардың көпшілігі жыл соңына қарай толығымен аяқталатын болады, бұл аудан тұрғындарының өмірінде айтарлықтай оң өзгерістер әкелетініне сенімділік білдірілді.