Қоғам
8 наурызға тосын сый: ҚАЖ қызметкерлері қала көшелеріндегі Семей тұрғындарын құттықтады. 22.05.2026
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің барынша төмен мекемесінің қызметкерлері Семей қаласының тұрғындарына арнап ерекше мерекелік акция ұйымдастырды. Таңертеңнен бастап мекеме қызметкерлері қала көшелеріне шығып, әйелдерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Дүкен сатушылары, көшедегі тұрғындар мен сауда орындарының қызметкерлері жылы лебіздер мен шынайы алғыс сөздерді және көктемгі гүлдерді қабыл алды. Акция көптеген қала тұрғындары үшін жағымды тосынсый болды — әйелдер күлімсіреп, қызметкерлерге алғыстарын айтып, мерекелік көңіл күймен бөлісті. Құттықтау алғандардың бірі — Семей қаласының тұрғыны, шағын дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін Айгүл. Оның айтуынша, бұл тосынсый ол үшін ерекше әсерлі болған. – Мен сатушы болып он жылдан астам уақыт жұмыс істеймін, көбіне мерекелік күндерді жұмыс орнында қарсы аламын. Бүгінгі құттықтау мен үшін нағыз тосынсый болды. Екі балам бар, олар үшін мықты әрі көңілді болуға тырысамын. Күнделікті қарбаласта жай ғана гүл мен жылы сөз сыйлайтын жандардың бар екені өте қуантады, – деді ол. – Осындай бастамалар қоғамдағы әйелдердің маңызды рөлін еске салады. Халықаралық әйелдер күні – әйелдердің еңбегіне, қамқорлығына және қоғам дамуына қосқан үлесіне құрмет пен алғыс білдіретін ерекше мереке. Біз қала тұрғындарына көктемгі көңіл күй сыйлап, олардың мейірімі, сабыры мен даналығы үшін алғыс айтқымыз келді. Мұндай акциялар игі дәстүрге айналды. Олар әйелдерді мерекемен құттықтап қана қоймай, қоғам мен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасындағы сенімді нығайтуға да ықпал етеді, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Рустем Берлибеков. Мерекелік акция Семей қаласының ондаған тұрғынына қуаныш сыйлап, көктемгі көңіл күй тарту етті және кейде ең қымбат сыйлықтан да артық болатын — назар мен жылы сөз екенін тағы бір мәрте еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1226750?lang=ru
Маңғыстауда кәсіпкерлікті қолдау шаралары бойынша Ашық есік күні өтті 22.05.2026
Маңғыстау облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында бизнесті қолдаудың мемлекеттік шараларына арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шара өңірдің жұмыс істеп тұрған және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерін жинады, олар өз ісін дамытудың қолжетімді құралдары туралы толық ақпарат алды.Қатысушыларға қолданыстағы қаржыландыру бағдарламалары, жеңілдетілген несиелер, гранттар және басқа да қолдау түрлері туралы егжей-тегжейлі айтылды. Мамандар салық салу, несиелеу, бизнес жүргізу және мемлекеттік көмек алудың өзекті мәселелері бойынша жеке консультациялар өткізді.Іс-шараға кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі институттарының өкілдері қатысты:- "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының Маңғыстау облысы бойынша филиалы- Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы- Аграрлық несие корпорациясы- "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы- Басқа қаржы институттары мен ұйымдары."Мұндай кездесулер кәсіпкерлерге мемлекет ұсынатын нақты мүмкіндіктер туралы білуге және өз мәселелерін шешуде практикалық көмек алуға мүмкіндік береді", — деп атап өтті ұйымдастырушылар.Іс-шара ашық форматта өтті және өңірдің бизнесіне үлкен қызығушылық тудырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1226759?lang=ru
Senat Open – Қостанайда шахмат арқылы қоғамды біріктірген турнир 22.05.2026
17 мамырда шахматтан Senat Open ашық кубогының III ширек финалының салтанатты ашылуы өтті. Турнир үшінші жыл қатарынан Қостанай облысының депутаттарын, қоғам қайраткерлерін, мемлекеттік органдардың өкілдерін, әлеуметтік сала, мәдениет, БАҚ қызметкерлерін, ардагерлер мен шахмат әуесқойларын біріктіреді.Биыл жарысқа 140-қа жуық адам қатысты. Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орынды Қостанай қаласының командасы иеленді, оның құрамында қалалық мәслихат депутаттары — Исмаилов Арман және Алпысов Арман болды.Қала командасының жеңісі қатысушылардың шеберлігінің жоғары деңгейін растайды және депутаттардың өңірдің мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысуын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1226760?lang=ru
«Жаңа Мен» жобасы: Семейде ҚАЖ қызметкерлері дағдарыс жағдайындағы жас аналарды қолдады 22.05.2026
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінің қызметкерлері Семей қаласындағы «Ана үйінде» «Жаңа Мен» әлеуметтік жобасын жүзеге асырды. Бастама қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерді қолдауға бағытталған. Бүгінде «Ана үйінде» жасы 18 бен 40 аралығындағы оннан астам әйел тұрып жатыр — олардың кейбірі жүктіліктің соңғы кезеңінде, ал кейбірі жаңа туған сәбилерін тәрбиелеуде. Алты ай бойы оларға әлеуметтік, психологиялық және тұрмыстық көмек көрсетіледі. Мамандар құжаттарды қалпына келтіруге, туыстарымен қарым-қатынасты реттеуге және дербес өмірге дайындалуға жәрдемдеседі. Жоба аясында мекеме қызметкерлері психологпен бірлесіп психологиялық қолдау көрсету бойынша тренинг өткізді. Қатысушылар мазасыздықты еңсеру жолдарын талқылап, өзін-өзі реттеу тәсілдерін меңгерді және өз-өзіне сенімділікті арттыруға қатысты ұсыныстар алды. Әсіресе, жылы лебіздер мен қолдаудан кейін әйелдердің өз-өздеріне және болашақтарына жаңаша көзқараспен қарауы әсерлі сәт болды. — Мен 18 жастамын, балалар үйінде өстім, ата-анамды ешқашан білмедім. Бала кезімнен өз отбасым болып, балаларыма өзім армандаған ана болсам деп қиялдайтынмын. Балалар үйінен шыққан соң бір жігітпен таныстым, бірақ жүктілігімді білгеннен кейін ол мені тастап кетті. Біраз уақыт құрбымның үйінде тұрдым, алайда ұлым дүниеге келген соң, оның пәтерінде бізге орын жоқ екенін айтты. «Ана үйі» туралы кездейсоқ естіп, көмек сұрап осында келдім. Мұнда бізді жылы қабылдап, қолдау көрсетті. Қазір ұлыммен бірге осында тұрып жатырмыз, ұжымымыз тату, бір-бірімізге бала күтімі жөнінде кеңес беріп көмектесеміз. Бүгінгі мекеме қызметкерлерінің назары біз үшін жағымды тосынсый болды. Жаныңда туған-туыс болмаған кезде, жылы сөз бен қолдау ерекше бағалы екен. Психологпен әңгімеден кейін өзіме және баламның болашағына деген сенімім артты, — деді жас ана. — «Жаңа Мен» жобасының мақсаты — қиын өмірлік жағдайға тап болған әрбір әйелдің қолдау сезініп, өз күшіне сенуіне ықпал ету. Осындай сәттерде жанынан тыңдап, көмектесіп, болашаққа үміт сыйлайтын адамдардың болуы өте маңызды, — деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Нұрболат Сапарғалиев. Әлеуметтік жоба 8 наурыз қарсаңындағы мерекелік бастама ғана емес, сонымен қатар қолдау мен жанашырлық адамның өмірін өзгертіп, жаңа парақтан бастауға мүмкіндік беретінін еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1226779?lang=ru
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру 22.05.2026
2026 жылғы 14 шілдеден бастап "Ақтау тұрғын үй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мамандандырылған уәкілетті ұйымының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enc/press/news/details/1251819?lang=ru
Абай облысы ҚАЖ әйел қызметкерлері 8 наурыз қарсаңында марапатталды 22.05.2026
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде әйел қызметкерлер мен ардагерлерді марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Алдағы мерекемен департамент пен облыс бойынша ҚАЖ мекемелерінің әйел қызметкерлерін департамент бастығы, әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев құттықтап, қылмыстық-атқару жүйесінде әйелдердің ерекше рөлін атап өтті. Ол олардың кәсібилігіне, жоғары жауапкершілігіне және қызметіне адалдығына ерекше мән берді.Бүгінде әйелдер қылмыстық-атқару жүйесінде абыроймен қызмет атқарып, күрделі және жауапты міндеттерді табысты орындап келеді. Сіздер өз ісінің нағыз кәсіби мамандары ғана емес, сонымен қатар ұжымдағы жылулықтың, даналық пен қолдаудың қайнар көзісіздер. Қызметтеріңізге адалдық танытып жүргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, амандық, отбасылық бақ-береке және жаңа жетістіктер тілеймін, — деді департамент бастығы Ғалымжан Балтабаев. Салтанатты жағдайда бірқатар қызметкердің адал еңбегі жоғары бағаланып, оларға мерзімінен бұрын арнайы атақтар беріліп, медальдар, төсбелгілер, құрмет грамоталары және алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар Абай облысы ҚАЖ ардагерлеріне ерекше алғыс білдіріліп, ұзақ жылдар бойғы қажырлы еңбегі мен қызметке қосқан үлесі үшін алғыс хаттар тапсырылды.Мен қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметке ұзақ жылдар бойы адалдықпен еңбек еттім және бұл жұмыстың қаншалықты жауапты әрі қиын екенін жақсы білемін. Бүгінде жүйеде кәсіби және мақсатшыл әйелдердің қызмет етіп, қызметтің үздік дәстүрлерін лайықты түрде жалғастырып келе жатқаны қуантарлық жағдай. Әсіресе, ардагерлерді ұмытпай, осындай іс-шараларға шақырып, еңбегімізге құрмет көрсетулері біз үшін ерекше маңызды, — деді Абай облысы ҚАЖ ардагері. Мерекелік іс-шара департамент мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама арқылы жалғасты. Шығармашылық нөмірлер мен музыкалық қойылымдар жылы атмосфера қалыптастырып, әйел қызметкерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Салтанатты кездесу әйелдердің қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына қосқан үлесін дәріптеп, олардың қызметтегі маңызды рөлін тағы бір мәрте көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1226812?lang=ru
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ 22.05.2026
Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл штабының бірлескен отырысы өтті.Жиынға жергілікті құқық қорғау және арнайы органдардың, прокуратураның басшылары, аудан әкімдері мен басқарма жетекшілері қатысты. Бейнеконференция байланысы арқылы ҚР ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов және ведомство өкілдері қосылды.Күн тәртібінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, интернет-алаяқтықтың алдын алу, меншікке қарсы қылмыстармен күрес, ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздік, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ, білім беру ұйымдарында есірткінің таралуына жол бермеу мәселелері қаралды.Құқық қорғау органдарының басшылары баяндама жасады. Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұхтар Қожаев қаладағы қазіргі криминогендік ахуал тұрақты болғанымен, интернет-алаяқтық, түнгі ойын-сауық орындарындағы құқық бұзушылықтар және жасөспірімдер қауіпсіздігі ерекше назарды қажет ететінін айтты.Сонымен қатар, биылғы наурыз айында күшіне енген ҚР «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» жаңа заңын іске асыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Басты міндет тек қылмысқа қатысты әрекет ету ғана емес, сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту, себептерін ерте анықтау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру екені атап өтілді.Жиын барысында мемлекеттік органдар мен жауапты қызметтерге нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту, қоғамдық орындар мен көліктерде ескерту материалдарын орналастыру, халық көп жиналатын орындар мен қоғамдық көліктердегі бейнебақылау жүйесін күшейту тапсырылды.Сондай-ақ, ойын-сауық орындарындағы бейнекамераларды Жедел басқару орталығына қосу жұмысын жалғастыру және жазғы демалыс пен соңғы қоңырау іс-шаралары кезінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.Қала әкімі жиын барысында криминогендік ахуалдың өзекті мәселелеріне тоқталып, оларды бірлесіп шешу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды. ҚР ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов профилактикалық жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтып, оларды жүзеге асыруда әдістемелік көмек көрсетілетінін жеткізді.Кеңеске қатысушылар жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа қарсы іс-қимыл және білім беру ұйымдарындағы алдын алу жұмысын ұйымдастыру мәселелерін де талқылады.Жиын қорытындысы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыным мен тапсырмалар қабылданды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкент ҚПД Қаратау АПБ қызметкерлері және Қаратау ауданы 22.05.2026
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкент ҚПД Қаратау АПБ қызметкерлері және Қаратау ауданы прокуратурасымен бірлесіп, киберқылмысқа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.📅 18–23 мамыр аралығында интернет-алаяқтықтың, киберқылмыстар мен дропперлік әрекеттердің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өтуде.👮♂️ Тұрғындарға:▪️ интернет-алаяқтардың айла-тәсілдері;▪️ банк карталары мен жеке деректерді қорғау жолдары;▪️ дроппер болудың құқықтық салдары түсіндірілді.📄 Сонымен қатар, арнайы жадынамалар мен ақпараттық парақшалар таратылды.#ЗаңМенТәртіп
Қазақстанның Сеулдегі Елшісі GGGI–GCF бірлескен конференциясы аясында БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті 22.05.2026
Сеул, 2026 жылғы 21 мамыр – Глобалды жасыл өсу институты мен Жасыл климат қорының «Амбициялық жаһандық климаттық іс-қимыл жолындағы әріптестік» тақырыбындағы бірлескен конференциясы (GGGI–GCF Joint Conference: Partnering for Ambitious Global Climate Action) аясында Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Глобалды жасыл өсу институты Ассамблеясының Президенті және Кеңесінің Төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті.Кездесу барысында тараптар халықаралық климаттық күн тәртібінің өзекті мәселелерін, тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету және орнықты әрі инклюзивті экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында көпжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.Қазақстанның GGGI-мен өзара іс-қимылына және жасыл даму, климаттық тұрақтылық пен заманауи экологиялық шешімдерді енгізу салаларындағы бастамаларды ілгерілету бойынша бірлескен жұмысты кеңейту перспективаларына ерекше назар аударылды.Тараптар GGGI қызметі аясында одан әрі тығыз өзара іс-қимыл жасауға және Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде мемлекеттерге қолдау көрсетуге, климаттық қаржыландыруды жұмылдыруға және ұзақ мерзімді экономикалық өсу модельдерін ілгерілетуге бағытталған ұйым жұмысына белсенді қатысуына дайын екендерін растады.Қазақстандық дипломат Қазақстанның тұрақты даму қағидаттарына және экономиканы экологиялық жаңғыртуға деген дәйекті бейілділігі атап өтті. Қазақстан жасыл трансформацияны тек экологиялық міндет ретінде ғана емес, сонымен қатар елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, инвестиция тартудың және азаматтардың өмір сапасын жақсартудың маңызды факторы ретінде қарастыратынын айтты.Қазақстанның GGGI іс-шараларына қатысуы елдің қоршаған ортаны қорғау және келер ұрпақ үшін тұрақты болашақ қалыптастыру жолындағы халықаралық күш-жігерге практикалық үлес қосуға ұмтылысын көрсетеді.Global Green Growth Institute штаб-пәтері Сеулде орналасқан және қазіргі климаттық сын-қатерлерге жауап ретінде практикалық шешімдер іздеу мақсатында мемлекеттерді, халықаралық қаржы институттарын және серіктес ұйымдарды біріктіретін маңызды халықаралық миссияны атқаруда. Ұйымның қызметі экономикалық өсім, технологиялық прогресс және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау арасындағы тепе-теңдікке негізделген экономиканы дамытудың жаңа тәсілдерін қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1226484?lang=ru
Жандос Асанов, «KazAID» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, 24KZ телеарнасына «Гуманитарлық дипломатия және сыртқы саясат» тақырыбы бойынша сұхбат берді. 22.05.2026
Жандос Асанов, «KazAID» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, 24KZ телеарнасына «Гуманитарлық дипломатия және сыртқы саясат» тақырыбы бойынша сұхбат берді. Сұхбат сілтеме бойынша қолжетімді:https://24.kz/kz/telepoject/s-khbat/770096-gumanitarlyk-diplomatia-zane-syrtky-saasat-zandos-asanov Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1226488?lang=ru
Сұрақ Жауап 22.05.2026
Сұрақ:Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимін (АСР) қолданатын салық төлеуші Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі бірнеше сауда нүктелерінде қызмет жүзеге асыра ала ма?Жауап:Иә, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 723-бабында көзделген талаптар сақталған жағдайда, салық төлеуші жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ды қолдануға және Қазақстан Республикасының әртүрлі аудандарында, қалаларында және облыстарында орналасқан бірнеше сауда нүктелері немесе объектілері арқылы қызметін жүзеге асыруға құқылы. Аумақтық белгі бойынша шектеу көзделмеген.Бұл ретте 910.00 нысанындағы декларацияда қызмет жүзеге асырылатын орындар бойынша мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық басқармалары және барлық қызмет объектілерінің мекенжайлары көрсетілуі қажет.Егер әртүрлі салық мөлшерлемелері қолданылса, кірістердің бөлек есебін жүргізу қажет. Декларацияда тиісті салық мөлшерлемесі, оның ішінде жергілікті мәслихаттар өзгерткен мөлшерлемелер де көрсетіледі.Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР бойынша салық мөлшерлемесі, егер жергілікті өкілді органның шешімімен өзгеше белгіленбесе, 4%-ды құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1226485?lang=ru
Нормативтік-құқықтық базаға енгізілген өзгерістер 22.05.2026
Салық есептілігінің нысандары, оларды толтыру жөніндегі түсіндірмелер және ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.Осы бұйрықпен салық Салық есептілігінің нысандарын ұсыну қағидалары, сондай- ақ «Салық есептілігін тоқтата тұру және қайта бастау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілді.Қосымша атап өткіміз келетіні, салық есептілігін СЕН жіберу кезінде техникалық мәселелер туындаған жағдайда, СӘИЖ жүйесінің техникалық қолдау қызметіне knpsd@ecc.kz, ал СЕӨЖ жүйесінің техникалық қолдау қызметіне sonosd@ecc.kz электрондық пошта мекенжайлары арқылы жүгіне аласыз.Салық төлеушілерге есептілікті тапсыру мерзімдерін бұзбауға, СЕН-ды жіберер алдында деректерді тексеруге және электрондық сервистерді белсенді пайдалануға кеңес береміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1226384?lang=ru
Айгерім Мұхитқызы Иманғазина жаңа Конституцияны түсіндіру бойынша оқыту жүргізді 22.05.2026
Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департамент басшысының орынбасары Имангазина Айгерим Мухитовна жаңа Конституция бойынша техникалық оқыту өткізді. Оқыту барысында Конституцияға енгізілген негізгі жаңашылдықтар мен өзгерістер, сондай-ақ олардың мемлекет пен қоғам үшін маңызы жан-жақты түсіндірілді. Айгерим Мухитовна конституциялық реформалардың негізгі бағыттарын түсінікті әрі толық баяндап, азаматтардың құқықтарын қорғау, заңның рөлін күшейту және әділеттілік қағидаттарына ерекше назар аударды. Оқыту барысында қатысушылар мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, мемлекеттік институттардың өкілеттіктерін кеңейту және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша түсіндірмелер алды. Өткізілген оқыту мазмұнды әрі пайдалы болып, Конституцияға енгізілген өзгерістердің мәнін және олардың тәжірибелік маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1226403?lang=ru
Жиі қойылатын сұрақтар-жауаптар 22.05.2026
Сұрақ:493-О «Қызметтер» нысанын кімдер тапсыруға міндетті және мұндай міндеттеме қандай жағдайларда туындайды?Жауап:493-О «Қызметтер» нысанын тек үшінші тұлғаларға тікелей қызмет көрсететін (сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, қалдықтарды шығару, тасымалдау және т.б.) және қызмет тұтынушылары бойынша есеп жүргізетін ұйымдар (заңды тұлғалар) ғана тапсыруға міндетті.Жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жеке тұлғалар бұл нысанды тапсыруға міндетті емес.Тасымалдау бойынша нысанды жүк немесе жолаушы тасымалдау қызметтерін тапсырыс берушімен жасалған шарт негізінде өз атынан көрсететін тасымалдаушы ұйым, оның ішінде халықаралық тасымалдар кезінде де, тапсырады.Егер тасымалдау тек компанияның өз қажеттіліктері үшін жүзеге асырылып, үшінші тұлғаларға қызмет көрсетілмесе, нысанды тапсыру міндеті туындамайды.Нысандағы мәліметтер жинақталмай, әрбір қызмет тұтынушысы бойынша жеке-жеке көрсетіледі. Нысанды жүйеге JSON форматында Салық төлеушінің кабинеті арқылы жүктеуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1226411?lang=ru
Электрондық сауда тауарларын декларациялауды енгізу туралы 22.05.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына енгізілетін өзгерістерге сәйкес электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны (ЭСД) пайдалана отырып, электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды енгізу көзделіп отырғанын хабарлайды.Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №143 шешімімен электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны толтыру нысаны мен тәртібі бекітілді.Сонымен қатар, Алқаның 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №144 шешімімен электрондық құжат түріндегі электрондық сауда тауарларына арналған декларацияның құрылымы мен форматы бекітілді.Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерде тиісті функционалды іске асыру бойынша жұмыстар аяқталып, «Кеден» ақпараттық жүйесінде «Электрондық сауда тауарларына арналған декларация» (ЭСД) функционалы әзірленді. Аталған функционалды іске қосу және ЭСД-ны қолдану 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылатын болады.Сонымен қатар, қазіргі уақытта Telegram қосымшасында арнайы чат іске қосылды: ДЭТ-Тестирование УВЭД https://t.me/+guX61IzTzwU1YTcy. Аталған чатта тестілеуді өткізуге қатысты ақпарат жарияланатын болады. Осыған сәйкес, жоғарыда көрсетілген мүдделі тұлғаларға жүйені тестілеуге қатысу ұсынылады. Жүйені пайдалану барысында қандай да бір ескертулер немесе ұсыныстар туындаған жағдайда, оларды аталған чатқа жолдауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1226447?lang=ru
Қытайдың ұлттық рейтингтік агенттігі China Lianhe Credit Rating Co., Ltd Қазақстан Республикасына «Тұрақты» болжамымен «ААА» ең жоғары тәуелсіз кредиттік рейтингін берді 22.05.2026
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борыштық құралдарын ҚХР нарығына орналастыру шеңберінде Қытай ұлттық рейтингтік агенттігі China Lianhe Credit Rating Co., Ltd елімізге және мемлекеттік облигацияларға «ААА» ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін берді.Агенттік елдің макроэкономикалық саясаты орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, инфляцияны төмендетуге және экономиканы әртараптандыруға бағытталғанын атап өтті.Қазақстан прогрессивті реформаларды дәйекті түрде іске асыруда, соның арқасында мемлекеттік басқару тиімділігі артып келеді.Негізгі бағыттардың ішінде жаңа инвестициялық саясат, мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту, ШОБ-ты нығайту, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен мен инфрақұрылымды дамыту атап өтілді.Аналитиктер де мемлекеттік борыштың салыстырмалы түрде төмен деңгейіне және сыртқы борышқа қызмет көрсетудің жоғары қабілеттілігіне баса назар аударады.«ААА» рейтингі елдің өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау қабілеттілігі мен қолайсыз сыртқы экономикалық жағдайларға жоғары тұрақтылығын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1226476?lang=ru
Қазақстан мен Сербия тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 22.05.2026
18-20 мамыр, Белград – Нови-Сад – Қазақстанның Сербиядағы Елшілігі Қазақстандық тараптың Нови-Сад қаласындағы Сербиядағы ең ірі ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысуын ұйымдастырды.Қазақстан тарапынан көрмеге ҚР Ұлттық аграрлық ғылыми – білім беру орталығының басқарма төрағасының орынбасары М. Сутула және «Atameken Agro Trade» ЖШС директоры Ш. Әділов қатысты. 93-ші Халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысу шеңберінде Елшілік Нови-Сад қ. Егіншілік және көкөніс шаруашылығы институты (НС Семе), Смедеревска-Паланка қ. Көкөніс шаруашылығы институты, «Земун Полье» жүгері институты сияқты Сербияның негізгі аграрлық ғылыми-зерттеу институттарымен ҰАҒБО өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қоюды пысықтады.Қазақстан Елшісі Мәди Атамқұлов екі мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін Қазақстан мен Сербия арасындағы тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.Келіссөздер шеңберінде қазақстандық тарап майлы және дәнді дақылдар тұқымдарының, сондай-ақ Қазақстан үшін қажетті көкөніс дақылдарының селекциясы мен генетикасы салаларындағы ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.Тараптар сондай-ақ бірлескен ғылыми жобалар және оқытушылар мен студенттердің академиялық алмасуы саласындағы өзара іс-қимылды жандандыруға келісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1226360?lang=ru
Алматы облысының денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері республикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты 22.05.2026
Алматы облысының денсаулық сақтау ұйымдарының директорлары мен кадр қызметінің мамандары 2026 жылғы 21–22 мамыр күндері Алматы қаласында «Денсаулық сақтау» KIHE 2026 31-Қазақстандық халықаралық көрмесі аясында өткен III Республикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.Іс-шараны Алматы қаласы клиникаларының қауымдастығы Қазақстандық ITECA көрме компаниясымен, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетімен және 4Study.kz Білім және дағдылар академиясымен бірлесіп ұйымдастырды.Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін дамытуға, медициналық білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыруға және медициналық ұйымдарды білікті мамандармен қамтамасыз етуге бағытталды.Іс-шара барысында Алматы облысының медициналық ұйымдарының өкілдері жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің түлектерімен кездесіп, қолда бар бос жұмыс орындары, еңбек жағдайлары және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Жәрмеңкеге қатысу жұмыс берушілерге кадр тапшылығын толықтыруға, ал жас мамандарға мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1226362?lang=ru
Астанада отандық өндірушілердің «ULTTYQ ÓNIM – 2026» атты ірі көрмесі ашылды 22.05.2026
EXPO халықаралық көрме орталығында қазақстандық өндірушілердің IX «Ulttyq ónim – 2026» жыл сайынғы көрмесі басталды. Биылғы көрме осы уақытқа дейін өткізілген көрмелердің ең ауқымдысы.Көрме алаңында Қазақстанның барлық өңірінен келген 600 тауар өндіруші өз өнімін ұсынды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе дерлік артық.Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.Көрменің ашылуында Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің үндеуін оқыды.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экономиканың өсуіне тың серпін беріп отырған шағын және орта бизнесті дамытуға әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мен оған қолайлы жағдай жасауға, іскерлік белсенділікті кеңейтуге және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған кешенді шаралар дәйекті түрде жүзеге асырылуда», — делінген үндеуде.Кәсіпкерлікті одан әрі дамыту перспективалары атап өтілді. «Жаңа Конституцияда халықтың әл-ауқатын арттыру, жауапты әрі жасампаз патриотизм идеясын ілгерілету мемлекет қызметінің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған. Отандық тауар өндірушілер осы аталған қағидаттарды жүзеге асырудың жарқын үлгісі болып отыр. Кәсіпкерлік белсенділіктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін өндірістік бастамаларды, оның ішінде импортты алмастыру мен экспорттық әлеуетті арттыру, заманауи технологияларды енгізу және өңірлердің өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту ісі жалғасын табады», — деп атап көрсетілген Премьер-министр сөзінің мәтінінде.Жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік қолдау шараларының ішінде бизнестің қаржыландыруға және жеңілдетілген несиелеу құралдарына қолжетімділігін кеңейтуге ерекше назар аударылады. 2025 жылы «Даму» қоры арқылы бизнесті қолдауға 560 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалған. Осының арқасында 13 мың ШОБ жобасы жалпы сомасы 2,2 трлн теңгеге мемлекеттік қолдау шарасымен қамтылып отыр. Жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашылып, өнім шығарудың 27,7 трлн теңгеге және салық түсімінің 2 трлн теңгеге жуық өсуін қамтамасыз етті.Экономиканың нақты секторын дамытудың негізгі тетігінің бірі «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы деп аталады. Оның негізгі міндеті – импортқа тәуелділігі жоғары салалардағы жобаларды қолдау және ішкі нарық пен экспортқа бағдарланған жаңа өндірістер құру.Бағдарламаны жүзеге асыруда «Бәйтерек» холдингінің институттары мен «Даму» қорына басты рөл берілген. Мемлекеттік қолдауға қол жеткізуді арттыру үшін кепілдік беру құралдары кеңейтіліп, түсінікті және ұзақмерзімді жағдайда қолдаудың нарықтық тетіктері күшейтілді. Сондай-ақ шағын қалалар мен ауылдарда «Іскер аймақ» атты шағын және шағын бизнесті кешенді қолдау бағдарламасы іске қосылды.Бұдан бөлек, «Даму» қорының өңірлік филиалдары базасында «Бәйтерек» холдингінің барлық қолдау бағдарламалары бойынша бірыңғай фронт-офистер құрылды. Ал шалғай аудандар үшін мобильді фронт-офистер іске қосылады.Қиындыққа тап болған кәсіпкерлерді сүйемелдеуге ерекше назар аударылады. Осыған байланысты «Даму» қоры жанынан «оңалту орталықтары» құрылуда. Онда бизнес тұрақтылығын қалпына келтіру үшін қаржылық, консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау ала алады.Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан вице-премьер отандық кәсіпкерлерге елдің экономикалық әлеуеті мен беделін нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.Серік Жұманғарин көрмені аралап көріп, еліміздің түрлі өңірінен келген бірқатар кәсіпорынның қызметімен танысты.Павлодарлық «Феникс» жиһаз фабрикасы әлеуметтік және коммерциялық нысандарға арналған мектеп жиһазын, кеңсе креслосы мен орындық шығарады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорын жаңа жабдықтар сатып алып, өндірістік қуатын кеңейткен. Қызметкерлер қатары 15-тен 60 адамға дейін көбейген. Бүгінде зауыт жылына 60 мыңға дейін орындық, 40 мыңға жуық мектеп жиһазы мен 7 мың кеңсе креслосын шығарады. Кәсіпорын өнімі бүкіл ел бойынша білім беру мекемелеріне жеткізіледі.Сондай-ақ вице-премьер Қазақстанда өсімдік негізіндегі экологиялық таза тұрмыстық химия өндірушісі – Қарағанды облысынан шыққан «WEC TRADE» ЖШС өнімдерімен танысты. 2016 жылы автохимия шығарудан бастап, бүгінде WEC бренді тұрақты даму және экологиялық жауапкершілік қағидаттарына сәйкес келетін адам мен қоршаған ортаға қауіпсіз өнімдер шығарады.Вице-премьер сыртқы инженерлік желілерге арналған жабдықтардың жетекші қазақстандық өндірушісі – TAZAU тазарту құрылыстары зауытының қызметіне ерекше назар аударды. Кәсіпорын он жылдан астам жұмыс істеп, Қазақстан мен ТМД елдерінің аумағында жобаларды жүзеге асыруда. Сарқынды суларды тазарту саласында шешімдер жасайды.«Ulttyq ónim – 2026» көрмесі ЭКСПО ХКО-да 24 мамырға дейін жалғасады. Осы күндер бойы ол B2B-кездесулер, панельдік сессиялар, шеберлік сыныптары мен қазақстандық бизнестің жетістіктерін көрсету үшін тиімді алаңға айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1226333?lang=ru
Түркістанда өткен ТМҰ саммитінің нәтижелері Венада таныстырылды 22.05.2026
Вена, 2026 жылғы 21 мамыр — ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің отырысы барысында Қазақстан делегациясы ү.ж. 15 мамырда Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми саммитінің нәтижелерін ұсынды.«Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбына арналған саммит ТМҰ мүше және бақылаушы мемлекеттер арасындағы цифрлық трансформация, инновация, жасанды интеллект, өзара байланыстық және тұрақты экономикалық даму салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.Отырыс барысында күрделі геосаяси орта, халықаралық бәсекелестіктің артуы және жалғасып жатқан қақтығыстар жағдайында түркі мемлекеттерінің бірлігін нығайту ерекше өзекті екені атап өтілді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМҰ біріккен өңірлік қауымдастық геосаяси жоба немесе әскери одақ емес, керісінше, бауырлас елдер арасындағы сауда-экономикалық, жоғары технологиялық, цифрлық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың бірегей платформасы болып табылатыны туралы ұстанымы хабардар етілді.Сонымен қоса, Президент Қ.Тоқаевтың жаңа технологиялық шындыққа бейімделу және бірлескен цифрлық күн тәртібін ілгерілету үшін күш-жігерді нығайтуға шақыруы да атап өтілді. Осыған байланысты Мемлекет басшысының біріктірілген өңірлік қауымдастық үшін ТМҰ Цифрлық мониторинг орталығын, Цифрлық инновациялар орталығын және Киберқауіпсіздік кеңесін құру жөніндегі бастамалары таныстырылды.Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан делегациялары Саммиттің нәтижесі туралы Қазақстанның мәлімдемесіне қолдау білдіріп, қарымта баяндама жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1226276?lang=ru