Қоғам
Азаматтардың жеке өтініштері аудан әкімінің назарында 16.10.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, ұсыныстарын тыңдады.Қабылдауға жазылған 15-тен аса тұрғын үй және көше жөндеуге қатысты мәселелерін айтса, енді бірі тұрақты жұмысқа орналастыру жөнінде талаптарын жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.Тұрақты жұмыс сұрап келген тұрғындарға сұраныс бойынша мамандығына сәйкес бос жұмыс орындарына, сондай-ақ, қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды. Ал тұрғын үй мәселесімен келген азаматтарға баспанамен қамту әр санат бойынша заңға сәйкес жүргізілетіндігі түсіндірілді.Жандос Еркінбек көтерілген әрбір мәселелерді сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, айтылған өтініш мен ұсыныс бойынша жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1110621?lang=kk
ЕАЭО-дан импортқа МББҚ қолдану қағидаларына өзгерістер 16.10.2025
ЕАЭО-дан импортқа МББҚ қолдану қағидаларына өзгерістерЕАЭО аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін жекелеген тауар түрлеріне сатып алу құнын анықтау мақсатында ең төмен бағалар деңгейін (МББҚ) қолдану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында өндірілетін және өндірілмейтін тауарларға ең төмен бағалар деңгейін есептеу үшін жеке формулаларды белгілеу қарастырылған.Осы ретте, МББҚ қолданылатын жекелеген тауар түрлерінің тізбесі екі бөлімге бөлінеді:Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін тауарлар;Қазақстан Республикасы аумағында өндірілмейтін тауарлар.Сондай-ақ, МББҚ қолдану қағидалары 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін қолданыста болады деп белгіленді.Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 8 қазандағы №288-НҚ бұйрығымен бекітіліп, 2025 жылғы 21 қазаннан бастап күшіне енеді.t.me/prg_buhАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1087763?lang=kk
Қазақстан ЕҚЫҰ отырысында негізгі бостандықтарды нығайту және құқық қорғау тетіктерін дамыту тәжірибесін таныстырды 16.10.2025
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (БДИПЧ) ұйымдастырған Варшавадағы адам өлшемі жөніндегі конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйледі. Отырыс негізгі бостандықтарға кепілдіктерді нығайту және құқық қорғау тетіктерін дамыту тақырыбына арналды.Бейбіт жиналыстар мен бірлестіктер бостандығына тоқталған Омбудсмен Қазақстанда бейбіт жиналыстарды өткізудің хабарлама тәртібі қолданыста екенін атап өтті. Биылдан бастап өңірлік атқарушы органдар объективті шектеулер болған жағдайда жиналыс өткізу орны мен уақыты бойынша баламалы нұсқаларды ұсыну тәжірибесін енгізді. Негізсіз бас тарту жағдайларында соттар мұндай шешімдерді заңсыз деп тануда.«Бұл – қоғам мен билік арасындағы сенімді арттырудың маңызды көрсеткіші», – деді Артур Ластаев.Сондай-ақ ҮЕҰ тіркеу рәсімі жеңілдетілді – енді ол үшін үш құрылтайшының болуы жеткілікті. Тіркелген ұйымдардың саны 23 мыңнан асты. Қазіргі уақытта олардың қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заң жобасы әзірленуде.Бұдан бөлек, Уәкіл Қазақстан Конституциясы әркімге ар-намыс және дін бостандығына кепілдік беретінін еске салды. Елде 18 конфессияны біріктіретін шамамен 4 мың діни бірлестік жұмыс істейді.«Қазақстан адам құқықтарының құқықтық негізі мен мәдениетін жүйелі түрде нығайтып, бостандықтарды әрбір азаматтың өмірінің нақты бөлігіне айналдыруда», — деп атап өтті Артур Ластаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1088652?lang=kk
Мұғалімдерді оқыта отырып — жастарды қорғаймыз: Алматы облысында АИТВ-ның алдын алу 16.10.2025
Жастар арасында АИТВ инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған үш айлық акция аясында Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары шалғай орналасқан Балқаш ауданына іссапар ұйымдастырды.2025 жылғы 15 қазанда Балқаш ауданының орталығы – Бақанас ауылында ауданның 87 педагогінің қатысуымен ақпараттық-ағартушылық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты – мұғалімдердің медициналық сауаттылығын арттыру ғана емес, сонымен қатар олардың алған білімдерін оқушыларға жеткізе отырып, жас ұрпақтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.Шара Балқаш аудандық орталық ауруханасының қолдауымен өтті. Кездесу барысында денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қорғану тақырыптары талқыланды.Дөңгелек үстел жұмысына акушер-гинеколог М. Ақпанова «Жатырдан тыс жүктіліктің салдары» атты баяндамамен, нарколог-дәрігер Г. Дүйсебаева «Есірткі мен синтетикалық заттарға – жоқ!» тақырыбымен, салауатты өмір салты кабинетінің валеологы А. Асхатұлы «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және олардың алдын алу шаралары» атты дәріспен қатысты.Сондай-ақ ЖИТС орталығының эпидемиолог мамандары Н. Қасымов пен А. Ибраимова «АИТВ инфекциясының алдын алу және стигма мен дискриминацияның қоғамға әсері» тақырыбында баяндама жасады.Кездесу барысында қатысушылар АИТВ-ның берілу жолдары, қорғану тәсілдері, тұрақты тестілеудің және уақытылы ем қабылдаудың маңызы туралы сенімді ақпарат алды. Мұғалімдер белсенділік танытып, мамандарға сұрақтар қойып, пікір алмасты.Осындай шаралар педагогтар мен жастардың ақпараттылығын арттырып, қоғамда қалыптасқан қате түсініктерді жоюға және өз денсаулығына саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді. Өйткені, алдын алу — хабардарлықтан басталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1087753?lang=kk
Ақтөбе облысы прокуратурасымен 2025 жылдың 9 айы қорытындыланды 16.10.2025
Облыс прокуроры Марат Әбішевтің төрағалығымен өткен алқада, ағымдағы жылдың 9 айындағы прокуратура органдарының қызметі қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды.Ерекше назар, азаматтардың құқықтарын қорғау, қылмыспен күрес және әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелеріне, сондай-ақ жүйелі құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайтудың негізі болып саналатын «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға аударылды.Алқада қадағалау, құқық қорғау және үйлестіру қызметінің негізгі нәтижелері талқыланды.Облыс прокуроры өз сөзінде қабылданған шаралардың нәтижесінде тіркелген қылмыстар саны 3,8%-ға, аса ауыр қылмыстар 61%-ға, орташа ауырлықтағы қылмыстар 8,6%-ға, ал жеңіл қылмыстар 1,6%-ға азайғанын атап өтті.Қоғамда жаңғырық тудырған қылмыстық істер бойынша процестік шешімдер қабылданды (Копа ауылындағы және «Мал базар» ауданындағы кәмелетке толмағандарды өлтіру, «Ту-Ха» компаниясының 6 млрд теңге қаражатын жымқыру, қос адам өлтіру және Басановты заңсыз бас бостандығынан айыру және т.б.), кінәлі тұлғалар сотталды. Жазаның бұлтартпастығы қағидаты іске асырылды.Ағымдағы жылдың 9 айында прокурорлар 973 істер бойынша мемлекеттік айыптауды қолдап, 824 істер бойынша үкімдер шығарылып, 410 тұлғалар бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Есепті кезеңде 36 апелляциялық өтінішхаттар қанағаттандырылды.«Ақтөбе — алаяқтықсыз аймақ» жобасы жүзеге асырылуда.Облыс прокуратурасы жанында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, үйлестіру шараларымен кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілді: 25 мыңнан астам брошюра таратылып, әлеуметтік желілерде 1000-нан астам жарияланым жасалып, 1500 кездесу ұйымдастырылып, 127 ақпараттық билбордтар орнатылды.«Дропперлік» әрекеттің 2 дерегі анықталып, біріншісі бойынша 1 адам сотталып, екіншісі – сотта қаралуда (екеуі де ҚК-тің 190-бабы бойынша тартылған).Прокуратураның үйлестіруімен 2 жасырын есірткі зертханасы әшкереленіп, 76 кг-нан астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Арнайы прокурорлармен есірткі саудасына қатысты 2 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, 7 адам қамауда.59,5 млн теңге сомасындағы 1000-нан астам «дропперлік» шот және есірткі сатуға арналған 1400 интернет-дүкендер сілтемелері бұғатталып, 300-ден астам есірткі жарнамасы (граффити) жойылып, белсенділермен және еріктілермен, университет, колледж студенттерімен және мектеп оқушыларымен кездесулер өткізілді.Құқық бұзушылық туралы сигналдарды жедел анықтап, үйлестіруге мүмкіндік беретін «FSM Social» цифрлық қосымшасы белсенді енгізілуде. Қала және аудан прокурорларына полиция, әкімдіктер мен өзге де уәкілетті органдардың жұмысын бақылау тапсырылды.Жыл басынан қоғамдық мүдделерді қорғау саласында 1000-нан астам заң бұзушылықтар анықталып, 7 мыңнан астам азаматтың құқықтары қалпына келтіріліп, 1000-ға жуық лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.Атап айтқанда, мұнай-газ секторындағы жекелеген кәсіпорындар және жер қойнауын пайдаланушылардың қызметінде экологиялық және салық заңнамасын бұзушылықтар анықталып, алдын ала есептелген айыппұлдар мен залалдың жалпы сомасы 8 млрд теңгені құрады. Мемлекет кірісіне өндіру жұмыстары, оның ішінде сот тәртібімен жүргізілуде.Бүгінде 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуының алдын алып, 1,2 млрд теңге өндіріліп, оның 1 млрд теңге мемлекет кірісіне қайтарылды.Прокуратура органымен тіркелген сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстық істер бойынша 5 адам сотталып, 16 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.Құрылыс саласы және азаматтардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінді.Сотпен 285 үлескердің мүддесін қорғау мақсатында 6 талап-арыз қанағаттандырып, мәмілелерді жарамсыз деп танып, жер учаскелерін ТҚК-не қайтарды. Қазір әкімдік нысандарды аяқтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Сотта 128 алданған азаматтың мүддесін қорғауға бағытталған 3 талап-арыз қаралуда.Қадағалау шараларымен 45 пәтер жетім - балаларға берілді.Арнайы прокурорлармен мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана бөлу кезінде өкілеттігін асыра пайдаланған лауазымды тұлғаға қатысты тергеу аяқталды.Сонымен қатар, бизнесті қорғау мәселелері басым бағыт болып табылады. Прокуратурамен 110 инвестициялық жобаларға құқықтық қолдау көрсетілуде.Ағымдағы жылы 27 инвестордың құқықтары қорғалып, 17 кәсіпорын үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді.Бизнеске заңсыз тексеріс жүргізіп, араласқаны үшін 12 лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ӘҚБтК-нің 173 және 175-баптары бойынша).Мысалы, Ырғыз аудандық прокуратурасымен салық органының 35 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз қаулыларының күші жойылды.Прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен облыста 12 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде (Ақтөбе қаласы мен облыстың 6 ауданында: Мұғалжар, Қобда, Байғанин, Ырғыз, Алға және Шалқар), оның ішінде 4 нысан (Мұғалжар, Байғанин, Ырғыз және Алға аудандарында) пайдалануға беріліп, қалғандары жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.Алқа қорытындысы бойынша облыс прокурорымен алаяқтықпен, есірткі бизнесімен және балалар қылмысымен, сондай-ақ басқа да қоғамдық - қауіпті әрекеттерге қарсы шараларды күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.Сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау, бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы, бизнес пен инвесторларды қолдау, мемлекеттік сатып алу, салық және жер секторы және т.б. назар аударылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1087715?lang=kk
Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi 16.10.2025
Жеке және заңды тұлғалар: 1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгiленген жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруға; 2) зоопарктердегi, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсiрiлуiн және пайдаланылуын жүзеге асыруға; 3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге; 4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға; 5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге; 6) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына: жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені; жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға; 7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге; 8) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз беруге; 9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындауға; 10) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге; 11) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыруға; 12) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге; 13) жануарларды карантиндеуді жүргізуге; 14) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келісуге міндетті. «ҚР АШМ ВБжҚК Меңдіқара ААИ»ММ Боровское ауылы, Алтынсарин көшесі 83, тел.: 2-40-94 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1087701?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Италия СІМ басшысымен кездесу өткізді 16.10.2025
Қазақстан Сыртқы істер министріИталия СІМ басшысымен кездесу өткіздіРим, 2025 жылғы 15 қазан Батыс Африка мәселелеріне арналған Акаба процесі саммиті аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Италия Республикасының Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Антонио Таянимен кездесу өткізді.Е.Көшербаев Қазақстанның Еуропадағы сенімді серіктесі болып табылатын Италиямен көпжылдық қатынастарға зор мән беретінін атап өтті. Энергетика, «жасыл» технологиялар, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, білім және ғылым, сондай-ақ инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығына назар аударылды.Өз кезегінде А.Таяни итальян тарапының Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін білдірді.Кездесу барысында Италияның Еуропалық одақтағы Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі және Оңтүстік Еуропа елдері арасындағы ең ірі сауда-экономикалық серіктесі екені аталып өтті (2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 20 млрд АҚШ долларын құрады). Өз кезегінде Қазақстан да Орталық Азиядағы Италияның маңызды серіктесі болып қала береді және айтарлықтай энергетикалық әрі инвестициялық әлеуетке ие.Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған сындарлы диалог пен бірлескен күш-жігерді жалғастыруға өзара мүдделілігін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1087686?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы Акаба процесінің отырысына қатысып, Иордания және Италия басшыларымен кездесті 16.10.2025
Қазақстан СІМ басшысы Акаба процесінің отырысына қатысып, Иордания және Италия басшыларымен кездестіРим, 2025 жылғы 15 қазан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Батыс Африка жөніндегі Акаба процесі аясындағы мемлекет және үкімет басшыларының кездесуіне қатысу үшін Италияға жасаған сапары барысында Иордания Королі Абдалла II бен әл-Хусейннің қабылдауында болды.Кездесу барысында Е.Көшербаев Иордания Короліне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын және ізгі сәлемін жеткізді, сондай-ақ терроризммен, экстремизммен және трансұлттық қылмыспен күрес мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң ретінде Акаба процесін жан-жақты қолдайтынын білдірді. Тараптар сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты.Сұхбаттастар екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін, биік және жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогтың дамуын, сонымен қатар екіжақты және халықаралық құрылымдар аясындағы тиімді ынтымақтастықты қанағаттанушылықпен атап өтті.Форум аясында ҚР Сыртқы істер министрі сондай-ақ Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді. Сұхбат барысында Министр Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың жолдауын табыстап, 2025 жылы Италия Премьер-министрі және Президенті Серджо Маттарелланың Қазақстанға жасаған сапарларының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.Италия Үкіметінің басшысы жолдау үшін алғыс білдіріп, елдеріміз арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты, соның ішінде «Орталық Азия – Италия» форматындағы серіктестікті одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу соңында тараптар халықаралық деңгейде бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздікті қолдауға бағытталған өзара күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1087672?lang=kk
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды 16.10.2025
Рияд, 2025 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Сыртқы істер министрінің экономика және даму мәселелері жөніндегі орынбасары Абдалла бен Фаһд бен Зараһпен келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында тараптар инвестициялық және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды. Алдағы өзара сапарларға дайындық пен шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сауд тарапы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтіп, оны кеңейтуге дайын екенін білдірді.Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді экономикалық жобаларды ілгерілету үшін тұрақты байланыстарды жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1087647?lang=kk
Самар ауданында жаңа балалар ойын алаңы бой көтеруде 16.10.2025
Самар ауданында балалардың шат күлкісі мен қуанышына толы жаңа ойын алаңының құрылысы басталды. Заманауи үлгіде салынатын бұл нысан жас бүлдіршіндердің қызықты уақыт өткізуіне, ал ата-аналардың отбасы болып серуендеп, тынығуына арналған жайлы орын болмақ.Алаңда түрлі ойын кешендері, әткеншектер мен сырғанақтар, сондай-ақ балалардың дене шынықтыруына арналған спорттық элементтер орнатылады. Құрылыста қауіпсіздік талаптары мен жабын сапасына айрықша мән берілуде.Жаңа ойын алаңының құрылысы алдағы уақытта толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Тұрғындар көптен күткен бұл демалыс аймағы ауылдың ажарын ашып, балалардың жүзін қуанышқа бөлейтіні сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1087648?lang=kk
«Ұлы дала таңы» Қазақстан мен Тайландтың мәдени жақындасуының нышанына айналды 16.10.2025
Бангкок, 2025 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасының 35 жылдық Республика күні мен Егемендік декларациясының қабылдануына орай Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» тарихи фильмінің тұсаукесерін ұйымдастырды.Көрсетілім «Century The Movie Plaza» кинотеатрында өтіп, дипломатиялық корпус өкілдері, Таиланд Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, халықаралық ұйымдар, шығармашылық және ғылыми қауым өкілдері, тай кәсіпкерлері, сондай-ақ Елшіліктің достары мен серіктестері қатысты. Кештің атмосферасы жылы шыраймен және қазақстандық кино мен ел тарихына деген шынайы қызығушылықпен өрілді.«Ұлы дала таңы» фильмі Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – хан Жәнібектің ұлы Қасым ханның билігі туралы баяндайды. XV–XVI ғасырлардағы оқиғалар Қазақ хандығының қалыптасуы мен өркендеу кезеңін суреттейді. Қасым ханның даналығы мен ерлігі арқасында Ұлы дала біртұтас мемлекетке айналып, тәуелсіздігін нығайтты. Фильм тарихи тереңдігімен, кең құлашты оқиғаларымен және көркемдік эстетикасымен ерекшеленеді.Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан өз сөзінде мәдени ынтымақтастық халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайту мен Қазақстан мен Таиланд арасындағы жан-жақты серіктестікті дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. «Кинематограф мәдени дипломатияның ажырамас бөлігі болып табылады. Кино өнері арқылы біз әлемге Қазақстанның тарихын, дәстүрлері мен рухани құндылықтарын таныстырып, жеріміздің сұлулығы мен халқымыздың рухының беріктігін көрсетеміз», – деді Елші.БҰҰ-ның АТАЭЖК халықаралық ұйымының өкілдері фильмге жоғары баға беріп, «Қасым ханның тарихы бізге Қазақстанның өткенін ғана емес, сонымен қатар бүгінгі мемлекеттік болмысын қалыптастыратын мәңгілік құндылықтарды – тұтастықты, төзімділікті және сенімді көруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті. Олардың айтуынша, режиссер дәуір рухын, көшпелі өркениеттің ұлылығын және қазақ мәдениетінің байлығын әсерлі түрде көрсете алған. Көрермендерді әсіресе кең ауқымды шайқас көріністері, көркем табиғат пейзаждары, ұлттық костюмдер мен әсерлі музыка тәнті етті.«Ұлы дала таңы» фильмінің көрсетілімі Бангкоктың мәдени өміріндегі айрықша оқиғаға айналып, Қазақстан мен Таиланд арасындағы өзара түсіністік пен көпқырлы ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1087630?lang=kk
Меңдіқара ауданында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың жұмыс сапары өтті 16.10.2025
Сапар барысында өңір басшысы «Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен, тұрғын үй құрылысы мен агроөнеркәсіп кешенінің дамуы жағдайымен танысты.Мемлекет басшысы бастама көтерген «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – жайлы қоғамдық кеңістіктер құру. Боровской ауылында Михайленко көшесінде жаңа аллеяның құрылысы аяқталды.Жобаның жалпы құны – 44 млн теңге, оның 36 млн теңгесі облыстық бюджеттен, 8 млн теңгесі республикалық бюджеттен бөлінді. Жаңа аллея аудан орталығының көркін келтіріп, тұрғындар үшін демалыс пен серуендеуге қолайлы орынға айналды.– «Таза Қазақстан» бағдарламасы – туған жердің әр бұрышына деген қамқорлықтың көрінісі. Біз адамдарға ыңғайлы, таза әрі қауіпсіз орындар қалыптастырып жатырмыз. Мұндай жобалар тек қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де жүзеге асырылуы маңызды, – деді Құмар Ақсақалов.Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Боровской ауылындағы үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қарап шықты. Жоба мердігер ұйым – «СК KBS» ЖШС есебінен жүзеге асырылуда, құрылыстың жалпы құны 826 млн теңгені құрайды.Құрылыс аяқталғаннан кейін әкімдік коммуналдық тұрғын үй қорын толықтыру мақсатында 45 пәтерді сатып алады. Үйде 32 бір бөлмелі, 10 екі бөлмелі және 6 үш бөлмелі пәтер болады. Жалпы ауданы – 2,6 мың шаршы метрден асады.Сонымен қатар, Құмар Ақсақалов «Каменскуральское» серіктестігі қалпына келтірген Каменскуральское ауылындағы екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үйді аралап көрді. Жобаның құны – 90 млн теңге.Бұл тұрғын үй шаруашылық қызметкерлеріне арналған. Мұнда жайлы өмір сүруге барлық жағдай жасалған: абаттандырылған аула, заманауи инженерлік желілер және түрлі жоспардағы ыңғайлы пәтерлер бар.– Ауылда еңбек ететін адамдардың жақсы жағдайда өмір сүруі маңызды. Мұндай мысалдар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және жұмыс берушілердің ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін сақтауға мүдделілігін көрсетеді, – деді облыс әкімі.Жұмыс сапарының маңызды нүктелерінің бірі Каменскуральское ауылында 1200 басқа арналған сүт-тауарлы ферманың ашылуы болды. Жоба «Каменскуральск» ЖШС тарапынан мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асырылды.Жалпы құны – 4,3 млрд теңге. Өндірістік қуаты – жылына 6,7 мың тонна сүт. 45 тұрақты жұмыс орны ашылды.Ферма заманауи технологиялармен салынған. Жаңа жабдық өнімнің сапасын арттыруға, шығындарды азайтуға және ресурстарды – жем-шөпті, суды және еңбекті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жобаның жүзеге асуына мемлекеттік қолдау үлкен рөл атқарды: төмен пайызбен жеңілдетілген несие берілді, инженерлік инфрақұрылым тартылды, сонымен қатар жабдық сатып алу шығындарының бір бөлігі мемлекет есебінен өтелді. – Сүт өндірісі – стратегиялық бағыт. Мемлекет ауылда қайта өңдеу қуаттарын және жаңа жұмыс орындарын ашатын инвесторларды қолдайды, – деді Құмар Ақсақалов. – Қазір облыста жылына 33 мың тонна сүт өндіретін 4 сүт-тауарлы ферма жұмыс істеп тұр, тағы 3 ферма құрылыста, ал бес жаңа ферма салуға 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.Боровской ауылында облыс әкімі биыл наурыз айында іске қосылған майлы дақылдардан май өндіретін цехтың жұмысымен танысты.Инвестиция көлемі – 286 млн теңге. Өндірістік қуаты – жылына 3 мың тонна май, 1,8 мың тонна күнжара және 1,2 мың тонна түйіршіктелген қабық өндіру. Жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға серпін беруде.Өңір басшысының жұмыс сапары Меңдіқара ауданы тұрғындарымен кездесумен аяқталды. Кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық даму, абаттандыру және халықты жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1087638?lang=kk
Алматы облысында әр екінші түлек грант иегері атанды, 27 түлек Қытайда оқуға мүмкіндік алды 16.10.2025
Алматы облысында 2025 жылғы бітірушілер науқанының қорытындысы шығарылды. Биыл өңір мектептерін 17 мың 940 оқушы тамамдады. Соның ішінде 7 681 түлек мемлекеттік білім грантының иегері атанды.Грант иегерлерінің ең көп бөлігі Талғар ауданында тіркелді — бұл аудан жоғары оқу орындарына түскендер саны бойынша көш бастап тұр. Сондай-ақ Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Қонаев қаласының көрсеткіштері де жоғары.Мамандықтар бойынша ең көп грант педагогикалық бағытқа — 1 440 адамға, медициналық салаға — 770 адамға, ал аграрлық мамандықтарға — 543 түлекке берілді. Қалған 4 928 түлек инженерлік, IT және әлеуметтік-экономикалық бағыттарды таңдаған.Бұдан бөлек, облыстың 27 түлегі Қытай Халық Республикасындағы Синьцзян университетінде тегін оқуға мүмкіндік алды. Оның ішінде Талғар ауданынан — 6, Іле ауданынан — 7, Еңбекшіқазақ пен Қарасай аудандарынан — 3-тен, Жамбыл аудандарынан — 2-ден және Қонаев қаласынан — 4 түлек бар.Сонымен қатар, облыс әкімінің бастамасымен жергілікті бюджеттен 30 грант бөлінді: оның 17-сі — медициналық бағытқа (соның ішінде 12-сі интерндерге), 7-сі — аграрлық, ал 6 грант — педагогикалық мамандықтарға арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1087614?lang=kk
Атбасарда тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 жауынгерге арналған мемориал ашылды 16.10.2025
Ақмола облысының Атбасар қаласында, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінің 4-ші жеке атқыштар ротасында 1995 жылғы 7 сәуірде Тәжік-ауған шекарасында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан 17 әскери қызметшіге арналған мемориалдың салтанатты ашылу рәсімі өтті.Іс-шараға 5510 әскери бөлімінің қолбасшылығы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құқықтық тәртіп әскерлерінің ардагерлері мен бөлімнің жеке құрамы қатысты.Мемориал бейбітшілік пен тұрақтылық үшін өмір сыйлаған, Отан алдындағы әскери борышын адал атқарған батырлардың мәңгілік бейнесінің белгісіндей. Ол болашақ ұрпақ үшін батылдық пен адалдықтың үлгісі ретінде қызмет етпек.Салтанатты рәсім барысында жиналған қауым батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.Биыл Ішкі әскердің батырларының ерлігіне 30 жыл толды. Бұған дейін Астанадағы Ерлік аллеясында "Ер есімі – ел есінде" ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткен болатын.Мемориалдың ашылуы Ұлттық ұланның жауынгерлік дәстүрлерін сақтаудағы және әскери-патриоттық тәрбиені нығайтудағы маңызды қадам болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1087616?lang=kk
Қарағандыда ұландықтар суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды 16.10.2025
«Орталық» өңірлік қолбасшылығының Әскери полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Берік Сүлейменов пен 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, ефрейтор Әли Шакенов қызметтік міндетін орындау барысында ерлік көрсетті.Қарағанды қаласындағы Новорадская көшесі бойымен Бұқпа көлі маңынан өтіп бара жатқан кезде олар суға батып бара жатқан балықшыны байқап қалады — оның қайығы жарылып, көлдің ортасында бата бастаған еді. Ұландықтар еш ойланбастан көлікті тоқтатып, автокөліктің тросын суға суға лақтырып, ер адамды жағаға тартып шығарып алады.— Біз оны жағаға шығарып алған сәтте, ол әбден тоңып қалған еді. Сондықтан шұғыл түрде жылыту қажет болды. Дереу киімін шешуге көмектестік, көлікке отырғызып, жылытқышты қосып, жағдайын бақылай бастадық. Медициналық көмек көрсетуді ұсынғанымызда, ол өзін жақсы сезінетінін айтып, үйіне жеткізіп салуымызды сұрады, — деді Әли Шакенов.Құтқарылған ер адам ұландықтарға шын жүректен алғысын білдірді:— Мен айқайладым, бірақ ешкім келген жоқ. Егер сіздер болмағанда, мен тірі қалмас едім, — деп бірнеше рет ризашылығын білдірді ол.Бұл оқиға — Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен сарбаздарының кез келген сәтте көмекке келуге және төтенше жағдайларда батыл әрекет етуге әрдайым дайын екенін көрсететін жарқын үлгі. Өз іс-әрекеттерімен олар батырлықты, кәсіби шеберлікті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген адалдықты көрсетті. #ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1087628?lang=kk
Ереванда қазақ-армян қарым-қатынастары талқыланды 16.10.2025
Ереван, 2025 жылғы 14 қазан - Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорянмен кездесу өткізді. Кездесу барысында армян тарапына Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық даму үдерістері, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясындағы Үкіметтің басымдықтары туралы ақпарат берілді.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Қазіргі кезеңде қазақ-армян қатынастары сындарлы саяси диалогпен, сауда-экономикалық байланыстардың дәйекті кеңеюімен және мәдени-гуманитарлық қатынастардың орнықты дамуы арқылы сипатталатыны атап өтілді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдар бар екені айтылды.
Одан әрі серіктестікті тереңдету мақсатында сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктері егжей-тегжейлі қарастырылды.Екі ел экономикасының әлеуетін толық қамтымайтын өзара сауда көлемін арттыру қажеттігі атап өтілді. Ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ретінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар айқындалды.
Кездесу барысында Қазақстан мен Арменияның іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды. Осы орайда тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін тиімді көлік-логистикалық бағыттарды қалыптастыруға өзара мүдделілік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/1087597?lang=kk
Қазақстан Республикасы күніне орай, македониялық «Vecer» газеті бас редактордың орынбасары В.Стойменова-Наумоска дайындаған «Вечер газеті сізді Астанаға - Еуразияның жүрегіне, бейбітшілік қаласына апарады!» деген арнайы репортажын жариялады. 16.10.2025
Мақалаға сілтемеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1087602?lang=kk
Райымбек ауданындағы полиция бөлімшелеріне жоспарлы мониторингтік сапар 16.10.2025
Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы облысы бойынша өкілі М.Ж. Мағжановтың, облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдерінің 2025 жылдың II жартыжылдығына арналған бағынысты мекемелер мен басқа ұйымдарды бақылау жоспарын орындау аясында Райымбек ауданы полиция бөлімінің №1,2 учаскелік полиция пункті бөлімі мен кезекші бөлімше жанындағы арнайы бөлмесіне бақылауға бару жүзеге асырылды.Іс-сапар аясында арнайы бөлме, учаскелік полиция пунктінің қызметтік бөлмелері тексерілді, учаскелік полиция инспекторларының жұмысты ұйымдастыруы, құжат жүргізуі, профилактикалық бақылау және есепте тұрған тұлғалармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуі зерделенді.Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1095 бұйрығына сәйкес барлық учаскелік инспекторлар әкімшілік учаскенің ерекшеліктері туралы хабардар болу мақсатында қызмет ететін әкімшілік учаскелеріне электрондық паспорттар, есепке алу мен бақылауға жататын тұлғалардың сәйкес тізімдері, жұмыс дәптері жүргізіледі.Тексеру барысында учаскелік инспекторлармен және полиция бөлімі қызметкерлерімен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтау туралы әңгімелер өткізілді.Бару қорытындысы бойынша полиция бөлімі қызметкерлерінің жұмысында туындайтын мәселелер талқыланды және сәйкес ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty-oblysy/press/news/details/1087522?lang=kk
Қазақстан мен Германия СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті 16.10.2025
Астана, 2025 жылғы 15 қазан – Неміс тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германия Федеративтік Республикасының Федералдық сыртқы істер министрі Йоханн Вадефулмен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында тараптар екіжақты серіктестік мәселелері бойынша пікір алмасып, өзара құрмет, сенім мен сындарлы диалогқа негізделген қазақ-герман қатынастарын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.Сондай-ақ министрлер саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, тұрақты байланыстарды қолдауға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыруға мүдделілігін растады.Сұхбат соңында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Астана мен Берлиннің екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдесуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1087411?lang=kk
Агенттік Қазақстандағы деректер нарығын дамыту жөніндегі талдау құжатын ұсынды 16.10.2025
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Шанхай деректер биржасының қолдауымен деректердің экономикалық әлеуетін ашуға арналған талдау құжатын ұсынды.Құжатта мемлекеттік органдар, бизнес пен цифрлық экожүйенің өзге де қатысушылары арасында деректермен қауіпсіз әрі ашық алмасуды, оларды бағалау мен монетизациялауды қамтамасыз ететін реттелетін деректер биржасын құру тәсілдері сипатталған.Деректер нарығын дамыту – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген цифрландырудың маңызды бағыты ретінде қарастырылған. Құжатты дайындаудағы мақсат – ашық диалог орнату және деректердің жаңа экономикалық ресурс ретіндегі рөлін талқылауға мүдделі тараптарды тарту.Аналитикалық материалда халықаралық тәжірибе, сондай-ақ мұндай платформаларды қалыптастырудың құқықтық және технологиялық қырлары қамтылған. Сондай-ақ экономикалық әсерлері – деректер сапасын арттыру, инновацияларды дамыту және өзара іс-қимылдың жаңа үлгілерін қалыптастыру атап көрсетілген.Шанхай деректер биржасымен бірлескен жұмыс деректер саудасы мен олардың алмасуын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі мен озық тәсілдерін ескеруге мүмкіндік берді.«Деректер биржасы – бұл нарық қатысушылары арасында тексерілген деректердің, ондағы өнімдердің қауіпсіз әрі реттеле отырып алмасуын қамтамасыз ететін платформа. Қазақстанда мұндай биржаны құру –деректермен заңды және қауіпсіз жұмыс істеудің институционалдық негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұнда дерек иелерінің құқықтары мен жеке деректердің қорғалуы толық қамтамасыз етіледі», – деді Агенттік Төрағасы Әсет Ерғалиев.Қытай тәжірибесі деректер нарығы экономикалық өсудің жаңа драйверіне айнала алатынын көрсетіп отыр: 2022 жылы бұл елде деректер бойынша транзакциялар көлемі 42% артқан. ЭЫДҰ бағалауы бойынша, деректермен тиімді алмасу елдің ЖІӨ-ін 2,5% дейін ұлғайтуы мүмкін.Қазақстанда деректер биржасын құру өңірлік деректердің алмасуын және монетизация орталығын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болмақ. Бұл бастама цифрлық экожүйе қатысушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.Талдамалық материалмен Агенттіктің және Бюроның ресми сайттарында танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aspr/press/news/details/1087428?lang=kk