Enbekshi QazaQ

Қоғам

ҚАЖ қызметкерлері сотталғандар арасында шахматтан турнир ұйымдастырды. 14.04.2026
                       Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахматтан турнир өтті. Іс-шара сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және олардың әлеуметтік пайдалы белсенділігін дамытуға бағытталған бағдарламалар аясында ұйымдастырылды.          Турнирдің бас төрешісі ретінде Қазақстан Республикасының ұлттық санаттағы төрешісі, Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің жаттықтырушысы Мұрат Окасов шақырылды.         Жарысқа 50-ден астам сотталған қатысты. Турнир бекітілген регламентке сәйкес, барлық қауіпсіздік талаптары мен белгіленген тәртіпті сақтай отырып өткізілді. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, жинақылық пен қарсыластарына деген құрметті көрсетті.           Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға грамоталар табысталды. Үздік қатысушылар белсенді өмірлік ұстанымы мен өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысы үшін мекеме басшылығы тарапынан атап өтілді.           – Шахмат — логикалық және стратегиялық ойын. Ол ойлауға, жоспарлауға және шешім қабылдауға үйретеді, есте сақтау қабілетін, зейінді және төзімділікті дамытады. Бұл ойын адамды тек тақта басында ғана емес, өмірде де шыңдайды. Менің ойымша, сотталғандар үшін шахмат пайдалы әдетке айналуы тиіс, – деді Қазақстан Республикасының ұлттық санаттағы төрешісі Мұрат Окасов.             – Мұндай жарыстар бізге күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт алшақтап, ойымызды жинақтауға және өзімізге деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді. Шахмат дамуға және ішкі тәртіпті сақтауға көмектеседі, – деді сотталғандардың бірі.              – Осындай бастамалар сотталғандардың конструктивті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, жауапкершілікті арттыруға және салмақты шешім қабылдау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Бұл – бостандыққа шыққаннан кейінгі табысты әлеуметтік бейімделудің маңызды факторы. Мекемеде жүйелі түрде мәдени-танымдық, білім беру және спорттық жобалар жүзеге асырылып келеді. Олар заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және қайталама қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1200618?lang=kk
Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Павлодар тұрғынының үйлеріне аман-есен оралуына көмектесті. 14.04.2026
                      Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясының қызметкерлері Павлодар қаласының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған ұлына көмек көрсетті. Олар жұбайымен ұзақ мерзімді кездесуден кейін қар құрсауында қалып қойған.         Ауа райының күрт нашарлауына байланысты олардың автокөлігі толықтай қар астында қалып, отбасы өз бетінше жолын жалғастыра алмаған.             52 жастағы ер адам 15 жастағы ұлымен бірге жазасын өтеп жатқан жұбайымен кездесу үшін мекемеге келген. Олардың Шуақ ауылында ұзақ мерзімді кездесуде болған кезінде ауа райы күрт өзгеріп, қатты жел тұрып, мол қар жауған. Соның салдарынан отбасының көлігі қалың қардың астында қалып, қозғала алмай қалған.           Үйінен жырақта қиын жағдайға тап болған әке мен бала жолға шыға алмай, айтарлықтай қиындық көрген. Осы сәтте қызметте болған мекеме қызметкерлері жағдайды байқап, дереу көмекке келген. Олар өз күштерімен және қызметтік техниканың көмегімен қар үйінділерін тазалап, автокөлікті қар құрсауынан шығарып, жолды қауіпсіз жалғастыруға мүмкіндік жасаған.          Қызметкерлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында отбасы аман-есен жолға шығып, Павлодар қаласына кері оралған.          – Біз ұлыммен өте қиын жағдайға тап болдық — көлігіміз толықтай қар астында қалды, айналада боран соғып тұрды, жол көрінбеді деуге болады. Шынымды айтсам, не істерімді білмей, абдырап қалдым. Дәл сол сәтте колония қызметкерлері көмекке келді. Олар тек өз міндеттерін орындап қана қоймай, шынайы адамгершілік танытты. Мұндай қиын сәтте жанымыздан табылған жандардың бейжай қарамағаны мен үшін өте маңызды болды. Бізге қауіпсіз түрде үйге оралуға көмектескен әрбір қызметкерге шын жүректен алғыс айтамын, – деді Павлодар қаласының тұрғыны.           – Біздің қызметкерлер қандай жағдай болмасын адамдарға көмек көрсетуге әрдайым дайын. Бұл жерде тек қызметтік міндет қана емес, адамгершілік жауапкершілік, қамқорлық пен қолдау туралы сөз болып отыр. Біз ұжымымыздың жеделдік танытып, бірлік көрсетіп, қиын жағдайда қалған адамдарды назардан тыс қалдырмағанын мақтан тұтамыз, – деп атап өтті мекеме бастығы Уалихан Жұмашев.         Мұндай оқиғалар қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің тек тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар жоғары адамгершілік қасиеттерін көрсетіп, азаматтарға күрделі өмірлік жағдайларда көмек көрсететінін тағы да дәлелдейді.       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1200627?lang=kk
С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Қазақ рухын жырлаған қаламгер» атты әдеби вернисаж өтті 14.04.2026
   Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының халық жазушысы,  мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің  90 жыл толуына орай «Қазақ рухын жырлаған қаламгер» атты әдеби вернисаж өткізілді. Аталған шараға Талдықорған қаласының № 12 орта мектеп гимназиясының 8-сынып оқушылары қатысты.   Қаламгердің кітапхана қорында бар еңбектері негізінде «Сөз өнерінің саңлағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, автордың шығармашылығы насихатталды. Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алып, оның қазақ әдебиетіндегі орны туралы кеңінен танысты. Жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы «Тарих пен тағдыр қосқан қалам» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, жазушының «Қаздар қайтып барады» шығармасынан  үзінді оқылды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1200637?lang=kk
Ауғанстан батырларының құрметіне. Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері жастарға арналған ерлік сабағын өткізді. 14.04.2026
           Кеңес әскерін Ауғанстаннан шығару күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің қызметкерлері жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған «Ерлік сабақтары» патриоттық акциясын ұйымдастырды.Шара аясында Ауған соғысының ардагері Азат Беккәрімұлы Әубәкіров Шоқан Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған «Жасұлан» ерлер лицей-интернатының 112-ші взводының курсанттарымен кездесті. Кездесу барысында ардагер қызмет туралы жеке естеліктерімен бөлісті, әскери қызметшілердің үлесіне түскен қатал сынақтар және өзара көмектің, тәртіптің және жауаптылықтың маңыздылығы туралы айтты.Азат Беккәрімұлы жастар алдында сөйлеген сөзінде Отан алдындағы әскери борышын атқару әрбір азаматтың қасиетті міндеті екенін атап өтті. Ол қазақстандық жауынгерлердің ерлігі мен жанқиярлығы туралы ерекше мақтанышпен айтты. Мыңдаған қазақстандық ауған соғысынан өтті, олардың көпшілігі қайтып оралмады, халықтың жадында мәңгі қалды.          - Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады. Ардагерлермен осындай кездесулер жастардың бейбітшіліктің құндылығын түсінуге, тарихты құрметтеуге және өз елінің болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға көмектеседі, - деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Рүстем Берлібеков.         Кездесу курсанттардың қызығушылығын тудырды. Балалар белсенді түрде сұрақ қойып, ардагердің тағдырына, қызмет ерекшеліктеріне және әскери тәртіптің маңыздылығына қызығушылық танытты.         - Ардагермен әңгімелесу бізге «борыш» және «ерлік» сөздерінің артында не тұрғанын шынымен түсінуге көмектесті. Бұл өз Отанына мықты, жауапты және лайықты қызмет етуге шабыт береді, - деп бөлісті «Жасұлан» лицейінің оқушыларының бірі.         «Ерлік сабағы» акциясын өткізу жастарды отансүйгіштікке, Отан қорғаушылардың ерлігін құрметтеуге және ұрпақтар сабақтастығын сезінуге қосқан маңызды үлесі болды. Интернационалист жауынгерлердің ерлігі жас ұрпақ үшін адамгершілік бағдар және борыш пен Отанға адалдықтың символы болып қала береді.       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1200638?lang=kk
Орта қауіпсіздік мекемесінде алғаш рет "Неке кию" рәсімі өткізілді. 14.04.2026
          Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты орташа қауіпсіздік мекемесінде алғаш рет «Неке қию» рәсімі өткізілді.        Мекеменің жедел бөлім қызметкерлері Семей қаласындағы «Қос мұнаралы» мешітінің өкілімен бірлесіп, рәсімді ұйымдастырды. Іс-шара қолданыстағы заңнама талаптары мен белгіленген режим талаптарын қатаң сақтай отырып өткізілді. Мешіт өкілі неке қию рәсімін ислам дәстүріне сай жүргізді.         – Мен 35 жастамын, жұбайыммен ресми түрде екі жыл бұрын некеге тұрғанбыз. Сол кезде ол маған және болашағымызға сенді. Мен бас бостандығымнан айырылғаннан кейін қарым-қатынасымыз суи бастады. Ол менің бұл жолға түскенімді ұзақ уақыт кешіре алмады. Ұзақ әңгімелер мен өзара түсіністіктің арқасында біз бұрын кейінге қалдырған «Неке қию» рәсімін өткізуді шештік. Бүгін мекеме қызметкерлерінің көмегімен мешіт өкілінің алдында ант беріп, бостандыққа шыққан соң екі жыл бұрын армандаған өмірімізді бірге құратынымызды және балаларымыз өз қолыммен салған үйде өсетінін уәде еттім, – деді сотталған азамат.         – Жолдасым осында түскен кезде, біздің өміріміз аяқталғандай көрінді. Оның әрекеттері екеуміздің де өмірімізді қиындатты деп ойладым. Тіпті ажырасу туралы ойлар да болды, әсіресе қатарластарымның балалы болып жатқанын көргенде. Алайда сүйіктіммен сөйлескеннен кейін оған қайта сеніп, осы рәсімді өткізуге келісім бердім. Бүгін біздің алда нағыз отбасы болатынына сенемін, – деді сотталғанның 28 жастағы жұбайы.         – Біз үшін сотталғандардың отбасылық байланыстарын сақтау және жақындарымен қарым-қатынасты қалпына келтіруге ықпал ету өте маңызды. Бүгінгі рәсім – заң талаптарын сақтай отырып, ұлттық және рухани құндылықтарды құрметтеу арқылы әлеуметтік оңалтуға жол ашудың айқын үлгісі, – деп атап өтті мекеме бастығы Жеңіс Дәуренбеков.          Аталған іс-шара сотталғанның отбасы үшін де, мекеме қызметкерлері үшін де маңызды оқиға болды. Бұл – жақындардың қолдауы мен отбасылық байланыстарды қалпына келтіру сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеуде маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.           – Отбасылық құндылықтардың негізі – сүйіспеншілік, қамқорлық және өзара түсіністік. Отбасының тірегі – махаббат. Бұл – бір-бірін қолдау, кемшіліктерін қабылдай білу және рухани байланысты сақтау. Махаббат пен өзара түсіністік бар жерде бақытты отбасы құруға болады, – деді «Қос мұнаралы» мешітінің имамы Бауыржан Таубекұлы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1200652?lang=kk
Танымдық-зерттеушілік «Мен зерттеушімін» облыстық байқауы 14.04.2026
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 14 сәуірінде мектеп жасына дейінгі балалармен «Мен зерттеушімін» республикалық танымдық-зерттеушілік конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес облысымыздың 11 аудан/қалаларынан келіп түскен 21 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындысын шығарды:1-орын (ересек топ) - Қатонқарағай ауданы, Жамбыл орта мектебінің шағын орталығы;1-орын (мектепалды топ) - Өскемен қаласы, №62 арнайы балабақшасы;                  1-орын (шығармашылық топ) - Зайсан ауданы, «Еңлік» бөбекжайы. 2-орын (ересек топ) – Өскемен қаласы, №3 «Балбөбек» балабақшасы, Зайсан ауданы «Балдырған» бөбекжайы, Дарынды балаларға арналған валеологиялық мектеп-кешені;2-орын (мектепалды топ) - Зайсан ауданы, «Ертөстік» бөбекжайы;2-орын (шығармашылық топ) - Өскемен қаласы, №1 «Балапан» балабақшасы, Глубокое ауданы «Ақбота» бөбекжайы;. 3-орын (ересек топ) – Тарбағатай ауданы, «Жалғас» жекеменшік балабақшасы, Глубокое ауданы «Пчелка» бөбекжайы;3-орын (мектепалды топ) - Самар ауданы, М.Дулатұлы атындағы негізгі орта мектебі;3-орын (шығармашылық топ) - Самар ауданы, «Дәншік» балабақшасы. Аталымдар:«Үздік бірлескен (ата-анамен) жұмыс» - Марқакөл ауданы, Қазақстан негізгі орта мектебі;«Жас эколог» - Дарынды балаларға арналған валеологиялық мектеп-кешені (ересек топ);«Жаңалық жаршысы» - Үлкен Нарын ауданы, «Балбөбек» бөбекжайы (ересек топ), Риддер қаласы, «Қуаныш» бөбекжайы (мектепалды топ); «Тапқыр зерттеушілер» - Самар ауданы,«Дәншік» балабақшасы (ересек топ), Катонқарағай ауданы, Еңбек орта мектебі (мектепалды сынып);«Креативті жұмыс» - Глубокое ауданы, «Асыл бөпе» бөбекжайы (мектепалды топ);   «Жас зерттеушілер» - Алтай ауданы, «Салтанат» бөбекжайы (мектепалды топ). Байқаудан 1-орын алған жұмыстар республикалық кезеңіне жолдама алды.Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1200663?lang=kk
Катар Қазақстанның реформалары мен халықаралық сахнада артқан рөлін қолдайтынын білдірді 14.04.2026
Доха, 2026 жылғы 14 сәуір – Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев Қатар Мемлекетінің Консультативтік кеңесінің мүшесі, Азия істері тобының жетекшісі Ахмед Әл-Хитмимен кездесті.Сұхбат барысында 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Қатарға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру тұрғысынан парламентаралық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту жолдарын қарастырды.Осы орайда қазақ-қатар қатынастарының стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткені, оған жоғары деңгейдегі сенімді диалог пен белсенді өзара сапарлар ықпал еткені атап өтілді.Кездесуде Елші Қазақстандағы саяси реформалар, оның ішінде жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдум нәтижелері және бір палаталы парламентке көшетіні туралы ақпарат берді.Қатар тарапы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен әлеуметтік-экономикалық дамудың күшейгенін және елдің халықаралық сахнадағы рөлінің артқанын атап өтті.Бұл ретте парламент спикерлері деңгейінде тұрақты сапар алмасудың және парламентаралық байланыстарды кеңейтудің маңыздылығына назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша биыл парламентаралық достық тобының екінші отырысын өткізу туралы уағдаластыққа қол жетіп, мемлекет басшылары арасындағы келісімдерді жүзеге асыру үшін ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге деген дайындық расталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1200676?lang=kk
Шымкентте Ақтаудағы теңіз жаяу әскерінде қызмет еткен сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды 14.04.2026
Шымкенттің теміржол вокзалында Ақтау гарнизонының теңіз жаяу әскерлері бригадасында мерзімді әскери қызметін аяқтаған әскери қызметшілерді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.Көптен күткендерді күтіп алу үшін қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, «Оңтүстік» ӨңҚ 35748 әскери бөлімінің басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, сарбаздардың туған-туыстары келді.Ата-аналарға борышын осылай лайықты өтеген азаматтар тәрбиелегені үшін, ал сарбаздарға әскери борышын адал және абыроймен орындағаны үшін алғыс сөздер айтылды.Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев жерлестерді салтанатты түрде шығарып салу және қарсы алу рәсімдері дәстүрге айналғанын айтты.– Бүгін жиырмадан астам азамат үйлеріне оралды. Олар өздерінің әскери міндеттерін абыроймен атқарды. Теңіз жаяу әскерлеріндегі қызмет мінезді ғана шыңдап қоймай, ерік-жігерді қатайтатын және жауапкершілікке үйрететін сынақ. Біз олардың өздеріне сенімді және шымыр болып оралғандарын көріп отырмыз, – деді ол.Жастар үшін қызықты әрі күрделі болған әскердегі жыл артта қалды. Шынығулар, қарқынды жаттығулар, марш жүгіру және дабылмен көтерілу олар үшін нағыз батылдық пен тұлға болып қалыптасу мектебіне айналды.Әскери қызметшілердің өздері армия оларға кей нәрселерге жаңа көзқараспен қарауға ықпал еткенін тілге тиек етті.– Әскерде сен үйіңнің, отбасыңның және жақындарыңның қолдауын шынымен бағалай бастайсың. Бұл жыл маған көп нәрсе үйретті. Теңіз жаяу әскерінде қызмет етіп, осы команданың құрамына кіргенімді мақтан етемін, – деді қатардағы жауынгер Жансерік Қасымханұлы.Әскери қызметшілердің туған-туыстарымен кездескен сәтінде перрон маңы жылы эмоцияларға толды.– Інімді шығарып салған кезде, әрине, алаңдадық. Бүгін біз оның қалай өзгергенін көрдік. Шымыр, байсалды, өзіне сенімді бола түскен. Осы уақыт ішінде онымен сөйлесіп тұрдық. Енді көріп, құшағымызға алғанымызға қуаныштымыз, – деді әпкелері Арайлым мен Назерке.Қызмет барысында жастар әскери істі игерді, қару-жарақ пен техниканы үйренді. Өзеріне азаматтық өмірде қажет болатын әскери-есептік мамандық алды.Салтанатты кездесу гүлдермен, түрлі-түсті шарлармен және ыстық құшақтармен көмкеріліп, жүректерге ерекше жылулық сыйлап, ұлдары мен бауырларына деген мақтаныш сезімін арттырған ұмытылмас сәтке айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1200681?lang=kk
АҢДАТПА! «Алкоголь өнімін сату жөніндегі қызметті лицензиялау: өзгерістер мен тәртіп» тақырыбында тікелей эфир 14.04.2026
АҢДАТПА!  «Алкоголь өнімін сату жөніндегі қызметті лицензиялау: өзгерістер мен тәртіп» тақырыбында тікелей эфир2026 жылғы 16 сәуірде сағат 11:00-де mkd_aqmol  Instagram парақшасында «Алкоголь өнімін сату жөніндегі қызметті лицензиялау: өзгерістер мен тәртіп» тақырыбында тікелей эфир өтеді.Спикер: акциздерді әкімшілендіру  бөлімінің басшысы  Шұлембеков Ержан Серікұлы.Қызығушылық білдерген сұрақтарды 8-716-2-72-11-81 телефоны арқылы алдын-ала жолдауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1200686?lang=kk
Егер БКМ түбіртегі берілмесе, сатып алушы не істеу керек және қандай жауапкершілік қарастырылған 14.04.2026
Манғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: сатушы әрбір тауарларды сатуда, жұмыстарын орындауда немесе қызметтер көрсету кезінде міндетті түрде сатып алушыға, бақылау-кассалық машина (БКМ) фискалдық түбіртегін беруі міндетті.Бұл талап Қазақстан Республикасының Салық кодексінде және БКМ қолдану қағидаларында (ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығымен белгіленген, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді).Түбіртекті талап ету не үшін маңызды?Түбіртек сатып алудың фактісін растайды және сіздің тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғайды.Ол тауарды қайтаруға немесе ауыстыруға көмектеседі.Түбіртек бермеу — салық төлеуден жалтарудың ықтимал белгісі, бұл мемлекетке және адал бизнеске зиян келтіреді.Егер түбіртек берілмесе не істеу керек?Түбіртекті сол жерде бірден талап етіңіз.Бас тартқан жағдайда бұзушылықты тіркеңіз:Видео немесе фотоға түсіріңіз (дүкеннің мекенжайы, атауы, сатып алу уақыты, сатушы, тауар және сомасы).Деректерді жазып алыңыз: дүкеннің атауы, сатушының ЖСН/БСН (егер белгілі болса).Шағым беріңіз:eGov Mobile қосымшасындағы e-Otinish сервисі арқылы (дүкеннің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органын таңдаңыз).Немесе Wipon мобильді қосымшасы арқылы (расталған бұзушылық үшін сыйақы қарастырылған).Бұзушының орналасқан жері бойынша аумақтық салық органына жеке өзіңіз барып.Түбіртекті бермегені үшін жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК 284-бабы):Бірінші бұзушылық үшін — ескерту.Бір жыл ішінде қайталанған бұзушылық үшін — айыппұл:шағын кәсіпкерлік субъектілері, жеке нотариустар және жеке сот орындаушылары үшін — 20 АЕК;орта кәсіпкерлік субъектілері үшін — 30 АЕК;ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін — 40 АЕК.2026 жылдан бастап БКМ түбіртегінде тауар/қызмет атауы және оның Ұлттық тауарлар каталогы (ҰТК) бойынша коды міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Бұл талаптарды орындамау да БКМ қолдану тәртібін бұзу ретінде квалификациялануы мүмкін.Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерге үндеу тастайды: Заңнама талаптарын сақтаңыздар! БКМ-ді актуалды нұсқаға (2.0.3 протоколы) дейін жаңартыңыздар, чектерді дұрыс соғыңыздар және сатып алушыларға әрқашан беріңіздер. Бұл жай ғана міндет емес, сонымен қатар сіздің бизнесіңізді айыппұлдар мен шағымдардан қорғау.Манғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады: әрбір сатып алу кезінде чек талап етіңіздер және бұзушылықтар туралы хабарлаңыздар.Қосымша ақпарат алу үшін аумақтық салық органдарына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1200711?lang=kk
Алматы облысында алма бақтар гүлдеді 14.04.2026
Алматы облысында алма өсіру және одан түрлі өнім шығару ісі жүйелі жолға қойылған. Жеміс ағашын күтіп-баптау машақаты көп жұмыс. Соған қарамастан, өңірде алма бақтарының аумағы мен өнім көлемі жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Бүгінде өңір бойынша 7 мың гектар аумақта алма өсіріледі. Оның 2,2 мыңы – интенсивті бақтар. Қазіргі таңда алманың отаны саналатын Алатау баурайында алма бақтар гүлдеп, көздің жауын алатын әдемі көрініс тұрғындардың да туристердің де назарын аударуда. Осынау сұлулықты тамашалау үшін арнайы келетін адамдар саны да жыл сайын артып келеді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңірдің климаттық ерекшелігіне орай алма ағашының сұрыптары да арнайы таңдалған. Сондай-ақ жоғары технологиялы аграрлық әдістер кеңінен қолданылады. Автоматтандырылған тамшылатып суару жүйесі іске қосылған. Бұл технология ерте өнім алуға, топырақ эрозиясының алдын алуға, өсімдік аурулары мен арамшөптердің таралу қаупін азайтуға, сондай-ақ тыңайтқыштар мен минералдарды әр көшеттің тамырына дәл жеткізуге мүмкіндік береді.Алматы облысында бұл бағыттағы көшбасшы кәсіпорындардың бірі – Талғар ауданындағы «Баймене» ЖШС. Кәсіпорында алманы өсіруден бастап, жинау, өңдеу және дайын өнімді ұзақ мерзімге сақтау жұмыстары түгел жолға қойылған.  Компания 2016 жылы интенсивті бақ отырғызу жұмысын бастаған. Бастапқыда 30 гектар аумаққа алма көшеті егілсе, қазіргі таңда жалпы аумағы 110 гектар жерде жеміс ағашы жайқалып тұр. Алдағы уақытта алқап көлемін  кеңейтуді жоспарлап отыр. Бақта су үнемдеуге септігін тигізетін тамшылатып суару технологиясы қолданылады. Оған минералды тыңайтқыштар қосылады. Бұл топырақ құнарын арттыра түседі.  Компанияның бас агрономы Георгий Чернышевтың айтуынша, көшет өскен сайын су да көбірек керек болады. Оны бақылау үшін танзиометр құрылғысы орнатылған. Ағаштар 30 минут, кейде 1-2 сағат сайын суарылады. «Әуелде алманың 7-8 сортын егіп көрдік. Кейін «Голден Делишес», «Ред Делишес», «Гала», «Фуджи» сияқты негізгі 4 түрін қалдырдық. Себебі оларға сұраныс жоғары әрі табиғат ерекшелігіне де сай келеді. Бақша жұмыстарының көбі арнайы техника мен заманауи құрылғылардың көмегімен атқарылады. Қазір жаңа сорттарды сынақтан өткізіп жатырмыз. Олардың қалай өсіп, өнім беретінін және тұтынушылардың пікірін бақылап, зерттейміз. Бұл сұрыптар 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Интенсивті бақтың артықшылығы да сол – өнімге тез қол жеткізесің. Зиянкестер мен түрлі өсімдік ауруларынан ағаштарды сақтау үшін пестицид, фунгицид, инсектицид сияқты дәрілер қолданылады. Сонымен қатар бақылау жүйесі де бар. Ол феромонды тұзақ арқылы зиянкестердің таралуына жол бермейді», - дейді агроном.«Баймене» ЖШС директоры Евгений Камбаров кәсіпорында алманы сұрыптап, көлеміне қарай іріктеп, буып-түюге арналған арнайы желі жұмыс істейтінін айтты. Мұнда алмадан 100 пайыз табиғи шырын өндіріледі. 3 литр шырын алу үшін  6 келі алма пайдаланылады. Қосарланған пастерлеу тәсілі өнімнің барлық пайдалы қасиеттерін консервантсыз сақтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның заманауи жеміс сақтау қоймаса да бар.  Онда 5100 тоннаға дейін өнімді сақтауға болады.  «Қазіргі таңда көшет отырғызу, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Өнімді тамыз айында жинаймыз. Кейін қоймаға сақтауға жіберіледі. Біз жемісті ішкі нарыққа өткіземіз, сондай-ақ шетелдерге де экспорттаймыз. Өткен жылы 1500 тонна алма жинадық. Ал биыл екі мың тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз. Кәсіпорында 18 техника жұмыс істейді. Олардың қатарында тракторлар, түрлі культиваторлар, дәрі немесе тыңайтқыш шашатын, ағаштарды кесіп, арасын сирететін техникалар бар. Көшеттер Голландия мен Италиядан әкелінеді. Ал биыл 30 гектарға жергілікті тұқымбақтан алынған көшеттерді отырғызуды жоспарлап отырмыз», – дейді компания директоры.Кәсіпорында 100-ден астам адам жұмыс істейді. Қызу еңбек кезінде жұмысшылардың да саны көбейеді. Оларға мамандар техникалардың қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп, кеңес береді.Бүгінде аумағы 1600 шаршы метр болатын кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Онда шырын, пюре, джем, смузи және балалар тағамын өндіру жоспарланған.Облыста бұдан өзге де алма бағын баптап, өсіретін кәсіпорындар көп. Оларға мемлекет тарапынан қолдау зор. Сондықтан болашақта Алматы облысының болмысын айшықтайтын алма бақтары бұдан да жандана түспек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1200739?lang=kk
Павлодар облысы бойынша МКД басшысы Ержанатоктархановтың автокөлік иелеріне көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегі туралы өтініші 14.04.2026
Құрметті облыс тұрғындары!Мен автокөлік иелеріне жүгінемін.Бүгінгі таңда өңірде 147 мыңнан астам автокөлік иелері тіркелген. Бұл ретте олардың 46% - ға жуығы көлік салығы бойынша жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден астам берешегі бар.Естеріңізге сала кетейін, салық төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталды. Барлық борышкерлерге хабарламалар жіберілді және әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. Міндеттемелер орындалмаған жағдайда материалдар мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушыларына беріледі.Полиция департаментімен және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Берешек анықталған кезде автокөлік қарызды толық өтегенге дейін айыппұл тұрағына қойылуы мүмкін.Салық дербес есептелетінін атап өтемін. Мұны Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы немесе e-salyq azamat мобильді қосымшасы арқылы жасауға болады.Барлығын салық міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырамын. Бұл айыппұлдар мен қосымша шығындардан аулақ болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1200776?lang=kk
Қазақстан Халық Банк акционерлік қоғамына еншілес ұйым – «COMRUN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін иеленуге рұқсат беру туралы 14.04.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасымен «Қазақстан Халық Банк акционерлік қоғамына  еншілес ұйым – «COMRUN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін иеленуге рұқсат беру туралы» 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 60 қаулы қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1200784?lang=kk
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына. СЭҚ үшін маңызды: кедендік тізілімдерге жаңа қолжетімділік 14.04.2026
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!Сіздерді кедендік тізілімдермен танысу тәртібіндегі өзгерістер туралы хабардар етеміз. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 485-бабына сәйкес кеден органдары кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдерін жүргізетінін естеріңізге саламыз.Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасына (МОИРБТ) көшуге байланысты заңды тұлғаларды тізілімдерге енгізу, олардан шығару туралы өзекті ақпарат, сондай-ақ қызметті тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы мәліметтер енді жаңа мекенжай бойынша орналастырылады. gov.kz порталында мына бөлімге өтіңіз: Қызмет – Салалық құжаттар – Кедендік әкімшілендіру – Тізілімдер.Жылдам өту үшін мына тікелей сілтемені пайдаланыңыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/282421?lang=ruӨзекті деректерге жедел қол жеткізу үшін осы сілтемені сақтап қоюды ұсынамыз.Бұрын бұл ақпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында – https://kgd.gov.kz орналастырылатын. Павлодар облысы бойынша МКД кедендік әкімшілендіру басқармасы   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1200790?lang=kk
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу 14.04.2026
      Сыбайлас жемқорлық — бұл жай ғана құқық бұзушылық емес, ол мемлекеттіліктің негіздеріне, экономикалық дамуға және қоғамның сеніміне нұқсан келтіретін ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек жекелеген органдардың міндеті емес, бұл – мемлекет пен әрбір азаматтың ортақ ісі екенін ашық айту қажет.Сыбайлас жемқорлық тікелей экономикалық шығын келтіреді. Инфрақұрылымды дамытуға, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдауға бағытталуы тиіс қаражат жосықсыз тұлғалардың қалтасында қалып қояды. Бұл өз кезегінде даму қарқынының баяулауына, халықтың өмір сүру сапасының төмендеуіне және әлеуметтік теңсіздіктің артуына әкеледі. Нәтижесінде қарапайым азаматтар зардап шегеді — яғни мемлекеттік жүйе қызмет етуі тиіс негізгі топ.Алайда сыбайлас жемқорлықтың зияны тек экономикамен шектелмейді. Ол билік институттарына деген сенімді әлсіретеді, қоғамда әділетсіздік пен жазасыздық сезімін қалыптастырады. Заң алдындағы теңдік қағидаты бұзылған кезде, қоғамдық қатынастардың бүкіл жүйесіне нұқсан келеді. Сондықтан елімізде «Заң мен тәртіп» қағидаты дәйекті түрде жүзеге асырылып келеді, ол адал, әділетті және ашық қоғам қалыптастыруға бағытталған.Бұл мәселеде ерекше жауапкершілік мемлекеттік қызметшілерге жүктеледі. Мемлекеттік қызмет — бұл артықшылық емес, халыққа қызмет етудің жоғары миссиясы. Әрбір мемлекеттік қызметші заңнаманы қатаң сақтауға, адал, ашық әрі қоғам мүддесіне сай әрекет етуге міндетті. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісі жол берілмейді және заң аясында қатаң түрде тоқтатылуы тиіс.Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың екіжақты құбылыс екенін түсіну маңызды. Жауапкершілік тек пара алатындарға ғана емес, оны беретіндерге де жүктеледі. Мәселені заңсыз жолмен «шешуге» ұмтылу — бұл да заң бұзушылық және әділдік қағидаттарына қайшы әрекет. Мұндай іс-әрекеттерге мүлдем төзбеушілік қалыптастыру — қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі.Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылуда. Маңызды бағыттардың бірі — халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ адам факторын азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендететін цифрлық технологияларды енгізу. Үдерістер неғұрлым ашық болған сайын, заңсыз әрекеттерге мүмкіндік соғұрлым азаяды.Сонымен қатар, өскелең ұрпақты тәрбиелеу аса маңызды бағыт болып табылады. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру — ел болашағына салынған инвестиция. Қазіргі таңда мектептер мен оқу орындарында адалдық, әділеттілік және жауапкершілік қағидаттарын дәріптеуге бағытталған тақырыптық сабақтар, кездесулер мен іс-шаралар өткізілуде. Жастар табысқа тек еңбек пен білім арқылы жетуге болатынын, заңды айналып өту жолымен емес екенін анық түсінуі тиіс.Біз адалдықты өмірлік нормаға айналдырған, ал сыбайлас жемқорлықты мүлде қабылдамайтын ұрпақты тәрбиелеуіміз қажет. Тек осылай ғана мықты әрі әділетті мемлекет құруға болады.Осы орайда әрбір азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы да маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қоғамдық нормаға айналуы тиіс. Әрқайсымыз заңдылық пен әділдік қағидаттарын ұстанған жағдайда ғана, біз жемқорлыққа жол бермейтін тиімді жүйе қалыптастыра аламыз.Сыбайлас жемқорлық — бұл қоғам болып қарсы тұруды талап ететін кесел. Тек мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы біз бұл құбылысты жойып, тұрақты дамуға және азаматтарымыздың лайықты болашағына қол жеткізе аламыз.Таңдау әрқашан өз қолымызда: заңмен өмір сүру немесе оны айналып өту жолдарын іздеу. Ал тек заң жолы ғана мықты, әділетті және өркендеген Қазақстанға бастайды.Курчатов қаласының әкіміБ. Әбдралиевтіңсыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мақаласыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1200806?lang=kk
AlmaU Creative Forum-ның алғашқы күні: кино, медиа, жасанды интеллект және байланыс саласы сарапшыларынан мастер-класстар 14.04.2026
  2026 жылғы 13 сәуірде Алматы қаласындағы Almaty Creative алаңында AlmaU Creative Forum өз жұмысын бастады. Бұл үш күндік форум студенттерді, сарапшыларды және креативті индустрия өкілдерін біріктіруге бағытталған. Форум Media and Film School AlmaU-дың 5 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. «Форум бастапқыда креативті индустрияның негізгі бағыттарын қамтитын платформа ретінде ойластырылды: Workshop Day, Industry Day және Science Day. Біз креативті саладағы студенттерді, жас мамандарды және өз жолын енді бастаған барлық қатысушыларды біріктіруге ұмтылдық. Бес жыл бойы Media and Film School AlmaU үшін тәжірибеге негізделген оқыту және студенттердің кәсіби дамуына мүмкіндік жасау басты басымдық болып келеді», - деп атап өтті Media and Film School AlmaU деканы Анара Секеева. Бірінші күн - Workshop Day - практикалық оқытуға, тәжірибе алмасуға, медиа, байланыс және цифрлық контент саласындағы өзекті трендтерді талқылауға арналды. Бағдарлама аясында саладағы тәжірибелі мамандардың қатысуымен бірқатар воркшоптар мен пікірталастар өтті. «Режиссер және Rental: техникалық ойлау киноның визуалды стилін қалай қалыптастырады» атты тақырыппен режиссер, ANG Rental компаниясының жетекшісі Артем Ганцев сөз сөйледі. «Идеядан кадрға дейін: кез келген жабдықпен кәсіби контентті қалай жасауға болады» атты сессияда режиссер, креатор және блогер Димаш Аубакиров пен yume.rent компаниясы басшысының орынбасары, оператор-постановщик Томас Төлеухан өз тәжірибелерімен бөлісті. Модератор ретінде Media and Film School Lab директоры Ботакөз Асқарова қатысты. «Менің басты кеңесім - өз көзқарасыңды қорғай білу. Көп жағдайда тапсырыс берушілер креаторда бар деңгейдегі көрегендікке ие бола бермейді. Мұны түсіну және өз шешімдеріңді ұсынудан қорықпау маңызды. Кейін дәл осы іске асқан жұмыстар сіздің стиліңізді қалыптастырады, ал жаңа клиенттер “мен де осындайды қалаймын” деген сұраныспен келеді», - деді Димаш Аубакиров. Креативті серіктестіктерге арналған PR панельдік пікірталасында Media and Film School AlmaU коммуникациялар және ілгерілету жөніндегі директоры Айдана Айтбай модераторлық етті. Home Credit Bank-тің PR және экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару бағытының жетекшісі Гаухар Керимова продакшн-командалар, брендтер және коммуникация мамандары арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі туралы айтты. Кино және медиа контентті ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кино маркетингке арналған сессияда цифрлық продюсер Бақыт Тұрсынова стратегия құрудың негізгі құралдарын, соның ішінде көрсеткіштерді, концепцияны, қоғамдық байланыстарды, мақсатты аудиторияны, ілгерілету желілерін және уақыт кестесін қарастырды. Креаторларды дамытуға арналған блок TikTok платформасының өзекті трендтеріне арналды, оның ішінде ниша таңдау, аудиториямен жұмыс және 2026 жылы даму мүмкіндіктері қарастырылды. «Тревел-нишада әлі де бос кеңістік көп, себебі көптеген авторлар тез шаршап, бұл бағыттан кетіп қалады. Сонымен қатар, саяхат контенті үлкен шығынды талап етеді деген стереотип бар. Шын мәнінде, саяхат үйден шыққан сәттен басталады. Бұл ниша әлі де ашық және онда үнемі жаңа авторлар пайда болып отырады», - деген пікірмен тревел-креатор Асет Мурзабаев бөлісті. «Видеолар миллиондаған қаралым жинауы мүмкін, бірақ жазылушыларға айналмауы да ықтимал. Сол кезде мен контентті бөліктерге бөлуді бастадым: біріншісі - процесс, екіншісі - нәтижесі кейінірек көрсетілетін бөлім. Бұл формат аудиторияны жақсырақ ұстап, жазылушылар санының өсуін айтарлықтай арттырды», - деді суретші және TikTok-креатор Асель Сабыржанқызы. «Мен әлеуметтік желілерде ойын-сауық пен мазмұн арасындағы тепе-теңдікті сақтауды ұсынар едім. Адамдар көбіне демалу үшін келеді, сондықтан күрделі тақырыптармен шамадан тыс жүктемеу маңызды. Рубрика форматтары жақсы жұмыс істейді, өйткені олар назарды ұстап, аудиторияда әдет қалыптастырады», — деп бөлісті TikTok-креатор Айша Байділдаева. Бағдарламаның қорытынды бөлігі кино мен медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөліне арналған пікірталас болды. Онда AI технологияларын қолдану мүмкіндіктері мен кәсіби қауымдастық үшін ықтимал сын-қатерлер қарастырылды. Бұл тақырыпта медиахудожник, Prizma AI Studio нейродизайнері Риз Есентаев және жасанды интеллект арқылы бизнесті трансформациялауға маманданған сериялық кәсіпкер Ник Макфлай сөз сөйледі. «Жасанды интеллектті пайдалану арқылы бейне контент өндіру индустрия экономикасын түбегейлі өзгертті. Бүгінде AI көмегімен клип жасау шамамен 400 доллар тұрады, ал 15 жыл бұрын мұндай продакшн жүздеген мың долларға бағаланатын. Адам ресурстарын есептемегенде, құн айтарлықтай төмендеп, технологиялар креаторлардың кең ауқымы үшін қолжетімді болды», — деді Ник Макфлай. AlmaU Creative Forum-ның алғашқы күні креативті индустриядағы өзекті тақырыптар мен практикалық оқытуға жоғары қызығушылық бар екенін көрсетті, қатысушыларды тәжірибе алмасу мен пайдалы инсайттар төңірегінде біріктірді.
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 14.04.2026
«Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Кездесуге Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі Дінслам Русланұлы Әлжан қатысып, құқықтық нормаларды сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, интернет-алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, сталкинг және өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіріп өтті.
Сингапурда көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды 14.04.2026
Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Асқар Құттықадам Сингапур Сыртқы істер министрлігінің көпжақты ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Бас директоры Нг Бун Янмен жұмыс кездесуін өткізді.Қазақстандық дипломат 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған ҚР жаңа Конституциясына сәйкес, еліміз халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын құрметтейтінін, бейбітшілік пен мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастық саясатын жүргізетінін, олардың ішкі істеріне араласпау және халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу ұстанымын ұстанатынын атап өтті.Осы орайда тараптар Қазақстан мен Сингапурдың мультилатерализм мен халықаралық құқық идеалдарына берік бейілділігін, сондай-ақ жаһандық сын-қатерлер жағдайында орта және шағын мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру қажеттігін қанағаттанушылықпен атап өтті.Қазақстандық дипломат Президент Қ.К.Тоқаев 2025 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының жалпы дебаттарындағы сөзінде мәлімдегендей БҰҰ реформасы жөніндегі Астананың негізгі ұстанымдарын, соның ішінде Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің мүдделерін ескере отырып Қауіпсіздік Кеңесін жаңғырту мәселесімен таныстырды.Қазақстан тарапы БҰҰ жүйесін трансформациялау және нығайту ісіне түрлі халықаралық бастамаларды ұсыну арқылы практикалық үлес қосуға ұмтылатыны атап өтілді. Олардың қатарында 2025 жылы Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығын құру, БҰҰ-ның ЭСКАТО аясында тұрақты даму үшін цифрлық шешімдердің Азия-Тынық мұхиты орталығын құру және Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру жөніндегі ұсыныстар бар.Кездесу барысында ерекше назар Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасына аударылды. Сингапур тарапы 2026 жылғы 23 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит аясындағы консультациялар шеңберінде осы маңызды идеяны талқылауға қайтадан шақырылды.Кездесу барысында тараптар халықаралық аренадағы қазақ-сингапур өзара іс-қимылының жай-күйіне, соның ішінде бір-бірінің бастамалары мен кандидатураларын өзара қолдауға оң баға берді. 2026 жылғы сәуірдің соңында Астанада өтетін сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың бесінші раунды және жоғары деңгейдегі өзге де жоспарланған іс-шаралар қарсаңында тараптар екі елдің басымдықтары мен БҰҰ жүйесінің бірқатар мекемелерінің басшылық органдарына ұсынылатын кандидатуралар бойынша өз ұстанымдары бойынша «сағаттарды теңестірді».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-singapore/press/news/details/1200141?lang=kk
"Айналадағы тазалық — тарихты құрметтеу" 14.04.2026
Миролюбов ауылдық округінде экологиялық акция аясында Таза Қазақстан аумағын жақсарту және санитарлық тазалау іс-шарасы өткізілді.Акция барысында қатысушылар косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізді, естелік объектілеріне қол жеткізілді, сондай-ақ әкімдікке іргелес аумақ тазаланды. Тазалықты сақтауға және тарихи-мәдени мұраны сақтауға ерекше назар аударылды.Осындай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді, тұрғындардың қоршаған ортаның жағдайына деген жауапкершілігін арттырады және өмір сүруге ыңғайлы жағдайлар жасауға үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/1200158?lang=kk
Бақылау тексерісі: Қарулы күштерде қысқы оқу кезеңінің қорытындысы шығарылуда 14.04.2026
Қарулы күштердің түрлері, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің басқару органдары, құрамалар мен әскери бөлімдер жауынгерлік әзірлік бойынша емтихан тапсырып жатыр.Бақылау тексерісі әскерлердің жауынгерлік және жедел дайындығы деңгейін арттыруға бағытталған. Оқу полигондарында тактикалық оқу-жаттығулар, бақылау жаттығулары, сондай-ақ күндізгі және түнгі уақыттардағы атыстар өткізіледі. Қарумен оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау мәселесіне ерекше назар аударылады.Сабақтар мен жаттығулар барысында бөлімшелердің үйлесімділігі, белгіленген мерзімде тапсырмаларды орындау қабілеті тексеріліп, жеке құрамның дайындық деңгейі бағаланады.Әскери қызметшілер тактикалық, арнайы, атыс, дене дайындығы, мемлекеттік-құқықтық дайындық, әскери топография және басқа да пәндер бойынша сынақтар тапсырады. Сондай-ақ тактикалық буын командирлерінің штаттық және қосымша бөлімшелерді ұрыс атыстары мен тактикалық оқу-жаттығулар кезінде басқару қабілеті бағаланатын болады. Бақылау тексерісі нәтижелеріне сәйкес әскери бөлімдердің қолбасшылығына жауынгерлік әзірлікті арттыруға бағытталған практикалық көмек көрсетіледі.Бұдан бөлек, әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілу жағдайы, техника мен қару-жарақтың қойылған міндеттерді орындауға дайындығы тексеріледі. Тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру деңгейі, бөлімшелердің күнделікті қызметі және әскери тәртіптің жай-күйі бағаланады.Бақылау тексерісінің қорытындысы бойынша әскери бөлімдер мен бөлімшелердің қызметіне кешенді баға беріліп, жауынгерлік дайындық сапасын одан әрі арттыру бағыттары айқындалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1200127?lang=kk