Enbekshi QazaQ

Қоғам

2025 жылдың 10 қазанында «СҚО Әділет департаменті» РММ-нің «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Исаканова Ж.Б. жеке сот орындаушысы А.Ж. Мукашевамен бірлесіп, мемлекеттік кепілдік берілген заң көмегін көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау өткізді. 15.10.2025
Азаматтарға атқарушылық іс жүргізу саласындағы құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берілді. Сондай-ақ цифрлық көмекші – чат-ботты пайдалану тәртібі түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1084862?lang=kk
Аудан тұрғындарының өтініштері басты назарда 15.10.2025
Бүгін ІІІ Интернационал ауылдық округінің Мәдениет үйінде аудан әкімі Жандос Еркінбек құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысымен бірлесіп жеке қабылдау өткізді.Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткен қабылдауға әр елді мекеннен келген 40-тан аса тұрғын қатысып, өздерінің жеке және әлеуметтік мәселелерін ортаға салды.Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй мәселесі, жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау, ауылдық округтердегі инфрақұрылым, құқықтық кеңес сынды әртүрлі бағыттағы мәселелер көтерілді.Сонымен қатар, ауыл тұрғындары жол сапасы, әлеуметтік көмек алу тәртібі туралы да сұрақтар қойып, тиісті сала басшыларынан нақты жауап алды.Аудан басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын айтып, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді.Жандос Еркінбек алдағы уақытта да азаматтардың өзекті мәселелерін тыңдау арқылы, ашық әрі тиімді басқару жүйесін жүзеге асыруды жалғастыра беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1084864?lang=kk
Қармақшыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тал егу шарасы өтті 15.10.2025
«100 жылдық пайда ойласаң – тал ек» — қазақтың көнеден келе жатқан осы нақылы табиғатпен үндестік пен ұрпақ алдындағы жауапкершілікті меңзейді.Бүгін Қармақшы ауданының орталығындағы «Жастар саябағында» Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасы өтті.Игі іске аудан әкімі Жандос Еркінбек, мемлекеттік мекеме басшылары, ардагерлер, жастар ұйымдарының өкілдері және еріктілер қатысты. Аудан басшысы өз сөзінде:– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы ауданымызда кең көлемде жүзеге асуда. Аудан орталығындағы көшелер мен саябақтар, қоғамдық орындар мен тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, туған жеріне жанашырлықпен қарайтын тұрғындардың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде ауданымыз таза әрі көрікті мекенге айналып келеді. Осы орайда, бүгінгі шараға қатысып, белсенділік танытып отырған барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын табады деп сенемін, – деп сөзін қорытындылады.Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз алып, бұл бастаманың жастарға үлгі, қоғамға қажетті әрі тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.Шара соңында қатысушылар саябақ аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, тазалық пен абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1084893?lang=kk
Грекия және Қазақстан арасындағы тікелей әуе қатынасын орнату мәселелері Афинада талқыланды 15.10.2025
Афина, 2025 жылғы 10 қазан – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекияның ең ірі әуе компаниясы «Aegean Airlines» басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Грекия арасында тікелей әуе қатынасын орнату перспективалары, сондай-ақ азаматтық авиация және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.Елші екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерін дамыту өзара мүдделерге сай келетінін және бұл туристік алмасудың өсуіне, іскерлік байланыстар мен гуманитарлық қатынастарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Қазақстан Грекияны Оңтүстік-Шығыс Еуропа аймағындағы маңызды серіктестердің бірі ретінде қарастырады және оның туристік әрі транзиттік әлеуетін жоғары бағалайды.«Aegean Airlines» басшылығы қазақстандық нарыққа шығу мүмкіндіктерін зерделеуге қызығушылық танытып, бұл бағыттың жолаушылар ағынының өсуі мен Қазақстанның ұлттық авиатасымалдаушыларымен ықтимал әріптестік тұрғысынан тартымдылығын атап өтті.Тараптар тұрақты диалогты қолдап, авиациялық билік пен салалық құрылымдар арасындағы ақпарат алмасуды қоса алғанда, ықтимал әріптестіктің практикалық аспектілерін бірлесіп пысықтауға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1084636?lang=kk
Димаш Қазақстанның Мехикодағы елшілігінде қабылданды 15.10.2025
2025 жылғы 9 қазанда Елшілік Stranger» дүниежүзілік турне аясында Мексикада концерт берген әлемдік жұлдыз Димаш Құдайбергенді, сондай-ақ оның отбасын және концерттік команда мүшелерін қабылдады.Димаштың тығыз кестесіне қарамастан, ол қазіргі уақытта Мексикада тұрып жатқан отандастарымен жүздесуге мүмкіндік тапты. Мұндай назарды жергілікті қазақ диаспорасы ерекше ықыласпен қабылдады.Мексикада болу және концерттер туралы әсерлерімен бөлісіп, Димаш барлық жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, мексикалық көрермендердің аса қонақжайлы қабылдауын және ерекше энергетикасын жоғары бағалады.Елшілікке баруының маңызды бөлігі қазақ дәстүрлері мен мәдениетін насихаттау болды. Ол Қазақстанның Мексикадағы елшісі Алмұрат Тұрғанбековпен тоғызқұмалақ ойынында бірінші жүріс жасап, бір жастағы қазақстандық Халид Йылдызға «тұсаукесер» рәсімін өткізіп, оған үлкен болашаққа батасын берді.Кездесудің ең эмоционалды бөлігі жанкүйерлерімен суретке түсіп, автографтарды тарату болды. Бірде-бір келген адам назардан тыс қалған жоқ. Жанкүйерлер өз кезегінде Димашқа, оның отбасына және командасына Мексика мен осы кездесудің естелігі ретінде көптеген сыйлықтар ұсынды, сондай-ақ оларды шаймен және үйдің тәттілерімен сыйлады.Елшілік Димаш Құдайбергенге, оның ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтарға, қарындасы Раушанға, ағасы Мансурға және команда мүшелеріне жылы әңгімелескен сәттері үшін шексіз алғысын білдіреді!Димаш Мексикада болашақта тағы да концерт ұйымдастыруға ниет білдіргенін атап өтті.Мехикода онымен жаңа кездесуді асыға күтеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1084652?lang=kk
Конституциялық Сот «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты 15.10.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Конституциялық Соттың судьялары мен Аппарат қызметкерлері елордада жалпы қалалық сенбілікке қатысып, Бұқар жырау көшесінің бойында 30-дан астам шетен мен қарағаш көшеттерін отырғызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1084658?lang=kk
Нұрғиса Тілендиевтің туған ауылында еңселі стела орнатылды 15.10.2025
Ұлт руханиятының ұлы тұлғасы, Халық қаһарманы, әйгілі композитор, күйші әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің кіндік қаны тамған ауылында демеушілердің қолдауымен еңселі стела бой көтерді. Архитектуралық тұрғыдан ерекше пішінге ие бұл ескерткіште қазақтың қасиетті домбырасы мен пәктік пен сұлулықтың символы саналатын аққу бейнеленген.Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев қатысып, өңір тұрғындарына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын және алғысын жеткізді. Шараға сондай-ақ ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов, ауыл тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар стела орнатылған алаңға ағаштар отырғызды.Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ескерткіш пен мәдениет үйі ашылған болатын. Сондай-ақ өңірдің өнерпаздары мен қолөнер шеберлері ұлы композитордың мерейтойына арналған іс-шаралар аясында Пекин, Бішкек және Мәскеу қалаларында Қазақстан мәдениетін жоғары деңгейде таныстырды.Жалпы, Нұрғиса Тілендиевтің ЮНЕСКО көлемінде аталып жатқан 100 жылдық мерейтойы аясында жыл басынан бері республикалық және халықаралық деңгейдегі мәдени іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.Ұлы тұлғаға тағзым – ұлт рухын ұлықтау!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1084665?lang=kk
Ардагерлер ақмолалықтардың Жеңіске қосқан үлесі туралы кітапты мектеп кітапханаларына табыстайды 15.10.2025
Елордада Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Астана. Жеңіс жауынгерлері» атты кітаптың тұсаукесері өтті.Іс-шараны елорда әкімдігі, қорғаныс істері жөнідегі департаменті, «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі және қалалық ардагерлер кеңесі бірлесіп ұйымдастырды. Оған ардагерлер мен ел тарихына есімдері енген жауынгерлердің ұрпақтары қатысты.Кітап елордалық Ардагерлер кеңесінің бастамасымен, Астана әкімдігінің қолдауымен әзірленген. Негізгі мақсаты – жерлестеріміздің ерліктерін ұрпақ жадында сақтау және жастарды аға буынның жарқын үлгісі арқылы еңбексүйгіштікке баулу.– Бүгінгі тұсаукесер – бұл әкімдік, республикалық және қалалық ардагерлер ұйымдары және қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бірлескен жұмысының нәтижесі, – деді «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов. – Ақмола қаласы мен Ақмола облысынан әскерге шақырылған жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктері туралы бұл кітап жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде үлкен көмек болмақ.Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есіловтің айтуынша, кітап елорда мектептерінің кітапханаларына табысталады. Бұл оқушыларға ақмолалық жауынгерлердің ерлігі мен тарихтағы жарқын беттермен танысуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1084666?lang=kk
Әскери қызметшілер «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдады 15.10.2025
Қарулы күштердің жеке құрамы Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты. Іс-шара еліміздің барлық гарнизонын біріктірді. Астанада жалпықалалық сенбілікке Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың, әскери оқу орындарының басшылығы мен жеке құрамы, Ақмола өңірлік гарнизонының құрамалары мен әскери бөлімдері қосылды.Әскери қызметшілер көшелерді, скверлерді және үй маңындағы аумақтарды, оған қоса әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері тұратын аудандарды абаттандырды.Негізгі жұмыстар елорда көшелерінде және әкімшілік ғимараттарға іргелес жатқан учаскелерде жүргізілді. Бас штабтың жеке құрамы Қорғаныс министрлігі ғимаратының айналасын ретке келтірді. Құрлық әскерлерінің бөлімшелері гарнизонның әскери бөлімдері мен объектілері орналасқан жерлердегі аумақтарды тазартты.Әскери қызметшілердің мұндай акцияға қатысуы Қарулы күштердің әлеуметтік жауапкершілігінің және мемлекеттік экологиялық күн тәртібін қолдаудың айқын дәлелі. Өткізілген іс-шаралар азаматтық ынтымақтастықты нығайтуға, елді мекендер мен әскери қалашықтардың экологиялық жайын жақсартуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1084685?lang=kk
Қорқыт мұрасы: Түркі әлемінің ортақ құндылығы 15.10.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің аясында «Қорқыт мұрасы: Түркі әлеміне ортақ эпикалық құндылықтар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.Алқалы жиынға «Түркі мәдениеті және мұрасы» қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және отандық белгілі ғалымдар, зерттеушілер мен мәдениет майталмандары қатысты.Аймақ басшысы Президент бекіткен «Түркі әлемінің келешегі – 2040» құжаты аясында ортақ құндылықтарды дәріптеу маңызды басымдық екенін атап айтты.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжат бекітілді. Ең бастысы, бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түстік. Ортақ құндылықтарымызды төрткүл дүниеге таныттық. Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат – өзара сенім мен бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау», – деген болатын.Қорқыт ата – түбі бір түркі халықтарына ортақ рухани тұлға, ел бірлігі мен мәңгілік өмір идеясының символы. Оның даналығы, мұрасы, тағылымы ғасырлар бойы рухани тірегімізге айналып, ұлт пен ұрпақтың жадында сақталып келеді. Бүгінде Қорқыт мұрасын зерттеу – өткенді тану ғана емес, болашағымызға бағытталған рухани миссия. Осы мақсаттағы ғылыми ізденістер мен халықаралық байланыстар түркі халықтарының мәдени тұтастығын нығайтуға, рухани үндестігін арттыруға зор үлес қосты», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Конференцияда «Түркі мәдениеті және мұрасы» қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы фольклор институтының директоры Хикмет Кулиев, Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Анарбай Бұлдыбай, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Жылдыз Орозобекова, Қажы Байрам Вели атындағы Анкара университетінің профессоры Мехмет Чевик, Түркияның белгілі этномузыкатанушысы, ғалым Фикрет Каракая, Өзбекстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Ә.Науаи атындағы Мемлекеттік әдебиет музейінің директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жоппор Эшонкұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жырау, ұстаз Алмас Алматов, филология ғылымдарының кандидаты Рақыш Жұмашай, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының доценті Ұлжан Байбосынова пікір білдірді.Айта кетейік, 2018 жылы Қорқыт ата мұралары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді. Бүгінде ұлы ойшылдың рухына тағзым ету, мұрасын сақтау және кеңінен насихаттау бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда.Бүгінде Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалы – туристердің рухани демалыс орны, кешен басында келушілерге барлық жағдай жасалған. Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата кітабының 1300 жылдығына» арналған аллея жаңғыртылып, тұрғындардың саялы орнына айналды. Қорқыт ата халықаралық әуежайының жаңа терминалы іске қосылды.Ортағасырлық тарихи-мәдени мұраларды халықаралық деңгейде таныту үшін Ұлттық музей, ТҮРКСОЙ ұйымы және Түркияның Мәдениет және туризм министрлігімен бірлескен шаралар өткізілуде. Қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер негізінде «Шірік Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы», «Түгіскен көсемі», «Жетіасар ақсүйек әйелі» мүсіндері жаңғыртылып, ғылыми айналымға енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1084429?lang=kk
Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша семинар 15.10.2025
2025 жылғы 9 қазанда ШҚО білім басқармасы Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығымен бірлесіп, колледж директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен психологтарына «ТжКБ ұйымдарында суицидтің алдын алу және оның салдарын болдырмау бойынша кешенді жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді.Семинар барысында жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының негізгі себептері, талдау әдістері мен алдын алу шаралары қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1084445?lang=kk
Қаратал ауданында салық заңнамасындағы өзгерістер талқыланды 15.10.2025
Іс-шараға жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер және аудан тұрғындары қатысты. Қатысушыларға 2026 жылдан бастап күшіне енетін салық заңнамасындағы өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, Салық кодексінің жаңа редакциясындағы өзекті тұстарын түсіндірді.Кездесу барысында салықтық есептілікті жеңілдету, арнайы салық режимдерін жетілдіру, қосылған құн салығын реформалау, жалпыға бірдей декларациялау және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру мәселелері қарастырылды.Сонымен қатар, қатысушыларға алдағы өзгерістерге дайындық бойынша практикалық ұсынымдар беріліп, бизнес өкілдері мен салық саласы мамандары арасында тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.Ашық диалог форматы конструктивті талқылауға мүмкіндік беріп, кәсіпкерлер мен аудан тұрғындарының жаңа салықтық ережелерге алдын ала бейімделуіне жағдай жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1084476?lang=kk
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді 15.10.2025
Алматы облысы Іле ауданының Еңбек ауылында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды және қаржыландыру мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды.Жалпы ауданы 612 шаршы метрді құрайтын жаңа медициналық пункт Еңбек ауылының және Алатау қаласының іргелес аумақтарындағы 900-ге жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Мұнда фельдшер, акушер, санитар және күзетші жұмыс істейді. Ғимарат заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, науқастарды қабылдауға және медицина қызметкерлерінің жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған.Жаңа ФАП-тың ашылуы ауыл тұрғындарына уақытылы әрі сапалы алғашқы медициналық көмек алу мүмкіндігін кеңейтеді.Облыс әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, осындай жобалардың жүзеге асырылуы ауылдық жерлердегі медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, алғашқы медико-санитарлық көмек жүйесін нығайтуға жол ашады.«Біз мемлекетке қайтарылған активтердің нақты нәтижесін көріп отырмыз. Бұл қаражаттар әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағытталып жатыр. Еңбек ауылындағы жаңа ФАП – осының жарқын мысалы. Қайтарылған ресурстар халық игілігіне жұмсалып, жергілікті өмір сапасын арттыруға қызмет етуде», – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.Нысанның құрылысы Алматы облысының құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша жүргізіліп, «АСК АуылҚұрылысы» ЖШС мердігер ұйымы тарапынан салынды.Аймақта мұндай бастамалар ауылдық инфрақұрылымды дамытуға және облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1084481?lang=kk
Еуропа Кеңесінің Венециандық комиссиясы заң үстемдігінің жол беру шарттарының жаңартылған бақылау тізімін қабылдады 15.10.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   2025 жылғы 9-10 қазан аралығында Италияның Венеция қаласында Еуропа Кеңесі жанындағы Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Венециандық комиссиясы) 144-ші пленарлық отырысы өтті. Шараға Комиссия мүшелері, конституциялық соттардың төрағалары мен судьялары, әділет министрліктерінің өкілдері, соның ішінде Қазақстан өкілдері, сондай-ақ 61 елден келген белгілі заңгерлер мен ғалымдар қатысты.Қазақстан Республикасынан бұл отырысқа Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова мен Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев қатысты.Венециандық комиссиясының мүшелері Венгрия мен Словакия конституцияларына өзгерістер енгізу туралы заң жобалары, Словакияда қоғамдық маңызы бар қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың қызметі, Сот билігінің жалпы кеңесінің мүшелерін сайлауға және Испанияда мэрлердің сотқа дейін қамауда ұсталуының жергілікті демократиялық басқаруға әсері, Грузиядағы шетелдік агенттерді тіркеу және олардың қызметі, Косово мен Солтүстік Македониядағы Прокурорлар кеңесінің жұмысы, Украинадағы судьяларға қатысты тәртіптік және өзге де сот рәсімдерін жетілдіру, сондай-ақ Перудегі прокуратура органдарындағы құқықтық реформалар мәселелеріне қатысты қорытындыларды талқылады.  Сонымен қатар, елдер ұсынған заң жобалары бойынша ұсынымдық қорытындылармен қатар, Комиссия Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа арналған Amicus Curiae түріндегі сараптамалық қорытындыларды да қарастырды. Атап айтқанда, «Грузияның жас заңгерлер қауымдастығы және басқалар Грузияға қарсы» ісі бойынша, сондай-ақ Армения Республикасының Қылмыстық кодексінің 236-бабының құқықтық анықтығы тұрғысынан еуропалық стандарттарға сәйкестігіне қатысты пікірлер ұсынылды. Бұдан бөлек, Венециандық комиссиясы Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Соттың Grande Oriente D’Italia Италияға қарсы ісі бойынша парламенттік тергеу комиссияларының өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі рәсімдік кепілдіктерге қатысты жедел қорытындыны талқылады.Отырыста Венециандық комиссиясы алғаш рет 2016 жылы қабылданған Құқық үстемдігі қағидаттарының бақылау тізімінің жаңартылған нұсқасын қарастырды.Венециандық комиссия атап өткендей, «құқық үстемдігі» ұғымы - бұл заң жүйесінің айқын әрі болжамды болуын, әрбір азаматтың билік өкілдерінің тарапынан заңға сәйкес қадірлі, тең және әділ қатынасқа ие болуын, сондай-ақ олардың шешімдерін тәуелсіз әрі бейтарап соттарда әділ сот талқылауы арқылы даулауға құқығы бар екенін білдіреді.Құқық үстемдігі өлшемдерінің жаңартылған тізімі жаңа сын-қатерлер мен жедел цифрландыру үдерістерін ескере отырып әзірленген және бұл ұғымды дұрыс әрі бірыңғай түсіну, талқылау және қолдануға жәрдемдесуді мақсат етеді.Отырыстың аясында Венециандық комиссиясының мүшелері Еуропа Кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі комиссарымен және Еуропалық комиссияның Сот төрелігі және тұтынушылар мәселелері жөніндегі Бас директораттың (DG JUST) бас директорымен пікір алмасты.Бұдан өзге, елдердің Комиссиямен ынтымақтастығы, конституциялық бақылау саласындағы тәжірибе алмасу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және адам құқықтарын қорғау, сондай-ақ, өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды.Қазақстанның мұндай халықаралық шараларға қатысуы еліміздің ұлттық құқықтық жүйесін жетілдіруге және қабылданған міндеттемелерге сәйкес демократиялық институттарды нығайтуға деген ұмтылысын тағы бір рет айғақтайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1084517?lang=kk
Алитуста Кеңес Одағының Батыры А.Тихоненкоға құрмет көрсетілді 15.10.2025
Алитус, 2025 жылғы 10 қазан – Литвадағы Қазақстан Елшілігінің өкілдері, Тимур Оразаев жетекшілігімен, Ұлы Отан соғыстың батыры және Қазақстан тумасы Алексей Яковлевич Тихоненконың рухына тағзым етіп, оның Алитус қаласындағы жерленген жеріне гүл шоғын қойды.А. Тихоненко Ұлы Отан соғысы майдандарында ерлік пен жанқиярлықтың үлгісін көрсетті. Ол фашизмге қарсы ортақ Жеңіске айтарлықтай үлес қосып, Отанын және болашақ ұрпақтың еркіндігін қорғады. Тихоненконың ерлігі соғыстың ең ауыр жылдарында бейбітшілікті қорғауға шыққан жүздеген мың қазақстандықтардың батырлығы мен жанқиярлығын бейнелейді.Дипломатиялық өкілдіктің басшысы Тимур Оразаев Қазақстанның тарихи жадыны сақтау мен бейбітшілік жолында жанын пида еткендерді құрметтеуге үлкен мән беретінін атап өтті. «А. Тихоненко сияқты тұлғалардың есімі – жай ғана тарих емес. Бұл – ұрпақтар арасындағы тірі байланыс әрі халықтарымызды біріктіретін достықтың маңызды бөлігі», – деді ол. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1084573?lang=kk
Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы делегациясының сапары туралы 15.10.2025
2025 жылғы 10 қазанда Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде Есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) директоры М.Т. Хамидов және ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Р.Т. Ильясовпен кездесу өтті.Кездесудің мақсаты халықаралық ынтымақтастықты нығайту және наркотизмге қарсы күрес мәселелерін талқылау болды.Іс-шара аясында Комитет Төрағасы Сәбит Нұрлыбай Мемлекет басшысының «Орталық Азия-Ресей» екінші саммитінде айтқан «әлемде есірткінің, әсіресе синтетикалық заңсыз айналымы елеулі алаңдаушылық туғызып отырғаны» туралы сөздеріне тоқтала кетіп, қонақтарды Бас прокуратура ведомствосының қызметі туралы хабардар етті.Атап айтқанда, Комитет жинақталған құқықтық ақпарат негізінде бірегей ақпараттық-талдау жүйелерін енгізіп, дамытуда, оның көмегімен заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал ететін қылмыстық және әкімшілік процестердің барлық кезеңдері цифрландырылды.Жаңадан құрылған Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталықтың жұмысын талқылауға және оның ОАӨАҮО-мен одан әрі ынтымақтастығының перспективаларына ерекше назар аударылады.Тараптар накротизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика жәнеарнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1084576?lang=kk
Нью-Делиде Қазақстан мен Үндістан арасындағы басым бағыттар бойынша келіссөздер өтті 15.10.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 10 қазан - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Сыртқы істер министрлігінің орынбасары Сиби Джорджбен кездесу өткізді.Елші А. Есқараев С. Джорджді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы ақпарат берді. Ол саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылдың оң серпінін атап өтті.Қазақ дипломаты инвестициялық бағыттағы жұмысты жандандырудың және екіжақты сауда айналымын 3 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу жөніндегі бұрын белгіленген мақсатқа қол жеткізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Осыған орай тараптар импорт пен экспорт көлемін кеңейту, сауда номенклатурасын әртараптандыру, сондай-ақ үнді компанияларының Қазақстандағы ірі инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.Дипломаттар гуманитарлық байланыстарды (people-to-people) нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Туристік алмасуларды ұлғайту, білім беру бағдарламаларын дамыту және іскерлік сапарлар мен мәдени өзара іс-қимыл үшін қолайлы жағдай жасау шаралары қарастырылды.Алдағы екіжақты іс-шараларға дайындық аясында тараптар күн тәртібін практикалық мазмұнмен толықтырудың қажеттілігін атап өтті. Осыған байланысты С. Джордж Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультацияларды жеделдетуге дайын екенін білдірді. Аталған консультациялар жоғары деңгейдегі диалогты тереңдетуге бағытталған нақты қадамдармен жалғасады деп күтілуде.Сонымен бірге тараптар қазіргі өңірлік және жаһандық жағдай ынтымақтастықты кеңейту және маңызды мәселелер бойынша ұстанымдарды үйлестіру үшін қосымша мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті. Осы тұрғыда тараптар алдағы «Орталық Азия – Үндістан» мемлекет басшылары Саммитінің перспективалары бойынша пікір алмасты. Бұл саммит екіжақты бастамаларды ілгерілетудің және Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналмақ.Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар тұрақты байланыстарды қолдау және өзара қызығушылық тудыратын салалардағы бірлескен бастамаларды одан әрі ілгерілету туралы уағдаластыққа қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1084584?lang=kk
Қазақстан өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде азаматтық қоғамның рөлін күшейтуде 15.10.2025
Астана 2025 жылғы, 8 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде «Серіктестік арқылы бейбітшілік: Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі азаматтық қоғамның рөлі» атты халықаралық конференция өтті.Іс-шараға мемлекеттік органдардың, дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстанның, Орталық Азия елдерінің, Еуропа мен Ұлыбританияның үкіметтік емес және зерттеу орталықтарының өкілдері қатысты.Форумның негізгі тақырыбы – қоғамдық тұрақтылықты нығайту, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы серіктестікті дамыту және радикалданудың алдын алу мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық тәжірибемен алмасу болды.ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко қоғамдық дипломатияның өңірлік тұрақтылық пен сенімді нығайтудағы стратегиялық маңызын атап өтті. Еліміз бейбітсүйгіш сыртқы саясатын дәйекті түрде жүзеге асырып, сондай-ақ, азаматтық институттар қауіпсіздіктің белсенді субъектісіне айналатын «қоғам дипломатиясы» моделін дамытып отырғанын атап өтті.Конференция барысында «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы және Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары консорциумының жетекшісі Аманжол Уразбаев «Серіктестік арқылы бейбітшілік» жобасын іске асырудың нәтижелерін ұсынды. Ол құрылған Консорциум мемлекет, қоғам және сарапшылар біртұтас ерте әрекет ету және алдын алу жүйесі ретінде жұмыс істейтін азаматтық қауіпсіздік архитектурасының үлгісі болғанын атап өтті.Іс-шара аясында Қазақстанның ҮЕҰ консорциумы мен британдық «ConnectFutures» қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, радикалдануға қарсы іс-қимыл, зерттеу және білім беру саласындағы өзара әрекеттестіктің жаңа кезеңі басталды.Конференция Қазақстанның өңірлік диалог пен бейбітшілік дипломатиясының орталығы ретіндегі жетекші рөлін растады. «Серіктестік арқылы бейбітшілік» жобасы мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының тиімді үлгісі болып, бейбітшілік, сенім және тұрақтылықты нығайтуға үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1084598?lang=kk
Қазақстан Президентінің Жолдауы нидерландтық инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктердің көкжиегін ашады 15.10.2025
Гаага, 2025 жылғы 9 қазан – Гаага қаласында «Қазақстанға инвестициялар: нидерландтық бизнес үшін жаңа көкжиектер» тақырыбында іскерлік форум өтті. Іс-шараны Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі ұйымдастырды. Форумның мақсаты – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауының негізгі қағидаларымен кең аудиторияны таныстыру болды. Іс-шара мемлекеттік құрылымдар, бизнес қауымдастықтар мен Нидерланд компаниялары өкілдерімен сындарлы диалог пен өзара пікір алмасудың жарқын үлгісіне айналды. Қазақстан тарапынан жасалған таныстырылымдарда инвестициялық саясаттағы соңғы өзгерістер мен кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды кеңейту шаралары аясында нидерландтық инвесторлар үшін туындайтын жаңа мүмкіндіктер жан-жақты қамтылды.Кездесуді ашқан Нидерландтағы Қазақстанның Елшісі Қайрат Әбдірахманов өз сөзінде Мемлекет басшысының басшылығымен Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізіп, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру бағытын жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті. Өз сөзінде Елші Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бағыттарымен қатысушыларды таныстырып, бұл құжаттың жаңа технологиялық дәуір жағдайында елдің стратегиялық дамуын айқындайтынын ерекше атап өтті. Нидерланд Кәсіпкерлікті дамыту агенттігінің (RVO) бас директордың орынбасары Газиза Бахмани Қазақстанның ыңғайлы және ашық іскерлік орта қалыптастыру жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалап, тұрақты даму мен жаңа реформалар Нидерланд бизнесі үшін қосымша мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.«Қазақстан Нидерланд үшін маңызды әріптес болып қала береді – бұл тек жаңа экономикалық мүмкіндіктермен ғана емес, сондай-ақ өзара сенім мен ортақ келешекке деген көзқараспен де айқындалады. Жақында біз сыни шикізат материалдары бойынша сауда миссиясын ұйымдастырдық, ал бұған дейін порт инфрақұрылымын дамыту және логистика саласында табысты жоба жүзеге асырылған болатын. Бұл бастамалар біздің ынтымақтастығымыздың жоғары деңгейін және оның болашақта одан әрі нығая түсетініне деген сенімді дәлелдейді», – деді Г. Бахмани.Форум барысында мазмұнды баяндамалар жасалды. «KazakhInvest» ұлттық компаниясының Еуропа жөніндегі шетелдің өкілі Ұлбосын Сарыбаева шетелдік инвесторларға арналған жаңа құралдар мен ынталандыру шараларын таныстырды. Ал Еуропадағы сыни шикізат материалдары жөніндегі арнайы өкіл Сайран Байжаханов Қазақстанның сирек жер металдары және тұрақты жер қойнауын пайдалану саласындағы әлеуеті туралы баяндады. Өз кезегінде Нидерланд Сыртқы істер министрлігі мен RVO агенттігінің өкілдері – Йоб ван Тиль және Калина Вризе жуырда Қазақстанға ұйымдастырылған нидерландтық бизнес-миссияның нәтижелерімен бөлісіп, сапардың табысты өткенін және нидерланд компанияларының қазақстандық әріптестермен ынтымақтастыққа деген қызығушылығының арта түскенін атап өтті.Жоғары технологиялық бизнестің жаңа бағыттарын әлемге әйгілі Royal Philips компаниясы ұсынды. Ал жақында өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өткен Royal Rijk Zwaan компаниясы Қазақстандағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Компанияның тұқым шаруашылығында нидерландтық технологияларды енгізуі өнімнің өнімділігін арттыруға, сапасын жақсартуға және жұмыспен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік беріп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне нақты үлес қосуда.Форумға қатысушылар жаңа жобаларды іске асыру жоспарларын талқылап, Қазақстан мен Нидерланд арасындағы ынтымақтастықтың сенім мен өзара мүдде негізінде одан әрі дами беретініне сенім білдірді. Осы сенімді дәлелдеген маңызды оқиға ретінде форум аясында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Royal Philips компаниясы арасында портативті ультрадыбыстық құрылғылар өндірісін іске қосу жөніндегі Жол картасына қол қою рәсімі өтті. Сонымен қатар, «KazakhInvest» ұлттық компаниясы мен Нидерландта шығатын Tulip Magazine журналы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, бұл құжат Қазақстан мен Нидерланд арасындағы бизнес табыстар тарихын ілгерілетуге және мәдени байланыстарды дамытуға бағытталды.Форум барысында ерекше назар Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Құрметті консулдары институтын кеңейту жөніндегі жаңа қадамдарға аударылды. Бұл мәртебеге ие болған жаңа тұлғалар – Фредерик Воссенаар мен Дерк Кул өз сөздерінде қазақстан-нидерланд экономикалық бастамаларын белсенді түрде ілгерілетуге және гуманитарлық әрі іскерлік байланыстарды нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.Елшілік Нидерландтың мемлекеттік органдарына және іскерлік қауымдастығына екіжақты экономикалық және инвестициялық әріптестікті нығайту ісіне белсенді қатысқаны және нақты үлес қосқаны үшін шынайы алғысын білдірді. Бұл әріптестік екі елді тұрақты даму, тұрақтылық және өркендеу жолындағы ортақ ұмтылыстармен біріктіріп отыр.Елшілік Нидерландтың мемлекеттік органдары мен бизнес қауымдастығына екіжақты экономикалық және инвестициялық әріптестікті нығайту ісіне белсенді қатысып, нақты үлес қосқаны үшін шынайы ризашылығын білдірді. Аталған әріптестік екі елді тұрақты даму, тұрақтылық және өркендеу жолындағы ортақ ұмтылыстар біріктіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1084611?lang=kk
Ауған соғысы ардагерлері ұйымының қатысуымен оқушылар мен жастарға идеологиялық және патриоттық тәрбие беру бойынша әдістемелік құрал әзірлеуге арналған дөңгелек үстел 15.10.2025
Бүгін Ауған соғысы ардагерлері ұйымының қатысуымен оқушылар мен жастарға идеологиялық және патриоттық тәрбие беру бойынша әдістемелік құрал әзірлеуге арналған дөңгелек үстел өтті.Іс-шара өскелең ұрпақтың адамгершілік, азаматтық және патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында әдістемелік құралдың мазмұнына қатысты тәсілдер, оқушылармен жұмыс істеу формалары және ардагерлердің жауынгерлік әрі өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізудегі рөлі талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша әдістемелік құралдың негізгі тақырыптық блоктары айқындалып, іске асыру формалары келісілді. Сондай-ақ тәрбиелік жұмыста бірізділік пен жүйелі идеологиялық тәсілдің маңыздылығы атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1084235?lang=kk