Қоғам
Дзюдодан Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті 09.05.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Н.Ілиясов ауылында «Абзал және К» толық серіктестігінің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасындағы дзюдодан республикалық турнирдің ашылу салтанатына қатысты. Іс-шараға спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Марат Омаров және «Абзал және К» толық серіктестігінің директоры Мағжан Ералиев қатысты.Спорттық іс-шарада аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында спорт саласы бойынша әр облыста және ірі аудан орталықтарында саламатты өмір салтын қалыптастыру үшін арнайы спорт орталықтарын ашу қажет деді. Қазақстан Президентінің бұл тапсырмасы Үкімет басшысы және облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен Сыр елінде қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы «Самұрық қазына траст» қорының демеушілігімен 3 млрд. 400 млн.теңгеге «Үстел теннисі орталығы» салынып, халыққа қызмет етуде. Облыс орталығында халықаралық стандарттарға сай келетін 11 мың орындық орталық стадион бой көтеруде. Сонымен қатар, «Қызылорда Арена»көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталып, келесі жылы ел игілігіне берілетін болады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды. Жаңа нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Алдағы күндері бірқатар спорттық үйірмені қоса қамтитын «Шығармашылық академиясы» ашылады. Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы екенін ескерсек, жастарымыздың ертеңі үшін осындай спорттық іс-шаралардың маңызы ерекше. Өскелең ұрпақтың денсаулығын шыңдау үшін спорттық жарысты ұйымдастырушы Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевке шынайы алғысымды білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Турнирдің ашылуында облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев және «Абзал және К» толық серіктестігінің директоры Мағжан Ералиев те сөз сөйлеп, жыл сайын ұйымдастырылып жатқан байрақты бәсекеге қатысушыларға сәттілік тіледі.Бүгінде Нағи ауылында ашық турнирлерді тұрақты ұйымдастыру үрдіске айналған. 2012 жылдан басталып, биыл 14-ші рет жалауын желбіреткен республикалық турнир спортшылардың үлкен жетістіктерге жетуіне мүмкіндік жасауда. Елді мекенде «Абзал және К» толық серіктестігінің жүлдесі үшін үстел теннисінен де ашық турнирлер жыл сайын өткізіліп келеді.Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы дзюдодан республикалық турнирге еліміздің түпкір-түпкірінен 400-ге жуық спортшы қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/991370?lang=kk
“Қаhармандықтың даңқы” атты кездесу. 09.05.2025
Бастаушы ауылдық кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Қаhармандықтың даңқы” атты Таулы карабах жауынгері Кенжебек Дюсуповпен Абай атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Бұл кездесуде К. Дюсупов қысқаша өмірбаяның оқушыларға айтып берді,оқушылар сұрақтар қойыып жауаптарын тындады. К. Дюсупов оқушылаға тілегін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/991374?lang=kk
Сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды 09.05.2025
Буэнос-Айрес, 2025 жылғы 7 мамыр - Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов Аргентина астанасында болған кезінде Қазақстанның Құрметті консулдығында болып, ірі аргентиналық компаниялардың мүддесін қорғайтын «Da Rocha Gene Munraba» заң фирмасының басшылығымен келіссөздер жүргізді.Келіссөздердің күн тәртібінде сауда, тау-кен өнеркәсібі және тоқыма өнеркәсібі, жасыл энергетика және минералды тыңайтқыштарды жеткізу салаларында екіжақты ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері қаралды.Елші сұхбаттастарын Қазақстандағы инвестициялық ахуалмен, елдің экономикалық, сауда-саттық, көлік-логистикалық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ инвесторларды мемлекеттік қолдау бойынша Қазақстан заңнамасының артықшылықтарымен таныстырды. Осы тұрғыда аргентиналық тарапқа Қазақстан экономикасының түрлі салаларындағы ағымдағы инвестициялық жобалардың тізімі берілді. Тараптар диалогты жалғастыруға келісті.Буэнос-Айрестегі Қазақстанның Құрметті консулдығының кеңсесінде Елші Болат Нүсіпов Құрметті консул Сантьяго Делукамен екіжақты Қазақстан-Аргентина ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Делука Елшіні ағымдағы жылдың сәуір айында Астанаға жасаған жұмыс сапарының қорытындыларымен таныстырып, сондай-ақ Құрметті консулдықтың биылғы жұмыс жоспарларымен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/991387?lang=kk
«Ұрпақтар жалғастырады» тақырыбында тәрбие сағаты. 09.05.2025
Бастаушы ауылдық кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жыл толуына орай соғысқа қатысқан жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін ұмытпай, ұрпақ жадында мәңгі сақтау мақсатында Абай атындағы орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары «Ұрпақтар жалғастырады» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында кітапханашы соғыс жылдарындағы батырлардың ерлігі туралы тың мәліметтермен бөлісіп, Бастаушы ауылының тумалары Ұлы Отан соғысының адагерлері Ғабдуәли Раханов, Зәкен Белібаев, Базар Смағұлов, Мырзағали Тұрсынғалиев, Нұрғазы Адекенов, Қазтай Дюсупов, Сейт Смағзамов сынайлы азаматтарымызға тағзым етеміз. Жасаған ерліктері мәңгі жүрегімізде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/991335?lang=kk
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТЕРІ ЕҢБЕК САЛАСЫНА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ РӨЛІН ТАЛҚЫЛАДЫ 09.05.2025
28 сәуірде, Еңбекті қорғаудың дүниежүзілік күніне орай, академик Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың конференц-залында «Қауіпсіздік пен еңбек гигиенасының заманауи тәсілдеріндегі әйелдердің рөлі: жасанды интеллект (ЖИ) және жұмыс орындарындағы цифрландыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қарағанды облыстық кәсіподақтар орталығы, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, бастапқы кәсіподақ ұйымы және академик Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ басшылығы.Дөңгелек үстел Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.Басты тақырып – цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу жағдайында еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғаудың жаңа тәсілдерін дамытуға әйелдердің қатысуы, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелері. Іс-шараға кәсіподақ көшбасшылары, сарапшылар, жоғары оқу орындарының өкілдері мен жұмыс берушілер қатысты. Департамент Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Саягүл Еркебекованы ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/991336?lang=kk
Көкшетау қаласында «Ашық есік күні» өтті. 09.05.2025
2025 жылдың 6 мамырында Көкшетау қаласында «Еуразия Групп Казахстан» ЖШС және ЖК «Kazrost Engineering» ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорындарында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін «Ашық есік күні» өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/991343?lang=kk
ШҚО әкімі Самар ауданының тыл ардагері Курме Жетеневаға мерейтойлық медаль табыстады 09.05.2025
Самар ауданына барған жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тыл ардагері Курме Жетеневаға Қазақстан Республикасы Президенті тағайындаған «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалін жеке өзі табыстады.Курме Жетенева 1926 жылғы 15 желтоқсанда Катонқарағай ауданына қарасты Коробиха ауылында дүниеге келген. Бастауыш сыныпты аяқтағаннан кейін тракторда механизатор болып еңбек еткен. 1941 жылы Жетенев Зарлықанға тұрмысқа шығады. Ол «Ана даңқы» орденімен марапатталған, 10 бала өсіріп-тәрбиелеп өсірді. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен еңбегі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградталған.Медальді табыстай отырып, Нұрымбет Сақтағанов Курме Жетеневаны Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, соғыстың аяқталуына қосқан жанқиярлық үлесін атап өтті. Мұндай адамдардың ерлігі тек майданда ғана емес, тылда да Жеңісті жақындатқанына ерекше тоқталды. Өңір басшысы ардагерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен амандық тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/991290?lang=kk
Самар ауданы агроөнеркәсіп секторындағы позициясын нығайтып келеді 09.05.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданындағы өсімдік және мал шаруашылығына маманданған «Қалисатарұлы» шаруа қожалығына барды.Шаруа қожалығы бидайдың «Алтайская-325» сорты, «Ілек» арпасы мен «Скакун» сұлысы сияқты дәнді дақылдарды өсірумен белсенді айналысады. Сонымен қатар, мал шаруашылығы да дамып келеді — ірі қара мен жылқы басы артуда. Жалпы жер көлемі 2 360 гектарды құрайды, оның ішінде егістік, жайылым және шабындық алқаптар бар.Нысанды аралау аграрлық сектордың әлеуетін бағалауға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болды. Аумағы 5,5 мың шаршы шақырымды құрайтын Самар ауданы 8 ауылдық округ пен 22 елді мекенді қамтиды. Аудан экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды: биыл аграрлық, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі 1 257,7 млн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,6% өсімді көрсетіп отыр.Облыс әкімі аграрлық секторды әрі қарай дамыту маңызды екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/991301?lang=kk
Қазақстан мен Аргентина Іскерлік кеңес құрды 09.05.2025
Буэнос-Айрес, 2025 жылғы 7 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы және Аргентинада қоса атқарушы Елшісі Болат Нүсіпов “Қазақстан Ет одағы” атынан Басқарма төрағасы Мақсұт Бақтыбаев пен Аргентинаның сиыр етін ілгерілету институты (IPCVA) атынан Президент Джордж Брайтшмидт арасындағы Іскерлік кеңес құру туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға ҚР-дың Буэнос-Айрестегі Құрметті консулы Сантьяго Делука, Аргентина Сыртқы істер министрлігі мен аргентиналық компаниялардың өкілдері қатысты.Меморандумға қол қойылғаннан кейін, Іскерлік кеңестің онлайн түріндегі алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында тараптар кеңестің негізгі қызмет бағыттарын талқылап, екі елдің экономикасының қазіргі даму жайы, екіжақты сауда үрдістері, сондай-ақ мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы саласының ерекшеліктері жайында ақпарат алмасты.Спикерлердің пікірінше, «Қазақстан–Аргентина» Іскерлік кеңесі, екі елдің іскер топтары мен экономикалық ұйымдары арасында түрлі салаларда тікелей байланыс орнатуға арналған тиімді алаңға айналуы тиіс. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар, жақын арада осы институттың екі елдің астаналарының бірінде бетпе-бет отырысын өткізуге әзірліктерін жеткізді.Мәлім болғандай, аталған тетікті құру бастамасы алғаш рет 2023 жылғы 22 тамызда Буэнос-Айрес қаласында өткен Қазақстан мен Аргентина арасындағы саяси консультациялардың төртінші отырысы барысында айтылған болатын. Кейін, 2024 жылғы маусымда Елші Болат Нүсіповтің Аргентинаның сиыр етін ілгерілету институтының (IPCVA) басшылығымен кездесуінде осы мәселені бірлесіп пысықтау жөнінде нақты келісімге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/991238?lang=kk
ҚР Президенті жанындағы Академия 09.05.2025
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша түсу үшін құжаттарды қабылдау басталды, ол ағымдағы жылдың 26 маусымына дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/991258?lang=kk
Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді 09.05.2025
2025 жылдың 6 мамырында Әділет департаментінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында департамент басшылығы қызметкерлерді алдағы мерекемен құттықтап, құқықтық тәртіпті нығайту мен азаматтардың мүдделерін қорғаудағы еңбектерін ерекше атап өтті. Сондай-ақ бірқатар қызметкерлерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/991260?lang=kk
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні 09.05.2025
Құрметті отандастар! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке - батырлықтың, ерліктің және елге деген адал қызметтің символы. Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілейміз! Тәуелсіз еліміздің тыныштығы баянды, келешегі кемел болсын! Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/991264?lang=kk
Самар ауданында Подгорное ауылынан шыққан үш Кеңес Одағының Батырына құрмет көрсетілді 09.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданына қарасты Подгорное ауылында ауыл тұрғындарымен бірге Кеңес Одағының үш Батыры – Н.Я. Фонов, С.Е. Седнев және И.М. Яроцкийге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне қатысты.Николай Яковлевич Фонов – 1942 жылдан бастап Ұлы Отан соғысына қатысып, 47-армияның 30-атқыштар дивизиясы 59-артиллериялық полкінің зеңбірек командирі болған. Ол Брянск, Солтүстік Кавказ, Воронеж және 1-Украина майдандарында шайқасты. 1943 жылы жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындағаны және көрсеткен ерлігі үшін сержант Н.Я. Фоновқа КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі табысталады.Сергей Егорович Седнев – 47-армияның 23-моторлы понтон-көпір батальонының моторисі болған. 1941 жылдан бастап Брянск, Воронеж және 1-Украин майдандарында шайқасты. Днепрден өту кезінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін ефрейтор С.Е. Седневке 1944 жылы КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі табысталады.Иван Михайлович Яроцкий – Тынық мұхиты флотының 13-бригадасы 390-теңіз жаяу әскері батальонының автоматшылар ротасының командирі болған. 1940 жылы кіші лейтенант шенінде Тынық мұхиты флотына келген. Жапониямен соғысқа қатысқан. 1945 жылы жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындағаны, ерлігі мен батырлығы үшін аға лейтенант И.М. Яроцкийге КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі табысталады.Іс-шара аясында облыс әкімі тыл еңбеккері Елизавета Гавриловна Бикбаеваға Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалін табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-palatcy/press/news/details/991393?lang=kk
Загребте Қазақстан Елшісінің Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Вице-Президентімен кездесуі өтті 09.05.2025
Загреб, 2025 ж. 7 мамыр – Қазақстан Елшісі Дәулет Батрашев Хорватия Парламентінде Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) Вице-Президенті - Хорватия делегациясының басшысы Марко Павичпен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде бірқатар бірлескен іс-шаралар мен сапарларды, Қазақстан мен Хорватияның экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ екі ел парламенттерінің ынтымақтастығын жандандыру жөніндегі қадамдарды талқылады. Д.Батрашев М.Павичті Мемлекет басшысының бастамасымен адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы кешенді реформалармен, сондай-ақ өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу жөніндегі қазақстандық тәсілдермен таныстырды.ҚР мен Хорватияның жалпыеуропалық тректегі мәселелеріне, сондай-ақ Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясымен, қоса алғанда демократиялық қағидаттарды ілгерілету мәселелерінде өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда тараптар еуропалық институттармен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.Осы тұрғыда депутат М.Павич Қазақстанда соңғы уақытта жүргізіліп жатқан оң өзгерістерді құптап, Хорват тарапының Қазақстанның бастамаларын еуропалық деңгейде қолдауға және елде болып жатқан процестер туралы объективті ақпаратты ілгерілетуге жәрдемдесуге дайындығын растады.Сұхбаттасушылар Еуропа Кеңесінің «2024-2027 жылдарға арналған көршілік саясаты шеңберінде Қазақстанмен ынтымақтастықтың басымдықтары» бағдарламасы табысты іске бағдарламасын жүзеге асыруға жан жақты ықпал етуге келісті. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан, Еуропалық Одақ және Хорватия арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастығы тек жоғары бағыт бойынша дамитындығы туралы міндеттеме расталды. Парламентаралық диалогты қолдау және екі ел парламенттерінің іскерлік, мәдени және білім беру байланыстарын жандандыруға жәрдемдесу туралы қағидатты уағдаластықтарға қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-zagreb/press/news/details/991225?lang=kk
ҚОСТАНАЙ – ЖАЙЛЫ ӨМІРДІҢ АСТАНАСЫ 09.05.2025
Қостанай — Тобылдың жағасынан тамыр тартқан, табиғат пен урбанистиканың үндескен мекені. Бұл өлке ежелден Тобыл өзенімен танылып, бүгінгі таңда жасыл кеңістіктерімен, жайлы өмір сүру ортасымен ерекшеленетін заманауи қалаға айналуда.Сән берген саябақтарҚостанай әрдайым жасыл қала ретінде танылған қала. Бірақ бүгінде ол жаңа серпін, жаңа тыныс алып отыр. Бұрын қала көшелерінде негізінен теректер отырғызылса, қазір ландшафтық әртүрлілікке мән беріліп, урбанистика мен табиғат үйлесім тауып келеді.Аулалардан бастап ауқымды саябақтарға дейін жаңаша абаттандырылып жатыр. Бұрын елеусіз болған аумақтар қазір адамдар жиі жиналатын орындарға айналды. Енді саябақтар мен скверлер отбасылардың бас қосар алаңы, балалардың күлкісі естілетін мекен, таңғы жүгіру мен кешкі серуеннің тыныс алаңы.Орталық скверден бастап Жеңіс саябағына, Гашек пен Керуенге, Жастар бульварына дейін — әрбір кеңістік жаңарып, шынайы демалыс аймағына айналып келеді. Бұл — Қостанайдың жай қала емес, өмір сүру стилі бар қала екенін айқын дәлелдейді. «Шағала» жағалауы: өзенмен үндескен өмірҚаланың жүрегі – Тобыл өзені болса, оның рухани жалғасы – «Шағала» жағалауы. Демалыс аумағы соңғы жылдары өзгеше кейіп еніп, құлпыра түсті. Өткен жылы бұл жерде үлкен реконструкция жүргізілді: су тасқынынан кейін жағалаудың көптеген бөліктері қалпына келтірілді. Биыл ерекше жобаның жүзеге асуы күтілуде – орталық көпірдің астында жаңа жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Бұл – жай ғана өткел емес, орталық көпірдің астындағы бір жағалауды біріктіретін, адамдарды табиғатпен, өзара және қаламен байланыстыратын символ. Осының арқасында аталған жағалаудан Триатлон паркіне дейін ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын жағалауда енді үздіксіз серуендеуге, велосипед тебуге, балалармен демалуға болады. Алдағы уақытта бұл жер қостанайлықтардың өз қаласын жаңа қырынан танитын кеңістікке айналады.Триатлон-парк: белсенді өмір салтының жаңа стандартыҚостанайдың ірі әрі ауқымды жобаларының бірі — Триатлон паркі, бұл тұрғындардың спортпен айналысып қана қоймай, табиғатпен бірге демалып, денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беретін орын. Мұнда әрбір метр – қозғалысқа, спортқа және денсаулыққа арналған. Workout және паркур алаңдары, футбол, баскетбол, волейбол және стритбол алаңдары – мұның барлығы тұрғындардың күнделікті спортпен шұғылдануы үшін жасалған.Ашылған сәттен бастап, парк барлық жастағы адамдардың сүйікті орнына айналды. Қала сыртындағы ауылдардан, көршілес Қостанай ауданынан да бұл жерге келетін адамдар көбейіп жатыр. Мұнда отбасылар, жүгірушілер, велосипедшілер және жай ғана тыныштық іздегендер жиі келеді. Ерекше назар инклюзияға аударылған: мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы спорт аймақтары, йогамен айналысуға арналған алаңдар жасалуда.Алдағы уақытта мұнда Фролов көшесі жағынан сәнді кіру аркасы, әкімшілік және коммерциялық нысандар, фонтан және көлеңкелі аймақтар бой көтереді. Бұл жоба Триатлон-паркті Қостанайдың ең тартымды және танымал нүктелерінің біріне айналдырады.Орталық алаң: қала жүрегіндегі жаңаруҚаланың тарихи орталығындағы басты алаң – қостанайлықтардың жан дүниесіне жақын кеңістік. Бұл жер – Қостанайдың тарихи және мәдени коды болып есептеледі. Ал бүгінгі таңда тарих пен қазіргі заманның үндескен орны. Мұнда кешкі уақытта жүрсеңіз, күндіз жүргендей әсер қалдырады. Себебі аумақ айналасы самаладай жарқырап тұр, заманауи шамдармен жарықтандырылған. Қауіпсіздік үшін оның маңызы зор. Жаңа газондар көз тартады, ал саябақтың әрбір бұрышы – суретке түсіргің келетін көрініс. Мұнда әрбір ағаш сақталып, қосымша көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.Жақын болашақта бұл скверде орналасқан мәдени демалыс бағы да қайта жаңғыртылмақ. Аумағы 1 гектарға тең бұл аймақта жаңа аттракциондар орнатылмақ. Жоба толық іске асқанда, мұнда 18 аттракцион жұмыс істейтін болады. Сөйтіп, отбасылық демалыстың жаңа мекеніне айналары анық.Елеусіз орын еді...Бүгінде Арыстанбеков көшесіндегі сквер — Қостанай тұрғындарының демалып, спортпен шұғылданып, табиғат аясында тынығатын сүйікті орнына айналды. Ал бұдан бір жыл бұрын бұл аумақ елеусіз, тартымсыз күйде еді. Жаңа тыныс, жаңа рух берген жоба – қала әкімдігінің тікелей бастамасымен жүзеге асты. Әкімдік бұл аумақты қайта жандандыру туралы бастама көтеріп, жергілікті компанияларды біріктіріп, бар-жоғы бірнеше ай ішінде қала тұрғындарына арналған ыңғайлы әрі заманауи демалыс орны пайда болды.Жайлы кеңістік құру ісінде қала кәсіпкерлері белсенділік танытты. Бұл — бизнес пен биліктің ортақ жауапкершілікпен атқарған еңбегінің нақты үлгісі. Айта кету керек, қаланың кіріс бөлігінің 57 пайызы — шағын және орта бизнестің үлесі. Олар тек салық төлеуші ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік бастамаларға атсалысып, Қостанайдың дамуына шынайы үлес қосып отыр.Сквер аумағында үйлесімді орнатылған жарықшамдар, заманауи тренажерлер, жайлы орындықтар, балалар алаңдары бар. Ең басты ерекшелігі — мұнда жыл он екі ай бойы жұмыс істейтін, жылы санитарлық-гигиеналық модульдің орнатылуы.Бұл сквер — Қостанайдағы жаңа урбанистикалық стандарттың бастамасы. Қала әкімдігі дәл осындай аумақтарды әр ауданның жасыл аймақтарында құруды көздеп отыр. Басты мақсат — әр тұрғын үшін демалыс аймағы өз үйінің жанында орналасуға тиіс. Яғни демалыс тек орталықта емес, әрбір шағынауданда қолжетімді болуы керек.Байтурсынов университеті аумағындағы парк: ғылым мен табиғат түйіскен тұсАуыл шаруашылығы институтының тарихи аумағында орналасқан жаңа жоба — 4,3 гектар жерді алып жатқан бірегей саябақ кешені. Бұл тек студенттерге ғана емес, жақын маңдағы тұрғындарға да ашық, заманауи демалыс орны болмақ. Жобада үлкен амфитеатр, балалар және спорт алаңдары, скейт-парк, жүгіру және велосипед жолдары қарастырылған. Жасылдандыру жұмыстары аясында ағаштар мен гүлдер отырғызылады, көгалды аймақтар құрылады. Бұл жаңа қоғамдық кеңістік — Абай даңғылы мен Маяковский көшесін жалғайтын, біртұтас жаяу жүргінші бағытын қалыптастыратын маңызды орынға айналады.«Қонай» саябағы — қонаққа жайылған көрпедейҚала орталығынан 20 шақырым жерде орналасқан, болашағы зор «Қонай» шағынауданы бүгінде жастардың, жас отбасылардың ордасына айналуда. Мұнда жаңа тұрғын үйлерден бөлек, заман талабына сай жасалған жайлы орта бар. Сол жайлылықты толықтырып тұрған ең маңызды нысандардың бірі — осы жылы абаттандырылуы басталатын жаңа «Қонай» саябағы. Бұл — аудан тұрғындарына арналған демалыс пен серуендеудің таптырмас мекені болмақ.Қазір эскиздік жобасы әзірленіп, барлық техникалық есептеулер жүргізілуде.Мектеп ауласы — ортақ демалыс алаңыҚостанай қаласында жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру тек орталық саябақтармен шектеліп қалмайды. Биыл қала мектептерінің де аумағын жан-жақты қайта құруға кіріскен. Атап айтқанда, №9 және №29 мектептердің ауласын толықтай жаңартып, оларды жасыл, көпфункциялы қоғамдық кеңістікке айналдыру жоспарланған.Бұл жобалар тек оқушылар үшін емес, сол маңдағы көпқабатты үйлерде тұратын тұрғындардың да мүддесін ескере отырып жасалынады. Бұл бастама мектеп пен аудан арасындағы байланысты күшейтіп, аула мәдениетін жаңа деңгейге көтереді деген сенім бар.Фонтандар қаласы: көңілдің көркем ырғағыҚостанай бүгінде жасыл желекке ғана емес, сылдырап аққан әсем фонтан-суларға да бай қалаға айналуда. Жаздың ыстығында балалар мен ересектерге арналған нағыз демалыс орны бар. Қалада 26 фонтан жұмыс істейді, оның ішінде 18-і стационарлық, ал 8-і ерекше форматта — су бетінде қалқып тұратын фонтандар. Каскадты субұрқақ, түрлі-түсті жарықтармен көмкерілген композициялардан бөлек, бүгінде жаяу жүргіншілерге арналған су бұрқақтары да қала тұрғындарын қуантуда. Cоңғы жылдары жұртшылық жүрегін жаулаған, түрлі-түсті музыкалық фонтан жұмыс істеп тұр. Бұл фонтанның су шапшыған толқындары музыка ырғағымен «билеп», арнайы лазерлік жарықпен түрленіп, нағыз көрініс қойылымына айналады.Мұндай нысандар — қала беделінің, оның қазіргі заманға сай дамып келе жатқанын көрсететін айқын дәлел. Қала әкімдігі жыл сайын фонтан инфрақұрылымын жаңартып, техникалық қызмет көрсетуді жолға қойып отыр. 2023 жылы 6 фонтан жөнделсе, былтыр 8 фонтан күрделі жөндеуден өтті. Биыл тағы 4 фонтан жаңғыртылады. Мұның бәрі қаланың орталық және тұрғын аудандарында өмір сапасын жақсартуға, серуендеу мәдениетін арттыруға бағытталған.Қала көркі – жасыл келбетҚостанай жыл өткен сайын жасарып, жайқалған жасыл желекке оранып келеді. Жыл сайын отырғызылатын ағаштар мен гүлдердің саны көбейген. Мәселен, соңғы екі жылда 12 мыңнан астам ағаш егілсе, биылдың өзінде 5 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар, қала аумағына 1,2 миллионнан астам гүл отырғызылады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайыз артық көрсеткіш. Жалпы көлемі 7 мың шаршы метрге тең рокарийлер мен күтімді көгалдар Қостанайдың заманауи келбетін айқындай түсіп, қалаға өзіндік сән мен серпін береді.Бір сөзбен айтқанда, Қостанай – дала төсінде гүлденген тіршілік мекені, өмір сүруге жайлы, дамуға ынталандыратын, әр адам өз орнын таба алатын кеңістік. Табиғатпен үйлескен, заманауи инфрақұрылымы, қауіпсіз әрі мейірімді ортасы бар Қостанай бүгінде жайлылықтың, тартымдылықтың және мүмкіндіктердің қаласына айналып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/991192?lang=kk
Костанайда «SENAT OPEN» II Ашық Кубогының іріктеу турнирі өтті 09.05.2025
4 мамыр күні Костанай қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен және Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен «SENAT OPEN» II Ашық Кубогының іріктеу турнирі өтті.Бұл турнир елімізде шахматты дәріптеу мақсатында екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Биылғы турнир рекордтық көрсеткішпен ерекшеленді – іріктеу кезеңіне еліміздің түкпір-түкпірінен 35 депутат қатысып, оның ішінде 9 маслихат төрағасы бақ сынады.Рудный қаласынан турнирге келесі қатысушылар қатысты:- Рудный қалалық мәслихатының депутаты – Руслан Уразалин- Рудный қалалық мәслихатының депутаты – Игорь Шишов- Рудный қалалық мәслихаты аппаратының жетекшісі – Дана Калеева- Қоғамдық кеңес мүшесі – Антон Боков- Мәслихаттың экс-депутаты – Аманжол СагнаевЖарыс қорытындысы бойынша Руслан Уразалин күміс жүлдеге ие болып, «SENAT OPEN» жартылай финалына жолдама алды. Ол Көкшетау қаласында өтетін келесі кезеңде еліміздің 25 үздік шахматшысының қатарында өнер көрсететін болады. Айта кетейік, өткен жылы Руслан облыс бойынша бірінші орын алып, жартылай финалдың үздік ондығына енген болатын.Депутатымызға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-rudnyy/press/news/details/991194?lang=kk
Қарағандылықтар Орталық саябақта Жеңіс парадын тамашалады 09.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан астанасында әскери шеру өтті. Салтанатты іс-шара Астанада, сондай-ақ бүкіл еліміз бойынша мыңдаған көрермендерді жинады. Қарағандыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін шеру орталық мәдениет және демалыс саябағында орнатылған үлкен LED-экранда тікелей эфирде көрсетілді.Алаң трансляция басталғанға дейін толды. Қарағандылықтар саябаққа отбасыларымен келді. Әкелері мен аталарының ерлігі деген мақтаныш пен ризашылық көрермендердің көзінен сезілді.Шеруден кейін Орталық саябақта мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Қала тұрғындары үшін нағыз сыйлық Бұқар жырау даңғылының үстінен жауынгерлік авиацияның ұшуы болды.Отан қорғаушы күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада шеру аяқталғаннан кейін Қарағанды үстінен СУ-30СМ жауынгерлік ұшпқтары , Л-39 оқу-жауынгерлік ұшақтары және көп мақсатты Л-410 ұшақтары ұшып өтті. Ұшқыштар дайындық пен үйлесімділіктің ең жоғары деңгейін көрсете отырып, әуе саптамасын барынша дәлдікпен орындады."Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Шәкен Жарылқасынов азаматтарды құттықтады.– Осы айтулы күні бәріміз өткеніміз үшін және болашаққа деген сеніміміз үшін ерекше мақтаныш сезінеміз. Жеңіс шеруі - бұл тек әскери дәстүр емес, бұл батылдық, төзімділік және Отанға деген сүйіспеншілік. Барлық әскери қызметшілердің атынан Сіздерді Жеңіс күнімен және Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Баршаңызға ашық аспан тілеймін, - деді ол.Ұшақтардың таңғажайып ұшуы көрермендердің эмоцияларын тудырды. Мерекенің шарықтау шегі болған бұл сәт қала тұрғындарының жадында ұзақ уақыт сақталмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/991195?lang=kk
Жеңістің 80 жылдығы: алғыс пен құрметпен 09.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Азамат Искаков пен депутаттар Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің жесірлерін үйлеріне барып құттықтады.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медальдары мен азық-түлік себеттері табысталды.Марапаттар әр шаңырақта, жылы лебіздер мен ақжарма тілектер айтылып, құрметпен табысталды.Мұндай шаралар – ұрпақтар сабақтастығының, тарихи жадымыздың маңызын ұғындырудың айқын көрінісі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-rudnyy/press/news/details/991196?lang=kk
Жеңіске үлес қосқан жандарға құрмет 09.05.2025
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Азамат Искаков тыл ардагерлерін зиярат етіп, олардың ерлігі мен еңбегі үшін алғыс айтып, шынайы құрметін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-rudnyy/press/news/details/991200?lang=kk
Алматыда аңызға айналған әскери техника қойылған ашық аспан астындағы жаңа музей ашылды 09.05.2025
Алматыда Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Жауынгерлік даңқ музейінің жаңа «Ашық аспан астындағы музей» бөлімінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара Армия үйінің (бұрынғы Офицерлер үйі) аумағында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, Қарулы күштердің өкілдері мен құрметті қонақтардың қатысуымен ұйымдастырылды.Салтанат Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, Қорғаныс министрлігі мен қала әкімдігі атынан құттықтау сөздер айтылды. Жаңа экспозицияны жасауға атсалысқан әскери қызметкерлер марапатталды. Рәсімнің басты сәті – лентаны қиып, алғашқы экскурсияның басталуы болды.Жаңа экспозициялық бөлім Ш.Қалдаяқов көшесі жағындағы ашық алаңда орналасқан. Мұнда 30-дан астам түпнұсқа және қалпына келтірілген әскери техника үлгілері қойылған. Барлық экспонат қалпына келтіріліп, техникалық сипаттамалар мен тарихи мәліметтер жазылған тақталармен жабдықталған.Экспозицияда Жеңістің символына айналған Т-34 танкі, аты аңызға айналған БМ-13 «Катюша» зымыран тасығышы, сондай-ақ Т-44 және Т-55 сияқты кеңестік танкілер бар. Сонымен қатар, БТР-40, БРДМ-1 және БРДМ-2 бронетранспортерлері, БМП-1 жаяу әскердің жауынгерлік машинасы, әртүрлі гаубицалар, минометтер, зениттік және далалық артиллерия құралдары қойылған.Көрмедегі ерекше қызығушылық тудыратындар – шетелдік сирек үлгілер: 120 мм «Финуляну» минометі (Швеция), 158 мм «Кебельверх-41» минометі (Германия) және 105 мм M-2A1 HOWITZER гаубицасы (АҚШ). Сондай-ақ, 203 мм БЛ-39 гаубицасы, 122 мм М-30 гаубицасы, 100 мм БС-3 далалық зеңбірегі, ЗПУ-2 және С-60 зениттік құрылғылары, ПМ-120 және М-240 минометтері сынды артиллериялық техника да көрмеге қойылған.Жауынгерлік даңқ музейі 1965 жылы құрылған және ол Алматыдағы әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызды орталығы саналады. Музей топтамасы XIX ғасырдан қазіргі күнге дейінгі Қазақстанның әскери тарихын қамтиды. Негізгі қор майдангерлердің түпнұсқа құжаттары, фотосуреттері, хаттары, марапаттары мен жеке заттарынан тұрады. Материалдардың елеулі бөлігін генерал Панфиловтың қызы – Панфилов дивизиясының ардагері Валентина Панфилова тапсырған.Музей Алматы қаласы, Медеу ауданы, Зенков көшесі, 24 мекенжайында орналасқан. Жалпы ауданы 1260 шаршы метрден асады. Мұнда 15 маман жұмыс істейді, жыл сайын 25 мыңнан астам адам музейді тамашалайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/991202?lang=kk
