Қоғам
Алматы облысында 2025 жылғы медициналық қызметті қаржыландыру мен жедел көмектегі жаңашылдықтар 11.05.2025
Алматы облысы Өңірлік коммункикациялар қызметі алаңында 2025 жылғы қаржыландыру мен жаңашылдықтар тақырып аясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы ота бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер хирург Айдос Қизатов қатысуымен баспасөз маслихаты өтті.2025 жылы Алматы облысының денсаулық сақтау саласына 135,7 млрд теңге көлемінде бюджет бөлінді. Оның ішінде 59,2 млрд теңге – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында, ал 76,5 млрд теңге – Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде қарастырылған. Бюджет құрылымы өңірдегі медициналық инфрақұрылымды дамыту мен тұрғындардың денсаулығын қорғауға негізделген. 2024 жылы Алматы облысында 957 968 тұрғын алғашқы медициналық-санитариялық көмек аясында консультативтік-диагностикалық қызметтерді алған. Бұл қызметтерге 28,2 млрд теңге жұмсалды. Стационарлық көмекке – 34 млрд теңге, күндізгі стационарларға – 900 млн теңге бөлінді. МӘМС аясында ай сайын бірнеше миллион теңгеге дейін жететін жоғары технологиялы операциялар жүргізілуде, жалпы бұл қызметтерге 1,5 млрд теңге бағытталған. Сонымен қатар, медициналық оңалту қызметтеріне сұраныс артып, 2,8 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге 13,3 млрд теңге қарастырылып, 3,7 млрд теңгеге рецепттер берілді, – деді Тілеухан Әбілдаев.2025 жылғы 1 мамырдан бастап жедел медициналық көмек көрсету ережелерінің жаңа редакциясы күшіне енді. Өзгерістер ҚР Денсаулық сақтау министрінің 4 сәуірдегі №32 бұйрығына сәйкес енгізілді. Негізгі мақсат – медициналық көмектің жеделдігін, қауіпсіздігін және шалғай өңірлерде қолжетімділігін арттыру. Жаңа талаптарға сәйкес, 4-санаттағы шақыртуларды жұмыс уақытында АМСК мамандары орындайды, мобильді бригадалар бейнетіркегіштермен жабдықталады, ал келу уақыты нақты уақытпен шектелді: 1-санат бойынша – 10 минутқа дейін, – деп мәлімдеді Ержан Сүлейменов.2024 жылы еліміздің 20 өңірі бойынша 772 медициналық ұйым рейтингтік бағалауға қатысқан. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы – Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы жүргізілген рейтинг нәтижесінде өткен жылы ересектерге медициналық қызмет көрсету деңгейі бойынша 84 озық көпбейінді стационардың ішінде үздік үштікке енді.2024 жылы Қонаев қалалық көпбейінді ауруханасында 10 000-ға жуық науқас жоспарлы және шұғыл түрде, тәулік бойы және күндізгі стационар жағдайында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында медициналық көмек алды.Аурухана заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Науқастарға диагностика жасау барысында МРТ, КТ, УДЗ, стационарлық рентген-аппарат, маммография сияқты озық медициналық технологиялар қолданылады. Науқастарға ем-дом сырқат дәрежесіне сай жүргізіледі. Заманауи әдістердің арқасында науқастар отадан кейін аз уақыт ішінде қалыпты жағдайға келеді, - дейді Айдос Қизатов.Аталмыш медициналық ұйымда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) бойынша бастапқы гипертензия, жүрек гипертензиялық ауруы, ишемиялық кардиомиопатия, бел және омыртқаның басқа бөліктеріндегі диск зақымдануы радикулопатиямен, инсулинге тәуелсіз қант диабеті сияқты диагнозы бар науқастарға және травматология ортопедия, гинекология, жалпы хирургия бойынша түрлі дәрежедегі оталар жасалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/991581?lang=kk
ҚЫТАЙЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДІ 11.05.2025
Бүгін Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь мырза бастаған қытайлық делегация ресми сапармен Шымкентке келді.Сапар аясында делегация «Wan Sheng Ceramic» зауыты, «Bal Tekstil» фабрикасы, «Оңтүстік» индустриалды аймағы мен «QAZALPACK» зауытын аралап, өндірістік әлеуетпен танысты. Қала әкімдігінде қала басшылығымен кездесу өтіп, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында G2B форматындағы келіссөздер ұйымдастырылды.Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен алдағы мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық және туристік әлеуеті, жұмыс істеп тұрған индустриалды аймақтар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат берілді.Сапар аясында Шымкент пен Қытайдың Сиань және Байинь қалалары арасындағы бауырластық қатынастарға да назар аударылды. Бұл байланыстар іскерлік ынтымақтастықпен қатар, мәдени, білім беру және ғылыми бастамаларды қамтитын гуманитарлық әріптестікті де нығайтуға ықпал етіп келеді.Кездесулер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге негіз қаланып, қытайлық делегацияның бұл сапары түрлі саладағы конструктивті серіктестікті дамытуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/991585?lang=kk
«Абай облысы Курчатов қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ашық бюджеттер порталында 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды талқылаудың басталғанын хабарлайды. 11.05.2025
«Абай облысы Курчатов қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ашық бюджеттер порталында 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды талқылаудың басталғанын хабарлайды.Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептің мәтініне көшу үшін келесі сілтемеге өту қажет:1) 457001 «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3647268&budgetId=38674782) 457003 «Мәдени-бос уақыт жұмысын қолдау»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3647268&budgetId=38676243) 457006 «Аудандық (қалалық) кітапханалардың қызметі»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3647268&budgetId=38682914) 457007 «Мемлекетік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3647268&budgetId=38685615) 457008 «Развитие массового спорта и национальных видов спорта»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3647268&budgetId=38683486) 457014 «Мемлекеттік мекеменің капиталдық шығындары»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3647268&budgetId=38686397) 457032 «Мемлекеттік мекемелердің ведмствалық капиталдық шығындары»https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3647268&budgetId=3868611Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/991589?lang=kk
«Бәйге» акциясы 09.05.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Бәйге" акциясының жалғасы туралы хабарлайды. Осы науқан шеңберінде белгіленген кезеңде фискалдық чектердің ең көп санын тіркеген жеке тұлғалар 100 000 теңге мөлшерінде сыйақы алады. Акция бүкіл ел бойынша 2025 жылдың 1 мамырынан 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін өткізіледі. Әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша әр өңірден (жалпы 20 жеңімпаз — әр облыс пен республикалық маңызы бар қаладан бір жеңімпаз) ең көп фискалдық чек сканерлеген азаматтарға 100 000 теңге көлемінде жүлде беріледі. Акция тоқсан сайын өткізіледі: 1-кезең: 1 мамырдан екінші тоқсанның соңына дейін; 2-кезең: үшінші тоқсанда; 3-кезең: төртінші тоқсанда. Аталған акцияға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасы арқылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге төленген чектерді тіркеу қажет. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды тұтынушы құқығын қорғау үшін бақылау-кассалық машиналардан берілетін чектерді талап етуге шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1054113?lang=kk
Париж қаласындағы Халықаралық сауда палатасы жанындағы Халықаралық төрелік сот Қазақстан Республикасының пайдасына шешім қабылдады 09.05.2025
2020 жылғы 15 мамырдағы «Todini Impregilo Kazakhdorstroy» бірлескен кәсіпорын (бұдан әрі - Талапкер) шеңберінде жұмыс істейтін Todini Costruzioni Generali S.p.A., WeBuild S.p.A. және «Казахдорстрой» ЖШС компанияларынан тұратын бірлескен кәсіпорын Халықаралық сауда палатасы (ICC) жанындағы Халықаралық төрелік сотқа Қазақстан Республикасында Алматы – Хоргос автожолын салу жобасы бойынша дауларға байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне (бұдан әрі – Комитет) қарсы төрелік туралы өтініш берді.Істі қарау шеңберінде Талапкер Комитетке құрылыс мерзімдерін ұзартуға, кедендік баждар мен салықтарды төлеуге, теңгенің инфляциясына, құнының өзгеруіне, су өткізгіш трубаларды қайта толтыруға, жол пайдалану пунктінің құрылысын тоқтатуға және қаржылық шығындарға байланысты шығыстарды қоса алғанда, жалпы сомасы шамамен 50 миллион АҚШ доллары көлемінде шағым түсірді.2025 жылғы 14 сәуірде Париждегі ICC Халықаралық төрелік сотында құрылған Трибунал Комитеттің пайдасына түпкілікті шешім шығарды. Талапкерлердің барлық талаптары толығымен қабылданбады.Сонымен қатар, Трибунал Комитеттің қарсы талабын қанағаттандырып, Талапкерлерге жұмыс мерзімін ұзартқаны үшін өтемақы ретінде бұрын төленген соманы қайтаруға міндеттеді. Сондай-ақ, Трибунал Комитет жеңіске жеткен тарап ретінде өзінін сот және төрелік шығындарын толық өтеуге құқылы екенін мойындады.Осы істі Комитеттің өкілдігі мен мүдделерін қорғауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырды. Консультант ретінде Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP халықаралық заң фирмасы тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/991526?lang=kk
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру 09.05.2025
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру «Алматы облысы Алатау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі 2025 жылғы 23_ мамыр күні сағат 15:00-де, Алатау қаласы, Қоянқұс шағын ауданы Бауыржан Момышұлы көшесі 157/1 № 202 кабинетте жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады:№ 1 ЛОТ:«Жетыген-Жаңалық-Байсерке-Өтеген батыр-Ынтымақ-Жанадәуір-Жаңаталап-Қоянқұс» «Қоянқұс-Ынтымақ-Гейт Сити-Өтеген батыр-Байсерке-Жаңалық-Жетыген» № 2 ЛОТ:«Құйған-Еңбек-Жетыген-Жаңаарна»«Жаңаарна-Жетыген-Еңбек-Құйған»Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы облысы Алатау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Алатау қаласы, Қоянқұс шағын ауданы, Бауыржан Момышұлы көшесі 157/1 №202 кабинетіне мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2025 жылғы 21 мамырдың, сағат 18:30-ы. Анықтама алу үшiн телефондар: 8 776 131 13 11/ 8707-02-02-066. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-alatau/press/news/details/996186?lang=kk
Қазақстан инвесторларға арналған «алтын визаны» (А6 санаты) іске қосуда 09.05.2025
Қазақстандық компаниялардың жарғылық капиталына немесе жергілікті бағалы қағаздарға кемінде 300 000 АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған шетел азаматтары енді А6 санатындағы инвесторлық визаны рәсімдей алады. Бұл виза оларға 10 жылға дейінгі тұруға ықтиярхат алуға мүмкіндік береді.Виза электронды өтінім арқылы ресімделіп, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы көші-қон қызметінен шақыру негізінде беріледі.Жаңа бағдарлама шетелдік инвесторлар үшін тұрақты және қауіпсіз орта қалыптастырып, Қазақстанды халықаралық бизнесте ашық әрі сенімді серіктес ретінде нығайтады.#Инвестициялар #Қазақстан #АлтынВиза#KazakhstanInvestmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/991464?lang=kk
«Отец солдата» қойылымы көрерменнің жүрегіне жетті 09.05.2025
2025 жылдың 6, 8 және 10 мамыр күндері Ақмола облыстық орыс драма театрының сахнасы ерекше үнсіздікке толы, терең толғаныстар мен жан тебіренісінің ордасына айналды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында бұл жерде Сулико Жгентидің пьесасына негізделген «Отец солдата» қойылымы сахналанды — бұл оқиға қарумен емес, жүрекпен жазылған.Сахнада зеңбірек дауысы да, шайқас көріністері де болған жоқ. Бірақ көрермендердің тынысы тарылып, әр қимылға үнсіз елітіп отырды. Себебі басты кейіпкер — қарт грузин шаруа Георгий Махарашвилидің тағдыры (артист С. Тавгеньнің орындауында) — барлығын терең толғанысқа салды. Ол қолына қару алып соғысқа емес, жараланған ұлын табуға аттанды. Бірақ жол ұзақ, ауыр, жүрекке салмақ салатын еді. Сол жолда әке тек ұлын емес, соғыстың шындығын, адамзаттың жан жарасын, ортақ қайғы мен үмітті таныды.Қойылымның режиссері Ольга Луцива сахналық әр сәтті нәзік, шынайы етіп құрды. Әр көрініс – бір тыныс, әр үн – жүрек үні. Соғыс тек майдан емес, әр адамның ішінде жүретін күрес екенін еске салған қойылым болды бұл. Гүлнәр Канафинаның сахналық шешімі қарапайымдылығымен әсерлі болса, В. Овчинниковтың музыкалық сүйемелдеуі көрермен сезімін тербетіп отырды. Режиссердің көмекшісі – С. Жарикова.Ұзақтығы небары 1 сағат 10 минут болған бұл қойылымда көрермендер бір өмірді бастан өткергендей күй кешті. А. Бронникова (Ана), А. Владимиров, С. Минаков, А. Егорин (Сарбаздар) – әрбірі өз бейнесін жан-тәнімен сомдап, жүректерге жол тартты. Көрермендер қатарында шығармашыл қауым, ардагерлер, мектеп оқушылары мен студенттер, театр өнерінің жанкүйерлері болды. Қойылымнан шыққан көрермендердің көздері жасаурап, жүздерінде үнсіз ризашылық сезілді. Бұл жай ғана театр қойылымы емес еді – бұл адамзат туралы, махаббат пен мейірім туралы, жадымыз бен жүрегіміз жайлы шынайы сұхбат болды.Ақмола облыстық орыс драма театры бұл қойылым арқылы басты мақсатқа жетті: Жеңіс – тек майдандағы ұран емес, ол – рухтың, жүректің, адамгершіліктің жеңісі екенін еске салу. Және бұл ой көрерменнің жүрегіне жетті.Сахна шымылдығы жабылған сәтте бір-ақ сұрақ қалды: «Барлығы құлап жатқанда – адам болып қалу мүмкін бе? «Отец солдата» дәл осы сұраққа жауап болды. Сол себепті де, бұл қойылым өз мақсатына толық жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/991437?lang=kk
Бәйтеректен бөлінетін 8 трлн теңге ЖІӨ-нің өсуіне қосымша 1,3% үлес қосады 09.05.2025
Кәсіпкерлікті қолдау, негізгі ұлттық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін «Бәйтерек» холдингі 8 трлн теңге бөледі. Ол биыл елімізде ЖІӨ-нің нақты өсуіне қосымша 1,3% үлес қосады.Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Қазақстан экономикасының өсуін қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында «Бәйтерек» холдингінің негізгі экономикалық көрсеткіштері мен инвестициялық жобалары қаралды.Үкімет экономиканың нақты секторын қарқынды дамыту мақсатында «Бәйтерек» холдингін капиталдандыруды 1 трлн теңгеге ұлғайтып отыр. Бұл холдингке кәсіпкерлікті қолдауға, тұрғын үй құрылысын дамытуға және негізгі ұлттық және инвестициялық жобаларды іске асыруға шамамен 8 трлн теңге бөлуге мүмкіндік береді. Штаб отырысында холдинг төрағасының орынбасары Жандос Шайхы бірінші тоқсанда 1,2 трлн теңге игерілгенін айтты. Ал жоспар бойынша 1 трлн теңге болатын. Бұдан басқа, биыл «Бәйтерек» арқылы іске қосылатын жобалардың жалпы қосылған құнының көлемі 521,5 млрд теңге.Жобалардың ең үлкен инвестициялық пулы Қазақстанның даму банкінде шоғырланған. Биыл 2,2 трлн теңгеге 66 жоба жүзеге асырылады. Инвестиция салынған негізгі салалар – көлік, логистика және байланыс (34%), металлургия (19%), химия өнеркәсібі (12%). Жобалардың барлығына қаржы бөлінген соң, ел экономикасына жаңа өндіріс, тауар мен қызмет түрінде 37,8 трлн теңге мөлшерінде салым түсіріледі. Негізгі капиталға салынған инвестиция биыл 1,6 трлн теңге. 2025 жылы қаржы бөлу жоспарланған ҚДБ-ның басты инвестициялық жобаларының қатарында Жамбыл облысындағы натрий цианидін өндіру зауыты, Түркістан облысындағы күкірт қышқылы зауыты, Қостанай облысындағы ыстық брикеттелген темір өндіру жөніндегі ірі қазақстандық кәсіпорын және басқалар бар. Осы жылы 1,5 трлн теңгенің 181 инвестициялық жобасы өнеркәсіпті дамыту қорында (ӨДҚ) қалыптастырылды. Негізгі салалар – инфрақұрылымды дамыту (27%), металлургия (21%) және химия өнеркәсібі (13%). ӨДҚ-ның барлық жобаларын қаржыландырудың қорытындысында жалпы қосылған құн көлемі – 19,4 трлн теңге. Негізгі капиталға салынған инвестиция биыл 1,44 трлн теңге болды. 2025 жылы қаржыландыру жоспарланған ӨДҚ басты инвестициялық жобаларының қатарына «Глобал Транс компания» ЖШС шекаралық темір жол өткелін салу, «ЕЭК» АҚ энергоблогын қайта жаңарту, «Qarmet» АҚ өндірісін жаңғырту, «Rail Way Steel» ЖШС электрометаллургиялық зауытын салу кіреді.Qazaqstan Investment Corporation 2025 жылы қаржыландыруы 2,8 трлн теңге деңгейінде болуы тиіс ЖҚҚ-мен 10 инвестициялық жобаға шамамен 500 млрд теңге салуды жоспарлап отыр. Биыл негізгі капиталға салынған инвестиция – 200 млрд теңге. Осы жылға арналған QIC негізгі 5 инвестициялық жобасы – Қарағанды облысында металлургиялық кластерді дамыту, «АралСода» ЖШС-нің кальциленген содасын және «Batys Bitum» ЖШС-нің битумын, «Ақтау энергетикалық компаниясы» ЖШС-нің бу-газ электр стансасын өндіру зауытын салу.«Даму» қоры 2025 жылы шағын және орта бизнеске жеңілдікпен несие беру көлемін 750 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3 еседей артық. 2025 жылғы 1 тоқсанда 755 кәсіпкерге 53 млрд теңге берілді. Қарыздарға кепілдік беру көлемі 1400 млрд теңгеге дейін артты. І тоқсанда 160 млрд теңге сомасына кепілдіктер берілді.Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауда 2025 жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша Аграрлық несие корпорациясы 5,8 млн гектар егіс алқабын қамти отырып, көктемгі егіс жұмысына қаржы берудің жеңілдетілген бағдарламасы бойынша 363 млрд теңгеге 6 мыңға жуық фермердің өтінімін қанағаттандырды.Штаб отырысының қорытындысында вице-премьер қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша инвестициялық жобалардың қымбат импортты алмастыруға және сол арқылы инфляцияны тежеуге мүмкіндік беретін ішкі нарықта сұранысқа ие тауарлар өндірісінің жеткіліксіз ұсынылғанын атап өтті. «Біз экономиканың нақты секторын қолдау бағдарламасына бастамашылық жасаған кезде, ірі жобалармен қатар Ұлттық экономика министрлігінен тұрмыстық химия, гигиена, ірімшіктер, консервілер, шұжықтар және тұрғындарымыз арасында сұранысқа ие басқа да өнімдер өндірісін жолға қою жобалары бойынша инвестицияларға тапсырыс жарияладық. Құс өндіру бойынша жақсы ілгерілеу бар екенін көріп отырмыз. Жыл соңына дейін тұтыну деңгейі толық қамтамасыз етілуі тиіс. Бірақ импорт көбірек сақталып отырған басқа салаларда да өндірушілерді іздеп, осы жобаларға көмек көрсету қажет», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.https://primeminister.kz/news/bayterekten-bolinetin-8-trln-tenge-zhio-nin-osuine-kosymsha-13-ules-kosady-30014 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/991417?lang=kk
Дзюдодан Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті 09.05.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Н.Ілиясов ауылында «Абзал және К» толық серіктестігінің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасындағы дзюдодан республикалық турнирдің ашылу салтанатына қатысты. Іс-шараға спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Марат Омаров және «Абзал және К» толық серіктестігінің директоры Мағжан Ералиев қатысты.Спорттық іс-шарада аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында спорт саласы бойынша әр облыста және ірі аудан орталықтарында саламатты өмір салтын қалыптастыру үшін арнайы спорт орталықтарын ашу қажет деді. Қазақстан Президентінің бұл тапсырмасы Үкімет басшысы және облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен Сыр елінде қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы «Самұрық қазына траст» қорының демеушілігімен 3 млрд. 400 млн.теңгеге «Үстел теннисі орталығы» салынып, халыққа қызмет етуде. Облыс орталығында халықаралық стандарттарға сай келетін 11 мың орындық орталық стадион бой көтеруде. Сонымен қатар, «Қызылорда Арена»көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталып, келесі жылы ел игілігіне берілетін болады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды. Жаңа нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Алдағы күндері бірқатар спорттық үйірмені қоса қамтитын «Шығармашылық академиясы» ашылады. Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы екенін ескерсек, жастарымыздың ертеңі үшін осындай спорттық іс-шаралардың маңызы ерекше. Өскелең ұрпақтың денсаулығын шыңдау үшін спорттық жарысты ұйымдастырушы Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевке шынайы алғысымды білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Турнирдің ашылуында облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев және «Абзал және К» толық серіктестігінің директоры Мағжан Ералиев те сөз сөйлеп, жыл сайын ұйымдастырылып жатқан байрақты бәсекеге қатысушыларға сәттілік тіледі.Бүгінде Нағи ауылында ашық турнирлерді тұрақты ұйымдастыру үрдіске айналған. 2012 жылдан басталып, биыл 14-ші рет жалауын желбіреткен республикалық турнир спортшылардың үлкен жетістіктерге жетуіне мүмкіндік жасауда. Елді мекенде «Абзал және К» толық серіктестігінің жүлдесі үшін үстел теннисінен де ашық турнирлер жыл сайын өткізіліп келеді.Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы дзюдодан республикалық турнирге еліміздің түпкір-түпкірінен 400-ге жуық спортшы қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/991370?lang=kk
“Қаhармандықтың даңқы” атты кездесу. 09.05.2025
Бастаушы ауылдық кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Қаhармандықтың даңқы” атты Таулы карабах жауынгері Кенжебек Дюсуповпен Абай атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Бұл кездесуде К. Дюсупов қысқаша өмірбаяның оқушыларға айтып берді,оқушылар сұрақтар қойыып жауаптарын тындады. К. Дюсупов оқушылаға тілегін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/991374?lang=kk
Сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды 09.05.2025
Буэнос-Айрес, 2025 жылғы 7 мамыр - Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов Аргентина астанасында болған кезінде Қазақстанның Құрметті консулдығында болып, ірі аргентиналық компаниялардың мүддесін қорғайтын «Da Rocha Gene Munraba» заң фирмасының басшылығымен келіссөздер жүргізді.Келіссөздердің күн тәртібінде сауда, тау-кен өнеркәсібі және тоқыма өнеркәсібі, жасыл энергетика және минералды тыңайтқыштарды жеткізу салаларында екіжақты ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері қаралды.Елші сұхбаттастарын Қазақстандағы инвестициялық ахуалмен, елдің экономикалық, сауда-саттық, көлік-логистикалық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ инвесторларды мемлекеттік қолдау бойынша Қазақстан заңнамасының артықшылықтарымен таныстырды. Осы тұрғыда аргентиналық тарапқа Қазақстан экономикасының түрлі салаларындағы ағымдағы инвестициялық жобалардың тізімі берілді. Тараптар диалогты жалғастыруға келісті.Буэнос-Айрестегі Қазақстанның Құрметті консулдығының кеңсесінде Елші Болат Нүсіпов Құрметті консул Сантьяго Делукамен екіжақты Қазақстан-Аргентина ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Делука Елшіні ағымдағы жылдың сәуір айында Астанаға жасаған жұмыс сапарының қорытындыларымен таныстырып, сондай-ақ Құрметті консулдықтың биылғы жұмыс жоспарларымен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/991387?lang=kk
«Ұрпақтар жалғастырады» тақырыбында тәрбие сағаты. 09.05.2025
Бастаушы ауылдық кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жыл толуына орай соғысқа қатысқан жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін ұмытпай, ұрпақ жадында мәңгі сақтау мақсатында Абай атындағы орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары «Ұрпақтар жалғастырады» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында кітапханашы соғыс жылдарындағы батырлардың ерлігі туралы тың мәліметтермен бөлісіп, Бастаушы ауылының тумалары Ұлы Отан соғысының адагерлері Ғабдуәли Раханов, Зәкен Белібаев, Базар Смағұлов, Мырзағали Тұрсынғалиев, Нұрғазы Адекенов, Қазтай Дюсупов, Сейт Смағзамов сынайлы азаматтарымызға тағзым етеміз. Жасаған ерліктері мәңгі жүрегімізде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/991335?lang=kk
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТЕРІ ЕҢБЕК САЛАСЫНА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ РӨЛІН ТАЛҚЫЛАДЫ 09.05.2025
28 сәуірде, Еңбекті қорғаудың дүниежүзілік күніне орай, академик Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың конференц-залында «Қауіпсіздік пен еңбек гигиенасының заманауи тәсілдеріндегі әйелдердің рөлі: жасанды интеллект (ЖИ) және жұмыс орындарындағы цифрландыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қарағанды облыстық кәсіподақтар орталығы, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, бастапқы кәсіподақ ұйымы және академик Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ басшылығы.Дөңгелек үстел Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.Басты тақырып – цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу жағдайында еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғаудың жаңа тәсілдерін дамытуға әйелдердің қатысуы, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелері. Іс-шараға кәсіподақ көшбасшылары, сарапшылар, жоғары оқу орындарының өкілдері мен жұмыс берушілер қатысты. Департамент Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Саягүл Еркебекованы ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/991336?lang=kk
Көкшетау қаласында «Ашық есік күні» өтті. 09.05.2025
2025 жылдың 6 мамырында Көкшетау қаласында «Еуразия Групп Казахстан» ЖШС және ЖК «Kazrost Engineering» ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорындарында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін «Ашық есік күні» өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/991343?lang=kk
ШҚО әкімі Самар ауданының тыл ардагері Курме Жетеневаға мерейтойлық медаль табыстады 09.05.2025
Самар ауданына барған жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тыл ардагері Курме Жетеневаға Қазақстан Республикасы Президенті тағайындаған «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалін жеке өзі табыстады.Курме Жетенева 1926 жылғы 15 желтоқсанда Катонқарағай ауданына қарасты Коробиха ауылында дүниеге келген. Бастауыш сыныпты аяқтағаннан кейін тракторда механизатор болып еңбек еткен. 1941 жылы Жетенев Зарлықанға тұрмысқа шығады. Ол «Ана даңқы» орденімен марапатталған, 10 бала өсіріп-тәрбиелеп өсірді. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен еңбегі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградталған.Медальді табыстай отырып, Нұрымбет Сақтағанов Курме Жетеневаны Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, соғыстың аяқталуына қосқан жанқиярлық үлесін атап өтті. Мұндай адамдардың ерлігі тек майданда ғана емес, тылда да Жеңісті жақындатқанына ерекше тоқталды. Өңір басшысы ардагерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен амандық тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/991290?lang=kk
Самар ауданы агроөнеркәсіп секторындағы позициясын нығайтып келеді 09.05.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданындағы өсімдік және мал шаруашылығына маманданған «Қалисатарұлы» шаруа қожалығына барды.Шаруа қожалығы бидайдың «Алтайская-325» сорты, «Ілек» арпасы мен «Скакун» сұлысы сияқты дәнді дақылдарды өсірумен белсенді айналысады. Сонымен қатар, мал шаруашылығы да дамып келеді — ірі қара мен жылқы басы артуда. Жалпы жер көлемі 2 360 гектарды құрайды, оның ішінде егістік, жайылым және шабындық алқаптар бар.Нысанды аралау аграрлық сектордың әлеуетін бағалауға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болды. Аумағы 5,5 мың шаршы шақырымды құрайтын Самар ауданы 8 ауылдық округ пен 22 елді мекенді қамтиды. Аудан экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды: биыл аграрлық, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі 1 257,7 млн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,6% өсімді көрсетіп отыр.Облыс әкімі аграрлық секторды әрі қарай дамыту маңызды екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/991301?lang=kk
Қазақстан мен Аргентина Іскерлік кеңес құрды 09.05.2025
Буэнос-Айрес, 2025 жылғы 7 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы және Аргентинада қоса атқарушы Елшісі Болат Нүсіпов “Қазақстан Ет одағы” атынан Басқарма төрағасы Мақсұт Бақтыбаев пен Аргентинаның сиыр етін ілгерілету институты (IPCVA) атынан Президент Джордж Брайтшмидт арасындағы Іскерлік кеңес құру туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға ҚР-дың Буэнос-Айрестегі Құрметті консулы Сантьяго Делука, Аргентина Сыртқы істер министрлігі мен аргентиналық компаниялардың өкілдері қатысты.Меморандумға қол қойылғаннан кейін, Іскерлік кеңестің онлайн түріндегі алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында тараптар кеңестің негізгі қызмет бағыттарын талқылап, екі елдің экономикасының қазіргі даму жайы, екіжақты сауда үрдістері, сондай-ақ мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы саласының ерекшеліктері жайында ақпарат алмасты.Спикерлердің пікірінше, «Қазақстан–Аргентина» Іскерлік кеңесі, екі елдің іскер топтары мен экономикалық ұйымдары арасында түрлі салаларда тікелей байланыс орнатуға арналған тиімді алаңға айналуы тиіс. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар, жақын арада осы институттың екі елдің астаналарының бірінде бетпе-бет отырысын өткізуге әзірліктерін жеткізді.Мәлім болғандай, аталған тетікті құру бастамасы алғаш рет 2023 жылғы 22 тамызда Буэнос-Айрес қаласында өткен Қазақстан мен Аргентина арасындағы саяси консультациялардың төртінші отырысы барысында айтылған болатын. Кейін, 2024 жылғы маусымда Елші Болат Нүсіповтің Аргентинаның сиыр етін ілгерілету институтының (IPCVA) басшылығымен кездесуінде осы мәселені бірлесіп пысықтау жөнінде нақты келісімге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/991238?lang=kk
ҚР Президенті жанындағы Академия 09.05.2025
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша түсу үшін құжаттарды қабылдау басталды, ол ағымдағы жылдың 26 маусымына дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/991258?lang=kk
Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді 09.05.2025
2025 жылдың 6 мамырында Әділет департаментінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында департамент басшылығы қызметкерлерді алдағы мерекемен құттықтап, құқықтық тәртіпті нығайту мен азаматтардың мүдделерін қорғаудағы еңбектерін ерекше атап өтті. Сондай-ақ бірқатар қызметкерлерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/991260?lang=kk
