Әлем
2025 жылдың тамыз айына арналған салық күнтізбесі 07.08.2025
2025 жылдың тамыз айына арналған салық күнтізбесі 2025 жылғы 2 тоқсандағы төлем көзінен (резиденттер менбейрезиденттердің ) табысынан ұсталған КТС бойынша есеп айырысулар - 101.03, 101.04-Нысандар; 200.00-нысан-2025 жылғы 2 тоқсандағы ЖТС және әлеуметтік салықбойынша декларация; 300.00 нысаны-2025 жылғы 2 тоқсандағы ҚҚС бойынша декларация; 400.00, 421.00 нысандары — акциздер бойынша декларация және 2025жылғы маусымдағы құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер үшін есеп айырысу; 570.00 нысаны-2025 жылғы 2 тоқсандағы экспортқа рента салығы; 590.00 нысаны — 2025 жылғы 2 тоқсандағы пайдалы қазбалардыөндіруге салынатын салық; 710.00 нысаны-2025 жылғы 2 тоқсандағы Ойын бизнесіне салынатынсалық; 860.00-нысан-жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшінтөлемақы бойынша декларация. 870.00 нысаны - қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақыбойынша декларация. 880.00 нысаны — 2025 жылғы 2 тоқсандағы цифрлық майнинг үшінтөлем бойынша декларация. 910.00 нысаны-2025 жылдың 1 жартыжылдығына арналғанжеңілдетілген декларация; 913.00- нысаны - 2025 ж. 2-тоқсанына бөлшек салықтын арнаулы салықрежимін қолданатын салық телеушілерге арналған декларация.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1047105?lang=kk
«Кеден» АЖ «Алдын ала хабарлау» модулі 07.08.2025
«Кеден» АЖ «Алдын ала хабарлау» модуліҚұрметті СЭҚ қатысушылар!Кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру мақсатында «Кеден» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізуді жалғастыруда. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына барлық көлік түрімен әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат беру модулі жүйеде сәтті жұмыс істейтін негізгі модульдің бірі болып табылады.Кеден органдары алдын ала ақпаратты жеделдетілген ресімдеу және кедендік бақылау шараларын оңтайландыру үшін қолданады. Деректерді уақытылы беру тауарлар мен көлік құралдарының өткізу пункттеріне келуін электронды түрде тіркеуге және барлық рәсімдерден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.«Кеден» АЖ-да жұмыс істеу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушысына:• Интернетке кіру;• ЖСН/БСН (егер шетелдік тұлға ҚР заңнамасына сәйкес БСН және қазақстандық ЭЦК алуы тиіс)• ЭЦҚ (жеке/ЗТ қызметкерінің);• NCALayer жаңартылған нұсқасы(орнатылған және іске қосылған).Жүйеге тіркелу үшін пайдаланушы браузерде «Кеден» АЖ URL мекен-жайы бойынша өтуі керек - https://keden.kgd.gov.kz ал басты бетте "Тіркелу" түймесін басыңыз.Ашылған тіркеу терезесінде пайдаланушы міндетті өрістерді толтырып, келісім беріп, қол қоюы керек.Тіркеуді аяқтау үшін тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына алынған хатты ашу қажет. Алынған хатта «электрондық пошта мекенжайын растау» түймесін басыңызЖүйеде автомобиль көлігімен тауарларды өткізу кезінде адын ала ақпаратты толтыру және тіркеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық https://keden.kgd.gov.kz порталдың басты бетінде орналыстырылған. Кедендік бақылау басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1047107?lang=kk
Алматы облысында жастармен жұмыс істеудің жаңа моделі қалыптасуда 07.08.2025
Алматы облысында жастармен өзара іс-қимылдың жаңа моделін қалыптастыру бойынша жүйелі әрі бірізді жұмыс жүргізілуде. Негізгі басымдық – жастардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, инфрақұрылымды дамыту, жастар бастамалары мен жобаларын қолдау, сондай-ақ маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу: жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру, NEET санатындағы жастарды тарту, кәсіпкерлік пен волонтерлікті дамыту.Облыстың әкімшілік реформаларынан кейін жастар саясаты мәселелері басқармасы аймақ жастарын қолдайтын тиімді экожүйе құру бойынша белсенді шаралар қабылдауда. Ресми деректерге сәйкес, өңірде 14 пен 35 жас аралығындағы 432 664 жас бар, бұл облыс халқының 28%-ын құрайды. Олардың басым бөлігі – ауыл жастары (366 224 адам), ал қала жастары – 66 440 адам.2024 жылдың басынан бері Қонаев қаласында, Кеген, Райымбек және Балқаш аудандарында заманауи жастарға арналған коворкинг-орталықтар ашылды. Жыл соңына дейін 85 мыңнан астам жас тұратын Қарасай ауданында да осындай орталық іске қосылады.Қонаев қаласындағы орталықтың маңызы ерекше – бұл жаңа облыс орталығында пилоттық жобалар іске асырылатын алаңға айналды. Мұнда облыстық Жастар ресурстық орталығы орналасқан, ол жастар саясатын үйлестіретін орталыққа айналды. Ашылған күннен бері орталыққа 12 мыңнан астам адам келіп, күніне 30–40 жас тұрақты түрде қатысуда. Мұнда ұсынылатын қызметтер:тегін интернет пен коворкинг алаңы,мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру,құқықтық және психологиялық көмек,жұмысқа орналасуға жәрдемдесу,білім беру курстары мен мастер-кластар,ауылдық округтерде көшпелі ақпараттық сессиялар.NEET санатындағы (оқымайтын, жұмыс істемейтін және кәсіптік даярлықтан өтпейтін) жастармен де жүйелі жұмыс атқарылуда. 2025 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша NEET-жастар үлесі 6,2%-ға (27 459 адам) дейін төмендеді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7% немесе 5925 адамға аз.Мәселені жүйелі шешу үшін облыстық штаб құрылып, NEET-жастардың цифрлық картасы жасалды, әр аудан мен округке нақты KPI және кешенді жоспарлар белгіленді. Басымдық – жастар көп шоғырланған қала маңы аудандарға берілуде.Нәтижелі жобалардың бірі – базарларда еңбек келісім-шартынсыз жұмыс істейтін бейресми жастарды тартуға бағытталған «Мүмкіндіктер керуені». 22 сауда нүктесіне пайдалы ақпаратпен QR-кодтар орнатылып, 578 жас кеңес алып, 112-сі ресми еңбек шартын жасасты.«Алатау жастары» өңірлік ипотекалық бағдарламасы арқылы 100 жас отбасы өз баспанасына ие болды. 2025 жылдан бастап бұл бағдарлама «Алатау» атауымен жаңартылып, жастар үшін арнайы квота бөлінеді. Бағдарлама «Отбасы банк» акционерлік қоғамымен бірлесіп жүзеге асырылуда.Маңызды бағыттардың бірі – «Жасыл ел» бағдарламасы. Соңғы үш жылда 3 мыңнан астам жас уақытша жұмыспен қамтылды, оның 2 мыңнан астамы – ауыл жастары. 2025 жылы тағы 1000-нан астам жасты еңбекке тарту көзделуде.Жастар бастамалары конкурс негізінде гранттармен қолдауға ие болуда:2023–2024 жылдары «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы аясында 30 млн теңгеге 10 грант берілді;«Zhas project» жобасы аясында 20 млн теңгеге 20 грант ұсынылды.Мысал ретінде – 3 млн теңге грант ұтып алып, дәстүрлі ат әбзелдерін жасайтын шеберхана ашып, ауыл жастарын осы кәсіпке үйретіп жүрген 20 жастағы Берік Ажимбайды атауға болады.Жастар ресурстық орталығы базасында жүздеген белсенділерді біріктірген волонтерлік фронт-офис жұмыс істейді. Жүзеге асырылған жобалар:«Ардагерді ардақтайық»,«Таза өлке»,«Жан жылуы».Шабыт беретін мысал – Айдын мен Алмира есімді жас отбасы апта сайын графикалық дизайн және ағылшын тілі бойынша тегін курстар өткізеді. Сонымен қатар, SMM, компьютерлік сауаттылық және басқа да бағыттарда оқыту курстары жүргізілуде.2025 жылдан бастап Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында келесі іс-шаралар қолға алынды:«Saqtan» жобасы – нашақорлық, суицид, құмар ойындардың алдын алу: 800 жас қамтылып, 250 жарнама жойылды.Талғар ауданындағы 10 мектеп пен 3 колледжде «Заң және тәртіп» факультативі енгізіледі – сабақты бұрынғы құқық қорғау органдары қызметкерлері жүргізеді.16 мың экобелсендінің қатысуымен 300-ге жуық сенбілік пен акция ұйымдастырылды.800 жалғызбасты ардагерге көмек көрсетілді.«Жұмысшы мамандықтар», «Достық», «Волонтерлер» аллеялары ашылды.«Taza Like» бастамасы аясында 1000 құс ұясы орнатылды.2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы облысы республикалық «Ізгі істер» марафонында 1-орынға ие болды.Бүгінде өңірде аудандар мен шалғай округтерді қоса алғанда, 10 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Ауылдық жерлерде 136 әдіскер-нұсқаушы жастар саясатын іске асырумен айналысып, бірыңғай стандартты енгізуге және жобаларды үйлестіруге көмектесуде.Алматы облысы жастар саясатын дамытуда жүйелі тәсілді ұстанып, қолжетімділік, тиімділік және белсенділік қағидаттарына сүйенеді. Барлық қабылданған шаралар – өңір мен ел болашағының негізі болатын білімді, бәсекеге қабілетті және белсенді жас ұрпақты қалыптастыруға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1047070?lang=kk
Камералдық бақылау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мәселелері бойынша семинар 07.08.2025
2025 жылғы 6 тамызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен бірлесіп, Өскемен қаласы мен Алтай ауданы (Алтай қаласы) салық төлеушілері үшін семинар өткізді.Іс-шараның мақсаты – жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру.Семинар тақырыбы:«Камералдық бақылау. 2025 және 2026 жылдардағы камералдық бақылау туралы хабарламалар».Баяндамашы – ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық бақылау басқармасының басшысы Беркутова Гүлжанат Алтайқанқызы.Сондай-ақ семинар аясында келесі тақырып қарастырылды:«Halyk Bank-тің POS-терминалдарын халық арасында қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізу кезінде пайдаланудың артықшылықтары».Баяндамашы – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ШҚОФ Эквайрингті дамыту орталығының басшысы Пудина Инна Игоревна.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1047061?lang=kk
Таразда соңғы буын дрондарымен жұмыс істейтін әскери мамандарды даярлау аяқталды 07.08.2025
Әуе қорғанысы күштерінің ҰҰА мамандарын дайындау және жауынгерлік қолдану оқу орталығының базасында FPV-дрондармен жұмыс істеу бойынша қарқынды оқыту курсы аяқталды. Оқыту курсы теория мен практиканы қамтыды. Өндірушілер дрондардың техникалық ерекшеліктері туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар қолданудың негізгі сценарийлерін пысықтап, практикалық сабақтар өткізді.FPV дрондары ұрыс даласында артықшылықты иелене отырып, жауынгерлік қимылдар тактикасын түбегейлі өзгерте алады. Жоғары дәлдіктегі басқару элементтері, нақты бейне трансляциясы және маневрлік қабілеттері заманауи әскери күштер үшін таптырмас құрал болып отыр. Олардың жергілікті жерді әуеден барлау және арнайы тапсырмаларды орындаудағы мүмкіндіктері шексіз.– Біздің мамандар FPV-дрондардың техникалық сипаттамаларына жоғары баға берді, – деп атап өтті Оқу орталығының бастығы подполковник Алмат Хайрушев. – Бұл жай ғана техника емес, жеделдік пен дәлдіктің жаңа деңгейі. Оны Қарулы күштерде қолдану бұрын қол жетпестей болып көрінген мүмкіндіктерді ашады.Оқу орталығының барлық офицерлері ұшқышсыз авиациялық жүйелер саласындағы дипломды мамандар екенін атап өту керек. Оқыту курсы барынша тиімді өтті.– Бұл жерде әскери қызметшілерді даярлау деңгейі өте жоғары, сондықтан оларды оқыту бізге оңайырақ болды, – деді «Қазинжиниринг» АҚ «R and D» орталығының бас директоры Ғани Байсейітов. – Әскери қызметшілерге берген білім мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға пайдасын тигізеді деп үміттенеміз.Офицерлер FPV-дрондардың жұмыс принциптерін, олардың тактикалық қолданылуын зерделеп, құрылғыларды іс жүзінде қолдану машығын игерді. Курсты аяқтаған әскери қызметшілерге біліктілігін растайтын сертификаттар табысталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1047045?lang=kk
Квазимемлекеттік білім беру секторы субъектілерінің қызмет түрлерін кеңейту және оңтайландыру мәселелері бойынша кеңес 07.08.2025
2025 жылғы 6 тамызда Алматы облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен, Алматы облысының қаржы басқармасымен және Алматы облысының білім басқармасымен бірлесіп, квазимемлекеттік білім беру секторы субъектілерінің қызмет түрлерін кеңейту және оңтайландыру мәселелері бойынша кеңес өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-karzhy/press/news/details/1046988?lang=kk
ТАМЫЗ АЙЫНА АРНАЛҒАН САЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ 07.08.2025
Құрметті салық төлеушілер!Естеріңізге сала кетейік, салық есептілігін тапсыру мерзімі жақындап келеді. Салық міндеттемелерін уақтылы орындауды ұмытпаңыздар, қажетті құжаттарды алдын-ала дайындап, тапсыруды ұсынамыз. САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ БОЙЫНША 🗓️ 2025 ж. 15 тамыз:🔺 101.03, 101.04 нысандары – 2025 ж. 2-тоқсанына резиденттер мен бейрезиденттердің табысынан төлем көзіне ұсталған КТС бойынша есеп;🔺 200.00 нысаны – 2025 ж. 2-тоқсанына ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;🔺 300.00 нысаны – 2025 ж. 2-тоқсанына ҚҚС бойынша декларация;🔺 400.00, 421.00 нысандары – 2025 ж. маусым айына акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер/объектілер бойынша есеп;🔺 570.00 нысаны – 2025 ж. 2-тоқсанына экспортқа рента салығы бойынша декларация;🔺 590.00 нысаны – 2025 ж. 2-тоқсанына пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация;🔺 710.00 нысаны – 2025 ж. 2-тоқсанына ойын бизнесіне салынатын салық бойынша декларация;🔺 880.00 нысаны – 2025 ж. 2-тоқсанына цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация;🔺 910.00 нысаны – 2025 ж. 1-жартыжылдығына арналған жеңілдетілген декларация;🔺 913.00 нысаны – 2025 ж. 2-тоқсанына бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация. 🗓️ 2025 ж. 20 тамыз:🔺 328.00 нысаны – 2025 ж. шілде айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш. ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША 🗓️ 2025 ж. 20 тамыз:🔺 2025 ж. шілде айына ЕАЭО аясындағы ҚҚС;🔺 2025 ж. шілде айына акциз, соның ішінде ЕАЭО-дан импортталған тауарлар бойынша. 🗓️ 2025 ж. 25 тамыз:🔺 2025 ж. тамыз айына арналған КТС бойынша аванстық төлемдер;🔺 2025 ж. шілде айында төленген табыстан төлем көзіне ұсталған КТС және ЖТС;🔺 2025 ж. шілде айында төленген табыстардан КТС және ЖТС;🔺 2025 ж. шілде айына арнайы мобильді қосымшаны пайдаланатын арнаулы салық режиміндегі жеке кәсіпкерлердің табысынан ЖТС;🔺 2025 ж. 2-тоқсанына бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін КТС, ЖТС;🔺 2025 ж. 2-тоқсанына ҚҚС, экспортқа рента салығы, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, роялти, өндіру бонусы, ойын бизнесіне салынатын салық, цифрлық майнинг үшін төлемдер;🔺 Заңды тұлғалардың жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдері;🔺 Жер учаскелерін пайдалану, су ресурстарын пайдалану, қоршаған ортаға теріс әсері, радиожиілік спектрін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнама орналастыру үшін ағымдағы төлемдер;🔺 2025 ж. шілде айына әлеуметтік салық, бірыңғай төлем, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1046932?lang=kk
Ауыл шаруашылығы жөніндегі Қазақстан-Пәкістан жұмыс тобының бірінші отырысы 07.08.2025
Исламабад, 2025 жылғы 6 тамыз – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Кенжеханұлы және Пәкістан Ислам Республикасының Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі және ғылыми зерттеулер жөніндегі министрдің орынбасары А.Мухюддин тең төрағалығымен екі мемлекеттің құзыретті ведомстволары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-пәкістан Ауыл шаруашылығы жөніндегі бірлескен жұмыс тобының алғашқы отырысы онлайн форматта өтті.Отырыс барысында тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымының оң динамикасын және аграрлық сектордың айтарлықтай әлеуетін қанағаттанушылықпен атап өтті. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің екіжақты саудадағы үлесінің жыл сайынғы өсуімен расталады.Келіссөздер барысында ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдері бойынша екіжақты сауданы ұлғайтуға бағытталған жүйелі шараларға ерекше назар аударылды.Фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау, карантин, зиянкестермен күрес салаларындағы талаптарды үйлестіру және келісу, сондай-ақ бейінді ғылыми-зерттеу орталықтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және аграрлық әрі мал шаруашылығы салаларында тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.Тараптар екі елдің бейінді ведомстволарының өзара әрекеттесуін күшейтуге және оларды кейіннен қол қою және практикалық іске асыру үшін басым бағыттар бойынша қажетті келісімдерді жедел дайындауға уағдаласты.Отырыс қорытындысы бойынша құжаттардың жобалары мен одан әрі қадамдарды келісу мақсатында, 2025 жылғы қыркүйекте Исламабад қаласында бетпе-бет форматта Бірлескен жұмыс тобының кезекті отырысын өткізу уағдаластығына қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1046941?lang=kk
Тауардың шығарылған жері туралы сертификат 07.08.2025
Тауардың шығарылған жері туралы сертификат тауардың шығарылған жері туралы куәландыратын және тауар шығарылған елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы немесе әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленген жағдайларда - тауар әкетілетін елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы берген, белгілі бір нысандағы құжат болып табылады.Тауардың шығарылған жері туралы сертификатқа, оның ішінде оны ресімдеу және (немесе) толтыру тәртібіне қойылатын талаптар әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленеді. Егер тауардың шығарылған жері туралы сертификатта тауардың шығарылған жері туралы мәліметтер әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында қолданылуы белгіленген өлшемшарттардан өзгеше өлшемшарттарға негізделсе, тауардың шығарылған жері туралы мұндай сертификат тауардың шығарылған жері туралы құжат ретінде қарастырылмайды.Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген кезде, егер тауардың шығарылған жері туралы сертификат келісімшарттың талаптары бойынша, тауарлар әкелінетін елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) қағидалары бойынша қажет болса немесе егер тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың болуы әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында көзделсе, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары немесе уәкілетті ұйымдары тауардың шығарылған жері туралы сертификат береді.Тауардың шығарылған жері туралы сертификат берген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары немесе уәкілетті ұйымдары оның көшірмесін және өздерінің негізінде тауардың шығарылған жері айқындалған өзге құжаттарды тауардың шығарылған жері туралы сертификат берілген күннен бастап кемінде үш жыл сақтауға міндетті. Егер тауардың шығарылған жері туралы сертификат әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленген оны ресімдеу және (немесе) толтыру тәртібіне қойылатын талаптар бұзыла отырып ресімделсе, тауардың шығарылған жері туралы сертификат тауардың шығарылған жері туралы құжат ретінде қарастырылмайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1055697?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Қарағанды облысындағы әскери бөлімдерді тексерді 07.08.2025
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым мәселелері жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Қарағанды, Балқаш және Приозерск гарнизондарында кешенді инспекция жүргізді.Тексеру барысында мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің тұрмыстық жағдайларына, тамақтану сапасына, казармалардың санитарлық жағдайына және медициналық пункттердің жұмысына, сондай-ақ қару-жарақ мен оқ-дәрілерді сақтау орындарындағы өртке қарсы қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.Министрдің орынбасары сарбаздармен жеке сөйлесіп, олардың тіршілік жағдайларын, күнделікті қызметтің қалай ұйымдастырылатынын және заттай мүлікпен қамтамасыз ету туралы пікірлерін тыңдады.Қарағанды гарнизонында комиссия 60 төсектік модульдік казарма құрылысының барысымен танысты, ол 100 орындық заманауи асханамен және монша-кір жуу кешенімен жабдықталады. Одан өзге Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледж нысандары тексеріліп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Анықталған кемшіліктерді жою және инфрақұрылымды нормативтік жағдайға келтіру жөнінде де тапсырмалар берілді.Балқашта оқу жайлары, өрт сөндіру депосы және техникалық аймақ тексерілді. Аумақты абаттандыруға, санитарлық тораптардың жай-күйіне және модульдік казармада тұрмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Қорғаныс министрінің орынбасары 03876 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Жалғасбаевтың инфрақұрылымын жақсарту, жарғылық ішкі тәртіпті сақтау және роталық шаруашылық жүргізу бойынша атқарған айтарлықтай жұмысын атап өтті.Приозерск гарнизонында әкімшілік ғимараттар, казармалар, қоймалар мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері қаралды. Материалдық құралдарды есепке алуды ұйымдастыру, оқ-дәрілерді сақтау тәртібі және қызмет өткеру шарттары бағаланды.Инспекция қорытындысы бойынша генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров гарнизондар басшылығына анықталған кемшіліктерді жою, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту және тылдық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру жөнінде нақты нұсқаулар берді.Тексеру Қорғаныс министрлігінің жеке құрам үшін лайықты қызмет жағдайларын жасау және әскерлердегі моральдық-психологиялық ахуалды нығайту жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1046910?lang=kk
Боливияның Тәуелсіздігінің 200 жылдығына арналған салтанатты шара өтті 07.08.2025
Сукре, 2025 жылғы 6 тамыз – Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Боливияның тәуелсіздігінің 200 жылдығына арналған салтанатты отырысқа қатысты. Іс-шара Боливия тәуелсіздігінің символы саналатын тарихи музей – Тәуелсіздік үйінде (Casa de la Libertad) өтті.Салтанатқа Оңтүстік Америка елдерінің көшбасшылары мен өкілдері, Кариб аймағы, Солтүстік Америка, Еуропалық Одақ, Азия және Африка елдерінен келген жоғары деңгейдегі делегациялар, халықаралық және өңірлік ұйымдардың басшылары, сондай-ақ Боливияда тіркелген дипломатиялық миссиялардың жетекшілері қатысты.Бұған дейін Боливия Президенті Луис Альберто Арсе Мемлекет басшысының атына Боливияның 200 жылдық тәуелсіздігіне орай ресми салтанатына қатысуға жеке шақыру жолдаған болатын. Аталған салтанатты іс-шаралар елде 2025 жылғы 17 тамызға белгіленген президенттік сайлауға дайындық аясында өтті. Боливияның тәуелсіздігінің 200 жылдығына арналған кең көлемді мерекелеу осы елдің халықаралық байланыстарын нығайтудың маңызды құрамдас бөлігіне айналып, шет мемлекеттермен ашық диалог пен ынтымақтастыққа дайын екендігін көрсетіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1046898?lang=kk
Қазақстан мен Словакия көлік саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті 07.08.2025
Братислава, 2025 жылғы 5 тамыз – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова «Словакияның қоғамдық порттары» АҚ-ның Бас директоры Матей Даноцимен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар көлік-транзит және логистика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Қазақстандық және словакиялық порт құрылымдарының өзара іс-қимыл әлеуетіне, сондай-ақ Дунай өзені арқылы мультимодалды тасымалдарды дамыту мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.Елші Транскаспий халықаралық көлік бағытының дамуына Қазақстанның белсенді үлес қосып жатқанын және оның жаһандық жеткізу тізбектеріне тұрақты интеграцияға жол ашатынын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан мен Словакияның бір-бірін толықтыратын географиялық орналасуы Еуропа мен Азия арасындағы жаңа логистикалық бағыттарды дамытуға серпін беретінін айтты.Өз кезегінде М.Даноци «Братислава» портының қазіргі әлеуеті мен оны кешенді жаңғыртуға бағытталған жоспарлармен таныстырды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді және сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1046870?lang=kk
KazAID және TIKA білім беру және денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті нығайтуда 07.08.2025
KazAID және TIKA білім беру және денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті нығайтуда2025 жылғы 6 тамыз, Астана қ. - KazAID Басқарма төрағасы Аркен Арыстановтың Қазақстандағы ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі түрік агенттігінің (TIKA) үйлестірушісі Фуат Ердогмушпен және TIKA штаб-пәтерінің оқыту, тәжірибе алмасу және тренингтер саласындағы халықаралық бағдарламалар департаментінің өкілі Абдулькадир Абуканмен кездесуі өтті.Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, оның ішінде тәжірибе алмасу, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады. Техникалық көмек желісі бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.Біздің бірлескен жобаларымыздың бірі - KazAID және TIKA 2024-2025 жылдары іске асырған "Авиценна: Денсаулық сақтау" бағдарламасы. Оның аясында Қазақстанда Орталық Азия елдерінен медициналық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары білім алуда.Кездесу Қазақстан мен Түркия арасындағы дамуға ресми көмек саласындағы стратегиялық әріптестікті кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1046871?lang=kk
Құрылысшылар күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты. 07.08.2025
Құрылысшылар күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.Барлық құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1046877?lang=kk
Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы ИЫҰ Ақпарат агенттіктері одағының басшылығымен кездесті 07.08.2025
Жидда, 2025 жылғы 6 тамыз – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов Ислам ынтымақтастығы ұйымы Ақпарат агенттіктері одағының (UNA) Бас директоры Мұхаммед А. Әл-Йамимен кездесті.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде ақпараттық өзара іс-қимыл мен Қазақстанның өзекті бағдарламаларын ИЫҰ мүше мемлекеттерінің медиа кеңістігінде ілгерілету мүмкіндіктерін талқылады.Кездесу аясында UNA өкілдері Агенттіктер одағы мен Қазақстанның ақпарат агенттіктері арасындағы үйлестіруді арттыруға, сондай-ақ туризм әлеуеті, тұрақты даму, ғылыми-технологиялық ынтымақтастық және мәдени интеграциялары бойынша медиаконтенттің сапасы мен қамтылуын жақсартуға бағытталған Стратегиялық іс-қимыл жоспарымен таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1046881?lang=kk
Қазақстан мен IIUI академиялық және конфессияаралық ынтымақтастықты нығайтуда 06.08.2025
Исламабад, 2025 жылғы 6 тамыз – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Исламабадтағы Халықаралық ислам университетінің (IIUI) жаңадан тағайындалған Президенті Саад Аль Ахмед мырзамен кездесу өткізді.Кездесу барысында Елші Е.Қыстафин Саад Аль Ахмед мырзаны жаңа қызметімен құттықтап, оның басшылығымен Университет пен қазақстандық тарап арасындағы, соның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезімен, сондай-ақ Қазақстан ЖОО-ларымен ынтымақтастық жалғасып, нығая түсетініне сенім білдірді. Елші Президентке Съезд тарихы мен негізгі бағыттары туралы ақпарат беріп, Университет басшылығының бұл халықаралық бастамаға тұрақты қолдау көрсетіп, белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, алдағы VIII Съезге қатысуға ресми шақыруды табыстады.Өз кезегінде, Саад Аль Ахмед мырза шақыруды қабыл алып, қазақстандық тараппен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді.Кездесу аясында тараптар екі ел университеттері арасындағы әріптестік қарым-қатынастар орнату перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, IIUI базасында қазақстандық жоғары оқу орнымен бірлесіп зерттеу орталығын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1046856?lang=kk
Индустриялық және аграрлық ынтымақтастық: Қазақстан мен Дебрецен бірлескен жобаларға мүдделі 06.08.2025
Дебрецен қаласы, 2025 жылғы 5 тамыз - Екіжақты экономикалық әріптестікті кеңейту мақсатында Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы жұмыс сапарымен Дебрецен қаласына барды.Сапар бағдарламасы аясында Елші Мажарстанның іскер топтарымен және жергілікті әкімдік өкілдерімен мазмұнды кездесулер өткізді. Кездесулерде инвестициялық ынтымақтастықтың нақты бағыттары талқыланды.Özse Group және Agropoint Kft. компанияларының басшыларымен өткен келіссөздер барысында Қазақстанда агроөнеркәсіптік жобаларды іске асыруға жоғары қызығушылық танытылды. Мажар серіктестер өндірістік нысандар салу, мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру жобаларына қатысу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді. Қазақстан тарапы мемлекеттік қолдау тетіктері, индустриялық аймақтардың қолжетімділігі және қолайлы іскерлік жағдайлар туралы ақпарат ұсынды.Дебрецен қаласы әкімінің орынбасары Лайош Барч мырзамен өткен ресми кездесуде инвестициялар, логистика, мәдениет, білім және технология алмасу салаларындағы өңіраралық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Қала басшылығы Дебрецен мен Қазақстан компаниялары арасындағы іскерлік байланыстарды дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.Сапар соңында Елші Zolend Kft. және Pizza D’Oro Kft. өндірістік нысандарына барып, Қазақстанда өндірісті жергіліктендіру және өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Екі компания да Қазақстанды өңірлік хаб ретінде қарастырып, Орталық Азиядағы өндірістік-инвестициялық қатысуды дамытқысы келетінін білдірді.Сапардың қорытындысы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін берік негіз бар екенін көрсетті. Тараптар жұмыс байланыстарын жалғастырып, Қазақстан аумағында бірлескен инвестициялық бастамаларды іске асыру бойынша нақты қадамдарды пысықтауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1046864?lang=kk
Қауіпсіздік бойынша практикалық оқу-жаттығулар: «Қостанай Су» МКК қызметкерлері әрекет ету дағдыларын жетілдіруде 06.08.2025
Бас кәріз-сорғы станциясы аумағында «Қостанай Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері үшін қауіпсіздік техникасы бойынша практикалық оқу-жаттығулар өткізілді.Іс-шараға 45 қызметкер қатысып, өндірістік қызметпен байланысты түрлі төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын пысықтады.Негізгі бағыттар:Жүрекке жанама массаж жасау— дұрыс ырғақ пен техниканы меңгеру;— нақты санау және әрекеттердің реттілігін сақтау;— медицина қызметкерлері келгенге дейін алғашқы көмек көрсету.Су құбыры құдығынан зардап шеккен адамды құтқару— командалық жұмысты практикалық тұрғыда пысықтау;— түсіп-шығу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау;— тар кеңістікте әрекет етуді моделдеу.Өрт сөндіргішті пайдаланып, өрт ошақтарын сөндіру— отпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіз қашықтықты сақтау;— тыныс алу және көру органдарын қорғау;— алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды орындау.Барлық жаттығулар практикалық түрде өткізілді. Негізгі назар – дәлдікке, келісімді әрекетке және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға аударылды.«Қостанай Су» МКК – қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мен әр қызметкердің дайындық деңгейін арттыруға тұрақты түрде көңіл бөледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1046833?lang=kk
Автобус аялдамаларын орнату 06.08.2025
Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында абаттандыру жұмыстары аясында орталық автомобиль жолы бойында 3 дана автобус аялдамасын орнату жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, алдағы уақытта асфальт жабындысымен аялдама тұрағы салынатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1046785?lang=kk
Алматы облысында тау-кен және туризм саласындағы ірі инвестициялық жобалар таныстырылды 06.08.2025
Алматы облысы, 2025 жылғы 5 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Айбол Арғынғазинов жұмыс сапарымен Алматы облысының Кеген ауданына барды. Сапардың мақсаты – жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысу және туризм, энергетика мен өңдеу салаларындағы жаңа бастамаларды талқылау. Бағдарлама аясында жұмыс істеп тұрған және әлеуетті инвесторлармен кездесулер өтті, сондай-ақ жобалар жүзеге асырылып жатқан нысандарға бару ұйымдастырылды.Сапар аясында Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаевтың, жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының және жергілікті бизнес өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Онда мемлекеттік қолдау шаралары мен ауданның инвестициялық әлеуеті талқыланды. Қатысушылар жобаларды жүзеге асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелермен бөлісіп, оларды шешу жолдарын ұсынды. Диалог инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған нақты қадамдарды айқындауға мүмкіндік берді.Сапар барысында Ғ.Оспанқұлов пен А.Арғынғазинов бірқатар инвестициялық жобалармен танысты. Солардың бірі – «Слава Мунай Сервис» ЖШС-тың 40 млрд теңге көлемінде инвестиция салу арқылы тау-кен байыту комбинатын салу жобасы. Жоба кен өндіруден бастап соңғы өнімге дейінгі өндірістік тізбекті құруға және өңірдің экспорттық әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.Сондай-ақ 2026 жылы іске қосу жоспарланған «Compass» жол бойындағы қызмет көрсету кешені таныстырылды. Жобаның инвестиция көлемі – 2,8 млрд теңге, кешен жылына 800 мыңға дейін жолаушыны қабылдай алады.Сонымен қатар «ASK Capital» ЖШС ұсынған Қара каньон маңындағы туристік аймақты дамыту бастамасы таныстырылды. Жоба аясында шыны көпір, ұзындығы 420 м зиплайн, глэмпинг және басқа да туристік инфрақұрылым салынады. Жалпы инвестиция көлемі – 1,5 млрд теңге, кешен жылына 150 мыңға дейін турист қабылдай алады.Бұдан бөлек «Компания Строй Индустрия» ЖШС бастамашылық еткен Көлсай көлдері арасындағы аспалы жол салу жобасы талқыланды. 15 млрд теңге көлеміндегі инвестиция қарастырылған. Бұл жол екі көлді байланыстырып, жылына 500 мыңға дейін турист тартуға мүмкіндік береді. Жоба Кеген ауданының туристік әлеуетін арттырып, ішкі және сыртқы туристер санын көбейтуге ықпал етеді.Сапар соңында жобаларды одан әрі сүйемелдеу және әкімшілік кедергілерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Инвестицияларды тарту жұмысы жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен үйлестіру арқылы жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1046922?lang=kk