Enbekshi QazaQ

Әлем

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚЫТАЙДАҒЫ SMART CITY ТӘЖІРИБЕСІН ЗЕРДЕЛЕДІ 24.09.2026
Ақмола облысының делегациясы Қытайдың Smart City саласындағы тәжірибесін зерделеп, ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойдыАқмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының өкілдері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барып, Ханчжоу, Гонконг және Шэньчжэнь қалаларында болды. Сапардың мақсаты цифрлық трансформация, жасанды интеллект және ақылды қалалар тұжырымдамасы саласындағы озық шешімдерді зерделеу болды. Ханчжоуда делегация инфрақұрылымдық IT-шешімдермен және үлкен деректермен танысты. Zhejiang Communications Investment Group (CICO) компаниясымен келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен жобаларды іске асыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Гонконгте өңір өкілдері Belt and Road Summit халықаралық саммитіне қатысты.Шэньчжэньдегі бағдарлама ұшқышсыз жүйелер, қалалық аналитика және робототехника саласындағы жетекші технологиялық өндірушілермен (Aerofugia, AutoFlight, EHang, GDU Technology, Pudu Robotics және т.б.) кездесулерді қамтыды. Өңірдегі логистикалық міндеттер мен көлік қатынасы үшін қарастырылып отырған тік ұшу және қону технологиялары (eVTOL) ерекше қызығушылық тудырды.Сапар қорытындысы бойынша Ақмола облысында пилоттық жобаларды іске қосу туралы бірқатар меморандумдар жасалды. Олар ұшқышсыз мониторинг, цифрлық егіздер, зияткерлік көлік жүйелері және Smart Region тұжырымдамасын дамыту бағыттарын қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1297928?lang=ru
Білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары талқыланды 24.09.2026
   2026 жылғы 23 қыркүйекте Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Артур Еділханов Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының өкілдерімен семинар өткізді.   Семинар барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы №4 «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ білім беру ұйымдары қызметіне қойылатын өзекті біліктілік талаптары талқыланды.  Талқылауға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және кафедра меңгерушілері қатысты. Семинар барысында магистрлік және докторлық диссертацияларға ғылыми жетекшілерді тағайындау, оқытушылардың базалық білімінің және ғылыми дәрежесінің оқытылатын пәндердің бейініне сәйкестігі, біліктілікті арттыру және басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.     Сонымен қатар мемлекеттік бақылауды жоспарлау және жүргізу, білім сапасын сыртқы бағалау, бақылау жүйесін автоматтандыру және «Таза парақтан реттеу» саясаты аясында енгізіліп жатқан өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.        Семинар барысында қатысушылар білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын қолдануға қатысты сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын білдірді.      Іс-шара білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік бақылау барысында туындайтын мәселелердің алдын алуға және білім беру сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/quality/press/news/details/1297891?lang=ru
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру туралы. 24.09.2026
Мемлекеттік орган басшыларының бейтараптығы негізді күмән тудыратын, лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауға әкеп соғатын мән-жайлар (мүдделер қақтығысы) болған кезде әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін дербес негізде жүзеге асырады.Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінің нәтижесі бойынша уәкілетті органға есеп береді. Есеп беру нысанын және мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылы уәкілетті орган мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бірлескен құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырылады.Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша немесе баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады.Қажет болған жағдайда, азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон арқылы не тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникациялар құралдарын пайдаланумен жүргізілуі мүмкін.Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер, оның ішінде тегі, аты-жөні, фотосуреті, кабинет және телефон нөмірлері заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның интернет-ресурсында және мемлекеттік органның ғимаратында баршаға көрінетіндей жерде орналастырылады.Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл кемінде жарты жылда бір рет уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1297878?lang=ru
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМНЫҢ АТАУЫ ЕМЕС, АТҚАРАТЫН НАҚТЫ ІСІ МАҢЫЗДЫ 24.09.2026
Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті.Мәселенің мәнісін тарқатып айтайық. Тілге тиек болып отырған қоғамдық ұйым дегеніміз аты бар да заты жоқ ұйым болмауға тиіс. Оның басты өлшемі – қоғамға нақты пайда әкелуі, азаматтардың мүддесін қорғауы және өз қызметінің нәтижесі үшін жауап беруі шарт. Осы тұрғыдан алғанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында көтерген мәселесі азаматтық қоғамның сапасына қатысты маңызды сұрақтарды күн тәртібіне шығарып отыр.Президент кейбір республикалық қоғамдық бірлестіктердің іс жүзінде нақты жұмысы жоғын, тек қағаз жүзінде «өмір сүретінін» айтты. Тіпті кейбірінің атқарып отырған қызметі басқа, мазмұны мүлдем бөлек болуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда мәселе алаяқтық схемаларға дейін жететіні де жасырын емес. Мемлекет басшысы мұндай фактілер құқық қорғау органдарының қарауына ұсынылып, бақылауында болуы тиіс екенін атап өтті.Қазақстанда азаматтық қоғам институттарының дамуына ерекше мән беріліп отыр. Қоғамдық кеңестер, сараптамалық алаңдар, үкіметтік емес ұйымдар мен түрлі қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік органдар мен азаматтардың арасындағы байланысты нығайтуға атсалысуы қажет.Бірақ кейбір қоғамдық ұйымның формалды түрде тіркеліп алып, қоғамға қажетті институтқа айналмай отырғаны да жасырын емес. Азаматтардың нақты мәселесін көтермейтін, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатыспайтын, өз қызметінің нәтижесін көрсете алмайтын ұйымдардың көбеюі – азаматтық қоғам институттарының беделіне кері әсерін тигізеді.Сондықтан Президенттің сыны белгілі бір ұйымдарға ғана қатысты мәселе емес. Бұл – қоғамдық сектордың өзіне қойылатын сапалық талапты күшейту қажеттігін көрсететін дабыл.Қоғамдық ұйым халықтың атынан сөйлейтін болса, онда оның қоғам алдындағы жауапкершілігі де жоғары болуы керек. Қандай мәселе көтерілді? Қандай ұсыныс жасалды? Оның нәтижесі қандай? Азаматтардың өтініштері қалай қаралды? Мемлекеттік органдарға қандай нақты ұсыныстар берілді? Осындай сұрақтарға жауап беретін есеп мәдениеті қоғамдық институттардың жұмысының негізгі көрсеткішіне айналуы қажет.Президенттің мемлекеттік тапсырысты тек қаражат игерудің құралына айналдыруға болмайтыны туралы ескертуі де ерекше назар аударуды қажет ететін тақырып.Мемлекеттік тапсырыс қоғам үшін маңызды жобаларды жүзеге асыруға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталуы қажет. Ал егер қандай да бір ұйым тек мемлекеттік қаржыға қол жеткізу үшін ғана құрылып, нақты жұмысы жоқ болса, ондай ұйымның қажеті қанша?Мемлекет басшысы дәл осындай «қызмет ұсынушы» ұйымдарға тосқауыл қоятын уақыттың жеткенін айтты. Бұл ұстаным мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуымен қатар, азаматтардың мемлекетке деген сеніміне де тікелей байланысты. Өйткені бюджет қаржысы – белгілі бір мекеменің немесе ұйымның меншігі емес, қоғамның ортақ қаражаты.Сондықтан мемлекеттік тапсырыстың тиімділігі оның қанша қаржы игерілгенімен емес, сол қаржының нәтижесінде қандай қоғамдық мәселе шешілгенімен өлшенуі керек.Бұл тұрғыдан алғанда, мемлекеттік сатып алуда «баға емес, сапа» қағидатына басымдық беру, ашықтықты арттыру және қоғамдық мониторингті күшейту жөніндегі Президенттің бұған дейінгі бастамалары дәл осы мәселемен де сабақтасып жатыр.Президент жаңадан құрылған Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелеріне осындай мәселелерді шешуге атсалысу керектігін айтты.Мемлекет басшысы жаңа органды қоғамдық мәселелерді шешуші орган дәрежесіне айналдыру қажеттігін атап өтті. Қазір елде қоғамдық кеңестерді, сараптамалық алаңдарды және басқа да консультативтік құрылымдарды қоса алғанда, азаматтық қоғаммен жұмыс істейтін көптеген институт бар. Алайда олардың қызметінде бір-бірін қайталайтын функциялар мен бытыраңқылық кездесетіні айтылды. Халық Кеңесі осы қоғамдық әлеуетті үйлестіріп, ұсыныстарды жүйелеуі тиіс. Бұл – жаңа институтқа жүктелетін маңызды міндет.Қазақстан Халық Кеңесі тек кезекті пікірталас алаңы болып қалмауы керек. Оның негізгі құндылығы – қоғамнан келетін ұсыныстарды жүйелеп, сараптамадан өткізіп, олардың мемлекеттік саясатқа ықпал ету мүмкіндігін арттыруында.Бұған дейін Мемлекет басшысы қоғамдық институттардың тиімді жұмыс істеуі әділетті және дамыған мемлекетті қалыптастырудың маңызды шарты екенін атап өткен болатын. Жаңа Қазақстан Халық Кеңесі қоғамдық кеңестер, мәслихаттар, сараптамалық алаңдар мен азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдерін біріктіретін жоғары консультативтік орган ретінде қарастырылған. Демек, оның қызметіне қойылатын талап та жоғары болуы заңды.Мемлекет пен азаматтық қоғам бір-біріне қарсы тұрған тараптар емес. Керісінше, олардың ортақ мақсаты – азаматтардың мүддесін қорғау және елдің орнықты дамуына жағдай жасау.Нағыз қоғамдық ұйым мемлекеттік органды сынаумен ғана шектелмейді. Ол мәселені анықтап, оның себептерін зерттеп, шешу жолын ұсынады. Мемлекеттік шешімдерді талқылауға қатысады, қоғамның пікірін жеткізеді және өз ұсынысының нәтижесіне жауап береді. Сондықтан бүгінгі таңда қоғамдық ұйымдардың санынан гөрі сапасына мән беру маңызды.Президенттің тапсырмасы осы тұрғыдан алғанда азаматтық қоғамға қойылатын талапты нақтылай түседі: қоғамдық мәртебе – артықшылық емес, жауапкершілік. Ал мемлекеттік тапсырыс – табыс табудың оңай жолы емес, қоғам алдындағы міндетті орындауға арналған құрал.Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы да осы жаңа қоғамдық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Оның аясында азаматтық бастамалар бір жүйеге түсіп, сараптамалық ұсыныстар нақты шешімдерге ұласса, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың мазмұны да өзгереді.Бүгінде қоғамға да, мемлекетке де атауы көп, мазмұны аз құрылымдар емес, нақты нәтижеге жұмыс істейтін институттар қажет.Сондықтан Мемлекет басшысы көтерген мәселенің түпкі мәні – жекелеген қоғамдық ұйымдардың қызметін тексеруде ғана емес. Бұл – азаматтық қоғамның сапасын арттыру, мемлекеттік қаражаттың тиімділігін қамтамасыз ету және қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайту мәселесі.Қоғамдық ұйымның шынайы бағасы оның маңдайшасымен емес, халық үшін атқарған нақты ісімен өлшенуге тиіс.
ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1,5 МЫҢНАН АСТАМ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП, ЕЛ НАМЫСЫН АБЫРОЙМЕН ҚОРҒАУДА 24.09.2026
Шымкент қаласының спортшылары 2026 жылдың алғашқы сегіз айында республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, ел спортының дамуына елеулі үлес қосты. Жыл басынан бері шымкенттік спортшылар Қазақстан чемпионаттарында 526 алтын, 490 күміс және 531 қола, барлығы 1 547 медаль жеңіп алды.Сонымен қатар, Қазақстан чемпионаттары аясындағы кубоктық жарыстарда 39 алтын, 40 күміс және 31 қола медаль иеленді. Халықаралық ареналарда да шымкенттік спортшылардың нәтижесі жоғары. Азия чемпионаттарында 41 алтын, 53 күміс және 25 қола, барлығы 119 медаль жеңіп алса, Азия кубоктарында 14 алтын, 12 күміс және 5 қола медаль еншіледі. Әлем чемпионаттарында 15 алтын, 10 күміс және 8 қола, ал Әлем кубоктарында 20 алтын, 12 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.Спорттағы жоғары нәтижелермен қатар, білікті жаттықтырушылар мен спорт шеберлерін даярлау жұмыстары да жалғасуда. Есепті кезеңде 2 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 2 еңбек сіңірген спорт шебері, 26 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 97 спорт шебері және 560 спорт шеберіне үміткер дайындалды. Сонымен қатар, Шымкенттен 1 224 спортшы Қазақстан Республикасы ұлттық құрамаларының сапына енді.Қала спортшылары биылғы халықаралық додаларда да ел намысын абыроймен қорғады. Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XXV Қысқы Олимпиада ойындарына фристайл-акробатикадан Шымкенттің төрт спортшысы қатысып, өз спорт түрі бойынша жоғары бәсекеде бақ сынады.Дохада өткен стенд атудан Азия чемпионатында шымкенттік спортшылар 5 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Ал Нью-Делиде өткен нысана атудан Азия чемпионатында 6 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль иеленді. Аталған жарыста халықаралық дәрежедегі спорт шебері София Шульженко 358,2 ұпай жинап, әлемдік және Азия рекордтарын жаңартты.Сонымен бірге каратэден София Берульцева «Премьер Лига» халықаралық рейтингтік турнирінде жеңімпаз атанды. Грек-рим күресінен «Muhamet Malo» халықаралық турнирінде Мейіржан Шермаханбет алтын, Ернұр Фидаметов қола медаль иеленді.Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Шымкенттен ұлттық спорт түрлері бойынша 7 спортшы қатысып, нәтижесінде 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.Қазір Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Шымкенттен 53 спортшы спорттың 21 түрі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғауда. Байрақты бәсеке 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.Бұдан бөлек, қазан-қараша айларында Сенегалдың Дакар қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарына жеңіл атлетикадан Шымкент спортшысы Максим Сажнев жолдама алды. Ол биыл Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп, ұлттық рекорд орнатқан.Осы нәтижелер Шымкентте спорт резервін даярлау, жоғары жетістіктер спортын дамыту және қала спортшыларының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жұмыстардың нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді.Толығырақ: https://youtube.com/live/iLeUY3-cD20?feature=share#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
Қазақстанның Елшісі «Jababeka & Co.» компаниясының негізін қалаушысы және төрағасымен кездесті 24.09.2026
Джакарта, 2026 жылғы 23 қыркүйек - Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов «Jababeka & Co.» компаниясының негізін қалаушысы және төрағасы доктор Сетьоно Джуанди Дармономен кездесу өткізді.Кездесу барысында Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты.Елші С.Әбдікәрімов Қазақстанның қолайлы инвестициялық ахуалы, елдің сауда-экономикалық әлеуеті және шетелдік инвесторларға үкіметтің қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Дипломат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Индонезия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің маңыздылығына тоқталып, оның іске асырылуы өзара сауданың одан әрі кеңеюіне және өнеркәсіптік кооперацияның тереңдеуіне қосымша серпін беретінін атап өтті.Өз кезегінде «Jababeka & Co.» компаниясының басшысы С.Д.Дармоно қазақстандық серіктестермен іскерлік ынтымақтастықты дамытуға зор қызығушылық білдірді. Аумақтарды кешенді дамыту және индустриялық аймақтар құру саласында маманданған индонезиялық холдингтің басшысы өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын зерделеуге және Қазақстанға бизнес-делегация жіберу арқылы практикалық тәжірибе алмасуға дайын екенін жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің іскер топтары арасындағы өзара тиімді әріптестікті нығайту мақсатында қол жеткізілген жоспарларды жүзеге асыру бойынша тиісті шаралар қабылдауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1297787?lang=ru
Алматыда Қытайдың құрылғанына 77 жыл толуы аталып өтті 24.09.2026
Алматы, 2026 жылғы 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Eлшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуына орай Қытайдың Бас консулдығының салтанатты қабылдауыға қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Қытай арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1297775?lang=ru
ОТ ЦИФРОВИЗАЦИИ УСЛУГ — К ЭКСПОРТУ ТЕХНОЛОГИЙ 24.09.2026
За последние годы цифровая трансформация стала одним из заметных направлений развития Казахстана. В 2024 году Казахстан занял 24-е место среди 193 государств в Индексе развития электронного правительства ООН, тогда как в рейтинге 2019 года страна находилась на 39-й позиции.Расширяется и экспорт отечественных IT-услуг. По итогам 2025 года их объем достиг $1,142 млрд против $33,5 млн в 2020 году. Экспорт IT-услуг впервые превысил отметку в $1 млрд, а экспорт компаний — резидентов Astana Hub составил $633 млн.Одновременно развивается цифровая инфраструктура. Сегодня 90,4% государственных услуг оказываются в электронном формате, а 95,9% доступны через смартфон. В стране также продолжается расширение интернет-инфраструктуры и внедрение современных технологий связи, включая 5G.Существенные изменения происходят и в сфере безналичных платежей. В 2019 году объем безналичных операций с использованием платежных карт составлял 13,3 трлн тенге, а в 2025 году достиг 186,3 трлн тенге — рост примерно в 14 раз.Таким образом, цифровизация постепенно выходит за рамки электронных государственных услуг. Она охватывает государственное управление, телекоммуникации, финансовый сектор, IT-индустрию и экспорт технологий, формируя новую цифровую инфраструктуру экономики Казахстана.
Бразилияда минералдық-шикізат ресурстары саласындағы ұлттық саясат қабылданды 24.09.2026
Бразилиа, 2026 жылғы 23 қыркүйек - Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов бразилиялық тараптың шақыруымен Бразилияның тау-кен өндіру саласындағы стратегиялық және аса маңызды пайдалы қазбаларға қатысты Ұлттық саясатының және оның шетелдік инвестицияларға ықпалының таныстырылымына қатысты.«Barral Parente Pinheiro» консалтингтік компаниясы ұйымдастырған іс-шараға Бразилияның іскер топтарының және елде аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.Бразилиялық спикерлер өз сөздерінде аса маңызды және стратегиялық минералдық шикізат түрлері төмен көміртекті экономикаға көшу, цифрлық технологиялардың дамуы, неғұрлым сенімді жеткізу тізбектерін қалыптастыруға ұмтылыс, сондай-ақ әлемдегі геосаяси шиеленістің күшеюіне байланысты артып келе жатқан халықаралық бәсекелестіктің нысанына айналғанын атап өтті.Ниобий, литий, сирек кездесетін жер элементтері, графит, фосфаттар мен никельдің елеулі қорларына ие Бразилия, жаһандық минералдық-шикізатпен қамтамасыз ету жүйесінде стратегиялық маңызды орын алады.Анықтамалық: Аса маңызды және стратегиялық минералдық шикізат түрлеріне қатысты Ұлттық саясат шеңберінде Бразилия халықаралық құн тізбектерінің негізгі қатысушыларының бірі ретіндегі орнын нығайтуды көздейді. Осы мақсатта іс-қимыл үш негізгі бағытқа шоғырландырылмақ: ел ішінде қосылған құн қалыптастыру, минералдық ресурстар саласындағы егемендікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық және шетелдік капиталды тарту.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1297743?lang=ru
Бельгиялық студенттер «Кітап оқитын ұлт» жобасына қызығушылық танытты 24.09.2026
Монс, 2026 жылғы 21 қыркүйек – Монс университетінде (UMONS) жастар арасында кітап оқуды дәріптеуге, білімге, мәдениетке және ұлттық мұраға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған қазақстандық «Кітап оқитын ұлт» жобасының таныстырылымы өтті.Кездесуге Экономика және менеджмент факультетінің деканы, қазан айынан бастап тұрақты даму және қоғамдық өмір мәселелері жөніндегі проректор қызметіне кірісетін Шанталь Скубо (Chantal Scoubeau), университет оқытушылары, сондай-ақ бакалавриат, магистратура және докторантураның 40-тан астам студенті қатысты. Қатысушыларға республикалық кітап оқу марафонының негізгі мақсаттары және бастамаға конкурстан тыс форматта қосылуға мүмкіндік беретін оның жаңа Parasat бағыты таныстырылды.Бұған дейін Қазақстанда болған Монс университетінің студенті Жад Шарпантье (Jade Charpentier): «Жастар арасында кітап оқуды насихаттауға бағытталған бұл бастама ой-өрісті кеңейтуге, жаңа идеялар мен мәдениеттерді танып-білуге, сондай-ақ қоршаған әлемге жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті.Таныстырылым заманауи Қазақстанға, оның ұлттық дәстүрлері мен тіліне арналған бағдарламамен жалғасты. Монс қаласында тұратын отандастарымыз Айгерім Аққұлова (Qazaq Centre) мен Айнұр Касенова қазақтың салт-дәстүрлері және олардың қоғам өміріндегі орны туралы әңгімеледі. Ауызша және жазбаша аударма факультетінің посткеңестік кеңістікті зерттеу кафедрасының студенттері қазақ тіліне ерекше қызығушылық танытты. Интерактивті сабақ барысында олар күнделікті қолданыстағы сөздер мен сөз тіркестерін үйреніп, қазақ тілінде алғашқы сөйлемдерін айтты. Сондай-ақ студенттер қазақ тілін одан әрі үйренуге және факультетте толыққанды қазақ тілі курсының ашылуына қызығушылық білдірді.Домбырада екі қазақ күйін орындаған бельгиялық студенттер Анжелика мен Ксавьенің өнері ерекше қызығушылық тудырды. Бұған дейін олар Алматыда алты айлық тағылымдамадан өтіп, Қазақстанның мәдениетімен және күнделікті өмірімен танысып, қазақтың ұлттық аспабын меңгере бастаған.Монс университетінде өткен жобаның таныстырылымы оның халықаралық аудиториясын кеңейтіп, бельгиялық студенттерге Қазақстанды әдебиет, тіл және музыка арқылы танып-білудің тағы бір мүмкіндігін ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1297744?lang=ru
Қазақстан мен Антверпен сауда, логистика және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 24.09.2026
Антверпен, 2026 жылғы 22 қыркүйек – Антверпен провинциясына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко Антверпен-Ваасланд Сауда-өнеркәсіп палатасының (VOKA), Антверпен қаласы әкімдігінің, The Beacon инновациялық-технологиялық хабының және Антверпен-Брюгге портының басшылығымен кездесулер өткізді. Негізгі назар сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, Орта дәлізді дамытуға, цифрландыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Антверпеннің іскерлік және инновациялық экожүйелері арасында тікелей байланыстар орнатуға аударылды.VOKA Antwerpen-Waasland бас директоры Люк Лювелмен кездесу барысында өңір компанияларын Қазақстандағы мұнай-химия және химия өнеркәсібі, машина жасау, энергетика, логистика, озық материалдар және циркулярлық экономика салаларындағы жобаларды іске асыруға тарту перспективалары талқыланды. Антверпеннің өнеркәсіптік мамандануы Қазақстанның өндірісті жаңғырту, өңдеу секторын дамыту және жоғары қосылған құны бар өнімдер шығару жөніндегі басымдықтарына сәйкес келетіні атап өтілді.Қазақстанда жобаларды іске асырып жатқан немесе дамытып отырған Ahlers Logistics, Sarens және Jan De Nul бельгиялық бизнестің табысты мысалдары ретінде атап өтілді. Қазақстандық тарап VOKA-ға Антверпеннің жаңа компанияларын тартуға, салалық бизнес-миссияларды ұйымдастыруға және қазақстандық серіктестермен әрі даму институттарымен тікелей байланыстар орнатуға жәрдемдесуді ұсынды.Антверпен әкімдігінде сыртқы байланыстар және халықаралық істер жөніндегі директор Том Вербеленмен кездесу барысында тікелей муниципаларалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. Мемлекеттік және қалалық қызметтерді цифрландыруға, «ақылды қала» технологияларына, жасанды интеллектке, қалалық мобильділік пен орнықты дамуға ерекше назар аударылды. Қазақстандық тарап мемлекеттік қызметтердің шамамен 90%-ы онлайн қолжетімді Қазақстанның цифрлық трансформация саласындағы тәжірибесін, сондай-ақ Kaspi.kz пен биометриялық технологияларды қоса алғанда, финтех және цифрлық шешімдердің дамуын таныстырды.The Beacon инновациялық-технологиялық хабында Елші Антверпеннің технологиялық компаниялары мен стартаптарының экожүйесімен танысты. Тараптар жасанды интеллект, заттар интернеті, киберқауіпсіздік, smart city және smart port, өнеркәсіптік цифрландыру, пилотсыз технологиялар және логистика салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. The Beacon мен Astana Hub арасында тікелей ынтымақтастық орнату, оның ішінде стартаптар алмасу, технологиялық matchmaking, бірлескен акселерациялық бағдарламалар және кейіннен Орталық Азияда ауқымын кеңейту мүмкіндігімен пилоттық жобаларды іске асыру ұсынылды.Сапардың жеке бағыты Антверпен-Брюгге портының халықаралық даму жөніндегі директоры Вим Дилленмен кездесу болды. Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамыту және Антверпен-Брюгге порты мен Қазақстанның Ақтау және Құрық порттары арасында тікелей өзара іс-қимыл орнату мәселелерін талқылады.Практикалық бағыттар ретінде порт инфрақұрылымын басқару және цифрландыру, мультимодальды логистика, smart-port технологиялары, декарбонизация және порт мамандарын даярлау салаларында тәжірибе алмасу ұсынылды. Қазақстандық мамандарды Антверпеннің бейінді орталықтары базасында оқыту мүмкіндігі, сондай-ақ Антверпенді қазақстандық металдар, критикалық шикізат, мұнай-химия және агроөнеркәсіп өнімдері үшін еуропалық логистикалық және дистрибуциялық хаб ретінде пайдалану мәселесі жеке қарастырылды. Перспективада Антверпен-Брюгге, Ақтау және Құрық порттары арасында ынтымақтастық туралы негіздемелік құжат жасасу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.Кездесулер барысында 2026 жылдың күзіне жоспарланған Бельгия Королі Филипптің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары да талқыланды. Антверпеннің іскер топтарының өкілдері Астанада өтетін Қазақстан-Бельгия бизнес-форумына қатысуға және сапар мүмкіндігін қазақстандық компаниялармен және мемлекеттік құрылымдармен жаңа тікелей байланыстар орнату үшін пайдалануға шақырылды.Сапар қорытындысы бойынша тараптар диалогтан нақты инвестициялық, технологиялық және инфрақұрылымдық жобаларға көшуге, сондай-ақ Қазақстан мен Антверпеннің компаниялары, порттары, инновациялық хабтары және муниципалдық құрылымдары арасында тікелей байланыстарды дамытуға мүдделілігін растады.Анықтама: Антверпен провинциясы Бельгия мен Еуропаның ірі өнеркәсіптік, логистикалық және инновациялық орталықтарының бірі болып табылады. Оның ЖІӨ-сі 2024 жылы шамамен 117,8 млрд еуроны құрады, бұл Бельгия ЖІӨ-сінің (620,3 млрд еуро) шамамен 19%-ына сәйкес келеді және провинцияны елдің ең ірі экономикалық орталықтарының біріне айналдырады. Өңір экономикасы порттық логистикаға, химия және мұнай-химия өнеркәсібіне, машина жасауға, фармацевтикаға, озық технологиялар мен инновацияларға маманданған. VOKA Antwerpen-Waasland өнеркәсіптік желісі BASF, INEOS, ExxonMobil, TotalEnergies, Atlas Copco, Katoen Natie, Indaver және Umicore компанияларын қоса алғанда, 300-ге жуық өндірістік компанияны біріктіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1297745?lang=ru
Астанадағы Халықаралық HackAlem AI хакатоны GUINNESS WORLD RECORDS әлемдік рекордын орнатты 24.09.2026
Астанада өтіп жатқан AI Month аясында HackAlem AI хакатоны қатысушылар саны бойынша GUINNESS WORLD RECORDS әлемдік рекордын орнатты.HackAlem AI 2025 жылғы 21 желтоқсанда Үндістанның Хайдарабад қаласында орнатылған алдыңғы әлемдік рекордтан асып түсті. Сол кезде Google for Developers және Google Developer Groups Hyderabad ұйымдастырған хакатонға 2 089 қатысушы жиналған болатын.«Хакатон басталғанға дейін мен бұл рекордтың бұған дейін орнатылғанын айтқан едім. Оны өткен жылдың желтоқсан айында Үндістанда Google компаниясы орнатып, оған 2 089 адам қатысқан. Менің міндетім іс-шараның өту барысын бақылап, стюардтар және тәуелсіз куәгерлермен бірге Guinness World Records талаптарының толық сақталғанына көз жеткізу болды. Біз хакатонға нақты қатысқан, қажетті талаптарды орындаған және белгіленген уақыт бойы алаңда болған қатысушыларды ғана есепке алдық. Қатысушылардың барлық деректері мен жұмыстарын тексергеннен кейін HackAlem AI нәтижесі 2 415 адам болғанын ресми түрде жариялай аламын. Сіздер Guinness World Records жаңа әлемдік рекордын орнаттыңыздар!» — деп GUINNESS WORLD RECORDS ресми төрешісі Гленн Поллард мәлімдеді.«GUINNESS WORLD RECORDS әлемдік рекордын орнату — Қазақстанның технологиялық қоғамдастығының ортақ жетістігі және еліміздің жоғары әлеуетінің дәлелі. HackAlem AI озық технологияларды қолдана отырып, экономиканың нақты міндеттерімен жұмыс істеген мыңдаған дарынды әзірлеушіні, студентті және жас маманды біріктірді. Біз үшін мұнда жасалған жобалардың идея мен прототиптен бастап пилоттық жобаға және нақты енгізуге дейінгі жолын жалғастыруы маңызды. Бұл нәтиже Қазақстанның жаһандық технологиялық күн тәртібіне қатысып қана қоймай, оны қалыптастыруға да қабілетті екенін көрсетеді. HackAlem AI Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай өтіп жатқан AI Month аясында ұйымдастырылды», — деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев. Әлемдік рекорд GUINNESS WORLD RECORDS талаптарына сәйкес орнатылды. Қатысушылар тіркеуден және сәйкестендіруден өтті, олардың алаңға кіріп-шығуы жеке бейдждерді сканерлеу арқылы тіркелді. Әр секторда ережелердің сақталуын стюардтар бақылап отырды. Қорытынды нәтижеге белгіленген талаптарды орындаған және хакатон барысында жобалармен тікелей жұмыс істеген қатысушылар ғана енгізілді.«Бүгін Қазақстан Guinness World Records әлемдік рекордын орнатты. Бұл нәтижеге ең алдымен адамдар, біздің жас әзірлеушілеріміз, студенттеріміз және AI энтузиастары үлес қосты. Мыңдаған қатысушы Астанаға жиналып, бірнеше сағат ішінде өз идеяларын нақты AI шешімдеріне айналдырды. Біз үшін бұл рекорд HackAlem AI ауқымының көрсеткіші ғана емес, Қазақстанда және өңірде мықты технологиялық қоғамдастық пен таланттардың жаңа буыны қалыптасқанын да көрсетеді. Біз олар үшін жаңа мүмкіндіктер жасап, жаһандық технологияларға, білімге және серіктестікке жол ашуға ұмтыламыз. Бұл олардың идеяларын бәсекеге қабілетті өнімдерге айналдырып, әлемдік нарыққа шығаруына мүмкіндік береді. HackAlem AI Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылының маңызды оқиғаларының біріне айналды», — деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.HackAlem AI жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, киберқауіпсіздік және технологиялық құзыреттерді дамытуға арналған іс-шаралар сериясы — AI Month бағдарламасын бастады. Іс-шаралар сериясы Astana Hub қолдауымен, AI & Digital Bridge 2026 қарсаңында және Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтуде.HackAlem AI ұйымдастырушылары мен серіктестері: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері, Silkroad Innovation Hub, Blockchain & AI Technology Center (BAITC), AI & Digital Bridge, OpenAI, NVIDIA, Arizona State University, Palo Alto Networks, MSSP.GLOBAL және «Романовский продукт».HackAlem AI демеушілері: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Freedom Holding Corp., «Kaspi.kz» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank), «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, Beeline Қазақстан және Firebird Inc.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1297750?lang=ru
Қазақстанның СІМ басшысы бейбітшілік пен қауіпсіздік жөніндегі жоғары деңгейдегі талқылауға қатысты 24.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас Ассамблеясының 81- сессиясы алаңында  «Бейбітшілік уәдесін қайта растау: мүмкіндіктерді пайдалану» атты жоғары деңгейдегі талқылауға қатысты.Талқылау халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қазіргі сын-қатерлерге, сенімді нығайтуға және шиеленісті азайтуға, сондай-ақ қақтығыстардың алдын алу және шешу үшін БҰҰ құралдарының тиімділігін арттыруға бағытталған. Алдын алу дипломатиясына, медиацияға және БҰҰ мен басқа да халықаралық субъектілер арасындағы серіктестікті дамытуға ерекше назар аударылды.Талқылауға Кения Министрлер кабинетінің Премьер-хатшысы Мусалия Мудавади, Аустралия Премьер-министрі Энтони Албанез, Иордания Премьер-министрінің орынбасары және сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрі Айман Сафади, Исландия Премьер-министрі Криструн Фростадоттир және басқа да жоғары деңгейдегі үкімет өкілдері қатысты. Талқылауды Халықаралық дағдарыс тобының президенті және бас директоры Комфорт Ээро жүргізді. Қатысушылар БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы рөлін нығайту және дауларды бейбіт жолмен шешудің қолданыстағы тетіктерін тиімдірек пайдалану мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1297715?lang=ru
ШҚО әкімдігі мен Dengbo Success Minerals Ltd. әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандумға қол қойды 24.09.2026
22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Dengbo Success Minerals Ltd. компаниясы арасында әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандумға қол қойылды.Құжат компания қызметі жүзеге асырылатын аумақтардың тұрғындары үшін инвестициялық жобаларды іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде компания Верхнеберезовский кентін абаттандыру жұмыстарына қатысуды жоспарлап отыр.Тұрғындарды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылды. 2027–2035 жылдары компания Верхнеберезовский кентінде әлеуметтік жобаларды іске асыруға 1,5 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар, жыл ішінде мүгедектігі бар адамдарды, оның ішінде балаларды тасымалдауға арналған мамандандырылған «Инватакси» автокөлігін сатып алу жоспарлануда.Шығыс Қазақстан облысының әкімі инвестициялық жобалар іске асырылатын аумақтарды дамытуға инвесторлардың жауапты қатысуының маңыздылығын атап өтіп, қытайлық әріптестермен одан әрі сындарлы ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.Меморандумға қол қою халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аумақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын айқындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1297716?lang=ru
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты 24.09.2026
Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі  2026 жылдың 1 қыркүйегіне 28,47 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім – 3,36 трлн теңге немесе 13,4%.        2026 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ)  қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі – 26,37 трлн теңге, 12 айда 2,53 трлн теңгеге немесе 10,6% өсті.Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 5,0%-ға ұлғайып, 746,13 млрд теңге болды.Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 қыркүйекке оның көлемі 10,43 млрд теңге  болып, 12 айда 7,1% өсім көрсетті.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 12 ай ішінде 2,5 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 1 348,82 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың 8 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 439,42 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,9%-ға (немесе 334,44 млрд теңгеге) артық.     МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін 1 865,85 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 8,1%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 100,97 млрд теңге (өсім – 12,3%), ЕЗЖ – 1412,37 млн теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.09.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар 471,18 млрд теңгені құрады.     Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.09.2026ж. жағдай бойынша 1198,09 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1242,35 млрд теңгені құрады.   Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 196,23 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 39 008 теңге.      2026 жылдың басынан бастап 01.09.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 462,75 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 70,61 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 33,62 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,32 млрд теңге, жерлеуге – 6,33 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 470,49 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2026 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 19,01 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,13 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қыркүйегінде 12,87 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,42 млн - МЗЖ бойынша, 794,38 мыңы - МКЗЖ бойынша, 464,91 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,42 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  6,14 млн бірлік.             Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1307187?lang=ru
Варшавада Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы талқыланды 24.09.2026
Варшава, 2026 жылғы 22 қыркүйегі -  Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігі «Қазақстанның бастамасы: БҰҰ жүйесінде Халықаралық су ұйымын құру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, Сауда-өнеркәсіп палатасының, жоғары оқу орындарының поляк сарапшылары, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.Кездесу барысында қатысушыларға су ресурстары саласындағы халықаралық ахуал, негізгі сын-қатерлер және оларды шешу жолдары жөніндегі Қазақстанның көзқарасы таныстырылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ шеңберінде су ресурстарын басқарудың неғұрлым тұтас әрі тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған бастамасына ерекше назар аударылды.Польшалық қатысушылар бастамаға айтарлықтай қызығушылық танытып, оның практикалық аспектілерін одан әрі талқылаудың өзектілігін атап өтті. Атап айтқанда, Халықаралық су ұйымының ұсынылып отырған құрылымына, оны қаржыландыру мәселелеріне, өкілеттіктері мен функцияларына назар аударылды. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықтың, су секторын жеткілікті қаржыландыру мен инвестициялаудың, сондай-ақ жекелеген мемлекеттердің табысты тәжірибесін ескерудің қажеттігі атап өтілді. Талқылау барысында су мәселелерінің энергетикамен, цифрландырумен, климатпен және тұрақты дамумен тығыз өзара байланысы атап көрсетілді.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар су ресурстарын басқару жөніндегі неғұрлым тиімді халықаралық платформа құру бастамасының ауқымдылығы мен уақтылылығын атап өтіп, оны БҰҰ шеңберінде және су мәселелеріне арналған басқа да халықаралық алаңдарда одан әрі талқылауға дайын екендіктерін білдірді. Қазақстан тарапы бастаманы жетілдіру және су ресурстары саласындағы жаһандық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған практикалық тәсілдерді әзірлеу мақсатында халықаралық әріптестермен одан әрі диалог пен пікір алмасуға ашық екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1297707?lang=ru
Қатон-Қарағай ауданындағы туристік инфрақұрылымды дамыту перспективалары BI Group компаниясымен талқыланды 24.09.2026
Шығыс Қазақстан облысының әкімі BI Group компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру және Қатон-Қарағай ауданындағы туристік инфрақұрылымды дамыту перспективалары қаралды.Компания ұсынған негізгі жобалардың бірі — Берел аумағында цифрлық және мультимедиялық технологияларды қолдана отырып, заманауи музейлік-экспозициялық кешен құру. Бірінші кезеңде шамамен 800 млн теңге инвестициялау қарастырылып отыр. Алғашқы нысанды 2027 жылы іске қосу жоспарланған.Сондай-ақ жаңа атпен, автокөлікпен және жаяу жүріп өтетін туристік маршруттарды, оның ішінде Язевое көлі мен Музтау тауына бағыттарды дамыту мәселелері талқыланды. Жобалар аясында бақылау алаңдарын, демалыс орындарын және туристерге арналған басқа да қажетті инфрақұрылым нысандарын құру көзделуде.Ауданда этнофестиваль өткізу жөніндегі ұсынысқа да ерекше назар аударылды. Іс-шара Шығыс Қазақстанның мәдениеті, дәстүрлері мен тарихи-мәдени мұрасын кеңінен танытуға бағытталатын болады.Туризмді одан әрі дамыту үшін ауданның көлік қолжетімділігін арттыру, оның ішінде Қатон-Қарағай ауданында әуежай салу жобасын іске асыру маңызды фактор болып табылады.Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Туризм және инвестициялар басқармасына мүдделі тараптармен бірлесіп, BI Group ұсынған жобаларды егжей-тегжейлі пысықтау, ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындау және оларды одан әрі іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.Қатон-Қарағай ауданындағы туристік инфрақұрылымды дамыту туристер үшін қолайлы жағдайлар жасауға, аумақтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және туристік ағынды ұлғайтуға бағытталған басым бағыттардың бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1297714?lang=ru
Астрахан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есіктер күні» өтті 24.09.2026
Сегодня 23 сентября в Управлении государственных доходов по Астраханскому району состоялся «День открытых дверей».В рамках мероприятия налогоплательщикам были предоставлены практические рекомендации и проведена разъяснительная работа по актуальным вопросам налогообложения.В частности, были даны разъяснения по вопросам применения контрольно-кассовых машин (ККМ), специальных налоговых режимов (СНР), налогообложения крестьянских хозяйств (КХ), а также порядка исчисления и уплаты налога на добавленную стоимость (НДС) и корпоративного подоходного налога.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1297679?lang=ru
ХГҚ жөніндегі жаһандық бастаманың құрылтайшы мемлекеттері Иорданиядағы конференцияға дайындықты талқылады 24.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Халықаралық гуманитарлық құқыққа (ХГҚ) саяси бейілділікті нығайту жөніндегі жаһандық бастаманың құрылтайшы мемлекеттері – Қазақстан, Бразилия, Иордания, ҚХР, Франция және Оңтүстік Африка сыртқы саяси ведомстволары басшыларының Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Президенті с Президентом Международного Комитета Красного Креста (МККК) Мирьяна Споляричпен бірлескен кездесуіне қатысты.Қатысушылар 2026 жылғы 7 желтоқсанда Иорданияда өтетін «Соғыс жағдайындағы ізгілік» атты жоғары деңгейдегі конференцияға дайындықты талқылады. Басты назар Бастамаға халықаралық қолдауды кеңейтуге, Конференцияға өкілдікті қатысуды қамтамасыз етуге, құрылтайшы мемлекеттердің алдағы іс-қимылдарын үйлестіруге, сондай-ақ қорытынды саяси декларацияны әзірлеуге аударылды.Қазақстанның Сыртқы істер министрі халықаралық гуманитарлық құқық ешқандай таңдамалылықсыз және саясаттандырусыз – әмбебап, дәйекті әрі адал қолданылуы тиіс. Оның шынайы тиімділігі бейбіт тұрғындарды, медициналық және гуманитарлық персоналды қорғауды, өмірлік маңызы бар азаматтық инфрақұрылымның қауіпсіздігін және мұқтаж жандарға көмектің кедергісіз жеткізілуін қаншалықты қамтамасыз ететіндігімен айқындалатынын айтып өтті.СІМ басшысы Қазақстан диалог мәдениетін, дауларды бейбіт жолмен реттеуді және инклюзивті көпжақты ынтымақтастықты дәйекті түрде ілгерілетіп келе жатқанын әрі бұл Бастаманы қолданыстағы халықаралық міндеттемелерді іске асыруға жәрдемдесетін практикалық тетік ретінде қарастыратынын жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша құрылтайшы мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен ХҚКК Президенті баспасөзге арналған бірлескен мәлімдеме жасады. Тараптар халықаралық қоғамдастықты Бастамаға қосылуға, ХГҚ сақталуын нығайту жөніндегі күш-жігерді жандандыруға және Иорданиядағы Конференцияға жоғары деңгейде қатысуды қамтамасыз етуге шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1297686?lang=ru
Мүлік салығы: 1 қазанға дейін төлеу қажет 24.09.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің меншік иелері болып табылатын жеке тұлғаларға 2025 жыл үшін мүлік салығын 2026 жылғы 1 қазанға дейін төлеу қажеттігін еске салады.Салық сомалары салық төлеушілерге қолжетімді: хабарламаларды қалыптастыру үшін қажетті мәліметтер екінші деңгейдегі банктерге берілді. Осы мәліметтердің негізінде банк пайдаланушыларына, оның ішінде Kaspi және Halyk мобильді қосымшаларында әрбір объект бойынша салық сомасы егжей-тегжейлі көрсетілген push-хабарламалар жолданды.Салықты өзіңізге ыңғайлы тәсілмен төлеуге болады:екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен;банкоматтар мен төлем терминалдары арқылы банк картасымен.2026 жылғы 2 қазаннан бастап өтелмеген берешегі бар меншік иелеріне тиісті хабарламалар жолданатынына назар аударамыз. Егер төлем 30 жұмыс күні ішінде түспесе, салық бұйрығы қалыптастырылады. Ал ол 5 жұмыс күні ішінде орындалмаған жағдайда іс жеке сот орындаушыларына беріледі.Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аталған рәсімге жол бермеу үшін салықты алдын ала төлеуді ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1297662?lang=ru