Әлем
Ақмола облысының туризм басқармасы өңір тұрғындары мен қонақтарына шетелдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлайды 02.02.2026
Азия елдеріндегі Нипах вирусына қатысты эпидемиологиялық жағдай халықаралық қызметтердің бақылауында. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметтері бойынша, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Нипах вирусын жұқтырудың жекелеген жағдайлары мезгіл-мезгіл тіркеліп отырады. Аталған инфекция бұған дейін Малайзияда, Бангладеште, Үндістанда, Филиппинде және өңірдің басқа да елдерінде анықталған. 2026 жылдың қаңтар айында Үндістанда аурудың жекелеген жағдайлары тіркелді. Жергілікті денсаулық сақтау органдары эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуде, жағдай бақылауда. Нипах вирусы зооноздық инфекцияларға жатады. Ол адамға жануарлардан (негізінен жемісқоректі жарқанаттардан), ластанған азық-түлік пен сусындар арқылы, сондай-ақ жұқтырған адаммен тығыз байланыс кезінде берілуі мүмкін. Инкубациялық кезең орта есеппен 4-тен 14 күнге дейін созылады. Аурудың алғашқы белгілері тұмау немесе суық тиюге ұқсас болуы мүмкін: дене қызуының көтерілуі, бас және бұлшықет ауруы, әлсіздік, тамақ ауруы, құсу. Кейбір жағдайларда неврологиялық белгілер (ұйқышылдық, бас айналу, есінің бұзылуы) байқалуы мүмкін. Қазіргі уақытта Нипах вирусына қарсы арнайы вакцина немесе тіркелген дәрілік препараттар жоқ. Алдын алу шаралары санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау және инфекция көздерімен байланысты шектеуге негізделген. Туристерге арналған ұсынымдар Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапар жоспарлау кезінде:– жеке гигиенаны сақтау;– тек мұқият өңделген тағамдарды тұтыну;– жабайы жануарлармен байланыстан аулақ болу;– шығу тегі белгісіз жемістер мен шырындарды пайдаланбау;– сырқаттанған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгіну ұсынылады. Өңірдегі жағдай Қазақстан Республикасы мен Ақмола облысының аумағында ауру жағдайлары тіркелген жоқ. Өңірдің туристік инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеуде. Туризм басқармасы халықаралық эпидемиологиялық ахуалды бақылауды жалғастырып, қажет болған жағдайда халықты жедел хабардар ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1153057?lang=kk
Қостанай қаласының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылды 02.02.2026
Аппараттық кеңесте Қостанай қаласының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары қаралды. Есепті кезеңнің нәтижелері бойынша қалада негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсімі байқалады.Қалада өнеркәсіптік өндіріс, инвестициялық белсенділік, құрылыс саласы, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда қарқынды дамуда. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 трлн теңгеге жуықтады. Қала экономикасының негізін өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде машина жасау саласы құрайды. Бір жыл ішінде 92 мыңнан астам автокөлік пен коммерциялық техника өндірілді, ауыл шаруашылығы техникасы мен азық-түлік өнімдерін шығару көлемі артты.Қала экономикасына 384,5 млрд теңге инвестиция тартылды, оның шамамен 90 пайызы жеке инвестициялар. Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде 2,8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. 2025 жылы 336,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл облыс бойынша жалпы тұрғын үй енгізудің 65 пайызынан астамын құрайды.Қала халқының саны 276 мың адамнан асты және өсуін жалғастыруда. Бұл Қостанай қаласының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын, сондай-ақ оның өмір сүру, еңбек ету және инвестиция салу үшін тартымды қала екенін айқын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1153062?lang=kk
KazAID пен Таиланд Корольдігінің Елшілігі денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты талқылады 02.02.2026
KazAID пен Таиланд Корольдігінің Елшілігі денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты талқылады2026 жылғы 30 қаңтарда KazAID кеңсесінде KazAID Басқарма Төрағасы А. Арыстанов пен Астанадағы Таиланд Корольдігі Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Оратай Пхубунлап Гунасийлан ханымның кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар 2026 жылғы сәуір айында Астана қаласында онкологияға бағытталған медициналық симпозиум өткізуге дайындық мәселесін, сондай-ақ медициналық білім беру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Сонымен қатар KazAID пен Таиланд Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (TICA) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумын жүзеге асыруға, оның ішінде денсаулық сақтау, цифрландыру және орнықты даму салаларындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1153066?lang=kk
Алаяқтар туралы ескертеміз! 02.02.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті соңғы уақытта азаматтарға жаппай салық органдарының атынан келгендей болып хабарламалар келіп жатқанын хабарлайды. Онда салық режиміне көшу, шұғыл хабарламалар, айыппұлдармен қорқыту және сілтеме арқылы өтуді сұрау жазылады. Бұл — алаяқтар! Олардың мақсаты қарапайым: сізді қорқыту, шатастыру және жеке деректеріңізді немесе ақшаңызды иемдену. Алаяқтардың айласына түспеу үшін үш қарапайым ережені есте сақтаңыз:Барлық ресми хабарламалар тек Салық төлеушінің жеке кабинетіне немесе тексерілген арналар арқылы келеді (ресми электрондық сервистер, push-хабарламалар және 1414 байланыс орталығы).СМС арқылы келетін ешқандай кодты айтпаңыз. Егер біреу «растау коды» немесе құпиясөзіңізді сұраса — бұл 100% алаяқ. МКК қызметкерлері мұндай деректерді ешқашан сұрамайды.Сілтемелерге өтпеңіз. Егер «салық органынан» келгендей күмәнді хатта «төлеу» немесе «тексеру» батырмасы болса — оны бірден өшіріңіз. Не істеу керек:- күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;- бейтаныс жіберушілерге жауап бермеңіз;- жеке және қаржылық деректеріңізді ешкімге бермеңіз;- ақпаратты тек ресми арналар арқылы тексеріңіз. Оңайлатынған салық режиміне көшу туралы жеке ескертуОңайлатынған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне (АСР) көшу туралы хабарламаны 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тапсыруға болады. Хабарламаны мына жолдармен беруге болады:- ЭЦҚ арқылы Салық төлеушінің кабинетінде;- e-Salyq Business мобильді қосымшасында;- банктердің қосымшаларында (Kaspi, Halyk, БЦК);- Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде жеке барып. Салық органдары ешқандай кодтар, кезектер немесе «алдын ала жазылуларды» қалыптастырмайды және талап етпейді.Сақ болыңыз. Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен асығыстығын пайдаланады.Ақпаратты тексеріңіз. Тек ресми дереккөздерге ғана сеніңіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1152918?lang=kk
АҚСУАТТА – АБЫРОЙЛЫ БАСТАМА 02.02.2026
АҚСУАТТА – АБЫРОЙЛЫ БАСТАМААқсуат ауданының білім саласы үшін, әсіресе Қожагелді батыр атындағы орта мектептің ұжымы мен оқушылары үшін қуанышты әрі маңызды жаңалық орын алды. Бүгін Қожагелді батырдың ұрпақтары арнайы келіп, туған жерге деген перзенттік парыз бен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.Қазіргі таңда аталған мектепте 950-ге жуық оқушы білім алуда. Оқушылар санының көптігіне байланысты спорт залының жетіспеушілігі ұзақ жылдар бойы өзекті мәселе болып келген еді.Осы орайда «Қожагелді» ЖШС-нің басшысы Жаментиков Тельман Қабыкенұлы бастаған ел жанашырлары — Бекбаев Марат Қожахметұлы, Бекбаев Болат Имамахметұлы, Бекбаев Жастілек Нұрахметұлы — биыл Қожагелді батыр атындағы мектепке заманауи талаптарға сай спорт кешенін жылу қазандығымен бірге салып беруді, сондай-ақ жаңа спорт алаңы мен хоккей кортын тарту етуді мәлімдеді.Бұл ауқымды жобаны жүзеге асыруға Қожагелді батырдың барлық ұрпақтары атсалыспақ. Тоқабай–Қожагелді батыр әулеті тарапынан жиналған қаражатқа қосымша қаржы қажет болған жағдайда, құрылыстың толық аяқталуына Тельман Қабыкенұлы жеке жауапкершілік алып, жетіспеген қаражатты өз қаражатынан бөлетінін жеткізді.Бұл игі бастама — өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, бұқаралық спортты дамытуға және жастарды салауатты өмір салтына баулуға бағытталған маңызды әрі тағылымды қадам.Туған жерінің болашағына жанашырлықпен қарап, ел игілігі жолында елеулі іс атқарып отырған азаматтарға алғысымыз шексіз. Қожагелді батырдың ұрпақтары мен Тельман Қабыкенұлына бастамаларыңызға береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз!#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат#Ұлттық_сезім_Абай_облысы#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат#Абай180жыл_Абай_облысы_Ақсуат#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1152931?lang=kk
«Мамандық таңдау – болашаққа қадам» тақырыбында кәсіби бағдар беруші педагогтерге арналған аудандық іс-тәжірибе алмасу семинары 02.02.2026
Ақсуат ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 30 қаңтар күні М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебінде «Мамандық таңдау – болашаққа қадам» тақырыбында кәсіби бағдар беруші педагогтерге арналған аудандық іс-тәжірибе алмасу семинары өтті.Семинарға аудан мектептерінің кәсіби бағдар беруші педагогтері қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Бағдарламаға сәйкес, 2-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беруші педагог А. Балпанова «Бұл қай мамандық?» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар интерактивті тақта арқылы түрлі тапсырмалар орындап, мамандықтар әлеміне саяхат жасап, әр кәсіптің ерекшеліктерімен танысты. Балалар өз әсерлерімен бөлісіп, сабаққа белсенді қатысты.Сонымен қатар, кәсіби бағдар беруші педагог С. Аубакирова 7–10-сынып оқушыларымен «Мен мамандық таңдай аламын» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оқушылар топтарға бөлініп, өз ойларын ортаға салып, ашық пікір алмасты. Шара барысында жоғары белсенділік танытып, мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы тұжырымды ойлар айтты.Семинардың тақырыбы жан-жақты ашылып, қойылған мақсатқа қол жеткізілді. Қатысушылар мектеп ішіндегі «Шебер қолдар» үйірмесінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ мектептегі қолөнер бұйымдары, музей экспонаттары, оның ішінде тарихи жәдігерлер көрсетілді. Мектептің кәсіби бағдар беру бағытында осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары таныстырылды.Семинар соңында аудан мектептерінен келген педагогтер өз пікірлерімен және алған әсерлерімен бөлісті.Іс-шараны білім бөлімінің әдіскері Рахимбаева Куралай Кужахановна қорытындылап, семинар барысында іс-тәжірибесімен бөліскені үшін педагогтер С. Аубакирова мен А. Балпановаға білім бөлімінің сертификаттарын табыс етті.#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат#Ұлттық_сезім_Абай_облысы#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат#Абай180жыл_Абай_облысы_Ақсуат#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_АқсуатАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1152946?lang=kk
Алматы облысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды 02.02.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өңір активімен кездесу өтіп, онда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы кеңінен талқыланды. Жиынға қала және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері мен азаматтық қоғам мүшелері қатысты.Кездесуді ашқан облыс әкімі негізгі мақсат – Ата Заң жобасында көзделген өзгерістерді жан-жақты талқылау екенін атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарды конституциялық реформа барысынан хабардар етіп, азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды.Жиын барысында ағымдағы жылдың қаңтар айында еліміздің әр өңірі мен түрлі әлеуметтік топ өкілдерінен құралған 130 адамдық Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылғаны айтылды. Комиссия азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды зерделеп, жаңа Конституцияның жобасын әзірлеген.Алматы облыстық мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Қуат Байғожаев реформаның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына негізделгенін жеткізді. Оның айтуынша, бірпалаталы Парламент құру идеясы Президенттің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көтеріліп, саяси жүйені кешенді жаңғыртуға және жасанды интеллект дәуіріндегі әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін беруге бағытталған.Сондай-ақ аталған бастамаларды іске асыру мақсатында ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысқан жұмыс тобы құрылғаны айтылды. Азаматтар e-Otinish және eGov порталдары арқылы екі мыңнан астам ұсыныс жолдаған. 2026 жылғы қаңтарда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы өзгерістердің негізгі бағыттарын айқындады.Қуат Байғожаевтың сөзінше, Комиссия Конституцияның барлық бөлімін қамтитын 77 бапқа өзгеріс енгізуді қарастырған. Бұл құжат мәтінінің 84 пайызын құрайды. Өзгерістер адамға бағдарланған мемлекеттік саясатты күшейтуге, қоғамдық құндылықтарды нығайтуға және саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған.Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітіледі. Ел бірлігі, ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, егемендік пен аумақтық тұтастық негізгі құндылықтар ретінде айқындалған. Сондай-ақ әділеттілік, Заң мен Тәртіп қағидаттары, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелері қамтылып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі ретінде танылады.Құжатта білім мен ғылымды, мәдениет пен инновацияны, цифрландыруды дамыту және азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау басты бағыттар ретінде көрсетілген. Мемлекет пен дін арасындағы қатынастар нақты айқындалып, білім беру жүйесінің зайырлы сипаты сақталады. Неке ер мен әйелдің тең құқықты, ерікті одағы ретінде белгіленген.Негізгі жаңашылдықтардың қатарында 145 депутаттан тұратын, пропорционалды жүйе бойынша бес жыл мерзімге сайланатын бірпалаталы Парламент – Құрылтай құру, заң шығару бастамасы құқығы бар жоғары консультативтік орган – Халық Кеңесін қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайтын Вице-президент институтын енгізу бар.Сонымен қатар Конституцияда алғаш рет адвокаттық қызмет пен зияткерлік меншікті қорғауға қатысты жеке нормалар бекітіліп, азаматтардың құқықтық кепілдіктері күшейтіледі. Атап айтқанда, бір құқықбұзушылық үшін қайта жауапқа тартуға тыйым салу, кінәсіздік презумпциясын сақтау және ұстау кезінде құқықтарды міндетті түрде түсіндіру («Миранда ережесі») енгізіледі.Жиынды қорытындылаған Қуат Байғожаев жаңа Конституция жобасы мемлекеттік басқарудың заманауи қағидаттарына сай келетінін, Қазақстанның халықаралық беделін арттырып, адами капиталды, білім мен ғылымды дамытуға басымдық беретінін атап өтті. Құжаттың жаңа редакциясы жалпыұлттық референдумға шығарылып, Комиссия жұмысы жалғасады.Кездесу соңында облыс әкімі ішкі саясат басқармасына, қала және аудан әкімдеріне, барлық басқарма мен департамент басшыларына кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Халықпен кездесулер, еңбек ұжымдарындағы ашық диалогтар, Қоғамдық кеңестер мен азаматтық қоғам алаңдары ұсынылған өзгерістердің мәні мен олардың күнделікті өмірге әсерін терең түсіндіруге бағытталуы тиіс.«Ақпараттық жұмыс мазмұнды әрі тек ресми және сенімді дереккөздерге сүйенуі керек. Бұқаралық жалған пікірлер мен бұрмаланған ақпараттарға жедел жауап беріп, кәсіби сарапшылар мен заңгерлерді тарту маңызды. Осындай жүйелі жұмыс қана азаматтардың саналы таңдау жасауына мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Марат Сұлтанғазиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1152901?lang=kk
ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігінде Үндістанның Елшілігінің Өкілімен кездесу өтті 02.02.2026
2026 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысының орынбасары Рашид Еришев Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Алматы қаласындағы Үндістан Республикасының Елшілігінің Өкілі Свапнил Шарад Котхавадэ қабылдады. Кездесу барысында Р. Еришев екі бауырлас ел арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, дипломатқа оның одан әрі қызметінде табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1152824?lang=kk
Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өтті 02.02.2026
Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өттіБүгін Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясында Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар аясында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.Қазіргі демократиялық қоғамда сайлау – халықтың билікке қатысуының негізгі тетігі болып табылады. Ал бұқаралық ақпарат құралдары азаматтарды саяси ақпаратпен қамтамасыз ететін, қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды институт ретінде сайлау үдерісінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуде айрықша рөл атқарады. Сайлау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара іс-қимыл сайлау науқанының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып саналады.Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға қатысу тәртібі, демократиялық қоғамның негізгі қағидаттары, сондай-ақ саяси науқандар кезеңіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі туралы жан-жақты ақпарат берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1152839?lang=kk
Қазақстанда әскери оқу орындарына қабылдау eGov арқылы онлайн форматқа ауыстырылды 02.02.2026
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарына құжаттар тапсырудың цифрлық механизмін енгізді. 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау туралы өтініштер eGov.kz порталында онлайн режимде қабылданады. Құжат тапсыруға 18-24 жас аралығындағы ер азаматтар қатыса алады. Өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады. Өтініш беру үшін eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» – «Әскери есеп және қауіпсіздік» – «Әскери қызмет» , бөлімдеріне кіру қажет. Содан кейін «Әскери оқу орындарына қабылдау өтініштерін беру» қызметін таңдап, электрондық форманы толтыру керек. Үміткер негізгі мәліметтерді көрсетіп, оқу орнын таңдап, жеке деректерді өңдеуге келісім береді және өтінішті қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірі арқылы растайды. Өтініш беруші туралы ақпарат автоматты түрде тексеріледі. Жүйе психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулез диспансерлерінен, сондай-ақ соттылығы мен мүгедектік мәртебесі туралы деректерді сұрайды. Жеке куәліктер, білім туралы мәліметтер және ҰБТ нәтижелері мемлекеттік ақпараттық жүйелерден үміткердің қатысуынсыз алынады. Өтініштің қаралу нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде «Қызмет алу тарихы» бөлімінде көрсетіледі. Қабылданған жағдайда өкілетті тұлғаның цифрлық қолымен расталған электрондық құжат беріледі; бас тарту жағдайында негізделген хабарлама жіберіледі. Құжаттарды онлайн тапсырудың жаңа форматы қабылдау процесін қолжетімді әрі ашық етеді. Әскери оқу орындарында білім беру бакалавриат бағдарламалары бойынша тегін жүзеге асырылады және жұмысқа орналастыру кепілдігі қарастырылған. Оқу аяқталғаннан кейін институт түлектеріне «лейтенант», ал колледж түлектеріне «сержант» әскери атағы беріледі. Бұрын құжаттар жергілікті әскери басқару органдары арқылы рәсімделіп, медициналық комиссиядан өтіп, ведомстволарға жеке баруды талап ететін. Қазіргі таңда негізгі рәсімдер автоматтандырылған. ҚР Қорғаныс министрлігінің білім беру жүйесінде офицерлерді даярлайтын Құрлық әскерлерінің әскери институты (Алматы), Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты (Ақтөбе), Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты (Алматы) секілді үш жоғары оқу орны, сондай-ақ сержанттар құрамын даярлайтын бес әскери колледж бар. Оқу орындары мен мамандықтар туралы толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы алуға болады.https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/activities/136?lang=ru Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1152852?lang=kk
REPA Conveyor Equipment компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын іске асыру мәселелері Алкмар қаласында талқыланды 02.02.2026
2026 жылғы 30 қаңтар, Алкмар қ. — Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Ақан Рахметуллин мен нидерландтық REPA Conveyor Equipment компаниясының басшысы Ричард ван дер Лаанның кездесуі өтті. Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы жаңа инвестициялық бастамаларын іске асыру перспективалары талқыланды.Кездесу аясында REPA Conveyor Equipment басшылығы Қазақстан Республикасында конвейерлік роликтер өндірісін іске қосуға бағытталған инвестициялық жобаның ағымдағы жағдайы туралы ақпарат берді. Аталған жоба компанияның жоғары технологиялы өндірістік қуаттарын жергіліктендірудің алғашқы кезеңі ретінде қарастырылып, тау-кен, металлургия және логистика салаларындағы өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.Қазақстан нарығының жоғары әлеуетін атап өткен компания өкілдері елдің стратегиялық географиялық орналасуын, дамыған өнеркәсіптік базасын, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған жүйелі мемлекеттік саясатты ерекше атап өтті. REPA Conveyor Equipment басшылығының бағалауынша, Қазақстан тек перспективалы өткізу нарығы ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия мен Еуразия өңіріне өнім экспорттауға арналған өңірлік өндірістік хаб ретінде де қарастырылады.Қолайлы инвестициялық ахуалды ескере отырып, компания елдегі өз қатысуын одан әрі кеңейту мүмкіндігін де қарастыруда. Алдағы уақытта конвейерлік роликтер өндірісімен қатар конвейерлік барабандар мен конвейерлік таспалар шығару желілерін іске қосу, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындарға сервистік және инженерлік қолдау көрсету жоспарлануда.Елші Ақан Рахметуллин Қазақстанның жоғары технологиялы өндірістерді тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және озық өнеркәсіптік технологиялар трансферіне мүдделі екенін атап өтіп, нидерландтық компаниялардың инвестициялық жобаларын іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өнеркәсіптік кооперация, өндірісті жергіліктендіру және технологиялық әріптестік мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және диалогты жалғастыруға өзара мүдделілік білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1152856?lang=kk
Гонконгта Қазақстанмен инвестициялық-экономикалық өзара іс-қимыл және ынтымақтастық перспективалары талқыланды 02.02.2026
Гонконг, 2026 жылғы 29 қаңтар – Қазақстан Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов Қазақстанның инвестициялық жобалары аясында іскерлік ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Гонконгтың іскер топтары мен даму институттарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.Атап айтқанда, «China Kingstone Mining Holdings Limited» компаниясының өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп, гонконгтық компанияға тау-кен өндіру саласындағы жобалар таныстырылды. Компанияның жобаларды әзірлеу кезеңінен бастап өндіру және өткізуге дейін басқарудағы тәжірибесін ескере отырып, одан әрі ынтымақтастық жөнінде алдын ала келісімге қол жеткізілді.China Kingstone Mining Holdings Limited – пайдалы қазбаларды өндірумен, сондай-ақ мәрмәрді өңдеу және сатумен айналысатын инвестициялық холдингтік компания. Компания Қытайдағы ең ірі мәрмәр кенішіне, сондай-ақ Чили мен Моңғолиядағы кен орындарына ие.Гонконгтың Сауданы дамыту жөніндегі кеңесінің (HKTDC) Орталық Азия және Еуропа бойынша өңірлік директоры Крис Лоумен және Гонконг АӘА Үкіметі жанындағы Инвестициялар тарту агенттігінің (InvestHK) халықаралық нарық, консулдықтар және сауда палаталары жөніндегі басшысының орынбасары Кейси Ламмен өткен келіссөздердің негізгі тақырыбы екіжақты іскерлік ынтымақтастықты жандандырудың практикалық қадамдары болды. Қазақстан мен Гонконг арасындағы тауар айналымын Қазақстан Республикасынан экспорт көлемін арттыру арқылы ұлғайту мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Бас консул «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ ұсынған 200-ден астам экспорттық тауар таныстырды. Өз кезегінде, гонконгтық тарап қазақстандық өндірушілерді 2026 жылы HKTDC ұйымдастыратын «Hong Kong Food Expo» көрмесіне белсенді қатысуға шақырды.Hong Kong Food Expo – Азиядағы азық-түлік пен сусындар саласындағы ең ірі жыл сайынғы көрме болып табылады. Ол жаңа өнімдерді ілгерілетуге, сала қатысушылары арасында іскерлік байланыстар орнатуға және азық-түлік нарығындағы соңғы үрдістер жөнінде білім алмасуға бағытталған.Сонымен қатар, тараптар жасанды интеллект (ЖИ), ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), сондай-ақ заманауи сауда инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту маңыздылығы артып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты HKTDC өкілдері бірқатар қазақстандық компанияларды 2026 жылғы сәуір айында өтетін «InnoEX» форумына қатысуға шақырды.InnoEX – инновациялар мен озық технологияларға (AI, ақылды қалалар, цифрлық инфрақұрылым) арналған ірі гонконгтық көрме-форум. Ол болашақ үрдістерді талқылау және ынтымақтастық орнату мақсатында сарапшыларды, кәсіпкерлерді және инвесторларды біріктіреді.Бас консул алдағы жылдары Қазақстан Республикасына келетін шетелдік туристер санының айтарлықтай арта түсетінін атап өтті. Осыған байланысты «InvestHK» өкілдері Қазақстанда қонақүй кешендерін салуға қызығушылық білдіріп, бұл бағыттың туристік инфрақұрылымды дамытудағы әлеуетін ерекше атап өтті.Кездесулер қорытындысы бойынша 2026 жылдың бірінші жартысында Гонконг кәсіпкерлерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру және бірлескен бастамаларды одан әрі ілгерілету жөнінде келісімге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1152865?lang=kk
Астанада ұландық сарбаздар ант қабылдады 02.02.2026
Елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6636 әскери бөлімінде 170–ке жуық сарбаз салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Шараға сарбаздардың ата-аналары мен ардагерлер қатысып, жас жауынгерлерге ақ жол тіледі.Ант қабылдау рәсімінде әскери бөлім командирі полковник Ерлан Буранбаев сөз сөйлеп, жауынгерлерге жүктелетін жауапкершіліктің мәнін атап өтті. Сондай-ақ ардагерлер мен ата-аналар да құттықтау лебізін білдіріп,Отанға адал қызмет етудің абыройлы міндет екенін жеткізді.- Әскери қызмет – әр азамат үшін абырой. Сондықтан осы бір жылды бос өткізбеулеріңіз керек. Әр күнді өздеріңізді тәрбиелеуге, шыңдауға арнаңыздар. Бір-біріңізге сүйеніш болыңыздар. Өйткені саптағы бірлік – жеңістің кілті. Отан сенімін ақтаңыздар! Туымызды биік ұстаңыздар! Қазақстанның тыныштығы мен айбыны үшін қызмет етіңіздер!, - деді Ерлан Буранбаев.Іс-шара барысында аға буын сарбаздар өз тәжірибелерін ортаға салып, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінен көрсетілім жасады. Бұл көрініс жас жауынгерлер үшін тек әсерлі қойылым емес, алдағы қызметтің алғашқы «сабақтарының» бірі болды.Енді олар алдағы бір жыл бойы Астана қаласында Отан алдындағы борышын өтеп, белгіленген қызметтік міндеттерін атқарады.Айта кетейік, биыл 6636 әскери бөліміне еліміздің Ақмола, Ұлытау, Қостанай, Түркістан, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан 170-ке жуық сарбаз шақырылған. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1152873?lang=kk
Агенттік 2025 жылғы тұрақты AQR нәтижелерін ұсынды 02.02.2026
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) 2025 жылғы Банк секторы активтерінің сапасын тұрақты бағалау (Asset Quality Review, AQR) нәтижелері бойынша есепті жариялады. Есепте тұрақты AQR нәтижелеріне негізделген несиелік тәуекелдің ағымдағы деңгейіне егжей-тегжейлі талдау берілген.2025 жылы Агенттік 1 қаңтар 2025 жылы жағдай бойынша банк жүйесінің активтері 86%-ды құраған 11 ірі банктің арасында тұрақты AQR өткізді. Бағалау көлемі 32,8 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,7%-ға артық. Берешектің негізгі бөлігі кепілсіз тұтынушылық қарыздарға (11 трлн теңге), сондай-ақ ірі бизнеске (4,7 трлн теңге), шағын бизнеске (4,5 трлн теңге) және инвестициялық жобалардың (3,6 трлн теңге) қарыз портфельдеріне тиесілі.Жеке негізінде 1 299 ірі қарыз алушы, сондай-ақ, 580 қосалқы қарыз алушы мен кепілгер бағаланып, жалпы қарызы 9,9 трлн теңгені құрады. Жалпы сомасы 22,9 трлн теңге 37,7 млн қарыз ұжымдық негізде талданды.Тұрақты AQR нәтижелері сектордың жүйелік деңгейдегі тұрақтылығын растады: 11 банк бойынша капиталдың жеткіліктілік деңгейі 17,7%-ды құрады, бұл белгіленген нормативтік ең төменгі деңгейден едәуір жоғары.Банктер мен AQR арасындағы резервтерді бағалаудағы айырмашылық 377,4 млрд теңгені құрады. Екінші сатыдағы берешектер 678,1 млрд теңгеге, 1,4%-дан 3,5%-ға дейін ұлғайды, ал үшінші сатыдағы берешектер 422,4 млрд теңгеге, 7,5%-дан 8,7%-ға дейін ұлғайды.Осылайша 2024 жылғы тұрақты AQR-мен салыстырғанда бағалаудың нәтижелері жақсарды: банктердің несие портфелі өсуіне қарамастан, резервтер бойынша түзетулер 37,7 млрд теңгеге азайды. Сондай-ақ үшінші сатыдағы берешектер үлесінің 1,1 п.т. төмендеуі байқалады.2025 жылғы тұрақты AQR қорытындылары бойынша банктердің кредиттік портфелінің сапасы жақсарғаны байқалады, бұл үшінші сатыдағы қарыздардың үлесінің төмендеуімен және қосымша провизиялар көлемінің қысқаруымен көрініс табады. 2024 жылғы AQR-мен салыстырғанда қосымша провизиялардың ең елеулі төмендеуі инвестициялық қарыздар портфелі бойынша тіркелді (61,6 млрд теңгеге), бұл негізінен ұжымдық негізде бағаланатын қарыздар есебінен орын алды. Аталған динамика Агенттіктің LGD параметрлерін есептеу жөніндегі ұсынымдарын енгізумен және портфель бойынша дефолт ықтималдығының (PD) жалпы төмендеуімен байланысты, бұл кредиттік тәуекелдерді бағалау сапасының артқанын растайды.2025 жылғы тұрақты AQR есебінде портфельдер, бағалау әдістері, экономика салалары және тәуекел көрсеткіштері бойынша егжей-тегжейлі нәтижелер берілген, сондай-ақ, өткен жылғы бағалау нәтижелерімен салыстырғанда ұсынылған.Есеп алғаш рет әрбір банк бойынша нәтижелерді қамтитын жеке бөліммен толықтырылды. Деректерді жекелеген банктер бөлінісінде ұсыну қадағалау ақпаратының ашықтығын арттыруға және банк секторындағы кредиттік тәуекел деңгейі туралы неғұрлым толық әрі салыстырмалы түсінік қалыптастыруға бағытталған. Аталған тәсіл сондай-ақ қадағалау қорытындыларының ашықтығын арттыруға және Агенттіктің нарық қатысушыларымен өзара іс-қимылының сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сыртқы коммуникациялар басқармасы:press@finreg.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1152793?lang=kk
Шымкент әкімдігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды. 02.02.2026
Шымкент қалалық әкімдігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау және түсіндіру бойынша кездесу өтті. Іс-шараға аудан әкімдері, департаменттер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Отырысты ашқан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа Конституция жобасының елдің одан әрі дамуы үшін ерекше маңыздылығын атап өтті. Ол өткен қыркүйектегі халыққа Жолдауында Мемлекет басшысы саяси жүйені кешенді қайта құруға және бүгінгі жаһандық қиындықтарға қарамастан әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты моделін жасауға бағытталған парламенттік реформаны ұсынғанын еске салды. Қала әкімінің айтуынша, 8 қазанда Президент жетекші сарапшылардан, заңгерлерден, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобын құру туралы бұйрыққа қол қойды. Реформа бойынша талқылаулар азаматтық қоғамның белсенді қатысуымен шамамен алты айға созылды. Жұмыс тобы жұмыс барысында азаматтардан келіп түскен 2000-нан астам ұсынысты қарап, қорытындылады. Бұл жұмыстың нәтижелерін Мемлекет басшысы 2026 жылдың қаңтарында өткен Ұлттық Құрылтайдың 5-ші отырысында қорытындылады, онда конституциялық реформаларды одан әрі жүргізуге арналған көзқарас та ұсынылды. 21 қаңтарда 130 мүшеден тұратын Конституциялық комиссия құрылғандығы атап өтілді. Комиссия мүшелері қолданыстағы Конституцияның 84 пайызын құрайтын барлық бөлімдер мен 77 бапты қамтитын Негізгі Заңға түзетулер енгізу туралы ұсыныстарды мұқият қарап шықты. Жұмыс нәтижелеріне сүйене отырып, олар Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа нұсқасын дайындауды қолдады. Кездесуде қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Бұхарбай Парманов және заң ғылымдарының кандидаты, доцент Мақсат Елікбай баяндамалар жасады. Спикерлер Конституция жобасының негізгі ережелерін, парламенттік реформаны және мемлекеттің саяси жүйесін дамытуға және әлеуметтік-экономикалық негіздерін нығайтуға бағытталған басқа да конституциялық түзетулерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Кеңесті қорытындылай келе, қала әкімі Конституцияның жаңа нұсқасы тұрақты, қауіпсіз және гүлденген Қазақстан үшін берік құқықтық негіз қалауға бағытталғанын атап өтті. Ол қатысушыларды Негізгі Заң жобасы қоғам мүдделерін толық көрсететінін қамтамасыз ету үшін талқылауларға белсенді қатысуға шақырды. Кездесу сындарлы және іскерлік атмосферада өтті. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қолдайтындықтарын білдірді.
Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды 02.02.2026
Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыландыШымкент қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау және түсіндіруге арналған кеңес өтті.Іс-шараға аудан әкімдері, басқарма басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Кеңесті ашқан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа Конституция жобасының ел үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерген болатын. Бұл реформа саяси жүйені кешенді жаңғыртуға және жасанды интеллект дәуірінде елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасауға бағытталған.Қала әкімі 8 қазанда Президенттің парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойғанын еске салды. Аталған топтың құрамына белгілі сарапшылар, заңгер-ғалымдар, саяси партиялар фракцияларының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енді. Реформаны талқылау үдерісіне белсенді азаматтар да қатысып, жұмыс шамамен алты айға созылған.Осы кезеңде Жұмыс тобы азаматтардан келіп түскен 2 мыңнан астам ұсынысты жинақтап, жан-жақты қарастырды. 2026 жылғы қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы аталған жұмыстың қорытындысын шығарып, алдағы конституциялық өзгерістерге қатысты өз көзқарасын ұсынды.Айта кетейік, 21 қаңтарда құрамына 130 адам енген Конституциялық комиссия құрылды. Комиссия мүшелері Ата заңға өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстарды мұқият зерделеп, Конституция мәтінінің 84 пайызын құрайтын 77 бапты қамтитын түзетулерді қарастырды. Жұмыс нәтижесінде Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа редакциясын әзірлеу қолдау тапты.Кеңес барысында қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов, Қоғамдық кеңестің төрағасы Бұхарбай Парманов және заң ғылымдарының кандидаты, доцент Мақсат Елікбай сөз сөйлеп, Конституция жобасының негізгі ережелеріне, парламенттік реформаның мәні мен елдің саяси жүйесін дамытуға, әлеуметтік-экономикалық негіздерін нығайтуға бағытталған конституциялық өзгерістерге жан-жақты тоқталды.Кеңесті қорытындылаған қала әкімі жаңа Конституция елдің тұрақты, қауіпсіз және орнықты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті. Ол жоба қоғам мүддесін толық қамтуы үшін барлық азаматтарды талқылау процесіне белсенді қатысуға шақырды.Кеңес іскерлік және сындарлы жағдайда өтті. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қолдайтындықтарын білдірді.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: ЕСКІ МЕН ЖАҢАНЫ САЛЫСТЫРУ 02.02.2026
Қазақстанда Конституциялық реформа аясында 2026 жылы жаңа Конституция қабылданбақ. Бұл құжат елдің құқықтық жүйесін жаңғыртып, мемлекеттің басқару құрылымын әрі қарай жетілдіруге бағытталған. Ескі Конституциямен (1995) салыстырғанда, жаңа Ата Заңның негізгі ерекшеліктері айқын көрініс табады. Стилі мен рухы: Ескі Конституция посткеңестік, транзиттік сипатқа ие болса, жаңа Конституция заманауи, ұлттық сипатқа негізделген. Ол мемлекетіміздің тарихи ерекшеліктері мен мәдени бірегейлігін айқын көрсетеді.Басымдық: Ескі Конституцияда мемлекет мүдделері басты назарда болса, жаңа Конституция адамға бағытталған. Онда құқықтар мен еркіндіктердің кепілдігі айқын көрсетілген.Бірегейлік: Жаңа Конституция ұлттық, тарихи бірегейлікті нақты бейнелейді. Атап айтқанда, «Ұлы дала» идеясы арқылы Қазақстанның мәдени-тарихи ерекшелігі Конституция деңгейінде бекітілді. Ал ескі Конституцияда бұл аспект айқын емес еді.Билік вертикалі: Ескі Конституцияда билік қатаң орталықтанған, суперпрезиденттік жүйеге негізделген болса, жаңа Конституцияда билік теңгерімді түрде ұйымдастырылып, тежем және тепе-теңдік жүйесі енгізілген.Билік институттары: Жаңа Конституцияда елдің саяси жүйесін нығайту мақсатында жаңа институттар қарастырылған: Конституциялық сот, Ұлттық құрылтай, Вице-президент. Ескі Конституцияда мұндай жаңашылдықтар жоқ еді.Президент отбасы: Ескі Конституцияда президенттің туыстарының мемлекеттік қызметке келуіне шектеу қойылмаған болса, жаңа Конституцияда туыстарына қатысты қатаң шектеулер енгізілген. Олар мемлекеттік қызметте лауазым атқара алмайды.Президенттік мерзім: Ескі Конституцияда президент 5–7 жылға сайланып, қайта сайлану құқығына ие болса, жаңа Конституция бойынша президент бір ғана мерзімге 7 жылға сайланады.Осылайша, жаңа Конституция елдің тарихи-мәдени құндылықтарын сақтай отырып, басқару жүйесін теңгерімді әрі заманауи стандарттарға сәйкестендіріп отыр.
ӘДІЛЕТТІЛІК, ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ 02.02.2026
Қазақстан 2026 жылы қабылданатын жаңа Конституцияда тарихта алғаш рет «Әділеттілік, Заң және Тәртіп» қағидаттары ресми түрде Конституция деңгейінде бекітілді. Бұл – елдің құқықтық жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеру және азаматтардың құқықтарын толық қорғау бағытындағы маңызды қадам. Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқын көрсетілген. Бұл құжат бойынша мемлекет қызметінің негізгі бағыты – азаматқа қызмет ету.Құжатта қоғам бірлігі, ұлтаралық және конфессияаралық келісім мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі тірек ретінде танылды. Сондай-ақ, егемендік, тәуелсіздік, унитарлық құрылым және аумақтық тұтастық – өзгермейтін, мызғымас құндылықтар ретінде Конституцияда сақталған. Биліктің бастауы Қазақстан халқы болып табылады, яғни халық – мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі.Жаңа Конституцияда алғаш рет «Миранда қағидасы» бекітілді, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен мүддесін қорғауға бағытталған бірқатар кепілдіктер қарастырылған: Заңдардың азаматтардың жағдайын нашарлатуына немесе жаңа міндеттер жүктеуіне жол жоқ. Сот төрелігі принциптері: кінәсіздік презумпциясы және бір құқық бұзушылық үшін қайта жазалауға тыйым салу.Құжат қоршаған орта мен табиғатты қорғау қағидатын конституциялық деңгейде бекітті. Сонымен қатар азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау нормасы енгізілді. Дәстүрлі құндылықтар да назардан тыс қалмады: неке ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде айқындалған. Жаңа Конституция елдің тарихи дәстүрі мен заманауи талаптарын үйлестіре отырып, Қазақстанның құқықтық, әлеуметтік және мәдени даму бағыттарын айқындап отыр.
«Атамекен» ҰКП алаңында жаңа Салық кодексінің нормалары бойынша семинар өтті 02.02.2026
Ақтауда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті шағын және орта бизнес пен консалтингтік компаниялардың өкілдері үшін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге арналған семинар өткізді.Семинар аясында салық салудың негізгі өзгерістері мен өзекті мәселелері, оның ішінде салықтық тексерулер, салық берешегін мәжбүрлеп өндіру, камералдық бақылау, сондай-ақ арнайы салық режимдерін (АСР) қолдану мәселелері бойынша негізгі өзгерістер мен өзекті тақырыптар қаралды.Сонымен қатар, салық төлеушілердің салықтық сауаттылығын арттыруға және салық заңнамасын тәжірибеде қолдану мәселелерін түсіндіруге бағытталған «Халық бухгалтері» акциясы туралы ақпарат берілді.Мұндай іс-шаралар кәсіби қоғамдастықпен ашық диалог орнатуға және бизнес өкілдерінің салық саласындағы өзгерістер туралы хабардар болу деңгейін арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1152742?lang=kk
2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ХАЛЫҚ БАСТАМАСЫ МЕН АШЫҚТЫҚ НЕГІЗІНДЕ 02.02.2026
Қазақстанда 2026 жылы жүзеге асырылатын Конституциялық реформа – елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам болып отыр. Реформа кезеңінде ашықтық пен азаматтардың тікелей қатысуы басты назарға алынды.Реформа кезеңінің негізгі оқиғалары:08 қыркүйек 2025 – Президент Жолдауында бір палаталы Парламент құру бастамасын жариялады.08 қазан 2025 – Парламенттік реформалар жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Жарлыққа қол қойылды.16 қазан 2025 – ҚР Президентінің төрағалығымен жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.Реформа аясында Otinish және eGov порталдары арқылы азаматтардан 2000-нан астам өтініш түсті. Барлық өтініштер 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңде жұмыс тобының отырыстары аясында мұқият қаралды. Бұл – азаматтардың мемлекеттік саясатқа тікелей қатысуының нақты дәлелі.Жаңа Конституциялық реформа ел басқару жүйесін жетілдірумен қатар, халықтың пікірін ескере отырып, заңдардың ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз етуді мақсат етеді.