Enbekshi QazaQ

Экономика

Алматы облысында Республика күніне орай үш жаңа нысан ашылды 25.10.2025
 Ұлттық мереке қарсаңында Алматы облысында өткізілген үш маңызды нысанның ашылу рәсімі өткізілді. Олардың қатарында Жамбыл ауданындағы Мәтібұлақ ауылында бой көтерген Мәдениет үйі, Талғар қаласында ашылған жаңа музыкалық мектеп, және Іле ауданындағы жоғары беріктікке ие ультражұқа жабыны бар демонстрациялық жол учаскесі бар.Жамбыл ауданының Мәтібұлақ ауылында – жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді.Ауыл өмірінің жүрегіне айналып үлгерген мәдени ошақта алғашқы концерттер мен кездесулер өткізіліп те үлгерді.Талғар қаласында – заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа музыкалық мектеп дарынды балаларымызға өз есігін айқара ашты.Іле ауданында – елімізде алғашқы болып ультражұқа жабыны бар демонстрациялық жол ашылды.«Алматы – Шелек – Хоргос» бағытындағы бұл заманауи жол халықаралық «Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің бөлігі.Жаңа PG100 технологиясының арқасында жол қабаты төселгеннен кейін небәрі 30 ішінде көлік қозғалысын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді.Аталған үш нысан облысымыздың дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың жарқын көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1093403?lang=kk
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ 25.10.2025
Республика күні қарсаңында Алматы облысында жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары белгілі болды. Бұл күн – елдің тәуелсіздігі мен жаңа бастамалардың символына айналған мереке ғана емес, өз арманы мен идеясын жүзеге асыруға ұмтылған жастар үшін де ерекше сәт болды.Жоба биыл да өңір жастарының арманын жүзеге асырып, жаңа идеялардың қанаттануына мүмкіндік беріп отыр. Грант иегерлері түрлі бағыттар бойынша іріктеліп, өздерінің әлеуметтік, мәдени, ғылыми және инновациялық бастамаларын қорғады. Қатысушылардың жобалары қоғамның өзекті мәселелерін шешуге, жастарды дамытуға және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған.Жеңімпаздардың қатарында:– Талғатқызы Айзере – мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке оңалту жабдықтары мен ойын кешендерін шығару жобасы;– Зікір Пернегүл Кемелханқызы – «SabiSPA» гидромассаж және босансу орталығы;– Яньбаева Айнұр Әлімбайқызы – «Өнерім–мұрам» атты ұлттық нақыштағы сурет жобасы;– Жұмағали Аружан Әбілбекқызы – қазақ музыкасын цифрлау және балаларға домбыра үйрету;– Төленева Жанерке Қайратқызы – Narestem AI жүкті әйелдердің жағдайын бақылауға арналған жасанды интеллект;– Хабылбек Абуxали – RobotTime ауыл балаларына робототехника үйрету жобасы;– Исадуллаева Алянура Мұптулламқызы мен Айдархан Жансая Нурданғалықызы – биогумус өндіру кәсібі;- Нарузова Наргиза - экологиялық бағыттағы «Жасыл болашақ» жобасы;– Иманмәди Мөлдір – «Журналист – жау емес» медиа жобасы;– Өнербекқызы Нұргүл – «Медиа сауат» бастамасы бар.Биылғы гранттың ерекшелігі – тек дарынды ғана емес, өмірлік қиындықтарға қарамастан өз арманынан бас тартпаған жастардың жеңісінде.Жеңімпаздардың бірі, Қонаев қаласындағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі Наргиза Нарузова өз әсерімен бөлісті:«Бұл грант мен үшін үлкен мүмкіндік. Менің “Жасыл болашақ” жобамның мақсаты – экологиялық мәдениетті дамыту, балалар мен жастарға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру. Тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде ел дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Ал дәл Республика күнімен тұспа-тұс келуі – мен үшін ерекше мәртебе», – дейді жас жобалаушы.Салтанатты жиында Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев жас жеңімпаздарды мерекемен құттықтап, оларға сәттілік тіледі:«Республика күні – елдің еркіндігі мен жаңару рухының символы. Ал бүгінгі грант иегерлері – осы тәуелсіз елдің болашағы. Сіздердің идеяларыңыз қоғамға серпін беріп, жаңа Қазақстанды қалыптастыруға үлес қосады деп сенемін», – деді өңір басшысы.«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – жастардың жаңа бастамаларына серпін беріп, елдің ертеңіне үлес қосатын ұрпақ қалыптастыруды мақсат етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1093404?lang=kk
Алматы облысы мен Оңтүстік Корея агросаладағы серіктестікті нығайтады 25.10.2025
Алматы облысының әкімдігінде Оңтүстік Кореяның Санджу қаласынан келген делегациямен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, соның ішінде жылыжай шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық құрамын жаңарту мәселелерін талқылады.Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев өз сөзінде өңірдің аграрлық әлеуеті зор екенін және ол бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, заманауи технологияларды енгізуге берік негіз бола алатынын атап өтті. Бүгінде облыста көпсалалы ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді: бидай, арпа, күріш, қарабидай және сұлы сияқты астық дақылдарының 10-нан астам түрі, сондай-ақ күнбағыс, соя және сафлор сияқты үш майлы дақыл өсіріледі. Бұдан бөлек, қант қызылшасы, картоп, көкөніс және жеміс-жидек өндірісіне де басымдық берілген. Биылғы жылы егістік алқабы 400 мың гектардан асты. Болжауға сәйкес, көкөніс пен жеміс-жидектің жалпы өнімі 35 мың тоннаға жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен 75 пайызға артық болады деп күтілуде.Өңірде жылыжай шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударылуда. Қазіргі уақытта жалпы аумағы шамамен 80 гектарды құрайтын 50-ге жуық кешен жұмыс істейді. Олардың қатарында ірі өнеркәсіптік жылыжайлар да, шағын фермерлік парниктер де бар. Өткен жылы жылыжайлар шамамен 20 мың тонна өнім өндірсе, биыл бұл көрсеткішті 35 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Шаруашылықтар өз өнімдерін облыс пен Алматы қаласының нарықтарына шығарып, шетелдік серіктестердің заманауи технологияларын пайдалану арқылы халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік алуда.Мемлекеттік қолдау да аграрлық саланың дамуына маңызды үлес қосуда. Шаруалар мен ірі қожалықтар тыңайтқыштар құнының 60 пайызына дейін, тұқым шаруашылығында 70 пайызына дейін субсидия алады. Сондай-ақ жабық топырақтағы басым дақылдар — қызанақ пен қиярдың элиталық тұқымдары мен бірінші буынды будандарының құнының 20 пайызына дейін өтеледі. Ал жылыжай салу мен кеңейтуге кеткен шығындардың 25 пайызына дейін өтемақы қарастырылған. 2025 жылы осы мақсаттарға 2,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, жобаларды кеңейту мен жаңа технологияларды енгізуге қолайлы жағдай жасалып отыр.Кездесу барысында тараптар тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды пайдалану және өнімділікті арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Корей тарапы күрделі климаттық жағдайларда тиімділігін дәлелдеген тәжірибелерімен бөлісуге дайын екенін жеткізді.Кездесу қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев өңірдің аграрлық сектор мен жылыжай өндірісін одан әрі дамытуға барлық алғышарттар бар екенін атап өтіп, корейлік серіктестермен ынтымақтастық халықаралық нарыққа шығуға және экономикалық байланыстарды нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1093238?lang=kk
Алматы облысы мен Оңтүстік Корея агросалада бірігеді! 24.10.2025
Бүгін облыс әкімдігінде өткен кездесуде Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев пен Кореяның Санджу қаласының әкімі Кан Ен Сок ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы серіктестікті талқылады.Алматы облысы – агроөнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан өңір. Мұнда 400 мың гектардан астам жерге түрлі дақыл егіледі, жылыжайлар көлемі 79 гектарға жеткенКорея делегациясы өз еліндегі «ақылды ферма» жобасын таныстырып, заманауи технологияларды біздің өңірде де енгізуге қызығушылық білдірдіКездесу нәтижесінде екі ел ауыл шаруашылығы саласында жаңа жобаларды бірге жүзеге асыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1093233?lang=kk
Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті 24.10.2025
Алматы, 2025 жылғы 24 қазан – «UN Plaza» ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілдігі бірлесіп ұйымдастырған Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдігінің басшысы Жәнібек Әбдрашов, Қазақстан Республикасының бұрынғы сыртқы істер министрі, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұнғыш тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ Өңірлік кеңсесінің директоры (UNESCO) Амир Пирич, сонымен қатар дипломатиялық корпус, БҰҰ агенттіктері, академиялық орта және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.Талқылау барысында қатысушылар БҰҰ-ның мерейтойына арналған халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелерін қарастырды. Өз сөзінде Ж.Әбдрашов Қазақстанның көпжақты дипломатияны дамытуға қосқан үлесін және БҰҰ қағидаттары мен мақсаттарына бейілділігін атап өтті. Сондай-ақ ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының соңғы сессиясында айтылған халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды нығайтуға бағытталған бастамаларын да атады.Ерекше назар Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығына аударылды.Сондай-ақ БҰҰ мерейтойын атап өту шеңберінде Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп «Көк-Төбе» телемұнарасына БҰҰ-ның тақырыптық графикасы орналастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1093152?lang=kk
Алматы облысында алғаш рет ауқымды дрон-шоу өтеді 24.10.2025
25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Қонаев қаласының Орталық алаңында үлкен мерекелік шара ұйымдастырылады. Кешкі бағдарлама сағат 17:00-де басталып, танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Мерекелік кештің хедлайнерлері – Esko, Ray және Нұрсұлтан Нұрбердиев.Кештің басты сәні – Алматы облысында алғаш рет өткізілетін дрон-шоу болмақ. Кешкі аспанда жүздеген дрон көтеріліп, жарық арқылы түрлі бейнелер мен композициялар жасайды.Облыс әкімдігінің мәліметінше, биыл еліміз Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуын атап өтуде. Бұл тарихи құжат – қазіргі Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жолының бастауы.«Республика күніне орай өңірде жүздеген мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Олардың қатарында бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесулер, жастарға арналған экскурсиялар, форумдар мен конференциялар бар. Ал 25 қазанда Қонаев қаласының Орталық алаңында күндізгі және кешкі концерттер өтіп, мерекенің шарықтау шегі ретінде ерекше дрон-шоу ұсынылады. Бұл іс-шара демеушілердің қолдауымен өткізіліп, тұрғындар мен қонақтарға тамаша сый болмақ», – делінген әкімдік хабарламасында.Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын отбасымен бірге келіп, биылғы жылдың ең әсерлі сәттерінің біріне айналатын ерекше жарық шоуын тамашалауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1093155?lang=kk
Қазақстан мен БҰҰ: бейбітшілік пен дамуға ортақ бейілділігі 24.10.2025
Астана, 2025 жылғы 24 қазан – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығын атап өтіп, адам құқықтарын құрметтеуге және орнықты дамуды ілгерілетуге негізделген БҰҰ Жарғысының қағидаттарына бейілділігін қуаттайды.БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы 80 жылда Ұйымның адамзаттың жаһандық сын-қатерлеріне қарсы күресте шешуші рөл атқарғанын және халықаралық тәртіптің баламасыз әрі басты тірегі болып қала беретінін атап өтті.1992 жылы БҰҰ-ға мүше болғаннан бері Қазақстан ядролық қарусыздану, өңірлік серіктестік, өркениетаралық диалог және Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу салаларындағы бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.Елімізде БҰҰ-ның 27 агенттіктері мен мекемелері жұмыс істейтінін атап өту қажет, ал Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығының құрылуы өңірдегі байланыстарды нығайтуға және өркендеуге ықпал етуге маңызды қадам болды.Осы тұрғыда Қазақстан Ұйымды жаңғыртуға және неғұрлым қауіпсіз, әділ және орнықты әлем құруға үлес қоса отырып, БҰҰ Жарғысының рухында инклюзивтілік идеяларын дәйекті түрде ілгерілетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1092863?lang=kk
Алматы облысының ұстаздары «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауында топ жарды 23.10.2025
Биылғы «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Жыл сайын өткізілетін бұл беделді конкурс еліміздің ең үздік ұстаздарын анықтап, олардың кәсіби шеберлігін бағалауға бағытталған.Байқаудың облыстық кезеңінде 18 педагог іріктеуден өтіп, олардың ішінен 10 мұғалім республикалық кезеңге жолдама алды. Қазан айының 8-і күні Астана қаласында өткен республикалық додада қатысушылар елорданың түрлі мектептерінде ашық сабақ өткізіп, өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісті.Олар 24 қазан күні Астана қаласында өтетін марапаттау рәсіміне қатысып, «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1000 айлық есептік көрсеткішпен (МРП) көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталады.Байқау қорытындысы бойынша Алматы облысының екі педагогі жеңімпаз атанды:Әбеу Нұргелді – Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейдің химия пәні мұғалімі;Бухарбаева Динара Ермырзақызы – Жамбыл ауданы Қарасу орта мектебінің физика пәні мұғалімі.Сонымен қатар, республикалық кезеңге қатысып, өз кәсіби деңгейін жоғары деңгейде көрсеткен облыстың басқа да ұстаздары атап өтілді. Олар:Даулешяр Бақытәлі Даулетярұлы – Жамбыл ауданы Ә.Бейсеуов атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі;Баймолданова Мейрамбала Байтановна – Еңбекшіқазақ ауданы Рахат №1 орта мектебінің математика пәні мұғалімі;Алимбаева Жайдары Даупасовна – Балқаш ауданы Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі;Сонабаева Феризат Бековна – Балқаш ауданы Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі;Аманжолова Назым Сергалиевна – Алатау қаласы №5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі;Байжарикова Шарипа Абдешовна – Алатау қаласы №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;Амреева Алия Хамиевна – Қонаев қаласы №2 орта мектебінің қазақ әдебиеті пәні мұғалімі;Смағұлова Алфия Болатовна – Қарғалы №2 мамандандырылған лицейінің информатика пәні мұғалімі.Алматы облысының әкімдігі мұғалімдердің еңбегін жоғары бағалап, облыстық деңгейдегі «Үздік педагог» атағын иеленген ұстаздарға 300 МРП көлемінде ақшалай сыйлық 2026 жылдың бюджеті есебінен берілетінін мәлімдеді.Бұл байқау — педагог мәртебесін көтеріп, білім беру саласының беделін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Жеңімпаздар мен қатысушылардың табысы – облыстың білім жүйесіндегі сапалы еңбектің және үздік тәжірибенің айғағы болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1091744?lang=kk
Астанада «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының марапаттау рәсімі өтті 23.10.2025
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең үлгілі 20 отбасы қызыл кілеммен жүріп өтіп, құрмет төрінен орын алды.Жеңімпаздарды ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев салтанатты түрде марапаттады.Олардың қатарында Алматы облысының атынан қатысқан Қарасай ауданы, Қаскелең қаласының тұрғындары — Бекдайырлар әулеті де бар. Бұл өнегелі жанұя республикалық кезеңде облыс намысын абыроймен қорғады.Қолөнердің қыр-сырын бірнеше буыннан бері жалғастырып келе жатқан бұл отбасы – өнердің, еңбектің және берекенің жарқын үлгісі.Әулет басшысы Қоңыр Бекдайыр күміс әшекей жасау ісімен танылса, жұбайы Анаргүл ұлттық киім тігу өнерінде шеберлігімен ерекшеленеді.Балалары да ата жолын жалғап, шығармашылық бағытты таңдаған.Бұл жеңіс – ұлттық мұраға құрметпен қарап, дәстүрді дәріптеген барша жанның ортақ қуанышы!Жерлестеріміз – Бекдайырлар әулетін шын жүректен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1091376?lang=kk
Жұмысшы жылының басты оқиғасы «ENBEK FEST» – жұмысшы жастарының жаңа белесі 22.10.2025
Бүгін Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Алматы облысында еңбек адамдары мен жас мамандарға арналған «ENBEK FEST» республикалық жастар слеті өтті.Ауқымды шараға еліміздің 7 өңірінен келген жұмысшы жастар қатысты. Слеттің басты мақсаты – еңбек адамының мәртебесін арттыру, жас мамандардың кәсіби дамуына мүмкіндік беру және өндіріс саласындағы жаңа идеялар мен тәжірибелерді ортаға салу.Форум аясында «Jas Talks» панельдік сессиясы ұйымдастырылды. Онда арнайы шақырылған спикерлер — «Даулет Бекет» ЖШС басшысы Сыдық Даулетов, «Шин Лайн» қайырымдылық қорының президенті Дамир Дигай, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Сергей Горяной және «Alatau Hub» жетекшісі Бексұлтан Нұрақын жастармен өз тәжірибелерін бөлісіп, еңбек жолындағы жетістіктері туралы айтты.Слет қатысушылары үшін мазмұнды бағдарлама әзірленген. Жастар Іле ауданындағы «Даулет Бекет» ЖШС түйе шаруашылығына және «Шин Лайн» ЖШС кәсіпорнына барып, өндіріс процесімен танысты. Сонымен қатар, Кеген ауданына қарасты «Қара» шатқалы мен әйгілі «Көлсай» көлдеріне экскурсия ұйымдастырылады.Фестиваль аясында көшбасшылық қабілетті арттыруға бағытталған дәрістер, зияткерлік ойындар мен мәдени бағдарламалар өткізіледі. Ал 22 қазан күні Кеген ауданындағы «Қара» шатқалында өтетін салтанатты жабылу рәсімінде белсенділік танытқан жұмысшы жастар марапатталады.«Бүгін өтіп жатқан республикалық жастар слеті – еңбек адамдарының мәртебесін көтеріп, жас мамандарды қолдауға бағытталған маңызды алаң деп есептеймін. Мұндай кездесулер арқылы жастар өндіріс саласындағы нақты мүмкіндіктермен танысып, өз бағыттарын анықтай алады. “ENBEK FEST” – өз ісін сүйетін жастардың тәжірибе алмасуына, жаңа идеялар мен серіктестіктердің қалыптасуына мүмкіндік беретін тамаша бастама. Еңбек адамдарының еңбегін дәріптейтін мұндай шаралар жастарға үлкен мотивация береді», – деді «Фирма БЕНТ» ЖШС көпірлі кран машинисті Дильфуза Бақытжанова.Слеттің ашылу салтанатында Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, жастардың ел дамуына қосар үлесін атап өтті:«Барлықтарыңызды осы форумда көргеніме қуаныштымын, құрметті қатысушылар! Тарих пен табиғат тоғысқан қасиетті өңір – Алматы облысына қош келдіңіздер. Бұл слет – кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашатын маңызды алаң. Құрметті жастар, сіздер еліміздің тірегі, экономикамыздың қозғаушы күші, ел ертеңінің иесісіздер. Қазақстанның жаңа дәуірі сіздердің қолдарыңызбен қалыптасады».«ENBEK FEST» республикалық жастар слеті – еңбек адамының мәртебесін көтеріп, жас мамандарды қолдауға бағытталған жыл сайынғы дәстүрлі шаралардың бірі ретінде еңбек мәдениетін дәріптеуге серпін берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1090558?lang=kk
Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы тағайындалды 21.10.2025
Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы лауазымына Салтанат Дауыспекқызы Беспаева тағайындалды.Салтанат Дауыспекқызы – өңірдің білім және мәдениет саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Бұған дейін ол облыстық білім басқармасын, сондай-ақ Іле ауданының білім бөлімін басқарған.1975 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары: 1999 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын «Агроөндірістік кешеніндегі экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2024 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Іскерлік әкімшелендіру» мамандығы бойынша магистр дәрежесін иеленді.Еңбек жолын 2000 жылы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Кейін аталған мектептің педагог-ұйымдастырушысы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің директоры болып еңбек етті.Әр жылдары Еңбекшіқазақ ауданының білім және мәдениет бөлімдерінде басшылық қызметтер атқарды. Сондай-ақ Алматы облысы білім басқармасының басшысы, Іле ауданы білім бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет етті.2025 жылдың 20 қазанынан бастап Салтанат Беспаева Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1090174?lang=kk
Қазақстан Орталық Азия мен Еуропалық одақ арасындағы өңіраралық өзара байланыс перспективаларын айқындады 21.10.2025
Люксембург, 2025 жылғы 20 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Орталық Азия мемлекеттері, Шығыс серіктестік елдері, Түркия және Еуропалық одақ арасындағы инфрақұрылымдық өзара байланыс күн тәртібін ілгерілетуге арналған министрлік кездесуге қатысты.Іс-шараға ЕО мүше мемлекеттерінің, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ елдері мен Түркияның сыртқы істер министрлері қатысты.Кездесу барысында көлік, цифрлық трансформация, энергетика және сауда салаларындағы өңіраралық өзара байланысты нығайтуға бағытталған практикалық қадамдар талқыланды.Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын («Орта дәліз») дамыту, инфрақұрылым желілерін жаңғырту, қолжетімді «таза» энергиямен қамтамасыз ету және цифрлық трансформацияны дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Іс-шара барысында сөз сөйлеген А. Исетов көлік саласының Қазақстан мен Еуропалық одақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімде көзделген 29 басым бағыттың қатарына кіретінін атап өтті. Аталған Келісімге қол қойылғанына биыл желтоқсанда 10 жыл толатыны маңызды оқиға. Бұл құжат – Қазақстан мен Еуропа арасындағы қарым-қатынастарды дамытуда берік іргетасы.Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика және негізгі транзиттік торап ретінде өзара байланыстылық күн тәртібін ілгерілетуде жетекші рөл атқарып отырғаны баса айтылды. Еуропалық серіктестерге соңғы онжылдықта көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға Қазақстан салған ауқымды инвестициялар (35 млрд АҚШ доллары) және іске асырылған жобалар, сондай-ақ осы бағыттағы алдағы жоспарлар таныстырылды.Қазақстан өңірлік ынтымақтастық пен өңіраралық байланыстарды нығайтуға бағытталған практикалық шараларды әзірлеу мен іске асыруға белсенді қатысуға дайын екенін растады.Кездесуге қатысушылар көлік, энергетика және цифрлық өзара байланысты дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1090168?lang=kk
Қазақстан Елшісі Африка одағы комиссиясының төрағасына cенім грамоталарын табыс етті 21.10.2025
Аддис-Абеба, 2025 жылғы 20 қазан – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Африка одағы комиссиясының төрағасы Махмуд Али Юсуфқа cенім грамоталарын табыс етті.Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі Африка одағының штаб-пәтерінде өзара құрмет пен ізгі ниет рухында өтті. Сұхбат барысында тараптар өзара мүдделі мәселелер бойынша одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Елші Ж.Әділбаев жылы қабылдауға алғысын білдіріп, Қазақстанның Африка елдерімен және Африка одағы құрылымдарымен, оның ішінде білім, ғылым, тұрақты даму, ЖИ, экология және «жасыл» технологиялар сияқты салалардағы әріптестік байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.Сондай-ақ, қазақстандық дипломат жаһандық ұйымдар шеңберінде және халықаралық форумдар алаңдарында, соның ішінде Қазақстанда өткізілетін іс-шараларда Қазақстан мен Африка Одағы арасындағы саяси және экономикалық диалог пен байланыстардың жалғасатынына үміт білдірді.Өз кезегінде Африка одағы комиссиясының Төрағасы М.Юсуф Елші Ж.Әділбаевты миссиясының басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Африка Одағы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған одан әрі диалог пен өзара іс-қимылға дайын екенін білдірді.М.Юсуф Орталық Азия өңіріндегі серпінді дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстанның рөлін жоғары бағалады. Төраға Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы аясында дамып келе жатқан Қазақстан мен Африка континенті елдері арасындағы конструктивті диалогқа назар аудара отырып, штаб-пәтері Астанада орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымындағы ынтымақтастық туралы Қазақстанның бастамасының маңыздылығын атап өтті.Кездесу соңында тараптар достық және өзара түсіністік рухында конструктивті алмасуды қолдауға және өзара тиімді байланыстарды дамытуға ниетті екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1090153?lang=kk
Қазақстан мен Еуропалық одақ стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге ниетті 21.10.2025
Люксембург, 2025 жылғы 20 қазан – Орталық Азия мемлекеттері, Шығыс серіктестігі елдері, Түркия және Еуропалық одақ арасындағы инфрақұрылымдық өзара байланыстылықты ілгерілету мәселелеріне арналған министрлік кездесуі аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Еуропалық комиссия вице-президенті – ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Калласпен, Халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссары Йозеф Сикеламен және Орталық Азия жөніндегі ЕО арнайы өкілі Эдвард Стипрайспен кездесті.Сұхбаттар барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара құрметке, сенімге және мүдделердің ортақтығына негізделген жан-жақты әрі қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастықты қанағаттанушылықпен атап өтті.Бұл үдерісті Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің практикалық іске асырылуы айтарлықтай ілгерілетіп отыр. Аталған құжатқа биылғы жылдың желтоқсан айында 10 жыл толады және ол Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.Келісімде көзделген ынтымақтастықтың 29 бағытының ішінде Астана мен Брюссель көлік және логистика, стратегиялық маңызды шикізат ресурстары, «жасыл» энергетика, цифрлық трансформация, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым салаларындағы ортақ басымдықтарды бірлесе жүзеге асырып келе жатқаны аталып өтті.А. Исетовтың айтуынша, екіжақты ынтымақтастықты нығайту Орталық Азия елдерінің Еуропалық одақпен өңіраралық өзара іс-қимылының дамуына ықпал етеді. Осы тұрғыда биылғы жылдың сәуір айында Самарқандта өткен «ОА-ЕО» саммитінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асырудың маңызы ерекше екені ай  тылды.Қазақ дипломаты сұхбаттастарды еліміздегі негізгі реформалар бағыттарымен таныстырды. Бұл реформалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айындағы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауында айқындалған.Тараптар сондай-ақ биік және жоғары деңгейдегі бірлескен халықаралық іс-шаралар кестесін, соның ішінде Э.Стипрайстың Астанаға алдағы сапарын талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақ-еуропалық серіктестіктің барлық бағыттары бойынша диалогты жалғастырып, бірлескен жобаларды ілгерілету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1090121?lang=kk
Агросалада 33,5 миллиард теңгеге 17 жоба іске асырылуда 21.10.2025
Биыл облыстың агроөнеркәсіп кешенінде жалпы құны 33,5 миллиард теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 8 жоба пайдалануға берілді. Олардың қатарында сүт фермалары, қайта өңдеу зауыттары мен жылыжай кешендері бар.Бұл жобалар 500-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға және өңір ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.«Әрбір жаңа жоба – қосылған құн мен жергілікті өңдеу үлесін арттыруға бағытталған. Инвесторларға барлық кезеңде қолдау көрсетіледі», — деді Ғалым Тоқпейісов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1090070?lang=kk
Мал шаруашылығы – өңірдің негізгі тірегі 21.10.2025
Аймақта ірі қара саны 621,5 мың басқа, ұсақ мал 2,68 миллионға, ал құс саны 9,29 миллион басқа жетті. 9 айда 192,8 мың тонна ет өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға артты.Қазіргі уақытта облыста 56 тауарлы сүт фермасы және 57 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Сондай-ақ жаңа кешендердің құрылысы жалғасуда.«Мал шаруашылығы – өңір экономикасының басты саласы. Біз фермерлерді субсидиялау және жаңа өндіріс алаңдарын ашу арқылы қолдауды жалғастырып келеміз», — деді Ғалым Тоқпейісов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1090077?lang=kk
«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарына жаңа мүмкіндік беріп отыр 21.10.2025
2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 миллиард теңгеге 271 жоба қаржыландырылды. Ал 2025 жылы тағы 217 жобаға дәл осындай көлемде қолдау көрсетілмек.Бағдарлама ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және шағын бизнесті дамытуға бағытталған. Ең сұранысқа ие бағыттар — мал шаруашылығы, егіншілік және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру.«Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарына өз кәсібін бастауға нақты мүмкіндік беріп отыр. Соның арқасында жаңа отбасылық фермалар мен қайта өңдеу цехтары ашылуда», — деді Ғалым Тоқпейісов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1090084?lang=kk
Астық пен жүгеріден рекордтық өнім алынды 21.10.2025
Өңір диқандары биыл 346,2 мың тонна астық жинады. Орташа өнімділік гектарына 26,9 центнерді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға жоғары болды. Әсіресе жүгеріден алынған өнім көлемі артып, биылғы көрсеткіш 338 мың тоннадан асты. Бұл — облыс үшін жаңа рекорд.Мұндай нәтижеге инновациялық егіншілік тәсілдерін енгізу, жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану және алқаптарды цифрлық бақылаудың арқасында қол жеткізілді. Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында жүгерінің өнімділігі гектарына 80 центнерден асты.«Жоғары өнім — жаңа тұқым түрлерін, заманауи агротехнологияларды және дәлме-дәл егіншілік әдістерін қолданудың нәтижесі», — деді Ғалым Тоқпейісов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1090032?lang=kk
Көкөніс пен картоп қоры жеткілікті : 600 мың тоннадан астам өнім жиналды 21.10.2025
Ауыл шаруашылығы өндірушілері 183,2 мың тонна картоп, 408,4 мың тонна көкөніс пен бақша дақылдарын жинады. Көкөністің орташа өнімділігі гектарына 263 центнерге жетіп, облыс пен Алматы қаласының ішкі сұранысын толық қамтамасыз етті.Жиналған өнім жергілікті нарықтарда сатылып қана қоймай, Жетісу және Жамбыл облыстарына да жеткізілуде. Бірқатар шаруашылықтарда көкөністі қаптау және қайта өңдеу цехтары жұмыс істейді.«Біз Алматы қаласы мен облыстың қажеттілігін толық қамтып отырмыз. Артық өнім өзге өңірлерге жөнелтіліп, фермерлерге қосымша табыс әкелуде», — деді басқарма басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1090049?lang=kk
Жылыжайлар тұрғындарды жыл бойы жаңа өніммен қамтамасыз етеді 21.10.2025
Қазір облыста жалпы аумағы 79,2 гектарды қамтитын 48 жылыжай кешені жұмыс істейді. Биыл бұл шаруашылықтар 13,8 мың тонна көкөніс өндірді. Оның 8,2 мың тоннасы – қызанақ, 4,4 мың тоннасы – қияр.Өнімнің негізгі бөлігі Алматы қаласы мен көршілес аудандарға жеткізіледі. Бұл өңірдің қыс-көктем айларындағы импортқа тәуелділігін азайтады. Сарапшылардың болжамынша, 2026 жылы жылыжай өнімінің көлемі 15 пайызға артады.«Жылыжай шаруашылығын дамыту — басым бағыттардың бірі. Біз фермерлерге жыл бойы жаңа піскен өнім өндіруге жағдай жасап отырмыз», — деді Ғалым Тоқпейісов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1090052?lang=kk