Enbekshi QazaQ

Экономика

Алматы облысында ер адам 10 жастағы баланы иттің шабуылынан құтқарып қалды — ерлігі ескерусіз қалмады 10.07.2025
30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачевке ит шабуыл жасап, бала ауыр жарақат алды. Оқиға орнына құзырлы органдар келгенше дер кезінде жеткен ауыл тұрғыны Серікбек Сақайбаев өміріне төнген қауіпті елемей, итке қарсы тұрып, оны бейтараптандырып, баланы өлім аузынан арашалап қалды. Бұл – нағыз азаматтық батылдық пен шынайы ерліктің үлгісі.Серікбек Сақайбаевтың батылдығы елеусіз қалмады. Оған құрмет көрсету мақсатында арнайы марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рустам Атшабаров Серікбек мырзаға Алғыс хат пен демеушілер атынан қаржылай сыйлық табыстады.Сонымен қатар, мерекелік жиынға аудандық полиция басқармасының басшысы Нұсқабек Зауланбаев пен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бағдат Шәріпбеков арнайы келіп, Серікбек Сақайбаевқа Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырды. Қарасай аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сағат Мәсімақынов өз батасын беріп, бұл ерлік елге үлгі болатынын атап өтті.Бұл оқиға – әрбір азамат үшін үлкен сабақ. Қоғамдағы бейқамдық пен салғырттық адам өміріне қауіп төндіретіні анық. Заңсыз және бақылаусыз ит ұстау деректері анықталған жағдайда тұрғындар құқық қорғау органдарына немесе аудан әкімдігіне дереу хабарлауы тиіс.Қарасай ауданы әкімдігі Максимнің тезірек сауығып кетуін тілей отырып, бұл істі толық бақылауда ұстап отыр. Адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздік – біздің ең басты құндылықтарымыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1032626?lang=kk
Қонаев қаласындағы алдын ала дайындық орталығы – қазақстандық еңбек мигранттарын қолдаудың жаңа алаңы 10.07.2025
Алматы облысында шетелде жұмыс істеуді жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарын кешенді түрде дайындауға бағытталған Алдын ала дайындық орталығы (Pre-departure Orientation Centre, PDO) өз жұмысын бастады. Жаңа орталық өңірлік Еңбек мобильділігі орталығының базасында құрылды.Бұл бастама Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) «Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны бағдарламасы (1-фаза)» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаны қаржыландыруды Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC) қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жобаны жүзеге асыруға Алматы облысының әкімдігі мен өңірлік Еңбек мобильділігі орталығы қатысуда.Орталықтың басты мақсаты – еңбек миграциясына дайындалып жатқан азаматтарға шетелде заңды, қауіпсіз және табысты жұмысқа орналасу үшін қажетті білім мен дағдыларды үйрету. Бағдарлама аясында құқықтық және қаржылық сауаттылық, психологиялық бейімделу, еңбек құқықтарын түсіну, жұмысқа орналасуға өтінім беру тетіктері мен мәдениетаралық коммуникация негіздері қамтылады.Орталық, сондай-ақ, Ұлыбританиядағы маусымдық жұмыспен қамту сияқты халықаралық бағдарламаларға қатысушыларды қолдауға бағытталған. Осыған орай арнайы оқыту модульдері әзірленуде.Қонаев қаласында Еңбек мобильділігі орталығының мамандарына арналған оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына Ұлыбритания Елшілігінің экономика және климаттың өзгеруі бөлімі жетекшісі Кэти Коттрелл, елшіліктің экономисі Бибігүл Жұмағужина, ХКҰ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Светлана Бекмамбетова қатысты.Семинарда қазақстандықтарды маусымдық жұмыс бағдарламасына қалай дайындау, олардың қаржылық сауаттылығын арттыру және шетелге шығу мен жұмысқа орналасу барысында ескерілетін маңызды мәселелер талқыланды.Бұл Орталықтың құрылуы Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген Ұлттық көші-қон саясатының міндеттерімен үйлеседі. Атап айтқанда, онда азаматтардың құқықтарын шетелде қорғау, шетелдегі қазақстандықтарды мемлекеттік қолдау тетіктерін дамыту, сондай-ақ халықаралық аренада ұлттық мүдделерді ілгерілету маңыздылығы айтылған.Қонаевтағы орталықтың ашылуы мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктер арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болды.Ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Көші-қон комитетінің өкілдері, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығы, сондай-ақ ХКҰ-ның Қазақстандағы миссия жетекшісі Серхан Актопрак пен ХКҰ-ның еңбек көші-қоны жөніндегі субөңірлік маманы Герелтогтох Ганбат қатысты.Шара барысында олар бұл жобаның Орталық Азия өңірі үшін маңыздылығын атап өтіп, осындай алаңдардың Қазақстанның басқа да өңірлерінде құрылуы қажеттігін айтты.Қонаев қаласындағы Алдын ала дайындық орталығы еңбек мигранттарын қолдауға бағытталған инфрақұрылымның маңызды буынына айналып, еңбек көші-қонының қауіпсіз және тұрақты тетігін қалыптастыруға ықпал етпек.Азаматтарды сапалы даярлықтан өткізу арқылы бұл орталық еңбек миграциясымен байланысты тәуекелдерді азайтуға және қазақстандықтардың халықаралық еңбек нарығына тиімді бейімделуіне септігін тигізеді. Алдағы уақытта оқыту бағдарламаларын кеңейту, жаңа халықаралық серіктестерді тарту және мигранттарды сүйемелдеудің цифрлық құралдарын дамыту жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1032205?lang=kk
Әлеуметтік және спорттық нысандар – облыс әкімінің тікелей бақылауында 09.07.2025
Қостанай облысында инклюзивті қоғамды және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жалғасуда. Әсіресе ерекше білім беру және медициналық қажеттіліктері бар балалардың толыққанды өмір сүруі мен дамуына жағдай жасауға басымдық берілуде.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік маңызды нысандардың құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.Бұрында резиденция болған нысан – енді ерекше балаларға арналған орталықНегізгі нысандардың бірі – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы. Бұл орталық Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұрынғы облыстық резиденция базасында құрылуда.– «Бұл ғимаратты ерекше балалардың қажетіне беру – әділетті әрі дер кезінде қабылданған шешім. Бұрынғы әкімшілік нысанның орнында енді мыңдаған балаға қалпына келуге және дамуға мүмкіндік беретін заманауи орталық ашылады», – деді Құмар Ақсақалов нысанды аралау барысында.Жалпы ауданы 2,1 мың шаршы метр болатын ғимаратты жаңғыртуға 352,4 млн теңге бөлінді. Орталық 60 төсек-орынға есептелген.Жоба 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды толық қамтуды көздейді. Реабилитация курсының ұзақтығы 14 күннен 21 күнге дейін ұзарады. Бұл орталықтың жылына 1300 балаға дейін қабылдауына мүмкіндік береді. Қазір жұмыс істеп тұрған жалғыз орталықта тек 400 бала ғана ем-шарадан өте алады.– «Бүгінде облысымызда 3808 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Біз олардың ешқайсысын назардан тыс қалдыруға хақымыз жоқ. Сондықтан кәсіби әрі сапалы оңалту ортасын құрып жатырмыз», – деп атап өтті облыс әкімі.Орталық «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен 1 млрд теңгеден астам сомаға медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталады. Қор сонымен қатар 3 спорт алаңын да салып береді.Ал облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлініп, жиһаз, жұмсақ мүкәммал және ыдыс-аяқпен қамтамасыз етіледі.Ғимарат мүгедектігі бар азаматтар үшін бейімделуде: пандустар орнатылды, есік ойықтары кеңейтілді, арнайы санитарлық тораптар мен душ кабиналары жабдықталды, көтергіш құрылғылар орнатылуда.Сондай-ақ, балаларға заңды өкілдерімен немесе еріп жүруші тұлғалармен бірге тұруға мүмкіндік жасалады. Орталықта реабилитолог, травматолог, психиатр, педиатр, логопед, дефектолог, психолог, массаж жасаушы, емдік дене шынықтыру және су терапиясы мамандары қызмет көрсететін болады.Орталықты ағымдағы жылдың тамыз айында іске қосу жоспарланған.Келесі нысан – спортты серік еткен жастарға арналғанӘкімнің келесі барған нысаны – Қостанай қаласында салынып жатқан үстел теннисі орталығы.– «Президент бізге бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жастарды дене белсенділігіне тарту жөнінде нақты міндет қойды. Біз заманауи, қолжетімді және ынталандыратын инфрақұрылым қалыптастыруымыз керек», – деді Құмар Ақсақалов.Ауданы 2,6 мың шаршы метр болатын орталықта 12 теннис үстелі бар спорт залы, 100 орындық көрермен трибуналары және әкімшілік-тұрмыстық блок қарастырылған.Орталық 150 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда спортшылар жаттығып қана қоймай, республикалық және халықаралық жарыстар да өткізіледі.Нысан мүгедектігі бар адамдар үшін де қолжетімді болады.Орталықты 2026 жылдың қазан айында пайдалануға беру көзделуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1032043?lang=kk
Чжэцзян провинциясы делегациясының сапары: өңірді дамытудағы қазақстан-қытай ғылыми ынтымақтастығының жаңа кезеңі 08.07.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Чжэцзян провинциясының делегациясымен маңызды кездесу өтті. Бұл шара ғылым мен жоғары технологиялар саласындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне өтуге жол ашып, «Қытай – Орталық Азия» екінші саммитінің шешімдерін жүзеге асырудағы нақты қадамға айналды. Сонымен қатар, болашақта Еуразиялық ғылыми-технологиялық кластерді құрудың негізі қаланды.Іс-шараны ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев ашып, осы кездесудің тарихи мәніне тоқталды:– Мемлекет басшылары қабылдаған шешімдер аясында қытайлық әріптестерімізді дәл осы кезеңде қарсы алуымыз – үлкен мәртебе. Бұл сапар – ғылым мен инновация тұрақты дамудың қозғаушы күшіне айналатын жаңа ғылыми-технологиялық альянстың бастауы.Кездесудің негізгі оқиғасы – 1 млрд юань инвестиция көлемімен іске қосылатын Қазақстан-Қытай бірлескен халықаралық зертханасының тұсаукесері болды. Ол кеңістік-уақыттық жасанды интеллект және орнықты даму салаларына бағытталады. Зертхананың басты бағыттары: жасанды интеллект пен геоақпараттық жүйелер; Жерді қашықтықтан зондтау; су және энергетикалық ресурстарды басқару.Чжэцзян – Қытайдың ең қарқынды дамып келе жатқан провинцияларының бірі. Мұнда цифрлық экономиканың ЖӨӨ-дегі үлесі – 46%, ал ауыл шаруашылығын механикаландыру деңгейі – 80%. Бұл әріптестік Қазақстан үшін: ІТ және робототехника саласындағы заманауи шешімдерге; агросаланы цифрландырудың тиімді модельдеріне; ғылымға негізделген стартаптарға инвестиция тартуға жол ашады.– Алматы мен Алматы облысы – ынтымақтастық үшін ең қолайлы аймақтар. Мұнда жетекші жоғары оқу орындары, Almaty Hub технопаркі, «Алатау» АЭА орналасқан. Енді осы ортаға біздің бірлескен зертханамыз да қосылып отыр. Келесі кезең – биомедицина, смарт-материалдар мен экожүйелік жасанды интеллект шешімдеріне арналған орталықтар құру, – деді Ақылбек Күрішбаев.Кеңістік-уақыттық ЖИ халықаралық институты Чжэцзян технологиялық университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің келісімі негізінде құрылды. Жыл сайын қос дипломды бағдарламалар аясында 60 маман даярланады.«Зертхана – Бизнес – Білім» моделі: зерттеулерді коммерцияландыру қағидатын енгізу; екі ел нарығына қолжетімді шекарааралық стартаптарға қолдау көрсету көзделеді.Кездесуге Чжэцзян делегациясы – жетекші университеттер, ғылыми орталықтар мен Hikvision, Alibaba Cloud сынды ірі компаниялардың өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан – Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің өкілдері, ЖОО ректорлары, академиктер мен инновациялық кәсіпкерлер болды.– Біздің зертхана – теория мен практиканың арасындағы көпір. Мысалы, ЖИ мен дрон технологиялары Қазақстанда су тасқынының алдын алуда қолданылуда. Ал Алматы облысында ақылды егіншілік жүйелері сынақтан өтуде, – деп атап өтті Геоақпарат институтының деканы Чэнь Си.Чжэцзян делегациясының сапары адами капиталды, технология мен инфрақұрылымды біріктіруге бағытталған өзара ұмтылысты тағы бір мәрте дәлелдеді. 2025 жылдың соңына дейін: 3 бірлескен ғылыми бағдарлама іске қосу; Қазақстан-Қытай стартаптарына арналған акселератор ашу; жасыл энергетика бойынша жол картасын әзірлеу жоспарланып отыр.А. Күрішбаев атап өткендей:– Президент Тоқаев жариялаған 2026 жыл – Ғылымды интеграциялау жылы. Біз оны нақты жобалармен қарсы аламыз. Бұл – тек бастамасы ғана.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1031327?lang=kk
Қазақстандағы алғашқы Ұлттық урбан форум елдің жаңа қалалық күн тәртібін қалыптастыруға жол ашты 08.07.2025
Қызылорда, 2025 жылғы 8 шілде – Қазақстандағы алғашқы Ұлттық урбан форум (NUF2025) өтті. Іс-шараны ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі және БҰҰ-ның Елді мекендер бағдарламасы (БҰҰ-Хабитат) бірлесіп ұйымдастырды. Форум «Өнер Орталығы» алаңында өтіп, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін, халықаралық ұйымдарды, сарапшылар қауымын және жеке секторды жинады.«Алғашқы Ұлттық урбан форум – қалалық күн тәртібінің жаңа парағы» ұранымен өткен іс-шара елдің ұлттық қалалық саясатын қалыптастырудың бастауын білдірді. Қатысушылар инклюзивті жоспарлау, климатқа бейімделу, басқаруды цифрландыру және урбанистік өзгерістерді қаржыландыру сияқты басым бағыттарды талқылады. Ерекше назар шағын және орта қалалардың өңірлік дамудың қозғаушы күші ретіндегі рөліне аударылды.ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин алғашқы сөз сөйлеп, БҰҰ-Хабитатпен серіктестіктің Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде және азаматтардың өмір сапасын арттырудағы маңызын атап өтті.«Қалалық ортаны жақсарту, азаматтарымыздың өмір сапасын арттыру – бұл ортақ мақсатымыз. Бұл форум халықаралық тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналып, Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда тұрақты урбанизацияны ілгерілетуде маңызды қадам болады деп сенемін», – деді қазақ дипломаты.Форум аясында тақырыптық сессиялар мен панельдік пікірталастар өтті, сондай-ақ А.Рахметуллин мен БҰҰ-Хабитат атқарушы директорының орынбасары міндетін атқарушы Рафаэль Тутстың екіжақты кездесуі ұйымдастырылды. Тараптар қолданыстағы ынтымақтастық пен оны одан әрі нығайту жоспарын талқылады.Қазақстанға сапары аясында Р.Тутс Алматы қаласына да барып, Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының жұмысымен танысты.Форум БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын іске асыру және халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты тереңдету бойынша Қазақстан жүргізіп отырған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болды. Қорытынды мәлімдемеде қатысушылар инклюзивті, тұрақты және климаттық тұрғыда бейтарап қалалық орта құруға бағытталған шешімдерді бірлесіп әзірлеуге және іске асыруға дайын екенін растады. Қызылордада алғашқы Ұлттық урбан форумның өтуі елдің барлық өңірлерінің мүдделерін ескеретін және үздік халықаралық тәжірибеге сүйенетін теңгерімді әрі заманауи қалалық саясат қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1031047?lang=kk
Oceanman Kazakhstan-2025 құрлықтарды тоғыстырды: Қонаевта ашық суда жүзуден ірі халықаралық турнир өтті 08.07.2025
Капшағай су қоймасында Oceanman Kazakhstan – 2025 халықаралық ашық судағы жүзу турнирі сәтті аяқталды. Ауқымды спорттық шараға Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Франция, Италия, Германия, Ұлыбритания және Малайзияны қоса алғанда, 18 елден 2000-нан астам спортшы қатысты. Жағалаудағы жанкүйерлермен бірге қатысушылар саны 3000-нан асты.Жарыстар Алматин облысы әкімдігінің қолдауымен Heaven Club демалыс базасында өтті. Турнир бес санатты қамтыды:• OCEANMAN (10 км) — 300 қатысушы• HALF OCEANMAN (5 км) — 400 қатысушы• SPRINT (2 км) — 800 қатысушы• OCEANKIDS (500 м) — 500 бала• OCEANTEAM (эстафета 3х500 м) — 90 командаСалтанатты ашылу рәсіміне Алматин облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Oceanman халықаралық франшизасының негізін қалаушы Фермин Эгидо және Қазақстандағы кезеңнің бас ұйымдастырушысы Ералы Оралов қатысты.— Бұл турнир дәстүрге айналып, облыстың спорттық өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Oceanman Kazakhstan бұқаралық спортты дамытып қана қоймай, ішкі туризмнің дамуына да серпін береді, — деді Марат Сұлтанғазиев.Фермин Эгидо жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін әкімдікке және демеушілерге алғысын білдірді:— Қонаевтағы жарыстар төрт жыл ішінде Oceanman сериясындағы үздік кезеңдердің біріне айналды. Жеңімпаздар желтоқсанда Дубайда өтетін әлем чемпионатының финалына жолдама алды.Биылғы жылы ерекше назар INSPIRATION санатындағы жарысқа ауды: 15 ерекше қажеттілігі бар бала тәлімгерлердің сүйемелдеуімен қашықтықты сәтті еңсерді. Олардың қатарында Ла-Маншты жалғыз жүзіп өткен заңгер Ержан Есімханов та бар. Ол Тұмар Мұратқызын қолдады:— Ол бұл сынақты тамаша орындап шықты. Oceanman — жасқа да, дене мүмкіндігіне де қарамай, баршаны біріктіретін дода.Жүзу жарыстары қолайлы ауа райында өтті. Су температурасы мен қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде қамтамасыз етілді: 22 жүзу құралы мен ТЖМ-нің 4 қайығы жұмыс істеді, трасса бойында еріктілер мен құтқарушылар кезекшілік етті.10 шақырымдық қашықтықта Гарвард университетінің оқытушысы Аиша Мансукхани де бақ сынады:— Мен Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Елдің табиғатына және халықтың қонақжайлығына тәнті болдым. Италия мен Франция кезеңдерінен кейін Капшағай — мен үшін ең шабыттандыратын орындардың бірі болып қалмақ.Турнирдің бірінші күнінде 10 және 5 км қашықтықтағы жарыстар өтсе, екінші күні SPRINT, OCEANKIDS және OCEANTEAM кезеңдері ұйымдастырылды. Қонаев қаласынан шыққан жас жүзуші, Дубайда өткен Oceanman финалының күміс жүлдегері Дмитрий Кремпин тағы да мәреге шықты:— Бұл жолы жүлдеге ілікпедім, бірақ өз нәтижеме ризамын. Келесі жылы одан да жақсы жүзуге тырысамын, — деді 8 жасар спортшы.Қазақстанның ашық суда жүзуден чемпионы Станислав Редько 20–29 жас санатында HALF OCEANMAN жарысының жеңімпазы атанды:— Мен Oceanman турниріне 2022 жылдан бері қатысып келемін. Бұл — төзімділік пен мінезді сынайтын дода. Өз елімде жеңіске жеткеніме ерекше қуаныштымын.Әйелдер арасындағы абсолюттік есепте Алматы қаласынан келген, халықаралық турнирлердің жүлдегері, ҚР спорт шебері Ирина Лазарева топ жарды:— Қонаевтағы жарысқа үшінші жыл қатарынан қатысып отырмын. Тағы да алтын жүлде бұйырды. Қатысушылар деңгейі жылдан жылға артып келеді, бұл — қуанышты жайт.Қазақстанның алғашқы Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина INSPIRATION санатындағы ересектер арасында жеңіске жетті:— 59 жаста болсам да жаттығуды тоқтатқан емеспін. Қазір Сингапурда өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатырмын. Ең бастысы — алға қарай ұмтылу.Абсолюттік чемпиондар:• 10 км — Лев Черепанов (Қазақстан)• 5 км — Газиза Құмақбаева (Қазақстан)• SPRINT (2 км) — Родриго Малан (БАӘ) және Таисия Короткова (Қазақстан)Oceanman — бұл әлем бойынша өтетін ашық суда жүзу жарыстарының сериясы. Әр кезеңнен кейін үздік 10 ер және әйел спортшы әлем чемпионатының финалына жолдама алады. Қазақстандағы кезең — ұйымдастыру сапасы мен атмосфера жағынан Oceanman сериясының ең жарқын оқиғаларының біріне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1031028?lang=kk
Қазақстан СІМ-де БҰҰ-ның жаңа Тұрақты үйлестірушісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 08.07.2025
Астана, 2025 жылғы 2 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы жаңа Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчаны қабылдады.Кездесу барысында тараптар көпжақты ынтымақтастық жүйесін реформалау, орнықты даму және БҰҰ-ның рөлін одан әрі нығайту мәселелерін қоса алғанда, өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылады.БҰҰ агенттігінің жаңа басшысын құттықтай отырып, А.Рахметуллин БҰҰ-ның белсенді қолдауының арқасында Қазақстан 2030 жылға дейінгі Орнықты даму күн тәртібі шеңберінде өз халықаралық міндеттемелерін дәйекті түрде орындап келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі шілде айында Нью-Йорк қаласында өтетін Жоғары деңгейдегі саяси форум аясында еліміздің үшінші Ерікті ұлттық шолуын ұсынуға дайындалып жатқанын жеткізді.А.Рахметуллин БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған бірлескен іс-шараларды өткізгені және көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.Өз кезегінде С.Раднарагча Қазақстан Үкіметіне «БҰҰ-ның қазақстандық отбасына» көрсетілген жоғары сенімі үшін ризашылығын білдіріп, жаһандық мақсаттарға қол жеткізуде одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық және ұлттық күн тәртібі аясындағы басым бағыттар бойынша серіктестікті нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.Саранго Раднарагча 2025 жылғы 22 маусымнан бастап БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі болып тағайындалды. Бұған дейін ол UNECE Экология мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесші, сондай-ақ Моңғолия Үкіметінде аға лауазымды қызметтерін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1030953?lang=kk
Алматы облысындағы жаңа технологиялар 08.07.2025
Алматы облысында инновациялық электрондық табельдеу жүйесі енгізілді және ол қазірдің өзінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді!Енді балабақшаларда балалардың қатысуын QR-код пен Face ID арқылы бақылауға мүмкіндік беретін технология қолданылады. Бұл әдіс ата-аналар мен қызметкерлер үшін қолайлылық пен ашықтықты арттырып қана қоймай, облыстық бюджетті үнемдеуге де септігін тигізді.Жұмысты оңтайландыру мен есептілікті жақсартудың нәтижесінде 29 жеке балабақша жабылды. Бұған дейін бұл мекемелерге жыл сайын 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп келген.Жүйе іске қосылған алғашқы бірнеше айдың ішінде 1,2 миллиард теңге бюджет қаражаты үнемделді. Жылдық үнем 2 миллиард теңгеден асады деп күтілуде.Жаңа жүйе толық цифрлық ашықтық қағидаты бойынша жұмыс істейді: баланың әр қатысуы автоматты түрде тіркеледі, деректер ата-аналарға нақты уақытта қолжетімді және қолмен түзетуге жол берілмейді. Биометриялық сәйкестендірудің арқасында деректерді қолдан жасау мүмкін емес.— Бұл жай ғана технологиялық жаңалық емес — бұл тәртіп орнатудың құралы. Жүйе балалардың қатысуын нақты уақытта бақылауға мүмкіндік береді және кез келген алаяқтыққа тосқауыл қояды. Қаражатты үнемдеу — цифрландырудың тікелей нәтижесі, — деп атап өтті Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ақыл Жандос.Оның айтуынша, бұл жоба білім беру саласындағы цифрлық трансформацияның негізіне айналып, өзге де мекемелерге кеңінен енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1030653?lang=kk
Қазақстан БРИКС Саммиті аясында экологиялық және гуманитарлық басымдықтарын белгіледі 08.07.2025
Рио-де-Жанейро, 2025 жылғы 7 шілде – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БРИКС мүше мен серіктес елдері басшыларының 17-ші саммиті жұмысына қатысуды жалғастырып, «Қоршаған орта, СОР30, жаһандық денсаулық» сессиясында сөз сөйледі.Сессия барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының Тараптар конференциясына (СОР30) дайындық, сондай-ақ жаһандық денсаулық сақтау жүйелерін нығайту мәселелерін талқылады.Өз сөзінде Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы экожүйелерді сақтау, ормандарды қорғау, Арал теңізін қалпына келтіру және мұздықтардың еру үдерістерін тежеу бойынша бірлескен күш-жігердің маңыздылығына назар аударды.Климаттық қатерлердің алдын алуға басымдық беру қажеттігін атап өткен М.Нұртілеу ерте ескерту жүйелерін дамыту, төтенше жағдайларға дайындықты арттыру және көпжақты үйлестіруді күшейтуге шақырды. Осыған байланысты ол Қазақстанның климаттық мониторинг пен төтенше жағдайларды болжауға арналған ұлттық спутниктік технологияларын пайдалану жөніндегі бастамасын таныстырды.Министрдің баяндамасында денсаулық сақтау мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Қазақ тарапы мемлекеттерді Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту жөніндегі жаһандық коалицияға қосылуға шақырды. Оның негізі денсаулық сақтау саласындағы маңызды халықаралық құжат – 1978 жылғы Алматы декларациясынан бастау алады.Қорытындылай келе, М.Нұртілеу: «Елдеріміз табиғи ресурстарға, білімге және әлеуетке бай. Бірақ ең бастысы – бізді ортақ мүдделер біріктіреді. Қазақстан адамзат пен планета игілігі үшін БРИКС-пен серіктестікті нығайтуға дайын. Бірлесе және алдын ала әрекет етейік. Осы орайда Сіздерді 2026 жылы Қазақстан БҰҰ-мен серіктестікте өткізетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырамын», – деп атап өтті.Министр сондай-ақ жылы қабылдау, іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру және Жаһандық Оңтүстік елдері арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал еткен ашық диалог атмосферасы үшін Бразилия тарапына ризашылығын білдірді.Саммитқа қатысу аясында Қазақстан СІМ басшысы Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен жеке кездесу өткізіп, тараптар екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелерді талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1030622?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі БРИКС Саммитіне қатысуда 07.07.2025
Рио-де-Жанейро, 2025 жылғы 6 шілде – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БРИКС 17-ші Саммитіне алғашқы рет серіктес ел ретіндегі Қазақстан атынан қатысты.Саммиттің бірінші күніне бірлестікке мүше және серіктес елдердің мемлекет және үкімет басшылары, жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.Іс-шараға қатысушылар көпжақты ынтымақтастықты нығайту, әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты дамуды қамтамасыз ету қажеттілігіне баса көңіл аударды. Негізгі назар жаһандық басқару жүйесінде Ғаламдық Оңтүстік елдерінің өкілеттігін арттыруға бағытталды. Қарулы қақтығыстардың күшеюі, халықаралық саудадағы протекционизмнің өсуі және геосаяси қайшылықтардың ушығуы қатысушылардың алаңдаушылығын тудырды.Өз сөзінде ҚР СІМ басшысы Қазақстанның БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарына негізделген әділетті, инклюзивті және орнықты тәртіпті нығайтуға бейілді екенін атап өтті. «Астана тепе-тең және көпвекторлы сыртқы саясат жүргізе отырып, дуал емес, көпір салады және барлық елдермен серіктестікті дамытады», – деді М.Нұртілеу.Қазақстан делегациясының басшысы Азия, Африка мен Латын Америкасындағы Орта державаларының жаһандық шешім қабылдау процесіндегі рөлін арттыруды қолдайтынын жеткізді. Осы тұрғыда нақты қадамдар ретінде Саммит қатысушыларының назарына еліміздің бірқатар халықаралық бастамалары, оның ішінде Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының құрылуы және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізілуі ұсынылды.Сонымен қатар Министр Қазақстанның БРИКС елдерімен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, цифрлық технологияларды дамытуға мүдделі екенін айтты. Бұл салада Қазақстанның жетістіктері ерекше аталып өтті. «Қазақстан адамға бағытталған, инклюзивті және орнықты тәсілді ілгерілету жолында ынтымақтасуға дайын. Бұл – адамзат үшін әділетті цифрлық болашақты қамтамасыз ету жолы», – деді ол.Саммит аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесуспен, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюньмен, сондай-ақ Беларусь Сыртқы істер министрі Максим Рыженковпен кездесулер өткізіп, көпжақты және екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.БРИКС (BRICS – Brazil, Russia, India, China, South Africa) 2006 жылы құрылған, әлем аумағының 35%-ын, халық санының 50%-ын және жаһандық ЖІӨ-нің 40%-ын қамтиды.БРИКС-ке 11 мүше ел (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка, Эфиопия, Индонезия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Мысыр және Иран), сондай-ақ 10 серіктес ел (Қазақстан, Беларусь, Боливия, Вьетнам, Куба, Малайзия, Нигерия, Таиланд, Уганда және Өзбекстан) кіреді. Сонымен қатар Саммитке Чили, Колумбия, Түркия, Уругвай, Палестина, Кения, Мексика, Африка кеңесі, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі, Латын Америкасы мен Кариб бассейні даму банкі, Жаңа даму банкі, БҰҰ, ДСҰ және ДДСҰ өкілдері шақырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1030607?lang=kk
Конаевтық жас жүзгіш Дубайда өтетін финалға жолдама алды 07.07.2025
Қонаев қаласында ашық суда жүзуден өткен халықаралық «Oceanman Kazakhstan – 2025» турнирі өз мәресіне жетті. Капшагай су қоймасы аумағында ұйымдастырылған жарысқа әлемнің түрлі елдерінен 2000-нан астам спортшы қатысты. Жарыс бес түрлі қашықтық бойынша өткізілді.Турнирдің ерекше қатысушыларының бірі – Конаев қаласынан келген 8 жастағы Дмитрий Кремпин. Ол – Дубайда өткен Oceanman финалының күміс жүлдегері. Биыл да «OCEANKIDS» санатында 500 метр қашықтықты 10 минут 40 секундта жүзіп өтті.«Жас ерекшелігі бойынша топта ең кішісі мен болдым. Қарсыластарымның жасы 9 бен 10-дың арасында. Биыл жеңімпаздар қатарына ене алмадым, бірақ келесі жылы міндетті түрде жеңемін деп ойлаймын. Әрдайым қолдау көрсететін ата-анама және бапкеріме үлкен рақмет», – деді Дмитрий.Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанда турнир төртінші рет өткізіліп отыр және оған деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді. Бұл бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтына деген халықтың ерекше ынтасын көрсетеді.Биылғы жарыстың маңызды ерекшелігі – ерекше қажеттіліктері бар 15 баланың қатысуы болды. Әр балаға тәжірибелі жүзгіштен арнайы серік бекітілді. Солардың бірі – танымал заңгер Ержан Есімханов. Ол – 2019 жылы Ла-Маншты жалғыз жүзіп өткен алғашқы қазақстандық.«Бүгін мен Тұмар Мұратқызын алып жүрдім. Ол нағыз қайсар қыз. 500 метрді сәтті жүзіп шықты. Бұл чемпионаттың басты құндылығы – ашықтығы мен қолжетімділігі. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген әртүрлі жастағы және кәсіптегі адамдарды біріктіреді», – деді Ержан Есімханов.Ересектер арасындағы INSPIRATION санатындағы 2 км қашықтықта Қазақстанның жүзуден алғашқы паралимпиада чемпионы, ұлттық құраманың капитаны Зүлфия Ғабидуллина жүлдегер атанды.«Биыл 59 жасқа толдым. Бірақ спорттан кетуді ойлап жүрген жоқпын. Қыркүйекте Сингапурда өтетін әлем чемпионатына қызу дайындалып жатырмын. Жас спортшыларға айтарым – ешқашан тоқтамаңдар, әрқашан алға ұмтылыңдар. Бапкерлеріңізді естен шығармаңдар, олардың еңбегін бағалаңдар», – деді ол.5 шақырымдық «HALF OCEANMAN» жарысында 20–29 жас санатында Станислав Редько жеңіске жетті. Ол – Астанада жаттықтырушы болып қызмет етеді, бұрын ашық суда жүзуден Қазақстан чемпионы болған.«Oceanman жарысына алғаш рет екі жыл бұрын қатысқан едім. Биыл әлемнің бірнеше елінде өткен үш кезеңге қатыстым. Барлығында да жеңіске жеттім. Әрине, дайындықсыз адам үшін 5 немесе 10 шақырым қашықтықты тоқтаусыз жүзу өте қиын. Бірақ мен кәсіби спортшы болған соң, бұл – менің күнделікті тәртібім», – деді Станислав Редько.«Мастер» санатында тәжірибелі спортшыларымыз 4 алтын медальдің үшеуін иеленді. Әйелдер арасында абсолютті жеңімпаз – Алматы қаласынан келген Ирина Лазарева. Ол – ашық суда жүзуден Қазақстан Республикасының спорт шебері, Орта Азия ойындарының күміс жүлдегері және суасты бағдарлау бойынша Әлем кубогының қола жүлдегері.«Қонаевтағы бұл жарысқа үшінші жыл қатарынан қатысып келемін. Үш жылда да жеңімпаздар қатарынан көріндім. Қарсыластарым мықты болды, сол үшін де жеңіс ерекше құнды», – деді Ирина Лазарева.10 км және 5 км қашықтықтарда абсолютті чемпион атанған қазақстандықтар – Лев Черепанов пен Ғазиза Құмақбаева. Ал 2 км қашықтықтағы «SPRINT» санатында жеңіске жеткендер – Біріккен Араб Әмірліктерінен Родриго Малан мен қазақстандық Таисия Короткова.«Oceanman» – әлемнің әртүрлі елдерінде өтетін бірнеше кезеңнен тұратын халықаралық чемпионат. Қатысушылар бір ғана кезеңге не бірнеше жарысқа қатыса алады. Әр маусымның соңында финалдық жарыс ұйымдастырылады. Жүйе бойынша, әр кезеңде үздік 10 ер және 10 әйел спортшы автоматты түрде финалға жолдама алады. Биылғы финал желтоқсан айында Дубайда өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1030527?lang=kk
Домбыра – ұлттық бірлік пен рухани мұраның символы 07.07.2025
Ұлттық Домбыра күнін мерекелеу аясында еліміздің барлық өңірінде кең ауқымды мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл мереке – дәстүрлі өнерді дәріптеуге, рухани құндылықтарды нығайтуға және жастарды ұлттық мәдениетке баулуға бағытталған.Облыстың қала және аудан деңгейіндегі мәдениет үйлерінде, кітапханалар мен музейлерде концерттік бағдарламалар, әдеби-танымдық сағаттар, тақырыптық көрмелер және басқа да мазмұнды шаралар өтті. Мерекеге орай республика бойынша арнайы челлендж ұйымдастырылып, оған Алматы облысындағы барлық шығармашылық ұжымдар белсенді қатысты. Челленджде белгіленген кестеге сәйкес, 5 шілде күні эстафета Павлодар облысынан қабылданып, Ақтөбе облысына жолданды.6 шілде күні Қонаев қаласында Домбыра және Астана күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Қала көшелерімен домбырашылар шеруі ұйымдастырылып, орталық саябақта көрме ашылып, мерекелік концерт өткізілді. Концерттік бағдарламаны Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбековтің жетекшілігіндегі «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі ашты. Одан әрі сахна төріне «Адырна», «Құлансаз», «Қонаев әуендері» фольклорлы-этнографиялық ансамбльдері және облыстың түрлі аудандарынан келген өнерпаздар көтерілді.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс екенін. Бұл қасиетті аспаптың жастар арасында кеңінен танымал болып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың дәстүрлі мәдениетке деген қызығушылығын, ата-бабадан қалған мұраға деген құрметін жоғары бағалап, рухани сабақтастықтың маңыздылығына назар аударды.Домбыра – ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі, халықтың тарихы мен рухын жеткізетін тірі шежіре. Ұлттық Домбыра күнін атап өту – ұлы мұраға деген құрметтің айғағы ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақ бойында патриоттық рух пен ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1030528?lang=kk
Қазақстан мен Бразилия СІМ басшылары Рио-де-Жанейрода кездесу өткізді 06.07.2025
Рио-де-Жанейро, 2025 жылғы 5 шілде – БРИКС мүше және серіктес мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу мақсатында Рио-де-Жанейро қаласына келген Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бразилия Сыртқы істер министрі Мауро Виейрамен кездесу өткізді.Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықтың келешегі жөнінде пікір алмасты.М.Нұртілеу Қазақстанның Латын Америкасындағы сенімді серіктесі әрі маңызды досы ретінде Бразилияға айрықша мән беретінін атап өтті. «Биыл елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 32 жыл толып отыр. Бұл байланыстар тұрақты саяси диалогпен, экономикалық қарым-қатынастың кеңеюімен және халықаралық аренадағы тығыз іс-қимылмен ерекшеленеді», – деді ол.Сұхбаттастар екіжақты қатынастарды нығайтудың тиімді тетігі ретінде тұрақты диалогты сақтаудың және сапарларды жоғары деңгейде жандандырудың маңыздылығын растады. Осы ретте Қазақстан СІМ басшысы бразилиялық әріптесін Астанаға сапармен келуге шақырды.Сауда-экономикалық байланыстарды ілгерілету негізгі назарда болды. Географиялық алшақтыққа қарамастан, Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы басты серіктесі ретінде саналады. 2024 жылы өзара тауар айналымы 257 млн АҚШ долларынан асты, ал 2025 жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 88%-ға өсіп, 104,2 млн АҚШ долларына дейін жетті.Министрлер негізгі салалардағы бірлескен бастамаларды кеңейтуге ниеттерін растады. «Біз ауыл шаруашылығы, өндіріс, көлік және логистика бағыттары бойынша өзара ықпалдастықты тереңдетуге мүдделіміз. Ортақ іс үшін нақты мүмкіндіктерді анықтау аса маңызды», – деді М.Виейра.Қазақ тарапы өз кезегінде тау-кен өнеркәсібі, атом энергетикасы, авиация, тыңайтқыштар өндірісі сынды бағыттарда бірлесе жұмыс істеуді ұсынды.Сонымен қатар министрлер жаңартылатын энергия көздері, цифрлық технологиялар және инновациялық шешімдер салаларында тәжірибе мен технология алмасуға қызығушылық танытты.Халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау барысында Астана мен Бразилиа ұстанымдарының жақындығы және БҰҰ мен өзге де көпжақты құрылымдар аясындағы тұрақты өзара қолдау аталып өтті.Кездесу қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволарының басшылары өзара байланыстарды одан әрі нығайтуға және БРИКС пен басқа да халықаралық алаңдар шеңберіндегі іс-қимылды кеңейтуге ниетті екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1030473?lang=kk
OCEANMAN-2025 Капшагайда басталды 05.07.2025
Конаев қаласындағы Heaven Club демалыс аймағында әлемнің түрлі елдерінен келген жүзушілер қатысқан ірі халықаралық турнир — OCEANMAN Kazakhstan-2025 өз бастауын алды. Биылғы жарысқа Үндістан, БАӘ, Франция, Кувейт, Италия, Ұлыбритания, Германия сынды 18 елден 2000-нан астам спортшы қатысты. Капшагай жағалауында жанкүйерлермен бірге 3000-нан астам адам жиналды.Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Oceanman халықаралық франшизасының иесі Фермин Эгидо және Қазақстандағы жарыстың ресми ұйымдастырушысы Ералы Оралов қатысты.«Төртінші жыл қатарынан біздің облыста бұл беделді халықаралық жарыс өтіп жатыр. Мұндай бастамалар бұқаралық спортты дамытуға ғана емес, туризмге де серпін береді. Қатысушылар елімізден керемет әсер алып, қайта оралуға ниетті боларына сенімдімін», — деді Марат Сұлтанғазиев өз құттықтауында.Жарыстар «Sport Qory» спортты қолдау қорының қолдауымен өтуде. Қатысушылар келесі қашықтықтар бойынша сынға түсуде:OCEANMAN 10 км – 300 қатысушыHALF OCEANMAN 5 км – 400SPRINT 2 км – 800OCEANKIDS (500 м) – 500 балаOCEANTEAM (эстафета 3×500 м) – 90 командаЖарысқа кәсіби спортшылармен қатар әуесқой жүзушілер де қатысуда. Франшизаның иесі Фермин Эгидоның айтуынша, жеңімпаздар осы жылдың желтоқсанында Дубайда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.Биылғы жарыстың ерекше сәттерінің бірі — INSPIRATION санатына кіретін ерекше қажеттілігі бар 15 баланың 6 шілдедегі жүзуге қатысуы болды. Әр балаға жеке қамқоршы бекітіліп, арнайы дайындалған спортшылармен бірге жүзді. Қауіпсіздік үшін 22 жүзу құралы, ТЖМ-нің 4 қайығы мен еріктілер жұмылдырылды. Сонымен қатар, қатысушыларға арналған тамақтану және демалу орындары ұйымдастырылған.«Біз тек жарыс емес, адамдарды біріктіретін, рухты көтеретін және шабыт сыйлайтын атмосфера қалыптастырып келеміз», — деді ұйымдастырушы Ералы Оралов.Жарыстың алғашқы күнінде 10 және 5 км қашықтықтар өтті. Екінші күні SPRINT, OCEANKIDS және OCEANTEAM дистанциялары ұйымдастырылды. Капшагай су қоймасының жағалауында өтіп жатқан бұл ауқымды шара спорт пен достықтың, табиғат пен адам рухының тамаша мерекесіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1030386?lang=kk
Қазақстанда стратегиялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері АҚШ-та талқыланды 05.07.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 3 шілде – Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Вашингтон, Нью-Йорк және Сан-Франциско қалаларында халықаралық қаржы ұйымдары мен жеке сектор өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.Дүниежүзілік банкте «Business Ready» бағдарламасының Ғаламдық көрсеткіштер тобының директоры Норма Лоайзамен кездесу өтті. Инвестициялық климатты бағалау әдіснамасын жетілдіру, өңірлік ерекшеліктерді көрсету және тарифтік емес тосқауылдардың іскерлік белсенділікке әсері мәселелері талқыланды. 2024 жылы «Doing Business»-тің орнына іске қосылған «Business Ready» бағдарламасы Қазақстанды 2025 жылдан бастап шолуға енгізеді. Қазақстан тарапынан ұлттық ерекшеліктерді дәл ескеру үшін жергілікті деректерді ұсынуға және консультацияларға қатысуға дайындығы расталды.«IG Global» компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Стефани Эштонмен Қазақстандағы тау-кен секторында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.«Bay Area Economic Institute» және «San-Francisco Chamber of Commerce» ұйымдарымен Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы және Кремний алқабы бизнесімен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.Тұрақты энергетика, шикізатты қайта өңдеу, биотехнология және технологиялық ынтымақтастық салаларында жобаларды дамытуға бағытталған бірқатар компаниялармен кездесулер өтті.«Windfall Bio» компаниясымен метанды ұстауға арналған микробиологиялық технологияларды қолдану және оларды Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.«Boardwurks» компаниясымен қарасорадан жасалған композиттік құрылыс материалдарын бірлесіп өндіру перспективалары қозғалды.«Astranis Space Technologies Corp.» компаниясы Қазақстанның шалғай аумақтарын байланыспен қамтамасыз етуге арналған спутниктік байланыс шешімдерін ұсынды.«Silkroad Innovation Hub» инновациялық орталығында тараптар қазақстандық стартаптарды қолдау, халықаралық акселерациялық бағдарламаларды дамыту және АҚШ-тағы «Digital Nomads» үшін жағдай жасау мәселелерін талқылады.Бұл кездесулер технологиялық және орнықты даму салаларындағы негізгі бағыттар бойынша Қазақстан мүдделерін ілгерілету мен экономикалық дипломатияны жандандырудағы маңызды кезең болды.Кездесулердің қорытындысы бойынша Ә.Қуантыров АҚШ-тың Қазақстан экономикасына ең ірі инвесторлардың бірі болып қалатынын атап өтті – жалпы инвестициялар көлемі 62 млрд АҚШ долларынан асады. Осыған байланысты жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және өзара сенімді нығайтуға бағытталған американдық серіктестермен диалогты тереңдету ерекше маңызға ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1030328?lang=kk
Мемлекеттік қолдау – болашаққа салынған инвестиция 04.07.2025
2024 жылдың басынан бері Қостанай облысында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін гранттық қаржыландыру бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Бұл бастама аясында кәсіпкерлер әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларын дамыту үшін 5 миллион теңгеге дейін грант алу мүмкіндігіне ие. Қаржыландыру тек конкурстық негізде жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде іріктеу процесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.Бағдарламаға қатысу үшін ерекше шарттар «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері болып табылатын кәсіпкерлерге арналған. Бұл бастама аясында кәсіпкерлер өз өнімдерін тек жергілікті шикізаттан өндіреді. Мұндай тәсіл аймақтық брендтердің дамуына және ауыл кәсіпкерлігінің өркендеуіне жол ашады.2024 жылғы гранттық байқаудың жеңімпаздарының бірі – «Уникум» жылдам оқыту және интеллектіні дамыту мектебі» ЖШС болды. Бұл жоба қазылар алқасының назарын бекерден-бекер аудартқан жоқ, себебі оның мақсаты – қоғамның ең осал тобының бірі саналатын, 1 жастан 4 жасқа дейінгі аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларға қолдау көрсету.Жобаның негізі – дамуында ерекшелігі бар балалармен жұмыс істеуде өзінің тиімділігін дәлелдеген, ғылыми негізделген ерте араласу әдісі — Денвер үлгісін енгізу болды. Бағдарламаның басты мақсаты — аутизм белгілерін жеңілдетіп, баланың әлеуметтік, эмоциялық, сөйлеу және мінез-құлық салаларындағы дамуын жеделдету. Балалармен жұмыс ойын түрінде жүргізіледі, бұл олардың қоршаған ортаға бейімделуін, өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын және әлеуметтік өзара әрекеттесуін қалыптастыруға ықпал етеді.Орталықта ата-аналармен де тығыз жұмыс жүргізіледі: олар арнайы мамандардан кеңес алып, баламен тиімді қарым-қатынас орнатудың стратегияларын үйренеді, сондай-ақ әр кезеңде кәсіби қолдауға ие болады.Гранттық қолдаудың арқасында кәсіпкер орталықты заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге арналған арнайы ойыншықтар мен оқу материалдарын сатып ала алды.Бүгінде «Уникум» орталығында 45 бала оқып жатыр, оның 15-і — Денвер үлгісі бойынша. Бағдарламаны жүзеге асырып жатқан мамандар құрамында 12 адам бар: логопед-дефектологтар, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, бастауыш сынып мұғалімдері және басқа да білікті мамандар. Жақын арада, грант шартына сәйкес, қосымша жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр. Бұл жобаны тек әлеуметтік маңызы бар бастама ғана емес, сонымен қатар өңір экономикасына пайдалы жоба деп те бағалауға болады.Қостанай облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті гранттық қолдау бастамасы – мемлекеттік тетіктердің өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге және инклюзивті қоғам құруға қалай ықпал ете алатынының жарқын мысалы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1030085?lang=kk
Алматы облысында «Р-3» арнасындағы жұмыстарды жеделдету жөніндегі жол картасы бекітілді 04.07.2025
Алматы облысының Талғар ауданында суару жүйелерін қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жоба 2024 жылы басталып, 48 суару арнасында тиісті құрылыс жұмыстарын қамтиды.Жобаның мердігері – «AK Construction Company» ЖШС. Құрылыс жұмыстары жалпы құны 21,4 млрд теңге болатын келісімшарт аясында атқарылуда. Бүгінгі күнге дейін республикалық бюджеттен бөлінген 1,5 млрд теңгенің 1,27 млрд теңгеден астамы игерілді.Қазіргі таңда «Айтуар», «Саз-Талғар», «Новостройка», «Р-9» және «Р-3» су арналары бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. «Р-3» арнасындағы автожол арқылы өтетін дюкерлік өткелден басқа учаскелер толық аяқталған. Жалпы жаңғыртылған арналардың ұзындығы 28,1 шақырымды құрайды.Жобадағы негізгі кезеңдердің бірі – «Р-3» арнасындағы дюкерлік өткелдің құрылысы болды. 30 маусым күні аталған нысанда Алматы облысы әкімінің орынбасарлары А.Д. Масабаев пен Б. Бақытұлы, мердігер компания өкілдері, қадағалаушы органдар мен басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен көшпелі жиын өтті. Кездесу барысында аталған нысандағы жұмыстарды жедел аяқтауға бағытталған жол картасы бекітілді.Қазіргі уақытта құрылыс бригадалары күшейтілген режимде – екі ауысымда жұмыс істеуде. Қабылдау құдығын бетондау және негізгі құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.10 шілдеге дейін дюкер толық аяқталып, «Р-3» арнасына су беру қайта қалпына келтіріледі. Осылайша, нысанның жаңғырту жұмыстары толық аяқталады деп жоспарлануда. Су пайдаланушылардың ұсыныс-пікірлері ескерілген соң, арнаны пайдалануға қабылдау қыркүйек айына дейін жүргізіледі.Құрылыс жұмыстары жалғасып жатқан уақытта су беру балама көздер арқылы қамтамасыз етілуде. Дюкерлік өткел аяқталғаннан кейін «Р-3» арнасы арқылы су беру толығымен қалпына келіп, ауыл шаруашылығы алқаптарын тұрақты суаруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1029990?lang=kk
Күніне 4 мың демалушы және ЖИ камералары: Қонаевтағы жағажайларда тазалық қалай сақталуда? 04.07.2025
Қонаев қаласы әкімдігінің мәліметінше, №6 жағажайда 40 кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді. Барлығы сенімгерлік басқарушы компаниямен келісімшарт жасап, жалға алған аумақты күтіп ұстау бойынша нақты міндеттемелерді алған. Олар күн сайын тазалық жұмыстарын жүргізуге, тапшандарды дезинфекциялауға, қоқыс жәшіктері мен жарық орнатуға, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті.«№6 жағажайда 45 қоқыс жәшігі, 10 контейнер және үш әжетхана орнатылған. Тазалыққа 30 жұмысшы мен 2 арнайы техника жауапты. Қауіпсіздікті 10-нан астам құтқарушы қамтамасыз етіп отыр, медицина қызметкерлері кезекшілік етеді, бейнебақылау камералары орнатылған. Мониторинг күн сайын жүргізіледі», — деп хабарлады қалалық ТҮКШ бөлімі.Ал №5 жағажайда 28 бөлмелі 6 әжетхана, 5 жуыну орны, 6 киім ауыстыратын бөлме, 30 қоқыс жәшігі, 40 бөшке және 25 контейнер бар. Мұнда жасанды интеллектпен жабдықталған бейнебақылау жүйесі орнатылған.Жағажай аумағында тәртіпті сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ТЖБ мен полиция қызметкерлері тұрақты түрде кезекшілік атқарады.Күн сайын №6 жағажайға 4–5 мың адам, ал №5 жағажайға 1 500–2 000 адам келеді. Демалыс күндері бұл көрсеткіш әр жағажайда 2–3 есеге дейін артады.«Әр демалыс сайын отбасымызбен №5 жағажайға келеміз — менің үш балам және екі жиенім бар. Мұнда таза, қауіпсіз, ересектер мен балаларға барлық жағдай жасалған. Киім ауыстыратын бөлмелер, құтқарушылар мен медқызметкерлер бар. Балаларға ойнайтын алаң болса, біз үшін тазалық пен тәртіп маңызды. Қоқыстарды арнайы жәшіктерге тастау – бұл мәдениеттілік белгісі», — дейді алматылық тұрғын Мұрат Амангелдиев.Қауіпсіздік бойынша санитарлық қызмет мамандары пікір білдірді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нариман Орынбасарұлының айтуынша, Қапшағай су қоймасынан ай сайын су сынамасы алынып, зертханалық сараптамалар жүргізіледі. Қорытындысы - қанағаттанарлық, су санитарлық талаптарға сай келеді, шомылуға рұқсат берілген.Жағажай маусымы басталғалы қоғамдық орындарды ластағаны үшін ҚР ӘҚБтК 434-2-бабы бойынша 35 әкімшілік хаттама толтырылып, азаматтарға жалпы сомасы 1 376 200 теңге айыппұл салынған.Қала әкімдігі жағажайдағы санитарлық талаптардың сақталуына бақылау күшейтілгенін атап өтті. Келісімшарт талаптарын орындамаған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылады, сондай-ақ демалушылар да тазалық пен тәртіпті сақтауға жауапты екендерін естен шығаомауы қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1029851?lang=kk
Қоқыс полигонында бұрын-соңды болмаған су жинақтағыш резервуар салынуда 04.07.2025
Қонаев қаласының шетінде орналасқан, аумағы 30 гектарды құрайтын қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жұмыс барысымен қала әкімі Асхат Бердіханов танысты.«Қонаев Көркейту» ШЖҚ МКК директоры Қанат Азаматовтың айтуынша, полигонда көлемі 30 текше метрді құрайтын су жинақтаушы резервуар салынып жатыр. Бұл құрылым өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған — өрт болған жағдайда су жеткізуге уақыт жоғалтпай, дереу сөндіру шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. Бұған дейін мұндай инфрақұрылым полигонда болмаған. Сонымен қатар, өрт ошақтарын жылдам жою үшін арнайы техника тәуліктік кезекшілікке қойылады.Санитарлық талаптарға сәйкес, полигонның айналасына қоқыстардың ұшуын және малдың кіруін болдырмау үшін ор қазылып, темір тормен қоршалуда. Белгілі бір бөліктерге бетон қоршаулар орнатылуда.Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында полигонның алдыңғы жағы көгалдандырылады. Арнайы техникалар үшін таразы қойылып, көлік жуу аймағы жабдықталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1029793?lang=kk
Экономикалық әлеует пен кіріс базасының тұрақты өсуі 04.07.2025
Алматы облысы құрылған сәттен бастап өңірлердің экономикалық әлеуеті мен кіріс базасының тұрақты өсімі байқалуда. Мұның айқын дәлелі – облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюларды қамтамасыз ететін донор аумақтар санының екіден беске дейін артуы. Бұған дейін донорлар қатарына тек Іле және Қарасай аудандары кірсе, қазіргі уақытта оларға Қонаев қаласы, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандары қосылды.2025 жылға жоспарланған бюджеттік алып қоюлардың жалпы көлемі шамамен 298 млрд теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіш аталған аумақтардың салықтық әлеуетінің жоғары екендігін және облыстық бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы рөлінің арта түскенін көрсетеді.Алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік саясатты жоспарлау аясында Жамбыл ауданын донорлар қатарына қосу көзделген. Сондай-ақ, өнеркәсіптік орталық ретінде дамып келе жатқан Алатау қаласын да болашақта осы қатарға енгізу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Осылайша, қазіргі қарқын сақталған жағдайда, облыстағы дотациялық төрт ауданнан өзге өңірлердің барлығы дерлік өзін-өзі қамтамасыз ететін және аймақ дамуына үлес қосатын донорға айналмақ.Сонымен қатар, өңір кірістерінің тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өту қажет. 2024 жылы облыс кірістері 130%-ға, яғни 120 млрд теңгеге артты. Биылғы жылы да оң динамика жалғасуда – 2025 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша жоспардан тыс 44 млрд теңге қосымша түсім тарту жоспарлануда.Егер салық түсімдерінің қазіргі өсім қарқыны сақталса, 2029 жылдан бастап, яғни келесі үшжылдық кезеңнің соңына қарай, Алматы облысы тарихта алғаш рет республикалық бюджетке алып қою жүргізетін донор өңір мәртебесіне ие болуы мүмкін. Бұл өңірдің қаржылық дербестікке қадам басуы мен экономикалық тұрақтылығын нығайтудың маңызды кезеңі болмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1029647?lang=kk