Enbekshi QazaQ

Экономика

Қазақстан мен Грекияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары телефон арқылы сөйлесті 08.08.2026
Астана, 2026 жылғы 8 тамыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Грекия Республикасының Сыртқы істер министрі Георгиос Герапетритис телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында министрлер Қазақстан мен Грекия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму болашағын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жандандыруға бейілді екендіктерін растады.Тараптар халықаралық энергетикалық жеткізілімдердің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды. Осы тұрғыда тараптар қазақстандық мұнайды әлемдік нарықтарға жеткізудің негізгі бағыттарының бірі болып табылатын Каспий құбыр консорциумы (КҚК) төңірегіндегі ахуал жөнінде пікір алмасты.Е. Көшербаев КҚК инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс істеуі мен Еуропа нарығына мұнай жеткізілімдерінің тұрақтылығының маңыздылығын атап өтіп, кеме қатынасының қауіпсіздігі мен теңізде еркін жүзу қағидатын қамтамасыз ету қажеттігін, сондай-ақ консорциум қызметіне қатер төндіруі мүмкін кез келген әрекеттерге жол беруге болмайтынын айтты.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары энергетика саласындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін растап, екіжақты өзара іс-қимылдың қолданыстағы тетіктерін нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.Сұхбат соңында Е. Көшербаев тұрақты саяси диалогты жалғастырудың және жоғары деңгейдегі байланыстарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1271033?lang=ru
Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын орнықтыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік қағидатын нығайту басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған. 07.08.2026
Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын орнықтыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік қағидатын нығайту басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1270705?lang=ru
Алматы облысында биыл жалпы құны 123 млрд теңге болатын 106 нысанның құрылысы жоспарлануда 07.08.2026
Алматы облысында биыл жүзден астам нысанның құрылысы басталуы мүмкін. Бұл туралы Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шарада облыс әкімі Марат Елеусізұлы айтты. Сондай-ақ сала мамандарының кәсіби еңбегі ескеріліп, құрылыс саласының дамуына үлес қосқан үздіктер марапатталды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Салтанатты шарада Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құрылыс саласы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының тірегі екенін атап өтті.«Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесінде жаңа тұрғын үйлер, заманауи мектептер мен ауруханалар, сәулетті мәдениет және спорт ошақтары, дамыған инфрақұрылым нысандары бой көтеріп, халқымыздың тұрмыс сапасы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылысшы мамандығын экономиканың негізгі іргетасы және жасампаздық жолы ретінде айрықша бағалап, еліміздің инфрақұрылымын дамытуға қосып жатқан үлесін әрдайым ерекше атап өтеді. Сіздер – ел ертеңінің берік негізін қалап жатқан нағыз майталман мамансыздар», – деген аймақ басшысы Алматы облысында бұл сала жыл өткен сайын қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өңір жетістіктері мен алдағы айтулы жобаларға тоқталды.Атап айтқанда, биыл жалпы құны 122,9 млрд теңге болатын 106 нысанның құрылысы жоспарлануда. Жыл басынан бері тұрғын үй көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 221 мың шаршы метрге артып, 843 мың шаршы метрді құрады. Бұл – халықты жайлы баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.Қонаев қаласында жаңа әкімшілік орталық қалыптастыру жұмысы жалғасуда. Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитеті, экономикалық тергеп-тексеру, облыстық сот, Департаменттер үйі, Полиция департаменті және облыс әкімі аппаратына қарасты ұйымдардың жаңа ғимараттарының құрылысы басталды. Сонымен қатар жеке инвестициялар есебінен Достық үйі мен дене шынықтыру-сауықтыру кешені сияқты маңызды әлеуметтік нысандар бой көтеруде.Білім беру саласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 26 жаңа мектеп ашылды. «ЕРС+F» тетігі арқылы тағы 5 мектептің құрылысы жоспарланған.Көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Қапшағай – Күрті» және «Алматы – Бішкек» автожолдарын қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ «Алматы – Бішкек» автожолының 19-27 шақырымын 8 жолаққа дейін кеңейту жобасы басталды.Денсаулық сақтау саласында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 37 медициналық нысан пайдалануға берілді. Ал энергетика және инженерлік инфрақұрылым бағытында Қонаев қаласында тәулігіне 30 мың текше метр суды сүзгіден өткізетін кәріз кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.«Мұның барлығы – сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен адал еңбектеріңіздің жемісі. Сіздер тұрғызған әрбір тұрғын үй, мектеп, аурухана, әкімшілік ғимарат, жол мен инженерлік нысан Алматы облысының өркендеуіне және тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына қызмет етіп келеді», – деді Марат Елеусізұлы.Сонымен қатар құрылыс саласында сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді. Айтуынша, биыл біліктілік талаптарына сәйкес келмеген 149 құрылыс компаниясының лицензиялары тоқтатылған. Сондай-ақ заңнама талаптарын бұзған 15 сарапшының аттестатының қолданысы уақытша тоқтатылып, техникалық қадағалау саласындағы 2 сарапшының аттестаты кері қайтарылды. Бұл шаралар саладағы жауапкершілікті күшейтуге және салынып жатқан нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Марат Сұлтанғазиев шара барысында құрылыс саласына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматты «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттады.Жиында сала ардагері Анатолий Рябинин құттықтау сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.«Бүгінде ауыз толтыра айтатын жетістіктеріміз де, ойланатын мәселелеріміз де бар. Мемлекет басшысы өңірдің дамуына, болашақ қалаларды қалыптастыруға қатысты ауқымды міндеттер қойды. Әрине, бұл – өте үлкен жауапкершілік. Сондықтан алдымызда күш-жігер мен мықты денсаулықты қажет ететін ауқымды жұмыс күтіп тұр.Құрылыс саласы ардагерлерінің абыройлы еңбегін ерекше атап өткім келеді. Бар білімі мен тәжірибесін өңірдің өркендеуіне арнаған олардың өмір жолы қашанда құрметке лайық. Ең бастысы, баршамызға тыныш ғұмыр тілеймін. Бірлік пен бейбітшілік – біздің жетістігіміздің басты кепілі», – деді ардагер.«Мойнақ» ГЭС-інің салынуына ұйытқы болған инженер-энергетик, I дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Стахан Белғожаев та жылы лебізін арнап, құрылыс саласының қоғамдағы рөлі жайлы сөз қозғады.Осылайша, сәулеті келіскен қалалар мен зәулім ғимараттарды тұрғызып, халықтың жайлы өмірі үшін тер төккен құрылысшылардың мерейі тасыды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1270544?lang=ru
Қазақстан мен Сауд Арабиясы көпжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады 07.08.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрінің халықаралық көпжақты қатынастар жөніндегі орынбасары Абдуррахман Әл-Рассимен кездесті.Кездесуде достық пен өзара тиімді әріптестік қағидаттарына негізделген қазақ-сауд қатынастарының оң даму серпіні аталып өтті.Қазақстан мен Сауд Арабиясының халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылына, атап айтқанда, көпжақты алаңдарда ұстанымдарды үйлестіруге және екі елдің бастамаларын өзара қолдауға ерекше назар аударылды.Сондай-ақ, тараптар алдағы биік және жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралардың кестесін қарастырып, оларды нақты уағдаластықтармен және практикалық нәтижелермен толықтырудың маңыздылығын атап өтті.Кездесудің қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы белсенді әрі сындарлы диалогты жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1270752?lang=ru
Қазақстан мен Түркия саяси диалогты дамытуда 06.08.2026
Анкара, 2026 жылғы 5 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Анкараға жұмыс сапары барысында Түркия Республикасының Сыртқы істер министр орынбасарлары Айше Беррис Екинжимен және Муса Кулаклыкаямен келіссөздер өткізді.Кездесулерде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардың ауқымын қамтитын кеңейтілген стратегиялық серіктестікке негізделген қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың даму барысын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, аса жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша нақты қадамдар белгіленді.Халықаралық платформалардағы, оның ішінде Ислам ынтымақтастық ұйымы мен Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту жолдары қолға алынды.Кездесулердің қорытындылары бойынша талқыланған бағыттарда тиімді өзара іс-қимылды жүйелі негізде жалғастыруға бейімділік қуатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1270184?lang=ru
Қазақстанның Катар Мемлекетіндегі Елшісі Катар Әміріне сенім грамоталарын тапсырды 05.08.2026
Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақыт Батыршаев Қатар Мемлекетінің Әмірі Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге сенім грамоталарын тапсырды.Қатар Әмірі Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан Елшісін дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, екі ел арасындағы достық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту жолындағы қызметіне табыс тіледі.Өз кезегінде Елші Бақыт Батыршаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Әміріне ізгі тілектері мен сәлемін жеткізіп, Астана мен Доха арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін салатынын атап өтті.Тараптар қол жеткізілген стратегиялық әріптестік байланыстарын одан әрі дамытудың маңыздылығына тоқтала келе, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1268973?lang=ru
Қостанай облысында ірі агрофестиваль өтті 05.08.2026
Аймағымызда үш күн бойы «Қостанай дала» агрофестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Енді бұл шара жыл сайын өткізіліп, еліміздің басты ауыл шаруашылығы көрмесіне айналатын болады. Айтулы шараға ҚР Ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапаров арнайы келді.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов аймақ аграршыларының Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді табысты орындап келе жатқанын атап өтті. Биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 275 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33%-ға көп. Соңғы бес жылда саланы қаржыландыру көлемі 3,6 есеге артты.Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында өткен жылы шаруашылықтар 1034 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Биылдың өзінде 799 бірлік жаңа техника алынды. Сатып алынған техниканың 90%-ы – отандық өндірістің өнімі.Өткен жылы соңғы он жылдағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізіліп, әр гектардан 16,7 центнерден өнім алынып, жалпы 6,7 млн тонна астық жиналды. Биыл егіс жұмыстарына жеңілдетілген несие ретінде 140,4 млрд теңге берілді.«Облысымыз азық-түлік өндірісі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша елімізде көш бастап тұр. Өткен жылы Қазақстан бойынша 8,1 млн тонна өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортталса, оның 27,2%-ы Қостанай облысының үлесіне тиесілі болды. Биыл облысымыз ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрі бойынша 525,3 млн АҚШ долларына экспорт жүзеге асырды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59%-ға жоғары көрсеткіш», – деді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуда қайта өңдеу саласындағы инвестициялық жобаларға басымдық берілуде. Соңғы жылдары бұршақ дақылдарын өңдеу, құрғақ бие сүтін өндіру жобалары іске қосылды. Ұн тарту кешені мен ірімшік өндіретін зауыт пайдалануға берілді. Тамыз айында «Кондитерлік астана» жобасы іске қосылады. Сонымен қатар макарон өнімдерін шығару жобасы басталып, май экстракциялау зауыты мен дәнді және майлы дақылдарды өңдеу кешенінің құрылысы жүргізілуде.Сондай-ақ астықты терең өңдеу және тұрақты авиациялық отын өндіру жобаларының жүзеге асырылуы өңір экономикасы үшін ерекше маңызға ие болады.«Игілік», «Береке» және «Жайлау» бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатқан мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары облыстағы мал басының көбеюіне оң ықпал етуде. Жалпы құны 20 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іріктеліп, олардың аясында 14,2 мың бас асыл тұқымды импорттық мал сатып алу жоспарланған.Сүтті мал шаруашылығында соңғы екі жылда 7 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Қазіргі уақытта тағы 6 ферма салынып жатыр. Биыл қосымша 3 жаңа жобаны жүзеге асыру басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1268938?lang=ru
«Формула-1 H2O»: Алматы облысында спорт катерін шығаратын зауыт пен пилоттарды дайындайтын академия ашылады 05.08.2026
Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында алдағы 5 жыл бойы халықаралық «Формула-1 H2O» жарысы өткізіледі. Бұл жоба судағы сайысты ұйымдастырумен ғана шектелмейді. Алдағы уақытта өңірде катерлер шығаратын зауыт салынады деп жоспарлануда. Сондай-ақ су көліктерін басқаратын пилоттарды оқытатын академия ашылмақ. Тіпті су үстіндегі Формула-1 жарысында ел намысын қорғайтын ұлттық команда жасақталады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев «F1H2O» жарысын ұйымдастырушылармен тағы бір мәрте кездесіп, халықаралық шараны жоғары деңгейде өткізу мәселесін талқылады.– «Формула-1 H2O» секілді халықаралық жарыстарды өткізу еліміздің әлемдік деңгейдегі беделін одан әрі арттыра түседі. Облыс әкімдігі тарапынан бұл бастамаға толық қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ ҚР Спорт және туризм министрлігімен бірлесіп, сайысты еліміз үшін маңызды ұлттық жоба ретінде іске асыруға күш саламыз, – деді аймақ басшысы.Ал, H2O Racing компаниясының өкілі Раймондо ди Сан Джермано Қазақстан бұл сайысты өткізуге ең қолайлы ел екенін атап өтті.– Халықаралық доданың Орталық Азияда кеңінен дамығанын қалаймыз. Әлем бойынша су үстіндегі ең ауқымды жарысты Қонаевта ұйымдастыруды ұйғардық. Себебі бұл шаһар су туризмімен кең танымал. Ыстықкөлде өткен жарыста 2027 жылғы әлем чемпионатының Қазақстанда өтетінін ресми түрде жарияладық. Алдағы уақытта біз пилоттарды даярлайтын академия ашып, су көліктерін басқаратын мамандарды оқытамыз. Сондай-ақ Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда осы спорт түрінің федерациясын дамыту бағытында жұмыс істейміз. Бұл жобалардың барлығы Қонаев қаласында жүзеге асады. Бұдан бөлек, Қазақстанда спорт катерлерін шығаратын зауыт ашуды да жоспарлап отырмыз. Ыстықкөлде болғанымызда Қырғызстанның өз командасы жоқ екенін көрдік. Алдағы 12 ай ішінде Қазақстанның толыққанды ұлттық құрамасын жасақтауға мүмкіндік бар, – деді Раймондо ди Сан Джермано.Айта кетейік, «Formula-1 H2O» биыл Қырғызстандағы Ыстықкөл жағалауында өтті. Желмен жарысқан жүйріктердің өнерән тамашалауға 6 елдің президенті арнайы барып қатысты. Ал, келер жылы Қапшағай көлінде болатын жарысты әлем бойынша бір миллиардқа жуық адам тікелей трансляция арқылы тамашалайды деп күтілуде. Бұл еліміздің туристік әлеуетін арттырып, шетелдіктердің қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1268799?lang=ru
Өңірде жылу желілеріндегі авариялар 6 есеге азайды 04.08.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жылыту маусымына дайындық жұмыстары барысы туралы облыс әкімдігінің отырысы өтті.Мемлекет басшысы инфрақұрылымдық жобаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз етуді және алдағы жылыту маусымына дайындықты бақылауды күшейтуді тапсырды.Өткен жылыту маусымы күрделі апаттық жағдайларсыз өтті. 2022-2023 жылу маусымымен салыстырғанда жылу желілеріндегі авариялар 830-дан 134-ке дейін 6 есеге азайды. Соңғы жылдары инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға қомақты қаражат бөлініп келеді. Халықтан келіп түсетін шағымдар саны 96-дан 20-ға дейін 5 есеге азайды.«Бұл – жылыту маусымына жүргізілген дайындық жұмыстарының нақты нәтижесі. Біз инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға едәуір қаражат бөліп жатырмыз. Оның арқасында жылыту желілеріндегі апаттар саны өткен жылыту маусымына қарағанда 254-ден 134-ке дейін 2 есе төмендеді. Мұның барлығы жылыту маусымына барлық дайындық жұмыстарының нәтижесі», – деді Құмар Ақсақалов.Жиында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларының және Жітіқара ауданның әкімі баяндама жасады.Аймақ басшысы егер күзде қалалар мен аудандарда энергетикалық нысандардың дайындық паспортын алмау фактілері тіркелсе, онда әкімдер жеке жауапкершілікке тартылатынын ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1268554?lang=ru
Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың Қостанай облысының 90 жылдық мерейтойымен құттықтауы 04.08.2026
Құрметті Қостанай облысының тұрғындары! Қымбатты жерлестер, мереке қонақтары!Баршаңызды облысымыздың 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қостанай облысының 90 жылдық мерейтойына орай өз құттықтауын жолдады. Оны Сіздердің назарларыңызға жеткізуге рұқсат етіңіздер.«Қадірлі қауым!Қостанай – ырысы мол, ынтымағы жарасқан қастерлі өлке. Осы уақыт аралығында өңір өсіп-өркендеп, астықты аймаққа айналды. Береке мен бірліктің, келісім мен татулықтың алтын бесігі ретінде танылды.Облыстың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл топырақтан Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин және басқа да тұғырлы тұлғалар шықты. Олар халыққа қалтқысыз қызмет етіп, ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты.Қазіргі таңда аймақ экономикасы қарқынды дамып жатыр. Азаматтардың қажырлы еңбегінің арқасында өңір өркендеу жолына түсіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізуде. Қостанай жұрты әрдайым ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Аймақ халқының наурыз айында өткен республикалық референдумға белсене қатысып, жаңа Конституцияны қолдап дауыс беруі – соның айқын көрінісі.Осы орайда облысты көркейту үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер алдағы уақытта да Заң мен Тәртіп қағидатын ту еткен Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға белсене атсалыса бересіздер деп сенемін.Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!Тобыл – Торғай өлкесі өркендей берсін!Құрметпен,Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев». Қымбатты жерлестер!Бүгін біз жай ғана мерейтойды атап өтіп отырған жоқпыз. Қостанай облысының 90 жылдығы – бұл даңқты тарихтың, ұрпақтар сабақтастығының, жанқиярлық еңбектің және биік жетістіктердің тоғыз онжылдығы.Бүгінде өлкеміздің мақтанышына айналған барлық жетістік – халқымыздың маңдай тері мен адал еңбегінің жемісі. Қостанай жері әрдайым Тәуелсіз Қазақстанның сенімді тірегі болып келді және болып қала береді.Бүгінде өңіріміз сенімді түрде алға қадам басып келеді. Біз облыстың өнеркәсіптік және аграрлық әлеуетін нығайтып, инфрақұрылымды дамытып, тұрғын үйлер, жолдар, мектептер мен ауруханалар салып жатырмыз. Барлық жетістіктеріміз – өңірге деген зор сенімнің, ауқымды инвестициялардың және ең бастысы – қостанайлықтардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.Біздің болашаққа деген айқын көзқарасымыз, берік жігеріміз және орасан зор әлеуетіміз бар. Біз балаларымыз бен немерелеріміз мақтан тұтатын қуатты, жайлы әрі гүлденген өңірді бірге құра беретін боламыз!Қадірлі әлеумет!Қостанай жері – қашанда береке мен бірліктің, дарынды тұлғалар мен бай руханияттың ордасы. Бүгін сіздер дәстүрге айналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» облыстық фестивалінің куәсі болдыңыздар. Бұл – өнер мерекесі.Фестиваль Тобыл–Торғай өңірінің мәдени өмірін жандандырып, халқымыздың дәстүрлерін ұлықтайтын айтулы оқиғаға айналды.Сіздерді облысымыздың 90 жылдық мерейтойымен тағы да шын жүректен құттықтаймын!Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.Еліміз аман, жұртымыз тыныш, туған өлкеміз өркендей берсін!   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1268506?lang=ru
Аймағымызда ірі инвестициялық форум өтті 04.08.2026
Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай Қостанай қаласында ірі инвестициялық форум өтті. Мемлекет басшысы өңір тұрғындарын мерейтоймен құттықтап, арнайы құттықтау хатын жолдады.Қостанай облысы құрылған кезде өңірге негізінен шикізаттық база ретінде ерекше рөл жүктелді. Тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа экономикалық жағдайлар облыс алдына мүлде жаңа міндеттер қойды. Өңір шикізат өндіруден терең өңдеуге, заманауи технологияларды енгізуге және жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға бет бұрды.«Бүгінде Қостанай облысы аграрлық әрі шикізаттық өңірден Қазақстанның ең ірі индустриялық орталықтарының біріне айналды. Өңір өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі бойынша республикада төртінші орында тұр. Қостанай облысы бүгінде Қазақстанның машина жасау саласының көшбасшысына айналды. Елімізде шығарылатын машина жасау өнімдерінің төрттен бірі осы өңірдің үлесіне тиесілі», – деді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.Облыста жалпы қуаты 270 МВт-тан асатын жеті заманауи электр станциясы жұмыс істейді. Алдағы жылдары жалпы қуаты 1,2 ГВт болатын 165 жел электр қондырғысын іске қосу жоспарланған. Соның нәтижесінде өңірдегі «жасыл» энергия өндіру көлемі 32 еседен астам ұлғаяды.Қостанай облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытында да көш бастап келеді. Өңір қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша республикада бірінші, ал азық-түлік өндірісі бойынша екінші орында.Соңғы жылдары заманауи сүт-тауар фермалары, ірімшік, құрғақ бие сүті, макарон өнімдерін шығаратын зауыттар және бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдейтін ірі кәсіпорындар салынды. Қазіргі уақытта жаңа кондитерлік фабриканың құрылысы аяқталу сатысында.«Өңірдің келесі стратегиялық бағыты – астықты терең өңдеу жобаларын жүзеге асырып, биоэтанол өндіру және оның негізінде авиациялық отын шығару. Инфрақұрылымды дамыту бағытында облыстан шығатын барлық негізгі бағыттардағы мыңдаған шақырым автожол қайта жаңғыртылды. Қостанай халықаралық әуежайы жаңғыртылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арқалық қаласында жаңа әуежай салынуда. Қостанай қаласында әлемге танымал Marriott, Novotel және Holiday Inn брендтерімен үш заманауи қонақүй кешені бой көтереді», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Әлеуметтік салада да ауқымды жұмыстар атқарылды. Жаңа мектептер мен денсаулық сақтау нысандары, соның ішінде шалғай ауылдарда да пайдалануға берілді. Іс жүзінде әрбір ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды.Облыс әкімі өңірдің ең басты байлығы – оның адамдары, олардың адал еңбегі мен туған жердің өркендеуіне қосқан өлшеусіз үлесі екенін атап өтті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1268441?lang=ru
Мемлекет басшысының Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтауы 04.08.2026
Сіздерді Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!Қостанай – ырысы мол, ынтымағы жарасқан қастерлі өлке. Осы уақыт аралығында өңір өсіп-өркендеп, астықты аймаққа айналды. Береке мен бірліктің, келісім мен татулықтың алтын бесігі ретінде танылды.Облыстың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл топырақтан Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин және басқа да тұғырлы тұлғалар шықты. Олар халыққа қалтқысыз қызмет етіп, ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты.Қазіргі таңда аймақ экономикасы қарқынды дамып жатыр. Азаматтардың қажырлы еңбегінің арқасында өңір өркендеу жолына түсіп, көптеген жетістікке қол жеткізуде. Қостанай жұрты әрдайым ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Аймақ халқының наурыз айында өткен республикалық референдумға белсене қатысып, жаңа Конституцияны қолдап дауыс беруі – соның айқын көрінісі.Осы орайда, облысты көркейту үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер алдағы уақытта да Заң мен Тәртіпті ту еткен Әділетті Қазақстанды құру жолында жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға белсене атсалыса бересіздер деп сенемін.Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!Тобыл-Торғай өлкесі өркендей берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1268408?lang=ru
Сыртқы істер министрінің орынбасары Қытайдың Қазақстандағы Елшісімен кездесті 04.08.2026
Астана, 2026 жылғы 4 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қытай Халық Республикасының Елшісі Хань Чуньлиньді қабылдады.Келіссөздер барысында тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының түрлі салалардағы өзекті мәселерін талқылап, оны одан әрі дамыту келешектері туралы пікір алмасты.Кездесу барысында тараптар биылғы жылы биік және жоғары деңгейде өткен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, биыл өтетін іс-шаралар мен сапарлардың кестесі талқыланды және жоғары халықаралық пен аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде көпжақты алаңдардағы күш-жігерді үйлестіру бойынша пікір алмасты.Кездесу соңында тараптар тұрақты байланыстарды қолдап отыруға және өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1268360?lang=ru
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд Арабиясының Елшісін қабылдады 31.07.2026
Астана, 2026 жылғы 31 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстандағы Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшісі Фейсал Әл-Қахтаниді қабылдады.Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын, сондай-ақ екі елдің халықаралық және аймақтық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ, ИЫҰ, АҚИҰ және «Орталық Азия – ШАМЫК» форматы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.Сонымен қатар, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай қарастырылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Рияд арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1267078?lang=ru
Астанада «Орталық Азия – Корея Республикасы» алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды 31.07.2026
Астана, 2026 жылғы 31 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммитіне дайындық жөніндегі аға лауазымды тұлғалардың үшінші отырысына қатысты.Іс-шара барысында қатысушылар алдағы Саммитті ұйымдастыру және хаттамалық қамтамасыз ету мәселелерін талқылап, оның күн тәртібінің мазмұны бойынша пікір алмасты.Орталық Азия мемлекеттері мен Корея Республикасы арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, оның ішінде сауда-экономика, энергетика, цифрландыру және су ресурстары салаларындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.Кездесу барысында А.Исағалиев Саммитке сапалы дайындықтың айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, оның өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға, орнықты дамуды қамтамасыз етуге және өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге бағытталған бірлескен бастамаларды әзірлеу мен ілгерілетудің маңызды алаңына айналатынын айтты.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Саммитті табысты дайындау және өткізу мақсатында тығыз үйлестіруді жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Іс-шара аясында А.Исағалиев Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Чонг Ый Хиемен жеке кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, саяси диалогтың жоғары қарқынын сақтау және бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1267058?lang=ru
Халықаралық «Формула-1 H2O» жарысын Қонаев қаласында өткізу жоспарлануда 30.07.2026
Әлемге әйгілі судағы «F1H2O» сайысы алдағы 5 жыл бойы Қапшағай су қоймасында өтуі мүмкін. Бүгін халықаралық сайыстың ұйымдастырушылары арнайы Алматы облысына келіп, өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевпен кездесті. Жиында әлемдік F1H2O ұйымы, iHolding компаниясы және Сауд Арабиясынан келген ресми делегация өкілдері мен Алматы облысының әкімі 2027 жылғы әлем чемпионатын Қонаев қаласында өткізу туралы келісімге қол қойды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Қазақстан – бұл әлем чемпионатын қабылдайтын алтыншы мемлекет. Жарысқа шетелден кемінде 5 мың қонақ келеді деп күтілуде. Жергілікті тұрғындар мен туристерді қосқанда олардың саны тіптен артады. Сондай-ақ су бетіндегі шеберлік пен жылдамдықты жақсы көретін 1 миллиардқа жуық көрермен жарысты тікелей эфирден тамашалайды деп күтілуде.«Сауд Арабиясы спорт саласында әлемдегі ең үздік жобаларды іске асырып келеді. Бұл белсенді демалысты дамытып, салауатты өмір салтын сақтауға септігін тигізеді. Жыл сайын Қапшағай су қоймасында «Tengri ultra» марафоны мен «Oceanman» ашық суда жүзу жарысы өткізіледі. Одан бөлек республикалық деңгейдегі түрлі сайыстар ұйымдастырылады. Мұндай халықаралық шаралар туризмді дамытып, өңірдің өркендеуіне жол ашады. Сондықтан біз бұл жобаны бірлесіп іске асыруға дайынбыз», – деді Марат Елеусізұлы.KSA ProMediaPortal және F1H2O ұйымдарының өкілі әрі басқарма төрағасы Яссер Әли Әл-Ями қазіргі таңда чемпионатқа 11 мемлекет қатысатынын айтты. Бұл талабы жоғары күрделі жарыс болғандықтан, мұнда арнайы дайындықтан өткен командалар ғана бақ сынай алады. Чемпионат барысында көрерменнің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіледі. VIP-аймақтар, жарысты басқару орталығы, командалардың дайындығына арналған аумақ және медиа орталық қарастырылады. Сондай-ақ отбасылық демалысқа арналған орындар да құрылады. Онда еліміздің мәдениеті таныстырылып, ұлттық тағамдар мен кәдесыйлар ұсынылады. Спорт сайысынан бөлек түрлі мерекелік іс-шаралар жанкүйерлер көңілін көтереді. Жарыстың жабылу салтанатында ауқымды гала-концерт өткізіліп, онда әлемге танымал жұлдыздар өнер көрсетеді.«Бүгінде Сауд Арабиясы мен Қазақстан арасында берік ынтымақтастық орнаған. Біз Алматы облысының даму көрсеткіштерін зерттеп, оның болашағы зор екенін көрдік. Алдағы уақытта бұл аймақ халықаралық бизнес орталығына айналады деп сенеміз», – деді басқарма төрағасы Яссер Әли Әл-Ями.Демек, алдағы 5 жылда Алматы облысына әлемнің түкпір-түкпірінен спортсүйер жанкүйер ағылып, Қонаев туристер толассыз келетін орталыққа айналады. Чемпионат елімізді дүниежүзіне танытып, оның көркем табиғаты мен мүмкіндіктерін әлемге әйгілейді. Өңірге инвестиция тартуға, инфрақұрылымын жақсартуға және экономиканы ілгерілетуге де зор ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1265681?lang=ru
Рудный қаласында теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін қайта ашылды 29.07.2026
Қостанай облысында Железорудная станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жаңартылған нысан жолаушылардың қауіпсіздігі, қолжетімділігі және жайлылығы бойынша заманауи талаптарды ескере отырып салынған.1959 жылы салынған вокзал ғимараты толықтай бұзылып, оның орнына жалпы ауданы 416,1 шаршы метр болатын жаңа бір қабатты жолаушылар кешені бой көтерді. Қайта жаңғырту жұмыстары аясында инженерлік коммуникациялар жаңартылып, іргелес аумақ абаттандырылды. Заманауи эвакуациялық жолдар ұйымдастырылып, вокзалдың іші қажетті жиһаздармен және жабдықтармен қамтамасыз етілді.Жаңартудан кейін вокзал жолаушыларға қызмет көрсетудің заманауи стандарттарына сай келеді және пойыздарды күту мен оларға отыру үшін барынша қолайлы жағдай жасалған.Железорудная станциясының теміржол вокзалы III класқа жатады және тәулігіне орта есеппен 452 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы өңірді Алматы, Шу, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Орал, Астана, Көкшетау қалаларымен, сондай-ақ Бурабай курорттық аймағымен байланыстыратын 12 жолаушылар пойызы өтеді.Вокзал кешенін қайта жаңғырту аймақтың көлік инфрақұрылымын дамытуға және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1265605?lang=ru
Мемлекеттік қызмет конституциялық реформалар призмасы арқылы 29.07.2026
Облыстық басқармалар ұжымдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларының өзекті мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Қостанай облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы Динара Мақашева және әдеп жөніндегі уәкіл Қайрат Сүндіков сөз сөйледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтарға мемлекеттік қызметке орналасу үшін тең мүмкіндіктер береді (35-бап). Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәртібі кәсіби және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін жағдай жасайтыны атап өтілді. Мемлекеттік қызметші патриотизм, адалдық, әділдік, жауапкершілік, кәсібилік және еңбекқорлық жоғары қасиеттерге ие болуы керек. Мемлекеттік мекемелерде құқық бұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру мәселелері талқыланды. Қ. Сюндиков мемлекеттік мүліктің, оның ішінде қызметтік көліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру мәселелерін көтерді. Тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметте шектеулер қабылдау және мүдделер қақтығысының алдын алу бойынша міндеттер жеткізілді. Лауазымды тұлғалардың қоғамдық мінез-құлқына, іскерлік әдептің сақталуына, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетіне, дене қимылдары мен сәлемдесудің дұрыстығына ерекше назар аударылады. Қызметшілер мемлекеттің зайырлы қағидатын қатаң ұстануға тиіс.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы қосымша қағидатты – цифрлық әдептілік, цифрлық ортадағы жауапты мінез-құлық қағидатын енгізеді. Сондай-ақ, Кодекс мемлекеттік қызметшілердің онлайн ставкаларға, құмар ойындарға (бәс тігуге) қатысуын шектейді.Қ. Сюндиков - Қостанай облысы әкімі аппаратыныңәдеп жөніндегі уәкіліАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1265609?lang=ru
Алматы облысында жарты жылда ойын бизнесінен бюджетке 25 млрд теңге салық түсті 29.07.2026
Алматы облысындағы заңды ойын бизнесі субъектілерінен алты ай ішінде мемлекеттік бюджетке 25 млрд теңге салық түсті. Оның 10,6 млрд теңгесі өңірлік бюджетке аударылды. Ал, соңғы екі жарым жылда саладан мемлекеттік бюджетке жалпы 184,7 млрд теңге салық түскен. Оның 53,8 млрд теңгесі өңірлік бюджет кірісіне бағытталған, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Жалпы Қонаев қаласында ойын бизнесі саласында 21 нысан жұмыс істейді. Оның ішінде 5 казино, 13 букмекерлік кеңсе және 3 ойын автоматтары залы бар. Салада шамамен 2,5 мың адам еңбек етеді.Ойын бизнесі аймақтың туризміне де оң әсер етіп отыр. Алматы облысы Туризм басқармасының мәліметінше, өңірдегі казиноларға келушілердің шамамен 20 пайызы – шетел азаматтары.  «Қонаев қаласына келген әрбір турист қонақүйлерде орналасып, қоғамдық тамақтану орындарына барады, көлік, сауда және басқа да қызмет түрлерін пайдаланады. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жергілікті экономиканың жандануына да ықпал етеді. Сондықтан туристік ағынның артуы өңірдің қызмет көрсету саласының дамуына оң әсер етуде», – деді Алматы облысы Туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы.Айта кетейік, қолданыстағы «Ойын бизнесі туралы» заң аясында Талғар ауданында тек шетел азаматтарына арналған жаңа ойын аймағын құру жоспарланып отыр. Бұл бастама қоғамдық кеңесте қаралып, оң қорытынды алған.Жобаны Талғар ауданында орналастыру ұсынысы өңірдің туристік әлеуетімен байланысты. Аудан Алматы қаласы мен халықаралық әуежайға жақын орналасқан. Сонымен қатар мұнда тау туризмі, сауықтыру және демалыс бағытындағы ірі нысандар шоғырланған.«Талғар ауданы туристік инфрақұрылымы қалыптасқан аймақтардың бірі. Мұнда «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешені, «Oi-Qaragai» тау-шаңғы курорты,  Aquaasia Resort және Tal Resort демалыс кешені сияқты танымал туристік нысандар бар. Сондықтан жаңа аймақты өңірдің туристік экожүйесінің бір бөлігі ретінде дамыту көзделіп отыр. Бұл туристерге ұсынылатын қызмет түрлерін әртараптандырып, сервистік инфрақұрылымның дамуына қосымша мүмкіндік береді», – деді Алматы облысы Туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы.Жобаны іске асыру нәтижесінде қонақүй бизнесі, қоғамдық тамақтану, көлік, сауда және басқа да қызмет көрсету салаларының дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестиция тартуға және бюджет кірісін ұлғайтуға мүмкіндік туады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1265038?lang=ru
Меңдіқара ауданында тағы бір сүт-тауарлы ферма салынады 28.07.2026
Меңдіқара ауданында қазіргі таңда екі сүт-тауарлы фермасы жұмыс істеп тұр. Соның бірі Каменскуральск ауылында 1 200 басқа арналған ферма. Жылына 6,7 мың тонна сүт өңдеу мүмкіндігі пайда болды.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Меңдіқара ауданына барған сапарында ферманың жұмысымен және өңірде атқарылып жатқан басқа да шаруалардың жай-күйімен танысты.«Каменскуральск» серіктестігі алдағы уақытта 800 басқа арналған тағы бір сүт-тауарлы фермасын салуды жоспарлап отыр. Жылдық өндірістік қуаты 8 мың тоннаны құрайды.«Ауданда екі сүт-тауар фермасының іске қосылуының нәтижесінде жылдық сүт өндірісі 14,4 мың тоннадан 30,8 мың тоннаға дейін, яғни екі еседен астам өсті», – деді аймақ басшысы.Өндірістік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Каменскуральск ауылынан құрғақ бие сүті зауыты мен сүт-тауар фермасына дейін ұзындығы 10,4 км кіреберіс автожолдың құрылысы жүргізілуде.Меңдіқара ауданында экономиканы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және туризм әлеуетін арттыру мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде.Аудандағы 32 ауыл орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Былтыр Архипов және Михайлов ауылдары орталықтандырылған су жүйесіне қосылып, 1 365 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылды.2023–2025 жылдары аудан бойынша 96,5 шақырым автожол мен 45 көше жөнделді. Архипов, Ұзынағаш, Степанов, Борки, Михайлов, Иванов, Красносельское ауылдарының кіреберіс жолдары жаңартылды. Қазіргі уақытта Молодежное, Харьков және Қасқат ауылдарына баратын жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі Архипов ауылындағы Монгольская көшесінің жөндеу жұмыстарымен танысты.Биыл ауданда 333,5 мың га алқапқа егін егілді. Оның ішінде 224,4 мың га – дәнді дақылдар, 102,6 мың га – майлы дақылдар, ал 5,9 мың гектары – мал азығы дақылдары.Сапар қорытындысында облыс басшысы аудан тұрғындарымен кездесіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жұмыстарын баяндады. Тұрғындардың сауалдарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1264546?lang=ru