Enbekshi QazaQ

Қуқық

Облыстың барлық аудандарында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда 22.11.2025
Өңірде көше-жол желесін жаңарту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары тек қалаларда ғана емес, ауылдық елді мекендерде де жүзеге асырылуда. Бұл тәсіл қала мен ауыл тұрғындары арасындағы өмір сүру деңгейіндегі алшақтықты азайтып, сапалы инфрақұрылымға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.Қаржыландыру көлемінің айтарлықтай өсуіСоңғы үш жылда жол жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражат көлемі едәуір өсті.2022 жылы осы мақсаттарға 8,5 млрд теңге бөлінген.2023–2024 жылдары қаржыландыру жыл сайын 20 млрд теңгеге дейін өсті.Биылғы жылы 103 елді мекенде 400-ден астам көшені жөндеуге 29 млрд теңге бағытталған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3,6 есе көп.Қаржыландыру көлемі бойынша өңір елімізде көшбасшылардың қатарында, кейбір өңірлерді 9 есеге дейін озып отыр.Облыс орталығындағы жұмыстарАрнайы назар облыс орталығына аударылған. 2024 жылы Қостанай қаласының көшелері мен аула аумақтарын жөндеуге 8,2 млрд теңге бөлініп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе, ал 2022 жылмен салыстырғанда 3,6 есе көп.Жөндеу жұмыстары 85 көше бойында, жалпы ұзындығы 51 км көлемінде жүргізілді.Ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуыӨңірде республикалық маңызы бар жолдарда да жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Орталық–Батыс» жобасы жүзеге асырылуда — Астанадан Арқалық, Торғай, Иргиз арқылы Транскаспий халықаралық дәлізіне шығатын жаңа маршрут салынады.Жаңа бағыт 560 км қысқартады және 13 елді мекенді, шамамен 70 мың адамды қамтиды.Сонымен қатар, Арқалықтан Ұлытауға қарай жол жөндеу жұмыстары аяқталуда, қала әуежайын қалпына келтіру жұмыстары да жүргізілуде.Жыл қорытындылары және экономикалық әсеріЖалпы, биыл облыстың жол жағдайын жақсартуға 103 млрд теңге бөлініп, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 40% артық (2024 жылы — 73,8 млрд теңге). 1 300 км автожолдар жөнделді.Жол инфрақұрылымын дамыту тек жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтар мен бизнес үшін ыңғайлы жағдай жасайды. Оның үстіне, көлік ағынына оң әсерін тигізіп отыр: ағымдағы жылдың он айында жүк тасымалы көлемі 33,9% өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1110434?lang=kk
Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде Алматы облысының оқушысы үздіктер қатарынан көрінді 22.11.2025
17–21 қараша аралығында Астана қаласында жаратылыстану-математика бағыты бойынша XVIII Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.Еліміздің ең үздік оқушылары бас қосқан білім додасында Алматы облысының намысын қорғаған «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Нұржан Өтешқалиев жүлделі II орынға ие болды. Бұл жоғары нәтиже — оқушының алғырлығы мен жүйелі еңбегінің, сондай-ақ ұстаздарының қажырлы дайындығының жемісі.Білім басқармасы Нұржан Өтешқалиевті арнайы құттықтап, жас дарынның алдағы уақытта да білім мен ғылым жолында жаңа биіктерді бағындыруына тілектестік білдірді.Алматы облысының білімді жастарының мұндай жетістіктері — өскелең ұрпақтың еліміздің ғылым әлемінің болашағына лайықты үлес қосуға дайын екенін дәлелдейтін жарқын көрсеткіш.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1110393?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы «Kazzinc Holdings» жетекшілерімен кездесу өткізді 21.11.2025
Астана, 2025 жылғы 21 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев «Kazzinc Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Гэвин Хиллмен және осы компанияның бас директоры Жанат Жанботинмен кездесу өткізді.Сұхбат барысында компанияның қолданыстағы жобаларын жүзеге асырудың ағымдағы мәселелері қаралды және жаңа кен орындарын дамыту перспективалары, геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі жоспарлар, өндірістік қуаттарды одан әрі кеңейту және қолданыстағы активтерді жаңғырту мәселелері талқыланды.Орнықты даму, экологиялық стандарттарды сақтау, логистиканы оңтайландыру және шикізатты жеткізудің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар сондай-ақ Қазақстанның тау-кен металлургия секторына қосымша инвестициялар тарту, кадрлық әлеуетті дамыту және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу мүмкіндіктерін талқылады.Қазақстан СІМ басшысы «Kazzinc» көптеген жылдар бойы саланы дамытуға, өндірістерді жаңғыртуға және елдің экспорттық әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқан Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің негізгі қатысушыларының бірі екенін атап өтті. Министр компанияның Қазақстандағы қызметін кеңейту және жаңа жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларын құптап, Үкімет тұрақты жұмыс пен қосымша инвестициялар тарту үшін қажетті жәрдем көрсететінін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1110378?lang=kk
Астанада алғаш рет Отандас ғалымдар форумы өтті 21.11.2025
Астана, 2025 жылғы 21 қараша – «Отандастар қоры» КеАҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен алғашқы Отандас ғалымдар форумын өткізді.Іс-шара шетелдік ғалымдарды елдің ғылыми-инновациялық дамуына тартуға және халықаралық аренада Қазақстанның зияткерлік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған. Форумға әлемнің түрлі елдерінен қырық ғалым, сондай-ақ жүзден астам қазақстандық зерттеушілер мен сарапшылар қатысты. Қонақтар арасында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының және БАҚ өкілдері болды.Форумды ашқан ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – Ресми өкілі Айбек Смадияров сыртқы саяси ведомство шетелдегі отандастарды біріктіру, ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанмен байланысты нығайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, отандас ғалымдардың алғашқы форумын өткізу тәжірибе алмасуға, жаңа бастамалар мен ел дамуына бірлескен үлес қосуға алаң құруда.Іс-шара аясында пленарлық сессиялар, сондай-ақ «Ұлы дала» халықаралық кітап басылымдар конкурсының тұсаукесері өтті.Сөз сөйлеу барысында отандас ғалымдар жасанды интеллект, атом энергетикасы, биотехнология, хирургия, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы соңғы әлемдік жетістіктерді ұсынды. Сонымен қатар қатысушылар Қазақстанда озық технологиялар мен шешімдерді енгізу бойынша бірқатар іс жүзінде қолдануға болатын бастамаларды ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1110363?lang=kk
Хэн Файн Вонг: Алатау қаласы озық технологиялар трансферін және инновацияларды кең ауқымда таратуды қамтамасыз етеді 21.11.2025
Алатау қаласы жалпы құқықтың жаңа жүйесі мен ынталандырудың арнайы режимдерін енгізудің нәтижесінде халықаралық корпорациялар үшін бірегей жағдай жасамақ. Бұл туралы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы, Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Хэн Файн Вонг мәлімдеді.Оның айтуынша, жаңа қала шетелдік бизнеске таланттар мен капиталды еркін тартуға мүмкіндік беретін түбегейлі өзгеше жұмыс моделін ұсынады. Бұл үдерісте «Астана» халықаралық қаржы орталығымен тығыз интеграцияланатын Gate District қаржы кластері ерекше рөл атқармақ.«Бұл қазақстандық ЖІӨ-нің өсуіне елеулі үлес қосады деп ойлаймын. Көптеген өзге де жағдайлардағы сияқты бірнеше мәрте мультипликативті әсер беруі мүмкін. Мұның бәрі қаржы индустриясының қай секторын таңдап алатынымызға байланысты. Біз PropTech-ті, сондай-ақ криптовалюталар мен жаңа цифрлық активтерді бағдар етіп аламыз. Бұл қазіргі уақытта Қазақстанның басқа еш жерінде жоқ индустрияның жаңа түрі», — деп атап өтті Хэн Файн Вонг.Алатау сондай-ақ Smart City және «төмен биіктіктегі экономика» саласын дамыту үшін де негізгі платформа ретінде қарастырылып отыр, оның ішінде пилотсыз ұшу аппараттары мен роботтандырылған таксилерді пайдалану бастамалары бар. Осы мақсаттар үшін арнайы реттеу режимі қолданылатын болады.«Егер бұл жоба Алатау қаласында «құмсалғыш» форматында сәтті жүзеге асса, оны бүкіл Қазақстан бойынша таратуға болады. Бұл елдің ішіндегі қызметті айтарлықтай жандандырады. Мысалы, цифрлық активтер саласында жер мен жылжымайтын мүлікті токенизациялаудың жаңа түрлері пайда болады, бұл шетелдік және жергілікті инвесторлар үшін қолайлы», — деп атап өтті Хэн Файн Вонг.Сондай-ақ қаланың халықаралық сауда үшін стратегиялық маңызы да атап өтілді. Хэн Файн Вонг Алатаудың Қытай мен Еуропа арасындағы жолдардың түйіскен жерінде орналасуы батыс Қытайдан шығатын жүктерді, босамай жатқан шығыстағы порттарына апармай, тіке тасымалдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде жұмыс істеп жатқан қазақстандық компаниялар үшін кең ауқымды перспективалар туғызады.📱 @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1110175?lang=kk
Алматы облысының әкімі Алатау қаласының ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады 21.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алатау қаласының ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.Алатау қаласының бюджеті үш есеге өсіп, 8,8 млрд теңгеге жетті. 10 айда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 17%-ға артып, 115,6 млрд теңгені құрады. Бұл ретте инвестиция көлемі 13%-ға өсіп, бүгінде шамамен 46,4 млрд теңгеге жетті. Пул 21 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды көздейтін 41 инвестициялық жобаны қамтиды. Қазіргі уақытта құны 1 трлн теңге болатын 18 жоба жүзеге асырылуда. Бұл – PepsiCo, United Hygiene, «Молочная долина», АСП арена, QazQon Hub, АВЗ, Исткомтранс сияқты басқа да ірі компаниялардың логистика, АӨК, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жаңа өндіріс орындары.Жалпы ауданы 97,9 мың гектарды құрайтын еліміздегі ең ірі Аlatau АЭА құру жұмыстары жүргізілуде. Оның 24 мың гектардан астамы қала сыртында орналасқан және АӨК өнімдерін қайта өңдеудегі маңызды жобаларды қамтиды. Осы өндіріс орындарына кепілдіктерді сақтау және жаңа кәсіпорындарды іске қосу мақсатында жаңа өнеркәсіптік-логистикалық АЭА құру жөніндегі әкімдіктің ұсыныстары қаралды. Болашақта бұл Алматы облысында индустриялық, логистикалық, туристік және энергетикалық кластерлердің дамуына ықпал етеді.Бас жоспарды жүзеге асыру аясында Алатаудың сәулет келбеті мен заманауи қала құрылысына қатысты шешімдерге ерекше назар аударылды. «Caspian Group» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Юрий Цхай Iconic building іскерлік орталығының көрнекті ғимараты құрылысын қамтитын, Gate District ауданында жаңа іскерлік ауданды дамыту жөніндегі жобаны таныстырды. Биылғы қыркүйек айында Мемлекеттер басшыларының қатысуымен өткен Қазақ-қытай іскерлік кеңесі аясында аталған жоба бойынша үшжақты келісімге қол жеткізілді.Жалпы, Алатауда тұрғын үй құрылысы қазіргі таңда оң қарқын көрсетіп отыр. Биыл 103 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықаралық сарапшыларды тарту және әлемнің жетекші мегаполистері тәжірибесін зерделеу арқылы қаланың дизайн-коды және кешенді көлік схемасы әзірленуде.Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр тиісті министрліктер мен Алматы облысы әкімдігіне жұмыстарды жеделдету және сапалы жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1110103?lang=kk
Минскіде өткен сауда-экономикалық миссия қорытындысы бойынша 5 миллион долларлық келісімшарт жасалды 21.11.2025
Минскіде Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы аясында Ұлттық майлы дақылдар өңдеушілер қауымдастығы мен Беларусь елінің «Дары полей плюс» компаниясы арасында 5 миллион доллар сомасындағы келісімшартқа қол қойылды. Бұл құжат Қазақстан өндірушілерінің өнімдерін сатып алуды көздейді және екі елдің бизнес өкілдері арасындағы келіссөздердің негізгі нәтижесі болды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Беларусь тараптары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірнеше маңызды құжатқа қол қойды. QazTrade пен Беларусь Ұлттық әмбебап тауар биржасы арасындағы ынтымақтастық меморандумы тәжірибе алмасуға, казахстандық компаниялардың биржалық саудаға қатысуына, электрондық алаңдарды дамытуға және бірлескен іс-шаралар өткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Беларусь биржасы өңірдегі ең ірі спот алаңы болып саналады, онда жыл сайын 500 мыңнан астам операция жүзеге асырылып, жалпы сомасы 4 миллиард доллардан асады. Тағы бір маңызды құжат – QazTrade пен Беларусь Ұлттық маркетинг орталығы арасындағы меморандум. Онда аналитикалық мәліметтермен алмасу, өнімдерді ілгерілетуге қолдау көрсету, серіктестерді іздеу, бизнес-миссиялар мен оқу бағдарламаларын ұйымдастыру көзделген. Бұл келісімдер казахстандық өндірушілердің Беларусь нарығына шығуын жеңілдетіп, компаниялар арасындағы кооперацияны жүйелі етеді.QazTrade Бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров миссияның нәтижелері сауданы дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті: «Қазақстан мен Беларусь кооперацияда үлкен әлеуетке ие. Тараптар жеткізілімдерді кеңейтуге, жаңа нарықтарды игеруге және бизнестің өзара іс-қимылын нығайтуға мүдделі», – деді ол. Келіссөздің жеке бөлігі өнеркәсіптік кооперацияға арналды. Қазіргі уақытта 11 бірлескен жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде тракторлар, ауыл шаруашылығы техникасы, автотехника және лифттер шығарылады. Минскіде тараптар жаңа ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Карьерлік самосвалдарды жинау, құрылыс саласында кооперацияны дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кешенінде тауарлық-сүттік фермаларды құру жоспарлары қаралды. Екі елдің бизнес қауымдастығы қосымша келісімдерге қол жеткізді. «АстанаИнжКомСтрой» компаниясы «Изоком Пласт» компаниясымен Қазақстанда армирленген құбырларды шығару және өнім жеткізу бойынша меморандумға қол қойды. ТОО ARBA WINE «Бульбашь» зауытымен казахстандық шарап жеткізу туралы келіссөздер жүргізуде, экспорттық келісімшартқа дайындық жүріп жатыр. Ұлттық майлы дақылдар өңдеушілер қауымдастығы 5 миллион долларлық келісімнен басқа, «ПраймФортГрупп» ЖШС-пен ынтымақтастық меморандумына да қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1110071?lang=kk
Ұйғыр ауданының 90 жылдығына арналған бес күндік форумдар сериясы өтті 21.11.2025
2025 жылғы 17–21 қараша аралығында Ұйғыр ауданында ауданның 90 жылдық мерейтойына арналған бес күндік ауқымды форумдар сериясы өтті. Іс-шаралар мәдениет, білім, спорт, кәсіпкерлік және қоғамдық даму салаларын қамтыды. Негізгі басқосулар Чунджа ауылының Мәдениет үйінде, сондай-ақ ауданның өзге де алаңдарында ұйымдастырылды. Бағдарламаның басты мақсаты – Ұйғыр ауанының рухани әлеуетін ілгерілету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ғылым мен шығармашылықты қолдау және өсіп келе жатқан ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру болды.Форумдар аясында білім беру жүйесінің жетістіктері мен ғылыми зерттеулерге арналған пікірталас алаңдары жұмыс істеді. Қазақстанда және шетелде білім алып жүрген жас ғалымдардың қатысуымен пленарлық отырыстар өтті. Қонақтарға білім беру ұйымдарының көрмелері ұсынылып, жетекші профессорлар мен ғалымдар мазмұнды баяндамалар жасады. Сонымен қатар, 9–11 сынып оқушыларына арналған танымдық және кәсіби бағыттағы секциялар ұйымдастырылды.Әдебиет пен мәдениет күні аясында ауданнан шыққан ақындар, жазушылар, актерлер мен өнер қайраткерлерінің қатысуымен шығармашылық кездесу өтті. Жиында ұлттық рух, өнердің қоғамдық дамудағы рөлі және ұрпақтар сабақтастығы мәселелері сөз болды.Спорт пен денсаулық күніне арналған іс-шараларда дзюдо, бокс және қазақ күресі бойынша шеберлік сабақтары мен көрсетілімдер ұйымдастырылды. Жас спортшылар тәлімгерлермен және қоғам қайраткерлерімен кездесіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен мотивациялық кеңестерін тыңдады. Ашық спорт алаңдарында тұрғындарға арналған жаттығулар өткізілді, бұл өз кезегінде салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етті.Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік күні әйелдердің бизнес пен ауылдық бастамаларды дамытудағы рөліне арналды. Форумға қатысушы әйелдер кәсіпкерліктің мүмкіндіктерін, экономикалық белсенділікті арттыру мәселелерін және қоғамдық өмірдегі әйелдердің әлеуметтік маңызын талқылады. Осы күні марапаттау рәсімдері өтіп, отандық тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды.21 қарашада өткен қорытынды іс-шара форумдар сериясының басты түйіні болды. Қонақтарға «Мәдениет – ұлт айнасы» атты көрме ұсынылып, «Тарих парақтарындағы 90 жыл» атты деректі фильм көрсетілді. Ауданның болашақ даму моделіне арналған жасанды интеллект AiSharyn әзірлеген цифрлық жоба көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Мерекелік бағдарлама «Шарын – шаттық мекені» атты концертпен аяқталды.Бес күнге созылған ауқымды бағдарлама Ұйғыр ауданының мәдени мұрасын, қазіргі әлеуетін және бірлік, жаңару мен жасампаздыққа негізделген даму ұмтылысын кеңінен танытқан маңызды оқиға болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1110019?lang=kk
Абай облысында азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне қарсы бақылау шаралары күшейтілді 21.11.2025
Абай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының негізсіз қымбаттауын анықтау бағытында мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мониторинг топтары кәсіпкерлердің бағаны заң талаптарына қайшы түрде көтеру жағдайларын тіркеуде. Кезекті тексерістер барысында сауда үстемесінің белгіленген нормадан асып кеткені бірнеше рет анықталды. Семей қаласында жеке кәсіпкер «Барские» тұзын 108 теңгеден сатып алып, 150 теңгеден сатқан. Бұл сауда үстемесінің 39 пайызға жетуіне себеп болды және белгіленген 15 пайыздық шекті екі еседен астам асырды. Әлеуметтік павильондардың бірінде де заңбұзушылық тіркелді. Қарақұмық жармасы 175 теңгеден, «Ақмаржан» күріші 350 теңгеден сатып алынғанымен, сату бағасы тиісінше 220 және 440 теңге болған. Сауда үстемесі 25,8 пайызды құрап, талаптардың тікелей бұзылуына әкелді. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге айыппұл салынды. Курчатов қаласында Департамент мамандары заңбұзушылықтың қайталанғанын анықтады. Кәсіпкер «Баракат» күрішін 480 теңгеден алып, 580 теңгеден сату арқылы 20,9 пайыздық үстеме қолданған. Нәтижесінде оған 19 660 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Департамент сатушылардың дүкен сөрелерінде нақты және дұрыс баға белгілерінің болуын қамтамасыз етуге міндетті екенін ескертеді. Бағасы көрсетілмеген, қате көрсетілген немесе теңгемен белгіленбеген тауарлар бойынша да әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жыл басынан бері осы талаптардың бұзылуына байланысты 17 әкімшілік қаулы шығарылып, жалпы сомасы 480 мың теңге айыппұл салынды. Мониторинг жұмысы тек сауда нысандарымен шектелмейді. Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, электронды шот-фактураларға талдау жүргізілуде. Бұл механизм әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қозғалысын бақылауға, артық делдалдық буындарды анықтауға және негізсіз қымбаттауға жол бермеуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес, мұндай тауарларға сауда үстемесі 15 пайыздан аспауға тиіс. Бұл талапты бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерге 5 АЕК, орта бизнеске 35 АЕК, ірі кәсіпкерге 150 АЕК айыппұл салынады. Бір жыл ішінде талапты қайта бұзған жағдайда айыппұл сомасы екі есеге артады. Жыл басынан бері Абай облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сауда үстемесін 15 пайыздан артық қолданғаны үшін жалпы сомасы 856 мың теңгені құрайтын 119 әкімшілік қаулы қабылдады. Тұрғындарды қолжетімді тауарлармен қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау мақсатында бақылау шаралары алдағы уақытта да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1109737?lang=kk
Алматы облысының жобалық офисі жобалық басқаруды енгізу бойынша көшбасшылар қатарында 21.11.2025
Алматы облысының жобалық офисі өңірлік жобалық командалардың жұмысын үйлестіру, консультациялық-әдістемелік сүйемелдеу және ұйымдастырушылық қолдау көрсету бағытында маңызды рөл атқарады. Офис мамандары ақпараттық-талдамалық жұмыстарды жүргізіп, бағдарламаларға қатысушы мүдделі тараптармен өзара әрекет етеді, сондай-ақ мемлекеттік бастамалардың орындалу барысын «Битрикс» ақпараттық жүйесі арқылы жедел мониторингтеп отырады.Ұлттық жобалар мен бағдарламалық құжаттар аясында «Битрикс» жүйесінде жалпы 398 жоба бақылауға алынған, олардың 128-і сәтті аяқталды. Мұндай жүйелі жұмыс жобалардың орындалу динамикасын дер кезінде қадағалауға, тәуекелдерді анықтауға және өңірдегі жобалық басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Астана қаласында Халықаралық жобалық басқару күніне арналған «PROJECT MATURITY FORUM» форумы өтті. Жобалық басқару әдістерін енгізу және пайдалану нәтижелері бойынша Алматы облысының жобалық офисі үздік көрсеткішке қол жеткізіп, жергілікті атқарушы органдардың 20 жобалық офисі арасында екінші орынға ие болды.Бұл жетістік Алматы облысындағы жобалық қызметтің жоғары деңгейде дамығанын және мемлекеттік бастамаларды іске асырудағы қолданылатын тәсілдердің тиімділігін айғақтайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1109663?lang=kk
Әскери байланысшылар 2025 жылдың жұмысын қорытындылады 21.11.2025
Астанада Қарулы күштер түрлері, әскер тектері және өңірлік қолбасшылықтар байланыс әскерлері бастықтарының, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты байланыс кафедраларының қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өтті. Іс-шараны Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов ашты. Ол ведомство басшылығы байланысты ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті. Әскери дайындықтың сапасы мен Қарулы күштердің күнделікті өмірі көбіне осы саланың жұмысына байланысты.– Қорытынды алқада Қорғаныс министрі басқарудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Сондықтан біздің күш-жігеріміз байланысшыларды кәсіби даярлауға және әскерлерді бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақтылығын және шешім қабылдаудың жеделдігін қамтамасыз ететін заманауи байланыс құралдарымен жарақтандыруға бағытталатын болады, – деді Бас штаб Байланыс департаментінің бастығы полковник Асан Ақышев.Биылғы оқу жылында байланыс мамандары Қарулы күштер ауқымындағы және халықаралық деңгейдегі барлық іс-шараларға тікелей қатысты. Олар «Айбалта-2025» жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуында маңызды қызмет атқарып, штабтар мен бөлімшелер арасында үздіксіз ақпарат алмасуды қамтамасыз етті. Байланысшылардың кәсіби деңгейін арттыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Жауынгерлік даярлық қорытындысы бойынша 4000-нан астам байланыс маманы оқытылып, даярланды.Әскери байланысшылардың практикалық дағдыларын бекіту бойынша маңызды іс-шара арнайы оқу-жаттығу болды. Онда әскери қызметшілер әртүрлі құқықтық режимдерде, тез өзгеретін жағдайда байланысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер кешенін кезең-кезеңімен орындады. Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша байланыс бөлімшелерінің жоғары үйлесімділігі және олардың кез келген жағдайда қойылған міндеттерді орындау қабілеті атап өтілді. Жиын аясында қатысушылар қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында болды. Бұдан өзге заманауи байланыс құралдарының үлгілерімен көрнекі сабақтар да өткізілді.Техникалық құралдарды біріздендіру, жаңа технологияларды енгізу, байланыстың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылағаннан кейін басшылық жиналысқа қатысушылардың алдына келесі кезеңге міндеттер қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1109623?lang=kk
«Бәйтерек» Холдингі жаңа макроэкономикалық тұрақтандыру бағдарламасын іске асыруда негізгі рөлге ие болмақ 21.11.2025
19 қарашада өткен Үкімет отырысында Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар бағдарламасы таныстырылды. Құжат макроэкономикалық тұрақтандыруды қамтамасыз етуге, инфляцияны төмендетуге, ішкі өндірісті ұлғайтуға және азаматтардың әл-ауқатының орнықты өсуіне бағытталған кешенді шараларды айқындайды.Бағдарламада «Бәйтерек» Холдингіне Үкіметтің экономикалық саясатын іске асырудағы негізгі құралдардың бірі ретінде ерекше рөл берілді. Инвестициялар көлемін едәуір арттыру қажеттілігін ескере отырып, Холдинг екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, инвестициялық жобаларды, жаңа экономикалық өсу нүктелерін және экономиканың басым салаларын қолдауға бағытталған кредиттерді ұсыну арқылы нақты секторды қаржыландырудың негізгі көзіне айналады.2026 жылы Үкімет «Бәйтерек» Холдингін 1 трлн теңгеге капиталдандыруды жалғастырады. Бұл Холдингтің инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге және өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым салаларындағы басым жобаларды қолдауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде Холдинг жыл сайын қаржы нарығынан сыртқы және ішкі көздер есебінен шамамен 7 трлн теңгеге дейін қаражат тартатын болады.Биыл Холдинг мемлекеттік қолдау көлемін 8 трлн теңгеге жеткізеді. Бүгінгі таңда «Бәйтерек» Холдингі кәсіпкерлік субъектілеріне 5,7 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетті. Оның 1,7 трлн теңгесі шамамен 9,6 мың ШОБ жобасын қаржыландыруға, ал 860,3 млрд теңгесі 14 мың ауыл шаруашылығы тауар өндірушісін қолдауға бағытталды. Нәтижесінде 29 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл шаралар экономиканың 1,3 пайыздық тармаққа өсуіне мүмкіндік береді.Холдинг кредиттеу көлемін ұлғайтады, бұл бизнеске айналым қаражатына да, инвестициялық (ұзақ мерзімді) капиталға да қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.Алдағы жылдары Холдинг проактивті инвестициялық қызметке басымдық береді — жоғары өнімді жаңа кәсіпорындар құратын, экспортты ұлғайтатын және импортқа тәуелділікті төмендететін жобаларды қолдауға назар аударады. Нәтижесінде тау-кен металлургия кешені, машина жасау, мұнай-газ химиясы және химия өнеркәсібі, энергетика, туризм және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда мультипликативтік әсері ең жоғары 15–20 ірі инвестициялық жобалардың топтамасы қалыптасады. Бұл жобалар салалар мен өңірлердің сапалы дамуына елеулі үлес қосады.Агроөнеркәсіп кешенінде терең өңдеу жобаларын қаржыландыру белсендіріледі. Бұл АӨК-дегі қайта өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Елімізде жыл сайын АӨК өңдеу саласында 100-ден астам жаңа инвестициялық жоба мен өндіріс іске қосылатын болады.Инвестициялық қызметті күшейту мақсатында Холдингте бірыңғай инвестициялық терезе құрылады — бұл жобаларды бір жерде іріктеуге, құрылымдауға, инвесторларды тартуға, сондай-ақ толық сүйемелдеу мен орындау барысын бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тетік.Сонымен қатар, Холдинг шағын және орта бизнесті қолдауды жалғастырады және кеңейтеді. Бұл үшін кредиттер бойынша кепілдіктер тетігі белсенді пайдаланылады, ал қаржыландыру ең қажетті бағыттарға бағытталады.Импортты алмастыру, отандық өндірушілерді қолдау, энергетика және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларға ерекше назар аударылады. Мұндай жобалар өңірлердің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, «инвестицияларға тапсырыс» тетігі арқылы іске асырылатын болады.«Бәйтерек» Холдингі экспорттық әлеуеті бар компанияларға бірігіп әрекет етуге, жаңа трейдерлер табуға және өз өнімдерін шетелдік нарықтарға шығаруына қолдау көрсетуді күшейтеді. АӨК өнімдерін сыртқы нарықтарға ілгерілету үшін «ADAL» қоры құрылады.Сондай-ақ Қазақстанның шекара маңындағы нарықтардағы қатысуы кеңейтіледі. Бұл Холдинг компанияларының қызметтерін — мысалы, Отбасы банкінің ипотекалық өнімдерін — ілгерілету шараларын қамтиды.Қазақстандық өндірушілердің шетелдік нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін экспорттық жобаларды шетел валютасында қаржыландыру мүмкіндігі көзделген. Бұл бизнеске сыртқы нарықтарда неғұрлым тиімді шарттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Жаңа жұмыс моделі «Бәйтерек» Холдингінің экономиканың жедел және сапалы дамуына ықпалын айтарлықтай арттырады. Жаңартылған инвестициялық саясат Холдингті елдің экономикалық өсімінің негізгі драйверлерінің біріне айналдыра түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1109518?lang=kk
Қорғаныс министрлігі «Smart военкомат» цифрлық жобасының артықшылықтарын таныстырды 21.11.2025
Астанада өткен баспасөз турында Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев журналистер мен блогерлерді аталған  жобаның негізгі артықшылықтарымен таныстырды.Жиында әскери есепке алу және мерзімді әскери қызметке шақыру жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу нәтижесінде процестерді оңтайландыру және азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру мүмкіндігі пайда болғаны айтылды.— "Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу" ақпараттық жүйесі арқылы жеке әскери есепке алу жүргізіледі және мемлекеттік органдар арасындағы дерек алмасу жеделдетіледі. Бұл ретте «е-Медосмотр» жүйесінің де айтарлықтай артықшылықтары бар. Бұл жүйе медициналық тексеруден өту үдерісін автоматтандырады, яғни азаматтардың әскери қызметке шақырылуына дейінгі кезеңді толық цифрландырылған түрде өткізеді, — деді Қорғаныс министрінің орынбасары.Қалалық жинақтау пунктінде Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілдері журналистерге «Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу» және «е-Медосмотр» ақпараттық жүйелерінің интерфейстерін көрсетті. Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Арман Сарин «Smart военкомат» жобасы бірнеше жылдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.Мемлекеттік деректер базаларымен интеграция арқасында азаматтардың әскери есепке қойылуы автоматтандырылған, ал 17 жасқа толған жасөспірімдер автоматты түрде жергілікті әскери басқару органдарына тіркАстанада өткен баспасөз турында Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев журналистер мен блогерлерді аталған  жобаның негізгі артықшылықтарымен таныстырды.Жиында әскери есепке алу және мерзімді әскери қызметке шақыру жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу нәтижесінде процестерді оңтайландыру және азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру мүмкіндігі пайда болғаны айтылды.— "Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу" ақпараттық жүйесі арқылы жеке әскери есепке алу жүргізіледі және мемлекеттік органдар арасындағы дерек алмасу жеделдетіледі. Бұл ретте «е-Медосмотр» жүйесінің де айтарлықтай артықшылықтары бар. Бұл жүйе медициналық тексеруден өту үдерісін автоматтандырады, яғни азаматтардың әскери қызметке шақырылуына дейінгі кезеңді толық цифрландырылған түрде өткізеді, — деді Қорғаныс министрінің орынбасары.Қалалық жинақтау пунктінде Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілдері журналистерге «Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу» және «е-Медосмотр» ақпараттық жүйелерінің интерфейстерін көрсетті. Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Арман Сарин «Smart военкомат» жобасы бірнеше жылдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.Мемлекеттік деректер базаларымен интеграция арқасында азаматтардың әскери есепке қойылуы автоматтандырылған, ал 17 жасқа толған жасөспірімдер автоматты түрде жергілікті әскери басқару органдарына тіркеледі. Сондай-ақ, азаматтардың әскери қызметке шақырудан босатылуы немесе кейінге қалдырылуы үшін ешқандай анықтама мен құжат жинаудың қажеті жоқ. Электрондық түрде шығарылған шақыру бұйрықтары автоматты түрде қаржы ұйымдарына жіберіледі, бұл өз кезегінде кредиттік демалыстарды рәсімдеуге мүмкіндік береді.Интеграциялық шлюзді модернизациялау биыл әскери-техникалық мектептерде оқуға жіберу бағытындағы кезекті автоматтандыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдауға арналған «Жауынгер» модулі енгізілді. Баспасөз турына қатысушылар дәрігерлер мен Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Бұған қоса, олар «е-Медосмотр» ақпараттық жүйесінің артықшылықтарын да көрді. Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базаларымен тікелей интеграция жасау арқылы шақыруға жататын азаматтардың денсаулығы туралы ақпарат жедел түрде алынуы мүмкін. Бұл медициналық тексеруден өту процесін жылдамдатады. «е-Медосмотр» жүйесі шақырылушылардың цифрлық медициналық картасын қалыптастырады, әрі 100-ден астам медициналық параметр бойынша деректерді алуға мүмкіндік береді.Полковник А. Сариннің айтуынша, «е-Медосмотр» жүйесін тестілеу Астана, Шымкент қалаларында және Қарағанды облысындағы Абай қаласында сәтті өткен.Баспасөз турын ұйымдастырушылар «Smart военкомат» жобасын енгізу азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттырғанын, әкімшілік жүктемені төмендеткенін және мемлекеттік қызметтерге деген сенімді нығайтқанын атап өтті.еледі. Сондай-ақ, азаматтардың әскери қызметке шақырудан босатылуы немесе кейінге қалдырылуы үшін ешқандай анықтама мен құжат жинаудың қажеті жоқ. Электрондық түрде шығарылған шақыру бұйрықтары автоматты түрде қаржы ұйымдарына жіберіледі, бұл өз кезегінде кредиттік демалыстарды рәсімдеуге мүмкіндік береді.Интеграциялық шлюзді модернизациялау биыл әскери-техникалық мектептерде оқуға жіберу бағытындағы кезекті автоматтандыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдауға арналған «Жауынгер» модулі енгізілді. Баспасөз турына қатысушылар дәрігерлер мен Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Бұған қоса, олар «е-Медосмотр» ақпараттық жүйесінің артықшылықтарын да көрді. Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базаларымен тікелей интеграция жасау арқылы шақыруға жататын азаматтардың денсаулығы туралы ақпарат жедел түрде алынуы мүмкін. Бұл медициналық тексеруден өту процесін жылдамдатады. «е-Медосмотр» жүйесі шақырылушылардың цифрлық медициналық картасын қалыптастырады, әрі 100-ден астам медициналық параметр бойынша деректерді алуға мүмкіндік береді.Полковник А. Сариннің айтуынша, «е-Медосмотр» жүйесін тестілеу Астана, Шымкент қалаларында және Қарағанды облысындағы Абай қаласында сәтті өткен.Баспасөз турын ұйымдастырушылар «Smart военкомат» жобасын енгізу азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттырғанын, әкімшілік жүктемені төмендеткенін және мемлекеттік қызметтерге деген сенімді нығайтқанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1109482?lang=kk
Бизнеске арналған Онлайн-анықтамалар Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі арқылы қолжетімді 21.11.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі қажетті анықтамаларды онлайн-форматта ресімдеу үшін қолжетімді екенін хабарлайды.Тізілім еgov.kz порталы арқылы, сондай-ақ https://rsp.gov.kz/ru/certificate сілтемесі арқылы жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1109474?lang=kk
Астанада Қазақстан мен Қатар сыртқы істер министрліктерінің консультациялары өтті 20.11.2025
Астана, 2025 жылғы 20 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Қатар сыртқы саяси ведомстволар арасындағы саяси консультациялардың үшінші раунды өтті. Делегацияларды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев және Қатар Мемлекеті Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Ахмед Хасан Әл-Хаммади басқарды.Тараптар көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікке жаңа серпін беруге ұмтылыстарын растады.Негізгі назар саяси өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға, сыртқы істер министрліктері арасындағы үйлестіру тетіктерін жетілдіруге және екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың жаңа бағыттарын зерделеуге аударылды.Өткен жылы Астана мен Дохада екі ел көшбасшыларының өзара сапарлары кезінде қол жеткізілген және ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін берік негіз қалаған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырудың маңыздылығы ерекше аталып өтті.Бұл ретте экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа айтарлықтай көңіл бөлінді. Энергетика, қаржы секторы, телекоммуникация, агроөнеркәсіптік кешен, логистика және цифрлық технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды дамыту перспективалары туралы пікір алмасу өтті.Консультациялар барысында мәдени-гуманитарлық мәселелер маңызды орын алды. Екі тарап халықтар арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға ортақ ниеттерін білдірді.Сонымен қатар тараптар негізгі халықаралық және өңірлік процестер бойынша дәйекті пікір алмасты. Сұхбат барысында халықаралық қауіпсіздік пен тұрақты дамудың өзекті мәселелері, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, АҚИҰ және басқа да көпжақты алаңдарда өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1109371?lang=kk
Алматы облысында Talgar Eco City жобасын іске асыру перспективалары талқыланды 20.11.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жаңа Talgar Eco City қаласын салуға жауапты «Talgar Development Ltd» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуді ашқан өңір басшысы заманауи қаланы облыс аумағында салудың стратегиялық маңызын атап, бұл бастама өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі серпін беретініне тоқталды.Жиын барысында әкім БАӘ мен Қазақстаннан келген инвесторларға облыстың әлеуетін таныстырып, Алматы облысының ауыл шаруашылығы мен туризмнің ірі орталығы екенін және экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын көрсетіп келе жатқанын айтты. Сондай-ақ өңірде шетелдік инвестиция қатысатын бірқатар ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатқаны жеткізілді.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ірі инвестициялық жобалардың орындалуын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Біз үшін әрбір инвестор маңызды. Бизнес жүргізу үшін ашық әрі қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Ынтымақтастығымыз өңірдің дамуына, жұмыс орындарын құруға және озық технологияларды енгізуге айтарлықтай үлес қосатынына сенімдімін», — деді Марат Сұлтанғазиев.«Talgar Development Ltd» компаниясының өкілі Хайссам Каддура жобада тұрғын үйлер, мектептер, медициналық нысандар, сауда және ойын-сауық объектілері салынатынын, сондай-ақ жасыл қоғамдық кеңістіктер құрылатынын айтты. Экологиялық талаптарды сақтау мен «жасыл» технологияларды қолдану басты басымдық болады. Жаңа қала 180 мың тұрғынға есептеліп, жалпы аумағы 11,8 млн шаршы метрді қамтиды. Жоба аясында жасанды интеллект элементтері бар инновациялық инфрақұрылым құру, 36 мың жұмыс орнын ашу және 14 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тарту көзделген.Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев жаңа қала аумағында ғылыми-зерттеу орталықтарын орналастырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл ғылыми және технологиялық әлеуеттің ықпалдасуын күшейтеді.Өңір әкімі инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Облыс әкімдігі инженерлік желілерді қосу және сыртқы инфрақұрылымды дамыту бағытында тиісті көмек көрсетеді. Talgar Eco City жобасының бас жоспарын БАӘ-нің AE7 халықаралық компаниясы әзірледі. Биыл шілде айында Астана халықаралық қаржы орталығы базасында «Dinar Holding Ltd» (Қазақстан) және БАӘ-ден «44Degree» компанияларының қатысуымен «Talgar Development Ltd» бірлескен кәсіпорны құрылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1109215?lang=kk
ҚР ҚМ: Қазақстан бюджетінің әлеуметтік бағдары сақталып, экономиканы дамытуға баса мән берілген 20.11.2025
ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы таныстырылды. Аталған құжатты әзірлеу кезінде стратегиялық бағдарларға, мемлекеттік міндеттер мен әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарына айрықша мән берілді. Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, бюджет жобасы Сенат комитеттері мен жұмыс топтарында кеңінен талқыланды. Бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша бірінші кезектегі шығыстарға қосымша қаражат қайта бөлінді. Мәселен, инфрақұрылымдық жобаларды қоса алғанда, өңірлерді дамытуға 28,5 млрд теңге және көлік логистикасын нығайтуға 57,7 млрд теңге бағытталды. Бұл шаралар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және еліміздің транзит әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.Осы ретте заң жобасы жаңа Бюджет кодексіне сәйкес алғаш рет дайындалғанын айта кеткен орынды. Мәселен, жүйелі өзгерістер енгізілді: стратегиялық және ортамерзімді жоспарлау, шығыстардың тиімділігін бағалау үшін міндетті бюджеттік шолу, сондай-ақ инвестициялық тәртіпке көшу көзделген. Енді кез келген жоба әлеуметтік-экономикалық әсер мен сын-қатер талдауынан өткізілетін болады.Бюджеттің әлеуметтік бағдары сақталып отыр. Айталық, әлеуметтік салаға 2026 жылы 10,8 трлн теңге қарастырылған, оның 6,8 трлн теңгесі – әлеуметтік төлемдер, ал 4 трлн теңге адами капиталды дамытуға бағытталған. Реформаға сәйкес жәрдемақы төлемдерін цифрландыру, МӘМС пакетін кеңейтіп, денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды оңтайландыру, сондай-ақ мәдениет мекемелерінің қаржылық дербестігін арттыру қарастырылған.Инфрақұрылымды, базалық салаларды, аграрлық секторды, өнеркәсіпті қаржыландыру, сондай-ақ бизнесті қолдау шараларын қоса алғанда, нақты секторды дамытуға 3,6 трлн теңге жоспарланған. Ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға ерекше назар аударылған: күштік құрылымдарға 2026 жылы 3,1 трлн теңге немесе ІЖӨ шаққанда 1% мөлшерінде қаржылай сома аударылады.Қаржы министрінің орынбасары айтқандай, Парламент пен министрліктің бірлескен жұмысының нәтижесінде бюджетте мемлекеттік қызметтердің сапасына нұқсан келтірілмей, 68 млрд теңге оңтайландырылды. Әкімшілік шығыстардың үлесі 15% 12% дейін азайтылды. Бюджеттің өлшемдері әлеуметтік міндеттемелерді орындауға, қаржылық тұрақтылықты нығайтуға, экономикалық өсімді ынталандыру мен инвестициялар тартуға жайлы жағдай жасап, жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1109056?lang=kk
Үш жылға арналған өңірлерді дамыту бюджеті 9,1 трлн теңгені құрайды 20.11.2025
Парламент Сенатының кезекті отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірлердің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін теңестіру үшін даму бюджетінің жыл сайын артуы туралы мәлімдеді.«Даму бюджеті жыл сайын артып келеді: 2026 жылы – 1,8 трлн теңге, 2027 жылы – 3,2 трлн теңге және 2028 жылы – 4,1 трлн теңге. Үш жылда барлығы – 9,1 трлн теңге», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1109012?lang=kk
Беларусь елінде Қазақстанның сауда үйі ашылады 20.11.2025
Минскіде Қазақстанның сауда экономикалық миссиясы өтіп жатыр. Миссияның басты бағыты Қазақстанның сауда үйін құру жұмыстарын бастау болды. Сауда үйі Беларусь нарығында қазақстандық тауарлардың тұрақты өкілдігіне айналады. Жоба кезең бойынша жүзеге асырылып, екі ел компаниялары арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға және ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Барлық жұмыс кезеңдерін ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанындағы QazTrade үйлестіреді. Алғашқы кезеңде қазақстандық өнімдердің тізімі анықталып, оларды Беларусь елінің бөлшек сауда желілеріне шығару арналары айқындалды. Келесі кезеңдерде өнім ассортиментін кеңейту, серіктестік бағдарламаларды дамыту және офлайн сауда алаңын ашуға дайындық жүргізу жоспарланып отыр. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бұл бастаманың Қазақстан тауарларын Беларусь нарығына жүйелі түрде ілгерілетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Минскідегі жұмыс сапары аясында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті Беларусь Республикасының Премьер министрі Александр Турчин қабылдады. Тараптар келіссөз барасында Беларусь Республикасында QazTrade базасында Қазақстанның сауда үйін құру туралы уағдаласты. Сондай-ақ тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, тауар айналымының тұрақты өсімі мен оны одан әрі арттыру әлеуетін атап өтті. «Біз өзара сауда көлемін арттырудың нақты әлеуетін көріп отырмыз. Қазақстан компаниялары жаңа нарықтарды игеруге дайын. Ұсынылып отырған механизм бұл жұмысты тиімді жүргізуге жол ашады», – деді Арман Шаққалиев. 2025 жылдың сегіз айында Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 739,5 миллион долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9 пайызға өсті. Қазақстанның Беларусьқа экспорты 183,2 миллион долларды құрап, 55,2 пайызға артты. Беларусьтан Қазақстанға импорт көлемі 556,3 миллион долларды құрап, 11,6 пайызға көбейді. Өнеркәсіп кооперациясы да ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылды. Қазіргі уақытта жалпы құны 204 миллион доллар болатын 12 бірлескен жоба іске асырылып жатыр. Аталған жобалар аясында шамамен 1,7 мың жаңа жұмыс орны құрылуда. Бірлескен кәсіпорындарда тракторлар, астық және мал азығын жинау комбайндары, қозғалтқыштар, өрт сөндіру және коммуналдық техника, лифт жабдықтары, карьер және шахта техникасы құрастырылады. Қазіргі кезде өндірістердің локализация деңгейін арттыру және өнім шығару көлемін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Александр Турчин Қазақстанмен қарым қатынас Беларусь үшін маңызды екенін атап өтті: «Қазақстан Республикасымен қарым қатынасымыз ерекше мәртебеге ие. Екі ел басшыларының күш жігерінің арқасында қалыптасқан бұл қатынастарды біз жоғары бағалаймыз. Барлық мәселелер Үкіметтің ерекше бақылауында», – деді ол. Миссия аясында бизнес форум мен екіжақты келіссөздер өтті. Компаниялар жаңа ынтымақтастық бағыттарын талқылады. QazTrade және Беларусь әмбебап тауар биржасы биржалық сауда саласында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай ақ QazTrade пен Ұлттық маркетинг орталығы аналитикалық деректер алмасу және тауарларды ілгерілету мәселелері бойынша меморандумға қол қойды. Бұл келісімдер қазақстандық өндірушілердің Беларусь нарығына шығуын жеңілдетіп, екі елдің экономикалық байланыстарын одан әрі нығайтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1109044?lang=kk
Үкімет Сенатқа 2026–2028 жылдарға арналған трансферттер көлемі туралы заң жобасын ұсынды 20.11.2025
Парламент Сенатының отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «2026 – 2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» ҚР Заңының жобасын таныстырып, жергілікті бюджеттердің толық теңгерімділігін атап өтті.«Жергілікті бюджеттер теңгерімділігі қамтамасыз етілді. Барлық базалық шығыстар ескерілді. Даму бюджеті республикалық бюджеттің мүмкіндігін ескере отырып қалыптастырылды», — деп атап өтті вице-премьер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1109002?lang=kk