Enbekshi QazaQ

Қуқық

«САБАН FEST – 2025»: Райымбек ауданында еңбек адамдарына арналған мереке өтті 31.10.2025
Алматы облысының Райымбек ауданында жұмысшы мамандықтар жылы аясында «САБАН FEST – 2025» атты еңбек мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Фестиваль ауыл еңбеккерлерін ынталандырып, ауыл шаруашылығы саласында жетістікке жеткен үздіктердің еңбегін дәріптеуге арналды.Іс-шара аясында асылтұқымды мал мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, аудан шаруаларының еңбегінің нәтижесі көпшілікке паш етілді. Сонымен қатар, үздік еңбеккерлер түрлі аталымдар бойынша марапатталды. «Үздік механизатор», «Үздік малшы», «Егін және мал шаруашылығының үздігі» номинациялары бойынша жеңімпаздарға құрмет көрсетілді.Күздің соңғы күнінде өткен фестивальдің өткізу орны ретінде Райымбек ауданының таңдалуы кездейсоқ емес. Себебі бұл өңір мал және егін шаруашылығын қатар дамытып отырған аграрлы аймақтың бірі. Биыл аудан шаруалары 2300 гектар алқапқа картоп егіп, әр гектардан орта есеппен 250–300 центнерден өнім жинаған. Бүгінде ауданда 270 мыңға жуық ұсақ мал, 70 мың ірі қара және 40 мың жылқы бар, соның ішінде 23 пайызы асылтұқымды.Райымбек ауданының әкімі Дастан Құдабаев өз сөзінде: «Бұл шара – жыл бойы атқарылған еңбектің қорытындысы. Біз ауыл шаруашылығы саласында табанды еңбек етіп жүрген азаматтарды қолдап, марапаттап, олардың еңбегін бағалау арқылы келешекке жаңа серпін беруді мақсат еттік».Ал марапат иелерінің бірі, шаруашылық басшысы Олжас Қанапияев өз қуанышын былай білдірді: «Бүгін чемпион болғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің ғана емес, ұжымымның еңбегі. Он шақты адамнан тұратын коллективіме үлкен алғыс айтамын. Мұндай шаралар бізге үлкен мотивация береді», – деді ол.Фестиваль соңында жергілікті өнерпаздар мерекелік концерт ұйымдастырып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ, балуандар белдесіп, жастар арасында қошқар көтеру мен арқан тарту сайыстары өтті.Ұйымдастырушылардың айтуынша, «САБАН FEST» алдағы уақытта дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін болады. Бұл бастама – еңбек адамын ұлықтау, ауыл шаруашылығы саласына деген құрметті арттыру және жастарды еңбекқорлыққа баулудың жарқын үлгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1097070?lang=kk
Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз! 31.10.2025
1 қараша, сенбі күні Өскеменде жергілікті өнім өндірушілердің қатысуымен төрт үлкен жәрмеңке өтеді. Мұнда сіз табиғи әрі жаңа өнімдерді таба аласыз: ет (сиыр, жылқы, қой, шошқа еті), сүт өнімдері, бал, көкөністер мен жемістер, бакалея өнімдері.Өтетін орындар:•⁠ ⁠ОРЦ «Алтай» – Жібек жолы көшесі, 44•⁠ ⁠«ДосНаР» сауда үйі – Виноградов көшесі, 17а•⁠ ⁠«Теміржолшылар паркі» (Зашита ықшамауданы) – Тынышпаев көшесі, 122•⁠ ⁠«Керуен» сауда үйі (КШТ ауданы) – Өтепов көшесі, 3Жәрмеңке уақыты: 8:00 – 15:00Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1097000?lang=kk
ҚДБ жаңа ауқымды қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті 31.10.2025
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 2025–2030 жылдарға арналған сирек, жерде сирек кездесетін және стратегиялық маңызды материалдарды өндіру мен қайта өңдеу жобаларын қаржыландыру бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаның жалпы көлемі – 1 миллиард АҚШ доллары.Аталған бастама Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында белгіленген экономиканы әртараптандыру және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту жөніндегі стратегиялық бағыттарды жүзеге асырудың маңызды тетігі болмақ.Бағдарламаның басты мақсаты – ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар салада инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін қолдау.Қаржыландыру тетіктері кәсіп иелеріне барынша тиімді жағдай жасауға бағытталған. Атап айтқанда, ең төменгі қаржыландыру сомасы 5 млрд теңгеге дейін төмендетілді. Қаражат доллар, еуро, юань және басқа да валюталарда 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Сонымен қатар ұйымдастыру және шарттарды өзгерту бойынша комиссиялар алынып тасталды, сондай-ақ жеңілдік кезеңі қарастырылған.ҚДБ ұсынған бағдарламаның өзектілігі – сирек және стратегиялық маңызды материалдарды қайта өңдеу саласының ел өнеркәсібін әртараптандыру мен Қазақстанның жаһандық құн тізбектеріне ықпалдасуындағы ерекше маңызымен айқындалады.Сонымен қатар бұл бағдарлама 2024–2028 жылдарға арналған сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың міндеттерін орындауға да өз үлесін қосады.– Бұл бағдарлама Банк тарапынан экономиканың жаңа өсім нүктелерін қолдауға бағытталған стратегиялық ұстанымын көрсетеді. Біз Қазақстанды жоғары қосылған құнға ие дайын өнім өндіруші елге айналдыру үшін нақты жағдай жасап отырмыз. Бұл өз кезегінде жаңа технологиялық тізбектердің қалыптасуына, отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және еліміздің жаһандық маңызды материалдар нарығындағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді, – деді Қазақстанның Даму Банкінің басқарма төрағасы Марат Елібаев.Қаржыландыру металлургия саласындағы жобаларға, соның ішінде қайта өңдеу өндірісі бар тау-кен металлургия кешендеріне бағытталады. Қарыз алушылар үшін негізгі талаптардың бірі – JORC халықаралық стандарты бойынша қорлардың расталуы. Бағдарлама шеңберінде жерде сирек кездесетін элементтері (лантаноидтар, скандий, иттрий), сондай-ақ жоғары технологиялар, «жасыл» энергетика және электроника салаларында сұранысқа ие литий, кобальт, вольфрам, германий, галлий, графит және өзге де материалдар бойынша жобалар қарастырылады.Бағдарламаны іске асыру елдің технологиялық және өнеркәсіптік дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жоғары қосылған құнға ие өнім экспортының ұлғаюына және шикізатты терең өңдеу көлемін арттыруға ықпал етпек. Қазақстан экономикасы үшін бұл – жаңа мүмкіндіктер мен орнықты дамудың кепілі, ал ҚДБ үшін – жоғары технологиялық сектордағы ұзақмерзімді инвестициялық жобалар портфелін кеңейту және қаржылық тұрақтылықты нығайту жолындағы маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1096816?lang=kk
Іле өзенінің сағасында орналасқан Шағырай көлдер жүйесіне балық жіберілді 31.10.2025
Алматы облысының Балқаш ауданында Іле өзенінің сағасында орналасқан Шағырай көлдер жүйесіне ауқымды көлемде балық жіберу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара 2025 жылғы 30 қазанда Алматы облысы балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспары аясында жүзеге асырылды.Акцияның бастамашысы – «Табиғат» ЖШС, шара Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Балқаш-Алакөл аймақаралық балық шаруашылығы бассейндік басқармасының қатысуымен өтті.Іс-шараның мақсаты – балық ресурстарын қалпына келтіру және көбейту, су айдындарының балық өнімділігін арттыру және өңірдегі балық шаруашылығын дамыту.Бірінші кезең аясында су айдындарына 100 мың дана ақ амур мен сазан шабақтары жіберілді.«Табиғат» ЖШС өкілдерінің айтуынша, балық жіберу бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады, және қараша айының соңына дейін жалпы жіберілетін шабақтардың саны 1 миллион данаға жетеді.Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, балық шаруашылығы мамандары және жұртшылық өкілдері қатысты.Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай табиғатты қорғау бастамалары экожүйені және биологиялық алуантүрлілікті қалпына келтіруге ғана емес, сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсерін тигізіп, балық шаруашылығының тұрақты дамуына және жергілікті халықтың салаға тартылуына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1096684?lang=kk
Қорғаныс министрінің орынбасары әскери жоғары оқу орнының цифрлық трансформациясын жоғары бағалады 31.10.2025
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында болып, оқу орнының цифрландыру бағытындағы жетістіктерімен және жаңа технологияларды енгізу барысымен танысты.Сапар барысында министрдің орынбасарына институттың заманауи оқу-материалдық базасы көрсетіліп, профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми және инженерлік әзірлемелері таныстырылды. Солардың ішінде ерекше назар аудартқаны бүгінде Қарулы күштер қарулануына енгізіліп, өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеген дронға қарсы қару жүйесі болды.Сонымен қатар, Дархан Ахмедиев  коммерциялық дрондарға қарсы радиоэлектрондық тосқауыл қоюға арналған стационарлық кешен мен сынақ сатысындағы өзге де тәжірибелік-конструкторлық жобалармен танысты.Институт қабырғасындағы инновациялық көпсалалы тренажерлік кешен де министр орынбасарының ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл кешен курсанттарға радиотехникалық және зениттік-зымырандық әскерлердің қару-жарағы мен әскери техникасының виртуалды үлгілерінде, шынайы жағдайға барынша жақын ортада машықтануға мүмкіндік береді.Дархан Ахмедиев электронды ату тиріндегі оқу процесін де көріп, курсанттардың заманауи цифрлық жүйелер арқылы атыс дағдыларын жетілдіру жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын даярлау алаңында болып, болашақ офицерлердің дрондарды басқару, барлау және шабуылдау тактикасын түрлі жағдайда пысықтау барысын бақылады.Сапар соңында Дархан Ахмедиев Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының ғылыми-техникалық әлеуетін жоғары бағалап, оқу орнында жүргізіліп жатқан цифрландыру үдерісінің маңыздылығын атап өтті. Ол цифрлық технологияларды одан әрі дамыту және әскери білім беру жүйесіне кеңінен енгізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1096641?lang=kk
Қорғаныс министрі Ресей және Беларусь әріптестерімен келіссөздер өткізді 31.10.2025
ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің 85-отырысы аясында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Андрей Белоусовпен келіссөздер жүргізді.Тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерін, әскери кадрларды даярлау және әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жиынын ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін ресейлік әріптестеріне алғыс білдірді.– Бұл шара жастар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы болып табылады. 2026 жылы біз оны Щучинск қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы іс-шараға сіздердің командаларыңызды қуана қарсы аламыз, – деді ведомство басшысы.Тараптардың пікірінше, өткен келіссөздер Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға ықпал етеді.Бұдан бөлек, Қазақстанның Қорғаныс министрі Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Виктор Хренинмен кездесті. Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.Дәурен Қосанов Қазақстан мен Беларусь арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық табысты дамып келе жатқанын және зор әлеуетке ие екенін атап өтті.Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ресей және Беларусь қорғаныс ведомстволары арасындағы 2026 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1096526?lang=kk
Металлургия мен құрылыс салалары экономикалық өсім қарқынын төмендетпеуі тиіс – экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы 31.10.2025
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласының динамикасы жан-жақты қаралды. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бұл бағыттарда өсім қарқыны жоспардан төмен болғаны атап өтілді.Өңдеу өнеркәсібінде машина жасау (+14%), химия өнеркәсібі (+9,6%), құрылыс материалдарын өндіру (+4,7%), жеңіл өнеркәсіп (+9,4%), резеңке мен пластмасса бұйымдарын шығару (+6,1%), дайын металл өнімдерін өндіру (+15,2%) салалары басым өсім көрсетуде.Қаңтар–қыркүйек айларында өңдеу өнеркәсібінің өсімі +6,2% құрады, ал он айдың қорытындысы бойынша өсім шамамен +6,3% деңгейінде болжануда. Негізгі баяулау металлургия саласында байқалады, оның үлесі өңдеу өнеркәсібінің шамамен 40%-ын құрайды. Айта кетейік, 2024 жылы металлургия соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткішке – 6,9% өсімге қол жеткізген болатын, бұл биылғы жылға жоғары база қалыптастырды. Штаб отырысында баяулаудың себептері жан-жақты талданып, саланың өсуін жеделдету шаралары талқыланды.Қара металлургиядағы бәсеңдеу негізінен ферроқорытпа мен болат өндірудің азаюына байланысты. Бес ферроқорытпа зауытының төртеуі биыл электр энергиясы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өндіріс көлемін қысқартқан. Әсіресе, Қарағанды облысындағы кәсіпорындарда өнім көлемі азайған, бұл өңірдің жалпы өңірлік өнімінде 0,9% үлеске ие. Сондай-ақ саладағы бірқатар кәсіпорындарда жүргізілген жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары да әсерін тигізді.Түсті металлургияда өсім қарқынының төмендеуі Васильков кен орнында шахталық әдіске көшу және қорлардың сарқылуымен байланысты.Серік Жұманғарин Энергетика министрлігіне қысқа мерзім ішінде қолданыстағы құжаттарға өзгерістер енгізу мүмкіндігін пысықтап, ферроқорытпа зауыттарына төмендетілген тариф бойынша электр энергиясын беруді қарастыруды тапсырды.Тоғыз айдың қорытындысы бойынша машина жасау саласы 14% өсім көрсетті. Салаға жаңа серпін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында жеңіл автокөлік өндірісінің іске қосылуы арқылы берілмек.Химия өнеркәсібі де тұрақты өсімін сақтап отыр – 9,6%. Бұл өсім аммофос (+55,4%), аммиак селитрасы (+14,5%), натрий цианиді (+5,4%), полипропилен (+50,5%), сары фосфор (+12,6%) және күкірт қышқылы (+7,3%) өндірісінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.Биылғы жылы құрылыс жұмыстарының ең үлкен үлесі көлік инфрақұрылымына тиесілі – 21,3% (жолдар мен автомагистральдар, теміржол және метро, көпірлер мен тоннельдер құрылысы). Өнеркәсіптік нысандар үлесі – 20,5% (сумен қамту, кәріз жүйелері мен тұрғын үй құрылысы). Газ құбырлары, электр беру желілері және жылу желілерін салу жобалары шамамен 5,6%-ды құрайды. Сала өсімінің қарқыны жоғары деңгейде сақталуда: тоғыз айда +14,9%, он айдың қорытындысы бойынша +15,2% күтілуде.Серік Жұманғарин тоғыз ай қорытындысы бойынша құрылыс қарқыны төмендеген өңірлердің әкім орынбасарларының баяндамасын тыңдап, әрбір өнеркәсіп нысаны мен құрылысты тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Қиындықтар туындаған жағдайда, мәселе жедел түрде штабтың қарауына шығарылуы тиіс деді.https://primeminister.kz/news/metallurgiia-men-kurylys-salalary-ekonomikalyk-osim-karkynyn-tomendetpeui-tiis-ekonomikalyk-osimdi-kamtamasyz-etu-zonindegi-stab-otyrysy-30670 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1096491?lang=kk
Қарулы күштер әскери байланысшылар күнін атап өтуде 31.10.2025
1994 жылдың 31 қазанында Қорғаныс министрінің директивасымен ҚР Қарулы күштері Бас штабының Байланыс басқармасы құрылды. Бұл атаулы дата Қазақстан армиясындағы әскери байланыстың заманауи жүйесін дамытудың негізі болды.Қазіргі уақытта байланыс әскерлері заманауи автоматтандырылған басқару жүйелерімен, деректерді беру тораптарын қорғау құралдарымен, радиорелелік және спутниктік кешендермен жабдықталған жоғары мобильді бөлімшелер болып табылады.Байланыс әскерлерінің мамандары тәулік бойы бағынысты құрамаларды, бөлімдерді, бөлімшелерді, жауынгерлік құралдар мен қаруды үздіксіз әрі ұдайы басқарады. Олар өздерінің жоғары кәсібилігін стратегиялық, командалық-штабтық, арнайы жаттығулар мен оқу-жаттығуларда қашанда дәлелдеп келеді.Биылғы өткен «Жауынгерлік достастық», «Десант», «Айбалта», «Бекет» жаттығуларында әскери байланысшылардың үйлесімді, сауатты іс-қимылдары қойылған міндеттерді табысты орындаудың кепілі болды. Оларды жүргізу кезінде әскери қызметшілер далалық тораптарды орналастыруды, байланыс желілерінің тұрақты жұмыс істеуін, барлық деңгейдегі штабтар мен бөлімшелер арасында қорғалған ақпарат алмасуды қамтамасыз етті.Магистранттар мен докторанттарды бейінді бағыттар бойынша кәсіби даярлау ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің байланыс және ақпараттық қауіпсіздік кафедрасында жүзеге асырылады. Байланыс офицерлерін Алматы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында, сержанттар құрамын Сағадат Нұрмағамбетов атындағы астаналық әскери колледжде дайындайды. Алматы облысындағы байланыс әскерлерінің оқу орталығында мерзімді қызмет сарбаздары кіші деңгейдегі әскери-есептік мамандықтардың негіздерін үйренеді.Әскерлерді басқару жүйесінде әскери байланысшылар сенімді коммуникация кепілі болып табылады. Олар әскерлердің күнделікті өмірін, жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік дайындықты ұйымдастыруды, одан басқа Қарулы күштердің қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге әркез дайындығын қамтамасыз етеді. Олар бұл миссияны абыроймен, жауапкершілікпен және жоғары кәсіби деңгейде орындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1096398?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Ұлыбритания Елшісін қабылдады 30.10.2025
Астана, 2025 жылғы 30 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Салли Аксуорсимен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды.Жоғары деңгейдегі қарым-қатынастар мен белсенді екіжақты байланыстарды қолдауға, сондай-ақ сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара ниет аталып өтті.Министр Қазақ-британ стратегиялық диалогы мен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайтуға, экология, энергетика, су ресурстары, білім және өзге де басым бағыттардағы серіктестік бастамаларын ілгерілетудегі тиімді жұмысын жоғары бағалады.Өз кезегінде Елші Лондонның Астанамен екіжақты, өңірлік және халықаралық деңгейлердегі диалогты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.Кездесу соңында тараптар министрліктер мен мекемелер арасындағы, сондай-ақ көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1096328?lang=kk
Қорғаныс министрі жаңадан ашылған әскери-спорт колледжінің кадеттерімен кездесті 30.10.2025
Алматы өңірлік гарнизонына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов биыл ашылған Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінің кадеттерімен кездесті.Қорғаныс ведомствосының басшысы оқу орнының инфрақұрылымын қарап, кадеттерге жасалған тұрмыстық жағдайлармен танысты.Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының төрағасы полковник Арман Әбеуов оқу-материалдық базаны таныстырып, жаңартылған оқу корпустарын, заманауи спорт және жаттығу залдарын, бассейнді, спорт секцияларындағы дайындық барысын көрсетті.Ол алдағы уақытта шахмат клубын ашу жоспарланып отырғанын, сондай-ақ колледж тәрбиеленушілері әртүрлі спорт түрлерінен облыстық және республикалық жарыстарда топ жарып жүргенін айтты.Кадеттермен әңгіме барысында Қорғаныс министрі колледждің ашылған күннен бастап жастар арасында үлкен қызығушылық тудырғанын атап өтті.– Алғашқы қабылдау біз күткеннен де жоғары болды. Бір орынға шамамен 40 үміткерден келді. Бүгін мен үздіктердің үздігімен жүздесіп отырмын. Спортта зор жетістіктерге жетулеріңізді және армия саңлақтары Айдос Сұлтанғали, Алуа Балқыбекова және Марат Байқамұров сынды чемпиондардан үлгі алуларыңызға тілектеспін, – деді авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.Министр, сондай-ақ, келесі жазда Астанада бесінші әлемдік кадет ойындары өтетінін еске салды. Бұл жарыстарға бокс, қазақ күресі, жеңіл атлетика, жүзу және шағын футбол кіреді.– Әскери-спорт колледжінің кадеттері осы ойындарда биік тұғырдан көрініп, әлемге қазақстандық армия спортының жоғары деңгейін көрсететініне сенімдімін, – деді Қорғаныс министрі өз сөзінің қорытындысында. Кездесу соңында министр кадеттермен асханада бейресми жағдайда сөйлесіп, олармен бірге түскі ас ішті.Қорғаныс министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі алғашқы қабылдауын 2025 жылғы 1 қыркүйекте өткізді. Оқу орны жалпы білім беруді, әскери және спорттық дайындықты біріктіреді.Оқу бағдарламасы кіші командирлер мен жауынгерлік және дене дайындығы бойынша нұсқаушыларды даярлауға, сондай-ақ «жаттықтырушы-нұсқаушы» мамандығын меңгеруге бағытталған. Бағдарламада жалпы білім беретін пәндермен қатар әскери-қолданбалы, олимпиадалық және ұлттық спорт түрлері, сондай-ақ арнайы факультативтер қамтылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1096257?lang=kk
Ақтөбе облысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті 30.10.2025
Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың облыс тұрғындарымен кездесуі өтті.Кездесуге қоғамдық кеңестердің мүшелері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Басқосу барысында азаматтық қоғамды дамыту, жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және жергілікті бастамаларды іске асырудың перспективалары секілді өзекті мәселелер талқыланды.Іссапар аясында вице-министр азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.Сонымен қатар, Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында үшінші сектор қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, азаматтық белсенділік инфрақұрылымын дамыту және жергілікті үкіметтік емес ұйымдарды қолдау тетіктерін кеңейту мәселелері көтерілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1096243?lang=kk
Италияда Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды 30.10.2025
Римдегі Вилла Грациоли саябағында (Parco di Villa Grazioli) қазақ халқының ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев, италиялық зиялы қауым өкілдері мен Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері қатысты.Министр салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының рухани кемелденуіне бағдар болған, адамзаттың асыл мұраттарын насихаттаған ұлы тұлға екенін атап өтті. Оның шығармаларындағы басты идея – адамгершілік, әділдік, білім мен еңбек арқылы ізгілікке үндеу. Сондықтан да Абай бейнесінің дәл Рим қаласында бой көтеруі – мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы рухани көпірдің белгісі болары анық.«Кейінгі жылдары мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынас ерекше серпін алды. Өткен жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Италияға ресми сапары мен Италия Министрлер кеңесінің төрайымы Қазақстанға жасаған ресми сапары ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді.Ал қыркүйек айында Италия Президенті Қазақстанға келіп, жаңа байланыстарға жол ашып, бірқатар маңызды келіссөздер жасалды. Бүгінгі Абай ескерткішінің ашылуы – сол келісімдердің көрінісі, екі халық арасындағы достық пен өзара құрметтің белгісі деп білемін», – деді Аида Балаева.Айта кетсек, қазақтың ұлы ақыны Абайдың есімі шетелде зор құрметке ие. Ақынға арналған ескерткіштер, бюстер мен монументтер әлемнің көптеген ірі қалалары мен астаналарында орнатылған. Олардың қатарында, Ташкент, Мәскеу, Қазан, Бішкек, Бейжің, Каир, Будапешт, Тегеран, Анкара, Ыстамбұл, Нью-Дели, Женева, Париж, Ренн, Сараево, Тбилиси, Берлин, Сеул, Харьков, Баку және Рио-де-Жанейро қалалары бар.Аида Балаева мен Ерболат Сембаев Шыңғыс Айтматов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1096199?lang=kk
Елордада XII Азаматтық форумның нәтижесі талқыланды 30.10.2025
Астанада «SARAP» сараптамалық клубының «ХІІ Азаматтық форум нәтижелері: азаматтық белсенділік – ел дамуының қайнар көзі» тақырыбында отырысы өтті. Жиын барысында қатысушылар форумның негізгі нәтижелерін, ұсынылған форматтың тиімділігін, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған алдағы қадамдарды талқылады.Кездесу барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова Форумның негізгі жетістіктерін атап өтті. Ол бұл іс-шара өзекті мәселелерді ашық талқылауға және азаматтық секторды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берген тиімді диалог алаңы болғанын айтты.Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдармен тұрақты және жүйелі әріптестіктің маңызы, сондай-ақ форум аясында әзірленген ұсынымдарды іс жүзінде жүзеге асыру қажеттігі ерекше атап өтілді.Отырыс барысында мемлекеттік қолдау аясында жүзеге асырылған үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларға жүргізілген зерттеу нәтижелері ұсынылды. Зерттеу бұл жобалардың әлеуметтік мәселелерді шешуде тиімді құралға айналғанын көрсетті. Сондай-ақ азаматтардың шешім қабылдау процестеріне белсенді қатысуы үшін ҮЕҰ-ның кәсіби әлеуетін арттыру және цифрлық шешімдерді енгізу бойынша ұсыныстар қаралды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1096228?lang=kk
2025 жылғы 28-29 қазанда Қостанай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумы өтті. 30.10.2025
Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ЭҚДК «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырды.Форумға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» ҚХА жобасының жетекшісі Геннадий Шиповских, жазушы және «Ситуативный казахский» оқулығының авторы Қанат Тасыбеков, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, ҚХА жастар қанаты қатысты.Форумның мақсаты – мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін нығайту, оны үйренудің үздік тәжірибелерін насихаттау және елдің біртұтас мәдени-тілдік кеңістігін дамыту.28 қазан күні қатысушылар өңірдің тарихи-мәдени және өндірістік нысандарын аралады: Ы.Алтынсарин кесенесі, М.Дулатұлы, А.Байтұрсұлының ескерткіштері, Ы.Алтынсарин атындағы мұражайына барып, І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында М.Әуезовтің «Қараш-Қараш» қойылымын тамашалады.29 қазанда форумның салтанатты ашылуы және пленарлық отырысы өтті. Модераторы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ЭҚДК «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Руфина Усанова.Пленарлық отырыста Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, сенатор Геннадий Шиповских, ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Камал Әлпейісова және «Мәміле» клубының негізін қалаушы Қанат Тасыбеков баяндама жасады.«Табыстың тарихы» сессиясында ҚХА амбассадорлары қазақ тілін меңгеру тәжірибелерімен, кәсіби жетістіктерімен және жастарға арналған кеңестерімен бөлісті. Олардың қатарында – Тимур Онянов (Павлодар), Әнел Пимичева (Астана), Денис Романов (Астана), Марина Богомолова (БҚО), Милана Әшімбек (Ақмола облысы), Евгений Кравчук (Жамбыл облысы), Карина Роот (Көкшетау) және Алёна Малькова-Солопова (Ақмола облысы) бар.Күннің екінші жартысында «Мемлекеттік тілді меңгерудің үздік тәжірибелері» атты үш параллельді шеберлік сағаттары өтті. Қостанай өңірінің жоғары оқу орындарының студенттері қазақ тілін үйренудің цифрлық, коммуникативтік және шығармашылық әдіс-тәсілдерімен танысты.Форум достық, өзара құрмет және ортақ тіл идеясы төңірегінде түрлі этнос өкілдерін біріктірген ашық диалог алаңына айналды. Іс-шара қоғамның қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыруға және сөз мәдениеті арқылы бірлікті нығайтуға бағытталды.#ҚХА30жыл #30летАНК #APK30yearsАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1095821?lang=kk
Бизнес пен билік арасындағы ашық диалог: Алматы облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті 30.10.2025
Алматы облысында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері мен аймақтық бизнес-қоғамдастық мүшелері қатысты.Кездесудің басты мақсаты — бизнес пен билік арасында тікелей диалог орнату. Мұндай формат Президенттің бизнес құқығын қорғауды күшейту және іскерлік ахуалды жақсарту жөніндегі тапсырмаларына сай жүзеге асырылуда.Талқылау барысында жер телімдерін беру, инвестициялық жобаларды іске асыру, жекеменшік білім беру саласын реттеу, экологиялық талаптарды сақтау және құқық қорғау органдарының кәсіпорын қызметіне араласуы сынды өзекті мәселелер көтерілді. Әр бағыт бойынша тиісті мемлекеттік органдар түсініктеме беріп, нақты шешу жолдарын ұсынды.Аймақта бүгінде 56 жекеменшік мектеп жұмыс істейді, онда шамамен 15 мың бала білім алады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап олардың 39-ы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істей бастады. Бұл қадам өңірдегі мектептердегі орын тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді. Соңғы жылдары Қарасай және Іле аудандарында жалпы сыйымдылығы 3,5 мың оқушыға арналған екі заманауи мектеп пайдалануға берілді. Бұл үш ауысымда оқыту мәселесін шешуге оң әсер етті.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және кәсіпкерлікті дамыту бағытында қолға алынған шараларға тоқталды.«Бизнес пен мемлекеттің бірлескен жұмысының арқасында облыс экономикасы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индекс 110,2%-ды құрады. Ең жоғары өсім құрылыс, өнеркәсіп, сауда және инвестиция тарту салаларында байқалады. Кәсіпкерлікті қолдау – басым бағыттардың бірі. Бұл мақсатқа 27,8 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 156 мыңнан асты, ал сектордағы жұмыспен қамту 10,5%-ға өсті. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз өңірдің тұрақты дамуын және халықтың өмір сапасын арттыра аламыз», — деді өңір басшысы.Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров мемлекеттік құрылымдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың ашық әрі болжамды болу қажеттігін атап өтті.«Мен кездесу нәтижесіне өте ризамын. Барлық мәселе сол жерде талқыланып, нақты жауаптар берілді. Ал республикалық деңгейдегі сұрақтарды жеке бақылауыма алдым», — деді Қанат Нұров.Кездесу соңында тараптар бірлескен жұмысты жалғастыру және бизнес мәселелері бойынша тұрақты пікір алмасу жөнінде уағдаласты. Мұндай өзара әрекеттестік кәсіпкерлікті дамытуға кедергілерді жедел жоюға және бизнес ортасын жақсартуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1095662?lang=kk
Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің кемелері қысқы кезеңге дайын 30.10.2025
Каспий теңізінде Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің корабльдерін алдағы қысқы кезеңге жоспарлы дайындау аяқталуға жақын. Күн суытқанда жүзу қысқы отынды пайдаланумен қоса, қысқы жұмыс режиміне көшуді талап етеді. Жанар-жағармай материалдарының қоры да әзірленген.Дайындық шеңберінде корабльдердің қысқы жағдайда сенімді жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешені өткізілді. Кемелердің сырты, иллюминаторлар мен люктердің герметикалығы тексерілді, палубалық механизмдер тазаланып, майланды. Артиллериялық жүйелер мен шағын калибрлі қару-жарақ қондырғыларын тазарту және консервациялау жүргізілді.Әскери-теңіз күштерінің барлық түрлері – зымыранды-артиллериялық корабльдер, патрульдік және десанттық қайықтар, сондай-ақ гидрографиялық кемелер қысқа дайындалуда. Сонымен қатар, арқанмен байлау, зәкір және палуба құрылғыларын тексеру, одан басқа мұзды ұруға арналған құрылғыларды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Жеке құрамды дайындауға ерекше көңіл бөлінуде. Кемелер экипаждары қысқы киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, жылы киімдер мен костюмдердің жаңа үлгілері сыналды.Қысқы кезеңде теңізге шығу санының қысқаруына қарамастан, Қазақстанның Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінің қазақстандық секторында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайлы жедел жағдайды қолдау жөніндегі өзінің негізгі міндеттерін толық көлемде орындауды жалғастырады.  «Қысқы дайындық – жәй техникалық қызмет көрсету ғана емес, теңіз техникасының жауынгерлік дайындығының маңызды бөлігі. Біз корабльдердің сенімділігін, экипаждардың қауіпсіздігін және кез келген ауа райы жағдайында тапсырмаларды орындау қабілетін қамтамасыз етеміз», – деп атап өтті 3 дәрежелі капитан Ермек Оспанов.Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің әртүрлі қару-жарақ пен әскери техника санының 100-ден астамы қысқы кезеңде пайдалануға ауыстырылдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1095491?lang=kk
Астанада Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестіктің болашағы талқыланды 30.10.2025
Астана, 2025 жылғы 29 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландаумен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібінің кең ауқымды мәселелерін талқылап, экономикалық және инвестициялық серіктестікті дамытуға, инновациялар мен жасанды интеллект, білім мен ғылым салаларындағы өзара іс-қимылына ерекше назар аударды. Энергетикалық қауіпсіздік және маңызды минералдарды өндіру саласындағы ынтымақтастықтың болашағы да бөлек талқыланды.Е.Көшербаев Астана Вашингтонды экономикалық реформалар мен модернизацияны жүзеге асырудағы басты серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын айтып, тұрақты экономикалық өсуге бағытталған бастамалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ Қазақстанның жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын сақтау мен Орталық Азия өңірінің тұрақты дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Сұхбаттастар сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты, оның ішінде биыл 10 жылдығын атап өтетін «C5+1» диалог алаңы аясындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылықтарын білдірді. Бұл формат Орталық Азиядағы өңірлік интеграцияны, көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға және тұрақты өсуге ықпал ететінін аталып өтті.Тараптар АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «C5+1» саммитіне қатысу мәселесін де талқылады.Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрі мен АҚШ делегациясының өкілдері өңірдің тұрақтылығы, қауіпсіздігі және гүлденуі үшін кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайындықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1095472?lang=kk
Балқаш ауданында күріш жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр 29.10.2025
Балқаш ауданында «Бауыржан-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алқаптарында күріш жинау науқаны қарқынды түрде жалғасуда. Жұмысқа барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникасы толық жұмылдырылған: комбайндар піскен егіс алқаптарымен жүйелі түрде жүріп өтіп, орақ науқанының уақытылы және сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуде. Шаруашылық басшысы Талғат Сұлтанов науқан барысын тұрақты бақылауда ұстап, мамандардың жұмысын үйлестіру және өндірістік процестің тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз етуде.Шаруашылықтың суармалы жерлерінің жалпы көлемі 730 гектарды құрайды, оның 247 гектары – күріш, 205 гектары – бидай, 278 гектары – көпжылдық шөптер. Егін жинауға екі комбайн, бір КамАЗ жүк көлігі, сондай-ақ МТЗ-80 және МТЗ-1221 тракторлары тартылған. Бүгінгі күні 110 гектар күріш орылып, орташа өнімділік гектарына шамамен 40 центнерді құрап отыр.Биылғы жылы аудандағы суармалы егістік жерлердің жалпы көлемі 27 мың гектардан асты. Оның ішінде 7 мың гектардан астам жерге күріш егілген, 5 мың гектардан астамы – бидай мен арпа егістері. Қалған алқаптар көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдарға бөлінген.Жазғы шөп дайындау науқаны аясында 160 мың тоннадан астам пішен, 40 мың тоннадан аса сүрлем-шөп (сенаж), шамамен 33 мың тонна сабан және 85 мың тонна сүрлем дайындалған. Дәнді дақылдардан жиналған өнім көлемі 9 мың тоннадан асып, орташа өнімділік гектарына 18 центнерді құрады. Қазіргі уақытта 6 мың гектардан астам күріш алқабы орылып, орташа өнімділік гектарына 42 центнерге жуық.Күз мезгілі дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығы маусымының қорытындысын шығаратын уақыт болып табылады. Балқаш ауданының береке мен молшылықтың символына айналған күріш өнімі диқандардың тынымсыз еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Егіншілердің еңбегі өңірдің аграрлық саласын тұрақты дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1095427?lang=kk
ҚР Ұлттық кітапханасында Лаура Палманның «Бұрым-Жыр» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті 29.10.2025
ҚР Ұлттық кітапханасында ақын, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Лаура Палманның «Бұрым-Жыр» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті.Іс-шара аясында қаламгерге Қазақстан Жазушылар одағының мүшелік куәлігі табыс етілді.«Бұрым-Жыр» жинағына нәзік жанды әйел болмысы, ұлттық таным мен тағдыр, махаббат пен сағыныш тақырыбы арқау болған өлеңдер енген. Ақын әйелдің бұрымы мен ғұмырын символикалық бірлікке айналдырып, сезім шындығын көркем тілмен жеткізеді.Тұсаукесерге зиялы қауым өкілдері, журналистер мен оқырмандар қатысты.Айта кесек, бұған дейін қаламгердің «Сағыныш сияқты өз атым» атты жыр жинағы жарық көрген. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1095161?lang=kk
Құрылысқа қойылатын басты талап - сапа мен мерзім 29.10.2025
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, ел ағалары Серік Дүйсенбаев, Өмірбек Шәменов, Сұлтанбек Тәуіпбаев Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде жаңадан салынып жатқан теміржол вокзалының және «Қызылорда-Жалағаш» трассасының Тереңөзек кенті тұсындағы көпір құрылысымен танысты.Вокзал құрылысына тапсырыс беруші – «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Қызылорда магистральдік желі бөлімшесі» филиалы, бас мердігер – «Р и А-Сервис ЛТД» серіктестігі, жалпы жобалық құны 695 млн теңге.Бүгінде перрондағы брусчаткалар демонтаждалып, төменгі іргетасы құйылған. Плита жабындылары орнатылып, ғимараттың ішкі бөліктеріне кірпіш қаланды. Қабырғаларын әрлеу, қатты травертинмен қаптау және перронды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс біткеннен кейін Тереңөзек тұрғындарына, жолаушыларға қолайлы,жаңа теміржол вокзалы қызмет көрсетеді.«Қызылорда-Жалағаш» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 47,9 шақырымындағы көпірді күрделі жөндеу арқылы көлік қозғалысының қауіпсіздігін және жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту көзделген.1985 жылы салынған көпір толық жаңғыртылады, конструкцияларын күшейту, кірме жолдарды ретке келтіру және көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау жоспарланған. Көпір ұзындығы 30,43 метр, ал кірме жолдар 710 метр, құрылыс кезінде көлік қозғалысына кедергі келтірмес үшін 788 метр айналма жол салынған.Қазір қада қағылып біткен, бетон құю, құм-қиыршықтас қоспасын төсеу және нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Айналма жол бойына белгілер орнатылған.Аймақ басшысы мердігер мекемелерге көпірді сапалы етіп салып, белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығын ескертті.Аталған жобалар өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамытуға серпін беріп, қауіпсіз әрі қолайлы жол қатынасына жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1235059?lang=ru