Қуқық
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ ҰН ЗАУЫТЫ ЖЫЛЫНА МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ШЫҒАРУДА 01.02.2025
Түлкібас кентіне қарасты «Grand Flour Industry» ЖШС жылына орта есеппен 800-1000 тонна жоғарғы және бірінші сұрт ұны мен мал азығын шығарып, «ARDA Түлкібас» деген брендпен оңтүстік аймақтағы үш өңір мен Өзбекстан еліне жолдап отыр.Жуырда ағымдағы жөндеуден өтіп, жұмысын қайта бастаған кәсіпорынға аудан әкімі Асқар Естібаев жауапты мамандармен арнайы барып, жұмысымен танысты.Кәсіпорынның жауапты өкілімен нысанды толық аралап, шығарып жатқан өнімнің сапасын бақылады. Қуаттылығын арттыру бойынша зауыт өкіліне ұсыныстарын айтып, әкімдік тарапынан көмек қажет болған жағдайда қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.Зауыт тәулігіне 150 тоннаға дейін ұн шығаруға қауқарлы. Бүгінгі таңда мұнда 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар Түлкібас кентіндегі «Мұрагер» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасының жағдайы да сарапталды. Жалпы қойма 3000 мың тоннаға шақталған екі корпустан тұрады.Аудан әкімі кәсіп иесі және жауапты мамандармен маңызды нысанның жұмысын қайта жаңғырту жағын пысықтап, тиісті бөлім басшысына бұл бағытта нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/925507
Алматыда ұзақмерзімді ірі құрылыс нысанын бұзу басталды 01.02.2025
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы әл-Фараби даңғылының солтүстігінде, Меңдіқұлов бульварының батысында аяқталмаған көпдеңгейлі паркингті бұзу туралы хабарлайды.2007 жылы «СЕРТ» АҚ жалға алу учаскесінде 5 деңгейлі паркинг салуға кіріскен еді.2009 жылдың аяғынан бастап құрылыс-монтаж жұмыстары 1-2 қабат деңгейінде тоқтап қалды.2015 жылы уақытша жер пайдалану құқығы да тоқтатылды, содан кейін «Сейсмостройзащита» ЖШС мамандары объектінің тірек және қоршау конструкцияларына тексеру жүргізді.Сарапшылар негізгі тірек конструкцияларының техникалық жай-күйі туралы қорытынды берді, зерттеу нәтижелері бойынша қолданыстағы конструкцияларды бөлшектеу ұсынылды.Басқармадан кейін сотқа аяқталмаған объектіні бұзу туралы талап арыз берілді. Соттың 2018 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен талап - арыздар қанағаттандырылды.Аяқталмаған нысанды бөлшектеу бүгін басталды. Айта кету керек, бұл Медеу ауданында бөлшектелген екінші нысан.Сондай-ақ, соттың шешімі бойынша Радлов көшесі, 9/1 учаскесі бойындағы аяқталмаған ғимаратты бұз да басталды.Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысты бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 65 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/925506
Қауіпсіздік 24/7 01.02.2025
А.ж. 22 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының күзет қызметінің жеке субъектілерінің басшыларына және а.ж. 23 қаңтарда Өскемен қ. мектепке дейінгі және орта білім беру объектілерінің директорларына жергілікті атқарушы органдары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және полиция департаментері өкілдерінің қатысуымен террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:- экстремизм және терроризм желісі бойынша ұғымдық аппарат;- бекеттегі қызметіне кіріскен күзетшілерге нұсқау беру кезіндегі олқылықтар;- жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру қойылатын талаптар;- террористік тұрғыдан осал объектілеріне және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі;- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Жиналысқа қатысушылар бірқатар өзекті сұрақтарға жауап алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/925499
Астананың әскери музейінде «Ленинградтық өренім!» көрмесі ашылды 01.02.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Ленинградтың қоршаудан азат етілген күніне орай ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың қатысуымен іс-шара өтті. Оған қоршаудан аман қалған азаматтар, Қарулы күштердің ардагерлері, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж кадеттері, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты. Көрмеге келушілерге Ұлы Отан соғысына қатысушылардың фотосуреттері, Ленинград маңындағы шайқас орындарынан іздеу жұмыстары барысында табылған жәдігерлер: снарядтардың қалдықтары, жауынгерлердің құжаттары мен жеке заттары көрсетілді.– Ленинградты ерлікпен қорғап, жауға бермеу Ұлы Отан соғысы тарихында ерекше орын алады. Қала үшін шайқас 900 күнге созылды, ол шайқастарда жауынгерлер ғана емес, көптеген бейбіт тұрғындар да қаза тапты. Қазақстан Нева өзенінің жағасында орналасқан қаланы азат етуге елеулі үлес қосты. Біздің елде құрылған әскери бөлімдердің үштен бірі онда шайқасқа қатысты. Олардың ішінде 310-шы және 314-ші атқыштар дивизиясы да бар, – деді генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев. Министрдің орынбасары сондай-ақ, мерген Сәрсембай Рүстембековтің, бөлімше командирі Жолдас Арықбаевтың, пулеметші аға лейтенант Тастақ Назаровтың, қатардағы жауынгер Илгиз Тасбаевтың, аға сержанттар Иван Гуз бен Шанхан Қосоевтың шайқастарда көрсеткен ерліктерін атап өтті. – Жастар өз денесімен жаудың амбразурасын жауып, Кеңес Одағының Батыры атағын алған Сұлтан Баймағамбетовтің ерлігін ұмытпауы керек. Қазақ халқының даңқты қыздары, қос қарлығашы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова да жоғары дәрежелі құрметке ие болды, – деп толықтырды ол.Іс-шараға қатысқан 1942 жылы туған Гельдир Валеевтің қоршауда қалған қала жайлы естеліктер жадында қалмапты. Ата-анасы да баласына сұрапыл соғыс пен аштық жайлы айтпауды жөн көріпті. Ленинградтың басына туған күн қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың шығармашылығында ерекше орын алғаны белгілі, ақын ең қиын кезең, 1941 жылдың күзінде қала тұрғындарын өлеңімен рухтандырды. Оның «Ленинградтық өренім» өлеңін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарулы күштер Орталық ансамблінің солисі Нұрлан Нұртазин оқыды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/925141
Астанада қазақтың батыр қызын еске алды 01.02.2025
Елордада Ленинград блокадасы толық аяқталған күні Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Оған қорғаныс ведомствосының басшылығы, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, Әлия тәрбиеленген Әбубәкір Молдағұловтың немересі Жұлдыз Нұртас қатысты. Салтанатты рәсім ту тобы, құрметті қарауыл ротасы және әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өтті. Іс-шараға қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Ұлы Отан соғысы Қазақстан халқы үшін де үлкен сынақ болғанын атап өтті. Республикадан бір миллион екі жүз мың адам майданға кетті, оның 600 000-ы оралмады.– Біздің жерлестеріміз Брест бекінісін қорғаудан бастап, Рейхстагқа Жеңіс туын тігуге дейінгі барлық шайқастарға қатысты, – деді қорғаныс министрінің орынбасары. – Қазақстан Невадағы қаланы қорғауға зор үлес қосты. Қоршауда қалған қала үшін болған шайқастарда қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлова ерлікпен қаза тапты. Ол батылдықтың, патриотизм мен жанқиярлықтың символына айналды.Невадағы қаланы қорғауға Ақмолада жасақталған 310-шы атқыштар дивизиясы мен Петропавлда құрылған 314-ші атқыштар дивизиясы қатысты. Ленинградты жау қоршауынан толығымен босату 1944 жылдың қаңтарында ғана мүмкін болды. 14 қаңтарда Ленинград-Новгород операциясы кезінде Әлия Молдағұлова ерлікпен қаза тапты. – Әлия Молдағұлова осы ерлігі арқылы қаһармандығын дәлелдеді. Ұлы Отан соғысы, ондағы қазақстандықтардың ерлігі ешқашан өшпейді. Біз мұны жадымызда сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз, – деп атап өтті генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев.Бұл рәсім Әлия Молдағұлованы еске алу ғана емес, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ҚР Қарулы күштерінде өткізілетін іс-шаралардың бастамасы болғанын атап өту керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/925479
Ғани Бейсембаев елордалық білім беру ұйымдарының директорларымен кеңес өткізді 01.02.2025
Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру мәселелері, өткен жылдың қорытындылары және биылғы жылға арналған жоспарлар талқыланды. Астана қаласы білім басқармасы басшысының мәліметінше, өткен жылы елордада 24 жаңа мектеп ашылды, оның 16-сы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Мемлекеттік тапсырыстың артуы және ваучерлік қаржыландыруды енгізу арқылы балабақшалардағы кезектілік саны екі есе қысқарды. 20 балабақшада «Тілге бойлау» жобасы жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Астанада алты бағыт бойынша 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Мектептер мен колледждерде «Жаңа кәсіптер атласы» жобасын іске асыру жалғасуда. Сондай-ақ биыл колледждерде мемлекеттік тапсырыс көлемін 10 мың орынға ұлғайту жоспарлануда. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қолдау мақсатында Ұлттық құзыреттілік орталығын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру жүйесін дамытудың негізгі міндеттері мен басымдықтарын атап өтті. Ол жергілікті әкімдікпен бірлесіп, елордалық білім беру жүйесін дамытудың 2029 жылға дейінгі Жол картасы әзірленгенін және оның өзекті мәселелерді кешенді шешуді көздейтінін атап өтті.«Басты міндет - балаларымыз үшін барынша қауіпсіз және жайлы орта құру. Елорданың білім беру жүйесі басқа өңірлер үшін үлгі болуға тиіс. Министрлік әкімдікке одан әрі қолдау көрсетуге дайын. Бірлескен жұмыстардың арқасында қалада үш ауысымды төрт мектеп пен орын тығыздығы сақталған алты мектептің мәселесі шешілді. Сонымен қатар жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, оның ішінде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» жобасы аясында да бірқатар жұмыстар жүргізілуде», - деп қорытындылады министр. Бүгінгі таңда Астананың 877 білім беру ұйымында 400 мыңға жуық бала оқиды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30 мыңға артық. 2027 жылға дейін 131 мың оқушыға есептелген тағы 63 мектеп салу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/925433
Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы қорымдардан елде бұрын-соңды кездеспеген бұйымдар табылды 01.02.2025
Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау ауылының солтүстігінен 10 шақырым жерде орналасқан «Қарабау-2» қорғанының диаметрі 70, биіктігі 3 метр. 2023-2024 ж.ж. қорғанға жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 9 қабір зерттеліп, оның жетеуінің тоналмағандығы анықталды. Қабірлерді зерттеу барысында олардың біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда салынғаны белгілі болды. Олардан түрлі әшекей бұйым, заттар, қару-жарақтар мен керамикадан, сүйектен жасалған ыдыстар табылды. Археологтардың сөзінше, мәйіттерді топтап жерлеген жағдайлар да кездескен. Обалардан табылған әшекейлер мен пайдаланған бұйым мен қару-жарақтарға қарап мамандар «патшалық обалар» деген баға беріп отыр, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің 2 жылдық археологиялық жұмысының нәтижесі «Сармат алтындары» көрмесінде таныстырылды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшылары мен тарихшылар қатысты.«Ғалымдар осыған дейін біздің аймақты Сармат империясының шеті деп есептеп келген. Біз жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесіне қарап Каспий ойпаты, Жайық, Жем өзенінің маңы кезіндегі үлкен империяның орталығы деп айтуға болады. Жалпы табылған жәдігердің саны мыңға жуықтайды. Оның жүз шақтысы — алтын әшекей мен зергерлік бұйым. Олар аң стилі негізінде жасалған. Сол дәуірде өңірді мекендеген жыртқыштардың бейнесі (барыс, қабан, жолбарыс, киік) табылған заттардан байқауға болады. Осы зерттеу жұмысының аясында бұрын кездеспеген ағаштан жасалған қос тостаған жақсы күйде сақталыпты. Қазіргі уақытта олар реставрацияда» деді археологиялық экспедицияның басшысы Марат Қасенов.Жалпы 3 оба қазылған. Әрқайсысынан шамамен 10-15 қабір анықталып отыр. Археологтардың айтуынша, сарматтар тәңірлік діни көзқараста болғандықтан қолданған бұйымдарымен қатар, қолданған заттары мен қару-жарақтарымен бірге жерленген. «Қарақұдық-1», «Қарақұдық-2» қорғандары Қарабау ауылынан солтүстік батысқа қарай 9,7 шақырым қашықтықта орналасқан. Қос қорғанды зерттеу барысында да күміс пиктограмма(ақбөкеннің, қасқырдың суреттері), зергерлік бұйымдар,тұрмыстық бұйымдар, темір мен қоладан жасалған қару-жарақтар сынды дүниелер табылды.Елімізде бұрын-соңды кездеспеген алтын тұтқасы бар сынама тастың екеуі «Қарабау-2» қорғанынан табылды. Бұрын сарматтықтар алтынның дұрыстығын, яғни, сапасын осы тас арқылы анықтаған. Қазіргі уақытта осындай тасты алтын сатып алумен айналысатындар пайдаланады. Жерлеу орындарынан адамның киіміне тағылған алтын жапсырмалар табылғанын да айта кетейін. Олардың салмағы 2 граммнан басталады. Ең ауыр алтын әшекей – екі жағында тау барысы бейнелеген білезік. Оның салмағы шамамен 370 граммды құрайды, - деді Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің археология-ғылыми зерттеу қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Ғаламат Базарбаев.Қазба жұмыстарына 20 жұмысшы мен музейдің 5 қызметкері қатысқан. Астана мен Алматы қаласынан антропологтар шақырылған. Жалпы барлау жұмыстарының нәтижесінде Қарабау ауылының маңындағы обалар 2005 жылы анықталыпты. Археологтардың айтуынша, қазіргі уақытта Атырау облысында 500-ге жуық сармат обасы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/925518
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЖЕКЕЛЕЙ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ 01.02.2025
23-25 қаңтар 2025 жылы Шымкент қаласында тоғызқұмалақтың классикалық түрінен ересектер арасында қалалық жекелей чемпионат өтті. Жарысқа 80-ге жуық үздік спортшылар қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.Чемпионат Халықтар достығы университетінің Отырар филиалының спорттық ғимаратында болып өтті.Жарыс нәтижелері:Ерлер арасында:1-орын: Қалыбек Бақытжан2-орын: Қалыбек Дастан3-орын: Жахангер Дарын3-орын: Батырбек БейбарысӘйелдер арасында:1-орын: Ержан Гүлсезім2-орын: Ілесбек Балауса3-орын: Аманова Мадина3-орын: Сейтқұл МерейЖеңімпаздар мен жүлдегерлер 2025 жылдың ақпан айында Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында Шымкент қаласының намысын қорғайтын болады.Ұйымдастырушылар Шымкент қаласының тоғызқұмалақ федерациясы атынан барлық қатысушылар мен Университет басшылығына жарысты ұйымдастыру мен қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.Шымкент қаласының тоғызқұмалақ федерациясы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/925233
Қарағандылықтарды 8 ақпанда классикалық музыка кешіне шақырады 01.02.2025
8 ақпан сағат 17:00 «Шалқыма» концерт залында бас дирижер Айдар Торыбаевтың жетекшілігімен Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі өнер көрсетеді.Солист - халықаралық конкурстардың лауреаты Бекзат Рақымов (фортепиано, Мәскеу).Классикалық музыка кешінің бағдарламасында № 2 фортепиано мен оркестрге арналған концерт, Сергей Рахманиновтың 18 шығ.; № 5 симфония, ми минор, Петр Чайковскийдің 64 шығ.Бекзат Рақымов 2002 жылы Алматыда дүниеге келген. «Астана-опера» мемлекеттік опера және балет театрында, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында, Милан, Мәскеу, Тула концерттік залдарында жеке концерттермен өнер көрсетті. Ірі халықаралық және қазақстандық конкурстардың лауреаты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/924955
Қарағандының Ақындар одағы өзінің алғашқы жинағын таныстырды 01.02.2025
Қарағанды қаласының Ақындар одағы өткен жылы STELLAR әдеби клубының базасында құрылған. Шығармашылық қоғамдастық облыстың түрлі қалаларынан келген поэзия әуесқойларын біріктірді. Облыстық бейнелеу өнері мұражайында алғашқы өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті.– Біз желтоқсан айында жарық көрген алғашқы өлеңдер жинағының тұсаукесерін өткіздік. Біздің қоғамда қазір түрлі жастағы 23 ақын бар. Ақындар кешін, көрмелер өткіземіз. Әлемге әйгілі ақындардың құрметіне театрлық тақырыптық суреттемелер ұйымдастырамыз. Өткен жылы қазақтың көрнекті ақыны, жазушы және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы атап өтілді. Біз оның құрметіне ақындар кешін өткізіп, әдеби кездесулердің бірін «Тар жол, тайғақ кешу» шығармасына арнадық. Болашақта Қазақстанның басқа қалаларына ақындық кештермен баруды жоспарлап отырмыз, – дейді Қарағанды Ақындар одағының жетекшісі, STELLAR әдеби клубының негізін қалаушы Алёна Куринная.Тұсаукесерде авторлық өлеңдер орыс және қазақ тілдерінде орындалды. Жинаққа 19 автордың шығармалары енген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/925061
«Үздік идеялар»: Қарағандыда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасындағы байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды 01.02.2025
Қарағанды облысының педагогтары қазақ тілі мен әдебиеті теориясы бойынша сайысқа түсіп, мектептерде осы пәндерді қалай тиімді оқыту керектігі туралы ойларымен бөлісті.Ләззат Бәйішқызы атындағы «Үздік идеялар» байқауының облыстық кезеңіне Қарағанды облысының қалалары мен аудандарынан 43 мұғалім қатысты. Олардың барлығы бұрын өткен байқаудың өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары атанды. Қатысуға қазақ және орыс тілдерінде оқытатын педагогтар жіберілді.Облыстық байқау үш кезеңнен тұрды. Біріншісінде қатысушылар эссе жазуы тиіс еді. Екіншіден – қазақ тілі теориясы бойынша сұрақтарға жауап беру, сондай-ақ үзінділер бойынша қазақ классиктерінің шығармаларын атау. Үшінші тур педагогикалық идеялар мен оқыту әдістемесін талқылауға арналды.Сәттаров атындағы Қарағанды мектеп-лицейінен Әсем Қызырова қазақ тілінде оқытатын мұғалімдер арасында бірінші орын алды.– Жалпы тапсырмалар күрделі, қызықты болды. Дұрыс жауап беру үшін тіл теориясын, қазақ классиктерінің шығармаларын терең білу керек. Маған Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпосынан үзінді келді. Байқаудың үшінші турында мен Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында айтқан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын енгізудің маңыздылығы туралы өз идеяларыммен бөлістім. Мұндай байқаулар өте маңызды. Олардың арқасында біз пән мұғалімдері тәжірибе алмасып, идеялармен бөлісе аламыз. Жас мамандар үшін бұл өте құнды және қажет, – деп есептейді Әсем Қызырова.Орыс тілінде оқытатын мектептерде жұмыс істейтін педагогтар арасында Бауыржан Момышұлы атындағы Қарағанды ОМ мұғалімі Жанар Төлеуғазы бірінші орын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/925104
Қарағандылық 15 джитсер Қазақстанның ұлттық құрамасына енді 01.02.2025
Алматыда джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатына 1600 спортшы жиналды. Қарағандылықтар 26 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 9 күміс және 11 қола. Біздің өңірдің он бес джитсері ұлттық құраманың құрамында халықаралық аренада ел атынан өкілдік ету құқығына ие болды.Турнирге Қарағанды облысынан 80 спортшы қатысты, олардың қатарында бірнеше мәрте жүлдегерлер мен түрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары - жасөспірімдер арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионы Асанәлі Абаев, сондай-ақ халықаралық және ұлттық ареналардағы жетістіктерімен танымал Жігер Алматай мен Асылмұрат Сағындық бар. Чемпионатта біздің облыстан келген халықаралық дәрежедегі төреші Елеукен Бек-Мұхаммед те төрелік етті.– Біз үшін басты міндет өзімізді танытып, Қазақстанның ұлттық құрамасына қатысуды қамтамасыз ету үшін тамаша нәтиже көрсету болды, – деп атап өтті Қарағанды облысының джиу-джитсу федерациясының президенті Аян Шермағамбетов. – Біздің спортшылар түрлі жас және салмақ санаттарында көптеген марапаттарға ие болып, жоғары дайындық деңгейі мен кәсібилігін көрсетіп қана қоймай, нағыз жауынгерлік рухын да көрсетті. Айталық, Асанәлі Абаев қарсыластарына ұпай жинауға ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Әрбір жекпе-жекте ол басым болды.Алда джитсерлерді түрлі сайыстар күтіп тұр. Ақпан айында спортшылар Азия чемпионатына, ал күзде Бахрейндегі жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына қатысады. Қарағандылықтар жақсы өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін Karaganda BJJ Open Championship-2025 үй турнирі де маңызды кезең болмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/925127
Теміртауда бос орындар жәрмеңкесі өтті 01.02.2025
Демалыс күндері бос орындар жәрмеңкесінде Теміртау тұрғындары жұмыс тапты. Оған 200-ге жуық жұмыс іздеуші қатысып, олардың 70-і жұмысқа орналасуға жолдама алды.Түрлі қызмет салаларындағы 30 кәсіпорын бос жұмыс орындарын ұсынды, оның ішінде Qarmet және Qarmet Service, «ҚазАрматура» зауыты, «ҚазЭнергоМаш» корпорациясы бар. Сондай-ақ, прокуратура өкілдері мен пробация қызметінің инспекторларынан кеңес алуға болады.– Бізде халықтың түрлі санаттары үшін жұмыс орындары бар. Біз ЖОО түлектері мен NEET жастарына, мүмкіндігі шектеулі жандарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан оралғандарға бос жұмыс орындарын ұсынамыз. Сонымен қатар, қалада «Алтын жас» бағдарламасы да сәтті жұмыс істеуде, зейнеткерлер бұл жобаға үлкен қызығушылық танытуда. Бос жұмыс орындары баршаға жеткілікті, – дейді Теміртау қаласының Мансап орталығының директоры Мақсат Төлеутаев.Мансап орталығы өкілдерінің айтуынша, мұндай жәрмеңкелер ай сайын өткізіледі. Сонымен қатар, Теміртау тұрғындарының жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен жұмыссыздарға арналған бағдарламалар туралы көбірек білуі үшін ашық есік күндерін ұйымдастыру жоспарланған.Бүгінгі таңда enbek.kz Электрондық еңбек биржасында қала бойынша 1400-ге жуық бос жұмыс орны қолжетімді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/925326
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданына жұмыс сапарымен барды 01.02.2025
Сапар барысында облыс әкімі аудандағы бірнеше елді мекенді аралап, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.Тұздыбастау ауылына ат басын тіреген өңір басшысы 1500 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын көріп, білім беру нысанының жағдайына ерекше көңіл бөлді. Әкім мектеп оқушылары үшін барынша қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.Сонымен қатар, Марат Сұлтанғазиев Бесағаш ауылына барып, сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын бақылап шықты. Ол бұл нысанның стратегиялық маңыздылығын баса айтып, құрылыс сапасын қатаң қадағалап, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.Жұмыс сапарының қорытындысында облыс әкімі Талғар ауданындағы әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша нақты шараларды қолға алуды міндеттеді. Сондай-ақ, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстардың үздіксіз жалғасатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/925280
Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шектесетін ЕАЭО-ның сыртқы шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің толық ауқымды жаңғырту 01.02.2025
ЕАЭО-ның Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан елдерімен сыртқы шекарасында орналасқан 9 автомобиль өткізу пункттерін толыққанды жаңғырту жалғасуда.Өзбек тарапының жаңғырту жөніндегі құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін «Гишт-Куприк» (ҚР іргелес «Жібек жолы» кеден бекеті) өткізу пунктін уақытша жабуына байланысты, «Қапланбек» (ҚР) және «Навои» (ӨР) өткізу пункттері екі тараптың келісімі бойынша жеке тұлғалардың жаяу жүруі, жеңіл автокөліктер мен автобустардың өтуі үшін ашылады.Қазақстан және Өзбекстан тарапымен «Қапланбек» және «Навои» өткізу пункттерінде бір уақытта жаңғырту мен техникалық жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, бүгін осы өткізу пункттерінің техникалық ашылуы жүргізілді.Іске қосу жұмыстарына байланысты 27 қаңтар мен 5 ақпан аралығында жеке тұлғалардың, жолаушылар көліктері мен автобустардың өтуі шектеулі мөлшерде жүзеге асырылады. 5 ақпаннан бастап өткізу пункті толығымен жұмыс істейтін болады.Одан әрі, екінші кезеңде, тараптар келіскеннен кейін осы өткізу пункттерінде жүк автокөлік құралдарын өткізу жүзеге асырылатын болады.«Қапланбек» өткізу пункті алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттар бойынша салынған, шекарадан өту кезінде мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асыру кезінде қолданылатын ең озық технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Жеке тұлғалардың шекарадан ыңғайлы өтуі үшін барлық жағдайлар жасалған.Көлік ағыны қозғалысының барлық циклі автоматтандырылған. Өткізу қабілеті тәулігіне 20 мың жеке тұлғаға және 800 автокөлік құралына дейін ұлғайтылуы күтілуде.«Жібек жолы» кеден бекетінің уақытша жабылу күні қосымша хабарланатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/925184
Пойыздарда спутниктік интернет қосылды 01.02.2025
«Астана-Алматы» бағыты бойынша жүретін №3/4 поездарының жолаушылары Интернетке қосылды. Бұл рейс теміржол көлігінде заманауи цифрлық технологияларды енгізу бойынша пилоттық жобасы аясында іске асты.Бұл ЦДИАӨМ мен Eutelsat-OneWeb компаниясы арасындағы келісімнің арқасында жүзеге асты. Бұлжоба интернетке дәстүрліқосылутәсілдерішектеулінемесеондай мүмкіндік жоқ елдіңшалғайөңірлерінде тұрақтыжәне жоғары жылдамдықтықолжетімділіктіқамтамасыз етуге бағытталған.Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Ануар Ахметжанов жаңа технологияны Wi-Fi көмегімен желіге қосылу бойынша сынады.Пойыздардағы Интернет заманауи спутниктік технологияларды пайдалана отырып қосылады, бұл жолаушыларға сапар бойы мессенджерлерді, бейне хостингтерді және басқа да онлайн-сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.«Біз Eutelsat-OneWeb компаниясымен спутниктік байланысты қосу бойынша ынтымақтастық аясындағы жоспарларымыздың жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымыз. Өздеріңіз білетіндей, біздің еліміздің аумағы үлкен және дала бойынша интернет қолжетімсіз, енді пойыздарда оған қосылу және сапар барысында онлайн сервистерге қол жеткізуді пайдалану мүмкіндігі бар», - деді цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жолаушылармен кездесуде.КөптегенжолаушыларWhatsApp бейне қоңырауыарқылытуыстарынабірденқоңыраушалып, YouTubeбейнелерінкөріп, басқа да танымалқызметтердіпайдалана алды.Жолаушыларжаңақызметтіңсапарды,әсіресеұзақмаршруттардаыңғайлы ететінін атап өтті.Интернеттің қосылу жылдамдығы 50-100 Мб/с болды, бұл интернетті ыңғайлы пайдалануды қамтамасыз етеді, бірақ торренттер мен ағындық жүктеулерге қол жетімділік шектеулі болады.Айта кетейік, аталмыш жоба № 3/4 «Астана-Алматы» пойызының бір құрамында іске асырылды және пилоттық кезең сәтті аяқталғаннан кейін басқа бағыттарға кеңейтілетін болады, бұл «ҚТЖ» АҚ Ұлттық тасымалдаушысының заманауи технологияларды енгізу және сервис сапасын жақсарту жөніндегі стратегиялық бағытына сәйкес келеді.Eutelsat-OneWebспутниктікжелілерінбасқаруОрталығы«Көктерек» ОКЖ-де орналасқан және тек Қазақстандығанаемес, бүкілОрталықАзияөңірінқамтудықамтамасыз етеді.Интернетті қосу жобасын Қазақстандағы OneWeb ресми серіктесі «Jusan Mobile» компаниясы іске асыруда. Eutelsat-OneWeb авиацияда, теңіз тасымалында және корпоративтік секторларда белсенді қолданылады, бұл оның әмбебаптығы мен сенімділігін көрсетеді. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/925038
Жетісу облысында «Басқуат» жылу қазандығының жүктемесі азайтылады 01.02.2025
Биыл Жетісу облысының аудан-қалаларында жылумен жабдықтаудың бірнеше маңызды жобасы іске асырылады. Бұл ретте Талдықорған қаласында қуаты 49 Гкал/сағ болатын қазандықтың құрылысы қолға алынса, жеке инвестиция есебінен «Басқуат» қазандығының базасында газ турбиналық станция салынуда. Бұл жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде қазіргі кезде жыл бойы жұмыс істейтін аталған қазандықтың жүктемесін тағы 30% азайтуға мүмкіндік туады. Атап өтсек, бұған дейін қаладағы жылу желілерін қайта жаңғырту және нысандарды кварталдық қазандықтарға қосу есебінен «Басқуаттың» жүктемесі 12% төмендетілген еді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірде 2024-2025 жылғы жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Өңірдегі әлеуметтік саланың 1330 нысанына және 1682 көп қабатты тұрғын үйге жылу үздіксіз беріліп келеді. Облыстың жылумен жабдықтаушы кәсіпорындары мен бюджеттік сала объектілері түгелдей отынның нормативтік қорымен қамтылған. Өңірде халықтың жылыту маусымындағы көмірге деген қажеттілігі 428,5 мың тонна. Бүгінге дейін аталған қажетті көлемнің 98%-ы тұрғындарға сатылды. Жылыту маусымына дайындық барысында 2 турбинаға, 40 қазандыққа, 156 км су құбыры желісі мен 13,5 км жылу жүйесіне, 1,1 мың км электр желісіне және 134 трансформаторлық қосалқы станцияларға жөндеу жұмыстары жүргізілген.«Биыл жылу жүйесінің бірқатар жобасы қолға алынады. Мәселен, жеке инвестиция есебінен Талдықорғандағы «Басқуат» қазандығының базасында қуаты 26 МВт электр энергиясын және 19 Гкал/сағ жылу энергиясын беруге жететін газ турбиналық станцияның 1-ші кезегін келесі жылыту маусымына дейін іске қосу жоспарланған. Жоба 5 кезеңде жүзеге асырылады. Оны іске асыру нәтижесінде 315 МВт электр және 252 Гкал/сағ жылу энергиясы өндіріледі. Жоба 2027 жылы толық аяқталды деп күтілуде. Сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен Текелі қаласында қуаты 21 МВт болатын жаңа бу-газ қондырғысын орнату арқылы қолданыстағы ЖЭО-ны жаңғырту және кеңейту жобасының бірінші кезеңін іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, бюджет қаржысы есебінен Талдықорған қаласында қуаты 49 Гкал/сағ болатын қазандық салынып жатыр. Оның құрылысы 2025 жылғы қазан айында, яғни келесі жылыту маусымы басталғанға дейін бітеді деп жоспарланып отыр», – делінген облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының хабарламасында.Жалпы өңірде орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінде жалпы қуаты 540 Гкал/сағ болатын 24 негізгі энергия объектісі жұмыс істейді. Жылу желілерінің ұзындығы - 393 км.Еске салсақ, биылғы жылыту маусымының қарсаңында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасылар тұратын 1039 жеке тұрғын үйге улы газды анықтайтын датчиктер қойылды. Ал 2022-2024 жылдар аралығында осындай датчиктер 5 мыңға жуық үйге орнатылған болатын. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/925444
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН РЕСМИ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ 01.02.2025
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН РЕСМИ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ2025 жылғы 23-25 қаңтар аралығында министр Саясат Нұрбек бастаған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің делегациясы жұмыс сапары аясында Ұлыбританияның бірқатар жоғары оқу орындарына барды. Сапар барысында министр Кардифф, Глазго және Хериот-Уотт университеттерін қоса алғанда, жетекші жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесулер өткізді.23 қаңтарда Саясат Нұрбек Кардифф университетінде болып, университет президенті Венди Ларнермен келіссөздер жүргізді. Тараптар ғылыми зерттеулер мен академиялық алмасулар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру перспективаларын талқылады.24 қаңтарда Рассел тобының жетекші университеттерінің бірі Глазго университетіне сапар болды. Кездесу аясында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарлары талқыланды. Глазго университеті қазақстандық жоғары оқу орындарының бірінің базасында өз филиалын ашуға ниет білдірді, бұл халықаралық білім беру серіктестігін дамытудағы маңызды қадам болады.25 қаңтарда министр Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеттің ұзақ мерзімді серіктесі Эдинбург қаласындағы Хериот-Уотт университетіне барды. Ағымдағы жобалар мен ғылыми зерттеулер мен білім беру бастамалары саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды.Сапар аясында Жасанды интеллект (AI) технологияларын пайдалануды қоса алғанда, жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу әлеуетін көрсетуге ерекше назар аударылды.Министр сондай-ақ «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша оқитын қазақстандық студенттермен, сондай-ақ шетелдік білім алушылармен кездесіп, Эдинбург университетінде Орталық Азия студенттері қауымдастығының кездесуінде сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Қазақстанның тұрақты дамуының негізгі факторлары ретінде білім мен ғылымды интернационалдандырудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ студенттерді ғылыми бастамаларды дамытуға белсенді қатысуға шақырды.ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жұмыс сапары Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/925094
АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАР: ЕКІ АПТА ІШІНДЕ 79 МЫҢ ТАЛАПКЕР ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ-НЫ ТАПСЫРДЫ 01.02.2025
АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАР: ЕКІ АПТА ІШІНДЕ 79 МЫҢ ТАЛАПКЕР ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ-НЫ ТАПСЫРДЫҚаңтар айындағы ҰБТ-ның екі аптасында 79 мыңнан астам адам тест тапсырды. Шекті балды 70%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 65 балды құрады. Ең жоғары балл – 137, оны екі оқушы жинады.Тестке қатысушылардың 76,8%-ы қазақ тілінде, 23,1%-ы орыс тілінде, 46 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.Талапкерлердің басым бөлігі, 16,9%-дан «Математика-Физика» және «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. 10,3%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 105 адам тапсырған.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына 203 талапкер қатысты.Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, бұл жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.Қазіргі таңда 111 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 70 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 41 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.Естеріңізге сала кетсек, қаңтар ҰБТ-сы 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 167 мыңға жуық талапкер ниет білдірген. ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/925252
Астанадан бір түнде 48 мың текше метрден астам қар шығарылды 01.02.2025
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Олар күн сайын қаладан ондаған текше метр қар шығарады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.26 қаңтардан 27 қаңтарға қараған түні коммуналдық қызметтер Астанадан 48 мың текше метрден астам қарды 3 688 рейспен шығарды.27 қаңтар күні таңертең қар тазалау жұмысына 2300-ден астам жол жұмысшы мен 1700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.Қыс мезгілі басталғаннан бері 4 миллион текше метрден астам қар қаладан полигондарға 321 291 ауыр жүк рейсімен шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/924804