Қуқық
Алматыда Ұлы Отан соғысының батырларын еске алды 26.01.2025
28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында Жеңіс жолында өз өмірін қиған батырларды еске алу үшін салтанатты гүл шоқтары қойылды. Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Алматы гарнизонының әскери қызметшілері, курсанттар, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.Салтанатты рәсім Ту тобы, құрметті қарауыл және әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өтті. Жиналғандар қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев өз сөзінде әскери дәстүрлерді сақтаудың және өз өмірі үшін бейбітшілікті қорғағандарды еске алудың маңыздылығын атап өтті.– Біз батырларымыздың ерлігін құрметтейміз және олар туралы естеліктерді болашақ ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Біздің міндетіміз – ардагерлерді олардың еңбегі мен адалдығы үшін қамқорлық пен ризашылықпен қолдау, - деді ол. Батырлардың ерлігін құрметтеу үшін әскери оркестрдің алаңдағы шеруі кезінде Мәңгілік алаудың алдында әскери ЖОО-ның офицер-тәрбиешілері, курсанттары, "Жас ұлан" республикалық мектебінің және "Жас сарбаз"қозғалысының тәрбиеленушілері сап түзеп жүріп өтті.Сол күні Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Прохорович Блиновқа барды. Ол майдангерге өзінің әскери еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, оған Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың атынан құттықтау хат табыс етті.Биыл 10 қаңтарда Федор Прохорович 101 жасқа толды. Ол Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Александровка ауылында дүниеге келген. Соғыс кезінде байланысшы болып қызмет етті. Беларусь, Украина, Польша және Чехословакияны азат ету үшін шайқастарға қатысты. Жеңісті Германияда қарсы алдыОл I және II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен және басқа да наградалармен марапатталды.Бүгінде Федор Прохорович қызымнн бірге тұрады. Ол бес баласы, 55 немересі және бірнеше шөбересі бар үлкен отбасының басшысы.Айта кету керек, бүгінгі таңда Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының 25 қатысушысы ғана тұрады. Олардың әрқайсысы Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен жоғары оқу орындарының курсанттарының назары мен қамқорлығында.Жеңістің 80 жылдығына арналған естелік акциялар мен іс-шаралар еліміз бойынша жалғасуда. Ұрпақтарды біріктіріп, Ұлы Отан соғысының батырларын еске алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/924608
2025 жылы Қазақстанда қорғаншылық органдарының штаты 2,5 есеге ұлғаяды 26.01.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды, заңнамалық және стратегиялық шаралар іске асырылуда. 2024 жылғы желтоқсанда қабылданған мемлекеттік наградалар, білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ҚР Заңы шеңберінде қорғаншылық және қамқоршылық органдардың штат санын 2,5 есеге ұлғайту жоспарлануда. Шешім балалардың құқықтарын қорғауды жақсартуға және қорғаншылық жүйесінің жұмысын күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Алғаш рет заңнамалық деңгейде қамқоршылық органдарының штаттық санының нормативі бекітілді — 5 мың балаға бір маман. Бүгінгі таңда өңірлік қамқоршылық органдарының қызметкерлерінің саны 303-тен 692 адамға дейін артты. 2025 жылы бұл көрсеткішті айтарлықтай ұлғайту жоспарланып отыр, бұл балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсетудің қолжетімділігін арттырып, қамқоршылық органдарының жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. «Жаңа штаттық норма көптеген елдерде теңдесі жоқ бірегей қазақстандық тәжірибе болып табылады. Енді қамқоршылық органдарының әрбір маманы қажетті қолдауды қамтамасыз ете отырып, балалармен және олардың отбасыларымен жақын жұмыс істей алады», - деп атап өтті министр Ғани Бейсембаев. Қазір ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп қамқоршылық органдары қызметінің тиімділігін арттыру үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/924591
Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді 26.01.2025
Жекеменшік мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету биылғы жылдан басталады. 30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Негізгі жаңалықтардың бірі жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақтандыру. Жаңа бастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды. Оны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 12 млрд-тан астам теңге бөлінді. Сондай-ақ Заң мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын оқушылар үшін әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуді көздейді. Бұрын «Жалпыға бiрдей білім беру» қорынан мектеп керек-жарақтары мен кеңсе тауарларын сатып алуға көмек тек мемлекеттiк мектеп оқушыларына ғана көрсетiлген болатын. Енді ол жекеменшік мектеп оқушыларына да қатысты болады. «Жаңа заң аясында жергілікті атқарушы органдарға меншік нысанына қарамастан, әлеуметтік осал отбасылардың барлық балаларына әлеуметтік көмек көрсету құзыреті беріледі. Бұл барлық балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам», - деп мәлімдеді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың қыркүйегінен бастап бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік санаттағы 5-11 сынып оқушылары үшін мемлекеттік мектептерде тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында мемлекеттік мектептерде оқитын 1,7 млн-нан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында 510 мың оқушыны құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қосымша 22,5 млрд теңге бөлінді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/924592
Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды: олардың құқықтарын қорғау үшін мемлекет қандай заңнамалық шараларды күшейтуде? 26.01.2025
Бүгінде елімізде 6,8 млн бала тұрады, бұл халықтың үштен бірін құрайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша құқықтық базаны нығайту бойынша үш негізгі заң қабылданды және біздің кішкентай азаматтарымызды қорғау үшін пәрменді тетіктер енгізілді. Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша қабылданған ҚР Заңының маңызды бастамасы – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғамға бейімдеу үшін тәлімгерлер институтын құру болды. Бүгінгі таңда 330-дан астам бала қажетті қолдау алуда. Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР Заңындағы негізгі шаралардың бірі – балаларға қатысты құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдату және кәмелетке толмағандарға жәбір көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу болды. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейту мақсатында балаларды қоғамдық көліктен түсіріп кетуге тыйым салынды. 2025 жылдан бастап мектептер мен колледждерде республикалық бірыңғай «111» байланыс орталығына жедел хабарласа алатын QR-кодтар енгізілді. Биылғы жылдың қаңтар айындағы мәлімет бойынша байланыс орталығына 17 400 бала жүгінген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар, білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қабылданған үшінші Заңында кәсіби қабылдаушы отбасыларды құру және жетім балаларға арналған жағдайларды жақсарту бойынша нормалар қарастырылған. Бүгінгі таңда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 82%-ы қазақстандық отбасыларда тәрбиеленуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша тағы 3 мыңнан астам бала жаңа отбасын тапты. 2025 жылдан бастап отбасылық орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасылар енгізілмек. Бұл бастама қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қамқорлық көрсетіп, оларға үй жағдайында қолайлы орта құру мақсатында жүзеге асырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/924593
Балалардың игілігі – мемлекеттің басым міндеті: Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды 26.01.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде балалардың құқығын қорғау бойынша ауқымды заңнамалық және стратегиялық шаралар жүзеге асырылады. Ел тұрғындарының үштен бір бөлігін балалар құрайды. Атап айтқанда, Қазақстанда 6,8 млн. бала бар. «Елдегі әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы болуы тиіс», - Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті. Қабылданған үш заңдағы маңызды бастама – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірге бейімделуі үшін тәлімгерлер институтының құрылуы. Бүгінде 330-дан астам бала тәлімгерлермен қамтылып, қажетті көмек алуда. Балалардың құқығын қорғаудағы негізігі шаралардың бірі – балаларға қатысты құқықбұзушылық үшін жаза қатаңдатылып, кәмелетке толмағандарға жәбір көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейту мақсатында балаларды қоғамдық көліктерден түсіріп кетуге тыйым салынды. 2025 жылдан бастап мектептер мен колледждерде республикалық бірыңғай «111» байланыс орталығына жедел хабарласа алатын QR-кодтар енгізілді. Биылғы жылдың қаңтар айындағы мәлімет бойынша байланыс орталығына 17 400 бала жүгінген. Елдің әр өңірінде балалардың құқықтары жөніндегі арнайы уәкілдер жұмыс істейді. 2024 жылдан бастап қорғаншылық органдарында мамандарының саны 303-тен 692 адамға, яғни екі есеге артты. Қорғаншылық органдарының штаттық саны бойынша норматив бекітілді. Атап айтқанда, 5 мың балаға кемінде 1 маманнан бөлінді. Елімізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім 17 660 бала қазақстандық отбасыларда тәрбиеленуде. 2024 жылы 3 мыңнан астам бала жаңа отбасын тапты. 2025 жылдан бастап отбасылық орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасылар енгізілмек. Бұл бастама қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қамқорлық көрсетіп, оларға үй жағдайында қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. 2024 жылдан бастап елімізде 627 балабақша ашылып, 93,1% бала мектепке дейінгі ұйыммен қамтылды. Соңғы 3 жылда балабақша кезегі 2 есеге қысқарған. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мектептердегі орын тапшылығы мен үш ауысымды оқу мәселесін тиімді шешіп келеді. Жоба жүзеге асырылған уақыттан бастап 105 жайлы мектеп қолданысқа берілді. Сонымен қатар 2024 жылы 373 мың орынға арналған 257 мектеп қолданысқа берілді. Биыл 300 мың білім алушыға арналған 200-ге жуық мектептің құрылысы жүруде. Білім беру ұйымдарының қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 20 мыңнан астам нысан бейнебақылау жүйесімен жабдықталып, Жедел басқару орталықтарына қосылған. Барлық ұйымдарда дабыл түймелері мен турникеттер орнатылып, лицензияланған күзетпен қамтамасыз етілді. Мемлекет өскелең ұрпақ үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға басымдық беріп келеді. 2024-2025 оқу жылында мемлекеттік мектептерде оқитын 1,7 млн. бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа 162 млрд. теңге бөлінді. «Жалпыға міндетті білім беру» қорының есебінен қосымша 22,5 млрд. теңге бөлініп, 510 мың бала мектеп керек-жарақтарымен қамтылды.2025 жылдан бастап жекеменшік мектептерде оқитын әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың балалары да тегін тамақпен қамтылады. Жергілікті бюджеттен 25 мың баланы тегін тамақтандыру үшін 12 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. «Ұл-қыздарымыздың парасатты және жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау әрдайым мемлекеттің басты басымдығы саналады. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан еліміздегі әрбір жеткіншектің мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, үлкеннің қолдауын сезінуі, ертеңгі күнге сеніммен қарауы өте маңызды», - Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті. Қазақстанда балалардың қосымша білім алуы, сапалы демалыс және сауықтыру ұйымдарымен қамтылуы үшін барлық жағдай жасалуда. Бүгінде 3,3 млн. бала түрлі бағыттар бойынша үйірмелерге, секцияларға қатысады.2024 жылдың жаз мезгілінде 3,1 миллионнан астам бала 10 743 лагерьде сауықтыру демалысын өткізді. Білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыру тек техникалық қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. Мемлекет балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар қабылдады. Жоспар балаларға қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жиынтығын қамтиды. Оның аясында өңірлерде 20 психологиялық қолдау орталығы ашылып, 242 759 оқушы мен ата-аналарға көмек көрсетілді. Барлық білім беру мекемелерінде буллингпен күрес жүргізу мақсатында Kiva және ДОСБОЛLiKe бағдарламалары енгізілді. Бұл шаралар мектептерде достық пен өзара сыйластық қарым-қатынасын құруға септігін тигізеді. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген жеке қауіпсіздік сабақтары енгізілді. 14,3 мыңнан астам білім беру қызметкері балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша оқытылды. Сондай-ақ мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастық орнатуға, позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Біртұтас тәрбие» бағдараламасы енгізілді. Балалардың қауіпсіздігі – болашаққа жасалған қамқорлық. Бүгін ертеңгі елдің іргетасын қалайтын ұрпақты қалыптастырудамыз. Балаларға қамқорлық көрсете отырып, қауіпсіз әрі гуманист, мықты қоғам құрамыз.Қазақстан балалардың жан-жақты дамуы және болашағының жарқын болуы үшін құқықтық базаны нығайтып, әлеуметтік қолдауды күшейте отырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/924594
Алтынсарин академиясы мен әлемдік жетекші Google және Microsoft компаниялары ЖИ саласында ынтымақтастықты жоспарлауда 26.01.2025
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Big Tech екі жетекші компаниясы Google for Education және Microsoft-пен меморандумға қол қойды. Серіктестік білім сапасын арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді енгізуге жаңа мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, Google for Education-пен педагогтер жұмысын оңтайландыру, қазақстандық оқушылардың цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған оқу процесін ұйымдастыру үшін озық құралдарды пайдалану жоспарлануда. Ал Microsoft-пен ынтымақтастық бұлтты технологияларды әзірлеу мен енгізуді, сонымен қатар мұғалімдер мен оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруды көздейді. «Ірі технологиялық компаниялар кеңселерімен меморандумға отыру білім беру жүйесін цифрлық трансформациялаудағы маңызды қадам болып табылады. Осы әріптестік аясында білім беру саласында жасанды интеллектіні этикалық және жауапкершілікпен пайдалануға баса мән беріледі, бұл – қазіргі заманауи технологияларды оқу процесіне интеграциялауда жоғары мәнге ие», — деп атап өтті Алтынсарин академиясының вице-президенті Азамат Жұмахмет. Естеріңізге салар болсақ, өткен жылдың қаңтарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев компания өкілдерімен кездесіп, тараптар одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге келген болатын. Ал одан бір жыл бұрын Алтынсарин академиясы Солтүстік Қазақстан облысында шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту бойынша Microsoft компаниясымен бірлескен жобаны іске асырған еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/924598
Мектептердегі тамақтану сапасы талқыланды 26.01.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылғы қыркүйектен бастап мектептерде бастауыш сынып оқушыларына алғаш рет тегін ыстық тамақ беріле бастады. Оқу-ағарту министрлігінде Денсаулық сақтау министрлігі, өңірлік білім басқармалары және «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен өткен жиын барысында білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасын қамтамасыз ету шаралары талқыланды.Тамақтану сапасын арттыру мақсатында өткен жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Тамақтану нормалары қайта қаралып, асхана қызметкерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді, жеткізушілерге СЭС қорытындысын алу міндеттелді, сондай-ақ тегін тамақ алушылардың есебі автоматтандырылды. Мектептерде тамақтану сапасын күнделікті бақылау үшін бракераждық комиссиялардың жұмысы міндеттелді. Бұған қоса, барлық өңірлерде ата-аналар, қоғамдық ұйым өкілдері және мәслихат депутаттарының қатысуымен ведомствоаралық сараптамалық комиссиялар арқылы қоғамдық бақылау ұйымдастырылды.Жалпы тамақтануды жүйелі түрде ұйымдастыру сапасын мемлекеттік бақылауды Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері қамтамасыз етеді. Бүгінде білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандартының жобасын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.Өз кезегінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес қауымдастығын сапалы және қауіпсіз тамақтануды ұйымдастыруда жоғары жауапкершілік танытуға шақырды.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев уәкілетті мемлекеттік органдарға бракераждық және ведомствоаралық комиссиялардың құрамын жаңартып, оларға өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдерін енгізуді, комиссиялардың жұмыс алгоритмін жаңарту, сондай-ақ барлық процеске қатысушылардың мониторинг жұмыстары мен бақылауын күшейту тапсырды. Талаптар жүйелі түрде бұзылса жергілікті билік органдарына қызмет көрсетушілермен келісім-шарттарды біржақты тәртіппен бұзу құқығы беріледі.Бүгінде 1,7 миллионнан астам қазақстандық оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттерден 192 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. 2025 жылдан бастап жеке мектептердің 25 мың оқушысын тегін тамақпен қамту жоспарланды, оған мемлекет қосымша 12 миллиард теңге бөледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/924604
Ги Бейсембаев"жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізді 26.01.2025
"Жайлы мектеп" Ұлттық жобасының іске асырылу барысы облыс әкімдері орынбасарларының, білім басқармалары басшыларының, орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің және "Samruk Kazyna Construction"АҚ атынан құрылыс операторының қатысуымен өткен кеңесте қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде "жайлы мектеп" Ұлттық жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде 2026 жылға дейін 460 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы 217 мектеп салу жоспарлануда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 254 мың оқушыға арналған 105 мектеп салынды. Ұлттық жобаны іске асыру кезінде білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. Талаптардың қатарына қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу есебінен қауіпсіздік шараларын арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құру және мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету жатады. Кеңес соңында министр нысандарды одан әрі сапалы салу және іске қосу жөнінде тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/924607
Астанада тағы бір елді мекен табиғи газға қосылды 25.01.2025
Елордада елді мекендерді жоспарлы газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Бүгін, яғни 25 қаңтарда «Family Village» тұрғын алабын табиғи газбен жабдықтау жүйесіне қосу аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалының күшімен тұрғын үй массивінің тарату желілеріне газ алғаш рет қосылды, онда 458 үй көгілдір отынға қол жеткізді. Бұл халықтың өмір сүру сапасын және экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған қаланы газдандырудың ауқымды жобасының бөлігі болып саналады.Жоба аясында 8,7 км газ тарату желісі салынып, 277 газ тарату шкаф пункті орнатылды.Жылытуға уақытында халықтың коммуналдық қызметтерге байланысты шығындары айтарлықтай азаяды. Табиғи газ экологиялық қауіпсіздіктен бөлек, қолжетімді және ыңғайлы отын болып саналады.«Астананы газдандыру – бұл экологиялық жағдайды жақсартатын және халықтың қаржысын үнемдеуге мүмкіндік беретін стратегиялық жоба. Біз нақты нәтижелерді көріп отырмыз және тағы бір елді мекен көгілдір отынға қосылғанына қуаныштымыз», – деп атап өтті қала әкімдігінің газдандыру бөлімінің басшысы Рақымжан Алтынбек.Бұған дейін әкімдік газдандырудың екі кезегінің құрылысын аяқтады. Олар – Сарыарқа ауданы (Көктал-1, Көктал-2 елді мекендері, Агроқалашық және қаланың ескі бөлігіндегі Потанин көшесінің аумағы), Алматы ауданы (Железнодорожный, Промышленный елді мекендері, сол сияқты Оңтүстік-Шығыс елді мекенінің оң және сол жақ бөліктері, Интернациональный, сондай-ақ Ақбидай, Қазақауыл шағын аудандары), Сарайшық ауданы (Күйгенжар және Мичурино елді мекендері), Есіл ауданы (Велла Вилладж коттедж қалашығы, Куршавель т/к, Фэмэли таун, Фэмэли парк т/к) және Нұра ауданы (Будапешт, Космик Сити тұрғын үй кешендері).Сондай-ақ, «Тұран», «Телман», «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларына және Үркер, Пригородный, Family Village, Өндіріс, Кирпичный елді мекендеріне газ жеткізу желілерінің құрылысы аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/924619
Аймақ басшысы өлкетанушылармен кездесті 25.01.2025
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшелерімен кездесті. 20 жылдық тарихы бар өлкетану қоғамы өңіріміздегі тарихи жәдігерлерді түгендеп, оларды сақтап қалу жолында еңбек етіп келеді.Кездесу барысында өлкетанушылар өздерінің атқарған жұмысынан ақпарат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ аймақ басшысымен бірлесе қаладағы тарихи нысандардың болашағын талқылады.«Семейдегі тарихи нысандардың келбетін сақтап қалуға өзім де мүдделімін. Осы қаланың тумасы болғаннан кейін әр көне ғимараттың қандай тарихи оқиғалармен қатысы бар екенін бір кісідей білемін. Жергілікті атқарушы билік тарапынан қала тұрғындары үшін маңызы ерекше нысандарды бей-берекет бұзған азаматтармен заң аясында тиісті жұмыс жүргізілуде. Алайда, біз қолдағы барымыздан айырылып қалмас үшін сіздермен бірлесе отырып, тарихи ғимараттар тізімін қайта жасап шығуымыз керек», — деді облыс әкімі.Кездесу барысында мемлекет қорғауындағы тарихи нысандарды қалпына келтіру жайы да сөз болды. Сондай-ақ тараптар қаланы көркейтуге қатысты пікір алмасты. Мәселен, өлкетану қоғамының мүшесі Владимир Боровинский биылғы мамыр айында жас өлкетанушылар слетін өткізуді жоспарлап отырғандығын жеткізді. Осыған байланысты облыс әкімі қажетті көмектің жасалатындығын айтты.«Біз өлке тарихын зерттеу, табылған тың деректерді халыққа дәріптеу сияқты жұмысымызды жалғастыра береміз. Биылғы жылға жоспарлап отырған кезекті істеріміз бар. Осыған орай сіздермен қарым-қатынаста боламыз», — деді «Прииртышье» өлкетану қоғамының төрағасы Марат Сасанов.Төрағадан бөлек Николай Исаев, Екатерина Гуляева, Ольга Исаева, Асқар Садиков, Александр Люй сынды өлкетенушылар өз ойларын ортаға салды. Облыс әкімі өлкетанушылар тарапынан айтылған ұсыныстарды жан-жақты талқылап, оң шешім шығару үшін басқарма басшылары мен қала әкіміне тиісті тапсырма жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/924615
Әкім ақынға құрмет көрсетті 25.01.2025
Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын Төлеген Жанғалиев 75 жасқа толды. Осыған орай Абай атындағы драма театрда «Қарқуар» атты шығармашылық кеш өтті. Кешке зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ақынның шәкірттері мен оқырмандары қатысты. Кештің ашылуында сөз алған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өз құттықтауын жеткізіп, ақынның иығына шапан жапты.«Абай елінің төл баласы Төлеген Жанғалиев — ұлылар мекенінің бай мұрасы мен шежіре тарихына уызынан қанып өскен текті ұрпақ. Хәкім Абай, данышпан Шәкәрім, мұхит ойлы Мұхтарға қызмет етуді Төлеген ағадан үйрену керек десем, артық айтқандық емес. Дүниенің «қызыл-жасылына» алданбай, «қаққан қазықтай» Қарауылға байланып, бабалар мұрасын қорып келе жатқан Төлеген Жанғалиұлына Абай елі дән риза! Қазақ руханиятының қайнарынан сусындап, Абайша терең толғанып, ұлы ой, сырлы сөздің жүгін арқалаған қарымды қаламгерге шын жүректен шығармашылық табыс тілеймін! Мерейтой құтты болсын!», -деді облыс әкімі.Шығармашылық кеште «Дариға-ай» жастар театры әртістерінің қатысуымен «Қарқуар» театрландырылған қойылымы көрсетілді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің, Қазақстан Жазушылар Одағының құттықтау хаттары оқылды. Бұдан бөлек мерейтой иесінің шәкірті, ақын Қалқаман Сарин, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Дәулет Сейсенұлы сынды бір топ қаламгерлер сахнаға көтеріліп, Төлеген Жанғалиұлына жылы лебіздерін білдірді. Қазақстанның белгілі жазушысы, драматург, аудармашы және қоғам қайраткері Роллан Сейсенбаевтың ақынға арнаған өлеңі оқылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/924616
Абай облысында баскетбол дамып келеді 25.01.2025
Абай облысында алғаш рет мектеп оқушылары арасында «Alzhan» баскетбол лигасы өтуде. 5-6 сынып оқушылары арасында өтетін жарысқа қала, аудандардан 8 қыздар, 12 ұлдар командасы қатысуда.«Alzhan» лигасын құрудағы мақсат — жастарды спортпен шұғылдануға тарту, талантты спортшыларды анықтап, олардың ары қарай өсуіне жағдай жасау. Лига жас спортшылардың шыңдалып қана қоймай, сабақтан тыс уақытын тиімді өткізуге көмектеседі.Жарыстың ашылуына облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.Ұйымдастырушылар баскетбол облысымызда үлкен танымалдыққа ие болып келе жатқанын айтады.«Баскетбол - ойын ғана емес, балаларды көшбасшы, тату болуға тәрбиелейді. Біз жас спортшылардың дамуы үшін облысымызда баскетболды дамытуды жалғастыра береміз», -деді лиганың бас төрешісі Рафаэль Мурсалимов.Осыдан бір жыл бұрын облысымызда баскетбол федерациясы құрылды. Баскетбол инфрақұрылымы дамуда. Оқушылар мен студенттердің баскетбол үйірмесіне тегін қатысуына жол ашылды. Баскетбол ойнайтын алаңдар ашылып, түрлі жарыстар жиі өткізіліп тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/924618
«Шағала» және «Достық» бассейндері келесі аптада ашылады 25.01.2025
Екі спорт нысаны күрделі жөндеуден өтті. Облыс әкімі Асхат Шахаров аталған нысандарға барып, жөндеу жұмыстарыныңбарысын тексерді.«Шағала» бассейніне күрделі жөндеу жүргізген «ГрадСтройСервис» ЖШС-мен қазір сот талқылауларыжүріп жатыр. Бірақ осыған қарамастан, комиссияның шешімімен біз бұл мекемені ашамыз. «Достық» спорт кешені де жөндеуден өтті. 1 ақпанға дейін мердігер жұмыстыаяқтайды. Алдағы аптада балалар өз сабақтарынжалғастыра алатындай екі бассейн ашылады», - деп түсіндірді облыс әкімі.«Достық» спорт кешеніне күрделі жөндеуді «Альтаир-СК 7» ЖШС жүргізді. Жұмыс құны – 388,12 млн теңге. Ал «Шағала» бассейнін жөндеуге 287,05 млн теңге жұмсалды.«ГрадСтройСервис» ЖШС жұмысты толық көлемдеорындамағандықтан, сотқа шағым түсірілді.Айта кету керек, ғимараттар жөнделген кезде, үздіксіз оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ету үшін жеке бассейндерді жалға алуға келісімшарттар жасалып, жас жүзушілер спортпен айналысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/924611
«Родина» агрофирмасы Орталық Азияда теңдесі жоқ айналмалы сауу механизмін іске қосты 25.01.2025
Целиноград ауданының «Родина» Агрофирмасы» ЖШС-де Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да баламасы жоқ сауу цехының ашылуы өтті.Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мен облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан қатысты.Кешенді іске қосу-Президенттің өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70% - ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы маңызды қадам.Шведтік DeLaval брендінің роботты сауу карусельді жүйесі бір реттік сыйымдылығы 80 бас болатын 5 сағат ішінде 2000 сиырға қызмет көрсете алады, сондықтан оператордан ең аз күш қажет. Бір ауысымда қондырғыға тек 12 адам қызмет көрсетеді.Бұл шаралар Ақмола облысына тауарлық сүт өндірісін 40 мың тоннаға немесе 1,5 есеге, 90 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірге елорда тұрғындарын 50% - ға сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мүмкіндігін ашады.Өткен жылы қуаттылығы шамамен 4,9 мың бас мал болатын бес ірі сүт-тауар фермасы құрылды. Ағымдағы жылы 1,2 мың басқа тағы 2 СТФ іске қосу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/924601
Ақтөбе облысында хоккейді дамытуға 956 млн. теңге бағытталды 25.01.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаров №5 «Олимп» БЖСМ-не де барды, онда хоккей, мәнерлеп сырғанау және шорт-трек бойынша балаларға арналған секциялар жұмыс істейді.Өткен аптада «Олимп» хоккей модулінде жылу алмастырғыш істен шыққан-ды. Осыған байланысты мұз үстіндегі сабақтар тоқтатылды. Сәйкесінше, жаңа жабдықты сатып алу немесе ескі жабдықты жөндеу мәселесі күн тәртібінде болды. «Бүгінде жылу алмастырғыш жөнделді. Жаңа жабдықты да сатып алу жоспарлануда. Ескі құрылғы істен шыққан жағдайда, балалар жаттығуларын үзбеуі үшін оны жаңасына ауыстырамыз», - деп түсіндірді Асхат Шахаров.Жылу алмастырғышты сатып алуға демеушілерді тарту жоспарлануда.Сондай-ақ, хоккей бойынша өңірде ересектер, жастар және балалар командалары құрылғанын атап өткен жөн. 2024-2025 маусым ойындарына «Aqtobe» хоккей клубының жеті командасы қатысуда. Қазіргі уақытта ерлер командасы 7-орында, жастар командасы 5-орында, балалар командалары 2-ден 6-орынға ие. 2025 жылға арналған хоккейдің бюджеті 956 млн. теңгені құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/924612
Ақтөбеде 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды 25.01.2025
Келесі аптада Қызылжар және Ясный тұрғын алаптарында балаларға арналған екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарлануда.Облыс әкімі Асхат Шахаров спорт нысандарының балаларды қабылдауға дайындығын тексерді. Қызылжардағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін «Ерзат»ПрК мердігерлік ұйымы салды. Жобаның құны - 557,97 млн теңге. Спорт нысаны 500 баланы қабылдауға қауқарлы. Волейбол, баскетбол, үстел теннисі және жекпе-жек бойынша секциялар ашылады. Сондай-ақ жүз орындық трибуна бар. Ясныйда да дәл осындай кешен ашылады.«Келесі аптада Қызылжар және Ясный тұрғын алаптарында жергілікті балаларға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің ашылады. Жұмыс үшін жаттықтырушылар құрамы таңдалды. Ақпан айында біз Балауса, К.Нокин және Ақжар тұрғын алаптарында тағы үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашуды жоспарлап отырмыз. Болашақта бұл кешендер балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне айналады.Мемлекет басшысы атап өткендей, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануы үшін жастарды спортпен шұғылдануға ерекше назар аудару керек. Бұл бағытта біз спорттық инфрақұрылымды дамытуды және балалар мен жастарға барлық жағдай жасауды жалғастырып келеміз», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/924613
ШЫМКЕНТТЕ ЫНТЫМАҚ-2 ЖӘНЕ БОЗАРЫҚ ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫ ГАЗДАНДЫРЫЛДЫ 25.01.2025
Шымкент халқына қолайлы жағдай жасап, табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындармен бірге Ынтымақ-2 және Бозарық тұрғын алаптарын газға қосуға қатысты.Газ құбырларының құрылысы 2023 жылы басталған болатын. Аталған шағын аудандарды газдандыру аясында 6000-нан астам абонент көгілдір газға қол жеткізді. Бозарық шағынауданында 1500-ге жуық, Тұран шағынауданында 4500-ден аса тұрғын үйге газ берілді.Қала әкімі халықты сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру басым бағыттар екеніне тоқталды.«Елдімекендерді жоспарлы газдандыру экологияны жақсартуда және орнықты дамытуда, қолайлы орта қалыптастыруда маңызды қадам болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады», - деді Ғ.Сыздықбеков.Табиғи газға қосылуды жеделдету үшін тұрғындар «Qazaqgaz Aimaq»АҚ-на өтінімдер мен құжаттарды ұсыну қажет.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/924602
Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау: Астанада қорғаншылық органдары қалай жұмыс істейді 25.01.2025
Елордадағы интернат мекемелеріндегі балалар саны соңғы үш жылда 35 пайызға азайған. Бұл көрсеткіштерге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастырудың баламалы тәсілдерін дамыту бойынша жүйелі жұмыстың арқасында қол жеткізілді. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев жан-жақты айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Қазіргі таңда елордада 800-ден астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрады, олардың 170-ке жуығы – интернат мекемелерінде.«Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен өмірлік қиын жағдайдағы балаларды анықтау ведомствоаралық өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылады. Мұндай жағдайлар туралы білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, атап айтқанда, үйде қызмет көрсету қызметтері, полиция инспекторлары және жеке тұлғалар қорғаншылық және қамқоршылық органына хабарлайды. 2024 жылы Астанада 230-ға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала анықталып, есепке алынды. Анықталған балалардың 85 пайызы патронаттық отбасыларға берілді», - деді Қасымхан Сенғазыев.Ол жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастырудың баламалы тәсілдерін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Соның арқасында жыл сайын отбасыларға берілетін балалар саны артып келеді.«Нәтижесінде интернаттардағы балалар санының азаюының тұрақты үрдісі байқалады. Үш жылдың ішінде олардың саны 35%-ға қысқарды», - деді басқарма басшысы.Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандары балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында күнделікті сот процестеріне қатысады.Мәселен, өткен жылы 1300-ден астам осындай сот процестері өтті. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта мамандар балаларды тәрбиелеуге, асырап алуға, қарым-қатынас тәртібін айқындауға, балалардың тұрғылықты жеріне, ата-ана құқығынан айыруға және шектеуге, балаларды іріктеп алуға байланысты мәселелер бойынша, басқа соттарда (қылмыстық, экономикалық, әскери, азаматтық істер бойынша ауданаралық, апелляциялық сатыдағы, әкімшілік) мәселелер бойынша отырыстарға қатысады, онда кәмелетке толмағандардың мүдделері қозғалады.Атап өтерлігі, заңнамада балалармен қарым-қатынас жасау тәртібіне қатысты ата-аналар арасындағы дауларды сотқа дейін шешу қарастырылған. Осылайша, өткен жылы қорғаншылық және қамқоршылық органы бөлек тұратын ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас тәртібі туралы 400-ден астам қаулы шығарды.2024 жылы қорғаншылық және қамқоршылық органының мамандары жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың тұрмыс жағдайын тексеру үшін 1200-ден астам аралау жүргізді.Бұл ретте бір жыл ішінде 10 мыңнан астам өтініш қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/924610
«Рекордтар каруселі»: Ақмола облысы елордаға сүт өнімдерін жеткізуді 50%-ға дейін арттыруды көздейді 25.01.2025
Ақмола облысы сүтті мал шаруашылығында инновацияларға басымдық беріп, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу арқылы биік мақсаттарға қол жеткізуді жоспарлап отыр. Целиноград ауданының «Родина» агрофирмасында Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ сауу цехының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғалий Бердалин және облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан қатысты.DeLaval швед бренді ұсынған роботтандырылған сауу каруселі жүйесі 5 сағат ішінде 2000 сиырды саууға қабілетті және бір уақытта 80 сиырды қабылдай алады. Бұл жүйені бір ауысымда бар болғаны 12 қызметкер басқарады, осылайша оператордың еңбегі барынша азаяды. Сондай ақ күн сайын әр қара мал отыз литрден астам сүт берсе, бүгінде бұл көрсеткіштің рекордын 86 литр сүт берген сиыр орнатты. Шаруашылықта жануарлардың жайлылығына ерекше көңіл бөлінген. Атап айтар болса, тұяқтар мен желіні өңделеді, арнайы датчиктер сиырлардың тамақтану рационын қадағалап, олардың денсаулығын бақылауға мүмкіндік береді.Айта кету керек, кешеннің іске қосылуы – Мемлекет басшысының өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70%-ға дейін арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырудағы маңызды қадам.«Біздің алдымызда сүт өнімдерін елордаға жеткізуді 50%-ға дейін арттыру міндеті тұр. Бұл үшін өңірде жаңа өндірістер құрылып, қолданыстағылары кеңейтілуде. Инвестициялық жобаларды жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы тиімді қолдау құралына айналды», – деп атап өтті Мұрат Балпан.Аталған шаралар Ақмола облысына тауарлық сүт өндірісін 40 мың тоннаға немесе 1,5 есеге, 90 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл өсім өңірге елорда тұрғындарын 50%-ға сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге жол ашады.Өткен жылы өңірде жалпы саны 4,9 мың бас малға арналған бес ірі сүт-тауарлы ферма құрылды. Биыл өңірде тағы 1,2 мың басқа арналған 2 ферма іске қосу жоспарлануда. Бұл – Ақмола облысының тауарлы сүт өндірісін 1,5 есеге арттырып, астаналықтарды сапалы әрі экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған алғашқы қадамдар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/924590
Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Bett Show 2025 көрмесінде Ұлыбританиямен инновациялар мен ынтымақтастықты талқылады 25.01.2025
Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Bett Show 2025 көрмесінде Ұлыбританиямен инновациялар мен ынтымақтастықты талқыладыҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Bett Show 2025 көрмесіне қатысу аясында жоғары білім беруді дамытуға және ғылыми зерттеулерге арналған ресми кездесулер өткізді.Жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Ұлыбританияның ресми тұлғаларымен кездесулер өтті.Атап айтқанда, Министр Саясат Нұрбек Ричмонд герцогы Чарльз Генри Гордон Леннокспен, сондай-ақ Еуропа және Солтүстік Америка істері жөніндегі мемлекеттік министр Стивен Доути мырзамен кездесті.Инновациялық жобаларды қолдау, елдер арасында әріптестік бағдарламалар құру, сондай-ақ білікті мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бастамаларын дамыту мәселелеріне басты назар аударылды.Кездесулер нәтижесінде екі тарап та мемлекеттердің мүддесі үшін жоғары білім мен ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған нәтижелі әріптестікке дайындықтарын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/924605