Жаңалықтар
ҚР ИДМ-ДЕ АЭА БОЙЫНША ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ЖАҢАЛЫҚТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ 10.04.2025
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында «Арнайы экономикалық және индустриялды аймақтар туралы», сонымен қатар, «Арнайы экономикалық және индустриялдық аймақтар, инвестиция тарту, экспортты ілгерілету мен дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларына енгізілген жаңалықтарға арналған баспасөз мәслихаты өтті.Журналистердің сұрағына ҚР ИДМ Инвестиция комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов жауап берді.Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, негізгі Заң жобасының аясында АЭА құру мәселелері мен олардың қызметінің басым түрлері; АЭА басқарма органының қызметін қаржыландыру; АЭА-ты басқару өкілеттілігін анықтау; ИА-тың құрылуы, қызмет түрлері мен жұмыс істеуі (республикалық, өңірлік, жеке және шағын индустриалды аймақтар) реттеледі.Ілеспе заң жобалары Салық, Жер және Кәсіпкерлік кодекстеріне түзетулер енгізуді қарастырады. Салық кодексіне енгізілетін түзетулер келесі мәселелерді қамтиды:- Белгіленген әр АЭА-дағы басым бағыттарды талдап тексеруді жою;- АЭА-на қатысушылардың жалпы кірісінің құрылымына қойылатын талаптарды өзгерту;- «ИТП» АЭА үшін әлеуметтік салық бойынша жұмыс істемейтін жеңілдіктерді жою;- АЭА-ның нысандары аяқталмаған жер учаскелері бойынша салық жеңілдіктерін қолданбау;- АЭА территориясында іске асырылатын тауарларға салынатын артық ҚҚС-н қайтарудың мүмкін еместігі туралы шешім;- Инфрақұрылымды құру кезеңінде жаңадан қатысушылардың АЭА-на қол жетімділігін шектеу;- АЭА басқару компаниялары үшін салық жеңілдіктерін кеңейту;-АЭА территориясынан тауарларды экспорттау үшін кедендік жеңілдіктерді кеңейту;Жер кодексінде АЭА және ИА үшін жер учаскелерін алудың жеңілдетілген тәртібін регламенттеу, яғни, мүмкіндігінше қысқа мерзімде әрі аз процедуралар қарастырылған. АЭА және ИА аумағындағы жер учаскелерін игерудің мерзімі мен талаптарын анықтау процедураларын регламенттеу арқылы мақсатты түрде пайдаланылмаған жер учаскелерін мәжбүрлеп тартып алу процедуралары енгізілетін болады. Сондай-ақ, АЭА және ИА қатысушылары үшін жер учаскелері «бір терезе» қағидаты бойынша беріледі.Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы іс-қимылдың жалпы мәселелерін реттейтін Кәсіпкерлік кодексінің нормалары қайта қарастырылады. Оның ішінде, индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау мәселелері, салалық заңнамаға сүйене отырып, уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылаудың болуы туралы норманың мақсатсыз болуына сәйкес оны алып тастау көзделеді.Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Заң жобалары Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілді.Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылғы 6 маусымдағы ҚР Үкіметінің отырысында мүдделі мемлекеттік органдармен, өңірлік әкімдіктермен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, Министрлік әзірлеген арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамытудың жаңа бағыттары қолдау тапты.2017 жылғы 3 шілдедегі Ведомствоаралық комиссия отырысында «ҚР арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар туралы» және «Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар, инвестиция тарту, экспортты дамыту және ынталандыру туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларының тұжырымдамалары мақұлданды.Анықтама.Бүгінгі таңда АЭА территорияларында жалпы сомасы 650 млрд. теңгеден асатын 160 инвестициялық жоба жүзеге асты. Оның 20%-ы шетелдік инвестиция есебіне іске асты.АЭА алаңында 11 мың 600-ден астам адам жұмыс істейді. АЭА территориясындағы өндіріс көлемі 1,4 трлн. теңге. Мұнда 30-дан астам жаңа өнім түрлері шығарылады. Қосымша 15 мың тұрақты жұмыс орыны құрылып, 150 жоба іске қосылатыны ұсынылды. Бөлінген 275 млрд. теңгенің 110 млрд. теңгеден астамы салық түсімі ретінде бюджетке қайтарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10959?lang=kk
Борышкерлер тізіміне еш негізсіз түссеңіз не істеу керек? 10.04.2025
Құрметті оқырмандар, Әділет министрлігінің борышкерлер тізіміне екі жағдайда ғана негізсіз түсуге болады:1) борышкер атқарушылық іс жүргізу бойынша міндеттерін орындап, сот орындаушысына төлеу туралы квитанция сынды растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда;2) қате мәліметтер енгізілген жағдайда (аты-жөні, тегі, туған жылы).Егер бірінші жағдай орын алса – қарыздың жабылғанын растайтын құжат қажет, ал екінші жағдайда жеке куәліктің көшірмесі керек.Сондай-ақ, үйден шықпай-ақ болған жайт туралы министрліктің ресми сайтына www.adilet.gov.kz хабарлау керек немесе аумақтық әділет органына жүгіну қажет. Қате мәліметтер міндетті түрде тез арада жойылатын болады.Егер сот орындаушысы жіберген қателіктің салдарынан Сіз қаржылық немесе моральдық шығындарға ұшырасаңыз, залалдың орнын толтыру үшін сотқа шағымдануыңызға болады.Адамдардың аты-жөнінде де тегінде де сәйкестіктер кездесетін жайттар көп емес. Соңғы 3 жылда шамамен 4 оқиға тіркелген. Яғни жүйеге қате мәліметтерді енгізу ықтималдылығы әлі де орын алып отыр. Бұндай олқылықтардың алдын алу үшін министрлік қазіргі таңда тиісті жұмыс атқаруда. Шараны автоматтардыру мақсатында сот орындаушысы тізімге борышкерге қатысты ақпаратты өзі енгізбес үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі уақытта атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімінде 1,5 млн адам тіркелген. Ол тізімге олар өндіріп алушының алдында ерікті түрде өз міндеттерін орындамағаны үшін түседі.Борышкерлер тізіміне енбеу үшін азаматтарға, бірінші кезекте өздеріне тиісті міндеттерді ерікті түрде орындау қажет. Екіншіден, жиі болмаса да, арасында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми сайтына (http://pravstat.prokuror.kz/rus)немесе ҚР ІІМ сайтына (http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD) кіріп, тексеріп тұру қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/10946?lang=kk
Жаңа тағайындаулар 10.04.2025
Аппараттық кеңесте облыс әкімі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының уақытша басшысы лауазымына бұрын Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған Ардақ Райымбековті, сондай-ақ ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Ернұр Дәуеновті тағайындады. Жаңа ведомствоға білім беру басқармасынан келді, біраз уақыт аталған басқарма басшысының міндетін атқарған.Бұдан басқа, аймақ басшысы құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын екі тәуелсіз органға бөлінетіндігі туралы атап өтті. Тек құрылыс мәселелері бойынша жетекшілік ететін басқармаға Рүстем Раисов тағайындалды. Бұған дейін ол жойылған мемлекеттік мекеме басшысының міндетін атқарған. Ал екінші жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Қанат Кашкиров тағайындалды, осы уақытқа дейін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы қызметін атқарған. Сонымен қатар Болат Бақауов облыс қаржы басқармасының басшысы Ильдар Хасеновтың Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы қызметіне ауысатындығын мәлімдеді. Аймақ басшысы Ильдар Хасеновке атқарған жұмысы мен облысты дамытудағы үлесі үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/10936?lang=kk
Дін қайраткерлері қазақстандықтарды Астананың 20 жылдығымен құттықтады 10.04.2025
Астана – халықаралық диалог орталығы. Бас қала бейбітшілік пен келісімнің қаласы деген атауға лайықты. Мұндай мәлімдеме бүгін Астанада өткен Қазақстанның діни бірлестік өкілдерінің кезектен тыс жиналасында айтылды. «Астана – бейбітшілік пен келісімнің рухани орталығы» тақырыбындағы дін өкілдерінің жиналысы Қазақстан Республикасының бас қаласы Астананың 20 жылдығына орай өткізілді. Шара ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаевтың төрағалығымен өтті. Шараға діни бірлестіктердің жетекшілері, теологтар мен сарапшылар қатысты.Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев Астананың жеткен жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті.«Жаңа Астананың дамуы тұтастай алғанда барша Қазақстанның өзгеруіне әкелді, еліміз экономикалық қуатты, саяси тұрғыдан алғанда тұрақты, жауапты және беделді халықаралық серіктеске айналды», - деді комитет төрағасы.2003 жылдан бері Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізіліп келеді, бұл әлемдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға септігін тигізеді.Еліміздегі діни бірлестік өкілдері Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу бүкіл әлемдік қауымдастық алдында қоғамды біріктіру және жалпыұлттық консенсустың үлгісін көрсететінін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның діни бірлестік өкілдері елорданың 20 жылдығына орай Қазақстан халқына құттықтауларын жолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/din/press/news/details/10927?lang=kk
8 шілде. Алматы әкімдігі дағдарысқа қарсы қосымша шараларды қабылдауда 10.04.2025
Бүгін Алматыда Мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, онда қаланың 2016 жылғы бюджеті нақтыланды.«Алматы-2020» даму Бағдарламасының 7 тұжырымдарын жүзеге асыру және бұрыннан бар проблемалық мәселелерді шешу үшін қала бюджетінен 13 млрд. 122 млн. 414 мың теңге бөлу ұсынылды.Бюджетті нақтылау барысында қалада жұмыс орындарын көп ашуға ерекше көңіл бөлінді.«Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР-ның Үкіметі экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік инвестицияларды арттыру шараларын қабылдауда. Маңызды екі міндет бар, олар - бұрынғы жұмыс орындарын сақтау, жаңаларын ашу және халықтың табысқа жетуіне ықпал ету», - деп атап өтті әкім.Бюджетке өзгеріс енгізу барысында қалалықтардың әлеуметтік сұраныстарына да үлкен мән берілді.«Өздеріңіз білесіздер, үздіксіз жауған нөсер жаңбар қаланың арық жүйесіндегі олқылықтарды ашып берді, олардың 50%-ы қанағаттанғысыз жағдайда. «Алматы-2020» даму Бағдарламасының «Қолайлы қала» атты алғашқы тұжырымындағы «Таза қоршаған орта» бағыты бойынша алдағы уақытта ұзындығы 18,2 км. арық жүйесі қайта жасалады, оған жұсалатын қаржы көлемі 495 млн.теңгеден астам, сонымен қатар, 194 км арық жүйесін жүргізудің ЖСҚ жасалып, 72 км арық желісі жаңарады, оның қаржылық құны - 95,4 млн. теңге. Жалпы, бұл жұмыстардың барлығы қалағақослыған аудандарда жүзеге асады, соның арқасында нөсер жауын кезінде су басып қаупі жойылып, қала тұрығдарына жақсы жағдайлар жасалады», - деп атап өтті өзінің баяндамасында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Мақсат Қиқымов.Әкім қалаға қосылған аудандардың арық жүйесін жаңарту басты назарда екендігін жеткізді.«Нөсерлі жауын бірқатар проблемаларды ашып берді. Бұрын бар арықтарды инвентаризациялау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, проблемалы учаскелер анықталды, алдағы уақытта олқылыктардың орнын толтыратын боламыз. Алатау және Наурызбай аудандарындағы арық желілерін жөндеу және қайта жасау үшін біз қажетті жобалық- сметалық құжаттарды дайындауға тиіспіз, өйткені бұларда арық желісіне қатысты инфрақұрылым болмаған. Демек, бұл мәселені біз жүйелі түрде шешуге тиіспіз», - деп атап өтті мегаполис басшысы Бауыржан Байбек.38 саябақ пен скверлерде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 303,4 млн.теңге бөлу жоспарланған. «Думан» ықшам ауданынан жаңа зират үшін бөлінген 92 га жерді тиісті ретке келтіру үшін 37,4 млн.теңге, ал Шығыс айналма жолына 3 045 ағаш отырғызу үшін 29,8 млн.теңге қарастырылған.Бұлардан өзге, орындықтар, балалар алаңдары үшін урналар мен қондырғылар қою, қаланың алты ауданындағы 290 аула ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2 030 млн.теңге бөлінеді. Көше жарығын жаңалау және қайта жасауға 1,2 млрд.теңге қарастырылған.«Әлеуметтік бағыттағы қала» тұжырымы негізінде әлеуметтік саланы дамытуға 3 млрд. 788 млн.теңге бөлінеді. Жекелеген азаматтар мен онконауқастарды қажетті дәрімен қамтамасыз ету үшін денсаулық саласына 1,6 млрд. теңге бөлінеді.Білім саласын дамыту, оқу сапасын арттыру, білікті кадрлармен қамтамасыз етуге жұмсалатын қаржы көлемі - 721,2 млн.теңге.Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне, Ардагерлер үйінің вентиляция жүйесін жөндеуге, "Инватакси" қызметіне ақы төлеуге 139,6 млн.теңге бөлінеді.Газ жеткізетіндер ақы көлемін өсіріп отыр, соның салдарынан қала бойынша жылу тарифі 8,3%-ға өсті. Сондықтан жергілікті бюджет есебінен тұрмысы төмен отбасыларға жеке адрестік көмек көрсетілді.2 мектептің, №9 емхананың, Психологиялық орталықтың сейсмикалық қуатын арттыратын қосалқы нысандар салуға 977,8 млн.теңге бөлінді. «ТҮКШ-тың сенімді инфрақұрылымына» қосымша 2,4 млрд. теңге, сапалы су жүйесін қамтамасыз етуге 1,3 млрд. теңге қарастырылған, осының арқасында Қарғалы өзенінің жағалауына қатысты 2 обьектінің және 6 учаскені қайта жасаудың ЖСҚ жасалады. Б. Шолақ атындағы Спорт сарайының электр желілерін жаңартуға, Түрксіб ауданындағы 43 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етуге 220,7 млн.теңге, «ИТК» АЭА-ның инфрақұрылым құрылыстарын аяқтауға 242,2 млн.теңге бөлінеді. Елді мекендерді газдандыруға 542,5млн.теңге қарастырылған. Қазіргі кезде тұрғындардың 95%-ы газбен қамтамасыз етілген. Бөлінген қаржы есебінен 39 км жерге газ желісі тартылып, 794 абонент газ қосылған.«Біз бүгін қаржы бөлуді қолдау отырмыз.Жаңадан салынған «Ерменсай» қосалқы станциясы бар, ол небәрі 17 %-ға қамтылған, бірқатар желіні соған аударатын боламыз. Бұл - қаланың энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды әрі үлкен жоба», - деп атап өтті Б.Байбек.«Қауіпсіз қала» тұжырымының «Қоғамдық қауіпсіздік» бағыты бойынша әрі ҚР Президентінің қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күшейту, террорлық қауіптің алдын алу және жедел іске кірісетін арнайы бөлімшенің 75 қызметкері тұратын жиналмалы-құрастырмалы казармалық типтегі нысан үшін 736,7 млн.теңге, ТЖ ескертулеріне және тұйық сулардың деңгейін төмендетуге қатысты 10 насос бірлігін алу үшін 63,8 млн.теңге қарастырылған.2017 жылғы Универсиаданы өткізу үшін қосымша 695,8 млн.теңге бөлінеді, оның ішінде 450 млн теңгеге 25 қаргенераторларын, қауіпсіздікті күшейту және портативті детекторлы жарылғыш заттарды алу үшін 222,5 млн.тенге, FISU-дің наивгациялық тақтайшаларын орнату үшін 55,2 млн.теңге қарастырылған.Осылайша, Алматы қаласының 2016 жылғы бюджеті 382 млрд. 304 млн. 308,2 мың теңгені құрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10926?lang=kk
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы Бастауыш партия ұйымының сайланбалы партия жиналысы өткізілді 10.04.2025
Жиналыс барысында Бастауыш партия ұйымының Бюросын, төраға мен төрағаның орынбасарын, сонымен қатар «Бірлік» филиалының конференциясына делегаттарын сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша бірауыздан шешімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Жұмабеков Арман Дайырұлы Бастауыш партия ұйымының төрағасы болып сайланып төрағасының орынбасары Өразғұлов Ақылбек Сарбайұлы болып сайланды.Бастауыш партия ұйымының Бюро құрамына Жұмабеков Арман Дайырұлы, Оразғұлов Ақылбек Сарбайұлы, Айдапкелов Нұрболат Серғаліұлы, Майтиев Азамат Бақдәулетұлы, Әмрин Азамат Кеменгерұлы, Қазанбаев Ержан Қалдыбайұлы, Керімрай Данабек Алтынбекұлы, Жамбайбек Дәурен Каленұлы, Шәйкәмал Ақбота Өмірсерікқызы сайланған.Сонымен қатар, сайланбалы партия жиналысына «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының орынбасары Қожахметов Шынғыс Шопанұлы қатысты.Жиналыс қорытындысы бойынша бастауыш партия ұйымының төрағасы жұмысты, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Көшбасшысының қойылған міндеттерін жандандыру мен күшейту туралы тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10925?lang=kk
ҚАЗАҚСТАННАН НОРВЕГИЯҒА АСТЫҚ ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ 10.04.2025
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Келісім жобасымен автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін құқықтық норма орнатылады. Осы құжатқа сәйкес, екіжақты транзиттік тасымалдар, сонымен қоса үшінші елдерден немесе үшінші елдерге тасымалды рұқсат беру негізінде жүзеге асырылады. Аталған шарттар отандық тасымалдаушылар үшін тиімді. Өйткені қазіргі уақытта екі ел арасындағы жүк тасымалдарын үшінші елдердің өкілдері, яғни Беларусь және Ресей көлік компаниялары іске асыруда»,-деді министр «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстыру барысында.Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы Қазақстан мен Норвегия арасында автомобильмен жүк тасымал көлемі 53 пайызға ұлғайды.Бұдан бөлек, заң жобасын талқылау барысында министр аталған елмен жүк тасымалы деңгейін арттырудың болашағы зор екенін атап өтті.«Бүгінде тауар айналымында артықшылық бар, яғни негізінен бұл балық өнімдеріне байланысты. Осыған дейін бізде астық тасымалдауда жақсы көрсеткіш болды, бұл өнім темір жол көлігімен жеткізіліп жүр. Алайда өткен жылы астық көлемі біршама төмендеді. Бүгінде біз Норвегияға қазақстандық астықты жеткізу көлемін жандандыруды бағытында жұмыстарды жүргізіп жатырмыз»,-деді Ж. Қасымбек.Оның айтуынша, жүк Санкт-Петербордың портына дейін жеткізіліп, ары қарай пароммен Норвегияға өтеді. «Жылдың қорытындысы бойынша сауда теңгерімі қайта қалпына келеді деп үміттенеміз»,-деді ол.Ақпарат көзі: http://www.kazinform.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10924?lang=kk
Алматы әкімдігі тротуарларды жаяу жүргіншілерге қайтаруда 10.04.2025
Мегаполис басшысы Қалдаяқов көшесінің шығысына қарай Гоголь мен Әйтеке би көшесі арасындағы тротуарды қалпына келтіруді тапсырды, мұнда нысанның меншік иелері жаяу жүргіншілерге кедергі келтіретін көлік тұрағын жасап алған.Тиісті басқармаға қоғамдық аймақты көлік тұрағына айналдырған Абдуллин мен Гоголь көшелері бұрышындағы құрылысты салып жатқандарға қатысты шара қолдану тапсырылды. Жаяу жүргіншілерге басымдық бере отырып аталған аймақты көріктендіру жұмыстарын құрылыс компаниясы өзінің жеке қаржысы есебінен атқаратын болады.Ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде Гоголь көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Орталық мәдениет және демалыс паркіне дейін абаттандыру жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жүргінші қозғалысын қиындататын заңсыз қрлысытардың барлығы алынады. Айта кетерлігі, бұрын Қалдаяқов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі учаске жөнделген еді.Биылғы жазда Алматыда 150-ден астам көше, 30 км тротуар мен 600 аула қайта жасалады. Жер асты өтпелі жолдардың барлығы күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салу жоспарланған. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге қаланың бірқатар негізгі даңғылдары жаңарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10922?lang=kk
5 шілде. Астана күніне орай Алматыда бірқатар нысандар ашылды 10.04.2025
Бала бақшасы мен әлемдік брендтегі қонақүйдің ашылуына Алматы әкімі Бауыржан Байбек қатысты.Мегаполистің Әуезов ауданында мемлекеттік-жеке әріптестік аясында салынған бала бақшаның көлемі 1,6 мың кв.м. Әкім бұл шараның әлеуметтік маңызын атап өтті. Ауданның халық тығыз орналасқан аумағындағы бұл бала бақша алғашында 180 балдырғанды қабылдайды, қабылдаулар кейін де жалғасады. Осы мекменің ашылуы арқасында 45 жаңа жұмыс орны ашылды, мұнда 25 ұстаз сәбилерге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәріс береді.Атап өтерлік жайт, тәрбиеленушілердің тең жартысының ақысы арзанға түседі, «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының арқасында бүлдіршіндер ақысының бір бөлігін мемлекет төлейді.Дәл осы күні қала басшысы Медеу ауданында орналасқан 4 жұлдызды әлемдік брендтегі «Shera Park Inn» қонақ үйінің ашылуына да қатысты, оның көлемі 15 мың кв.м, нөмір саны – 190. Алматы әкімі алдағы Унивесриада 2017-нің қарсаңында мұндай мейманаханалардың ашылуы өте тиімді екендігін айтты. Жаңа қонақүйдің арқасында 80 жұмыс орны ашылды.Атап өтерлік жайт, мұндай мейрамханалар қонақ үйлер бизнесінде бәсекелестікті қалыптастырып, қызмет көрсету сервисін жақсартады.Аталған бұл нысандарды салуда отандық кәсіпорындардың құрылыс материалдары пайдаланылды.Ақпараттық хабарлама: Қалада кіші және орта бизнестің үлес салмағы артып келеді. Алматы да КОБ-тің 185 000 -нан астам субъект ісі тіркелген. Бұларда 580 000 адам жұмыс істейді. Өткен жылы КОБ шығарған өнім көлемі 4,2 трлн. теңгеге жетіп, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,1% -ды құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10915?lang=kk
ДСҰ Бас директорының орынбасары Алан Вулф Халықаралық бизнес университетінде (UIB) дәріс оқыды 10.04.2025
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Бас директорының орынбасары Алан Вулф ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Алматы қаласына келу барысында Халықаралық бизнес университетінде (UIB) дәріс оқыды. Лекцияның негізгі тақырыбы ДСҰ-ның қарқынды дамып келе жатқан заманауи әлемде алатын рөлі туралы болды. ДСҰ бүгінгі таңда өзекті болып табылатын, сауданы шектейтін протекционистік шаралардың өсуі, қаржы дағдарысы, электронды сауда, қоршаған ортаны қорғау сияқты мәселелерді талқылайтын маңызды алаңы болып табылады. ДСҰ-на мүше-елдер, қазіргі заманғы шындықтар Ұйымнан иілімді де заманауи шешімдер қабылдауды талап ететінін, түсінуде. Осыған байланысты ДСҰ мүше-едердің көпшілігі жоғарыда аталған мәселелерге қатысты институциональдық өзгерістерге, саяси еркіндіктерін білдіруде.Өз сөзінде Алан Вулф Қазақстанның ДСҰ жұмысына белсене қатысып отырғанын ерекше атап өтті. Еліміздің ДСҰ-ның жас мүшесі болып табылатынына қарамастан, Қазақстан ДСҰ жұмысына, атап айтқанда техникалық ынтымақтастықты ұйымдастыру жұмысына қомақты үлес қосуда.Биыл Қазақстан ДСҰ-ның қызметтерді саудалау ережелерін әрі қарай реформалау жөніндегі келіссөздер тобына жетекшілік жасауда. Қызметтер нарығының сауданың өсуі үшін әлеуеті орасан зор, тиісініше осы салада сауданы ырықтандыру ДСҰ-ға мүше барлық елдің экономикалық өсуіне серпін бере алады.Бас директордың орынбасары, ДСҰ атынан Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа елдеріне арналған ДСҰ-ның Аймақтық сауда саясатын жүзеге асырудағы жемісті серіктестігі үшін, UIB-ге алғысын білдірді. Аймақтық курстарға 70-тен астам мемлекеттік қызметші қатысты және осы саладағы білімін арттырды. Қорытындылай келе, ол ДСҰ-ның 12-ші Министрлер Конференциясын өткізуші ел ретінде сайлануына байланысты халықаралық сауда жүйесінде Қазақстанның ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Министрлер конференциясы маңызды шешімдер қабылдайтын, әлемнің барлық елдерінің сауда саясатына әсер ететін ДСҰ-ның жоғары басшы органы болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10911?lang=kk
ҚР ИДМ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ШЕКТІ ТАРИФТЕР ДЕҢГЕЙІН БЕКІТТІ 10.04.2025
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ өтінімін қарау қорытындысы бойынша 2017 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енетін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде реттелетін қызмет көрсетулер туралы 2017-2021 жылдарға арналған тарифтердің шекті деңгейлерін бекітті.Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша реттелетін қызмет көрсетулер тарифтерінің көтерілуі келесіні құрады: кәсіпорынның өтімге шыққан 145,7% и 131,8%-нан ішкі әуе желілері (тұрақты) үшін – 36,7%, ішкі әуе желілері (тұрақты емес) үшін – 21,9%. «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тарифтері 2010 жылдан бері қайта қаралмаған.Заманауи тексеру құралдарымен қайта жарақтандыру инвестициялық бағдарламасын іске асыру, қызметкерлер санының көбеюі және орташа жалақының индексациялануы, сонымен қатар өндірістік шығындардың көбеюі (шикізат, материалдар, отын, электрэнергиясы) тарифтердің өзгеруіне себеп болып отыр.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетімен бірігіп бекітілген «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестициялық бағдарламасында екі проекциялық рентген телевизиялық құрылғысы, жарылғыш және есірткі заттардың портативті және үстел үсті талдауышы, химиялық, жауынгерлік уландырғыш заттардың және уытты өнеркәсіптік заттардың портативті (қол) талдауышы, стационарлық арқалық металл детектор, қол металл детекторы, автоқорғауыштар және жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобиль сатып алуды қарастырады.Аталған шаралар маңызды мекемелерді, халық көп шоғырланатын нысандарды қорғауды күшейту қажеттілігі бойынша Елбасының тапсырмасына және ICAO стандарттарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді.Рейс құнының құрылымында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындары шамамен 0,1-0,3% құрайды.Бекітілген тарифтер авиабилет құнына айтарлықтай әсер етпейді.Утвержденные тарифы окажут незначительное влияние на стоимость авиабилетов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10882?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТАЛДАУҒА ҮЙРЕТТІ 10.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрлігіндегі жалпы құқықтық окыту бойынша «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері» тақырыбында семинар өтті.Лекция барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің критерилері мен әдістері және талдау анықтамаларын жасау, оған қоса анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар талқыланды. Сонымен қатар, талдау жүргізу көрсеткіштерінің критерилері (бақылау-қадағалау функцияларының, қаржы қорының айналымының болуы, мемлекеттік қызмет көрсету, персоналды басқару) түсіндірілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді сапалы орындау әдістеріне баса назар аударылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10880?lang=kk
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДА 18 ІРІКТЕМЕ ТЕКСЕРІС ӨТКІЗІЛДІ 10.04.2025
Қызылорда облыстық әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 2018 жылдың 1 жартыжылдығы қорытындысы бойынша ТРМК департамент директоры Ерқанат Кеулімжаев баспасөз өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.2018 жылдың 1 жартыжылдығы қорытындысы бойынша Департамент барлығы 18 іріктеме тексеріс жүргізді. Оның 11-і барысында заң бұзушылықтар анықталды (61,1%). Тексерістердің нәтижесі бойынша 11 әкімшілік құқық бұзушылық істері қаралып, барлығы 2922,1 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынды. Тексерулер қорытындысы бойынша қолдануға жарамсыз 83 дана өлшем құралдарын пайдалануға тыйым салу жөнінде 11 ұйғарым берілді.Департаменттің 2018 жылға бекітілген жоспарына сәйкес департамент мамандарымен жыл басынан аймақтағы тауар өндіруші және қызмет көрсетуші кәсіпорындарда, ірі сауда орталықтары мен базарларда, облыстың барлық аудандарында: кәсіпорындарда сапа менеджмент жүйесін енгізу, техникалық реттеу және метрология жүйесі талаптары, өнімдерін катологтау, Кедендік одақ аясындағы техникалық реттеу саласындағы келісімдер, стандарттау саласындағы жаңадан енгізілген нормативтік құжаттар, Еуразиялық Экономикалық Одақтың техникалық регламенттерінің жобалары, ұлттық және мемлекеттік стандарттар және басқа да қабылданған нормативтік құжаттарды қалың көпшілікке таныстыру, талдау, түсіндіру мақсатында облыс кәсіпкерлерінің, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 2018 жылдың 1 жартыжылдығында 13 оқу семинарлары, конференциялар және 12 «дөңгелек үстел» өткізілді.Департамент мамандарымен облыстың өнім өндіруші кәсіпорындары арасында шығарылған өнімдерді каталогтау жүйесіне енгізу жөнінде жұмыстар ұдайы жүргізілуде. Атқарылған жұмыстарға сай, облыс кәсіпорындары шығарған 107 түрлі өнім өнімдердің катологтау жүйесіне енгізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10874?lang=kk
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Гүльмира Әубәкірова Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарында мемлекеттік қызмет туралы заң талаптарын орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп ережелері туралы түсіндірді.Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды және мемлекеттік қызметтен өту мәселесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілігіне қойлатын негізгі талаптар және мінез-құлықтың негізгі стандарттары сөз болды.Гүльмира Әубәкірова мінез-құлықтың жалпы стандарттарын, қызметтік қатынастардағы, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына сұқбат беру кезіндегі мінез-құлықтарға байланысты айтып өтті.Сондай-ақ, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу мақсатында, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп салалық қауымдастықтармен семинар ұйымдастырылды.Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірлескен шараларды әзірлеу туралы әңгіме өрбіді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10848?lang=kk
Жобалау ісі 10.04.2025
Павлодар облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған жобалық кеңсесінде аймақ басшысы Болат Бақауов менеджерлердің жұмысын бағалап, жаңа мұражай салу туралы мәселе көтерді.44 жобаға жетекшілік ететін аймақтық жобалар кеңсесі екінші ай жұмыс жасауда. Аймақ басшысы алдында бірнеше жобаның тұсауы кесілді. Солардың бірі – мектеп түлектері өз білім ордаларына демеушілік көмек көрсеткен «Мектебіме тағзым» акциясы. Бірнеше ай ішінде 500 демеуші 93 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетті. Облыс әкімі аталған жобаның маңызды екенін, сонымен қатар жобаны оқу жылы бойы жалғастыру керектігін атап өтті.– Егер мектеп өзінің ауқатты түлектеріне демеушілік көмек көрсету бойынша жүгінсе, оның ешқандай ұяттығы жоқ, — деді Болат Бақауов. — Аталған акцияны кем дегенде бір оқу маусымы немесе бір жыл бойы жалғастыру керек. Осылайша Тереңкөл ауылындағы № 1 мектептің қосымша құрылысын жүзеге асырмақпыз.Сонымен қатар аймақ басшысы Павлодар қаласында жаңа музейдің қажеттігін және оны салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Облыс орталығына Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі жеткілікті ме, тағы бір мұражай салу мәселесін қарастыру қажет. Бәлкім ол қаланың тарихи нысандары көбірек орналасқан ескі бөлігіне салынады, – деді Болат Бақауов.Ұсынысты Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының директоры Роза Игібаева қолдады. – Шынымен де қаламызға үлкен мұражай керек, – деді директор. – Алайда оның концерт залы және компьютерлік, дәріс беру кабинеттерімен жабдықталған заманауи ғимарат болғаны дұрыс. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/10822?lang=kk
23 маусым. Алматы әкімдігі мен Алматы қалалық соты өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды 10.04.2025
Бүгін Алматы әкімдігі мен Алматы қалалық соты дау - жанжал мен шиеленісті сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарын енгізу және дамыту туралы меморандумды бекітті.Меморандумға Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай өз қолдарын қойды.Шара барысында Алматы әкімі ынтымақтастық жөніндегі меморандумның басты мақсаты қоғамдық өзара келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету екенін атап өтті.«Дауды соттан тыс реттеудің бір әдісі - медиация. Бұл тәсіл бізге ежелден таныс, өйткені сонау тарихи кезеңдерде өзара дау-жанжал мен шиеленісті билер мен ақсақалдар ақылдасып, шешіп отырған. Біздің азаматтарымыз арадағы шиеленісті ушықтырып, сотқа нмесе әкімдікке жүгінеді. Сондықтан, Мемлекет басшысы айтып өткендей, мемлекеттің үш тұғыры бар. Олар- билік, бизнес және азаматтық қоғам. Міне, бұлар өзара түсіністікпен жұмыс істеулері тиіс, сонда нәтиже де жоғары болады», - деді Б.Байбек.Жасалған келісім нгезінде қалалық әкімдік пен қалалық сот тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жандандырып, Алматының аудандық әкімдіктерінде медиация кабинеттерін ашатын болады. Бұл жұмысты одан әрі дамыту үшін үкіметтік емес сектор мен азаматтық қоғамдастық өкілдері кеңінен тартылады.Анықтама:Медиация – дау-жанажал мен кикілжің орын алған жағдайда екі жаққа да пайдалы шешім шығару. Егер елдің әлеуметтік- саяси құрылымы медиацияға негізделсе, онда азаматтық институттар жақсы дамыған деген пікір ежелден қалыптасқан. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10814?lang=kk
ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА 361 ҮЛГІДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОСПАЛАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІНДІГІ АНЫҚТАЛДЫ 10.04.2025
Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Алматы қаласы бойынша ҚазСтИн» РМК Филиалымен бірлесе отырып азық-түлік қоспалары, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдарының қауіпсіздігін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстел жұмысына «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ, «ҰАО» ЖШС өкілдігі, Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, сәйкестікті растау органдары, сондай-ақ өнім өндірушілер қатысты.Дөңгелек үстел азық-түлік қоспалары, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдарының қауіпсіздігіне бағытталған технологиялық құралдардың негізгі талаптарын түсіндіруге бағытталған.Сонымен, азық-түлік қоспаларын пайдалану, тамақ өнімдерінің органолептикалық сипаттамаларының нашарлауына әкелмеуі тиіс, бұдан басқа «Тамақ өнімінің таңбалау бөлігі туралы» мәліметтерді таңбалау кезінде Кеден одағының техникалық регламентінде көзделген ақпаратты қамтуы тиіс.ҚР ДСМ Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілі Светлана Каштан азық-түлік қоспаларын қолдану бойынша жүргізілген мемлекеттік бақылаудың нәтижелері туралы хабардар етті.Ағымдағы жылдың 6 айында 1143 тамақ өнімдерінің үлгілері сатып алынып, олардың 361 сынамасында қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.Жалпы, ашық диалог өтіп және жемісті пікір алмасу орын алды, өнім өндірушілер өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауаптар мен жұмысқа қажетті ұсыныстар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10811?lang=kk
18 маусым. Алматыда блиц- шахматтан ҚР-ның Тұңғыш Президенті атындағы Евразия Кубогі басталды 10.04.2025
Бүгін Алматыда блиц- шахматтан ҚР-ның Тұңғыш Президенті атындағы Евразия кубогі үшін әлемнің 30 елінің үздік 100 гроссмейстер лері өзара сайысқа түседі. Сонымен, мегаполиске Германия, Болгария, Украина мен Франция, Индия, Люксембург, Испания және басқа да елдердің өкілдері келді.Алқалы жарыстың ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ФИДЕ-нің Халықаралық шахмат федерациясының президенті Кирсан Илюмжинов, шахмат шылар мен қоғам өкілдері болды.Өзінің сөзінде Б.Байбек тұлға ретінде қалыптасуда шахматтың ролі зор екендігін айтты.«Шахмат – адамның мүмкіндіктерін ашатын маңызды ойын. Шахматпен айналысатын бала оқуда үздік, еңбекқор, жігерлі, ойлы, болашағы зор. Шын мәнісінде, шахмат тақтасы - көптеген мәселелерді ойланып шешудің таптырмас жолы. Шахматтан әлем чемпионының бірі формасы жағынан шахмат – ойын, мазмұны жағынан-өнер, күрделілігі жағынан –ғылым деген еді. Мен осынау қағиданы толық қолдаймын», - деді әкім.Халықаралық гроссмейстер Анатолий Карпов Алматыда, жалпы қазақ жерінде шахматтың кең қанат жайғандығын айтты.«Қазақстан Президентінің Кубогі үшін танымал шахматшылардың Алматыға келуінің өзі үлкен оқиға. Алматының шахматтық дәстүрі өте жоғары. Біз мұнда шахматты барлық бағыттар бойынша дамытудамыз, осы жақында білім орталығын аштық. Алматы расында да спорт орталығы, әлемге танымал «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» курортының өздері неге тұрады!. Алматыға келіп, жаңа рекордтарға жетіңіздер», - деді А.Карпов.Жарыс The Ritz-Carlton отелінде, маусымның 18—19 күндері өтеді. Қазақстанға Қытайдан әйелдер арасындағы әлем чемпионы Хоу Ифань алғаш рет келді. Алматыға Европа чемпионы Ян Непомнящий, блицтан үш дүркін әлем чемпионы Александр Грищук, әлем Кубогінің иегері Петр Свидлер, әлем чемпионы Пономарев Руслан (Украина), Касымджанов Рустам (Өзбекстан), Ван Хао (Қытай), Ле Куанг Льем ( Вьетнам), Борис Гельфанд (Израиль), Шахрияр Мамедьяров (Әзербайжан) ат басын тіреді.Жарысқа Австралия, Армения, Қазақстаннан құралған халықаралық арбиторлар бригадасы — Ашот Вардапетян, Флюра Хасанова, Джими Кенмур төрелік жасайды. Кубокты ұйымдастырушылар — Қазақстанның шахмат федерациясы мен академик Шахмардан Есеновтың ғылым мен білім қоры.Шахмат бәсекесіне ардагерлермен бірге еліміз бен Азия чемпиондары болып үлгерген Әсел Серікбай, Назерке Нұрғали, Әсел Лесбекова, Казбек Нөгербек, Рамазан Жалмаханов сынды жас шахматшылар да қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10804?lang=kk
17 маусым. «Кәмелеттік аттестатты Алматы мектептерінің 6810 түлегі алды 10.04.2025
Алматыда жыл сайынғы дәстүрлі «Жас түлек» фестивалі өтті.Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Алтын белгі мен» 254 түлекті марапаттады. Биыл орта білім жөніндегі кәмелеттік атестатты Алматы мектептерінің 6810 түлегі алды.Мегаполис басшысы жиналғандарды оқу жылының аяқталуымен және ҰБТ қорытындыларымен құттықтады. Алматы жалпы білім беруде бесінші рет қатарынан Қазақстандағы ең үздік қала атанды. ҰБТ бойынша қалада орташа балл 96,2, болса, республикада 81,2 балл деңгейінде.«Биыл «Алтын белгі» алуға үміткер 297 алмат ылық түлектің 254 -і немесе 85,5% өздерінің жоғары білімдерін дәлелдеді. Оның үстіне, біздің 6 түлегіміз ең жоғары 125 балла жинап, рекорд жасады. Жалпы, республика бойынша 19 түлек осындай жоғары баллға қол жеткізді, олардың үштен бірі- алматылық оқушылар. ҰБТ қорытындысы бойынша біздің оқушыларымыз бесінші жыл қатарынан республикада бірінші орында келеді. Төккен тердің өтеуі деген, міне, осы!», - деді Б.БайбекБиыл қала әкімінің сыйлығын 10 мектептің педагогикалық ұжымдары алады. Өткен жылы 1,5 мың жас мұғалім мен 500 үздік педагог марапатқа ие болған еді.Естеріңізге сала кетейік, «Алтын белгі» Алматыда 86%-ға дәлелденді, республикада - 51,6%. Әрбір екінші алматылық түлек 100 балл, әрбір оныншы 124 балл, ал 6 түлек абсолютті нәтиже – 125 балл жинады. 125 балл жинағандар - Маткалиева Динара Маратқызы -№ 12 арнайы гимназия, Мейрханова Аружан Ерланқызы, Оспанова Рамзия Рамазанқызы - №159 гимназия, Мазамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы - №169 мектеп- лицей, Мұхамедқали Еркежан Дүйсенқызы - № 175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясы, Түгелбай Фариза Абайқызы - № 178 лицей.«Жас түлек» фестивалі қазақстандық өнер жұлдыздарының концертіне ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10790?lang=kk
ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ СТИВЕН ХОКИНГПЕН КЕЗДЕСТІ 10.04.2025
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және Қазақстандағы British Council ұйымдастырған Ұлттық инновациялар байқауы жүлдегері Исаак Мустопуло атақты физик Стивен Хокингпен кездесті.Балалардың церебралды сал ауруына шалдыққан 15 жастағы Исаак Мустопуло 2015 жылғы «ТДҰА» АҚ мен British Council ұйымдастырған Ұлттық инновациялар байқауының арнайы жүлдесімен марапатталған.Байқаудың мақсаты – халықтың инновациялық белсенділігін арттырып, инновациялық қызметті кеңінен насихаттау.Исаак атақты британиялық физик Стивен Хокингпен 2017 жылдың 4 қазанында Ұлыбританияға оқу-танысу сапары барысында кездесті.Бұл кездесуді «Эйр Астана» компаниясының атқарушы директоры Питер Фостер British Council-мен бірлесіп ұйымдастырды.«Стивен Хокингтің ғылыми ізденістері, ғылымға қосқан үлесі мені әрдайым жігерлендіреді. Адам баласы физикалық жағдайына қарамастан үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынын Стивен Хокинг үлгі етіп көрсетті. Осылайша, мен «Үйлесім теориясы» бойынша көп еңбектендім. Инновация байқауы туралы естігенде, бұл мен үшін өз еңбегімді, қабілетімді көпке көрсететін, мүмкіндігім шектеулі болса да, оның арманыма жетуіме еш тұсау бола алмайтынын дәлелдегім келді», - дейді Исаак Мустопуло.Исаак Ұлыбританияға сапары барысында Стивен Хокингпен кездесуден бөлек Лондондағы атақты Ғылым музейімен, Кембридж университеті және British Council бас кеңсесімен танысты.Жас ғалымның байқауға ұсынған бейнеролигі «Үйлесім теориясы» деп аталады. Бұл бейнероликте Исаак ғарыш аппаратына арналған электр энергиясын өндіру барысы туралы баяндаған, сондай-ақ, Стивен Хокингпен кездесуді армандайтынын айтқан.Жас данышпан байқаудан кейін де ізденісін арттырып, астрофизика және астрономияны зерттей бастады. OYLA атты ғылыми журналымен бірлесіп жұмыс істей бастады. Сондай-ақ, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы өткізген «Астрофизика мен астрономияның бүгінгі мәселелері» атты конференцияға қатысты.2015 жылы «ТДҰА» АҚ мен British Council «Ньютон – Әл-Фараби» және «Эксон Мобил Казахстан» серіктес бағдарламасының қолдауымен оқушылар арасында ең үздік инновациялық жоба байқауын ұйымдастырған еді. Бұл шара ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «ТДҰА» АҚ бастамасымен өткен Ұлттық инновациялар байқауының жалғасы болатын.Естеріңізге сала кетейік, биылғы Ұлттық инновациялар байқауына өтінімдерді қабылдау мерзімін 2017 жылдың 15 қазанына дейін созды.Өтініміңізді «ТДҰА» АҚ ресми сайтындағы http://natd.gov.kz Байқау бөліміне қалдыра аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10784?lang=kk