Жаңалықтар
Спорт және туризм дамытылуда 10.04.2025
Саябақтың жалпы ауданы 540 гектарды құрайды. Болашақта аталған жерде ескекпен есу арнасы, биатлон және триатлон аймағы, олимпиада ауылы және гольф алаңы болмақ. Жоба жасаушылардың айтуынша, аталған жерде ең алдымен арнаның түбін тереңдету және өзен жағалау бекіністерін күшейту жұмыстары жүргізілетін болады. Болат Бақауов су жіберу кезінде су басып кетпеу қауіпсіздігі үшін жүгіруге және веложарысқа арналған жолдарды жөндеуге көңіл бөлу қажет екенін атап өтті.– Қазіргі уақытта өзеннің арғы жағына өту үшін көпір құрылысын аяқтап, топырақ тасуды бастау керек, – деді аймақ басшысы. – Аталған жұмыстарды келесі жылға қалдырмас үшін қыс мерзіміне дейін аяқтаған дұрыс. Жоба жасаушылар қанша топырақ қажет екені көрсетілген есеп беру қажет.Өзеннің арғы жағында күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілмейтінін атап өту керек. Сондықтан олимпиада ауылы жатын және ас ішетін бөлмелері бар ғимараттан тұрады.Аталған жерде ауданы 15 гектарды құрайтын этноауылдың тұсауы кесіледі. Мұнда әр түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларын өткізу жоспарлануда.– Этноауыл үшін ең қолайлы жер таңдалды, атап айтқанда ашық, жан-жағы жасыл желеңге толы, – деп атап өтті облыс сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қақамбетов. – Этноауылдың басты қағидасы қала сыртында болуы, шынымен де бұл жер қаладан жүз шықырым қашықтықта орналасқан секілді.Облыс әкімі этноауылды жайластыру барысында кеспе тастар мен асфальт секілді қаланы абаттандырудың элементтерін пайдаланбаған жөн екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/10781?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ГРУЗИЯ АРАСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ 39,1%-ҒА АРТТЫ 10.04.2025
Қазақстандық тарапты ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, грузиялық тарапты Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Георгий Гахария басқарды. Тараптар Үкіметаралық комиссия екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайтын және шешетін алаң болғанын атап өтті. Қол жеткізілген келісімдер үкіметаралық құжаттар мен бірлескен іс-шараларда айқын көрініс тауып отыр.Үкіметаралық кеңес отырысында сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, ақпараттық технология мен инновация, ғылым, туризм, денсаулық сақтау, электронды өнеркәсіп және тағы басқа да салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Тараптар 2017 жылы өзара сауда өсімінде оң динамика байқалғанын атап өтті. 2017 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналым 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,1%-ға артып, 32,4 млн. АҚШ долларынқұрады.Анықтама:2017 жылдың 7 айында сауда айналым 39,1%-ға өсіп, 32,4 млн. АҚШ долларын құрады.Экспорт – 19,3 млн. долл., өсім 90 % (10,6 млн.долл.).Импорт – 13,1 млн. долл., 1,5%-ға төмен (13,3 млн.долл.).2017 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда грузиндіктердің қатысуымен 221 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген. Олардың 114-і жұмыс істейді.2005 жыл мен 2017 жылдың 1 қыркүйегі аралығында Грузиядан Қазақстанға келген тікелей инвестиция ағыны 39 млн. АҚШ долларын құрады, ал, кері инвестиция 344,4 млн. АҚШ долларын құрады.Тараптар екіжақтың қазіргі сауда-экономикалық ынтымақтастығын қосымша жандандыруға мүмкіндіктер барын атап өтті.Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек өзара экспортты ілгерілетуге және экспорттық-импорттық тізілімді кеңейтуге күш салу керектігін айтты. Мысалы, Қазақстанда тәуелсіздік жылдары жаңа өндірістер пайда болды, жұмыс істеп тұрған зауыттар жаңғыртылды. Бізде халықаралық сапа стандартына сай келетін жаңа өнімдер шығарылып, алыс және жақын шет елдерге сәтті экспортталуда.Қазақстандық тарап электровоздарды, автобустарды және басқа да коммуналдық техникаларды, сонымен қатар, өңделген агроөнеркәсіп кешен өнімдерін, металлургиялық өнеркәсіп пен құрылыс материалдарын және басқа да өнімдерді жеткізу ісін ұйымдастыруға мүдделі.Бұдан бөлек, екі елдің іскерлік ортасының тікелей байланысын қалыптастыру, Грузиядан «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өкілдігін ашу, «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының бағдарламасы бойынша ұзақмерзімді саудалық қаржыландыруды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Екіжақты ынтымақтастықтың тағы бір маңызды саласы транзиттік-көлік әлеуетін күшейту мәселесі.Жалпы, экспорттық-импорттық бағытта жүк ағыны көлемінің өсімі байқалып отыр. Осыған орай, транзиттік тасымал көлемін арттыру шаралары қолданылуда.Халықаралық Транскаспийлік көлік бағыты (ХTКБ) аясында 2016-2017 жылдары «Номад Экспресс» пилоттық контейнерлік пойыздарды және Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Грузия-Түркия (Ляньюньган (ҚХР)-Достық-Ақтау-Баку порты (Алят) (Әзірбайжан)-Батуми/Поти (Грузия)-Ыстамбұл (Туркия) ХTКБ бойынша түрлі жүктерді тұрақты жіберу контейнерлік қызметі жолға қойылды.Контейнерлермен жүк тасымалдау үшін шығындар мен шарттарды оңтайландыруда, сондай-ақ, Шығыс Еуропа, Балтық жағалауы мен Украина елдерінен ХTКБ бағыттарында көлік қызметтерінің тартымдылығы мен клиентке бағдарлануын арттыру үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылды.Тараптар келесі Үкіметаралық отырысты 2018 жылы Астана қаласында өткізуге уағдаласты.Үкіметаралық отырыстың қорытынды хаттамасына Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Георгий Гахария қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/27158?lang=kk
КӨЛІК КОМИТЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.04.2025
«Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы аясында ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаевтың төрағалығымен бейнеконференц байланыс режимінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің мобильді тобы мен көліктік бақылаудың аумақтық орган өкілдері қатысты. Кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департамент басшысы Тілеген Қаскин, Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығының төрағасы Төлеген Байғулов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы департаментінің аға офицері Абзал Божбанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет жүргізіп жатқан саясат туралы ақпараттандырды. ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы көліктік бақылау органдарындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесудің және жоюдың маңыздылығын атап өтіп, аумақтық органдарға қоғамдық бақылау механизмін қолдану арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10775?lang=kk
Алматыда азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша Жол картасы қабылданды 10.04.2025
Бүгінгі күні Алматыда 4 мыңдай ҮЕҰ бар немесе олар барлық қазақстандық қоғамдық ұйымдардың 20%-дан астамын құрайды. Аталған құжатты қабылдау азаматтық қоғам, дін салалары мен жастар арасында үздік практиктерді, мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың формаларын мен механизмдерін прайдалана отырып, ынтымақтастық мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.Жиын барысында Бауыржан Байбек Алматы әкімдігінің қаланың қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту жөнінде нақтылы ұсынысы бар екенін және оны әлеуметтік бастамаларды қолдау арқылы орындауға болатындығын атап өтті. Ол мұның диалог мәдениеті мен жауапкершілікті арттырудағы маңызы шарт екенін айтты.«Ашықтық, есептік және азаматтық қоғамды барынша кеңінен тарту - біздің жұмысымыздың басты қағидалары. Қазіргі кезде барлық әлеуметтік маңызы бар жобалар мен шешімдер қаланың Қоғамдық кеңесінен сараптамасынан өтуде. Мегаполисті дамытудың «Алматы-2020» стратегиялық бағдарламасы алғаш рет қала тұрғындары арасында кеңінен қоғамдық талқылаудан өткен соң ғана қабылданды», -деді мегаполис әкімі.Өз кезегінде Дархан Қалетаев Жол картасында бірқатар біріккен шаралар өткізу қарастырылғанын айтты. Мәселен, Алматыда Азаматтық орталықты ашу, ҮЕҰ өкілдерін үйрету үшін семинарлар өткізу және қала университеттерінің «U38» Альянсымен ынтымақтастық орнықтыру жоспарланған.Дін саласында қала имамдарының кәсіби біліктілігін артыру үшін курстар, республикалық семинарлар мен тренингтер өткізу, ақпараттық-түсіндіру материалдарын жасау жоспарланған. Жастар саясатын жүзеге асыру аясында ТМД мемлекеттері қатысушылары жастарының Форумын және еріктілердің республикалық слетін ұйымдастыру белгіленген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10736?lang=kk
«КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ – ОТАНДЫҚ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАРЫҚТАҒЫ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУДА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ 10.04.2025
ҚР ИДМ Көлік комитеті 2017 жылғы 11 қазаннан 31 желтоқсанға дейін «Көліктік бақылау – отандық тасымалдаушылар мүддесін қорғауда» атты жыл сайынғы акцияның басталғанын жариялайды.Аталған акцияның негізгі мақсаты - шетел автокөлік құралдарының үкіметаралық келісім мен ҚР көлік заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.Жыл сайын, шет мемлекеттерінің құзырлы органдарының жолаушылар мен жүктердi халықаралық автомобильмен тасымалдау туралы үкіметаралық келісімдер шеңберінде халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыруға тепе-теңдік негізде рұқсат қағаздарының алмасуы жүреді.Рұқсат қағаздары шетелдік тасымалдаушыларға Халықаралық келісімдерге сәйкес беріледі. Әр мемлекет серіктес мемлекетке өз территориясында жүк тасымалдауға белгіленген мөлшерде квота береді. Осыған орай, жүк тасымалдайтын компаниялардың квотасы болмаса немесе бітіп қалған жағдайда, шет мемлекеттің территориясында жүк тасымалдай алмайды.Аталған шаралар отандық тасымалдаушыларды қолдауға бағытталған. Бекітілген үлестер көлемінен тыс жүк тасымалдаумен айналысатын шетелдік компаниялар отандық тасымалдаушылар тапсырыстарын ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10732?lang=kk
Алматы қаласы Наурызбай ауданының жаңа әкімі тағайындалды 10.04.2025
Соңғы бір жарым жылда Санжар Тоғай Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Әр жылдары Астана қаласының, Алматы және Павлодар облыстарының әділет органдарында, Парламент Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігің аппараттарында қызмет атқарды.Наурызбай ауданы жаңа әкімінің алдына бірқатар міндеттер қойылды, соның ішінде кәсіпкерліктің, мәдениет пен спорттың жаңа нысандарын, тұрғын үйлер, медицина және басқа да оқу орындарын салу қажет. Сумен қамтамасыз ету жүйесі құрылысын одан әрі жалғастыру, Абай даңғылын үңгілеу жобасын уақтылы және сапалы жүзеге асыру тапсырылды. Бизнестің Жол картасы-2020 жобасы аясында кәсіпкерлікті қолдау ісін барынша күшейткен жөн.Соңғы үш жылда Наурызбай ауданында бюджетке құйылатын салық түсімі 11 есе артты, жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар саны 6 есе өсті, негізгі капитал инвестициясы 4 есе ұлғайды.Өткен жылы ауданның жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы ашылды, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бірнеше мектеп пен емхана салынды. Қазіргі кезде 1200 орынды тағы бір мектептің, 320 орынды бала бақшаның, медициналық жедел жәрдем станциясы мен өрт сөндіру депосының құрылысы жүруде.Қарғалы өзенінің жағалауында аудан тұрғындары үшін жаңа демалыс орны пайда болды. Төрт саябақ пен скверлер ашылды, 43 аула жөнделіп, абаттандырылды, ауданның 190 км жолына асфальт төселді.Осының барлығы ауданның инвестициялық тартымдылығын арттырды, қызмет көрсету сапасы қала стандартына теңелді, ауданның 160 мыңнан астам тұрғыны жақсы әлеуметтік жағдайды сезінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10717?lang=kk
Алматыда Балаларды қорғау күні қалай аталып өтеді 10.04.2025
Мерекелік шеру сағат 10.00-де Жібек жолы мен Абылайхан көшелерінің қилысында басталады, мұнда ерте келгенедердің барлығы балалардың шығармашылық ұжымдарының өнерін тамашалайды. Бұдан кейін шеру жаяу жүргіншілердің қайта жаңарған Панфилов көшесімен жүріп өтіп, Астана алаңында ерекше флэшмобпен аяқталады.Қала тұрғындары мен қонақтары алдында отандық эстрада жұлдыздары, соның ішінде Сәкен Майғазиев, Серік Ибрагимов, Нұрболат Абдуллин, Серікбол Сайлаубек, Бейбіт Кушкалиев, МузАрт Life, мектептің «SMart» балалар хоры және көптеген басқалар өнер көрсетеді. Ең кішкентай қоанқтар үшін түрлі интерактивті ойындар мен конкурстар ұйымдастырылады.«Ерекше динамикалық аранжировка мен хореография, костюмді театрландырылған қойылымдар мен шоу бағдарлама меркелік көңіл күйді көтереді, қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистің оркестрлік бірлестігін көретін болады», - деп атап өтті Алматы қаласының Білім басқармасы.Балалардың мерекелік шараларын өткізуге қатысты 31 мамыр мен 1 маусымда таңғы сағат 8.00-ден сағат 13.00-ге дейін мына көшелердің бірқатар учаскелері уақытша жабылатын болады:- Панфилов көшесі (Гоголь, Әйтеке би, Қазыбек би көшелерінің қиылыстары);- Төле би көшесі (Панфилов пен Абылай хан көшелерінің арасы);Бұлардан өзге, 1 маусымда сағат 11.00-де С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында «Әдебиет пен театр клубының» мүшелері өлең оқиды, балалар мен үлкендердің шахмат турнирі өтеді, ересектер үшін «Флешдэнс» би балы, қышпен жұмыс істеушілер үшін «Жас қышшы» шеберлік сыныбы, ғылыми эксперимент әуесқойлары үшін квестер, «крио-шоу» ұйымдасттырылады.2 маусымда «Шымбұлақ» ТШК-да Family day болады. Сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін тау шаңғысы курортындағы батуттар, скалодром, квадрацикл мен понимен сырғанау, арқан паркі, теннис тегін болады. Кішкентай келушілер түрлі ойындарға, сурет салу мен түрлі заттар жасау бойынша шеберлік сыныптарына және «KidsLab» балалар клубының конкурсына қатысып, үйдегідей аквагрим, мехенди сынды түрі тәттілерді жасап-үйренеді, оларды тегін жейді және басқа да қызықтарды тамашалайды. Бұл күні барлық ата-аналар фитнес түрлерімен, йогамен, бимен, шеберлік сыныптарымен айналысып, Hand-Made жәрмеңкесіне қатысып, танымал диджей мен лайв-бэнді көре алады. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін арнайы тәттілер, сыйлықтар мен балмұздақтар дайындалады.2 маусымда сағат 11.00 ден 23.00-ге дейін ҚБТУ-дан төмен (Абылай хан – Қазыбек би – Панфилов – Әйтеке көшелерінің маңы) «Тәтті Алматы» тағаим жасаудың отбасылық фестивалі өтеді, мұнда мегаполистің танымал мейрамханалары алматылықтар мен қала қонақтарына тәтті тағамдар ұсынады. Биылғы маусымда фестиваль «Visit Almaty» жарнама компаниясының «Өз қалаңды жақсы біл!» бастамасы аясында өтеді. Жазғы фестивалға 30-дан астам тамынал қалалық гастрономиялық жобалар қатысады, күні бойы паркте балалар мен үлкендер үшін түрі қойылымдар көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10711?lang=kk
Алматының адамдар тығыз орналасқан аудандарын жүрдек автобус дәлізі қамтитын болады 10.04.2025
Тимирязев көшесін аралаған Бауыржан Байбек Манас көшесінің бұрышындағы май құю бекеті алдындағы көлік қозғалысының сызбасын жаяу жүргіншілерге басымдық беріп қайта қарауды, тротуарды қауіпсіз аймақпен қоса аббаттандыруды ұсынды. Жақын арада «Атакенттің» кіре беріс аркаларының алаңдарын жасылдандыру жұмыстары басталады. Мегаполис басшысы мердігерлердің назарын Жандосов пен Розыбакиев көшлерінің бойындағы сапасын салынған тротуарларға аударды, дәл сол күні олқылықты жоюды тапсырды.Көлік реформасы аясында BRT желілерін қайта жасау жұмыстары Мұстафин, Рысқұлбеков, Сүлейменов көшелерінде жүруде. Жандосов және Тимирязев көшелерінің бойында BRT желілерінің қозғалыс бөлігін кеңейту үшін тротуарлар мен веложолдар салу, сонымен қатар инженерлік жүйелерді қайта орналастыру жұмыстары атқарылуда. Мегаполис басшысы көшелерді реконструкциялаудың кешенді жүргізілуі, заңсыз құрылыстардың, қоршаулардың алынуы, нысандардың сыртқы келбетінің бірыңғай архитектуралық стильде болуы, асфальтты алаңдардың азайып, жасылдандырудың артуы тиіс екенін атап өтті.Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов BRT дәлізінің адамдар тығыз орналасқан аудандарды қамтитынын, оларға қызмет көрсету үшін қоғамдық көлікке басымдық беру қажеттігін айтты. Жоспарланған 9 шақырымның ұзындығы 2,7 км болатын жерінің қайта жасалуы арқасында қоғамдық көліктегі жолаушылар легі 20%-ға артып, жолға кететін уақыт 30%-ға қысқарған.«Қазіргі кезде кіші айналма жолдың өткізу қабілетін арттыру үшін жолайрықтар салынуда, көпір нысандары артуда, трамвай жолдары алынып, қозғалыс аумағы кеңеюде. Қаланың барлық аудандарында 157 көше жөнделуде. Яғни біз BRT дәлізінен кететін автомобильдер үшін де жағдай жасаудамыз», - деді Т.Хосчанов.Бірініші фаза бағытының ұзындығы 8,7 шақырым, ол Мұстафин – Сүлейменов – Жандосов – Тимирязев көшелерін Желтоқсан көшесіне дейін қамтиды.Қазіргі кезде жалпы ұзындығы 13,2 км болатын бағыттың екінші фазасының құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасалуда, ол Желтоқсан – Төле би – ВОАД – Құлжа трактін қамтиды. BRT желілері үшін 18 метрлі автобустар жүргізу жоспарланған.Кейін BRT желілеріне қызмет көрсету үшін жүйе интеграциясына қатысты сыйымдылығы үлкен автобустар жүргізу жоспарлануда, бұрылыстарда жолаушылар көлігіне басымдық беріледі.Еске салсақі, Алматыда биылғы жазда 150-ден астам көше жөнделеді, 30 км тротуарлар жасалады, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10660?lang=kk
Дархан Кәлетаев қажылықты ұйымдастыру мәселелері бойынша отырыс өткізді 10.04.2025
2018 жылғы 8 тамызда ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен қажылыққа баратын қазақстандықтардың жолға шығуын ұйымдастыру мәселелері бойынша отырыс өтті.Отырысқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығы және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ «Scat» және «Fly Nas» әуекомпаниясының өкілдері қатысты.Кездесу барысында қажылық маусымында қазақстандық азаматтардың қажылыққа бару және келу тәртібі пысықталды, қажыларды тасымалдайтын әуекомпаниялардың даярлығы, соның ішінде ұшақтардың уақытылы ұшуын қамтамасыз ету, сондай-ақ міндетті екпе егу (вакцинация) рәсімі мен виза алу мәселелері талқыланды.Дархан Кәлетаев Қазақстан азаматтарының заңды мүдделері мен қауіпсіздігін ұйымдастыру және қажылық кезінде қажылыққа барғандар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша тиісті шараларды қабылдау қажеттілігіне баса назар аударды.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық істері жөніндегі министрлігімен жыл сайын келісім жасасып, соның негізінде биылғы жылы 3 мың адамға квота бөлінді.Министрдің айтуынша, қажылықты қадағалау мен ұйымдастыру үшін Министрлік тарапынан ҚМДБ-мен бірге 14 адамнан тұратын қажылық миссия құрылды: ҚМДБ – 7 өкіл, БАҚ – 3 өкіл, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен 2 медицина қызметкері және ҚР Қоғамдық даму министрлігінің – 2 өкіл. ҚМДБ-ның мәліметі бойынша барлық қажылыққа аттанушылар қажылықты ұйымдастыруға қатысқан 18 қазақстандық туристік компанияға бекітілді.Қазақстан мен Сауд Арабиясының әуекомпаниялары 50/50 үлес арқылы ұшуды ұйымдастырады. Сауд Арабиясы тарапынан қазақстандықтардың қажылыққа ұшып баруын ұйымдастыру үшін «Fly Nas» әуекомпаниясы белгіленді. Қазақстан тарапынан өткен жылдан бері ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қажылыққа аттанғандарды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді «SCAT» әуекомпаниясы жүзеге асырады.Қажылық парызын өтейтін қазақстандықтар Сауд Арабиясына 9-15 тамыз аралығында барып, 1 қыркүйекке дейін елге оралады.Аталған отырыста қажылыққа аттанатын қазақстандықтарға екпе егу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы жылы Қазақстанның 5 қаласының 8 медициналық орталығында бір уақытта екпе егу рәсімі (вакциналау) жүргізітелітін болады. Қажылыққа аттанатындар үшін екпе бағасы 28 мың теңгені құрайды.Қоғамдық даму министрлігі 2017 жылы Діни туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидалары бекіткенін айта кеткен жөн.Аталған қағидалар Қазақстан Республикасы азаматтарының қажылыққа баруын ұйымдастыру процесстерін реттеуді қамтамасыз етеді. Сонымен бірге аталмыш құқықтық актіні енгізу қажылық парызын өтеп жатқан Қазақстан азаматтарының деструктивті діни идеологияның ықпалына түспеуіне мүмкіндік береді.Отырыс қорытындысы бойынша жауапты органдарға қажылыққа бару бойынша барлық ұйымдастырушылық мәселелерді шешу жөнінде ұсынымдар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/din/press/news/details/10641?lang=kk
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау аясында семинар-кеңес өткізді 10.04.2025
Ағымдағы жылғы 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын сақтауға қатысты Статистика комитеті аумақтық департаменттерінің қызметкерлері мен әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.Кездесу бейнеконференцбайланыс режимінде өтіп, оның барысында Статистика комитеті аумақтық департаменттерінің әдеп жөніндегі уәкілдері сұрақтарды қойып және оларға жауап ала алды.Сонымен қатар, семинар-кеңесте Ұлттық экономика министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Оразғулов Ақылбек Сарбайұлы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы Бақылау департаменті директорының орынбасары Наурызбек Мадина Дулатқызы қатысты.Ағымдағы жылғы 8 айдың ішінде Статистика комитеті аумақтық департаменттерінің әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің талдауына сәйкес мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша 106 мемлекеттік қызметкерлерге және азаматтарға консультациялар берілді, ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша 110 іс-шаралар өткізілді.Бұдан басқа, Статистика комитетінің деректері бойынша әдеп жөніндегі уәкілдері 2346 мемлекеттік қызметшін анонимді сауалнамамен қамтап, нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің тұтастай алғанда ұжымдағы моральды-психологиялық жағдайға қанағаттанатыны анықталған.Семинар-кеңес қорытындысы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қалпына келтіру мен ақпараттық-түсіндіру сипаттағы іс-шараларды өткізуге бағытталған шараларды қабылдау бойынша ұсынымдарды берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10600?lang=kk
Алматы ипподромы мен «Сайран» автовокзалы тарихи-мәдени мұралардың алдын-ала жасалған тізіміне енгізілді 10.04.2025
Қазақстан Республикасының «Тарихи- мәдени мұралар обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы негізінде объектіге тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін беру үшін ол алдын- ала жасалған есеп тізіміне енгізіледі.Обьектінің мәртебесі туралы нақтылы шешім қабылданғанға дейін осы Заңға сәйкес ол тарихи-мәдени мұралар ескерткіштерімен бірдей қорғалады.Заңға сәйкес оны пайдаланушы ескерткішті қорғауы тиіс. Яғни, ғимараттың сыртын,ішін қайта жасауға, конструкцияларын алу, қосалқы құрылыс салуға, мақсатты пайдаланылуын және айналасын өзгертуге тыйым салынады. Ғимараттың ішін жөндеу немесе қайта жасау үшін өкілетті органның келісімі қажет.Еске салсақ, бұрын Алматы әкімі Бауыржан Байбек заңнамаға сәйкес «Сайран» автовокзалын жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу туралы мәселені қарауды тапсырған болатын. Кейін меншік иесі аймақты дамытудың алдын-ала жасалған концепциясын ұсынды. Автовокзалдың көлік логистикасын толық қайта жасау және оның айналасын фонтандармен, кафелермен, жасыл желектермен және балалар алңдарымен қоса толық абаттандыру жоспарланған.Бұлардан өзге, Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы бойынша ҚІЫО «Атакент» АҚ арасындағы 23 гектар жерді уақытша жалға беру жөніндегі келісім күшін жойды. Кейін «Атакенттің» басқарушы компаниясы жеке меншіктегі 8 гектар жерді де тегін қайтару жөнінде міндеттеме алған еді. Көрме кешенінің басшылығы «Қала жаяу жүргінші үшін» концепциясына сай оның айналасын абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10594?lang=kk
2018 жылғы тамызда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 29 146 теңгені құрады 10.04.2025
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 7,5%, 2017 жылғы желтоқсанмен – 13,8%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,1%, жемістер мен көкөністерді – 14,4%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 13,9%, нан және жарма өнімдерін – 6,7%, қант, шай және дәмдеуіштерді 1,9%-ды құрады.теңге Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда0-13 жастағы балалар14-17 жастағы жасөспірімдер18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халықЗейнет-керлер мен қарт адамдаржас жігіттерқыздарерлерәйелдерЕң төмен күнкөріс деңгейінің шамасы29 14626 37636 15227 70134 09727 04826 858 Азық-түлік тауарлары16 03014 50719 88315 23518 75314 87714 772 Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер13 11611 86916 26912 46615 34412 17112 086Әдіснамалық түсініктемелерЕң төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10591?lang=kk
Авторлық құқықтарды тіркеу жөніндегі қызмет автоматтырылды 10.04.2025
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңында енгізілген өзгерістерге сәйкес, ҚР Әділет министрлігінің авторлық құқықпен қорғалатын туындыға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметін көрсету жөнінде өкілеттігі алып тасталды. Бұл қызмет автоматтандырылды. «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімінде мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу» болып өзгерген және «ҰЗМИ» РМК ақылы негізде көрсетіледі.Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша көрсетілетін қызметті алушылар мына телефондарға хабарласа алады: call-center 8(7172) 62-15-15, 8(7172) 62-15-16. 8 (7172)62-15-08.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/10582?lang=kk
Нөлдік төзімділік 10.04.2025
Облыстық прокуратураның бастамасымен биылғы жылғы мамырдан Павлодар қаласында «Zero Tolerance» интернет-қосымшасы пилоттық режимде іске қосылды. Аталмыш қосымша арқылы кез келген адам уәкілетті органдарға құқық бұзушылық туралы хабарлай алады.Бүгін облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте мобильдік қосымшаны пайдаланудың қазіргі ахуалы және оны облыс қалалары мен аудандарында енгізу мәселесі талқыланды.Облыс әкімдігі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Олег Костенко 7 тамыз күні прокуратура, облыс әкімдігі және мүдделі ұйымдар арасында меморандумға қол қойылғанын айтты. Оған сәйкес тараптар мобильдік қосымшаны іске асыру және пайдалану бойынша ынтымақтасатын болады.– Бұл меморандум тараптар қызметін ұйымдастыру тәртібін, олардың өзара әрекеттестігін, құқықтары мен міндеттерін, жауапты тұлғалардың функцияларын анықтайды, – деп атап өтті Олег Костенко. – Мобильдік қосымшаны облыстың бүкіл аумағында енгізу үшін жауапты адамдарды бекітіп, құқық иесімен қосымшаны пайдалану және қызмет көрсету туралы келісім жасасу керек, сондай-ақ жобаны ұйымдастыру техникасымен және интернетке автономды шығумен қамтамасыз ету қажет. Мобильдік қосымшаны әзірлеген және оған техникалық қызмет көрсететін «TKRgroup» ЖШС. Мобильдік қосымшаға келіп түскен хабарламалардың қаралу тәртібін жалпы бақылауды Павлодар облысының прокуратурасы жүзеге асырады. Облыстық прокуратураның 4-бөлімінің басшысы Ринат Рахматолла бүгінгі таңда мобильдік қосымша арқылы екі мыңға жуық хабарлама түскенін, олардың басым бөлігі ТКШ, тұрғын үй инспекциясы және облыстық ІІБ-ға қатысты екенін мәлімдеді.– Қазіргі уақытта 90-ға жуық адам жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардан облыс бюджетіне екі миллион теңге сомасына ақшалай айыппұл өндірілді, – деді Ринат Рахматолла. – Бүгінгі таңда аталмыш мобильдік қосымшаға 25 мемлекеттік орган қосылған. «Павлодар жылу желілері» ЖШС мобильдік қосымшаға қосылуға ниет білдірген жиырма алтыншы орган.Мобильдік қосымшаны әзірлеген «TKRgroup» ЖШС-нің басшысы Вячеслав Демченко берген ақпарат бойынша үшінші кезең аяқталды, атап айтқанда, адамдар хабарламаларын салып, оларды талқылайтын таспа іске қосылды.Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Дүйсенбай Тұрғанов мобильдік қосымшаны облыс деңгейінде іске асыру жөніндегі үйлестіруші облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімі болатынын айтты және «Zero Tolerance» мобильдік қосымшасын енгізу жөніндегі жұмысты облыстық басқармалар мен аумақтық органдарды қамтумен жалғастыруды тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/10574?lang=kk
Архимед Мұхамбетов: Арқалықтың өнеркәсібіне «екінші дем» беру қажет 10.04.2025
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы жиын өткізді.Индустриялық-аграрлық бағыт - Арқалық қаласы экономикасының басты көрсеткіші. Өнеркәсіп орындары қала өндірісі үлесінің 50%-дан астамын құрайды. Өткен 8 айда қала 5 млрд 726 млн теңгенің өнімін шығарды. «Қаланың экономикасына 1 млрд 469 млн теңге инвестиция салынды.Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,5 есеге артық. Былтыр инвесторлар өндіріс орындарына 999 млн теңге қаржы құйды. Мемлекеттік бюджет кірістері 101%-ға орындалды. Қызметкерлердің орташа жалақысы 5%-ға көбейді», - деді Елдар Күзембаев өз баяндамасында. Биыл тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру аясында қала бюджетінен 45 миллион теңгеден астам сомаға атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегі төленді. Жыл басынан бері тұрғын үй құрылысының 1 мың 724 шаршы метрі пайдалануға берілді. Жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік қорғау шараларымен 1 мыңнан астам адам қамтылды. Ресми тiркелген жұмыссыздықтың деңгейі 1,8%-ға жетіп отыр. 2018-2022 жылдарға арналған қоныстандыру Картасына сәйкес, оңтүстік өңірлерден Арқалық қаласына тұрақты тұру үшін 12 отбасы көшіп келді. Барлық отбасы мүшелері жұмысқа орналастырылды. Көшіп келуге, тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтері үшін шығындарын өтеуге 5 млн теңге субсидия бөлінді. Өткен жылдармен салыстырғанда Арқалық қаласының ауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай өсім байқалады.Қыркүйек айына дейінгі мәлімет бойынша Арқалықтың ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі - 4 млрд 971 млн теңге. Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласының индустриялық-аграрлық бағытына жақсы бағасын берді. Дегенмен, өңір басшысы жекелей көрсеткіштер бойынша басшылардың жұмысын сынға алды. «Мен бүгін қаладағы ет комбинатының жұмысын көрдім. Енді Арқалыққа осындай тағы да 3-4 әлеуетті өндіріс орнын салу қажет. Сондықтан шағын және орта бизнесті дамыту маңызды. Тағы бір мәселе, санаулы жылдан соң қала құраушы өндіріс орны ТБРУ-дың жұмысы тоқтайды, ал ғимараты бос қалмас үшін облыстағы қарқыны нашар зауыттарды Арқалыққа көшіру керек. Бір сөзбен айтқанда, өнеркәсіп орнына «екінші дем» беру қажет. Сондықтан тынымсыз еңбек етіңіздер. Қажет болса, инвесторларды тартамыз. Мекеме басшылары, xалықпен етене байланыса жұмыс істесін. Біздегі басшылар жұмысқа отырысымен, шіреніп, xалыққа қарамай кетеді.Өздеріңізді көрсетіп абырой жинағанша, жұмыстың нәтижесімен мақтаныңыздар! Бұл медицина саласына да қатысты. Өңірде 37 дәрігер жетіспейді. Мұны бас дәрігер шеше алмаса, жұмысынан босатамыз»,-деді Архимед Мұхамбетов жиын барысында. Облыс әкімі жұмыс сапары барысында Аманкелді, Жанкелдин, Науырзым аудандарының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен танысады. Жиында сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев оңтүстік аудандардағы шағын және орта бизнестің дамуы туралы баяндама жасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/10549?lang=kk
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ҚОЛДАНУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР 10.04.2025
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2014 жылдың 10 маусымында № 635 қаулысымен бекітілген техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі 2020 жылға дейінгі кешенді жоспар және 2016 жылғы техникалық регламенттерді, стандарттарды, соның ішінде Алматы облысындағы кәсіпорындарға және ұйымдарға сапа менеджменті жүйесіне таратылатын стандарттарды ендіру және олардың жүзеге асырылуы жөніндегі өңірлік жоспарын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 3 наурызында Ақсу ауданында ҚР Мемлекеттік рәміздері – Елтаңба және Туды қолдану бойынша семинар өткізілді. Семинардың күн тәртібінде келесідей сұрақтар қойылған:1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Техникалық шарты» ҚР СТ 989-2014 түсіндіру.2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Техникалық шарты» ҚР СТ 989-2014 қолданысқа енуімен байланысты күрделі сұрақтар.3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Жалпы техникалық шарттар» ҚР СТ 988-2007 түсіндіру.2016 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасының «Мемлекет Елтаңбасының» Ұлттық стандартының жаңа нұсқасы күшіне енді .Мемлекеттің Елтаңбасын сапалы жасауға арналған ұлттық стандартқа да өзгерістер енгізілді.1. Елтаңбаны жасаудағы кемшіліктерді ескере отырып, оның өлшеміне, түсіне ауытқу шегі енгізілді.2. Мемлекеттік Елтаңбаны жасап шығаратын кәсіпорындардың ұсынысы бойынша, Елтаңба авторы онда көрінбеген элементтерді анықтап, атауларын атады.3. Стандартталған бақылау (зерттеу) тәсілдері енгізілді. Бұл Елтаңба жасаушылардың өндірісін, стандарттарда көрсетілген талаптарын, параметрлерін бақылауға және даулы сұрақтар туындағанда стандартқа сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді.4. Мемлекеттік Елтаңба өндірушілердің сапалы өнім өндіруі үшін Елтаңбаны қолдануға кепілдік мерзімі 3 жыл болып көрсетілді. Аталмыш шараға Ақсу аудандық басқармаларының, Ақсу ауданының кәсіпкерлік палатасы, «Нұр Отан» партиясының Ақсу аудандық филиалының өкілдері шақырылды.Семинарды ұйымдастырушылар: Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облыстық департаменті, «ҚазСтИн» РМК Алматы облысы бойынша филиалы және Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы, Ақсу аудандық Ішкі саясат бөлімі.Шараның мақсаты – Мемлекеттік рәміздерді қолдану және дайындау кезінде қателіктерді болдырмау мақсатында өндірушілер мен тұтынушыларды жаңа стандарттардың мазмұнымен таныстыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10528?lang=kk
2016 ЖЫЛДЫҢ 1 НАУРЫЗЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ, СОНДАЙ-АҚ, ҚАЗАҚСТАН МЕТРОЛОГИЯ, СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК Қ 10.04.2025
2016 жылдың 1 наурызында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департамент, сондай-ақ, Қазақстан метрология, стандарттау және сертификаттау институттарының қызметкерлеріне Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы - әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасыи Т. Жұмағұловпен «Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің негізгі бағыттары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинардың мақсаты мемлекеттік қызметті реформалау кезінде мансаптық модельге ауысу және мемлекеттік аппаратта кадрларды іріктеу мен олардың өсу механизмдерінің өзгеруі. Осы процесстер меритократия және жариялылық принциптерінде негізделу болып табылады.Семинар барысында мемлекеттік қызмет өткеру жұмысы туралы және мемлекеттік қызметтің жаңа моделін құрудағы қадамдар, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік мәселелері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу бағытындағы шаралар, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын, мемлекеттік бақылау қағидалары туралы мәселелер талқыланды.Семинардың қорытындысында Т. Жұмағұлов жаңадан қабылданған «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мемлекеттік қызметте жаңа көзқарас белгілеп, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін және осы бағытта шаралар жүйелі және кешенді болып, кадр саясаты, әдептілік, қызметкерлерді үәждеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бағыттарынан құралу керек екенін атап өтті.Семинарға қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10521?lang=kk
АЙМАҚТЫҚ ШТАБ 10.04.2025
2016 жылдың 1 наурызда Қарағандыда облыс әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжановтың төрағалық етуімен аймақтық штаб мәжілісі өткізілді, бұл мәжілісте «Азық-түлік өнімдерімен байланысты материалдар қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламенті жобасын қарастырды.«ҚазСтИн» РМК Қарағанды филиалының маманы Шара Әжімова Еуразиялық экономикалық одақ формасын аумағында құру мақсатында Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің әзірлеген техникалық регламент жобасының айналымға шығарылатын азық-түлік өнімдерімен байланысқа арналған материалдар қауіпсіздігі туралы жобасымен таныстырды. Сондай-ақ, Шара Әжімова азық-түлік өндірушілермен штабтың қатысушыларына техникалық регламенттердің талаптары туралы айтты:1) Техникалық реттеу объектілері;2) Техникалық реттеу объектілеріне қауіпсіздік талаптары;3) Техникалық реттеу нысандарын анықтау ережесі;4) осы Шарттың техникалық реттеу талаптарының объектілерін сәйкестігін бағалау нысандары мен тәртібі.Сәйкестікті растау бойынша «ҰСжСО» АҚ Қарағанды филиалының тауардың шығарылған және өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі маманы Ирина Тюрина таныстырып өтті.Сәйкестікті бағалау бойынша материалдармен немесе бұйымдармен тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар үшін арналған сипаттағы осы техникалық регламенттің талаптары және нысандарында жүзеге асырылады;1) материалдардың жаңа түрін мемлекеттік тіркеу;2) декларация турінде сәйкестікті бағалау;29.02.2016 жылдан аумақтық департаменттердің қатысуымен ҚР ИДМ ТРМК хаттамасындағы 2.10.4 тармақшасы туралы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы 2016 жыдың 1 қаңтарында күшіне енген Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін таныстырып өтті.Қанат Кенжин штаб қатысушыларын мемлекеттік бақылау және қадағалау тұрғысынан Кодекстің нормаларымен таныстырды.Мәжілістің қорытындысы бойынша аймақтық штаб өкілдеріне облыс әкімінің орынбасары Ә.Ахметжанов сәйкес тапсырмалар берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10520?lang=kk
ПРЕДСТАВИТЕЛИ КОМИТЕТА ТЕХНИЧЕСКОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ И МЕТРОЛОГИИ ПОСЕТИЛИ ТОО «СПЕЦЭЛЕКТРА» 10.04.2025
29 февраля текущего года представители Комитета технического регулирования и метрологии МИР РК, ТОО «НЦА», РГП «КазИнСт», РГП «КазИнМетр» посетили предприятие ТОО «Спецэлектра», находящееся в Специальной экономической зона «Астана – Новый город».ТОО «Спецэлектра» работает на казахстанском рынке энергетики более 10 лет.На сегодняшний день осуществляет выпуск следующей продукции:трансформаторные подстанции различного типа: БКРТП, 2БКРТП, КТПН, 2КТПН. При этом конструкции, по желанию покупателя, могут быть помещены в бетонную, металлическую или сэндвич обшивку с трансформаторами мощности от 25 до 2500 кВА;комплектные распределительные устройства 10/20/24кВ типа КСО 2-10, КСО 2-10К, КСО 366, КМ-1 КФ, КСО-292, КРУ К-123, RM6, TPS, TPR-6, К-59 с номинальным током сборных шин 3100 А;шкафы низкого напряжения типа ШНН-СЭ, ЩО-70 с номинальным током до 5000А;главные распределительные щиты типа ГРЩ-СЭ током до 6300 А.ТОО «Спецэлектра» сотрудничает с такими масштабными компаниями, как АО «АРЭК», АО «Астана РЭК», «Альянсстройинвест», «BI GROUP», «Базис», «Шар-Курылыс», СК Кулагер, Концерн Найза Курылыс и многими другими. Ранее выполнялись работы в поселке Мичурино в Астане, в центре реабилитации, а также на заводе, который выпускает пассажирские вагоны TALGO и железнодорожные линии Жетыген – Хоргос.В ходе посещения были проведены презентация производства и совещание, на котором стороны обсудили проблемные вопросы предприятия в сфере технического регулирования и метрологии и основные направления совместной деятельности. На сегодняшний день для контроля при производстве используются средства измерений утвержденного типа и прошедшие поверку, испытания своей продукции ТОО «Спецэлектра» проводит в аккредитованных испытательных лабораториях города Астаны и Восточно-Казахстанской области, а также на испытательной базе Усть-Каменогорского конденсаторного завода. В перспективе компания планирует создание собственной испытательной лаборатории и ее последующую аккредитацию.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10518?lang=kk
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АЙМАҚТЫҚ ШТАБТЫҢ 24-ШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 10.04.2025
Павлодар облысының әкімдігінде Павлодар облысының техникалық реттеу реттеу мәселелері бойынша Аймақтық штабының 24-ші отырысы өтті.Іс-шараны «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетенің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ және «Қазақстан Стандарттау Институты» РМК Павлодар филалымен бірлесіп ұйымдастырды.2018 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасының Премьер-Министірінің бірінші орынбасары Жергілікті қамтуды одан әрі дамыту үшін Жол картасын бекіткен болатын. Жол картасының бір тармағында преференциялар мен ұлттық стандарттар алу бойынша отандық тауар өндірушінің түсіндіру жұмыстарын жүргізу көзделген.Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ұлттық стандарттарды әзірлеу арқылы қолдау көрсетуі тауарлардың сапасын жақсартуға әкеледі.Стандарттар өнімдерге қойылатын талаптарды белгілейді, оның құрамдас элементтері, процестерге, көрсетілетін қызметтерге, бақылау әдістері, өнімді, оның ішінде нәтижелерімен іргелі немесе қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелердің үшін әзірленеді, отандық өндірушілерді қолдау және енгізу, инновациялық өнім болып табылатын.«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңына талаптарын жүзеге асыру бойынша Мемлекеттік стандарттау Жоспарын белгісіз уақытқа қалыптастыру, жылына екі рет берілген ұсыныс – өтінімдер бойынша мониторинг жасалынады.Ұсыныс – өтінімдер және техникалық – экономикалық негіздемесін келесі жылға дайындалуда, 2018 жылдың ұсыныстары 2019жылдың Жоспарына кіреді.Жасалған жұмыс нәтижесі бойынша, 2019жылға мемлекеттік стандарттау Жоспарына 15 ұсыныс берілді. (ТК-10, Екібастұз ГРЕС-1 және «КазИнСт» РМК- 4 ұсыныс).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10502?lang=kk