Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Дара кәсіпкерді және жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебіне қою ерекшеліктері. 11.09.2026
Дара кәсіпкерді және жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебіне қою қызметтің басталғаны туралы хабарламаның негізінде жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасының заңдарында дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынған жеке тұлға дара кәсіпкерді тіркеу есебіне қойылмайды.Тіркеу мәліметтерін өзгертуді салық органы тіркеу деректері, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылған дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның қызметінің басталғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1289830?lang=ru
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ 11.09.2026
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kzРеспубликалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1290367?lang=ru
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Гонконг АӘА Басшысы Джон Лидің «Бір белдеу, бір жол» 11-ші саммиті аясындағы кездесуі 11.09.2026
Гонконг, 9 қыркүйек – ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Гонконг АӘА Бас әкімшісі Джон Ли «Бір белдеу, бір жол» 11-ші Саммиті аясында екіжақты келіссөздер жүргізді. Тараптар ағымдағы жылдың маусым айында Джон Лидің Қазақстанға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Кездесудің басты тақырыбы – көлік және логистика, өнеркәсіп, тау-кен секторы, қаржы, цифрландыру және инвестициялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруда ҚР транзиттік әлеуеті мен Гонконгтың қаржылық сараптамасын біріктіру болды.Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтағы теміржол жүк тасымалының шамамен 85%-ы аумағы арқылы өтетін Қазақстан Орталық дәліз бен шетелдік терминалдар желісін белсенді түрде дамытуда. А.Шаққалиев ынтымақтастықтың бірегей форматын – «Қазақстан және Орталық Азия – континенттік Қытай – Гонконг» «үшбұрышын» іске қосуды ұсынды. Бұл модель Орталық Азияның ресурстарын, ҚХР-дың өндірістік қуаттарын және Гонконгтың капиталын біріктіруге мүмкіндік береді.Бұл бастама қуатты экономикалық өсіммен негізделген: 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Гонконг арасындағы өзара тауар айналымы 2,6 есе өсіп, 250,6 млн долларға жетті. Джон Ли бұл тәсілді толық қолдап, Қазақстанды Орталық Азия нарығына шығудың перспективалы қақпасы деп атады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар гонконгтық компаниялардың қатысуымен инвестициялық жобаларды тікелей пысықтау туралы келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1289713?lang=ru
Онлайн-семинар өткізілді 11.09.2026
    2026 жылғы 10 қыркүйекте ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік кірістер комитетінің Аудит департаментінің Салықтық аудитті әкімшілендіру басқармасымен бірлесіп ZOOM платформасында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің уәжді ұстанымдарын ескере отырып, салықтық тексерулер бойынша сот практикасы. Сот органдарының жеке ұйғарымдар мен ақшалай өндіріп алуларды қолдану практикасы» тақырыбында семинар өткізді.    Семинардың мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кәсіби білім деңгейін арттыру және салықтық тексерулер бойынша сот практикасының өзекті мәселелерін қарастыру.    Семинарға аумақтық мемлекеттік кірістер органдарынан 190 тыңдаушы қатысты. Семинар барысында ZOOM платформасы арқылы дәрістер оқылып, лектор ретінде:    Нарманова Бинура Гаухарбековна – Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаментінің Салықтық аудитті әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары сөз сөйледі.    Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға лекторлар толыққанды жауаптар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1289693?lang=ru
Даму саласындағы жаңа серіктестердің үшінші отырысы Алматыда өтті 11.09.2026
2026 жылғы 10-11 қыркүйекте Алматы қаласында ресми дамуға көмек шеңберінде Даму саласындағы жаңа серіктестердің (Emerging Development Partners) үшінші отырысы және БҰҰ-ның Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастық күніне арналған семинар өтті. Іс-шараны БҰҰ Азия мен Тынық мұхитына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясымен (ЭСКАТО), Түркияның Ынтымақтастық және Үйлестіру Агенттігімен (TİKA) және Әзербайжанның Халықаралық даму агенттігімен (AIDA) ынтымақтастықта «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі ұйымдастырды.Даму саласындағы жаңа серіктестердің бірінші және екінші отырыстарын ЭСКАТО 2024 жылы Индонезияда және 2025 жылы Колумбияда өткізген болатын. Алматыдағы отырысқа Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Латын Америкасының даму агенттіктері мен сыртқы істер министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ бақылаушы ретінде Орталық Азия елдері мен Моңғолия қатысты.Іс-шара қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеген «KazAID» Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов өз тәжірибесімен, ресурстарымен бөлісіп, халықаралық дамуға көмекке үлес қосып отырған бірқатар дамушы елдердің негізгі серіктестер ретіндегі рөлі артып келе жатқанын атап өтті.Отырыс барысында халықаралық дамуға көмек күн тәртібіндегі міндеттерді іске асыру, сондай-ақ Оңтүстік-Оңтүстік форматындағы ынтымақтастық және үшжақты өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кеңінен пікір алмасылды.Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар 2027–2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін басым бағыттарды айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1289679?lang=ru
Каспийде Әскери-теңіз күштерінің жоспарлы жаттығулары басталды 11.09.2026
Қазақстанның Каспий теңізі секторында Әскери-теңіз күштерінің жоспарлы оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Әскери теңізшілер Қазақстан секторына тиесілі теңіз айдынын толық жүріп өтіп, түрлі жағдайдағы іс-қимылдарды пысықтап, практикалық атыс жүргізеді.Әскери теңізшілер үшін бұл жаттығулар өз дағдыларын тікелей теңізде тексеруге мүмкіндік береді. Мұнда экипаждың үйлесімді іс-қимылы, навигацияның дәлдігі мен қабылданған шешімдердің жеделдігі қойылған міндеттің орындалуына тікелей әсер етеді.Оқу-жаттығу үш кезеңнен тұрады. Әскери теңізшілер кемелер арасындағы өзара іс-қимылды, навигация мен байланысты, кемені басқаруды және қару-жарақты қолдануды пысықтайды. Жағалаудан едәуір қашықтықта орналасқан экипаждардың іс-қимылына ерекше назар аударылады.Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары 1-ші дәрежелі капитан Арман Сатқановтың айтуынша, оқу-жаттығу барысында экипаждардың тәжірибелік дағдыларын одан әрі жетілдіруге баса мән беріледі.– Ең бастысы – әрбір экипаж мүшесі өз міндетін нақты білуі және қажетті сәтте жедел әрі үйлесімді әрекет етуі керек. Қазір теңізде осы дағдыны тексеріп жатырмыз, – деді 1-ші дәрежелі капитан Арман Сатқанов.Жаттығу барысында экипаждар кеме қару-жарағынан практикалық атыс жүргізіп, бірлескен іс-қимылдарды пысықтайды. Жаттығудың әр кезеңінен өткен сайын тапсырмалар күрделене түседі. Оған қосымша бөлімшелер де тартылды.Оқу-жаттығу кеме экипаждарының түрлі жағдайларда міндеттерді орындауға дайындығын тексеруге және Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік даярлығын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1289669?lang=ru
М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де Мемлекет басшысының құнды ой-тұжырымы топтастырылған жинақ таныстырылды 10.09.2026
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабын таныстыруға арналған іс-шара өтті.Жиынға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысып, еңбекте қамтылған ел дамуының өзекті бағыттары мен қоғамдық құндылықтарды талқылады.Университеттің Басқарма Төрағасы – ректор Мұхтар Әділбекұлы кітаптың мазмұнына тоқталып, «Адал азамат», «Кемел адам», «Толық адам» тұжырымдарының мәнін атап өтті. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» қағидатының азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық мәдениетті қалыптастырудағы маңызына назар аударды.«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағы Мемлекет басшысының отыз жылдан астам уақыт ішінде қалыптасқан мемлекетшілдік ұстанымын, елдің бүгіні мен болашағына қатысты көзқарастарын қамтиды. 21 тақырыптық бөлімнен тұратын еңбекте заң мен тәртіп, әділеттілік, білім мен ғылым, ұлттық құндылықтар, жастар, цифрландыру және қоғамдық жауапкершілік мәселелері кеңінен қозғалған.Ректор білім мен ғылымға арналған ойлардың университет қауымы үшін айрықша маңызды екенін атап өтті.«Бүгінгі заман – білектінің емес, білімдінің, яғни ақыл-ой бәсекесінің заманы», – деген Мемлекет басшысының сөзі білім мен ғылымның елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлін айқындайды.Мұхтар Әділбекұлының айтуынша, қазіргі университеттердің міндеті кәсіби маман даярлаумен ғана шектелмейді. Білім беру ұйымдары терең білімді, сыни ойлайтын, ғылым мен инновацияға ұмтылатын, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын азамат қалыптастыруы тиіс.Іс-шара барысында оқытушылар кітаптың қоғамдық сананы жаңғыртудағы маңызына тоқталып, өз пікірлерін білдірді. Жиын соңында университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген студенттер алғыс хаттармен марапатталды.
ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ 10.09.2026
Шымкентте еңбек ардагерлері студенттермен кездесіп, отбасы, жауапкершілік, салт-дәстүр және нағыз қазақстандық патриот қандай болуы керектігі жөнінде пікір алмасты.Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күні қарсаңында еңбек ардагерлері мен жастардың кездесуі өтті.Жиынға қаладан 40-қа жуық еңбек ардагері, бесінші курс студенттері, оқытушылар мен университет басшылығы қатысты. Кездесудің алғашқы сәтінен-ақ оның қалыпты ресми шарадан өзгеше өтетіні байқалды. Ардагерлер ұлттық киім киіп келіп, жарқын әрі жарасымды киімдерімен залға ерекше көңіл күй сыйлады. Бұл өз кезегінде ұлттық салт-дәстүрді, үлкенге деген құрметті және ұрпақтар сабақтастығын айшықтай түсті.Кездесуге модераторлық еткен Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев жастарға әр адамды ересек өмірге қадам басқанда толғандыратын маңызды мәселелер төңірегінде ашық әңгіме өрбітуді ұсынды. Солардың бірі – «Сен отбасы құруға дайынсың ба?» деген сауал болды.Өйткені отбасы құру – үлкен жауапкершілікті, өмірлік кемелдікті, сабыр мен өзің үшін ғана емес, жаныңдағы адам үшін де жауап бере білуді талап етеді. Ардагерлер студенттермен әңгіме барысында берік отбасы тек сезімге ғана құрылмайтынын атап өтті. Әрине, махаббаттың орны бөлек. Алайда отбасылық өмірде бір-бірін құрметтеу, тыңдай білу, қиын сәтте қолдау көрсету және туындаған мәселелерді бірге шешу де аса маңызды.Кездесуге Өзбекәлі Жәнібеков атындағы университеттің ректоры, профессор Қайрат Балабиев, аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты Асылбек Ноғаев, оқытушы Қайрат Анарбаев және педагогикалық университеттің психология бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Айтжанова қатысты.Мамандар азаматтық жауапкершілік, жастардың елге деген көзқарасы, отбасылық өмірдің психологиялық қырлары туралы ой қозғады. Сонымен қатар өзіңді және өзге адамды түсіне білу, бір-бірімен ашық сөйлесу, туындаған келіспеушіліктерді сабырмен шешу де отбасылық өмірге дайындықтың маңызды бөлігі екеніне назар аударылды.Кездесу барысында үлкенді құрметтеу, ата-анаға қамқорлық жасау, бала тәрбиесі, туған жерге деген сүйіспеншілік пен ұлттық мәдениетті сақтау ең алдымен отбасынан басталатыны атап өтілді.Осыған байланысты отбасылық құндылықтар туралы әңгіме патриотизм тақырыбымен де сабақтасты. Ардагерлер студенттерді Қазақстанның нағыз патриоты болуға шақырып, Отанға деген сүйіспеншілік ең алдымен күнделікті іс-әрекеттен көрінетінін айтты.Нағыз патриотизм – сапалы білім алудан, адал еңбек етуден, заң мен айналадағы адамдарды құрметтеуден, ата-анаға қамқор болудан, ана тіліне, мәдениет пен салт-дәстүрге құрметпен қараудан және туған қаласы мен еліне пайда келтіруге ұмтылудан көрінеді.Университет үшін мұндай кездесулердің маңызы зор. Себебі бұл – ұрпақтар арасында шынайы диалог орнатуға мүмкіндік беретін алаң. Мұнда жастар аға буынның ақыл-кеңесін тыңдап қана қоймай, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерін ашық білдіре алады.Отбасы – тәрбиенің бастауы, ұлттық құндылықтардың алтын бесігі және қоғамның берік негізі. Ал отбасында қалыптасқан сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімі Отанға деген құрмет пен патриоттық ұстанымның қалыптасуына жол ашады.
ЛЮБОВЬ К РОДИНЕ НАЧИНАЕТСЯ С СЕМЬИ 10.09.2026
В Шымкенте ветераны труда встретились со студентами, чтобы поговорить о семье, ответственности, традициях и о том, каким должен быть настоящий патриот Казахстана.В Южно-Казахстанском государственном педагогическом университете имени Озбекали Жанибекова состоялась встреча ветеранов труда с молодежью, в преддверии Дня семьи, который в Казахстане отмечается ежегодно во второе воскресенье сентября.На встречу пришли около 40 ветеранов города, студенты пятого курса, преподаватели и руководство университета. С первых минут стало понятно, что это будет не обычное официальное мероприятие. Ветераны пришли в национальных костюмах, и их яркие наряды сразу создали в зале особую атмосферу, напомнив о традициях, уважении к старшему поколению и преемственности, которая связывает разные поколения. Председатель Совета ветеранов Шымкента Кенжехан Тулебаев, ставший модератором встречи, предложил молодежи поговорить о вещах, которые волнуют практически каждого человека, когда он начинает задумываться о взрослой жизни. Одним из главных стал вопрос: «Готов ли ты создать семью?» Ведь создание семьи требует зрелости, терпения и готовности отвечать не только за себя, но и за человека, который будет рядом. Ветераны говорили со студентами о том, что крепкая семья не строится только на чувствах. Любовь, конечно, важна, но семейная жизнь требует взаимного уважения, умения слышать друг друга, поддерживать в трудную минуту и вместе решать проблемы.В разговоре приняли участие ректор университета имени Озбекали Жанибекова, профессор Кайрат Балабиев,старший преподаватель, кандидат филологических наук Асылбек Ногаев, преподаватель Кайрат Анарбаев, заведующая психологическим отделом педагогического университета Гульнар Айтжанова. Они затронули вопросы гражданской ответственности и отношения молодежи к своей стране, обратили внимание на психологическую сторону семейной жизни и подчеркнули, что умение понимать себя и другого человека, разговаривать и спокойно решать возникающие разногласия также является важной частью подготовки к семейной жизни. Было отмечено, что уважение к старшим, забота о родителях, воспитание детей, любовь к родной земле и сохранение культуры начинаются именно в семье. Поэтому разговор о семейных ценностях неизбежно оказался связан с темой патриотизма. Ветераны призвали студентов быть настоящими патриотами Казахстана и подчеркнули, что любовь к Родине проявляется, прежде всего, в повседневных поступках. Это честная учеба и добросовестный труд, уважение к закону и окружающим людям, забота о родителях, бережное отношение к языку, культуре и традициям, а также желание приносить пользу своему городу и своей стране. Для университета подобные встречи важны, прежде всего, возможностью создать настоящий диалог между поколениями, когда молодежь может не просто услышать советы старших, а задать вопросы и высказать собственное мнение.
Қазақстан мен Сауд Арабиясы көпжақты ынтымақтастық аясындағы диалогты дамытуда 10.09.2026
Рияд, 2026 жылғы 7 қыркүйек – Риядта Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Менйлбековтің САК Сыртқы істер министрінің орынбасары Абдуррахман әл-Рассимен кездесуі өтті.Әңгімелесу барысында екі елдің халықаралық ұйымдары, ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) аясындағы, сондай-ақ алдағы көпжақты іс-шаралар шеңберіндегі өзара іс-қимылын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде су саласындағы ынтымақтастық жөнінде пікір алмасты.Кездесу екіжақты диалогты нығайту жолындағы кезекті қадам болып, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1289591?lang=ru
ЖАСТАРДЫ КИБЕРҚАУІПТЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ ЖАЛҒАСУДА 10.09.2026
Орталық Азия инновациялық университетінде кибергигиена және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараға студенттер мен оқытушылар, сондай-ақ цифрлық сауаттылық саласының сарапшылары, полиция қызметкерлері және заңгерлер қатысты.Ауқымды түсіндіру кездесулері мегаполистің барлық аумағында «Кибермәдениет айы» қалалық айлығы аясында ұйымдастырылуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалардың негізгі мақсаты – жастардың цифрлық алаяқтардың айла-тәсілдеріне қарсы иммунитетін қалыптастырып, жеке деректерін қорғауды үйрету.Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Қырғызбаевтың айтуынша, тиімді алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында басқарма құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмысты жолға қойған.«Полиция департаменті мен біздің басқарма арнайы жұмыс тобын құрып, белсенді жұмысқа кірісті. Басты мақсатымыз – оқушылар мен студенттерге заң талаптарын түсіндіру, қазіргі таңда кездесетін қауіп-қатерлер туралы ақпарат беру, қателіктерге жол бермеуге көмектесу және алаяқтардың арбауына түсуден сақтандыру. Жастарды күмәнді схемалардан аулақ болуға шақырамыз», – деді Ернұр Қырғызбаев.Жүргізіліп жатқан жұмыстардың ауқымына тоқталған басқарма басшысының орынбасары профилактикалық іс-шаралардың білім берудің әртүрлі деңгейлерін қамтып отырғанын атап өтті.«Бүгінде біз бес университетті, үш колледжді және үш мектепті қамтыдық. Бұл түсіндіру жұмыстарын қаланың барлық білім беру ұйымдарында жалғастырамыз. Қазіргі таңда интернет-алаяқтық кең таралған. Сондықтан біздің міндетіміз – нақты мысалдар арқылы цифрлық қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын түсіндіру. Цифрлық технологиялар кеңінен қолданылатын заманда жастардың алаяқтардың арбауына түспеуі үшін барынша сақ болғаны маңызды», – деп атап өтті Ернұр Қырғызбаев.Ашық диалог барысында сарапшылар студенттерге кибергигиенаның негізгі ережелерін де еске салды. Атап айтқанда, күрделі әрі бірнеше таңбадан тұратын құпиясөздерді пайдалану, екі факторлы аутентификацияны қосу, күдікті сілтемелерді ашпау және құпия деректерді бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндірілді.Сонымен қатар интернеттегі ойланбай жасалған әрекеттердің құқықтық салдарына, соның ішінде дропперлікке тартылу қаупіне ерекше назар аударылды.Мұндай кездесулер студенттермен қатар оқытушыларға да заманауи технологиялық және қаржылық қауіп-қатерлерден сенімді қорғану жолдарын түсінуге және цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
ШЫМКЕНТТЕ ЖАС САРБАЗДАРДЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ 10.09.2026
Шымкентте мерзімді әскери қызметке аттанатын жастарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Маңызды шара әскерге шақырылушылар, олардың ата-аналары, туған-туыстары мен жақындары үшін ерекше мәнге ие болды.Сап түзеу барысында жас сарбаздарға ақ жол тілектер айтылып, азаматтық борышын абыроймен атқаруға бағыт-бағдар берілді. Қала әкімдігінің, әскери бөлімдер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жас сарбаздарды өмірлеріндегі жаңа кезеңнің басталуымен құттықтап, оларға мықты денсаулық, төзімділік, батылдық және әскери қызметте табыс тіледі.Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев және  №6506 әскери бөлімінің командирі, полковник Кенжебек Төкешов құттықтау сөздерінде әскери қызметтің жауапкершілік пен азаматтық кемелділікке баулитын маңызды өмір мектебі екенін атап өтті.Жиын барысында әскерге шақырылушылардың ата-аналарына да ерекше көңіл бөлінді. Әр отбасы үшін ұлын Отан алдындағы борышын өтеуге шығарып салу – толқыныс пен мақтаныш қатар жүретін есте қаларлық сәт. Ата-аналар әскери қызмет жастар үшін жақсы өмір мектебі болып, оларды жауапкершілікке, тәртіпке және өз күшіне сенуге тәрбиелейді деген сенімдерін білдірді.«Бүгін сіздер өмірлеріңіздегі маңызды кезеңді бастап отырсыздар. Әскери қызмет батылдықты, тәртіпті, өзара көмек пен жауапкершілікті талап етеді. Отбасыңыздың және туған қалаңыздың абыройын биік ұстаңыздар, жолдастарыңызды құрметтеңіздер және алдарыңызға қойылған міндеттерді абыроймен орындаңыздар», – деді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Онбаев.Әскерге шақырылушылар үшін бұл күн жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Алда оларды әскери өмір, оқу-жаттығу, дене шынықтыру және саптық дайындық, жаңа ортаға бейімделу, достық қарым-қатынас орнату және кәсіби дағдыларды меңгеру кезеңі күтіп тұр.Салтанатты шара соңында жас сарбаздарға ақ жол тілеп, аман-есен елге оралуына ізгі тілектер айтылды. Туған-туыстары мен жақындары жастарды мақтанышпен шығарып салып, әскери міндеттерін абыроймен атқарып, елге абыроймен оралуын тіледі.Бүгін әскери бөлімдерге аттанған шымкенттік жастар үшін бұл күн есте қалатын ерекше оқиға болмақ. Бұл – олардың ересек өмірге жасаған тағы бір маңызды қадамы.
В ШЫМКЕНТЕ ПРОВОДИЛИ МОЛОДЫХ ВОЕННОСЛУЖАЩИХ НА СРОЧНУЮ СЛУЖБУ 10.09.2026
В Шымкенте состоялась торжественная церемония проводов молодых людей, которые отправляются на срочную военную службу. Мероприятие стало важным и символичным событием для призывников, их родителей, родных и близких.В этот день на построении звучали слова напутствия и пожелания достойно выполнить свой гражданский долг. Представители городских властей, воинских частей и общественных организаций поздравили молодых военнослужащих с началом нового этапа в их жизни и пожелали им крепкого здоровья, выдержки, мужества и успехов в службе.Начальник департамента по делам обороны города Шымкент полковник Абдигабит Шегебаев и командир воинской части 6506 города Шымкент полковник Кенжебек Тукешов Жалелович в приветственном слове отметили, что военная служба остается важной школой ответственности и гражданской зрелости.Особые слова были адресованы родителям призывников. Для каждой семьи проводы сына в армию — волнительный и памятный момент. Родители выразили надежду, что служба станет для молодых людей хорошей школой жизни, поможет воспитать ответственность, дисциплину и уверенность в собственных силах.«Сегодня вы начинаете важный этап своей жизни. Военная служба требует мужества, дисциплины, взаимовыручки и ответственности. Берегите честь своей семьи и родного города, уважайте своих товарищей и достойно выполняйте поставленные перед вами задачи», — отметил председатель Шымкентского городского филиала РОО «Ветераны Вооруженных сил РК», полковник в отставке Серикбай ОнбаевДля самих призывников этот день стал началом нового пути. Впереди их ждут армейские будни, обучение, физическая и строевая подготовка, новые знакомства и приобретение профессиональных навыков.Торжественная часть завершилась традиционными пожеланиями счастливого пути и благополучного возвращения домой. Родные и близкие проводили молодых ребят с надеждой и гордостью, пожелав им достойно пройти службу и вернуться домой здоровыми.Для молодых шымкентцев, отправляющихся сегодня в воинские части, этот день навсегда останется памятным событием — днем, когда они сделали еще один шаг во взрослую жизнь.
Astana International Exchange биржасында тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымының листингі рәсімі өтті 10.09.2026
Astana Finance Days шеңберінде AIX биржасында Қазақстан Республикасының тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымының салтанатты листингі рәсімі өтті.Қазақстанның Қытай капитал нарығында болуының табысты тарихын жалғастыра отырып, жалпы көлемі 6,6 млрд. юань болатын панда облигацияларының екінші шығарылымы жүзеге асырылды.Тәуелсіз панда облигациялардың екінші шығарылымы екі траншпен сәтті орналастырылды: 1,82% мөлшерлемемен 3 жылға 5 млрд. юань және жылдық 1,95% мөлшерлемемен 5 жылға 1,6 млрд. юань.Панда облигациялары нарығында тәуелсіз шығарылымдар арасында рекордтық төмен болған қол жеткізілген кірістілік деңгейі ерекше маңызға ие. Бұл ретте өтінімдер кітабындағы сұраныстың жалпы көлемі ұсыныстан 2,5 есеге асып түсті.Сәтті орналастырылуы және жоғары қызығушылық танытылуы Қазақстанға деген сенімнің нығаюын және елдің кредиттік сапасына жоғары бағаны растайды.Орналастырылған үш жылдық және бес жылдық транштар Қазақстанның Қытай юаніндегі тәуелсіз кірістілік қисығын кеңейтті және Қазақстандық эмитенттердің болашақ шығарылымдары үшін кірістіліктің жаңа бағдарларын қалыптастырды.Салтанатты рәсімге Қаржы министрлігінің, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО), AIX биржасының басшылығы, сондай-ақ China International Capital Corporation Limited (CICC) қоса алғанда, мәміленің жетекші андеррайтерлері мен серіктестерінің өкілдері қатысты. Бірлескен жетекші ұйымдастырушылар China Construction Bank Limited (CCB), Industrial and Commercial Bank of China Limited (ICBC), The Export-Import Bank of China и Bank of China Limited (BOC), «Teniz Capital Investment Banking» АҚ болды.Қазақстан және Қытай тараптарының өкілдері қаржы нарықтарындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтудің және ынтымақтастықтың жаңа құралдарын дамытудың маңыздылығын атап өтті.Салтанатты рәсімнің өткізілуі Astana International Exchange алаңында сауда-саттықтың іске қосылуын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1289588?lang=ru
Қазақстан мен Лихтенштейн екіжақты ынтымақтастықты дамытуда 10.09.2026
Вадуц, 2026 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Лихтенштейн Князьдігіне жұмыс сапарымен барды.Лихтенштейн Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер, қоршаған орта және мәдениет министрі Сабине Монаунимен кездесуде тараптар екіжақты саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуетін атап өтіп, басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылды сындарлы негізде одан әрі дамытуға дайын екендерін білдірді.Қазақстандық дипломат сондай-ақ Лихтенштейннің Сыртқы істер басқармасының директоры Мартин Фрикпен келіссөздер өткізіп, Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы институционалдық өзара іс-қимылды нығайту жолдарын, екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі және негізгі өңірлік алаңдардағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және өзара мүддеге сай ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау мақсатында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1289570?lang=ru
Сұрақ-жауап форматында кездесу 10.09.2026
9 қыркүйекте Көкшетау қаласындағы Достық үйінде салық төлеушілерге арналған Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына енгізілген өзгерістерге қатысты кездесу өтті.Іс-шараны ашқан Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ахметжан Хасенов Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шайкеновті таныстырып, бұл кездесу мемлекеттік орган мен бизнес қоғамдастығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам болатынына сенім білдірді.Сұрақ-жауап форматында өткен шара барысында салықтық және кедендік әкімшілендірудің негізгі аспектілері, соның ішінде келесі сұрақтар қарастырылды: * салықтық есептілік нысандарын толтыру; * ҚҚС-ты есептеу және төлеу; * электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру; * тауарларды жіктеу; * салықтық шегерімдерді қолдану; * еркін қоймалардың жұмысы.Шараға қатысушылар  кәсіпкерлер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар  ашық сұхбатқа оң баға берді.Кездесу соңында іс-шара модераторы  Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкенов мұндай іс-шараларды тұрақты негізде өткізуді ұсынды.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1289572?lang=ru
Қазақстан-Корея мәдени ауылы: мәдениет пен достық тоғысқан мереке 10.09.2026
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі баршаңызды «Kazakhstan-Korea Cultural Village» мәдени іс-шарасына шақырады.Қазақстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ұйымдастырылатын бұл мәдени мереке Қазақстан мен Корея халықтарының бай мәдени мұрасын, дәстүрлері мен достығын дәріптеуге арналған.Бағдарламада танымал қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен ұлттық музыка, классикалық шығармалар мен заманауи туындылар ұсынылады. Қонақтар Ұлы дала мәдениеті мен қазақ халқының бірегей өнерімен жақынырақ таныса алады. 16 қыркүйек 2026 жыл 12:00-14:00 Yeouido Hangang Park, Seoul Кіру тегін. Баршаңызға есік ашық!Тіркелу және іс-шараның нақты орналасқан жері туралы ақпаратты афишадағы QR-код арқылы алуға болады.Қазақстан мен Корея арасындағы достықты бірге атап өтейік!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1289576?lang=ru
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 6 күн қалды! 10.09.2026
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы  15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялау  шеңберінде декларацияны тапсырудың мерзімі аяқталатынын еске салады! Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан).       Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (knp.kgd.gov.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz) сервистерінің көмегімен және e-Salyq Azamat, eGov mobile, сонымен қатар Halyk, Kaspi және т.б. екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1289577?lang=ru
Риядта Қазақстанның «Expo 2030 Riyadh» халықаралық көрмесіне қатысу мәселелері талқыланды 10.09.2026
Рияд, 2026 жылғы 8 қыркүйек – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Expo 2030 Riyadh Company» Бас атқарушы директоры Талал Әл-Марримен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында Қазақстанның «Expo 2030 Riyadh» халықаралық көрмесіне қатысуына қатысты негізгі ұйымдастырушылық мәселелер, сондай-ақ қазақ пен сауд тараптары арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі алдағы қадамдар талқыланды.М.Меңілбеков Қазақстанның іс-шараға белсенді әрі мазмұнды қатысуға мүдделі екенін, сондай-ақ көрменің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, озық тәжірибемен алмасу, инновациялық шешімдер мен технологияларды ілгерілету үшін маңызды халықаралық алаң ретіндегі маңызын атап өтті.Өз кезегінде, Талал Әл-Марри Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін білдіріп, көрмеге дайындықтың барлық кезеңдерінде қазақ тарапына қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ұйымдастырушылық және практикалық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1289565?lang=ru
Астанада жас сарбаздарды ҰҚК-нің Шекара қызметіне шығарып салды 10.09.2026
«Ел қорғау – ерлердің ісі» акциясы аясында елордадағы «Жастар» сарайында медициналық комиссиядан және психологиялық тестілеуден сәтті өткен 15 астаналықты әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, ҰҚК Шекара қызметінің, Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, ардагерлер, әскерге шақырылушылардың ата-аналары мен жақындары, сондай-ақ әскери кафедралардың 700-ден астам студенті мен мектеп оқушылары қатысты.– Әскер жас азаматтардың мінезін шыңдап, дене төзімділігін арттырады. Сонымен қатар жастарды достыққа, бір-біріне қолдау көрсетуге үйретеді. Жігіттер барлық сынақтан абыроймен өтіп, заманауи техника мен әскери мамандықтарды меңгеретініне сенімдіміз. Ұлдарын туған жерін, отбасын және Отанын қорғауға даяр азамат етіп тәрбиелеген ата-аналарға алғыс айтамын, – деді Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Балтеміров.Іс-шара барысында әскерге шақырылушылар, мектеп оқушылары мен студенттер заманауи қару-жарақ түрлерімен, байланыс құралдарымен және ҰҚК Шекара қызметінің әскери киім үлгілерімен танысты. Қатысушылар алдында қызметтік ит те өз өнерін көрсетті. Кинологтың жетекшілігімен ол әр түрлі иіс үлгілері салынған заттарды тез әрі қателеспей тауып, көпшілікті тәнті етті. Әскерге шақырылушылар үшін Абай облысы Мақаншы ауданындағы Шекара қызметі бөлімшесінде абыроймен әскери борышын өтеген сарбаздармен кездесу де тағылымды болды. Салтанатты шара барысында ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары генерал-майор Төлеужан Жүнісов үш күн бұрын үйлеріне оралған әскери қызметшілерге «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісін табыстады. Жаңа шақырылым Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшесінде әскери борышын өтейді.– Бүгін шекараны қорғауға бірден екі немерем – Әлтайыр мен Жомартты шығарып салып тұрмын. Олармен мақтанамын. Әскерде шыңдалып, жауапкершілігі артып, нағыз достықтың қадірін түсінеді деп сенемін. Барлық жігіттерге Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, аман-есен үйлеріне оралуын тілеймін, – деді Өмірзақ Жолмағамбетов.Айта кетейік, биылғы күзгі әскерге шақыру науқаны барысында еліміз бойынша шамамен 23 мың азамат әскери қызметке шақырылады. Астанадан әскер қатарына 1400 жас аттанады. Оның 190-ы ҰҚК Шекара қызметінде әскери борышын өтейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1289549?lang=ru