Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке телеграм бот арқылы шағымдану мүмкіндігі пайда болды 16.07.2025
    Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді. «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды.Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram-ботына мемлекеттік қызметті беруші мекеменің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағымдарын жібере алады.Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақтылы қызмет көрсетпеу және басқа дафактілер бойынша өтініш жіберуге болады.Барлық келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды жауапты тұлғалар қарастырып, кері байланысты қамтамасыз ету арқылы мәселелерді қысқа мерзімде шешеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1129866?lang=kk
Қазақстанда «Чекті талап ет – Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» акциясы басталды 16.07.2025
Құрметті павлодарлықтар! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Halyk Bank және Amian мобильді қосымшасымен бірлесіп, «Чекті талап ет – Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» атты республикалық акцияны іске қосады. Бұл бастама қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды танымал етуге, фискалдық тәртіпті арттыруға және тұтынушылардың саналы мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған. Акция өткізу мерзімі: 2025 жылғы 1 маусымнан 30 қарашаға дейін.Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады. Қатысу шарттары:Halyk Bank картасы немесе Halyk QR-коды арқылы Halyk POS-терминалдарда сауда жасаңыз;Фискалдық чектерді Amian мобильді қосымшасына жүктеңіз;Amian профиліңізде ЖСН көрсетілгеніне және төлем картасы өз атыңызға рәсімделгеніне көз жеткізіңіз – бұл ұтыс ойынына дұрыс қатысу үшін маңызды. Сыйлықтар:Ай сайын – еліміз бойынша 30 жеңімпаз анықталады.Әр жеңімпаз Halyk Bank-тегі бонус шотына 100 000 бонус алады.Жеңімпаздар RANDOM.ORG сайты арқылы кездейсоқ түрде анықталып, әр айдың 15-іне дейін @halykbank.kz ресми Instagram парақшасында тікелей эфирде жарияланады.Amian қосымшасы – чектерді сақтау мүмкіндігін беретін цифрлық көмекші.Қосымша App Store және Play Market платформаларында тегін жүктеп алуға қолжетімді. Маңызды:Фискалдық чекті талап ету – бұл тек сыйлық ұтып алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғау, есеп айырысудың ашықтығына ықпал ету және адал кәсіпкерлікті дамыту жолы.Әрбір чекті – сыйлыққа және қаржылық мәдениетке жасалған қадамға айналдырыңыз! Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1035274?lang=kk
Астанада сынақ зертханасы лифтілерді тексеру кезінде заң талаптарын бұзды – 132 бұзушылық анықталды 16.07.2025
Жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында «Казлифтконсалтинг» ЖШС сынақ зертханасына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 415-1-бабының 1-бөлігі, 2-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бойынша 132 іс қозғалды.Анықталған фактілерге сәйкес, зертхана Кеден одағының КО ТР 011/2011 «Лифттердің қауіпсіздігі» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау жұмыстарын аккредиттеу саласына кірмейтін көрсеткіштер бойынша жүргізген. Бұл Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 14-бабының 5-тармағына қайшы келеді. Аталған тармаққа сәйкес, аккредиттеу субъектілері жұмыстарды тек аккредиттеу саласы шеңберінде орындауға және тиісті нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға міндетті.«Сәйкестікті бағалау саласындағы заңнаманың сақталуы – әсіресе лифт сияқты техникалық күрделі объектілердің қауіпсіздігі сөз болғанда – ерекше маңызды. Біз нарықтың барлық қатысушыларын Қазақстан Республикасының белгіленген заң нормаларын қатаң сақтауға шақырамыз, бұл қауіптерді азайтуға және жабдықтардың сенімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова.Сынақ зертханасына екі миллион үш жүз мың екі жүз жиырма теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1035278?lang=kk
О пресечении незаконного провоза табачных изделий 16.07.2025
2025 жылдың 11 шілдеде Жамбыл облысының «Қарасу» автокөлік өткізу пунктінде шекарашылар темекінің ірі партиясын тасымалдау әрекетінің жолын кесті (466 мың қорап темекі).Темекі бұйымдарын Қазақстанға ілеспе құжаттарсыз, тасымалданатын жүкте жасырып әкелуге әрекеттенген.Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны 233 млн теңгеден асады.Ұсталған жүк әрі қарай қараe үшін тиісті органға берілді. ҰҚК баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/1035215?lang=kk
«Жетісу» кеден бекеті «Qoldau» бірлескен акциясын ұйымдастырды 16.07.2025
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Жетісу» кеден бекеті және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп «Qoldau» бірлескен акциясын ұйымдастырды.Іс-шараға 117 сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кеден өкілдері қатысты.Іс-шара өзекті және басым тақырыптарды екіжақты талқылаудың жанданған атмосферасында өтті, кедендік қатынастардың проблемалық мәселелері қойылды.Мұндай кездесулердің маңыздылығын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, салық және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын кеден өкілдері атап өтті.«Qoldau» акциясын өткізудің маңыздылығы – әкімшілендіруді жақсарту мақсатында түсіндірулердің толық көлемін ұсыну – мемлекеттік кірістер органдарының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Кеңес алу, сұрақтар қою, мәселелерді талқылауға қатысу, сондай-ақ жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу – әрбір Қазақстан азаматының құқығы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1035189?lang=kk
Телефондар мен SIM-карталар жасырылған жүк түзеу мекемесінің кіреберісінде әшкереленді 16.07.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кезекті рет қырағылық танытып, түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттардың өтіп кетуіне жол бермеді.Оқиға техникалық өткізу-бақылау пунктінде кезекшілік кезінде орын алды. «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің жеке атқыштар ротасының әскери қызметшілері -  Ерлан Қанат, кинолог көмекшісі Береке Дөнебай, сондай-ақ қарауыл қызметіндегі  Ерболат Тойлыбай мен Ерназ Әскербеков «ГАЗель» маркалы жүк көлігін тексеру үшін тоқтатқан.Қызметтік иттің көмегімен жүргізілген мұқият тексеру барысында бояу құтыларының арасынан әдейі жасырылған тыйым салынған заттар табылды. Атап айтқанда: 8 мобильді телефон, 4 қуаттағыш құрылғы, 2 SIM-карта және 3 жұп құлаққап анықталды.Оқиға туралы ақпарат жедел түрде кезекші бөлімге жеткізіліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде. #ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1035197?lang=kk
Мемлекеттік кірістер Комитетінің электронды қызметтері-оңай және ыңғайлы 16.07.2025
Мемлекеттік кірістер Комитетінің электронды қызметтері-оңай және ыңғайлыТауардың жіктелуі туралы алдын ала шешім қабылдау мемлекеттік қызметіне электронды түрде өтініш берудің артықшылықтарыТауардың жіктелуі туралы алдын ала шешім (ТЖАШ) қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметке электронды түрде өтініш беру — сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында күннен-күнге сұранысқа ие болуда. Мұндай өтініш беру тәсілінің негізгі артықшылықтары мыналар:1. Уақыт үнемдеуӨтініш берушіге кеден органдарына жеке барудың қажеті жоқ — барлық әрекеттерді электронды сервистер арқылы қашықтан орындауға болады, бұл процесті едәуір жылдамдатады.2. Қолайлылық және қолжетімділікЭлектронды форматта өтінішті тәуліктің кез келген уақытында, интернет бар кез келген жерден беруге болады. Бұл жұмыс кестесі тығыз компаниялар үшін өте ыңғайлы.3. Ашықтық және қадағалау мүмкіндігіЭлектронды жүйелер арқылы өтініштің қаралу мәртебесін бақылап отыруға және қажетті хабарламаларды уақтылы алуға болады.4. Қағазбастылықты азайтуҚағаз құжат айналымының көлемі азайып, құжаттарды сақтау мен оларға қол жеткізу жеңілдейді.5. Дәлдік пен дұрыстықты арттыруЭлектронды өтініш формаларында көмекші нұсқаулықтар мен автоматты тексерулер болады, бұл өтініш толтыру кезінде қателіктердің алдын алуға көмектеседі.Осылайша, ТЖАШ қызметіне электронды түрде өтініш беру — кеден органдарымен заманауи әрі тиімді өзара іс-қимылдың маңызды қадамы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1035106?lang=kk
Пусан - Алматы бағыты бойынша алғашқы тікелей рейс оңтүстіккореялық Eastar Jet әуе компаниясымен сәтті орындалды 16.07.2025
Пусан, Корея Республикасы - 2025 жылғы 15 шілде күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 18:55-те, Пусан қаласындағы Кимхэ халықаралық әуежайынан Пусан - Алматы (PUS–ALA) бағыты бойынша тарихи алғашқы тікелей әуе рейсі сәтті орындалды. Ұшуды 2007 жылғы 26 қазанда құрылған Оңтүстік Кореяның Eastar Jet әуе компаниясы Boeing 737 ұшағымен жүзеге асырды (рейс нөмірі ZE935).Алғашқы рейсті қарсы алу рәсіміне Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығының өкілдері, Корея Республикасындағы Қазақстанның Құрметті консулы, Eastar Jet әуе компаниясының басшылығы мен Кимхэ әуежайының әкімшілігі қатысты.Аталған тікелей рейстің ұзақтығы 7 сағатты құрайды. Алғашқы рейске 120 жолаушы тіркеліп, бұл әуе кемесінің шамамен 75% толуын көрсетті. Жолаушылар қатарында Корея Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және басқа елдердің азаматтары болды. Негізінен, бұл туристер, студенттер, зейнет жасындағы адамдар мен Қазақстан арқылы транзиттік бағытта саяхаттап жүрген шетел азаматтары.Сонымен қатар, Бас консулдық тарапынан әуежай аумағында орналасқан көші-қон қызметінің өкілдерімен кездесу өткізіліп, Қазақстан азаматтарына қатысты мәселелер туындаған жағдайда өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында байланыс деректерімен алмасу жүзеге асырылды.Жолаушыларды ұшаққа отырғызу барысында Бас консул және Құрметті консул ұшақ экипажын жылы шыраймен қарсы алып, ұшу тобына алғыс білдіріп, жолаушыларға сәтті әрі қауіпсіз сапар тіледі.Қазақстан Республикасының Бас консулдығы Пусан - Алматы бағытының жоғары әлеуетін көрсеткенін атап өтіп, бұл бағыт бойынша тұрақты рейстер орнату және Корея мен Қазақстан арасындағы басқа қалаларға да тікелей рейстер ашу мәселесінде үлкен қызығушылық танытып отыр.Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Бас консулдығы екі ел арасындағы әуе қатынасын дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын және корей тарапымен өзара тиімді әрі сындарлы ынтымақтастық орнатуға әрдайым ашық. Пусан, Республика Корея - 15 июля 2025 года в 18:55 по местному времени из Международного аэропорта Гимхе (г. Пусан) был успешно выполнен исторический первый прямой авиарейс по маршруту Пусан - Алматы (PUS–ALA). Перелёт осуществлялся на воздушном судне Boeing 737 южнокорейской авиакомпании Eastar Jet (основана 26 октября 2007 года), под номером рейса ZE935.На открытии рейса присутствовали представители Генерального консульства Республики Казахстан в городе Пусан, Почётный консул Республики Казахстан в Республике, а также представители авиакомпании Eastar Jet и администрация аэропорта.Продолжительность прямого рейса составляет 7 часов. Согласно предварительным данным, на первый рейс было зарегистрировано 120 пассажиров, что составляет около 75% загрузки воздушного судна. Среди пассажиров преимущественно граждане Республики Корея, Республики Казахстан, Российской Федерации и других стран. Основную часть составляют туристы, студенты, лица пожилого возраста, а также иностранные граждане, совершающие транзит через Казахстан.В рамках запуска рейса представители Генерального консульства провели рабочую встречу с представителями миграционной службы, расположенной в аэропорту Гимхе, и организовали обмен контактами для оперативного взаимодействия по вопросам, касающимся граждан Республики Казахстан.Во время процедуры посадки Генеральный консул и Почётный консул тепло поприветствовали экипаж воздушного судна, выразили благодарность командиру и кабинному персоналу, а также пожелали всем пассажирам успешного и безопасного полёта.Генеральное консульство Республики Казахстан выражает уверенность, что успешный запуск рейса Пусан - Алматы продемонстрировал высокий потенциал данного направления. В перспективе рассчитываем на расширение географии прямых рейсов между Республикой Корея и Республикой Казахстан, включая новые города.Посольство и Генеральное консульство Республики Казахстан в Республике Корея готовы оказывать всестороннюю поддержку в развитии двустороннего авиасообщения и всегда открыты для конструктивного и взаимовыгодного сотрудничества с корейскими партнёрами. Busan, Republic of Korea - On July 15, 2025, at 18:55 local time, the historic first direct flight on the Busan - Almaty route (PUS–ALA) successfully departed from Gimhae International Airport (Busan). The flight was operated by the South Korean airline Eastar Jet (founded on October 26, 2007) aboard a Boeing 737 aircraft, under flight number ZE935.The launch event was attended by representatives of the Consulate General of the Republic of Kazakhstan in Busan, the Honorary Consul of Kazakhstan in the Republic of Korea, as well as representatives of Eastar Jet and Gimhae International Airport administration.The direct flight has a duration of approximately 7 hours. According to preliminary data, 120 passengers were registered for the inaugural flight, accounting for about 75% of the aircraft’s capacity. Among the passengers were citizens of the Republic of Korea, the Republic of Kazakhstan, the Russian Federation, and other countries. The majority included tourists, students, elderly individuals, as well as foreign nationals in transit through Kazakhstan.As part of the launch event, representatives of the Consulate General held a working meeting with officials from the immigration service located at Gimhae International Airport, during which contact information was exchanged to facilitate prompt cooperation on matters concerning citizens of the Republic of Kazakhstan.During the boarding process, the Consul General and the Honorary Consul warmly greeted the flight crew, expressed appreciation to the captain and cabin staff, and extended wishes for a safe and successful journey to all passengers.The Consulate General of the Republic of Kazakhstan expresses confidence that the successful launch of the Busan - Almaty route has demonstrated the high potential of this direction. In the future, the Consulate hopes to see an expansion in the geography of direct flights between the Republic of Korea and the Republic of Kazakhstan, including to new cities.The Embassy and the Consulate General of the Republic of Kazakhstan in the Republic of Korea stand ready to provide comprehensive support for the development of bilateral air connectivity and remain open to constructive and mutually beneficial cooperation with Korean partners.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1035103?lang=kk
«Көк береттілер» жауынгерлік үйлесімді іс-қимыл кезеңіне кірісті 16.07.2025
Қонаев гарнизонындағы 32363 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жауынгерлік оқудың кезекті кезеңінде бөлімшелерді даярлауды бастады. Бұған дейін десантшы жауынгерлер өздерінің әскери мамандықтары бойынша курстан өтіп, лауазымдық міндеттерін, қару-жарақ пен техниканы үйренді. Бақылау сабақтары олардың білім деңгейін және тапсырмаларды одан әрі орындауға дайындығын растады.Жауынгерлік үйлесімділік кезеңінің басты мақсаты – тактикалық машықтарды, далалық дағдыларды және ұрыстағы өзара іс-қимылды жетілдіру. Атысты басқаруға, динамикалық жағдайда әрекет етуге және қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше назар аударылады.– Жауынгерлердің машығын шыңдау үшін оқу-жаттығу полигонында құрлықта да, әуе нысандарында да қарудың барлық түрлерінен атыс жүргізуге мүмкіндік беретін жағдай жасалған. Қол гранаталарын лақтыру дағдылары да пысықталуда. Қараңғыда нысаналарды түнде көру құрылғылары қолданылады, – деді батальон командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары капитан Асқат Мұратов.Офицерлер мен сержанттар басқару дағдыларын, сондай-ақ ұрыста моральдық-психологиялық қамтамасыз ету тәсілдерін жетілдіреді. Сабақтар атыс, тактикалық, арнайы және басқа да жауынгерлік дайындық пәндерін қамтиды. Полигондарда жауынгерлік атыс соңғы кезеңде өтеді, олар түнгі уақытта да жүргізілетін болады.Іс-шаралар жеке құрамның шабуылда және қорғаныста жауынгерлік міндеттерді үйлесімді және тиімді орындауға дайындығын бағалауға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1035104?lang=kk
«Отбасы бақытының құпиясы» бейнероликтер байқауының ЕРЕЖЕСІ 16.07.2025
1. Жалпы ережелер1.1. «Отбасы бақытының құпиясы» бейнероликтер байқауының мақсаты: отбысылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, отбасылық институтты нығайту.1.2. Бейнероликтер байқауы «Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізіледі.1.3. Байқау «Күміс той», «Алтын той», «Гаухар той» байқаулардың «Еңбек династиялары» байқаулардың жеңімпаздары арасында өткізіледі.1.4. Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу және соңғы кезеңнен. 1.5. Бейнероликтің ұзақтығы 1 (бір) минуттан аспауы керек, мемлекеттік/орыс тілдеріне қабылданады. 2. Іріктеу кезеңі 2.1. Қатысушылар тиісті нысандағы өтінімдерді (1-қосымшаны қараңыз), Неке туралы құжат, Қоғамдық бірлестіктерден ұсыныс және бейнероликті 2025 жылдың 20 шілдеден 22 тамыз аралығында Zhanar_kab.vko@mail.ru электрондық адреске ұсынады.  3. Соңғы кезең3.1. Конкурстың соңғы кезеңі 2025 жылдың 25-27 тамызында өткізіледі. 3.2.Ұйымдастыру комитет 3 үздік бейнероликті таңдайды. Байқаудың қорытындысы әлеуметтік желілерде жарияланады. 4. Марапаттау 4.1. Байқау жеңімпаздарына жүлделер мен дипломдар табыс етіледі. 4.2. Марапаттау рәсіміне конкурстың барлық финалистері қатысады.   5.  Ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасы5.1. Ұйымдастыру комитеті байқаудың екі кезеңін жоспарлауға және үйлестіруге жауапты. 5.2. Байқаудың бес адамнан тұратын қазылар алқасы видеороликтерді бағалау үшін қалыптастырылады. 6. Қорытынды ережелер6.1. Кез келген даулы мәселелерді Ұйымдастыру комитеті шешеді.   1-қосымша. Қатысушылардың ТАӘ, Мекен жайыБайланыс телефоны Неке туралы құжат Қоғамдық бірлестіктерден ұсыныс      Байланыс үшін тел.нөмір: 8777-519-39-96 Жанар КабидуллиновнаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1035095?lang=kk
Қазақстан Елшісі Солтүстік Македония делегациясының басшысымен ЕКПА-да кездесті 16.07.2025
Скопье, 2025 жылғы 8 шілде – Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония делегациясының басшысымен Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясында (ЕКПА), парламент депутаты Мария Петрушевскамен кездесті.Кездесу барысында Елші С.Бұршақов Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалар, Қазақстан-Македония ынтымақтастығын дамыту перспективалары, сондай-ақ биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толу аясында Елшіліктің бастамалары туралы хабардар етті.Дипломат депутатты македон өкілді делегациясының Қазақстанға сапарлары жайында және ағымдағы жылдың мамыр айында Астана халықаралық форумына қатысуы туралы хабардар етті. Сонымен қатар, осы іс-шара шеңберінде президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гордана Силяновска-Давкованың мазмұнды кездесуі туралы айтып берді.ЕКПА шеңберінде екіжақты өзара іс-қимылға, Астана мен Скопье арасындағы парламентаралық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.М.Петрушевска ҚР-ның Солтүстік Македониядағы Елшілігінің ресми ашылуын құптап, бұл оқиға екіжақты байланыстарды тереңдетуге қосымша серпін беретінін және барлық деңгейдегі өзара іс-қимыл үшін жаңа перспективалар ашатынын атап өтті.Парламент депутаты Қазақстанның қазіргі дамуын жоғары бағалап, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1035076?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты 15.07.2025
Тяньцзинь, 2025 жылғы 15 шілде – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты.Отырыс барысында қазіргі халықаралық жағдайда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси үйлестіруін тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасу өтіп, ағымдағы жылғы қыркүйекте Тяньцзинь қаласында өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммитіне дайындық барысы талқыланды.Өз сөзінде Қазақстан СІМ басшысы орнықты даму мүддесі үшін Ұйымның өзара тиімді серіктестікті қалыптастыру және ШЫҰ кеңістігін бейбітшілік пен өркендеу өңіріне айналдыру әлеуетіне сенім білдірді. «ШЫҰ – тең құқықты ынтымақтастықтың бірегей моделіне негізделген көпжақты институт ретінде өз беделі мен тиімділігін нығайта береді деп сенемін», – деді М.Нұртілеу.Қазақстан Сыртқы істер министрі 2024 жылғы шілдеде өткен Астана саммитінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруда Қытай тарапы жүргізіп жатқан жүйелі жұмысты жоғары бағалады. Ол Ұйым қызметін жетілдіру және оның институционалдық дамуын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.Сапар аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволар басшыларының Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен бірлескен кездесуі өтті.Кездесу барысында сенімге, теңдікке және өзара құрметке негізделген диалогты дамыту мен практикалық өзара іс-қимылды нығайтуға бейілділік расталды. Қатысушылар өңірлік тұрақтылықты, қауіпсіздікті және орнықты дамуды қамтамасыз ету мүддесінде көпжақты серіктестікті тереңдетуге басымдықты қуаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1035070?lang=kk
Көпбалалы ананы "Күміс алқа" наградасымен марапаттау 15.07.2025
Алты баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған Бақбақты ауылының тұрғыны Шонбаева Мөлдір “Күміс алқа” наградасымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-bakbakty/press/news/details/1165965?lang=kk
Мәжіліс депутаты №137 орта мектебіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты 15.07.2025
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданына жұмыс сапарымен келіп, С.Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектебіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.Мәжіліс депутатын аудан әкімі Берік Сәрменбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов күтіп алып, ең алдымен ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы туралы ақпарат берді. Топ құрамында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаттары А.Есназар мен М.Бакуов болды.Мәжіліс депутаты С.Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектебін күрделі жөндеу сапалы әрі уақытылы жүргізілуі керек екенін айтып, мердігер мекеме өкілдерімен пікірлесті. «Н-Строй сервис» серіктестігінің өкілдері күрделі жөндеу жұмыстары сәуір айының ортасында басталғанын айтып, қазан айында толық аяқтау жоспарланғанын жеткізді. Қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы аяқталған, ішкі әрлеу және сырлау жұмыстары жүргізілуде. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев С.Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектебін жөндеу жұмысы халықтың талап-тілегінен туындаған жұмыс екенін айтып, сапасына мән беру керектігін ескертті. Жалпы күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен бөлінген 309,1 млн теңге бөлінген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1034999?lang=kk
Санитарлық тазалық және бюджет игеру мәселелері қаралды 15.07.2025
Бүгін Қармақшы ауданы әкімдігінде аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен кеңейтілген жиын өтті.Мәжіліс барысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен аудан бюджетінің игерілу барысы қаралды. Қаржы игеру жұмыстарының уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуы басты назарға алынды.Сонымен қатар, аудан аумағындағы санитарлық тазалық, демалыс орындары мен тарихи-мәдени ескерткіштердегі қауіпсіздік және тәртіп мәселелері де сөз болды. Жауапты бөлімдер мен кент, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.Мәжілісте суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары мен тұрғын үй мәселелері де көтерілді. Аудан аумағында суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен тұрғын үйлермен қамту бағытында бірқатар тапсырмалар берілді.Жиын соңында аудан әкімі барлық жауапты тұлғаларға нақты мерзімдер мен бағыттар бойынша тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1035001?lang=kk
Мәжіліс депутаты ауыл тұрғындарымен кездесті 15.07.2025
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданына жасаған жұмыс сапары барысында С.Сейфуллин ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарымен, ардагерлермен, жастармен кездесті.Кездесуге аудан әкімі Берік Сәрменбаев, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаттары Алмас Есназар мен Марат Бакуов қатысты.Кездесу барысында Мәжіліс депутаты сегізінші шақырылымның үшінші сессиясында атқарылған жұмыстар туралы айтты.– Біз «AMANAT» партиясы фракциясының жиынында Мәжілістегі сегізінші шақырылымының үшінші сессиясында атқарылған жұмысты қорытындыладық. Қабылданған заңдардың саны мен шешілген мәселелердің ауқымы жағынан алып қарайтын болсақ, бұл саяси тұрғыда мазмұнды кезең болды. Қабылданған бастамалар негізгі салаларды қамтыды: экономика, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, цифрлық инфрақұрылым және азаматтардың құқықтары. Біз сайлаушылардың ұсыныс-пікірін алдағы уақытта да ескеріп, нақты жұмыстар атқаратын боламыз. Енді, міне Сыр еліне депутаттық қызмет сапарымен келдік. Өңірді аралап, өндірістік жобалармен танысып, экономикалық әлеуметтік саладағы қалыптасқан жағдайды өз көзімізбен көріп, сайлаушылармен кездесеміз. Біз ең алдымен халыққа берген сайлауалды уәдемізді орындауымыз керек. Жол картаға түскен әрбір іс-шараның уақытылы, сапалы жүзеге асуы қатаң бақылауда, – деді Мұрат Ергешбаев.Кездесу барысында ауыл ардагерлері мен тұрғындар пікір білдіріп, атқарылған жұмыстарды оң бағалап, Мәжіліс депутатының жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ ауыл ардагерлерінің ұсынысымен қазақы үрдіске сәйкес М.Ергешбаев кішкентай сәбидің тұсауын кесіп, батасын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1035014?lang=kk
ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра комитеті Қазақстан Республикасының «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңын құптады 15.07.2025
Париж, 2025 жылғы 16 шілде – Қазақстан 2025 ж. 6–16 шілде аралығында ЮНЕСКО-ның Париждегі бас пәтерінде өткен Дүниежүзілік мұра комитетінің 47-сессиясына осы үкіметаралық органның мүшесі ретінде белсенді түрде қатысты. Сессия барысында оған тарап болып табылатын мемлекеттердің Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы 1972 жылғы Конвенция ережелерін орындауы талқыланды.47-сессия Болгарияның төрағалығымен өтті. Осы орайда оның ашылу салтанатында Болгарияның Мәдениет министрі Мариан Бачев пен ЮНЕСКО Бас директоры Одре Азуле сөз сөйледі.Бұл беделді үкіметаралық ұйымның басшысы өз сөзінде: «Бейбіт өмір сүру үшін біз мәдени және табиғи мұрамызды қорғауымыз, келер ұрпаққа аманаттап тапсырыуымз және оның мәнін ұдайы ұғынып тұруымыз қажет» – деп атап өтті.«1978 жылдан бері Дүниежүзілік мұра тізімі 1200-ден астам нысанмен толықты. Олар 4,8 миллион шаршы шақырымнан асатын аумақты қамтиды. Бүгінгі таңда бұл Конвенцияға 196 мемлекет қосылды – бұл оның әмбебаптығын және барынша кеңінен мойындалғанын көрсетеді», – деді ол.Отандық делегацияның құрамына Түркістан облысы әкімінің Бірінші орынбасары Зұлфұхар Жолдасов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Төрағасы Данияр Тұргамбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі, «Қазқайтажаңарту» РМК Бас директорының м. а. Олжас Шериязданов, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Жанар Шайменова, ҚР ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігінің дипломаттары және мәдени және табиғи мұра саласындағы тәжірибелі мамандар кірді.Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов делегация атынан сөйлеген сөзінде: «ЮНЕСКО-ның осындай ықпалы зор органына мүше болу – Қазақстан үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Екінші сессия қатарынан еліміз адамзат үшін ерекше маңызды мәдени және табиғи мұраны қорғауға белсене атсалысуда», – деді.Сессия қорытындысымен Комитет Дүниежүзілік мұра тізіміне 26 жаңа нысанды енгізіп, 248 тіркелген нысанның сақталу жағдайы бойынша есептерді қарастырды. Олардың ішінде Қазақстанға тиесілі 4 нысан қамтылды: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Батыс Тянь-Шань, Тұран шөлдері және Жібек жолының Чанъань–Тянь-Шань дәлізінің бағдарлар желісі.Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ахуалы жөніндегі есепті қарастыру қорытындысы аясында Комитет Қазақстан Республикасының «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының қабылдануын ресми түрде құптады. Комитет шешімінде аталған заңда мәдени мұраны қорғау, туризмді орнықты сипатта қадалағалау және қала дамуындағы қағидалар қамтылғаны, кесененің күзет аймағының шекарасынан бір жүз метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын объектілер салуға жол берілмейтіні бөлек атап өтілген.Қазақстан делегациясы өз баяндамасында осы заң актісінде 1972 жылғы Конвенцияға бірнеше рет сілтеме жасалғанын және Түркістан қаласының дамуы осы халықаралық құжаттағы еліміздің міндеттемелеріне сәйкес жүргізуге дайындық бар  екенін атап өтті.Осыған орай А.Абдрахманов «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңның Дүниежүзілік мұра комитеті тарапынан оң бағалануы біздің мемлекеттік органдарға оны жүйелі әрі нақты орындау арқылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты жаһандық маңызы бар нысанды ЮНЕСКО-мен тығыз ынтымақтастықта және 1972 жылғы Конвенция талаптарына сәйкес қорғауүшін қосымша жауапкершілік жүктейді», – деп мәлімдеді.Сессия барысында Қазақстан делегациясы күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша сөз алып, Дүниежүзілік мұра комитетінің 47-сессиясының 15 шешімінің тең авторы болды.Сессия жұмысына 1972 жылғы Конвенцияға қатысушы 150  мемлекеттен жиналған шамамен 1 500 делегат қатысты.Дүниежүзілік мұра комитетінің қазіргі құрамындағы 21 мемлекет: Аргентина, Бельгия, Болгария, Вьетнам, Грекия, Жапония, Замбия, Италия, Кения, Корея Республикасы, Қазақстан, Қатар, Ливан, Мексика, Руанда, Сенегал, Сент-Винсент және Гренадиндер, Түркия, Украина, Үндістан және Ямайка. Айта кетейік, Қазақстан осы беделді органның құрамында бұған дейін 2013–2017 жылдары кірген болатын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1035016?lang=kk
Қазақстан ерікті ұлттық шолуларды әзірлеу аясында өткен үшжақты веб-семинарға қатысты 15.07.2025
2025 жылғы шілде айында Бутан, Қазақстан және Малайзия мемлекеттерінің қатысуымен 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға арналған үшжақты веб-семинар өтті. Іс-шара БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдері үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) қолдауымен ұйымдастырылды.Веб-семинар барысында тараптар ОДМ-ды ұлттық деңгейде жүзеге асырудағы озық тәжірибелермен бөлісіп, ерікті ұлттық шолуларды (VNR) дайындау үдерісіндегі өз жетістіктері мен сын-тегеуріндері жөнінде пікір алмасты.Қазақстан Республикасының атынан Ұлттық экономика министрлігінің ОДМ үйлестіру басқармасының басшысы Гүлзира Ерболова сөз сөйлеп, еліміздің 2030 Күн тәртібін ілгерілету жолындағы алғашқы нәтижелері, 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының қабылдануы және ОДМ-ның мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграциялануы жөнінде ақпарат ұсынды.Сондай-ақ веб-семинар аясында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ОДМ Хатшылығының директоры Бақытгүл Хамбар Қазақстанның үшінші Ерікті ұлттық шолуының дайындық барысы туралы баяндама жасады. Ол азаматтық қоғам мен түрлі салалар өкілдерінің кеңінен тартылуының маңыздылығын айтып, VNR-дың ашықтығы мен инклюзивтілігін қамтамасыз етудегі тәуелсіз зерттеулердің рөлін ерекше атап өтті.Малайзия тарапы ОДМ-ды кезең-кезеңімен жүзеге асыру тәсілін таныстырып, стратегиялық жоспарлау, мониторинг және орнықты даму бағытындағы жүйелік реформалар тәжірибесімен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1035018?lang=kk
2025 жылдың 30 маусымында Меңдіқара ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті 15.07.2025
2025 жылдың 30 маусымында Меңдіқара ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.Меңдіқара ауданы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен заңдылығын қамтамасыз ету мәселесі бойынша Қостанай облысының Полиция департаменті Меңдіқара ауданының полиция бөлімінің, сондай - ақ «Меңдіқара ауданында медициналық қызметтерді көрсету сапасы мен қол жетімділігі туралы» аудандық аурухананың бас дәрігерінің есептері тыңдалған болатын.Қоғамдық кеңестің мүшелері белгілеп айтқандай, бұл алдын алулық  іс - шараларының арқасында аймақта қылмыс өткен жылда қылмыстық құқық бұзушылықтардың барлық санаттары бойынша төмендеген. Құқық бұзушылықтарды алдын алу мен ескерту мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Жасөспірім», «Учаскі», «Есептегі», «Тұрмыс», «Браконьер», «Түнгі қаладағы балалар» және басқалар жедел - алдын алулық іс - шаралар өткізілуде.Жалпы қылмыс құрылымында басым көпшілігінің үлкен алаңдаушылығын тудыратын алаяқтық пен бөтен мүлікті ұрлау құрайды. Алаяқты алдын алу бойынша өткізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, біздің ауданымыздың тұрғындары әлде де алаяқтық схемаларға түсуде. Сол бұрынғыдай малдың ұрлануы болуда, оның бірден бір себебі - жануарларды қараусыз  қалдыру.Өткен жыл бойынша аудан аумағында адамдардың қайтыс болуына әкелген 14 жол - көлік оқиғасы тіркелген. Алкогольді масаңдық жағдайында көлік құралдарын басқаратын жүргізушілерге шараларды қатайтуына қарамастан осындай фактілердің болуы бар.Жалпы алғанда Қоғамдық кеңестің мүшелері полиция бөлімінің жұмысын оң жағынан бағалады.Аудандық аурухананың бас дәрігері А.М. Бүркітбаева - аудандық аурухананың істерінің жағдайы, басымдықтары мен мәселелері туралы жалпы ақпарат ұсынды.Аудан тұрғындарына медициналық көмекті 100 медициналық қызметкер, оның ішінде 24 дәрігер мен 76 орта медициналық қызметкерлер көрсетеді. 2025 жылдың 1 қаңтарына медициналық қызметкерлердің қажеттілігі 4 дәрігерді құрады. Осы жылы ауруханаға терапевт, хирург пен функционалдық диагностика дәрігері келуі керек. Ауданның емдеу мекемелерінде бірыңғай медициналық ақпараттық жүйе енгізілген. Осында қашықтықтан кеңес алуға, дәрігердің қабылдауына жазылуға, үйге дәрігерді шақыруға, медициналық ұйымдарды, мамандарды, дәрі - дәрмектер және тағы басқаны іздеуге болады.Ағымдағы жылда ауыр сырқаттан кейін емделушілерді оңалту үшін екі кереуетті ашу жоспарлануда, оларға оңалту мен күтім қажет болады.Қоғамдық кеңестің мүшелері медициналық мекемелердің жұмысы бойынша, ММСҚ жұмысы, дәрі - дәрмектермен қамтамасыз ету, дәрігерлердің және емделушілердің өзара қарым - қатынасы бойынша бірқатар ескертулер айтты.Қарастырылған мәселелер бойынша ұсыныстар қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1034877?lang=kk
🛤 Теміржол қателікті кешірмейді: көлік полицейлерінің кеңесі 15.07.2025
🛤 Теміржол қателікті кешірмейді: көлік полицейлерінің кеңесі🚆 Теміржол маңы — ойын алаңы емес. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемеу — адам өміріне қауіп төндіреді.⚠️ Жолды тек арнайы белгіленген өткелдер арқылы кесіп өтіңіз. Алдымен жан-жағыңызды бақылап, пойыздың жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Бұл сәтте құлаққап пен телефон қолданудан аулақ болыңыз.🚫 Ешқашан вагондардың астынан өтпеңіз және автотіркеме арқылы өрмелеп шықпаңыз!✅ Қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өз өміріңізді де, жақындарыңыздың өмірін де сақтай аласыз!#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1034878?lang=kk