Қоғам
Чжэцзян провинциясы делегациясының сапары: өңірді дамытудағы қазақстан-қытай ғылыми ынтымақтастығының жаңа кезеңі 08.07.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Чжэцзян провинциясының делегациясымен маңызды кездесу өтті. Бұл шара ғылым мен жоғары технологиялар саласындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне өтуге жол ашып, «Қытай – Орталық Азия» екінші саммитінің шешімдерін жүзеге асырудағы нақты қадамға айналды. Сонымен қатар, болашақта Еуразиялық ғылыми-технологиялық кластерді құрудың негізі қаланды.Іс-шараны ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев ашып, осы кездесудің тарихи мәніне тоқталды:– Мемлекет басшылары қабылдаған шешімдер аясында қытайлық әріптестерімізді дәл осы кезеңде қарсы алуымыз – үлкен мәртебе. Бұл сапар – ғылым мен инновация тұрақты дамудың қозғаушы күшіне айналатын жаңа ғылыми-технологиялық альянстың бастауы.Кездесудің негізгі оқиғасы – 1 млрд юань инвестиция көлемімен іске қосылатын Қазақстан-Қытай бірлескен халықаралық зертханасының тұсаукесері болды. Ол кеңістік-уақыттық жасанды интеллект және орнықты даму салаларына бағытталады. Зертхананың басты бағыттары: жасанды интеллект пен геоақпараттық жүйелер; Жерді қашықтықтан зондтау; су және энергетикалық ресурстарды басқару.Чжэцзян – Қытайдың ең қарқынды дамып келе жатқан провинцияларының бірі. Мұнда цифрлық экономиканың ЖӨӨ-дегі үлесі – 46%, ал ауыл шаруашылығын механикаландыру деңгейі – 80%. Бұл әріптестік Қазақстан үшін: ІТ және робототехника саласындағы заманауи шешімдерге; агросаланы цифрландырудың тиімді модельдеріне; ғылымға негізделген стартаптарға инвестиция тартуға жол ашады.– Алматы мен Алматы облысы – ынтымақтастық үшін ең қолайлы аймақтар. Мұнда жетекші жоғары оқу орындары, Almaty Hub технопаркі, «Алатау» АЭА орналасқан. Енді осы ортаға біздің бірлескен зертханамыз да қосылып отыр. Келесі кезең – биомедицина, смарт-материалдар мен экожүйелік жасанды интеллект шешімдеріне арналған орталықтар құру, – деді Ақылбек Күрішбаев.Кеңістік-уақыттық ЖИ халықаралық институты Чжэцзян технологиялық университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің келісімі негізінде құрылды. Жыл сайын қос дипломды бағдарламалар аясында 60 маман даярланады.«Зертхана – Бизнес – Білім» моделі: зерттеулерді коммерцияландыру қағидатын енгізу; екі ел нарығына қолжетімді шекарааралық стартаптарға қолдау көрсету көзделеді.Кездесуге Чжэцзян делегациясы – жетекші университеттер, ғылыми орталықтар мен Hikvision, Alibaba Cloud сынды ірі компаниялардың өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан – Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің өкілдері, ЖОО ректорлары, академиктер мен инновациялық кәсіпкерлер болды.– Біздің зертхана – теория мен практиканың арасындағы көпір. Мысалы, ЖИ мен дрон технологиялары Қазақстанда су тасқынының алдын алуда қолданылуда. Ал Алматы облысында ақылды егіншілік жүйелері сынақтан өтуде, – деп атап өтті Геоақпарат институтының деканы Чэнь Си.Чжэцзян делегациясының сапары адами капиталды, технология мен инфрақұрылымды біріктіруге бағытталған өзара ұмтылысты тағы бір мәрте дәлелдеді. 2025 жылдың соңына дейін: 3 бірлескен ғылыми бағдарлама іске қосу; Қазақстан-Қытай стартаптарына арналған акселератор ашу; жасыл энергетика бойынша жол картасын әзірлеу жоспарланып отыр.А. Күрішбаев атап өткендей:– Президент Тоқаев жариялаған 2026 жыл – Ғылымды интеграциялау жылы. Біз оны нақты жобалармен қарсы аламыз. Бұл – тек бастамасы ғана.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1031327?lang=kk
БҰҰ-ның Елді мекендер жөніндегі бағдарламасының (UN-Habitat) Атқарушы хатшысы орынбасарының м.а. Алматы қ. сапары 08.07.2025
2025 жылғы 7 шілдеде Алматы қаласына жұмыс сапары аясында БҰҰ-ның Елді мекендер жөніндегі бағдарламасының (UN-Habitat) Атқарушы хатшысы орынбасарының м.а. - Ғаламдық шешімдер департаментінің басшысы Рафаэль Тутспен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар орнықты урбанизация, климаттың өзгеруіне бейімделу және цифрлық трансформация сияқты өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша мәселелер талқыланды.Сондай-ақ тараптар Алматы қ. БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығының жұмысымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1031334?lang=kk
Smart Kostanay: Барлығы бір қосымшада! 08.07.2025
Бүгін SmartKostanay мобильдік қосымшасына қатысты ведомствоаралық жиналыс өтті.Жиынға әртүрлі әлеуметтік салалар мен акимат бөлімдерінің мамандары қатысты.Кездесу барысында мүгедектігі бар азаматтарға арналған қолжетімділік, ақпаратты өзектендіру және қосымшаны мемлекеттік органдардың басқа цифрлық жүйелерімен ықпалдастыру мәселелері талқыланды.SmartKostanay қосымшасы қазірдің өзінде қалада белсенді жұмыс істейді!Оны App Store және Google Play арқылы жүктеп алуға болады.Қосымшаның ресми парақшасына жазылыңыздар — барлық жаңалықтарды сонда бөлісеміз!@smart_kostanaiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1031286?lang=kk
«Қазағымның қазнасы – домбыра!» атты дөңгелек үстел 08.07.2025
1 шілде – ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ!Бастаушы ауылдық кітапханасында 1 шілде Ұлттық домбыра күніне орай «Қазағымның қазнасы – домбыра!» атты дөңгелек үстел өтті. Домбыра өзіндік музыкалық сипаты бар, қазақ өмірінде маңызды орын алатын аспап. Бұл дөңгелек үстелге Н. Байғанинің сөзіне жазылған «Еңбек» термесін Әсия Қайноллайқызы және Беколжас Арманұлы мен Нұрай Қуанышқызының орындауында «Домбыра» әнің шырқады.Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Барша оқырманымызды ерекше мерекемен құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1031227?lang=kk
Парламент депутаттарының Кеген ауданына сапары 08.07.2025
5 шілде күні Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Ж. Жөргенбаев, Ж. Әшімжан жұмыс сапарымен Кеген ауданында болды. Сапар аясында Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы Сауда көлік-логистикалық орталығына қатысты мәселелер қаралып, талқыланды. Қарқара ауылынан бастау алатын «Мөңкебай» каналында жүргізіліп жатқан жұмыстар барысымен танысты. «Көкпек-Кеген-Түп» және «Жалағаш-Көлсай-Саты» бағытындағы автожолдың техникалық жағдайын және жол инфрақұрылымдарымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1031235?lang=kk
ТМРК: IV тоқсанда коммуналдық тарифтерге жаңа өсімдер енгізілмейді 08.07.2025
Қазақстан Республикасы Үкіметінің реттелетін тарифтердің өсу қарқынын қайта қарау туралы қабылдаған шешімі аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті бұрын жоспарланған тарифтік өсімдердің бір бөлігі кейінгі мерзімдерге ауыстырылатынын хабарлайды.2025 жылдың төртінші тоқсанында коммуналдық қызметтер бойынша реттелетін тарифтерге жаңа өсімдерді бекіту көзделмейді. Сонымен қатар, олардың өсу қарқынын төмендету жоспарланып отыр:электр және жылумен жабдықтау бойынша – 35%-дан 20%-ға дейін;сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау бойынша – 50%-дан 30%-ға дейін.Тарифтердің өсуін тежеуге бұған дейін жоспарланған кейбір түзетулерді кейінге қалдыру, ұзақ мерзімді қаржыландыру тарту, табиғи монополия субъектілерінің операциялық шығындарын қайта қарау, сондай-ақ уақытша өтемдік тарифтер мен өткен жылыту маусымы үшін жылу энергиясына қайта есептеу қолдану арқылы қол жеткізу мүмкін болады.Бастапқыда 2025 жылы тарифтердің өсуінің инфляцияға әсері 1,32 пайыздық тармақ деңгейінде болжанған болатын. Қабылданған өзгерістерге байланысты инфляциялық қысым 0,5 п. т. қысқарады және 0,82 п. т. құрайтын болады.Қабылданған шаралар азаматтардың сатып алу қабілетін қолдауға, бағаға қатысты күтілімдерді тұрақтандыруға және инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Алдағы уақытта тарифтерді көтеру әлеуметтік сезімталдық пен мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдықтарын ескере отырып, теңгерімді түрде жүзеге асырылатын болады.Еске сала кетейік, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жаңа тарифтік саясатты іске асыру аясында коммуналдық қызметтерге тарифтерді кезең-кезеңімен арттыру көзделген болатын. Бұл шаралар желілерді жаңартуға инвестиция тарту, табиғи монополия субъектілері қызметкерлерінің жалақысын көтеру, сондай-ақ электр энергиясы, көмір және отын сияқты стратегиялық маңызды ресурстар бағасының өсуі жағдайында қарастырылған болатын.https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/news/details/1031215?lang=kk Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1031238?lang=kk
ДЕПУТАТТАР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ 08.07.2025
🔹Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Данабек Исабеков пен Нұрсұлтан Байтілесов Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті. Кездесу - Қазақстан халқы Ассамблеясының диалог алаңын пайдалана отырып, этносаралық татулық пен бірлікті сақтау жолындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуды көздеді.🔹Іс-шараны Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев жүргізді.🔹Жиынға қалалық мәслихат депутаты Абзал Зейнетаев, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, сондай-ақ қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді өкілдері қатысты.🔹Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Этномәдени бірлестік өкілдері өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.🔹Кездесу соңында депутаттар этномәдени бірлестіктердің қоғамдық өмірдегі маңызын ерекше атап өтіп, ынтымақ пен бірлікке бағытталған бастамаларға әрдайым қолдау білдіретіндерін жеткізді.Қоғамдық келісім баспасөз қызметі
Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны 08.07.2025
2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 350 бабы бойынша Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны Дүниежүзілік пошта одағының және мұндайСтоимостной и весовой порог для МПО халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жүретін актілерде көзделген құжаттарда мәлімделеді. Бұл ретте жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны ретінде, егер ол Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарда көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнынан асып кеткен жағдайда ғана халықаралық пошта жөнелтілімінің жарияланған құндылығы қаралады.Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнына оларды тасымалдау мен сақтандыру бойынша шығындар қосылмайды. ШҚО бойынша МКД «Әуежай Өскемен» кеден бекетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1215249?lang=kk
Астана күні 08.07.2025
Бұқтырма су қоймасының жағасындағы Новостройка ауылында Астана күніне арналған мерекелік концерт өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/1031149?lang=kk
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: қалай есептеледі және қайда жүгіну керек 08.07.2025
1) Кесте бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алуға кімдер құқылы? Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға ай сайын зейнетақы төлемдері жасалады:- зейнет жасына жеткендерге (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас (2028 жылдан бастап жыл сайын 6 айға ұзарып, 2031 жылы 63 жас болады));- 55 жасқа жеткендедерге (кәсіптері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметі тоқтатылған жағдайда, зейнетақы төлеміне жүгінген кезде жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген болса);- мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға,БЖЗҚ-дан төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.2) Кесте бойынша төлемдер қалай есептеледі? Кесте бойынша төлемдер келесідей есептеледі: төлемдерді алатын бірінші жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне – 6,5%-ға көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Келесі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне – 5%-ға өседі. Бұл ретте БЖЗҚ-дан жасалатын ай сайынғы зейнетақы төлем республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - КД) кемінде 70% мөлшерінде болады (2025 жылы КД 46 228 теңге). Белгілі бір санаттағы төем алушылар үшін: мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жиынтығында кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған адамдар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Бұл шарттардың біреуінен астамын қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең жоғары мәні бар түзету коэффициенті қолданылады.55 жасқа толған тұлғаларға зейнетақы төлемдерін есептеу және төлем жасау, сондай-ақ олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төлеу кезінде:- зейнетақы төлемін жүзеге асыру үшін КД кемінде 70% мөлшеріндегі шегі қолданылмайды;- түзету коэффициенттері қолданылмайды;- кезекті зейнетақы төлемінің сомасымен бірге КД-нің 70%-дан кем мөлшеріндегі жеке зейнетақы шотындағы қалдық төленбейді.Айта кету керек, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.Егер БЖЗҚ-дан төлем жасау күніндегі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2025 жылы 753 252 теңге = 62 771х12), төлем бір рет толығымен жасалады.3) Зейнет жасына жетуге байланысты БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну керек? Зейнетақы жасына жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін төлемдерді алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақтылы жүгінуі қажет. Мұны зейнеткерлік жасқа 10 күн қалғанда жасауға болады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Бұл ретте егер алушы зейнеткерлік жасқа толған болса, өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-да тіркелген күні өтініш берілген күн болып есептеледі, ал егер ол ертерек жүгінген болса – зейнеткерлік жасқа толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Бюджеттен төлемдер алу үшін уақтылы жүгіну өте маңызды, оны тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет. Бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы, ал БЖЗҚ-дан алушының зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.4) Зейнетақы төлемдерін уақтылы ресімдеу қажеттілігі туралы алдын ала ескерту жасала ма? Телефон нөмірлері еgov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге (әлеуетті алушыларға) 1414 нөмірінен зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 2 ай бұрын egov.kz сайтындағы құжаттар тізбесіне сілтеме жасай отырып, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу үшін Мемлекеттік корпорацияның жақын маңдағы бөлімшесіне уақтылы жүгіну мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Яғни мемлекеттік органдар зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде ресімдеу үшін тиісті хабарламалар жібереді, өйткені өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды. Сондай-ақ, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жасау бойынша белсенді қызмет көрсету мақсатында зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және оларды алуға өтініш білдірмеген тұлғаларға қатысты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп осы азаматтарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоғын жыл сайын салыстырып, тексеру жүргізеді. Жыл сайын жүргізілетін тексерулердің нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ оларға мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде, яғни өтінішсіз зейнетақы төлемдерін жасайды.5) Мерзімсіз 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда жүгінуге болады? Мерзімсіз 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе сайттағы (enpf.kz) жеке кабинет арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ мобильді қосымшасында жүгіну қажет. БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін көшпелі қызмет көрсетудің ұйымдастырылғанына назар аударамыз. Бұл ретте алдын ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді үйден шықпай, қашықтан алу мүмкіндігінің бар-жоғын тексеру жүзеге асырылады.6) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін қажет құжаттар тізбесімен қайдан танысуға болады? enpf.kz сайтында "қызметтер – зейнетақы төлемдері" бөлімінде зейнетақы төлемдерінің түріне және оларды беру тәсіліне байланысты қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. "Онлайн-сервистер" бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі бар ("төлеуге арналған құжаттарды алдын ала тексеру" сервисінің атауы: https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/checkdoc.php). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1031155?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ САЛУ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 08.07.2025
«Shymkent Invest – Front Office» алаңында ABYROI UNIVERSITY компаниясымен кездесу өтті.Кездесу аясында Шымкент қаласында халықаралық форматтағы университет салу жобасы таныстырылды. Жоба IT, педагогика және агротехникалық бағыттарды қамтиды. Жалпы инвестиция көлемі – 12 млрд теңге. Іске асыру кезеңі: 2025–2029 жылдар.Кездесу нәтижесінде білім беру саласындағы серіктестікті дамыту мақсатында екіжақты меморандумға қол қойылды.Шымкент – білім мен инновацияның жаңа орталығы!
Қазақстан тұрақты даму мақсаттарын қолдап KazAID агенттігінің әлеуетін арттыруда 08.07.2025
Қазақстан тұрақты даму мақсаттарын қолдап KazAID агенттігінің әлеуетін арттыруда2025 жылғы 30 маусым мен 2 шілде аралығында Севилья қаласында (Испания Корольдігі) өткен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын қаржыландыру жөніндегі IV халықаралық конференциясында Қазақстан атынан сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеме жасады.«Мемлекеттік шығындарды қысқарту бойынша әлемдік үрдіске қарамастан, Қазақстан тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған негізгі бағыттарды – денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым және кедейлікпен күрес – қаржыландыруды жалғастырады. Біз KazAID – Қазақстанның халықаралық даму агенттігінің әлеуетін жаһандық қаржыландыру жүйесінің бір бөлігі ретінде арттыруды жалғастырамыз», – деді Серік Жұманғарин.Конференция қорытындысы бойынша тұрақты қаржыландырудың жаңа архитектурасын қалыптастыруға бағытталған маңызды құжат – Севилья міндеттемесі қабылданды. Қазақстан бұл құжатты қолдап, халықаралық серіктестермен ашық диалогқа дайын екенін растады.Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1027797 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1031072?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ «ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ СЕКТОРЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ» ҰЛТТЫҚ ЖОСПАРЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА 08.07.2025
Атап айтсақ, бүгінде қаламызда 29 шақырым жылу желісі және 330 шақырым электр желісі реконструкцияланды. Қазандықтар жөнделіп, 50 электр трансформаторлары ауыстырылды. Сонымен қатар, Шымкентте 400 шақырым-ден астам ескірген электр желілерін ауыстыру және қуаты 125 МВт болатын жаңа «Қызылсу» электр подстанциясының құрылысы қарастырылып жатыр.Сондай-ақ әкімшілік-іскерлік орталықтағы қазандық қазіргі таңда қаланың 10%-ын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Жергілікті билік 2027 жылға дейін қолданыстағы 5 қазандыққа қоса жалпы қуаты 120 Гкал болатын 4 қазандық орнатуды жоспарлап отыр, бұл қалаға жылу беру көлемін 20%-ға арттырады (150-ден 530 үйге дейін).Шымкентте жалғыз саналатын ТЭЦ-3 станциясы жұмыс жасауда. Ол қалаға 70% жылу және 30% электр энергиямен қамтамасыз етеді. ТЭЦ-3-тің қалаға дейінгі жылу желісінің жалпы ұзындығы 60 шақырымға жуық, ал олардың тозуы 90%-ды құрайды. Осыған байланысты, Ұлттық жобаға осы жылу желілерінің 17 шақырым реконструкциялауын қосу туралы шешім қабылданды.Тағы бір қуаттылығы 40 МВт болатын «Дендропарк» электр подстанциясы жұмыс жасауда. Әкімдіктің мәліметінше, жоба 2024 жылы «Тарифті инвестицияға айырбастау» инвестициялық бағдарламасы аясында бюджеттік қаражатсыз іске асырылды. Электр подстанциясы жаңа тұрғын аудандарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Болашақ жақын: Ascle AI дәрігерлерге жазудан гөрі емдеуге көп уақыт бөлуге көмектеседі 08.07.2025
Болашақ жақын: Ascle AI дәрігерлерге жазудан гөрі емдеуге көп уақыт бөлуге көмектеседіҚазіргі денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі — дәрігер уақытының жетіспеушілігі. Мамандар жұмыс уақытының 30%-дан астамын емдеуге емес, құжат толтыру сияқты рутиналық жұмыстарға жұмсайды: медициналық карталар, хаттамалар, анықтамалар мен қорытындылар. Бұл жай ғана қолайсыздық емес.Дәрігер қағазбен айналысып жатқанда, пациент кезекте тұрады. Статистикаға сүйенсек, тар бейінді дәрігердің қабылдауын күту мерзімі 14 күннен асады. Бұл жай ғана сан емес — бұл кешіктірілген диагностика, кейінге шегерілген ем және соның салдарынан – медициналық көмектің сапасының төмендеуі мен МӘМС квоталарының игерілмеуі.Шешімі бар.Ascle AI — бұл дәрігер мен пациенттің қабылдау кезіндегі әңгімесін тыңдайтын және автоматты түрде бастапқы медициналық картаны жасайтын жасанды интеллект. Модель жергілікті деректер мен медициналық хаттамалар негізінде оқытылған, сондықтан жүйе жай ғана айтылған сөзді мәтінге айналдырып қоймай, алдын ала диагноз қоюға да қабілетті — дәлдігі 80%-ға дейін жетеді.Қалай жұмыс істейді:• Дәрігер әдеттегі қабылдауды жүргізеді — сұрақ қояды, сөйлейді.• Ascle AI фондық режимде сөйлеуді таниды, клиникалық тұрғыдан маңызды ақпаратты бөліп алады.• Пациенттің картасын автоматты түрде жасайды: анамнез, шағымдар, ұсыныстарды толтырады.• Медициналық хаттамалар негізінде алдын ала диагноз жасайды.• Дәрігердің уақытын 40%-ға дейін үнемдейді — бұл уақытты енді пациентке арнауға болады, пернетақтаға емес.Неліктен дәл қазір?• Медицина кадрларының тапшылығы артып келеді.• COVID-19 дәрігерлерге жүктемені күшейтіп, саланың цифрлық дамуын жеделдетті.• 2024 жылдан бастап Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту тұжырымдамасы іске қосылды — мұндай шешімдерге тікелей қолдау көрсетіледі.• Әлем клиникалық тәжірибеде AI қолдануға бет бұрып келеді — ал Ascle AI осы бағытта алғашқы қадамдарын жасап жатыр.Жоба қазірдің өзінде жұмыс істейтін MVP-ге ие, ол қабылдау барысында сөйлесуді жазып, есептерді қалыптастырады. Мемлекеттік облыстық ауруханаларда пилоттық жобалар өткізу туралы келісімдер жасалған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1039146?lang=kk
Қазақстандағы алғашқы Ұлттық урбан форум елдің жаңа қалалық күн тәртібін қалыптастыруға жол ашты 08.07.2025
Қызылорда, 2025 жылғы 8 шілде – Қазақстандағы алғашқы Ұлттық урбан форум (NUF2025) өтті. Іс-шараны ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі және БҰҰ-ның Елді мекендер бағдарламасы (БҰҰ-Хабитат) бірлесіп ұйымдастырды. Форум «Өнер Орталығы» алаңында өтіп, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін, халықаралық ұйымдарды, сарапшылар қауымын және жеке секторды жинады.«Алғашқы Ұлттық урбан форум – қалалық күн тәртібінің жаңа парағы» ұранымен өткен іс-шара елдің ұлттық қалалық саясатын қалыптастырудың бастауын білдірді. Қатысушылар инклюзивті жоспарлау, климатқа бейімделу, басқаруды цифрландыру және урбанистік өзгерістерді қаржыландыру сияқты басым бағыттарды талқылады. Ерекше назар шағын және орта қалалардың өңірлік дамудың қозғаушы күші ретіндегі рөліне аударылды.ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин алғашқы сөз сөйлеп, БҰҰ-Хабитатпен серіктестіктің Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде және азаматтардың өмір сапасын арттырудағы маңызын атап өтті.«Қалалық ортаны жақсарту, азаматтарымыздың өмір сапасын арттыру – бұл ортақ мақсатымыз. Бұл форум халықаралық тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналып, Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда тұрақты урбанизацияны ілгерілетуде маңызды қадам болады деп сенемін», – деді қазақ дипломаты.Форум аясында тақырыптық сессиялар мен панельдік пікірталастар өтті, сондай-ақ А.Рахметуллин мен БҰҰ-Хабитат атқарушы директорының орынбасары міндетін атқарушы Рафаэль Тутстың екіжақты кездесуі ұйымдастырылды. Тараптар қолданыстағы ынтымақтастық пен оны одан әрі нығайту жоспарын талқылады.Қазақстанға сапары аясында Р.Тутс Алматы қаласына да барып, Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының жұмысымен танысты.Форум БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын іске асыру және халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты тереңдету бойынша Қазақстан жүргізіп отырған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болды. Қорытынды мәлімдемеде қатысушылар инклюзивті, тұрақты және климаттық тұрғыда бейтарап қалалық орта құруға бағытталған шешімдерді бірлесіп әзірлеуге және іске асыруға дайын екенін растады. Қызылордада алғашқы Ұлттық урбан форумның өтуі елдің барлық өңірлерінің мүдделерін ескеретін және үздік халықаралық тәжірибеге сүйенетін теңгерімді әрі заманауи қалалық саясат қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1031047?lang=kk
Oceanman Kazakhstan-2025 құрлықтарды тоғыстырды: Қонаевта ашық суда жүзуден ірі халықаралық турнир өтті 08.07.2025
Капшағай су қоймасында Oceanman Kazakhstan – 2025 халықаралық ашық судағы жүзу турнирі сәтті аяқталды. Ауқымды спорттық шараға Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Франция, Италия, Германия, Ұлыбритания және Малайзияны қоса алғанда, 18 елден 2000-нан астам спортшы қатысты. Жағалаудағы жанкүйерлермен бірге қатысушылар саны 3000-нан асты.Жарыстар Алматин облысы әкімдігінің қолдауымен Heaven Club демалыс базасында өтті. Турнир бес санатты қамтыды:• OCEANMAN (10 км) — 300 қатысушы• HALF OCEANMAN (5 км) — 400 қатысушы• SPRINT (2 км) — 800 қатысушы• OCEANKIDS (500 м) — 500 бала• OCEANTEAM (эстафета 3х500 м) — 90 командаСалтанатты ашылу рәсіміне Алматин облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Oceanman халықаралық франшизасының негізін қалаушы Фермин Эгидо және Қазақстандағы кезеңнің бас ұйымдастырушысы Ералы Оралов қатысты.— Бұл турнир дәстүрге айналып, облыстың спорттық өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Oceanman Kazakhstan бұқаралық спортты дамытып қана қоймай, ішкі туризмнің дамуына да серпін береді, — деді Марат Сұлтанғазиев.Фермин Эгидо жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін әкімдікке және демеушілерге алғысын білдірді:— Қонаевтағы жарыстар төрт жыл ішінде Oceanman сериясындағы үздік кезеңдердің біріне айналды. Жеңімпаздар желтоқсанда Дубайда өтетін әлем чемпионатының финалына жолдама алды.Биылғы жылы ерекше назар INSPIRATION санатындағы жарысқа ауды: 15 ерекше қажеттілігі бар бала тәлімгерлердің сүйемелдеуімен қашықтықты сәтті еңсерді. Олардың қатарында Ла-Маншты жалғыз жүзіп өткен заңгер Ержан Есімханов та бар. Ол Тұмар Мұратқызын қолдады:— Ол бұл сынақты тамаша орындап шықты. Oceanman — жасқа да, дене мүмкіндігіне де қарамай, баршаны біріктіретін дода.Жүзу жарыстары қолайлы ауа райында өтті. Су температурасы мен қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде қамтамасыз етілді: 22 жүзу құралы мен ТЖМ-нің 4 қайығы жұмыс істеді, трасса бойында еріктілер мен құтқарушылар кезекшілік етті.10 шақырымдық қашықтықта Гарвард университетінің оқытушысы Аиша Мансукхани де бақ сынады:— Мен Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Елдің табиғатына және халықтың қонақжайлығына тәнті болдым. Италия мен Франция кезеңдерінен кейін Капшағай — мен үшін ең шабыттандыратын орындардың бірі болып қалмақ.Турнирдің бірінші күнінде 10 және 5 км қашықтықтағы жарыстар өтсе, екінші күні SPRINT, OCEANKIDS және OCEANTEAM кезеңдері ұйымдастырылды. Қонаев қаласынан шыққан жас жүзуші, Дубайда өткен Oceanman финалының күміс жүлдегері Дмитрий Кремпин тағы да мәреге шықты:— Бұл жолы жүлдеге ілікпедім, бірақ өз нәтижеме ризамын. Келесі жылы одан да жақсы жүзуге тырысамын, — деді 8 жасар спортшы.Қазақстанның ашық суда жүзуден чемпионы Станислав Редько 20–29 жас санатында HALF OCEANMAN жарысының жеңімпазы атанды:— Мен Oceanman турниріне 2022 жылдан бері қатысып келемін. Бұл — төзімділік пен мінезді сынайтын дода. Өз елімде жеңіске жеткеніме ерекше қуаныштымын.Әйелдер арасындағы абсолюттік есепте Алматы қаласынан келген, халықаралық турнирлердің жүлдегері, ҚР спорт шебері Ирина Лазарева топ жарды:— Қонаевтағы жарысқа үшінші жыл қатарынан қатысып отырмын. Тағы да алтын жүлде бұйырды. Қатысушылар деңгейі жылдан жылға артып келеді, бұл — қуанышты жайт.Қазақстанның алғашқы Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина INSPIRATION санатындағы ересектер арасында жеңіске жетті:— 59 жаста болсам да жаттығуды тоқтатқан емеспін. Қазір Сингапурда өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатырмын. Ең бастысы — алға қарай ұмтылу.Абсолюттік чемпиондар:• 10 км — Лев Черепанов (Қазақстан)• 5 км — Газиза Құмақбаева (Қазақстан)• SPRINT (2 км) — Родриго Малан (БАӘ) және Таисия Короткова (Қазақстан)Oceanman — бұл әлем бойынша өтетін ашық суда жүзу жарыстарының сериясы. Әр кезеңнен кейін үздік 10 ер және әйел спортшы әлем чемпионатының финалына жолдама алады. Қазақстандағы кезең — ұйымдастыру сапасы мен атмосфера жағынан Oceanman сериясының ең жарқын оқиғаларының біріне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1031028?lang=kk
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-жәрмеңкесі 08.07.2025
2025 жылдың 5 шілдесінде «Қазақстанның үздік тауары» атты ауқымды көрме-жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға «Асеева Т. В.» жеке кәсіпкерлігі жаңа өнім - «Меңдіқара май» күнбағыс майымен қатысты. Күнбағысты өсіруден бастап дайын өнімді құюға дейінгі барлық өндірістік кезеңдер Меңдіқара ауданында жүзеге асырылады. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1031034?lang=kk
Диагностика дамуы және еңбек жағдайы: Қарасай орталық ауруханасына денсаулық сақтау басшысының сапары 08.07.2025
Бүгін Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханаға Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Абилхасимұлы Сүлейменов жұмыс сапарымен барды.Жұмыс сапары барысында басқарма басшысы аурухананың күнделікті қызметімен, материалдық-техникалық базасымен, медициналық персоналдың еңбек жағдайымен және көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту бағытындағы жоспарлармен танысты.Сапар аясында басқарма басшысы қабылдау бөлімі, перзентхана бөлімдерін аралап, ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы жұмыстардың барысын көрді. Сонымен қатар, қазіргі таңда қолданылып жатқан жаңа медициналық тәсілдер мен мекеменің техникалық жарақталу деңгейіне назар аударды.Магниттік-резонанстық томография (МРТ) бөлімшесінің де жұмысы бақылауға алынды. Басқарма басшысы мұнда енгізіліп жатқан жаңа диагностикалық қызмет түрлерімен танысып, олардың тиімділігі мен болашағына қатысты мамандармен пікір алмасты. МРТ аясындағы жаңа диагностикалық бағыттар:Плацентаның МРТ-сі — ана мен ұрыққа зиян келтірмейтін, иондаушы сәуле қолданбайтын, инвазивті емес зерттеу әдісі. Плацентаның құрылымын, орналасуын, патологиясын анықтап, босандыру тактикасын дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.Эпилептологиялық МРТ (ЭПИ-режим) — эпилепсияға шалдыққан пациенттерге арналған арнайы зерттеу. Бұл режим кәдімгі МРТ-мен байқалмай қалуы мүмкін ми құрылымындағы ұсақ өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1030990?lang=kk
Астана күні - Қопа жағалауындағы өнер мен шаттық кеші 08.07.2025
2025 жылғы 6 шілде күні Көкшетау қаласындағы Қопа көлінің жаңа жағалауында орналасқан Амфитеатрда Астана күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті.Шара елорданың туған күніне орай ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. Кешке қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналып, ұлттық мәдениет пен өнердің көркем көрінісіне куә болды.Концерт барысында Ақмола өңірінің өнер майталмандары өз өнерлерін ортаға салды. Сахна төрінде:«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары жарқын қойылымдарымен кешті әрледі:50 жылдық тарихы бар, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты «Көкшетау» халықтық би ансамблі (жетекшісі «Мәдениет қайраткері» Мадина Тлеулина);25 жылдық тарихы бар «Он алты қыз» халықтық би ансамблі (жетекшісі – Мадина Дусмогомбетова);20 жылдық тарихы бар «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі (жетекшісі – Томирис Жанспаева);25 жылдық тарихы бар, республикалық байқаулардың лауреаты «Балдәурен» үлгілі-вокалды хореографиялық ансамблі (жетекшісі – Айымгүл Хасенова);«Жұлдыз» үлгілі вокалдық студиясы өз репертуарындағы таңдаулы әндерді ұсынды.Сонымен қатар, 40 жылдан астам тарихы бар Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының Эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Ерназар Оразалин;«Мәдениет қайраткері» және «Халық алғысы» медалінің иегері – Жанат Есов;«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері – Ляззат Идрисова;Республикалық байқаулардың лауреаттары – Арай Букаева, Марина Зяблинцева өз өнерлерімен көрерменді тәнті етті.Кешті «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Тоқтарбек Қалдаров, Татьяна Кирьянова және Әмина Қайрат жүргізді.Осы кеш – елорданың мерейлі мерекесіне арналған өнер мен руханияттың жарасымды тоғысы болды. Қала тұрғындары мен қонақтары ерекше әсер алып, керемет көңіл күймен тарқасты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1030948?lang=kk
Қазақстан СІМ-де БҰҰ-ның жаңа Тұрақты үйлестірушісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 08.07.2025
Астана, 2025 жылғы 2 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы жаңа Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчаны қабылдады.Кездесу барысында тараптар көпжақты ынтымақтастық жүйесін реформалау, орнықты даму және БҰҰ-ның рөлін одан әрі нығайту мәселелерін қоса алғанда, өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылады.БҰҰ агенттігінің жаңа басшысын құттықтай отырып, А.Рахметуллин БҰҰ-ның белсенді қолдауының арқасында Қазақстан 2030 жылға дейінгі Орнықты даму күн тәртібі шеңберінде өз халықаралық міндеттемелерін дәйекті түрде орындап келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі шілде айында Нью-Йорк қаласында өтетін Жоғары деңгейдегі саяси форум аясында еліміздің үшінші Ерікті ұлттық шолуын ұсынуға дайындалып жатқанын жеткізді.А.Рахметуллин БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған бірлескен іс-шараларды өткізгені және көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.Өз кезегінде С.Раднарагча Қазақстан Үкіметіне «БҰҰ-ның қазақстандық отбасына» көрсетілген жоғары сенімі үшін ризашылығын білдіріп, жаһандық мақсаттарға қол жеткізуде одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық және ұлттық күн тәртібі аясындағы басым бағыттар бойынша серіктестікті нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.Саранго Раднарагча 2025 жылғы 22 маусымнан бастап БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі болып тағайындалды. Бұған дейін ол UNECE Экология мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесші, сондай-ақ Моңғолия Үкіметінде аға лауазымды қызметтерін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1030953?lang=kk