Қоғам
«Күмбірле, домбыра!» 08.07.2025
«ADK River» сауда орталығында Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле, домбыра!» атты мерекелік шара өтті. Іс-шараның мақсаты – ұлттық өнерді насихаттау, жастарды ұлттық мәдениетке баулу және қазақ халқының рухани мұрасын дәріптеу болды.Бағдарламаға музыкалық орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар қатысты. Шара қонақтары қазақ музыка өнері мен күйге арналған викториналар мен ойындарға қызығушылықпен қатысты, сондай-ақ домбыра пазласын жинады.Шара аясында көрмеге қойылған, музей қорындағы танымал тұлғалар ұстаған домбыралар мен күйші-композитор, қазақ музыкасының жанашыры Уатхан Жүнісовтің ғылыми еңбектері көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Көрменің ұраны «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» мерекенің басты идеясына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1030911?lang=kk
Варшавада Қазақстан мен Польша арасындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды 08.07.2025
Варшава, 2025 жылғы 2 шілде – Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев «LOT Polish Airlines» авиакомпаниясының Президенті Михал Фиолмен кездесу өткізді.Сұхбат барысында азаматтық авиация саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Қазақстанға ұшуды жүзеге асыратын негізгі еуропалық авиатасымалдаушылардың бірі ретінде «LOT Polish Airlines» рөліне ерекше назар аударылды.Қазақ дипломаты Қазақстанда азаматтық авиацияның айтарлықтай өскенін атап өтіп, Варшава – Алматы бағыты бойынша және Қазақстанның басқа қалаларына тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін қоса алғанда, екі ел арасындағы маршруттық желіні кеңейту әлеуетін атап өтті.Тараптар бизнес-сегменттегі жолаушылар үшін жайлылықты арттыру мәселелерін, сондай-ақ қолданыстағы маршруттарда әуе кемелерінің жаңа түрлерін пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар азаматтық авиация мәселелері бойынша диалогты қолдауға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1030894?lang=kk
Қр Парламенті Мәжілісінің депутаты Байқоңыр қаласына жұмыс сапарымен барды 08.07.2025
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов жұмыс сапарымен Байқоңыр қаласы мен Төретам кентіне барды.Сапар барысында бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Атап айтқанда, депутат Байқоңыр қаласында салынып жатқан 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс алаңында болып, мердігер мекеме өкілдерінен атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімі жөнінде ақпарат алды.Мұнан соң, мәжіліс депутаты Байқоңыр қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Бұл бағыттағы жобалар тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жүргізілуде.Сонымен қатар, депутат “Байқоңыр” кешенінің 70 жылдығына орай ашылған тарихи-техникалық экспозициялар орналасқан ашық аспан астындағы мұражайға барды. Бұл жерде әр жылдары ғарышқа ұшырылған зымырандардың макеттері мен арнайы техникалар. Ашық аспан астындағы бұл кешен бүгінде мұражай ретінде жұмыс істеп, келушілерге Байқоңырдың ғарыштық тарихымен танысуға мүмкіндік береді. ҚР Парламенті Мәжілісінің өкілі кешендегі экспонаттармен танысып, еліміздің ғарыш саласындағы жетістіктері мен тарихи кезеңдері жайлы мағлұмат алды.Жұмыс сапары Төретам кентіндегі «Төретам – Ақай» бағытындағы аудандық маңыздағы автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысумен жалғасты. Депутат жөндеу жұмыстарының сапасы мен құрылысына ерекше назар аударып, тиісті ұсыныстарын жеткізді.Сапар қорытындысы бойынша Мәжіліс мүшесі жергілікті атқарушы орган өкілдерімен инфрақұрылымдық жобалардың тиімді әрі уақытылы іске асуы қажеттігін атап өтіп, атқарылған жұмыстарға сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1030842?lang=kk
Құрылыс және жөндеу жұмыстары аудан әкімінің бақылауында 08.07.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысын бақылап, нақты тапсырмалар берді.Алдымен аудан басшысы Байзақ тегі көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының құрылысын көріп, жұмыстың сапасына және тұрғындар үшін қолайлы болуына назар аударды. Мердігер мекемеге құрылыс материалдарының сапасын қадағалап, бекітілген мерзімнен кешікпеуді ескертті.Одан кейін М.Құдабаев және І.Мүсірбаев көшелерінде салынып жатқан балалар ойын алаңдарының жай-күйімен танысты. Жергілікті тұрғындардың өтінішіне сәйкес қолға алынған бұл жобаның сапалы әрі қауіпсіз орындалуы тиіс екенін айтты.Сонымен қатар Н.Нақыпов, Келменбет батыр және Қ.Шыңғысов көшелеріндегі күрделі жол жөндеу жұмыстары да аудан әкімінің назарында болды. Нысан басында аудан басшысы жауапты бөлімдер мен мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар жүктеп, жұмыстардың сапасы мен уақтылы орындалуын үнемі бақылауда ұстауды міндеттеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1030809?lang=kk
Атаулы мерекелер аталып өтті 08.07.2025
Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Елордамыз Астана күні және Ұлттық домбыра күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі іс-шарада аудан халқын атаулы мерекелермен құттықтады. – Сіздерді Елордамыз Астана күні және ұлы мұрамызды ұлықтайтын Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Егемен еліміздің бас қаласының құрметіне белгіленген бұл күн әрбіріміз үшін ерекше ыстық мереке. Абыройы асқақ шаһар Қазақстан халқының рухани өрлеуінің тірегіне, бірлігі мен ынтымағының белгісіне, еліміздің жасампаз жеңістерінің көрінісіне және қазақстандық арманның іске асуының айқын дәлеліне айналды.Бүгінде бас қаламыз әлемдегі ең озық, қарыштап дамыған шаһарлар қатарына қосылды. Құрылу, қалыптасу, өркендеу сатысынан өтіп, еліміздің әкімшілік және іскерлік орталығына айналды-деп атап өтті. Сонымен қатар, Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыра күні биыл жетінші жыл елімізде кеңінен тойланып келеді. Ұлттық кодымызды қайта жаңғыртуға бағытталған айтулы мерекені атап өту – көнеден жеткен рухани байлығымызға берілген лайықты баға деп ойлаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз бола беруі тиіс» деп келешек ұрпаққа домбыра арқылы ұлттық құндылықты насихаттаудың айрықша маңызы бар екенін атап өтті. Бұл мереке – еліміздің рухани жаңғыру жолын және салт-дәстүріміздің мән-маңызын дәріптейтін күн.Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп жырлаған. Бүгінде өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарауда. Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз.Сіздерді тағы да Астана күнімен және Ұлттық Домбыра күнімен құттықтай отырып, баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін-деп сөзін түйіндеді. Шара одан әрі жалғасып, аудан көркемөнерпаздары ән-шашумен көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1030814?lang=kk
Қазақстанның Елшісі Ислам зерттеу институтының басшысы, профессор, доктор Мұхаммад Зия уль-Хакпен кездесті 08.07.2025
Исламабад, 2025 жылғы 7 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Ислам зерттеулері институтының басшысы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының мүшесі, профессор, доктор Мұхаммад Зия уль-Хақпен кездесу өткізді.Кездесу барысында 2025 жылғы 17–18 қыркүйекте Астана қаласында өтетін VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне дайындық мәселелері талқыланды.Кездесу барысында Пәкістан Федералдық дін істері және конфессияаралық келісім министрі Сардар Мұхаммад Юсуф бастаған пәкістандық делегацияның қатысатыны расталды.Сонымен қатар, Қазақстан мен Пәкістанның академиялық қауымдастықтары мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.Атап айтқанда, тараптар осы жылдың соңына дейін бірқатар бірлескен жобаларды іске асыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1030818?lang=kk
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіпкерлермен кездесу өтті 08.07.2025
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Әбділәмитұлының төрағалығымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша жұмысшы топтың кәсіпкерлермен кездесуі өтті.Кездесудің негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, бағдарламаның іске асырылу барысы мен мемлекеттік қолдаулар жөнінде түсіндіру.Жиын барысында сала мамандары мен жұмысшы топ мүшелері – Индира Сансызбайқызы, Бахыткүл Әділбекқызы, Күндібай Мырзабайұлы және басқа да қатысушылар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кәсіпкерлердің сауалдарына жауап беріп, кеңестерін ұсынды.Жиын соңында сұрақ-жауап, пікір алмасу ұйымдастырылып, кәсіпкерлер бағдарламаның тиімді тетіктері мен шарттары туралы нақты ақпарат алды.Айта кетейік, Қармақшы ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023 жылдан бері жалпы сомасы 486,7 млн теңгені құрайтын 77 жобаға жеңілдетілген несие берілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1030785?lang=kk
Мәжіліс депутттары тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигон жұмысымен танысты 08.07.2025
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархаббат Жайымбетов пен Мұрат Әбеновтің Сырдария ауданына жасаған сапары тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонда жалғасты. Мұнда мәжілісмендер «Қызылорда-Жалағаш» автожолының бойынан көлемі 4 гектар жерге салынған полигон құрылысымен танысты.– Бұл полигонның аудан тұрғындары үшін маңызы зор. Полигон құрылысына облыстық бюджеттен 475,5 млн теңге бөлінген. Полигонда тұрмыстық қалдықтарды сұрыпталады. Құрылыс жұмыстарын «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС атқарған. Айта кету керек, полигон шаруашылық және өндірістік аймақтардан тұрады. Өндірістік аймақта тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптап жинайтын арнайы алаң, сүзгіш құдығы орналасқан. Мұнда жылына 3500 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар сұрыпталмақ, – деп ақпарат берді аудан әкімі.Мәжіліс депутаттары тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыру үшін тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонның жұмысын жүйелі ұйымдастыру қажеттігін айтты.– Біз ең алдымен халыққа берген сайлауалды уәдемізді орындауымыз керек. Жол картаға түскен әрбір іс-шараның уақытылы, сапалы жүзеге асуы қатаң бақылауда. Біз келіп отырған бүгінгі нысан да біздің халыққа берген уәделеріміздің нақты іске асуының нәтижесі, – деді Мұрат Әбенов.Ал М.Жайымбетов партияға, билікке сенім артып өтінішпен келген азаматтардың мәселесін мүмкіндігінше шешуге жұмыс жасау қажет екенін айтты. – Әрине, көп мәселелер қаржыға және уақытты талап етеді. Келген азаматқа мұны түсіндіріп, заңнамалық тұрғыда кеңес беру керек. Әрбір нысаналы топқа бағытталған партиялық жобаларымыздың өз мақсатына сай жүзеге асуын қамтамасыз етуіміз қажет. Жасалған жұмыстар халыққа кеңінен насихатталуы керек, – деді Мархаббат Жайымбетов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1030786?lang=kk
Мәжіліс депуттары жеке қабылдау өткізді 08.07.2025
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархаббат Жайымбетов пен Мұрат Әбенов Сырдария ауданына жасаған жұмыс сапарында «Руханият» орталығында жеке қабылдау өткізді.Жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауға келушілер инфрақұрылымды жетілдіру, құрылыс, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және «Ауыл аманаты» жобасына өзгерістер енгізу бойынша мәселелерді көтерді.Мәселен, білім саласының ардагері Ұ.Жаналиева «Жайлы мектеп» салу мәселесі бойынша сұрақ қойды. «Мен білім саласының ардагерімін. Өздеріңізге белгілі, Президенттің бастамасымен өңірлерде «Жайлы мектептер» салынуда. Алайда, Тереңөзек кенті орталығына салынуы керек «Жайлы мектеп» қаржыландырылмай қалды. Кент орталығына мектеп қажеттілігі күн санап артуда. Осыған байланысты жайлы мектепке теңестірілген типтік жобадағы мектеп салып беруге ықпал етсеңіздер» деді ардагер.Өз кезегінде кент тұрғыны С.Тобағұлов апатты үйлер мәселесін шешу мәселесін айтты.«Мемлекет басшысының қолдауымен жалпы аудандарда тұрғын үйлер көптеп салынуда. Осыған байланыста атқарып жатқан жұмыстарыңызға алғыс білдіреміз. Алайда аудандағы апатты жағдайдағы үйлердің мәселесі өзекті болып отыр. Апатты жағдайдағы үй иелеріне үй салып беру үшін мемлекеттік бағдарлама қарастырылмаған. Осы мәселеге Сізден республикадан қаржы бөлуге ықпал етуіңізді сұраймын» деді ол.Сонымен қатар С.Сейфуллин ауылының тұрғыны Б.Рахметов «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Қызылорда облысында асыл тұқымды малын сатып алу талабын алып тастау бойынша ұсынысын жеткізді.«Ауыл тұрғындарына үй жағдайында асыл тұқымды малды алып асырауға мүмкіндік болмауда. Яғни бұл уақытқа дейін тек асыл тұқымды мал басына ғана берілуде. Тұрғындардың сұрауы осы бағдарлама аясында несиені жалпы мал басына берсе деген өтінішіміз бар» деді кәсіпкер.Ал Қалжан ахун ауылының тұрғыны Б.Зинабдинов Қалжан ахун ауылының электр желілерін жаңарту жобасы 2024 жылы басталып бүгінгі күні аяқталмай тоқтап тұрғанын айтты.Әр мәселенің түйінін тарқатып, шешу жолдарын қарастырған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархаббат Жайымбетов пен Мұрат Әбенов ұсыныстар бойынша жауап беріп, түсіндірме жұмысын жүргізіп, жеке қабылдауда көтерілген мәселелерді жеке бақылауға алып, жұмыс жасайтынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1030797?lang=kk
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: қалай есептеледі және қайда жүгіну керек 08.07.2025
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдарБЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: қалай есептеледі және қайда жүгіну керек Кесте бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алуға кімдер құқылы? Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға ай сайын зейнетақы төлемдері жасалады:- зейнет жасына жеткендерге (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас (2028 жылдан бастап жыл сайын 6 айға ұзарып, 2031 жылы 63 жас болады));- 55 жасқа жеткендедерге (кәсіптері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметі тоқтатылған жағдайда, зейнетақы төлеміне жүгінген кезде жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген болса);- мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға,БЖЗҚ-дан төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Кесте бойынша төлемдер қалай есептеледі? Кесте бойынша төлемдер келесідей есептеледі: төлемдерді алатын бірінші жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне – 6,5%-ға көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Келесі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне – 5%-ға өседі. Бұл ретте БЖЗҚ-дан жасалатын ай сайынғы зейнетақы төлем республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - КД) кемінде 70% мөлшерінде болады (2025 жылы КД 46 228 теңге). Белгілі бір санаттағы төем алушылар үшін: мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жиынтығында кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған адамдар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Бұл шарттардың біреуінен астамын қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең жоғары мәні бар түзету коэффициенті қолданылады.55 жасқа толған тұлғаларға зейнетақы төлемдерін есептеу және төлем жасау, сондай-ақ олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төлеу кезінде:- зейнетақы төлемін жүзеге асыру үшін КД кемінде 70% мөлшеріндегі шегі қолданылмайды;- түзету коэффициенттері қолданылмайды;- кезекті зейнетақы төлемінің сомасымен бірге КД-нің 70%-дан кем мөлшеріндегі жеке зейнетақы шотындағы қалдық төленбейді.Айта кету керек, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.Егер БЖЗҚ-дан төлем жасау күніндегі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2025 жылы 753 252 теңге = 62 771х12), төлем бір рет толығымен жасалады. Зейнет жасына жетуге байланысты БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну керек? Зейнетақы жасына жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін төлемдерді алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақтылы жүгінуі қажет. Мұны зейнеткерлік жасқа 10 күн қалғанда жасауға болады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Бұл ретте егер алушы зейнеткерлік жасқа толған болса, өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-да тіркелген күні өтініш берілген күн болып есептеледі, ал егер ол ертерек жүгінген болса – зейнеткерлік жасқа толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Бюджеттен төлемдер алу үшін уақтылы жүгіну өте маңызды, оны тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет. Бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы, ал БЖЗҚ-дан алушының зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.Зейнетақы төлемдерін уақтылы ресімдеу қажеттілігі туралы алдын ала ескерту жасала ма? Телефон нөмірлері еgov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге (әлеуетті алушыларға) 1414 нөмірінен зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 2 ай бұрын egov.kz сайтындағы құжаттар тізбесіне сілтеме жасай отырып, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу үшін Мемлекеттік корпорацияның жақын маңдағы бөлімшесіне уақтылы жүгіну мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Яғни мемлекеттік органдар зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде ресімдеу үшін тиісті хабарламалар жібереді, өйткені өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды. Сондай-ақ, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жасау бойынша белсенді қызмет көрсету мақсатында зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және оларды алуға өтініш білдірмеген тұлғаларға қатысты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп осы азаматтарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоғын жыл сайын салыстырып, тексеру жүргізеді. Жыл сайын жүргізілетін тексерулердің нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ оларға мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде, яғни өтінішсіз зейнетақы төлемдерін жасайды. Мерзімсіз 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда жүгінуге болады? Мерзімсіз 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе сайттағы (enpf.kz) жеке кабинет арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ мобильді қосымшасында жүгіну қажет. БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін көшпелі қызмет көрсетудің ұйымдастырылғанына назар аударамыз. Бұл ретте алдын ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді үйден шықпай, қашықтан алу мүмкіндігінің бар-жоғын тексеру жүзеге асырылады. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін қажет құжаттар тізбесімен қайдан танысуға болады? enpf.kz сайтында "қызметтер – зейнетақы төлемдері" бөлімінде зейнетақы төлемдерінің түріне және оларды беру тәсіліне байланысты қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. "Онлайн-сервистер" бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі бар ("төлеуге арналған құжаттарды алдын ала тексеру" сервисінің атауы: https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/checkdoc.php). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-uigur/press/news/details/1034881?lang=kk
Сырдария өнерпаздары облыстық байқауда үздік деп танылды 08.07.2025
Сырдария өнерпаздары облыстық байқауда үздік деп танылды Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына және “Жұмысшы мамандықтар жылына” орай қазақ мәдениеті мен әдебиетін, салт-санасы мен тарихын, рухани дүние танымын жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты аудан өнерпаздарының облыстық мәдениет және өнер байқауының қорытынды концерті өтті. Аталған өнер байқауында Сырдариялық өнерпаздар облыс жұртшылығына өз өнерлерін көрсетіп, зор ықыласқа бөленген болатын. Қазылар алқасының шешімімен Сырдария ауданы жүлделі І орынды иеленді. Өнер байқауына өлшеусіз үлес қосқан барша Сырдариялық өнер ұжымдарына шығармашылық табыс тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1030807?lang=kk
Көше атауын беру 08.07.2025
11.08.2025 жылы Маңғыстау ауылының жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен өткен жиында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы 211 бұйрығын негізге ала отырып, Маңғыстау ауылы, Шерқала тұрғын массиві 266 үйімен 863/1 үй аралығындағы көшеге, Ұлы Отан соғысының ардагері Құтыш Манатовтың есімін беру бірауыздан қолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-mangystau/press/news/details/1077570?lang=kk
8 шілде – Қарулы күштерде әскери медицина күні 08.07.2025
Тәуелсіз Қазақстан әскери медицинасының тарихы 1992 жылы ҚР Қарулы күштері Бас штабының Әскери-медициналық басқармасы құрылған кезден басталады. Бүгінде бұл 8 госпитальдан, 4 лазареттен және медициналық пункттерден тұратын кең жүйе. Өткен жылдың өзінде емдеу мекемелерінің стационарларында 10 мыңнан аса пациент көмек алды. Әскери медицина жүйесі дамуын жалғастыруда. Өткен жылы Щучинск қаласында Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталі оңалту бөлімшесін ашты. Онда әскери қызметшілер ауыр сырқаттар мен жарақаттардан кейін денсаулығын қалпына келтіреді. Сонымен қатар, Ақтау қаласында әскери теңізшілерге арналған госпиталь ашу және Алматы қаласында әскери медицина академиясын құру жұмыстары жүргізілуде. Тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру мақсатында Президент Іс басқармасының медициналық орталығымен, А. Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығымен және басқа да медициналық мекемелермен ынтымақтастық жолға қойылды. Тәуелсіз контингент құрамындағы әскери дәрігерлерді Голан биіктіктеріндегі БҰҰ миссиясына жіберу маңызды оқиға болды. Онда медицина мамандары жергілікті патрульге қатысатын бітімгерлерге және жергілікті тұрғындарға көмек көрсетеді.Әскери дәрігерлер оқу-жаттығуларға және жұмылдыру жиындарына үнемі тартылып, оларды медициналық сүйемелдеу мен санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауды қамтамасыз етеді.Әскери дәрігерлердің жанқиярлығы Сovid-19 пандемиясы кезінде, әскери госпитальдардағы инфекциялық изоляторлардың, стационарлық ПТР-зертханалардың және жылжымалы зертханалық кешендердің жұмысы ұйымдастырылған кезде толық көрінді. Өткен жылы олар су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарға да көмекке келді.Әскери дәрігерлерді әлеуметтік қолдаудың маңызды шарасы 2024 жылы азаматтық клиникаларда тәжірибеге қол жеткізуді ашу және олардың еңбекақысын азаматтық денсаулық сақтау мамандарының деңгейіне дейін арттыру болды.Бір қарағанда, ең құнды байлық – адам денсаулығын сақтау тұрғысынан көрінбейтін, бірақ өте маңызды, әскери дәрігердің жұмысы терең құрмет пен ризашылыққа лайық. Ауруханалар мен лазареттерде тәулік бойы кезекшілік ете отырып, олар кез келген уақытта мұқтаж адамдарға медициналық көмек көрсетуге дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1030640?lang=kk
Алматы облысындағы жаңа технологиялар 08.07.2025
Алматы облысында инновациялық электрондық табельдеу жүйесі енгізілді және ол қазірдің өзінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді!Енді балабақшаларда балалардың қатысуын QR-код пен Face ID арқылы бақылауға мүмкіндік беретін технология қолданылады. Бұл әдіс ата-аналар мен қызметкерлер үшін қолайлылық пен ашықтықты арттырып қана қоймай, облыстық бюджетті үнемдеуге де септігін тигізді.Жұмысты оңтайландыру мен есептілікті жақсартудың нәтижесінде 29 жеке балабақша жабылды. Бұған дейін бұл мекемелерге жыл сайын 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп келген.Жүйе іске қосылған алғашқы бірнеше айдың ішінде 1,2 миллиард теңге бюджет қаражаты үнемделді. Жылдық үнем 2 миллиард теңгеден асады деп күтілуде.Жаңа жүйе толық цифрлық ашықтық қағидаты бойынша жұмыс істейді: баланың әр қатысуы автоматты түрде тіркеледі, деректер ата-аналарға нақты уақытта қолжетімді және қолмен түзетуге жол берілмейді. Биометриялық сәйкестендірудің арқасында деректерді қолдан жасау мүмкін емес.— Бұл жай ғана технологиялық жаңалық емес — бұл тәртіп орнатудың құралы. Жүйе балалардың қатысуын нақты уақытта бақылауға мүмкіндік береді және кез келген алаяқтыққа тосқауыл қояды. Қаражатты үнемдеу — цифрландырудың тікелей нәтижесі, — деп атап өтті Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ақыл Жандос.Оның айтуынша, бұл жоба білім беру саласындағы цифрлық трансформацияның негізіне айналып, өзге де мекемелерге кеңінен енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1030653?lang=kk
Қазақстан WSIS Prizes 2025 байқауында САК жобасымен жеңіске жетті 08.07.2025
Женева, 2025 жылғы 7 шілде – БҰҰ қолдауымен Халықаралық электр байланысы одағы (ITU) ұйымдастырған WSIS+20 іс-шарасының аясында WSIS Prizes 2025 байқауының жеңімпаздары марапатталды. Қазақстан атынан ұсынылған «Ситуациялық-аналитикалық кешен» (САК) жобасы өз номинациясы бойынша үздік деп танылып, жеңімпаз атанды.САК – бұл Президент Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы әзірлеген заманауи цифрлық платформа. Ол мемлекеттік сектордағы мәліметтерді талдау, мониторингтеу және жедел басқару үшін қолданылады. Жүйе еліміздің барлық өңірі бойынша 500-ден астам әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді қамтиды және деректерді нақты уақыт режимінде жинауға, өңдеуге және визуализациялауға мүмкіндік береді.САК бүгінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде және Іс басқармасында қолданыста, бұл стратегиялық шешімдерді тиімді және ашық қабылдауға жол ашады.Бұл – Қазақстанның 2013 жылдан бергі алғашқы жеңісі және елдің технологиялық әлеуетінің халықаралық деңгейде мойындалуының маңызды көрсеткіші. Марапатты Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин ханым мемлекеттер мен халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1030619?lang=kk
Қазақстан БРИКС Саммиті аясында экологиялық және гуманитарлық басымдықтарын белгіледі 08.07.2025
Рио-де-Жанейро, 2025 жылғы 7 шілде – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БРИКС мүше мен серіктес елдері басшыларының 17-ші саммиті жұмысына қатысуды жалғастырып, «Қоршаған орта, СОР30, жаһандық денсаулық» сессиясында сөз сөйледі.Сессия барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының Тараптар конференциясына (СОР30) дайындық, сондай-ақ жаһандық денсаулық сақтау жүйелерін нығайту мәселелерін талқылады.Өз сөзінде Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы экожүйелерді сақтау, ормандарды қорғау, Арал теңізін қалпына келтіру және мұздықтардың еру үдерістерін тежеу бойынша бірлескен күш-жігердің маңыздылығына назар аударды.Климаттық қатерлердің алдын алуға басымдық беру қажеттігін атап өткен М.Нұртілеу ерте ескерту жүйелерін дамыту, төтенше жағдайларға дайындықты арттыру және көпжақты үйлестіруді күшейтуге шақырды. Осыған байланысты ол Қазақстанның климаттық мониторинг пен төтенше жағдайларды болжауға арналған ұлттық спутниктік технологияларын пайдалану жөніндегі бастамасын таныстырды.Министрдің баяндамасында денсаулық сақтау мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Қазақ тарапы мемлекеттерді Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту жөніндегі жаһандық коалицияға қосылуға шақырды. Оның негізі денсаулық сақтау саласындағы маңызды халықаралық құжат – 1978 жылғы Алматы декларациясынан бастау алады.Қорытындылай келе, М.Нұртілеу: «Елдеріміз табиғи ресурстарға, білімге және әлеуетке бай. Бірақ ең бастысы – бізді ортақ мүдделер біріктіреді. Қазақстан адамзат пен планета игілігі үшін БРИКС-пен серіктестікті нығайтуға дайын. Бірлесе және алдын ала әрекет етейік. Осы орайда Сіздерді 2026 жылы Қазақстан БҰҰ-мен серіктестікте өткізетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырамын», – деп атап өтті.Министр сондай-ақ жылы қабылдау, іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру және Жаһандық Оңтүстік елдері арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал еткен ашық диалог атмосферасы үшін Бразилия тарапына ризашылығын білдірді.Саммитқа қатысу аясында Қазақстан СІМ басшысы Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен жеке кездесу өткізіп, тараптар екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелерді талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1030622?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі БРИКС Саммитіне қатысуда 07.07.2025
Рио-де-Жанейро, 2025 жылғы 6 шілде – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БРИКС 17-ші Саммитіне алғашқы рет серіктес ел ретіндегі Қазақстан атынан қатысты.Саммиттің бірінші күніне бірлестікке мүше және серіктес елдердің мемлекет және үкімет басшылары, жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.Іс-шараға қатысушылар көпжақты ынтымақтастықты нығайту, әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты дамуды қамтамасыз ету қажеттілігіне баса көңіл аударды. Негізгі назар жаһандық басқару жүйесінде Ғаламдық Оңтүстік елдерінің өкілеттігін арттыруға бағытталды. Қарулы қақтығыстардың күшеюі, халықаралық саудадағы протекционизмнің өсуі және геосаяси қайшылықтардың ушығуы қатысушылардың алаңдаушылығын тудырды.Өз сөзінде ҚР СІМ басшысы Қазақстанның БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарына негізделген әділетті, инклюзивті және орнықты тәртіпті нығайтуға бейілді екенін атап өтті. «Астана тепе-тең және көпвекторлы сыртқы саясат жүргізе отырып, дуал емес, көпір салады және барлық елдермен серіктестікті дамытады», – деді М.Нұртілеу.Қазақстан делегациясының басшысы Азия, Африка мен Латын Америкасындағы Орта державаларының жаһандық шешім қабылдау процесіндегі рөлін арттыруды қолдайтынын жеткізді. Осы тұрғыда нақты қадамдар ретінде Саммит қатысушыларының назарына еліміздің бірқатар халықаралық бастамалары, оның ішінде Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының құрылуы және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізілуі ұсынылды.Сонымен қатар Министр Қазақстанның БРИКС елдерімен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, цифрлық технологияларды дамытуға мүдделі екенін айтты. Бұл салада Қазақстанның жетістіктері ерекше аталып өтті. «Қазақстан адамға бағытталған, инклюзивті және орнықты тәсілді ілгерілету жолында ынтымақтасуға дайын. Бұл – адамзат үшін әділетті цифрлық болашақты қамтамасыз ету жолы», – деді ол.Саммит аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесуспен, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюньмен, сондай-ақ Беларусь Сыртқы істер министрі Максим Рыженковпен кездесулер өткізіп, көпжақты және екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.БРИКС (BRICS – Brazil, Russia, India, China, South Africa) 2006 жылы құрылған, әлем аумағының 35%-ын, халық санының 50%-ын және жаһандық ЖІӨ-нің 40%-ын қамтиды.БРИКС-ке 11 мүше ел (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка, Эфиопия, Индонезия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Мысыр және Иран), сондай-ақ 10 серіктес ел (Қазақстан, Беларусь, Боливия, Вьетнам, Куба, Малайзия, Нигерия, Таиланд, Уганда және Өзбекстан) кіреді. Сонымен қатар Саммитке Чили, Колумбия, Түркия, Уругвай, Палестина, Кения, Мексика, Африка кеңесі, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі, Латын Америкасы мен Кариб бассейні даму банкі, Жаңа даму банкі, БҰҰ, ДСҰ және ДДСҰ өкілдері шақырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1030607?lang=kk
Назым Қызайбай Әлем кубогының финалында жеңіске жетті 07.07.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Спорттық команда даярлау орталығының дене дайындығы және спорт жөніндегі нұсқаушысы, ефрейтор Назым Қызайбай Астанада өткен бокстан Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды.48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші жекпе-жекте отандасымыз үндістандық Минакши Минакшимен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Финалға дейінгі кездесулерде ефрейтор Қызайбай жапондық Хикару Шинохаруны сенімді түрде жеңген болатын.Назым Қызайбай — Қазақстанның ең атақты спортшыларының бірі. Ол — 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025), сондай-ақ 2021 жылғы Азия чемпионы.Қазақстандық спортшының Әлем кубогындағы жеңісі — кәсіби шеберлігі мен жеңіске деген жігерінің дәлелі. Бұл – өскелең ұрпаққа үлгі болатын ерік-жігер мен отансүйгіштіктің айқын көрінісі. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1030588?lang=kk
ШЫМКЕНТ: ФРАНЦУЗ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН ЫНТЫҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 07.07.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге бастаған француз кәсіпкерлерімен кездесті.EDF, Veolia, AZ Syndicat, C3Medical, Dualest, СП ALMGT, Richel Group сынды жетекші француз компаниялары мен Франция-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының (CCIFK) өкілдері Шымкентте бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр.Кездесу барысында 2025–2028 жылдарға арналған ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Жол картасына қол қойылды. Құжатта мәдени және білім алмасуды дамыту, қала құрылысы, ауыл шаруашылығы және қала инфрақұрылымы салаларында озық француз технологияларын енгізу, сондай-ақ денсаулық сақтау, ғылым және білім беру салаларындағы әріптестікті арттыру қарастырылған.Бұл кездесудегі қол жеткізге құжат туризмді дамытуға да ықпал етеді. Оның ішінде Шымкентте Франция мәдениеті күндерін және Францияда Шымкент күндерін өткізу, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту мен іскерлік байланыстарды кеңейту шаралары бар. Жол картасын іске асыру қала тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Шымкенттің тұрақты дамуында маңызды қадам болмақ.Жалпы бұл кездесу Мемлекет басшысының инвестиция тарту, инвестициялық климатты жақсарту және бизнес жүргізу шарттарын оңтайландыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылды.Қала әкімі француз делегациясына мегаполиске көрсетілген ықылас үшін алғысын білдіріп, бизнес-форум аясында өткен B2B және G2B кездесулері ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.
ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА 07.07.2025
Шымкенттің «Шаңырақ», «Тұрдыабад», «Базарқақпа» елді мекендерінің тұрғындары енді GPON озық технологиясының арқасында жоғары жылдамдықты интернетті, цифрлық теледидарды және сапалы ұялы байланысты пайдалана алады.GPON (Gigabit passive Optical Network)-тің басты артықшылықтарының бірі – тұрақты деректер жылдамдығы, сонымен қатар сыртқы кедергілерден қорғау. Осының арқасында интернет тіпті шалғай аудандарда да тез және үзіліссіз жұмыс істейді. Технология деректерді талшық арқылы 1 Гбит/с дейінгі жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда Шымкентте технологияға “Шаңырақ”, “Тұрдыабад” және “Базарқақпа” шағын аудандарында 1500-ге жуық үй қосылған, ол 7150-ден астам тұрғынды қамтиды.Шымкент қаласының шалғайдағы елді мекендеріне талшықты-оптикалық интернет жүргізу жұмыстары 2021 жылы басталған. Қалаға Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысынан қосылған 81 елді мекеннің 52-сі бар. Биылғы жылы талшықты-оптикалық интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары 20 елді мекенде, ал келесі жылы 25 елді мекенде жоспарланған. Осылайша, шалғайдағы елді мекендер жылдам интернетпен қамтамасыз етілетін болады.Айта кетсек оптикалық интернет жүргізу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаражат пайдаланылмаған. «Барлық жұмыстарды жеке инвесторлар қаржыландырады. Сапалы интернет өткізуді қамтамасыз ететін алты провайдермен меморандумдарға қол қойылды, ал біз инфрақұрылымдық мәселелерге және әкімшілік кедергілерді еңсеруге көмектесеміз. Beeline компаниясына келетін болсақ, ол биылғы жылы GPON технологиясын пайдалана отырып, “Тұрдыабад”, “Шаңырақ”, “Базаркақпа”, “Сайрам” және “Абдулабад”тұрғын алаптарын интернетке қосады.