Әлем
«Рәміздер рухы – Конституцияның күші» атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті 30.06.2026
Бүгін Қызылордадағы Мемлекеттік рәміздер аллеясында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Рәміздер рухы – Конституцияның күші» атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті.Оған облыстық мәслихат төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, зиялы қауым, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.Акция «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» атты тақырыптық прологпен ашылды.Аймақ басшысы жиналған қауымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, ел тәуелсіздігінің басты нышандарының тарихи мәні мен маңызына тоқталды.«Мемлекет басшысы: «Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады», – деп атап өтті.Біздің мемлекеттік нышандарымыз Қазақстанды күллі әлемге бейбітшілік пен татулықтың символы ретінде дәріптеуде. Көк туымыз халықаралық ареналарда, әлемдегі алпауыт ұйымдардың төрінде Тәуелсіз Қазақстанның атын танытты. Айбынымызды асырған Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп ұлықтау, келер ұрпаққа аманат ету – біздің азаматтық парызымыз.Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік нышандарымыз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істеріміздің ұйытқысы бола берсін! Бірлігіміз жарасып, жарқын болашаққа басқан әр қадамымыз нық, ел іргесі берік болсын!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Шарада хордың сүйемелдеуімен Мемлекеттік Әнұран шырқалып, жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер орындады.Рәміздер күніне арналған акция ипподромда атты шерумен жалғасты. Сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметкерлері Сырдария өзенінде Мемлекеттік Туды қайықпен алып жүріп, мереке мазмұнын айшықтай түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1234404?lang=ru
Алматы облысында Мемлекеттік рәміздер ұлықталды 30.06.2026
Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Алматы облысында патриоттық рух пен сүйіспеншілік сезімін оятатын мазмұнды шаралар легі толастаған жоқ. Солардың бірі Қонаев қаласындағы орталық алаңда өтті. Шара барысында арнайы тікұшақ Көк Туымызды көк аспанда қалықтатып, жиналған қауымның рухын оятты. Әнұранымыз әуелете шырқалып, Елтаңбаның тәуелсіздігіміздің символы ретіндегі мән-маңызы насихатталды. Мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдап, облыстың даму жолында аянбай еңбек еткен жандар марапатталды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Салтанатты жиында Мемлекеттік Тудың әуеде қалықтаған әсерлі сәті ерекше есте қалды. Қонаев аспанында желбіреген Көк байрағымыз тәуелсіз елдің асқақ болмысын, береке-бірлігі мен жарқын болашаққа деген сенімін айқын көрсетті. Жиналған қауымның бойында мақтаныш сезімін оятып, Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін одан әрі арттыра түсті.Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.«1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ресми түрде бекітіліп, шежіреміздің жаңа парағы ашылды. Шәкен Ниязбековтің айбынды Көк Туы мен Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихановтың бірегей Елтаңбасы, кейіннен Шәмші Қалдаяқовтың әуезді әнімен толыққан Әнұранымыз ұлттық болмысымыз бен азаттық рухымыздың мәңгілік символына айналды.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары, мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді», – деп рәміздердің маңыздылығына ерекше тоқталған болатын.Биылғы мерекенің біз үшін маңызы тіптен ерекше, себебі еліміз жалпыхалықтық референдумда қабылдаған Жаңа Конституцияның қағидаттарына сүйене отырып, дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Жаңарған Ата Заңымыз – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекетіміздің егемендігі мен тұтастығының басты кепілі. Осыған орай, «Рәміздер рухы – Конституция күші» жалпыұлттық патриоттық акциясы аясында қоғамда ұлттық рух бекемделіп, Ата Заң мен рәміздерге деген құрмет мәдениеті жаңа деңгейге көтерілуде.Мемлекеттік рәміздерімізде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін құдыретті күш бар. Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын нышандарымыздың мәртебесі арта берсін», – деді аймақ басшысы.Сондай-ақ өңір дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматты Мемлекеттік наградамен марапаттады. Солардың бірі – 40 жылға жуық уақыт бойы білім саласында еңбек еткен, Қарасай ауданы Шалқар орта мектебінің директоры Бану Аманова. «Бүгінгі Мемлекеттік рәміздер күнінде «Құрмет» орденімен марапатталу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл менің ғана емес, білім саласына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан барлық әріптестерімнің, барлық ұстаздардың еңбегі деп бағалаймын. Осы қажырлы еңбегімізді елеп-ескеріп жатқан Президентімізге, облыс әкімдігіне, облыстық білім басқармасына алғысым шексіз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Көк Туымыз, Әнұранымыз бен Елтаңбамыз Отанымызбен бірге мәңгі жасасын. Еліміздің даңқы асқақтай берсін», – деді марапат иесі.Шара барысында мемлекеттік қызметтің түрлі бағытында еңбек жолын бастаған мамандар елге адал қызмет етіп, Конституция заңдарын берік сақтауға салтанатты түрде ант берді. Осылайша, егемендік айшығы болған Мемлекеттік рәміздер күні Алматы облысында мәні терең, көңілге рухани серпіліс сыйлайтын мазмұнды шаралармен жоғары деңгейде аталып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1234335?lang=ru
Президент Ұлттық ұлан Академиясының үздік түлектеріне офицерлік погондар табыстады 30.06.2026
Мемлекеттік рәміздер күні елордада жоғары әскери оқу орындарының үздік түлектері Қазақстан Республикасы Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан офицерлік погондар алды.ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Академиясының атынан бұл мәртебеге Нышанбек Ғаламат, Арыстан Маултов және Сырым Абжапбар ие болды. Сонымен қатар Академия түлегі Дияр Бурумбаевқа офицерлік погонды Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов табыстады.Аға лейтенант шенін иеленген Нышанбек Ғаламат бұл күннің өзі үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.– Біз оқуда үздік болғаны үшін бірден аға лейтенант шенін иеленген алғашқы түлектерміз. Ал оны Президенттен алу – екі есе абырой! Бұл жетістікке жетуге ықпал еткен Академия басшылығына, профессор-оқытушылар құрамына және командирлеріме ризашылығымды білдіремін, – деді жас офицер.Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметті өмірлік ұстаным ретінде таңдаған азаматтарды айтулы оқиғамен құттықтап, олардың абыройы Отан алдындағы мінсіз қызметіне қарай өлшенетінін баса айтты.Бүгінде Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етіп, елдегі заңдылықты нығайтуға үлес қосып келеді. Бұл қызмет Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен Тәртіп» қағидатымен үндеседі.Айта кетейік, биыл ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Академиясын 140-тан астам курсант тәмамдайды. Оқу бағдарламасын үздік аяқтаған 16 түлек қызыл дипломға ие болып, оларға алғаш рет бірден «аға лейтенант» әскери шені беріледі. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1234383?lang=ru
Қалалық әкімдікте Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өтті 30.06.2026
Қалалық әкімдікте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның ел бірлігі мен тәуелсіздігінің басты нышандары екені атап өтілді.Жиынға мемлекеттік қызметкерлер мен мекеме қызметкерлері қатысып, мемлекеттік рәміздердің маңызы, олардың патриоттық тәрбие берудегі рөлі туралы айтылды. Сондай-ақ, еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсету – әрбір азаматтың қасиетті борышы екені ерекше атап өтілді.Мерекелік іс-шара қатысушылардың отансүйгіштік рухын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1234391?lang=ru
Заңды тұлғалардың банкроттық рәсіміндегі кредитордың рөлі 30.06.2026
Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың банкроттық рәсіміндегі кредитордың рөлі процестің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Дәл кредиторлар банкроттық рәсімінің негізгі тараптарының бірі болып табылады, себебі борышкердің қарыздарын өтеу тәртібі олардың талаптарына байланысты айқындалады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиторлар, кредиторлар жиналыстарына қатысуға, ұсыныстар енгізуге және уақытша немесе банкроттық басқарушының әрекеттерін бақылауға құқылы.Кредитордың негізгі міндеті – өзінің мүліктік мүдделерін қорғау және берешекті барынша қайтаруды қамтамасыз ету. Осы мақсатта кредиторлар өз талаптарын уақытылы мәлімдеп, оларды құжат жүзінде растауға міндетті. Сондай-ақ кредиторлар комитеті де маңызды рөл атқарады, өйткені ол борышкердің мүлкін сату және қаражатты бөлу сияқты банкроттық рәсімінің маңызды мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.Кредиторлар борышкердің активтерді жасыру немесе рәсімге қатысушы басқа тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіру мақсатында жасалған деп есептесе мәмілелеріне келіспеуге құқылы. Мұндай мүмкіндік рәсімнің ашықтығын қамтамасыз етіп, борышкер тарапынан адал емес әрекеттердің алдын алуға ықпал етеді. Сонымен қатар, кредиторлардың белсенді қатысуы борышкер мен барлық мүдделі тұлғалардың мүдделері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңнамасы кредиторлардың құқықтарын қорғау тетіктерін қарастырады және заңды тұлғалар арасында қаржылық тәртіптің нығаюына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1234400?lang=ru
Нидерландта «Poultry Forward Kazakhstan» бағдарламасы ресми түрде іске қосылды 30.06.2026
Утрехт қ., 2026 жылғы 3 маусым – Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі әлемдегі мал және құс шаруашылығы саласындағы ең ірі халықаралық көрмелердің бірі – VIV Europe 2026 аясында өткен Partners for International Business (PIB) «Poultry Forward Kazakhstan» бағдарламасының ресми іске қосылу рәсіміне қатысты.Іс-шараға Нидерландтың Кәсіпкерлікті дамыту агенттігінің (RVO), Dutch Poultry Centre ұйымының, Wageningen University & Research университетінің, жетекші нидерландтық құс шаруашылығы компанияларының, сондай-ақ Қазақстанның салалық қауымдастықтары мен бизнес өкілдерінің делегациялары қатысты.Іс-шараны аша отырып, Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақан Рахметуллин Қазақстан мен Нидерланд арасындағы ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың стратегиялық маңызын атап өтті. Ол Нидерландтың Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвестор және еліміздің негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтіп, бүгінде екіжақты ынтымақтастық ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, инновациялар және цифрлық технологиялар салаларында табысты дамып келе жатқанын жеткізді.Кездесу барысында Қазақстанның аграрлық секторын жаңғыртуға, еңбек өнімділігін арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға, озық технологияларды енгізуге және экспорттық әлеуетті күшейтуге бағытталған реформаларға ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда «Poultry Forward Kazakhstan» бағдарламасының іске қосылуы Қазақстан мен Нидерланд арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтудың маңызды практикалық қадамы ретінде бағаланды.Бағдарлама 2026–2028 жылдарға арналған және заманауи технологияларды трансферттеу, іскерлік байланыстарды кеңейту, тәжірибе алмасу және озық салалық шешімдерді енгізу арқылы Қазақстанның құс шаруашылығы саласының тұрақты дамуына жәрдемдесуді көздейді.Іс-шараның басты нәтижелерінің бірі Нидерландтың Кәсіпкерлікті дамыту агенттігі (RVO) мен нидерландтық консорциум мүшелері арасындағы келісімге қол қою болды. Бұл бағдарламаны іске асырудың ресми басталуын білдіреді.VIV Europe 2026 көрмесі аясында Қазақстан Елшілігі мен қазақстандық делегация өкілдері нидерландтық компаниялар мен салалық ұйымдардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында құс шаруашылығы, агротехнологиялар, тамақ өнеркәсібі, өндірісті жергіліктендіру және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.«Poultry Forward Kazakhstan» бағдарламасының іске қосылуы Қазақстан мен Нидерландтың аграрлық сектордағы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді әріптестікті дамытуға деген жоғары өзара қызығушылығын тағы бір мәрте растады. Сонымен қатар, бұл бастама заманауи технологияларды енгізуге және отандық агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1234402?lang=ru
Алматы облысында жаздағы ең ірі әуе фестивалі өтеді 30.06.2026
6 - 7 маусым күндері Алматы облысының Қаскелең қаласында халықаралық Qazaqstan International Balloon Festival әуе шарлары фестивалі өтеді. Фестиваль барысында 30-дан астам әуе шары бір мезетте көкке көтеріліп, аэростаттармен ұшу мүмкіндігі туады. Ұзындығы 15 метрге дейін жететін алып әуе батпырауықтарының шоуы, фудкорттар, кемпинг пен бүкіл отбасыға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламалары қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.Іс-шараның ең әсерлі сәті әуе шарларының бір мезетте аспанға көтерілуі болмақ. Қонақтар аэростатпен ұшып, Іле Алатауының бөктері мен Қаскелеңнің көркем табиғатын құс көзінен тамашалай алады. Кешкі бағдарлама да мазмұнды болмақ. 6 маусым күні сахна төрінде DJ King Macarella өнер көрсетсе, 7 маусымда аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің концерті мен танымал қазақстандық әнші Мирас Жүгінісовтің ән кеші өтеді.Балаларға арналған аймақта шеберлік сабақтары, батуттар және анимациялық бағдарламалар өткізіледі.Ұйымдастырушылар ғашық жандарға да ерекше мүмкіндік қарастырып отыр. Әуе шарымен ұшу кезінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасауға болады.Билет құны 5 мың теңгеден басталады. 5 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін. Қонақтарға қолайлы болу үшін Алматы қаласынан трансфер, автотұрақ және шатырлы лагерь ұйымдастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1234417?lang=ru
Қорғаныс министрі әскери оқу орындарының үздік түлектеріне погондар табыс етті 30.06.2026
Салтанатты рәсім Мемлекеттік рәміздер күні «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешенінде өтті.Іс-шараға күштік құрылымдардың және әскери оқу орындарының басшылық құрамы, Халық қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаев, Халық қаһарманы авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров, Қарулы күштердің ардагерлері, қоғам өкілдері, түлектердің ата-аналары мен туыстары қатысты.Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының үздік түлектері Ернар Әшімханов, Нұрдәулет Мұрат және Арман Оңдасынов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «аға лейтенант» алғашқы әскери атағын алу құрметіне ие болды.Биылдан бастап еліміздің және шет мемлекеттердің әскери және арнаулы оқу орындарында жоғары білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанын үздік бітірген түлектерге «аға лейтенант» әскери атағы берілетінін атап өту керек. Сонымен қатар, оларға қызмет орнын өз қалауымен таңдау мүмкіндігі де беріліп отыр.Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов бірқатар оқу үздіктеріне лейтенант погондарын табыс етті. Олардың қатарында Құрлық әскерлері әскери институтының түлегі Мирас Алмасұлы, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының түлектері Олжас Ғапуржан, Дәулет Еркінов, Рамазан Оразбаев және Нұржан Серіков бар.– Бүгін біз үшін ерекше күн. «Лейтенант» әскери атағын алып, офицерлік өмірге қадам бастық. Өзіме артылған сенімнің салмағын толық сезінемін. Осы сенімді ақтап, ел қорғау жолында адал қызмет етуге, алған білімімді іс жүзінде дәлелдеуге уәде беремін, – деді лейтенант Нұржан Серіков.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов түлектерді тарихи сәтпен құттықтап, Отанға адал қызмет етуге тілек білдірді.– Осындай тарихи әрі маңызды сәттің куәсі болғаныма ерекше қуаныштымын. Бұл – ұлымның табанды еңбегі мен қажырлы ізденісінің нәтижесі. Баламның жетістігін мақтан тұтамын және оның ел қауіпсіздігі жолында абыройлы қызмет атқаратын білікті офицер боларына сенімдімін, – деді Арман Оңдасыновтың анасы Динара Ибраева.Сонымен бірге Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің үздік түлектері Даниял Қуанышев пен Жанболат Шайкамалға «сержант» погондарын табыстады.– Біздің ұлымыз бала күнінен әскери адам болуды армандады. Бүгін ол арманына алғашқы қадамын жасады. Болашақта ол әскери жоғары оқу орнында білімін жалғастыруды жоспарлап отыр. Біз ұлымызды мақтан тұтамыз, – деді Жанболат Шайкамалдың анасы Айгүл Дәуітбаева.Әскери оқу орындарының түлектері Отанға адал қызмет етіп, әскери антқа берік болып, елдің қауіпсіздігі мен қорғанысын нығайту жолында аянбай тер төгуге уәде берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1234421?lang=ru
Ұлытау облысы бойынша ІМАД Комитет өкілдерінің қатысуымен семинар өтті 30.06.2026
Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.Семинардың басты мақсаты – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнамаларды, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңдарының, сондай-ақ Қаржы министрінің бұйрықтарымен бекітілген ішкі аудит жүргізу қағидаларының және Әдеп кодексі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және түсіндіру болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1234453?lang=ru
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті 30.06.2026
Бүгін «Достық үйінде» облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті.Аймақ басшысы сырбойылықтарды мерекемен құттықтап, елдік рухты асқақтатқан Мемлекеттік рәміздердің айрықша маңызына тоқталды.«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Әрқайсымыздың кеудемізге мақтаныш ұялатады», – деген болатын.Бүгінгі айтулы мерекеге орай облыс көлемінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімдері ұйымдастырылып, түрлі форматтағы іс-шаралар өтуде.Осы ретте, еліміздің жарқын болашағына аянбай еңбек етіп, отансүйгіштіктің нағыз үлгісін көрсетіп жүрген жерлестерімізді марапаттау рәсімінде бас қостық.Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, елдігіміздің еңсесін көтеруде әрбір азаматтың адал еңбегі мен берік ұстанымы маңызды.Сіздер Әділетті, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құруға, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Алдағы уақытта да қасиетті Отанымыздың өсіп-өркендеуіне барлық күш-жігерлеріңізді жұмсап, жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп сенемін!»– деді облыс әкімі.Мерекелік шарада Мәдениет қайраткері Шәкизада Әбдікәрімов сөз сөйледі. Президент Жарлығына сәйкес жерлестеріміз «Құрмет» орденімен, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен марапатталды.Сонымен қатар ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың Алғыс хаты табысталды, бірқатар азамат облыстың Құрмет грамотасын, «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалін және облыс әкімінің Алғыс хатын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1234466?lang=ru
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын! 30.06.2026
Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба және Әнұран - егемендігіміздің, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлеріміз бен халқымыздың жасампаз энергиясының көрінісі. Елтаңбамыздағы шаңырақ ортақ үйімізді және бейбітшілікке деген ұмтылысымызды сипаттаса, Әнұран жүрегімізді ел жетістіктері үшін мақтанышқа бөлейді, ал көгілдір Туымызды бүкіл әлем ашықтық пен халықаралық ынтымақтастыққа дайындықтың белгісі ретінде таниды және құрметтейді.«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің ұжымы баршаңызға бейбітшілік, жақсылық пен бақ-береке тілейді! Әнұранымыз асқақтап, Туымыз халықаралық аренада биіктен желбірей берсін, бұл біздің Бірлігіміздің, Бостандығымыз бен Тәуелсіздігіміздің басты кепілі!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1234510?lang=ru
Бурабай ауданында экопарк ашылды 30.06.2026
Щучинск қаласында тұрғындар мен курорттық өңір қонақтарының демалысы, спортпен шұғылдануы және отбасылық уақыт өткізуі үшін заманауи қоғамдық кеңістік – «Ұмай ана» экопаркі ашылды. Бұл нысан өңірдегі маңызды демалыс орындарының біріне айналмақ.Салтанатты ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және өңірдің туристік әлеуетін дамыту үшін заманауи әрі экологиялық бағыттағы қоғамдық кеңістіктерді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.«Экопарк Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ашылып отыр. Осындай жобаларды жүзеге асыру қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға, экологиялық мәдениетті нығайтуға және тұрғындардың белсенді демалуына қосымша мүмкіндік жасауға ықпал етеді. Бұл – қалаларымызды дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстың маңызды бөлігі», – деді Марат Ахметжанов.Жаңа экопарк абаттандырылған аумақтан тұрады. Мұнда серуендеу аллеялары, демалыс аймақтары, спорт және балалар алаңдары, оның ішінде инклюзивті алаң, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандары орналастырылған. Саябақтың атауына негіз болған басты нысан – сәбиін құшағына алған ананың мүсіндік композициясы. Қалалық жаңа кеңістікті қалыптастыру барысында табиғи ландшафты сақтау, экологиялық қауіпсіздік пен барлық жастағы келушілердің жайлылығы басты назарда болды.Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтелбай Бейсенов заманауи экопарктің салынуына алғысын білдіріп, «Ұмай ана» саябағы тек жастардың ғана емес, ересек тұрғындардың да сүйікті демалыс орнына айналатынын атап өтті.Іс-шара барысында әлеуметтік осал топтар санатындағы кезекте тұрған азаматтарға пәтер кілттері табысталып, спорт саласында жоғары жетістіктерге жеткен спортшылар марапатталды. Қонақтар үшін шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1234515?lang=ru
Бизнес субъектілерін тарату бойынша 30.06.2026
Мемлекеттік кірістер органдарында камералдық мониторинг шеңберінде рәсімдерді жеңілдету және процестерді цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тоқтату кезінде салық төлеушілер үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылуда.Жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы №654 «Салық төлеушілердің таратылуы, қайта ұйымдастырылуы және қызметін тоқтатуы кезінде салық міндеттемесін орындаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы қабылданды.Қазіргі уақытта бизнес субъектілерінің жекелеген санаттарының қызметін тоқтату рәсімі жеңілдетілген форматта және негізінен электрондық түрде жүзеге асырылады. Енді құжаттарды тапсыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына жеке жүгіну, маманның қабылдауын күту немесе қағаз түріндегі құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Қызметті тоқтату туралы өтініш салық төлеушінің кабинеті арқылы қашықтықтан беріледі. Өтініш түскеннен кейін камералдық бақылау жүргізіледі, бұл ретте салық төлеуші мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимыл да электрондық форматта жүзеге асырылады.Оң өзгерістердің бірі — мемлекеттік кірістер басқармасы маманының салық төлеушінің орналасқан жеріне бару қажеттілігінің болмауы. Бұл бизнес уақытын үнемдеуге және әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамада арнайы норма көзделгенін атап өткен жөн. Оған сәйкес, тарату шарттарына сәйкес келетін микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарату кезінде, қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш берілген жағдайда, 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұсынылған және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдеріне қатысты салық есептілігі бойынша камералдық бақылау жүргізілмейді.Аталған норма мынадай жағдайларды білдіреді, егер микро немесе шағын кәсіпкерлік субъектісі:қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш берген болса;тарату шарттарына сәйкес келсе;қызметін тоқтатуға кедергілері болмаса,онда мұндай өтінішті қарау кезінде 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұсынылған, егер ол 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдеріне қатысты болса, салық есептілігі бойынша камералдық бақылау жүргізілмейді.Камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды электрондық түрде қалыптастырылып, жолданады. Салық төлеуші қорытындыны мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ, салық төлеушінің кабинеті арқылы алып, таныса алады. Мұндай формат ақпаратты жедел алуды, рәсімдердің ашықтығын және кәсіпкерлер үшін қолайлылықты қамтамасыз етеді.2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысы бойынша 170-тен астам заңды тұлғаға қызметін тоқтату туралы өтініш негізінде жеңілдетілген камералдық бақылау жүргізілді.Электрондық форматқа көшу қызметті тоқтату процесін жеделдетуге, қағаз құжат айналымын қысқартуға және мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1234519?lang=ru
Әулие Эгидий Қауымдастығының өкілдерімен кездесу туралы 30.06.2026
Ағымдағы жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігінде Әулие Эгидий Қауымдастығының өкілдерімен кездесу өтті.Әңгімелесу барысында тараптардың өзара мүдделерін ескере отырып, ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.Сонымен қатар, Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы санқырлы әрі жемісті ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелері қозғалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1234522?lang=ru
Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті 30.06.2026
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мерекелік іс-шара өткізілді.Іс-шара барысында қызметкерлер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұранының тәуелсіз еліміздің басты құндылықтары ретіндегі маңызы туралы ақпаратпен танысты. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздердің тарихы мен олардың қоғамдағы рөлі туралы айтылып, қатысушылар арасында патриоттық рух пен елге деген құрметті нығайтуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Салтанатты жиын Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталып, Департамент басшысы Т.Қ.Сарсембаев қызметкерлерді мерекемен құттықтап, ары қарай жиналыс мемлекеттік рәміздерді құрметтеудің маңыздылығын насихаттаумен жалғасты.Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, қызметкерлер арасында отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу және ұлттық бірлікті нығайту.@mkdzhambyl #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #рәміздеркүніЖамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1234527?lang=ru
Сақ болыңыз! Алаяқтардың қулықтарына түспеңіз! 30.06.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1233741?lang=ru
Елорданы еңселендірген экономикалық аймақ дамудың жауапты кезеңіне қадам басты 30.06.2026
Еліміздегі арнайы экономикалық аймақтар арасындағы көшбасшысы – елордалық «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы. Бұл аймақ елдегі барлық арнайы экономикалық аймақтар өндірісінің 70%-дан астамын қамтамасыз етіп отыр.Жалпы мұндай аймақтардың жұмыс істеу мерзімі 25 жыл деп белгіленген. Сондықтан биылғы желтоқсан айында елордалық аймақтың арнайы мәртебесі жойылып, ол кәдімгі толыққанды индустриялық аймақ ретінде жұмысын жалғастырады.Шаһар экономикасын әртараптандыру, заманауи өндіріс ошақтарын құру – бас қаланың стратегиялық даму бағытының өзегі. Бүгінде Астана ірі өнеркәсіптік, логистикалық орталыққа айналып келеді. Осы орайда шаһардағы арнайы экономикалық аймақтардың рөлі ерекше.Бұл бағытта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар, қолға алынған соны жобалар жайында «Astana Invest» қалалық инвестициялық дамыту орталығы төрағасының орынбасары Сәбит Мұхаммеджанұлы маңызды деректерді алға тартты. Оның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта бас қала аумағында екі арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді: «Астана – жаңа қала» мен «Астана-Технополис».«Астана – жаңа қала» – елдегі ең алғашқы арнайы экономикалық аймақ. Оның басты мақсат-міндеті – елорданың сол жағалауын жедел қарқынмен дамыту. Аумағы 15 мың гектардан асады. Жалпы, сол жағалау толықтай индустриялық аймақ ретінде белгіленген. Құрылысты, нысандарды тездету мақсатында №1 Индустриялық парк құрылды. Оң жағалауда орналасқан бұл парктің көлемі 598 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта инфрақұрылымның аяқталу деңгейі 87%-ды құрайды, оны дамытуға жұмсалған шығындар 24,8 млрд теңгеге жетті.Бүгінде №1 Индустриялық парк аумағында 130-дан астам өнеркәсіп орны шоғырланған. Онда локомотив, электровоз құрастыру зауыттары, «Штадлер» вагон құрастыру кәсіпорны, «Тау-Кен Алтын» алтын өңдеу зауыты секілді алып өндіріс ошақтары тұрақты жұмыс істеп тұр. Оған қоса, «BI Group» компаниясының модульді үйлер құрастыратын «Modex» зауыты, «Шар құрылыс» компаниясының «GLB» кәсіпорны, «Sensata» құрылыс тобының «Uniton» зауыты бар. Елорда нарығындағы сұранысты қамтамасыз етуде бұл кәсіпорындардың маңызы зор.Өндірілетін өнімдердің нарықтағы үлесі де ауқымды. Осы ретте Сәбит Мұхаммеджанұлы шығарылатын тауарлардың географиялық бағытына тоқталды.«Индустриялық парктегі 130-дан астам кәсіпорынның 12-сі тікелей экспортқа бағытталған. Олар шетел нарығына электровоздар, локомотивтер, транзистрлер, мұнай саласына қажетті өнімдер, әтірлер мен тоқыма бұйымдарын шығарады. Қалған кәсіпорындардың өнімдері негізінен Астана қаласы мен оның іргесіндегі елді мекендердің сұранысын өтейді. Кірпіш, құрғақ құрылыс қоспалары секілді материалдар бас қаланың құрылысына бағытталған. Парктің негізгі идеясы да елорданың қарқынды салынуын қамтамасыз ету болатын», дейді төраға орынбасары.Оның айтуынша, заңнамаға сәйкес, арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеу мерзімі 25 жыл деп бекітілген. Биыл, 2026 жылдың 31 желтоқсанында «Астана – жаңа қала» аймағының уақыты аяқталады. Қазір бөлінген жерлер толық игеріліп, зауыттар іске қосылған, қалған 10–15 пайызы жыл соңына дейін құрылысты аяқтауды көздеп отыр. Алдағы уақытта бұл аумақ арнайы мәртебесін жойып, кәдімгі индустриялық аймақ ретінде өз жұмысын жалғастырады.Бас қаланың қарқынды өсуі жаңа өндіріс көздерін, қосымша жұмыс орындарын ашуды талап етеді. Осы мақсатта жергілікті билік жаңа жобаларды қолға алды. Нақтырақ айтқанда, «Астана-Технополис» аймағының шеңберінде №2 Индустриялық парктің құрылысы жоспарланып отыр. Елордада инфрақұрылымы толық дамыған жаңа индустриялық, логистикалық, аграрлық аймақтар құрылып, шаһар экономикасына тың серпін бермекші.Аталған жаңа өндірістік аймақтың инфрақұрылымы мен құрылыс барысы туралы Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басшысы Ақан Нұрғожин баяндап берді. «Жаңадан бой көтеретін №2 Индустриялық парк оң жағалауда, бұрынғы қар полигонының орнында салынбақшы. Оның көлемі 400 гектардан астам аумақты қамтиды. Қазір мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобасы аясында «BCN Group» компаниясы жобалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Инфрақұрылым жүйелерін жеткізудің барлық жоспары әзірлену үстінде. Биыл жобаны мемлекеттік сараптамаға өткізу көзделген, содан кейін құрылыс-монтаждау кезеңі басталады. Әкімдік жос-парына сәйкес, биыл күз мезгіліне дейін алғашқы кезеңнің жұмыстарына кірісу міндеті тұр», дейді департамент жетекшісі.Жаңа өнеркәсіптік аймақтарды ашу идеясы кәсіпкерлер мен инвесторлар тарапынан түскен жоғары сұранысқа негізделген. Шаһардың дамуы халықаралық капитал тартуға, заманауи нысандар тұрғызуға тікелей байланысты. Екінші ірі жоба – «Астана-Технополис» шеңберінде құрылатын Логистикалық парк. 200 гектарға жуық аумақты алатын бұл паркте А және А+ санатындағы жоғары стандартты қоймалар бой көтереді. Қазір жер телімдерін анықтау, дайындау шаралары жүріп жатыр. Инвесторларға жер беріліп, олар өз қаражатына заманауи логистикалық кешендер салады.Үшінші маңызды бағыт – Аграрлық индустриялық аймақ құру. Бұл жобаның мәні мен мақсатын Сәбит Мұхаммеджанұлы былай деп түсіндірді: «Аграрлық индустриялық аймақ елорданың азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында қолға алынды. Бұл қадам жергілікті өнімдердің өркендеуіне үлкен серпін бермекші. Қазір оң жағалаудағы өндірістік аймақта арнайы территория белгіленіп, бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптаманың қарауында жатыр. Тамақ өнеркәсібінің санитарлық қорғау аймағы үлкен болатындықтан оның маңына басқа өндірістік нысандар салуға рұқсат берілмейді. Сол себепті тамақ өндірісін бір жерге шоғырландыруды жөн көрдік. Бүгінде осы бағытта жұмыс істеуге ниетті шетелдік, отандық инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп, тиімді ұсыныстар дайындалып жатыр», деді ол.Елордада жаңа өндірістік, логистикалық, аграрлық аймақтардың құрылуы қала экономикасының әлеуетін арттырып қана қоймай, мыңдаған тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтуға жол ашады. Инвестиция тартудың мұндай кешенді тетіктері бас қаланың тұрақты дамуының кепілі болары анық. Бүгінде елордалық АЭА-ға тартылған инвестициялар көлемі 693 млрд теңгеден, өндірілген өнім көлемі 103 млрд теңгеден асты. Дереккөз: https://egemen.kz/article/413945-elordany-enhselendirgen-ekonomikalyq-aymaq-damudynh-dgauapty-kezenhine-qadam-bas Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1234603?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысының жазғы тілдік лагерлері шеңберінде іс-шаралар өткізу туралы ақпарат 30.06.2026
2026 жылдың 4 маусымында Шығыс Қазақстан облысының жазғы тілдік лагерлерінің жұмысы аясында «Қазақстанның табиғаты» модулі бойынша төртінші тақырыптық күн ұйымдастырылды. Іс-шаралардың негізгі мақсаты оқушылардың тілдік құзыреттілігін туған өлкенің табиғи байлығын зерттеу арқылы дамыту, қоршаған орта тақырыбы бойынша сөздік қорды кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды.Іс-шараларға Алтай, Самар, Марқакөл, Үлкен Нарын, Ұлан, Зайсан, Катонқарағай, Тереңөлке аудандарының, сондай-ақ Өскемен және Риддер қалаларының оқушылары қатысты. Тақырыптық күн аясында мектеп оқушылары аймақтың табиғи мұрасын сақтау бойынша қызмет атқаратын табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлерімен, орманшылармен, экологтармен және инспекторлармен кездесулер ұйымдастырылды. Қатысушылар табиғатты қорғау саласы мамандарының жұмыс ерекшеліктерімен танысып, қоршаған ортаны қорғау және Шығыс Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау шаралары туралы ақпарат алды.Күн Қазақстан табиғаты туралы білімді әңгімелерден басталды. Оқушылар елдің табиғи аймақтарының әртүрлілігімен, оның бірегей ландшафттарымен және табиғи көрікті жерлерімен танысты. Талқылау барысында мектеп оқушылары Қазақстанның далалары, таулары, көлдері, өзендері және ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, олардың экологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы рөлі туралы білді. Сөйлеу дағдыларын дамыту үшін оқушылар сұрақтарға жауап берді, табиғи нысандарды сипаттап, туған өлкелері туралы әсерлерін бөлісті.Ерекше назар әдеби-музыкалық бағытқа аударылды. Оқушылар табиғат туралы белгілі қазақ ақындарының шығармаларын әсерлі оқып, ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың әндерінен үзінділерді орындады. Бұл іс-шаралар әсерлі оқу дағдыларын дамытуға, айтылым дағдыларын жетілдіруге және әдеби мұраны эстетикалық қабылдауды қалыптастыруға ықпал етті.Өткізілген іс-шаралар тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын дамытуға, оқушылардың сөздік қорын кеңейтуге, мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықты арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және Қазақстанның табиғи мұрасына құрметпен қарау тәрбиесіне ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1234663?lang=ru
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз! 30.06.2026
Құрметті әріптестер!Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз!Мемлекеттік рәміздер - ұлттық бірегейліктің негізі, еліміздің тәуелсіздігін, бірлігі мен егемендігін бейнелеу. Туды, Елтаңбаны және Әнұранды құрметтеу-патриотизмнің, азаматтық жауапкершіліктің және Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі.Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу ұлттық рухты нығайтуға, өскелең ұрпақты Қазақстанның тарихына, мәдениеті мен құндылықтарына құрмет рухында тәрбиелеуге ықпал етеді.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бізді әрқашан еліміздің өркендеуі жолындағы жаңа жетістіктерге шабыттандырсын!Құрметпен,Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініңМемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1234691?lang=ru
Қазақстан Елшісі Конго Республикасының Президентіне Сенім грамоталарын тапсырды 30.06.2026
Браззавиль, 2026 жылғы 3 маусым – Қазақстан Республикасының Конго Республикасындағы қоса атқарушы Елшісі (Лиссабондағы резиденциясымен) Жан Ғалиев Сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне орай Халық Сарайында Президент Дени Сассу-Нгессоның қабылдауында болды.Аудиенция барысында дипломат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен сәлемін жеткізіп, «Астана Браззавильмен өзара қызығушылық тудыратын және басымды салаларда прагматизм рухында екіжақты ынтымақтастықты серпінді дамытуға табанды түрде ниетті» екенін атап өтті.Конго Республикасының Президенті Қазақстан Басшысына ізгі тілектерін жолдап, Қ.Тоқаевпен достық әрі сенімді қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын және оның халықаралық аренадағы белсенді қызметіне үлкен құрметпен қарайтынын атап өтті.«Өткен кездесулерімізді әрдайым ыстық ықыласпен еске аламын. Елімізбен арадағы келешегі кемел ынтымақтастықты дамытуға ұдайы назар аударып келе жатқан қадірлі әріптесім әрі досыма шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Д.Сассу-Нгессо. Ол сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Африка құрлығындағы дипломатиялық өкілдігін нығайтып, оны одан әрі кеңейту жөніндегі шешімінің көрегендігі мен сындарлы сипатын жоғары бағалады.Конго Республикасы үшін Қазақстанның цифрландыру және жасанды интеллект, телекоммуникациялар, энергетика, көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту, қаржылық технологиялар мен банк ісі саласындағы тәжірибесі мен әзірлемелері ерекше қызығушылық тудырады. Браззавиль бүкіл Орталық Африка аймағы үшін қазақстандық астық пен тыңайтқыштарды импорттау мүмкіндіктерін зерделеуде. Сондай-ақ конголық жастарды Қазақстанның білім беру мекемелеріне оқуға жіберу туралы тілек білдірілді.Осы салаларда және басқа да ынтымақтастық жобаларының келешегі Елшінің сыртқы саяси ведомство басшысы Констан-Серж Бунда (Constant-Serge Bounda), Телекоммуникациялар және цифрлық экономика министрі Нгема Нзе (Nguema Nze), Қаржы және бюджет министрі Кристиан Йока (Christian Yoka) және Ұлттық қорғаныс министрлігінің Стратегиялық мәселелер және әскери ынтымақтастық жөніндегі бас директоры Жан Эме Инюмбамен (Jean Aimé Ignoumba) кездесулерінде егжей-тегжейлі талқыланды.Браззавиль Президент Қ.Тоқаевтың БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасын қолдайды. Сыртқы істер Министрі К.- С. Бунда су қауіпсіздігі тақырыбы барлық елдер үшін, әсіресе Африка үшін өте маңызды мәселе екенін атап өтті.Қазақстан Елшісінің Конго Республикасына жұмыс сапары конголық бизнестің жетекші өкілдерінің бірі, көпсалалы компанияның Бас директоры Серж Муйимен әңгімелесумен аяқталды. Туризм және сауда салаларындағы, атап айтқанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы бизнес-ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.Барлық сұхбаттасушылар екі елдің стратегиялық маңызды географиялық орналасуға ие екендігі және орталық хабтар болып табылатындығы, оларды Орта дәліз бен Пуэнт-Нуар теңіз порты арқылы байланыстыру сауда-экономикалық серіктестік мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейте алады деген ортақ пікірге жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/1234308?lang=ru