Әлем
Қазақстан мен Словакия қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 26.01.2026
Братислава, 2026 жылғы 22 қаңтар – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қоршаған орта министрі Томаш Тарабамен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын басқару салаларындағы қазақстан-словакия ынтымақтастығын дамытуға өзара мүдделілігін атап өтіп, екіжақты шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейтуді қоса алғанда, өзара іс-қимылдың бірқатар басым бағыттарын айқындады.Климаттың өзгеру салдарын жұмсарту және оған бейімделу мәселелері бойынша ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды. Қазақстандық дипломат Т.Тарабаға 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астанада өтетін Өңірлік Экологиялық Саммитке қатысуға арналған ресми шақыруды табыс етті. Аталған форум Орталық Азия өңіріндегі климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және бірлескен тәсілдерді әзірлеу үшін маңызды халықаралық алаң болатыны атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белгіленген бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жөнінде уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1147931?lang=kk
2026 жылдың 26 қаңтарында Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Риддер колледжінде «Сайлау дегеніміз не және оған не үшін қатысу керек?». Ақпараттық сағат барысында студенттер сайлау ұғымымен, олардың қоғам үшін маңыздылығымен және сайлау процесінде әрбір азаматтың рөлімен танысты. Қатысушыларға сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ саналы және жауапты таңдаудың маңыздылығы туралы айтылды. Іс-шара талқылаумен және нақты өмір мысалдарымен тікелей диалог форматында өтті. 26.01.2026
2026 жылдың 26 қаңтарында Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Риддер колледжінде «Сайлау дегеніміз не және оған не үшін қатысу керек?». Ақпараттық сағат барысында студенттер сайлау ұғымымен, олардың қоғам үшін маңыздылығымен және сайлау процесінде әрбір азаматтың рөлімен танысты. Қатысушыларға сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ саналы және жауапты таңдаудың маңыздылығы туралы айтылды. Іс-шара талқылаумен және нақты өмір мысалдарымен тікелей диалог форматында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1147941?lang=kk
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алтай ауданының аумақтық инспекциясы" ММ мамандарының Парыгино ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі. 26.01.2026
2026 жылғы 26 қаңтарда Парыгино ауылында "ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алтай ауданының аумақтық инспекциясы" ММ мамандарының КЕЗДЕСУІ ӨТТІ. "TortTulik" қосымшасы иелеріне малды түгендеуге, ветеринарлық төлқұжат алуға, сою мен тегтерді тіркеуге, сондай-ақ вакцинация туралы хабарлама алуға мүмкіндік береді. Қолданба жалпы дерекқормен синхрондалған және офлайн режимінде де жұмыс істейді. Бұл қосымша Android Playmarket - те қол жетімді. Мақсаты: мал басын цифрландыру, уақтылы ветеринариялық алдын алу, мал сатып алу-сатуды жеңілдету.Қосымша есепке алу процесін автоматтандыруға көмектеседі, оны иелері (ШҚ, ЖШС, ЖҚШ) мен ветеринарлар үшін ашық етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-parygin/press/news/details/1147872?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы Германия Елшісін қабылдады 26.01.2026
Астана, 2026 жылғы 26 қаңтар – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германия Федеративтік Республикасының Елшісі Моника Иверсенді қабылдады.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударып, екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму әлеуетін талқылады.Министр бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың және елдер арасындағы іскерлік диалогты жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Өз кезегінде Германия Елшісі Берлиннің Астанамен екіжақты және халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін растады.Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1147816?lang=kk
Дүниежүзілік сайлау күніне орай дәріс өтті 26.01.2026
Дүниежүзілік сайлау күніне орай дәріс өттіДүниежүзілік сайлау күніне орай «Заң үстемдігі – тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.Дүниежүзілік сайлау күнін жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде атап өту дәстүрі Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасымен енгізілген. Атаулы күннің негізгі мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, сайлаушылардың электоральдық белсенділігін арттыру, сондай-ақ жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген оң көзқарасты қалыптастыру.Биыл 5 ақпанға сәйкес келетін Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту мақсатында Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен он күндік іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған жоспар аясында бүгін О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды-техникалық колледжінде студенттерге арналған «Заң үстемдігі – тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.Іс-шара барысында Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С. Мұхаммедов кіріспе сөз сөйлеп, комиссия төрағасының орынбасары С. Қалаубаев тақырыптық дәріс оқыды. Сонымен қатар, студенттердің қойған сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1147810?lang=kk
Ұрыс қимылына барынша жақын жағдайда: Десантшы барлаушыларды қалай даярлайды 26.01.2026
Қонаев қаласы маңындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында Алматы, Қонаев және Жетісу гарнизондарының барлау бөлімшелеріне жоспарлы далалық жиын өтіп жатыр.Аталмыш оқу-жаттығу орталығы мерзімді қызметтегі және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді кешенді даярлауға арналған заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Сабақтар қауіпсіздік талаптарына сай, ұрыс жағдайына барынша келтіріліп ұйымдастырылған.«Қалқан» лақап атты майордың айтуынша, барлаушыларды даярлау барысында тәжірибелік дайындыққа басымдық беріледі. Далалық жорықтар жауынгерлік және тактикалық-арнайы дайындық дағдыларын пысықтауға, бөлімше құрамында әрекет етуге және күрделі жағдайда жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді.Жиын аясында десантшылар базалық лагерьлерді орналастыру ережесін меңгеріп, байланыс құралдарының әр түрін, миналау-жару ісінің элементтерін, тактикалық медицинаны және ұшқышсыз ұшатын құрылғыларды басқаруды үйренуде. Одан өзге автомат, тапанша, пулемет және Драгунов мергендік винтовкасынан оқ ату жаттығулары өткізіледі. Әскери қызметшілер қарауылдарды жасырын түрде жою тәсілдерін, пышақ пен сапер күрегін лақтыру әдістерін де пысықтамақ.Барлау бөлімшелері бүркемеленген бақылау орындарынан бақылау жүргізуге, топ құрамында әрекет етуге, шартты қарсыласты күшпен ұстауға, жергілікті жерді бағдарлауға, траншеяда және ойлы-қырлы жерде ұрыс жүргізуге жаттығады.Жеке құрамның тағылымдамасына және кәсіби өсуіне ерекше назар аударылуда. Күзде әскерге алынған сарбаздар арасында үздік нәтижелер көрсеткен әскери қызметшілер де бар. Солардың бірі – Нөгербек Тәтімбек. Ол небәрі үш ай қызмет еткеннен кейін кіші сержант атағын алып, бөлімше командирі болып тағайындалды.Сарбаздың сөзінше, далалық жағдайдағы сабақтар барлаушы қызметінің мәнін терең түсінуге мүмкіндік беріп, жауапкершілік пен жауынгерлік рухты қалыптастырады.Кіші сержант Тәтімбек жоғары оқу орнын «кеден ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ағасының кеңесімен ол өз қалауымен Десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет етуді таңдаған. Әскери қызметші киокушинкай каратэден қара белбеу иегері, 2024 жылғы әлем чемпионы. Болашақта келісімшарт негізінде қызметін жалғастыруды жоспарлап отыр.Далалық жиындар бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға, жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалын нығайтуға және барлаушылардың кәсіби құзыретін дамытуға ықпал етері анық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1147794?lang=kk
«KMF Банк» АҚ-на лицензия беру туралы 26.01.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасы орынбасарының 2026 жылғы 23 қаңтардағы № Б-13 бұйрығына сәйкес «KMF Банк» АҚ-на бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 3.3.49 лицензия берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1147802?lang=kk
Тауарлардың ұлттық каталогы: кезең-кезеңімен енгізу және жауапкершілік шараларына мораторий 26.01.2026
Тауарлардың ұлттық каталогын енгізу аясында 2025 жылдың желтоқсан айы бойы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, Қаржы министрлігі және «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, бизнес өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген жұмыс кездесулерін өткізді. Талқылау барысында тауарларды тіркеу, пост терминалдар, жүйелерді интеграциялау және басқа да мәселелердің кең ауқымы қарастырылды. Толық түсіндірмелер берілді, сондай-ақ Тауарлардың ұлттық каталогын енгізу аясындағы одан әрі жұмыс тәсілдері айқындалды. Қол жеткізілген келісімдер нәтижесінде Министрлік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, Тауарлардың ұлттық каталогын кезең-кезеңімен енгізу туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтың Тауарлардың ұлттық каталогының талаптарын нарықтың, мемлекеттік сервистердің және ақпараттық жүйелердің дайындығын ескере отырып, келісілген тәсілді бекітеді. Бұл меморандум бойынша 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайтыны және бизнес жұмысы шектеусіз жалғасатыны бекітіледі. Бұл бизнес алдындағы алаңдаушылықты жою, сондай-ақ Тауарлардың ұлттық каталогының мемлекеттік дерекқорын тәжірибелік пайдалануды аяқтау мақсатында жасалуда. Сонымен қатар, осы меморандумда 2026 жылы импорттаушыларға, отандық тауар өндірушілерге, сауда желілеріне және шағын және микро кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде «үй жанындағы дүкендерге» талаптарды кезең-кезеңімен енгізу белгіленген. Ұлттық тауарлар каталогының талаптарын енгізудің өтпелі мерзімдері меморандумда нарық субъектілерінің санаттары бойынша белгіленген: - Импорттаушылар және отандық тауар өндірушілер — 2026 жылғы 1 наурызға дейін; - Сауда желілері — 2026 жылғы 1 сәуірге дейін; - Шағын және микро кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде «үй жанындағы дүкендер» — 2026 жылғы 1 шілдеге дейін. Мұндай тәсіл бизнес-процестердің уақтылы бейімделуін қамтамасыз етеді және нарықтың барлық қатысушылары үшін талаптардың бір мезгілде іске қосылуына байланысты істен шығу қаупін барынша азайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1147763?lang=kk
Қазақстанда деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздік үшін жаңа ұлттық стандарттар бекітілді 26.01.2026
2025 жылы ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті деректерді, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және елдің цифрлық инфрақұрылымын қорғауды күшейтетін төрт жаңа ұлттық стандартты бекітті. - ҚР СТ 1073-2025 «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Ақпараттық қауіпсіздік пен өмірлік цикл үрдістеріне талаптар». Бұл стандарт ҚР СТ 1073-2007 орнына әзірленді; - ҚР СТ 4009-2025 «Ақпараттық технологиялар. Ақпаратты криптографиялық қорғау. Блоктық симметриялық шифрлау алгоритмі»; - ҚР СТ ISO/IEC 15408-4-2025 «Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және құпиялылықты қорғау. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігін бағалау критерийлері. 4 бөлім. Бағалау әдістері мен әрекеттерінің спецификациясының құрылымы»; - ҚР СТ ISO/IEC 15408-5-2025 «Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және құпиялылықты қорғау. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігін бағалау критерийлері. 5 бөлім. Қауіпсіздік талаптарының алдын ала анықталған пакеттері». Олардың екеуі деректерді құпия ұстау, бұрмаланбау және рұқсатсыз кіруден қорғау үшін елде ақпаратты қорғау үшін меншікті шифрлау құралдарын қалай пайдалану керектігін анықтайды, тағы екі стандарт ақпараттық жүйелердің, соның ішінде мемлекеттік және құпия ақпаратпен жұмыс істейтіндердің қауіпсіздігін тексерудің түсінікті және бірыңғай ережелерін белгілейді. Жаңа стандарттар шифрлауды қолданудан бастап, олардың жұмысының барлық кезеңдерінде ақпараттық жүйелердің сенімділігін бағалауға дейінгі ақпаратты қорғауға жалпы және ашық тәсілді белгілейді. Нәтижесінде Қазақстан цифрлық тұрақтылықты күшейтеді, маңызды ақпаратты қорғайды және технологиялық және криптографиялық тәуелсіздікке маңызды қадам жасайды. Ұлттық стандарттарды қолдану қорғалатын ақпарат үшін шетелдік шешімдерден болатын қатерлерді барынша азайта отырып, Қазақстанның техникалық, технологиялық және криптографиялық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1147770?lang=kk
«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» 26.01.2026
Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз / Независимость — наша главная ценность» атты кітап көрме-инсталляциясының таныстырылымы өтті. Экспозиция «Тарихтағы тағдырлы кезең», «Елдіктің еңселі жылдары», «Жасампаз болашақ» атты үш тақырыптық бөлімнен құралды. Әр бөлімде Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи кезеңдерді, егемен мемлекеттің қалыптасу үдерісін, сондай-ақ оның әлеуметтік-саяси және мәдени жетістіктерін айқындайтын кітаптар, құжаттар, мерзімді басылымдар мен иллюстрациялық материалдар ұсынылды. Көрме қонақтары тарихи шежірелер, көрнекті тұлғалардың өмірбаяны, ресми құжаттар, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның табыстары мен реформаларын сипаттайтын заманауи басылымдармен танысу мүмкіндігіне ие болды. Салтанатты ашылу барысында арнайы шақырылған спикерлер сөз сөйледі. Муканова Шынар Қанатқызы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызына тоқталса, Тұрсын Жандос Тұрсынұлы тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның даму жолы туралы баяндады. Шараға Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің 2- құтқару батальонының қызметкерлері мен №50 орта мектептің 7- сынып оқушылары қатысты. Тәуелсіздік тарихына арналған танымдық ойыны барысында қатысушылар тақырыптық сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды кезең-кезеңімен орындап отырды. Мерекелік көңіл күйді кітапхана оқырмандарының орындауындағы шығармашылық нөмірлер толықтырды. Көрме бір жыл бойы келушілер назарына ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1147708?lang=kk
Батыр ауылдық округі әкімі Сауыт Нұрғалиұлы Айтбаев «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапаттады. 26.01.2026
Батыр ауылдық округі әкімі Сауыт Нұрғалиұлы Айтбаев ҚР Президентінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы N1119 Жарлығына сәйкес, көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапаттады.📍Батыр ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-batyr/press/news/details/1147655?lang=kk
2026 жылғы 1 наурызға дейін салық төлеушілерге арнаулы салық режимін таңдау қажет 26.01.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енгенін еске салады, осы Салық кодексімен үш арнаулы салық режимі көзделген: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізіндегі, шаруа (фермер) қожалықтары үшін. Оңайлатылған декларация негізіндегі режимге көшу туралы Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануды жоспарлаған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет.Аталған хабарлама 2026 жылғы 1 наурызға дейін ұсынылмаған жағдайда, салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне автоматты түрде көшіріледі. Хабарламаны келесі тәсілдермен ұсынуға болады:- Салық төлеуші кабинеті арқылы (ИСНА АЖ жүйесінде «Құжаттарды ұсыну» – «Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама» бөлімі);- «e-Salyq Business» арнаулы мобильді қосымшасы арқылы («Сервис» – «Жеке кәсіпкердің салық режимін ауыстыру»);- орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде;- банктердің мобильді қосымшалары арқылы.Анықтама үшін: қазіргі уақытта аталған сервис Kaspi Bank қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» – «ЖК деректемелері мен салық режимін өзгерту» бөлімінде іске асырылған. Салық төлеушілердің назарына! 2025 жылдың соңында қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны «көшу» себебімен қате ұсынған салық төлеушілер үшін хабарлаймыз! 2026 жылғы 12 қаңтардан бастап ақпараттық жүйеде «көшу» себебімен қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны қайта ұсыну мүмкіндігі қолжетімді.Осыған байланысты, 2025 жылдың соңында қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны қате түрде ұсынған салық төлеушілерге жаңа хабарламаны қайта ұсыну қажет. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режимге көшу туралы 2026 жылғы 1 наурызда салық органдары 2025 жылы патент негізіндегі АСР-ін немесе арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып АСР-ін қолданған салық төлеушілерді жеке кәсіпкер ретінде есептен автоматты түрде шығарады.Есептен шығару күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып есептеледі, бұл ретте салық төлеушінің өз бетінше есептен шығу туралы өтініш беру құқығы сақталады.Ескерту: егер салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынып, басқа режимді таңдаған болса, автоматты түрде есептен шығару жүргізілмейді. Бұл ретте, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданудың басталу күні «e-Salyq Business» мобильді қосымшасында алғашқы чектің қалыптастырылған күні болып табылады. Шаруа (фермер) қожалықтары үшін режимге көшу туралы Шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнаулы салық режиміне көшу 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық органдары арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады және салық төлеушілерден хабарлама ұсынуды талап етпейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1147669?lang=kk
Қазақстанның СПЕКА елдеріне экспорты 2025 жылғы қаңтар-қарашаның қорытындысы бойынша 15%-ға артты 26.01.2026
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев БҰҰ Орталық Азия экономикасына арналған Арнайы бағдарламасы (СПЕКА) экономикалық форумының ашылуына, сондай-ақ 2026 жылғы 20-23 қаңтар аралығында Ашхабад қаласында (Түркіменстан) өткен СПЕКА Басқарушы кеңесінің 20-сессиясының жұмысына қатысты.Форумның ашылуында сөз сөйлеген Асан Дарбаев Түркіменстан үкіметіне, сондай-ақ БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының және БҰҰ Азия мен Тынық мұхиты экономикалық және әлеуметтік комиссиясының хатшылығына іс-шараны жоғары ұйымдастыру деңгейі мен өңірлік экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы дәйекті жұмысы үшін алғыс білдірді. Ол СПЕКА өзін сауда-экономикалық интеграцияны тереңдетуге, көлік байланысын дамытуға және Орталық Азияда орнықты дамуды ілгерілетуге ықпал ететін тиімді өңірлік платформа ретінде танытқанын атап өтті. Қазақстан өз кезегінде сауда, логистика, тұрақты инфрақұрылым және инновация саласындағы бастамаларды іске асыруға белсенді қатысуға дайын.Іс-шара барысында атап өтілгендей, Қазақстанның СПЕКА елдерімен сауда-экономикалық өзара іс-қимылы тұрақты оң динамиканы көрсетіп отыр. 2025 жылғы қаңтар–қарашадағы қорытынды бойынша Қазақстан мен СПЕКА елдері арасындағы тауар айналымы өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,1%-ға артып, 8,7 млрд АҚШ долларға жетті. Қазақстаннан экспорт 15%-ға, 6,7 млрд АҚШ долларына өсті. Бұл қазақстандық өндірушілердің өңірлік жеткізу тізбегіне қатысуының артуын көрсетеді.Сөз сөйлеуде Қазақстанның сауда рәсімдерін оңайлату саласындағы ілгерілеуіне ерекше назар аударылды. 2023 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының сауда рәсімдерін оңайлату туралы келісімі міндеттемесін толық көлемде орындап, осы процесті аяқтаған өңірдегі санаулы елдің біріне айналды.Қазақстан бизнесті қолдау үшін цифрлық құралды табысты пайдалануда. Бизнестің ақпаратқа қол жеткізуін арттыру мақсатында Қазақстанда tradeinfo.kz ұлттық сауда порталы жұмыс істейді. Ол импорттың, экспорттың және транзиттің 80-нен астам рәсімі сипаттамасын қамтиды. Портал БҰҰ әлемдегі ең үздік сауда порталы деп таныған Central Asia Gateway аймақтық платформасымен біріктірілген.Форум соңында СПЕКА шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі тереңдету өзара сауданың өсуіне ғана емес, жалпы Орталық Азия елдері экономикасының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.Анықтама:СПЕКА - 1997 жылы БҰҰ әзірлеген БҰҰ Орталық Азия экономикасына арналған арнайы бағдарламасы (SPECA). СПЕКА-ға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан мен Ауғанстан қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1147605?lang=kk
2025 жылға резидент еместерді салық салу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы 26.01.2026
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі – резидент еместердің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын (КТС) есептеу және уақтылы әрі толық төлеу бойынша салықтық міндеттемелердің орындалуын бақылау болып табылады.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (жаңа редакциядағы) 679-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер деп танылатын резидент еместердің кірістерінің 39 түрі айқындалған. Олардың ішінде ең кең таралғандары – Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізу және қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, оның ішінде консультациялық, басқарушылық, қаржылық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық және өзге де қызметтерден алынатын кірістер, сондай-ақ дивидендтер, сыйақылар, роялтилер, сақтандыру сыйлықақылары, халықаралық тасымалдардан түсетін кірістер және мүліктің құнының өсуінен алынатын кірістер.Резидент еместерді салық салуды әкімшілендіру 101.04 нысандағы салықтық есептілік — «Резидент еместің кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп» нысанына камералдық бақылау жүргізу арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынатын мәліметтерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.Камералдық бақылау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынатын валюталық операциялар жөніндегі деректер мен 101.04 нысанының мәліметтері негізінде төлем көзінен ұсталатын КТС-ты есептеу мен ұстап қалудың дұрыстығын тексеру;халықаралық шарттар аясында салықтан босатулар мен төмендетілген мөлшерлемелерді қолданудың заңдылығын анықтау;резидент емес заңды тұлғалардың кірістерінен салықты толық босатуды негізсіз қолдану фактілерін анықтау;резидент еместер үшін қосылған құн салығын есептеу кезінде жіберілген бұзушылықтарды анықтау.Анықталған бұзушылықтар салық төлеушілер үшін өсімпұл есептеу түрінде қосымша қаржылық жүктемеге әкеледі, бұл олардың қаржылық-шаруашылық қызметіне теріс әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты салық төлеушілерге төлем көзінен ұсталатын КТС-ты есептеу және төлеу кезінде салық заңнамасының талаптарын қатаң сақтау ұсынылады.Мемлекеттік кірістер органдары резидент еместерді салық салу бағыты бойынша қосымша резервтерді анықтау және өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1147499?lang=kk
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ 2025 ЖЫЛҒЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ 26.01.2026
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ 2025 ЖЫЛҒЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ2025 жылы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария саласы тұрақты даму бағытын сақтап, нақты нәтижелерге қол жеткізді. Қала аумағында ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.Ағымдағы жылы 23 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, жалпы 82 мың тонна өнім жиналды. Оның ішінде 7,0 мың гектарға дәнді дақылдар, 3,3 мың гектарға майлы дақылдар, 1,8 мың гектарға көкөніс-бақша дақылдары және 10,9 мың гектарға мал азықтық дақылдар егілді. Бұл көрсеткіштер егін шаруашылығында өндіріс көлемінің тұрақты артқанын көрсетеді.2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қалада ірі қара мал саны 96,3 мың басты, ұсақ мал 97,9 мың басты, жылқы 21,2 мың басты, ал құс саны 1 207,1 мың басты құрады. Есепті кезеңде 6,6 мың тонна ет, 64,8 мың тонна сүт және 219,3 миллион дана жұмыртқа өндіріліп, қала тұрғындарын отандық ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейі артты.Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласына 12 инвестициялық жоба аясында 43,4 млрд теңге инвестиция тартылып, 170 жаңа жұмыс орны ашылды. Аталған жобалар қатарында көкөніс қоймасы, құс фабрикасы, алты сүт өңдеу кәсіпорны, бір сүт фермасы, жеміс-көкөніс өңдеуді кеңейту жобалары және «Alsera KZ» жылыжай кешені бар. Бүгінде «Alsera KZ» компаниясы 40 гектар жылыжай кешенінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, алғашқы өнім жинауда.Жалпы алғанда, 2025 жылы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында қол жеткізілген нәтижелер қаланың агроөнеркәсіптік әлеуетінің артқанын, инвестициялық тартымдылығының күшейгенін және тұрғындардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі оң өзгерістерді айқын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1147472?lang=kk
Адал еңбек иесіне көрсетілген құрмет 26.01.2026
Өмірін білім саласына арнап, ел игілігі жолында ұзақ жылдар адал қызмет еткен азаматтарды ұлықтау – қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектептің директоры Бауыржан Назарұлы Дүйсенбаевты зейнеткерлікке шығару рәсімі өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Жандос Еркінбек төрағалық етіп, көп жылғы адал қызметімен ел сеніміне ие болған азаматқа құрмет көрсетті.-Бауыржан Назарұлы, 40 жылдан астам еңбек жолында ұстаздықтан бастап, Жосалы кенті әкімінің орынбасары, №250, №27, №30 мектептерінің директоры, аудандық білім бөлімінің басшысы қызметтерге дейінгі барлық кезеңде қажырлы еңбек еткен. Қай салада қызмет етсе де, басқарушылық тәжірибесін, ұйымдастырушылық қабілетін және халықпен, ұжыммен жұмыс істеудегі жоғары мәдениетін көрсете білді. Оның бастамалары мен шешімдері әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, білім беру сапасын арттыруға және қоғамдық сенімді қалыптастыруға бағытталды,- деді аудан басшысы.Сонымен қатар Бауыржан Назарұлының Байқоңыр қаласындағы 5 ресейлік мектепті қазақстандық білім беру стандартына көшіру ісіне қосқан үлесі де ерекше атап өтілді.Жиын барысында Жандос Еркінбек мерейтой иесіне ауданның ең жоғары марапаты «Құрмет» грамотасын табыстады.Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, білім саласының ардагері, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Дәмелі Жалғасбаева мен спорт және білім саласының ардагері Еркін Атабаев сөз сөйлеп, әріптестеріне ақ тілектерін жеткізді.Іс-шара соңында сөз алған Бауыржан Дүйсенбаев өзіне көрсетілген құрмет пен ықылас үшін аудан басшылығына, әріптестеріне алғыс айтып, ризашылығын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1147473?lang=kk
Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды 26.01.2026
Бүгін Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінде құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналған ведомствоаралық мәжіліс өтті.Мәжіліс барысында 2025 жылы құқық бұзушылық профилактикасы бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланып, оған аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысты. Жиынды қала прокуроры Шыңғыс Есжанов ашып, күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталды.Өз сөзінде Диас Молдабаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамдағы қауіпсіздік пен әділдікті қамтамасыз етудің негізгі тірегі екенін атап өтті. Еліміздегі барлық шешімдер мен әрекеттер заң талаптарына сәйкес жүзеге асуы тиіс екенін жеткізді. Сондай-ақ «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасын әрі қарайда жалғастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету қажеттігін атап өтті.Күн тәртібі аясында қала прокурорының орынбасары Арман Жаппасбаев, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің Әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Мырзаш Нұртаев, Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков баяндама жасаса, ардагерлер мен тұрғындар сала бойынша өзекті мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1147476?lang=kk
Тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік құнды анықтау және бақылау ерекшеліктері 26.01.2026
Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік құнды анықтау және бақылау кедендік әкімшілендіру жүйесінің маңызды элементі болып табылады және кедендік баждар мен салықтарды төлеудің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге бағытталған. Постконтроль кеден органдарына қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып, сыртқы экономикалық мәміле туралы мәліметтерді неғұрлым егжей-тегжейлі және жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.Кеден органдары нысандардың бірі шеңберінде шығарылғаннан кейін тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізеді, бұл Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру – камералдық кедендік тексеру. ҚР "ҚР Кедендік реттеу туралы" Кодексінің 417-бабына сәйкес камералдық кедендік тексеру кедендік операцияларды жасау кезінде немесе кеден органдарының талабы бойынша тексерілетін тұлға ұсынған кедендік декларацияларда және (немесе) коммерциялық, көліктік және өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтерді зерделеу және талдау жолымен жүргізіледі. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу үшін негіздердің бірі тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері болып табылады. Мұндай тексеру жүргізу кезінде кеден органы анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырады. Тексерілетін тұлғаның бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды. Келісілген жағдайда – қосымша есептелген кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жолымен анықталған бұзушылықтарды жою орындалу деп танылады. Келіспеген жағдайда тексерілетін тұлғаның растайтын құжаттарды, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтар бойынша түсініктеме беруі. Кеден органы түсіндірмемен және құжаттармен келіскен кезде тексерілетін адамға түсініктеме алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлайды. Кеден органы бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығаруға келіспеген жағдайда.Сондай-ақ, тауар шығарылғаннан кейін басталған және өзге жағдайларда ҚР ҚМ МКК төрағасының 01.11.2022 жылғы № 649 бұйрығымен бекітілген Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру тәртібі ҚР ҚМ МКК төрағасының 04.12.2024 жылғы № 1273 бұйрығымен жойылғанын атап өткен жөн. Қолданыстағы бұйрықпен мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің кедендік құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру жағдайлары айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1147449?lang=kk
Қазақстандықтарды Кореяға заңды жұмысқа жіберу тетіктері талқыланды 25.01.2026
Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Корея Республикасының еңбек миграциясы жөніндегі делегация өкілдерімен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты – қазақстандық азаматтарды Корея Республикасына жұмысқа орналастыруға мүмкіндік беретін рұқсат жүйесі аясындағы ынтымақтастықты дамыту. Жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.Басқосуда корей тарапы «ЭйПиЭС» (Employment Permit System) бағдарламасының жұмыс тәртібімен таныстырып, оның Кореяда жұмыс күші тапшы салаларға шетелдік азаматтарды заңды түрде тартуға бағытталғанын атап өтті. Осы орайда Қазақстанның аталған жүйеге қосылу мүмкіндігі кеңінен талқыланды.Қазақстан тарапынан жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстары жөнінде Алматы облысының мобильді еңбек орталығының директоры Абылай Зуайда мәлімет берді.«Қазіргі таңда келіссөздердің екінші кезеңі өтіп жатыр. Бірінші кезеңде тараптар президенттер деңгейінде меморандумға қол қойған болатын. Ал екінші кезеңде Қазақстанның жұмыс күшін Кореяға жіберуге қаншалықты дайын екені бағаланады. Осы мақсатта корей делегациясы арнайы колледждер мен оқу орталықтарын аралап, дайындық деңгейімен танысып жатыр. Егер барлық талаптар оң бағаланып, келіссөздер сәтті аяқталса, алдағы уақытта толыққанды меморандумға қол қою жоспарлануда», – деді ол.Мамандардың пікірінше, бағдарламаға қосылған жағдайда өңірде арнайы оқу орталықтарын ашу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта осы бағытта тиісті нысандармен танысу және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді бағалау жұмыстары жүргізілуде. Алматы облысының әкімі бұл бастаманың тұрғындарды заңды жұмыспен қамтуға және халықаралық еңбек тәжірибесін игеруге жол ашатынын атап өтті.Ал корей тарапы түпкілікті шешім барлық дайындық кезеңдері аяқталғаннан кейін Корея Республикасының ведомствоаралық комиссиясында қабылданатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1147366?lang=kk
Ашық диалог: Қорғаныс министрінің орынбасары қоғам өкілдерімен өзекті мәселелерді талқылады 25.01.2026
Қарағанды облысында Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков мектеп оқушыларымен, қоғам өкілдерімен, әскери бөлімнің жеке құрамымен және жергілікті әскери басқару органының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаевпен бірге ол Бауыржан Момышұлы атындағы № 77 орта мектепке барды. Оқу орнында олар әскери-патриоттық жұмыстың ұйымдастырылуымен және «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптарының қызметімен танысты. Аталған сыныптарда оқушылар жалпы білім беру бағдарламасын меңгерумен қатар, әскери дайындық негіздерін тереңдетіп оқиды, армиялық қоян-қолтық ұрыс, жүзу, шахмат, хореография және ұлттық спорт түрлерімен айналысады.Оқушылармен әңгіме барысында патриотизм, азаматтық жауапкершілік және мамандықты саналы таңдау мәселелеріне ерекше тоқталды. Ақпараттық-түсіндіру тобының құрамында Қорғаныс министрінің орынбасары Сарань қаласындағы 44803 әскери бөліміне барып, әскери қызмет өткеру жайын, сарбаздардың тұрмыс күйі мен олардың бос уақыты қалай ұйымдастырылатынын тексерді. Қорғаныс ведомствосының офицерлері мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге әлеуметтік қолдау шаралары, атап айтқанда кредиттік демалыстар мен білім беру жеңілдіктері туралы жан-жақты түсіндірді.«Астана» өңірлік қолбасшылығында генерал-майор Асқар Мұстабеков «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитетінің, «Қарулы күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтің өкілдерімен кездесті.Ашық диалог барысында қатысушылар әскери қызмет жағдайларын жақсарту және Отан қорғаушыларды әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өз ұсыныстарын айтты. Барлық бастамалар мұқият тыңдалып, әрі қарай жұмысқа қабылданды. Екі жақ та армияға деген сенімді қалыптастыру Қарулы күштер мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды жүйелі түрде нығайту арқылы ғана мүмкін екенін атап өтті.Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте генерал-майор Асқар Мұстабеков әскерге шақыру жұмысының ұйымдастырылуымен, «Smart әскери комиссариат» жобасының іске асырылу барысымен және әскерді жасақтау тәртібімен танысты. Ол әскери қызметке шақыру іс-шараларының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету қажеттігіне жіті назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1147363?lang=kk