Әлем
Қостанай облысында «Қар десанты» акциясы өткізілді 25.01.2026
Халықаралық еріктілер жылы аясында Науырзым ауданында жастардың бастамасымен қыста жүзеге асырылатын «Қар десанты» қайырымдылық акциясы дәстүрге айналған. Бұл игі шараның басты мақсаты – күннің суығында қолдауға зәру жалғызбасты қарияларға тұрмыстық көмек көрсету.Акция шеңберінде ерікті жастар ауыл тұрғындарының үйлеріне арнайы барып, аула ішін қардан тазалау, отын-су дайындау сияқты күнделікті қажетті жұмыстарды атқарады. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда ағаш жарып, үй шаруасына жәрдемдеседі. Мұндай қолдау егде жастағы азаматтардың тұрмысын жеңілдетуге зор ықпал етеді.Еріктілер қариялардың жағдайын назардан тыс қалдырмай, мүмкіндігінше тұрмыстық көмектерін ұсынып келеді. Жастардың белсенділігі жыл бойы жалғасады. Күзде отын дайындауға және егін өнімдерін жинауға көмектессе, жаз айларында аула мен үй маңын абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізуге атсалысады.Осындай акцияларға тұрақты түрде қатысып жүрген ерікті жастар әрқашан көмек көрсетуге дайын. Бұл бастамалар Науырзым ауданында мейірім мен өзара қолдауды арттырып, еріктілік мәдениетінің дамуына серпін беріп отыр. Қарияларға көрсетілген қамқорлық – қоғамның тұрақты дамуына негіз болатын маңызды құндылық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1147362?lang=kk
Шымкентте әлеуметтік жағынан осал топтарға тұрғын үй беру жұмыстары жалғасуда. 24.01.2026
Шымкентте әлеуметтік жағынан осал топтарға тұрғын үй беру шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгін Тұран шағын ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 24 отбасы муниципалдық тұрғын үй қорынан жалға берілетін пәтерлердің кілттерін алды. Жаңа тұрғындардың қатарында көп балалы және толық емес ата-аналары бар отбасылар, мүгедектер, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков маңызды тұсаукесер рәсіміне қатысып, тұрғындарды көптен күткен оқиғамен құттықтады. Өз сөзінде қала әкімі тұрғын үйлерді жөндеу, халықтың әл-ауқатын жақсарту және қалада жайлы орта қалыптастыру әкімдіктің басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Айта кету керек, муниципалдық тұрғын үй қорынан жалға берілетін пәтерлер заңнамалық талаптарға сәйкес, бекітілген тізімдер негізінде және белгіленген тәртіппен беріледі. Жыл басынан бері қала бойынша 235 пәтер таратылды, оның 187-сі тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындарға берілді. Бұл іс-шара тиімді әлеуметтік қолдаудың айқын мысалы және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы болып табылады.
Шымкентте әлеуметтік осал топтағы азаматтар тұрғын үймен қамтылуда 24.01.2026
Шымкент қаласында әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Бүгін Тұран шағынауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 24 отбасы коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға берілетін пәтерлердің кілтін алды.Жаңа қоныстанушылардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар бар.Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтады. Қала басшысы өз сөзінде тұрғын үй қорын жаңарту, халықтың әл-ауқатын арттыру және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру қала әкімдігінің негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.Айта кетейік, коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін жалға берілетін пәтерлер заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, бекітілген тізімдер негізінде үлестірілуде. Жыл басынан бері қала бойынша бөлінген 235 пәтердің 187-сі тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді.Аталған шара әлеуметтік қолдаудың тиімділігін көрсетіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы болып табылады.
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР – КҮШТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМГЕ ЖОЛ 24.01.2026
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Отырыста болашақтағы мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты бірқатар маңызды бастамалар көтерілді.Мемлекеттік кеңесші, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Соның ішінде бір палаталы Құрылтайдың заң шығару үдерісі жан-жақты талқыланды. Жұмыс тобы заң жобаларын үш оқылымда қарастыру форматын енгізуді ұсынды. Алғашқы екі оқылымда заң жобасының мазмұны пысықталса, үшінші оқылымда оның заңнамалық тұрғыдан дұрыстығы қамтамасыз етіледі. Бұл – сапалы әрі жауапты заң қабылдауға мүмкіндік беретін қадам.Сонымен қатар, заң шығару үдерісінің үздіксіздігін сақтау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Парламент жұмыс істемейтін кезеңдерде заң шығару функциясын Президентке жүктеу ұсынысы көтерілді. Бұл мемлекет басқаруында үзіліс болдырмауға бағытталған орынды шешім ретінде бағаланды.Парламенттегі квоталар мәселесіне де нақты ұстаным білдірілді. Мемлекет басшысы атап өткендей, «президенттік квота» болмайды, ал депутаттардың барлығы тең жағдайда, ортақ тәртіппен сайлануы тиіс. Бұл болашақ Құрылтай құрамын жасақтауда әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, әйелдерге, жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған партиялық квоталардың сақталуы — әлеуметтік инклюзияны қолдаудың маңызды тетігі.Президент институтының қызметіне қатысты дауыс беру кворумы бойынша да қазіргі Конституциядағы тепе-теңдік пен тежемелік механизмдерді сақтап қалу ұсынылды. Бұл билік тармақтары арасындағы балансты нығайтуға мүмкіндік береді.Маңызды бастамалардың бірі — негізгі мемлекеттік органдарды қалыптастырудағы Құрылтайдың рөлін күшейту. Конституциялық сот, Жоғары аудиторлық палата және Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін Құрылтайдың келісімімен тағайындау ұсынысы айтылды. Сонымен қатар, Президенттің ұсынысы бойынша Жоғары сот судьяларын сайлау құзыретін де жоғары өкілді органға беру көзделіп отыр.Бұл өзгерістер Құрылтайды конституциялық органдарды қалыптастыратын беделді әрі ықпалды институтқа айналдырады. Мәжілістің өкілеттіктерін Құрылтайға беру және Сенаттың айрықша функцияларын қайта қарау — ұлттық парламентаризмді дамытудың жаңа кезеңі.Жалпы алғанда, ұсынылған бастамалар билік тармақтары арасындағы тежемелік пен тепе-теңдікті күшейтуге, сондай-ақ «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» қағидатын толық жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадамдар ретінде бағаланады.
Конституция преамбуласын жаңарту тек редакциялық түзету емес 24.01.2026
Конституциялық реформаның аясында Ата Заңның преамбуласын жаңғырту, оның мазмұнын заман талабына сай қайта өзектендіру мәселесін Парламент Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ көтерді. Бұл ұсынысын ол Конституциялық комиссияның отырысында білдіріп, өз ойымен бөлісті.Депутаттың пікірінше, Конституция преамбуласын жаңарту тек редакциялық түзету емес. Мұндай өзгеріс – ұлттық мемлекеттілікті нығайтатын, елдің идеялық бағдарын айқындайтын маңызды қадам.– Мемлекет басшысы да преамбулада ұлттық құндылықтарды негізге алу қажеттігін нақты атап өтті. Қазақ даласынан бастау алатын өркениет пен мемлекеттілік дәстүрінің сабақтастығын айқын көрсету, Қазақстанның Ұлы даладағы тарихи мемлекеттердің мұрагері екенін нақты бейнелеу маңызды екеніне ерекше мән берді. Сондықтан Конституциялық реформа аясында келіп түскен барлық ұсыныстарға үстірт емес, байыппен, терең көзқараспен қарау – ортақ міндетіміз, – деді Комиссия мүшесі өз сөзінде.Конституцияның преамбуласы – Негізгі Заңның идеялық әрі моральдық іргетасы, сондай-ақ Конституцияны қабылдаудағы түпкі мақсаттарды айқындайды, елдің тарихи-мәдени болмысын, ұлттық келбетін танытады.Осы орайда Үнзила Шапақ өзгерістерге қатысты өз пікірі мен ойын айтты.– Ендігі біз ұсынатын преамбула мәтінінде бірнеше іргелі бағыт айқын көрініс табуға тиіс. Ең әуелі, Қазақстан өзін біртұтас ұлт ретінде танытуы қажет. Бұл – ұлттық бірегейлікті күшейтетін, барша қазақстандықты ортақ мақсат пен жауапкершілікке ұйыстыратын басты ұстаным. Преамбулада мемлекеттің унитарлық сипаты, шекаралардың мызғымастығы мен аумақтық тұтастықты сақтау мәселесіне ерекше мән берілуге тиіс. Қазіргі геосаяси жағдайда бұл қағидаттар ел егемендігін нығайтатын шешуші факторлар болып саналады, – деді депутат.Сондай-ақ Үнзила Шапақтың айтуынша, «Әділетті Қазақстан» идеясы мен оның өзегі саналатын «Заң мен тәртіп» қағидатын преамбула деңгейінде бекіту мемлекет пен қоғам дамуының жаңа философиясын айқындайды.– Бүгін біз Конституция туралы айтқанда тек билік пен құқықтық нормаларды ғана емес, ұлттың болашақ алдындағы жауапкершілігін де ойлауымыз керек. Сондықтан табиғатты аялау, экологиямызды сақтау идеясы Конституцияда қоғам мен мемлекеттің ортақ құндылығы ретінде көрініс табуға тиіс. Мәдениет, Әділетті Қазақстанның Конституциялық негізі мемлекеттілік – тек заңдар мен институттар арқылы ғана емес, ұлттық рух пен мәдениет арқылы орнығады. Сондықтан мәдениеттің және рухани құндылықтардың рөлі Конституцияда айқын көрініс табуға тиіс. Дәл осы мәдени негіз халықты біртұтас ұлтқа айналдырып, қоғамдық бірлікті нығайтады. Мәдениетті Конституциялық деңгейде бекіту арқылы біз Әділетті Қазақстанның тек құқықтық емес, өркениетті мемлекет екенін нақтылаймыз. Сонымен бірге мәдениет пен өнерге, ғылым мен білімге, инновацияға, табиғатты аялауға, бүгінгі және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілікке мән берілуі Конституцияны тек құқықтық емес, өркениеттік құжат деңгейіне көтереді. Бұл – мемлекет пен халық арасындағы жария қоғамдық келісімнің айқын көрінісі, – деді ол.
Бүгін Контитуциялық Реформалар реформалар жөніндегі комисмияның алғашқы отырысы өтуде. 24.01.2026
Жиын барысында Ержан Жиенбаев Вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістерге тоқталдыВице-Президентті жалпы депутаттар санының көпшілік дауысымен білдірілген Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайды.Вице-Президентті қызметінен Президент босататын болады.Вице-Президент:– Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы мүдделерін білдіреді;– Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президенттің атынан өкілдік етеді.Сонымен қатар Вице-Президент Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан Республикасының және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады.Вице-Президенттің өзге де өкілеттері Президентпен айқындалады.Вице-Президент институтының енгізілуіне байланысты Конституциядан Мемлекеттік кеңесші туралы нормалар алынып тасталады.Конституция деңгейінде Вице-Президентке қойылатын талаптарды көздеу қажет.Вице-Президент өкілді органның депутаты болмауға, өзге де ақылы лауазымдарды атқармауға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмауға тиіс.Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде Вице-Президент саяси партияның мүшесі болмауға тиіс.Мұндай тәртіп саяси бәсекелестікті арттыруға және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымға сәйкес келеді.
Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды 24.01.2026
Алматы облысы Кеген ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Маңызды нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, бұл жоба өңір үшін стратегиялық мәнге ие екенін атап өтті.Өз сөзінде аймақ басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән беріп отырғанын жеткізді. Бұл бағытта облыста азаматтық қорғау инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңғыртылып келеді.«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта өңірде төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін күшейтіп, азаматтық қорғау инфрақұрылымын жүйелі түрде дамытып келеміз», – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.Жаңа өрт сөндіру бекеті таулы аймақта жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Бөлімше 12 мыңнан астам тұрғыны бар 11 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Нысан заманауи талаптарға сай жобаланып, диспетчерлік қызметпен, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлармен және тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуге қажетті барлық инженерлік жүйелермен толық жабдықталған.Өрт сөндіру бекетінде 21 қызметкер еңбек етеді. Олар бір мезгілде екі бағытта шығуға мүмкіндік беретін 8 арнайы техникамен қамтамасыз етілген.Салтанатты шара барысында облыс әкімі нысанның уақытылы әрі сапалы салынуына үлес қосқан мердігер ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне, сондай-ақ облыстық және аудандық деңгейдегі сала мамандарына алғысын білдірді. Сонымен қатар, өрт сөндірушілердің қауіпті жағдайда адам өмірін сақтаудағы ерен еңбегін атап өтіп, оларға зор денсаулық, қажымас қайрат және қызметтеріне табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1147348?lang=kk
Қазақстан СІМ-де «БҰҰ-әйелдер» кеңсесінің жаңа басшысымен гендерлік теңдік мәселелері талқыланды 24.01.2026
Астана, 2025 жылғы 23 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ-әйелдер құрылымының Қазақстандағы елдік офисінің жаңа басшысы, Орталық Азия елдері бойынша БҰҰ-әйелдер құрылымының үйлестірушісі Джерен Гюресті қабылдады.Кездесу барысында тараптар гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерімен байланысты ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін, сондай-ақ БҰҰ реформасы мен оның рөлін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.Қазақ дипломаты Қазақстанның гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге берік ұстанымын атап өтіп, алдағы парламенттік реформа аясында әйелдерге, жастарға және ерекше өмірлік қажеттіліктері бар адамдарға арналған 30 пайыздық квотаның сақталатынын хабарлады.Е.Ашықбаев сондай-ақ Қазақстанда гендерлік күн тәртібін ілгерілету үшін мүмкіндіктер бар екенін, соның ішінде Алматы қаласында орналасқан БҰҰ Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының қызметі аясында, ол ұлттық және өңірлік деңгейлерде күш-жігерді үйлестіруге және бірлескен бастамаларды іске асыруға арналған алаң екенін атап өтті.Д.Гюрес ҚР Үкіметінің әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық келісімдердің негізгі ережелерін іске асыру жөніндегі белсенді жұмысын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық және ұлттық күн тәртібінің басым бағыттары бойынша серіктестікті нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1147328?lang=kk
АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫМЕН МЕКЕМЕЛЕРДЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН ӨТТІ 24.01.2026
Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Рустан Серікұлы Ахметжановтың қатысуымен №2, №3 және №64 мекемелерінде қорытынды жиын өткізілді.Жиынға мекемелердің басшылық құрамы, қызмет бастықтары және жеке құрам қатысты. Кеңес барысында мекеме басшылары өткен кезеңдегі қызметтердің жұмысына жан-жақты талдау жасап, қол жеткізілген нәтижелер мен анықталған мәселелер туралы баяндады.Іс-шара аясында режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сотталғандар мен тергеумен қамалғандарды ұстау тәртібін сақтау, қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту, сондай-ақ жеке құраммен жұмыс сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кеңес қорытындысы бойынша 2026 жылдың бірінші тоқсанына арналған нақты міндеттер айқындалып, жедел-қызметтік қызметтің басым бағыттары белгіленді. Атап айтқанда, құқық бұзушылықтардың алдын алу, тыйым салынған заттардың мекемеге өткізілуіне жол бермеу, бақылау-тексеру іс-шараларын күшейту, сондай-ақ қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру тапсырылды.Департамент бастығы қойылған міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуы әрбір басшының жеке жауапкершілігінде екенін атап өтіп, атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1147306?lang=kk
Пробация қызметінің жұмыс кеңесі 24.01.2026
Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Пробация қызметіне жетекшілік ету басқармасының бастығы, әділет полковнигі Нұрахметов Еркін Тұрлыбекұлының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.Кеңес барысында пробация қызметінің 2025 жылдағы қызмет қорытындылары шығарылды. Қатысушылар қызметтік қызметтің негізгі көрсеткіштерін, есепте тұрған адамдарға көрсетілген әлеуметтік-құқықтық көмектің нәтижелерін, олардың қайта әлеуметтендірілуі, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл барысын жан-жақты талқылады.Пробация қызметінің практикалық қызметінде туындайтын проблемалық мәселелерге, жіберілген кемшіліктерді талдауға және оларды жою бойынша нақты шаралар қабылдауға ерекше назар аударылды. Жеке профилактикалық жұмысты күшейтудің, есепте тұрған адамдарға бақылаудың тиімділігін арттырудың және ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың маңыздылығы атап өтілді.Кеңес қорытындысы бойынша ҚАЖК ІІМ Пробация қызметіне жетекшілік ету басқармасының бастығы тиісті тапсырмалар беріп, алдағы кезеңге арналған пробация қызметінің басым міндеттері мен негізгі жұмыс бағыттарын айқындады. Аталған тапсырмалар бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың орындалу сапасын арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1147308?lang=kk
Қазақстан мен Моңғолия тауар айналымын $500 млн-ға арттыруға ниетті 24.01.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Хассуурийн Ганхуягпен кездесті.Кездесу барысында Серік Жұманғарин сұхбаттасын жоғары мемлекеттік лауазымға тағайындалуымен құттықтап, табысты еңбек тіледі. Ол Моңғолия Қазақстанның Азия аймағындағы маңызды серіктесі екенін, ал екіжақты ынтымақтастық тарихи терең тамырлы өзара құрмет пен сенім рухында дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті.Қазақ-моңғол әріптестігінің негізі ретінде сауда-экономикалық өзара іс-қимылға басты назар аударылады. Мемлекет басшылары ортамерзімді перспективада екіжақты тауар айналымын $500 млн-ға арттыру мақсатын қойып отыр. Тараптар оған екі ел арасындағы жеткізу номенклатурасын кеңейту, кооперациялық жобаларды дамыту, сауда, әкімшілік кедергілерді кезең-кезеңімен жою есебінен қол жеткізілетініне сенім білдірді.2025 жылғы қаңтар-қарашадағы қорытынды бойынша Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы $121,5 млн-ға (+5,5%), оның ішінде экспорт $113 млн-ға, импорт $8,6 млн-ға жетті. Қазақстан экспортының құрылымында темекі өнімі, рапс тұқымы, нан, ұн және кондитерлік өнім, тамақ өнімі, майлы дақыл, сондай-ақ қозғалтқыштар мен машина жасау өнімі басым. Моңғолиядан ет пен ет өнімі, кашемир, аяқ киім, кілем, жүннен жасалған бұйымдар импортталады.Тауар айналымын одан әрі арттыру мақсатында қазақстандық тарап тікелей іскерлік байланыс орнату, сондай-ақ Қазақстандағы индустриялық және еркін экономикалық аймақтар мен экспорттық әлеуетті таныстыру үшін Моңғолияға сауда миссиясын жіберуді жоспарлап отыр.Жиында ауыл шаруашылығы саласындағы жоғары ынтымақтастықтың әлеуеті де атап өтілді. Тараптар қазақстандық аграрлық өнім экспортын арттыру, сондай-ақ Моңғолия аумағында олардың өндірісін орнату мүмкіндігін, ветеринариялық вакциналарды жеткізу перспективасын талқылады.Өз кезегінде Хассуурийн Ганхуяг аймақтағы әріптес тұрғысында Қазақстанның Моңғолия үшін стратегиялық маңызын атап көрсетіп, биыл екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға сенім білдірді. Ол Қазақстанның Моңғолия мен Орталық Азия елдері арасындағы дәнекер ретіндегі рөліне тоқталып, тарифтік емес кедергілерді анықтау және жою бойынша бірлескен жұмыс тобын құруға мүдделі екенін мәлімдеді. Моңғолия тарапы стандарттау, ветеринариялық қорғау және мал шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге қызығушылық білдірді.Кездесуді соңында тараптар сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниеттестік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1147304?lang=kk
Қазақстан Солтүстік Еуропаның жетекші компаниясымен серіктестігін нығайтуда 24.01.2026
Эспоо, 2026 жылғы 23 қаңтар – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов «Fortum» Солтүстік Еуропаның жетекші энергетикалық компаниясының Вице-президенті Анни Яаариненмен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы атом энергетикасын дамытуды, сондай-ақ тұрақты дамуды, таза энергияны және озық технологияларды енгізуді қоса алғанда, энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі қадамдарды талқылады. Бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Қазақстан Елшісі елдің энергетика секторына озық халықаралық тәжірибені тартуға мүдделілігін атап өтіп, шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайларды атап өтті.Тараптар байланыстар мен ақпарат алмасуды жалғастыруға дайын екендіктерін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1147264?lang=kk
Қазақстан мен Грекия ынтымақтастықты тереңдету тәсілдерін келісті 24.01.2026
Афина, 2026 жылғы 23 қаңтар – Грекия Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожиннің Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелеріне жауапты Грекия Сыртқы істер министрлігінің «A5» саяси департаментінің жаңадан тағайындалған директоры Элени Триантафилумен кездесуі өтті.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары жөнінде жан-жақты пікір алмасты. Биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне, сондай-ақ өзара сапарлар кестесіне және бейінді ведомстволар арасындағы байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударылды.Талқылаудың жеке блогы Қазақстан мен Грекия арасындағы ынтымақтастықтың орнықты және кезең-кезеңімен дамуын қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі ретінде екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне арналды. Сонымен қатар, Қазақстанның екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды жандандыруға, грек инвестицияларын тартуға және перспективалы экономикалық жобаларды бірлесіп іске асыруға мүдделі екені атап өтілді.Елші Тимур Сұлтанғожин грек әріптесін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай отырысында жариялаған ауқымды саяси және конституциялық реформалары туралы хабардар етті.Өз кезегінде Элени Триантафилу Қазақстанның орнықты дамуын және жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін растады, сондай-ақ грек тарапының оларды одан әрі тереңдетуге және практикалық мазмұнмен толықтыруға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.Кездесудің соңында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, бірқатар негізгі тақырыптар бойынша ұстанымдарының сәйкес келетінін немесе жақындығын және сындарлы диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1147274?lang=kk
Қазақстан Елшісі Астана мен Исламабад арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары туралы семинар өткізді 24.01.2026
Исламабад, 2026 жылғы 23 қаңтар - Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Аймақтық зерттеулер институтында Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафиннің қатысуымен Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналған семинар өтті.Іс-шараға академиялық орта өкілдері, сараптамалық орталықтардың мамандары, бейіндік мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.Өз сөзінде Е. Қыстафин Астана мен Исламабад арасындағы ынтымақтастықты іске асырудың негізгі бағыттары мен практикалық тетіктеріне жан-жақты тоқталып, саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, өңірлік өзара байланыстылық, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, мәдени алмасу және халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Азиядағы транзиттік көлік-логистикалық хабтар ретіндегі Қазақстан мен Пәкістанның рөліне, өңірлік интеграция аясында ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына ерекше назар аударылды.Елші транзиттік-көлік күн тәртібінің басым маңыздылығына жеке тоқталып, осы тұрғыда Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысының негізгі қорытындылары туралы баяндады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті берген, Қазақстанды Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттары бойынша халықаралық деңгейдегі негізгі көлік-логистикалық хаб ретінде дамытуға бағытталған тапсырмаларға ерекше мән берілді.Іс-шараға қатысушылар екіжақты жобаларды іске асырудағы мүмкіндіктер мен сын-қатерлерді, сондай-ақ кеңірек өңірлік контексте өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетудің ықтимал бағыттарын талқылады.Елші Аймақтық зерттеулер институтына және Институт басшысы, Елші Жохар Сәлімге іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1147280?lang=kk
«Ән салайын» атты дәстүрлі ән кешіне шақырамыз! 23.01.2026
Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қала қонақтары! Сіздерді 27 қантар күні сағат 19.00-де өтетін Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтың 100 жылдық мерейтойы қарсаныңда Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармония «Ән салайын» атты дәстүрлі ән кешіне шақырамыз! Концертке қатысады: Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның«Жетісу» би ансамблі «Жетісу сазы»фольклорлы-этнографиялық ансамбліФилармонияның беделді әншілеріӨтетін орны:Жетісу облысыныңДәнеш Рақышев атындағы филармониясы Абылай хан көшесі, 153Кіру тегінҰлттық өнерді ұлықтайтын әсерлі кештен қалып қалмаңыз!Баршаңызды күтеміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1147209?lang=kk
Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді 23.01.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен, Премьер-министр Никол Пашинянмен, Индонезия Президенті Прабово Субиантомен, Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен, АҚШ Сауда министрі Говард Латникпен және ФИФА президенті Джанни Инфантиномен аз-кем әңгімелесті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1147286?lang=kk
Электр энергиясын жоспарлы өшіру туралы хабарландыру 23.01.2026
Қостанай қалалық Горэлектр желісі ТОО «ЭПК-forfait» (ТОО «ЭПК форфайт») қаладағы жеке сектор, тұрғын үй аудандары және кейбір ұйымдар үшін электр энергиясын жоспарлы өшіру жұмыстары туралы хабарлайды.ТП 17 (әуе желісіндегі жұмыстар)26–30 қаңтар 2026 жыл, 10:00 – 18:00Жеке сектор: Дощанова, Бородина, Шаяхметова, Летунова, Павлова көшелері27 қаңтар 2026 жыл, 10:00 – 18:00Ұйымдар мен нысандар: «Күлкі» балабақшасы, ТОО «Темір-Желкен», ЖК Бондаренко, ЖК Максутов, «Автолюкс», «Эльдорадо» дүкендері, «Майами-Люкс» салоныТП 562 – ТП 563 (трансформаторлық қосалқы станциядағы жұмыстар)28 қаңтар 2026 жыл, 10:00 – 18:00Ұйымдар: «Меню» кафе, «Инструмент», «Грамада», «Интерком», «Ойл Центр» дүкендері, ТОО «Экос-Ан», ЖК Макян, ЖК Новосельцев, ЖК Кенжегулов, ЖК Аветисян, ЖК Неотерик, ЖК КаширинаКТП 570 (трансформаторлық қосалқы станциядағы жұмыстар)30 қаңтар 2026 жыл, 10:00 – 21:00Ұйымдар: «Ақшақар» балабақшасы, АЗС «Трудовая», АЗС «Гелиос № 6», ТОО «Цвет-Сервис», ТОО «ДК Жук Агро», «Росзапчасти» дүкені, «Пилот», «Рубин», «Авиатор» гараждарыТұрғын аудандары: Карбышева 43б, 43в, 45; жеке сектор: Челябинская 1–6 көшелеріТП Пионерлюкс (өндірістік аймақ, Складская көшесі)30 қаңтар 2026 жыл, 10:00 – 14:00Ұйымдар: ЖК Гареев, ЖК Пупырева, ЖК Галисултанова, ЖК Банников, ТОО «Анай», ТОО «ВАН», ТОО «Компани ДОСТ», «Балық лавкасы» дүкеніТұрғындар мен ұйымдарды алдын ала шара қабылдауға шақырамыз: тұрмыстық құралдарды пайдалану үшін электр энергиясының қосымша қорын дайындау және жабдық жұмысына сәйкес жоспарлау қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1147144?lang=kk
Кения Сыртқы істер және диаспора істері министрлігіндегі кездесу туралы 23.01.2026
Найроби, 2026 жылғы 23 қаңтар - Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Барлыбай Садықов екіжақты мәселелер мен сапарларды ұйымдастыру және өткізу жоспарларын талқылау үшін Кения Сыртқы істер министрлігінің Протокол қызметінің басшысы Северин Люяли ханыммен кездесті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1147157?lang=kk
Жаңаөзен қаласында аппараттық жиналыс өтті 23.01.2026
Жаңаөзен қаласында аппараттық жиналыс өтті22 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында қала әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті.Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес, алдымен Жаңаөзен қаласының білім саласы бойынша берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Аталған мәселе бойынша Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Ғани Құрманғалиев баяндама жасап, тапсырмалардың орындалу деңгейі мен өзекті мәселелерге тоқталды.Сондай-ақ, облыс және қала әкімдерінің Жаңаөзен қаласы халқымен кездесуі барысында жасақталған іс-шаралар жоспарының орындалуы және азаматтарды қабылдау кезінде көтерілген мәселелердің шешілу барысы қаралды. Бұл мәселе бойынша Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Молдабеков, сондай-ақ құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Айнұр Ақжігітқызы баяндама жасады.Жиын барысында қала әкімі сала басшыларына берілген тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, халықпен кері байланысты күшейтуді және көтерілген мәселелерді жүйелі түрде шешуді тапсырды.Жиналыс қорытындысы бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы қала әкімінің қатаң бақылауына алынды.Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1147124?lang=kk
Президент намысты қолдан бермеген спортшыларымыз талай бәсекеде топ жарып, еліміздің мерейін асырып, нағыз жасампаз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті 23.01.2026
– Әр азаматымыздың жетістігі – Қазақстанның жетістігі. Әр спортшының абыройы – барша қазақтың беделі. Жеңіске жету үшін талап пен табандылық керек. Сіздер шеберліктеріңізді шыңдап, аянбай еңбек еттіңіздер. Соның арқасында дүбірлі додаға қатысуға мүмкіндік алдыңыздар. Олимпиада чемпионы болу – әр спортшының арманы. Осы мақсатқа бір табан жақын тұрсыздар. «Ел сенімі – ерге жүк» дейді халқымыз. Баптарыңыз және бақтарыңыз қатар шауып, жүлдемен келесіздер деп сенемін. Барша халқымыз Сіздерге жанкүйер, тілекші болады. Бәріңізге сәттілік, жеңіс тілеймін! Көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын Ұлттық құраманың мүшелері Денис Никиша мен Аяулым Әмреноваға және Қазақстан паралимпиадалық командасының мүшесі Ербол Хамитовқа табыстады.