Enbekshi QazaQ

Әлем

Алматы облысының тұрғындарына! 06.02.2026
103 нөмірін теру кезінде байланыс бұзылған жағдайда немесе мобильді байланыс желісінде ақаулар туындаса, жедел медициналық жәрдем бригадаларын шақыру үшін төменде көрсетілген баламалы байланыс арналарына жүгінулеріңізге болады.№Наименование МОНомер телефона1ГКП на ПХВ "Енбекшиказахская многопрофильная центральная районная больница"8(72775) 7-34-32 2ГКП на ПХВ "Уйгурская ЦРБ"8 (72778) 2 24 023КГП на ПХВ "Енбекшиказахская районная больница №1 села Шелек"8 778 02105044КГП на ПХВ "Райымбекская РБ"8 (7277) 9218078(7277) 9218575ГКП на ПХВ "Городская многопрофильная больница города Қонаев"8 (72772) 4-00-926ГКП на ПХВ "Карасайская клиническая многопрофильная центральная районная больница" 8 708 768-38-027КГП на ПХВ Жамбылская многопрофильная центральная районная больница8 (72770)799228ГКП на ПХВ "РБ с.Каргалы"8 747 035 34 859ГКП на ПХВ "Балхашская ЦРБ"8 (72773) 91-1-7610ГКП на ПХВ "Илийская ЦРБ"8 777 675 01 7711КГП на ПХВ "Кегенская РБ"8(72777) 2-17-1712ТОО "CK-MED"8747838696113ТОО "Городской центр семейной медицины"8 775 570 31 358 702 160 62 3314ТОО "ASMS Farm"8(727)305-55-5015ТОО "iStore"8777 192 27 8816ТОО "RGK med"8 700 698 168617ТОО "ALMASEMED"8 700 979 57478 708 462 406618ТОО "Тахет"8 707 398 08 8819ТОО "Promedical2021"8 771 765 95 3520  ТОО "NOVA INVEST" (НОВА ИНВЕСТ)Талграский р-н, с.Кызыл Кайрат8(72772)48-1-92Илийский р-н, с. Байкент8(7277)06-30-03Енбекшиказаский р-н. с. Улатракова8 705 784 90 83Енбекшиказахский р-н, с. Достык8(7277)67-45-1721ТОО "Talgar Clinic"8 707 7067063,            8(7273) 88100722ТОО "Центр семейной медицины имени Нурадина Досжанова"8 707 7823194123ТОО "Медицинский центр Жанұя Жұмабек Мед"877821572018 707 516 76 6024ТОО "Бакай-1"8 700 554 02 0825Уч-е "Каскеленский платный мед.центр"8 7277123151                      8 727712026326ТОО "ID Senim R"8 700 147 670027ТОО "Daulet medical center"8 707 145 00 3928ТОО "АЛАТ С"8 747 716 552629ТОО "KazMed Company"8 705 389 97 22Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1156392?lang=kk
Ұлттық қорғаныс университетінің ғалымдары Құрлық әскерлері үшін ұшқышсыз авиация операторларын дайындауда 06.02.2026
Ұлттық қорғаныс университеті Әскери-зерттеу институтының базасында Құрлық әскерлері ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторларының біліктілігін арттыруға арналған апталық курс өтіп жатыр. Сабақты ұшқышсыз авиация саласында он жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар оқытушылар мен нұсқаушылар жүргізуде.Қазіргі жағдайларда сұранысқа ие практикалық дайындыққа негізгі басымдық берілгенін айта кету керек.Курс барысында әскери қызметшілер «Торғай-10» құрылғысын ұшқышсыз ұшу аппаратына бөлшектеп жинау дағдыларын игереді. Сонымен бірге тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеп, қауіпсіздік шаралары мен әртүрлі жағдайда қолдану ерекшеліктерін де үйренеді. Бұдан бөлек, Ұлттық қорғаныс университетінің ғылыми қызметкерлері әзірлеген «Ара» дрондарын қолдану бойынша да практикалық сабақтар жүргізіледі. Жеке оқу модулі FPV-дрондарға арналған. Тыңдаушылар оларды құрастыруды, бағдарламалауды, диагностикалауды және ақауларды жоюды үйреніп шығады.  – Біз қолданбалы дағдыларға басымдық береміз. Біздің мақсатымыз – алған білімдерін өз бөлімшелерінде тарата алатын мамандарды даярлау, – деп атап өтті ҚР ҰҚУ Қару-жарақ және әскери техника ғылыми-зерттеу институты зерттеу қызметінің бастығы полковник Жарқын Қабдолда. Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді қолдану жеке құрамның қауіпсіздігін арттырып, жауынгерлік тапсырмаларды орындаудың тиімділігін жоғарылатады, дәлдікті, жедел барлауды және қарсыласқа қашықтан әсер етуді қамтамасыз етеді.– Ұшқышсыз ұшу аппараттары тактикалық басымдықтың негізгі элементіне айналды. Оларды қолдану формалары мен тәсілдерінің эволюциясы қазіргі заманғы ұрыс қимылдарының сипатына елеулі түрде әсер етуде, – дейді институттың Зерттеу қызметінің бастығы полковник Алексей Бойко.Ұшқышсыз жүйелерді басқару мамандарын даярлау Қарулы күштердің басты басымдықтарының бірі болып қала береді. Оның жүзеге асырылуы жеке құрамның техникалық біліктілігінің өсуіне және ұшқышсыз технологияларды қолдану мүмкіндіктерінің кеңеюіне ықпал етеді.Бұған дейін Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының базасында ҰҰА мамандарын даярлайтын әскери мектептің ашылғаны, сондай-ақ Десанттық-шабуылдау әскерлерінде ұшқышсыз аппараттарды құрастыру, сынақтан өткізу және оларды бөлімшелерге беру бойынша жұмыстардың толық циклі жолға қойылғаны хабарланған болатын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1156363?lang=kk
Мемлекеттік аппараттың парасаттылығы 06.02.2026
Мемлекеттік аппараттың парасаттылығыАғымдағы жылдың 5 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Е.А. Салықбаевтың, Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы М.М. Сандыбаевтың, облыстық басқармалардың басшылары мен мамандарының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Өз сөзінде Е.А. Салықбаев Мемлекет басшысының Қызылорда қаласындағы Ұлттық құрылтайда айтқан басымдықтарын атап өтті. Шенеуніктердің адалдығына қойылатын талап жалпы мемлекеттік сипаттағы өзекті міндет болып қала береді. Бұл мемлекеттік қызметтің бүкіл жүйесі үшін -бірінші басшылардан бастап әр орындаушыға дейін тікелей және біржақты бағдар. БАҚ және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет туралы жағымсыз жарияланымдардың саны едәуір өсті, сын тек қарапайым қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар бірінші басшыларға да қатысты. Бұл алаңдатарлық жағдай, өйткені қоғам мемлекетті белгілі бір шенеуніктердің мінез-құлқы мен шешімдері бойынша бағалайды. Спикер көбінесе жанжалдарға, тәртіптік салдарға және беделді түсіруге әкелетін негізгі тәуекелдерді атап өтті: декларациялар мен қаржылық бақылау, мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, отбасылық бағыну, шетелдегі шоттар, құмар ойындар және ставкалар. Міндет - бұзушылыққа жол беру қиын, ал адал мінез-құлық норма болып табылатын жүйені құру. Е.А. Салықбаев Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде мемлекеттік қызметшілер үшін өзгерістер туралы да хабардар етті. Бұл кадрлық процестерді цифрландыру, қаржылық бақылау. Заң декларацияның екі түрін және лауазымды тұлғалардың жекелеген санаттары үшін декларациялардың жариялылығын белгілейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, оның ішінде жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының, егер олардың арасында бағыныштылық туындаса, бірлескен қызметін (жұмысын), сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ақша қаражаттары мен құндылықтарды сақтауға байланысты шектеулерді сақтау маңызды. М.М. Сандыбаев қатысушылардың назарын Мемлекет басшысының барлық уәкілетті мемлекеттік органдарға - өз жұмысын идеологиялық платформаға сәйкес қайта қарау және үндестіру туралы үндеуіне аударды. Қоғамның трансформациясы жағдайында тиімді кері байланыс арналарының, оның ішінде БАҚ пен әлеуметтік аккаунттардың болуы маңызды. Көшбасшылардың шеберлігі - азаматтық қоғаммен, БАҚ-пен байланыс орнату. Әдеп жөніндегі уәкіл К.Ж. Сюндиков практикалық кейстер мысалында мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары мен жауапкершілігін сақтамау мысалдары туралы хабардар етті. Кеңесте қызметшілердің құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге тыйым салуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін, оның ішінде телекоммуникация желілері мен Интернет желісін ставкаларға, бәс тігулерге қатысу арқылы пайдаланғаны үшін жауапкершілігі жеке мәселе ретінде айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1156361?lang=kk
Комиссияның кезекті отырысы: әрбір норма анық, түсінікті болуы керек 06.02.2026
Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысы өтіп, онда ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев жаңа Конституция жобасындағы 18-бапты орыс тілінде нақтылай түсуді ұсынды. Конституцияның әрбір нормасы анық, түсінікті болуы керектігін, комиссияның орасан зор жұмыс атқарып жатқанын ерекше атап өтті.Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституцияның мәтіні аударма еместігіне тоқталды.–Жаңа Конституция жобасының мемлекеттік тілдегі нұсқасы – бұл аударма емес. Қолдарыңыздағы қазіргі жоба – о бастан мемлекеттік тілдің мүддесі тұрғысынан жазылған жоба. Екіұшты мәселелер туындаған кезде әуелі қазақ тіліндегі нұсқа назарға алынып отыр, – деді.Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституцияның жобасында ескірген, мағынасы өзгерген сөздер қайта қаралғанын айтты.Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков жаңа Конституцияда жоғары білімге қол жеткізудің қағидаттары нақты жазылу керек деген ұсынысын жеткізді. Сонымен бірге білім орындарын діни идеологиядан ажырату не үшін керек болғанын, білім беру жүйесі үшін мұның іргелі мәні бар екенін айтты.– Университеттер мен мектептер ғылымның, білімнің және әрине, академиялық еркіндіктің кеңістігі болып қалу керек. Мұндай тәсіл студенттерді қорғайды, бейтарап білім ортасына сақтайды және идеологиялық қысымның қатерін төмендетеді, – деді ғалым.Кезекті отырыста Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Конституцияда «Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге» деп нақты бекіту бастамасын көтерді. М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ басқарма төрағасы, Конституциялық комиссия мүшесі Талғат Нәрікбаев комиссияның Ата заңның қазақ тіліндегі мәтінін жетілдіру бағытында атқарған жұмыстарына тоқталды.Конституциялық комиссия төрағасы Эльвира Әзімова Ата заңның жаңа редакциясы туралы азаматтардан түскен ұсыныстардың тағдыры не болғанын жиынтық кесте арқылы халыққа жеткізуді тапсырды.Еске салсақ, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Конституциялық комиссияның мүшесі ретінде комиссия отырыстарына, жекелеген жұмыс секцияларындағы талқылауларға қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1156329?lang=kk
«Жырлары жүректе мәңгі өшпес Мұқағали» атты поэзиялық кеш өтті 06.02.2026
Кешкі кітапхана жобасы аясында қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жырлары жүректе мәңгі өшпес Мұқағали» атты тағылымды поэзиялық кеш өтті.Іс-шара барысында оқырмандарға Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, ақынның қазақ әдебиетіндегі айрықша орны туралы мазмұнды әңгімелер өрбіді.Кеш аясында сөз құдіретін жүрекпен сезініп, ақын рухын жалғайтын жас өрендер сахна төріне шығып, Мұқағалидың лирикалық өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. «Ән мен жыр үндестігі» бөлімінде ақын сөзіне жазылған жүрекке жақын, елге кеңінен танымал әндер шырқалды. Атап айтқанда, Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның талантты әншілері Ақбота Сабыржанова «Айтатын саған сырым бұл», Гүлсім Малисова «Мен деп ойла» әндерін орындап, поэзия мен әуеннің үйлесімін айқын көрсетті.Сонымен қатар, «Ақынға тағзым» айдары аясында қаламгерлер мен өнер жанашырлары – Жұматай Оспанұлы, Жангелді Немеребай, Азамат Нұрмұқан, Айдынбек Аршын, Ербол Оразбеков, Салтанат Құмарбек, Өмірбай Бейбарыс-Сұлтан, Мұхтар Күмісбек, Зирагүл Нұрданбек ақынға арналған жүрекжарды арнауларын ұсынып, Мұқағали рухына деген құрметтерін білдірді.Кеш барысында көрермен назарына «Өлеңмен өрілген өмір» атты сахналық композиция ұсынылып, ақынның тағдыры мен шығармашылық болмысы көркем түрде бейнеленді. Сондай-ақ, ақынның жүрек түкпірінен орын алған, халыққа етене жақын ерекше туындысы – «Есіңе мені алғайсың» әнін Қ. Байсейтов атындағы саз колледжінің студенті Құштар Бауыржанұлы тебірене орындап, тыңдарманды терең ойға жетеледі.Кеш соңында Дәнеш Рақышев атындағы филармония әншісі Жомарт Тәкебаевтың орындауындағы «Отан» әні шырқалып, поэзиялық кештің мазмұнын асқақ рухпен түйіндеді.Жетісу жастары орталығымен бірлесіп, «Кешкі кітапхана» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл жүздесу оқырмандардың поэзия мен өнер тоғысқан бұл тағылымды жиын көрерменге ерекше рухани әсер сыйлап, Мұқағали Мақатаевтың өшпес мұрасына деген құрметті тағы бір мәрте айқындай түсті.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1156344?lang=kk
Халық есепшісі: бизнеске салықтарды түсінуге тегін көмектесеміз 06.02.2026
2026 жылғы 5 қаңтарда басталған "Халық бухгалтері" республикалық акциясы – бұл жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнесті қолдаудың тәжірибелік жобасы.Акция шеңберінде салық төлеушілер "Қазақстанның бухгалтерлер Одағы және бухгалтерлік ұйымдары" бухгалтерлердің кәсіби ұйымының мүшелерінен, сондай-ақ Ақсу, Павлодар және Екібастұз қалаларының мемлекеттік кірістер басқармаларының мамандарынан кеңестерді тегін ала алады. Аудандық басқармаларда да жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру үшін жауапты мамандар анықталған.Акцияның алғашқы айларында (қаңтар-ақпан) "Халық бухгалтері" кабинеттері аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Наурыз айынан бастап кеңес берулер аптасына екі рет өткізіледі.Акция барысында 30-дан астам консультациялық күн өтті. Осы кезеңде 3000-нан астам салық төлеуші кеңес алды, 5000-нан астам сұрақ қойылды. Бұл форматтың жоғары сұранысын айқын растайды.Көбінесе салық төлеушілер келесі мәселелерге қызығушылық танытады:- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне көшу;- 2026 жылы ЖК ашу және жабу;- салық режимдері арасындағы ауысу;- кәсіпкерлік қызметті қайта бастау;- салық нысандарын толтыру тәртібін түсіндіру;- ЭҚНЖ өзгерістері;- ҚҚС бойынша есепке қою;- ақпараттық жүйелердің жұмысы және басқа да өзекті мәселелер."Халық бухгалтері" жобасы – бұл ең алдымен диалог және бизнеске тәжірибелік көмек.Біздің міндетіміз – кәсіпкерлер жаңа Салық кодексінің талаптарын түсініп, жаңа жағдайда жайлы жұмыс істей алуы. Павлодар облысы бойынша МКД-ныңтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1156319?lang=kk
«ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады 06.02.2026
 «ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа цифрлық қызмет іске қосылғанын хабарлады. Енді қазақстандықтар автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірді онлайн таңдап, тапсырыс бере алады.2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің түрлері кеңейді. Азаматтардың "әдемі" нөмірлерге деген қызығушылығының артуына және көлік тіркеу барысында нөмірлік белгіні таңдауға деген қажеттіліктердің туындауына байланысты бұл тізімде "қалаулы" нөмірлер немесе бірінші және соңғы сандары бірдей "айна" нөмірлер де бар.Осыған байланысты қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында автокөлік нөмірлерін «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қашықтан таңдау және тапсырыс беру мүмкіндігі іске асырылды. Жаңа цифрлық қызмет МХҚКО-ларға жеке бармай-ақ, мемлекеттік нөмірге онлайн өтінім беру мүмкіндігін ұсынады.Өтінімді рәсімдеу толықтай онлайн форматта жүзеге асырылады және бірнеше минутты ғана алады. Қолданушы «ЦОН» мобильді қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіп, «Мемлекеттік нөмірге тапсырыс беру» қызметін таңдайды. Одан кейін қалаған сериясы мен нөмір комбинациясын енгізеді. Өңір автоматты түрде азаматтың тіркелген мекенжайына сәйкес анықталады.Нөмірлік белгі бос болған жағдайда өтінім беруші төлем жасап, дайын нөмірлік белгіні алу үшін ыңғайлы бөлімшені таңдай алады. Таңдалған нөмір бос емес болса, жүйе бұл туралы хабарлап, басқа нұсқаны енгізуді ұсынады.Қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған. Бұл таңдалған мемлекеттік нөмірдің бос немесе бос еместігін бірден тексеруге мүмкіндік береді. Жүйе енгізілген нөмір комбинациясының мәртебесін автоматты түрде көрсетеді.Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін онлайн тапсырыс беру қызметінің іске қосылуы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі жоспарлы жұмыстың бір бөлігі болып табылады және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін, ашықтығын және тиімділігін арттыруға бағытталған.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-mangistau-rayon/press/news/details/1176960?lang=kk
Қазақстан мен Кения екіжақты экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті 06.02.2026
Найроби, 2026 жылғы 4 ақпан – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Барлыбай Садықов Сыртқы істер және диаспора министрлігінің Экономикалық істер және коммерциялық дипломатия департаментінің директоры Матуру Эванс мырзамен кездесіп, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сауда-экономикалық және қаржы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын, әртүрлі деңгейдегі алдағы екіжақты сапарларды және екіжақты құқықтық базаны қалыптастыру мәселелерін талқылады.Кездесу барысында қазақстандық дипломат контр-әріптесті мемлекеттік басқарудың тиімділігін одан әрі арттыруға және «Әділ Қазақстанды» құруға бағытталған Қазақстандағы жарияланған ауқымды конституциялық өзгерістер туралы хабардар етіп, олар бүкілхалықтық референдумға ұсынылатыны туралы ақпаратты жеткізді.Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастыққа деген ұмтылыстарын растады.Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша, соның ішінде қаржылық технологияларды дамыту, транзиттік және көлік бағыттары, оның ішінде Кения порттарын пайдалану, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол жеткізілді.Тараптар өзара мүдделі мәселелер бойынша, соның ішінде құрылған сауда және инвестиция жөніндегі Қазақстан-Кения жұмыс тобының шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1156259?lang=kk
«WindoW Capital» АҚ лицензия берілгені туралы 06.02.2026
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және дамыту Агенттігі Төрағасы орынбасарының 2026 жылғы 06 ақпандағы № Б-19 бұйрығына сәйкес «WindoW Capital» АҚ-ға шетел валютасында банк операцияларын жүргізуге  2026 жылғы 06 ақпандағы № 3.4.8 лицензиясы берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1156237?lang=kk
Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Риддер қаласының оқу орындарында студенттер мен жоғары сынып оқушыларының учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен - көптеген жылдарды сайлау жүйесінде жұмыс істеуге арнаған адамдармен кездесулері өтті. Ашық диалог форматында комиссия өкілдері «Риддер колледжі» КМҚК студенттерімен, сондай-ақ «№1 мектеп-лицей» КММ, «№5 орта мектеп» КММ және «№10 орта мектеп» КММ жоғары сынып оқушыларымен өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Кездесулерге қатысушылар сайлау процесі қалай ұйымдастырылатынын және өткізілетінін, әділ және ашық сайлаудың негізінде қандай принциптер жатқанын және әрбір азаматтың қатысуы елдің болашағын қалыптастыруда неге шешуші рөл атқаратынын білді. Мұндай кездесулер жастарға сайлаудың маңыздылығын жақсы түсінуге және белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын түсінуге көмектеседі 06.02.2026
Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Риддер қаласының оқу орындарында студенттер мен жоғары сынып оқушыларының учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен - көптеген жылдарды сайлау жүйесінде жұмыс істеуге арнаған адамдармен кездесулері өтті.Ашық диалог форматында комиссия өкілдері «Риддер колледжі» КМҚК студенттерімен, сондай-ақ «№1 мектеп-лицей» КММ, «№5 орта мектеп» КММ және «№10 орта мектеп» КММ жоғары сынып оқушыларымен өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.Кездесулерге қатысушылар сайлау процесі қалай ұйымдастырылатынын және өткізілетінін, әділ және ашық сайлаудың негізінде қандай принциптер жатқанын және әрбір азаматтың қатысуы елдің болашағын қалыптастыруда неге шешуші рөл атқаратынын білді.Мұндай кездесулер жастарға сайлаудың маңыздылығын жақсы түсінуге және белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын түсінуге көмектеседіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1156175?lang=kk
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар 06.02.2026
1-кейс. Баланың қазасыСауал:Бала 10 жасында қайтыс болды. Оның атына Ұлттық қордан ақша аударылып келген. Бұл қаражат қайда кетеді?Жауап:Нысаналы талаптарға қатысушы бала қайтыс болған жағдайда, оның атына есептелген және есепшотта жатқан қаражат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұраға беріледі.Қайтыс болған нысаналы талаптарға қатысушының мұрагері (мұрагерлері) қайтыс болған баланың нысаналы жинақтары БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына есептелгеннен кейін ғана БЖЗҚ-ға жүгінеді   Сауал:Бала 15-қыркүйекте дүниеге келіп, тіркеуден өтіп, туу туралы куәлігін алды. Өкінішке орай, 3 (үш) ай ғана өмір сүріп, шетінеп кетті. Бұл балаға Ұлттық қордан нысаналы талап есептеле ме?Жауап:"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 01.01.2024 жылдан бастап енгізілді. Нысаналы талаптарға қатысушы – Қазақстан Республикасының 2006 жылы және одан кейін туған, он сегіз жасқа толмаған азаматтары.  Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңының ережелеріне сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі баланың туу туралы медициналық куәлігін алғаш рет беру кезінде қалыптастырылады. Осыған байланысты, 01.01.2024 жылға (яғни, бағдарлама енгізілгенге дейін) дейін қайтыс болған адамдарды қоспағанда, баланың үш ай өткеннен кейін қайтыс болуына қарамастан, Ұлттық қордан нысаналы талаптар есептелуге жатады. Сауал: Бала 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 23:55-те дүние есігін ашты.  Жеке тұлғалар дерекқорына тіркеліп, туу туралы куәлігін алып, жаңа жылдың қаңтар айының басында шетінеп кетті. Мұндай жағдайда Ұлттық қордан қаражат есептелу мәселесі қалай шешіледі?Жауап: "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 01.01.2024 жылдан бастап енгізілді. Нысаналы талаптарға қатысушы – Қазақстан Республикасының 2006 жылы және одан кейін туған, он сегіз жасқа толмаған азаматтары.  Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңының ережелеріне сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі баланың туу туралы медициналық куәлігін алғаш рет беру кезінде қалыптастырылады. Осыған байланысты, 01.01.2024 жылға (яғни, бағдарлама енгізілгенге дейін) дейін қайтыс болған адамдарды қоспағанда, баланың қайтыс болуына қарамастан, Ұлттық қордан нысаналы талаптар есептелуге жатады. Сауал: Бала 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 23:55-те туылып, осы күннің соңына дейін тіркеуден өтіп үлгермеді. Ол балаға өзі туылған есепті жыл үшін Ұлттық қордан нысаналы талап есептеле ме?Жауап: "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 01.01.2024 жылдан бастап енгізілді. Нысаналы талаптарға қатысушы – Қазақстан Республикасының 2006 жылы және одан кейін туған, он сегіз жасқа толмаған азаматтары.  Ұлттық қордан нысаналы талаптар тиісті есепті жыл үшін, оның ішінде оның ішінде осы есепті жылы нақты туылған адамдарға есептеледі. Сондықтан "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында баланың тууы туралы тиісті мәліметтер болған жағдайда, оған есепті жылы нысаналы талап есептелетін болады.  2-кейс. Бала Қазақстан азаматтығынан айырылдыСауал:Бала 14 жасында шетел азаматтығын алды. Бұрын Ұлттық қордан төлемдер есептеліп келген. Не болады?Жауап:Егер бала Қазақстан Республикасының азаматтығынан он сегіз жасқа толғанға дейін не кейін айырылса, сол сәттен бастап оған Ұлттық қордан қаражат есептеу тоқтатылады. Бұрын есептелген және жеке шотта жинақталған қаражат бағдарламаның басқа қатысушыларына бөлінеді. 3-кейс. Ата-ана ажырасқанСауал:Ата-анасы ажырасқан. Баланың Ұлттық қордағы ақшасын қай ата-ана басқарады?Жауап:Бала 18 жасқа толғанға дейін оған Ұлттық қордан есептелген қаражат ата-анасының ешқайсысының иелігінде болмайды. Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері, оның ішінде ата-аналары баланың нысаналы талаптары туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтынан, eGov mobile электрондық үкіметінің мобильді қосымшасынан, сондай-ақ кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларынан ғана көре алады.  Бала 18 жасқа толғаннан кейін, ол жинақталған қаражатты тек өз бетінше пайдалануға құқылы.Ақшаны тек бала 18 жасқа толғаннан кейін ғана өзі басқарып, өзі пайдалана алады. 4-кейс. Бала жетім немесе қамқоршылықтаСауал:Бала балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр немесе қамқоршылықта. Ұлттық қордағы ақшасы қалай сақталады?Жауап:Баланың мәртебесіне (жетім, қамқоршылықта) қарамастан, 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қордан нысаналы талаптар аударылып отырады.Бала 18-жасқа толғаннан кейін, нысаналы жинақтау сомасын білім алуға немесе тұрғын үйге пайдалана алады. 5-кейс. Бала 18 жасқа толған, бірақ уәкілетті оператор – банкте банктік шот ашпағанСауал:Бала 18-ге толды, бірақ банкте нысаналы жинақ шотын ашпады. Ақша жойыла ма?Жауап:Жоқ, Ақша жойылмайды. Бала 18 жасқа толғанда оның атына БЖЗҚ-да нысаналы жинақтау шоты автоматты түрде ашылады және оған Ұлттық қордан тиесілі қаражат аударылады. Ақша АҚШ долларымен аударылады, нысаналы жинақтау шотында 10 жыл сақталады. Нысаналы жинақты алушы қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім алу ақысын төлеу үшін пайдалана алады.Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін нысаналы жинақтарды алушы не оның заңды өкілі (нысаналы жинақтарды алушының әрекетке қабілетсіздігі (әрекет қабілеттілігі шектеулі) жағдайында) нысаналы жинақтарды алушының атына АҚШ долларымен банктік шот ашатын уәкілетті оператор-банкке жүгінеді. Яғни уәкілетті оператор-банктің интернет-ресурсы не мобильді қосымшасы арқылы нысаналы жинақтар төлемін алуға электрондық өтініш береді. Электрондық өтінішке тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын ескере отырып уәкілетті оператор-банк айқындаған құжаттар қоса тіркелуі тиіс. Егер Бағдарламаға қатысушы 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл өткен соң, осы мерзім ішінде азамат нысаналы жинақ сомасын пайдаланбаса, онда қаржы БЖЗҚ-да оның атына автоматты түрде ашылатын жеке ерікті зейнетақы шотына аударылады. Бұл да автоматты түрде жүргізіледі.Ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын осы зейнетақы шотынан жинақтарды алу ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.   6-кейс. Ақшаны басқа мақсатқа жұмсауға бола ма?Сауал:18 жасқа толған бала ақшаны бизнес ашуға немесе көлік алуға жұмсай ала ма?Жауап:Жоқ, жұмсай алмайды. Ұлттық қор – балаларға бағдарламасы бойынша жиналған қаражатты тек екі мақсатта ғана пайдалануға болады:Білім алу (оқу ақысы)Тұрғын үй жағдайын жақсарту (баспана алу, ипотека)Басқа мақсаттарға жұмсауға рұқсат етілмейді. 7-кейс. Бала шетелде оқығысы келедіСауал:18 жасқа толған түлек шетелдік университетке түсті. Ұлттық қордан бөлінген нысаналы жинақ ақшасын пайдалана ала ма?Жауап:Иә, егер шетелдік оқу орны ресми түрде танылған болса және оқу ақысы құжатпен расталса, Ұлттық қордан бөлінген қаражатты білім алу мақсатына пайдалануға болады. 8-кейс. Бірнеше бала бар отбасында қате есептеуСауал:Отбасында 3 бала бар, бірақ біреуіне ғана төлем түскен. Не істеу керек?Жауап:Ата-ана:балада жеке басын куәландыратын құжаттың (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі) болуын;деректемелердің (аты-жөні, ЖСН, азаматтығы, т.б.) дұрыстығын;eGov.kz порталындағы өзінің жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтердің болуын, тіркелуін және дұрыстығын тексеруі керек.Егер балада жеке басын куәландыратын құжат немесе ЖСН жоқ болса, тұрғылықты мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгіну қажет.             Баланың азаматтығы жоқ, анықталмаған немесе қате көрсетілген болса, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну керек.ЖТМДҚ-ға тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін,  БЖЗҚ бұл баланы өткізіп алған кезеңді ескере отырып, келесі жылдан (2027 жылғы ақпаннан) бастап Нысаналы талаптарға қатысушылардың және (немесе) Нысаналы жинақтарды алушылардың тізіміне енгізеді. 9-кейс. Бала мүгедекСауал:Мүгедектігі бар балаға бағдарлама қалай қолданылады?Жауап:Бағдарлама Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балаларға тең шарттарда қолданылады. Мүгедектік болуы балаға қаражаттың есептелуі мен сақталуына ешқандай әсерін тигізбейді.   10-кейс. Ата-ана ақшаны ертерек алғысы келедіСауал:Отбасында қаржылай қиындық туындады. Баланың Ұлттық қордағы ақшасын алдын ала алуға бола ма?Жауап:Жоқ. Қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін қолжетімсіз. Бұл – баланың болашағына арналған қорғалатын жинақ."Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы – бұл әр баланың білімі мен баспанасына, не болашақ зейнетақысына салынған бастапқы инвестиция.     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1156095?lang=kk
Дэвид Лейнганг-олимпиада жүлдегері 06.02.2026
2026 жылғы 3 ақпанда «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ ұйымдастырған олимпиада өтті.«Информатика» пәні бойынша «№12 тірек мектеп (ресурстық орталық)» КММ оқушысы Лейнгaнг Давид II орын иеленді (жетекшісі – Пак А.В.).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1156104?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері «Дала Қырандары» жастар бірлестігімен кездесу өткізді 06.02.2026
«Дала Қырандары» жастар бірлестігінің штабында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетовтің, Жауынгерлік даярлық бас басқармасының бастығы полковник Нұрлан Мұхамедовтің және Дене даярлығы мен спорт басқармасының бастығы полковник Сәтжан Әбішевтің қатысуымен кездесу өтті.Іс-шара ашық диалог форматында ұйымдастырылып, жастардың азаматтық тәрбиесі, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселелерін талқылауға арналды. Кездесу барысында жастар ұйымдарының қоғамдық тұрақтылықты нығайтудағы және салауатты құндылықтарды ілгерілетудегі рөліне ерекше назар аударылды.Жиын аясында бірлескен қызметтің негізгі бағыттары айқындалды. Атап айтқанда: есірткі құралдарының таралуының алдын алу; суррогат алкоголь өнімдерінің айналымына қарсы күрес және маскүнемдіктің алдын алу; көше спорт инфрақұрылымын қолдау және дамыту; салауатты әрі спорттық өмір салтын насихаттау; мемлекеттік және азаматтық-патриоттық құндылықтар мен рәміздерді қорғау мәселелері қамтылды.Кездесудің бір бөлігі амфитеатр алаңында өтіп, оған жасы 16 мен 25 аралығындағы «Дала Қырандары» қозғалысының мүшелері қатысты. Жиын барысында тараптар өзара ынтымақтастық пен мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» бастамаларын, сондай-ақ өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған жобаларды бірлесе жүзеге асыру мәселелерін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар құқықтық тәртіп әскерлері мен жастар ұйымдары арасындағы жүйелі диалогтың маңыздылығын атап өтіп, мұндай алаңдар жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге тартуға ықпал ететінін жеткізді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1156125?lang=kk
Болашақ Отан қорғаушылар Ұлттық ұланның авиациялық базасының тыныс-тіршілігімен танысты 06.02.2026
Елордада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3656 әскери бөліміне дарынды ұлдарға арналған «Білім Инновация» лицей-интернатының оқушылары арнайы экскурсиямен барды. Танымдық сапар барысында жасөспірімдер авиациялық базаның қызметімен танысып, ел әуе кеңістігін қорғаудағы бөлімнің маңызды рөлі туралы мағлұмат алды.Іс-шара аясында оқушылар әскери бөлімнің күнделікті тыныс-тіршілігін көзбен көріп, авиациялық базадағы әуе техникасын жақыннан тамашалады. Жас қонақтар ұшақтар мен тікұшақтарды көріп, әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери қызметшілердің қызметіне куә болды.Экскурсияны 3656 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімше бастығы подполковник Данияр Тоқтаров жүргізді. Ол жастармен әңгімелесу барысында әскери қызметке қызығушылықтың қалыптасуы осындай әсерлі кездесулерден басталатынын атап өтті.- Әскери қызметке қызығушылық бір күнде пайда болмайды. Ол дәл осындай кездесулерден, көзбен көріп, жүрекпен сезінген сәттерден басталады, -деді подполковник.Сонымен қатар оқушыларға Ұлттық ұлан Академиясына оқуға түсу тәртібі түсіндіріліп, кәсіби бағдар берілді. Жиын барысында Отан қорғаушы болудың мәні мен оған жүктелер жауапкершілік жайында кеңінен айтылды.Айта кетейік, мұндай танымдық кездесулер жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілерге деген құрметін арттыруға ықпал етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1156128?lang=kk
Ауыл әкімінің халықпен тұрақты кездесуі өтті. 06.02.2026
2026 жылдың 05 ақпан күні Тасқарасу ауылдық округінің әкімі Жақсылық Мысаханұлы Альмахуновтың Ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-taskarasu/press/news/details/1156068?lang=kk
Өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары 06.02.2026
Алтай ауданы ТЖБ МӨСШ-2 аға инженері капитан Әбіштай Қ.Е. С. Парыгино ауылдық округінің әкімдері Г. А. Төлеков тұрғын үй секторында тұратын халықтың әлеуметтік осал топтарын аралап, жылыту жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-parygin/press/news/details/1156016?lang=kk
Жұмыссыздықты төмендету – әлеуметтік саясаттың басым бағыты 06.02.2026
Райымбек ауданында тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – еңбек нарығындағы сұранысты реттеу, жұмыссыз азаматтарды тұрақты және уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік осал топтарды қолдау болып табылады.Жәрмеңкені «Алматы облысы еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Райымбек ауданы бойынша мансап орталығы ұйымдастырды. Жәрменке аясында 28 жұмыс беруші тарапынан 56 бос жұмыс орны ұсынылды. Барлығы 58 азамат қатысты, оның ішінде пробация есебінде тұрған 20 адам қамтылды.Шара қорытындысы бойынша 6 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды, 30 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, ал 3 тұрғын әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.Сонымен қатар 2 азамат «Күміс жас» жобасы аясында жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.Айтулы жиын еңбек нарығындағы теңгерімді қамтамасыз етуге, азаматтарды тұрақты табыс көзімен қамтуға және олардың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған тиімді алаң болып табылады.Айта кету керек, мұндай жәрмеңкелер алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1156014?lang=kk
Қазақстан Елшісі Молдова Республикасы Парламенті Төрағасының орынбасарымен кездесті 06.02.2026
Кишинёв, 2026 жылғы 5 ақпан. ҚР Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков МР Парламенті Төрағасының орынбасары Влад Батрынчамен кездесу өткізді. Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу болды.Қазақстандық дипломат В.Батрынчаны Парламент Вице-спикері қызметіне қайта тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.Тараптар Қазақстан-Молдова қатынастарының сындарлы бағытта дамып келе жатқанын растап, парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.Елші 2025 ж. Молдованың Астанадағы Елшілігінің ашылуының маңыздылығын, сондай-ақ МР Вице-премьері – Сыртқы істер министрі М.Попшойдың Қазақстанға жасаған ресми сапарын атап өтті.Кездесу барысында Қазақстандағы саяси және экономикалық өзгерістердің қазіргі барысы туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент қызметінің тиімділігін арттыруға және өкілді билік институттарын дамытуға бағытталған бастамалары сөз болды. Институционалдық жаңғыртудың ықтимал бағыттарының қатарында парламенттік модельді оңтайландыру, оның ішінде бір палаталы форматты қарастыру мәселесі бар. Осы мақсатта арнайы комиссия құрылған.Қазақстандағы ауқымды конституциялық реформаның маңызды элементтерінің бірі ретінде ел Конституциясының жаңартылған нұсқасының алғашқы жобасының ұсынылғаны атап өтілді.Вице-Спикер ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамаларын қолдайтынын білдіріп, олардың демократиялық институттарды нығайту және мемлекеттік басқару жүйесінің орнықтылығын арттырудағы маңызын атап өтті.Кездесу барысында Қазақстанның мемлекеттік саясатына, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту саласындағы қол жеткізген нәтижелерге ерекше назар аударылды. А.Айдарбеков заманауи нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, кадрларды даярлау, сондай-ақ мемлекеттік басқару, экономика және әлеуметтік салада жасанды интеллектке негізделген шешімдерді енгізу жөнінде атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.В.Батрынча мазмұнды диалог үшін алғысын білдіріп, Молдова тарапының екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қызығушылығын атап өтті. Молдова ауыл шаруашылығы, фармацевтика және сауда салаларында, сондай-ақ цифрландыру мен инновациялық технологияларды қоса алғанда, бірқатар перспективалы бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Молдова ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік танытып, тұрақты парламентаралық диалогты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1155999?lang=kk
Қазақстанның Оңтүстік Америка елдеріндегі Құрметті консулдарының жыл сайынғы конференциясы 06.02.2026
Бразилиа, 2026 жылғы 5 ақпан – Қазақстан Республикасының Елшісі Болат Нүсіпов Оңтүстік Америка елдеріндегі ҚР-дың Құрметті консулдары және Құрметті консул лауазымына үміткерлердің қатысуымен дәстүрлі жыл сайынғы онлайн-конференциясын өткізді.Елші, өзінің алғы сөзінде қатысушыларды экономиканы жаңғыртуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ел басшылығы жүзеге асырып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың негізгі бағыттары туралы хабардар етті. Сондай-ақ, Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаға ерекше назар аударылды.Б.Нүсіпов, Құрметті консулдарды Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмысты жандандыруға, Оңтүстік Америка өңірлерімен инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға көрсетілетін қолдауды күшейтуге, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізуге шақырды. Бұл ретте, 2026 жылы Қазақстанға, оның ішінде ағымдағы жылғы сәуірде Астанада өтетін GECA-2026 Халықаралық геологиялық форумы, Машина жасаушылар форумы мен Экспорттық сақтандыру форумы аясында сауда-экономикалық бизнес-миссияларды ұйымдастыру ұсынылды.Инвестициялық ықпалдастық саласында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бразилиялық «WEG» және «Water System Technologies» компанияларының, сондай-ақ чилилік «ME Elecmetal» компаниясының қатысуымен іске асқан табысты жобалар атап өтілді.Сондай-ақ Елші, өңір елдерінің парламенттерінде достық топтарын құру жөніндегі жұмысты жандандырудың, іскерлік кеңестерді қалыптастырудың және азаматтық қоғам мен қоғамдық ұйымдар деңгейінде достық қоғамдарын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Биыл Оңтүстік Американың бірқатар мемлекеттерімен жоспарланған сыртқы істер министрліктері арасындағы консультацияларға ерекше назар аударылып, олардың аясында бірлескен экономикалық іс-шаралар өткізу ұсынылды.Осы тұрғыда Қазақстанның Аргентина, Чили және Уругвайдағы Құрметті консулдарының парламенттік достық топтарын құруға жәрдемдесу және екіжақты іскерлік кеңестерді қалыптастыру бастамаларын ілгерілету бағытындағы жұмысы атап өтілді.ҚР Құрметті консулдары өз сөздерінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабардар етіп, сондай-ақ 2026 жылға арналған бірлескен жұмыстың басым бағыттары жөнінде ұсыныстарын жеткізді.Конференцияға қатысушылар, Оңтүстік Американың көптеген елдерінде Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері болмағандықтан Құрметті консулдардың қызметі екіжақты ықпалдастықты қолдаудың негізгі құралы әрі Қазақстан Республикасының өңір мемлекеттерімен жан-жақты ынтымақтастығын дамытудың маңызды факторы болып табылатыны жөнінде бір ауыздан келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1156009?lang=kk
Қазақстан мен Финляндия денсаулық сақтау саласындағы диалогты кеңейтуде 06.02.2026
Хельсинки, 2026 жылғы 05 ақпан – Қазақстан Елшісі Азамат Әбдіраимов медициналық және оңалту жабдықтарының жетекші скандинавиялық өндірушілерінің бірі финдік «Lojer Group» компаниясының өндірістік зауытына барды.Сапар барысында Елші өндірістің толық циклімен, заманауи технологиялық шешімдермен және компанияның өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету тәсілдерімен танысты. Компанияның жабдықтары әлемнің 115-тен астам елінде қолданылады.Кездесу аясында қазақстандық дипломат «Lojer Group» басшылығымен Қазақстанда фин медициналық жабдықтарын өндіруді оқшаулау мәселелерін қоса алғанда, ынтымақтастық перспективаларын талқылады және медициналық технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды дамыту әлеуетін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар медициналық жабдық саласындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1155968?lang=kk