Enbekshi QazaQ

Әлем

Салық жүйесін жетілдіру және кеден инфрақұрылымын қайта құруды жеделдету 14.10.2025
«Естуші мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Түркістан облысында ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері өңір тұрғындарымен, бизнес қауымдастығымен және Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Диалогтың негізгі тақырыбы – салық жүйесінің ашықтығы мен әділеттілігін арттыруға бағытталған шаралар болды.ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қатысушыларға жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістерді таныстырды: салық есептілігін 30%-ға қысқарту, камералдық бақылауды ескерту форматына көшіру, шоттарды автоматты түрде бұғаттаудан бас тарту, сондай-ақ салық төлеуді кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдерін жеңілдету. Бұл қадамдар бизнес пен азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында вице-министр «Жібек жолы» және «Қазығұрт» кеден бекеттерінің қайта құру барысымен танысты. Инфрақұрылымды жаңғырту мемлекеттік бақылаудан өту тәртібін жақсартып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Іс-шаралар қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жеделдету және реконструкцияны белгіленген мерзімде сапалы аяқтау тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1076420?lang=kk
Қазақстан мен Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы спорт саласындағы әріптестікті тереңдетуде 14.10.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 28 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының Бас хатшысы Насер Айман Маджалимен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар 2025 жылғы 7-21 қараша аралығында Ар-Рияд қаласында өтетін VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ұйымдастырылу мәселелерін талқылады. Аталған ауқымды спорттық шара төрт жылда бір рет өткізіліп, спорттың 23 түрін қамтитын болады.Ислам ынтымақтастығы ойындары – қатысушы мемлекеттер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ спорт арқылы бейбітшілік пен өзара түсіністікті ілгерілетуге бағытталған маңызды халықаралық алаң болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1076433?lang=kk
Тайынша ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді. 14.10.2025
             Бүгін Тайынша ауданының «АМАНАТ» партиясы филиалы алаңында бизнес өкілдері үшін жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өтті.           Семинарға ауданның ірі агроқұрылымдары, орта және шағын бизнес өкілдері қатысты.           Кездесу барысында корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, салықтық тексерулер, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, тәуекелдерді басқару жүйесі, арнайы салық режимдері және т.б. бойынша қабылданған нормалар талқыланды.                                       Салықтөлеушілер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды, мысалы:           1.Оңайлатылған декларацияда СТ-мен жұмыс істеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу мүмкіндігі ;Енді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қалай салық салынады;АСР-і өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға көшу тәртібі;2025 жылғы салық шегерімдері, 2026 жылғы есептілікті ұсыну тәртібі.          Сөз сөйлеген спикерлер: Аудит басқармасы басшысы Кұрмашев Е.Ж., түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқарма басшысы Некрасова Н.В., өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысы Қоспаев С.А., қосылған құн салығы әкімшілендіру бөлім басшысы  Белоусов А.О. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1076069?lang=kk
«Қалдырған әнім аманат» концерті өтті 14.10.2025
24 қыркүйек күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармонияда қазақтың дәстүрлі ән өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі, асқан дарын иесі Үкілі Ыбырайдың 165 жылдығына арналған «Қалдырған әнім аманат» атты мерекелік концерт өтті.Концертке еліміздің танымал әншілері: Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Ғалым Мұхамедин (Жезқазған қ.) мен Бисара Макенова (Көкшетау қ.), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрболат Арзамасұлы (Астана қ.), мәдениет саласының үздігі Медет Осатаев (Қарағанды қ.) қатысты.Сонымен қатар филармонияның шығармашылық ұжымдары мен әншілері – К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, көркемдік жетекшісі және бас дирижері “Мәдениет саласының үздігі” Руслан Қойшыбаев, «Халық алғысы» медалінің иегері Жанат Есов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Эльмира Төлеубаева, «Шапағат» медалінің иегері Аякөз Қалмағанбетова, республикалық байқаулардың лауреаттары Сәрсенбай Хасенов пен Зәмзәгүл Смағұл өз өнерлерін ортаға салды.Кеш барысында Арқаның әншілік дәстүрі дәріптеліп, Үкілі Ыбырайдың шығармашылығы мен қазақ өнеріндегі орны айрықша атап өтілді. Концерт соңында өнерпаздарға алғыс айтылып, халықтың ықыласына бөленді.Үкілі Ыбырайдың асыл мұрасы – қазақ халқының рухани байлығы, келешек ұрпаққа қалдырған баға жетпес аманат.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1076077?lang=kk
Қызылордада Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті 14.10.2025
Бүгін Қызылордада Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті. Форум жұмысына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Жолманов қатысты.Сонымен қатар, басқосуда аймақтың жауапты сала басшылары, агенттік қызметкерлері, орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің, қала, аудан әкімі аппараттарының, облыстағы мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері, әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері де болды.Н.Нәлібаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді атап өтіп, форум жұмысына сәттілік тіледі.«Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Өңіріміз негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындарда.Мемлекет басшымыз «Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды», – деп атап өткен болатын.Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұлттық жобаларды жүзеге асыруда, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөлді мемлекеттік қызметшілер институты атқаруда.Агенттік мемлекеттік қызметтің сервистілік, клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру, кәсібилендіру, билік институттарын дамыту бағытындағы жұмыстарға бастамашы болып келеді. Бүгінгі жиынның маңыздылығын ескеріп, форум барысында тиімді ұсыныстар мен байыпты бастамалар талқыланатынына сенімдімін», – деді Н.Нәлібаев.Д.Жазықбай мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет екенін айтып, маңызды бастамаларға тоқталды.«Барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ұстаным болуға тиіс. Бұл – ешқандай құқықбұзушылыққа жол бермеу, яғни, кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным.Мемлекет басшысының бастамаларын сапалы жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілер шешуші рөл атқарады», – деді агенттік төрағасы.Жиында Н.Байқадамов «Мемлекеттік қызметшілерді адамдардың құқыққа қайшы әрекеттерінен қорғау», А.Жолманов «Мемлекеттік қызметтің құндылықтары: Антқа адалдық» тақырыбында баяндама жасады.Сондай-ақ, аймақтың өркендеуі жолында елеулі еңбек еткен мемлекеттік қызметкерлер ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуші» грамотасымен, агенттік төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.Форумның екінші бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, профилактика қызметі туралы мәселелер талқыланған панельдік сессия өтіп, Әдеп жөніндегі уәкілдердің өткен жылғы және биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелеріне жасалған талдау қорытындыланды.Айта кетейік, бүгінде аймағымызда 3 300-ден астам мемлекеттік қызметші бар. Оның 1800-ден астамы жергілікті атқарушы органдарда еңбек етуде. Биыл 700-ге жуық азаматтың мәселелері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді. Бірінші жартыжылдықта 3 млн-нан астам мемлекеттік қызметтің 99,3 пайызы электронды түрде көрсетілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1076104?lang=kk
Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі пайда болды 14.10.2025
2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында мемлекеттік басқару жүйесін қайта құру шеңберінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құрылуыy ұсынды.Бейінді министрлік құру туралы шешім елді жаңа технологиялық құрылымға біріктіру қажеттілігімен байланысты. Қазақстан Президенті осы мақсатқа жету үшін мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесін түбегейлі өзгертудің маңыздылығын атап өтті.Президент ҚР Үкіметтің алдына барлық салаларды жаңғырту үшін жасанды интеллект технологияларын енгізуді қамтамасыз ету міндетін қойды.Мемлекет басшысы цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын, цифрлық платформалар мен сервистердің жұмыс істеуін, киберқауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау мәселелерін реттеуге тиіс Қазақстанның Цифрлық кодексін қабылдауды жеделдетуді тапсырды.Мемлекет басшысының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі жарлығына сәйкес ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды.Қазақстан жасанды интеллектті үйлестіру жөніндегі жеке ведомство құрған алғашқы елдердің бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1076132?lang=kk
Алматы облысында экологиялық таза өнім өндіретін заманауи жылыжай кешені жұмыс істейді 14.10.2025
Алматы облысының Талғар ауданы Панфилово ауылында табиғи әрі экологиялық таза өнім өндіруге маманданған еліміздегі бірегей кәсіпорындардың бірі – «GREEN ECO» жылыжай кешені табысты жұмыс істеп келеді.Кешен 2016 жылы іске қосылып, 5-ші буынның заманауи жылыжай технологиясымен жабдықталған. Бұл өңірдің аграрлық саласын жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. Өндіріс үдерісі толық автоматтандырылған гидропоника жүйесі бойынша жүргізіледі, бұл жыл бойы өнім алуға жағдай жасайды.Кәсіпорынның басты ерекшелігі – химиялық тыңайтқыштар, пестицидтер мен генетикалық түрлендірілген өнімдерді (ГМО) мүлде қолданбауында. Өндірісте халықаралық стандарттарға сәйкес келетін органикалық қоректік заттар мен табиғи шымтезек пайдаланылады.Кешеннің өнім түрлері 30-дан аса атауды қамтиды, олардың ішінде:құмырадағы жасыл салаттар,микрожасылдар,салат қоспалары,жеуге жарамды гүлдер.Жылыжай ай сайын 60 тоннадан астам өнім өндіреді, бұл жылына шамамен 5 миллион құмыра жасыл дақылдарға тең. Өндірістік процесс толық автоматтандырылған, ал сапа бақылауы Дания, Германия және Италиядан жеткізілген құрал-жабдықтардың көмегімен жүзеге асырылады.Жылыжай кешенінің директоры Роман Шнайдерманның айтуынша, кәсіпорынның басты мақсаты – тұтынушыларды халықаралық стандарттарға сай экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету.Кешенде қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға айрықша көңіл бөлінеді. Мұнда энергия үнемдеу технологиялары енгізілген, ал өсімдіктерді суару үшін тереңдігі 250 метрден алынатын артезиан суы қолданылады.Жылыжайда тұрақты түрде шамамен 150 адам еңбек етеді, олардың көпшілігі – Панфилово ауылының тұрғындары. Бұл ауылдағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етіп отыр.Талғар ауданы әкімдігі өкілінің айтуынша, «GREEN ECO» сияқты кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырумен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуда.Қазіргі уақытта кәсіпорын жобаның екінші кезеңін жүзеге асыруға дайындық жүргізуде – қосымша жылыжай алаңы іске қосылады деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 2,1 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 1,5 млрд теңге қосымша қаржыландыруға сұратылған. Жоба «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарапынан мақұлданып, қаржыландыруды күту кезеңінде тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1076169?lang=kk
Көкшетауда Қазақстан Конституциясының жетістіктері мен келешегі талқыланды 14.10.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығы: жетістіктері мен перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.Конференция қатысушыларына онлайн-форматта Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова сөз сөйлеп, қоғамдық келісімді сақтау және еліміздің тұрақты дамуы үшін Конституцияның іргелі рөлін, «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын құқықтық ресімдеудегі 2022 жылғы конституциялық реформаның рөлін, сондай-ақ мемлекеттің дамуы мен азаматтардың құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін осы реформаның «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасымен байланысын белгіледі.Спикер Қазақстан Республикасы Президентінің Парламентті реформалау және жасанды интеллектті қолдана отырып цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі жаңа бастамаларын белгіледі. Жасанды интеллектті сот төрелігі саласында енгізуге қатысты Азимова: «шешімдер адам жауапкершілігінің аясында қалуы, олардың заңдылығы сақталуы және Конституцияның рухы мен әрпіне сай болуы маңызды», - деп атап өтті.Конституциялық Соттың судьясы Еркін Оңғарбаев конференция қатысушыларына Конституциялық Соттың қызметі туралы, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың кейбір нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша қабылданған қорытынды шешімдер және оларды мемлекеттік органдардың орындауы туралы айтып берді. Сондай-ақ, қатысушылардың сұрақтарына байланысты конституциялық бақылау органы жұмысының ерекшелігі туралы Конституциялық Сот Аппаратының өтініштерді бастапқы қарау бөлімінің басшысы Салтанат Нұрымбетова түсініктеме берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1076174?lang=kk
Португалия Парламенті Қазақстандағы жаңғыру үдерістерін қызығушылықпен бақылауда 14.10.2025
Лиссабон, 2025 жылғы 26 қыркүйек - Қазақстанның Португалиядағы Елшісі Жан Ғалиев Португалия Республикасының Ассамблеясы Төрағасының дипломатиялық кеңесшісі Изабель Пештанамен кездесу өткізді. Оның барысында Мемлекет басшысының «Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет» қағидатына негізделген Әділетті Қазақстанды құру бағытындағы жаңашыл қадамдардың нәтижелері әңгіме болды. Елші Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы стратегиялық басымдықтарға тоқталды.И. Пештана Португалия Парламенті Қазақстандағы оң өзгерістерді зор қызығушылықпен бақылап отырғанын және Президент Тоқаев пен Үкіметтің елді жаңғырту, құқық үстемдігін нығайту жолындағы қажырлы еңбегін жоғары бағалайтынын айтты.Прагматикалық тұрғыда тараптар Қазақстан мен Португалия арасындағы ынтымақтастықтың ең әлеуетті бағыттарын - ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп, туризм мен спорт, көлік пен логистика, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект, су ресурстары мен білім беру және басқа да салаларды талқылады. Экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мен жандандыру аясында португалдық тарап тікелей әуе қатынасын ашу идеясын қолдады.Әңгіме барысында тараптар қазіргі геосаяси жағдай бойынша пікір алмасып, халықаралық құқық нормаларын сақтау, қақтығыстарды тек дипломатиялық жолмен реттеу және шиеленіс аймақтарында бейбітшілікті ілгерілету үшін парламенттік тетіктерді қолданудың маңыздылығын атап өтті. Елші Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді қызметі мен Мемлекет басшысының Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысу қорытындылары туралы ақпарат берді.Кездесу соңында португалдық дипломат Ассамблея Төрағасы Жозе Педру Агиар-Бранкуның Қазақстанға сапармен баруға ниетті екенін растады. Тараптар тұрақты байланыстарды қолдап, парламенттік дипломатия аясында екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты бар әлеует пен жаңа мүмкіндіктерді ескере отырып кеңейтуге келісті.ҚР Португалиядағы ЕлшілігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/1076209?lang=kk
Ұлттық ұланда жаңа техника: Сарбаздар көлікпен күзгі вальс орындады 14.10.2025
Құқықтық тәртіп әскерінің автопаркі жаңа көліктермен толықты. Су жаңа көлік иеленген Ұлттық ұланның жүргізушілері кәсіби шеберліктерін ерекше тәсілмен көрсетті. Олар саптық алаңда автокөліктердің көмегімен күзгі вальс орындап, көпшілікті қабілеттерімен тәнті етті.Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының елордалық жедел құрамасына қызметтік автокөліктерді тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара барысында жеке құрамға 32 жаңа қызметтік автокөліктің кілті табысталды.Бұл тарту Ұлттық ұлан әскеріне Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен берілді. Аталған көліктер әскери бөлімнің материалдық-техникалық базасын жаңартуға және әскери қызметшілердің жауынгерлік қызметке даярлығын арттыруға бағытталды. Жаңа техника қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жедел әрекет ету және өзге де қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау үшін пайдаланылатын болады.Іс-шараға Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков арнайы қатысты.Ол жаңа автокөліктердің елорданың қауіпсіздігін сақтауда айрықша маңызға ие екенін баса айтты.«Жаңа автокөліктер сіздерге қызметтік міндеттерді тиімді орындауға, кез келген жағдайда жедел әрі батыл қимылдауға мүмкіндік береді», – деді генерал-майор Аңсаған Балтабеков.Бүгінде Ұлттық ұлан әскери қызметшілері еліміздің ірі қалаларында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бағытында тәулік бойы ішкі істер органдарымен бірлесіп қызмет атқаруда. Осы ретте жаңа автокөліктердің берілуі тәртіп сақшыларының қозғалысын жеделдетіп, іс-қимыл мүмкіндіктерін арттырады.Айта кетейік, осындай су жаңа автокөліктер құқықтық тәртіп әскерінің Алматы қаласындағы бөліміне де жеткізілді.Жаңа көлік тізгіндеген жауынгерлер қуанышты сәтті айрықша атап өтті. Олар су жаңа көліктерді қаз-қатар тұрғызып, вальс биін ұсынды. Автокөліктерді асқан шеберлікпен басқара білген жауынгерлер жаңа техниканың қаншалықты икемді әрі ыңғайлы екенін би арқылы байқатты.Ендігіде Ұлттық ұлан сарбаздарына берілген бұл заманауи техникалар ірі шаһарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарары сөзсіз.Еске салайық, 2025 жылдың алғашқы жартысында Ұлттық ұлан әскери қызметшілері заңсыз айналымнан 173 қару-жарақ пен оқ-дәріні, 828 грамм есірткіні тәркілеп, тыйым салынған заттарды өткізуге қатысты 77 әрекетті тоқтатқан еді. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзған 10 мыңға жуық азамат полицияға жеткізіліп, олардың 379-ы қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Бүгінде еліміздің ішкі қауіпсіздігін сақтау мақсатында 7 мыңнан аса жауынгер күн сайын қызмет атқарады.ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1076212?lang=kk
«Аналар жүрегі» комитеті мен Ұлттық ұлан сарбаздарға тосынсый жасады 14.10.2025
«Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитеті» РҚБ өкілі Фарида Баубекова бастаған құрметті қонақтар Ұлттық ұланның Астана қаласында орналасқан 6636 әскери бөлімін аралап, жауынгерлердің тыныс-тіршілігімен танысты. Қонақтар қатарында аталған әскери бөлімде Петропавл қаласынан келіп, мерзімді қызмет атқарып жүрген сарбаздардың аналары да болды.  Алайда олардың келгені жайында жауынгерлер білген жоқ.Олар ең бірінші әскери бөлімнің тарихымен танысып, казарманы, сарбаздардың киім-кешегі мен тамақтану рационын тексеріп көрді. Сонымен қатар аналар әскери бөлімнің бейнебақылау жүйелерінің қамтылуына көңілдері толатынын аңғартты.Іс-шара барысында аналар балаларымен тосыннан жүздесуге мүмкіндік алды. Ана мен баланың күтпеген жерден қауышуы сарбаздар мен аналардың жүзіне қуаныш сыйлады. Осыдан кейін комитет өкілдері жеке құраммен кездесіп, бірге уақыт өткізді. Ерекше атмосферадан шабыт алған сарбаздар анаға арналған өлеңдерін оқып, әннен шашу шашты, би биледі.«Әскери бөлімді және мұндағы сержанттар мен офицерлерді өз көзіммен көргеннен кейін балам үшін алаңдамайтын болдым. Себебі командирлердің балаларымызға қатаң талап қоя отырып, оларға адами қарым-қатынаспен қарай білетініне көзім жетті. Ұлымды көріп, оның бойындағы оң өзгерістерді де байқадым. Осының бәрі әскери қызметтің нәтижесі», – деді сарбаздың анасы Махаббат Бактибаева.Құқықтық тәртіп әскерінде мұндай іс-шара жиі өткізіліп тұрады. Мұндағы мақсат ата-аналар мен Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар арасындағы байланысты нығайту. Сонымен қатар әскердің әлеуеті мен ахуалына лайықты баға беруге мүмкіндік жасау.«Бұл жолы сіздерге бірнеше сарбаздың анасымен бірге келдік. Бұл – менің ғана бастамам емес, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауы нәтижесінде жүзеге асқан іс. 6636 әскери бөлімі ең үздіктер қатарында. Ұлттық ұланның Бас қолбасшысына және барша командирлерге ата-аналардың алғысын арқалап жүре беріңіздер дегім келеді», - деді Фарида Баубекова.Айта кетейік, Ұлттық ұланда мұндай кездесулер Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековтың тапсырмасымен және аталған комитет өкілдерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде жүйелі түрде жалғасып, өңірлік қолбасшылықтардың әскери бөлімдерінде де өткізілетін болады. Сонымен қатар сарбаз аналары комитетімен ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түспек. ҚР ІІМ Ұлттық ұлан баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1076217?lang=kk
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жаңа су құбыры іске қосылды 14.10.2025
Бүгін Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Жетісу Вольфрамы» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырылған маңызды инфрақұрылымдық жоба – туристік бағытқа су құбыры тарту жұмыстарының ашылу салтанаты өтті.Салтанатты шараға аудан әкімі Бота Елеусізова қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол су құбырының тартылуы табиғатты қорғау ісінде, туризмді дамытуда және демалушыларға қолайлы жағдай жасауда ерекше мәнге ие екенін атап өтті.- «Тіршілік нәрі – су. Бүгінгі жоба тек туристерге ғана емес, жалпы өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл – табиғатты аялау мен экологиялық туризмді өркендетуге қосылған зор үлес», – деді аудан әкімі.Жаңа су құбырының іске қосылуы Шарын шатқалына келушілерге қолайлы жағдай жасап қана қоймай, ұлттық парктің экологиялық тұрақтылығын сақтауға да ықпал етеді. Жоба мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді әріптестіктің нақты нәтижесі болып отыр.Ашылу рәсімінде қатысушылар табиғатты қорғау және туризмді дамытуға бағытталған осындай бірлескен бастамалардың өңір үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті.Бұл игі іс-шара Жетісу өңіріндегі экологиялық туризмнің дамуына жаңа серпін беріп, ұлттық парк қонақтарына жайлы жағдай жасаудың жарқын үлгісіне айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1076236?lang=kk
ҰЭМ Арнайы салық режимін қолданушылар тізімін талқылауға шығарды 14.10.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексі шеңберінде Үкімет қаулыларының жобасын ұсынып отыр. Талқылауға шығарылғандар:жеңілдетілгендекларациянегізінде арнаулы салық режимін (АСР) қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесі;өзін-өзіжұмыспенқамтығандар үшін АСР қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі.Бұл құжаттар Кодекстің 718 және 723-баптарын орындау үшін әзірленген және арнайы салық режимін қолдануды ретке келтіруге, ашықтықты арттыруға және кәсіпкерлікті қолдауға арналған.Тыйым салу тізіміЖеңілдетілген декларация негізінде АСР қолданыстағы екі режимнің, жеңілдетілген декларация мен бөлшек салықтың элементтерін біріктіреді.Режимді пайдалана алмайтындар:- табысы жылына 600 мың АЕК-тен (2, 359 млрд теңге) асатын бизнес субъектілері; -басқа компаниялардың үлесі 25%-дан асатын заңды тұлғалар; - құрылтайшылары немесе қатысушылары  бір мезгілде, АСР-дегі басқа заңды тұлғаларға қатысатын немесе құрылтайшысы болып табылатын ұйымдар;- коммерциялық емес ұйымдар;- арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын салық төлеушілер (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер);-АЭА, "Астана Хаб" қатысушылары;- бірлескен қызмет шарты бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер.Тыйым салынғандар тізбесіне ірі бизнеспен байланысты салалар: өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, жер қойнауын пайдалану, табиғи монополия субъектілерінің қызметі, көтерме сауда, 2000 шаршы метрден астам алаңдағы ритейл, телекоммуникация, интернет пен IT, қаржылық және сақтандыру қызметі, кәсіби агенттік және консалтингтік қызмет, ҒЗТКЖ және т. б. кіреді.1111 ЭҚЖЖ-ның ішінде шектеу 795 қызмет түріне (ЭҚЖЖ-ның 70%-ы) әсер еткенмен, салық төлеушілерге шаққанда, шамамен 30% ғана.Негізгі себеп — бұл салалардағы операциялардың едәуір бөлігі (жиынтық айналымның 76%-дан астамы) жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатын ірі бизнеспен жасалған мәмілелерге тиесілі: құрылыста — 99,9%, жер қойнауын пайдалануда-98,7%, көлік пен қоймада-96,7%.Жеңілдетілген режим құқығын сақтайтындарЖеңілдетілген режимді тұрғындарға бағдарланған 300-ге жуық қызмет түріне қалдыру ұсынылады:- 2000 шаршы метрге дейінгі алаңдағы бөлшек сауда (дәріханаларды қоса алғанда);- тауарларға пошта арқылы немесе Интернет желісі арқылы тапсырыс беру арқылы жасалатын бөлшек сауда, желілік маркетинг, сондай-ақ дүкеннен тыс басқа да бөлшек сауда;-тұру, тамақтану, тұрғын үйді жалға алу мен көлік қызметі;- жеңіл және тамақ өнеркәсібі;- жолаушы тасымалы;- мектепке дейінгі және қосымша білім беру саласындағы қызмет, медициналық және әлеуметтік қызмет;- тұрғындарға арналған тұрмыстық және құрылыс жұмысы;- шығармашылық индустрия, спорт, мәдениет;- ауыл шаруашылығы.Нәтижесінде жеңілдетілген режим барлық салық төлеушілердің шамамен 70%-ына беріледі. B2C-ге бағытталған шағын бизнес АСР бойынша жұмысын жалғастырып, ал ірі қызмет түрі жалпыға бірдей белгіленген режимге көшеді.Сонымен қатар, жалпы белгіленген режимге көшкен кезде айналымы жылына 40 млн теңгеге дейінгі салық төлеушілер ҚҚС төлемейді.Құжат АСР-ді жосықсыз пайдалануды қысқартуға, әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, салық жүктемесін әділ бөлуге және шағын бизнес үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға рұқсат беру тізімі ҚР Үкіметінің жекелеген қаулысымен ЖК тіркемеген, жұмыскері жоқ және айына 300 АЕК-ке дейінгі кіріс алатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қолжетімді қызмет түрлерінің тізбесін бекіту ұсынылады. Бұл өлшемшартқа 46 бағыт сәйкес келеді.АСР қолдану құқығы аяқ киім жөндеу, спорт пен демалыс саласындағы білім беру, мәдениет саласындағы білім беру, білім беру саласындағы басқа да көмекші қызмет, тұрғын үйді жинау, фотосурет қызметі, сұлулық салоны қызметі, мамандандырылған құрылыс жұмысы, такси қызметі, жалдау және жалға беру, компьютерлерді, жеке тұтыну затын, тұрмыстық тауар жөндеу, сондай-ақ өзге де жеке қызметтерде сақталады.«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы жобасына сілтемесі:  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15606691 «Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы жобасына сілтемесі: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15606668 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1076241?lang=kk
ЕАЭО кеден қызметтерінің Бірлескен алқасының кезекті отырысы өтті 14.10.2025
        2025 жылғы 26 қыркүйекте Душанбе қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің 51-ші Бірлескен алқа отырысы өтті.       Аталған отырысқа Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев бастаған делегация қатысты.       Кездесу барысында тараптар ЕАЭО кеңістігінде бірқатар тауарлардың жіктемесін біріздендіру, кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту, сондай-ақ инспекциялық-тексеру кешендері операторларының кәсіби шеберлігін жетілдіру мәселелерін қарастырды.      Кедендік транзит рәсімін жетілдіру мәселелері жеке блок ретінде қаралып, бұл бағытта нақты шешімдер қабылданды, соның ішінде мұндай операцияларды одан әрі автоматтандыру аспектілері де ескерілді.      Сондай-ақ, теміржол көлігімен тасымалданатын тауарлар бойынша электрондық құжат айналымы қағидаттарын қолдана отырып, кеден органдарының тауарларды кедендік транзит рәсіміне орналастыру және осы рәсімнің аяқталуы кезінде кедендік операцияларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.      Тараптар сондай-ақ кеден қоймасы және уақытша әкелу (рұқсат) рәсімдерін кедендік транзит рәсіміне орналастыру арқылы аяқтау кезінде құқық қолдану практикасы бойынша тәжірибе алмасып, кедендік аумақта босатылуын растайтын құжаттарсыз жүрген тауарлар мәселелерін талқылады.      Сондай-ақ, кеден қызметтері басшылары кедендік үдерістердің бірізділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар бірыңғайланған тәуекел индикаторларын бекітті.     Отырыс барысында Қазақстан тарапынан ЕАЭО елдерінің кеден қызметтеріне интеграциялық бірлестік аясында тауарлардың еркін қозғалысын одан әрі қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы назар аудартылды.     Кеден қызметтері Бірлескен алқасының келесі отырысын ағымдағы жылдың IV тоқсанында Ресей Федерациясында өткізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1075854?lang=kk
Камералық бақылау туралы не білу керек? 14.10.2025
Өңірлік коммуникациялар қызметінде "Камералдық бақылау: салық төлеушілер нені білуі керек" тақырыбында брифинг өтті. Камералдық бақылау дегеніміз не, оның алдында қандай міндеттер тұр, хабарламаларға қалай жауап беру керек және 2026 жылдан бастап не өзгереді – бұл туралы Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының басшысы Ғалия Сембаева айтып берді. – 2025 жылдың 8 айы ішінде салық төлеушілерге 13 мыңнан астам хабарлама жіберілді. Бұзушылықтар 10 500-ден астам салық төлеушілерде шамамен 500 млрд. теңге сомаға анықталды. Камералдық бақылау қорытындысы бойынша 15 млрд. теңгеден астам сомаға қосымша салық есептілігі ұсынылды, бюджетке шамамен 14 млрд. теңге өндірілді. Біз салық төлеушілерді камералдық бақылау хабарламаларына мұқият қарауға, оларға уақтылы жауап беруге және қажет болған жағдайда түсініктеме алуға шақырамыз. Бұл шоттарды бұғаттаудан, тексерулерден және басқа да ықпал ету шараларынан аулақ болуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ғалия Сембаева өз сөзінде. Кездесу барысында БАҚ өкілдері өзекті сұрақтарға жауап алды. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1075861?lang=kk
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы облыс активімен кездесті 14.10.2025
Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыс активімен бірге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаймен кездесті. Кездесуге Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Жолманов, зиялы қауым өкілдері қатысты.Аймақ басшысы мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру бағытында атқарылған жұмыстарды атап өтті.«Сыр өңірінің халқы Мемлекет басшымыздың, Үкіметіміздің барша бастамаларын қолдап келеді. Президентіміз «Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет» деп атап өткен болатын.Мемлекеттік қызметші – еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын, қоғамда адалдық пен әділеттіліктің үлгісін көрсететін халықтың айнасы. Жауапкершілігі жоғары салада Өздеріңізге жүктелген міндет пен жоғары сенімді ақтауда бар күш-жігерлеріңіз бен білімдеріңізді сарқып, ел-халыққа адал қызмет ете беруге шақырамын», – деді Н.Нәлібаев.Актив отырысында Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметті дамыту, кәсібилендіру, іріктеу процестерін жетілдіру, қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру бағытындағы кешенді шаралар туралы айтты.Жиында Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында елеулі еңбек еткен ардагерлерге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі табысталды.Еске салайық, биыл маусым айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру функциялары мен өкілеттіктері Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1075874?lang=kk
"БЖЗҚ" АҚ-да (БЖЗҚ) "Ашық есік күні": ҚР Салық кодексіндегібіржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер,Цифрлық БЖЗҚ – салымшыларға ыңғайлы болу үшін 14.10.2025
Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2025 жылғы 24 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ-ның барлық филиалдарында онлайн форматтағы Ашық есік күні өткізілді. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Онда БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері, тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістерді жеке табыс салығынан (ЖТС) босату көзделген. Алайда, бұл өзгерістің Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерге еш қатысы жоқ.Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өз пайдасына аударылған ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлем көзінен салық салынуға жататын табыстан Салық кодексінде белгіленген шектерде қолданылатын салықтық шегерімдер де жойылады. Бұл ретте жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшының пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайды (тиісінше, жеке табыс салығы салынбайды), ал жұмыс беруші үшін бұл шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Яғни бұл жағдайда салықтық жеңілдікті жұмысшы да, жұмыс беруші де пайдалана алады.Ашық есік күнін өткізу кезінде БЖЗҚ салымшыларына 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап күшіне енетін ҚР жаңа Салық кодексінің зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі ережелері туралы толығырақ ақпарат беріліп, БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсетілетін қызметтерімен таныстырды. Бұған қоса, БЖЗҚ қызметкерлері іс-шараның негізгі тақырыбы ғана емес, жалпы Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелерді де қозғап,тілек білдірушілермен жеке консультациялар өткізді.Онлайн кездесу үлкен қызығушылық тудырды және қатысушылардың пікірлері бойынша аса пайдалы және нәтижелі болды.Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша кәсіби ақыл-кеңесті БЖЗҚ филиалдарында да, enpf.kz сайтында, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде деонлайн ала алады. Оған қол жеткізу әдістері туралы іс-шарада айтылды. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                         Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1075875?lang=kk
Қазақстан мен Оманның сыртқы істер министрлері БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында кездесу өткізді 14.10.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші мерейтойлық сессиясына қатысу аясында Оман сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаидимен екіжақты кездесу өткізді.Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы әріптестікті тереңдету мәселелеріне баса назар аударылды. Тараптар тұрақты даму мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықаралық ұйымдар шеңберінде іс-қимылды үйлестірудің маңыздылығын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1075879?lang=kk
Алматы облысында жаңа индустриялық аймақ ашылды 14.10.2025
Жамбыл ауданындағы Теміржол ауылдық округінде «Қазыбек бек» индустриялық аймағының ашылуы өтті.Салтанатты іс-шараға іскерлік орта өкілдері, инвесторлар, жергілікті атқарушы органдар мен өңір тұрғындары қатысты. Индустриялық аймақтың жалпы аумағы 900 гектарды құрайды. Негізгі бағыттары – металлургия және металл өңдеу, құрылыс материалдарын шығару, машина жасау және өнеркәсіптік жабдық өндірісі, сондай-ақ жүк сақтау қызметтері. Жобаны іске асыру мерзімі 2027–2029 жылдарға жоспарланған.Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев индустриялық аймақтың құрылуы өңір мен тұтас ел экономикасын дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Өңдеуші өнеркәсіптің дамуына жаңа серпін беретін уақыт келді», – деп атап өткен болатын. Мемлекет басшысы Алматы, Қостанай, Қарағанды және Атырау облыстарында іске қосылған ірі машина жасау және металлургия кәсіпорындарын мысалға келтірді. Сонымен бірге, бұл жұмыстар жеткіліксіз екенін айтып, экономиканы әртараптандыруды жеделдетудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Осы тұрғыда негізгі басымдық – ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім өндіру. Бүгін ашылған «Қазыбек бек» индустриялық аймағы – осы міндеттердің нақты жүзеге асуының көрінісі және өңір экономикасының жаңа серпініне айналарына сенімдімін», – деді облыс әкімі.Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ, аталған бастаманы алғашқылардың бірі болып қолдаған инвесторлар мен серіктестерге алғыс білдіріп, алдағы уақытта облыс әкімдігі кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, инфрақұрылымды дамытып, бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті. Оның айтуынша, заманауи индустриялық аймақ жаңа инвестициялар тартуға, өндірістік секторды кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инновациялық жобаларды енгізуге, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға және экспорттық әлеуетті арттыруға жол ашады.Бүгінгі таңда «Қазыбек бек» индустриялық аймағына жалпы құны 454 млрд теңгені құрайтын 11 қатысушы тартылған. Бұл жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 2495 жаңа жұмыс орны ашылады.Инвесторлардың бірі – «KAZAKZSTANYULIN IRRIGATION EQUIPMENT» ЖШС жобасының жетекшісі әрі бас директордың орынбасары Серікжан Болатұлы Нұрсейітов өндіріс орнын ашуға қолдау көрсеткен облыс әкімдігіне алғысын білдіріп, жобаның болашағына сенімді екенін жеткізді.«Бізге жер телімін бөліп бергені үшін Алматы облысының әкімдігіне алғыс айтамыз. Біздің жобамыз – ауыл шаруашылығы техникасының кең спектрін шығаратын заманауи зауыт құру. Мұнда өсімдік шаруашылығына арналған машиналар, жаңбырлатып суару қондырғылары, мал шаруашылығы техникасы, сұйық және қатты тыңайтқыш енгізуге арналған жабдықтар, сондай-ақ жоңышқаны ұнтақтайтын арнайы машиналар және басқа да техника өндіріледі. Зауыт заманауи технологиялармен жабдықталады, жылдық қуаттылығы – 500 дана ауыл шаруашылығы техникасы. Өнімдерді енгізу шаруалардың импортқа тәуелділігін азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жоба өңір индустриясының дамуына серпін беріп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосады деп сенеміз», – деді Серікжан Болатұлы.Қазіргі таңда Алматы облысының инвестициялық портфелінде жалпы құны 6,3 трлн теңгені құрайтын 229 жоба бар. 2025 жылы 302,7 млрд теңге көлеміндегі 35 жобаны іске қосу жоспарланған. Олар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм және инфрақұрылым салаларын қамтиды және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосуда.Айта кетейік, Алматы облысы – Қазақстандағы ең серпінді дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Қытай және Қырғызстанмен шектесетін қолайлы географиялық орналасуы, дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымы мен инвестициялық ахуалы тұрақты өсімге мүмкіндік беріп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1075899?lang=kk
Павлодарда бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өтті 14.10.2025
Павлодарда мақсаты бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылау, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ бірлескен шешімдер әзірлеу болған маңызды іс-шара – бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өтті. Іс-шараға Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, бизнес-қоғамдастықтың, өңірлік Кәсіпкерлер палатасының, бақылау және қадағалау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. - Департаменттің жұмысы барлық бизнес субъектілері үшін тең жағдай жасауға, әкімшілік жүктемені азайтуға және салықтық және кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Біз процестерді цифрландыруға тексерулерді төмендетуге ұмтыламыз және диалогқа ашықпыз. Кәсіпкерлердің жауапты ұстанымына үміттенеміз, - деп атап өтті аудит басқармасының басшысы Мұрат Жұмабеков. Кездесу барысында мемлекеттік органдардың өкілдері кәсіпкерлердің барлық сұрақтарына жауап берді. Бизнес-қоғамдастық өз кезегінде осындай іс-шараларды тұрақты өткізуге қызығушылық білдірді. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1075902?lang=kk