Enbekshi QazaQ

Экономика

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Алматы облысының тұрғындарымен кездесті 19.02.2026
Қонаев қаласының Мәдениет үйінде жаңа Конституция жобасы мен 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға арналған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің кездесуі өтті. Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Жиынға Мәжіліс депутаттары Мақсат Толықбай, Жанарбек Әшімжанов, Сергей Пономарев және қоғамдық институттар, әлеуметтік қолдау саласының өкілдері, білім беру саласының мамандары, жастар ұйымдары мен өңір белсенділері қатысты.Отырыс барысында Аида Балаева ұсынылған жаңа Конституция жобасының басты өзегі – азаматтардың мүддесін қорғау және елдің ұзақмерзімді тұрақты дамуы екенін атап өтті. Құжатта мемлекеттің бағыты, қоғамның қандай құндылықтарға сүйеніп дамитыны және билік пен халық арасындағы қатынастың жаңа деңгейі айқын көрініс тапқан.«Ең алдымен, Жаңа Конституцияның Преамбуласына тоқталғым келеді. Онда адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің ең жоғары басымдығы ретінде айқын белгіленіп отыр. Бұл – мемлекеттік саясаттың философиясын түбегейлі өзгертетін қағидат. Яғни мемлекет енді азамат үшін, азаматтың қадір-қасиеті үшін қызмет етуі тиіс деген ұстаным заңның өзегіне айналып отыр. Сонымен қатар бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің берік іргетасы ретінде бекітілген. Алматы облысы секілді көпэтносты, көпконфессиялы өңір үшін бұл нормалардың маңызы айрықша», – деді ол.Жобаны дайындау барысы мен негізгі институционалдық өзгерістер туралы толық ақпаратты Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев баяндады. Оның айтуынша, жұмыс кезең-кезеңімен және ашық форматта жүргізілді, ал ұсынылған түзетулер жүйенің тиімділігі мен саяси жауапкершілікті арттыруға бағытталады.«Уақыт өзгеріп жатыр, сондықтан жаңа Конституция да қажет болды. Жұмыс өткен жылдың қыркүйегінде басталып кетті. Бұл процесс «асығыс әрі жабық түрде өтті» деу шындыққа жанаспайды. Қарашадан бастап парламенттік комиссия жұмыс істеді, кейін конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12 отырысы өтті. Жалпы 130 адам – белгілі заңгер-ғалымдар, депутаттар, фракция жетекшілері мен сарапшылар қатысты. Барлығы ашық түрде өтті», – деді депутат.Ата заңды жаңартуда адами капитал мен жастар саясатының маңызын Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай айқындап берді. Ол Конституция азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететінін және заман талабына сай болуы тиіс екенін айтты.«Конституция – әрқайсымыздың өмірімізге тікелей ықпал ететін басты құжат. Маңызды мәселелерді халық референдум арқылы шешуі қажет. 1995 жылғы Конституциядағы кейбір нормалар бүгінгі талаптарға сай емес. Білім, ғылым және инновациялар Преамбулада негізгі құндылық ретінде белгіленуі бекер емес. Бізге жастардың интеллектуалдық әлеуетін ашу маңызды», – деді Мақсат Толықбай.Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов сөз сөйлеп, жобаны мұқият зерделеу қажеттігін атап өтті. «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова жаңа құжаттағы отбасы құндылықтарына тоқталды. «Қазақстан халқына» ҚҚ төрағасы Ләззат Шыңғысбаева құжаттың әлеуметтік бағытын сөз етті. Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілепов білім мен ғылымның рөліне ерекше назар аударды.Кездесу соңында қатысушылар республикалық референдумға белсенді қатысу – елді жаңғырту мен интеллектуалдық әлеуетті нығайтудың маңызды қадамы екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1165282?lang=kk
Қонаевта кәріз-тазарту жүйесінің құрылысы басталды: 30 млрд.теңгеден астам қаржы жұмсалады 19.02.2026
Қонаев қаласында бірнеше жылдан бері шешімін таппаған күрделі мәселеге нүкте қойылады. Жағымсыз иіс шығарып, 100% тозығы жеткен кәріз-тазарту жүйесінің орнына басқасы салынады.Ескірген нысан қаладан 3-4 шақырым жерде орналасқан. Ал жаңа кәріз-тазарту жүйесі Қонаевтан 15 шақырым жерде бой көтереді.Құрылысқа тапсырыс беруші – Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы. Жоба мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жүзеге аспақ. Әріптес компания – «Daur Capital» ЖШС. Нысанның құрылысы 20 ай ішінде аяқталады деп жоспарлануда. Оған 33 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ.Жаңа нысанның қуаттылығы тәулігіне 25 текше метрден астам суды сүзгіден өткізуге мүмкіндік береді. Кәріз-тазарту жүйесі 215 гектар аумақта салынады. Қазіргі таңда жер жұмыстарын бастауға дайындық жүріп жатыр. Негізгі технологиялық жабдықтар, құбырлар және жинақтаушы тоғандарға арналған гидрооқшаулағыш материалдар сатып алынды.Тозығы жеткен кәріз-тазарту жүйесі жаңасы іске қосылғаннан кейін рекультивацияланады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1165254?lang=kk
Арқалықта Отбасын қолдау орталығы ашылды 19.02.2026
Арқалық қаласында отбасылық құндылықтарды нығайтуға және тұрғындарға кешенді көмек көрсетуге бағытталған Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады. Жаңа мекеме отбасы институтын дамытуға, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуге арналған.Орталықтың қызметі отбасыларға әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және ақпараттық көмек көрсетуге бағытталған. Қызметтік құрамы 6 бөлімшеден тұрады. Атап айтқанда, психологиялық көмек көрсету, құқықтық кеңес беру, жастар және ата-аналармен жұмыс, әлеуметтік қолдау, медиация және даулардың алдын алу, сондай-ақ қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бөлімшелері жұмыс істейді.Орталық түрлі мемлекеттік мекемелермен және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Бұл өз кезегінде отбасыларға кешенді әрі нәтижелі көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары, ішкі істер органдары және өзге де құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау дағдарыстық жағдайларға жедел әрекет етуге және қиын жағдайға тап болған отбасыларға сапалы қызмет көрсетуге жол ашады.Мекеме өз жұмысын қолжетімділік, құпиялылық және әрбір отбасыға құрметпен қарау қағидаттары негізінде жүзеге асырады. Бұл ұстанымдар мамандардың қызметінде сенімділік атмосферасын қалыптастырып, азаматтардың жеке мәліметтерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және отбасылардың өз мәселелерін ашық түрде шешуіне ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1165245?lang=kk
«Астана» шағын ауданында жаңа тұрғын үйлердің кілттері тапсырылды 19.02.2026
Жаңа 43 баспана иелерінің 70 пайызы – әлеуметтік аз қамтылған отбасылар.Қостанай қаласы агломерациясындағы «Астана» шағын ауданында жаңа пәтер иелерінің қатарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы және толық емес отбасылар бар.Пәтерлердің барлығы таза әрленген күйде тапсырылып отыр, көпқабатты үй қажетті инженерлік коммуникациялармен толық қамтамасыз етілген.«Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысы саласына ерекше назар аударып келеді. Соңғы үш жылда өңірде 1,5 млн шаршы метрден астам баспана салынды. Тек өткен жылы облыс бойынша 517,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 63,7 мың шаршы метрі ауылдық жерлерге тиесілі. Соның арқасында 5,5 мың отбасы баспаналы болды», – деді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.«Астана» шағын ауданында бір жарым жылда 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 450 заманауи пәтер пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 13 бесқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Биыл тағы 16 көпқабатты тұрғын үй құрылысын бастау жоспарланып отыр.Жалпы, шағын ауданда 154 көпқабатты тұрғын үй салынып, 60 мың адамды қамту көзделген.Бұдан бөлек, жастарды баспанамен қамту мақсатында аймақтың барлық өңірінде «Қостанай жастары» бағдарламасы іске асырылуда. Соңғы үш жылда бұл бағдарламаға шамамен 5 млрд теңге бағытталды. Нәтижесінде 340-тан астам жас отбасы өз баспанасына қол жеткізді. Биыл тағы 1,8 млрд теңгеге займ беру жоспарланып отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1165032?lang=kk
Қостанай ауданының Еңбек ауылында жаңа мектеп ашылды 19.02.2026
Еңбек ауылындағы оқу ордасы қазіргі заман талабына сай салынып, оқушылардың білімі мен қабілетін дамытуға барлық жағдай жасалған. 1962 жылы бой көтерген бұрынғы мектеп ғимараты әбден тозығы жетіп, аймақ басшылығы оның орнына жаңа білім ошағын салу туралы шешімге келді. Оның үстіне, Еңбек елді мекені облыс орталығына іргелес, халқы орнығып қалған келешегі бар ауыл.   «Ел Президентінің ауылдық аймақтардағы мектеп инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Еңбек ауылында жаңа білім ордасы ашылды. Соңғы үш жылда жас буынға арнап аймақта 19 әлеуметтік нысан, оның ішінде 9 мектеп, 6 балабақша және 3 шығармашылық орталығы пайдалануға берілді. Мектептердің екеуі Қостанай ауданында салынып отыр», – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1165004?lang=kk
Көктемгі су тасқынына әзірлік 17.02.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өткен әкімдік отырысында 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралды. Жиынға облыстық департаменттер, басқармалар мен жауапты мекемелердің басшылары қатысты.Мемлекет басшысы бірқатар өңірлерде су тасқынының болуына ерекше назар аударды.Бүгінгі таңда облыста материалдық-техникалық жабдықтау және Жедел штабтың жұмысы оң нәтиже көрсетіп отыр.«Су тасқыны қаупі бар өңірлер үшін шамамен 1 млрд теңгеге 50 бірлік техника сатып алынды. Оның ішінде 7 жоғары өтімді техника, 3 вахталық автокөлік, 20 жол талғамайтын техника бар. Қарасу ауданында салынған су бұру арнасы елді мекендерді су басу қаупін төмендетіп, өзінің тиімділігін дәлелдеді», – аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.Өңірде 32 қорғаныс бөгеті тұрғызылып нығайтылды, Тобыл өзені бойында жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді, автомобиль жолдарында 2 мыңнан астам су өткізу құрылыстары мен кәріз жүйелері тазартылды. Жолдардың 13 учаскесінде 38 су өткізу құбыры орнатылды. 9 гидротехникалық құрылыста қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.Қазіргі кезеңде өңірлерден 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылды. Резервте шамамен 4 млрд теңге қарастырылған.Қазіргі уақытта мұзды жару орындары анықталды.Биыл жедел штаб ағымдағы жылдың 1 наурызында өз жұмысын бастайды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1163591?lang=kk
Рудный қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында макулатура жинау өтуде. 17.02.2026
Рудный қаласының мектеп оқушылары қайта өңдеуге арналған макулатура жинау ісіне белсенді түрде атсалысуда. Экологиялық бастама қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтуде.Акцияның жас қатысушылары ескі кітаптар, газеттер, журналдар мен пайдаланылған дәптерлерді жинап жүр. Олар макулатураны үйлерінен әкеліп, көршілеріне жүгінеді, кәсіпорындарда жинау жұмыстарын ұйымдастырады және тіпті көшеден қайта өңдеуге жарамды материалдарды табады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жұмыс қоршаған ортаны тазартуға ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын тәрбиелеуге де ықпал етеді.Қағазды қайта өңдеу табиғи ресурстарды сақтауда маңызды рөл атқарады. Мәселен, жиналған макулатураның әрбір тоннасы кемінде 17 ағашты сақтап қалуға мүмкіндік береді, сондай-ақ полигондардағы қалдық көлемін азайтып, экожүйеге түсетін жүктемені төмендетеді.Акция мектеп оқушыларын, педагогтарды және қала тұрғындарын біріктіріп, жастардың экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуының жарқын үлгісіне айналды. Мұндай бастамалар экологиялық сананы қалыптастыруға ықпал етіп, әр адамның аз ғана күш-жігерінің өзі табиғатты сақтауға елеулі үлес қоса алатынын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1163321?lang=kk
Еңбек нарығындағы серпіліс: Алатауда бос жұмыс орындары ұсынылды 17.02.2026
Алатау қаласында халықты тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған жоспар аясында “Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі” өтті. Шараға Алматы облысының еңбек мобтльділігі орталығы КММ-нің Алатау қаласы бойынша мансап орталығы ұйытқы болды.Жәрмеңкенің басты мақсаты- тұрғындар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыс іздеп жүрген азаматтар мен жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамту.Айта кетейік, жыл басынан мансап орталығы қызметіне 126 адам жүгінген. Ал аталған жәрмеңкеге 48 азамат қатысты. Оларға 12 жұмыс беруші тарапынан 48 бос жұмыс орны ұсынылды. Қатысушылардың ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған 25 азамат пен 10 жас болды. Шара қорытындысы бойынша 3 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, пробация есебіндегі 8 тұрғын жұмыспен қамтуға жолдама алып, олардың 3-еуі тұрақты қызметке қабылданды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жәрмеңкелер алдағы уақытта да жалғасын тауып, халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Бұл – әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1163044?lang=kk
Астанада Орталық Азия елдерінің Ауғанстан бойынша Өңірлік байланыс тобының отырысы өтті 16.02.2026
Астана, 2026 жылғы 16 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Орталық Азия елдерінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілдерінің Өңірлік байланыс тобының кезектен тыс отырысы өтті.Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Еркін Тұқымов Қазақстанның Кабулмен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасуға және практикалық шешімдер іздеуге мүдделі екенін атап өтті.Тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдайды және практикалық өзара әрекеттестік мәселелерін, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, Ауғанстан аумағы арқылы транзиттік-көлік дәліздерді кеңейту, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады.Қатысушылар Ауғанстанның тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз ету мүддесінде Орталық Азия мемлекеттерінің күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Өңірлік байланыс тобы аясында тұрақты консультацияларды жалғастыруға және жұмыс байланыстарын қолдауға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1162699?lang=kk
Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды 16.02.2026
2026 жылғы 16 ақпандағы облыс әкімінің өкімімен Байғалық Ернат Елүбайұлы Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.Ернат Елүбайұлы 1983 жылы туған, білімі жоғары. 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2006 жылы аталған университеттің «құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген.  2006 жылы Тұран университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық комитетінде салық инспекторы болып бастаған.Әр жылдары Алмалы ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім басшысы, Алматы облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы – бас бақылаушы-тексерушісі, Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы, басшының орынбасары қызметтерін атқарған.2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымында қызмет етті.Сондай-ақ облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1162537?lang=kk
Қонаев қаласындағы әлеуметтік-экономикалық жобалардың орындалуы облыс әкімі бақылауында 16.02.2026
Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспары аясындағы іс-шараларды орындау мәселелері бойынша кеңес өтті. Жиында қалалық жобалардың орындалу барысы талқыланып, өзекті проблемалық мәселелер қаралды.Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов баяндама жасап, соңғы үш жылдағы даму бағыттары, қол жеткізілген нәтижелер, экономикалық өсім көрсеткіштері, жүзеге асқан инвестициялық жобалар, сондай-ақ туризм, құрылыс және сәулет салаларының дамуы туралы ақпарат берді.2022–2025 жылдары Қонаев қаласында 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, жалпы сомасы 46,3 млрд теңгені құраған 350-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Биылғы жылы 4 жоба 5,1 млрд теңге көлемінде аяқталып, 190 жаңа жұмыс орны құрылуы жоспарлануда.№ 6 -7-ші жағажайларды және демалыс аймақтарын реконструкциялау үшін 2,3 млрд теңге қажет. «Көшпенділер қаласы» бизнес-объектілерін электрмен жабдықтау жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттарға түзетулер енгізу қажет, бұл мақсатқа биыл 350 млн теңге сұралуда. Иледен өтетін 300 метрлік жаяу жүргінші көпірін салу жобасы әзірленуде, ол «Көшпенділер қаласы» мен «Тамғалы-Тас» туристік нысандарын байланыстырады. Сонымен қатар, «Қонаев – Баканас» тас жолынан «Тамғалы-Тасқа» дейін 8,2 км автожол салу жоспарлануда.Энергетика саласында негізгі жоба - «Арна» түйіндік қосалқы станциясы, ол Қонаев пен Алатау қалаларының дамуына серпін береді. Жаңа Іле мен 10-шы шағынаудан аймақтарында тағы төрт қосалқы станция салу жоспарлануда.Қала газдандыру жобасы біртіндеп дамып келеді. Жоба Спутник, Рауан, Арна, 12А, 12Б, 19–20 шағынаудандарын қамтиды, сонымен қатар Шеңгелді ауылдық округі мен демалыс массивтері үшін желілер жобалануда. Сол уақытта тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінен газ желілерін қосу, күтіп-ұстау қызметтері мен инвестициялық бағдарлама аясындағы желілерді дамытуға қатысты шағымдар түскені хабарланды.Құрылыс саласында соңғы үш жылда атқарылған жұмыстар көлемі 35,9 млрд теңгені құрап, 94 474 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Әлеуметтік осал топтар үшін 456 пәтер 10,3 млрд теңгеге алынған.Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов 2023 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен Қонаев қаласының 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық кешенді жоспары бекітілгенін хабарлап, онда 187 іс-шара қарастырылғанын айтты. 2026 жылдан бастап жоспар күшін жойып, шаралар облыстың даму жоспарына біріктірілген, оның ішінде 18 іс-шара жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады.Облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев әкімшілік ғимараттар, әлеуметтік нысандар және инженерлік инфрақұрылымды дамыту туралы баяндады. Басымдық бойынша Департаменттер үйі, облыстық сот ғимараты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және басқа әкімшілік нысандар салу жоспарлануда. Мәдениет пен спорт саласында «Самұрық-Қазына» АҚ қаражаты есебінен драмалық театр салу, жеке инвестициялар арқылы «Қонаев-Арена» стадионы, Мектеп оқушылары сарайы мен зерттеу зертханасы бар мұражай салу жоспарлануда.Тұрғын үй құрылысы бойынша 2022 жылы басталған үш 60-пәтерлік үй 2024 жылы жұмыстар тоқтағаннан кейін ТОО «Sanur Stroy-A» арқылы жалғастырылды. Аяқталуы биылғы жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Тағы 7 үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Мемлекеттік-жеке әріптестік аясында 438 га аумақта кәріз-шаю құрылыстары жүргізіліп, инвестиция 33,4 млрд теңге болады. «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық бағдарламасы бойынша 15 жоба 74,92 млрд теңгеге әзірленген, бұл 98,26 км су, жылу және электр желілерін жаңартуға мүмкіндік береді.Облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы жер ресурстарын тиімді пайдалану және агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы баяндады. 2022 жылдан бастап 47,8 мың га пайдаланылмаған жер (188 учаске) анықталып, оның 27,8 мың га мемлекет меншігіне қайтарылып, 12,2 мың га айналымға енгізілген. Конкурс арқылы 63 учаске беріліп, 8 жайылым учаскесі бекітілген. Биыл 17 мың га жерді айналымға енгізу жоспарлануда.Ауыл шаруашылығында 2026 жылға физикалық көлем индексі 104,8% белгіленген. Егістік жерлер 13 528 га дейін артты, мал азықтық дақылдар қысқарып, майлы дақылдар, жүгері және арпа егіледі. Соңғы үш жылда су үнемдейтін технологияларды қолдану 1,4 мыңнан 5,2 мың га дейін өсті, бұл егістік жерлердің 41%-ын қамтиды. 2025 жылы ет өндірісі 3 848 тоннаға, сүт 3 643 тоннаға, жұмыртқа 77 мың данаға артқан. 3 295 га жер бөлінген екі сүт фермасын салу жоспарлануда, іске қосу 2027–2028 жылдарға жоспарланған.Қорытындысында проблемалық мәселелерді шешу жолдары қаралып, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуді басты назарға алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1162493?lang=kk
Құқықбұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті 14.02.2026
Облыс әкімі төрағалығымен құқықбұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдары мен прокуратураның өкілдері, тиісті басқармалар басшылары, сондай-ақ аудан және қала әкімдері онлайн режимде қатысты.Күн тәртібінде электронды темекінің заңсыз айналымын болдырмау, ақша бопсалау фактілерін алдын алу, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды. Облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары Бағдат Әшімов аймақтағы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық деңгейінің төмендегенін хабарлады, алайда шешілмеген мәселелердің де бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, құқық бұзған балалардың жартысына жуығы алдын ала есепте болмаған, бұл білім беру ұйымдарында девиантты мінез-құлықты ерте анықтау жұмысының жеткіліксіздігін көрсетеді. Сонымен қатар, тәуекел топтарымен жұмысты тиімді жүргізу қажеттігіне назар аударылды.Облыстық білім басқармасының міндетін атқарушы Ақмарал Әтенбекова кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтарды алдын алу кешенді тәсілді қажет ететінін айтты. Приоритетті міндеттердің қатарында мектеп психологтарының жұмысын жетілдіру және жергілікті атқарушы органдар мен білім ұйымдары арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту көзделген.Жиынды қорытындылай келе, облыс әкімі Қонаев қаласының әкімдігіне, аудан әкімдеріне, облыстық полиция департаментіне және білім басқармасына жүйелі шараларды әзірлеу мен іске асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.Сондай-ақ, биылғы жылдың бірінші тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның алғашқы отырысы өткізілді. Жиында ветеринариялық станса қызметі, жер қатынастары саласы және бюджеттік процестердің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары қаралды.Облыс әкімі сыбайлас жемқорлықпен күрес әр мемлекеттік қызметкердің жауапкершілігі екенін және ол барлық деңгейде жүйелі әрі нәтижелі жүргізілуі қажет екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1161841?lang=kk
Арқалық қаласында 55 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді 14.02.2026
Арқалық қаласында мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған 55 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.2025 жылы Байтұрсынов көшесі, 13 мекенжайында орналасқан 48 пәтерлі тұрғын үй жөндеуден өткізіліп, халықтың әлеуметтік осал топтарына берілген болатын. Биыл аталған бағыттағы жұмыс жалғасып, Байтұрсынов көшесі, 12 мекенжайындағы 55 пәтерлі тұрғын үй баспанаға мұқтаж азаматтарға табысталды.Жаңа тұрғын үйде 1 бөлмелі – 17 пәтер, 2 бөлмелі – 20 пәтер, 3 бөлмелі – 18 пәтер бар.Пәтер кілттері көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, I–II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға, толық емес отбасыларға және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға берілді.Бұл бастама – әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды баспанамен қамту бағытындағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1161836?lang=kk
Кәсіпкерлік грантқа 200 миллион теңге бөлінді 14.02.2026
Алматы облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 200 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы хабарлады.Гранттар әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлерге бағытталған. Атап айтқанда, әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамтып отырғандар, мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетіп, арнайы тауар өндіретіндер және қоғамға пайдалы өзге де іспен айналысатын кәсіпкерлер қатыса алады.Бір жобаға берілетін максималды қаржы көлемі – 5 миллион теңге. Грантқа қатысу үшін үміткерлер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне тіркелуі қажет. Өтінімдер KEZEKTE.KZ ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.Мысалы, өткен жылы өңірде 28 жобаға 140 миллион теңге бөлінген. Мамандардың айтуынша, мұндай қолдау жаңа бизнес бастамаларды іске асыруға және жастардың кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Райымбек Иемберді құжат қабылдау мерзімін нақтылады.«Наурыз айының 1 мен 15 аралығында әлеуметтік кәсіпкерлік реестріне тіркелу үшін құжаттар қабылданады. Кәсіпкерлерді Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына келіп, құжаттарын қолма-қол тапсыруға шақырамыз. Реестрге тіркелу арқылы грант иегері атануға үлкен мүмкіндік бар екенін хабарлаймыз», – деді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1161838?lang=kk
Казахстан мен Қырғызстан одақтастық қатынастарды нығайтуды жалғастыруда 13.02.2026
Бішкек, 2026 жылғы 13 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Бішкек қаласына ресми сапары аясында Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен кездесті.Келіссөздер барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қазақ-қырғыз ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады.Қазақстан Сыртқы істер министрі мемлекеттер басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында екіжақты қатынастар өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне көтерілгенін атап өтті.«Жоғары деңгейдегі өзара сапарлардың қорытындысы бойынша бауырлас қазақ-қырғыз қатынастарын одан әрі нығайтудың нақты бағыты айқындалды. Өз тарапымыздан Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықты мәңгілік достық пен тату көршілік рухында жан-жақты дамыту үшін бар күш-жігерімізді салуға ниеттіміз», – деді Е.Көшербаев.Өз кезегінде Ж.Кулубаев бауырластық пен тату көршілік қағидаттарына негізделген екі мемлекет арасындағы одақтастық қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын растады.Тараптар соңғы жылдары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру шараларын жан-жақты талқылап, үкіметаралық өзара іс-қимыл желісі бойынша байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.«Қазақ-қырғыз қатынастары қарқынды дамып келеді. Екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жылдан жылға нығаюда, және Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды жан-жақты тереңдетуге ниеттіміз», – деп атап өтті Е.Көшербаев.ҚР СІМ басшысы Қазақстан Қырғызстанның ең ірі үш сауда серіктесінің қатарында берік орын алып отырғанын айтты. Өзара сауда көлемі 2 млрд АҚШ долларын құрады, және бұл көрсеткішті 3 млрд долларға дейін арттыру мақсаты қойылған. Бұған тауар айналымы номенклатурасын әртараптандыру, өңіраралық байланыстарды одан әрі дамыту және жаңа бірлескен жобаларды іске қосу, оның ішінде трансшекаралық Индустриялық сауда-логистикалық кешен құру ықпал ететін болады, оның іске қосылуының мультипликативтік әсері қазақ-қырғыз ынтымақтастығының барлық бағыттарына таралады.Е.Көшербаев соңғы 20 жылда қазақстандық компаниялардың қырғыз экономикасына салған инвестициялары 1,4 млрд АҚШ долларын құрағанын атап өтті, сонымен қатар екі елдің мүддесіне инвестициялық өзара іс-қимыл аясын кеңейту сәйкес келеді. Осыған байланысты сыртқы саяси ведомстволардың басшылары ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін атап өтіп, энергетика, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларында өзара тиімді ықпалдастықты дамытуға жәрдемдесуге дайын екендерін білдірді.Екі бауырлас халық арасындағы берік әрі ұзақ мерзімді қатынастардың негізі – мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету перспективалары жеке қарастырылды. Тараптар өткізілетін іс-шаралардың қарқындылығына қанағаттанушылық білдірді. Өткен жылы Қырғызстанда Қазақ киносының күндері, Қазақстан-Қырғызстан Жастар форумының 3-отырысы, сондай-ақ Бішкек қаласында «Алтын көпір» ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті. Қазақстанда Ш.Айтматовтың аттас повесі негізінде қойылған «Жәмилә» мюзиклінің премьерасы өтті. Биылғы қаңтар айында Астанада Қырғыз киносының күндері табысты ұйымдастырылды.Кездесу барысында министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасты. БҰҰ аясында тығыз өзара іс-қимылға бейілділіктерін және екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын ілгерілету барысында өзара қолдау көрсетуге дайын екендерін растады.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесі алаңында да ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайындық расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1161450?lang=kk
Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдайтын өңірлік коалиция құрылды 13.02.2026
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясын құру жөніндегі республикалық бастама аясында Алматы облыстық коалициясы құрылды.Облыста коалиция құрамына 300-ден астам адам кірді. Олардың қатарында мәслихат төрағалары мен депутаттары, саяси партия филиалдарының жетекшілері, заңгерлер, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар, кәсіподақ және жастар бірлестіктерінің мүшелері бар.Өңірлік коалиция жетекшісі Қуат Байғожаевтың айтуынша, коалицияның басты мақсаты – Конституциялық өзгерістердің мән-маңызын тұрғындарға кеңінен түсіндіру, қоғамдық пікір алмасу алаңдарын ұйымдастыру және реформаларды қолдауға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу.«Жаңа Конституция саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған. Құжатты әзірлеу барысында азаматтар мен сарапшылардан мыңдаған ұсыныс түсті. Бұл оның ашық форматта дайындалғанын көрсетеді. Өңірде біз халықпен кездесулер өткізіп, негізгі өзгерістер туралы ақпарат береміз», – деді Қуат Байғожаев.Алатау қалалық коалиция жетекшісі Роза Абилова да Негізгі заң жобасының маңызына тоқталды.- «Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесіне ерекше мән берілген. Сонымен қатар мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыру көзделген. Сондықтан тұрғындардың референдум қарсаңында ұсынылып отырған өзгерістермен танысуы маңызды», – деді Роза Абилова.Өңірлік коалиция алдағы уақытта облыс аумағында ақпараттық-түсіндіру кездесулерін, ашық диалог алаңдарын және қоғамдық талқылауларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар шалғай елді мекендердегі тұрғындармен де кездесулер өткізу көзделген.Айта кету керек, жаңа Конституция бойынша республикалық референдум 15 наурызда өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1161422?lang=kk
Қазақстан мен Қырғызстан одақтастық қатынастарды дамытуды жалғастырып, стратегиялық диалогты нығайтуда 13.02.2026
Бішкек, 2026 жылғы 13 ақпан – Бішкекке ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қабылдады.Әңгімелесу барысында С.Жапаров Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетудің маңыздылығын айқындап, екі мемлекет арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың дамуындағы оң серпінді қанағаттанушылықпен атап өтті.Өз кезегінде Е.Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебіз бен ізгі тілектерді жеткізіп, жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берді.«Қазақ-қырғыз қарым-қатынастарының әлеуеті зор әрі олар жыл сайын жаңа сапалы мазмұнмен толыға отырып, жыл сайын өрлеу бағытында дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Бұған, ең алдымен, Сіздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен арадағы тұрақты саяси диалогыңыз ықпал етуде», – деп атап өтті Е.Көшербаев.Сондай-ақ, Министр Қазақстан екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуді өзара ықпалдастықты тереңдетудің негізгі факторларының бірі ретінде қарастыратынын айтты. Ол біздің еліміздің Қырғызстанның ірі сауда серіктестерінің үштігінде берік орын алып отырғанын атап өтті. Өзара сауда көлемі 2 млрд АҚШ долларын құрады және бұл көрсеткішті 3 млрд долларға дейін жеткізу мақсаты қойылған.Кездесуге қатысушылар екі елдің көпжақты форматтағы ынтымақтастығын жоғары бағалап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бауырлас мемлекеттердің одақтастық қатынастарды дәйекті түрде нығайту бағытына бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1161357?lang=kk
Балқаш ауданында қайтарымсыз мемлекеттікгрант беру жұмыстары жүргізілуде 12.02.2026
Балқаш ауданы бойынша 2025 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 400 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі қайтарымсыз мемлекеттік грант беру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.Аталған мемлекеттік грант халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға арналған. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, көпбалалы отбасыларға, асыраушысынан айырылғандарға, мүгедектігі бар азаматтарға, қандастарға және өзге де әлеуметтік санаттағы азаматтарға кәсіпкерлік бастамаларынжүзеге асыруға қолдау көрсетіледі.Бағдарлама аясында барлығы 23 өтінім қабылданып, конкурстық комиссияның шешімі негізінде 19 азаматқа грант беру туралы оң шешімқабылданды.Қазіргі уақытта грант иегерлері өз жобаларыніске асырып, кәсіпкерлік қызметтерін жүргізуде. Грант қаражаты жаңа жұмыс орындарын ашуға, табыс көзін қалыптастыруға және азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.Балқаш аудандық Мансап орталығы тарапынангрант қаражатының мақсатты әрі тиімді игерілуінетұрақты мониторинг жүргізілуде. Жобалардың орындалу барысы бақылауға алынып, әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетілуде.Сонымен қатар, 2026 жылға аудан бойынша 75 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарлануда. Аудан көлемінде аталған грант бойынша халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындарға грант алушарттары, талаптары және құжаттарды тапсырутәртібі бойынша ақпараттық-кеңес беру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда.Аталған шаралар аудан тұрғындарының кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға және халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеруге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1160528?lang=kk
Қостанай облысында жеті ірі инвестициялық жоба жүзеге асты 12.02.2026
Қостанай облысы әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны бойынша республикадағы жетекші өңірлердің бірі ретінде оң динамиканы сақтап келеді. Мемлекет басшысы алға қойған жыл сайынғы экономикалық өсімді кемінде 6 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету міндетін Тобыл өңірі 8 пайыздық нәтижемен орындап, жоспарлы көрсеткіштен жоғары межеге қол жеткізді.Соңғы үш жылда облыс бюджеті 1,5 есеге ұлғайды. Орташа жалақы көлемі де 1,5 есеге өссе, негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,6 есеге артты. Осы кезеңде өңірге тартылған шетелдік инвестициялар көлемі 1,5 млрд АҚШ долларына жетті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша да облыс экономикасының өсімі республикалық деңгейден жоғары қалыптасты.Жұмыспен қамту саласында да оң өзгерістер бар. Өткен кезеңде 47 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 26,4 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 23,7 пайызға қысқарды.Өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 3,5 трлн теңгеге жетті. Өңірде жалпы құны 322 млрд теңгені құрайтын жеті ірі инвестициялық жоба іске асырылды. Солардың ішіндегі ең ауқымдысы – КІА автозауыты. Кәсіпорында кореялық брендтің 13 түрлі моделі құрастырылып, 1500 жаңа жұмыс орны құрылды.2025 жылы тағы екі ірі жоба – жүк көлігі бөлшектерін шығаратын зауыт пен өндірісті желіліктендіру орталығы пайдалануға берілді. Аталған жобалар аясында 650 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.Қазіргі уақытта облыс орталығында «Тобыл» халықаралық көлік-логистика кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 64 млрд теңгені құрайды. Бүгінде оның 6 млрд теңгесі игеріліп, 26 мың шаршы метр жүк тиеу-түсіру алаңы салынды, 2,7 шақырым теміржол желісі төселді. Аталған кешен іске қосылғаннан кейін жүк тасымалы көлемін 20 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.Ауыл шаруашылығы саласында да бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Өңірде 7 заманауи өнеркәсіптік сүт-тауар фермасы ашылды. Биыл тағы 5 ферма пайдалануға беріледі. Бұл шаралар сүт өндірісін екі есеге арттыруға ықпал етеді.Сонымен қатар, елдегі ең ірі кондитерлік кәсіпорын – «Кондитерлік астана» фабрикасының құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа өндіріс орны өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, экспорттық әлеуетін арттыруға серпін бермек.Қостанай облысында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар өңір экономикасын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1159784?lang=kk
Жаңа мәртебе мен жаңа көкжиектер: Есік қаласының № 1 перинаталдық орталығының айрықша қызметі айқындалды 11.02.2026
Еңбекшіқазақ ауданының денсаулық сақтау жүйесінде маңызды басқару оқиғасы орын алып отыр, атап айтар болсақ Есік қаласының № 1 перинаталдық орталығы дербес медициналық ұйым ретінде ресми түрде жұмысын бастады. Осы кезеңге дейін аталған орталық Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының құрамында қызмет көрсетіп келген, ал жеке мәртебе алу босандыру қызметін қайта ұйымдастырудың және оның өңірлік денсаулық сақтау жүйесіндегі институционалдық рөлін арттырудың маңызды кезеңі болып табылады.Ресми шара барысында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымұлы Сүлейменов Есік қаласының № 1 Перинаталдық орталығының жаңа директоры Дәурен Жұмазыұлы Иманалиевті ұжымға таныстырды.Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері перинаталдық орталықты дербес құрылымға бөлінуі нәтижесінде ана мен бала денсаулығын жақсарту мен өлім-жітімге жол бермеу мен көрсеткіштерін бақылауды күшейтуге, босандыру қызметін басқарудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды неғұрлым ұтымды пайдалануға бағытталған стратегиялық басқару шешімі болып табылатынын атап өтті.Дәурен Жұмазыұлы Иманалиев мамандандырылған медициналық көмекті дамыту, акушерлік пен неонатология жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу және дербес мекеме ретінде медициналық ұйымның материалдық-техникалық базасын дәйекті нығайту міндеттері айқындалған жетекші ретінде таныстырылды.Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары үшін орталықтың жаңа мәртебесі - әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, жүктілік пен босану кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерді күту кезіндегі мәселелерді жүзеге асыру үшін медициналық, кадрлық және ұйымдастырушылық ресурстарды шоғырландыру қажеттілігі.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы № 1 Перинаталдық орталықтың дербес түрде қызмет атқаруы аналарды босандыру қызметін одан әрі дамытуға жаңа серпін беретіндігіне және Есік қаласының базасында орналасуы өңірдегі жетекші мамандармен мамандандырылған орталығын құруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1159216?lang=kk