Enbekshi QazaQ

Экономика

Кегенде референдум күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды 15.03.2026
Бүгін Ө.Жаңабаев орта мектебі №558 референдум учаскесінің алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.Жәрмеңкеге жергілікті шаруалар мен ауыл тұрғындары белсенді қатысты. Мұнда табиғи әрі сапалы ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды. Тұрғындар сүт өнімдерін, ет, бал және басқа да азық-түлік тауарларын тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.Жәрмеңкенің басты мақсаты- жергілікті шаруаларды қолдау, тұрғындарды табиғи әрі сапалы өніммен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, ауыл кәсіпкерлеріне өз өнімдерін халыққа ұсынуға мүмкіндік жасалды. Шара барысында ауыл тұрғындары бір-бірімен пікір алмасып, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты. Мұндай жәрмеңкелер ауылдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға да өз үлесін қосады. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181449?lang=kk
Дауыс бер және өз ағашыңды отырғыз 15.03.2026
Ұйғыр ауданында «Дауыс бер және өз ағашыңды отырғыз» деген маңызды экологиялық бастама іске қосылды. Акция тұрғындардың азаматтық борышын орындауға деген ұмтылысын және туған табиғатқа қамқорлығын біріктірді.Іс-шараның негізгі өткізілу орны - Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектеп аумағы болды. КГУ «Қарадала» орман шаруашылығы мамандарының белсенді қатысуымен мұнда 30 жас ағаш отырғызылды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның басты мақсаты - адамдарда жаңа жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Мемлекеттік маңызды іс-шараға қатысуды ағаш отырғызумен үйлестіру әр адамның жеке үлесі жалпы игілікке қалай айналатынын айқын көрсетеді.Арнайы назар өсіп келе жатқан ұрпақты экологиялық біліммен қамтамасыз етуге аударылды. Іс-шараға қатысушылар әр ағаштың артында туған өлкесінің жасыл болашағы тұрғанын түсіне отырып, жауапкершілікпен қарады.Аудан тұрғындары бастаманы қуана қолдап, маңызды күні ағаш отырғызудың елдің өсіп-өркендеуін білдіретінін атап өтті, себебі болашаққа қамқорлық туған жердегі нақты игі істерден басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181464?lang=kk
Іле ауданында референдум күні «Бауырсақ party» өтті 15.03.2026
Алматы облысы Іле ауданында республикалық референдум күні тұрғындарға ерекше форматтағы шара ұсынылды. Асқар Тоқпанов ауылдық округінде ұйымдастырылған бастама ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлап, ұлттық дәстүр мен қоғамдық белсенділікті ұштастырған шараға айналды.№42 мектеп ғимаратында орналасқан референдум учаскесіне келген тұрғындарға қазақтың ұлттық тағамы – ыстық бауырсақ ұсынылды. «Бауырсақ party» деп аталған шағын мерекелік шара дауыс беруге келген ауыл тұрғындарының көңіл күйін көтеріп, ерекше атмосфера қалыптастырды.Ұлттық нақыштағы бұл бастама ауыл тұрғындарын бір ортаға біріктіріп, татулық пен ауызбіршіліктің көрінісіне айналды. Көпшілік мұндай игі шаралар елдік маңызды күннің мәнін арттыра түсетінін атап өтті.Жергілікті қоғамдастық мүшесі Салтанат Тәжиева ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұндай бастамалар ауыл тұрғындарының көңіл күйін көтеріп қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге де ықпал ететінін айтты.«Осындай бастамалар ауыл тұрғындарын біріктіріп, ерекше атмосфера қалыптастырады. Бұл тек дауыс беру ғана емес, адамдардың бір-бірімен кездесіп, пікір алмасуына мүмкіндік беретін жақсы дәстүрге айналып келеді», – дейді ол.Айта кетейік, қазақ халқы үшін бауырсақ – береке мен қонақжайлықтың символы. Осыған орай ұйымдастырылған «Бауырсақ party» тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлап қана қоймай, ұлттық дәстүрді ұлықтаған ерекше шара ретінде есте қалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181327?lang=kk
Байсерке ауылында референдум этно-брейк форматында өтіп жатыр 15.03.2026
Байсерке ауылында референдум этно-брейк форматында өтіп жатыр Алматы облысы Іле ауданына қарасты Байсерке ауылындағы №12 мектепте орналасқан референдум учаскесінде дауыс беру ерекше форматта ұйымдастырылды.№361 референдум учаскесінде дауыс беру этно-брейк мәдени бағдарламасымен қатар өткізіліп, тұрғындарға ұлттық мәдениеттің элементтері ұсынылды. Бұл бастама азаматтардың референдумға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық дәстүрді насихаттауға бағытталған.Іс-шара барысында учаскеге келген тұрғындар өз таңдауларын жасап қана қоймай, этно-брейк өнерін тамашалап, ұлттық мәдениетпен танысуға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ерекше формат тұрғындардың сайлау процесіне қатысу белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар ол қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған.Учаскеге келген ауыл тұрғындары да бұл бастаманы қолдап, дауыс беру процесіне белсенді қатысып жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181323?lang=kk
Референдумның ерекше қонағы 15.03.2026
Алматы облысындағы дауыс беру учаскелерінің бірінде сайлаушылардың назарын ерекше қонақ аударды. Өңір тұрғыны Дарын Адай референдумға өзінің «досымен» – қазақтың ұлттық киімін киген шағын роботпен бірге келді.Ерекше серік жиналғандардың бірден қызығушылығын тудырды. Робот иесін учаске ішінде жанында жүріп, бірге ілесіп отырды. Көптеген сайлаушылар қызығушылықпен жақындап, роботты тамашалап, онымен бірге суретке түсті.Дарын Адайдың айтуынша, робот ең алдымен заманауи технологияларды көрсету және адамдарға жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында жасалған.– "Мен референдумға онымен бірге келуді шештім. Мақсатым - атмосфераны сәл өзгеше етіп, технологиялардың біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі бола алатынын көрсету. Адамдарға қызық, көпшілігі күлімдеп, жақындап көріп жатыр, – деді ол.Ерекше «қатысушының» пайда болуы осы учаскедегі күннің ең есте қаларлық сәттерінің біріне айналып, дауыс беру барысына жағымды көңіл күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181311?lang=kk
Қонаевта референдум күні ретро көліктердің автошеруі ұйымдастырылды 15.03.2026
Алматы-Өскемен күре жолының бойындағы сәулеті келіскен ғимаратта қоныс тепкен «Тұлпар» ретро салонының басшысы, белгілі кәсіпкер, меценат, Қонаев қаласының Құрметті азаматы Мұратбек Сіргебаев қалалық Мәдениет үйінде орналасқан №949 референдум учаскесіне ретро көліктермен шерулетіп келіп, өз таңдауын жасады.– Бүгін референдум өтуіне орай халықтың көңіл күйін көтеру мақсатында автошеру ұйымдастырдық. Біз бұған дейін де қалада өткен түрлі шараның ешқайсысынан қалыс қалмай, шама-шарқымызша атсалысып жүрміз. Осы жолы референдумға белсене қатысып жатырмыз. Бүгінгі шара барысында Әжелер ансамблі мен бір топ өнерпазды ретро көлікке мінгізіп, барлық учаскелерді аралап шығамыз. Олар референдум учаскелерінің алдында өз өнерлерін ортаға салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181302?lang=kk
Шеңгелдіде ақсақал Амангелді Беспаев дауыс берді 15.03.2026
Ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет етіп, кейіннен ауыл кеңесінің депутаты болған Амангелді Беспаев ақсақал Шеңгелді ауылындағы №956 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.Ол құрметті зейнет жасына шықса да, қоғамдық жұмыстан алыстамай, қазірде ҚХА жанындағы облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып, ел үшін еңбек етуде.«Бүгін еліміз үшін тарихи сәт. Біз, аға буын өкілдері, әрдайым елдің тағдырына бейжай қараған емеспіз. Сондықтан республикалық референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Ата-бабаларымыз тәуелсіз ел болуды армандады. Бүгін сол тәуелсіздіктің қадірін түсініп, мемлекетіміздің болашағына қатысты маңызды шешімдерге қатысу – әр азаматтың парызы деп ойлаймын», - деді ол сұқбатында.Шеңгелді ауылдық округі бойынша 6 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлаушылардың саны – 5300-ге жуық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181288?lang=kk
«Тарихи сәт – мемлекетіміздің тұрақтылығына кепіл»: Алматы облысының әкімі референдумда дауыс берді 15.03.2026
Марат Сұлтанғазиев республикалық референдум аясында дауыс берді. Өңір басшысы Қонаев қаласындағы №949 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Аймақ басшысы бұл күннің ел үшін маңызы ерекше екенін атап өтті.«Бүгін еліміз үшін аса маңызды тарихи сәт. Өзім тіркелген референдум учаскесіне барып, Алматы облысы тұрғыны әрі осы елдің азаматы ретінде таңдауымды жасадым. Әр азаматтың таңдауы мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуына негіз болады», – деген Марат Елеусізұлы Алматы облысында бұл науқанды ұйымдастыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын баяндады.«Өңірде жалпы саны 677 референдум учаскесі ашылды. Оның ішінде ауруханалар, әскери бөлімдер мен әлеуметтік орындарда 36 учаске жұмыс істеп тұр. Дауыс беру процесін жүргізуге тартылған 4781 маманның барлығы арнайы оқудан өтіп, дайындықтарын пысықтады. Сондай-ақ 16 қоғамдық ұйым өкілі бақылау жүргізуде.Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін цифрлық мүмкіндіктер де қарастырылған. Учаскелердің басым бөлігі азаматтарды тексеру жүйесіне қосылған. Қонаев, Есік, Талғар, Қаскелең қалалары мен Өтеген батыр кентіндегі 5 учаскеде тұрғындарды тікелей сол жерде тізімге қосу мүмкіндігі бар. Облыс бойынша референдумға қатысу құқығы бар 1 миллионнан астам азамат тізімге еніп, олардың барлығына шақыртулар таратылды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз дауыс беруіне ерекше көңіл бөлінді. Облыстағы 2320 мүгедектігі бар азамат үшін учаскелерде арнайы пандустар, ыңғайлы кабиналар мен көру, есту қабілеті нашар жандарға арналған көмекші құралдар мен белгілер орнатылды», – деген облыс әкімі өзгеріс жауапкершіліктен басталатынын, жаңартылған Конституция әрқайсымыздың құқығымызды нығайтып, мемлекеттің халық алдындағы міндетін айқындай түсетінін жеткізді.Айта кетейік, бүгін Қазақстан бойынша Жаңа Конституция жобасына қатысты республикалық референдум өтіп жатыр. Кәмелет жасына толған әрбір азамат өз таңдауын жасауға құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181290?lang=kk
Қонаевта референдум ақсақалдың батасынан басталды 15.03.2026
Базарбай Оралбаев – Қонаевтағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы. Ол қаланың коммуналдық саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен. 2022 жылы құрметті зейнетке шығып, 2024 жылдан бастап кеңес төрағасы қызметіне кіріскен.  Қария ел болашағының жарқын, тәуелсіздіктің мәңгілік болуын тілеп, сайлау учаскесіне жиналған жұртшылыққа батасын берді. Сондай-ақ ол алғаш боп дауыс беріп, сайлау учаскесінің төрағасы ақсақалға сый-сияпат табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181282?lang=kk
Қонаев қаласында Көрісу күні кеңінен атап өтілді 15.03.2026
Қазақстанда Наурыз мейрамы он күн бойы тойланады. Мерекелік онкүндіктің шымылдығын Көрісу күні ашады. Бұл күн - адамдардың бір-бірімен қауышып, ақжарма тілектер айтып, ізгі ниеттерін білдіретін ерекше дәстүрлі күн. Көрісу күні халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен көрісіп, жаңа жылда береке мен молшылық тілейді.Қонаев қаласында Көрісу күніне арналған іс-шаралар салтанатты түрде өтті. Қалалық Мәдениет үйінің алдына облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары жиналды. Алаң ұлттық киім киген адамдарға толып, домбыраның қоңыр үні мен қазақтың дәстүрлі ән-күйлері шырқалды.Мерекелік шара барысында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ануар Үмбеталиев қатысушыларды құттықтап, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен оны келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды.- "Біз ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлерімізді көздің қарашығындай сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз қажет. Наурыз - жаңа жылдың бастауы, жаңару мен жаңғырудың символы. Бүгін де, келешекте де бұл мереке кеңінен тойланып, дастархан жайылып, ақсақалдардың батасы алынатын берекелі күн болсын. Елімізде әрдайым бейбітшілік, денсаулық пен амандық болсын", - деді ол.Мереке аясында қонақтарға арнап көрме ұйымдастырылып, онда суретшілер көктем, қазақтың салт-дәстүрлері және туған жердің көркем табиғатына арналған туындыларын ұсынды. Әрбір шығарма ұлттық мәдениетке деген құрмет пен халықтың бай рухани мұрасын бейнеледі.Ұлттық киім киген балалар да көпшіліктің назарын аударды. Жас қатысушылар дәстүрлі зияткерлік ойын - тоғызқұмалақ ойнап, шахматтан да өзара бақ сынасты. Ал жасөспірімдер күш пен ептілікті қажет ететін ойындарда өнер көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.Сонымен қатар халықтық қолөнер алаңы ерекше қызығушылық тудырды. Мұнда аға буын өкілдері ұлттық қолөнер дәстүрлерін таныстырып, жүн иіру, құрт жасау, ұлттық ою-өрнек кестелеу тәсілдерін көрсетті. Бұл шеберлік сабақтары жастарға ата-баба мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік беріп, ұрпақтар сабақтастығын нығайта түсті.-«Қала тұрғындарын Көрісу күнімен құттықтаймын. Біз үшін ұлттық дәстүрлерімізді жас ұрпаққа көрсету және жеткізу өте маңызды. Олар қазақ халқының мәдениетін танып, оны сақтап қалуы тиіс, - деді Шеңгелді ауылындағы «Әжелер» ансамблінің мүшесі Жақсылық Үксүкбаева.Мерекенің әсерлі сәттерінің бірі - «тұсау кесу» рәсімі болды. Сәбидің өмірдегі алғашқы нық қадамдарын білдіретін бұл салтты Ануар Үмбеталиев атқарды. Ал құрметті ақсақал Қартбаба Момбеков сәбиге ақ жол, мықты денсаулық және бақытты ғұмыр тілеп, бата берді.Мерекелік бағдарлама барысында қонақтар домбырамен орындалған күйлерді тыңдап, ұлттық музыканың әсем әуеніне куә болды. Домбыраның күмбірлеген үні алаңды ерекше рухани атмосфераға бөлеп, қазақ халқының бай музыкалық мұрасын тағы бір мәрте айшықтай түсті.Қонаев қаласында өткен Көрісу күні мерекесі Наурыздың ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, адамдарды біріктіретін, мәдени мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізетін маңызды мереке екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл күні әрбір қатысушы қазақ халқының ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрлерінің жылуын сезінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181236?lang=kk
Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс беру басталды 15.03.2026
Қазақстан бойынша бүгін жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды. Таңертеңнен бастап учаскелік комиссиялар жұмысын бастап, алғашқы сайлаушыларды қабылдауда.Көптеген учаскелерде дауыс беруге алғашқылардың бірі болып келген азаматтарға арналған шағын, бірақ жағымды акция ұйымдастырылуда. Белсенді азаматтық ұстанымы үшін тұрғындарға естелік сыйлықтар табысталып жатыр. №947 учаске ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай бастама мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, қоғам үшін маңызды оқиғаларға қатысуға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.Таңсәріден бастап учаскелерде референдум комиссиясының мүшелері мен бақылаушылар жұмыс істеуде. Дауыс беру процесін өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: жасырын дауыс беруге арналған кабиналар орнатылып, бюллетеньдерге арналған жәшіктер қойылған, тіркеу жүйесі ұйымдастырылған.Дауыс берудің алғашқы сағаттары дәстүрлі түрде тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтуде. Тұрғындар өздерінің азаматтық борышын орындап, ел үшін маңызды оқиғаға қатысу үшін учаскелерге келуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181281?lang=kk
Жамбыл ауданының Шиен ауылында жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді 14.03.2026
Бүгін Жамбыл ауданының Шиен ауылында екі маңызды әлеуметтік нысан - жаңа дәрігерлік амбулатория мен көпфункционалды мәдениет үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.Іс-шара «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған дәрігерлік амбулаторияның ашылуынан басталды. Медициналық нысан тәулігіне 25 пациентке дейін қабылдауға арналған.Бұған дейін ауыл тұрғындары медициналық көмекті 1976 жылы салынған ғимаратта алып келген. Жаңа амбулатория заманауи медициналық кабинеттермен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ елді мекенде 150 орындық жаңа мәдениет үйінің ғимараты пайдалануға берілді. Нысан көпфункционалды кешен ретінде салынған. Ғимаратта мәдениет үйі, ауыл әкімдігі, спорт залы орналасқан, сондай-ақ түрлі қоғамдық және мәдени іс-шараларды өткізуге арналған арнайы бөлмелер қарастырылған. Ғимараттың жалпы ауданы 1774,94 шаршы метрді құрайды.Салтанатты шараға Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас қатысып, ауыл тұрғындарын маңызды оқиғамен құттықтап, жаңа нысандардың елді мекеннің одан әрі дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.Іс-шара соңында жаңа мәдениет үйінде жергілікті шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Жаңа нысандардың пайдалануға берілуі ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181234?lang=kk
Қырғызсай ауылында өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді 14.03.2026
Ұйғыр ауданына қарасты Қырғызсай ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жүзеге асқан бұл бастама – ауыл халқының ұйымшылдығы мен туған жерге деген жауапкершілігінің жарқын көрінісі. Елді мекен үшін маңызды саналатын нысан алдағы уақытта төтенше жағдайлардың алдын алып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етпек.Жаңа бекет бұрын «Бірлік» өндірістік кооперативіне тиесілі болған ғимаратта орналасты. Кооператив басшылығы нысанды ауыл игілігі үшін демеушілік ретінде ұсынса, жергілікті тұрғындар ортақ іске жұмыла кірісіп, бірнеше айдың ішінде шамамен 4–5 миллион теңге көлемінде қаражат жинады. Нәтижесінде ғимарат толықтай жаңартылып, өрт сөндіру қызметінің талаптарына сай қайта жабдықталды. Осылайша ауыл халқы қауіпсіздік мәселесіне бейжай қарамай, туған жердің игілігі жолында бірлік таныта білді.Салтанатты шараға Ұйғыр ауданының әкімі Бота Серікқызы Елеусізова, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Дәурен Дәулетқанұлы Оразбеков, сондай-ақ ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Қонақтар жиналған жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, мұндай игі бастамалар ел ішіндегі ынтымақ пен бірліктің нақты көрінісі екенін атап өтті.Аудан әкімі өз сөзінде бұл жоба мемлекеттік қаржыландырусыз, ауыл азаматтарының өз күштері мен қолдауының арқасында жүзеге асқанын ерекше атап өтіп, мұндай бастамалардың басқа ауылдарға да үлгі боларлық игі тәжірибе екенін жеткізді.Шара барысында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы ауыл әкімі Жәнібек Айғожаевқа жаңа өрт сөндіру көлігінің кілтін табыстады. Жаңадан ашылған бекет Қырғызсай ауылымен қатар, маңайдағы бірнеше елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл нысан ауылдың алты тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.Салтанатты рәсімде жаңа бекеттің лентасы қиылып, ауыл аналары дәстүрге сай шашу шашты. Қонақтар мен тұрғындар жаңа нысанды аралап көріп, ел игілігі жолында жүзеге асқан маңызды істің куәсі болды. Қауіпсіздікке бағытталған бұл бастама – ауыл өмірінің тұрақтылығы мен тұрғындардың тыныс-тіршілігін қорғауға арналған маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181134?lang=kk
Лисаков қаласында «Тіл мен дәстүр» атты қалалық отбасылық фестивалі өтті 14.03.2026
Наурызнама онкүндігі аясындағы 17 наурыз – Шаңырақ күніне орай Лисаков қаласында «Тіл мен дәстүр» атты қалалық отбасылық фестивалі ұйымдастырылды.Фестивальдің басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және ұлттық салт-дәстүрді жас ұрпақтың бойына сіңіру.Байқау барысында қатысушы отбасылар бірнеше кезең бойынша өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін таныстырды. Атап айтқанда, «Таныстыру» кезеңінде әр отбасы креативті таныстырылым жасап, өздерінің отбасы құндылықтары мен ерекшеліктерін көрсетті. «Отбасы — қуаныштың бастауы» кезеңінде қатысушылар ән, би және қолөнер арқылы отбасының өнерін паш етті.Сонымен қатар, «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңінде жасанды интеллект көмегімен дайындалған бейнероликтер арқылы мақал-мәтелдерді тауып, олардың мағынасын түсіндіру тапсырмасы орындалды. Ал «Салт-дәстүр – ұлттық рухтың тайқазаны» кезеңінде қазақ халқының салт-дәстүрлері сахналық көрініс арқылы көрермен назарына ұсынылды.Фестиваль барысында кезеңдер арасында концерттік нөмірлер ұсынылып, мерекелік атмосфера қалыптасты.Осындай игі шаралар ұлттық құндылықтарды насихаттап, отбасы институтының маңызын арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен рухани сабақтастықты нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1181056?lang=kk
Қазақстан Елшісі Люксембург Ұлы Герцогіне сенім грамоталарын табыстады 13.03.2026
Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Елшісі Роман Василенко Люксембург Ұлы Герцогі Гийомға сенім грамоталарын табыстады.Герцог сарайында өткен аудиенция барысында тараптар Қазақстан мен Люксембург арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Р.Василенко Ұлы Герцогке ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум туралы ақпарат берді.Өз кезегінде Ұлы Герцог Гийом Мемлекет басшысына ізгі тілектерін жолдап, Қазақстанның аймақтық және халықаралық саясаттағы артып келе жатқан рөлін атап өтті. Монарх Люксембургтің сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық салаларда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді.Қазақстан мен Люксембург саяси диалог пен экономикалық ынтымақтастықты тұрақты түрде дамытуда. Герцогтік Еуропаның жетекші қаржы орталықтарының бірі және еліміздің Еуропалық Одақтағы маңызды серіктесі болып табылады.Жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша Люксембург әлемдегі алдыңғы қатарлы орындардың бірін иеленеді. Халықаралық валюта қорының дерегі бойынша 2025 жылы бұл көрсеткіш 146 мың АҚШ долларын құраған. 2005 жылдан бері Люксембургтен Қазақстанға келген тікелей инвестициялардың ағыны 3,7 млрд АҚШ долларынан асқан, бұл люксембургтік қаржы және инвестициялық құрылымдардың Қазақстан нарығына тұрақты қызығушылығын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1180982?lang=kk
Аймақ басшысының Қостанай ауданына жұмыс сапары 13.03.2026
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Қостанай ауданының Александров ауылдық округінде болып, көктемгі егіс науқанымен, Павлов ауылындағы «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалу барысымен және Жуков ауылында елді мекенді көркейту, баспана салу жұмыстарымен танысты.Республика бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алуға 300 млрд теңге қарастырылған. Биыл осы қаражаттың 45 млрд теңгесі біздің облысқа бөлінді.Көктемгі егіс жұмыстарын жеңілдетілген несиелеу аясында екінші деңгейлі банктерді қоса алғанда, қаржы институттары арқылы 173 млрд теңге беру жоспарлануда.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге литрі 281 теңгеден 73,3 мың тонна дизель отыны бөлінді.Соңғы 3 жылда облыстың егіс алқаптарының құрылымы айтарлықтай өзгерді. Дәнді-бұршақты дақылдардың көлемі 84,4%-ға, майлы дақылдар 32,1%-ға ұлғайды.«Борис-Романовское» ЖШС иелігінде 10,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жері бар. Оның ішінде егістік – 9,7 мың гектар, жайылым – 565,7 гектар. 2026 жылға арналған егіс құрылымы бойынша бидай – 3,6 мың гектар, майлы дақылдар – 3,1 мың гектар. Майлы дақылдар көлемі 2024 жылғы 1,8 мың гектардан биыл 3,1 мың гектарға дейін ұлғайтылды.«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері облыста 400-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 250-ден астам балалар және спорт алаңы орнатылды. 600-ге жуық рұқсатсыз қоқыс үйіндісі жойылып, 1250-ден астам ескі және қараусыз ғимарат сүрілді. Сонымен қатар 277 мыңнан астам ағаш пен көшет отырғызылды. Биыл облыс елді мекендерінде 77,3 мың көшет отырғызу жоспарланып отыр. Көктемгі көгалдандыру барысында 30 мыңнан астам ағаш пен бұта егілді. Сондай-ақ 37 көпқабатты тұрғын үйді жөндеу, 31 балалар алаңын орнату және ескі, апатты үйлерді бұзу көзделген», – деді аймақ басшысы.Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және ауыл инфрақұрылымын дамыту аясында «Борис-Романовское» ЖШС Павлов ауылында көлемі 0,5 гектар болатын саябақ аймағын құруға демеушілік көмек көрсетті. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 25 млн теңге, оның ішінде 20 млн теңге демеушілік қаражат. Жоба аясында асфальтталған жаяу жүргіншілер жолдары салынып, екі заманауи беседка мен мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған сахна орнатылады. Сонымен қатар белсенді демалыс пен спортпен шұғылдануға арналған жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңы салынады. Аумағында балалар ойын алаңы да бар.Саябақта қазірдің өзінде 20 қарағай көшеті мен 100 пирамида тәрізді терек отырғызылды. Бұл экологиялық жағдайды жақсартып, аумақтың заманауи эстетикалық келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оның бүкіл аумағында жарықтандыру жүйесі мен еуроштакетниктен жасалған металл қоршау орнатылады. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.«Демалыс аймағы тұрғындардың отбасылық демалысына, спортпен айналысуына және өмір сүру сапасын арттыруға қолайлы жағдай жасайды», – деді Құмар Ақсақалов.Мемлекет басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығын ерекше атап өтеді. Кәсіпкерлер өздері еңбек етіп жатқан ауылдардың дамуына белсенді үлес қосуы қажет.Бүгінде Жуков ауылында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі байқалады. «Розумович» ЖШС 2021-2025 жылдар аралығында өз қаражаты есебінен ауыл тұрғындары үшін 33 пәтерлі 21 үй салды. Сонымен қатар «Өркениет» дамыту орталығы, мини-маркет, қоғамдық монша, қонақүй және балабақша бой көтерді. Қазіргі таңда 100 орындық мектептің құрылысына арналған жоба әзірленді.Кәсіпорын алдағы уақытта тағы 15 жеке тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Ол үшін көлемі 2 гектар жер телімі бөлінген.Жылқы шаруашылығын дамыту мақсатында 12 басқа арналған ат қора салынды. Сонымен қатар қызметкерлерге арналған тұрғын үй де бой көтерді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1230521?lang=ru
Қонаев қаласының орталық алаңында 15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында ауқымды дрон-шоу өтті 13.03.2026
 Жарқын жарық шоу Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары үшін есте қаларлық оқиғалардың біріне айналды. Іс-шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, өңірлік Ұлттық коалиция мүшелері - облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов және облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қазыбек Дауталиев қатысты.Кешке елдің болашағына және қоғамның дамуына бейжай қарамайтын әртүрлі буын өкілдері жиналды. Ерекше назар 15 наурызда өтетін алдағы республикалық референдумға аударылды. Қатысушыларға бұл маңызды саяси оқиғаның мемлекеттің одан әрі дамуы мен демократиялық институттарды нығайтудағы маңызы түсіндірілді.Жиналғандар алдында сөз сөйлеген облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов Қазақстанның маңызды тарихи кезеңді бастан өткеріп жатқанын атап өтті.«Біздің еліміз маңызды тарихи кезеңді бастан кешіп отыр. Тәуелсіздік алғаннан бері қабылданғалы отырған бұл – үшінші Конституция. Қолданыстағы Негізгі заң өз миссиясын орындады. Бүгінде бүкіл әлем өзгеріп, қоғам дамып келеді, сондықтан елдің басты құжаты да жаңартуды қажет етеді. Сонымен қатар саяси науқан қасиетті Ораза айымен және Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Ерекше форматта ұйымдастырылған дрон-шоу саяси науқанның мәнін көрнекі түрде жеткізуге мүмкіндік берді. Осы үшін ұйымдастырушыларға шынайы алғысымды білдіремін», – деді ол.Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қазыбек Дауталиев жаңа Конституцияның қабылдануы ел дамуына қосымша серпін беретінін атап өтті.«Ұлттық болмысты бейнелеген дрон-шоу ерекше әсер қалдырды. Жарқын эмоциялармен қатар, ол жаңа Конституцияның маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Ел тағдыры шешілетін күні әрбір азамат дауыс беруге келіп, өзінің азаматтық борышын орындауы тиіс», – деді ол.Кештің шарықтау шегі – жарық шоуы болды. Алаң үстіндегі аспанда 500-ден астам дрон түрлі фигуралар мен жарық композицияларын құрастырды. Көрермендер «Референдум», «Жаңа Конституция» жазуларын, Қазақстанның географиялық контурын, келе жатқан Наурыз мерекесіне арналған құттықтауды, символикалық шаңырақты, сондай-ақ «Алматы облысы» деген жазуы бар толқындар үстінен көтерілген күн бейнесін тамашалады. Жоғары технологиялық шоу мыңдаған көрерменді өзіне тартты – қала тұрғындары орталық алаңға отбасыларымен келіп, ерекше көріністі бірге тамашалады. Көпшілік мұндай заманауи форматтағы шаралар мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, адамдарды біріктіретінін атап өтті.Қонаев қаласындағы мерекелік атмосфера тек жарқын мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар ел үшін маңызды күн қарсаңында азаматтық жауапкершілік пен белсенді қоғамдық ұстанымның символына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1180170?lang=kk
Цифрлық көктем «Digital Nauryz»: Қазақстан Наурызды цифрлық форматта қарсы алады 13.03.2026
Платформа мен іс-шаралар бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратты Digital Nauryz сайтынан білуге болады.Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ел бойынша өтетін мерекелік іс-шаралар туралы ақпаратты біріктіретін Digital Nauryz онлайн-платформасын іске қосады.2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды, ал Digital Nauryz платформасының іске қосылуы елдегі технологиялық өзгерістер мен цифрлық трансформацияның символдарының біріне айналады.Платформа GOV.KZ мемлекеттік порталының базасында құрылды және 14–23 наурыз аралығында жұмыс істейді. Ол бірыңғай цифрлық кеңістікте іс-шаралар анонстарын, жаңалықтарды және мерекелік оқиғалардың тікелей трансляцияларын біріктіреді.Сайтта Қазақстанның барлық облыстары бойынша өңірлік бөлімдер ұсынылған. Соның арқасында пайдаланушылар нақты қалалар мен өңірлердегі іс-шаралар туралы біле алады, қорытынды материалдармен танысып, онлайн-трансляциялар мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға өте алады. Платформа бірнеше тілде және жасанды интеллект негізіндегі аударма функциясымен жабдықталған, бұл ақпаратты барынша кең аудиторияға қолжетімді етеді.Жобаның іске қосылуы Наурызды мерекелеудің бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастырады, онда көктемгі жаңару дәстүрлері заманауи технологиялармен ұштасады.Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында Digital Nauryz платформасына өтетін бірыңғай баннер орналастырылды.Қазақстандағы Наурыз мерекесінің өту барысын онлайн режимде бақылаңыз! Дереккөз:  Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1180065?lang=kk
Алатау қаласында жаңа қоғамдық көлік маршруттары іске қосылды 12.03.2026
Алатау қаласының тұрғындары үшін №1 және №2 жаңа қоғамдық көлік маршруттары іске қосылды. Жаңа бағыттардың ашылуына орай қала әкімі мен қала ақсақалдарының қатысуымен салтанатты рәсім өтті.Жаңа маршруттар Құйған – Еңбек – Жаңа Арна – Әли – Жаңалық саяжайлары – Байсерке – Жаңа Талап – Жаңа Дәуір – Қоянқұс – Gate City – Өтеген батыр – Еркін ауыл бағыттарын қамтиды. Бұл бағыттар қала мен оған іргелес елді мекендер арасындағы қатынасты жеңілдетіп, тұрғындардың күнделікті қатынауына қолайлы жағдай жасайды.Қала әкімі қоғамдық көлік жүйесін дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрғындардың сұранысын ескере отырып жалғасатынын атап өтті.Жаңа маршруттардың іске қосылуы - қала инфрақұрылымын дамыту мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.Алатау қаласында инфрақұрылымды дамыту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1179950?lang=kk
Амангелді ауданында мамандықтар фестивалі өтті 12.03.2026
Қостанай облысының Амангелді ауданында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мамандықтар фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастарға түрлі мамандықтардың маңызын түсіндіру, еңбекке құрмет пен жауапкершілік құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру.Іс-шара аясында әр түрлі мамандықтар бойынша мазмұнды көрме ұйымдастырылды. Көрмеде медицина, білім беру, құқық қорғау, кәсіпкерлік, техникалық және шығармашылық бағыттағы мамандықтар кеңінен таныстырылды. Әр сала өкілдері өз қызметінің ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы айтып, жастарды еңбекқорлық пен кәсіби шеберлікке үндеді.Фестиваль барысында оқушылар мамандармен еркін сұхбаттасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, әр сала мамандарымен кездесу кеші ұйымдастырылып, қонақтар өздерінің еңбек жолы, жетістікке жету тәжірибесі және мамандық таңдаудағы маңызды қадамдар туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісті.Мұндай кездесулер жас буынға үлкен мотивация беріп, олардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жастардың кәсіби бағдарын айқындауға және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына бағытталған маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1179141?lang=kk