Enbekshi QazaQ

Экономика

Қазақстан мен Индонезия сыртқы саяси диалогты нығайтуда 25.02.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Джакартаға жұмыс сапарымен барды.Сапар барысында оның сыртқы істер Вице-министрі Анис Матта және Индонезия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық жөніндегі Бас директоры Три Тарьятпен кездесулері өтті.Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарды дамыту мәселелерінің кең ауқымын талқылады.Ерекше назар БҰҰ және Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға, Палестина мәселесіне, әсіресе Бейбітшілік кеңесі мен Халықаралық тұрақтандыру күштеріне бірге қатысуды тұрғысынан, су проблематикасына, халықаралық бастамаларды өзара қолдау мәселелеріне аударылды.Тараптар халықаралық күн тәртібінің аталған сұрақтары бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1171413?lang=kk
Қазақстанның басымдықтары БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жоғары деңгейлі сегментінде және Қарусыздану конференциясында ұсынылды 25.02.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Женевада өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 61-сессиясының және Қарусыздану конференциясының жоғары деңгейлі сегменттерінде сөз сөйледі.АҚК-нің негізгі іс-шарасына мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 100-ден астам жоғары өкілдері, соның ішінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк қатысты.БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мерейтойлық жиырмасыншы циклін ашу барысында Е.Ашықбаев Қазақстанның адам құқықтарын қорғау мен ілгерілетуге адалдығын бостандықтың, әділеттіліктің және орнықты бейбітшіліктің іргелі негізі ретінде растады. Ол «Әділетті Қазақстан» бағыты аясында ұлттық құқық қорғау архитектурасын нығайту жөніндегі жүйелі реформалардың нәтижелері туралы халықаралық қоғамдастықты мәлім етті.Сөз барысында конституциялық реформаға ерекше назар аударылды. Жалпыұлттық референдумға шығаруға ұсынылған жаңа Конституция жобасы адамға бағдарланған мемлекет моделін қалыптастыруға, құқықтар мен бостандықтардың кепілдіктерін, оның ішінде цифрлық кеңістікте кеңейтуге, сондай-ақ «Заң және Тәртіп» қағидатын бекітуге бағытталғаны аталып өтті.Қазақстан БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына негізделген көпжақты жүйені тұрақты қолдайтынын растады. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының халықаралық бастамалары ұсынылды, олардың қатарында халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси адалдықты нығайту жөніндегі Жаһандық бастаманы ілгерілету, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Алматыда БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын іске қосу, Өңірлік экологиялық саммит өткізу, сондай-ақ БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасын ілгерілету бар.Қарусыздану конференциясының жоғары деңгейлі сегментінде қазақстандық тарап бұл форумның қарусыздану, қару-жарақты бақылау және таратпау саласындағы негізгі әрі баламасыз көпжақты келіссөздер тетігі ретіндегі рөлін растады.Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы ұжымдық күш-жігерге үлесін қосқан 2026 жылғы мерейтойлық даталарға ерекше назар аударылды:- Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына – 35 жыл;- Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың қол қоюға ашылғанына – 30 жыл;- Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ ретінде бекіткен Семей шартына – 20 жыл.2026 жылы өтетін Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың Шолу конференциясы мен Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттыңШолу конференциясы қарсаңында Қазақстан негізгі акторлар арасында сындарлы диалогқа жәрдемдесуге дайын екенін растады, сондай-ақ қарусыздану мен таратпау жөніндегі жаһандық режимді нығайтуға адалдығын қайта мәлімдеді.Сөз сөйлеу барысында 2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев ұсынған бастамаға сәйкес, жаңа қарулану жарысының алдын алу және ядролық текетірес қаупін азайту мақсатында ядролық қаруы бар мемлекеттер арасындағы стратегиялық диалогты қайта жандандырудың маңыздылығына назар аударылды.Сондай-ақ, Қазақстан Биологиялық қаруға тыйым салу жөніндегі конвенцияны одан әрі нығайтуға, оның ішінде Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін құру арқылы верификация тетіктері мен институционалдық қамтамасыз етуді дамытуға шақырды.Қорытындылай келе, қазақстандық тарап Конференцияға мүше мемлекеттерді халықаралық қауіпсіздікті нығайту және көпжақты дипломатияның тиімділігін арттыру мақсатында келіссөз жұмысын бастау үшін икемділік пен ымыраға дайындық танытуға шақырды.БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі (БҰҰ АҚК) 2006 жылғы15 наурыздағы Бас Ассамблеяның 60/251 қарарына сәйкес құрылды және адам құқықтарын бүкіл әлемде жалпыға бірдей құрметтеу мен қорғауға жәрдемдесуге, адам құқықтарының бұзылуына қатысты жағдайларды қарауға және тиісті ұсынымдар әзірлеуге жауапты үкіметаралық орган болып табылады.Қарусыздану конференциясы (ҚК) 1979 жылы қарусыздану мәселелері бойынша халықаралық қоғамдастықтың бірыңғай көпжақты келіссөз форумы ретінде құрылды. ҚК – Женевада жұмыс істейтін үкіметаралық орган және қару-жарақты бақылау мен қарусыздану саласындағы шарттар бойынша келіссөздер жүргізуге арналған (оның ішінде ядролық қарусыздану мен таратпау, ғарышта қарулану жарысының алдын алу және т.б.).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1169178?lang=kk
Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев «ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығының ұжымымен кездесті 25.02.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығының еңбек ұжымымен «Әділетті заң – тұрақты мемлекет негізі» тақырыбында кездесу өткізді.Кездесу барысында заң үстемдігі, әділетті қоғам қалыптастыру және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Облыс әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты еліміздің тұрақты дамуының негізгі бағыты екенін атап өтті.Әкім әділетті заң үстемдік құрған жерде кәсіпкерлік еркін дамып, инвестициялық ахуал жақсарып, қоғамда сенім мен тұрақтылық нығаятынын жеткізді.«ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығы – Орталық Азия өңіріндегі бірегей жоба, еліміздегі алғашқы жеке индустриялық-логистикалық аймақтардың бірі.Бүгінде орталықта 300-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті сұрақтарына жауап берілді.Сонымен қатар, биыл 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумның маңызы атап өтілді. Облыс басшысы әрбір азаматтың дауысы ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.Кездесу ашық диалог форматында өтіп, заң үстемдігін нығайту және демократиялық құндылықтарды дамыту мәселелері бойынша ортақ пікір алмасумен қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1168998?lang=kk
Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды 25.02.2026
Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайрат Ізбасарұлы Жұманов 2026 жылғы 20 ақпаннан бастап Алматы облысы білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.Қайрат Ізбасарұлы 1989 жылы туылған, білімі жоғары, 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «психология» мамандығы, 2012 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетін «экономика» мамандығы, 2018 жылы Тұран университетін «құқықтану» мамандығы және 2021 жылы Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын Алматы қаласындағы №105 гимназияның педагог-психологы болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласындағы Білім басқармасының Бостандық аудандық білім бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары, Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымдарын атқарған.2025 жылдың сәуір айынан бастап Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1166992?lang=kk
Амангелді ауданында «SMART BALA» жобасы өтті 25.02.2026
Амангелді ауданында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында аудандық «SMART BALA» жобасы – «Жас өнертапқыштар әлемінде» тақырыбында жоба байқауы ұйымдастырылды.Аталған білім бәйгесі оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдауға, ғылыми ізденісін қолдауға және инновациялық ойлауын дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды. Жоба аясында жас буынның цифрлық сауаттылығын арттыру, инженерлік ойлау қабілетін жетілдіру, заманауи технологияларды тиімді қолдана алатын көшбасшы ұрпақ қалыптастыру және жобалық жұмыс жасау дағдыларын дамыту көзделді.Байқауға ауданның 11 мектебінен 19 оқушы қатысып, өз жобаларын қорғады. Зияткерлік сайыс екі аталым бойынша өткізілді: «Цифрлық жоба» және «SMART POSTER».Байқауға ұсынылған жұмыстар мазмұны жағынан алуан түрлілігімен ерекшеленді. Қатысушылар смарт-мектеп макеттерін, экологиялық бағыттағы инновациялық жобаларды, IT және робототехника саласындағы тың идеяларды, цифрлық қауіпсіздік пен жасанды интеллектке негізделген бастамаларды таныстырды.Жобаларды қорғау кезеңі жоғары деңгейде өтіп, ерекше тартысқа толы болды. Әділқазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын жаңашылдығы, практикалық маңыздылығы, ғылыми негізділігі, безендірілу сапасы және қорғау шеберлігі бойынша бағалады.Аудандық «SMART BALA» жобасы – дарынды оқушыларды қолдауға, олардың ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруға және білім беру саласында заманауи трендтерді енгізуге бағытталған жүйелі жұмыстың нақты көрінісі. Осындай бастамалар өскелең ұрпақтың зияткерлік дамуына серпін беріп, болашақ инженерлер мен өнертапқыштардың қалыптасуына жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1167577?lang=kk
5G өңірге тарайды Tele2/Altel Қостанай облысында 24 базалық 5G станциясын салады 25.02.2026
МТ-С компаниясы (Tele2 және Altel брендтерінің операторы) мен Қостанай облысының әкімдігі өңірдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім Қостанай қаласы мен шалғай аудандар тұрғындары үшін жоғары жылдамдықты 5G интернетке қолжетімділікті едәуір жақсартып, өңірді шынайы цифрлық хабқа айналдыруға мүмкіндік береді.2026 жылы Tele2/Altel Қостанай қаласы мен облыста 24 жаңа 5G базалық станциясын және кемінде 40 жаңа LTE+ алаңын іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар қала мен аудандардағы  қолданыстағы 25 станция жаңғыртылады. Жыл соңына дейін базалық станциялар саны 400-ге дейін артады, оның 74-і бесінші буын байланыс технологиясын қолданады. Кеңжолақты қолжетімділік жобасы аясында аймақтың сегіз елді мекені жоғары жылдамдықты интернетке қосылады.«Биыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Бұл – облыс экономикасын дамытуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты жұмыс. 2025 жылдың қорытындысы бойынша IT-салада шамамен 340 компания жұмыс істейді. Олар бюджетке шамамен 650 миллион теңге салық түсіріп, бір жыл ішінде 30 пайыздық өсім көрсетті. Сонымен қатар IT-компаниялар қызметтерін экспортқа шығаруда. Өнеркәсіп орындарында автоматтандыру және роботтандыру желілері белсенді енгізілуде», – деп атап өтті Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов. –.Меморандум аясында Қостанай облысының әкімдігі тиісті қызметтердің жұмысын үйлестіруді, жер телімдеріне рұқсат беру және желілерге, соның ішінде электр энергиясына қосылу рәсімдерін жеделдетуді өз міндетіне алады.Тұрғындар үшін бұл байланыс тұрақтылығының артуын және қамту аймақтарындағы «ақ дақтардың» азаюын білдіреді. Практикалық тұрғыдан алғанда, бұл бейнематериалдарды жылдам жүктеуге, онлайн-білім беру мен телемедицина мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға жол ашады.Компания басшылығының мәліметінше, биыл өңірге салынатын инвестиция көлемі 2025 жылмен салыстырғанда екі еседен астам ұлғаяды. Соңғы үш жылда өңірдегі желіні салу және жаңғырту жобаларына 5 миллиард теңгеден астам инвестиция бағытталған.«Қостанай облысын дамыту бағдарламасы тек Қостанай қаласының аумағында 5G желісін орнатумен шектелмейді, сондай-ақ моноқалаларды дамытуға қатысуды көздейді. Кездесу барысында Рудный, Лисаков, Арқалық және Жітіқара қалаларында 5G базалық станцияларын салу мүмкіндігін талқыладық. Қала көлеміне қарамастан, барлық тұрғындарға интернетке тең қолжетімділік беру – табысты цифрландырудың негізі» – деп атап өтті Tele2/Altel басқарма төрағасы Александр Бабичев.Tele2 желісі өзінің технологиялық артықшылығын бірнеше рет дәлелдеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша компания SpeedChecker Champion Award халықаралық марапатын «Қазақстандағы ең жылдам мобильді байланыс» номинациясы бойынша иеленді. Бұған дейін компания Ookla ұсынған Speedtest Awards сыйлығын 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындысы бойынша «Қазақстандағы ең үздік 5G желісі» аталымында алған болатын.Меморандумға қол қою тараптардың өңірдің цифрлық экожүйесін тұрақты дамытуға ортақ мүдделі екенін көрсетеді. Жоба технологиялық маңызымен қатар әлеуметтік-экономикалық мәнге де ие: байланыс сапасының артуы кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырып, білім, медицина және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті кеңейтеді, сондай-ақ халықтың өмір сапасын жақсартады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1167743?lang=kk
«Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі қағидаттар 25.02.2026
Қостанай облысы әкімдігі мен Полиция департаментінің бірлескен кеңесі өтті. Кеңейтілген жиынның басты тақырыбы – елімізде жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» бағдарламалары. 2025 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекітті. Бұл құжатта «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі қағидаттар болып белгіленді. Енді міне Жаңа Конституция жобасында да осы қағидаттар конституциялық деңгейде бекітілетін болады.«Ел Президентінің бастамасымен өңірде «Заң және тәртіп» қағидаты кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Соңғы 5 жылда қылмыс деңгейі 40%-ке төмендеді. Қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстар саны екі есеге азайды. Қауіпсіздікті цифрландыру аясында Жедел басқару орталықтарының жүйесі қарқынды дамуда. 2025 жылы аталған жүйелердің көмегімен шамамен 63 мың құқық бұзушылық анықталып, 370-тен астам қылмыс ашылды. Соңғы 5 жылда облыстағы бейнебақылау камераларының саны 3,3 мыңнан 46,9 мыңға дейін өсті», – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.Жаңа Конституция жобасындағы табиғатты аялау және оған жауапкершілікпен қарау қағидаты «Таза Қазақстан» бағдарламасымен тікелей үндеседі.Өңірімізде 2024 жылдан бері елді мекендерді абаттандыру, сәулеттік келбетін жақсарту, қараусыз қалған ғимараттарды, өндірістік үй-жайларды реставрациялау және қалпына келтіру, аумақтарды тазарту, көгалдандыру, жарықтандыру, сондай-ақ халықты экологиялық тәрбилеу бойынша ауқымды жұмыстар басталды.Өткен жылы облыста 108 көпқабатты үйдің күрделі жөндеуі өткізілді, 80 саябақ пен скверге абаттандыру жұмыстары жүргізілді, 144 мың жасыл желек отырғызылды, 164 балалар және спорт алаңдары, 6 мыңнан астам баған орнатылды.«Таза Қазақстан» бастамасын тиімді жүзеге асыруға облыс экономикасының тұрақты өсімі оң ықпал етуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасының өсімі кемінде 8% деңгейінде болады деп күтілуде. Бұл көрсеткіш республикалық орташа деңгейден (6,5%) жоғары. Автожол саласын қаржыландыру жыл сайын артуда. Былтыр 103 млрд теңге бөлінген, бұл 2024 жылдан 40%-ке, ал 2022 жылға қарағанда 2,6 есе артық. 1 300 шақырым автожол, сондай-ақ облыстың 103 елді мекеніндегі 400-ден астам көше және ауылдық елді мекендерге апаратын 81 жуық кіреберіс жол жөнделді. Ауылдық жерлердегі 80 619 ауланың 80%-не су кіргізілді. Өткен жылы аймақта 51 әлеуметтік нысан салынды», – деп атап өтті аймақ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1167798?lang=kk
Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады 25.02.2026
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев Іле ауданындағы «Алатау жарық компаниясы» АҚ ұжымымен кездесті.Жиын барысында 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Әсіресе билік тармақтарының тепе-теңдігі, бір палаталы Құрылтай институтын енгізу, Конституциялық Соттың тәуелсіздігін күшейту және Президент өкілеттігінің бір реттік жеті жылдық мерзімі мәселелері назарға алынды.Коалиция мүшесі Жанболат Жөргенбаев жаңа конституциялық өзгерістердің мәні саяси жүйені сапалық жаңа деңгейге көшіруде екенін атап өтті.«Жаңа Конституцияның маңызды жаңалығы – Президенттің өкілеттік мерзімінің нақты әрі өзгермейтін болып белгіленуі. Мемлекет басшысы бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланады және қайта сайлана алмайды. Бұл талап болашақта өзгертілмейді. Мұндай шешім биліктің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, саяси жүйенің болжамды әрі ашық жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттік басқару нақты ережелерге сүйенуі керек», – деді сенатор.Оның айтуынша, жаңа Конституцияда тежемелік әрі тепе-теңдік тетіктері күшейтіліп, Парламенттің рөлі артады, ал Конституциялық Соттың мәртебесі нақты бекітіледі. Бұл шешімдер мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттыруға бағытталған.«Алатау жарық компаниясы» АҚ Іле ауданы электр тораптары бөлімшесінің басшысы Бекжан Түгелбаев ұжымның ұстанымын жеткізіп, сала үшін тұрақты құқықтық ортаның маңызына тоқталды.«Энергетика – ел экономикасының тірегі. Біз тәулік бойы жұмыс істейтін стратегиялық инфрақұрылымды қамтамасыз етеміз. Сондықтан саяси және құқықтық жүйенің тұрақтылығы біз үшін тек теориялық мәселе емес, нақты өндірістік қауіпсіздік пен инвестициялық сенімге тікелей әсер ететін фактор. Жаңа Конституцияда институционалдық жауапкершілік пен тепе-теңдік тетіктерінің күшеюі сала үшін де ұзақ мерзімді сенімді негіз қалыптастырады деп санаймыз», – деді ол.Кездесу ашық форматта өтті. Қызметкерлер әлеуметтік мемлекеттің қағидаттары, еңбек құқықтарының қорғалуы және стратегиялық инфрақұрылым нысандарының құқықтық қауіпсіздігіне қатысты сауалдарын қойды.Жиын қорытындысында Алматы облысының энергетиктері алдағы республикалық референдумға белсенді қатысуға дайын екендерін білдіріп, елдің болашақ даму бағытын айқындайтын өзгерістерді қолдайтындарын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1168129?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Италиямен стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланды 25.02.2026
Астана, 2026 жылғы 24 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Италия Республикасының Елшісі Антонелло Де Риумен кездесті.Тараптар қазақ-итальян стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылап, саяси диалогты дамытуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды.«Италия Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктестерінің бірі әрі экономикамыздағы жетекші инвестор болып қала береді. 2025 жылы екіжақты сауда көлемі шамамен 17 млрд АҚШ долларын құрады, бұл экономикалық ынтымақтастығымыздың тереңдігі мен тұрақтылығын айқын көрсетеді. Соңғы отыз жыл ішінде италиялық инвестициялар көлемі 9,5 млрд АҚШ долларынан асты. Қазіргі уақытта елімізде стратегиялық секторлардың кең ауқымында 267 италиялық компания жұмыс істейді», – деп атап өтті А.Исетов.Министрдің орынбасары сондай-ақ Антонелло Де Риуды қысқы Олимпиада ойындарының табысты өтуімен және Италия құрамасының жоғары нәтижелерімен құттықтады.«Ойындар ең жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бүкіл әлемде олимпиадалық құндылықтарды ілгерілетуге елеулі үлес қосты», – деді А.Исетов.Сұхбаттастар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделігін білдіріп, 2026 жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар Астана мен Рим арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге ниеттерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1168549?lang=kk
Қостанай облысында «Қарлы десант» акциясы қолдау тапты 21.02.2026
Қостанай қаласында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыстық «Қарлы десант» волонтерлік акциясы өтті.Іс-шараның ұйымдастырушысы — Қостанай облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының «Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығы» КММ.Акцияның басты мақсаты — жалғызбасты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету. Қыс мезгілінде олардың үй маңындағы аумақты қардан тазалау аса маңызды. Осы міндетті еріктілер өз мойындарына алды.«Қарлы десант» акциясы мұқтаж жандарға нақты қолдау көрсетіп қана қоймай, өңірдегі волонтерлік қозғалыстың дамуына да маңызды үлес қосты. Мұндай бастамалар жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, өзара көмек қағидаттарын нығайтады және қоғамның бірлігін күшейтеді.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізілетін осындай іс-шаралар адамдарға және қоршаған ортаға қамқорлық жасау Қостанай облысында қоғамдық жұмыстың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1166706?lang=kk
ҚР СІМ-де балалардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды 21.02.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Өкілі Рашед Сарвармен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар балалардың денсаулығын қорғау, инклюзивті білім беруді дамыту, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, психикалық денсаулық мәселелері және әлеуметтік қорғау жүйелерін нығайтуға бағытталған бағдарламаларды талқылады.«Біз Ұйымының озық халықаралық тәжірибені енгізу, балалар құқықтарын қорғау саласындағы әдіснама мен мониторинг тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ инновациялық шешімдер мен жұмыс тәсілдерін енгізу бағытындағы күш-жігерін жоғары бағалаймыз», – деп мәлімдеді Министрдің бірінші орынбасары.Е.Ашықбаев ЮНИСЕФ-тің «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасын әзірлеуге көрсеткен сараптамалық қолдауы үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ Қазақстанның 2025 жылғы қарашада Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға бағытталған Жаһандық альянсқа қосылуына жәрдемдескені үшін алғыс айтты.ЮНИСЕФ Өкілі 2026–2030 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы ұлттық стратегиялық құжаттардың басымдықтарына және БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі комитетінің қорытынды ескертпелеріне сәйкес келетінін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті нығайтуға және ЮНИСЕФ-тің 80 жылдығына арналған бірлескен іс‑шаралар өткізуге келісті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1166642?lang=kk
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен іс-шаралар туралы 20.02.2026
2026 жылғы 20 ақпанда Қостанай облысының бірқатар ауданында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық және әлеуметтік бағыттағы іс-шаралар өтті. Аталған бастамалар еріктілер қозғалысын дамытуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталды.Қарабалық ауданында Қазақстан Республикасының бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық еріктілер жылының салтанатты ашылуы өтті. Ресми бөлімнен кейін еріктілер «Қарлы десант» акциясына қатысып, жалғызбасты аналар мен зейнеткерлер тұратын 12 ауланы қардан тазартты. Акцияға 25 ерікті қатысып, мемлекеттік құрылымдар мен жастардың тиімді өзара іс-қимылының үлгісін көрсетті.Қостанай қаласында Жастар сарайы базасында облыстық «Қарлы десант» еріктілер акциясы өтті. Қостанай облыстық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шара аясында студент-еріктілер 25 мекенжай бойынша жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың аулаларын қардан тазартты. Дана Токжанова – Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығының ақпараттық-әдістемелік сектордың жетекшісі былай деді:«Әрбір қардан тазартылған аула – бұл тек үйге қамқорлық емес, сонымен қатар қоғамымыздағы бірлік пен қолдауды нығайтуға жасалған кішкентай қадам. Біздің еріктілеріміз белсенді жастар шын мәнінде адамдардың пайдасына нақты істер атқара алатынын көрсетеді».Акция әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және өзара көмек мәдениетін дамытуға септігін тигізді.Федоров ауданында «Заттарға екінші өмір» атты экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жастар арасында саналы тұтыну қағидаттарын дәріптеу және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру. Қатысушылар экологиялық өзекті мәселелерді талқылап, заттарды қайта пайдалану тәсілдерімен танысты және тақырыптық белсенділіктерге қатысты.Жітіқара ауданында Абай атындағы мектеп-лицейінде «Таза Қазақстан» бағдарламасының іске асырылу барысына арналған кездесу өтті. Іс-шара барысында абаттандыру, көгалдандыру, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою, инфрақұрылымды дамыту және қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды. Сонымен қатар, оқушылар мен әлеуметтік серіктестердің экологиялық бастамаларға белсенді қатысуы атап өтілді.Өткізілген іс-шаралар өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасының жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын, қоғам белсенділігінің жоғары деңгейін және билік органдары, жастар мен тұрғындардың абаттандыру, экологиялық жауапкершілік пен әлеуметтік қолдау бағытындағы бірлескен күш-жігерін айқын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1166634?lang=kk
Қазақстан СІМ-де ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының өкілдерімен кездесу өтті 20.02.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) Қажеттіліктерді бағалау миссиясының басшысы Улви Ахундлумен кездесу өткізді.Аталған миссия 2026 жылғы 15 наурызда өтетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға дайындық және оны өткізу процесін бағалау мақсатында Қазақстанға сапарын жасауда.Кездесу барысында әріптестер халықаралық байқаушыларды, оның ішінде ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ны референдумға шақыру мәселесін талқылады.Қазақ тарапы халықаралық ұйымдарға ресми шақыру жолдау тәжірибесіне бейілділігін растап, бұл мемлекетіміздің демократиялық рәсімдерді қамтамасыз етудегі ашықтығын, айқындығын және жүйелілігін көрсететінін жеткізді.Өз кезегінде, У.Ахундлу ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ны байқаушы ретінде шақырғаны үшін, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ведомстволардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастыруға көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық міндеттемелер мен Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес электоралдық процестерді жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастырып, серіктестікті одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1166367?lang=kk
Алматы облысының жастары «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады 20.02.2026
Қонаев қаласында «Жаңа Конституция: орнықты дамудағы қоғамдық диалог пен жастардың рөлі» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Іс-шараға «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері және облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып жүрген өңірдің жас буыны қатысты.Кездесу барысында 15 наурызға белгіленген республикалық референдумда ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Қатысушылар жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әділеттілік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін күшейту және жастардың ел дамуына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне тоқталды.Жиынды ашқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, жалпыұлттық коалиция мүшесі Анас Баққожаев жаңа Конституцияның қоғам сұранысынан туындаған құжат екенін атап өтті.«Бұл реформа – қоғаммен жүргізілген кең диалогтың нәтижесі. Мыңдаған ұсыныс ескеріліп, жаңа Конституция жобасы ашық талқылау негізінде әзірленді. Онда мемлекеттің басты құндылығы – адам және оның құқықтары екені нақты бекітіледі. Жастар үшін бұл – тең мүмкіндіктерге, әділ бәсекеге және заң үстемдігіне негізделген болашақтың кепілі», – деді Анас Баққожаев.Өз кезегінде өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Серік Нұрқадіров жаңа Конституцияның стратегиялық басымдықтарына тоқталды.«Жоба мемлекеттің даму моделін жаңғыртады. Басты назар адам капиталына – білімге, ғылымға, инновацияға аударылады. Жастардың сапалы білім алуы, кәсіби қалыптасуы және азаматтық бастамаларын еркін жүзеге асыруы конституциялық деңгейде қолдау табады. Сондай-ақ цифрлық ортадағы құқықтарды қорғау нормасының енгізілуі – жаңа дәуір талаптарына берілген нақты жауап», – деді ол.Сонымен қатар, коалиция мүшелері Қазыбек Дауталиев пен Сергей Горяной конституциялық реформаның қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне және азаматтардың, әсіресе жастардың белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды.Кездесу барысында жастар өз ұсыныстарын білдіріп, жаңа Конституция жобасына қолдау танытты. Қатысушылар алдағы референдум – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды саяси науқан екенін атап өтті.Айта кетейік, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, азаматтардың барлық сауалына жауап беруге дайын екенін мәлімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1166410?lang=kk
«Осьминог» аквапаркін қайта жаңғырту жұмыстары 20.02.2026
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Қостанай қаласындағы «Осьминог» аквапаркін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. «Аймағымызда зауыттар мен фабрикалардан бөлек, балалар, жастар, отбасылар демалатын, көңіл көтеретін орындар да көп болуы керек», – деді аралау барысында.Үш жыл ішінде облыста 30-дан астам спорттық нысан ашылды, оның ішінде 15 денешынықтыру-сауықтыру кешені, 8 спортзал, 4 жабық хоккей корты, 2 стадион, ат манежі және бассейн. Былтыр жаңғыртудан кейін «Трудовые резервы» спорт кешені өз қызметін бастады.Облыс орталығында аквапаркті қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жалпы аумағы екі есеге жуық ұлғайып, 9 мың шаршы метрден асады, ал су айдыны үш еседен астам көбейіп, мың шаршы метрден асады. Сыйымдылығы – 500 адам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1166105?lang=kk
Теміржол вокзалы ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары 20.02.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Қостанай қаласында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды тексерді.Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде теміржол вокзалдарын ауқымды түрде жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.Аймағымызда Қостанай қаласы, Арқалық, Тобыл, Железорудный, Аманқарағай, Кұсмұрын бекеттерінде 6 теміржол вокзалы қайта жаңғыртылуда. Аманқарағай теміржол вокзалы күрделі жөндеуден кейін өз қызметін қайта бастады.Қостанай қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту нәтижесінде ғимараттың жалпы аумағы 7,4 мыңнан 10,4 мың шаршы метрге дейін ұлғаяды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1166098?lang=kk
Қазақстан мен Ресей халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша конструктивті диалогты жалғастыруда 20.02.2026
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде қарулануды бақылау, қарусыздану және таратпау мәселелері бойынша Сыртқы істер министрлерінің жетекшілік ететін орынбасарлары деңгейінде кезекті екіжақты консультациялар өтті.Қазақстан делегациясын министрдің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев, ал Ресей тарапынан министрдің орынбасары Сергей Рябков басқарды. Тараптар жаһандық қауіпсіздік күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымын, оның ішінде ядролық қарусыздану мен таратпау режимін нығайту, биологиялық қауіпсіздік және экспорттық бақылау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ дипломаттар БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитеті, Қарусыздану конференциясы және биылғы жылы өтетін Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың Он бірінші шолу конференциясы аясындағы құзыретті көпжақты құрылымдар аясындағы бірлескен жұмыстың негізгі басымдықтары бойынша пікір алмасты.Нәтижесінде тараптар осы тақырып бойынша нақты диалогты жалғастыру ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1165869?lang=kk
Елорда мектебінің оқушылары ҚР СІМ-де болды 19.02.2026
Астана, 2026 жылғы 19 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ғимаратында 10-12 сынып оқушылары мен Астана қаласындағы Канадалық халықаралық мектеп жанындағы дипломатия клубының мүшелеріне арналған экскурсия өтті.Кездесу аясында оқушылар министрліктің музейін аралап, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасуы мен даму тарихымен, сондай-ақ еліміздің сыртқы саясатының негізгі бағыттарымен танысты.Экскурсиялық бағдарламадан бөлек, оқушылар алдында Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері сөз сөйледі. Дәріс оқу барысында дипломаттар тиісті бағыттар бойынша жұмыстың ерекшеліктері, Қазақстанның негізгі халықаралық бастамалары және дипломатиялық тәжірибенің қыр-сыры туралы баяндады.Ерекше назар азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді және ұлттық құндылықтарға адалдықты қалыптастыру мәселелеріне аударылды, бұл Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаттарына сәйкес келеді. Соңында Министрліктің өкілдері дипломаттардың кәсіби қызметіне зор қызығушылық танытқан оқушылардың сұрақтарына жауап берді.Кездесу қорытындысы бойынша мектеп әкімшілігінің өкілі мен оқушылар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне және оның қызметкерлеріне жылы қабылдау, мазмұнды экскурсия және дипломатиялық қызмет саласындағы өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап алуға мүмкіндік бергені үшін шынайы алғыстарын білдірді.Осындай іс-шараларды өткізу жастардың халықаралық қатынастар саласына қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының жауапты, білімді және құндылыққа бағдарланған ұрпағын қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат» бағдарламасының міндеттерін практикалық іске асыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1165620?lang=kk
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Алматы облысының тұрғындарымен кездесті 19.02.2026
Қонаев қаласының Мәдениет үйінде жаңа Конституция жобасы мен 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға арналған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің кездесуі өтті. Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Жиынға Мәжіліс депутаттары Мақсат Толықбай, Жанарбек Әшімжанов, Сергей Пономарев және қоғамдық институттар, әлеуметтік қолдау саласының өкілдері, білім беру саласының мамандары, жастар ұйымдары мен өңір белсенділері қатысты.Отырыс барысында Аида Балаева ұсынылған жаңа Конституция жобасының басты өзегі – азаматтардың мүддесін қорғау және елдің ұзақмерзімді тұрақты дамуы екенін атап өтті. Құжатта мемлекеттің бағыты, қоғамның қандай құндылықтарға сүйеніп дамитыны және билік пен халық арасындағы қатынастың жаңа деңгейі айқын көрініс тапқан.«Ең алдымен, Жаңа Конституцияның Преамбуласына тоқталғым келеді. Онда адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің ең жоғары басымдығы ретінде айқын белгіленіп отыр. Бұл – мемлекеттік саясаттың философиясын түбегейлі өзгертетін қағидат. Яғни мемлекет енді азамат үшін, азаматтың қадір-қасиеті үшін қызмет етуі тиіс деген ұстаным заңның өзегіне айналып отыр. Сонымен қатар бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің берік іргетасы ретінде бекітілген. Алматы облысы секілді көпэтносты, көпконфессиялы өңір үшін бұл нормалардың маңызы айрықша», – деді ол.Жобаны дайындау барысы мен негізгі институционалдық өзгерістер туралы толық ақпаратты Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев баяндады. Оның айтуынша, жұмыс кезең-кезеңімен және ашық форматта жүргізілді, ал ұсынылған түзетулер жүйенің тиімділігі мен саяси жауапкершілікті арттыруға бағытталады.«Уақыт өзгеріп жатыр, сондықтан жаңа Конституция да қажет болды. Жұмыс өткен жылдың қыркүйегінде басталып кетті. Бұл процесс «асығыс әрі жабық түрде өтті» деу шындыққа жанаспайды. Қарашадан бастап парламенттік комиссия жұмыс істеді, кейін конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12 отырысы өтті. Жалпы 130 адам – белгілі заңгер-ғалымдар, депутаттар, фракция жетекшілері мен сарапшылар қатысты. Барлығы ашық түрде өтті», – деді депутат.Ата заңды жаңартуда адами капитал мен жастар саясатының маңызын Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай айқындап берді. Ол Конституция азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететінін және заман талабына сай болуы тиіс екенін айтты.«Конституция – әрқайсымыздың өмірімізге тікелей ықпал ететін басты құжат. Маңызды мәселелерді халық референдум арқылы шешуі қажет. 1995 жылғы Конституциядағы кейбір нормалар бүгінгі талаптарға сай емес. Білім, ғылым және инновациялар Преамбулада негізгі құндылық ретінде белгіленуі бекер емес. Бізге жастардың интеллектуалдық әлеуетін ашу маңызды», – деді Мақсат Толықбай.Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов сөз сөйлеп, жобаны мұқият зерделеу қажеттігін атап өтті. «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова жаңа құжаттағы отбасы құндылықтарына тоқталды. «Қазақстан халқына» ҚҚ төрағасы Ләззат Шыңғысбаева құжаттың әлеуметтік бағытын сөз етті. Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілепов білім мен ғылымның рөліне ерекше назар аударды.Кездесу соңында қатысушылар республикалық референдумға белсенді қатысу – елді жаңғырту мен интеллектуалдық әлеуетті нығайтудың маңызды қадамы екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1165282?lang=kk
Қонаевта кәріз-тазарту жүйесінің құрылысы басталды: 30 млрд.теңгеден астам қаржы жұмсалады 19.02.2026
Қонаев қаласында бірнеше жылдан бері шешімін таппаған күрделі мәселеге нүкте қойылады. Жағымсыз иіс шығарып, 100% тозығы жеткен кәріз-тазарту жүйесінің орнына басқасы салынады.Ескірген нысан қаладан 3-4 шақырым жерде орналасқан. Ал жаңа кәріз-тазарту жүйесі Қонаевтан 15 шақырым жерде бой көтереді.Құрылысқа тапсырыс беруші – Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы. Жоба мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жүзеге аспақ. Әріптес компания – «Daur Capital» ЖШС. Нысанның құрылысы 20 ай ішінде аяқталады деп жоспарлануда. Оған 33 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ.Жаңа нысанның қуаттылығы тәулігіне 25 текше метрден астам суды сүзгіден өткізуге мүмкіндік береді. Кәріз-тазарту жүйесі 215 гектар аумақта салынады. Қазіргі таңда жер жұмыстарын бастауға дайындық жүріп жатыр. Негізгі технологиялық жабдықтар, құбырлар және жинақтаушы тоғандарға арналған гидрооқшаулағыш материалдар сатып алынды.Тозығы жеткен кәріз-тазарту жүйесі жаңасы іске қосылғаннан кейін рекультивацияланады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1165254?lang=kk