Қоғам
ТАТУЛЫҚ ПЕН ДОСТЫҚ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ 27.08.2025
Татулық – қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі, ал достық – елді ортақ мақсатқа жұмылдыратын, жүректерді жақындастыратын ұлы құндылық. Достық бар жерде – сенім де, сыйластық та, өзара түсіністік те қатар өркендейді. Ұлт пен ұлыстың ойы да, арманы да, ниеті де бір болғанда – ондай елдің болашағы баянды, іргесі берік болмақ.Қазақстан – осы татулық пен достықтың жарқын үлгісін көрсетіп отырған мемлекет. Бүгінде елімізде сан түрлі мәдениет пен дәстүр тоғысып, адамдардың бір-біріне деген құрметі мен бауырмалдығы, сенімі мен түсіністігі нығайып келеді. Бұл – өркениетті қоғамның басты көрсеткіші әрі халқымыздың жүрегіндегі кеңпейілдік пен мейірімнің айғағы.Достық – елді біріктіретін алтын көпір. Ол адамдарды ұлтқа, тілге, дінге бөлмей, ортақ мүдде жолында топтастырады. Сондықтан басты міндетіміз – ел ішіндегі тұрақтылықты сақтап, қоғамдағы келісім мен достықты, бейбіт өмірді нығайта беру. #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
ТЕМІР ЖОЛ САЛАСЫНА АДАЛ ҚЫЗМЕТ 27.08.2025
Темір жол мемлекеттің күретамыры. Бұл саланың тыныс-тіршілігі мыңдаған теміржолшылардың ерен еңбегінің нәтижесінде жүзеге асып келеді. Солардың бірі — өз ісіне адал, көп жылғы тәжірибесімен бөлісіп келе жатқан Расимов Жандос Ерментайұлы.Жандос Ерментайұлы 1967 жылдың 11 қаңтарында дүниеге келген. Ол темір жол саласына 33 жылын арнаған білікті маман. Еңбек жолын Ташкент станциясында қарапайым жол шебері лауазымынан бастаған. Содан бері үздіксіз ізденіс пен адал еңбек арқылы ол бұл салада үлкен тәжірибе жинақтап, әріптестері арасында беделге ие болды.Бүгінгі таңда Жандос Ерментайұлы Сарыағаш станциясында парк бойынша кезекші қызметін атқарып келеді. Бұл үлкен жауапкершілікті, қырағылықты талап ететін қызмет. Көп жылдық тәжірибесі мен саланы терең меңгерген кәсіби біліктілігінің арқасында ол өз жұмысына тыңғылықты қарап, темір жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етіп жүр.Мұндай мамандар ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген нағыз еңбек майталмандары. Жандос Ерментайұлы сияқты теміржолшылардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Құрылысшы – ел дамуына үлес қосатын негізгі мамандықтардың бірі 27.08.2025
Құрылысшы – ел дамуына үлес қосатын негізгі мамандықтардың бірі2025 жыл – елімізде жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға бағытталған ерекше жыл. Бұл бастама аясында құрылысшы мамандығына деген сұраныс пен құрмет одан әрі арта түспек.Құрылысшы – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін, материалдық орта қалыптастырушы маңызды кәсіп иесі. Қалалар мен ауылдардың дамуы, заманауи инфрақұрылым мен тұрғын үй құрылысы – осы мамандық иелерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі.Білікті құрылысшылар – сапалы әрі қауіпсіз құрылыс нысандарын салып, ел экономикасына елеулі үлес қосады. Бұл мамандық техникалық білімді, дәлдікті, жауапкершілікті және үздіксіз даму мен кәсіби шеберлікті талап етеді.Жастарды құрылысшы мамандығын игеруге шақыра отырып, еңбекке деген құрметті арттыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
Ақтауда ХҚКО-да жасөспірімдерге алғашқы жеке куәліктері табысталды 27.08.2025
Ақтауда ХҚКО-да жасөспірімдерге алғашқы жеке куәліктері табысталды Конституция күні мерекесінің 30 жылдығы қарсаңында Ақтау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Бұлкүніжақында16жасқатолғанжасөспірімдергеерекшеназар аударылды.Оларүшінрәсімшынмәніндемаңыздыоқиғаболды - жасазаматтарөздерініңалғашқы жеке куәліктеріналды. Негізгі құжатты алу ересек өмірдің басталуын білдіреді, жаңа мүмкіндіктер ашады және қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілікті көрсетеді. Жеке куәліктердің дәл Конституция күніне орай табысталуының айрықша мәні бар, өйткені еліміздің Негізгі заңы әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Мұндай іс-шаралар өңірдегі ХҚКО-ларда тұрақты түрде өткізіліп келеді және жастардың патриоттық сезімін, азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін игі дәстүрге айналды. Айта кету керек, 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары жеке куәлік алуға міндетті. Ол үшін жасөспірім ата-анасының бірімен туу туралы куәлік пен ата-анасының жеке куәлігін көрсете отырып, жақын маңдағы ХҚКО-ға жүгінуі қажет Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстан Республикасының Конституциясы өзінің 30 жылдығын атап өтуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1058838?lang=kk
Селангор – Қазақстан: Аймақтық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері 27.08.2025
Селангор штатының Үкімет басшысы Амирудин бин Шари бастаған делегациясының Қазақстанға ресми сапары аясында білім, мәдениет, технология және экономика салаларында бірқатар маңызды кездесулер өтті.Астанада делегация Назарбаев Университетіне барып, академиялық алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер және қос диплом бағдарламалары бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. UNISEL, UIS және STDC секілді Селангордың жетекші жоғары оқу орындары тарапынан ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық білдірілді.Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігімен, сондай-ақ Білім министрлігімен өткен кездесулерде STEM-білім, техникалық оқыту, инновациялар және білім беру технологиялары бағыттарындағы бірлескен бастамалар қарастырылды.Мәдени ынтымақтастыққа да ерекше көңіл бөлінді. Алматыдағы Ұлттық және Мемлекеттік кітапханалармен, сондай-ақ Қазақстан Президенті орталығымен бірқатар құжаттарға қол қойылды. Қазақтың ұлы ойшылдары – Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи еңбектерін малай тіліне аудару, кітапханаларды цифрландыру және балалар оқуы салаларындағы жобалар жоспарлануда.Astana Hub – Орталық Азиядағы ірі технологиялық орталыққа бару барысында тараптар цифрлық экономика, стартаптарды қолдау және IT мамандарын даярлау бағыттарын талқылады.Алматыда Селангор Үкіметінің басшысы қала әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесіп, тұрақты қалалық даму, көлік, инвестиция, жаңартылатын энергетика, туризм және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты талқылады. Куала-Лумпур – Алматы тікелей әуе рейсі туризмнің дамуына оң әсер етіп отыр. 2024 жылы Малайзиядан келетін туристер саны 5 есеге артқан.Селангор Үкіметі басшысының бұл сапары Малайзия мен Қазақстан арасындағы аймақаралық байланысты тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болды. Келісілген бастамалар білім, ғылым, мәдениет және технология салаларында жаңа серіктестік көкжиектерін ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1057337?lang=kk
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары К.А. Пилалов 2025 жылдың 26 тамызда Ғ.Мүсірепов атындағы аудан тұрғындарымен Ставрополка ауылының Мәдениет үйінің ғимаратында Әділет органдарының қызметіне қатысты проблемалық мәселелерді шешу бойынша кездесу өткізілді. 27.08.2025
Кездесу соңында азаматтардың жеке қабылдауы өткізілді. Жеке қабылдауда азаматтар әділет органдарының қызметіне байланысты сұрақтарға толық жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1057343?lang=kk
Жетісу өнері Каир төрінде! 27.08.2025
2025 жылдың тамыз айында Мысыр Араб Республикасының астанасы – Каир қаласында дәстүрлі Халықаралық XXXIII «Цитадель» музыка және ән орындау фестивалі жоғары деңгейде өтті. Бұл фестиваль – араб елдеріндегі ең ауқымды мәдени шаралардың бірі болып саналады. Шара әйгілі Салах ад-Дин Цитаделі аумағында өтті және жыл сайын 30-дан астам елден келген өнер ұжымдарын, вокалистер мен музыканттарды біріктіреді.Каир қаласына барған Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының өнерпаздарын Мысыр Араб Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі жылы қарсы алды.Филармония директоры Жексенбаев Самат Жанғазыұлы ұжымды таныстырып, Қазақстан елшісі Асқар Жеңісұлына шын жүректен алғысын білдірді.Бұл – екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтып, қазақ өнерін халықаралық деңгейде паш еткен маңызды кездесу болды.Осы беделді халықаралық сахнада Жетісу облысының атынан Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының өнерпаздары қатысып, қазақтың дәстүрлі өнерін шет елдік көрерменге паш етті. Домбыра үні, сырлы әуен мен ұлттық би фестивальдің көркін қыздырып, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.Филармония ұжымы ұлттық музыканың бай мұрасын насихаттай отырып, Қазақстанның мәдени бренді ретінде жоғары деңгейде өнер көрсетті. Көрермендер қазақ музыкасының ерекшелігіне, орындаушылық шеберлікке тәнті болды.Фестиваль аясында ерекше тағылымды сәттердің бірі – филармония ұжымы мен Мысыр Араб Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі бірлесіп, қазақ халқының Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.Бұл халықаралық қатысу – тек концерт емес, Жетісу мәдениетінің жаһандық кеңістікке шығуының бір көрінісі. Өнер – достықтың көпірі, халықтардың рухани үндестігі екенін тағы да дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1057345?lang=kk
АДБ Қазақстанда $7,5 млрд-тан астам сомаға жобаларды қаржыландырды 27.08.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы Азия даму банкінің (АДБ) өкілдігінің директоры Кумар Утсавпен кездесті.АДБ – Қазақстанның стратегиялық серіктесі. 30 жылға жуық ынтымақтастық кезеңінде Банк көлік, энергетика, цифрлық даму, тұрғын үй инфрақұрылымы және әлеуметтік саладағы жобаларды $7,5 млрд-тан астам сомаға қаржыландырды. Қолданыстағы портфельде ел үшін маңызы зор жобалар бар, олардың қатарында «Ақтөбе – Қандыағаш» автожолын қайта жаңарту, «Қызылорда – Павлодар – Үспен – РФ шекарасы» трассасының «Қызылорда – Жезқазған» учаскесі бар.Тараптар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысын және жаңа бастамаларды талқылады. Олардың ішінде «Сарыағаш қаласын айналып өтетін автожол құрылысы», «Инклюзивті және жасыл тұрғын үй қаржыландыруға жәрдемдесу» жобасы, сондай-ақ Фискалдық басқару бағдарламасы мен қаржы секторының реформасы бар.Әсіресе Қарағанды, Ақтөбе және Семей қалаларында университеттік ауруханалар салу жобаларының әлеуметтік маңыздылығы атап өтілді.Ынтымақтастықтың маңызды бағыты – Қазақстанның Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) бағдарламасына белсенді қатысуы. Қазақстан бағдарламаға 2001 жылы қосылып, негізінен көлік саласындағы 32 жобаға $10 млрд тартты. Бағдарламаға 11 мемлекет пен халықаралық институттар, соның ішінде АДБ, ЕҚҚДБ, ХВҚ, ИДБ, БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк және АИИБ қатысады.Кездесу барысында қатысушылар 20 қарашада Бішкекте өтетін Министрлік конференциясына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударды.«Бұл іс-шара жылды қорытындылап қана қоймай, ОАӨЭЫ-ның болашақтағы басымдықтарын айқындайды, сондай-ақ көлік пен транзитті дамыту мәселелері жөніндегі жаһандық диалогтың ажырамас бөлігіне айналады», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан экономикасының орнықты дамуына бағытталған әріптестікті нығайтуға және бірлескен жобаларды кеңейтуге дайын екенін растады.https://primeminister.kz/news/adb-kazakstanda-75-mlrd-tan-astam-somaga-zhobalardy-karzhylandyrdy-30444 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1057351?lang=kk
Қаратал ауданында жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған Ашық есік күні 27.08.2025
"26.08.2025 ж. Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өтті, оның шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.Іс-шараға қатысушылар – жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, есепшілер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1057302?lang=kk
Лисаков қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Мектепке жол» акциясына қатысты 27.08.2025
Жаңа оқу жылының қарсаңында Лисаков қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясына қатысты.Шараның мақсаты – оқу жылынадайындық барысында көмекке мұқтаж балаларды қолдау.Акция аясында 7-сынып оқушысына қажетті оқу құралдары мен материалдар табысталды. Бұл оған жаңа оқу жылын сәтті бастауға мүмкіндік береді.Осындай игі бастамалар сапалы білім алуға жағдай жасауға, көмекке зәру отбасыларды қолдауға, сондай-ақ болашақ ұрпаққа қамқорлық пен өзара жәрдемдесу құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1057284?lang=kk
Алматы облысында жылыту маусымына дайындық бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде 27.08.2025
Бүгінде өңірде 348 жылыту қазандығы пайдаланылады: олардың 165-і қатты отынмен, 107-сі газбен, 44-і сұйық отынмен, 21-і электр қуатымен жұмыс істейді, ал тағы 11-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.Алдағы маусымға облыстың жалпы қажеттілігі 2 181 тонна көмірді, шамамен 1,94 млн литр сұйық отынды және 98 текше метр отынды құрайды.Қазіргі уақытта өңірдегі барлық медициналық ұйымдарда отын сатып алу конкурстары аяқталып, жеткізушілер анықталып, келісімшарттар жасалды. Бірқатар медициналық мекемелер қажетті отынмен қамтамасыз етілді. Сұйық және қатты отынды жеткізу 1-15 қыркүйек аралығына жоспарланған. Барлық нысандарда қысым сынақтары мен техникалық жұмыстар жүргізіліп, жабдықтарға сервистік қызмет көрсетілді, сондай-ақ қазандықтардың ақаулы қосалқы бөлшектері ауыстырылды.Жылыту маусымына дайындық жоспарлы түрде атқарылып жатыр, ал әлеуметтік нысандарды отынмен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда тұр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1057273?lang=kk
Кеден саласында Финляндиямен ынтымақтастықты нығайту 27.08.2025
Хельсинки, 2025 жылғы 26 тамыз – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндияның Кеден қызметінің Басшысы Сами Ракшитпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың жан-жақты аспектілерін талқылап, қолданыстағы байланыстарды нығайту және кеден саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен жетілдіруге берік құқықтық негіз құру қажеттігін атап өтті.Елші Қазақстанның Финляндиямен практикалық ынтымақтастықты кеңейтудегі мүдделілігін атап өтті, сонымен қатар кеден саласындағы өзара іс-қимылды нығайту екіжақты сауда-экономикалық байланыстардың дамуына септігін тигізетінін жеткізді.Соңында тараптар серіктестікті тереңдетуге дайын екендіктерін білдіріп, кеден саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша тұрақты диалогты қолдаудың маңыздылығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1057248?lang=kk
Тамыз педагогикалық конференциясы 26.08.2025
Жаңа оқу жылы қарсаңында Курчатов қаласында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ – КӘСІБИ МАМАН» атты тамыз педагогикалық конференциясы өтті. Бұл конференция өскелең ұрпақты тәрбиелеу және білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.Конференцияны Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев ашып, құттықтау сөзінде педагогтардың ел болашағын қалыптастырудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, алдағы оқу жылында тың идеялар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуді тіледі.Білім беру жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Болат Тансықбаевич бірқатар педагогтерге қала әкімінің грамоталарын табыстады.Сондай-ақ Абай облысы Білім басқармасының «Курчатов қаласының білім бөлімі» ММ басшысы А.Ж. Улукпанова өз ісіне шығармашылықпен қарап, жоғары сапалы білім бергені мен жетістіктері үшін мұғалімдерді қалалық білім бөлімінің грамоталарымен марапаттады.Салтанатты бөлімнен кейін конференция қатысушылары секциялық жұмыстарға қатысып, тәрбие берудің өзекті мәселелерін, заманауи білім беру технологияларын енгізу мен білім беру саласын дамытудың стратегиялық бағыттарын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1057234?lang=kk
Қазақстандық оқушылар Экономикадан халықаралық олимпиадада жеңіске жетті 26.08.2025
2025 жылғы 22–23 тамыз күндері Грекияның Ежелгі Олимпия қаласында, Халықаралық олимпиадалық академия (IOA) аумағында Экономикадан халықаралық олимпиаданың (Economics Olympiad 2025) финалы өтті. Қазақстандық оқушылар тарихи жоғары нәтиже көрсетіп, терең білімдері мен жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.Олимпиадаға әлемнің 28 елінен ұлттық кезеңдерге 100 мыңнан астам қатысушы арасынан іріктелген 128 үздік мектеп оқушысы қатысты. Әр мемлекетті бес жеңімпаздан құралған ұлттық құрама командасы таныстырды.Қазақстан құрамасы айрықша табысқа қол жеткізіп, төрт медаль иеленді:Батырхан Мұхтархан — алтын медаль және барлық қатысушылар арасында абсолютті бірінші орын;Елжан Заманбеков — күміс медаль;Нұрғаным Мұхамеджан — күміс медаль;Айым Жұбатқан — қола медаль.Әсіресе, Батырхан Мұхтарханның жетістігі ерекше атап өтуге тұрарлық. Ол АҚШ, Канада, Қытай, Нидерланд, Польша, Чехия, Грекия, Тайвань және өзге де мемлекеттердің өкілдерін басып озып, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды.Олимпиада бағдарламасы экономика мен қаржы бойынша теориялық және тәжірибелік кезеңдерді қамтып, қатысушылардан терең білім мен оны іс жүзінде қолдану қабілетін талап етті.Байқау өткен орын да символдық мәнге ие болды — Олимпиада ойындарының отаны саналатын Ежелгі Олимпия қаласы. Қатысушылар жарыспен қатар тарихи мұралармен де танысып, археологиялық ескерткіштерді және ежелгі олимпиадалық стадионды аралады.Қазақстан құрамасын жеңісімен Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Сұлтанғожин жеке құттықтап, оқушылардың жоғары дайындық деңгейін атап өтті. Ол қазақстандық оқушылардың жетістігі еліміздің халықаралық беделін арттыруға септігін тигізетінін ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1057235?lang=kk
Бельгияның жаңа Елшісі Қазақстан СІМ-де сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады 26.08.2025
Астана, 2025 жылғы 26 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Эрик Де Майерден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Министрдің орынбасары Бельгия дипломатын Қазақстандағы жаңа қызметімен құттықтай отырып, Астана мен Брюссель арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың және өзара диалогті тереңдетудің жоғары маңыздылығын атап өтті.Сұхбат барысында Қазақстан-Бельгия ынтымақтастығының өзекті бағыттары мен алдағы екіжақты, соның ішінде парламентаралық диалогының желісі бойынша іс-шараларды талқыланды.Сонымен қатар өзара тиімді экономикалық серіктестікті арттыруға және Қазақстан мен Бельгия арасындағы іскерлік байланыстарды одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірілді.Кездесу соңында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы белсенді өзара іс-қимылды одан әрі қолдауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1057229?lang=kk
Құрметті Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғындары! 26.08.2025
2025 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Бақытұлы Омарбеков Қызылорда облысының халқы мен бизнес өкілдерімен кездеседі. Негізгі іс-шаралар мына мекенжайда өтеді: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі ауылы, Әбдікәрімов көшесі, 8-үй.Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу 17:20 басталады.Сіз өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Ұлттық экономика вице-министріне кездесуде қоя аласыз немесе сауалдарыңызды алдын-ала WhatsApp-қа жібере аласыз +7 776 662 6575 (ҰЭМ):Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: WhatsApp +7 776 662 6575 (ҰЭМ).Азаматтарды белсенді қатысуға және Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековке сұрақтар қоюға шақырамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1057214?lang=kk
АҢДАТПА! «Корпоративтік табыс салығы бойынша Салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы» тақырыбында тікелей эфир өтеді 26.08.2025
АҢДАТПА! «Корпоративтік табыс салығы бойынша Салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы» тақырыбында тікелей эфир өтеді2025 жылғы 27 тамызда сағат 16:00-де mkd_aqmol Instagram парақшасында «Корпоративтік табыс салығы бойынша Салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы " тақырыбында тікелей эфир өтеді.Спикер - Нұрлан Махамбет камералдық мониторинг басқармасының бас маманыМодератор – Айнұр Елікбаева түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1057194?lang=kk
Алматы облысында Talgar Eco City жобасы таныстырылды: әкімдік халықаралық ынтымақтастықты күшейту үстінд 26.08.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Жоғары мәртебелі шейх Абдулла бен Мохаммед бин Бутти Әл Хамед пен Talgar Eco City жобасының бастамашысы және иесі Бақыт Атайбековпен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауқымды Talgar Eco City жобасының бас жоспары таныстырылды. Келіссөздер Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Рауан Жұмабек қолдауымен өтті және өңірдің инфрақұрылымын дамыту мен қаржыландыру мәселелеріне арналды.Talgar Eco City жобасы Талғар қаласы мен Ақдала ауылын қамти отырып, шамамен 600 гектар аумақты алады. Жоба аясында тұрғын үй кешендері, мектептер, медициналық мекемелер, сауда-ойын-сауық орталықтары салу және жасыл қоғамдық кеңістіктер құру жоспарланып отыр. Концепция экологиялық тазалық және «жасыл» технологияларды қолдану қағидаларына негізделген.Бас жоспарды БАӘ-нің AE7 халықаралық компаниясы әзірледі. Жобаны жүзеге асыру мақсатында 2025 жылғы шілдеде Алматы Халықаралық Қаржы Орталығының базасында қазақстандық Dinar Holding Ltd. пен әмірліктерлік 44Degree компанияларының қатысуымен Talgar Development Ltd. бірлескен кәсіпорны құрылды.Алматы облысының әкімдігі жобаның іске асуын жан-жақты қолдап отыр, оның ішінде инженерлік желілерге қосылу және 2028 жылға дейінгі Алматы агломерациясын дамыту бағдарламасы аясында сыртқы инфрақұрылымды дамыту мәселелері де қамтылады.Сапар барысында EXIM Finance компаниясының басшысы Салах Ибрагим Әл Нассермен кездесу өтті. Кездесуде ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларындағы Алматы облысының жобалары талқыланды. 2017 жылы Дубайда құрылған EXIM Finance компаниясы экспорттық-импорттық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырумен танымал. Оның және БАӘ іскер топтарының қатысуы Қазақстанға деген сенімділіктің жоғары екенін көрсетеді.Сонымен қатар, Дубайда орналасқан малайзиялық International Investment Consortium (IIC) инвестициялық банкі мен оның жетекшісі Dato Dr. Arshad Mahmood мырзамен жеке кездесу өткізілді. Тараптар Алматы облысындағы жобалар мен ірі инфрақұрылымдық бастамаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1057178?lang=kk
«Қонай» шағын ауданында жер учаскелерін бөлу жұмыстарының барысы қаралды 26.08.2025
Жалпы аталған ауданда 1967 үйдің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 14 учаске су тасқынынан зардап шеккендерге берілсе, 161 учаске құрылыс бөліміне бюджет есебінен тұрғын үй салу үшін бекітілді. Қалған 1792 учаске кезектегілерге арналды.Аталған учаскелердің қатарында 124-і дайын тұрғын үйлермен қамтылған. Барлық үйлер толық әрлеумен пайдалануға беріліп, инженерлік желілерге қосылған. Сондай-ақ кіреберіс жолдармен және қоршаумен қамтамасыз етілген. Бұл үйлерді азаматтар банк арқылы несиелендіру немесе қолма-қол қаражат есебінен сатып ала алады. Осылайша, кезектегілер үшін екі мүмкіндік ұсынылды: өз күшімен үй салу үшін жер учаскесі немесе инфрақұрылымы толық дайын тұрғын үй.Қалған 1668 учаске үлгілік жобалар бойынша құрылыс жүргізу үшін беріледі. Олар үш жыл ішінде құрылыс аяқталғаннан кейін меншікке рәсімделетін жалға ұсынылады.Инвентаризация жарияланған уақыттан бері 1430 кезектегі өз деректерін жаңартты, оның ішінде алғашқы үш мыңның 932-сі бар.Барлық кезектегілерге деректерді https://map.gov4c.kz/egkn/ сайты арқылы немесе 54-00-97 телефоны арқылы жаңарту қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1057167?lang=kk
Түркістанда салық саясатындағы тың тәсілдер талқыланды 26.08.2025
ҚР Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіруге байланысты жүйелі жұмысты қолға алып, реформа жайлы кәсіпкерлер мен халықты құлақтандырып келеді. Ведомство бизнес өкілдерімен кездесу арқылы енгізілетін жаңашылдықтар жөнінде ақпарат жеткізіп, тиісті нормалардың практикалық қолданысқа және реформаның артықшылықтарына баса мән беруде. Осы жұмыстың аясында Түркістан облысында «Атамекен» ҰКП қолдауымен 2026 жылы күшіне енетін Салық кодексінің ережелерін түсіндіруге арналған көшпелі семинар өтті.Жиынға ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов пен МКК қызметкерлері қатысты.Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты серпіні байқалып келеді. Биылғы қаңтар-шілде аралығында өңірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қазіргі бағамен шаққанда 852 050,6 млн теңгеге жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 12, 3% артқан. Ал өңірлік жалпы өнім көлемі (биылғы қаңтар-наурыз айларында) 1 053 912,6 млн теңгеге жетіп, нақты өсім 9,1% межесінде байқалды. ӨЖӨ құрылымында тауар өндірісінің үлесі 37,1%, ал көрсетілетін қызметтердің көлемі 57,7% көрсеткен.Кәсіпкерлер үшін ерекше маңызды өзгерістердің бірі – ҚҚС әкімшілендіру ісін жетілдіру мен корпоративті табыс салығы әрі ҚҚС бойынша сараланған мөлшерлемелерге көшуге байланысты болып отыр. ҚҚС әкімшілендіру ісін жетілдіру рәсімдерді жеңілдетіп, әкімшілік жүктемені азайту мен бизнес пен мемлекет арасындағы даулы жағдайларды барынша төмендетуге бағытталған. Бұл компанияларға уақыт пен ресурстарды үнемдеп, өз істерін дамытуға назар аударуға мүмкіндік береді.«Корпоративті табыс салығы мен ҚҚС бойынша сараланған мөлшерлемелерді енгізу салалардың ерекшеліктері мен кәсіпорындардың табыс деңгейін ескеретін неғұрлым икемді тәсілді қарастырады. Мұндай тетік әділ салық жүйесін орнатып, шағын және орта бизнесті қолдауға, сондай-ақ экономиканың басым секторларын дамытуға жол ашады», деді Ж.Нұржанов.Семинарға өңірдің шамамен 400 кәсіпкері мен БАҚ өкілдері қатысты.Келесі семинар 27 тамызда Шымкент қаласында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1057142?lang=kk