Enbekshi QazaQ

Қуқық

Армия аналардың көзімен: Ашық есік күнінде әскери бөлімдерге 4000-нан астам адам келді 01.02.2026
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың бұйрығымен ұйымдастырылған бірыңғай Ашық есік күні аясында сарбаздардың 4000-нан астам туған-туысы әскери бөлімдерге жиналды.Қонақтарға қару-жарақ пен әскери техника көрмелері ұйымдастырылды. Ата-аналар ұлдарының қызмет барысында нені меңгергенін өз көздерімен көрді. Сап және оқу-жаттығу алаңдарында сарбаздар қарумен саптық тәсілдерді, қоян-қолтық ұрыс элементтерін және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау шеберлігін көрсетті.Келушілерге тәрбие жұмысын ұйымдастыру және әскери тәртіпті сақтау бойынша қорғаныс ведомствосы тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар қаруды қолдану, сабақтар мен жаттығулар өткізу кезіндегі қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілетіні егжей-тегжейлі түсіндірілді.Қорғаныс ведомствосының бұл бастамасы мерзімді әскери қызметшілердің туған-туыстарына жауынгерлік дайындықтың ұйымдастырылуымен, қызмет және тұрмыс жағдайларымен танысуға мүмкіндік берді. Қонақтар казармаларды аралап, жатын бөлмелер мен тұрмыстық аймақтарды көрді.Асханаларда олар сарбаздарды тамақтандыру қалай ұйымдастырылғанын көріп, тағам рационының тәртібі мен алуан түрлілігін бағалады. Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі – бірлескен түскі ас болды. Қарапайым өтсе де, мағынасы айрықша бұл кездесу ата-аналарға ерекше әсер етті. Кеше ғана жасөспірім болған ұлдары сенімді, тәртіпті, бір-біріне қолдау көрсетуге дайын нағыз ер-азаматтарға айналған.Әскери бөлімдерге келген жас қонақтарды да ерекше атап өткен жөн. Олар сарбаз қызметіндегі ағаларына сүйсіне қарайды. Тараз қаласынан келген он жастағы Алена «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты байланыс полкінде қызмет ететін ағасы Владимир Романовта қонақта болды. Әскери бөлімге жасалған бұл сапар мектеп оқушысына өшпес әсер қалдырып, ағасына деген мақтаныш сезімін оятқаны сөзсіз.Гвардейск гарнизонындағы танк бригадасының барлау батальонында қызмет ететін Айбар Калифановтың үш жасар інісі Әміре ағасының қолынан түскен жоқ. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын әскери дәстүр дәл осылай қалыптасады.Елордадағы бригададаға Қарағанды, Шымкент, Қызылорда, Қостанай және Астана қалаларынан барлығы 170-тен астам ата-ана жиналды. Олар тирді, спорт залын, кітапхананы аралап, жауынгерлер жаттығатын тактикалық алаңда болды.Қатардағы жауынгер Диас Базкеновтің әкесі Асхат пен оның туған ағасы Сәбит Базкенов Қарағанды қаласынан арнайы келген. Жауынгерлік жарыстың жеңімпазы атанған Диас Базкеновтің суреті бөлімшенің құрмет тақтасына ілінген.Сәбит Базкеновтің өзі кезінде Тәжік-Ауған шекарасында әскери борышын өтеген. Ол қазіргі әскердің жағдайын көріп, ерекше әсер алғанын айтты. – Мен өзім Тәжік-Ауған шекарасында қызмет атқардым. Ол кездің қиындығы аз болған жоқ. Бүгінгі жастардың әскери борышын абыроймен өтеп жүргенін көріп, көңілім марқайды. Диас сияқты тәртіпті, намысты ұлдар елдің қорғаны болары сөзсіз. Жастарға айтарым – Отан алдындағы борышты адал атқарып, әскери тәртіпке әрдайым берік болсын, – деді ол.Сондай-ақ Сәбит Базкенов әскери бөлім басшылығына да ризашылығын білдірді. – Баламыздың қызмет ету жағдайын өз көзімізбен көрдік. Барлық қажетті жағдай жасалған, тәртіп пен талап бар. Әскери бөлім қолбасшылығына алғысымды айтамын, – деп түйіндеді ол.Ал Ақтау гарнизонының әскери бөлімдері 400-ден астам қонақты қабылдады. Әскери-теңіз күштерінің әртекті кемелер дивизионында ата-аналар теңіз қызметінің атмосферасына қанықты. Олар матростардың тұрмысымен танысып, кают-компаниялар мен камбузды аралады.Теңіз жаяу әскерлері бригадасында ата-аналардың қатысуымен спорттық жарыстар өтті. Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласы бойынша «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің төрайымы Гүлмира Жанысбаева жарыстың бастамашысы болды.Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері де 400-ден астам қонақты қарсы алды. 37-десанттық-шабуылдау бригадасында қонақтарға парашютті қалай кию керектігі көрсетіліп, арнайы кешенде әуе-десанттық дайындық элементтері таныстырылды.Іс-шараға қатыса алмаған ата-аналар мен жақындары үшін әскери бөлімдердің басшылығы «Отбасымен бейнеқоңырау» сервисы арқылы байланыс ұйымдастырды. Осылайша, 26363 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары капитан Мадияр Мұхтаров қатардағы жауынгер Бегмат Мырзабектің анасы Дүйсегүл Ақжігітовамен бейнебайланысқа шықты.Әңгім барысында анасына сарбаздың қызметтегі жетістіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Атап айтқанда, Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери қызметшілері арасында өткен қазақша күрес жарысында Бегмат Мырзабек үшінші орынды иеленген болатын. Капитан М. Мұхтаров ұлын лайықты тәрбиелегені үшін Дүйсегүл Ақжігітоваға шынайы ризашылығын білдірді.Бірыңғай Ашық есік күні ата-аналарға ұлдарының кәсіби командирлердің басшылығымен қызмет атқарып, жан-жақты қолдауға ие болып отырғанына көз жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл шара армия туралы қалыптасқан стереотиптерді еңсеруге, сондай-ақ сарбаздарға деген қамқорлықтың Қарулы күштер үшін сөзсіз басымдық екенін нығайта түсуге бағытталған маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1152201?lang=kk
Армия аналардың көзімен: Ашық есік күніне орай әскери бөлімдерге 4000-нан астам адам келді 01.02.2026
Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған бірыңғай Ашық есік күні аясында гарнизондардағы әскери бөлімдерге сарбаздардың 4000-нан астам туған-туысы мен жақыны жиналды.Қонақтар үшін қару-жарақ пен әскери техника көрмелері өткізілді. Ата-аналар қызмет барысында ұлдарының нені меңгергенін өз көздерімен көрді. Сап және оқу алаңдарында сарбаздар қарумен саптық тәсілдерді, қоян-қолтық ұрыс элементтерін және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындаудағы шеберліктерін көрсетті.Келушілерге қорғаныс ведомствосы жүргізіп отырған тәрбие жұмысы мен әскери тәртіпті қамтамасыз ету шаралары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ қарумен жұмыс істеу, сабақтар мен жаттығулар өткізу кезінде қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ететіні жан-жақты түсіндірілді.Қорғаныс ведомствосының бұл бастамасы мерзімді әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына жауынгерлік дайындықтың ұйымдастырылуымен, қызмет пен тұрмыс жағдайларымен жеке танысуға мүмкіндік берді. Қонақтар казармаларды аралап, жатын орындар мен тұрмыстық аймақтарды көрді.Асханаларда тамақтану қалай ұйымдастырылғанын көріп, сарбаздардың рацион тәртібі мен алуан түрлілігін бағалады. Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі – бірлескен түскі ас болды.Қарапайым өтсе де, мағынасы айрықша бұл кездесу ата-аналарға ерекше әсер етті.Кеше ғана жасөспірім болған ұлдары сенімді, тәртіпті, бір-біріне қолдау көрсетуге дайын нағыз ер-азаматтарға айналған.Іс-шара ата-аналарға ұлдарының кәсіби командирлердің басшылығымен қызмет етіп, қажетті жан-жақты қолдау алып жатқанын өз көздерімен көруге мүмкіндік берді. Бұл стереотиптерді жоюға және сарбаздарға қамқорлық жасау – армияның сөзсіз басымдығы екеніне деген сенімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1152182?lang=kk
Серік Жұманғарин 2026 жылғы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің алғашқы отырысын ашты 31.01.2026
Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етуде. Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің биылғы алғашқы отырысын аша отырып, Серік Жұманғарин Кеңес мүшелері мен байқаушы елдердің өкілдеріне арнап сөз сөйлеп, Қазақстан төрағалығының негізгі басымдықтарын атап өтті.Қазақстан Президенті мемлекет басшыларына жолдаған үндеуінде ЕАЭО аясындағы ортақ жұмысымыздың басым бағыттарын айқындады. 2026 жылы экономиканың түрлі салаларында жасанды интеллект құралдарын енгізуге, Одақтың логистикалық әлеуетін тиімді пайдалануға, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруға, өзара саудадағы кедергілерді жоюға, сондай-ақ үшінші елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға баса назар аудару ұсынылады, — деді ол.Сонымен қатар ортақ процестерді толық көлемде жүзеге асырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қазіргі таңда бекітілген 77 ортақ процестің тек 42-сі ғана нақты жүзеге асырылған. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері өзара интеграцияланбай, Одақ ішінде тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету қиын.Басым бағыттардың бірі ретінде «кедергісіз» транзит аталды. Бұл навигациялық пломбаларды кең көлемде қолдануды, бірыңғай транзиттік декларацияны енгізуді және кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз етудің біріздендірілген тетіктерін пайдалануды көздейді. Аталған шаралар тасымалдың жылдамдығы мен құнына тікелей әсер етеді.Сондай-ақ кооперациялық жобаларды дамытуға айрықша көңіл бөлінбек. Қазіргі уақытта Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Ресей компанияларының қатысуымен бес кооперациялық жоба мақұлданған. Негізгі міндет – кооперация қоржынын кеңейту, бірлескен өндірісті ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және локализациялау деңгейін арттыру.Өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында үшінші елдермен сауда келісімдерін кезең-кезеңімен ілгерілету ұсынылды. Бұл келісімдер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бизнесі үшін тұрақты өсудің негізгі көздерінің бірі ретінде қарастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1152070?lang=kk
Шикі қантты, мыс шикізатын бажсыз әкелу мен АӨК саласындағы кооперациялық жобалар 31.01.2026
Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикасы үшін бірқатар маңызды шешім қабылданды.Атап айтқанда, Қазақстанға 2026 жылдың соңына дейін 100 мың тоннаға дейінгі көлемде шикі қант импортына кедендік әкелу бажын нөлдеу туралы шешім қабылданды. Бұл шара қазақстандық қант зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етуге және ішкі нарықта бағасы қолжетімді қант өндіруге бағытталған.Қазіргі уақытта Қазақстандағы қанттың негізгі көлемі қамыс шикізатынан өндіріледі. Бұл ретте қант саласын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде қант қызылшасын қайта өңдеу бойынша жаңа қуаттарды қосқанда, өндірісті кезең-кезеңімен әртараптандыру көзделген. Осы процестің ұзақтығын ескере отырып, қамыс шикізатын импорттау саланың тұрақты жұмысының қажетті шарты болмақ.Бұдан бөлек, 2026 жылдың соңына дейін Қазақстанға мыс және мыс цементтеу штейні импортының 2,5 мың тоннаға дейінгі жиынтық көлемі кедендік әкелу бажынан босатылады. Шешім шикізат сатып алу шығынын оңтайландыру мен дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен түсті металлургия кәсіпорындарын қолдау мақсатында қабылданған.Қазақстанда цементтеу мысын “Казцинк” ЖШС өндіреді. Ол осы өнімнің әрі өндірушісі әрі тұтынушысы. Кәсіпорынның мыс және мыс цементтеу штейніне жылдық қажеттілігі шамамен 1,8 мың тонна. Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін нөлдеу фискалдық жүктемені азайту, шығынды азайту есебінен шикізатты сатып алу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Қазақстанға және ЕАЭО-ның басқа да елдеріне әкелінетін, тоқыма материалдарын, былғарыны, жүнді және химия өнеркәсібінің басқа да материалдарын өңдеуге арналған бірқатар тауарға кедендік әкелу бажын үш жыл мерзімге нөлдеу туралы шешім қабылданды.Сонымен қатар ЕЭК Кеңесінде 2026 жылғы 15 мамырға дейін Қазақстанға шие (500 тонна), өрік (3 мың тонна), шие (1,5 мың тонна), қара өрік (1,5 мың тонна) әкелуді кедендік баждан босату келісілді.ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар АӨК саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылық қолдау көрсетуге уағдаласты. Мұндай мүмкіндікке ЕАЭО құқығына қажетті түзету енгізілгеннен кейін ЕАЭО-ға қатысушы елдердің ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қол жеткізе алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1152075?lang=kk
1:72 масштабтағы шағын әскер: Қарағанды гарнизонының сарбаздары тарихтағы ұлы шайқастарды қайта жандандыруда 31.01.2026
Біреулер бос уақытын әлеуметтік желілерді ақтарумен өткізсе, Қарағанды гарнизонындағы 44803 әскери бөлімінің сарбаздары тура мағынасында тарихты өз қолдарымен жасап жүр. Жауынгерлік дайындық сабақтарының арасындағы үзілістерде олар әлемдік және отандық әскери тарихтағы маңызды шайқастар мен аңызға айналған тұлғаларға арналған ауқымды диорамалар құрастыруды әдетке айналдырған.Бұл шығармашылық жоба дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары майор Рамазан Бақтияровтың бастамасымен қолға алынған. Офицердің әскери модельдеуге деген қызығушылығы әскери академияда оқып жүрген жылдары пайда болған. Уақыт өте келе ақиқатқа айналды.Алғашқы бірлескен жұмыс 2021 жылы жасалған «Курск шайқасы» диорамасы болды. Бүгінде топтамада Орбұлақ шайқасы, Бородино шайқасы, Мәскеу мен Сталинград түбіндегі ұрыстар, Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған композициялар, сондай-ақ Вьетнам және Ауғанстан соғыстарына арналған диорамалар бар.Ең ауқымды жұмыстардың бірі - «Бородино шайқасы». Онда 300-ге жуық жауынгер мүсіні және сонша ат бейнеленген. Әр диорамаға бір шақырылымнан шамамен он әскери қызметші атсалысады. Оның ішінде суретшілік қабілеті бар сарбаздар жобаны ерекше ықыласпен қолдау көрсетуде.Жер бедерін бейнелеу үшін пенопласт, құм, тас, саз балшық, ағаш бұтақтары мен шөп секілді түрлі қолда бар материалдар пайдаланылады. Фон тарихи фотосуреттермен толықтырылады. Ал бір композицияны жасауға архивтер мен кинохроникаларды зерттеуден бастап, соңғы макетке дейін орта есеппен екі ай уақыт кетеді.Дайын диорамалар мектептер мен колледждерде таныстырылып, әскери бөлімде өтетін ашық есік күндері қонақтарға көрсетіледі. Қазіргі таңда майор Бақтияров ғұндардың көсемі Аттилаға арналған жаңа диорама жасауға дайындық үстінде.Бұл жоба бірлескен шығармашылық пен әскери тарихқа деген терең қызығушылық арқылы жас әскери қызметшілердің бойында патриотизмді, жауапкершілік сезімін және батыр бабалардың ерлігіне деген құрметті қалыптастыратынын айқын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1152068?lang=kk
Биржалық саудада клирингтік тетікті қолдану туралы 31.01.2026
Бұқаралық ақпарат құралдарында биржалық сауда кезінде клирингтік тетіктің қолданылуы туралы ақпараттың таралуына байланысты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі төмендегіні хабарлайды. Клиринг қызметі Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген және тауар биржалары жұмыс істеген бүкіл кезең бойы биржалық есеп айырысу жүйесінің міндетті элементі болды. «Тауар биржалары туралы» Заңның 17-бабына сәйкес тауар биржасының клирингтік орталығы биржалық мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырады, оның ішінде жасалған мәмілелер туралы ақпаратты жинау және өңдеу, олардың шарттарын есепке алу және растау, тараптардың міндеттемелерін айқындау және олар бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру кіреді. Клирингтік тетікті қолдану биржалық мәміле бойынша міндеттемелердің сатып алушы тарапынан тауардың уақтылы және толық төленуі бөлігінде, сондай-ақ сатушы тарапынан тауардың тиісті және расталған жеткізілуі бөлігінде кепілді түрде орындалуын қамтамасыз етеді, бұл ұйымдастырылған тауар нарығының ашық әрі орнықты жұмыс істеуінің міндетті шарты болып саналады. Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған биржалық сауда мәселелері жөніндегі Заңның нормалары күшіне енді. Аталған нормалар клирингтік қызмет үшін толыққанды реттеушілік режимді, оның ішінде клирингтік ұйымдарды міндетті лицензиялауды, монополияға қарсы орган тарапынан мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ клирингтік ұйымдарды қаржылық мониторинг субъектілеріне жатқызу талаптарын және Қаржылық мониторинг агенттігі тарапынан бақылауды көздейді. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Биржалық сауда қағидаларының 75-1-тармағы 2024 жылғы 30 желтоқсандағы биржалық сауда мәселелері жөніндегі Заңның ережелеріне сәйкестендіру мақсатында қабылданған және клирингтік қызметке қойылатын жаңартылған реттеушілік талаптарды ескере отырып, биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысу тәртібін нақтылауға, ұйымдастырылған тауар нарығының ашықтығын арттыруға, ақша ағындарын бақылауға және биржалық міндеттемелердің кепілді түрде орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуда клирингтік тетікті қолдану 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін жаңа немесе қосымша талап болып табылмайды. «Тауар биржалары туралы» Заңның 17-бабына сәйкес биржалық саудаға қатысушылардың ақшалай қаражаты клирингтік орталықта бөлек есепке алынады, жеке банктік шоттарда сақталады және тек нақты биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысу үшін ғана пайдаланылады, бұл ақшалай қаражат қозғалысының ашықтығын және олардың нысаналы сипатын қамтамасыз етеді. Міндетті шарттардың бірі – клирингтік орталықтың жасалған биржалық мәміле бойынша төлем фактісін растауы болып табылады, бұл сатып алушы тарапынан міндеттемелердің орындалуын және мәміле бойынша есеп айырысудың аяқталуын нақты тіркеуге мүмкіндік береді. Аталған тәсіл нарық қатысушылары үшін артық қаржылық жүктеме туындатпай, биржалық міндеттемелердің нақты орындалуына және сауда операцияларының ашықтығына клирингтік бақылау қалыптастырады. Анықтама үшін: сатып алушыдан төлем тапсырмасы (ақшалай қаражат) түскен кезде клирингтік орталық ішкі регламентке сәйкес оларды сатушының пайдасына аударады және есепке алу жүйелерінде есеп айырысудың аяқталғаны мен биржалық мәміленің орындалу фактісін тіркейді. Осыған байланысты клирингтік қызметтің қолданыстағы тетігі тек жасалып қойған биржалық мәміле бойынша есеп айырысу тәртібін реттейді және тараптардың төлемді жүзеге асыруы мен міндеттемелерді орындау фактісін растауға бағытталған, өйткені клирингтік есеп айырысулар тауар бағасының қалыптасуына ықпал етпейді және мәміленің экономикалық шарттарын өзгертпейді. Клирингтік орталық баға белгілеуге қатыспайды, тауарға тарифтер белгілемейді және сауда маржасын қалыптастырмайды. Осылайша, Қазақстан Республикасының тауар биржалары қызметін реттеу саласындағы заңнамасында биржалық саудаға қатысушылардың ақшалай қаражатын белгісіз мерзімге ұстап қалу немесе депонирлеу, сондай-ақ оларды биржалық есеп айырысулардан тыс пайдалану көзделмеген. Сонымен бірге айналым қаражатын бұғаттау , бағаның күрт өсуіне негіздердің бар екені немесе өндірушілер үшін қосымша қаржылық кедергілердің жасалуы туралы мәлімдемелер заңнамаға да, биржалық есеп айырысуларды жүзеге асырудың нақты тәртібіне де сәйкес келмейді. Қосымша түрде, Биржалық сауда қағидаларының 75-1-тармағын әртүрлі түсіндіруді болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі аталған норманың мәні мен реттеушілік мақсатын өзгертпей, оның редакциясын нақтылауды көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеп, уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1151694?lang=kk
PEFA бағалауы: Қазақстан мемлекеттік қаржы саласын басқарудағы көрсеткіштердің 55% жақсартты 31.01.2026
Қазақстан PEFA (Public Expenditure and Financial Accountability) халықаралық жүйесіне сәйкес 31 бағыттың 17 бойынша өз нәтижелерін жақсартты. Аталған жүйе мемлекеттік қаржы саласына «диагностика» жасаудың халықаралық стандарты болып саналады. Бұл жөнінде «Мемлекеттік шығыстар мен қаржылық есептілікті бағалау (pefa)» есебін ұсынуға арналған дөңгелек үстелде айытылды. Іс-шараға ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев, Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Наджи Бенхасин және Қазақстандағы Азия Даму Банкі (АДБ) өкілдігінің директоры Утсав Кумар қатысты.Бұл ретте ҚР Үкіметі Дүниежүзілік банк пен АДБ қолдауымен мемлекеттік шығыстарды тиімді басқару мен қаржылық есептілікті (PEFA) бағалауды аяқтағанын айта кетейік. Оның мақсаты – халықаралық стандарттарға сәйкес бюджет процесінің тиімділігін, ашықтық деңгейін, есептілік пен мемлекеттік ресурстарды пайдалану нәтижесін объективті түрде көрсету.Осыған дейінгі (2018 жылғы) бағалаумен салыстырғанда Қазақстан айтарлықтай жетістікке жеткен. Айталық, жоғары «А» санатына сәйкес бағалау көрсеткішінің үлесі 16%-дан 39%-ға дейін артқан. Ал индикаторлардың 94%-на базалық «С» деңгей мен одан да жоғары балл берілген.«Қазақстанның 2018 жылдан кейінгі қарқынды дамуы мемлекеттік қаржыны басқаруда жауапкершіліктің күшейгенін көрсетеді», деді Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Наджи Бенхасин. «Реформалардың келесі кезеңі мемлекеттік қаржыны басқарудың елдік стратегиясын жаңарту кезінде осы бағалаудың нәтижелерін, оның ішінде климаттық өлшеуді пайдалануды көздейді, бұл мемлекеттік шығыстардың тиімділігін және олардың азаматтар үшін қайтарымын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді», деп нақтылады ДБ өкілі.Осы бағалаудың аясында жүйенің негізгі компоненттеріне талдау жасалғанын айта кетейік. Оның ішінде бюджетті жоспарлау мен орындау, кірістер мен шығыстарды басқару, мемлекеттік сатып алу, ішкі және сыртқы аудит, сондай-ақ фискалды ашықтық пен қаржы есептілігі қамтылды.Бұдан бөлек фискалды тәртіпті нығайту, бюджеттің тиімді орындалуы және кірістерді ашық басқару саласында атқарылған жұмыс оң бағаланды. Сонымен бірге ресурстарды стратегиялық тұрғыда бөлуге баса мән беріліпті. Халықаралық сарапшылар ортамерзімді бюджеттеу мен стратегиялық жоспарлар арасындағы өзара байланыстың жақсарғанын, сондай-ақ қаражатты бөлу кезінде тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің (KPI) рөлі күшейтілгенін жеткізді. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ішкі бақылау және аудит жүйесі қаржылық нормаларды сақтай отырып, барлық мемлекеттік шығысты қамтып отыр.«Бұл бағалау Қазақстанның мемлекеттік қаржыны басқару жүйесінің ашықтығы мен есептілігін бірізді түрде күшейтіп келе жатқанын көрсетті. Сонымен қатар сатып алудағы бәсекелестікті арттырып, мемлекеттік қарызды басқаруды жетілдіру мен ақпарат қолжетімділігін кеңейтуді қоса алғанда, жақсартуды қажет ететін бағыттар да жоқ емес. Мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімді жүйесі елдің тұрақтылығын нығайтады: ашық саясат азаматтарға жүйені түсінікті етіп, есептілік сенімділікті арттырады. Ал реформалардың орнықтылығы олардың ұзақмерзімді әсерін арттырады», деді АДБ Портфельді сатып алу және мемлекеттік қаржыны басқару департаментінің директоры Рут Фаррант.Тағы бір маңызды жетістердің бірі – еліміздің тарихында алғаш рет климаттық компоненті қамтитын PEFA (PEFA+Климат) бағалауы жүргізілді. Бұл Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптық стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу мен халықаралық міндеттемелерді орындауға бейілділігін растайды. Аталған жұмысты ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жүргізетінін атап өткен орынды.«Қазақстан жаһандағы құбылмалы ахуалға қарамастан макроэкономикалық тұрақтылық пен мемлекеттік қаржы жүйесін тиімді басқару бағытындағы жұмысты жалғастырады. Біздің негізгі басымдығымыз – ашық қаржы жүйесі арқылы халықаралық беделді одан әрі нығайту, кредиттік рейтингті жақсарту, инвесторлардың сенімін арттыру және экономиканың өсімі үшін ұзақмерзімді кезеңге инвестиция тарту. Осы реформалар азаматтардың әл-ауқатына және мемлекетіміздің орнықты дамуына әсер ететіні күмәніз», деді М.Такиев.PEFA халықаралық бағалау тәсілі – мемлекеттік қаржы жүйесіндегі артықшылықтар мен кемшіліктерге талдау жасап, резервтерді анықтауға арналған тәуелсіз құрал. Оның нәтижелері даму көрсеткіштерін нығайта түсу үшін нақты нұсқаулар беруді көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1151886?lang=kk
Су үнемдеу, күріш егісін шектеу және су қоймаларының құрылысын бақылау: Қанат Бозымбаев Алматы облысын аралады 31.01.2026
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматы облысында су ресурстарын тиімді пайдалану және ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.Жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, Ұлттық экономика министрлігінің және «AMANAT» партиясының өкілдері, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.Кеңесте вегетация кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету, су үнемдеу технологияларын енгізу, егістік құрылымын әртараптандыру, су ресурстарын есепке алу мен бөлуді цифрландыру, тарифтік саясатты жетілдіру және суды заңсыз алудың жолын кесу шаралары талқыланды.Су ресурстары және ирригация министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп судың «қара нарығымен» күрес жөніндегі жол картасын әзірледі. Жол картасы аясында республикалық және өңірлік деңгейде ведомствоаралық жұмыс топтары құрылады. Құжатта анықталған заңбұзушылықтарды талдау, цифрлық мониторинг құралдарын енгізу, тексерулер мен рейдтер ұйымдастыру, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен су шаруашылығы ұйымдары жасайтын құқықбұзушылықтарды анықтау және алдын алу мақсатындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қарастырылған.Вице-премьер Күрті су қоймасынан суды заңсыз алудың жолын кесуге ерекше назар аударуды тапсырды.Суару маусымында тұрақты су пайдалануды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру шаралары көзделген. 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес, Алматы облысында күріш егісінің жалпы аумағы 5,8 мың гектардан аспауы тиіс.Белгіленген лимиттерді сақтау мақсатында суды меншікті нормадан артық тұтынған, өсірілетін дақылдарды өз бетінше ауыстырған және тиісті келісімшартсыз су алған жағдайда тарифтерді ұлғайтуды көздейтін суармалы суды пайдалану қағидалары қабылданды.«Суармалы судың тапшылығы ел экономикасының дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мәселесі аса өзекті. Әкімдік дақылдар құрылымын әртараптандыруға және құрғақшылыққа төзімді дақылдарды енгізуге ерекше назар аударуы тиіс. Күріш дақылдарының ауданын Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен индикаторларға сәйкес келтіру қажет. Былтырғы күрделі жағдайға қарамастан, вегетация кезеңінің салыстырмалы түрде жеңіл өтуіне су үнемдеу технологияларын енгізу ықпал етті. Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында атап өткендей, су ресурстарының 50%-дан астамы жерге сіңіп кетеді. Бұл заманауи жүйелерді қолданатын көрші елдермен трансшекаралық суды бөлу жөніндегі келіссөздерді қиындатады. Алдағы 3-4 жылда бұл мәселемен жүйелі түрде айналысу қажет», — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.2030 жылға дейін Қазақстандағы 1,3 млн гектар суармалы жерді су үнемдеу жүйелерімен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде Алматы облысы бойынша көрсеткіш – 186,6 мың гектар. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 2026-2028 жылдары республика бойынша жалпы сипаттағы трансферттер аясында су үнемдеу технологияларын енгізуді қолдауға және суару суының құнын субсидиялауға 228,2 млрд теңге қарастырылған. Бұл алдыңғы үш жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Оның ішінде Алматы облысына 27,6 млрд теңге бекітілген. 2028 жылға дейінгі су шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Бартоғай су қоймасын реконструкциялау жобасын әзірлеп жатыр. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 270 шақырым болатын топтық су құбыры мен төрт магистральдық канал салу жоспарланған. Үлкен Алматы каналының учаскелерін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар биыл толық аяқталады. Жергілікті атқарушы органдар «Сұңқар» және «Тегермен» су қоймаларын салуға арналған жобалау-сметалық құжат дайындап жатыр. Сонымен қатар төрт су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 74 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізу көзделген. Вице-премьер облыс әкімдігіне осы жобалардың жүзеге асырылуын ерекше бақылауға алуды және нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.Ислам даму банкімен ынтымақтастық аясында Еңбекшіқазақ, Балқаш, Ұйғыр және Райымбек аудандарында суару желілерін реконструкциялау жобаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Нысандардың жалпы ұзындығы 550 шақырымнан асады. Нәтижесінде 34 мың гектардан аса ауыл шаруашылығы жері тұрақты сумен қамтамасыз етіледі. Бұл өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және оның климаттық тұрақтылығын арттыруға елеулі үлес қосады.Кеңесте «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы да қаралды. Биыл Алматы облысында ауыл кәсіпкерлігін дамытуға 10,8 млрд теңге бөлінеді. Облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, бағдарлама қазірдің өзінде айқын әлеуметтік-экономикалық нәтиже көрсетіп отыр. Ауыл тұрғындарының орташа табысы 23%-ға артқан, ал кейбір кәсіпкерлердің өнімдері басқа өңірлерге және экспорттық нарықтарға шығарылып жатыр.   Соңғы үш жылда бағдарлама аясында 1436 жоба қаржыландырылып, 90 кооператив құрылды және 1616 жаңа жұмыс орны ашылды.   Қазіргі таңда Алматы облысы халқының 81%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Қанат Бозымбаев ауылда тұрақты табыс көздерін, жұмыс орындарын және шағын бизнесті дамытуға қажетті жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.Өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасының сапалы орындалуын бақылау Ұлттық экономика министрлігіне жүктелді. primeminister.kz #Ауыл шаруашылығы #су ресурстары #Қанат Бозымбаев #ӨңірлерАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1151898?lang=kk
Тең мүмкіндіктер: Қорғаныс министрлігінде гендерлік теңдік аспектілері талқыланды 31.01.2026
Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайыновтың БҰҰ құрылымы Орталық Азия үйлестіру кеңсесінің басшысы Джерен Гювен Гурес ханыммен жұмыс кездесуі өтті.Тараптар гендерлік теңдік саласындағы ынтымақтастықты дамыту және әйел құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады. Бұл Қазақстанда ұлттық басымдықтар мен халықаралық стандарттарға сай іске асырылуы мүмкін бірлескен бастамалар, халықаралық тәжірибе алмасу және жобалар төңірегінде болды.Кездесуге қатысушылар институционалдық әлеуетті нығайтуға және тең құқықтар мен мүмкіндіктер саласында заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған өзара әрекеттің практикалық форматтарына ерекше назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1151904?lang=kk
Қазақстан мен Иран сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын 31.01.2026
 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Иран Ислам Республикасының Елшісі Али Акбар Джоукармен кездесу өткізді.Кездесу барысында Қазақстан-Иран сауда-экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелері, өзара сауданың ағымдағы жай-күйі мен серпіні, сондай-ақ логистика, транзит және инвестициялық ынтымақтастық салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 430,2 млн АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 26,4%-ға артқан. Бұл ретте Қазақстаннан экспорт көлемі 239,3 млн АҚШ долларына жетіп, шамамен екі есеге өсті.Тараптар Иран Президенті М.Пезешкианның 2025 жылғы 10-11 желтоқсанда Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында мемлекет басшылары деңгейінде екіжақты тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту жөніндегі стратегиялық мақсат айқындалғанын атап өтті. Осы тұрғыда шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі үшін орнықты жағдайлар қалыптастырудың, көлік-логистикалық бағыттарды дамытудың және екі елдің бейінді ведомстволары мен іскер топтары арасындағы практикалық өзара іс-қимылды жандандырудың маңыздылығы көрсетілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кезең-кезеңімен дамытуға және Қазақстан мен Иран Ислам арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сындарлы диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1152029?lang=kk
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Грузияның Елшісімен кездесті 31.01.2026
Астана, 2026 жылғы 30 қаңтар – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Грузияның Елшісі Леван Диасамидземен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты күн тәртібінің ағымдағы мәселелерін талқылап, дәстүрлі достық пен серіктестікке негізделген қазақ-грузин қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға деген өзара мүдделілікті растады.Қазақстан СІМ басшысы екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында тұрақты орнаған байланыстарға қанағаттанушылық білдіріп, сімаралық саяси консультациялар мен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі екіжақты ынтымақтастықтың маңызды тетіктері екенін атап өтті.Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ көлік және логистика саласындағы, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты («Орта дәліз») аясындағы жобалар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің тұтас кешені бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1152033?lang=kk
Қостанайда «Жас Қолдаушы» жастар форумы өтті 30.01.2026
Қостанайда аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен «Жас Қолдаушы» жастар форумы өтті.Облыс әкімі 2022 жылы облыс аумағында 6859 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, соңғы 3 жылда өңір тұрғындарының, соның ішінде жастардың тәртіпке қатаң көзқарасын қалыптастыру үшін бірқатар шаралар қабылданғанын жеткізді. Жүргізілген жүйелі жұмыстардың арқасында қылмыстардың жалпы саны 28,2%-ке азайды.«Осындай оң көрсеткішке жастарды әлеуметтік жағынан қолдау шараларының тиімді жұмыс істеуі де айтарлықтай әсер етіп отыр. Қостанайда заманауи талаптарға сай ашылып жатқан зауыттар мен өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың 55-60% – жастар! Облыста «Қостанай жастары» бағдарламасы арқасында 344 отбасы қоныс тойын атап өтті. Биыл да 60 жас отбасы жаңа баспанаға ие болады. Соңғы 3 жылда аймақ тұрғындары үшін 27 білім беру, 35 спорт, 37 денсаулық сақтау және 6 мәдениет нысаны пайдалануға берілді. Бұл жұмысты алдағы уақытта да жалғастыра береміз», – деді аймақ басшысы.Бүгінде өңір жастарының республикалық және халықаралық деңгейде биіктерден көрініп жүргенін мақтанышпен айта аламыз.«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген нақыл сөз біздің алдымызда тұрған міндеттің мәнін терең ашады. Азаматтық ұстаным мен бірлескен күш-жігер арқылы ғана Қостанай облысын қауіпсіз, тұрақты және дамыған өңірге айналдыра аламыз. Ел Президенті айтқандай, біз үйлесімді, әділетті әрі тұрақты қоғам құру ісін жалғастыра береміз. Тәртіп пен әділдік – сенімді болашақтың негізі. Ал қауіпсіз қоғам – ортақ мақсатымыз!», – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1151611?lang=kk
Қостанай облысының орман шаруашылықтары 79 бірлік арнайы техникамен толықты 30.01.2026
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша табиғи өрттердің алдын алу жүйесін жаңғырту және орман саласының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің орман мекемелеріне 79 бірлік арнайы өртке қарсы техниканы табыстады. Орман шаруашылықтарының қарамағына 36 орман-өрт кешені, 17 трактор және 26 жеңіл патрульдік автокөлік берілді. Бұл техника өрт ошақтарына жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп, өрт қауіпті кезеңде алдын алу жұмыстарын күшейтуге септігін тигізеді.«Соңғы үш жылда орман мекемелерін жарақтандыруға 8 млрд теңге бағытталды. Осы кезеңде 26 өрт сөндіру көлігі, 86 трактор, 39 орман өртін сөндіру кешені және 78 автокөлік сатып алынды.Биыл қосымша 25 өрт сөндіру көлігі мен 9 трактор жеткізу жоспарланып отыр. Бұл саланың материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайта түседі», – деп атап өтті Қостанай облысының әкімі.Техниканы жаңартумен қатар, өңірде кадрлық әлеуетті күшейту жұмыстары да жүргізілуде. Орман күзеті қызметкерлерінің штаты бір жарым есеге артты, ал жалақысы 100 пайызға ұлғайтылды. Бұл орман қорғау жүйесінің тұрақтылығы мен қызметкерлердің ынтасын арттыруға ықпал етеді.«Біз бүгін 17 бірлік арнайы техниканы қабылдап алдық. Бұл – орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамытуға қосылған үлкен үлес. Ең бастысы, бұл техника қызметкерлеріміз бен елді мекендердің өрт қауіпсіздігі деңгейін арттырады», – деп «Үзынкөл орман шаруашылығы мекемесі» КММ басшысының орынбасары Валентина Андрейчук өз әсерімен бөлісті.Қостанай облысының әкімі материалдық-техникалық базаны жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын, сонымен қатар кадр даярлау, цифрландыру және өрттің алдын алу бағыттарына баса назар аударылатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1151517?lang=kk
Қорғаныс министрлігі оңтүстік өңірлерде «Біртұтас ел – біртұтас жер» акциясын өткізуде 30.01.2026
 Еліміздің оңтүстік өңірлерінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскерге дейінгі жастар арасында әскери қызметтің беделін арттыруға және патриоттық тәрбиені күшейтуге бағытталған «Біртұтас ел – біртұтас жер» ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізуде.Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс, Әскери білім және ғылым департаменттерінің, Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және «Жас сарбаз» қозғалысының өкілдері Жамбыл және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жоғары сынып оқушылары мен білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерімен кездесулер өткізді.Тараз қаласындағы «Баласағұн» мәдениет сарайында өткен іс-шараға мыңға жуық мектеп оқушысы қатысты. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің өкілдері Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп-интернат пен Әлихан Бөкейхан атындағы № 1 мектеп-гимназиясында болып, жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Онда оқушылар әскери мамандықтарға және әскери жоғары оқу орындарында білім алуға үлкен қызығушылық танытты. – Ашық әрі сенімді әңгіме барысында жастардың әскери мамандыққа деген шынайы қызығушылығы мен патриоттық көзқарасын байқадық. Мұндай кездесулер жастардың мамандық таңдауына саналы түрде қарауына және Отанға қызмет етуге бағыт береді, – деді Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің аға офицері полковник Дәулет Бейсеков.Түркістан облысында кездесулер Арыс қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде де өтті. Оқушыларға әскери қызмет өткеру жағдайлары, әлеуметтік жеңілдіктер және әскери жоғары оқу орындарына түсу тәртібі туралы ақпарат берілді.Акция аясында Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Жауынгерлік даңқ музейі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне арналған көрмені ұсынды. Қаһармандыққа толы тарихтың беттері туралы жастарға музей жетекшісі, генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова әңгімелеп берді. Сондай-ақ ҰӘПО шығармашылық ұжымының көрсеткен өнері қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.Бүгін «Біртұтас ел – біртұтас жер» акциясы Кентау қаласында жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1151234?lang=kk
Әскери топограф күні: мамандар 3D-модельдеуді енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда 30.01.2026
  30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің топографиялық қызметі мамандары кәсіби мерекесін – Әскери топограф күнін атап өтеді. Бүгінде олардың қызметі әскерлерді топогеодезиялық, навигациялық және гидрометеорологиялық қамтамасыз етудің толық кешенін қамтиды.  Қарулы күштердің әскери топографтары автоматтандырылған жүйелер мен үшөлшемді модельдеу технологияларын белсенді түрде енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда және әскерлерді жер бедері туралы нақты әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуде. Олар оқу-жаттығулар мен күнделікті қызмет барысында қолданылатын топографиялық, теңіз және арнайы карталарды, сондай-ақ қала жоспарларын дайындап, басып шығарады.  Нақты уақыт режиміндегі автоматтандыру жүйелерін енгізу аса маңызды ақпаратты жеткізу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Жер бедері туралы цифрлық деректер Қарулы күштердің барлық түрлері мен әскер тектері басқару жүйелерімен жедел біріктіріліп, нысаналарды анықтауға, міндеттер қоюға және әскерлер мен техниканың жай-күйін бақылауға жағдай жасайды.  Дамудың маңызды кезеңі ретінде виртуалды шындық технологияларын қолдану және объектілердің үшөлшемді модельдерін жасау атап өтіледі. Бұл шешімдер басқару органдарына жағдайды қашықтан жан-жақты талдауға мүмкіндік беріп, әсіресе қалалық құрылыс жағдайында іс-қимылдарды жоспарлаудың дәлдігін арттырады.  2025 жылдан бастап топографиялық қызмет мамандары нақты координаттары бар тұрақты геодезиялық пункттер жиынтығынан тұратын арнайы геодезиялық желілерді қалпына келтіру және дамыту жұмыстарын бастады. Мұндай кеңістіктік негіз жоғары дәлдікті қаруды нысанаға алу және бөлімшелердің іс-қимылын тиімді үйлестіру үшін қажет.  Әскери топографтардың кәсібилігі заманауи цифрлық технологиялармен ұштасып, цифрлық ұрыс алаңының сенімді негізін қалыптастырып, әскерлердің іс-қимылындағы дәлдік, үйлесімділік пен қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1151160?lang=kk
Алматы облысында пайдаланылмай жатқан 1,26 млн гектар жер анықталды 29.01.2026
Алматы облысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен жер ресурстарын тиімді пайдалану және заңсыздықтарға тосқауыл қою мәселелері талқцланған жиын өтті.Ккеңестің күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар қатарында облыста пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру деректері және мемлекеттік тапсырмалардың формалды орындалуы болған.Жер қатынастары басқармасының басшысы Аманжол Әбдірахмановтың мәліметінше, 2022–2025 жылдар аралығында облыста ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1,26 млн гектар пайдаланылмай жатқан жер анықталған. Оның ішінде:• 517,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған,• тек 2025 жылдың өзінде 91,1 мың гектар жер қайта алынған.Қазіргі таңда 323 мың гектар жер қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген. Сонымен қатар:• 9,4 мың гектар жер сот өндірісінде қаралып жатыр,• 2,1 мың гектар жер иесіз мүлік ретінде тіркелген,• 272,6 мың гектарға қатысты жер салығын өсіру туралы ұйғарым берілген.Сондай-ақ ол, жергілікті атқарушы органдар қазіргі уақытта сенімсіз жер пайдаланушылармен келісімшарттарды бұзу мақсатында 1 059 жер учаскесіне (136 мың гектар) қатысты құжаттарды әзірлеп жатқанын айтты.«Біздің міндет – жерді қайтару ғана емес, оны экономикаға нақты енгізу. Биыл қосымша 40 мың гектар жерді мемлекетке қайтаруды, бес инфрақұрылымдық жобаны іске асыруды және Алматы маңында үш индустриялық аймақ құруды жоспарлап отырмыз», – деді Аманжол Әбдірахманов.Мемлекет меншігіне өткен жерлердің ішінде 322,9 мың гектар қайта ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген. Оның ішінде:• 165,9 мың гектар – конкурс арқылы таратылған;• 138,5 мың гектар – жергілікті тұрғындардың мал жаюына берілген;• 18,5 мың гектар – инвестициялық жобалар үшін бөлінген.2025 жылы бірқатар аудандар мен Қонаев қаласында сәулет және жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізілген. Негізгі заңбұзушылықтар жер учаскелерін беру және олардың мақсатты бағытын бас жоспарға қайшы өзгерту деректерімен байланысты болған.Алдын алу мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдері қабылданып, мониторинг күшейтілді. Нәтижесінде 2025 жылы бұзушылықтар саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда азайған.Кеңесте жер қойнауын пайдалану мәселесіне де ерекше назар аударылды. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Манасбаеваның айтуынша, Алматы облысында шамамен 296 карьер жұмыс істейді, ал облыстың шикізат қоры өңір мен Алматы қаласының қажеттілігін толық өтейді.«2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалы қазба өндіру көлемі 13 пайызға артты. Ал 2025 жылы бюджетке түскен түсім 18,2 млрд теңгені құрады», – деді Айгүл Манасбаева.Алайда заңсыз өндіру мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр. 2025 жылы:• 18 заңсыз өндіру фактісі анықталған,• келтірілген алдын ала шығын 15,1 млрд теңгені құраған,• қылмыстық істер қозғалған.Әсіресе Еңбекшіқазақ ауданындағы бір ауылдық округте жылдың басынан бері бір учаскеде 25 рет қайталанған заңсыз өндіру дерегі тіркелген.Кеңесті қорытындылаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бұған дейін берілген тапсырмалар толық орындалмағанын атап өтті.«Жер мен жер қойнауын заңсыз пайдалану экономикаға да, экологияға да тікелей зиян келтіреді. Тапсырмалар формалды емес, толық орындалуы тиіс. Заңсыз шешімдер жойылып, жер мемлекет меншігіне қайтарылуы қажет», – деді өңір басшысы.Әкім жерді қайтару бойынша сот жұмыстары мен тексерістерді күшейтуді, аумақтарды толық зонирлеуді, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын аяқтауды және Алматы агломерациясында ауыл шаруашылығы жерлерін бөлшектеу тәжірибесін тоқтатуды тапсырды.Сонымен қатар, заңсыз қазба өндіру ошақтарына бақылау бекеттерін орнату және ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейту жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1151089?lang=kk
Алматы әуежайының инвестициялық жоспарларын іске асыру мәселелері Қазақстан СІМ-де қаралды 29.01.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Гөкер Косемен кездесу өткізді, оның барысында елдегі ең ірі авиациялық хабты дамытуға бағытталған инвестициялық жоспарларды іске асыру мәселелері қаралды.Тараптар әуежай инфрақұрылымын кеңейтуге, өткізу қабілетін арттыруға және жолаушылар мен жүк ағындарына қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған жобалардың қазіргі ахуалын талқылады. Алматы халықаралық әуежайын басқаратын «TAV Airports» компаниясының Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысына бақылаушы мәртебесінде қатысатыны аталып өтті.Кездесу аясында Алматы әуежайының халықаралық және өңірлік әуе тасымалдарының негізгі торабы ретіндегі стратегиялық басымдықтары туралы ақпарат ұсынылды. Кездесу барысында Гөкер Косе Алматы халықаралық әуежайын дамытудың қазіргі көрінісін таныстырып, инвестициялық бағдарламаның негізгі кезеңдерін айқындады, сондай-ақ жобаларды кезең-кезеңімен іске асыруға, инфрақұрылымдық жүктемеге және қуаттарды одан әрі кеңейтуге қатысты практикалық мәселелерге тоқталды. Жолаушылар және жүк тасымалдарының орнықты өсімін қамтамасыз ету және әуежайдың операциялық тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Ә.Қуантыров авиациялық инфрақұрылым саласындағы жобалар елдің ұзақ мерзімді көлік басымдықтарын, инвесторлардың мүдделерін және қалалық ортаның орнықты дамуын ескере отырып, теңгерімді тәсілді талап ететінін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекет мұндай бастамаларды бәсекеге қабілетті көлік жүйесін қалыптастырудың маңызды элементі ретінде қарастырады және инвестициялық шешімдерді іске асыру үшін болжамды жағдайлар жасауға байланысты мәселелер бойынша одан әрі диалогқа дайын.Талқылау қорытындысы бойынша тараптар Алматы әуежайының инвестициялық бастамаларын сүйемелдеу бойынша өзара іс-қимылды және әрекеттерді үйлестіруді одан әрі жалғастыруға мүдделілігін растады. Авиациялық инфрақұрылымды дамыту Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырудың, іскерлік белсенділіктің өсуінің және елдің халықаралық логистикалық және туристік бағыттарға интеграциялануының негізгі факторларының бірі ретінде қарастырылатыны аталып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1151087?lang=kk
31 қаңтарда Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерде ата-аналар үшін «Ашық есік» күні өтеді 29.01.2026
31 қаңтарда Қарулы күштердің барлық әскер бөлімдерінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары үшін «Ашық есік» күні өткізіледі.Іс-шара аясында ата-аналар ұлдарының қызмет жағдайын көзбен көріп, әскери қызметшілердің күнделікті қызметімен жақынырақ таныса алады.«Ашық есік» күні бағдарламасына қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін көрсету, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің көрсетілімдік жаттығулары, олардың тұрмыстық жағдайларын, казармалар мен асханаларды көрсету кіреді.Әскер бөлімдер мен бөлімше командирлері мерзімді әскери қызметке қатысты кез келген сұраққа жауап береді. «Ашық есік» күнін өткізудің мақсаты армия мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, ашықтықты арттыруға және мерзімді әскери қызметтің нақты жағдайын таныстыруға бағытталған.Іс-шара қорытындысы бойынша ең үздік мерзімді әскери қызметшілерге адал қызметі мен үлгілі әскери тәртібі үшін марапат ретінде бір күндік сейілдеме беріледі.Әр әскери бөлім «Ашық есік» күнін өткізу уақытын өзі белгілейді. Ал ата-аналарға ақпаратты әскери бөлімдердің қолбасшылығы жеткізеді.Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде ата-аналар мен шақырылуға дейінгі жастар үшін «Ашық есік» күндерін тұрақты түрде өткізіп тұру тәжірибеге айналған. Ол әскери қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге және ата-аналарды хабардар етуге бағытталған. Осы мақсатта бөлім командирлері WhatsApp мессенджерінде арнайы чаттар ашады. Сондай-ақ, «Отбасымен бейне қоңырау» сервисі арқылы ата-аналармен тұрақты бейнеқоңырау байланысы ұйымдастырылған. Сол үшін арнайы планшеттер сатып алынған. Сонымен қатар, әскери бөлімдерде «Аналардың жүрегі» сарбаз аналары комитеті республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне тұрақты түрде толық қолжетімділік берілген. Олар әскери бөлімдердегі сарбаздардың қызмет ету жағдайын үнемі тексеріп, ол жердегі жағдай туралы Қарулы күштердің басшылығы мен ата-аналарға ақпарат беріп тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1150597?lang=kk
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі отандық сүт өнімдері өндірушілерін қорғау жөніндегі Ситуациялық штабтың отырысын өткізді 29.01.2026
2026 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Ахметбекұлы Әбілдабековтың төрағалығымен ішкі нарықты қорғау мәселелеріне арналған Ситуациялық штабтың отырысы өтті. Жиын отандық сүт өнімдерін өндірушілерді қолдау тақырыбына арналды. Отырыста сүт саласын мемлекеттік қолдау тетіктері, отандық сүт өнімдерінің сауда желілеріндегі ұсынылу деңгейі, сауда үстемелерінің мөлшері, сондай-ақ жалған (фальсификацияланған) өнімдердің айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. «Қазақстанның ет-сүт одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Зенченко және К» коммандиттік серіктестігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» өкілдері мемлекеттік қолдау шараларының өндірушілерге жеткізілуі, сауда сөрелерінен орын бөлу талаптарының сақталуы және бөлшек саудадағы нақты сауда үстемелеріне қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Талқылау қорытындысы бойынша вице-министр Сауда комитетіне отандық өндірушілермен бірлесіп сүт өнімдеріне баға қалыптастыру жағдайын зерделеуді және тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды. Сондай-ақ Ақтөбе облысының Сүт және сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы көтерген жалған сүт өнімдерін әкелу және өткізу мәселесіне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты Ақтөбе облысында уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысатын өңірлік ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Жұмыс тобы аталған мәселелерді кешенді түрде зерделеп, оларды шешу бойынша нақты шаралар әзірлейді. Отырыс қорытындысы бойынша бейінді құрылымдық бөлімшелерге қабылданған шешімдер мен ұсынымдарды жүйелеп, отандық өндірушілерді қорғау және ішкі нарықты дамыту бағытындағы әрі қарайғы жұмыста басшылыққа алу тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1150571?lang=kk
Рекордтық 335 млн долларлық келісімшарттар: Gulfood 2026 көрмесіндегі Қазақстанның іскерлік бағдарламасының қорытындысы 29.01.2026
Дубай қаласында өткен Gulfood 2026 халықаралық көрмесінің алаңында экспорттық және инвестициялық құжаттарға рекордтық 335,4 млн АҚШ доллары сомасына қол қойылды. Келісімдер сауда саясатын дамыту орталығы QazTrade ұйымдастырған дөңгелек үстел аясында жасалып, Қазақстанның әлемдегі ең ірі азық-түлік өнеркәсібі көрмесіне қатысуының негізгі практикалық нәтижелерінің біріне айналды. Іс-шараға 35-тен аса қазақстандық бизнес өкіл және БАӘ, Парсы шығанағы елдері, Түркия, Қытай және өзге елдерден 50-ден астам шетелдік компания мен ұйым қатысты. Дөңгелек үстел өндірушілерді, трейдерлерді, дистрибьюторларды, желілік ритейл, HoReCa және инвестициялық құрылымдар өкілдерін біріктіріп, нақты коммерциялық уағдаластықтарға қол жеткізуге бағытталды. Жалпы алғанда 19 құжатқа қол қойылды. Олар астық пен оны терең өңдеу өнімдерінің, майлы-май өнімдерінің, кондитерлік тауарлардың, бұршақ дақылдары мен күріштің экспортына, сондай-ақ қазақстандық азық-түлік өнімдерін БАӘ нарығында дистрибуциялауға қатысты. Ең ірі келісімдер астық жеткізілімдерімен байланысты: БАӘ мен Оман серіктестерімен 800 мың тоннаға дейін астық экспорттау параметрлері бекітіліп, олардың жалпы құны 240 млн АҚШ долларынан асты. Жекелеген келісімшарттар қатты бидай (дурум), жемдік ұн, бұршақ дақылдары мен күріш жеткізуді, сондай-ақ жергілікті сауда желілері мен мамандандырылған дистрибьюторлар арқылы өткізу арналарын дамытуды көздейді. Бірқатар меморандум логистикадан бастап сервистік шешімдерге және қосылған құны жоғары өнімдерді ілгерілетуге дейінгі бағыттар бойынша өңірде қазақстандық компаниялардың тұрақты қатысу инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған. QazTrade ұйымдастырған дөңгелек үстел өндірушілер мен шетелдік серіктестер арасындағы мазмұнды әрі нақты диалогқа арналған жұмыс алаңына айналды. Талқылаулардың негізгі тақырыптары біржолғы жеткізілімдерден ұзақ мерзімді келісімшарттарға көшу, GCC елдері нарықтарының сапа мен сертификаттауға қоятын талаптары, логистика мәселелері, сондай-ақ делдалсыз тікелей B2B тізбектерін құру болды. Іскерлік бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Таяу Шығыс пен Азиядағы ірі бөлшек сауда желілерінің бірі LuLu Group International басшылығымен жұмыс кездесуі өтті. Тараптар LuLu сауда желісінде қазақстандық тауарлардың қатысуын кеңейту, отандық өндірушілермен тікелей келісімшарттарды дамыту және қосылған құны жоғары өнімдер жеткізілімін арттыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Қазақстандағы логистикалық және қойма инфрақұрылымды дамыту, қаптау және экспорттық нарыққа дайындау жобалары, ұзақ мерзімді сатып алу бағдарламаларын қалыптастыруды қоса алғанда, инвестициялық мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды. Қол қойылған келісімдер мен өткізілген келіссөздер Қазақстанның Gulfood көрмесіне алғаш рет біртұтас Ұлттық павильонмен қатысуы аясында өтті. 26–30 қаңтар аралығында Дубайда өтіп жатқан көрме азық-түлік пен сусындар саласындағы халықаралық сауданың басты жаһандық платформаларының бірі болып саналады. Қазақстандық компаниялар үшін Gulfood 2026 көрмесіне қатысу витриналық форматтан гөрі, Таяу Шығыс, Африка және Оңтүстік Азия нарықтарына шығудың қолданбалы құралына айналып, экспорттық ниеттердің нақты келісімшарттар мен ұзақ мерзімді серіктестіктерге ұласуына мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1150553?lang=kk