Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қазақстан СІМ-де халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды 29.01.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Орталық Азиядағы Өңірлік делегациясының басшысы Биляна Милошевичті қабылдады.Б.Милошевич ХҚКК-ның гуманитарлық миссиясын жүзеге асыруға көрсетіліп жатқан тұрақты қолдауы үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді. Ол еліміздің Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілдікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманы ілгерілетудегі жұмысын, сондай-ақ гуманизм құндылықтарын қорғауға, орнықты даму мақсаттарын, өңірлік және халықаралық алаңдарда халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.Е.Ашықбаев Қазақстанның ХҚКК-мен тығыз ынтымақтастыққа бейілдігін және халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының толық сақталуын қамтамасыз етуге, ұжымдық этикалық және заңдық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған жаһандық күш-жігерге одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін растады.Сұхбаттастар Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілдікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманының аясындағы одан әрі болатын іс-қимылдарды, сондай-ақ 2026 жылдың соңында Иорданияның Амман қаласында өтетін Соғыс кезіндегі гуманизм мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияға дайындық мәселелерін талқылады.Тараптар Қазақстан мен ХҚКК арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде одан әрі нығайтуға өзара мүдделі екендіктерін растады.ХҚКК – соғыс, зорлық-зомбылық және гуманитарлық апаттар құрбандарына көмек көрсетуді негізгі мақсаты еткен тәуелсіз үкіметтік емес ұйым. ХҚКК 1992 жылдан бері Орталық Азияда жұмыс істеп келеді, Өңірлік өкілдігі Ташкент қаласында орналасқан. 2019 жылы ХҚКК Миссиясы Астана қаласында өз өкілдігін ашты.Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілдікті күшейту жөніндегі жаһандық бастама 2024 жылғы қыркүйекте Нью-Йорк қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 79-сессиясы аясында Қазақстан, Бразилия, Иордания, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка тарапынан Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен бірлесіп іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1150373?lang=kk
Қостанайда 2026 жылға арналған студент жастармен тәрбие жұмысының басымдықтары айқындалды 29.01.2026
Студент жастар арасында «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» бастамаларын іске асыру және оларды кеңінен насихаттау алдағы кезеңдегі негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіленді. Аталған бастамалар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық ұстанымын нығайтуға, адал еңбек пен қоғам алдындағы жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.Қостанай облысында техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі бағытта жұмыс істейтін 33 білім беру ұйымы бар. Аталған оқу орындарында бүгінде шамамен 22 мың студент білім алуда. Бұл білім беру мекемелері өңірдің кадрлық әлеуетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.2025–2026 оқу жылында колледждердегі тәрбие жұмысы еңбекқорлықты, кәсібилікті, патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті және заңға құрметті қалыптастыруға басымдық беріп отыр. «Заң мен тәртіп» жобасы аясында 5 мыңнан астам студентті қамтыған 120-дан аса профилактикалық және ағартушылық іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, бірінші жартыжылдықта криминалистердің қатысуымен өткен кейс-коворкингтер, пікірталас клубтарының отырыстары, буллингтің алдын алу бойынша тренингтер мен ашық диалог алаңдары өткізілді.Сонымен қатар, студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында облыс колледждерінде 230 үйірме жұмыс істейді. Бұл үйірмелерге 6 мыңнан астам студент тартылған. Дәстүрлі шығармашылық және спорттық бағыттармен қатар, қазіргі заман талаптарына сай робототехника мен 3D-модельдеу секілді инновациялық бағыттар да белсенді дамып келеді.Жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту мен сыни ойлауын қалыптастыруда дебаттық қозғалыстың маңызы ерекше. «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубтары өңірдегі барлық колледждерде жұмыс істеп, шамамен 900 студентті біріктіруде.2026 жылға жоспарланған маңызды іс-шаралардың қатарында Studentvision шығармашылық жобасының 10 жылдығын атап өту, сондай-ақ халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға және ғылыми әлеуетті арттыруға бағытталған үш халықаралық студенттік конференция өткізу көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1150276?lang=kk
Қонаевта нашақорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды 29.01.2026
Қонаев қаласында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың ведомствоаралық штаб отырысы өтті. Жиынға өңір басшылығы, аудан әкімдері және салалық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.Отырыста 2025 жылдың қорытындылары қаралып, жастар арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу және алдын алу шараларын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды. Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда есірткі заттарын тарату көбіне интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылуда. Осыған байланысты заңсыз онлайн контентке және күмәнді қаржылық операцияларға бақылау күшейтілген.Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өткен жылы облыс аумағында 11 тоннаға жуық түрлі есірткі заттары тәркіленіп, синтетикалық есірткі дайындайтын екі жасырын зертхана жойылған. Сонымен қатар есірткі қылмысына қатысы бар төрт кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды.Жиын барысында өңір басшысы бұл мәселені шешу үшін барлық сала өкілдерінің бірлескен жұмысы қажет екенін атап өтті.Марат Сұлтанғазиев,Алматы облысының әкімі:«Полиция департаменті, прокуратура, білім басқармасы, жастар саясаты саласы – бәрі бірлесе жұмыс істемесе, бұл проблема жойылмайды. Біз көбіне тек сатушылармен айналысып келеміз, ал тұтынушылармен жүйелі жұмыс жеткіліксіз. Бұл – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық мектептердің, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналардың ортақ міндеті».Әкімнің айтуынша, әсіресе білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмысты күшейту маңызды. Осы орайда мектептер мен колледждерде түсіндіру шараларын тұрақты өткізу, жастар мен жасөспірімдерді кеңінен қамту, сондай-ақ интернет пен әлеуметтік желілердегі есірткі жарнамаларына қарсы бақылауды арттыру тапсырылды.Штаб отырысының қорытындысы бойынша нашақорлықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді. Алдағы уақытта мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары, ата-аналар мен қоғамдық бірлестіктердің бірлескен жұмысы күшейтіліп, жастарды зиянды әдеттерден қорғауға бағытталған кешенді шаралар жалғасын таппақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1150213?lang=kk
Қазақстан Ауғанстанмен ынтымақтастық бойынша ведомствоаралық үйлестіруді күшейтуде 28.01.2026
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Ауғанстанмен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.Вице-премьер атап өткендей, жұмыс тобы ауған бағытындағы келісілген жүйелі жұмысты қамтамасыз ету үшін құрылған. Ауған тарапымен ағымдағы өзара іс-қимыл мәселесін үйлестіру жұмыс тобы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, ҚР СІМ-нің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Тұқымовқа жүктелді.Серік Жұманғарин Мемлекет басшысы көлік дәлізін дамыту, өзара сауда-экономикалық, гуманитарлық іс-қимыл бойынша нақты міндет қойғанын атап өтті. Бұл ретте ағымдағы қарқынды жұмыс ведомствоаралық үйлестіруді күшейтуді, бастамаларды неғұрлым терең пысықтауды талап етеді. Жұмыс тобының негізгі міндеті – біртұтас жүйелі тәсілді қалыптастырып, артық бюрократиялық рәсімдерді қысқарту. Ауғанстанмен ынтымақтастық барынша толық көлемде пайдаланылмай жатқаны атап өтілді. Жұмыс тобы бірыңғай келіссөз алаңына айналып, мәселелерді жедел шешуі тиіс.Отырыс барысында көлік және логистика, энергетика, денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы өзара іс-қимыл перспективасы, сондай-ақ тау-кен металлургия саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы қаралды. 2025 жылы Ауғанстанға екі рет гуманитарлық көмек көрсетілген. Соңғы бес жылдағы жеткізген жүктердің жалпы көлемі – 6,4 млрд теңге.Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов жоспарлы режимде жүзеге асырылып жатқан Ауғанстан аумағы арқылы өтетін «Тургунди – Герат – Қандағар – Спин – Болдак» теміржол құрылысы жобасының (CASA) барысы туралы хабардар етті. Қазақстандық тарап БАӘ-нің Энергетика және инфрақұрылым министрлігіне үшжақты меморандум жобасын әзірлеп, жолдаған. Оған биыл ақпанда қол қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ Пәкістан теміржол министрлігімен жекелей меморандумға қол қою пысықталуда. Пәкістан жағы ұсынылған маршрутты қолдайды.Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова қазіргі уақытта Қазақстанның 34 жоғары оқу орнында 610 ауған студенті білім алып жатқанын хабарлады. Қазіргі меморандум бойынша жыл сайын 30 білім беру гранты бөлінеді. Квотаны жылына 60 грантқа көбейту жайы қарастырылуда.Отырыс соңында Серік Жұманғарин ведомствоаралық жұмыс тобының жұмысын тұрақты етіп, оның отырысын тоқсан сайын өткізуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1150167?lang=kk
41 колледж және 22 мың студент: Алматы облысында Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысы шығарылды 28.01.2026
Алматы облысында Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысына арналған «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ – ТАБЫСТЫ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – еңбек адамына құрмет көрсету, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және кәсіби шеберлігімен, адал еңбегімен көзге түскен азаматтарды марапаттау.Бүгінде Алматы облысындағы әрбір бесінші оқушы жұмысшы мамандығын тұрақты жұмыспен қамтылу мен кәсіби дамудың саналы таңдауы ретінде қарастырады. Бұған ауқымды кәсіби бағдар беру бағдарламалары мен мектеп–колледж–еңбек нарығы арасындағы жүйелі байланыстың қалыптасуы ықпал етті.Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық мәслихат депутаттары, білім беру ұйымдарының басшылары, колледж директорлары, еңбек ардагерлері, кәсіпкерлер, халықаралық грант иегері атанған студенттер, сондай-ақ WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатының жүлдегерлері қатысты.Құттықтау сөз сөйлеген өңір басшысы еңбек адамына қолдау көрсету тақырыптық жыл аяқталғаннан кейін де өңірлік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін атап өтті.«Білікті маман мен еңбекқор азамат экономиканың стратегиялық маңызы бар тірегі болып табылады. Сондықтан еңбек адамына қолдау жүйелі түрде жалғасын табады», – деді Марат Сұлтанғазиев.Өңірде бүгінде 41 колледж жұмыс істейді, онда шамамен 22 мың студент білім алуда. Кадр даярлау еңбек нарығының сұранысына бағытталған: 950 студент жұмыс берушілердің өтінімі бойынша оқиды, 60 оқушы аттестатымен қатар колледж дипломын қатар алуда. 19 колледж дуальды оқыту жүйесі бойынша 238 кәсіпорынмен ынтымақтастықта жұмыс жасайды, 23-тен астам компания колледждерге шефтік қамқорлық көрсетуде.«Гидротехникалық мелиорация», «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар», «Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе», «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану», «Жиһаз өндірісі» сынды жаңа мамандықтар ашылды.Халықаралық ынтымақтастық та дамып келеді: 32 бірлескен іс-шараның нәтижесінде 35 студент пен 14 педагогты Қытай еліне тағылымдамадан өткізу жоспарлануда.Студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда облыста 16 жатақхана жұмыс жасайды, ал биыл жалпы құны 6 млрд теңге болатын, 711 орынға арналған тағы 4 жатақхананы пайдалануға беру көзделген.Жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігі республикалық деңгейде де расталды: WorldSkills Kazakhstan X чемпионатында Алматы облысының өкілдері 12 жүлделі орынға ие болды.Іс-шара аясында марапаттау рәсімі өтті. Атап айтқанда:– «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен 2 адам;– Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен 11 адам;– Алматы облысы әкімінің Алғыс хатымен 9 адам;– WorldSkills Kazakhstan чемпионатының 13 жүлдегер студенті марапатталды.Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен қорытындыланды.Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысы еңбек адамына жасалған қолдаудың нақты нәтижелер беріп отырғанын және жұмысшы кәсіптердің Алматы облысы жастары үшін болашағы зор, сұранысқа ие таңдау екенін айқын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1150124?lang=kk
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде 28.01.2026
Қазақстан экономикасының «қызып кету» ықтималдығы қаупін көрсететін Халықаралық валюта қорының бағалауы елде болып жатқан құрылымдық өзгерістерді ескере отырып, қосымша контекстті талап етеді. Негізгі макроэкономикалық көрсеткішті талдау экономиканың шамадан тыс артуда емес, дұрыс трансформация кезеңінде екендігін айқын көрсетеді.«Қызып кету» ұғымы ресурс тапшылығына әкелетін ықтимал мүмкіндіктен артық өсуді білдіреді. Қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай белгі байқалмайды.2023 жылдан бастап жұмыссыздық деңгейі тұрақты, 4,6-4,7% деңгейінде. Жалақының өсу қарқыны ЖІӨ динамикасынан артта қалып отыр. Бұл қызып кеткен экономикаға тән емес.Нақты сектордың немесе тауар өндірісінің өсуі (2025 жылы 8,7%-ға) қызмет көрсету секторының өсуінен (5,3%-ға) айтарлықтай озып кетті. «Қызып кету» кезіндегі классикалық көрініс керісінше жүріп, қызметтер мен сатылмайтын секторлар нақты секторға қарағанда тез өспек.Қазақстанда қалпына келтіру және құрылымдық өсу байқалады. Өткен жылы экономиканың 6,5%-ға өсуі және 2026 жылы жоспарланған динамика 5,0%-дан кем емес деңгейде өндірістік қуаттың нақты артуымен, өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырумен нығайтылды. Бұл ұзақмерзімдік перспективада экономиканың сапалы өсу әлеуетін қалыптастырады.Бұл ретте 2025 және 2026 жылдардағы экономиканың негізгі драйвері мұнайға жатпайтын сала, атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, логистика және ішкі сауда болып қала береді.2025 жылы өңдеу 6,4%-ға өсті. Ол машина жасау өндірісінің 12,9%-ға, оның ішінде автомобиль жасаудың 17,5%-ға, металл бұйымын өндірудің 13,6%-ға, тамақ өнімін өндірудің 8,1%-ға, химия өнеркәсібінің 9,8%-ға, сусынның 9,7%-ға, резеңке мен пластмасса өндірісінің 7,6%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.Ортамерзімдік перспективадағы экономикалық саясатта сауда секторын дамытуға, өңдеу өнеркәсібін қолдауға, инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылады.Тау-кен өндіру секторы, атап айтқанда мұнай-газ секторы экономика өсуінің негізгі көзі ретінде қарастырылмайды. Өңдеудегі өсу тау-кен секторындағы өсуден едәуір асып түсуі ықтимал. Өңдеуші өнеркәсіпте инвестициялық жобаларды іске асыру мен жаңа өндірістерді енгізу есебінен өсу қарқыны 2026 жылғы 6,2%-дан 2028 жылы 6,6%-ға дейін артуы мүмкін.Экономиканы әртараптандырудың жалғасуы инвестицияны негізгі капиталға өңдеу өндірісі мен көлік-логистикалық кешеннің пайдасына қайта бөлумен қатар жүреді. Бұл экономиканы сыртқы күйзелістерге, энергия ресурсы бағасының өзгеруіне төзімді етеді.Инфляцияға келетін болсақ, өткен жылы Үкімет қабылдаған тарифтік саясатты түзету мен ӘМАТ бағасының өсуін тежеу шарасының арқасында 2025 жылғы қазаннан бастап, жылдық инфляцияны бәсеңдетудің нақты тренді байқалды (қыркүйекте 12,9%-дан желтоқсанда 12,3%-ға дейін). 2025 жылғы ең жоғары мәндерден кейін (қыркүйекте 12,9%) инфляция жоспарлы төмендеу кезеңіне өтті. Болжам бойынша, ағымдағы жылы инфляция деңгейі төмендей береді. Ағымдағы жылдың соңына қарай 9-11% таргеттелетін дәлізде қалыптасады.Биылғы жылғы маңызды дезинфляциялық фактор 2026 жылғы бюджет пен бюджеттік ережелерді, оның ішінде Ұлттық қордың трансфертін, бюджеттік шығыстың өсуі мен борыштың деңгейін қатаң сақтауға негізделген фискалдық саясат параметрі болмақ.2026 жылғы бюджетте Ұлттық қордан нысаналы трансферт тарту көзделмеген. Кепілдендірілген трансферт 2 770 млрд теңге мөлшерінде қатаң шектелген.2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетке сәйкес мұнайға жатпайтын тапшылықты 2025 жылғы 7,3%-дан биыл ЖІӨ-ге 4,9%-ға төмендету жоспарланған.Осылайша, бүгінгі таңда қазақстандық экономика – өсуді ынталандыру мен макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау арасындағы прагматикалық теңгерімнің мысалы. Ағымдағы динамика «қызып кетуді» емес, үдемелі құрылымдық трансформацияны көрсетеді: еліміз тек тұтынып қана қоймай, негізгі қаржылық көрсеткішті бақылап, бюджеттік тәртіптің белгіленген ережесін сақтай отырып, өз болашағына белсенді инвестиция салуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1150049?lang=kk
«Орталық Азия – Германия» форматының аға лауазымды тұлғалары одан арғы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады 28.01.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов «Орталық Азия – Германия» форматы аға лауазымды тұлғаларының отырысына қатысты. Іс-шараға Германия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан СІМ басшылары қатысты.Отырысқа қатысушылар сауда-экономикалық, көлік, экологиялық және гуманитарлық салалардағы өңірлік қарым-қатынастардың жай-күйін және оларды одан ары күшейту әлеуетін нақты талқыға салды.А.Исетов өз сөзінде «Соңғы жылдары Орталық Азия елдері мен Германия арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Қазіргі уақытта орнықты даму мен елдердің өзара байланыстылығын арттыру шеңберіндегі ынтымақтастықтың жаңа бастамаларға арналған басым бағыттары айқындалды», – деп атап өтті.Отырыс соңында тараптар барлық өзекті мәселелер бойынша жұмыс қарым-қатынастарын жалғастыруға келісті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1150029?lang=kk
Алматы хайуанаттар бағында жаңа жануарлар түрі көбейіп, келушілер саны артып келеді 28.01.2026
2025 жылы зообақта 31 түрлі жануардан 87 төл дүниеге келді. Сондай-ақ, зообақ коллекциясы жыл сайын жаңа және сирек кездесетін бизон, тамандуа, цивета, генета, агама сияқты түрлермен толықтырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев мәлімдеді.Бүгінгі таңда Алматы хайуанаттар бағы – Қазақстандағы ең көне және беделді зообақтардың бірі. Аумағы 21 гектарды қамтитын хайуанаттар бағында қазіргі уақытта 385 түрге жататын 4000-нан астам жануар, құс және бауырымен жорғалаушылар бар. Олардың 76 түрі Халықаралық табиғатты қорғау одағының қауіпсіздік тізіміне, ал 24 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.«2025 жылы зообаққа келушілер саны 1,2 миллион адамға жетті. Бұл біздің зообақтың елдегі және аймақтағы танымалдығын айқын көрсетеді. Жыл сайын келушілер санының артуы – біздің жұмысымыздың және табиғатты қорғау миссиямыздың көрінісі», - деді басқарма басшысы Данияр Әлиев.2025 жылы Алматы хайуанаттар бағы Еуропалық зообақтар мен аквариумдар қауымдастығының толыққанды мүшесі ретінде қабылданды. Бұл мәртебе зообақтың халықаралық стандарттарға сай екенін, жануарларды қорғау және ғылыми зерттеулерде жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізетінін растайды.Алматы хайуанаттар бағы биыл ауқымды реконструкциядан өтеді. Жобаның мақсаты – келушілерге ыңғайлы, заманауи және білім беру тұрғысынан бай тәжірибе ұсыну. Жоба аяқталғанда зообақ жылына 2 миллионға дейін адамды қабылдай алады.Алматы хайуанаттар бағы – табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыратын, балалар мен ересектерге білім мен әсер қалдыратын ерекше орын. Жаңа кезеңде зообақ Алматының ғана емес, бүкіл Орталық Азияның ең ірі және заманауи орталығына айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1149668?lang=kk
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жеңілдетілген несие алуға өтінім қабылдау басталды 28.01.2026
«Алматы» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру аясында кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несие беру үшін өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды.          Несие жылдық 0,01% мөлшерлемемен айналым қаражатын толықтыруға беріліп, кәсіпкерлерге шикізат сатып алу, қызметтерге ақы төлеу, еңбекақы, логистика сынды негізгі өндірістік және басқа да шығындарды жабуға мүмкіндік береді.          Өндірушілер мен ритейлерлер өз кезегінде ӘМАТ бағасын ұстап тұру бойынша міндеттеледіы. Жеткізу көлемін кәсіпкер өзі айқындайды, алайда несие алу кезінде белгілі бір мерзімге сауда сөрелеріндегі бағаны бекітуге міндеттеледі. Несие  үш айдан үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.          Жеңілдетілген қаржыландыру қолданылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне мыналар кіреді:1Бірінші сұрыпты бидай ұны2Бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны (қалыпты)3Макарон өнімдері (рожки)4Қарақұмық жармасы5Тегістелген күріш (домалақ дәнді)6Картоп7Асханалық сәбіз8Пияз9Ақ қырыққабат10Қызанақ («черри», «жүзім» сорттарынан басқа)11Қияр («корнишон» сортынан басқа)12Алма13Ақ қант — құмшекер14Күнбағыс майы15Сүйекті сиыр еті16Сүйексіз сиыр еті17Тартылған ет (фарш)18Қой еті, оның ішінде сүйексіз19Жылқы еті, оның ішінде сүйексіз20Балғын, салқындатылған және мұздатылған балық (лещ, мөңке, көксерке, тұқы, сазан)21Тауық еті (сан, жіліншік, тауықтың жамбасы)22Тауық (тұтас)23Пастерленген, ультрапастерленген, стерильденген сүт (майлылығы 2,2%-дан 6%-ға дейін, дәм қоспасыз, лактозасыз өнімдерден басқа)24Айран (майлылығы 2-3%, лактозасыздан басқа)25Қаймақ (лактозасыздан басқа)26Сүзбе (майлылығы 5–9%, лактозасыздан басқа)27Қатты және жартылай қатты ірімшік (майлылығы 40–50%)28Сары май (тұзсыз, майлылығы 72,5%-дан 80%-ға дейін, қоспасыз және өсімдік майынсыз)29Тауық жұмыртқасы (I санат)30Қара шай (дәм қоспасыз, қаптамалы шайдан басқа)31Ас тұзы ( «Экстрадан» басқа)          Несие беру шарттарымен кәсіпкерлер «Алматы» ӘКК ресми сайтында жарияланған хабарландыру арқылы таныса алады.          Несие беру туралы шешімді Алматы қаласы әкімдігі жанындағы ӘМАТ бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия қабылдайды.          Өтінім 2026 жылы 20 ақпанға дейін қабылданады. Кеңес алу үшін кәсіпкерлер +7 701 410 49 12 нөміріне хабарласа алады.          Қазіргі уақытта «Алматы» ӘКК өндірушілермен келесі қарыз шарттарын іске асырып отыр: «Сары-Бұлақ» компаниясы — I санаттағы жұмыртқа (сауда сөресінде бір данасы 59 теңгеге дейін), «Алатау Құс» — тауық саны мен жамбасы 1 100 теңгеден, жіліншігі 1 650 теңгеден, «Nauryz Agro KZ» — тауық саны мен жамбасы 1 250 теңгеден. Аталған тауарлар бойынша баға тұрақтандыру үш жылға дейінгі мерзімге қамтамасыз етілген.«Алматы» ӘКК ірі сауда желілерімен де ынтымақтасады. Magnum Cash&Carry желісі арқылы 10 440 тонна көкөніс (картоп — 5 120 тонна, сәбіз — 2 000 тонна, пияз — 2 120 тонна, қырыққабат — 1 200 тонна) 2026 жылғы 30 сәуірге дейін белгіленген бағамен тұрақтандырылып отыр.          Сонымен қатар, осы сауда желісімен 2026 жылы наурыз айына дейін ӘМАТ-тың 11 атауы бойынша (қарақұмық, күріш, макарон өнімдері, май, сүт өнімдері, тауық еті, сиыр еті, ұн, тұз және басқа да тауарлар) бағаны тұрақтандыру жөніндегі келісім қолданыста.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1149659?lang=kk
Әзербайжандық тревел-блогерлер Алматы мен Шымбұлақты халықаралық деңгейде насихаттап жатыр 28.01.2026
Әзербайжандық танымал тревел-блогерлер Орхан Асланов, Сеймур Алиев және Аяз Кара Алматы мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына барды. Шетелдік инфлюенсерлердің мегаполистің тау бөктеріндегі демалыс орындарына қызығушылық танытуы қаланың қысқы және белсенді туризм бағыты ретіндегі тартымдылығы артып келе жатқанын аңғартады. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.Сапар барысында қонақтар Шымбұлақтың инфрақұрылымымен танысып, шаңғышылар мен сноубордшыларға арналған түрлі деңгейдегі трассаларды, сондай-ақ тау көріністері мен қала панорамасының ерекше үйлесімін жоғары бағалады.Алматыға бұған дейін де бірнеше рет келген Орхан Асланов бұл жолғы сапарының да әсерге толы болғанын айтты. Әсіресе, Шымбұлақтағы түнгі сырғанау ерекше әсер сыйлаған.«Теңіз деңгейінен шамамен 3200 метр биіктіктен түнгі қала аясында төмен сырғанауды сөзбен жеткізу қиын. Мұны міндетті түрде сезініп көру керек», – деді блогер.Сеймур Алиев өз кезегінде Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы туризмнің тәжірибе алмасудың әлеуеті жоғары екенін атап өтті.«Алматы мәдениетімен, қонақжайлығымен және тау-шаңғы курорттарының қалаға жақын орналасуымен тартымды. Бұл демалысты жайлы әрі мазмұнды етеді», – деді ол.Аяз Кара Қазақстанға алғаш рет келгенін айтты. Оған әсіресе Шымбұлақтағы түнгі сырғанау ерекше әсер қалдырған.«Мұнда шынайы қонақжайлық пен достық көңіл айқын сезіледі», – деді блогер.«Блогерлердің әлеуметтік желілердегі жарияланымдары Алматының халықаралық туристік кеңістіктегі имиджін нығайтып, қысқы, тау және белсенді демалыс бағыты ретінде одан әрі танылуына ықпал етеді», - деді қалалық Туризм басқармасының өкілдері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1149652?lang=kk
Қазақстан мен Германия сауда-инвестициялық әріптестікті тереңдету бағытын растады 28.01.2026
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Германия Сыртқы істер министрлігінің Саяси директоры Доминик Муттермен кездесті.Келіссөз барысында Қазақстан екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Германиямен әріптестікті одан әрі нығайтуды дәйекті түрде көздейтіні және оны Еуропалық одақтағы негізгі стратегиялық әріптестің бірі ретінде қарастыратыны атап өтілді. Сауда-инвестициялық ынтымақтастық дәстүрлі түрде Қазақстан-Германия қатынасының негізі және қозғаушы күші екені айқын.«Қазақстан Германиямен сауда-инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуды стратегиялық басымдық ретінде қарастырады. Сауданы әртараптандыруға, экономиканың негізгі салаларына жаңа технология енгізуге баса назар аудара отырып, бұл процесті жүйелі және ұзақмерзімді жүргізуге ниетті», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Германия Қазақстан Республикасының сауда әріптестерінің арасында жетінші орында. 2025 жылғы қаңтар-қараша қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $3,9 млрд болса, оның ішінде экспорт — $1,2 млрд (+7,9%), импорт — $2,7 млрд (+6,1%).Өзара сауда құрылымын әртараптандыру, сондай-ақ экономиканың негізгі секторларындағы жаңа технологиялар трансферін кеңейту басым міндет ретінде белгіленген.Екі ел арасында тұрақты экономикалық диалог қалыптасқаны атап өтілді. Онда Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес шешуші рөл атқарады. Бұл тетіктер өлшемелі нәтиже берді: германиялық компаниялардың қатысуымен Қазақстанда €49,7 млрд сомасына 36 инвестициялық жоба іске асырылып, оның ішінде 23 жоба пайдалануға берілді. Қалыптасқан негіз ынтымақтастықтың неғұрлым технологиялық күрделі форматына көшуге мүмкіндік беретіні атап көрсетілді.Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуды және неміс банктері мен сақтандыру құралдарының қатысуымен «жасыл» энергетиканы дамытуды қосқанда, стратегиялық маңызы бар жобаларды бірлесіп қаржыландыруды күшейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бірлескен қаржыландырудың қазақстандық-германдық тетігін белсенді іске қосу ұсынылып отыр. Қазақстандық тарап Германияның қаржы институттары мен компанияларының қатысуымен, оның ішінде «жасыл» болат бағыты бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасымен сутегі және «жасыл» энергетика саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға әзірлігін растады.Германия Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешендегі негізгі әріптесінің бірі болып қала беретіні де атап өтілді. Бұған дейін тараптар арасында Орталық Азиядағы Орнықты егіншілік өңірлік орталығының тұжырымдамасы келісілген болатын. Қазіргі уақытта Орталық құру және одан әрі ынтымақтастықтың стратегиялық бағыты мен форматын айқындайтын Үйлестіру кеңесін қалыптастырудың практикалық жұмысы басталды.Өз кезегінде Доминик Муттер Қазақстанмен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.«Германия үшін Орталық Азия елдерімен, әсіресе Қазақстанмен стратегиялық аймақтық әріптестіктің маңызы зор. Біз елдің аймақтағы рөлін жоғары бағалаймыз және оның көпвекторлы саясатына оң баға береміз. Біздің елдеріміз арасында ынтымақтастықты кеңейтуге деген өзара мүдде бар. Маңызды жаһандық өзгеріс жағдайында өзара іс-қимыл әлеуетін арттыруды анықтау маңызды», — деп атап өтті ол.Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және екіжақты өзара іс-қимыл әлеуетін арттыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1149406?lang=kk
Өңірдегі көлік-логистикалық инфрақұрылым 27.01.2026
Өңірде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына байланысты жүк тасымалы, соның ішінде контейнерлік тасымалдар көлемі жыл сайын артып келеді. Облыста контейнер тапшылығы байқалып, Қостанай қаласындағы жүк станциясының өткізу қабілеті жеткіліксіз болып отыр.Әсіресе, астық пен ұн тасымалы өзекті мәселе болып қала береді. 2025 жылдың қыркүйек-қараша айларында 1,1 млн. тонна астық экспортталып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 306 мың тоннаға артты. Экспорттың басым бөлігі Өзбекстанға бағытталған.Қостанайда «Тобыл» халықаралық көлік-логистикалық кешені салынуда. Жылына 400 мың контейнерге дейін өңдеуге қабілетті «құрғақ порт» 63,8 млрд. теңге инвестиция тартып, 500 жаңа жұмыс орнын ашады. Жоба іске қосылғаннан кейін өңірдегі жүк тасымалы 20 пайызға артып, экспортқа тың серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1149181?lang=kk
Тоғызбұлақ ауылында Қапес Байғабылұлының 130 жылдығына орай жаңа кітапхана ашылды 27.01.2026
Кеген ауданына қарасты Тоғызбұлақ ауылында Қапес Байғабылұлының туғанына 130 жыл толуына орай жаңа ауылдық кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мәдени нысанның жұмысын бастау дәстүрлі түрде қызыл лентаны қию рәсімімен айшықталды. Іс-шараға ауыл тұрғындары, қоғам өкілдері мен құрметті қонақтар қатысты.Ашылу салтанатына Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, аудандық мәслихат төрағасы Нұғман Алмасбек, Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының директоры Галина Тоқабаева қатысты. Сонымен қатар белгілі жазушы, педагог Сағатбек Мәдібекұлы, облыстық филармония директоры Нұрлан Сағынбай және шығармашылық зиялы қауым өкілдері де арнайы келді. Қонақтар оқырмандарға жасалған жағдай, кітап қоры және техникалық жабдықталуымен танысып, ауыл үшін жаңа мәдени нысанның ашылуының маңыздылығын атап өтті. Жаңа кітапхана заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда кітап қорын есепке алуға және оқырмандарға қажетті әдебиеттерді жылдам табуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ИРБИС кітапханалық жүйесі енгізілген. Кітапхана екі бөлімнен – кітап қоры мен оқу залынан тұрады. Қазіргі таңда кітап қоры шамамен 3 мың данаға жетеді. Барлық бөлмелер компьютерлермен, принтерлермен, кітап сөрелерімен, үстел және орындықтармен толық жабдықталған. Бұл оқуға және білім алуға қолайлы жағдай жасайды. 2026 жылға қарай кітапхананың қызметін 689 ауыл тұрғыны пайдалануы жоспарланып отыр.Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев: «Бүгінде ауданымызда 13 кітапхана жұмыс істейді, ал бұл – он төртіншісі. Қазіргі таңда кітапханалар тек кітап сақтайтын орын ғана емес, білім мен мәдениеттің, шығармашылық пен қарым-қатынастың орталығына айналып отыр. Олар барлық жастағы тұрғындарды біріктіріп, ауылдың мәдени өмірін нығайтып, рухани дамуына үлес қосады», – деді.Сондай-ақ ауыл тұрғындарына жылы лебізін білдірген Сағатбек Мәдібекұлы:«Бұл – елімізде оқитын, білімді ұлт қалыптастыру жолындағы аса игі әрі маңызды бастама. Кітапханаға жастар көптеп келіп, білімге ұмтылсын. Өскелең ұрпақ саналы, тәрбиелі, парасатты болып қалыптассын. Бұл білім ордасы елді біріктіріп, шабыт беретін рухани орталыққа айналсын, кітап қоры жыл сайын толыға берсін», – деп атап өтті.Тоғызбұлақ ауылында жаңа кітапхананың ашылуы мәдениет пен білім саласындағы жалпыұлттық басымдықтарға толық сәйкес келеді. Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи кітапханаларды дамыту мен кітаптың қолжетімділігін арттырудың маңызын ерекше атап өткен болатын. Жаңа мәдени нысан ауыл тұрғындары мен жас ұрпақ үшін білім мен рухани дамудың орталығына айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1149065?lang=kk
Бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімді іс-қимылына Қарулы күштердің 8 мыңға жуық бөлімшесі қатысты 27.01.2026
Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Қарулы күштер түрлері мен әскер тектерінің бөлімшелерінде бөлімшелерді, экипаждар мен есептоптарды үйлестіру өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – бөлімшелер жеке құрамының келісілген іс-қимылына қол жеткізу және кіші командирлердің бағыныстыларды басқарудағы дайындық деңгейін жетілдіру.Сабақтар тәжірибелі командирлер мен нұсқаушылардың жетекшілігімен оқу сыныптарында, полигондарда және аэродромдарда штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы іс жүзінде қолдану арқылы ұйымдастырылды. Қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше көңіл бөлінді.Үйлестіру іс-қимылы барысында тактикалық, тактикалық-арнайы және арнайы дайындық тақырыптары байланыс, барлау, инженерлік және әскери-медициналық даярлық мәселелерімен кешенді түрде кезең-кезеңмен пысықталды. Іс-шаралар бекітілген қарудан ату дағдыларын, жауынгерлік және арнайы машиналарды жүргізу шеберлігін арттыруға, сондай-ақ әскери қызметшілердің дене дайындығын нығайтуға бағытталды.Қорытынды кезеңде бөлімшелер күндізгі және түнгі уақытта штаттық қару-жарақ пен әскери техникадан жауынгерлік атыстарды орындады. Сонымен қатар, бақылау тактикалық сабақтары барысында жеке құрамның дайындық деңгейі тексерілді.Бөлімшелерді үйлестіруден өткізу – жауынгерлік дағдыны жетілдіру мен қойылған тапсырмаларды тиімді орындауға бағытталған Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін арттырудың маңызды кезеңі. Дайындыққа барлығы 8 мыңға жуық бөлімше тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1148792?lang=kk
МӘМС азаматтарға заманауи технологиялық медициналық көмекті тегін алуға мүмкіндік беретін тиімді әлеуметтік механизмге айналды 27.01.2026
Мұның айқын дәлелі - Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында ем қабылдаған 24 жастағы науқастың клиникалық жағдайы.Науқас ауруханаға сол жақ бүйректің II–III дәрежелі гидронефрозы диагнозымен түсті. Аталған патология бүйрек астаушасы мен несепағар түйіскен аймақтың тарылуы және қосымша бүйрек артериясының несепағарды қысуы салдарынан, созылмалы пиелонефриттің асқынуы аясында дамыған. Яғни, зәрдің бүйректен табиғи жолмен ағуы бұзылып, оның жиналуы органның біртіндеп кеңеюіне, қатты ұстамалы ауырсынулар мен қабыну үдерісінің өршуіне әкелген. Уақтылы әрі дұрыс ем көрсетілмегенде бұл жағдай бүйрек қызметінің айтарлықтай төмендеуіне, тіпті толық жоғалуына себеп болуы мүмкін еді.Бұған дейін науқасқа жедел медициналық көмек көрсетіліп, бүйрек шаншуы себебімен несепағарға стент-катетер орнатылған болатын. Бұл шара зәрдің уақытша ағуын қалпына келтіріп, науқастың жалпы жағдайын тұрақтандырғанымен, аурудың түпкі себебін жоймайтыны белгілі. Уролог дәрігердің жоспарлы кеңесінен кейін патологияның негізгі себебін түбегейлі жою мақсатында хирургиялық ем жүргізу туралы шешім қабылданды.Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының хирургия бөлімшесінде уролог дәрігер Сабаев Айдар Жанбатырұлы, хирург Сабаев Серік Жанбатырұлы және анестезиолог - реаниматолог Хайленко Юрий Александровичтің қатысуымен түбекше-несепағар сегментінің лапароскопиялық пластикасы сәтті орындалды. Ота құрсақ қабырғасында бірнеше шағын тілік арқылы, ірі кесусіз жүргізілді.Бейнебақылау жағдайында тарылған аймақ дәл анықталып, қосымша бүйрек артериясының несепағарға түсірген қысымы жойылды, сондай-ақ бүйрек астаушасы мен несепағар арасында жаңа анатомиялық байланыс қалыптастырылды. Тігістердің қауіпсіз жазылуын және зәрдің еркін ағуын қамтамасыз ету үшін ішкі стент-катетер орнатылды.Аталған аз инвазивті әдіс операциялық жарақаттылықты айтарлықтай төмендетіп, операциядан кейінгі ауырсынуды азайтуға және науқастың қалпына келу кезеңін қысқартуға мүмкіндік береді.Айта кетейік, мұндай лапароскопиялық араласулар жоғары технологиялы және техникалық тұрғыдан күрделі операциялар санатына жатады. Хирургтер шектеулі кеңістікте, тек бейнекамера көмегімен бағдар алып, аса жоғары дәлдікпен жұмыс атқарады. Әсіресе, ірі қан тамырларына, оның ішінде қосымша бүйрек артериясына жақын орналасуы отаның күрделілігін арттыра түседі. Бұл жағдайда несепағарды қысу себебін жойып қана қоймай, бүйректің қанмен қамтамасыз етілуін толық сақтау басты міндет болды.Сонымен қатар, операцияны жоспарлау барысында науқастың жеке анатомиялық ерекшеліктері, бүйректің кеңею дәрежесі және қабыну үдерісінің айқындылығы жан-жақты ескерілді. Мұндай күрделі хирургиялық араласулар тек тәжірибелі мамандар командасының, заманауи медициналық жабдықтың және медициналық ұйымның жоғары деңгейдегі дайындығының арқасында ғана мүмкін.Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Ауырсыну синдромы мен қабыну белгілері толық жойылып, науқас қанағаттанарлық жағдайда амбулаториялық бақылауға шығарылды.Аталған клиникалық жағдай МӘМС аясында азаматтардың басқа аудандарға шықпай-ақ, қаржылық жүктемесіз, күрделі әрі жоғары технологиялы медициналық көмекті тегін ала алатынын айқын көрсетеді. Операцияның сәтті өтуі дәрігерлердің кәсіби шеберлігіне, хирургиялық және анестезиологиялық қызметтердің үйлесімді жұмысына, сондай-ақ Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының заманауи материалдық - техникалық базасына тікелей байланысты.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өз әлеуметтік маңызын тағы бір мәрте дәлелдеп, халықтың сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауға қызмет етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1148560?lang=kk
Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің екінші отырысында «Таза парақтан» реттеу мен жүйелік бизнес мәселелері талқыланды 26.01.2026
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Салық кодексін енгізу жобасы кеңсесінің екінші отырысы өтті.Талқылаудың негізгі бағыты шағын және микро бизнес үшін ең сезімтал мәселелер, оның ішінде «таза парақтан» салықтық реттеу тетіктері болды.Ең алдымен өтпелі кезеңдегі салықтық әкімшілендіруге нақты түзетулер қарастырылды. Атап өтілгендей, «таза парақ» түзетулері бойынша шағын және микро бизнес 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін салықтық және камералық тексерулерден, сондай-ақ әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Дегенмен, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті ресми арналар арқылы хабарлаған бірқатар ерекшеліктер қарастырылған.«2025 жылғы 17 желтоқсанда Үкімет өтпелі кезеңге салықтық әкімшілендіруді түзету туралы шешім қабылдады. Аталған шешімді жүзеге асыру мақсатында осы жылдың 1 сәуіріне дейін салық берешегін төлеуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару қағидалары әзірленді, кәсіпкерлік субъектілерін тарату және тоқтату рәсімдері қайта қаралды, сондай-ақ шағын және микро бизнеске қатысты кеңселік аудит жүргізу тәсілдеріне өзгерістер енгізілді. «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобалары орналастырылды және ақпан айының басында қабылданады деп жоспарлануда», — деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов.2026 жылға дейін ҚҚС бойынша есепке қоюға байланысты бұзушылықтар бойынша әкімшілік істер қозғалмайтыны, ал бұрын мемлекеттік кірістер органдары шығарған істер тоқтатылатыны айтылды. Бұл шаралар бизнестің салықтық әкімшілендірудің жаңа шарттарына барынша қолайлы өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің қатысуымен нормативтік стандарттарды «таза парақтан»  бастап қолдану тәжірибесін түсіндіру мақсатында кеңейтілген кеңес өткізуге келісті.Өткен аптада Мемлекеттік кірістер комитетіне call-орталығы мен Salykbot Telegram боты арқылы 19 400, Ұлттық экономика министрлігіне 50, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 14 өтініш келіп түскен. Сұрақтардың негізгі легі Мемлекеттік кірістер комитетінің арналары арқылы келіп түседі. Кәсіпкерлерді көбінесе салық режимін таңдау, салық төлеушінің шотында жұмыс істеу, электронды шот-фактураларды шығару, ағымдағы процедуралық мәселелер қызықтырады. Мұндай өтініштер бойынша түсініктемелер дереу беріледі. Жүйелі жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде Мемлекеттік кірістер комитетінің call-орталығының жүктемесі төмендеді: бұрын күніне 5500-ге жуық қоңырау түссе, қазіргі уақытта бұл шамамен күніне 4700-ге жуықтады.Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жүйелі мәселелер жинақталған. Олардың қатарында ұзақмерзімді келісімшарттар бойынша ҚҚС мөлшерлемелерін қолдану, МИБ-ке салық салу, мүгедектерді жұмысқа алатын ұйымдарға салық салу шарттары, медицина саласында әртүрлі ҚҚС ставкалары мен жеңілдіктерді қолдану, сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту жатады.Осындай үндеулердің бір мысалын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов келтірді. Мәселе медицина саласындағы ҚҚС бойынша жеңілдіктерді жоюға қатысты. Салық кодексіне сәйкес, дәрілік заттарды өткізу және импорттау бойынша ҚҚС босату тек тегін медициналық көмек көрсету мен міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік қоры, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар және орфандық ауруларды емдеу үшін ғана сақталады. Бұл ретте коммерциялық сегментте сатылатын дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен компоненттерге 2026 жылдан бастап 5% және одан әрі 10% ставка бойынша ҚҚС салынады. Бұл, бизнес өкілдерінің пікірінше, соңғы тұтынушылар үшін шығындардың өсуіне әкелуі мүмкін.Сонымен қатар белгіленген шекті бағалар бойынша коммерциялық сегментте дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тапшылығының тәуекелдері, сондай-ақ фармацевтикалық субстанциялар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіруге арналған жабдықтарды өткізу және импорттау бойынша айналымдарға 16% базалық мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынатыны қосымша атап өтілді.Серік Жұманғарин салық органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалану бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы мәселеге арнайы тоқталды. Цифрлық қызметтердің белсенді дамуы кезінде барлық пайдаланушының өзгерістерге бейімделуге уақыты бола бермейтіні атап өтілді. Осыған байланысты нақты оқыту алгоритмін, оның ішінде цифрлық көмекшілерді пайдалану, сондай-ақ бизнеспен тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету қажет.Жүйелік сұрақтар пулын қалыптастыру жұмыстары осы аптада жалғасады. Жобалық кеңсе деңгейінде шешім қабылдауды талап ететін мәселелер дүйсенбіге жоспарланған келесі отырыста қарауға шығарылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1148148?lang=kk
Қостанай облысының білім саласындағы жаңа тәсілдер 26.01.2026
Қостанай облысының білім беру жүйесі бірнеше негізгі бағыт бойынша заманауи тәсілдерді қолдана отырып дамып келеді.Оның ішінде ең маңызды басымдықтардың бірі – облыс қалаларында да, ауылдарында да оқушыларға оқуға ыңғайлы жағдай жасау болып табылады.Соңғы екі жыл ішінде Қостанай облысында 4 860 орындық 7 жаңа мектеп салынды және пайдалануға берілді. Мектептер толықтай заманауи стандарттар мен талаптарға сәйкес келеді, олардың 5-і «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында ашылды ( Заречное а., Қостанай ауданы – 900 орын, Арқалық қаласы – 300 орын, Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы – 1 200 орын және Әуежай – 900 орын, Құшмұрын а., Әулиекөл ауданы – 1 200 орын, Колқамыс а., Жангелдин ауданы – 60 орын, Рудный қаласы – 1 200 орын).Сонымен қатар, 4 мектепте (Еңбек кенті, Қостанай ауданы – 100 орын, Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы – 980 орын, Қонай шағын ауданы – 900 орын, Рудный қаласы – 900 орын) құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру мен жасанды интеллект жылы аясында, IT саласындағы жобалар бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.Мысалы, Astana Hub қолдауымен 7 мектепте мұғалімдер мен оқушыларға бағдарламалау бойынша оқыту жүргізілді.«eData.kz» ЖШС-пен ынтымақтастық аясында облыстың 60 мектебі заманауи цифрлық сервистерге (Canva, Quizizz, Google, BookR) қол жеткізді, бұл ұлттық емтихандар мен халықаралық зерттеулерге жасанды интеллектті пайдалана отырып, персонализирленген дайындықты қамтамасыз етеді.Қала мен ауыл арасындағы білім сапасы айырмашылығын азайту мақсатында шағын мектептердің әлеуетін дамыту жобасы іске асырылуда.Жоба педагогтердің біліктілігін арттыру, тәлімгерлік, тәжірибе алмасу және заманауи тәсілдерді енгізуді қамтиды, мұнда педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін шектеулі ресурстар жағдайында жасанды интеллектті пайдалана отырып нығайтуға баса назар аударылады. Жобаға 63 шағын мектеп пен 21 толықкомплект мектеп қатысуда.Сонымен қатар, облыста IT бағытында тұрақты әлеует қалыптасқан және практикалық тәжірибе жинақталған.Президенттің тапсырмасымен барлық педагогтар «Өрлеу» платформасында «Оқу процесі және ЖИ: генеративтік модельдер мен промпт-инжиниринг өнері» тақырыбындағы тегін курстардан өтті, сондай-ақ «Ustazga AI» онлайн курстары өткізілді.Қазіргі таңда 5 пилоттық жоба жасанды интеллект шешімдерін енгізу бойынша, сондай-ақ 1 пилоттық жоба робототехника бойынша жүзеге асырылуда.Олардың бірі – жасанды интеллектті қазақ тілін орыс тілінде оқытылатын мектептерде үйретуге пайдалану.Екінші жоба – Tester.kz жүйесі арқылы білімдегі олқылықтарды анықтау және жоюдың кешенді жүйесін енгізу.«Al Mektep» жобасы Қазтелеком АҚ-пен бірлесіп білім беру ұйымдарында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге ЖИ қолдануға мүмкіндік береді.Төртінші жоба – көптілді мектептерде ағылшын тілін оқытуда жасанды интеллектті пайдалану.«SmartBolashaq» жобасы – ЖИ арқылы кәсіби бағдар беруге бағытталған.«Artisan Education» жобасы – робототехникаға арналған білім беру платформасы мен жабдықтарын пайдалана отырып инженерлік ойлауды дамытуға арналған.2026 жылы «Болашақ мамандары» кәсіби бағдарлау платформасының жұмысы басталады.Платформа оқушыларға жеке қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес болашақ кәсіби бағыттарын саналы түрде анықтауға мүмкіндік береді, ал сынақ нәтижелері облыс мектептеріне әрі қарай енгізу үшін база болады.Жаңа оқу жылынан бастап тәрбиелік жұмыс «Адал азамат» бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Елбасы атап өткендей, мектеп–отбасы–қоғам үштігін қалыптастыруда ата-анамен жұмыс маңызды рөл атқарады: 399 Педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істейді.Техникалық және кәсіптік білім беру саласы практикалық бағытта, облыстың жетекші кәсіпорындарымен тығыз ынтымақтастықта дамып келеді.Жұмысшы мамандықтар жылы ТжКБ жүйесінің дамуына үлкен серпін берді. Колледждерге шефтік қолдау көрсететін кәсіпорындар саны 38-ден 230-ға дейін өсті, бұл бизнестің білікті жұмысшылар даярлауға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.Облыс мектептерінде 60 профильді сынып ашылды, бұл оқушыларға саналы кәсіби өзін-өзі анықтау мен колледждерге дайындықты қамтамасыз етеді.Кәсіпорындардың тапсырысы бойынша мақсатты оқытылатын студенттер саны бес есе артты: 687 адамнан 3 553 адамға дейін өсті. Әлеуметтік серіктестер желісін 42-тен 220-ға дейін кеңейту де ерекше мәнге ие.Осылайша, Қостанай облысындағы білім берудің жаңа тәсілдері сапалы білім беру жағдайларын жасауға, оқу процесінің барлық деңгейінде жасанды интеллектті енгізуге және бәсекеге қабілетті, елімізде сұранысқа ие мамандар даярлауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1147985?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы Германия Елшісін қабылдады 26.01.2026
Астана, 2026 жылғы 26 қаңтар – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германия Федеративтік Республикасының Елшісі Моника Иверсенді қабылдады.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударып, екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму әлеуетін талқылады.Министр бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың және елдер арасындағы іскерлік диалогты жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Өз кезегінде Германия Елшісі Берлиннің Астанамен екіжақты және халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін растады.Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1147816?lang=kk
Ұрыс қимылына барынша жақын жағдайда: Десантшы барлаушыларды қалай даярлайды 26.01.2026
Қонаев қаласы маңындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында Алматы, Қонаев және Жетісу гарнизондарының барлау бөлімшелеріне жоспарлы далалық жиын өтіп жатыр.Аталмыш оқу-жаттығу орталығы мерзімді қызметтегі және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді кешенді даярлауға арналған заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Сабақтар қауіпсіздік талаптарына сай, ұрыс жағдайына барынша келтіріліп ұйымдастырылған.«Қалқан» лақап атты майордың айтуынша, барлаушыларды даярлау барысында тәжірибелік дайындыққа басымдық беріледі. Далалық жорықтар жауынгерлік және тактикалық-арнайы дайындық дағдыларын пысықтауға, бөлімше құрамында әрекет етуге және күрделі жағдайда жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді.Жиын аясында десантшылар базалық лагерьлерді орналастыру ережесін меңгеріп, байланыс құралдарының әр түрін, миналау-жару ісінің элементтерін, тактикалық медицинаны және ұшқышсыз ұшатын құрылғыларды басқаруды үйренуде. Одан өзге автомат, тапанша, пулемет және Драгунов мергендік винтовкасынан оқ ату жаттығулары өткізіледі. Әскери қызметшілер қарауылдарды жасырын түрде жою тәсілдерін, пышақ пен сапер күрегін лақтыру әдістерін де пысықтамақ.Барлау бөлімшелері бүркемеленген бақылау орындарынан бақылау жүргізуге, топ құрамында әрекет етуге, шартты қарсыласты күшпен ұстауға, жергілікті жерді бағдарлауға, траншеяда және ойлы-қырлы жерде ұрыс жүргізуге жаттығады.Жеке құрамның тағылымдамасына және кәсіби өсуіне ерекше назар аударылуда. Күзде әскерге алынған сарбаздар арасында үздік нәтижелер көрсеткен әскери қызметшілер де бар. Солардың бірі – Нөгербек Тәтімбек. Ол небәрі үш ай қызмет еткеннен кейін кіші сержант атағын алып, бөлімше командирі болып тағайындалды.Сарбаздың сөзінше, далалық жағдайдағы сабақтар барлаушы қызметінің мәнін терең түсінуге мүмкіндік беріп, жауапкершілік пен жауынгерлік рухты қалыптастырады.Кіші сержант Тәтімбек жоғары оқу орнын «кеден ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ағасының кеңесімен ол өз қалауымен Десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет етуді таңдаған. Әскери қызметші киокушинкай каратэден қара белбеу иегері, 2024 жылғы әлем чемпионы. Болашақта келісімшарт негізінде қызметін жалғастыруды жоспарлап отыр.Далалық жиындар бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға, жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалын нығайтуға және барлаушылардың кәсіби құзыретін дамытуға ықпал етері анық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1147794?lang=kk
Тауарлардың ұлттық каталогы: кезең-кезеңімен енгізу және жауапкершілік шараларына мораторий 26.01.2026
Тауарлардың ұлттық каталогын енгізу аясында 2025 жылдың желтоқсан айы бойы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, Қаржы министрлігі және «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, бизнес өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген жұмыс кездесулерін өткізді. Талқылау барысында тауарларды тіркеу, пост терминалдар, жүйелерді интеграциялау және басқа да мәселелердің кең ауқымы қарастырылды. Толық түсіндірмелер берілді, сондай-ақ Тауарлардың ұлттық каталогын енгізу аясындағы одан әрі жұмыс тәсілдері айқындалды. Қол жеткізілген келісімдер нәтижесінде Министрлік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, Тауарлардың ұлттық каталогын кезең-кезеңімен енгізу туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтың Тауарлардың ұлттық каталогының талаптарын нарықтың, мемлекеттік сервистердің және ақпараттық жүйелердің дайындығын ескере отырып, келісілген тәсілді бекітеді. Бұл меморандум бойынша 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайтыны және бизнес жұмысы шектеусіз жалғасатыны бекітіледі. Бұл бизнес алдындағы алаңдаушылықты жою, сондай-ақ Тауарлардың ұлттық каталогының мемлекеттік дерекқорын тәжірибелік пайдалануды аяқтау мақсатында жасалуда. Сонымен қатар, осы меморандумда 2026 жылы импорттаушыларға, отандық тауар өндірушілерге, сауда желілеріне және шағын және микро кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде «үй жанындағы дүкендерге» талаптарды кезең-кезеңімен енгізу белгіленген. Ұлттық тауарлар каталогының талаптарын енгізудің өтпелі мерзімдері меморандумда нарық субъектілерінің санаттары бойынша белгіленген: - Импорттаушылар және отандық тауар өндірушілер — 2026 жылғы 1 наурызға дейін; - Сауда желілері — 2026 жылғы 1 сәуірге дейін; - Шағын және микро кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде «үй жанындағы дүкендер» — 2026 жылғы 1 шілдеге дейін. Мұндай тәсіл бизнес-процестердің уақтылы бейімделуін қамтамасыз етеді және нарықтың барлық қатысушылары үшін талаптардың бір мезгілде іске қосылуына байланысты істен шығу қаупін барынша азайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1147763?lang=kk