Enbekshi QazaQ

Қоғам

26 ақпанда ағымдағы жылы Өскемен қаласында Катонқарағай ауданының туризм саласындағы әлеуетті инвесторларымен кездесу өтті. 12.03.2026
Іс-шараға 11 кәсіпкер, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Damu» қоры, Қазақстанның Даму Банкі, «Ertis» ӘКК өкілдері, сондай-ақ туризм, кәсіпкерлік және жер қатынастары саласының мамандары қатысты.Кездесу барысында басым жер учаскелерін заттай грант түрінде ұсыну, жердің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және іске асыру тетіктері, мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар ауданның мастер-жоспары таныстырылды.Катонқарағай ауданы туризм саласындағы инвестициялар мен жаңа жобаларға ашық.#Катонқарағай #Туризм #Инвестиция #ШҚО #ӨңірдіДамытуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1179105?lang=kk
Қазақстан мен Сауд Арабиясының даму қоры ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады 12.03.2026
Рияд, 2026 жылғы 11 наурыз – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы даму қорының Бас атқарушы директоры Сұлтан Әл-Маршадпен келіссөздер өткізді.Сұхбат барысында тараптар инфрақұрылым және денсаулық сақтау салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.М.Меңілбеков Сауд Арабиясының даму қорының түрлі елдердегі әлеуметтік-экономикалық жобаларды қолдаудағы маңызды рөлін атап өтіп, қазақ тарапы Қормен әріптестікті кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.Өз кезегінде, С.Әл-Маршад перспективалы жобаларды қарастыруға дайын екенін білдіріп, Қордың Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытатынын атап өтті.Кездесудің қорытындысы бойынша қазақ-сауд экономикалық байланыстарын одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1179107?lang=kk
Нью-Йоркте Халықаралық әйелдер күніне арналған іс‑шара өтті 12.03.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 10 наурыз – Нью-Йоркте Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс‑шара өтіп, оның барысында қаланың түрлі қауымдастықтарын таныстыратын көрнекті әйелдердің жетістіктері жоғары бағаланды.Қазақстан Республикасының Нью‑Йорктегі Бас консулдығы бірлесіп ұйымдастырушылардың бірі болып табылатын жыл сайынғы іс-шара Нью-Йорк қаласы әкімі аппараты өкілдерінің, шетелдік дипломатиялық корпус пен диаспора мүшелерінің қатысуымен Нью-Йорк қаласының шетелдік консулдар қоғамымен (Society of Foreign Consuls in New York) бірлесіп өткізіледі.Рәсім барысында бизнес, мемлекеттік басқару, ғылым, мәдениет және басқа да салаларда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген түрлі мемлекеттердің әйел өкілдерінің жетістіктері атап өтілді.Қазақстан атынан марапатқа-үміткерлер қатарында Қаржы саласының қазақстандық маманы, кәсіпкер, АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы сауда‑инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін Америкалық Орталық Азия іскерлік альянсының (American Central Asian Business Alliance, ACABA) негізін қалаушы, сондай‑ақ Нью-Йорктегі қазақ тілін және мәдениетін ілгерілетуге бағытталған «Қазақ» кітап клубының ұйымдастырушысы – Тілекші Амангельдиева ұсынылды.Кештің концерттік бағдарламасында қатысушы елдердің, соның ішінде Грузия, Үндістан, Перу және Сербияның мәдени дәстүрлерін танытатын музыкалық және би қойылымдары ұсынылды. Бағдарламаның музыкалық бөлігінде Қазақстанды американдық гитарист әрі домбырашы Джефф Герш және «Барух» колледжінің жоғары курс студенті Аманмырза Жүсіпхан таныстырып, олар Құрманғазының «Адай» күйін бірлесіп орындады.Кештің аспаздық бөлігі аясында қатысушы мемлекеттер өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынып, қонақтарға оларды дәмін татып көру мүмкіндігіне ие болды.Өткізілген іс‑шара әйелдердің қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени даму ісіне қосқан маңызды үлесін атап өтуге, сондай‑ақ Нью-Йорктегі халықаралық қауымдастық өкілдері арасындағы мәдени‑гуманитарлық және іскерлік байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-newyork/press/news/details/1179121?lang=kk
Ядролық қауіпсіздіктің халықаралық режимін нығайту Қазақстан мен ОПАНАЛ-дың назарында 12.03.2026
Мехико, 2026 жылғы 11 наурыз – Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрганбеков Латын Америкасы және Кариб бассейнінде ядролық қаруға тыйым салу агенттігі (ОПАНАЛ) штаб-пәтеріне барып, ұйымның жаңадан сайланған Бас хатшысы Хуан Карлос Охедамен кездесті.Кездесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шарт (ОАЯҚТШ) төрағасы ретінде ОПАНАЛ-мен көпжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.Елші А.Тұрғанбеков ядролық қарудан азат әлем қалыптастыруға бағытталған бастамаларды ілгерілетуде ОПАНАЛ-дың маңызды рөлін атап өтіп, ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы қазақстандық бастамаларды тұрақты қолдағаны үшін ұйым Хатшылығына ризашылығын білдірді. Осы тұрғыда 2024 жылғы желтоқсанда ОПАНАЛ мен ОАЯҚТШ арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуының маңыздылығы атап өтілді.Өз кезегінде Бас хатшы Х.Охеда Астананың Орталық Азияда да, жаһандық деңгейде де ядролық қарудан азат күн тәртібін дәйекті түрде ілгерілетуге қосқан үлесі мен күш-жігерін жоғары бағалады. Ол қазақ тарапты ұйымның ағымдағы қызметі туралы хабардар етіп, ОПАНАЛ мен ОАЯҚААШ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде бірқатар ұсыныстарын таныстырды.Тараптар ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы өзара іс-қимылды таратпау және қарусыздану салаларында одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік танытатынын растады.Сұхбат барысында А.Тұрғанбеков Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына да назар аударып, осыған байланысты ядролық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді азайту мақсатында халықаралық күш-жігерді одан әрі шоғырландырудың қажеттігін баса айтты.Қазақстандық дипломат сондай-ақ сұхбаттасушысын Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық және саяси реформалардың негізгі бағыттарымен таныстырып, 2026 жылғы 15 наурызда елде Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өтетінін атап өтті. Аталған реформалар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев жүзеге асырып отырған дәйекті саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру үдерістерінің жалғасы екені айтылды.Бұдан бөлек, А.Тұрғанбеков алдағы уақытта Қазақстанда өтетін ауқымды халықаралық іс-шара – 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит туралы хабарлады. Бұл саммит Орталық Азия елдерінің күш-жігерін БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен серіктестікте біріктіріп, ортақ экологиялық шешімдер әзірлеуге бағытталған.Х.Охеда Қазақстандағы қазіргі оқиғалардан хабардар екенін атап өтіп, аталған іс-шараға қатысуға қызығушылық білдірді.Кездесу соңында тараптар тұрақты диалогты жалғастырып, Қазақстан мен ОПАНАЛ арасындағы ядролық қаруды таратпау саласындағы әріптестікті одан әрі нығайту бағытындағы жұмысты жалғастыруға өзара ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1179122?lang=kk
Қазақстан Венадағы БҰҰ сессиясында есірткі қылмысына қарсы күрес тәжірибесін таныстыруда 12.03.2026
2026 жылғы 9-13 наурыз, Вена - Қазақстан делегациясы БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 69-сессиясына қатысуда.Комиссия - БҰҰ жүйесіндегі есірткілерді бақылау саласындағы халықаралық саясатты қалыптастыру бойынша негізгі орган болып табылады. Жыл сайын оның жұмысына мемлекеттердің делегациялары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, ғылыми қауымдастық және азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысады.Қазақстан делегациясының құрамына Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, ҚР Венадағы Тұрақты өкілдігінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді.Іс-шара барысында сессия қатысушыларына бейнеүндеу арқылы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов сөз сөйледі. Ол Қазақстанның есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі БҰҰ халықаралық конвенцияларының мақсаттары мен қағидаттарына адалдығын растап, есірткі қатеріне қарсы күресте әлемдік қоғамдастық күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл азаматтардың қауіпсіздігін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі екені атап өтілді. Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік бағыттардың тоғысқан жерінде орналасқан және каннабис табиғи түрде өсетін кең аумақтарға ие Қазақстан есірткінің заңсыз айналымына қарсы кешенді күреске ерекше назар аударады.Өз сөзінде Б.Асылов Қазақстанда барлық құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін тоқтатуға, есірткі зертханаларын жоюға және есірткі тасымалы арналарының жолын кесуге бағытталған тиімді шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ заңсыз айналымнан есірткінің ірі партиялары мен есірткі бизнесіне тиесілі қаржылық активтер, соның ішінде ақшалай қаражат пен криптовалюта тәркіленіп жатқаны айтылды.Қазақстандық спикер трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың ерекше рөлін де атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан Есірткі құралдары жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде жаһандық есірткі бақылау жүйесін нығайтуға және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін заманауи технологияларды енгізуге бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін растады.Комиссия сессиясы аясында Қазақстан тарапынан цифрлық технологияларды пайдалану арқылы есірткі саудасын анықтау және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимылдың заманауи тәсілдеріне арналған арнайы сайд-ивент өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1179087?lang=kk
Қазақстанда шетел азаматтарына арналған QazETA пилоттық цифрлық платформасы іске қосылды 12.03.2026
QazETA – шетел азаматтарына көші-қон және оған ілеспе негізгі қызметтерге «бір терезе» қағидаты бойынша (шетелдіктерге арналған бірыңғай цифрлық терезе) ыңғайлы, ашық әрі қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік цифрлық платформа.Жоба шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылын заманауи әрі қолайлы форматта ұйымдастыруға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.QazETA платформасы келесі мақсаттарға бағдарланған:шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына кіру және ел аумағында болу рәсімдерін жеңілдету;шетел азаматтарының елге кіру сәтінен бастап күнделікті қызметтерді алуына дейін мемлекеттік сервистермен бірізді өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық кіру нүктесін құру;рәсімдердің ашықтығын арттыру, өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту және қызмет көрсету сапасын жақсарту;негізгі көші-қон рәсімдерін цифрлық және мобильді форматқа көшіру.Қазіргі уақытта QazETA пилоттық режимде жұмыс істейді, оны енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Осы кезеңде келесі қызметтер қолжетімді:электрондық визаларды беру (e-Visa);кіруге электрондық рұқсатты рәсімдеу (ETA);Қазақстан Республикасының электрондық резиденті мәртебесін алу (e-Residency);шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткені туралы анықтама беру (соның ішінде мобильді құрылғылардың IMEI кодтарын верификациялау мақсатында).Платформаның негізгі сервистері1. Электрондық виза (e-Visa)Электрондық виза — шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға виза беру бойынша мемлекеттік қызметтің цифрлық нысаны.104 елдің азаматтары (тізім қоса беріледі) келесі санаттар бойынша бір реттік электрондық виза ала алады:"А3" (қызметтік), "А5" (инвесторлық), "В1", "В2", "В3" (іскерлік), "В9-1" (Digital Nomad Visa), "В10" (жеке), "В12" (туристік), "С12" (емделу мақсатында).Электрондық виза электрондық түрде рәсімделген шақырудың негізінде беріледі (шақыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық полиция органдарында рәсімделеді) және тек визаны алушыға ғана қолданылады, еріп жүретін тұлғаларға таралмайды. Паспорт ауыстырылған жағдайда электрондық визаны қайта рәсімдеу қажет.Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының аумағына тек халықаралық әуежайлардағы өткізу пункттері арқылы ғана қолданыстағы электрондық визамен кіріп-шыға алады.2. Кіруге электрондық рұқсат (Electronic Travel Authorization, ETA)ETA Қазақстан Республикасына визасыз кіру тәртібі белгіленген елдердің азаматтарына арналған. Рұқсат электрондық түрде рәсімделеді.Қазақстанға сапар жоспарлаған шетел азаматтары ETA алу үшін мобильді қосымша арқылы сапарға дейін кемінде 72 сағат бұрын өтінім береді.ETA-ның жарамдылық мерзімі — 180 күн.Қазақстан аумағында болудың нақты мерзімі қолданыстағы көші-қон заңнамасына сәйкес реттеледі.Сонымен қатар берілген ETA Қазақстан Республикасының аумағына кіруге кепілдік бермейді. Елге кіруге рұқсат беру туралы түпкілікті шешім шекаралық бақылау кезінде уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан қабылданады.ETA алу міндетінен босатылады:дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері;ресми делегациялар мүшелері;Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері.Пилоттық кезеңде визасыз режим қолданылатын елдердің азаматтары үшін ETA алу ұсыныстық сипатқа ие. Пилоттық кезең аяқталғаннан кейін көрсетілген санаттағы азаматтар үшін ETA алуды кезең-кезеңімен міндетті түрде енгізу жоспарланып отыр.3. Электрондық резиденттік (e-Residency)e-Residency — Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясы аясында мемлекеттік және коммерциялық цифрлық сервистерге қол жеткізу мүмкіндігін беретін инновациялық құрал.Электрондық резиденттік АХҚО юрисдикциясы шеңберінде іске асырылады және мыналарды көздейді:жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) қашықтан алу;банктік шоттар мен төлем карталарын ашу;eSIM рәсімдеу;компанияларды қашықтан тіркеу және бизнес жүргізу.4. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткені туралы анықтама алу(соның ішінде мобильді құрылғылардың IMEI кодтарын верификациялау мақсатында).Алдағы уақытта платформаның функционалы кеңейтіледі. Оның ішінде:медициналық сақтандыруды рәсімдеу;ETA иелері үшін шекаралық бақылаудан жеделдетілген тәртіпте өту мүмкіндігі;сервистік алымды төлеу;басқа да цифрлық сервистер енгізу жоспарлануда.QazETA мобильді қосымшасын PlayMarket және AppStore арқылы жүктеуге болады.Жоба аясында техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді. Сұрақтар мен ұсыныстарды support@qazeta.kz электрондық поштасына жолдауға болады.           Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1179090?lang=kk
Қазақстанның ядролық қарусызданудағы тәжірибесі Таллин университетінде талқыланды 11.03.2026
Таллин, 2026 жылғы 10 наурыз – Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Алтай Көлгінов Таллин университетімен бірлесіп ұйымдастырылған «Ядролық тежеу дилеммасы» дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.Іс-шараға Эстония дипломатиялық корпусының өкілдері, көрнекті саясаттанушы ғалымдар, сондай-ақ университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Өз сөзінде А. Көлгінов қатысушыларға Қазақстанның бірегей тәжірибесін таныстырып, әлемдегі төртінші ірі ядролық арсеналдан бас тарту қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын қалыптастырудың бастапқы нүктесі болғанын атап өтті.Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ядролық қатерден азат әлем идеяларын халықаралық деңгейде дәйекті түрде ілгерілетіп келе жатқан ұстанымына ерекше тоқталды.Талқылау барысында Президент Қ. Тоқаевтың түйінді сөздері келтірілді: «Қазақстан ядролық сынақтардың барлық қасіретті салдарын өз тәжірибесінен біледі. Сондықтан біздің еліміз ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу идеясына берік. Бұл мәртебеге ие болу – тек саяси таңдау ғана емес, болашақ ұрпақ алдындағы моральдық міндет».Іс-шараның маңызды бөлігі Қазақстанның тарихи бастамаларын талдауға, атап айтқанда, Семей полигонының жабылуына және ядролық қарусыздану саясатына арналды.Эстондық сарапшылар мен дипломатиялық корпус өкілдері ядролық әлеуеттен бас тартудың қазақстандық моделі әлемдік саясаттағы жауапты көшбасшылықтың ең табысты үлгісі болып қала береді деген пікірге келді. Кездесу соңында тараптар академиялық қоғамдастықтың бейбітшілік идеяларын ілгерілетудегі рөлін талқылады.Іс-шара эстондық ғылыми-саяси топтардың Қазақстан тәжірибесін зерделеуге деген жоғары қызығушылығын растады. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Таллин университеті базасында халықаралық қауіпсіздік және гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері бойынша диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1179040?lang=kk
Ел болашағы үшін маңызды шешім 11.03.2026
Шымкент қаласындағы №96 жалпы білім беретін мектепте тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жаңа Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру және азаматтарды алдағы маңызды саяси науқан туралы ақпараттандыру.Кездесу барысында жаңа Конституцияны қабылдауға санаулы күндер қалғаны айтылып, құжаттың тағдырын дауыс беру арқылы ел азаматтарының өздері айқындайтыны атап өтілді.Жиында жаңа Конституция мемлекеттік басқару жүйесінде ауқымды өзгерістерді көздейтіні, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтетіні, сондай-ақ жаңа мемлекеттік институттардың қалыптасуына жол ашатыны туралы кеңінен айтылды. Соның ішінде маңызды жаңашылдықтардың бірі – «Халық кеңесі» институты. Бұл құрылым халықтың мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде қызмет атқарып, заң шығару бастамаларын көтеру, референдум өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу және ұлттық құндылықтарға қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар айту құқығына ие болады.Кездесуде сөз сөйлеген заңгер-кеңесшісі Ердәулет Тастанбек Президенттің бастамасымен бір палаталы Парламент – Құрылтай құру ұсынылғанын атап өтті.– Құрылтай 145 депутаттан тұратын болады. Олар бес жылдық мерзімге пропорционалды жүйе бойынша сайланады. Депутаттыққа кандидаттар кемінде 25 жаста болуы және Қазақстан аумағында соңғы 10 жыл тұрақты тұруы тиіс. Жаңа Конституцияның преамбуласында еліміздің тарихи мұрасы мен ұлттық құндылықтарына ерекше мән берілген. Құжатта Ұлы дала өркениетінің мыңжылдық тарихының сабақтастығы және Қазақстанның аумақтық тұтастығының мызғымастығы атап көрсетілген. Сонымен қатар мемлекет дамуының негізгі стратегиялық бағыттары – білім беру, мәдениет, ғылым, инновация және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері айқындалған. Преамбулада «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң және тәртіп» қағидаты ерекше атап өтіледі, – деді ол.Сондай-ақ жаңа Конституцияда адам құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінгені айтылды. Атап айтқанда, өлім жазасына толық тыйым салу нормасы сақталып, жеке бостандық ұғымы кеңейтіліп, заңсыз ұстаудан қорғау кепілдіктері күшейтіледі. Сонымен бірге адвокатура институты конституциялық деңгейде бекітіледі.Кездесу барысында мәдениет саласының өкілі, танымал өнер қайраткері Еркінбек Шымырқұлов та сөз сөйлеп, жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындауда, сондай-ақ қоғамдағы бірлік, әділеттілік, білім мен ғылымды дамыту сияқты маңызды құндылықтарды нығайтуда ерекше рөл атқаратынын атап өтті.Ол ұсынылып отырған реформалар қоғам дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, азаматтық бастамалардың белсенділігін арттырып, цифрлық платформалардың саяси өмірдегі рөлін күшейтетініне сенім білдірді.Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституцияға қолдау білдірді.
ҚҰРЫЛТАЙ МЕН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ 11.03.2026
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуі Әл-Фараби ауданындағы №38 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында өтті. Іс-шараға мектеп ұжымы мен жергілікті тұрғындар қатысты.Жиында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Махамбетқали Ахметов және аудандық Аналар кеңесінің мүшесі Аршын Әлжанова сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасына ұсынылып отырған өзгерістердің маңызы туралы пікір білдірді.Ақпараттық-түсіндіру тобы Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнына тоқталып, олардың қоғам өміріндегі рөлі мен маңызын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Әсіресе білім беру саласына қатысты негізгі нормалар мен құқықтық кепілдіктерге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар конституциялық реформалардың ел дамуына беретін мүмкіндіктері жан-жақты баяндалды.Кездесу барысында Батырбек Жалмұрзаев жаңа Конституция жобасында қарастырылған Құрылтай мен Халық кеңесі институттарының мәні мен маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл құрылымдар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұсынылып, қоғамның тұрақты дамуына, азаматтық бірлікті нығайтуға және халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.Кездесу барысында тұрғындар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.Ашық диалог форматында өткен жиында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, конституциялық реформалардың ел дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Жиын қортындысы бойынша барлық қатысушылар жаңа құжатты толық қолдайтындықтарын жеткізді.
Ел болашағы – жастардың қолында: Шымкентте жаңа Конституцияның негізгі ережелері түсіндірілді 11.03.2026
 Шымкент қаласында алдағы жаңа Конституцияны тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осындай түсіндіру кездесулерінің бірі М. Өтебаев атындағы Жаңа технологиялар жоғары колледжінде өтіп, онда студенттер мен оқытушыларға жаңа Конституцияның негізгі ережелері кеңінен таныстырылды.Кездесуде Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының заңгер-кеңесшісі Ердәулет Тастанбек сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында жаңа Конституция қазақстандықтардың ортақ еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті. Бұған дейінгі тәжірибеден айырмашылығы – бұл жолы құжатты дайындауға 130 сарапшы мен қоғам қайраткерінен тұратын арнайы комиссия қатысып, азаматтардан түскен екі мыңнан астам ұсыныс жан-жақты қарастырылған. Осындай кездесулердің басты мақсаты – тұрғындарға конституциялық өзгерістердің мәнін түсіндіру және референдумға саналы түрде қатысуына мүмкіндік жасау.Кездесу барысында жаңа Конституцияда қарастырылған мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі өзгерістер туралы кеңінен айтылды. Соның ішінде маңызды бағыттардың бірі – тарихи атауы Құрылтай деп аталатын бір палаталы Парламент құру. Оның құрамында 145 депутат болуы жоспарланып отыр. Жаңа құрылым заң қабылдау мерзімін екі есеге қысқартып, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар Вице-президент институтын енгізу көзделуде. Бұл лауазым иесі елдің халықаралық және ішкі саяси алаңдарында мүдделерін білдіріп, мәдени және әлеуметтік-саяси мәселелерге жетекшілік етеді. Тағы бір маңызды жаңашылдық – заң шығару бастамасы құқығына ие Қазақстан халқы кеңесінің құрылуы.Құжатта қоғамның рухани құндылықтарын қорғау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, жаңа Конституцияда неке ер мен әйелдің тең құқықты одағы ретінде нақты белгіленіп, бұл отбасы институтын нығайтуға және әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған.Кездесу барысында колледж студенттері жаңа негізгі заңның жастардың құқықтық қорғалуына қалай әсер ететіні жөнінде белсенді сұрақтар қойды. Іс-шара соңында спикер 15 наурызға жоспарланған жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум ел дамуы үшін маңызды тарихи кезең болатынын атап өтті.М. Өтебаев атындағы Жаңа технологиялар жоғары колледжінде өткен кездесу жастардың ел өміріндегі маңызды өзгерістерге белсенді қатысуға дайын екенін және мемлекет дамуына үлес қосуға ынталы екенін көрсетті.
Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады 11.03.2026
Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы басталады. Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға және ел тұрғындары мен қонақтары үшін бірыңғай мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған.Акция кезеңінде сауда субъектілері халыққа азық-түлік және азық-түлік емес тауар топтарына 10–70 пайыз аралығында мерекелік жеңілдіктер ұсынады. Акциялық тауарлар сауда залдарында арнайы мерекелік навигация және «Nauryz» фирмалық безендіруі арқылы белгіленеді. Атап айтқанда, тақырыптық баға белгілері, брендтелген көрсеткіштер, баннерлер және басқа да POS-материалдар орналастырылып, сатып алушыларға ассортиментте оңай бағдарланып, жеңілдікпен ұсынылған тауарларды жылдам табуға мүмкіндік береді.Акцияға ішкі сауда саласының шамамен 300 субъектісі қатысады. Олардың қатарында 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 электрондық сауда субъектісі бар. Қатысушылар қатарында елдің ірі сауда желілері — Magnum, Small, Galmart, «Анвар», «Дина», Toimart, «Астыкжан», «Аян», Greenwich және басқалары, сондай-ақ Mega Silk Way, Keruen, Keruen City, «Аружан», «Сарыарка», Shymkent Plaza сияқты ірі сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтары бар.Акция аясында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылады. Сауда орталықтарында қазақстандық өндірушілердің өнімдері ұсынылатын арнайы сату аймақтары ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтағы бағадан орта есеппен 10–20 пайызға төмен бағамен сатылатын болады.Сауда орталықтарына келушілер үшін мазмұнды интерактивті бағдарлама да қарастырылған. Елдің ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында ұлттық нақыштағы фотозоналар ұйымдастырылады.Серіктестік аясында Қазақстан бойынша 11 сауда нүктесі бар «Тарбие» ұлттық киім дүкені ұлттық нақыштағы киімдерді ұсынады. Келушілер оларды киіп көріп, естелікке суретке түсе алады. Мұндай аймақтарды еліміздің ірі сауда орталықтарында орналастыру жоспарланған. Атап айтқанда, Ақтаудағы SAYA Mall, Петропавлдағы Dostyk Mall, Ақтөбедегі KeruenCity, Астанадағы Keruen City Astana, Атыраудағы Infinity Mall, Түркістандағы Turan Mall, Алматыдағы Dostyk Plaza және Шымкенттегі Shymkent City Mall сауда орталықтарында ұйымдастыру көзделіп отыр.Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның сауда субъектілері арасында «Sauda in Digital Nauryz» республикалық конкурсының өткізілетінін жариялаған болатын. Конкурс 2026 жылғы 13–20 наурыз аралығында өтеді және сауда нысандарын мерекелік безендіруде заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ инновациялық сервистерді дамытуға бағытталған.Қатысушылар өз жобаларын төрт номинация бойынша ұсына алады: «Үздік цифрлық безендіру», «Үздік цифрлық құттықтау», «Жасанды интеллектті үздік пайдалану» және «Ең креативті Digital-жоба». Қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінде #saudadigitalnauryz хештегімен бейнеролик жариялап, Сауда және интеграция министрлігінің ресми парақшасын белгілеу қажет.Жеңімпаздарды креатив, жасанды интеллект технологияларын қолдану, ұлттық бірегейлік, аудиторияның белсенділігі және жобаның орындалу сапасы критерийлері бойынша сараптамалық комиссия анықтайды. Конкурс қорытындысы 2026 жылғы 20 наурызда шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.Ескерту: республикалық акцияға бастаманы қолдап, әлеуметтік жауапкершілік танытқан сауда субъектілері қатысады. Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша акцияға қатысушылардың тізімі қоса беріледі.
Қостанайда апатты үй тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріледі 11.03.2026
Қостанай қаласында Кочубея көшесі, 11 мекен-жайындағы үйдің шатыр бөлігінің құлау жағдайына байланысты жедел кеңес өткізілді.Аталған 8 пәтерлі тұрғын үй өткен жылы апатты деп танылған. Қазіргі уақытта онда 6 отбасы, барлығы 24 адам тұрып жатыр.Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар қызметінің қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша, оларды қысқа мерзімде қауіпсіз тұрғын үйге көшіру туралы шешім қабылданды.Қала әкімі үйдің шатырын жеке барып қарап, тұрғындармен кездесті және қабылданған шешім туралы хабардар етті.Мәселені шешуге жеке құрылысшы қолдау көрсетуде. Кочубея көшесі, 11 мекен-жайындағы үй әзірленіп жатқан ауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының аумағына кіреді. Құрылысшы өз құрылысы аяқталғанға дейін отбасыларға уақытша пәтерлерді жалға алуды өз мойнына алып, жаңа үй дайын болған кезде қазіргі пәтерлерінің баламасы ретінде тұрғындарға пәтерлер ұсынатын болады.Ескірген тұрғын үйлерді бұзу қала әкімдігі қабылдаған тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Бағдарлама қабылданған кезде қалада осындай 5 үй болған: олардың біреуі қазірдің өзінде көшірілген, ал қалған 4 үй Кочубея және Садовая көшелерінде орналасқан.Жоспар бойынша, жылдың соңына дейін қаладағы барлық апатты үйлер мәселесі шешіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1178961?lang=kk
Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков «AMANAT» партиясының алаңында азаматтарды қабылдады 11.03.2026
Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков «AMANAT» партиясының орталық аппаратында қоғамдық қабылдау өткізді. ZOOM платформасы арқылы өткен кездесу барысында отандық өнімді қолдау, импорттық жеткізілімдер және тауарларды таңбалаудың жаңа жүйесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Виктор Шинкеев отандық өндірушілер бола тұра, картоптың Пәкістаннан импортталу себебі туралы сауал қойды. Вице-министр мен Сауда комитеті өкілдерінің түсіндіруінше, Қазақстанның картопқа деген жылдық қажеттілігі 2,0 млн тоннадан асады, ал жиналған өнім 2,9 млн тоннаны құрап, ішкі сұранысты толық өтейді. Алайда, көктемгі-жазғы кезеңде отандық өнім қоры азайған кезде, нарықты толықтыру және бағаның күрт өсуін болдырмау үшін Пәкістан мен Қытайдан қосымша импорт жасалады. Қазіргі уақытта ішкі нарықтағы жағдай тұрақты және қолда бар қор жаңа өнім шыққанға дейін жеткілікті. «ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының» өкілі Салтанат Әбдікәрімова сән ритейлі сегменті үшін халықаралық GTIN кодтарын қолдануға түсініктеме беруді және ҰТК талаптарын енгізуде кемінде 6 айға өтпелі кезең ұсынуды сұрады. Министрлік мамандарының айтуынша, Халықаралық GTIN кодтарын GS1-Kazakhstan қауымдастығы береді, ал ел ішіндегі тауар айналымы үшін NTIN кодтары қолданылады. 2026 жылғы 9 қаңтардағы Меморандумға сәйкес, ҰТК талаптарын енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді: импорттаушылар мен өндірушілер үшін – 1 наурызға дейін, сауда желілері үшін – 1 сәуірге дейін, ал шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – 1 шілдеге дейін уақыт берілген.Сән ритейлі үшін бөлек өтпелі кезең қарастырылмаған, бірақ салалық ерекшеліктерді ескеру бойынша әдістемелік жұмыстар жалғасуда. Вице-министр Айдар Әбілдабеков көтерілген барлық мәселелер бойынша тиісті департамент басшыларына нақты тапсырмалар беріп, бизнес өкілдерімен тығыз іс-қимыл жасауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1178990?lang=kk
ҚР СІМ-де Қазақстанның Дүниежүзілік банк тобымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды 11.03.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Андрей Михневпен және Қазақстан Республикасындағы Халықаралық қаржы корпорациясы қызметінің басшысы Зафар Хашимовпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ 2026-2031 жылдарға арналған Қазақстанмен серіктестік стратегиясын әзірлеу мәселелерін талқылады.Е.Ашықбаев Қазақстанның Дүниежүзілік банк тобымен өзара іс-қимылының стратегиялық сипатын атап өтіп, оның көптеген жылдар бойы елдің негізгі халықаралық серіктестерінің бірі болып табылатынын және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізуге елеулі үлес қосып келе жатқанын айтты. Бұған дейінгі 2020-2025 жылдарға арналған Серіктестік стратегиясы шеңберінде Қазақстанда жалпы сомасы шамамен 4,2 млрд АҚШ долларын құрайтын 14 жоба іске асырылғаны аталып өтті.А.Михнев Дүниежүзілік банктің жаңа Серіктестік стратегиясын әзірлеу барысы, сондай-ақ Банктің Қазақстандағы ағымдағы бағдарламасы туралы ақпарат беріп, көлік инфрақұрылымы, коммуналдық және энергетикалық секторды жаңғырту, су ресурстарын басқару және құрылымдық реформаларды қолдау салаларындағы перспективалық жобаларға тоқталды.З.Хашимов Қазақстандағы Халықаралық қаржы корпорациясының ағымдағы қызметіне шолу жасап, көлік инфрақұрылымы, қаржы секторы және микрокредиттеу салаларындағы жобалар, сондай-ақ ипотекалық нарықты дамыту мен электр көлігін енгізу бағдарламалары бойынша консультативтік бастамалар туралы хабарлады.Сондай-ақ тараптар экономиканы цифрлық трансформациялау, көлік және теміржол инфрақұрылымын дамыту, коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, су ресурстарын басқару және мемлекеттік-жекешелік серіктестік тетіктерін кеңейту сияқты өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға және сындарлы диалогты дамытуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1179004?lang=kk
САУАЛНАМА! 11.03.2026
     Мемлекеттік органның ашықтығы туралы САУАЛНАМА     2026 жылдың 10-24 наурыз аралығында «Ашық диалог» порталында мемлекеттік органдардың ашықтығы туралы сауалнама жүргіземіз.     Сауалнамаға қатысуды сұраймыз.      Сауалнама сілтемесі: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=6943Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1178897?lang=kk
2026 жылдан бастап ұйымдар мәліметтерді ұсынуға міндетті үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы. 11.03.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап халыққа және бизнеске қызмет көрсететін ұйымдардың жекелеген санаттары үшін жаңа талап енгізілді.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабының 6-тармағына сәйкес (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ кодексі, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) бірқатар ұйымдар салық органдарына көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді үшінші тұлғаларға ұсынуға міндетті.Талап кімге қатысты.Міндет мынадай салаларда қызмет көрсететін ұйымдарға қолданылады:сумен жабдықтау және су бұру,кәріз,газбен жабдықтау,электрмен жабдықтау,жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару),лифтке қызмет көрсету,тасымалдау саласындағы қызметтер.Мәліметтер қандай нысанда ұсынылады.Салық есептілігінің нысаны – 493.00 "үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер. Оны ұсыну нысаны мен қағидалары ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 554 бұйрығымен бекітілген.Салық есептілігі қызмет көрсетушілер мен тұтынушылар арасындағы ашықтықты арттыруға бағытталған. Аталған салаларда жұмыс істейтін салық төлеушілерге оны толтыру ережелерімен және ұсыну мерзімдерімен алдын ала танысу ұсынылады, бұл есептілікті ұсыну кезінде қателер мен бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік бередіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1178889?lang=kk
Қонаев қаласында дрон-шоу өтеді! 11.03.2026
Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!Сіздерді 12 наурыз күні сағат 19:00-де Қонаев қаласының Орталық алаңында күтеміз.Дрон-шоу аяқталған соң, көрермендерге концерттік бағдарлама ұсынылады.Ерекше кешті жақындарыңызбен бірге тамашалаңыздар!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1178812?lang=kk
Салықтық әкімшілендіру саласындағы халықаралық ынтымақтастық 11.03.2026
             Астана, 2026 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде Комитет Төрағасының Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесуі өтті.        Кездесу барысында Дүниежүзілік банк Қазақстан үшін жүзеге асырып жатқан техникалық көмек бағдарламасы аясындағы бірлескен жұмыс талқыланды. Бұл бағдарлама салық жүйесін жетілдіруге және салықтарды жинау тиімділігін арттыруға көмектеседі. Тараптар ынтымақтастық аясында қойылған міндеттерді, күтілетін нәтижелерді және жұмысты жалғастыру бағыттарын талқылады. Сондай-ақ Дүниежүзілік банк сарапшылары тарапынан көрсетілуі мүмкін сараптамалық қолдау мәселелері қарастырылды.       Кездесуге қатысушылар салықтық әкімшілендірудің халықаралық тәжірибесін де жеке қарастырды. Әңгіме Қазақстанның салық жүйесін одан әрі дамыту және жаңғырту үшін пайдалы болуы мүмкін басқа елдердің тәжірибелері туралы болды.        Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екендіктерін растады. Дүниежүзілік банк өкілдері Қазақстан соңғы жылдары салықтық әкімшілендіруді дамытуда және заманауи цифрлық шешімдерді енгізуде елеулі прогреске қол жеткізгенін атап өтті.       Техникалық көмек бағдарламасы аясындағы жұмыс жалғасатын болады. Ол салық жүйесін одан әрі дамытуға және үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1178744?lang=kk
Салық – 2026: «19-АЙМАҚ» бағдарламасының қорытындысы 11.03.2026
10 наурызда «Жетісу» телеарнасында Жетісу облысы бойынша МКД мамандары Ш. Қалибекова мен Ж. Сәлімова көлік және жер салығы бойынша маңызды сұрақтарға жауап берді.Негізгі мәселелер:Көлік салығы: 2026 жылғы өзгерістер, жеңілдіктер және «сенімхатпен» сатылған көліктердің мәселесі. Салық заңды иесіне есептеледі!Жер салығы: Учаске пайдаланылмаса да, салық төленуі тиіс. Тұрғын емес нысандарға арналған жерлер бойынша жеке тұлғалардың ерекше міндеттемелері бар.Мерзімдер: Берешекті E-salyq Azamat қосымшасынан тексеруге болады.Салықты уақытылы төлеп, айыппұлдан сақтаныңыз! Толық эфир жазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=9gbjQGC7Mxk Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1178649?lang=kk