Әлем
Казахстанның Елшісі Чили Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты 12.03.2026
Валпараисо қ., 2026 жылғы 11 наурыз – Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанның Бразилиядағы және Чилиде қоса атқарушы Елшісі Болат Нүсіпов Вальпараисо қаласында өткен Чилидің сайланған Президенті Хосе Антонио Касттың салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысты.Бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Астана Сантьягомен саяси диалогты және сауда-экономикалық қатынастарды тереңдетуге мүдделі екенін атап өткен болатын.Чили Республикасының жаңа басшысы өзінің жауап хатында Қазақстан Республикасымен достық байланыстарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ екі ел халықтарының жан-жақты өркендеуі жолында өзара ынтымақтастықты кеңейтуге өз елінің әзірлігін ризашылықпен атап өткен болатын.Чили Ұлттық Конгресінің Құрмет залында өткен салтанатты шараға Оңтүстік Американың бірқатар мемлекеттерінің басшыларымен қатар АҚШ, ЕО, Азия елдері, халықаралық және өңірлік ұйымдардың жоғары деңгейдегі өкілдері, сондай-ақ Чилиде аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1179583?lang=kk
Салықтар-2026: тұрғын үйді сату кезінде жаңа ережелер қолданылады 12.03.2026
2026 жылдан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Ең көп талқыланып жатқан өзгерістердің бірі — мүліктік табысқа салық салу тәртібінің өзгеруі.Тұрғын үй иелері білуі тиіс негізгі ақпарат 👇❓ Енді пәтер сатқан кезде кімдер салық төлейді?❓ Мүлікке иелік ету мерзімі қалай өзгерді?🔹 Иелік ету мерзімі ұлғайды: 1 жылдан 2 жылға дейінКөптеген азаматтарға әсер ететін негізгі өзгеріс — жылжымайтын мүлікке иелік етудің ең төменгі мерзімінің ұлғаюы.Бұрын пәтер немесе үйді сатқан кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлемеу үшін жылжымайтын мүлікке кемінде 1 жыл иелік ету жеткілікті болатын.2026 жылдан бастап бұл мерзім 2 жылға дейін ұлғайтылды.📌 Бұл нені білдіреді:егер сіз 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жылжымайтын мүлік сатып алып, оны 2 жылға жетпей сатсаңыз, онда құн өсімінен салық төлеу қажет болады.📊 Құн өсімі дегеніміз —• мүлікті сатып алу бағасы мен• сату бағасының арасындағы айырма.💰 Прогрессивті салық мөлшерлемесі: қанша төлеу керек2026 жылдан бастап Қазақстанда мүліктік табыс алған кезде жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесі енгізілді.Енді салық мөлшері алынған пайда көлеміне (құн өсіміне) байланысты есептеледі.📊 Жылдық пайда мөлшері:8 500 АЕК-ке дейін (шамамен 36,7 млн теңге) — 10%• 8 500 АЕК-тен жоғары — артық сомадан 15%🏗 Жаңа тұрғын үй және үлестік құрылысБастапқы тұрғын үй нарығында сатып алынған мүлікке қатысты жеке ережелер қолданылады.Егер пәтер:• үлестік қатысу шарты (ДДУ) арқылы• немесе талап ету құқығын беру арқылы сатып алынған болса,онда салық төлемеу үшін мүлікке кемінде 3 жыл иелік ету қажет — шарт жасалған күннен бастап сату күніне дейін.📌 Бұл талап құрылыс кезеңіндегі алып-сатушылықты азайту мақсатында енгізілді.💎 Қымбат жылжымайтын мүлікке қатысты өзгеріс2026 жылы енгізілген тағы бір жаңалық — мүліктің жиынтық құны ұғымы.Егер бір адамның иелігіндегі барлық жылжымайтын мүліктің жалпы құны 450 млн теңгеден асса, онда жыл сайынғы мүлік салығы жоғары мөлшерлемемен есептеледі.Алайда осындай мүліктің бірін сату кезінде бұрынғы қағида сақталады:✔ құн өсімі болса — салық төленеді✔ құн өсімі болмаса — салық төленбейді.❗ Маңызды ақпаратЕгер сіз жылжымайтын мүлікті сату кезінде табыс алсаңыз:📄 270.00 нысаны бойынша декларация тапсыру қажет📅 сатылған жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейін💰 Салықты төлеу мерзімі:📅 сол жылдың 25 қыркүйегіне дейін📉 Егер мүлік пайдасыз сатылсаЕгер пәтер сатып алынған бағамен немесе одан төмен бағамен сатылса, онда иелік ету мерзіміне қарамастан салық төленбейді.Алайда міндетті түрде растайтын құжаттарды сақтау қажет:сатып алу-сату шарты (сатып алу кезінде)• сатып алу-сату шарты (сату кезінде). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1179592?lang=kk
2026 жылғы 11 наурызда Риддер қалалық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Е. В. Агешкина және оқуға жауапты ТКР мүшесі Р.В. Дюсебаева Риддер қаласының учаскелік референдум комиссияларының төрағалары мен хатшылары үшін «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері» атты кезекті семинар-кеңес өткізді. 12.03.2026
2026 жылғы 11 наурызда Риддер қалалық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Е. В. Агешкина және оқуға жауапты ТКР мүшесі Р.В. Дюсебаева Риддер қаласының учаскелік референдум комиссияларының төрағалары мен хатшылары үшін «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері» атты кезекті семинар-кеңес өткізді.Қатысушылармен референдумның учаскелік комиссиялары жұмысының түйінді сәттері, құжаттаманы ресімдеуге қойылатын талаптар, заңнама нормаларын сақтау талқыланды.Мұндай оқыту іс-шаралары комиссия мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыруға және республикалық референдум өткізуді сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1179565?lang=kk
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ХАЛЫҚ — БИЛІКТІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ 12.03.2026
Жаңа Конституция жобасында халықтың мемлекет өміріндегі айрықша орны нақты айқындалып, егемендіктің бірден-бір иесі халық екені көрсетіледі. Бұл қағидат мемлекеттің демократиялық негіздерін нығайтып, биліктің бастауы халықтың еркімен тығыз байланысты екенін білдіреді.Құжатта мемлекеттік биліктің халықтың еркінен туындайтыны атап көрсетіліп, азаматтардың ел басқару ісіне қатысуының маңызы ерекше белгіленеді. Бұл өз кезегінде демократиялық құндылықтарды нығайтуға, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталған маңызды қадам болып саналады.Сонымен қатар, халықтың билік көзі ретінде танылуы мемлекеттік институттардың заңдылығы мен легитимдігін күшейтеді. Билік органдарының қызметі халық мүддесіне негізделіп, қоғам алдындағы жауапкершілігі арта түседі. Мұндай ұстаным мемлекет пен азаматтар арасындағы байланысты нығайтып, басқару жүйесінің тиімділігіне оң әсер етеді.Жаңа Конституцияда бекітілген бұл қағидат елдегі демократиялық үдерістердің дамуына, азаматтардың саяси өмірге белсенді қатысуына және мемлекеттің тұрақты дамуына берік негіз қалайды.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ЕГЕМЕНДІК ПЕН АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҚ 12.03.2026
Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау конституциялық құрылыстың негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған. Құжатта Қазақстанның унитарлық мемлекет ретіндегі сипаты нақты көрсетіліп, елдің біртұтастығын қамтамасыз ету құқықтық тұрғыдан бекітіледі. Бұл норма мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға және елдің саяси тұрақтылығын сақтауға бағытталған маңызды қағидаттардың бірі болып табылады.Конституцияда егемендік мемлекеттің басты құндылықтарының бірі ретінде қарастырылып, оның қорғалуы құқықтық негізде қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаттағы дербестігі, ұлттық мүддені қорғау және мемлекеттік биліктің біртұтастығы осы қағидат арқылы бекемделеді.Сонымен қатар, аумақтық тұтастықты сақтау – елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізгі кепілі. Конституциялық нормалар мемлекеттің шекарасының мызғымастығын және оның бөлінбейтіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл талаптар елдің тәуелсіздігін қорғап, ұлттық бірлікті нығайтуға негіз қалайды.Жаңа Конституцияда егемендік пен аумақтық тұтастықтың айқын бекітілуі мемлекетіміздің тәуелсіздігін құқықтық тұрғыдан қорғауды күшейтіп, елдің болашақ дамуына берік негіз қалыптастырады.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ӘДІЛЕТТІЛІК ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ 12.03.2026
Жаңа Конституция жобасында әділеттілік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету мемлекет дамуының негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған. Құжатта «Заң және тәртіп» қағидаты қоғамдағы тұрақтылық пен құқықтық мәдениетті нығайтудың басты бағыты ретінде белгіленеді. Бұл ұстаным құқықтық мемлекетті қалыптастыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғауға бағытталған.Конституцияда мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қоғам алдындағы есептілігіне ерекше мән берілген. Мемлекеттік басқару жүйесінде жариялылық қағидатын нығайту арқылы билік пен қоғам арасындағы сенімді арттыру көзделеді. Бұл өз кезегінде азаматтардың мемлекеттік шешімдерге деген сенімін күшейтіп, қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, құжатта азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің теңгерімі нақты белгіленеді. Әрбір азамат заң алдында тең екені және құқықтарды жүзеге асырумен қатар қоғам алдындағы жауапкершілік те маңызды екені айқын көрсетілген. Мұндай теңгерім қоғамдық тәртіпті сақтауға және заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге негіз болады.Жаңа Конституцияда көзделген қағидаттар әділетті әрі орнықты құқықтық жүйені қалыптастыруға бағытталған. Заң үстемдігі берік орныққан қоғамда азаматтардың құқықтары сенімді қорғалып, мемлекет дамуының тұрақты әрі әділ негізі қаланады.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: АДАМ – ЕҢ ЖОҒАРЫ ҚҰНДЫЛЫҚ 12.03.2026
Жаңа Конституция жобасында адам және оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттік саясаттың ең басты құндылығы ретінде айқындалған. Бұл қағидат құжаттың негізгі мазмұнын айқындап, азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталған маңызды нормалардың бірі болып табылады.Құжатта азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері бір бөлімге топтастырылып, жүйелі түрде көрсетілген. Бұл өз кезегінде әрбір азаматтың құқықтық мәртебесін нақтылап, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін айқындауға мүмкіндік береді. Аталған нормалар адамның қадір-қасиетін құрметтеу, заң алдында теңдік және азаматтардың негізгі құқықтарын қамтамасыз ету қағидаттарын нығайтуға бағытталған.Сонымен қатар, жаңа Конституцияда жеке басына қол сұғылмаушылық пен жеке өмірді қорғау кепілдіктері күшейтіледі. Бұл азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін маңызды тетіктердің бірі болып саналады. Адамның жеке өміріне қол сұғылмауы, оның ар-намысы мен абыройының қорғалуы құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі ретінде қарастырылады.Жаңа Конституцияда өмір сүру құқығы абсолютті құндылық ретінде бекітіліп, адамның өмірі мен қауіпсіздігін қорғау мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі ретінде айқындалады. Осылайша, құжатта адам құқықтарын қорғау мен оларды қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қағидаттар қамтылып, азаматтардың құқықтық кепілдіктерін одан әрі нығайтуға негіз қалайды.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: БІРЛІК ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ 12.03.2026
Жаңа Конституция жобасында қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі құндылықтардың бірі ретінде бірлік пен қоғамдық келісім мәселесіне ерекше мән берілген. Құжатта ұлтаралық және конфессияаралық татулықтың маңызы айқын көрсетіліп, қоғамдағы түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың өзара түсіністігі мен ынтымақтастығын нығайту мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі екені атап өтіледі.Мемлекет әртүрлі ұлт пен дін өкілдерінің бейбіт өмір сүруіне, өзара сыйластық пен құрметке негізделген қарым-қатынастың қалыптасуына жағдай жасауға мүдделі. Осы тұрғыда қоғамдық келісімді сақтау, азаматтардың бір-біріне деген сенімін арттыру және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту басты міндеттердің бірі ретінде қарастырылады.Бірлік пен татулық – ел дамуының берік негізі. Сондықтан жаңа Конституцияда қоғамдағы келісім мен өзара түсіністікті сақтау маңызды қағидат ретінде айқындалып отыр. Бұл ұстаным елдің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекетіміздің ұзақ мерзімді дамуына да берік негіз қалайды.Қоғамдық келісім мен бірлік сақталған жерде тұрақтылық та нығая түседі. Ал тұрақтылық – кез келген елдің өркендеуі мен болашақ дамуының басты кепілі. Жаңа Конституцияда осы құндылықтарды нығайтуға бағытталған қағидаттардың көрініс табуы мемлекетіміздің бірлігі мен тұтастығын одан әрі бекемдей түсуге қызмет етеді.
Қазақстандағы алдағы референдум мен саяси жаңғыру Нидерландтағы студенттік аудиторияға таныстырылды 12.03.2026
Гаага, 2026 жылғы 11 наурыз – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша өтетін республикалық референдум қарсаңында Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Ақан Рахметуллин Амстердам қаласындағы SIB Amsterdam (Studentenvereniging voor Internationale Betrekkingen) студенттік қауымдастығының студенттерімен кездесу өткізді. SIB Amsterdam – халықаралық қатынастарға, әлемдік саясат пен мәдениетке қызығушылық танытатын студенттерді біріктіретін, ағылшын тілінде қызмет ететін студенттік қауымдастық.1947 жылы құрылған SIB Amsterdam Нидерландтағы танымал студенттік алаңдардың бірі болып табылады және түрлі білім беру бағыттары бойынша білім алып жатқан 300-ден астам студентті біріктіреді. Қауымдастық коммерциялық емес, инклюзивті әрі саяси тұрғыдан бейтарап ұйым ретінде қызмет етеді және 18 бен 35 жас аралығындағы нидерландтық және шетелдік студенттерге ашық.Кездесу барысында студенттер Қазақстанның Еуропалық одақпен және Нидерландпен қарым-қатынастарының дамуы, Гаага қаласындағы Қазақстан Елшілігінің қызметі мен оның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ елдің сыртқы саяси басымдықтары сияқты кең ауқымды мәселелерге қызығушылық танытты.Кездесу барысында цифрландыру және заманауи технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне, соның ішінде цифрлық шешімдер мен CRM жүйелерін енгізуге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, қатысушыларды шетелде тұратын Қазақстан азаматтары үшін дауыс беруді ұйымдастыру тетіктері, азаматтарды ақпараттандыру мәселелері және электоралдық үдерістерге бақылаушылардың қатысуы қызықтырды.Кездесу барысында Елші Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын, елдің Орталық Азияның өңірлік архитектурасындағы және көпжақты халықаралық алаңдардағы рөлін таныстырды. Сонымен қатар, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және конституциялық реформаларға, оның ішінде республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасына ерекше назар аударылды. Аталған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, заң үстемдігі қағидатын нығайтуға, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға, сондай-ақ әртараптандырылған әрі бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуға бағытталғаны атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1179513?lang=kk
Микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару туралы 12.03.2026
Бизнесті қолдау мақсатында мемлекет тарапынан микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есептен шығару Ережелері бекітілді.Бұл шара қарыз жүктемесін азайтуға және негізгі салық берешегін ерікті түрде өтеуді ынталандыруға бағытталған. Аталған шара жеке тұлғаларға қолданылмайды – деп Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.Кімдер есептен шығаруды пайдалана алады?1 қаңтар 2026 жылғы жағдай бойынша микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері санатына жататын тұлғалар есептен шығаруға құқылы.Есептен не шығарылады?2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында берешек сомасы толық өтелген жағдайда мынадай сомалар есептен шығарылуға жатады:2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дербес шотта тіркелген өсімпұл;2026 жылғы 1 қаңтардан бастап төленген күнге дейін берешек сомасына есептелген өсімпұл;салықтық құқық бұзушылықтар үшін салынған және 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген айыппұлдар;2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлеу мерзімі белгіленген міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау кезіндегі өсімпұлдар мен айыппұлдар;;ҚҚС бойынша есепке тұрмағаны үшін айыппұлдар (ӘҚБтК-нің 275-бабы 5-бөлігі, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған айналымдар бойынша).Басты шарт2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған негізгі берешек (қарыз) сомасын толық өтеу міндетті шарт болып табылады.Негізгі қарыз өтелмеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару жүргізілмейді.Өтініш беру қажет пе? Көп жағдайда есептен шығару дербес шоттарға жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады.Өтініш тек мына жағдайларда - міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау кезінде қажет:төлеу мерзімі өзгертілгенде (кейінге қалдыру/бөліп төлеу);оңалту және банкроттық рәсімдері кезінде.Есептен шығарылмайды:кәсіпкерлік қызметке байланысты емес жеке тұлғалардың өсімпұлдары мен айыппұлдары;микро және шағын бизнес субъектілеріне жатпайтын міндеттемелер.Маңызды!Есептен шығару берешек өтелген салық түрі бойынша жүргізіледі.Айыппұл ішінара төленген жағдайда есептелген және төленген сома арасындағы айырма есептен шығарылады.Есептен шығару құқығымен берешекті өтеу мерзімі - 2026 жылғы 31 наурызды қоса алғанға дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1179492?lang=kk
Негізгі қарызды өтеңіз — өсімпұл есептен шығарылады. 12.03.2026
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.Аталған жұмыс Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 13 ақпандағы №13 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылуда.2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушілердің жеке шоттарында есепте тұрған өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығаруға жатады.Негізгі шарт — 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында негізгі салық берешегін толық өтеу.Есептен шығару салық төлеушілердің жеке шоттарын түгендеу қорытындысы бойынша жүргізіледі.Негізгі қарызды өтеңіз — өсімпұл есептен шығарылады. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1179496?lang=kk
Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасына және алдағы жалпыхалықтық референдумға арналған Брифинг 12.03.2026
2026 жылғы 4 наурызда ҚР Елшісі Қанат Тұмыш вьетнамдық БАҚ үшін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасына және алдағы 15 наурызға жоспарланған ұлттық референдумға арналған брифинг өткізді.Брифингке Вьетнамның жетекші газеттері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстандағы ағымдағы Конституциялық реформаларға қызығушылық танытқан журналистер мен тілшілер қатысты. Брифинг барысында Елші ұсынылған конституциялық реформаның негізгі ережелері мен мақсаттарын ұсынды.Ол Конституция жобасы демократиялық институттарды нығайтуға, басқаруды жетілдіруге және мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстанның саяси дамуы мен жаңғыруындағы елеулі қадам екенін атап өтті. Елші Қазақстанның ұсынылып отырған жаңа Конституциясы, егер сайлаушылар 15 наурыздағы жалпыұлттық референдумда реформаларды мақұлдаса, қазіргі Парламенттің өкілеттігін тоқтатуды қоса алғанда, 1 шілдеден басталатын саяси ауысуды бастайтынын атап өтті.Реформа саяси жүйедегі, басқару моделіндегі және мемлекет құндылықтары жүйесіндегі кеңірек өзгерістерді көрсететін мақсатты түзетулерден жан-жақты конституциялық трансформацияға көшуді белгілейтіні атап өтілді.Елші сондай-ақ референдумның Қазақстан азаматтарына елдің болашақ конституциялық дамуын айқындауға мүмкіндік беретін негізгі демократиялық тетік ретіндегі маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1179498?lang=kk
Алмасбек алматов Қорқыт ата рухына тағзым жасады 12.03.2026
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, III дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, профессор, жырау Алмасбек Алматов Қармақшы ауданына сапары барысында Қорқыт ата мемориалдық кешеніне барып, ұлы ойшыл, қобызшы, күй атасы Қорқыт ата рухына тағзым етті.Тағылымды шарада жырау баба рухына құран бағыштап, Сыр бойындағы жыраулық дәстүрдің бастауында тұрған Қорқыт мұрасының қазақ руханиятындағы ерекше орны туралы өз пікірін де білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1179446?lang=kk
Асыл жырдың алмасы 12.03.2026
Бүгін Шамшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, III дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, профессор, жырау Алмасбек Алматовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Жыр – аманат» атты республикалық жыршы-жыраулар фестивалі өтті.Тағылымды өнер кешіне аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, жырсүйер қауымды құттықтады.«Сыр елі – өнердің алтын бесігі. Ал біздің қасиетті Қармақшы ауданымыз ертеден жыраулық дәстүрдің киелі мекені ретінде белгілі. Сондықтан да халқымыз «Жүз жырауын жүзіктеген, Жүз шайыр шыққан мекен» деп бекер айтпаған. Бүгінгі басқосу қазақтың белгілі жырауы, асыл өнеріміздің көрнекті өкілі Алмасбек Алматовтың 70 жылдық мерейтойына арналуы – біз үшін үлкен мәртебе. Алмасбек ағамыз – саналы ғұмырын ұлттық өнерімізді дәріптеуге, жыраулық мәдениетімізді дамытуға арнап келеді. Оның шығармашылығы мен еңбегі – қазақ руханиятына қосылған үлкен үлес деп білеміз. Ұлттық өнеріміз жасай берсін! Рухымыз әрдайым биік болсын!,- деді Жандос Еркінбек.Алмасбек Нұрмаханұлы - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры ретінде көптеген шәкірт тәрбиелеп, жыраулық өнердің академиялық білім беру жүйесіне енгізуге үлес қосқан тұлға. Оның шәкірттері бүгінде республикалық және халықаралық өнер додаларында жүлделі орындарға ие болып, ұлттық өнердің дамуына өз үлестерін қосып келеді.Шара барысында аудан әкімі мерейтой иесінің жыраулық өнерді насихаттаудағы еңбегін атап өтіп, оған ауданның жоғары марапаты «Құрмет грамотасын» табыстады. Сондай-ақ тағылымды кешке қатысушы өнерпаздарға аудан әкімінің «Алғыс хаты» беріліп, құрмет көрсетілді.Фестиваль барысында еліміздің әр аймағынан келген белгілі жыршы-жыраулар мен мерейтой иесінің шәкірттері өнер көрсетіп, терме-толғаулары арқылы көрермендерге рухани кеш сыйлады.Өнер қайраткері Алмас Алматов көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ақжарма алғысын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1179430?lang=kk
ҚР Елшісі вьетнамдық бизнес өкілдерімен Қазақстанның конституциялық реформаларын талқылады 12.03.2026
2026 жылғы 24 ақпанда ҚР Елшісі Қанат Тумыш Қазақстандағы негізгі оқиғаларды, соның ішінде елдегі конституциялық реформалар мен халықаралық бастамаларды талқылау үшін вьетнамдық іскер топтардың өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында Елші қатысушыларды Қазақстанның жаңа Конституциясының маңыздылығы туралы хабардар етіп, оның саяси жаңғыртуды ілгерілетудегі, демократиялық институттарды нығайтудағы және экономикалық даму мен шетелдік инвестициялар үшін неғұрлым ашық және қолайлы орта құрудағы рөлін атап өтті.Тараптар сондай-ақ осы жылдың соңында Астанада өтетін Қазақстан Президентінің бастамасымен өтетін 2026 жылғы өңірлік экологиялық саммитті талқылады. Саммит өңірлік экологиялық проблемаларды шешу, тұрақты дамуға жәрдемдесу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды платформа болады деп күтілуде.Сонымен қатар, Елші ҚР Президентінің Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен су қауіпсіздігі, су ресурстарын тұрақты басқару және жалпы экологиялық мәселелерді шешу саласындағы жаһандық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Халықаралық су ресурстары ұйымын құру жөніндегі бастамасын ұсынды.Кездесу Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен әріптестікті нығайтуға пікір алмасуға және өзара мүдделілікті растауға құнды мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1179437?lang=kk
Күзгі әскери науқанға белсенділік танытқан мамандарға алғыс білдірілді 12.03.2026
Елімізде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды сапалы ұйымдастыру қазіргі уақытта маңызды міндеттердің бірі. Осыған орай бүгін аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанын ұйымдастыруға арналған мәжіліс өтті.Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Қармақшы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Жандос Бекмұрзаев көктемгі шақыру науқанының барысы туралы хабарлама жасап, шақыру жұмыстарының ұйымдастырылуы жөнінде ақпарат берді.Мәжіліс барысында аудан әкімінің орынбасары әскерге шақыру науқанының сапалы әрі жүйелі ұйымдастырылуы маңызды екенін атап өтіп, тиісті сала мамандарына бірқатар тапсырмалар берді.Сонымен қатар жиын барысында өткен жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанында өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, белсенді қатысқан бірқатар мамандарға аудан әкімінің және аудан әкімінің орынбасарының «Алғыс хаты» табысталды.Айта кетейік 2026 жылдың 1 наурыздан 30 маусымға дейін 18 бен 27 жас аралығындағы әскерге жарамды азаматтар медициналық тексеруден өтіп, әскер қатарына шақырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1179439?lang=kk
Ереванда Қазақстан мен Армения арасындағы сауда-экономикалық серіктестікті дамыту мәселесі талқыланды 12.03.2026
Елші Болат Иманбаевтың Армения Республикасының Экономика министрі Геворг Папоянмен кездесуі өтті. Сұхбат барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен оны одан әрі дамыту және нығайту перспективалары талқыланды.Өзара сауда көлемін ұлғайту және тауарлар номенклатурасын кеңейту, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы инвестициялық өзара іс-қимылды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар Қазақстан-Армения Үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының және жаңадан құрылған Іскерлік кеңестің қызметі шеңберінде ауыл шаруашылығы, азық-түлік және жеңіл өнеркәсібі, құрылыс және инфрақұрылым саласындағы бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан мен Арменияның салалық өкілдері арасында тұрақты негізде консультациялар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Кездесу қорытындысы бойынша қазақ-армян экономикалық серіктестігін жандандыруға өзара мүдделілік расталды, сондай-ақ ағымдағы жылғы екіжақты іс-шаралар кестесі қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/1179393?lang=kk
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні 🌷 12.03.2026
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Бастаушы ауылдық округінде ерекше құрметке толы игі шара ұйымдастырылды. Ауылымыздың қазынасы саналатын қарт аналарымыз бен «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері ардақты аналарымызға құрмет көрсетіліп, мерекелік себеттер табыс етілді. Бастаушы ауылдық округінің әкімі Кенесбеков А.Б ардақты аналарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, олардың отбасы мен қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. Аналардың ақыл-парасаты, мейірімі мен тәрбиесі – ұрпаққа үлгі, елге береке екені айтылып, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарына амандық тіленді. Мерекелік сыйлықтар демеушісі – Қумаров Бақытбек Құсайынұлы. Осындай игі іске қолдау көрсетіп, аналарға қуаныш сыйлағаны үшін демеушіге ауыл тұрғындары атынан алғыс білдірілді. Бұл шара – аналарға деген құрметтің, үлкенге ізеттің айқын көрінісі болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1179397?lang=kk
Аңдатпа. KEDEN» АЖ «Электрондық декларациялау» модулінің «Тауарларға арналған декларация» функционалын іске қосуға байланысты, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелер талқылау үшін дөңгелек үстел өтеді 12.03.2026
Құрметті сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылар ! Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметінің қатысушыларды «KEDEN» АЖ «Электрондық декларациялау» модулінің «Тауарларға арналған декларация» функционалын іске қосуға байланысты, электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны (ЭСД) пайдалана отырып, электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау бойынша, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелер талқылау үшін 13 наурызда сағ 11.00 Мемлекеттік кірістер департаментінің мәжіліс залында өтетін дөңгелек үстелге қатысуға шақырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1179403?lang=kk
Қостанай облысы тұрғындарының электр энергиясын заңсыз ажырату туралы. 12.03.2026
Қостанай облысы тұрғындарының электр энергиясын заңсыз ажырату туралы. 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 электр энергиясын пайдалану қағидаларының 51-тармағына сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым Шарттың акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мерзімді) хабарлама жіберу арқылы тұтынушыны жазбаша ескертіп, электр энергиясын беруді тоқтатуға (шектеуге) өтінімді энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жібереді мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, тұтынушыға (электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушыға) электр энергиясын жеткізу тоқтатылғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын).«Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы №356 Бұйрығының 12-тармағына сәйкес сатушы тұтынушыға хабарлама жіберу фактісін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен электр энергиясын төлемегені немесе толық төлемегені үшін электр энергиясын беруді тоқтатқанға дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын тұтынушыны хабардар етуге міндетті.Егер тұтынушы шартта СМС-хабарлама арқылы хабарлама ала алатынын көрсетсе, онда оны осы түрмен хабардар етуге міндетті, егер жоқ болса, онда өнім беруші хабарламаны қағаз жеткізгіште бере отырып, ажырату туралы ескертуге міндетті. Егер тұтынушы ескертусіз электр энергиясынан ажыратылған жағдайда, өңір тұрғыны Қостанай қаласы, Гоголь көшесі 75, 3 қабат, 320 кабинет мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» РММ-не электр энергиясын жеткізушіге жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы, жұмыс телефоны 50-02-60.Электр энергиясынан заңсыз ажырату тұтынушылардың құқықтарын бұзу болып табылады және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 5 – бабының 172-бабына (электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз шектеу және (немесе) ажырату) сәйкес лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-25, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-50 мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-75 АЕК мөлшерінде.Сондай-ақ, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 Заңының 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес тұтынушылар энергия өндіруші, энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан жасалған шарттардың талаптарына сәйкес сапасыз электр және жылу энергиясын жеткізбеуден немесе жеткізуден келтірілген нақты залалды (тұрмыстық техниканың істен шығуы) өтеуді талап етуге құқылы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1179371?lang=kk