Бизнес
2017 ЖЫЛЫ 600 МЫҢНАН АСТАМ ТРАНЗИТТІК ӘУЕ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАНДЫ 15.04.2025
Соңғы 8 жылда қазақстандық әуе компаниялардың транзиттік жолаушылар саны 30 есеге артып, жылына 20 мыңнан 620 мың жолаушыға дейін өсті. Қазақстан арқылы өтетін негізгі транзиттік жолаушылар ағыны Қытайдан Еуропаға, Түркияға, Ресей мен Украинаға, Еуропа мен Оңтүстік Корея арасына, Украинадан Өзбекстан мен Үндістанға, және Түркия мен Өзбекстан бағыттарында байқалады»,-деп атап өтті азаматтық авиацияны дамыту мәселелеріне арналған Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.2017 жылы қазақстандық әуе компаниялар 620 мың транзиттік әуе жолаушыларын тасымалдады. 2018 жылы 900 мың транзиттік жолаушы тасымалданады, деп күтілуде.«Биыл қазақстандық әуе компаниялармен Астана-Тюмень, Астана - Краснодар, Астанадан Вильнюс,Томск,Челябинск, Сочи, Батуми, Душанбе қалаларына тұрақты рейстер ашу жоспарланып отыр. Ал, шетел әуе компанияларымен (Air Baltic, Emirates, Fly Dubai, Ангара, Аэрофлот) Рига – Алматы, Дубаи – Алматы, Дубаи – Актау, Красноярск – Алматы, Мәскеу – Кызылорда бағыттары бойынша тұрақты рейстер ашылмақ»,-деді министр.Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде Үкіметтің қаулысымен 2017 жылдың 7 маусымынан бастап пилоттық режимде қазақстандық әуе компанияларымен Астана және Алматы әуежайлары арқылы транзитпен өтетін ҚХР азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим енгізілген болатын. Жақында ол 2018 жылдың аяғына дейін ұзартылды.Транзиттік әлеуетті одан әрі дамыту үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, Үндістанның және басқа елдердің транзиттік азаматтарына арналған балама режим туралы мәселе қарастырылуда.Жеңіс Қасымбектің айтуы бойынша, географиялық орналасуының арқасында Қазақстан транзиттік ұшып өту үшін тартымды болып тұр. Қазақстан территориясында ұзақтығы 84 166 шақырым болатын 92 әуе жолы бар. Одан тәулігіне 700 әуе кемесі ұшып өтеді.Транзиттік тасымалдаулардың 80%-ы Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияны жалғайтын 12 негізгі бағыт бойынша еліміздің территориясы арқылы өтеді.2017 жылы 301,3 млн. ұшақ-шақырым орындалып, өсім 5,9%-ды құрады. 2017 жылы транзиттік әуе ұшулар 175,2 миллионға жуық ұшақ шақырымды құрап, 2016 жылдың көрсеткішінен 4%-ға артқан. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25952?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДА БІРҚАТАР БАҒЫТ БОЙЫНША ТЕМІРЖОЛ БИЛЕТТЕРІН 25% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ 15.04.2025
Соған сәйкес, сатып алған күніне және пойыздардың жүктемесіне байланысты билет бағасының өзгеруін қарастыратын динамикалық тарифтік бағаны белгілеу енгізілді. Бірінші кезеңде динамикалық бағаны белгілеу пилоттық режимі екі облысаралық және қала маңына қатынайтын бағыттарға енгізілді. Олар Алматы –Астана – Нұрлы жол №3/4, Астана 1- Сарыағаш №085/086 бағыттары. Ал, 8 наурыздан бастап Астана-Қарағанды №853/854 бағытына енгізілмек. Кейін жаңа тәртіп әлеуметтік маңызы бар барлық қатынастар бойынша жүретін пойыздарды қамтитын болады. Аталған пойыздарда «-25%» және «+25%» дәлізінде динамикалық баға белгілеуді қамтитын тарифтік бағалар кестесі енгізілді. Осылайша, билетті ертерек сатып алатын жолаушының оны базалық бағадан төрт есе төмен бағада сатып алу мүмкіндігі бар. Пойыздың жүретін күні жақындағанда және белгілі бір бағытқа сұраныс артқан кезде билет құны өсетін болады. Жоғарыда көрсетілген пойыздарға билеттерді 2018 жылдың 23 қаңтарынан бастап сатып алуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25947?lang=kk
2017 ЖЫЛЫ «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 778 КМ ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІ САЛЫНЫП ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛДЫ 15.04.2025
Шараға ҚР инвестиция және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, «ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқарушы директоры Руслан Кулов және ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басқарма басшысы Әзімбек Нәлібаев қатысты.Шара барысында Мархабат Жайымбетов 2015-2018 жылдар аралығында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 695 км жылу, сумен жабдықтау және су тарту желісі, 21 қазандық, 70 сорғы станциясы, кәріз жүйесі мен су тазарту қондырғылары және басқа да нысандар салынғанын айтты.Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы желінің тозуы 63% -дан 60% -ға дейін төмендеді. Ал биыл бұл көрсеткішті тағы да 3-ға дейін төмендету көзделіп отыр. Себебі, 2018 жылы 800 км жылу, сумен жабдықтау және су тарту инженерлік желісі салынбақ. «2017 жылы бөлінген 48 млрд. теңгеге 103 инвестициялық жоба іріктелді. Енді 1185 шақырым желі мен 5 қазандық салу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда табиғи монополиялар субъектілері игерген қаржының сомасы 36,1 млрд. теңгені немесе жалпы соманың 77% -ын құрайды. Қалған қаражат 2018 жылдың аяғына дейін толық игеріледі (несие механизміне сәйкес уақыт - 2 жыл) », - деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ бюджеттік кредиттеу мәселелері бойынша сенім білдірілген өкілі және «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында субсидиялау мәселелері бойынша оператор ретінде бағдарламаға қатысатын жобаларды іріктеумен айналысады.Осылайша, 2017 жылы 35,7 млрд.теңге сомасындағы 72 жоба қаржыландырылды. 2018 жылы бөлінген 33,4 млрд.теңгеге 49 жоба іріктелді, оның ішінде жылумен жабдықтау бойынша 27 жоба, сумен жабдықтау бойынша 15 жоба және су бұру бойынша 7 жоба іріктелді. Шамамен 250,6 км жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін, оның ішінде 156,2 км сумен жабдықтау желілері, 69,1 км су бұру желілері бойынша салу және реконструкциялау жоспарланып отыр», - деп хабарлады «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарушы директоры Руслан Кулов. Сонымен бірге, субсидиялар бойынша оператор ретінде ТКШ ҚазОрталығы 2017 жылы 4,4 млрд.теңге сомасына 8 инвестициялық жобаны қарастыру бойынша жұмыстар жүргізілді, 28,8 км желі салынды және реконструкцияланды, оның ішінде: жылумен жабдықтау желілері 16,2 км, сумен жабдықтау желілері 12,6 км, 1 КОС кеңейтуге арналған жер жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы алдын ала жасалған тізім бойынша 3,5 млрд.теңге сомасына 9 жоба іріктелді. 28,4 км жылу желілерін, 12 блоктық жылу бекеттерін салу және реконструкциялау жоспарланып отыр.ҚазОрталығы биыл инвестжобаларды бюджеттік кредиттеу және субсидиялау бойынша, сонымен бірге жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау мен жаңғырту бойынша жобаларды субидиялауға екінші деңгейлі банктерді тарту жұмыстарын жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25945?lang=kk
ПОЛЬШАЛЫҚ ИНВЕСТОР «ХИМФАРМҒА» ҚОСЫМША 37 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫН САЛАДЫ 15.04.2025
Қазіргі таңда Қазақстанда «Индустрия 4.0» элементтерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өндірісте цифрлық технологияларды енгізу қазақстандық кәсіпорындардың табысты факторларының бірі болады және өндірістік үдерістерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.«SANTO» компаниясы, «Польфарма» (Польша) халықаралық фармацевтикалық тобының бір бөлігі бола отырып, Оңтүстік Қазақстан облысында «Химфарм» АҚ қолданыстағы фармацевтикалық өндірісін cGMP (ағылш. GoodManufacturingPractice;Тиісті өндірістік практика) халықаралық стандарттарына сәйкес жаңғырту бойынша саладағы ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырады.2018-2022 жылдар аралығында «Химфарм» АҚ дәрі-дәрмек өндірісі бойынша ірі қазақстандық зауытты жаңғыртудың төртінші кезеңі шеңберінде жаңа зертхананың құрылысы салынатын, инфрақұрылымы жаңғыртылатын, логистикалық объектілері модернизацияланатын, зерттеулер мен әзірлемелерге арналған жабдықтар жаңғыртылатын болады. Ал, 2018 жылдың наурыз айында зарарсыздандырылмаған ерітінділердің жаңа учаскесі іске қосылатын болады.Айтарлықтай қаржы құралдарын негізгі және қосалқы өндірістік үдерістерді автоматтандыруға, диджиталдандыруға жұмсау жоспарлануда: кадрлық іс жүргізудегі инновациялық ІТ-шешім – «Бұлтты HR»; өндірістік алаңдардағы қоймаларды басқарудың «ақылды» жүйесі, қызмет көрсету, жөндеу бойынша регламенттік жұмыстарды жоспарлауды және есепке алуды автоматтандыру жүйесі; адами және материалдық ресурстарды жоспарлау; өндірістегі сапаны қамтамасыз етуді автоматтандыру және басқару және басқалары.Польшалық инвесторлар 2018-2022 жылдарға есептелінген «Химфарм» АҚ төртінші технологиялық модернизациясына шамамен 37 млн. АҚШ долларын салуды жоспарлап отыр.««Іс жүзінде қазір Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ зауытында барлық негізгі өндірістердің және қосымша логистикалық алаңдардың құрылысын салу және модернизациялау аяқталған. Енді инвестициялық бағдарлама өндірістік және қосымша үдерістерді автоматтандыруға және диджиталдандыру саласындағы жаңа жобаларға, сонымен қатар сапаны бақылау және басқару жүйесі саласындағы жобаларға бағытталатын болады.2009 жылдан бастап Қазақстанда отандық өндірушілермен денсаулық сақтау жүйесінің қажеттіліктеріне арналған дәрі-дәрмек құралдарын бірегей дистрибьютор арқылы жеткізуге арналған ұзақ мерзімді келісім-шарт жүйесі жұмыс істейді. Тек, «Химфарм» Ақ өзінде қазіргі таңда 5 қол қойылған келісім-шарт бар. Оларға сәйкес, бізде Қазақстан Республикасының емдеу мекемелеріне арналған кепілдендірілген жеткізуді жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Ұзақ мерзімді келісім-шарттар инвесторларға келісім-шартталған сатылымдар мөлшерін алуға мүмкіндік береді. Бұл заманауи және бәсекеге қабілетті фармацевтикалық өндірістерді құруға ынталандырады. Инвесторлар сонымен қатар, Инвестициялар және даму министрлігінен инвестициялық келісім-шарттар есебінен преференциялар ала алады, отандық өнім берушілердің Қазақстанның Даму банкінен жеңілдікпен несие алу мүмкіндіктері бар. Қазақстанда отандық өндірушілер мен инвесторларды қолдаудың әртүрлі құралдары мен механизмдері әзірленген. «Химфарм» АҚ аталмыш құралдарды мүмкіндігінше тиімді пайдаланады», - деді «Химфарм» АҚ зауытының директоры Рустам Байгарин.Қазіргі таңда кәсіпорында 1200-ден астам білікті қызметкер еңбек етеді. Олардың бір бөлігі «Польфарма» тобының шетелдік кәсіпорындарында және фармацевтикалық сала бойынша әлемдік көшбасшысы елдерде (жабдықтарды өндірушілер) оқып келді. Компания 12 фармакологиялық топтарға жататын 115 препаратты тіркеуден өткізген. Осылайша, парентералды үлгідегі (инъекциялар және инфузиялар), қатты үлгідегі (таблеткалар, капсулалар, саше ұнтақтары), антибиотиктердің асептикалық ұнтақтары, зарарсыздандырылмаған ерітінділер және сироптар өнімдері шығарылады.«Біз «Polpharmagroup» өндіріске инновациялық технологияларды енгізе отырып, өзінің қазақстандық фармацевтикалық нарықтағы ауқымын кеңейтіп отырғанына қуаныштымыз. Бұл республикадағы ең ежелгі фармацевтикалық кәсіпорын болып табылатын, «Химфарм» АҚ модернизациялаудың төртінші толқыны. Өндірісте «Индустрии 4.0» элементтері енгізіледі. Қосалқы реинвестициялардың арқасында Отүстік Қазақстан облысында жаңа жұмыс орындары ашылатын болады», - деді «KazakhInvest» АҚ ОҚО бойынша аймақтық директоры Даулетқожа Мамыров.Анықтама үшін: POLPHARMAGroupкомпаниялар тобы Польшаның фармацевтикалық нарығының көшбасшысы болып табылады. 6 өндірістік зауыттары, 6 ғылыми орталығы, 7300 астам қызметкерлері бар. Әлемдегі 20 жетекші генерикалық препараттарды өндірушілердің бірі болып табылады. Сатылымдар көлемі жылына 1 млрд. АҚШ долларынан астам. Компанияның портфелін – 600 астам препарат құрайды, әзірлеу кезеңінде 230 астам препарат бар.Елбасының тапсырмасын орындау шеңберінде «KazakhInvest»Дүниежүзілік Банкпен бірлесе отырып, 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегияны әзірледі. Жұмыстар үш бағыт бойынша жүргізілетін болады: тиімді операциялық шараларды жүзеге асыру және инвестицияларды тартудың жаңа тәсілдерін әзірлеу; жекешелендіру және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік. Ұлттық стратегияда шетелдік инвестицияларды тартуға арналған басымдықты салалар (АӨК, машина құрастыру, химия және мұнай химиясы, инфрақұрылым, тау-кен металлургиялық кешені, сауда) және үлестеріне әлемдегі инвестициялардың 80 % тиесілі 11 басымдықты ел (АҚШ, РФ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, ҚХР, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, БАӘ) анықталған. 2022 жылға қарай, ТШИ жалпы ағыны 1,26 есеге артады; 2022 жылы жалпы ТШИ көлемінің ЖІӨ арақатынасы 19% дейін ұлғаяды; тиімділікті арттыруға бағытталған ТШИ 1,5 есеге ұлғаяды; экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 1,46 есеге ұлғаяды; экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған сыртқы инвестициялар көлемі 1,5 есеге ұлғаяды деп жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25873?lang=kk
ТКШ ҚАЗОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ KAUKO INTERNATIONAL ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІН ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСАДЫ 15.04.2025
Тараптар Қазақстанның инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенінің (ИТК) энергия тиімділігін арттыру және ресурстарды үнемдеу технологияларын ілгерілету мәселелерін талқылады және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.Меморандумға сәйкес, компания бірнеше бағыттар бойынша өзара әрекеттеседі және ИТК секторындағы цифрлық технологияларды енгізу жобаларына жинақталады. Оның ішінде, Интернет заттары мен телекоммуникациялық индустрия және PISARA саласында алдыңғы қатардағы жаңашыл, инновациялық шешімдерді және инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешеніне арналған технологияларды жеткізіп берушісі болып табылатын UROS фин компаниясымен ынтымақтасу жоспарланып отыр. Компания өз мүмкіндіктері пайдалана отырып, су ресурстарын басқарудың цифрландыру тұжырымдамасын әзірледі. «SMART-технологияларды трансферттеу және су ресурстарын басқарудағы Интернет заттардың болашағы маңызды болып табылады. Бұл SMART жүйесін су циклдеріне, орталықтандырылған жылыту жүйелеріндегі шығындарды цифрландыру және онлайн режимінде мониторингілеу, қалалар мен ауылдарда құйылатын судың сапасы мен деңгейін қадағалау үшін интернетті орнату. Мұндай ресурстарды басқару жүйесі басқа секторларда, оның ішінде жылу, қуат және қалдықтарды басқару саласында сәтті қолданылған », - деді UROS компаниясының Басқармасы Төрағасы Юрки Халликайнен.Өз кезегінде, ТКШ ҚазОрталығы компания мамандарының әзірлеген инфрақұрылымды-тұрғын үй кешеніндегі «цифрлық экономика» құралдарын енгізу арқылы E-SHANYRAQ зияткерлік ақпараттық жүйесін құру тұжырымдамасымен таныстырды. Жүйе саланың ашықтығын және ИТК субъектілерінің толық қамтуды қамтамасыз етеді. Финляндиядан келген мамандар аталған жобаны жоғары деңгейде бағалады және Қазақстан үшін оны іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі үлкен маңызға ие болады.«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Джиенбаев финдік компаниямен ынтымақтасу екі тарапқа да ұзақмерзімді пайда әкелетініне нық сенім білдірді.«Қазіргі кезде, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ бірнеше жаңа жобалармен, оның ішінде ИТК цифрландыру бойынша жұмыс істей бастады. Финляндияның цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерін енгізу тәжірибесінің көптігі мен сәттілігін ескере отырып, саланы жаңғырту және дамытуда бірлесіп жемісті жұмыс атқаруда тығыз ынтымақтастық орнатамыз деген сенімдеміз», - деді Басқарма Төрағасы. Еске сала кетейік, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Қазақстанның инфрақұрылымы мен тұрғын үй кешені секторындағы инновацияларды енгізудің оңтайлы нұсқаларын табу үшін белсенді түрде жұмыс істеп келеді. Компания мамандары Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инвестициялық тартымдылығын арттыру, бюджеттік емес инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мақсатында шетелдік және халықаралық қаржы ұйымдарымен кездесулер өткізеді, ең озық және тиімді технологияларды талдайды.Анықтама үшін:«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ТКШ инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ТКШ саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.«Kauko International»Халықаралық компаниясы(Финляндия) өнеркәсіп, энергетика, инновациялар, «жасыл» мехнологиялар салаларындағы жобаларды орындауға мамандандырылған. Компания 100 аса алдыңғы қатарлы еуропалық өндірушілерді ұсынады, іске асырылған және іске асырылмаған қомақты жобалары бар. Қосымша ақпарат үшін компанияның баспасөз қызметіне мына телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7-7172-999449 (ішкі 1229) (Кәрібжанова Алтынай), email a.karibzhanova@zhkh.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25871?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ГРЕКИЯ ҮШІН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ НЕГІЗГІ СЕРІКТЕС 15.04.2025
Форум аясында FREZYDERMS.A. (фармацевтикалық өнімдер өндіру), «R&Dкосметикадепартаменті» (FREZYDERM), VIOHALCO S.A. (Еуропада металл өңдеуші компаниялардың жетекші холдингілік тобы), Upstream (нарықта сауданы жылдамдататын ықшам коммерция платформасы), PHARMEX S.A. (түрлі зерттеулер өткізеді және инновациялық өнімдерді әзірлеу бағыты бойынша жұмыс істейді), VK Premium (жеке және мемлекеттік секторларда консультациялық қызметтер көрсетеді), ADELCO S.A. (ірі грекиялық фармацевтикалық компания), METKA (EPC (Engineering-Procurement-Construction) ірі көлемді жобалар құрылысы, SABO SΑ (кірпіш–жабынқыш өнеркәсібі) сияқты компаниялармен екіжақты кездесулер өтті.Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов іс-шараның негізгі міндеттері мен мақсаттарына тоқталды.«Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауында көрсетілген экономиканың барлық саласына жаңа технологияларды енгізу және цифрландыру, бірінші кезекте еңбек өнімділігі жоғары машинажасау, химия, мұнай-химия, мұнай өңдеу, мұнай-газ, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі сияқты салаларға жаңа технологияларды енгізуге қатысты айтылған мәселелерді атап өткім келеді»,-деді ҚР ИДМ вице-министрі.Форум барысында қатысушыларға Қазақстан мен Грекияның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен олардың даму перспективалары талқыланды.Анықтамалық:2017 жылы елдер арасында сыртқы сауда айналысы 2016 жылдың балама кезеңімен салыстырғанда10%-ға ұлғайып 980 млн. АҚШ долл. құрады.Қазақстанға Грекиядан импорт 25,0% артып, 16,5 млн. АҚШ долл. құрады (2016 жыл - 13 млн. АҚШ долл.).Импорттың негізгі тауарлары:дәрілік құралдар 5,3 млн.АҚШ долл. (34,8%), темекі 1 млн. АҚШ долл.(6,6%), алюминий жұқалтыр 1 млн. АҚШ долл. (6,4%), киімзаттары 0,9 млн. АҚШ долл. (6,1%), жекетазалыққұралдары 0,8 млн.АҚШ долл. (5,1%) джем, пасталар 0,7 млн. АҚШ долл. (4,4%), мыс құбырлар0,6 млн. АҚШ долл. (3,8%), жаңаауланғаннемесесалқындатылғанбалық 0,5 млн. АҚШ долл. (3,4%), пластикыдысаяқ 0,5 млн. АҚШ долл. (3,1%), лифттер мен скиптікөтергіштер 0,4 млн. АҚШдолл. (2,6%), киви 0,3 млн. АҚШ долл. (2,1%) жәнебасқалары.Қазақстанның Грекияға экспорты 963,5 млн. АҚШ долл. құрады, бұл 2016 жылдың балама кезеңімен салыстырғанда алюминий жеткізудің артуы есебінен 10% артық болды (871 млн. АҚШ долл.).Экспорттың 80%-ын мұнай алады, бұл тағам мен ауыр өнеркәсіпті қоса басқа салаларда өзара сауданың іске асырылмаған үлкен әлеуетін көрсетеді.Экспорттынң негізгі тауралары:шикі мұнай 712,6 млн. АҚШ долл. (81,8%), алюминий 111,6 млн. АҚШдолл. (12,8%), буксирлер мен итергіш кемелер (уақытша әкету/әкелу) 29 млн. АҚШ долл.(3,3%), қалқыма маяктар (уақытша әкету/әкелу) 15,9 млн. АҚШ долл. (1,8%), іштен жану қозғалтқыштары 1,1 млн. АҚШ долл. (0,1%) және т.с.с.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25863?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫН ҚАРАДЫ 15.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек техникалық реттеу және стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау, сондай-ақ, мемлекеттік бақылау саласындағы бағыттардан тұратын қазіргі заманғы сапа инфрақұрылымы жүйесін таныстырды.Техникалық реттеу жүйесін жетілдіру жұмысы 2 кезеңнен тұрады. 2018 жылы министрлік стандарттау, метрология, аккредиттеу жүйесін жетілдіруді жоспарлап отыр.Екінші кезең ретінде 2018-2020 жылдары мемлекеттік бақылау және сәйкестікті бағалау саласын жетілдіру қарастырылады.«Стандарттау жүйесін жетілдіру мақсатында «Стандарттау туралы» жаңа заң әзірленді. Аталмыш Заң аясында стандарттау жөніндегі ұлттық орган - автоматтандырылған жүйелер арқылы жұмыс істейтін стандарттау процестерінің бірыңғай операторы айқындалады. Жаңа тәсілдегі орталық рөл стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге - «мемлекет-бизнес-тұтынушы» қағидаты бойынша ұлттық стандарттарды талқылау үшін диалогтық алаңдарға беріледі»,-деді Жеңіс Қасымбек.Министр сондай-ақ, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңға түзетулер енгізу арқылы метрология саласында стандарттарды және өлшеу құралдарын калибрлеуді, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жаңа тәсілдерді енгізуді тексеруден өткізу қарастырылатынын хабарлады.2018 жылы бірыңғай нарықтық қадағалау жүйесін құру үшін «Техникалық реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы дайындалады.Бұдан бөлек, Жеңіс Қасымбек Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеудің өзара байланысты элементтерінің құрылымдық жүйесі туралы айтты. Онда барлық өнімнің 85% -ын реттейтін Одақтың 46 техникалық регламентінде бірыңғай міндетті талаптар белгіленген.Еске сала кетейік, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті ЕАЭО сәйкестігін растау жөніндегі құжаттардың Бірыңғай тізілімін ұлттық шлюз арқылы қалыптастыру үшін ЕуразЭО-пен ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Сондай-ақ министр техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды сақтау үшін өнімдерді мемлекеттік бақылау мәселесінің өзекті екенін атап өтті.Фото мұрағаттан алындыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25861?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН АШЫҚ ТЕҢІЗДЕГІ КЕМЕЛЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН КҮШЕЙТЕДІ 15.04.2025
Хаттама террористік деп танылатын әрекеттердің тізімін кеңейтеді. Сондай-ақ, құжат террористік акт жасау мақсатында материалдарды, террористерді тасымалдау үшін кемені пайдалану қылмыс деп танылатынын хабарлайды.Хаттама террорлық акт жасағаны үшін жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде елдерді шара қабылдауға шақырады.Хаттаманың ережелеріне сәйкес, әрбір тарап басқа мемлекеттердің суларында жүрген кезінде террористік актіні болдырмауға бағытталған көмекке сенім арталады.Бұл тармақ Қара теңіз бен Жерорта теңізінде жұмысты белсенді түрде бастап кеткен қазақстандық кемелер үшін аса өзекті.Бүгінгі таңда бұл құжатқа 40-тан астам мемлекет қосылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25849?lang=kk
ҚЫТАЙДА ТРАНСКАСПИЙ САУДА-ТРАНЗИТТІК ДӘЛІЗІНІҢ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 15.04.2025
Сондай-ақ Конференцияда Әзірбайжан, Грузия, Түркия өкілдері және ҚХР Сауда министрлігінің өкілдері баяндама жасады.Конференцияның мақсаты Транскаспий дәлізінің перспективалары мен мүмкіндіктерін талқылау. Конференция барысында интеграцияланған аймақтық транзиттік-логистикалық инфрақұрылымның мәселелері, сондай-ақ бағыт бойындағы елдермен бірлескен шешімдерді талап ететін мәселелер көтерілді.Бұл сұхбат алаңы еуразиялық континент елдерінің мүдделерін жақындатуға және достық қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ мультимодальды тасымалды дамыту үшін өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастырудың оңтайлы жолдарын іздестіруге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25847?lang=kk
ХАЛЫҚТЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН БИЫЛ 67,9 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ 15.04.2025
Шараға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов қатысты.Кездесу барысында Мархабат Жайымбетов 2017 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік жоспарланған көрсеткіштен асып, қалаларда 93,8% (белгіленген жоспар 90%), ауылдарда 57,4%-ды (белгіленген жоспар 55% болатын) құрағанын айтты.Оның айтуынша, ауыл тұрғындарының 80,7% -ы орталықтандырылған сумен жабдықталған (7,7 млн. адамның 6,2 млн. адамы). Бұл көрсеткіш су тарту жұмыстары ең алдымен халық саны көп елді мекендерде жүргізілетіндігін көрсетеді.«2018 жылы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша диспропорцияны азайту мақсатында қаржыландыру көлемі 21,7% -ға артып, 67,9 млрд. теңгені (193 жоба) құрады. Қаржыландыру көбінесе қолжетімділігі төмен өңірлерге бағытталған. Биыл қалалық жерлерді сумен қамтамасыз ету және су тарту жұмыстарына 22,7 млрд. теңге қарастырылған. Бұл сомаға 40 жоба іске асырылатын болады. Ал, ауылдық жерлерде сумен жабдықтау және су тарту үшін 45,2 млрд. теңгенің 153 жобасы жүзеге асрылады.Бұл жұмыстардың нәтижелері бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті елді мекендерде 59%-ға дейін, ал қалаларда 94%-ға дейін арттыру көзделіп отыр», - деді комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25812?lang=kk
2017 ЖЫЛЫ ҚР ИДМ КӨЛІК КОМИТЕТІ 1 МЛРД. ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ӨНДІРДІ 15.04.2025
Яғни, автомобильмен 3,3 млрд. тонна жүк, теміржолмен – 272,1 млн. тонна, су көлігімен – 4,2 млн. тонна жүк тасымалданды.Сонымен қатар, транзитті тасымал 20%-ға немесе 3,7 млн. тоннаға өсті. Жалпы транзит көлемі 18,1 млн. тонна деңгейінде қалыптасты, соның ішінде автомобиль көлігімен – 2,1 млн. тонна, теміржол көлігімен – 16 млн. тонна, су көлігімен – 1 тоннаға дейін жүк тасымалданған. Осылайша, тасымал көлемі бойынша жоспарланған барлық көрсеткіштер орындалды. Көлік комитетінің аумақтық органдарының жұмыс қорытындылары бойынша 193 мыңнан астам ауыр жүк көлігі (2016 жылмен салыстырғанда 9 %-ға артық); 15 мыңнан астам теміржол жылжымалы құрамы (2016 жылдың көрсеткішінен 3 есе артық); 875 жолаушылар пойызы (былтырғы көрсеткіштен 3,5 есе артық) тексерілді. Анықталған заң бұзушылықтар саны 2016 жылмен салыстырғанда 28%-ға өскен (92 254 және 127 252 сәйкесінше). Салынған айыппұл сомасы 1,009 млрд. теңгені құрады. Яғни, бір жылда 4%-ға өскен.Алқа отырысында ауыр салмақты автомобиль құралдарының жүріп-өтуіне бақылауды күшейту қажеттілігіне мән берілді. Осы мақсатта 2018 жылы көлік мәселелері жөнінде заң қабылдау жоспарланған. Бұл заң аясында автокөлік құралдарын тоқтатудың нақты себебін көрсететін автоматтандырылған бақылау енгізіледі. Сонымен бірге, автомобильдің салмақ параметрлерін арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын (ААӨҚ) кеңінен пайдалану бойынша жұмыстар жалғасады. Аталмыш жүйелердің 2013-2014 жылдардағы жұмысын ескере отырып, ААӨҚ тек қайта өлшеу бақылау тұрғысында қолданылады. Жалпы жыл соңына дейін іске қосылған ААӨҚ санын 20-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.2017 жылы халықаралық тасымалдар нарығында қазақстандық тасымалдаушылардың үлесі алғашқы рет 52%-ға өсті. Бұл көрсеткішке жету үшін көлікті бақылау органдары келесі шараларды өткізді: тексерілген шетел автокөлік құралдарының саны 7,3%-ға, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасынан келген хабарламаларды 95%-ға жабу және 2016 жылмен салыстырғанда қазақстандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат құжаттарын беру көлемі 12,8 %-ға ұлғайту. Биыл көлік саласындағы бизнес-процесстерді оңтайландырып, қызмет көрсету мерзімі мен жеке рұқсаттамаларды электронды форматқа көшіру арқылы мемлекеттік қызметтер санын 35-тен 14-ке дейін қысқарту жоспарланып отыр.Теміржол саласында түбегейлі жүйелі шаралар қабылдау қажет. Мысалы, тасымалдау үрдісіне қатысушылардың жауапкершілігін белгілейтін, олардың өзара қарым-қатынасын реттейтін, жолаушыларға қызмет көрсету стандарттарын енгізетін теміржол көлігі туралы жаңа Заң дайндалуда.Биыл су көлігіндегі бақылауды оңтайландыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, заңнамаға тұзетулерді енгізу арқылы шағын көлемді кемелерге жүргізілетін техникалық бақылау алынып тасталады және оларды тексеру тәртібі реттеледі, теңіз кемелерін тексеру мерзімі белгіленеді. Яғни, енді жарты жылда бір рет тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға бақылау жүргізу функциясы жойылады. Күн тәртібінде жеке Комитет пен оның аумақтық органдарының жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мәселесі белгіленді. Комитет 2017 жылдың қыркүйек және желтоқсан айларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Нәтижелерін ескере отырып, автомобиль көлігі саласында халықаралық тасымалдаушылар көлік құралдарының жүруіне алдын-ала онлайн тіркеу жасауды енгізу жоспарланып отыр; жүріп келе жатқан көлік кұралдарына автоматтандырылған өлшеу жүйелерін орнату; автокөлік құралын тоқтату негіздемесі туралы заңнамалық түзетулер қабылдау, қағаз рұқсаттамаларын алып тастау. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25808?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ, ҚР СІМ ЖӘНЕ ҚР ИДМ ИНВЕСТОРЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 15.04.2025
Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Шетелдік инвесторлар Кеңесінің мүшелері, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиялардың, шетелдік және қазақстандық іскер топтардың, халықаралық қаржы институттардың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.Форумда инвестициялық ахуалды жақсарту, инвестиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау, инвесторлардың құқығын қорғау, Инвестициялық омбудсменнің жұмыстары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бизнестің шығындарын төмендету сияқты басқа да мәселелер талқыланды.Бизнес-форум барысында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында өзара іс-қимыл Меморандумына қол қойылды. Инвестициялық қызмет субъектілерін тексеру кезінде мемлекеттік органдар тарапынан заңнаманың бұзылуна жол бермеу үшін бірлескен мониторинг жүргізу, жедел ақпарат алмасу, тұрақты негізде бірлескен отырыстар өткізу үшін «Protecting Investments» арнайы жобасын құру қарастырылуда.2017 жылы Инвестициялық Омбудсменге 43-тен астам өтініш келіп түскен. Оның ішіндегі заңды инвесторлардың құқықтарын қорғау мен сақтауды қамтамасыз етуге қатысты түскен 11 өтініш бойынша тиісті шаралар қабылданды (мәселелер инвесторлардың пайдасына шешілді). 18 өтініші бойынша оларды шешу үшін ұсынымдар енгізіліп, түсініктемелер берілді және кездесулер өткізілді. 14 өтініш инвестициялық омбудсменнің құзыретіне кірмейді. Олар - шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы дау, сотта қарау және т.б.Көп жағдайда инвесторлар салық, кеден және еңбек заңнамасы, лицензиялау мен жер қатынастары салалары бойынша кедергілерге жиі кездеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/24952?lang=kk
Жаңа халықаралық әуе маршруттарына қатысты ақпарат 15.04.2025
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасынан халықаралық әуе қатынасы 28 елмен аптасына 660 рейс жиілігімен 121 әуе бағыттары бойынша орындалады.Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашу жұмыстарын жүргізуде.Осылайша, «SCAT» әуе компаниясы биыл Шымкент қаласының әуежайынан келесі жаңа халықаралық бағыттарды ашуды жоспарлап отыр:27 мамырдан бастап: Шымкент – Будапешт (Венгрия), аптасына 2 рейс;Шымкент – Мюнхен (Германия), аптасына 3 рейс;28 мамырдан бастап: Шымкент – Сиань (Қытай), аптасына 2 рейс;29 мамырдан бастап: Шымкент – Каир (Мысыр), аптасына 2 рейс;Шымкент – Шанхай (Қытай), аптасына 2 рейс;Шымкент – Сеул (Корея), аптасына 2 рейс;30 мамырдан бастап: Шымкент – Үрімші (Қытай), аптасына 2 рейс. «Air Astana» әуе компаниясы да бірнеше жаңа халықаралық бағыттарды іске қосуды жоспарлауда:30 наурыздан бастап ашылған рейстер:Алматы – Гуанчжоу (Қытай), аптасына 3 рейс;Алматы – Нячанг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;31 наурыздан бастап ашылған рейстер: Астана – Нячанг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;Жоспарлануда:20 сәуірден бастап: Алматы – Мумбай (Үндістан), аптасына 3 рейс;14 мамырдан бастап: Астана – Дананг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;27 мамырдан бастап: Атырау – Тбилиси (Грузия), аптасына 3 рейс;28 мамырдан бастап: Алматы – Ош (Қырғызстан), аптасына 4 рейс;31 мамырдан бастап: Атырау – Баку (Әзірбайжан), аптасына 3 рейс;1 маусымнан бастап: Алматы – Франкфурт (Германия), аптасына 3 рейс;4 маусымнан бастап: Алматы – Дананг (Вьетнам), аптасына 2 рейс. «Qazaq Air» әуе компаниясы биылғы жылы 1 мамырдан бастап Астана – Түркістан – Самарқанд жаңа халықаралық бағытын аптасына 2 рейс жиілігімен іске қосуды жоспарлануда.«Fly Arystan» әуе компаниясы биылғы жылы келесі жаңа бағыттарды ашуды жоспарлап отыр:18 мамырдан бастап: Алматы – Инин (Құлжа), аптасына 2 рейс;4 маусымнан бастап:Қарағанды – Ыстанбұл (Түркия), аптасына 2 рейс.Сондай-ақ, бірқатар шетелдік әуе компаниялар Қазақстан Республикасына жаңа рейстер ашуда:«Eastar Jet» (Корея):7 сәуірден бастап Сеул – Алматы бағыты ашылды, аптасына 2 рейс;Биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Пусан – Алматы бағыты ашылады, аптасына 2 рейс;«TWay» (Корея):Биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Сеул – Астана бағыты, аптасына 2 рейс;«Spice Jet»:Биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Дели – Алматы бағыты, аптасына 4 рейс;«Air Cairo» (Мысыр):3 сәуірден бастап Шарм-эль-Шейх – Қостанай бағыты ашылды, аптасына 1 рейс;13 сәуірден бастап Хургада – Алматы бағыты, аптасына 2 рейс;«Thai Air Asia X» (Таиланд):2025-2026 жылдардағы күз-жаз маусымында Бангкок және Пхукет қалаларынан Алматыға бағыттар жоспарланған.Жаңа әуе бағыттарының ашылуы жолаушылар үшін таңдау мүмкіндігін арттыруға, әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестікті күшейтуге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде тасымал бағасына оң әсер етіп, қызмет көрсету сапасының артуына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/974647?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ЖОЛ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНДА ЕКІ ТҮРЛІ ЖАҢА ҚҰРЫЛҒЫ ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ 15.04.2025
Сонымен қатар, Қазақстан аймағының климаттық жағдайларын ескере отырып, автомобиль жолдарына түсетін салмақ шарттарын анықтауға болады.Өнертабыс эксперименттік механика түріне жатады. Эксперимент қорытындыларын жол саласымен қатар басқа салаларға да қолдануға болады. Ұсынылған құрылғылар материалдардың созылу кезіндегі механикалық сипаттамасын анықтауға арналған. Сондықтан, осы тектес циклды, үнемі немесе сатылап түсетін салмақтан болатын сырғығыштыққа және ұдайы жылдамдық салмағынан болатын өзгерістерге қатысты да зерттеу жұмыстарына пайдалануға болады.Құрылғылардың айырмашылығы тек қана зерттелетін үлгінің жұмыс температурасына байланысты, яғни ҚҰРЫЛҒЫ-1 зерттеулерді -30 ±1ºС до +20 ±1ºС температурасында жүргізсе, ҚҰРЫЛҒЫ-2 +20 ±1ºС до +60 ±1ºС температураларында жүргізеді. Басқа айырмашылығы жоқ, сынақтардың жүргізілуі бірдей.Себебі, сырғығыштық пен релаксацияға сынақ жүргізу — тұтқыр серпімді материалдардың механикалық сипатын анықтаудың негізгі әдістемесі екендігі баршаға мәлім.Асфальтбетон автомобиль жол жамылғысы құрылымының негізгі материалдарының бірі болып келеді. Асфальтбетонның механикалық сипаты оған түскен күштің әсеріне, жылдамдығы, ұзақтығы, көлемі мен температурасына қатты тәуелді. Нақты жол жағдайында жол жамылғысының асфальтбетонды қабаттарындағы температура қоршаған орта температурасының өзгеруіне, автокөлік доңғалақтарынан түскен салмаққа, олардың ұзақтығы мен жылдамдығына байланысты көлемді шамада өзгеріп тұрады. Cондықтан, асфальтбетонның механикалық сипатын анықтау барысында жоғарыда аталған факторлар өзгерістерін ескерудің практикалық маңызы зор.Осы жаңа құрылғылар негізінде «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдарының жұмыс жағдайының шарттарын жасауға септігін тигізеді.Аталмыш құрылғы өзіндік бастама негізінде құрастырылып, іске қосылды. Осы өнертабысқа тапсырыс 06.10.2017 жылы жіберіліп, бүгінгі күні аталған тапсырысқа оң нәтиже берілетіндігі туралы хабарландыру алынды.Қазіргі кезде «ҚазжолҒЗИ» АҚ-да осы аталған жаңа құрылғылардың көмегімен экспериментті зерттеулер жүргізіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/24546?lang=kk
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ПАВЛОВНИЯ АҒАШЫНЫҢ АРНАЙЫ ТҰҚЫМБАҒЫ АШЫЛДЫ 15.04.2025
Түркістан облысы, Жетісай ауданында 1 гектар аумақ тұқымбаққа павловния ағашын дән арқылы өсіру ісі қолға алынып отыр.Биыл Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен өңірдегі аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар көше бойларына және қала, кент, ауылдық округтерде 40 мыңнан астам тал отырғызылды. Соның 1 мыңға жуығынпавловния көшеттері құрап отыр.Жалпы павловния ағашы Шығыс Азияның тропиктік аймағында көптеп кездеседі.Табиғи жағдайда Қытайда өсіріледі. Күншығыс елінде бүгінде бұл ағаштың 10-ға жуық түрі бар. Бұлардың биіктігі 20 метерге жуықтайды.Көктемде жапырақтары бүршік жармас бұрын шырағдан тәрізді гүлшоғыры гүлдейді. Гүлдері күлгін-қызғылт түсті болады.Бұдан басқа, алдағы жылы ауданда 1 гектар жерге зәйтүн ағашын отырғызу жұмыстары басталмақ. Қазіргі таңда 1 гектар аумаққақажетті зәйтүн көшеттері жылыжайдағы құтыларға отырғызылып, арнайы күтіп-баптау жұмыстары атқарылуда. Мамандар бұл зәйтүн көшеттерін көршілес Өзбекстан Республикасынан алып келген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/24350?lang=kk
АСТАНАДА 500 STARTUPS ЖӘНЕ INNOPOLIS UNIVERSITY-ДЕ ЖЕТЕКШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАР МЕН АКСЕЛЕРАТОРЛАР МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗДІ 15.04.2025
Шақырылған спикерлер табысты кейстердің тәжірибесімен бөлісті және стартаптарды құрудың ең инновациялық тәсілдерін айтып берді.Мастер-класс спикерлері табысты кәсіпкерге басшылыққа алуға қажетті құралдар туралы, стартаптың табысты дамуы үшін Индустрия 4.0 технологиясын қалай қолдану туралы, стартаптар үшін маркетингтің қандай стратегиялары және сатылымдары ең тиімді екендігін және 500 Startups акселераторына қалай кіру керектігін және Силикон алқабында инвестицияларды қалай тарту екендігі туралы айтып берді.Спикерлердің бірі - әлемнің 60 елінде 500-ден астам компанияны инвестициялаған 500 Startups акслераторының серіктесі Марвин Лиао айтқандай, табысты стартап-жобасының дамуында негізгі сәт-қызметтерді тұтынушылардан кері байланыстыалу болып табылады.«Сіздің әлеуетті клиентіңіз бен үнемі сөйлесіп, кері байланыс іздеңіз. Осының арқасында Сіз сіздің бизнесіңіз қандай кезеңде екенін, кемшіліктерді уақытында жою үшін жобада қандай қиыншылықтар бар екендігін әрдайым біле аласыз», - деп атап өтті Марвин Лиао.Сондай-ақ, Yahoo-ның бұрынғы коммерциялық директоры өз бизнесі саласында беталыстар мен трендтерді бақылау қажеттілігін атап өтті. Мұндай тәсіл клиенттер үшін дұрыс өнім таңдауға, оны уақытында жақсартуға көмектеседі және өз жобаңыздың қызметтерін қалай дұрыс пайдалану керектігі туралы нақты түсінік береді.Health IT- да ең ықпалды әйелдер рейтингісінің 10-дығына кіретін Татьяна Канзавеллидің пікірі бойынша, стартап жобасын жасау кезінде әріптестердің не үшін қажет екенін анық білу керек.«Мен әрдайымсіз әріптесіз деген кезде, сізде үш слайд болуы керек деп айтамын. Біріншіде серіктеспен ынтымақтастықтың сізге әкелетін пайдасы туралы ақпарат. Екіншіде – сіз осы серіктестерге қандай пайда әкелесіз, оларға сіз не үшін қажетсіз. Үшінші слайд - сіздің серіктесіңізбен ынтымақтастығыңыз ортақ клиенттерге не береді. Егер сіздің компанияңызда осы үш сұраққа жауап болмаса, онда ынтымақтастық туралы ешқандай мәселе болмайды, өйткені табысты бизнес дәл осылай жұмыс істейді»,- деп есептейді 500 Startups акселераторының тәлімгері, Кремний алқабының инвесторы, Open Health Network IT-стартабының негізін қалаушы.Сондай-ақ, мастер-класста өзінің стартап-идеяларымен тәжірибе жүргізу маңыздылығы туралы айтылды. Innopolis University тәлімгері, e-commerce және B2B саласындағы көптеген сәтті ғаламтор-стартаптардың негізін қалаушыМихаил Свердлов атап өткендей, тәжірибе неғұрлым көп болса, соғұрлым сәттілікке мүмкіндік көп болады. Бұдан басқа, спикер барлық стартаптардың мақсаты үздіксіз қозғалыс екенін айтады, «идея табысты бизнеске айналу үшін дамуы керек».Мастер-класс технологиялық кәсіпкерліктің құзыреттілігін арттыру, технологиялық кәсіпкерлікке қызығушылықты ынталандыру және инновациялық стартаптарды дамыту мақсатында өткізілді.Іс-шараның көрсетілімінің жазылуын Агенттіктің Youtube каналында көруге болады (https://www.youtube.com/watch?v=y9waVhvuTu0).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23928?lang=kk
Мемлекет басшысы Көлік министрі Марат Қарабаевты қабылдады 15.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің өткен жылы атқарған жұмысының қорытындысы бойынша есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.Марат Қарабаевтың айтуынша, былтыр көліктің барлық түрі бойынша тасымал көлемі 6 пайызға өскен. Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы жүк тасымалдау 62 пайызға ұлғайып, 4,5 миллион тоннаны құрады. Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында 3 жаңа жолаушылар терминалы салынды. 12 мың шақырым жол жөнделді. Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахань тас жолдарындағы жаңғырту жұмыстары аяқталды.Министрдің мәліметінше, отандық әуе компаниялары 14,7 миллион жолаушыны тасымалдаған. Бұл сектордағы көрсеткіш 10 пайызға ұлғайған. Әуежайларда 29,7 миллион адамға қызмет көрсетілген, яғни 14 пайызға артқан. Теміржол көлігімен 21 миллион жолаушы тасымалданып, өсім 3,9 пайызды құраған.Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл ведомствоның Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне 19 жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отырғаны жөнінде баяндалды. Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі әуежайларының құрылысы басталды. Сонымен қатар 125 теміржол бекетін жаңғырту жұмыстары қолға алынады. Достық – Мойынты, Алматы айналма теміржолы, Дарбаза – Мақтаарал, Аягөз – Бақты және Қызылжар – Мойынты секілді 5 ірі теміржол жобасы жүзеге асырылып жатыр.Кездесу соңында Президент қазақстандықтардың жол жүруіне анағұрлым қолайлы жағдай жасау, туристік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.Мемлекет басшысы Орталық – Батыс автожолының құрылысын жеделдету, Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін кеңейту, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту, ішкі және халықаралық әуе рейстерінің санын көбейту, көлік секторына инвестиция тарту жұмысын күшейту жөнінде тапсырма берді.Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласын өркендетудің, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асырудың маңызына ерекше назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/973677?lang=kk
«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ АСТАНАДА ТАЛҚЫЛАНДЫ 15.04.2025
Форум екі елдің басшылары – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бейнеүндеуімен басталды.Бизнес-форумда ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қытай Халық Республикасының Коммерция вице-министрі Жэнь Хунбин, екі елдің ұлттық компанияларының, сыртқы сауда палаталарының басшылары және ірі бизнес өкілдері баяндама жасады.Жеңіс Қасымбек атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша былтыр еуразиялық көлік дәлізін дамыту мен тасымалдар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Жібек жолының экономикалық белдеуін» құру туралы ынтымақтастық Жоспарына қол қойылды.Бұл жоспарды іске асыру біздің елдеріміздің географиялық орналасуының артықшылықтарын толығымен пайдалануды, ескі және жаңа автожолдар мен теміржолдарды реконструкциялауды, Қытайдан ЕО-ға дейінгі аумақта халықаралық логистикалық орталықтардың және хабтардың заманауи желісін құруды және сауда-саттықты арттыруды қамтамасыз етеді.«5 жылда біз Ляньюньган портын, Қытай шекарасындағы Қорғас құрғақ портын, Каспий теңізіндегі Ақтау портын, Орталық Азия елдерін Парсы шығанағымен және Иранның оңтүстігіндегі Бендер Аббас портымен байланыстыратын жалпы ұзақтығы 900 шақырым болатын «Қазақстан - Түрікменстан - Иран» теміржол дәлізін, бір бөлігі Қазақстанның аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі сияқты бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды пайдалануға бердік», - деді министр Жеңіс Қасымбек.Сонымен қатар, индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық аясындағы жалпы Қазақстан-Қытай бірлескен жобаларын жүзеге асыру белсенді түрде іске асырылуда. Оған жалпы құны 27 млрд. АҚШ долларынан асатын 51 жоба кіреді. Бұл жобаларды іске асыру арқылы 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.ҚР Инвестициялар және даму министрі сәтті іске асырылып жатқан бірлескен жобалар туралы да айтты.«2017 жылы әлемдегі ең ірі логистикалық компания «COSCO Shipping» Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту үшін «Қорғас Шығыс қақпасы» АЭА-дағы «Құрғақ порттың» 49% үлесін сатып алды. Қостанай облысында JAC автомобильдерін шығару жобасы жүзеге асырылды, Павлодар облысындағы полипропилен ұнтағын өндіру, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында рапс майын өндіру жобалары сәтті жүзеге асты», - деді министр.Қазіргі уақытта Қытай Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестиция құю жөнінен көшбасшылардың бірі. Соңғы 10 жылда көрші мемлекет тарапынан инвестициялық жобаларға 15 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция тартылды. Қытай компаниялары еліміздегі индустрия саласына және ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға белсенді түрде атсалысуда.2017 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сыртқы сауда айналым 30%-дан асып, 10,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Айта кету керек, «Бір белдеу – бір жол» Ұлы Жібек Жолын дамыту идеясын алғаш рет Астана қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин айтқан болатын.Сонымен қатар, бизнес-форум аясында Қазақстан мен ҚХР арасындағы нақты инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланып, бірқатар екіжақты кездесулер ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23462?lang=kk
ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ 700 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҒЫ АНЫҚТАЛДЫ 15.04.2025
Тексерістер нәтижесінде 700 заң бұзушылық анықталды. Олардың ішінде жеке құтқару құралдарынсыз кемелерді пайдалану, кеме құжаттарының болмауы және жеке тұлғаның сәйкес құқығынсыз кемені басқару сияқты заң бұзушылықтар жиі кездеседі.Тексерістерден бөлек, Комитеттің аймақтық органдары кеме иелерімен, шағын көлемді кемелердің тұрақтары және демалыс орындары иелерімен шағын көлемді флотты пайдалану мәселелері бойынша профилактикалық шараларды өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23457?lang=kk
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІСКЕР ТОПТАР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ 15.04.2025
Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар өзара достыққа, бауырластық пен сенімге негізделген. Сауда айналымы жөнінен Түркия Қазақстанның стратегиялық серіктестерінің алғашқы ондығына кіреді. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 27 пайызға өсіп, 2 миллиард АҚШ долларына жуықтады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Мемлекет басшысы инвестициялық ынтымақтастық пен экономиканың түрлі салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, тәуелсіздік алғаннан бері елімізге Түркия 3 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция құйғанын және бүгінде Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 2 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істеп отырғанын атап өтті.Сонымен қатар, Қазақстан Президенті екі ел кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған «Жаңа синергия» бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелері жөнінде айтты.– Осы бағдарлама аясында құны 800 миллион доллар болатын 23 жоба іске қосылып, 3 мың жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік берді. Кеше елдеріміздің бизнес өкілдері құны 1,7 миллиард доллардан асатын 24 келісім-шартқа қол қойды. Бұл – біздің өзара сенім мен ынтымақтастығымыздың жарқын мысалы, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық артықшылықтарына және елімізде бизнес жүргізу үшін жасалған қолайлы жағдайларға назар аударды.– Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кешенді жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлікті дамыту үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» рейтингінде Қазақстан 190 елдің арасында 36-орында. Біздің мемлекет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Инвестициялық комитетінің мүшесі болып саналады, – деді Қазақстан Президенті.Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі мен «Қазақ Инвест» компаниясының жұмысы және инвесторлар үшін қарастырылған түрлі жеңілдіктер жөнінде айтты.– Қазақстанда 11 арнайы экономикалық және 24 индустриялық аймақ бар. Олардың жұмысына қатысушылар үшін салықтық және өзге де жеңілдіктер қарастырылған. Түрік компанияларын Қазақстанда өз бизнестерін өркендетуге шақырамын, – деді Мемлекет басшысы.Сонымен қатар, Қазақстан Президенті еліміздің көлік-транзит әлеуетінің мүмкіндіктеріне жан-жақты тоқталды.– Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы трансконтинентальды мультимодальды жүк тасымалын белсенді дамытуда. Еліміз арқылы 5 темір жол және 6 халықаралық автомобиль жолы өтеді. Транскаспий мультимодальды жүк тасымалын дамыту үшін көп жұмыс атқарылуда. Ақтау портын жаңғыртып, оның мүмкіндіктерін кеңейттік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Мемлекет басшысы Қазақстандағы өнеркәсіп кәсіпорындарын жекешелендіру үдерісіне және агроөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық жобаларды іске асыруға шетелдік инвесторлардың қатысу мүмкіндігі бар екенін де атап өтті.Сонымен қатар, Қазақстан Президенті түрік бизнесмендерін Назарбаев университеті мен Инновациялық технологиялар паркі базасында құрылған инновациялық кластерлердің жұмысына атсалысып, туристік саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды.– «ЭКСПО-2017» көрмесінің базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысы істей бастады. Бұл орталық Нью-Йорк, Сингапур, Лондон және Дубай қалаларындағы қаржы орталықтарының үздік моделі негізінде жұмыс жүргізеді. Оның құқықтық мәртебесі конституциялық заңмен бекітілді, жұмыс тілі – ағылшын тілі. Бұл – өңірдегі қызметі ағылшын құқығына негізделген бірден-бір орталық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының негізгі артықшылықтары жөнінде айтып, бұл орталықтың жұмысына қатысушылар үшін арнайы салық, валюта, виза және еңбек режімдері енгізілгенін атап өтті.Соңында Қазақстан Президенті екі ел бизнесмендерін бүгінгі жасалып отырған мүмкіндіктің бәрін пайдалана отырып, мемлекетаралық байланыстарды дамыту және нығайту ісіне белсенді атсалысуға шақырды.Ақпарат көзі: akorda.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23444?lang=kk