Enbekshi QazaQ

Қуқық

Шонжыда жаңа цифрлық кеңсе ашылды 15.10.2025
Ұйғыр ауданында заманауи цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы пайдалануға берілді.Жаңа кеңсе 600-ден астам мемлекеттік қызмет түрін ұсынады. Бұған дейін аудан тұрғындары құжат рәсімдеу үшін көрші аудандарға баруға мәжбүр болса, енді барлық қажетті қызметтер бір жерден қолжетімді болып отыр.Аудан тұрғыны Селимам Варисова жаңа кеңсенің ашылуы тұрғындар үшін үлкен жеңілдік болғанын айтады: «Бұрынғы орталық ескі, тар әрі суық болатын. Қазір кеңсе кең, жарық, өте ыңғайлы. Бір апта бұрын паспортқа өтініш берген едім, дәл бүгін дайын болыпты. Ресми ашылу күніне тап келгеніме қуаныштымын», – дейді ол.Жаңа кеңседе қызмет көрсету процесі бірнеше функционалды аймаққа бөлінген. Мұнда АХАЖ бөлімі, жер кадастры, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерге қатысты қызметтер, сондай-ақ басқа да мемлекеттік бөлімдер орналасқан.Бұл жүйе келушілер ағынын тиімді реттеуге, қызмет көрсету уақытын қысқартуға және кезек күтуді азайтуға мүмкіндік береді.Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова бұл нысанның ашылуын өңірдің цифрлық даму бағытымен тікелей байланыстырады: «Президентіміздің цифрландыру бағытында берген тапсырмасының бірден-бір көрінісі – осы орталық. Барлық қызмет интернет желісімен толық қамтылған. Келешекте музей салу жоспарда бар. Сондай-ақ кезең-кезеңімен тұрғын үйлер де салынып жатыр», – деді әкім.Аудан тұрғындары үшін бұл жаңа кеңсе маңызды әлеуметтік жобалардың бірі болып отыр. Бұрын күрделі құжат рәсімдеу үшін Еңбекшіқазақ ауданына баруға тура келетін. Енді негізгі қызметтердің барлығы өз ауданында көрсетілмек.Жаңа ғимараттың жалпы ауданы 2000 шаршы метрді құрайды. Құрылысына 1 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған. Кеңсе заманауи талаптарға сай жабдықталып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған.Жаңа цифрлық кеңсе – Ұйғыр ауданы тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, мемлекеттік қызметтерді ашық әрі тиімді ұсынуға бағытталған тағы бір нақты қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1083871?lang=kk
Алматы облысының әкімі Алатау қаласының тұрғындарымен кездесті 15.10.2025
Бүгін 2025 жылдың 9 қазанында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алатау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шараға қала тұрғындары, облыстық мәслихаттың төрағасы, басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың төрағалары және мүшелері қатысты.Кездесу барысында облыс басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталып, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында баяндады. Баяндамадан кейін Марат Елеусізұлы азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.  2 сағаттан аса уақытқа созылған жиында жалпы саны – 17-ге жуық мәселе бойынша талап-тілек пен өтініштер қаралды. Облыс әкімі жауапты басқармалармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе, сұрақтардың жауабын қарастырып, тиісті мекемелерге бірқатар шешімдер ұсынып, тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелер: жол, көше жарығы, жер, баспана, жол белгілері мен бағдаршамның жоқтығы жайлы болды. Сонымен қатар, тұрғындар қалаға мәдениет үйі мен жастарға арналған спорт кешенін салып беруді сұрады. Одан бөлек Алатау қаласының құрылуымен байланысты туындаған спецификалық мәселелер де айтылды.Атап өтсек, бұрынғы Жетіген қазіргі Алатау қаласында қырық жылдан аса уақыт тұрып келе жатқан қала тұрғыны Құралай Малдыбаева жол мәселесін көтерді. Оның айтуынша, әр жылы жолдың жартысы ғана салынады екен, сондықтан облыс басшысынан қала бойынша толықтай қашан жол төселетіні жайлы сұрады.Бұл сұраққа Алатау қаласының әкімі Аркен Утенов жауап берді. «Жолды салу үшін бірінші қаражат керек, сосын жоба керек. Бүгінгі күні Алатау қаласының 102 көшенің жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамада қаралып жатыр. Жыл соңына дейін сараптамадан шықса, келесі жылы қаражаттың бөлінуіне қарай қалған көшелерге жол төселеді», - деді ол.Сонымен қатар, тұрғын қала болғалы жағдайдың біршама жақсарғанын да жасырмады. Мысалы, бұрын инфрақұрылым тұрмақ, ұялы байланыстан да мақұрым болғандарын алға тартты. Қазіргі уақытта, бұл мәселе өз шешімін тауыпты.Тағы бір көтерілген мәселе, жер мәселесі болды. Бұл жолы тұрғындардың атынан олардың заңгер кеңесшісі Махаббат Тұрысбекқызы сауал жолдады. Оның айтуынша, Алатау қаласы құрылмай тұрып 35 тұрғын Іле ауданының аумағынан жеке шаруашылығын жүргізуге әкімдіктен жер алған. Бірақ құжаттарын рәсімдеп үлгермеген. Соған облыстың деңгейде көмек көрсетуді сұрады.Өз кезегінде Марат Елеусізұлы қала болған соң, шаруашылық жер деген болмайтынын сондықтан құжаттардың негізі мен заңдылығын тексеру қажет екенін айтты. Сондықтан, Алматы облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Аманжол Абдрахмановқа мәселені қолға алуды тапсырды.Ал мәдениет үйі мен спорт кешеніне келсек, олардың жобасы дайын және қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқанын айтты. Сараптамадан сәтті өтсе, келесі жылы конкурсқа өтінім береміз деп халықты жақсы жаңалықпен қуантты.Сонымен қатар, Жаңаарна ауылының тұрғыны тас жолдың бойында адам жүрер жолдың жоқтығын, сол себепті көпір немесе жерасты жолын салып беруді сұрады. Бұл сұраққа қала әкімі Аркен Хамитұлы жобаның дайын және жақын арада көпір салынады деп жауап берді.Жиында баспана мәселесіне қатысты жеке сауалдарын да көтерген әлеуметтік осал топтар санатына жататын тұрғындар да болды. Оларға облыс әкімі үйдің тек кезекпен берілетінін жеткізді.Кездесу соңында Марат Сұлтанғазиев бүгінгі күнге дейін қала мен облыстың күшімен біраз жұмыстардың атқарылғанын және алдағы уақытта арнайы заң қабылданған соң барлық сұрақтар республикалық деңгейде шешілетініне сенімді екенін айтты. Бұл жылдар бойы жиналған мәселелердің жылдам қаралуына ықпал етеді деген үмітте екенін де жасырмады. «Құрметті Алатау қаласының тұрғындары біраз сұрақты талқыладық, біраз жұмыстар жасалды. Қаланың бюджеті үш есе артты. Қазіргі уақытта, атқарылып жатқан жұмыстарға өзіміздің күшімізбен жеттік. Енді заң шыққан соң қаржыландыру тез шешілетін болады. Бұл үшін арнайы қор да құрылады, инвесторлар саны артады. Сол кезде коммерциялық жобалардан бөлек, әлеуметтік жобаларды да енгізуге тырысамыз. Алдағы уақытта, өндіріс ошақтары салынса, жұмысшы мамандықтарға сұраныс артады. Сондықтан жастарды жұмысқа баулиық. Әрине мәселелер де бар оның барлығы бірте-бірте кезең-кезеңімен шешілетін болады. Бүгінгі кездесуден біраз мағлұмат алдық енді сол бағытта жұмыс істейтін боламыз», - деді облыс әкімі.Әкім тұрғындардың әрбір сұрағы назардан тыс қалмайтынын айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.Айта кетейік, кездесу ашық форматта өтті және бастан-аяқ тікелей эфирде жүріп отырды. Яғни қаланың кез келген тұрғыны келіп қатысып, өзінің сұрағын облыс әкіміне қоюға құқылы болды. Ал кездесуге келе алмағанда сауалдарын тікелей эфир арқылы жолдады. Кей тұрғындар күйбең тіршілікпен облыс әкімінің қабылдауына жете алмай жүргендерін айтып, өңір басшысының өзі келгеніне ризашылықтарын да білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1083876?lang=kk
Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында 200 келіден астам жиде тұқымы жиналды 15.10.2025
Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жиде мен Шренк шыршасының тұқымын жинау апталығы басталды. Шараның негізгі мақсаты – орман қорын толықтыру, табиғи тұқым қорын қалыптастыру және жастардың экологиялық мәдениетін арттыру.7 қазанда Бақанас орман шаруашылығында өткен іс-шараға орманшылармен қатар колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Нәтижесінде бір күн ішінде 200 келіден астам жиде тұқымы жиналды.Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, биыл өңірде шамамен 1,5 тонна жиде мен Шренк шыршасының тұқымын жинау жоспарланған. «Әрбір жиналған тұқым – ертеңгі жасыл орманның бастауы. Бұл – өңірдің экологиялық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам», – деп атап өтті басқарма басшысы Қанат Нүсіпбаев.Жиналған тұқымдар көктемде облыстық орман тұқымбақтарына жеткізіліп, көшеттерге айналдырылмақ. Кейін олар орман қоры жерлеріне отырғызылып, өңірдің жасыл аймағын кеңейтуге қызмет етеді.2021 жылдан бері Алматы облысында 17,4 мың гектар аумаққа 38,3 миллион ағаш отырғызылды. Бұл – Мемлекет басшысының 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындаудағы өңірдің нақты үлесі саналадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1083915?lang=kk
Балқаш ауданында газ қолжетімді бола түсті 15.10.2025
Балқаш ауданындағы елдімекендер жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен көгілдір отынға қол жеткізіп келеді. Жыл соңына дейін Бақанас ауылындағы жаңа шағынаудан мен Ақжар ауылында газ құбырын орнату жұмыстары толық аяқталмақ.– 2019 жылдан бері Балқаш ауданында газбен қамту ісі жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 2023 жылы Миялы, Бақбақты, Бірлік, Бақанас, Ақдала және Бояулы ауылдарындағы 1500 тұрғын үйге газ берілді. Қазіргі таңда тұрғындар көгілдір отынның игілігін көруде. Биыл «ТурГаз» ЖШС-мен Ақжар ауылына газ тарту үшін 809 миллион теңгеге келісімшарт жасалды. Сондай-ақ, Бақанас ауылындағы жаңа ықшамауданды газбен қамтамасыз етуге 414 миллион теңге бөлінген. Жыл соңына дейін осы екі жоба толығымен аяқталады. Сонымен қатар, Береке ауылына газ құбырын тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 1 миллиард 199 миллион теңгеге мердігермен келісімшарт жасалды. Бұл жоба келесі жылға жоспарланған. Бұған қоса, Бура, Үшжарма және Ақкөл ауылдарын газбен қамту 2026–2027 жылдарға арналған бюджет жоспарына енгізілді. Осылайша, 2027 жылға дейін аудандағы 20 елдімекеннің 11-і, яғни 55 пайызы газ желісіне қосылады. Қалған ауылдар 2030 жылға дейінгі бас жоспарға енгізілген, – деді Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов.Бақанас ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Үміт Байдабекова газ желісіне былтыр қосылғанын айтты.– Бұған дейін жыл сайын 4–5 тонна көмір жағып, қатты отын дайындау үлкен шығын мен күшті талап ететін. Қазір үйіміз жылы, балалар да қауіпсіз. Газ қосылған соң тұрмысымыз жеңілдеді, – деді ол.Ал Ақжар ауылының тұрғыны Гүлмария Шопанбаева: – Қазір үйлерімізді пеш жағу арқылы жылытып отырмыз. Бір тонна көмірдің бағасы 35–40 мың теңге тұрады. Бұл – едәуір шығын. Газ құбыры орнату жұмыстары аяқталып, көгілдір отынға тезірек қол жеткізсек деген үміттеміз, – дейді ауыл тұрғыны.Бүгінгі таңда Ақжар ауылында жоғары қысымды 5397 метр, орташа қысымды 1127 метр және төмен қысымды 6715 метр газ құбыры тартылып, 46 үйге газ есептеуіш орнатылған. Құрылыс жұмыстары жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1083949?lang=kk
«Сардар-2025»: Құрлық әскерлері әскери институтының 200-ге жуық курсанты командирлік дайындықтан өтті 14.10.2025
С. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының Әли» оқу орталығында ұйымдастырылған «Сардар» командирлік дайындық курсы сәтті аяқталды. Оқу барысында соңғы курс курсанттары үш күндік далалық қарқынды дайындықтан өтіп, кәсіби білімдерімен қатар, көшбасшылық қасиеттерін де сынап көрді.Бүгінгі қауіп-қатері көп, өзгермелі заманда офицерге жан-жақтылық, стратегиялық ойлау, күрделі әрі тосын жағдайларда әрекет ете білу секілді жоғары талаптар қойылады. Осыған орай, курс барысында мамандықаралық бөлімшелер құрылып, мотоатқыштар, танкистер, инженерлер мен артиллеристер бірлесіп жұмыс істеді.Курстың басты мақсаты болашақ офицерлерді шешім қабылдай білуге, нақты әрі нық бұйрық беруге, бөлімшені басқаруға және нәтижеге толық жауапкершілікпен қарауға үйрету болды. Әр курсант кезекпен командир рөлін атқарып, шынайы жағдайға ұқсас ортада тәжірибе жинады. Мұндай дайындық – нақты ұрыс алаңындағы офицерлік шеберліктің негізі.Бөлімшеге үш күн бойы жетекшілік еткен курсант Мирас Төлеусаринов өз әсерін былайша жеткізді:– Командир болу – үлкен сынақ әрі зор жауапкершілік. Әр жауынгердің мүмкіндігін ескере отырып, шұғыл әрі дұрыс шешім қабылдауға тура келеді. Сондай сәттерде ғана шынайы командир болудың не екенін терең түсінесің, – деді ол.Тактикалық және басқару дағдыларынан бөлек, курс барысында заманауи қауіп-қатерлерге ерекше мән берілді. Курсантар ұшқышсыз ұшу аппараттары секілді әуе нысаналарын жоюға арналған жаттығуларды орындап, қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың өзгерген сипатына бейімделе түсті.«Сардар» курсының жоғары нәтижелілігі елімізде заманауи талаптарға жауап бере алатын, кәсіби және шешім қабылдауға қабілетті жаңа буын офицерлері қалыптасып жатқанын дәлелдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1082788?lang=kk
ҚР ҚМ МКК Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды 14.10.2025
ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңадан тағайындалған басшысыны - Қ. Ж. Балтабековты таныстырды.Оның салық және қаржы салаларында айтарлықтай тәжірибесі бар. Ол еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы салық инспекциясында маманнан бастап бас салық инспекторына дейін көтерілді.Кейінгі жылдары Қ. Балтабеков Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының салық органдарында, сондай-ақ Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бірқатар басшылық қызмет атқарды. Ал 2022 жылдан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1082805?lang=kk
Сауда көлемі артып келеді: Қазақстан мен Өзбекстан экспорт жоспарлары мен бірлескен жобаларды үйлестіруде 14.10.2025
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Хуррам Тешабаевпен кездесу өткізді. Өзбекстан – Қазақстанның Орталық Азиядағы басты сауда әріптестерінің бірі. Екі тарап өзара сауданы 10 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайту мақсатына жүйелі қадам басып келеді. 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында тауар айналымы 3 миллиард АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,5%-ға өсті. Оның ішінде Қазақстаннан Өзбекстанға экспорт көлемі 2,2 миллиард АҚШ долларын құрап, 26,7%-ға артты. Сауда балансының оң сальдосы 1,4 миллиард долларды құрады. Қазақстанның жоғары қосылған құны бар өнімдердің экспорты қарқынды артып келеді. Бұл үрдіс әсіресе металлургия, мұнай-химия, машина жасау және агроөнеркәсіп кешені салаларында байқалады. Өзбекстан тарапына жалпы құны 550 миллион АҚШ долларынан асатын 40 перспективалы тауардың жаңартылған тізімі ұсынылды. Сонымен қатар, экспорттық акселерация бағдарламасы мен сауда қаржыландыру құралдары белсенді қолданылуда. Бұл қазақстандық компанияларға өзбек әріптестері үшін икемді әрі бәсекеге қабілетті шарттар ұсынуға мүмкіндік береді. Кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесі де талқыланды. Қазіргі таңда жалпы құны 4,4 миллиард АҚШ долларын құрайтын 34 жоба және 2,6 миллиард долларға тең 7 сауда келісімі пысықталуда. Қазақстан тарапы жобалардың дайындық деңгейіне қарай басымдық беруді және жол картасын нақтылауды ұсынды. Сонымен қатар, жаңа өндірістерді іске қосу және әкімшілік кедергілерді жою бағытында нақты қадамдар жасалып жатыр. «Агроөнеркәсіп саласында өзара сауда көлемі тұрақты өсіп келеді. 2025 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша аграрлық өнімдермен өзара тауар айналымы 27,6%-ға артып, 1,3 миллиард АҚШ долларын құрады. Қазақстаннан бидай, ұн, ет, қант және басқа да өнімдердің экспорты тұрақты түрде өсуде. Сонымен қатар, ePhyto платформасы арқылы екі елдің фитосанитариялық жүйелерін цифрлық интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл өзара саудада ашықтықты қамтамасыз етіп, тәуекелдерді азайтуға септігін тигізеді», – деп атап өтті Айдар Әбілдабеков.Сапар аясында вице-министр Айдар Әбілдабеков Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының құрылыс алаңына барды. Аталған жоба екі ел арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға бағытталған стратегиялық бастама. Ол бірыңғай өндірістік және логистикалық платформа ретінде аймақтық экономикалық ықпалдастықты күшейтуді көздейді. Қазіргі таңда орталық аумағында сегіз өндірістік ғимараттың қаңқасы орнатылып, инфрақұрылымдық және құрылыс жұмыстары жалғасуда. Қазақстан, Өзбекстан және үшінші елдерден келген инвесторлармен тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, логистика және экотехнологиялар салаларында жобаларды іске асыру бойынша келісімдер жасалуда. Қазақстан тарапы Ауғанстан арқылы өтетін транзиттік бағыттарды дамыту бастамасын қоса алғанда, ортақ логистикалық стратегия әзірлеуді қолдайтынын мәлімдеді. Қазіргі таңда тараптар нарыққа өзара қолжетімділікті арттыру және қалған сауда кедергілерін жою бойынша белсенді диалог жүргізуде. Айта кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 22-ші Үкіметаралық комиссия отырысы 2025 жылғы 22–23 қазан күндері Хиуа қаласында өтеді. Күн тәртібінде жаңа бастамаларды талқылау, қолданыстағы жобалардың іске асу барысын қарау және өзара ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын анықтау көзделіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1082978?lang=kk
Қазақстан Елшісі Ирак Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 14.10.2025
Бағдад, 2025 жылғы 8 қазан – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбайдың еліміздің Ирактағы Елшісі қызметін қоса атқарушы ретінде Ирак Республикасының Президенті Әбдел Латиф Жамал Рашидке сенім грамоталарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.Салтанатты рәсімнің соңында тараптар Қазақстан мен Ирак арасындағы қатынастарды нығайтуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.Елші Т.Шалданбай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізіп, еліміздің екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуге бейілділігін растады.Өз кезегінде, Ирак Президенті екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға ниетін білдіріп, Елшіге дипломатиялық қызметінде табыс тіледі.Сенім грамоталарын тапсыру қарсаңында қазақ дипломаты Ирак Премьер-Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі Фуад Хусейнмен кездесті. Оның барысында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі нақты қадамдар талқыланып, саяси диалогты дамытудың, сондай-ақ сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығы аталып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1083827?lang=kk
Астанада Францияның «Ellipse Group» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек Францияның «Ellipse Group» компаниясының халықаралық даму жөніндегі директоры Анастасия Колосимомен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, оның ішінде заманауи перинаталдық орталықтарды салу және жабдықтау, сондай-ақ жеке медициналық мекемелерді дамыту мәселелерін талқылады.Кездесу барысында Ә.Қуантыров Қазақстанның заманауи медициналық инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беретінін және ірі жобаларды іске асыруда озық технологиялар мен тәжірибесі бар халықаралық компаниялармен серіктестікке ашық екенін атап өтті.Өз кезегінде бұған дейін Франция Президенті Эммануэль Макронның халықаралық стратегия және коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған А.Колосимо компанияның Қазақстандағы қатысу аясын кеңейтуге мүдделі екенін білдірді. Ол «Ellipse Group» Қазақстанды тұрақты экономикалық өсімі мен қолайлы инвестициялық ахуалы бар сенімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.Ellipse Group энергетика, денсаулық сақтау, цифрлық технологиялар және азаматтық құрылыс салаларындағы стратегиялық инфрақұрылымдық нысандарды қаржыландыру және «кілтпен тапсыру» қағидаты бойынша салуға маманданған. Компания Еуропа, Азия және Африка елдерінде жобаларды жүзеге асырып, ЕО-ның жетекші экспорттық-кредиттік агенттіктері мен банктерімен ынтымақтасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1082939?lang=kk
Қарағандылық синхроншылар Азия чемпионатында жарқын жеңіске жетті 14.10.2025
Қарағанды облысының спортшылары су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында айрықша табысқа қол жеткізді. Құрлықтық дода Үндістанның Ахмадабад қаласында өтуде. Чемпионат бағдарламасына төрт спорт түрі енгізілген: жүзу, суға секіру, су добы және әртістік (синхронды) жүзу.Қарағанды облысының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері әртістік жүзу сайысында сенсациялық нәтиже көрсетті. Спортшылар қоржынына жалпы 28 медаль түсті, оның 19-ы алтын, 4-і күміс, 5-і қола.Бұл жетістік қарағандылық спортшылардың жоғары дайындық деңгейін, кәсіби шеберлігін және өңірдегі су спорты мектебінің Азия кеңістігіндегі беделін айқын дәлелдеді.Жүлдегерлер қатарында – Наргиз Болатова, Ксения Макарова, Виктор Друзин, Карина Магрупова, Ясмин Туякова, Арина Пушкина және Даяна Джаманчалова бар. Қарағандылық синхроншылар жеке және топтық бағдарламаларда, сондай-ақ дуэт және микс-дуэт санаттарында үздік өнер көрсетті.Бұл жарқын жеңіс – спортшылардың еңбегі мен табандылығының, бапкерлердің кәсіби дайындығының және Қарағанды облысының спорт саласына жүйелі қолдауының нәтижесі.Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1083084?lang=kk
Қазақстан мен Израиль СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 8 қазан – Израиль тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесті.Г.Саар әріптесін жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметіне сәттілік тіледі.ҚР СІМ басшысы алғысын айтып, екі ел арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды жан-жақты дамытуға дайын екенін растады.Сұхбат барысында өзара биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды. Сонымен бірге тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1083130?lang=kk
Қостанайда Машина жасау саласы күні мен Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай марапаттау өтті 14.10.2025
Саланың үздік өкілдеріне марапаттарды Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов табыстады.Машина жасау – өңір экономикасының негізгі салаларының бірі және өңдеу өнеркәсібінде жетекші орын алады. Машина жасау үлесі өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 55 пайызын құрайды. Кәсіпорындарда 8 мыңнан астам адам еңбек етіп, отандық өндірісті дамытуға айтарлықтай үлес қосуда.Ағымдағы жылдың сегіз айында сала кәсіпорындары 800 миллиард теңгеден астам өнім өндірді. Бұл – автомобильдер, комбайндар, тракторлар, тіркемелі және аспалы ауыл шаруашылығы техникасы, құрал-жабдықтар және басқа да өнім түрлері.- Сіздердің еңбектеріңіз – жай ғана өндіріс емес, бұл – өңірдің экономикалық дамуының негізі, инновациялардың қозғаушы күші және прогрестің тірегі. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен ісіңізге деген адалдықтарыңыз ең жоғары бағаға лайық, – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Өңір басшысы атап өткендей, облыста машина жасау саласын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған инвестициялық жобалар іске асырылуда.2024 жылы облыста жалпы құны 50 миллиард теңге болатын бес инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл жалпы құны 312 миллиард теңге болатын тағы бес жоба іске қосылмақ, бұл өз кезегінде 3,2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.Ірі жобалардың бірі – KIA маркалы автомобильдерді толық циклмен өндіретін зауыттың құрылысы. Мұнда шамамен 1500 жаңа жұмыс орны ашылады.- Жаңа зауыттың іске қосылуы өңірдің отандық автомобиль жасау орталығы ретіндегі беделін одан әрі арттыра түседі. Негізгі басымдық жергілікті кадрларды даярлауға, инженерлер мен жұмысшылардың кәсіби және технологиялық біліктілігін арттыруға бағытталады, – деді облыс әкімі.Құмар Ақсақаловтың айтуынша, барлық жобалардың жүзеге асырылуы Қостанай облысын индустриялық дамудың жаңа деңгейіне шығарып, елдегі жетекші машина жасау орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтады.Салтанатты рәсім барысында мемлекеттік және мерейтойлық марапаттар табысталды.«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталғандар:Майконов Арғұлан Салтанатұлы, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС атқарушы директоры;Шмелюк Иван Васильевич, «Астык» элеватор жабдықтары зауыты» ЖШС газоэлектрдәнекерлеушісі.«Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталғандар:Қуанышбаев Сейтбек Бекенұлы, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры;Дарменов Ағынғали Дәутбайұлы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1083144?lang=kk
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады 14.10.2025
Президентке республикалық бюджеттің орындалуы және мемлекет қаржысын цифрландыруды ілгерілету жұмыстары жөнінде баяндалды.Министрдің айтуынша, биыл республикалық бюджетке 21,6 триллион теңге көлемінде кіріс түскен. Оның 15,2 триллион теңгесін салық түсімдері құрайды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 23,4 пайыз жоғары. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бюджет 101,6 пайыз орындалып, оның әлеуметтік бағыты сақталып отыр.Қасым-Жомарт Тоқаевқа салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру шаралары, Арнаулы мемлекеттік қордың түсімдері туралы мәлімет берілді.«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын іске асыруға баса назар аударылды. Жаңа құжат рәсімдердің мерзімін қысқартуды, олардың ашықтығын қамтамасыз етуді және отандық тауар өндірушілерді қолдауды көздейді. Қазіргі уақытта қазынашылықтың ақпараттық жүйесіндегі талдау және бақылау үдерістері толық автоматтандырылды.Мемлекет қаржысын цифрландыру аясында Big Data қалыптастыруға және толықтыруға, сондай-ақ салық пен кеден салаларына жасанды интеллектіні енгізуге ерекше мән беріледі.Президентке мемлекеттік аудиттің нәтижелері таныстырылды. Биылғы 8 айда 791 тексеру жүргізіліп, сомасы 337,5 миллиард теңге болатын қаржының заңсыз жұмсалғаны анықталды.Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру мен барлық әлеуметтік міндеттемені орындау керек екеніне тоқталды. Сондай-ақ цифрландыруды одан әрі дамыту және заманауи бақылау тетіктерін енгізудің маңызын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1083175?lang=kk
ҚР ҚМ МКК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды 14.10.2025
ҚР  Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары  Жәнібек Нұржанов МКК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне жаңадан басшыны - Аманжол Жақановты таныстырды.Аманжол Жақановтың салық органдары жүйесіндегі еңбек өтілі 25 жылдан асады. Ол 1997 жылы Қостанай облысы бойынша Салық комитетінде маманы болып жұмыс істеп, Лисаков қаласы мен Әулиекөл ауданының салық басқармаларында басшылық қызметтер атқарды. Әр жылдары Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарында департаменттерді басқарды.Қызмет еткен жылдары Аманжол Жақанов өзін салық және қаржылық бақылау саласында терең теориялық білімі мен практикалық тәжірибесі бар жауапты басшы ретінде көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1083181?lang=kk
Қазақстан мен Молдованың сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 8 қазан – Молдова тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Молдова Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Михай Попшой арасында телефон арқылы сөйлесу өтті.М.Попшой әріптесін тағайындалуымен жылы құттықтап, жаңа қызметінде табыс тіледі. Қазақстан СІМ басшысы құттықтауы үшін алғысын білдіріп, Астана мен Кишинёв арасындағы достық қатынастарды жан-жақты тереңдетуге қазақ тарапының бейілді екенін атап өтті.Сұхбат барысында екіжақты және көпжақты форматтардағы Қазақстан-Молдова ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективалары, сондай-ақ биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы талқыланды.Тараптар екіжақты серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында сыртқы саяси ведомстволар арасындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға өзара дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1083188?lang=kk
Қазақстан Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастама бойынша өңірлік конференция өткізді 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 7 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қорғаныс министрлігімен және Халықаралық Қызыл Крест комитетімен (ХҚКК) бірлесіп, Халықаралық гуманитарлық құқыққа (ХГҚ) саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастама бойынша Орталық Азия елдері үшін өңірлік конференция ұйымдастырды.Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманы 2024 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясының аясында 6 ел – Бразилия, Иордания, Қазақстан, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка Халықаралық Қызыл Крест комитетімен бірлесіп іске қосты.Конференцияның негізгі спикерлері болып Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің орынбасары вице-адмирал Серік Бурамбаев, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко, сондай-ақ Орталық Азиядағы ХҚКК өңірлік делегациясының басшысы Биляна Милошевич және ХҚКК жаһандық бастамасы бойынша басшысы Анн Кентен сөз сөйледі.Конференцияға Орталық Азия және жаһандық бастаманың бастамашы елдері елшіліктерінің жетекші сарапшы-заңгерлері мен дипломаттары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1082922?lang=kk
Қазақстан теңізшілері Каспийде он күндік оқу-жаттығу жорықтарын өткізді 14.10.2025
   Каспий теңізі акваториясында Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің кемелері жоспарлы оқу-жаттығу жорығын аяқтады. Жаттығулар жағадан 80 теңіз милі (шамамен 150 шақырым) қашықтықта өтті.  Экипаждар үшін бұл тек кезекті дайындық емес, кәсіби шеберліктің, төзімділіктің және бірлескен іс-қимылдардың маңызды сынағы болды. Үш кезеңнен тұрған жорық барысында әскери қызметшілер ұрыстық жағдайға барынша жақын ортада шешім қабылдау, кемелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру және жеке құрамның теңізде әрекет етуге дайындық деңгейін бағалау міндеттерін орындады.  Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары бірінші дәрежелі капитан Данияр Хайрушев теңізшілердің кәсібилігін жоғары бағалады. Оның айтуынша, қолайсыз ауа райына қарамастан экипаждар кеме басқару, навигация, байланыс құралдары мен қаруды пайдалану бойынша тапсырмаларды сәтті орындап, жоғары төзімділік пен ұйымшылдық танытты.  Жорық Орал қаласының тумасы матрос Тұрар Өміржановқа ерекше әсер қалдырды. Ол әскерге дейін теңізді мүлде көрмеген. Алғашқы теңіз жорығы ол үшін тек сынақ болып қана қоймай, Қарулы күштер қатарындағы қызметінде үлкен мақтаныш болып отыр.  Жаттығулар барысында теңізшілер техникамен жұмыс істеуді, атысты, маневрлерді және кемелер арасындағы үйлесімді әрекеттерді тәжірибеде пысықтады. Алынған білім мен тәжірибе жеке құрамның жауынгерлік дайындық деңгейін одан әрі арттыруға негіз болмақ.  Алдағы уақытта қосымша бөлімшелерді тарта отырып, оқу-жаттығулардың ауқымын кеңейту, жаңа тактикалық сценарийлерді пысықтау және заманауи оқыту әдістерін енгізу жоспарлануда.  Бұл іс-шаралар Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік әлеуетін нығайтуға және кез келген күрделі тапсырманы орындауға дайын болуын қамтамасыз етуге бағытталғанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1083235?lang=kk
Аймақ басшысы Сұлтанбек Оразымбетовті 80 жас мерейтойымен құттықтады 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданының құрметті азаматы Сұлтанбек Оразымбетовті 80 жас мерейтойымен құттықтады. Басқосуға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, басқарма басшылары қатысты.Аймақ басшысы мерейтой иесіне құттықтауын жеткізіп, үлкенге құрмет көрсетудің, адал еңбекті бағалаудың маңызын атап өтті. «Дана халқымыз «Қадірлей білгенге құт қонады, құрметтей білгенге бақ тұрақтайды» деген. Өңіріміздің өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына бар күш-жігерін жұмсап, елдің қошеметіне бөленген аға буын өкілдеріне лайықты құрмет көрсету біздің игі дәстүрімізге айналған. Бүгінгі ресми жиынымыз адал еңбегімен халықтың ықыласына бөленген, өнегелі істердің ұйытқысы болған ардақты ағамыз Сұлтанбек Оразымбетовке арналады.Сыр жұртшылығы Сіздің елеулі еңбегіңізді, өнегелі өмір жолыңызды жақсы біледі, құрмет тұтады. Парасатқа толы ғұмырыңыздағы іргелі істеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі.Жерлестеріңіз аймақтың дамуына зор үлес қосып, елдің ілтипатына бөленген Өзіңіздей жандармен мақтанады. Ақадал ниетті азаматтардың атынан бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен тағы да құттықтап, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз! Тойыңыз тойға ұласа бергей!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Сұлтанбек Қойшыбайұлы еңбек жолын Қызылту елді мекенінде қарапайым жұмысшылықтан бастап, әр жылдары комсомол ұйымының хатшысы, өндіріс бригадирі, Шиелі аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Гигант колхозында партия комитетінің хатшысы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, аудандық партия комитеті хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 1994-2012 жылдары Шиелі аудандық мәслихатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымының хатшысы болды.Жиында облыс әкімі мерейтой иесіне Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, дәстүрге сай құрмет көрсетті. Мемлекет және қоғам қайраткерлері Ибрагим Әбибуллаев, Бекмырза Еламанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, ел ағасы Қалдыбай Сүгірбаев сөз сөйлеп, ізгі тілек білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1083282?lang=kk
Қызылордада 320 пәтерлік 4 тұрғын үй пайдалануға берілді 14.10.2025
Қызылорданың Қазақ елі астанасы болғанына және «Қазақ» атауының қайтарылғанына 100 жыл толу мерейтойы аясында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 320 пәтерлік 4 көпқабатты тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Кейінгі жылдары ерекше қарқынмен дамыған сол жағалау сәулетті тұрғын үйлермен толыға түсті. Салтанатты рәсімге зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, қала тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев тұрғын үй құрылысы саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, жаңа қоныс иелерін құттықтады.«Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік саясат нәтижелі іске асырылуда. Соңғы үш жылда қаржыландырудың барлық көзінен облысымызда 2 млн. 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Кезекте тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер сатып алынып, 25 мыңға жуық тұрғын қоныс тойын тойлады.Барлық аудан орталықтарында жаңадан салынған 1500-ға жуық пәтер табысталды. Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысы мен жеке салушылардан дайын 3 800 пәтерді сатып алуға 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Қаржыландырудың барлық көзінен 870 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі.Қызылорда қаласының өзінде соңғы үш жылда 5 600 пәтер жерлестеріміздің игілігіне айналды. Өткен айда 280 пәтерлік 7 көпқабатты тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар қоныстанды. Ерекше атап өту қажет, өткен жылдан бастап қаламызда заманауи жаңа дизайнмен 7, 9, 12 қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.Бүгін – мемлекет қолдауымен баспаналы болған әр отбасы үшін ерекше қуанышты күн! Жаңа баспаналарыңыздың іргетасы берік, қабырғасы мығым, әр отбасының шаңырағы татулық пен берекеге толы болғай!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Іс-шарада жаңа тұрғын үйді салған құрылысшыларға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталып, Жалағаш ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Өмірбек Шәменов құттықтау сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1083347?lang=kk
Жаңа стадион құрылысына үлес қосқан азаматтар марапатталды 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сол жағалауда бой көтерген 11 мың орындық заманауи стадионның құрылысына атсалысқан, нысанның сапалы салынуына үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді.«Президентіміздің қолдауымен салынған Қызылорда қаласындағы 11 мың орындық заманауи стадионымыз 4 қазан күні Қазақстан Кубогының финалдық ойынымен салтанатты түрде ашылды. Тәуелсіздік жылдарында пайдалануға берілген еліміздегі үшінші стадион УЕФА-ның ІV санатты сертификатын алғанын ерекше мақтанышпен атап өтуіміз қажет. Айтулы шараға Туризм және спорт министрі, Парламент депутаттары, Қазақстан футбол федерациясының басшылық құрамы, қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, қадірлі қонақтарымыз арнайы келіп қатысты. Жұртшылық жаңа нысанға жоғары баға беруде.Негізі стадион құрылысы 3 жылға жоспарланған болатын. Мердігер мекеме өз жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырып, небәрі бір жарым жылдың ішінде, яғни белгіленген мерзімнен ерте әрі жоғары сапалы етіп салып бітірді.Құрылысты мерзімінен бұрын аяқтаған мердігер компания басшысы Қозбақов Исламғали Айтуарұлына, компания ұжымына барша Сыр жұртшылығының атынан алғысымызды білдіреміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Жиында Исламғали Қозбақов «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.Облыстық құрылыc, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Туралиевке, дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаевқа, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Садық Мұстафаевқа облыс әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хаты табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1082548?lang=kk