Әлем
Павлодарда бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы Бірыңғай есеп беру күні өтті 25.09.2026
Павлодарда бақылау және қадағалау органдарының жыл сайынғы Бірыңғай есеп беру күні өтті. Іс-шара «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес-қоғамдастық, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен ашық диалог форматында ұйымдастырылды.Кездесудің басты мақсаты – жұмыстың аралық қорытындыларын шығару, салықтық және кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ кәсіпкерлерге әкімшілік жүктемені азайту бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу.Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2026 жылдың 8 айындағы қызметінің қорытындылары туралы баяндамасымен Департамент басшысы Ержан Тоқтарханов сөз сөйледі. Департамент басшысы атап өткендей, есепті кезеңде салықтық және кедендік түсімдердің тұрақты динамикасы қамтамасыз етілді. Республикалық бюджетке салықтық түсімдер бойынша жоспар 103,7%-ға орындалды: 370,3 млрд. теңге жоспарланғанда, нақты 383,9 млрд. теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 141,1%-ды құрады. Жергілікті бюджетке 305,4 млрд. теңге түсті, ал кедендік төлемдер 21 млрд. теңгеден асты.Кездесу барысында бақылау функцияларына тәсілдерді өзгертуге және бизнеске түсетін жүктемені төмендетуге ерекше назар аударылды. Ағымдағы жылдың 8 айында салықтық тексерулер саны 60%-ға қысқарды, өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 800 тексеруге қарсы 480-ге жуық тексеру жүргізілді. Кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде шағын және шағын кәсіпкерлік субъектілерін олардың салықтық міндеттемелері бойынша тексеру тоқтатылды. Бақылау жұмысының басты басымдығы профилактикалық камералдық бақылау болып қала береді, ол салық төлеушілерге айыппұл санкцияларын қолданбай қателіктерді өз бетінше жоюға мүмкіндік береді. Қосымша есептелген 5,5 млрд. теңге салықтың 3,5 млрд. теңгеден астамын бизнесмендер өз еркімен аударды.Бизнес-қоғамдастық өкілдері туындаған мәселелерді жедел шешу үшін осындай іс-шараларды жүйелі түрде өткізуге мүдделілік білдірді. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1298536?lang=ru
«Ашық есік күні» аясында салық салудың өзекті мәселелері түсіндірілді 25.09.2026
Бүгін 24 қыркүйекте Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өтті.Іс-шара барысында салық заңнамасындағы өзекті өзгерістер мен Салық кодексіне енгізілетін түзетулер жобасының негізгі ережелері бойынша түсіндіру жұмыстар жүргізілді.Атап айтқанда, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, салық агенттері мен маркетплейстердің функцияларын кеңейту, цифрлық активтерге салық салу, әлеуметтік салықтық шегерімдерді қолдану, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен шаруа қожалықтарына салық салу, инвестициялық тетіктер және бейрезиденттердің табыстарына салық салу мәселелері қаралды.Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, салық заңнамасын қолдану бойынша практикалық түсіндірмелер алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1298518?lang=ru
2026 жылғы 24 қыркүйекте Алматы қаласында Бірыңғай есеп беру күні өтті 25.09.2026
Бірыңғай есеп беру күні – кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалог алаңы.Іс-шара барысында кәсіпкерлік қызметке қатысты өзекті мәселелер талқыланып, мемлекеттік бақылау және қадағалау талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Іс-шараның басты мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы өзара байланысты нығайту және кәсіпкерлік қызметті заңнама талаптарына сәйкес жүргізуге қолдау көрсету болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1298523?lang=ru
СҚО-да Бірыңғай есеп беру күні өтті 25.09.2026
СҚО-да Бірыңғай есеп беру күні өтті. Кездесу барысында бақылау-қадағалау органдарының өкілдері кәсіпкерлерге атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып берді. СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен кездесуге департамент басшысының орынбасары Қабдөшев Төлеген Дәстемұлы қатысып, өз есебінде Департаменттің түсіндіру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер көрсету, камералдық бақылау, салықтық және кедендік тексерулер, сондай-ақ нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС-тың асып кетуін қайтару бағытындағы жұмыстарын баяндады. Ол алдағы перспективалар мен жаңа цифрлық жобалар, соның ішінде Цифрлық ҚҚС және Чат-бот туралы айтып берді, сондай-ақ бұған дейін сәтті енгізілген e-Salyq Business, e-Salyq Azamat және басқа да цифрлық сервистерді атап өтті. Жиын соңында бизнес-қоғамдастық өкілдерінің сұрақтарына жауап берілді.#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядокАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1298412?lang=ru
Брестте ЕАЭО Кеден қызметтерінің бірлескен алқасының 55-отырысы өтті 25.09.2026
2026 жылғы 22 қыркүйекте Брест қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасының (ЕЭО КҚБА) 55-отырысы өтті. Кеден қызметтерінің бірлескен алқасы – ЕЭО кеңістігінде бірыңғай кеден саясатын практикалық іске асыруды қамтамасыз ететін негізгі үйлестіруші орган. Алқа жұмысына кеден қызметтерінің басшылары мен ЕЭО-ға мүше мемлекеттер делегацияларының өкілдері қатысты. Қатысушылар тауарларды шығарғанға дейін кедендік тексеруді бастау мерзімдері мен оны жүргізу тәртібі, тиісті актілерді ресімдеу, сондай-ақ көрсетілген мерзімдерді ұзарту тетіктері бойынша құқық қолдану практикасы тәжірибесімен алмасты. Сонымен қатар тараптар КҚБА-ның алдыңғы отырысында қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы есепті тыңдады. Кездесу барысында мәселелердің кең ауқымы қаралып, мынадай бағыттар бойынша бірқатар практикалық шешімдер қабылданды: - ЕЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден заңнамасы нормаларын жетілдіру және жақындастыру; - деректерді электрондық алмасу және ведомстволар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жүйелерін дамыту; - тауарларды сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай Тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) бойынша сыныптаудың бірыңғай тәсілдерін келісу; - тәуекелдің біріздендірілген құндық индикаторлары қолданылатын тауарларды кедендік декларациялауды мониторингтеу нәтижелері; - тауарлардың қозғалысын бақылаудың тиімділігін арттыру және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес. Отырыс барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушылар үшін кедендік операцияларды оңайлату және жеделдету бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігіне назар аударды. Отырыс қорытындысы бойынша ЕЭО елдерінің кеден органдары арасындағы нормативтік-құқықтық және технологиялық өзара іс-қимылды одан әрі синхрондауға бағытталған шешімдер қабылданып, сондай-ақ Кеден қызметтерінің бірлескен алқасының келесі отырысын өткізу күні мен орны келісілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1298432?lang=ru
Қарағанды облысында бақылау және қадағалау органдарының кәсіпкерлік қоғамдастық алдында Бірыңғай есеп беру күні өтті 25.09.2026
📌 Қарағанды облысында 24 қыркүйекте бақылау және қадағалау органдарының кәсіпкерлік қоғамдастық алдында Бірыңғай есеп беру күні өттіКездесу Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтіп, 2026 жылдың 8 айындағы бақылау қызметінің нәтижелеріне, заңнамадағы өзекті өзгерістерге, жиі кездесетін құқық бұзушылықтарға және олардың алдын алу шараларына арналды.Іс-шараға мемлекеттік және бақылау-қадағалау органдарының, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері және бизнес-қоғамдастық қатысты.🔹 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің атынан Департамент басшысының орынбасары Рахимберды Р.К. сөз сөйледі. Өз сөзінде салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелері, бақылау жұмыстарының нәтижелері, әкімшілік практика, сондай-ақ салық заңнамасындағы өзгерістер қаралды.💬 Кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарды тікелей қойып, нақты жағдайлар бойынша түсіндірмелер алды.🤝 Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен бизнес арасында ашық диалог орнатуға, проблемалық мәселелерді уақтылы анықтауға және оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1298472?lang=ru
23 қыркүйек күні аудандық қоғамдық кеңес отырысы қоғамдық кеңес төрағасы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті 25.09.2026
Отырысқа аудан әкімі Е.Ихсанов, мәслихат төрағасы К.Ермекбаев, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.Күн тәртібіндегі «Қанай ауылдық округ әкімі аппаратының атқарған жұмысы мен көрсететін мемлекеттік қызметтері туралы» мәселе бойынша Қанай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Д.Урбулатова баяндап, назарға алынды.Қоғамдық кеңес мүшелері аудандық, Ақсай қаласы және ауылдық округтер бюджеттеріне және тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидаларына өзгерістер енгізу туралы мәслихаттың шешім жобаларын мақұлдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1298478?lang=ru
2026 жылдан бастап салық есептілігіндегі қателерді түзетудің жаңа тәртібі 25.09.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бұрын ұсынылған салық есептілігіне өзгерістер енгізу тәртібі өзгерді.Бұрын салық төлеушілер бұрын ұсынылған есептілікті кері қайтарып ала алатын болса, 2026 жылдан бастап мұндай мүмкіндік алынып тасталды. Негіз: ҚР Салық кодексінің 115-бабы 9-тармағы. Тек тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш қана бұдан тыс болып табылады.Қатені қалай түзетуге немесе мәліметтерді қалай толықтыруға болады?ҚР Салық кодексінің 116-бабына сәйкес, өзгерістер мен толықтырулар тек мыналарды ұсыну арқылы енгізіледі:Қосымша салық есептілігі;Хабарлама бойынша салық есептілігі.Назар аударыңыз. Ұсынылған салық есептілігі толықтығы мен толтырылуының дұрыстығына форматтық-логикалық бақылаудан өтеді. Есептілік тек «Құжат қабылданды» мәртебесі берілген жағдайда ғана ұсынылды деп есептеледі.Формаларды толтыру кезінде мұқият болыңыздар және қабылданған құжаттардың мәртебесін уақытылы тексеріп отырыңыздар! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1298495?lang=ru
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ 25.09.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай инвестициялық форумының екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланысты нығайтатын тұрақты алаңға айналуы қажет екенін атап өтті.Президент Қазақстан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін заманауи әрі тиімді қаржылық тетіктерді қалыптастыруға басымдық беріп отырғанын айтты. Осы ретте «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктер ашатынына назар аударды.Қыркүйек айының басында «Самұрық-Қазына» қоры Орталық Азия және ШЫҰ елдерінің эмитенттері арасында алғашқылардың бірі болып Қытайдың банкаралық нарығына шықты. Қор жалпы сомасы 3 миллиард юаньнан астам панда-облигациялар шығарды.Сондай-ақ Kazakh Invest ұлттық компаниясы жанынан қазақ-қытай инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қойылды. Мемлекет басшысы бұл қадамды инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетудегі маңызды бағыттардың бірі ретінде атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев форумды жыл сайын қыркүйек айында «Қазақстан-Қытай» Алматы инвестициялық диалогы атауымен өткізуді ұсынды. Оның айтуынша, мұндай тұрақты алаң нақты жобалар мен жаңа келісімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Президент Қазақстанның Қытаймен мәңгі достық және стратегиялық серіктестік байланыстарын одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті.«Қазақстан мен Қытай – екі дос, көршілес ел болып, әрбір істі ойдағыдай жүзеге асырады» деді Мемлекет басшысы.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ 25.09.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың мәңгі және жан-жақты стратегиялық серіктестігінің тарихи негізі берік әрі тату көршілік пен өзара сенім рухында тың қарқынмен дамып келе жатқанына назар аударды.– Бүгінде қазақ-қытай қарым-қатынасы сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілді деп айтуға болады. Бұл құрметті Төраға Си Цзиньпин мырзаның тікелей қолдауының арқасы деп айтсақ, артық болмас. Біз мәңгілік дос әрі сенімді серіктес ретінде ынтымақтастығымыздың жаңа «алтын 30 жылдық» кезеңіне қадам басып жатырмыз. Жалпы, Қытай – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі. Былтыр екі елдің тауар айналымы рекордтық межеге жетіп, 50 миллиард долларға жуықтады. Үкіметтеріміз бұл көрсеткішті 100 миллиард долларға дейін жеткізу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. Инвестиция саласындағы ынтымақтастығымыз да тұрақты дамып келеді. Қытай Қазақстан экономикасына 29 миллиард доллардан астам қаржы құйды. Осылайша, еліміздің аса ірі инвесторларының біріне айналды. Қазір Қазақстанда Қытайдың қатысуымен 9 мыңнан астам кәсіпорын табысты жұмыс істеуде, – деді Мемлекет басшысы.Президент өнеркәсіп, цифрландыру, «ақылды қалалар» мен спутниктік технологияларды дамыту, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы серіктестік дәйекті түрде нығайып келе жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға құқықтық тұрғыдан ықпал етті.– Іскерлік байланыстардың кеңеюіне елдеріміз арасында орнаған визасыз режим де елеулі үлес қосты. Қазіргі кезде Қазақстанда қомақты инвестиция тартып, ірі жобаларды іске асыруға барынша оңтайлы жағдай жасалған деп сеніммен айтуға болады. Биыл 1 шілдеде күшіне енген Конституциямыздың негізгі ережелері еліміздің инвестициялық әлеуетін нығайтуға мықты құқықтық негіз қалады. Ережелердің тұрақтылығына және инвестициялық қызметке мемлекет тарапынан қолдау көрсету сапасына айрықша мән береміз. Осы мақсатта Бас прокуратура жанынан Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. Бас прокурорға инвестициялық омбудсмен міндеттері жүктелді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысының пайымдауынша, әлем экономикасы түбегейлі өзгеріске ұшырап жатқан кезеңде Қазақстан мен Қытай өзара сенімге, ашықтық пен ортақ мүддеге арқа сүйеген озық әрі тиімді ынтымақтастық үлгісін көрсетіп отыр.Осыған орай Президент екі елдің табысты серіктестігін одан әрі дамытуға арналған басым бағыттарды атады. Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, көлік-логистика саласына тоқталды.– Халықаралық серіктестермен бірге теміржол қуатын арттырып, автомобиль магистральдары мен теңіз порттарын кеңейтуді, жүк тасымалы авиациясын және шекара маңы инфрақұрылымын дамытуды қолға алдық. Ляньюньганнан Ақтауға дейін Қытай жағалауын Каспиймен байланыстыратын логистикалық тораптар желісі қалыптасты. Көп ұзамай Ченду қаласындағы қазақ-қытай терминалы осы логистикалық тізбектің маңызды буынына айналады. Аталған шаһарда Қазақстанның Бас консулдығын ашуды жоспарлап отырмыз. Азия мен Еуропа арасындағы заманауи көлік байланысын түзетін Орта дәлізді өркендетуді айрықша міндет деп санаймыз, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі форумға транзит айлақтарының өткізу мүмкіндігін кеңейту жұмыстарына белсенді атсалысып жатқан компаниялар қатысып отырғанын айтты.Президент болжам бойынша 2029 жылға қарай Қытайдан Еуропаға қатынайтын контейнерлі пойыздардың саны үш мыңға дейін ұлғаятынын мәлімдеді. Бұл жаһандық логистика тізбегіндегі маңызды көлік хабтарының бірі ретінде Қазақстанның позициясын күшейтеді.– Бірқатар бірлескен бастамалар қазірдің өзінде нақтылана түсті. Биыл тамыз айында Арал – Каспий автомагистралінің құрылысы басталды. Жаңа бағдар Шығыс – Батыс жолының өткізу қабілетін бірнеше есе арттырады. Таяу уақытта Мойынты – Қызылжар, Бақты – Аягөз теміржолдарының құрылысы аяқталады. Жүк тасымалының ашықтығын «Ақылды шекара» пилоттық жобасы аясында бірлесе енгізілген цифрлық технологиялар қамтамасыз етеді. Қытайлық Minmetals Logistics корпорациясымен серіктестік аясында жүргізушісіз көлік технологияларын және цифрлық шешімдерді қолданатын логистика дәлізі түзіледі. Бұл – біздің еліміз үшін бірегей жоба. Мультимодальді жүк тасымалын дамытуға ерекше мән береміз. Alatau Air Cargo ұлттық авиа жүк жеткізуші компаниясы жұмысын бастады. Қазақстан нарығына Cathay Pacific Cargo секілді әлемнің жүк таситын ірі әуе компаниялары шығып жатыр. Азаматтық авиация да маңызды рөл атқарады. Биыл Алматы – Сиань, Алматы – Шанхай, Астана – Гуанчжоу, Ақтау – Үрімжі рейстері ашылды. Осы аптада алғашқы жолаушылар бағдары Алматы мен Чунцин қалаларын тікелей байланыстырды, – деді Мемлекет басшысы.
Рудный қаласында «Чек талап ет — жүлде ұтып ал!» акциясы басталады 25.09.2026
Рудный қаласында «Чек талап ет — жүлде ұтып ал!» акциясы басталадыРудный қаласы, Қостанай облысы. 24.09.2026ж.Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын «Чек талап ет — жүлде ұтып ал!» акциясына қатысуға шақырады. Акция 2026 жылғы 26 қыркүйектен 16 желтоқсанға дейін өтеді.Қатысу үшін сатып алу кезінде бақылау-касса машинасының фискалдық чегін алып, оған телефон нөміріңізді жазып, Рудный қаласындағы «ЦУМ» сауда үйінде орнатылған арнайы барабанға салу қажет.Жүлделер ұтысы 2026 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізіледі. Бас жүлде — теледидар. Сондай-ақ аэрогрильдер, құлаққаптар, электр шәйнектер, грильдер мен вафли пісіргіштер ойнатылады.Фискалдық чек тауар немесе қызмет үшін төлем жасалғанын растайды. Чек талап ету сауданың ашықтығына, түсімнің толық есепке алынуына және салық міндеттемелерінің тиісінше орындалуына ықпал етеді. Акцияның басты ұраны — «Сенің чегің — туған қалаңның дамуына қосқан үлесің!»Егер сатып алу кезінде фискалдық чек берілмесе, оның орнына тек тауарлық чек ұсынылса немесе есеп айырысу тәртібіне қатысты сұрақтар туындаса, Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуге болады.Акция туралы қосымша ақпарат Instagram желісіндегі @rudny.salyq.kz парақшасында жарияланады.Чек талап етіңіз, акцияға қатысыңыз және жүлде ұтып алыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1298381?lang=ru
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ! 25.09.2026
Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінде Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастарға кеңес» жобасы аясында жастармен рухани-танымдық кездесу өтті.Кездесудің құрметті қонақтары:«Ғалым бол» ағартушылық жобасының авторы – Жасұлан Қазгелдіұлы;Қазақстандық ақын, белгілі хит әндердің мәтін авторы – Оразбек Қиынбаев.Іс-шарада Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Дәулет Алмасұлы модераторлық етті.Кездесу барысында ұлттық құндылықтарды сақтау, салт-дәстүрді дәріптеу, рухани даму мен отансүйгіштік тақырыптары кеңінен қозғалды. Қонақтар жастарға өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, білімге ұмтылудың және ұлттық болмысты сақтаудың маңыздылығын жеткізді.Еркін форматта өткен кездесуде жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, қонақтармен ашық пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1298340?lang=ru
НӨЛДІК САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 25.09.2026
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салық есептілігін ұсынудың жаңа тәртібі қолданылатынын еске салады.Салық кодексінің нормаларына сәйкес, белгіленген тапсыру мерзімі өткеннен кейін салық органының ақпараттық жүйесі тиісті салық кезеңі үшін нөлдік көрсеткіштері бар есептілікті автоматты түрде қалыптастырады.🖥 Осыған байланысты, салық төлеушілер «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасында ұсынылуға тиіс салық есептілігі нысандарын (СЕН) алдын ала белгілеуі қажет.✍ Іс-қимыл алгоритмі:🔸 «Салық төлеушінің кабинеті» (СӘИЖ) веб-қосымшасына кіру;🔸 «Ұсынылатын СЕН» бөліміне өту;🔸 Қолданылатын салық режимі мен қызмет түріне сәйкес қажетті салық есептілігі нысандарын қосу;🔸 Әрбір СЕН бойынша тапсыру басталған «жыл мен салық кезеңін» көрсету;🔸 Енгізілген мәліметтерді сақтау.❗Бұл ретте нөлдік көрсеткіштері бар есептіліктің автоматты түрде қалыптасуы салық төлеушіні іс жүзіндегі салық міндеттемелерін көрсету міндетінен босайтпайды.📌 Егер есептілік автоматты түрде қалыптасқаннан кейін салық төлеушіде есептілікте көрсетілуге тиіс салық салу объектілері нақты тіркелген болса, ол тиісті салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін тапсыруға міндетті.✅ Аталған тәртіп жеке тұлғалардың жеке кәсіпкерлікке қатысы жоқ қызметі бойынша салық есептілігін ұсынуына қолданылмайды.Осылайша, есептілікті нөлдік көрсеткіштермен автоматты түрде қалыптастыру салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1305638?lang=ru
«Болашақ мамандыққа бастар жол: кәсіби бағдарлау диагностикасы» 25.09.2026
Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарындағы 7–11 сыныптың 13 825 оқушылары. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026–2027 жылдарға арналған Медиа-жоспары және Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын дамыту жөніндегі 2025–2028 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында кәсіптік диагностикадан өтті.Диагностика барысында оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділіктері, құзыреттері, кәсіби мотивациясы және мамандық таңдауға саналы көзқарасы анықталды. Кәсіби бағыттылықты айқындау мақсатында Mansap.enbek.kz, Edukey.kz платформалары және Е.А. Климовтың дифференциалды-диагностикалық сауалнамасы қолданылды.Диагностика нәтижелері оқушылардың кәсіби бағыттары мен қызығушылықтарын ескеруге, сондай-ақ олардың жеке бейімділіктері, қабілеттері мен кәсіби қалауларына сәйкес одан әрі кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруға негіз болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1298322?lang=ru
ОЙЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАР 25.09.2026
Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Санжар Жайлыбай және Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Әлішер Садық Ойыл ауданына жұмыс сапарымен барды.Жұмыс сапарының бағдарламасы аясында:🔹Ойыл ауданының әкімімен кездесу өткізіліп, аудандағы жастар саясатының жүзеге асырылу барысы талқыланды;🔹«Жастармен бірге – жаңа мүмкіндіктерге» тақырыбында ауданның белсенді жастарымен кездесу ұйымдастырылып, жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды;🔹 Ойыл аграрлық колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттермен кездесу өткізілді.Сапар барысында аудан жастарының бастамаларын қолдау, олардың әлеуетін арттыру және жастар саясатын тиімді жүзеге асыру бағытында пікір алмасылды.Сонымен қатар аудандық жастар ресурстық орталығының жұмысын жетілдіру бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, алдағы міндеттер мен бірлескен жұмыс бағыттары талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1298323?lang=ru
Астана әлемдегі үздік туристік бағыттар тізіміне енді 25.09.2026
Халықаралық Lonely Planet туристік басылымы Астананы Best in Travel 2027 жыл сайынғы үздік бағыттар мен туристік әсерлер топтамасына енгізді. Қазақстан астанасы 2027 жылы саяхаттауға ұсынылған әлемнің түкпір-түкпіріндегі 50 орын мен туристік әсер қалдыратын тізімге енді.Best in Travel 2027 топтамасына Lonely Planet командасы таңдаған 25 туристік бағыт пен 25 туристік әсер қалдыратын тізім енгізілген. Астана тізімге дербес туристік бағыт ретінде еніп, «Best for futuristic skylines» – футуристік сәулетімен ерекшеленетін қала ретінде ұсынылды.Lonely Planet авторлары елорданың заманауи сәулеті мен көзге бірден түсетін қалалық келбетіне назар аударған. Қаланың қазіргі бейнесін қалыптастыратын ерекше сәулеттік шешімдер мен нысандардың үйлесіміне айрықша мән берілген.Lonely Planet-тің Астанаға арналған жеке гидінде де қаланың сәулеті елорданың басты ерекшеліктерінің бірі ретінде аталады. Басылым қаланың көрнекті нысандары қатарында «Бәйтерек» монументін, «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығын, Бейбітшілік және келісім сарайын, «Қазақстан» Орталық концерт залын және заманауи сәулеттің басқа да нысандарын атап өткен.Астананың Best in Travel 2027 тізіміне енуі Қазақстан астанасына дербес туристік бағыт ретінде халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетіп, қаланы әлемдік туристік нарықта танытуға қосымша мүмкіндік береді.Бұған дейін Қазақстан да Lonely Planet басылымының жоғары бағасына ие болған. Best in Travel 2025 топтамасында ел саяхаттауға ұсынылған бағыттардың қатарында болды. Ал 2027 жылғы тізімде Астана мен оның заманауи сәулеттік келбетіне ерекше назар аударылған.Бүгінде Астанада заманауи сәулет үлгілері, үлкен қоғамдық кеңістіктер және қазақстандық әрі шетелдік сәулетшілер жобалаған түрлі нысандар қатар орналасқан.Бірнеше онжылдық ішінде қала заманауи сәулет шешімдерін ұлттық нақышпен үйлестіріп, өзіндік келбетін қалыптастырды.Астананың Best in Travel 2027 тізіміне енуі елордаға шетелдік туристердің қызығушылығын арттыруы мүмкін. Бұл қала туралы халықаралық деңгейде көбірек ақпарат таратып, оның туристік мүмкіндіктерін танытуға жол ашады.https://www.instagram.com/p/Ddnmsm3IOJk/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1298326?lang=ru
VI республикалық Қазақстан мұғалімдерінің спартакиадасына дайындық 25.09.2026
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының 2026 жылға арналған халықаралық, республикалық спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 25 қазан – 1 қараша аралығында Алматы қаласында VI республикалық Қазақстан мұғалімдерінің спартакиадасы өтетінін хабарлайды.Спартакиада бағдарламасына спорттың 6 түрі енгізілген.Республикалық спартакиадаға дайындық аясында 2026 жылғы 23 қыркүйекте Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында ұлттық спорт түрлері – асық ату және бес асық бойынша іріктеу кезеңі өткізілді.Жарыс барысында асық атудан 9, бес асықтан 7 маман бақ сынасты. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін төрешілер алқасы – Е.Т. Сапарғалиев, Ғ.М. Әлайдаров және О. Құлихан анықтады.Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.Республикалық спартакиаданың қорытынды кезеңіне Шығыс Қазақстан облысынан спорттың 6 түрі бойынша барлығы 51 маман қатысады.Барлық қатысушыларға жарыс барысында жоғары нәтижелер көрсетіп, облысымыздың намысын абыроймен қорғауларына тілектеспіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1298315?lang=ru
Қауіпсіздік сабағы: «Örken» және ШҚО құтқарушылары оқушыларға өрт кезіндегі мінез-құлық ережелерін айтты 25.09.2026
Жаңа оқу жылының басында Шығыс Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігі бойынша сабақтар циклі басталды. Ұйымдастырушы – ШҚО білім басқармасының «Örken» ақпараттандыру және білімді дамыту облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ.Алғашқы сабақ облыс оқушыларына арналған сұхбат форматында өтті. Спикер – ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері, майор Сейтқамза Мадина. Өңірдің көптілді ортасын ескере отырып, сабақтар қазақ және орыс тілдерінде мазмұны бірдей етіп өткізілді, бұл мүмкіндігінше көп оқушыны қамтуға мүмкіндік берді.Әңгіме барысында спикер түрлі төтенше жағдайлардағы іс-қимыл алгоритмін талдап берді. Мадина Сейтқамза өрт кезіндегі басты жау – тек от қана емес, сонымен қатар үрей мен улы түтін екенін атап өтті. «Әр оқушы сабыр сақтап, мұғалімнің нұсқауларын нақты орындауы керек», – деді майор.Оқушыларға өмірлік маңызды ережелер еске салынды: дәліз түтіндесе, есікті мықтап жауып, саңылауларды бітеу қажет, ал эвакуация кезінде лифтіні пайдалануға қатаң тыйым салынады. Қалдырылған заттар – рюкзак немесе телефон – үшін жанған ғимаратқа қайта кіруге болмайтынына ерекше назар аударылды.Сонымен қатар спикер тұрмыстық қауіпсіздік тақырыбын қозғады. Оқушыларға ақаулы қуаттағыш құрылғылар мен электр желісінің шамадан тыс жүктелуінің қаншалықты қауіпті екені түсіндірілді. Кездесуді қорытындылай келе, Мадина Сейтқамза үш басты ережені тұжырымдады: үрейге берілмеу және 112 нөмірі арқылы ересектерге хабарлау, қауіпсіз бағыт бойынша ұйымдасқан түрде үй-жайдан шығу және материалдық құндылықтар үшін ешқашан өмірді қауіпке тікпеу.Мұндай сабақтарды өткізу жас ұрпақтың бойында қауіпсіздік мәдениетін және экстремалды жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1298306?lang=ru
Егіндікөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» 25.09.2026
23 қыркүйекте Егіндікөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өткізілген «Ашық есік күні» акциясы аясында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Олар жеке табыс салығы мен әлеуметтік салыққа қатысты тәжірибеде жиі кездесетін мәселелерге, атап айтқанда салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктеріне, шегерімдерге, жалпыға бірдей декларациялау, мобильді аударымдар және арнайы салық режимдері мәселелеріне кеңінен тоқталды. Шара барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1298285?lang=ru
Мүлік салығын төлеу мерзімінің аяқталуына 8 күн қалды! 25.09.2026
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелері болып табылатын жеке тұлғаларға 2025 жылғы мүлік салығын 2026 жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажеттігін еске салады. Салық сомалары салық төлеушілерге қолжетімді: хабарламаларды қалыптастыру үшін мәліметтер екінші деңгейдегі банктерге жіберілді, соның негізінде олардың пайдаланушыларына, оның ішінде Kaspi және Halyk мобильді қосымшаларында, әрбір объект бойынша сомалардың толық жіктелуі көрсетілген PUSH-хабарламалар келді. Салықты ыңғайлы тәсілмен төлеуге болады: - екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы; - банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен; - банкоматтар мен төлем терминалдарында банк картасы арқылы. Назарларыңызға салынады: 2026 жылдың 2 қазанынан бастап берешегі жойылмаған меншік иелеріне тиісті хабарламалар жіберіледі. Егер төлем 30 жұмыс күні ішінде түспесе, салық бұйрығы қалыптастырылады; ол 5 жұмыс күні ішінде орындалмаса, іс жеке сот орындаушыларына беріледі. Департамент осы рәсімнен аулақ болу үшін салықты уақытылы төлеуді ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1298264?lang=ru