Әлем
Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! 30.06.2026
Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!Балалар – еліміздің жарқын болашағы, халқымыздың үміті мен сенімі. Олардың бақытты күлкісі мен жарқын келешегі – баршамыз үшін ең қымбат құндылық.Осы мерекелі күні барлық балаға зор денсаулық, шаттыққа толы балалық шақ, білім мен өнерде табыс, армандарының орындалуын тілейміз.Әрбір отбасының шаңырағында береке мен бірлік орнап, балалар ата-ана мейірімі мен қамқорлығына бөлене берсін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1232106?lang=ru
Астанада жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін кеңес беруге бағытталған «Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда. 30.06.2026
Астанада жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін кеңес беруге бағытталған «Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда.Акция өткізу мерзімі: 2026 жылғы 5 қаңтардан 30 маусымға дейін.2 маусымда елордадағы барлық мемлекеттік кірістер басқармаларында кеңестерді мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері жүргізеді.Кеңес беру кестесі:Аптасына екі рет (Сейсенбі, Бейсенбі) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1232111?lang=ru
ҚР Қаржы министрлігі Astana International Exchange биржасында алғашқы тәуелсіз панда-облигациялардың листинг рәсімін өткізді 30.06.2026
Бүгін AIX биржасында Қазақстан Республикасының тәуелсіз панда-облигацияларының дебюттік шығарылымының салтанатты листинг рәсімі өтті.1,9% кірістілікпен 3,4 млрд юань көлемінде панда-облигациялардың дебюттік шығарылымын жүзеге асыра отырып, Қазақстан облигацияларды Қытай қор нарығында BBB рейтингі бар елдер арасында және АА рейтингі бар елдер деңгейінде ең төмен мөлшерлеме бойынша орналастыру арқылы рекорд орнатты. Қазақстан үшін халықаралық инвесторлардың Қытай облигацияларының ішкі банкаралық нарығына (China Interbank Bond Market, CIBM) қолжетімділігін қамтамасыз ететін Bond Connect инфрақұрылымын маңызды пайдалануды атап өту қажет. Осы инфрақұрылымға қосылу Қытай капиталын тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, қазақстандық инвесторлардың әлемдегі ең ірі борыштық нарықтардың біріне қолжетімділігін кеңейтеді және Қазақстан мен Қытайдың қаржы нарықтарының одан әрі интеграциялануына ықпал етеді.Қазақстан Республикасының панда-облигацияларды табысты орналастыруы одан әрі ынтымақтастық үшін берік негіз болды және Қазақстан мен Қытайарасындағы өзара іс-қимылдың және ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.Рәсімге Қаржы министрлігінің басшылығы атынан вице-министр Д.М. Кеңбейіл, AIX биржасының басшылығы, China International Capital Corporation, Industrial and Commercial Bank of China, China Construction Bank Astana, «Teniz Capital Investment Banking» AҚ сондай-ақ Қытайдың Lianhe несиелік рейтинг агенттігін қоса алғанда, мәміленің жетекші андеррайтерлері мен серіктестерінің өкілдері қатысты. Рәсімнің өткізілуі Astana International Exchange алаңында сауда-саттықтың басталуының белгісі болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1232133?lang=ru
Қызылордалықтар – «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясының иегері 30.06.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев халықаралық, республикалық пәндік олимпиада, ғылыми жоба конкурстарының жеңімпаздарымен және олардың жетекші ұстаздарымен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысының білім мен ғылымға ұмтылысты қолдауының арқасында өңірде ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Расында, дарынға ие болу, бұл – бақыт. Бірақ жай ғана еңбексіз дарын жетістіктің кепілі бола алмайды. Дарынның көзін ашу керек және оны толығымен пайдалана білу қажет. Әр жеңіс, әр медаль тынымсыз ізденіспен, маңдай термен, үздіксіз дайындықпен келеді»,– деген болатын.Дана халқымыз «Білім – таусылмайтын кен» деп бекер айтпаған. Қай заманда болсын, елдің еңсесін тіктеп, болашағын баянды ететін күш – білімді ұрпақ. Сыр өңірінің ғана емес, күллі Қазақстанның мерейін үстем етіп жүрген Өздеріңіздей талапты да талантты жастармен кездесудің мәні зор», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Биыл 29 оқушы халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанса, 143 оқушы республикалық олимпиада, ғылыми жоба байқауларында үздік нәтиже көрсетті. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада қорытындысымен Қызылорда облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясын иеленді. Сонымен қатар, екі оқушы жоғары оқу орындарының білім грантын жеңіп алды.Салтанатты жиында 30 жетекші ұстаз облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, шипажайға жолдама алды. Халықаралық және республикалық білім додаларында үздік нәтиже көрсеткен 36 оқушыға облыс әкімінің Алғыс хаты мен планшет табысталды. Оқушылар мен ұстаздар ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.Айта кетейік, кейінгі жылдары Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде білім беру саласында 46 жаңа нысан іске қосылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынды. Физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты мен музыкалық колледждің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.«Оқушылар сарайы», «Сыр жұлдыздары» академиясы, Жалағаш, Жаңақорған және Шиелі аудандарында «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» іске қосылды. Жақында жаңа балалар тынығу лагері пайдалануға беріліп, алғашқы демалушыларды қабылдады. Бүгін Президент саябағындағы Ботаникалық білім беру орталығы ел игілігіне табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1232137?lang=ru
Пржевальский жылқылары Чехиядан Қазақстан даласына қайта жөнелтілді 30.06.2026
Прага, 2026 жылғы 31 мамыр - Прага-Кбелы әскери әуеайлағынан «Жабайы жылқыларды қайтару» халықаралық жобасы аясында Қазақстанға жеткізілетін Пржевальский жылқыларының кезекті тобын алып шыққан Чехия Республикасы Қарулы күштерінің әскери-көлік ұшағы ұшып шықты.Биыл Қазақстанға төрт айғыр мен төрт биеден тұратын сегіз Пржевальский жылқысын жеткізу жоспарланған. Жануарлардың алғашқы тобы Прагадан аттандырылса, қалған төрт бас жылқы Германиядағы Tierpark Berlin хайуанаттар бағынан жөнелтіледі. Олар Қазақстандағы осы сирек түрді қалпына келтірудің маңызды орталықтарының біріне айналып келе жатқан «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватына орналастырылады. Бұл 2024 жылы жобаны іске қосқаннан бері жүзеге асырылған үшінші тасымал болып табылады.Осыған орай Қазақстан Елшісінің, Прага қаласы әкімінің қоршаған орта мәселелері жөніндегі орынбасарының, Прага хайуанаттар бағы өкілдерінің және Пржевальский жылқысын өсіру жөніндегі еуропалық үйлестірушілердің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Сөз сөйлегендер бұл жобаның Қазақстан үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Өйткені бастама сирек кездесетін жануарларды тасымалдаумен ғана шектелмей, дала экожүйелеріндегі табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіруге, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және Пржевальский жылқысын өзінің тарихи мекендеу ортасына қайтаруға бағытталған.Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Әбдірахманов жобаны іске асыруға нақты үлес қосқан Чехия астанасы мен Еуропаның өзге қалаларындағы хайуанаттар бақтарының әкімшіліктеріне, әскери құрылымдарға, сондай-ақ екі елдің табиғат қорғау ұйымдарына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Пржевальский жылқысын сақтау ісінде мол халықаралық тәжірибесі бар Прага хайуанаттар бағының рөлі және жануарларды тасымалдаудың күрделі логистикасын қамтамасыз етудегі Чехия армиясының қолдауы ерекше аталып өтті.Қазақстан тарапынан жобаға Ауыл шаруашылығы министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы және «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары қатысуда. Олар жануарлардың жаңа ортаға бейімделуін қамтамасыз етіп, олардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізеді әрі табиғи жағдайда орнықты популяция қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асырады.Аталған жоба биоалуантүрлілікті қорғау және дала экожүйелерін қалпына келтіру саласындағы қазақстан-чех ынтымақтастығының нақты нәтижелерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар ол Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға және табиғат қорғау бағытындағы халықаралық әріптестікті нығайтуға арналған кең ауқымды экологиялық күн тәртібімен үндеседі.Осы тұрғыда ағымдағы жылдың сәуір айында Астана қаласында өткен, орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және өңірлік ынтымақтастық мәселелеріне арналған Өңірлік экологиялық саммиттің маңызы атап өтілді.Тараптар сондай-ақ Қазақстан мен Чехияның бейінді мекемелері мен хайуанаттар бақтары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстарды кеңейту және биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы бірлескен ғылыми бастамаларды іске асыру мүмкіндіктері сөз болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1232171?lang=ru
Қазақстан мен Гонконг бірлескен инвестициялық жобаларды, қаржылық ынтымақтастықты және тікелей әуе қатынасын іске қосуды талқылады 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанаға жоғары деңгейдегі делегацияны басқарып келген Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Лимен келіссөздер өткізді. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын, қаржылық әріптестікті дамытуды, сондай-ақ Қазақстан мен Гонконг арасындағы көлік байланысын нығайту мәселесін талқылады.Гонконг делегациясының құрамына бизнес пен мемлекеттік құрылымдардың 70-тен астам өкілі кірген. Олардың ішінде жасыл энергетика, қаржы технологиясы, жасанды интеллект, робот техникасы, урбанистика, өндіруші өнеркәсіп және инновациялық даму саласындағы жетекші компаниялардың басшылары бар.Кездесу кезінде Серік Жұманғарин еліміздің егеменді кредиттік рейтингінің жақсаруы расталған Қазақстан экономикасының тұрақты өсуін атап өтіп, қосылған құны жоғары жобаларға инвестиция тартуға мүдделілігін атап өтті.Экономиканың нақты секторындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенде жобаларды бірлесіп іске асыру, ауыл шаруашылығы шикізаты мен табиғи ресурстарды терең өңдеу, мұнай-газ химиясы, көмір химиясы, минералды тыңайтқыш пен пестицид өндіру, сондай-ақ түсті металдан дайын өнім шығару мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Пысықталып жатқан жобалардың жиынтық әлеуеті $100 млрд-тан асады деп бағалануда.Келіссөздердің тағы бір негізгі бағыты — қаржылық ынтымақтастық. Қазақстан Қытай мен Гонконг нарығына қарыз құралдарын шығару арқылы, сондай-ақ бірлескен инвестициялық қорларды құру арқылы Гонконг капиталын тартуға дайын екендігін білдірді. «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі инвестициялық бастамаларды ұзақ мерзімді қолдауды қамтамасыз ете отырып, перспективалық жобалардың қаржылық әріптесі және бірлескен инвесторы болуға дайын.«Гонконгпен ынтымақтастықты кеңейтудің келешегін талқылау біз үшін зор мәртебе. Қазақстан инвесторларға тартымды жобаларды ғана емес, сонымен қатар көрші мемлекеттермен трансшекаралық өнеркәсіптік кооперация мүмкіндіктерін қосқанда, Орталық Азия нарығына шығуды ұсынуға дайын», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Кездесу барысында Қазақстан вице-премьері сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен жол картасын әзірлеуді, «Қазақстан - Гонконг» екіжақты инвестициялық қорын құру және Қазақстан – Гонконг – Шыңжаң форматындағы өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Серік Жұманғарин сондай-ақ Қазақстанның Гонконг өкілдерімен, жетекші халықаралық компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделілігін атап өтті. Инвесторлар үшін жаңа жобаларды іске асыру үшін кедергілерді азайтуға бағытталған мемлекеттік қолдау және бірлесіп қаржыландыру тетіктері көзделген. Қазақстан бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайларды, қажетті инфрақұрылымды және келешегі зор бастамаларды қолдауды ұсынуға дайын. Бұл ретте жобалардың экономикалық тиімділігі, сондай-ақ тараптардың инвестициялық мүмкіндікті, технологиялар мен сараптаманы біріктіруге дайындығы негізгі факторлар болып қала береді.Тараптар өзара сауданы ұлғайтудың зор мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Қазақстан Гонконг нарығына металлургия, мұнай-химия және тамақ өнеркәсібі өнімдерін, сондай-ақ астық пен ұн жеткізуді арттыруға мүдделі. Бұл ретте Қазақстан өңірдегі астық, майлы дақыл мен мал шаруашылығы өнімдерінің ірі экспорттаушысы болып табылады. Өткен жылғы қорытынды бойынша астық экспорты 15 млн тоннадан асқан. Бұл соңғы 20 жылдағы ең жақсы нәтиже. Бірлескен кәсіпорындар құру және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша жобаларды іске асырудың болашағына ерекше назар аударылды.Өз кезегінде Джон Ли Қазақстанның экономикалық даму қарқынын және оның Азия мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік торап ретіндегі рөлін жоғары бағалады. Оның айтуынша, екі аймақ арасындағы құрлықтағы жүк тасымалының шамамен 85%-ы ел аумағы арқылы өтеді.Гонконг әкімшілігінің басшысы жетекші әлемдік қаржы орталықтарының бірі мәртебесін нығайтумен қатар инновациялар мен технологияларды дамытуға бағытталған АӘА экономикасының жүргізіліп жатқан трансформациясы туралы айтты. Алдағы жылдары Гонконг инновациялық инфрақұрылымды едәуір кеңейтуді, ғылыми-технологиялық парктер санын ұлғайтуды және жоғары технологиялық салаларға халықаралық мамандарды тартуды жалғастыруды жоспарлап отыр.«Біз Гонконг пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің елеулі әлеуетін көріп отырмыз. Біздің экономикалар қаржы, инновация, технология, логистика және инвестиция салаларында бір-бірін тиімді толықтыра алады. Байланысымызды одан әрі нығайтудың маңызды қадамы Гонконг пен Қазақстан арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру болуы мүмкін», — деп атап өтті Джон Ли.Кездесуді түйіндей келіп, тараптар мемлекеттік органдар мен іскер топтар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарындағы жұмысты жандандыруға уағдаласты.Анықтама:2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Гонконг арасындағы тауар айналымы $180 млн-ға жеткен. Осылайша, өзара сауда көлемі 2024 жылғы $130 млн-мен салыстырғанда 40%-ға өсіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1232202?lang=ru
Министрлік әлеуетті ЖІӨ-нің есептеу әдістемесін бекітті 30.06.2026
Сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз ету және макроэкономикалық талдауды одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі әлеуетті жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) есептеудің әдістемесін бекітті.Ықтимал ЖІӨ өндірістік факторды толықтай пайдалану және инфляциялық қысым болмаған кездегі экономикадағы мүмкін болатын ең жоғары өндіріс көлемін анықтайды.Бұл көрсеткішті есептеу Қазақстандағы экономикалық өсудің табиғи шегін және оның нақты мәннен қаншалықты жоғары немесе төмен екенін анықтауға мүмкіндік береді.Әдістеме болашақтағы ЖІӨ-ні есептеудің халықаралық тәжірибесін ескеріп отыр. Бұл ретте жұмыспен қамтудың артуы, инвестиция мен негізгі капиталдың өсуі, сондай-ақ технологиялық прогресс (жиынтық факторлық өнімділік) сияқты факторлардың экономикалық өсуге қосатын үлесі бағамдалып, әлемдік тәжірибеде кең тараған Кобб-Дуглас өндірістік фукнциясы қолданылған.Есептеу үшін Ұлттық статистика бюросының ресми деректері пайдаланылады.Ықтимал ЖІӨ-ні бағалауды тоқсан сайын жүзеге асыру жоспарлануда.Нәтиже экономикалық өсудің сапасын бағалау және экономикалық цикл фазасын анықтау үшін талдамалық мақсатта пайдаланылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1232219?lang=ru
Көктемгі әскерге шақыру: Қазақстан Қарулы күштері толық жасақталды 30.06.2026
Елімізде Президент Жарлығына сәйкес 2026 жылғы 17 наурыз бен 30 маусым аралығында өтетін көктемгі әскерге шақыру науқаны әлі жалғасып жатыр.1 маусымдағы жағдай бойынша Қарулы күштерді, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметін, Мемлекеттік күзет қызметін және Төтенше жағдайлар министрлігін жасақтау жоспары толық көлемде орындалды.Бас штабтың Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің мәліметінше, жаңа шақырылғандардың басым бөлігі жас сарбаздар курсын аяқтап үлгерген. Әскери қызметшілер жалпыәскери жарғыларды оқып, саптық және атыс дайындығының негіздерін меңгерген, қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларымен танысқан. Дайындықтың қорытынды кезеңі ретінде салтанатты түрде әскери ант беру рәсімі өткізілді.Қазірдің өзінде мерзімді қызметтің сарбаздары әскери өмірге сәтті бейімделіп, өз міндеттерін атқаруға кірісті. Несие міндеттемелері бар әскери қызметшілер заңнамада қарастырылған мүмкіндікті пайдаланып, қызмет ету мерзімінде төлемдері кейінге қалдырылды. Сонымен қатар, олардың көпшілігі қызметін аяқтағаннан кейін мемлекеттік білім беру гранттарына арналған конкурсқа қатысуды жоспарлап отыр.Қазіргі уақытта ел өңірлерінде әкімдердің орынбасарларының басшылығымен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары өз жұмысын жалғастырып жатыр. Негізгі күш Ұлттық ұлан бөлімшелерін жасақтауға бағытталған. Жоспарға сәйкес, оның қатарына 7 мыңнан астам жас шақырылатын болады.Азаматтарға шақыру электронды форматта SMS-хабарламалар және eGov порталы арқылы келу күніне кемінде үш күн қалғанда жіберіледі. Электрондық хабарлама ресми шақыру мәртебесіне ие. Хабарлама алған азаматтар жергілікті атқарушы органдардың әскерге шақыру пунктіне келуге міндетті. Дәлелді себепсіз келмеген жағдайда әкімшілік жауапкершілік, ал әскери қызметтен жүйелі түрде жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.Жалпы көктемгі әскерге шақыру аясында Қазақстан Республикасының Қарулы күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарына 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат қосылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1232220?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысында мектеп жанындағы жазғы тілдік лагерьлер маусымы басталды 30.06.2026
2026 жылғы 1 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысында жазғы мектеп жанындағы тілдік лагерьлер өз жұмысын бастады. Оған 4255 оқушы қамтылды. Оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға, сөздік қорын кеңейтуге және қолайлы тілдік орта қалыптастыруға бағытталған.Лагерь аясында оқушыларға тілдік сабақтар, интерактивті ойындар, шығармашылық шеберлік сағаттары, зияткерлік байқаулар және мәдени-танымдық іс-шаралар өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1232235?lang=ru
Алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәні бойынша далалық оқу-жаттығулары 30.06.2026
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2026 жылдың сәуір-мамыр аралығында аудан және қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәні бойынша дәстүрлі далалық оқу-жаттығу жиындары өтті.Оқу-жаттығу жиынының мақсаты — жас ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайту, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде жетілдіру.Облысымыздағы 347 мектептің жалпы оқушылар саны- 99 962, оның ішінде 10 сынып оқушыларының саны - 5792, оның ішінде ұл балалар – 2495, қыз балалар саны-3297, жалпы оқу-жаттығуға қатысқандар саны-2222, арнайы медициналық анықтамамен 273 оқушы шарадан босатылды.Зайсан ауданы бойынша Далалық оқу-жаттығу жиыны Шекара басқармасына қарасты алаңында, Тарбағатай ауданында Асусай ауылындағы «Қызыл шекара» шекара заставасында, Ұлан ауданында «Болашақ» жазғы лагерінде ұйымдастырылды.Қалған аудандарда іс-шара мектептер базасында ұйымдастырылды.Жиын барысында қатысушылар саптық, тактикалық әрекеттер, азаматтық қорғаныс, алғашқы медициналық көмек көрсету, әскери тәртіп пен қауіпсіздік ережелері бойынша арнайы дайындықтан өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1232239?lang=ru
Облыстық балалар шығармашылығының «SHYǴYS BALAFEST» фестивалі өтті 30.06.2026
2026 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында алғаш рет облыстық балалар шығармашылығының «SHYǴYS BALAFEST» фестивалі өтті. Ауқымды мәдени шараға облыстың барлық аудан-қалаларынан келген мыңға жуық дарынды бала қатысты.Фестивальдің Гала-концертіне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне арнайы қатысты.«SHYǴYS BALAFEST» фестивалі өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін қолдауға және дамытуға, жас таланттардың өнерін шыңдауға, олардың арасындағы достық байланыстарды нығайтуға және балалар өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды алаңға айналды.Гала-концерт аясында облыстық кезеңнің жеңімпаздары көрермендер назарына үздік өнер көрсетілімдерін ұсынды. Сахнада әсерлі вокалдық шығармалар шырқалып, көркем хореографиялық қойылымдар, аспаптық композициялар мен өзге де жарқын шығармашылық нөмірлер орындалды. Жас өнерпаздар өздерінің жоғары деңгейдегі шеберлігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін паш етті.Фестивальге аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысып, туған өлкелерінің намысын абыроймен қорғап, облыстың басты сахнасында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.«SHYǴYS BALAFEST» фестивалі Шығыс Қазақстандағы дарынды балаларды біріктіретін, олардың шығармашылық дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына жаңа мүмкіндіктер ашатын игі дәстүрге айналуды мақсат етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1232240?lang=ru
Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады 30.06.2026
✔️Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты.✔️Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды.✔️Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды.✔️Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді.✔️Жеткіншектер Қазақстан тарихы туралы жан-жақты мәлімет алып, Тәуелсіздік құндылықтарының маңызына бойлады.✔️Экскурсия соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1232242?lang=ru
2026 жылғы 1 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дарынды оқушылар марапатталды 30.06.2026
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шығыс Қазақстан облысының әкімі өңірдің дарынды оқушыларымен дәстүрлі кездесу өткізді. Іс-шараны облыстық білім басқармасы ұйымдастырды.Кездесудің мақсаты – 2025–2026 оқу жылының қорытындысын шығарып, оқу, шығармашылық және спорт салаларында жоғары жетістіктерге жеткен оқушыларды марапаттау.Ағымдағы оқу жылында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары халықаралық және республикалық олимпиадаларда, конкурстар мен спорттық жарыстарда табысты өнер көрсетіп, барлығы 171 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 37 алтын, 46 күміс және 88 қола медаль бар.Жаратылыстану-математикалық бағыттағы облыс құрамасы республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша «Үздік олимпиадалық команда – 2026» номинациясын иеленіп, еліміздің үздік үш командасының қатарына енді. Ал ауыл мектептері оқушыларының командасы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша үздік деп танылып, III дәрежелі дипломмен марапатталды.Кездесу барысында облыс әкімі оқушыларды жетістіктерімен құттықтап, оларға жаңа белестер мен толағай табыстар тіледі. Іс-шараға қатысушылардың барлығына облыс әкімінің атынан алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табысталды.Дарынды жастарды қолдау – өңірдегі білім беру саласының басым бағыттарының бірі болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1232245?lang=ru
Қостанай облысында байланыс станциялары іске қосылды 30.06.2026
Қостанай облысында цифрлық инфрақұрылымды дамыту және тұрғындарды сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Жыл басында облыс әкімдігі мен Tele2/Altel байланыс операторы – «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС арасында өңірдегі интернет сапасын жақсарту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.Құжат аясында компания жыл соңына дейін облыс аумағында 60-тан астам жаңа базалық станция орнатуды жоспарлап отыр. Жоба аудан орталықтары, моноқалалар мен шалғай елді мекендерде мобильді байланыс пен интернет сапасын арттыруға бағытталған.Меморандум шеңберіндегі алғашқы нысандар Лисаков және Рудный қалаларында іске қосылды. Жаңа базалық станциялар тұрғындарды тұрақты байланыспен қамтамасыз етіп, мобильді интернеттің жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.Лисаков қаласында қазіргі қолданыстағы желіні күшейту мақсатында қосымша алты базалық станция орнату көзделген. Жобаның алғашқы кезеңінде екі станция пайдалануға берілді. Жаңа нысандар қала аумағындағы, оның ішінде саяжай массивтеріндегі байланыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар қалада талшықты-оптикалық байланыс желілерін дамыту, бейнебақылау жүйелерін кеңейту және цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.Рудный қаласында да телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту жалғасып жатыр. Қалада жұмыс істеп тұрған 37 базалық станцияға қосымша тағы 14 нысан салу жоспарланған. Оның алғашқысы пайдалануға берілді. Бұл жаңа тұрғын аудандарды, өндірістік аймақтарды және байланыс сапасы төмен учаскелерді сапалы мобильді интернетпен қамтуға мүмкіндік береді.Жоба аясында өңірде 4G және 5G технологияларын кезең-кезеңімен енгізу көзделген. Сондай-ақ базалық станциялар орнату барысында инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, көшелерді жарықтандыру мен бейнебақылау жүйелерін орналастыруға қосымша мүмкіндік жасалады.Байланыс операторының мәліметінше, жаңа нысандарды іске қосу өңір тұрғындарының интернетке қолжетімділігін арттырып, желіге түсетін жүктемені азайтуға және мобильді байланыстың тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.Осылайша Қостанай облысында цифрландыруды дамыту, телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1232248?lang=ru
Аппараттық мәжілісте бірқатар мәселелер қаралды 30.06.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, аудан әкімінің орынбасарлары арасындағы міндеттерді жандандыру әрі күшейту бағытындағы мәселелер қаралды.Бұған дейін аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Әбділәмитұлы Сыдықов аудандық экономика және қаржы бөлімі, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне, сондай-ақ Жосалы кенті, Төретам кенті, Ақтөбе және ІІІ Интернационал ауылдық округтеріне жетекшілік етіп келген болатын.Бүгінгі таңда Шыңғыс Әбділәмитұлының жетекшілік ететін салаларына аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен аудандық білім бөлімі бекітілді. Сонымен қатар Ақжар, Дауылкөл, Алдашбай Ахун, Қуаңдария және Т.Көмекбаев ауылдық округтеріне жетекшілік жасайтын болады. Сондай-ақ білім беру ұйымдары, аудандық аграрлық-техникалық колледж, денсаулық сақтау саласындағы мекемелер, ветеринария және ауыл шаруашылығы бағытындағы бірқатар мекемелердің қызметін үйлестіреді.Аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы Смағұлов бұған дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жетекшілік етіп, Ақжар, Дауылкөл, Алдашбай Ахун, Қуаңдария және Т.Көмекбаев ауылдық округтеріне жауапты болған.Жаңа міндеттерге сәйкес Самат Қыдырбекұлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне, аудандық экономика және қаржы бөліміне, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне жетекшілік етеді. Сонымен қатар Төретам кенті, Ақай, Қармақшы және Жаңажол ауылдық округтерінің жұмысын үйлестіретін болады.Ал аудан әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлы Молдабаев бұған дейін аудандық қоғамдық даму бөліміне, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, аудандық білім бөліміне жетекшілік етіп, Ақай, Қармақшы, Жосалы, Иіркөл және Жаңажол ауылдық округтеріне жауапты болған.Жаңадан бекітілген міндеттерге сәйкес Диас Асылбекұлы аудандық қоғамдық даму бөліміне, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне жетекшілік жасайды. Сонымен қатар Жосалы, Иіркөл, ІІІ Интернационал және Ақтөбе ауылдық округтерінің қызметін үйлестіретін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1232257?lang=ru
«Бала күлкісі - бейбіт өмірдің белгісі» 30.06.2026
Жаздың алғашқы күнімен қатар келетін Халықаралық балаларды қорғау күні – бүлдіршіндерге деген қамқорлықты көрсететін ерекше мереке. Осыған орай бүгін орталық алаңда аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен «Бала күлкісі – бейбіт өмірдің белгісі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.Балалардың шаттығын еселеп, шығармашылығы мен өнерін дәріптеуге бағытталған салтанатты шара «Балалық шақтың бояулы бағы» тақырыбындағы жас бүлдіршіндердің ашық алаңдағы сурет байқауынан басталды. Түрлі-түсті бояулармен салынған суреттер арқылы балалар өз қиялындағы бақытты балалық шақты бейнеледі.Сонымен қатар бірнеше спорт түрлері өткізіліп, жас спортшылардың шеберлігі көрсетілді.Шара барысында арнайы әзірленген фотозоналар балалардың қызықты естелік сәттеріне айналса, балабақшалардың ойын және шығармашылық орталықтарының көрмесі мектепке дейінгі ұйымдарда атқарылып жатқан жұмыстарды көпшілікке таныстырды.Салтанатты жиында аудан басшысы Жандос Еркінбек бүгінгі мерекемен құттықтап:«Бала – баршамыздың бақытымыз, болашағымыз. Бүгінгі гүлдей жайнаған бүлдіршіндеріміз - ертеңгі қасиетті даламызды нұрға бөлейтін еліміздің тірегі, ата-бабамыздан қалған жеріміздің иесі. Сондықтан жас өрендер мен балдырғандар бүгінгі мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, болашақтарыңыз жарқын, аспандарыңыз ашық болсын»,- деп өзінің білімі мен тәжірибесін аямай, адал еңбек етіп жүрген барша тәрбиешілерге алғысын білдірді.Мерекелік бағдарламада аудан балабақшаларының бүлдіршіндері өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ аудан өнерпаздарының шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынып, мерекенің ажарын аша түсті.Айта кетсек қазір таңда жалпы аудан бойынша 45 мектепке дейінгі ұйымда 4000-ға жуық бала тәрбиеленіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1232261?lang=ru
Бүлдіршіндер мерекемен құттықталды 30.06.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Дәметкен Ана» жеке қайырымдылық қорына арнайы барып, орталықта тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және білім саласының ардагері Дәмелі Жалғасбаева, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева қатысып, балаларға деген жылы лебіздерін білдірді.Аудан әкімі бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтарды табыс етіп, өзінің мерекелік тілегін жеткізді:«Ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға қоғам тарапынан әрдайым қолдау көрсетілуі тиіс. Сіздерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ тілеймін», – деді.Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков те сөз алып, балалардың жарқын болашағына сенім білдірді.Айта кетсек 2019 жылдан бастап бұл мекеме 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1232265?lang=ru
Ерекше балаларға көрсетілген қамқорлық 30.06.2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында аудан әкімі Жандос Еркінбек «Қармақшы ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.Тағылымды іс-шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, білім саласының ардагерлері Дәмелі Жалғасбаева, Талмаш Жұмабаева, құқық қорғау саласының ардагері Есет Назарқұлов, ата-ана Бадирша Рагибов қатысып, ерекше балаларға ізгі тілегін білдірді.Аудан басшысы жылы лебізін айтып: «Балаларға жан-жақты қолдау көрсету, олардың сапалы білім алуы – негізгі бағытымыздың бірі. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады»,- деп атап өтіп, бүлдіршіндерге мерекеге орай сый-сияпаттар табыстады.Мекеме 20 жылдан астам 0 жастан 18 жасқа дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерге түзете-дамыту, оңалту және әлеуметтік бейімдеу бағытында қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта 60-қа жуық бала тәрбиеленіп, арнайы қызметтерімен қамтылуда.Айта кету керек өткен жылы аудан әкімінің қолдауымен бұл мекеме жаңа ғимаратқа көшіріліп, балаларға қолайлы әрі заманауи жағдай жасалған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1232269?lang=ru
Жол инфрақұрылымы тұрақты бақылауда 30.06.2026
Аудан әкімі Жандос Еркінбек облыстық маңызы бар «Жалағаш–Жосалы» автомобиль жолының Қармақшы ауданы аумағындағы 46-шақырымында орналасқан теміржол арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу жұмыстары кезінде Қызылтам елді мекені тұрғындарының қатынауына қолайлы жағдай жасау мәселесі бойынша нысан басына арнайы барып, жағдаймен танысты.Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуіне орай тұрғындар уақытша ұйымдастырылған топырақ төселген айналма жол арқылы қатынауда. Осыған байланысты аудан басшысы мердігер мекемеге айналма жолдың жай-күйін реттеп, тұрғындар мен жолаушыларға қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету жөнінде міндеттер жүктеп, тиісті мерзім белгіледі.Жалпы ұзындығы 69,2 метр болатын көпірдің құрылыс жұмыстары 2026 жылғы 19 мамырда басталған.Сапар барысында Жандос Еркінбек жауапты басшыларға жұмыстың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1232281?lang=ru
Абаттандыру және тазалық жұмыстары назарда 30.06.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек аудан аумағындағы дендропарк пен жағалау (набережная) аумақтарын аралап, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының жай-күйін бақылады.Аралау барысында аудан басшысы қоғамдық демалыс орындарының тазалығы, жасыл желектерді күтіп ұстау, жарықтандыру және абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды көрді.Жандос Еркінбек жауапты сала басшыларына дендропарк пен жағалау аумағының тазалығын сақтау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу жөнінде өз тапсырмаларын берді.Жалпы аудан аумағында тұрғындардың жайлы демалысын қамтамасыз етуге бағытталған абаттандыру және көркейту жұмыстары өз кезеңімен жалғасып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1232284?lang=ru