Әлем
Нашақорлықтың алдын алу және интернеттегі есірткі насихатына қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды 30.06.2026
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Ведомствоаралық жиында нашақорлықтың, есірткі қылмысының және интернет кеңістігіндегі есірткі насихатының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелерге орай жауапты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берілді.Атап айтқанда, интернет кеңістігіндегі есірткі насихатына қарсы мониторингті күшейту, әлеуметтік желілер мен цифрлық платформалардағы заңсыз контентке жедел әрекет ету керек. Сондай-ақ есірткі таратудың жаңа арналарын анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық шараларды жандандыру міндеттелді.Отырыста жастар мен жасөспірімдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, тәуекел топтарымен жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізу қажеттігі сөз болды. Бұл бағыттағы шаралар Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің тұрақты бақылауында.Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер де қарастырылды. Есірткіні, психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта қолдану, масаң күйде көлік басқару мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық ретінде танылады. Ал жұмыс орнына масаң күйде келу, медициналық куәландырудан бас тарту қызметтен босатуға негіз болады.Жазғы демалыс маусымында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды. Осыған байланысты демалыс орындарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілмек. Талапқа сай емес нысандардың қызметін шектеу, жол-көлік қауіпсіздігін күшейту және жазатайым оқиғалардың алдын алуда түсіндірме жұмысын жүргізу тапсырылды.Кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта қадағалау үшін рейдтік іс-шаралар өткізу, қоғамдық қауіпсіздік назардан тыс қалмауы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1232300?lang=ru
Балалық – бақыт бастауы» атты инклюзивті ойын-сауық кеші өтті 30.06.2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жетісу облысы С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Балалық – бақыт бастауы» атты инклюзивті ойын-сауық кеші ұйымдастырылды.Мерекелік шараға облыстық «Бәйтерек» күндізгі болу орталығы мен Көксу ауданындағы «Үміт» күндізгі болу орталығының тәрбиеленушілері арнайы қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған думанды кештің қонағы болды.Іс-шараның басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қоғам өміріне белсенді араластыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мерекелік көңіл-күй сыйлау және балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару.Кеш барысында балаларға арналып әсем әндер шырқалып, қызықты ойындар мен түрлі байқаулар өткізілді. Аниматорлар ұйымдастырған көңілді шоу бағдарламалар балалардың ерекше ықыласына бөленіп, мерекенің сәнін келтірді. Қатысушылар би билеп, ойындарға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.Мереке соңында балаларға арнайы сыйлықтар табысталып, тәтті дәмдер ұсынылды. Шара бүлдіршіндерге шаттық пен қуаныш сыйлап, олардың жарқын күлкісі мен бақытты жүздері мерекенің басты көрінісіне айналды.Аталған қайырымдылық және мерекелік шараның өтуіне AMANAT партиясы, Respublica партиясы, Жетісу жастар орталығы және өңірдің жанашыр меценаттары демеушілік қолдау көрсетіп, балаларға арналған сыйлықтар мен мерекелік тартулар ұсынды.«Балалық – бақыт бастауы» атты мерекелік кеш балаларға ұмытылмас әсер қалдырып, олардың көңілдеріне қуаныш пен мейірім ұялатқан тағылымды әрі жарқын шара болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1232305?lang=ru
Тынығу лагерьлерінің маусымы ресми түрде ашылды 30.06.2026
Халықаралық балаларды қорғау күнінде Президент паркі аумағында жаңадан ашылған «AI-Kerim» оқу-сауықтыру орталығында жазғы тынығу лагерлерінің маусымы салтанатты түрде ашылды.Оған облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысып, жас өрендерді мерекемен және маусымның ресми ашылуымен құттықтады.«Бала – отбасының бақыты, мемлекеттің – болашағы. Ел ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Сондықтан балалардың дені сау, жан-жақты дамыған азамат болып қалыптасуы – мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі.Президентіміз балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына ерекше мән беріп, сапалы білім алуына, шығармашылық қабілетін шыңдауға, жазғы демалысты тиімді ұйымдастыруға тұрақты қолдау көрсетіп келеді.Кейінгі жылдары біздің аймағымызда білім беру, мәдениет, спорт және қосымша білім беру ұйымдарының саны артты. Алда сіздерді қызықты кездесулерге, танымдық іс-шараларға, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқауларға толы жарқын жаз күтіп тұр. Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, көтеріңкі көңіл-күй мен толайым жетістіктер тілеймін!» – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.Бүгін облыстағы тоғыз лагерь бір мезетте өз жұмысын бастап, мыңдаған баланы қабылдады.Мемлекет басшысының қолдауымен салынған «AI-Kerim» оқу-сауықтыру лагері материалдық-техникалық базасы мен білім беру мүмкіндіктері жағынан елімізде баламасы жоқ, бірегей орталықтың қатарында. Мұнда робототехника, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару, инженерлік жобалау, IT-технологиялар және басқа да инновациялық үйірмелер жұмыс істейді. Бұл балалардың болашақ мамандықтарына қызығушылығын арттырып, жаңа технологияларды меңгеруіне жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1232311?lang=ru
Музейдің жас келушілеріне арналған шеберлік сабағы 30.06.2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Айналайын» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне «Өнер фабрикасы» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді.Шара балалардың бос уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуіне, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығаюына, ортада еркін араласуына ықпал етті. Шығармашылық процесс балаларға жағымды эмоция сыйлап, көңіл-күйлерін көтерді. Сондай-ақ, балаларға музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1232333?lang=ru
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ағымдағы жылдың 02.06-14.07 аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз 30.06.2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1232344?lang=ru
Қазақстандықтарға соңғы 12 айда есептелгенинвестициялық кіріс 2,1 трлн теңгеден асты 30.06.2026
Қазақстандықтардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельдіжеке басқарушылардың(ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады.ҚРҰБ-ның міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025 жылдың мамырынан бастап 2026 жылдың сәуіріне дейінгі 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшерішамамен2,00трлнтеңгені құрады, осыкезеңдегікірістілік8,57% болды. Осы уақыт аралығында жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс 108,19 млрд теңгені құрады, кірістілік 17,49%.Еске сала кетейік, сенімгерлік басқарушылар валюталар, елдер, экономиканың секторлары мен эмитенттер бойынша әртараптандырылған түрлі қаржы құралдарына инвестиция сала отырып, теңгерімді инвестициялық саясат жүргізеді.Инвестициялық кіріс бірнеше көзден қалыптасады: бағалы қағаздар бойынша сыйақы (депозиттер мен өзге де операциялардан түсетін кірістер), қаржы құралдарының нарықтық және валюталық қайта бағалануы, сыртқы басқаруға берілген активтердің нәтижелері және басқа да факторлар есебінен.Осылайша, инвестициялық кірістің көлемі бірқатар жағдайларға тәуелді: портфельдегі қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, валюта бағамдарының ауытқуына, инфляция деңгейіне, дивидендтер төленуіне және өзге де ықпал ететін факторларға. Әр кезеңде табыстылық өсіп те, төмендеп те отыруы мүмкін, бұл өз кезегінде салымшылардың жалпы зейнетақы жинақтарының көлеміне әсер етеді.Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістің төмендеуінің негізгі себебі — теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы салдарынан туындаған валюталық активтердің теріс бағамдық қайта бағалануы. Атап айтқанда, АҚШ долларының бағамы 505,53 теңгеден 462,91 теңгеге дейін төмендеді.Қаржы нарығының құбылмалылығына қарамастан, орта және ұзақ мерзімді перспективада оң инвестициялық кіріс және зейнетақы жинақтарының нақты кірістілігі қамтамасыз етіледі. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі 979,41% инфляция кезінде1 060,20% құрады.2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан бастап(зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) жинақталған, ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық кіріс –10,21 трлн теңге.Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі – жүргізілген төлемдер есебімен 39,7%құрайды, бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинақтары құрылымындағы маңыздылығының айғағы.Зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі кірістілігі оларды ұзақ мерзімді басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Кірістілік деңгейі қаржы құралдарының, валюта бағамдарының және кезеңнен кезеңге дейінгі өзге де көрсеткіштердің нарықтық құнының құбылмалылығына байланысты екенін атап өту маңызды. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды ұзақ мерзімді кезеңге жасаған жөн. Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) басқаруға аударуға құқылы.Ұзақ мерзімді кезеңде зейнетақы активтерін сақтауға және олардың оң кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған ҚРҰБ-ның неғұрлым консервативті басқаруымен салыстырғанда, ИПБ-ның инвестициялық декларациялары мен реттеушінің талаптары зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру үшін ИПБ-ға кең инвестициялық мүмкіндіктер береді (бұл ретте ИПБ-ның тәуекелдері де жоғары).Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтында "статистика және талдау/зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде жарияланады (https://www.enpf.kz/kz/).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1232354?lang=ru
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар 30.06.2026
Еңтөменгіжеткіліктілікшектерін (ТЖШ) қайтақараужәнежаңамөлшерлерінқабылдаудыңмақсатықандай?ТЖШесептеуәдістемесінқайтақараудыңнегізгімақсаты – болашақтағыжинақтаушызейнетақыныңжеткіліктідеңгейінқамтамасызетуүшінқажеттіеңтөменгізейнетақыжинақтарынақойылатынталаптардыкүшейту, сондай-ақсалымшыныңзейнетжасындағызейнетақытөлемдеріесебіненкірістіалмастырукоэффициентінкезең-кезеңіменарттыру. Бұлреттееңтөменгіхалықаралықстандарттарескеріледі.Еске салсақ, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) талаптарына сәйкес, кірісті алмастыру коэффициенті кемінде 40% болуы тиіс.Жаңа әдістеме бойынша ТЖШ мөлшерін есептеу нақты өмір жағдайлары және зейнетақымен қамсыздандырудың мақсатты параметрлеріне барынша жақындатылмақ. Бұл азаматтардың зейнет жасына жеткен кезде жеткілікті көлемде жинақсыз қалу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Ең төменгі жеткіліктілік шектері қалай айқындалады? Қандай факторлар ескеріледі?Өзгерістерге сәйкес, ТЖШ мөлшері болашақ зейнетақы төлемдерінің мақсатты көрсеткіштеріне сүйене отырып анықталады және әрбір салымшының жасына қарай ай сайынғы төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы негізінде есептеледі.Формула ұзақмерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер) және қаржылық (кірістіліктің пайыздық мөлшерлемелері және төлемдерді индекстеу) факторларды қамтиды. Бұл тәсіл азаматтардың болашақ төлемдерінің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.Төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Ол мақсатты төлемдерді қамтамасыз етуге қажетті жинақ көлемін айқындауға мүмкіндік береді және макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруіне тәуелділікті азайтады деп күтілуде.Зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге негізделеді. Атап айтқанда: жасына байланысты ең төменгізейнетақы, ең төменгі жалақы мөлшері.Бұл көрсеткіштер жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге пайдалану мүмкіндігі қарастырылған кезде, зейнетақы шотында болашақтағы төлемдерді қамтамасыз етуге жеткілікті сома қалатыны міндетті түрде ескеріледі. Қабылданып жатқан өзгерістер болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қалай әсер етеді?Қолданыстағы ТЖШесептеу әдістемесіне сәйкес, егер салымшы зейнетақы жинақтарын шектен асқан сомасын пайдаланса, болашақта зейнетке шыққанда шамамен 50 мың теңге көлемінде ғана төлем алуы мүмкін. Бұл қазіргі күнкөріс деңгейіне (КД) шамалас көрсеткіш. Бұл ретте қазіргі Әдістемеде салымшы зейнет жасына дейін міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде төлей береді деген болжам қарастырылған. Алайда іс жүзінде жарналар тұрақты аударылмауы немесе мүлде төленбеуі мүмкін. Мұндай жағдайда қолданыстағы ТЖШ мөлшері күтілетін ең төменгі төлемдерді қамтамасыз ете алмайды. Соның салдарынан болашақтағы төлем көлемі күнкөріс минимумынан да төмен болуы ықтимал. Тіпті жарналар тұрақты төленіп, жинақтар қолданыстағы ТЖШдеңгейінде сақталған күннің өзінде, шамамен 50 мың теңге мөлшеріндегі жинақтаушы зейнетақы қазіргі медиандық жалақының 15%-ына да жетпейді.Анықтама үшін:Медиандық жалақы – бұл бүкіл ел үшін де, жекелеген аймақтар мен елді мекендер үшін де жалақыны есептеуге мүмкіндік беретін ел халқының кірістерін талдау үшін қолданылатын алғышарттардың бірі. Медиандық жалақы – бұл барлық жалақыны екі тең бөлікке бөлетін көрсеткіш: жұмысшылардың жартысы медианнан көп, ал екінші бөлігі бұл мәннен аз алады. Ол табыс жағдайын дәлірек көрсетеді. Алайда, ол әртүрлі факторлар, мысалы, экономикалық өсу, инфляция, еңбек нарығының жағдайыжәне саяси шешімдердің әсерінен өзгеруі мүмкін екенін ескеру қажет, Жаңа қабылданатын ТЖШәдістемесіне сәйкес, егер салымшы жинақтарының төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдаланса, болашақтағы зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері медиандық жалақының шамамен 40%-ына жақындайды. Бұл ретте, жаңа ӘдістемедеТЖШ мөлшері болашақ жарналарға, көптеген макроэкономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы болжамды өзгерістеріне тәуелді болмайды. Есептеу ұзақмерзімді факторларға негізделеді.Олардың қатарында Біріккен Ұлттар Ұйымы ұлттық статистика негізінде тұрақты түрде жаңартып отыратын Қазақстан халқының демографиялық кестелері де бар.Соның нәтижесінде азаматтар үшін болашақ зейнетақы мөлшері анағұрлым болжамды болады әрі кезең-кезеңімен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің мақсатты көрсеткіштеріне жақындай түседі.Өзгерістерге сәйкес, ТЖШмөлшері салымшының жасына байланысты белгіленеді. Салымшының жасыұлғайып, зейнеткерлік жасқа жақындаған сайын болашақтағы зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне қойылатын талаптар да артады. Бұл азаматтардың зейнет жасына жеткен кезде халықаралық стандарттарға жақын деңгейдегі табыс алуына мүмкіндік беру мақсатында енгізіліп отыр.Осылайша, жаңа модель ТЖШесептеу жүйесін нақты жағдайларға және зейнетақымен қамсыздандырудың мақсатты параметрлеріне барынша жақындатып,азаматтардың зейнет жасына жеткен кезде жеткіліксіз жинақпен қалу қаупін төмендетеді. Өзгерістер зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалану мүмкіндігіне қалай әсер етеді? Жинақты пайдалану қиындай ма? ТЖШмөлшерінің ұлғаюына байланысты, азаматтардың пайдалана алатын жинақ көлемі қысқаруы мүмкін. Себебі зейнетақы шотында сақталуы тиіс ең төменгі сома көлемі артады.Сонымен бірге:зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге пайдалану тетіктері сақталады;тек ТЖШ-дан асатынқаражаттығанапайдалануғаболады;ТЖШ-ғақатыстышектеулерболашақтажеткіліктідеңгейдегізейнетақыжинақтары мен төлемдерінқамтамасызетугебағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1232367?lang=ru
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Нұрмахан Әділбеков ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға ҚР Қаржы министрлігінің Аппарат басшысы Эрнар Ержанов таныстырды.Нұрмахан Әбілқасымұлы 1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Қазақ мемлекеттік басқару академиясы мен Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдап шыққан.Еңбек жолын 1994 жылы бастаған Н.Әділбековтің кәсіби мансабының едәуір бөлігі Қаржы министрлігінде, оның ішінде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жүйесінде өткен. Айталық, әр жылдары комитет пен оның аумақтық бөлімшелерінде басшылық қызмет атқарып, сондай-ақ Ақпараттық-есепке алу орталығында жұмыс істеген.2024-2026 жылдар аралығында Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек етті.«Құрмет» ордені, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік және ведомстволық награданың иегері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1232410?lang=ru
Қазақстанда тұңғыш рет әскери технологиялар бойынша SHAIQAS 2026 чемпионаты басталады: жүлде қоры – 10 миллион теңге 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз жүйелер, жерүсті робототехникасы, кибертехнологиялар және тактикалық дайындық салалары бойынша SHAIQAS 2026 чемпионатының өтетінін хабарлайды.Бұл – Қазақстандағы қос мақсаттағы технологиялар саласындағы ұлттық акселерациялық бағдарламаның операторы Defence Tech Center ұйымдастыратын маңызды іс-шара. Чемпионаттың мақсаты – болашағы зор инженерлік командаларды анықтап, олардың әзірлемелерін өнеркәсіпке енгізуге қолдау көрсету.Жоба Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің стратегиялық қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның серіктестері – робототехника бағытын дамытатын USTEM Foundation және ұшқышсыз ұшу жүйелері саласындағы бастамаларды іске асыратын Ashyq Aspan Foundation. Инфрақұрылымдық қолдауды халықаралық инновациялық кластер Astana Hub қамтамасыз етеді.Чемпионатқа 5-тен 15 адамға дейінгі аралас инженерлік командалар қатыса алады. Командалар жоғары оқу орындарының, инженерлік мектептердің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және Қарулы күштер бөлімшелерінің қолдауымен құрылады.Чемпионат бағдарламасы төрт бағыттан тұрады: «аспан», «жер», «киберқауіпсіздік» және «тактикалық финал».«Аспан» бағыты бойынша қатысушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарына қатысты тапсырмаларды орындайды. Олардың қатарында бір жинақтан 5 дюймдік FPV-дрон құрастыру, дрондармен жылдамдық жарысына қатысу және жүк тасымалдау міндеттері бар.«Жер» бағыты бойынша жерүсті роботтандырылған платформаларды пайдалана отырып, манекендерді эвакуациялау және мина макеттерін орналастыру тапсырмалары орындалады.«Киберқауіпсіздік» бағыты бойынша қатысушылар үшін киберполигон жағдайында әртүрлі сценарийлер әзірленеді.Тактикалық финалда бес инженерден тұратын команда кедергілер жолағында әрекет етеді. Бұл кезеңде қозғалмайтын нысандарға страйкбол қаруымен ату және тактикалық медицина элементтерін орындау қарастырылған.SHAIQAS 2026 чемпионатының күнтізбесі1–15 маусым – командаларды тіркеу (defencetech.kz сайты арқылы);16–25 маусым – өтінімдерді қарау және инженерлік құжаттама негізінде финалист командаларды іріктеу;1 шілде – финалистердің соңғы тізімін жариялау;19–20 шілде – финал алаңындағы міндетті екі күндік сынақ кезеңі: техниканы тексеру және қысқартылған далалық сынақтар;14–15 тамыз – ұлттық финал.Бірінші күні киберкезең және 1/8 финал ойындары қатар өтеді. Екінші күні ширек финалдар, жартылай финалдар, финал және марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.Жүлде қорыЖалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды.Сонымен қатар:«Әуе жүйелерінің үздік инженерлік кешені»;«Жерүсті жүйелерінің үздік инженерлік кешені»;«Киберқауіпсіздік саласындағы сыйлық»атты арнайы номинациялар тағайындалған.Жүлделі орын алған командалардың ғылыми жетекшілері де арнайы марапаттарға ие болады.Ақпараттық ресурстар және байланысРесми сайт: Defence Tech Center ресми сайтыЭлектрондық пошта: info@defencetech.kzDefence Tech Center кеңселері:Астана қаласында – ALEM AI CenterАлматы қаласында – Офицерлер үйі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1232449?lang=ru
Өңірдегі екі айлық тазалық акциясы аяқталды, санитарлық жұмыстар жалғасады 30.06.2026
Екі айлық санитарлық айлығы аяқталды, санитарлық іс-шаралар жалғасуда. Санитарлық тазалық бойынша екі айлыққа 168 мыңнан астам адам қатысып, өңірдегі елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру бойынша атқарылған жұмыстың көлемі атап өтілді. Облыс әкімі аппаратының мәжілісінде екі айлықтың қорытындысы шығарылып, өңірдегі елді мекендердің санитарлық жағдайын жүйелі түрде бақылаудың маңыздылығы ерекше көрсетілді.Сенбіліктер облыстың қалалары мен аудандарында 10 апта бойы өткізілді. Оған 168 мыңнан астам адам қатысып, 377 техника жұмылдырылды. Іс-шаралар барысында 7 101 көше мен 825 саябақ тазартылып, заңсыз қоқыс үйінділерінен 9 205 тонна, елді мекендердің көшелерінен 19 697 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, 464 шағын сәулет нысанының сыртқы келбеті қалпына келтірілді. Арнайы көңіл жағалау аймақтарының санитарлық жағдайына бөлінді — жалпы ұзындығы 626 шақырым болатын жағалау аумағы тазартылды.«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында өңірде басталған екі айлық 30 мамырда аяқталды. Дегенмен, осы бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады. Осыған байланысты өңір басшысы қала және аудан әкімдеріне аумақтардың санитарлық жағдайы мен абаттандыру мәселелерін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.«Санитарлық тазалық бойынша екі айлыққа қатысқан барлық азаматтарға алғысымды білдіремін. Атқарылған жұмыстардың көлемі айқын көрініп отыр. Тұрғындар, кәсіпорын ұжымдары мен ұйымдар тазалық жұмыстарына белсенді қатысты. Алайда бұл жұмыспен бәрі аяқталмайды. Маңыздысы — тазалықты тұрақты түрде сақтау, тек акциялармен шектелмеу. Қалаларымыз бен ауылдарымыз күн сайын таза болуы тиіс, тек сенбіліктерден кейін емес. Көшелердің, аулалардың, саябақтардың тазалығы тұрғындардың тұрмыс жағдайына және қоршаған ортаға көзқарасына әсер етеді. Сондықтан қала және аудан әкімдеріне аумақтардың санитарлық жағдайын тұрақты бақылауда ұстауды, қоқысты уақытында шығаруды және заңсыз қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеуді тапсырамын. Сондай-ақ, бұл жұмысқа тұрғындардың, әсіресе жастардың белсенді қатысуы маңызды. Тазалық әр үйден, әр ауладан және әр адамнан басталады. Тек бірлескен күш-жігер арқылы қалаларымыз бен ауылдарымызды таза әрі жайлы ете аламыз», — деді облыс әкімі Асхат Шахаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1232476?lang=ru
Мемлекет басшысы Алатау қаласының даму барысымен танысты 30.06.2026
Алматы облысы, Қонаев қаласыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары Алатау қаласын дамыту жоспарымен танысудан басталды.Қазір аумағы 88 мың гектарды құрайтын қала 4 арнаулы бөлікке бөлінген. Шаһар 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дами береді. Сонымен қатар қаланы өркендетуде басымдыққа ие аумақтар мен табыс көздері айқындалып жатыр. Магистральды инфрақұрылымды жандандырудың жол картасы жүзеге асырылуда. Басқарудың жаңа моделін қалыптастыратын Конституциялық заң қабылданды.Бүгінде Gate City тұрғын ауданында қызу жұмыс жүргізіліп жатыр. Мұнда бір «Жайлы мектеп» бой көтерді. Қалада «Маревен Фуд», «КНАУФ», Fruit Art, Dolce Pharm және Алматы желдеткіш зауыты секілді үлкен кәсіпорындар жұмыс істейді.Бұдан бөлек, жалпы сомасы 2 триллион теңгеден асатын 53 инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды. Атап айтқанда, PepsiCo компаниясы Орталық Азиядағы картоп өңдейтін ең ірі зауыт салынып жатыр. Mars Petcare компаниясы үй жануарларына арналған азық өндіретін заманауи әрі бірегей жобаны қолға алды. KHAN TENGRI BIOPHARMA компаниясы дәрі-дәрмек мен медициналық қондырғылар шығарумен айналысады. «Исткомтранс» және G-Trans компаниялары логистикалық кластер құруда.Мемлекет басшысына Iconic Complex жобасы таныстырылды. Бұл – Алатаудағы көпфункциональды озық кешендердің бірі. Қаладағы негізгі нысандар Gate District ауданында бой көтермек. www.akorda.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1232514?lang=ru
1- сыныпқа құжаттарды қабылдаудың басталуы туралы 30.06.2026
Ағымдағы жылдың 10 маусымынан бастап облысымызда жалпы білім беретін мектептердің 1- сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады. Аталған қызметті ата-аналар OQU Ұлттық Білім беру платформасында электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) немесе www.egov.kz порталы арқылы да алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке, онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады.Өтінім беру үшін сайтқа кіріп, өтінішті ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер толтырады және сканерленген құжаттарды тіркейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1232528?lang=ru
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҮНДЕУІ 30.06.2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҮНДЕУІҚұрметті қазақстандықтар!Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жол-көлік оқиғалары салдарынан балалардың қаза болуы мен жарақат алу жағдайларының жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді.Жаз мезгілінде балалар үйден тыс жерде көбірек уақыт өткізеді. Олар көшеде, аулада, спорт және ойын алаңдарында болады, велосипед, самокат тебеді, демалыс орындарына барады, саяхаттайды.Сондықтан дәл осы кезеңде балалардың қауіпсіздігі ересектердің қырағылығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.Осыған байланысты Ұлттық комиссия ата-аналарды, жүргізушілерді және барша азаматтарды алдағы жазғы демалыс кезінде балалардың өмірі мен денсаулығына ерекше жауапкершілікпен қарауға шақырады.Құрметті ата-аналар!Балаларыңызбен жолда, аулада, су айдындары маңында және табиғат аясында өзін қауіпсіз ұстау қағидалары туралы сөйлесіңіздер. Бұл ережелерді үнемі естеріне салып отырыңыздар.Балаларға жолда аса мұқият болу қажеттігін түсіндіріңіздер. Жолды тек жаяу жүргіншілер өткелімен және қауіпсіздігіне көз жеткізгеннен кейін ғана кесіп өту қажет. Ал өткелден өтпес бұрын міндетті түрде велосипедтен немесе самокаттан түсу керек.Велосипед, самокат немесе ролик тепкен кезде балалардың қорғаныш құралдарын пайдалануын қамтамасыз етіңіздер.Үйдегі қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударыңыздар. Терезелерді қорғаныш құрылғыларынсыз ашық қалдырмаңыздар, баланың құлап кетуіне әкелуі мүмкін жағдайларға жол бермеңіздер, сондай-ақ қауіпті заттар мен химиялық заттардың қауіпсіз орындарда сақталуын қамтамасыз етіңіздер.Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, олардың қай жерде жүргенін бақылауда ұстағандарыңыз абзал. Әсіресе, кешкі уақытта балалардың ересектердің қарауынсыз сыртта жүруіне жол бермеңіздер.Осы қарапайым ережелер баланың ең қымбат байлығы - өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.Құрметті жүргізушілер!Көпшілігіңіз – ата-анасыздар, аға-әпкесіздер. Көлік тізгініне әр отырған сайын осыны есте сақтаңыздар.Жолда, әсіресе тұрғын үйлердің маңында, аулаларда, саябақтар мен балалар алаңдарының жанында аса мұқият болыңыздар.Жылдамдық режимін сақтаңыздар, жаяу жүргіншілер өткелі мен аулаға жақындағанда жылдамдықты төмендетіңіздер.Көлік жүргізу кезінде мобильді құрылғыларды пайдаланудан бас тартыңыздар.Бала көлікті байқамай қалуы мүмкін. Ал жүргізуші баланы міндетті түрде байқауға тиіс.Балалардың өмірі Сіздің бір сәт назар аударуыңызға байланысты болуы мүмкін.Құрметті қазақстандықтар!Балалардың өмірі мен денсаулығы - отбасының, қоғамның және мемлекеттің ортақ жауапкершілігі.Ешқандай алдын алу шаралары ересектердің қырағылығы, жеке өнегесі мен балаларға деген жанашырлығын алмастыра алмайды.Балаларымыздың жазғы демалысы қауіпсіз өтуі үшін баршамыз бірлесіп күш салайық.ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1232539?lang=ru
Кәсіпкерлер таңбалау шығындарына 50% қосымша шегерім алады 30.06.2026
Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 16-шы отырысында тауарларды таңбалау жүйесін енгізу кезіндегі бизнесті қосымша қолдау мәселесі қаралды.«Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов атап өткендей, таңбалауды енгізу бизнестен өндірістік желіні жаңғырту, жабдық сатып алу секілді бірқатар едәуір шығынды талап етеді. Кәсіпкерлердің қаржылық ауыртпалығын азайту мақсатында сәйкестендіруге қажет жабдық сатып алуға жұмсалған шығынды шегерімге нақты жұмсалған шығын сомасының 150% мөлшеріне жатқызу ұсынылды.Жобалық кеңсе отырысына қатысушылар бұл ұсынысты қолдады. Тиісті түзету Салық кодексіне енгізіледі.Сондай-ақ, отырыста резидент еместер үшін электрондық шот-фактура жазу мерзімін ұзарту бойынша түбегейлі шешім қабылданды. Мерзім ұзартылады. Қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ҰКП норманы түпкілікті пысықтауда. Резидент еместер үшін ЭШФ ҚҚС бойынша декларация тапсыратын күннен бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей жазылып берілуі қажет.Сонымен қатар, отырыста еңбекақы төлеу қоры төлемдерін біріздендіру бойынша пилоттық жобаны әзірлеу жайы талқыланды. Қазіргі уақытта оларды салық төлеушінің кабинеті арқылы басқару қарастырылуда. Барлық міндетті төлемді есептеу үшін жұмыс берушіге қызметкердің ЖСН-ы мен оның жалақы мөлшерін көрсету жеткілікті. Жүйе қажетті есептеуді автоматты түрде жүргізеді.Осы тетікті енгізу еңбекақы төлеу қорынан төлем жүргізу міндеттемелерін орындауды едәуір жеңілдетіп, бизнестің әкімшілік жүктемесін қысқартуға, стандартты есеп айырысу операцияларын орындау үшін бухгалтерлік қызметті тарту қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1232599?lang=ru
ХХІV «Жетісу жұлдыздары - 2026» облыстық балалар шығармашылығы байқауы 30.06.2026
2026 жылдың 24-29 сәуір күндері облысымыздың 8 ауданы мен 2 қаласында облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен ХХІV «Жетісу жұлдыздары-2026» облыстық балалар шығармашылығы байқауының аймақтық іріктеу кезеңі ұйымдастырылды.1 маусым күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында байқаудың Гала-концерті және марапаттау рәсімі сағат 17:00-де өтті.Байқаудың мақсаты:Балалардың шығармашылығын дамыту, үлкен сахнаға жол ашу, музыкалық-эстетикалық тәрбие беру және жас таланттарды қолдау.Іріктеу кезеңіне облыстың барлық аудандарынан және қалаларынан 516 бала қатысты, олардың ішінен 326 бала облыстық байқауға жолдама алды.Байқау номинациялары:Эстрадалық әнДәстүрлі әнХореографияЖеке аспапта ойнауҚатысушылар 3 жас тобы бойынша сайысқа түсті:Кіші топ: 5-8 жасОрта топ: 9-11 жасҮлкен топ: 12-15 жасҚазылар алқасы құрамы:Сабитова Айгүл Ташболатқызы – Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, қазылар алқасының төрайымыАтаметов Нодыржан Закирджанович – Халықаралық және республикалық фестивальдердің лауреаты, Д.Рақышев атындағы филармонияның «Жетісу» халық би ансамблінің балетмейстеріЛахаева Гүлбану Сейілханқызы – Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Д.Рақышев атындағы филармонияның жеке дауыстағы эстрада әншісіОрынбасар Таңжарық Бинисламұлы – Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Д.Рақышев атындағы филармонияның аспапшы артисіАйдарәли Жанатбек – Ақын, дәстүрлі әнші, Жетісу облысы халық шығармашылығы орталығының мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысыБайқау қорытындысы бойынша әр номинация және жас топтар бойынша жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1232638?lang=ru
«Дәстүр HUB» шығармашылық кеңістігінің ашылуы 30.06.2026
2026 жылдың 1 маусымында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының аумағында «Dәстүр HUB» шығармашылық кеңістігінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл кеңістік Қазақстандағы цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналды.Ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышев, «Казцинк» ЖШС-нің әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев, депутаттар, шығармашылық зиялы қауым, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Іс-шара барысында қонақтар заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, мәдени мұраны сақтауға және насихаттауға бағытталған жаңа кеңістіктің тұжырымдамасымен танысты. Экспозицияда интерактивті мультимедиялық контент, QR-технологиялар, жасанды интеллект арқылы жасалған материалдар болды.«Дәстүр HUB» қызметінде кітап оқу мәдениетін дамытуға, балалар мен жастардың шығармашылық бастамаларын қолдауға, білім беру және ақпараттық жобаларын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінеді.Мерекелік шараға қатысушылар үшін тақырыптық алаңдар, шығармашылық шеберлік сағаттары, ұлттық ойындар, балаларға арналған интерактивті ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды.Дәстүрлі құндылықтар мен заманауи технологияларды біріктіретін, өскелең ұрпақтың зияткерлік және шығармашылық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер беретін «Дәстүр HUB» кеңістігінің ашылуы өңір үшін маңызды мәдени оқиға болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1232641?lang=ru
Салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару 30.06.2026
Салық төлеушіні тіркеу есебінен алу мынадай жағдайларда: 1) банкроттық себебі бойынша қызметін тоқтатқанды немесе таратылғанды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатқан немесе ол таратылған жағдайда – тиісті тіркеуші органға қызметті тоқтату туралы өтініш (салықтық өтініш) ұсынылған күннен бастап; 2) банкроттық себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда – дара кәсіпкер тіркеу есебінен шығарылған немесе заңды тұлға нөмірлер тізілімінен алынған күннен бастап; 3) заңды күшіне енген сот актісімен дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда – салық төлеуші тіркеу есебіне қойылған күннен бастап; 4) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – таратудың салықтық есептілігі мен беру актісі ұсынылған күннен бастап; 5) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – таратудың салықтық есептілігі мен бөлу актісі ұсынылған күннен бастап; 6) дара кәсіпкердің тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға қайтыс болған жағдайда – салық төлеушілер базасынан алынған күннен бастап; 7) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне көшкен жағдайда – арнаулы салық режимін қолдануды бастаған күннен бастап жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1232658?lang=ru
Тауарларды СЭҚ ТН бойынша жіктеу: сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін маңызы қандай? 30.06.2026
Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде кедендік шекара арқылы өткізілетін әрбір тауар Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына (СЭҚ ТН ЕАЭО) сәйкес міндетті түрде жіктелуі тиіс.СЭҚ ТН – тауарларды жүйелі түрде топтастыруға арналған бірыңғай классификатор. Ол Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан аумағында қолданылады. Тауардың СЭҚ ТН коды арқылы кедендік баждардың мөлшері, салықтар, тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары анықталады.Тауарларды жіктеу келесі негізгі белгілер бойынша жүргізіледі:🔹 тауардың атқаратын қызметі мен мақсаты;🔹 дайындалған материалы;🔹 құрамы мен техникалық сипаттамалары;🔹 өңделу деңгейі мен дайындық дәрежесі.Әрбір тауарға бірегей он таңбалы код беріледі. Бұл код кедендік декларациялау кезінде көрсетіліп, келесілерді анықтауға негіз болады:✔️ кедендік баж мөлшерлемелері;✔️ қосылған құн салығы (ҚҚС);✔️ акциздер;✔️ рұқсат беру құжаттарының қажеттілігі;✔️ тыйымдар мен шектеулер;✔️ сыртқы сауда статистикасын жүргізу.СЭҚ ТН кодының құрылымы тауар туралы толық ақпарат береді:▪️ алғашқы екі сан – тауар тобы;▪️ алғашқы төрт сан – тауарлық позиция;▪️ алғашқы алты сан – субпозиция;▪️ он санның барлығы – нақты тауар түрі.Тауардың кодын дұрыс анықтау декларанттың міндеті болып табылады. Бұл ретте СЭҚ ТН-ның негізгі интерпретациялау қағидаларын, бөлімдер мен топтарға арналған ескертпелерді, сондай-ақ уәкілетті органдардың түсіндірмелерін басшылыққа алу қажет.❗ Тауар кодын қате анықтау келесі салдарға әкелуі мүмкін:⚠️ кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу;⚠️ әкімшілік жауапкершілікке тарту;⚠️ айыппұл салу;⚠️ тауарларды шығарудың кешіктірілуі;⚠️ қосымша кедендік тексерулердің жүргізілуі.Сондықтан импорт немесе экспорт операцияларын жүзеге асырмас бұрын тауардың барлық сипаттамаларын мұқият зерттеп, өндірушіден техникалық құжаттарды сұратып, СЭҚ ТН кодының дұрыстығына көз жеткізу қажет.Тауарларды дұрыс жіктеу – кедендік рәсімдердің тиімді өтуінің, қаржылық тәуекелдерді азайтудың және сыртқы экономикалық қызметті табысты жүргізудің маңызды кепілі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1232662?lang=ru
📢 Салықтардың артық (қате) төленген сомаларын есепке алу және қайтару тәртібі 💰 30.06.2026
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды артық немесе қате төлеу жағдайында оларды есепке алу 🔄 немесе қайтару ↩️ тәртібі Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексінің 120–123-баптарымен реттелетінін еске салады📘.📌 Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің немесе өсімпұлдың артық төленген сомасы болған жағдайда 💸 мемлекеттік кірістер органы 🏛️ салық төлеушінің өтініші 🧾 негізінде есепке алу немесе қайтару жүргізеді.📌 Артық төленген сома — бұл ➕:💰 бюджетке нақты төленген сома,📊 мен тиісті салық, төлем немесе өсімпұл бойынша есептелген (есептелген) сома арасындағы оң айырма.Сонымен қатар мыналар ескеріледі:🔁 басқа салықтар мен төлемдер есебіне есепке алынған сомалар💵 салық төлеушіге бұрын қайтарылған сомалар📅 есепке алу және (немесе) қайтару жүргізілген күнге📌 Есепке алу немесе қайтару үшін салықтық өтініш 🧾 белгіленген нысан бойынша 📄 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы №637 бұйрығына сәйкес ұсынылады 🧑💼.📌 Өтінішті тапсыру тәсілдері:💻 «Салық төлеушінің кабинеті СӘИЖ» веб-қосымшасы арқылы🌐 www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы📱 e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы (жеке тұлғалар үшін)🏢 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қағаз түрінде📌 Артық төленген соманы қайтару 💰 мемлекеттік кірістер органы 🏛️ тарапынан салық төлеушінің өтінішінде көрсетілген банк шотына 🏦 5 жұмыс күні ішінде ⏳, өтініш тіркелген күАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1232669?lang=ru
Зейнет демалысына шығарып салды 30.06.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті. Жиында облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Марат Құрманбаевты әріптестері құрметпен зейнет демалысына шығарып салды.Аймақ басшысы Марат Ердәулетұлының мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылғы жемісті еңбек жолына тоқталып, өңірдің дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті.«Аймағымыздағы әскери бөлімдердің инфрақұрылымы жаңартылып, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүйеленді. Бұл жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырудағы Марат Ердәулетұлының өзіндік қолтаңбасын ерекше атап өтуіміз қажет», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Құрманбаев Марат Ердәулетұлы еңбек жолын өндіріс саласында бастап, кейін қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік басқару жүйесінде жауапты қызметтер атқарды. 2013-2024 жылдары Қызылорда және Жамбыл облыстары бойынша экология департаментін, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын басқарды. 2024 жылдан бері облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы қызметінде болды.Облыстық экология департаментін басқарған кезеңде қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемақылар есебінен бюджетке жоспардан тыс 64 млрд теңгеден астам қаржы түсуіне ықпал етті.Құқық қорғау және қорғаныс саласындағы уәкілетті органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде террористік тұрғыдан осал объектілердің аумақтық тізбесі жаңартылып, қауіпсіздік талаптарына сәйкес жаңғыртылды.Соңғы жылдары Арал және Жалағаш аудандарындағы қорғаныс бөгеттері қалпына келтіріліп, тұрғындарды төтенше жағдай туралы дер кезінде хабардар ету мақсатында 124 елді мекенде сиреналық қосылу құрылғылары орнатылды. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары тіркелген елді мекендер залалсыздандырылды.Басқосуда Марат Ердәулетұлына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталып, дәстүрге сай құрмет көрсетілді.Сондай-ақ аймақ басшысы 2024 жылдан бері «ҚазГерМұнай» ЖШС бас директоры қызметін атқарған Зияш Қияқбаевқа басқа қызметке ауысуына байланысты алғыс білдіріп, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады. Жиында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының шешімімен «ҚазГерМұнай» ЖШС бас директоры лауазымына тағайындалған Ерсейіт Жолмырзаұлы Қайыпов таныстырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1232714?lang=ru