Enbekshi QazaQ

Әлем

Өндіріс – өңір дамуының өзегі: Алматы облысында екі ірі зауыт салынуда 16.04.2026
Агроөнеркәсіп саласы – Алматы облысының экономикалық дамуындағы негізгі бағыттардың бірі. Осыған орай Кеген ауданында екі жаңа нысан – қой жүнін терең өңдейтін комбинат және сиыр сүтін өңдейтін зауыт құрылысы жүріп жатыр, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.«MERGEN HOLDING» ЖШС іске асырып жатқан жүн өңдеу комбинатының аумағы – 2 мың шаршы метр. Инвестициялық құны – 1,2 млрд теңге. Жылына 2 мың тоннадан астам қой жүнін өңдеуге қуаты жетеді. Қазіргі уақытта құрылыс алаңын қоршау және тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Қажетті жабдықтарды орнату үшін мердігерлермен келіссөздер жасалуда. Тазартылып, өңделген қой жүнінен көрпе, текемет және басқа да тұрмыстық бұйымдар өндіріліп, ішкі нарыққа шығарылады. Бір бөлігі шетелге экспортталмақ.Ал сүт зауытының құрылысын «Kegen milk» ЖШС жүргізіп жатыр. Онда тәулігіне 30 тоннаға дейін сиыр сүті өңделіп, май, қаймақ, құрт, ірімшік және басқа да сүт өнімдері дайындалады.Алдағы уақытта ірі қара терісін өңдейтін комбинаттың да құрылысы қарқын алмақ. Онда былғарыдан аяқ киім, күртеше және басқа да тері бұйымдары өндірілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1202437?lang=kk
Мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен депутаттардан құрылған жұмыс тобы Ақсай қаласындағы «Жастар» стадионын қайта жаңарту құрылыс жұмыстарымен танысты 16.04.2026
Бүгін мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен депутаттардан құрылған  жұмыс тобы Ақсай қаласындағы «Жастар» стадионын қайта жаңарту құрылыс жұмыстарымен танысты.Комиссия жұмысына аудан әкімінің орынбасары М.Нурмаков, аудандық спорт, сәулет және қалақұрылысы бөлімдердің басшылары,  «Қалдығайты» ЖСШ мердігер компаниясы,  авторлық қадағалау «Міras-2019» ЖСШ , техникалық қадағалау «Жаңа Колсалтинг LTD» ЖСШ өкілдері   қатысты.     Құрылыс жұмыстарының  тапсырыс берушісі - КПО б.в. команиясы.Стадионда  садақ ату, арқан тартыс, асық ойнау, үстел теннисіне арналған залдары, сонымен қатар арнайы техникалдарға арналған гараждар, әкімшілік  бөлмелері бар ғимарат салынуда.  Стадионда жүгіру жолы, жағажай волейболы, футбол алаңы, стрит воркаут, тренажерлар қарастырылған. Құрылыс жұмыстарының аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың  тамыз айына дейін жоспарлануда.Құрылыс аясында стадионды қоршау, абаттандыру, бейнебақылау орнату, қыс мезгілінде мұзайды құю көзделген.      Жұмыс барысында мәслихат депутаттары өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, құрылыс жұмыстарының сапасына аса назар аударуды ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1202462?lang=kk
Ақмола облысы IV Беларусь- Ресей туристік конгресінде өзінің туристік әлеуетін таныстырды 16.04.2026
2026 жылғы 7–8 сәуірде IV Беларусь–Ресей туристік конгресі және «Travel Hub Содружество» халықаралық туристік форумы өтті. Аталған іс-шара ТМД елдерінің туристік саласындағы жетекші сарапшыларын бір алаңға біріктірді.Форум туризм саласындағы өзекті үрдістер мен даму перспективаларын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Пленарлық отырыстан бөлек, агро және экотуризм, гастрономиялық, патриоттық, іскерлік туризмді дамыту, сондай-ақ экскурсиялық және туроператорлық қызмет мәселелеріне арналған салалық секциялар ұйымдастырылды.Форум жұмысына 800-ден астам делегат қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, туроператорлар, қонақ үй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, инвесторлар, банк секторы мен көлік компаниялары бар 80-нен астам сарапшы болды. Қатысушылар географиясы Ресейдің 20-дан астам өңірін, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерін қамтыды.Халықаралық алаңда Қазақстан атынан Қазақстанның агро және ауыл туризмі қауымдастығы қатысты. Қауымдастық президенті Халида Ашимова баяндама жасап, оның аясында «Бурабай» ұлттық паркінің мысалында туристік инфрақұрылымды дамытудың заманауи тәсілдері мен технологиялары таныстырылды.Осындай халықаралық іс-шараларға қатысу елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және Ақмола облысының туристік әлеуетін сыртқы нарықта ілгерілетуге мүмкіндік береді.Ақмола облысының туризм басқармасы өңірдің туристік саласын дамыту, заманауи тәжірибелерді енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1202469?lang=kk
Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының журналистімен экосаммит жайлы пікір алмасты 16.04.2026
Рияд, 2026 жылғы 16 сәуір – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Таяу Шығыста кеңінен танымал «Arab News» газетінің журналисті, дипломатия және халықаралық істер бағытының басшысы Лама Әлхамавиді Елшілікте қабылдады.Кездесу барысында Елші Л.Әлхамавидің 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитті ақпараттық тұрғыда жария етуге бағытталған алдағы іссапарына қатысты бағыт-бағдар беріп, сәт сапар тіледі. Сонымен қатар, Елші іс-шараның мазмұны мен маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат беріп, өңірдегі экологиялық ахуалдың өзектілігі, климаттың өзгеруі, су ресурстарын тиімді басқару және тұрақты даму мәселелері негізгі талқылау тақырыптары болатынын атап өтті. Сондай-ақ, саммиттің БҰҰ және халықаралық серіктестермен бірлесіп өткізілетінін, оған мемлекет басшылары, халықаралық ұйымдар мен сарапшылардың қатысуы күтілетінін жеткізді.Өз кезегінде Лама Әлхамави Елшілік тарапынан көрсетілген қолдау үшін өзінің алғысын білдіріп, аталған халықаралық іс-шараны кеңінен жария етуге дайын екенін жеткізді.«Arab News» – 1975 жылы Сауд Арабиясында құрылған жетекші ағылшын тілді басылым. Газет Таяу Шығыс өңіріндегі және әлемдегі саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік тақырыптарды кеңінен қамтып, халықаралық жаңалықтарды сапалы әрі объективті түрде ұсынуымен танымал.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1202472?lang=kk
Астана қаласында Ақмола облысының балалардың білім беру-сауықтыру орталықтарының жәрмеңкесі өтеді 16.04.2026
17 сәуір күні Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында Ақмола облысының балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарының жәрмеңкесі өтеді. Бұл — мазмұнды әрі пайдалы шара. Ақмола облысы балалар демалысы үшін ең қолайлы өңірлердің бірі ретінде танылған: ерекше табиғаты, таза ауасы, көркем көлдері және заманауи орталықтары балалардың сауығуы мен дамуына қолайлы жағдай жасайды.Ақмола облысының Туризм басқармасы балалардың сапалы демалысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі, себебі дені сау әрі белсенді ұрпақ қалыптастыру — басты басымдықтардың бірі.2025 жылғы жазғы маусымның қорытындысы бойынша демалыспен қамту деңгейі 93% құрап, 124 539 бала демалған, түрлі бағыттағы қамту 134 000 балаға жуықтаған. Өңірде 16 лагерь жұмыс істеді, оның 8-і мемлекеттік, 8-і жекеменшік, соның ішінде 2 лагерь жыл бойы, 14 лагерь маусымдық негізде қызмет көрсетті. Жазғы сауықтыру лагерлерінде 15 907 бала (11,6%) демалды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1000 балаға артық. Сонымен қатар өңірге басқа облыстардан шамамен 3 200 бала қабылданды.Өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға да ерекше назар аударылуда: 15 мамыр күні Бурабай кентіндегі Интерактивті музей базасында Маңғыстау облысы делегациясы үшін өңірдің жазғы лагерьлерінің таныстырылымы өткізілді.Жәрмеңке бағдарламасы аясында балалар лагерьлері мен орталықтарының презентациялары, демалыс және даму бағдарламаларымен танысу, сондай-ақ ұйым өкілдерімен еркін пікір алмасу қарастырылған.Барлық басшыларды, ата-аналарды және қызығушылық танытқан азаматтарды жәрмеңкеге қатысып, балалардың демалысы мен дамуына арналған үздік мүмкіндіктерді таңдауға шақырамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1202480?lang=kk
Минскіде қаржылық сауықтыру және банкроттық мәселелеріне арналған халықаралық антикризистік конгресс өтті 16.04.2026
       2026 жылғы 14–16 сәуір аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында антикризистік (арбитраждық) басқарушыларға, мемлекеттік органдар өкілдеріне және төлем қабілетсіздігін реттеу саласындағы өзге де қатысушыларға арналған «Парадная Ассамблея» Минск халықаралық антикризистік конгресі өтті.      Іс-шараға Қазақстан Республикасының банкроттық саласындағы уәкілетті органының өкілдері, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің банкроттық саласын реттейтін уәкілетті органдарының өкілдері мен кәсіби сараптамалық қауымдастық қатысты.     Конгресстің негізгі мақсаты – ұйымдарды қаржылық сауықтырудың заманауи тәсілдерін талқылау, банкроттық рәсімдерін жетілдіру, трансшекаралық банкроттық тетіктерін дамыту және төлем қабілетсіздігін реттеу процестеріне цифрлық технологияларды енгізу болды.     Тақырыптық сессиялар шеңберінде банкроттық саласындағы заңнаманы үйлестіру, оның ішінде әртүрлі юрисдикцияларда активтері мен кредиторлары бар жағдайларда рәсімдерді бірыңғай реттеуге бағытталған трансшекаралық банкроттық жөніндегі үлгілік заңды әзірлеу мәселелері қаралды.     Сондай-ақ банкроттық саласындағы цифрлық шешімдерді дамытуға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, төлем қабілетсіздігі істерін электрондық форматта жүргізу және рәсімдерді қағазсыз әкімшілендіруге көшу қарастырылды, бұл процестердің ашықтығын арттырып, әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.      Іс-шара қорытындысы бойынша Конгресс барысында ұсынылған Беларусь Республикасының кәсіпорындарды санациялау және қаржылық сауықтыру саласындағы тәжірибесі қаралып, оны ұлттық тәсілдерді жетілдіру кезінде одан әрі зерделеу және ықтимал қолдану үшін практикалық үлгі ретінде қарастыру қажеттігі атап өтілді.     Конгресстің өткізілуі төлем қабілетсіздігін реттеу саласындағы халықаралық өзара іс-қимылды нығайтудың, бірыңғай тәсілдерді дамытудың және антикризистік басқару саласына заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің маңыздылығын растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1202481?lang=kk
Ет бағасын тұрақтандыру бойынша үш жақты меморандум жасалды 16.04.2026
15 сәуірде Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстанның Мал шаруашылығы одағымен бірлесіп, сиыр еті бағасын тұрақтандыру жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.Меморандумның негізгі мақсаты – тараптардың ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әлеуметтік шиеленістің алдын алуға және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға өзара мүдделілігі болып табылады.Келісілген меморандум аясында Қазақстанның Мал шаруашылығы одағы мынадай міндеттемелерді өзіне алды:- ішкі нарықты ет өнімдерімен басым түрде қамтамасыз етуді және тапшылықтың туындауына жол бермеуді;- сиыр етінің экспорттық көлемінің кемінде 15%-ын сауда желілері арқылы ішкі нарыққа жеткізуді ұйымдастыруды;– ресми статистикалық деректерге сәйкес айқындалатын орташа республикалық бағадан аспайтын өндірушілердің белгіленген өткізу бағасы бойынша ішкі нарыққа сиыр етін жеткізуді қамтамасыз ету;- ет өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу бойынша аккредиттелген экспорттаушылардың қызметін үйлестіруді.Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы меморандум шеңберінде салалық ұсыныстарды мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде қарастырады, сондай-ақ ішкі нарық толық қамтамасыз етілген жағдайда белгіленген тәртіппен экспорттық квоталарды арттыру мүмкіндігін қарастырады.Сауда және интеграция министрлігі ішкі нарықтағы баға мониторингін қамтамасыз етеді, сауда желілерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді және өндірушілер мен сауда объектілері арасында тікелей жеткізу шарттарын жасасуға ықпал етеді, сондай-ақ сауда үстемесінің рұқсат етілген деңгейінің сақталуын бақылайды.Меморандум ашық әрі болжамды нарық қалыптастыруға, баға құбылмалылығын төмендетуге және халықты қолжетімді ет өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру саланың экспорттық әлеуетін дамыту мен ішкі нарықты қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1202499?lang=kk
Банк пен кәсіпкерліктің әріптестігі 16.04.2026
Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова өңірдің бизнес қауымдастығымен және серіктестерімен кездесті. Онда кәсіпкерлермен әріптестікті нығайту, бизнестің жаңа нарықтарға шығуына қолдау көрсету және өңірдің тұрақты экономикалық дамуына ықпал ететін заманауи қаржы құралдарын дамыту мәселесі талқыланды.Кездесуде Қостанай облысының әкімі тек биылғы жылдың бірінші тоқсанында өңіріміздің қаржы нарығында екінші деңгейлі банктердің экономика салаларына берген несиелік салымдары 119,1 млрд теңгені құрағанын жеткізді.Берілген несиелердің ең көп үлесі сауда саласына тиесілі – жалпы соманың 16,1%-і, өнеркәсіпке – 15,9%, құрылыс саласына – 2,7%. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға 30,4 млрд теңге несие берілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ке көп.«Облыстың банктік депозиттік базасы бір жыл ішінде 20,7%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады. Оның ішінде депозиттік нарықтың 80%-і халықтың салымдарына тиесілі. Депозиттерді долларландыру деңгейі 8,3%-ті құрап, 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6 пайыздық үлеске төмендеді. Бұл теңгеге деген сенімнің артқанын көрсетеді» — деп атап өтті аймақ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1202519?lang=kk
«Қауіпсіз жол»: Шымкентте жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді 16.04.2026
Шымкент қаласы Полиция департаменті басшысының тапсырмасына сәйкес, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, «Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.Аталған іс-шара шеңберінде полиция қызметкерлері «Жас сақшы» және «Жас жол инспекторлары» қатысушыларымен арнайы кездесу өткізіп, жасөспірімдер арасында жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Кездесу барысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, сондай-ақ жолдағы жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, самокат пен мопедті пайдалану кезінде, әсіресе веложолдарда қозғалу барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.Іс-шара аясында жол-көлік оқиғаларының салдарынан зақымданған автокөліктер мен мопедтер көрнекі түрде ұсынылды. Бұл қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың қандай ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін нақты көрсетуге бағытталды.Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу ең алдымен тәртіп пен жауапкершілікке байланысты екенін атап өтіп, жас сақшылардың бұл бағыттағы рөлінің маңызды екенін жеткізді.Аталған бастама жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.Шымкент қаласы Полиция департаменті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық шараларды тұрақты түрде жалғастырады.
Армия – шыдамдылық пен тәртіп мектебі⁣⁣⠀ 16.04.2026
⁣⁣⠀Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында «Авиценна» атындағы жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін ашық есік күні өтті.⁣⁣⠀⁣⁣⠀Экскурсия барысында студенттер көптеген жаңа әрі пайдалы мәліметтермен танысты. Әскери бөлімнің басшылығы әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігін көрсетті. Іс-шара бағдарламасы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріндегі қызметтің негізгі бағыттарын жан-жақты қамтыды.⁣⁣⠀Қонақтарға бақылау-өткізу пункті, саптық алаң көрсетіліп, әскери қызметтің атқарылу тәртібі түсіндірілді. Студенттер казарма ғимараттарын, оқу сыныптарын аралап, қару-жарақ үлгілерімен және оларды пайдалану ережелерімен танысты, сондай-ақ әскери киім үлгілерін көрді.⁣⁣⠀Қатысушыларға ерекше әсер қалдырған сәттердің бірі – қаруды қолмен ұстап көріп, оны бөлшектеу мен жинақтауды өздері орындау мүмкіндігі болды.⁣⁣⠀– Бүгін біз колледж студенттерімен бірге әскери бөлімге танысу мақсатында келдік. Бұл сапар өте танымдық болды, себебі біз бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, сарбаздардың күнделікті өмірін көрдік. Армия – шыдамдылық пен тәртіптің нағыз мектебі, ол әрбір жас үшін үлкен тәжірибе береді, – деді «Авиценна» атындағы жоғары медициналық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Жандарбаева.⁣⁣⠀Іс-шара соңында қонақтар сарбаздар асханасында түскі ас ішті. Бұған дейін оларға тағамдардың қандай өнімдерден дайындалатыны және әскери қызметшілердің ас мәзірі қалай жасақталатыны көрсетілді.⁣⁣⠀Заманауи әскери қызмет жағдайлары студенттерді өзінің ұқыптылығымен және жайлылығымен жағымды таңғалдырды. Отан қорғаушы мамандығы туралы жарқын әсерлер адам жадында ұзақ сақталып, патриоттық рухтың, жауапкершілік пен азаматтық ұстанымның қалыптасуына ықпал етеді.⁣⁣⠀
Әл-Фараби ауданы прокуратурасының үйлестіруімен «Заң мен Тәртіп» 16.04.2026
🔹 Әл-Фараби ауданы прокуратурасының үйлестіруімен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында №15 мектеп-лицейінде оқушылармен құқықтық сабақ өткізілді.Іс-шараның мақсаты - кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылық алдын алу және жауаптылықтарын түсіндіру.Шымкент қаласының прокуратурасы🔹 При координации прокуратуры Аль-Фарабийского района в рамках принципа «Закон и Порядок» в №15 школе-лицее был проведён правовой урок с учащимися.Цель мероприятия — профилактика правонарушений среди несовершеннолетних и разъяснение их ответственности.Прокуратура города Шымкент
Сыртқы істер министрі Иран Елшісін қабылдады 15.04.2026
Астана, 2026 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Елшісі Әли Акбар Джоукарды қабылдады.Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қаралды. Таяу Шығыстағы деэскалацияның маңыздылығы және ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді. Қазақстан тарапы БҰҰ Жарғысының қағидаттарына сәйкес келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге берік бейілділігін атап өтті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына сәйкес Түркістан қаласында келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуды және тиісті халықаралық күш-жігерге жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1201748?lang=kk
Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастың басым бағыттары мен жаңа инвестициялық жобаларды талқылады 15.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вашингтонда Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен және Дүниежүзілік банк тобының өкілдерімен кездесті.Кездесу қазақстандық делегацияның АҚШ-қа сапары шеңберінде жоспарланған Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігінің тұсаукесеріне дайындық аясында өтті.Кездесу барысында Қазақстанның сенім, кәсіпқойлық және тұрақты дамудың ортақ міндеттемесіне негізделген қалыптасқан стратегиялық әріптестікті жоғары бағалайтыны атап өтілді. 1993-2026 жылдар аралығындағы ынтымақтастық шеңберінде көлік, білім беру, экология, «жасыл» технология мен цифрландыру саласында $8 млрд-тан аса сомаға 50-ден астам жоба жүзеге асырылды.Дүниежүзілік банк экономикалық реформаларды ілгерілетуде, инфрақұрылымды дамытуда, сондай-ақ елдің макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруды жалғастыруда.Серік Жұманғарин Қазақстанның соңғы шешуші реформаларының бірі – бюджет-салық реформасы болғанын, оның тиімділігі биылғы бірінші тоқсанның қорытындысымен расталғанын атап өтті.Әріптестіктің 2026-2030 жылдарға арналған жаңа негіздемелік стратегиясында айқындалған ынтымақтастықтың басым бағыттары Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына сәйкес келетіні қаперге берілді. Олардың қатарында көлік және цифрлық байланыстарды дамыту, су және энергетика секторын жаңғырту, қаржы нарығын дамыту, жеке инвестиция тарту, климаттық күн тәртібін нығайту және жаңартылатын энергия көзін пайдалануды кеңейту бар.Ағымдағы портфель шеңберінде екі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Олар:– құны 1 182,5 млрд теңге болатын Қарағанды-Жезқазған автожолын қайта жаңарту (жүзеге асыру кезеңі 2025-2028 жылдар);– қаржыландыруы шамамен $84 млн көлеміндегі «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасы.Сонымен қатар, көлік, энергетика, су ресурсы және цифрландыру саласындағы тағы сегіз жоба пысықталуда. Перспективалық бастама қатарында Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру, «Бейнеу – Сексеуіл» автомобиль жолын салу, Қазақстандағы теміржол қатынасы мен көлік байланысын трансформациялау және тағы да басқа жобалар қарастырылуда.Табиғи монополиялардың 200-ден астам субъектісін жаңартуды көздейтін «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасына ерекше назар аударылды. Бұл еліміздің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етудегі маңызды жобаның бірі.Қазақстан экономиканы әртараптандыру, цифрлық трансформациялау және «жасыл» өсуге көшу күн тәртібін дәйекті түрде жүзеге асыруда. Осыған байланысты Дүниежүзілік банкпен, оның ішінде тұрақты энергетика, су ресурсын басқару, көлік логистикасы және инновациялық шешімдер енгізу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға мүдделілік білдірілді.Антонелла Бассани Дүниежүзілік банк әріптестіктің негіздемелік стратегиясына енген барлық талқыланған жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін атап өтті.«Теңізге шығатын жол жоқ болуына қарамастан, Қазақстан айтарлықтай әлеуетке ие бола отырып, тұрақты өсу қарқынын көрсетуде. Сонымен қатар, жаһандық өзгеріс бейімделу мен өнімділікті арттыруды талап етіп отыр. Біз елді инфрақұрылымға инвестиция салу арқылы да, реформаларды жүзеге асыру арқылы да қолдауға дайынбыз», — деді ол.Сондай-ақ, энергетика мен су секторын жаңғырту бағдарламасының ынтымақтастықтың неғұрлым капиталды қажетсінетін бағытының бірі ретіндегі маңыздылығы атап өтілді. Бұл ретте Дүниежүзілік банк мемлекеттік қаржыландыруға ғана емес, жеке инвестиция тартуға да жәрдемдесуге ниетті.Тараптар ағымдағы жылғы мамырда жоспарланған инфрақұрылымдық саладағы инвестициялық бағдарламаны талқылауды қосқанда, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге әзірлігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1201743?lang=kk
Вашингтонда «Қарағанды – Жезқазған» автожолының жобасы бойынша келісімге қол қойылды 15.04.2026
Қазақстандық делегацияның Вашингтонға ресми сапары барысында Дүниежүзілік банктің штаб-пәтерінде «Қарағанды-Жезқазған» автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.Келісім «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасында жасалды.Жоба көлік инфрақұрылымын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және өңірлердің байланысын жақсартуға арналған. Жаңа жол жүру уақытын едәуір қысқартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және Орталық Қазақстанның дамуына қосымша серпін береді.Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер соңғы сатысында тұр. Жолдың ұзындығы – 457 шақырым. Қарыз сомасы – 650 млрд теңге. Биыл автожолды жобалау жұмыстары және құрылысы бастау алады.Жоба сонымен қатар логистиканы дамытуға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Жұмыстар жақын уақытта басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1201740?lang=kk
Монако Князьдігінің Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 15.04.2026
Астана, 2026 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Қазақстан Республикасындағы Монако Князьдігінің жаңадан тағайындалған Елшісі Мирей Мартиниден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастығының саяси, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзекті мәселелерін талқылады.А.Исетов Қазақстанның Монакомен қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән беретінін және өзара тиімді әріптестікті, соның ішінде, туризм, қаржы және экология салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.Осыған байланысты Қазақстан мен Монако арасындағы байланыстарды нығайтудың және ынтымақтастықтың жаңа перспективалы бағыттарын айқындаудың маңыздылығы атап өтілді.Кездесу соңында Министрдің орынбасары Монако Елшісіне Қазақстандағы миссиясына табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1201731?lang=kk
Әскери-техникалық мектепте қазақ батырларына арналған әдеби байқау өтті 15.04.2026
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Әскери-техникалық мектеп филиалдары арасында «Қазақ деген халқынан, Батыр шыққан даңқынан» атты жыр сайысы өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ батырларының ерлік жолын кеңінен насихаттау арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.Онлайн форматта ұйымдастырылған байқауда курсанттар өзара бақ сынап, тақырып таңдау шеберлігі, жырды мәнерлеп оқу деңгейі және сахна мәдениеті бойынша бағаланды. Қатысушылар ел тарихындағы даңқты батырлардың ерлігі туралы жыр-дастандардан үзінді оқып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді.Сайыстың қазылар алқасына Әскери-техникалық мектептің бас директоры генерал-майор Әділбек Алдабергенов төрағалық етті. Қазылар құрамында бас директордың әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары генерал-майор Марат Нағұманов, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Әбубәкір Смайылов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Мұхарбек Жәкейұлы және «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Молдағалиев болды.Жыр оқу сайысын ашқан генерал-майор Әділбек Алдабергенов әскери-патриоттық тәрбиенің маңыздылығына ерекше тоқталды. – Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – ел тарихына, мәдениетіне, дәстүріне құрмет және Отан қорғауға деген жауапкершілікті ояту. Сол себепті бүгінгі жыр сайысы – тек өнер додасы ғана емес, бұл – ұлттық рухты жаңғыртудың маңызды алаңы.Қазақ батырларының ерлігі – жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі. Осындай тағылымды шаралар арқылы біз курсанттардың бойында отансүйгіштік қасиетті нығайтып, олардың ел алдындағы жауапкершілігін арттырамыз. Болашақта Отан қорғайтын азаматтар дәл осындай рухани құндылықтармен қалыптасуы тиіс, – деді ол.Тартысты өткен жыр сайысының қорытындысы бойынша бірінші орынды Әскери-техникалық мектептің Қызылорда филиалының курсанты Абылайхан Бәйділдаев иеленді. Екінші орын Тараз филиалының курсанты Жәнібек Ермұхамбетке бұйырса, үшінші орынды Қарағанды филиалының курсанты Жанболат Қадырбай алды.Жеңімпаздар Әскери-техникалық мектеп бас директорының грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттары табысталы.Аталған іс-шара курсанттардың шығармашылық қабілетін шыңдап қана қоймай, олардың тарихи сана-сезімін нығайтып, Отанға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыруға зор ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1201703?lang=kk
Әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау: Панфилов ауданындағы көшпелі кездесулер 15.04.2026
2026 жылғы 10 сәуірде Жетісу облысы бойынша МКД басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Н.А. Баймулдинов Панфилов ауданы бойынша МКБ-да, «Нұр жолы», «Алтынкөл жол» кеден бекеттерінде және «Қорғас» ШЫХО-да көшпелі семинар-кеңестер өткізді.Семинарлар барысында Н.А. Баймулдинов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңдарының және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің ережелері мен талаптарын түсіндірді.Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың және мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу және профилактикасы мәселелері талқыланды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу мәселелеріне, соның ішінде лауазымды тұлғалардың құмар ойындарға қатысуына, кәсіпкерлікпен және басқа да ақылы қызметпен айналысуына, мүлікті сенімгерлік басқаруға беруіне және басқа да сұрақтарға ерекше назар аударылды.Мүдделер қақтығысы, қызметтік әдеп және жұмыстан тыс уақыттағы әдеп ұғымдары түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1201592?lang=kk
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі заң департаментімен бірлесіп оқыту семинарын өткізді 15.04.2026
2026 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі заң департаментімен бірлесіп оқыту семинарын өткізді.Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелеріне байланысты заңнама талаптары және қызметтік мінез-құлық нормалары түсіндірілді.Мемлекеттік мүлікті тиісінше пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметшілердің сеніп тапсырылған ресурстардың сақталуын қамтамасыз ету, қызметтік жабдықты, көлікті және өзге де материалдық құралдарды тек қызметтік мақсаттарда пайдалану міндеті, сондай-ақ әкімшілік ресурстарды жеке мүдделерде пайдалануға жол бермеу қажеттігі атап өтілді.Жеке блокта мүдделер қақтығысы мәселелері, оның ықтимал алғышарттары мен алдын алу тетіктері қарастырылды. Осыған байланысты мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда оны уақтылы хабарлау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.Семинар аясында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары қосымша түсіндірілді, оның ішінде іскерлік әдеп пен іскерлік қарым-қатынас нормаларын сақтау, адалдық қағидаттарын ұстану және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына нөлдік төзімділік қағидаты.Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге заңнамамен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау қажеттілігі еске салынды, оның ішінде темекі шегуге, ойын-сауық (құмар ойын) орындарына баруға тыйым салу, діни бейтараптық қағидатын сақтау, еңбек тәртібі мен жұмыс режимі талаптарын сақтау.Іс-шара қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастырудың, қызметтік әдеп нормаларын сақтаудың және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын мүлтіксіз орындаудың маңыздылығы атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1201596?lang=kk
Қызметтік әдеп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау: Текелі қаласы мен Ескелді ауданындағы техникалық оқу 15.04.2026
2026 жылғы 13 сәуірде Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (МКБ) мен Ескелді ауданы бойынша МКБ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді.Шараға Департаменттің Адами ресурстарды басқару басқармасының (АРББ) басшысы М.Н. Пулатов қатысты.Оқу барысында заңнаманың негізгі талаптары жеткізілді, әрбір мемлекеттік қызметшінің дербес жауапкершілігіне, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге және қызметтік әдепті қатаң сақтауға ерекше назар аударылды.Басты назар теорияға емес, практикаға аударылды: нені істеуге болады, ал не заң бұзушылық болып табылады; қызметтік мінез-құлық пен теріс қылық арасындағы шекара қайда; және тіпті кішігірім «ауытқулар» неліктен ауыр салдарға әкелуі мүмкін.Ашық диалог, нақты жағдайларды талдау және тәуекелдер туралы шынайы әңгіме – мұндай формат заң нормаларын еске салып қана қоймай, оларды түсінуге және жұмыста қолдануға мүмкіндік береді.Іс-шара құқықтық мәдениетті арттыру, тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1201619?lang=kk
«Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 9-отырысы 15.04.2026
        2026 жылғы 13–14 сәуір, Брюссель - «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 9-отырысы аясында техникалық консультациялар өтті.      Консультациялар кедендік әкімшілендірудің практикалық аспектілерін талқылауға және тәжірибе алмасуға бағытталды, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану, мобильді кедендік топтардың қызметі, сондай-ақ кедендік зертханаларды пайдалану саласындағы озық тәжірибені зерделеу мәселелері қамтылды.      Өткізілген консультациялар ынтымақтастықтың жекелеген бағыттарын егжей-тегжейлі пысықтауға, оларды іске асырудың практикалық тәсілдерін айқындауға, сондай-ақ негізгі отырысқа шығарылған мәселелер бойынша тараптардың келісілген ұстанымдарын қалыптастыруға мүмкіндік берді.      2026 жылғы 15 сәуірде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 9-отырысы өтті.      Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты:Исмагулов Кадыр – Аудит департаментінің директоры;Қожабергенов Ермек – Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы;Тобыкбаев Аслан – Аудит департаментінің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі қосылған құн салығын әкімшілендіру басқармасының басшысы.      Отырыс барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылды дамытудың өзекті мәселелерін қарастырды, оның ішінде кеден заңнамасы мен рәсімдерін жетілдіру, құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдары бойынша алдын ала ақпарат алмасу тетіктерін дамыту мүмкіндіктері талқыланды.      Атап айтқанда, келесі бағыттарға ерекше назар аударылды:кедендік процестерді цифрландыру,қағазсыз технологияларды енгізу,зияткерлік меншік құқықтарын қорғау,өзара әкімшілік көмек көрсетуді одан әрі дамыту.       Іс-шаралар қорытындысы бойынша практикалық өзара іс-қимылдың бірқатар бағыттары бойынша ортақ түсіністікке қол жеткізіліп, оларды іске асырудың кейінгі қадамдары айқындалды.      Техникалық консультациялар мен Кіші комитет отырысын өткізу Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы қалыптасқан диалогтың тиімділігін, сондай-ақ кедендік әкімшілендірудің қолданбалы міндеттерін шешу, тәжірибе алмасу және келісілген тәсілдерді қалыптастыру үшін осы форматтың өзектілігін растады.       Тараптар практикалық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, заңды сауданы дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.      Кіші комитеттің 10-отырысын 2027 жылы Қазақстан Республикасында өткізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1202670?lang=kk