Әлем
Серік Жұманғарин Украина Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті 02.04.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Мищенкомен кездесті.Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қызметін қайта бастау мүмкіндігін талқылады.Екі ел арасындағы негізгі өзара іс-қимыл бағытының бірі агроөнеркәсіп кешені болып қала береді. Кездесуде Қазақстанның бірнеше өңіріндегі сүт шаруашылықтарының бірнеше жылдан бері Украина сүт өндірушілері қауымдастығымен асылтұқымды сүтті малды жеткізу, тауарлы сүт фермаларын басқару саласындағы қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі ынтымақтастығы атап өтілді.2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы $415,8 млн-ға жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға артық ($394,3 млн). Қазақстаннан Украинаға экспорт негізінен ферроқорытпа, тыңайтқыш, күріш және басқа да тауарлардан тұрады. Ал импорт бойынша шоколад және құрамында какао бар басқа да өнімдер, ұн және кондитерлік өнімдер, дәрілік заттар, сүзбе мен ірімшіктер және тағы да басқалар жеткізіледі.Кездесу соңында тараптар іскерлік байланысты жандандырып, МАК қызметін жаңғыртуды пысықтау, сондай-ақ басым секторлардағы, әсіресе, агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастықты арттыру жөнінде келісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1192448?lang=kk
2026 жылы алкоголь өнімдерін сатуға лицензияны қалай алуға болады 02.04.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкес жекелеген қызмет түрлеріне лицензияны пайдаланғаны үшін төлем алынып тасталғанын хабарлайды.Енді лицензиялық алым тек лицензия алған кезде бір рет төленеді. Өтініштерді қабылдау және лицензия беру «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz (http://elicense.kz) Алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату лицензиясынМемлекеттік кірістер департаменті береді. Лицензиялық алым төлеу тәртібі:- Алым белгіленген ставкалар бойынша есептеледі- Лицензия алғанға дейін төленуі тиіс Төлем КБК 105402 («Лицензиялық алым») бойынша жүргізіледі Алым мөлшері (ҚР Салық кодексінің 616-бабы) келесідей мөлшерде белгіленген:- Астана, республикалық маңызы бар қалалар және облыс орталықтары – 100 АЕК- Басқа қалалар мен кенттер – 70 АЕК- Ауылдық елді мекендер – 30 АЕК Қажетті құжаттар (электронды түрде):- Өтініш- Лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат- Үй-жайға қатысты құжаттар (жалдау/пайдалану шарты)- Нысанның талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтер Маңызды талап:Объект келесі орындардан тыс орналасуы тиіс:- Білім беру ұйымдары- Денсаулық сақтау мекемелері- Спорт және сауықтыру нысандары- Жанармай құю станциялары- Сауда базарлары- Мәдени-демалыс орындары Барлық құжаттар электронды форматта тапсырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1240778?lang=ru
Ақмола облысының курорттық аймақтарын алдағы жазғы маусымға дайындау мәселелері бойынша кеңес өткізілді 02.04.2026
Ақмола облысында облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешовтің төрағалығымен курорттық аймақтарды алдағы жазғы туристік маусымға дайындау мәселелері бойынша кеңес өтті.2025 жылы Ақмола облысына ішкі туристер ағыны 1,5 млн адамнан асты, ал биылғы маусымда бұл көрсеткіш 1,8 млн адамға дейін өседі деп күтілуде.Кездесу барысында дайындықтың негізгі бағыттары жан-жақты қаралды: санитарлық жағдай, туристік инфрақұрылым, қауіпсіздік және қызмет көрсету сапасы.Жаппай демалыс орындарының санитарлық жағдайына ерекше назар аударылды.Бүгінгі күндегі ең маңызды және кезек күттірмейтін мәселе — су айдындарындағы жаппай демалыс орындарын, ең алдымен жағажай аймақтарын айқындау және оларды 1 мамырға дейін белгіленген талаптарға сәйкестендіру.Маусым қарсаңында аумақтарды экологиялық тазарту жұмыстары күшейтіледі. Туристер көп шоғырланатын орындарда тазалықты сақтау үшін жазғы кезеңде қоқыс шығару жиілігін тәулігіне 6–7 ретке дейін арттыру, контейнерлер мен қоқыс жәшіктерінің санын көбейту, сондай-ақ абаттандыру қызметкерлерінің санын ұлғайту жоспарлануда.Жазғы туристік кезеңде курорттық аймақтардың ең көп баратын локацияларында қоғамдық санитарлық-гигиеналық тораптардың тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуі, оларды тұрақты түрде күтіп-ұстау және тиісті санитарлық жағдайды қамтамасыз ету қарастырылады.Өткір мәселелердің бірі – Бурабай курорттық аймағындағы көлік кептелісін азайту. Осыған байланысты бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысын оңтайландыру бойынша жедел шаралар қабылдау, олардың өткізу қабілетін арттыру мүмкіндігін қарастыру, көлік ағындарын қайта бөлу және қозғалысты ұйымдастыруды жетілдіру тапсырылды.Сонымен қатар жол бойы сервисті дамыту және мобильді байланыс сапасын арттыру мәселелері қаралды. Курорттық аймақтарда тұрақты байланыс қамтуын қамтамасыз ету тапсырылды.Барлық бағыттар бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен қызметтерге нақты тапсырмалар берілді. Курорттардың туристік маусымға толық дайындығы ерекше бақылауға алынды.Негізгі міндет — туристер үшін қолайлы, қауіпсіз және заманауи жағдайлар жасап, барлық мүдделі құрылымдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1192436?lang=kk
Десантшылар әскери борышын аяқтады: елордада сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды 02.04.2026
Алматы қаласынан шыққан пойызбен Қарулы күштердің 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдаушы бригадасында әскери борышын өтеген 27 сарбаз келді.Оларды қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері мен сарбаздардың ата-аналары, жақындары ерекше қуанышпен қарсы алды.Сап басшысы Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі запастағы полковник Ғани Артықовқа Қонаев қаласындағы 32363 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын абыроймен орындап келгенін баяндады.Салтанатты қарсы алу рәсімінде департамент өкілі ата-аналарына нағыз азаматтарды тәрбиелегендері үшін алғыс айтып, ал сарбаздарға жүрекжарды тілегін білдірді:– Сендер еліміздің беделді әскери бөлімінде Отан алдындағы міндеттеріңді адал атқардыңдар. Әскерден кәсіп қыларлық мамандық үйрендіңдер. Алда алған тәжірибені кәдеге жаратып, ел игілігі үшін еңбек етіп, қоғамға үлгілі азамат болады деп сенемін, – деді.Әскери рәсім аяқталған сәттен кейін кезек балаларын тағатсыздана күткен ата-аналары мен жақындарына да келді.– Немеремді аман-есен қарсы алдым. Азамат болып оралды. Әскер – ер азаматты шыңдайтын үлкен мектеп қой, – деді Әлімхан Жантурлиннің атасы Қойшан Тоқаев немересін көрген сәттегі қуанышын жасыра алмай.Жаңа ғана пойыздан түскен запастағы жауынгер Медет Төлеуханның анасы Мейрамкүл Ибраева үшін бұл күн ерекше толқып, бір жыл бойы үйден жырақ жүріп, Отан алдындағы міндетін аман-есен атқарып келген баласын құшағына алып, сағынышын басқан күн.Перрондағы әрбір сәт патриоттық рухтың, елге деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісіне айналды.Әскерден жаңа оралған гвардия сержанты Кеңесхан Ильяс та командирлеріне алғысын білдіріп, армия оған үлкен өмір мектебі болып, жауапкершілік пен тәртіпке үйренгенін, енді алған тәжірибесімен елге қызмет еткісі келетінін айтты.Әскери қызметтен өткен азаматтар үшін жұмысқа орналасу мен жоғары білім алуда жаңа перспективалар бар екенін атап өткен жөн. Борышын өтегендер жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырмай түсуге құқылы. Ал жауынгерлік дайындық үздіктері грантпен тегін жоғары білім ала алады.Жалпы, көктем мезгілінде мерзімді әскери қызметін аяқтаған «Көктем-2025» шақырылымының 21 мыңдай сарбазы үйлеріне қайтады, оның ішінде елордаға 1200-ден астамы оралмақ. Олардың әрқайсысы – елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына өз үлесін қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1192402?lang=kk
В Шымкенте прошел форум международного уровня Digital Qazaqstan 2026. 02.04.2026
Главная тема форума-Industry 5.0. Это направление основано на сочетании человека и технологий, что открывает путь к развитию искусственного интеллекта и цифровых решений.На этом форуме были организованы пленарные заседания, IT-выставки, хакатоны и Decentrathon 5.0.Как отметил Премьер-Министр Олжас Бектенов, эта площадка открывает двери для новых технологий и идей.Данная инициатива позволит развивать цифровую экосистему страны, поддерживать инновационные проекты и формировать новый импульс в сфере IT.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/1192393?lang=kk
Бейімбет Майлин ауданы: тасқыннан қауіп жоқ 02.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Бейімбет Майлин ауданындағы Әйет және Варваринка ауылдарында жұмыс сапарымен болып, су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысты. Аймағымыздың елді мекендерін су тасқынынан қорғау мақсатында жағалауды бекіту жұмыстары, қорғаныс валдарын салу және нығайту, су бұру арналарының құрылысы, сондай-ақ жер үйінділерін тұрғызу бойынша іс-шаралар жүргізілді. Қазіргі уақытта ықтимал су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда. Облыста бірде-бір аула су астында қалған жоқ.Өңірдегі сыйымдылығы 1,4 млрд м³ екі ірі су қоймасының толуы 70% (939,51 млн м³) деңгейін сақтап тұр.Су тасқыны мен су басу салдарын жою үшін 2 815 адам, 392 техника, 123 жүзу құралы және 336 мотопомпадан тұратын күштер мен құралдар тобы айқындалды.Ағымдағы жылдың наурыз айының басынан бастап су өткізу құрылыстары тазартылды. Су тасқыны қаупі бар учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.Су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда.Бейімбет Майлин ауданы аумағындағы Әйет өзенінде екі жерде мұз кептелісі болған, біріншісі Әйет селосы тұсында, екіншісі Май ауылында.Өткен жылы тазалау мен түбін тереңдету және биылғы алдын алу жұмыстарының нәтижесінде 1 сәуір күні кешке Әйет өзеніндегі екі аумақтың да мұзы қозғалып, судың ағысы қалпына келді. Жоғары тәуекел кезеңнің шарықтау шегінен өттік. Жағдай тұрақты, алаңдауға негіз жоқ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1192361?lang=kk
"Ұлттық қор–балаларға" бағдарламасына қатысушылардың заңды өкілдеріне арналған нысаналы талаптар мен жинақтарға қатысты ақпарат 02.04.2026
Заңды өкілдер тарапынан eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGovMobile және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында 2025 есепті жылы балаларына есептелген нысаналы талаптар туралы ақпараттың көрсетілмеуі мәселесі бойынша өтініштердің түсуіне орай БЖЗҚ аталған жағдай келесі себептерге байланысты болуы мүмкін екенін хабарлайды: 1. Мобильдіқосымшалардақұжаттар жаңартылмаған.Ақпараттыңдұрыскөрсетілуіүшінкелесі амалды орындау қажет:• eGov Mobile қосымшасында: "цифрлық құжаттар" - "отбасы" - "құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";• екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz:" Мемлекеттік қызметтер " - "барлық құжаттар" - "құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер". 2. Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға нысаналы талаптарды есептеу туралы мәліметтер көрінбейді. Бұл жағдайда ақпарат заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмейді, себебі нысаналы талаптар нысаналы жинақтар (НЖ) мәртебесіне ие болды және енді НЖ туралы мәліметтерге қол жеткізу құқығы оларды алушыға (2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азамат) тікелей қолжетімді болады. Естеріңізге сала кетейік, есепті жылы 18 жасқа толатын азаматтардың нысаналы талаптары НЖ-ға айналады және жыл басында олардың БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) автоматты түрде АҚШ долларымен есептеледі. 18 жасқа толған күннен бастап жастар өздерінің нысаналы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және/немесе білім алуға пайдалануға немесе болашаққа зейнетақы жинақтары ретінде сақтауға құқылы.Бұл ретте НЖ алушылар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өздері алуға тиіс. БЖЗҚқазақстандық заңнамаға сәйкес НЖШ-дағы қалдықтар мен ақша қозғалысы туралы мәліметтерді қоса алғанда, НЖ құпиялылығына кепілдік береді.БЖЗҚ балалардың заңды өкілдеріне цифрлық құжаттарды мобильді қосымшаларда уақытылы жаңарту, сондай-ақ кәмелетке толған азаматтарға НЖ туралы ақпаратқа оны пайдаланушылардың өздері ғана қол жеткізе алатындығын түсіндіру қажет екенін еске салады.Баланың бағдарламаға қатысу фактісі және 18 жасқа дейінгі балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған азаматтың ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері баланың ЖСН бойынша kids.enpf.kz сайтынан тексере алады, мұнда бағдарламаның шарттарымен,нұсқаулықтармен, сондай-ақ қызықтырған сұрақтардың жауаптарымен танысуғамүмкіндік бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1192294?lang=kk
Тасқынға тосқауыл: аумақтық қорғаныс бригадалары бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізуде 02.04.2026
«Астана» өңірлік қолбасшылығының 150 әскери қызметшісі жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындарға су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсетіп жатыр.Бірлескен жұмыстар күшейтілген режимде жүргізіліп, қауіпті учаскелерде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған. Тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарын су басып қалмау үшін инженерлік және профилактикалық шаралары кешенді түрде жүзеге асырылып жатыр.99265 және 99260 әскери бөлімдерінің сарбаздары инертті материалдар салынған қапшықтар төсеп, бөгеттерді нығайтып жатыр. Сондай-ақ су ағатын арналарды қар мен мұздан тазалау жұмыстарын жүргізілуде.Ақмола, Қостанай облыстарының аумақтық қорғаныс бригадаларының күшімен 13 тұрғын үйдің ауласы қардан тазартылды. Ал бөгеттерге 3 мыңнан астам қапшық төселді.Азаматтық қызметтермен бірлескен өзара іс-қимыл жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1192249?lang=kk
Қазақстан Сеул қаласында өткен халықаралық семинарда кедендік әкімшілендіру саласындағы цифрлық шешімдерді ұсынды 02.04.2026
2026 жылғы 1 сәуірде Сеул қаласында Корея Кеден қызметі ұйымдастырған «Жаһандық сауда экожүйесін жетілдіру» тақырыбындағы саудаға жәрдемдесу саясаты жөніндегі өңірлік семинар өтті. Іс-шараға АСЕАН және Орталық Азия елдерінің кеден қызметтерінің басшылары мен өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы делегациясын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов басқарды. Семинардың негізгі мақсаты халықаралық сауданы жеңілдетудің заманауи тәсілдерін, қағазсыз сауда үдерістерін дамыту және кедендік әкімшілендіруге цифрлық технологияларды енгізу мәселелерін талқылау болды. Бірінші сессия аясында қазақстандық тарап электрондық кедендік декларациялауды енгізу тәжірибесін таныстырды. Сондай-ақ цифрлық трансформация, электрондық сервистерді дамыту, кедендік рәсімдерді оңтайландыру және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды. Семинар қатысушылары өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, оның ішінде қағазсыз сауданы дамыту, тәуекелдерді басқару жүйесінде жасанды интеллект пен үлкен деректерді қолдану, сондай-ақ трансшекаралық электрондық сауданың өсуі жағдайында кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Іс-шара қорытындысы бойынша қазақстандық делегация шетелдік серіктестердің, оның ішінде Корея Республикасының озық тәжірибелерімен танысып, кеден саласындағы одан әрі практикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Семинардың өткізілуі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және сауда рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған, сонымен қатар олардың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірлескен тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кеден саласында озық цифрлық шешімдерді енгізу бойынша жұмысты жалғастырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1192254?lang=kk
Шонжы ауылындағы кітапхана заманауи талаптарға сай жаңартылды 02.04.2026
Шонжы ауылындағы аудандық кітапхана жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде заманауи талаптарға толық сай келетін нысанға айналды. Кітапхана жаңа технологиялармен жабдықталып, оқырмандарға қолайлы жағдай жасалды.Ғалия Тоқабаева, Алматы облыстық Орталық әмбебап кітапханасының директоры: «Ұйғыр ауданында, Шонжы ауылында үлкен аудандық кітапхананың модернизациядан өтіп жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Жалпы облыс бойынша бұл – екінші кітапхана. Былтыр мұндай жоба Қонаев қаласында жүзеге асса, биыл Шонжыда жалғасын тапты. Алдағы уақытта, келесі аптада Қарасай ауданындағы Жандосов ауылында және Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылдық кітапханаларында да осындай жаңғыртылған нысандар ашылады».Жаңартылған кітапхана тек кітап оқитын орын ғана емес. Мұнда балаларға арналған бөлімдер, оқу залдары, сондай-ақ жастарға арналған коворкинг орталығы жұмыс істейді.Мақсат Кенешов, Алматы облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры: «Бұл – жастар үшін үлкен мүмкіндік. Осы жерде олар өздерінің шығармашылық идеяларын дамытып, жаңа бастамаларын жүзеге асырып, тіпті бизнес жобаларын да қолға ала алады. Мұндай орталықтар жастардың мақсаттарына жетуіне жол ашады».Кітапхананың жаңаруы аудан тұрғындары үшін үлкен серпін болып отыр. Енді бұл нысан түрлі мәдени және білім беру шаралары өтетін маңызды орталыққа айналады. Аудандық кітапхана қоры 68 мыңнан астам кітаптан тұрады, қазіргі таңда 10 мың оқырман тіркелген. Жалпы кітапханада 39 қызметкер еңбек етеді, оның ішінде 29-ы – кітапханашы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1192237?lang=kk
МҰНАЙЛЫДА ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ 02.04.2026
МҰНАЙЛЫДА ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес, 1 сәуір күні Мұнайлы ауданының Баянды ауылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагері Абдулла Утаевтың есімі көшеге берілді.Абдулла Утаев 1925 жылғы 12 мамырда Түрікменстан Республикасының Ташауыз облысында дүниеге келген. Жастайынан жетім қалып, аға-жеңгесінің тәрбиесінде өскен. 1942 жылы небәрі 17 жасында әскер қатарына шақырылып, Өзбекстанның Хауа қаласында 4 айлық әскери дайындықтан өтеді. Кейін Челябі мен Киев бағытындағы жаяу әскер батальоны құрамында шайқастарға қатысады.20 жасында Польша мен Чехословакияны азат ету жолындағы ұрыстардың бірінде сол аяғынан жараланып, 1945 жылдың наурыз айында елге оралады. Соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына белсене қатысады.Отбасылық өмірінде жары Күміспен бірге 8 бала тәрбиелеп өсіріп, 27 немере, 17 шөбере сүйген ардақты ата атанды. 2007 жылы Маңғыстау өңіріне қоныс аударып, сол жылы Баянды ауылынан 3 бөлмелі пәтермен қамтамасыз етілді. Соғыс ардагері 2018 жылы өмірден өтті.Ел үшін жан аямай күрескен ардагерлердің ерлігін ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы. Батыр бабалардың рухына тағзым ету – елдігіміздің белгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1192211?lang=kk
Қазақстан және Словения: ынтымақтастық фокусы – ЖИ пен цифрлық технологиялар 02.04.2026
Любляна, 2026 жылғы 1 сәуір – Цифрлық технологиялар мен инновациялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту шеңберінде Қазақстан Республикасының Елшісі Алтай Әбибуллаев «Jozef Stefan Institute» атты жетекші ғылыми-зерттеу және технологиялық орталығының директоры Леон Цизелимен, сондай-ақ Словения Республикасы Цифрлық трансформация министрлігінің цифрлық қоғам жөніндегі Бас директоры Мойца Штруцпен өткізген кездесулерде цифрлық экономиканың, жасанды интеллекттің және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын жан-жақты талқылады.Қазақстан Елшісі словен тарапын Қазақстан Республикасында 2026 жылды Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың «Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар жылы» деп жариялан Жарлығымен таныстырып, бұл шешім елдің жеделдетілген цифрлық трансформация және ЖИ базасында озық шешімдерді енгізу жөніндегі стратегиялық басымдығы екендігіне назар аударды. Қазақстан цифрлық технологиялардың даму деңгейі бойынша әлемде 24-ші орынды иеленіп, осы саладағы тұрақты ілгерілеуді көрсетіп отырғаны атап өтілді. Қазақстанның электрондық үкімет жүйесін дамытудағы жетістіктеріне, сондай-ақ банк секторындағы елеулі табыстарға ерекше назар аударылды, онда финтех-шешімдерді енгізу біздің азаматтар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын едәуір арттыруға бағышталған.Қазақстанның цифрлық форматта ауқымды мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ететін «eGov.kz» электрондық үкімет жүйесін дамытудағы жетістіктеріне, сондай-ақ банк саласындағы елеулі табыстарға ерекше назар аударылды, мұнда финтех-шешімдерді енгізу халық үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамытудың негізгі тұғырнамасы болып табылатын Astana Hub – IT-стартаптардың халықаралық технопаркі қызметі жеке таныстырылды. Талқылау барысында стартаптарды қолдауды, халықаралық технологиялық компанияларды тартуды, сондай-ақ IT-қызметтердің экспорттық әлеуетін дамытуды қоса алғанда, технопарктің мақсаттарына зейін қойылды.Тараптар Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік құрылымдарының, бизнесі мен ғылыми қоғамдастықтарының өкілдерін біріктіретін, сондай-ақ жаңа бірлескен бастамалар мен жобаларды іске қосу үшін жағдай жасайтын «AI&Digital Bridge» атты Люблянада өтетін тұңғыш қазақ-словен бизнес-форумының күн тәртібі де жан-жақты талқыланды.Словен тарапы өзара келісу үдерісінің тамамдалып, мүдделі министрліктер арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға дайын екенін растады.Елші Премьер-Министрдің Орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі – Қазақстан-Словения ҮАК Тең төрағасы Ж.Мәдиевтің Словенияның цифрлық трансформация Министрі К.Клампфер ханымның атына жолданған 2026 ж. 4-5 мамырда Алматыда өтетін GITEX AI халықаралық технологиялық форумына ресми шақыруын табыс етіп, бұл мемлекеттік органдар және екі елдің бизнес өкілдері арасында тәжірибе алмасу мен тікелей байланыс орнату үшін маңызды алаңға айналатынын басып айтты.Кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Словения арасындағы жасанды интеллект және АКТ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кешенді дамыту, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды, мемлекеттік басқаруды цифрландыру саласында тәжірибе алмасуды, технологиялық компаниялар мен ғылыми орталықтар арасындағы әріптестікті дамытуды, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды даярлауды қоса алғанда, стартап-компанияларды қолдау бойынша қағидатты уағдаластықтарға қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1192149?lang=kk
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады 02.04.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға айрықша мән беретінін айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері, Сауд Арабиясының Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың екі елдің сан қырлы ықпалдастығын ілгерілетуге қосқан елеулі үлесін айрықша атап өтті.– Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман – шын мәнінде, жаһандық ауқымдағы мықты әрі беделді көшбасшы. Оның өз Отанын өркендетуді көздейтін көреген әрі прогрессивті стратегиясы, сондай-ақ халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісінде атқарған рөлі ең жоғары баға мен құрметке лайық, – деді Қазақстан Президенті.Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Салманды Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақыратынын растады.Файсал Әл-Кахтани өз елінің Қазақстан Республикасымен стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейіл екенін айтты. Ол жақында қол қойылған Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім, сондай-ақ екі ел арасында Координациялық кеңес құру тиімді байланыстарды жандандыруға жол ашатынына назар аударды.Бұдан бөлек, дипломат Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты Қазақстан Президентінің көрсеткен жан-жақты қолдауына Сауд Арабиясы басшылығының шынайы ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар Қазақстанның бітімгерлік келіссөздерді киелі Түркістан шаһарында өткізу туралы бастамасының өзекті екеніне тоқталды.Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың тұрақтылығын, қауіпсіздігі мен орнықты дамуын қамтамасыз ету әрекеттеріне алдағы уақытта да жәрдемдесуге әзірлігін, сондай-ақ Сауд Арабиясына және Шығанақтағы барлық елдерге тілектестігін білдірді.Кездесу соңында Президент Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудқа және Тақ мұрагері, Премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудқа ыстық ықыласы мен сәлемін жолдап, бауырлас Сауд Арабиясы халқына бақ-береке тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1192154?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді 02.04.2026
Ағымдағы жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын түсіндіру болды.Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі нормалары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері және қызметтік міндеттерді адал әрі ашық орындаудың маңыздылығы талқыланды.Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1192163?lang=kk
Қазақстан Елшісінің Бразилиядағы COP30 Президентімен кездесуі туралы 02.04.2026
Бразилиа қ., 2006 ж. 1 сәуір – Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов Бразилияның COP30 Президенті, Елші Андреа Корреа ду Лагумен кездесті.Тараптар,кездесу барысында жаһандық климаттық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылап, сондай-ақ 2025 жылғы қараша айында Белен қаласында өткен БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі COP30 конференциясының табысты өткізілгенін атап өтті.Сонымен қатар, тұрақты даму және климаттық саясат саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.Елші Нүсіпов,әңгіме барысында 2026 жылғы 22–24 сәуір күндері Астана қаласында өткізілуі жоспарланып отырған Өңірлік экологиялық саммитке қатысу үшін Елші Андреа Корреа ду Лагуға шақыруды қайта жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1192169?lang=kk
Теңіздегі тегеурін: бүгін – Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің құрылған күні 02.04.2026
2 сәуір – еліміздің әскери теңізшілері үшін ерекше күн. 1993 жылдың дәл осы күні Президент Жарлығымен Қазақстанның Әскери-теңіз күштері құрылған болатын.Қарулы күштердің бұл түрі Каспий теңізінің қазақстандық секторында мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық мүдделерін қорғайды.Әскери теңізшілер теңізде жүзудің навигациялық-гидрографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Олар Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, іздестіру-құтқару операцияларын жүргізеді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға табиғатты қорғау мен бақылау функцияларын орындауға көмек көрсетеді.Бүгінде Әскери-теңіз күштері отандық және шетелдік өндірістің заманауи кемелерімен жарақтанған. Сонымен бірге жаңа заманғы тренажерлермен жабдықталған оқу орталығы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы, орналастыру пункттері және жоғары дайындық деңгейін қамтамасыз ететін басқа да негізгі элементтерді қамтитын дамыған инфрақұрылымы қалыптасқан.Кеме экипаждары елімізде және шетелдерде өтетін әскери оқу-жаттығуларға тұрақты қатысып тұрады. Теңізде қызмет ету тек батыл әрі төзімді, әскери достықтың құны мен қатаң тәртіпті бағалай білетін адамдарға ғана тән қасиет. Терең білім, жоғары кәсіби шеберлік және жауынгерлік дайындық әскери теңізшілерге кез келген жағдайда үйлесімді әрекет етіп, теңіз шекараларын сенімді қорғаудағы ең күрделі деген тапсырмаларды тиімді шешуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1192174?lang=kk
Ұлттық ұлан сержанттары оқу-әдістемелік жиындарда біліктілігін арттырды 02.04.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланында «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында сержанттық құраммен оқу-әдістемелік жиындар өтті. Іс-шаралар бағынысты құраммен жұмыстың тиімділігін арттыруға және тәрбие қызметін жетілдіруге бағытталды.Бастапқы даярлық курстары Ұлттық ұлан Академиясының базасында онлайн форматта ұйымдастырылды. Бұл сержанттарға қызметтік-жауынгерлік міндеттерден қол үзбей, еліміздің барлық өңірінен білім алуға және Бас қолбасшылық пен профессорлық-оқытушылық құраммен тұрақты байланыста болуға мүмкіндік берді.Жалпы алғанда, оқудан 600-ге жуық әскери қызметші өтті. Бағдарлама құқық, педагогика және психология негіздерін қамтитын 20 дәрістен тұрды. Курстар аясында қатысушылардың дайындық деңгейі мен оқу тиімділігін бағалау үшін кіріс және қорытынды тестілеу жүргізілді.Астана гарнизонының әскери қызметшілеріне сертификаттарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков табыстады.– Ұлттық ұлан сержанты — тек командир ғана емес, сонымен қатар сарбаздың жағдайын дер кезінде байқап, оған қолдау көрсете алатын психолог. Бүгін алған сертификаттарыңыз бағдарламаны сәтті меңгергендеріңізді және жаңа тәрбие әдістерін күнделікті қызметте қолдануға дайын екендеріңізді дәлелдейді. Алған білімдеріңіз әскери тәртіпті нығайтуға берік негіз болады, – деп атап өтті Бас қолбасшы.Жиын барысында тәрбие жұмысына, жеке құраммен өзара іс-қимылдың психологиялық қырларына және құқықтық сауаттылыққа ерекше назар аударылды. Қатысушыларға қылмыстық және әкімшілік заңнаманың негізгі нормалары, әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жүргізу тәртібі, сондай-ақ патриотизмді қалыптастыру мен әскери тәртіпті нығайтудың заманауи тәсілдері түсіндірілді.Сонымен қатар сержанттар тәжірибе алмасып, идеологиялық жұмыс жүргізу әдістері мен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.Мұндай жиындарды өткізу сержанттық құрамның кәсіби деңгейін арттыруға және құқықтық тәртіп әскерлері бөлімшелерінің моральдық-психологиялық ахуалын нығайтуға ықпал етеді. #ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1192194?lang=kk
Қазақстан мен Украина Астанада ведомствоаралық консультациялар өткізді 01.04.2026
Астана, 2026 жылғы 1 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Мищенконың төрағалығымен екіжақты ведомствоаралық консультациялар өтті.Іс-шара барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.Кездесу аясында өзара тауар айналымын ұлғайтудың маңыздылығына, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, логистиканы жақсартуға және экспортты әртараптандыруға ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы диалогты одан әрі жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1192136?lang=kk
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшісін қабылдады 01.04.2026
Астана, 2026 жылғы 1 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады.Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыстағы жағдайды қоса алғанда, аймақтық және жаһандық өзекті мәселелерді, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылады.Е.Көшербаев аймақта қалыптасқан қауіпті әскери шиеленіске қатысты алаңдаушылығын білдіріп, жанжалды халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес дипломатиялық жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты, Корольдіктің шиеленісті тоқтату мен жағдайды тұрақтандырудағы маңызды рөлі атап өтілді.ҚР Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы аумағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға көмектескені үшін Елшіге алғысын білдірді. Отандастардың қауіпсіздігін және Қазақстанға оралуын қамтамасыз ету біздің еліміз үшін басымдық болып табылатыны атап өтілді.Өз кезегінде, саудтық дипломат сан қырлы ынтымақтастығымызды тереңдету үшін Қазақстанның сыртқы саяси мекемесімен тығыз серіктестікті одан әрі қуаттауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1192128?lang=kk
Өңірдегі су тасқыны кезеңіне әзірлік жұмыстары 01.04.2026
Көктемгі су тасқыны кезеңінің басталуына байланысты облыс аумағында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. Облыстағы су тасқыны жағдайы аймақ басшысының бақылауында.“Бүгінгі таңда сыйымдылығы 1,4 млрд текше метрді құрайтын екі ірі су қоймасындағы судың жалпы көлемі 939,5 млн м³ (толу деңгейі 70%). Тасқын мен су басу салдарын жою үшін 2 815 адам, 392 техника, 123 жүзу құралы, 336 мотопомпадан тұратын күштер мен құралдар тобы анықталды”, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Автомобиль жолдарында 3 жерде су басу дерегі тіркелді: 1 республикалық, 2 аудандық маңызы бар жолдар. Амангелді ауданы Қарынсалды ауылына баратын автожолдағы су қайтып, көлік қатынасы қалпына келтірілді.Қазіргі уақытта көлік қатынасынсыз қалған – Арқалық қаласының Мирный елді мекені.Облыс аумағында жолдардың шайылуы мен жеке тұрғын үйлерді су басу жағдайы да анықталған жоқ. Салынған бөгеттер судың жақын маңдағы үйлерге жетуіне жол бермеді.Өңір бойынша 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылды.3 арық пен 51 су бұру каналы тазартылды, 2 515 метр қорғаныс біліктері нығайтылды, 1 578 ауладан қар шығарылды, 8 500-ден астам қап инертті материал төселді.Өзендер мен су айдындарында мұзды қопсытуға арналған жарылыс жұмыстары толық аяқталды. Жұмыстар көлемі 225 мың текше метрді құрады.Су тасқынының алдын алу және қол күші мен құралдарды алдын ала шоғырландыру мақсатында 16-27 наурыз аралығында Арқалық қаласына, Амангелді, Жангелдин, Науырзым, Қарасу және Әулиекөл аудандарына 272 адам, 32 техника, 7 жүзу құралынан тұратын топтар жіберілді.Су басу қаупі бар ауылдық елді мекендерде эвакуация, тамақтандыру және халықты уақытша орналастыру пунктері дайындалды. Қазіргі уақытта облыстың тасқын қаупі бар учаскелерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай тұрақты бақылауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1192124?lang=kk