Әлем
Қазақстан делегациясы ЭЫДҰ-ң Еуразия апталығына қатысты 05.02.2026
Париж қ. 2026 ж. 5 ақпан – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымның (ЭЫДҰ) Париждегі бас пәтерінде Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Кавказ елдерінен, ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттерден, сондай-ақ мүдделі халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-құрылымдардың өкілдерін қоса алғанда 200-ден астам делегаттың қатысуымен кезекті «Еуразия апталығы» өтті.«ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығы» – 2008 жылы бастамашылық еткен Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы (ЕБҚБ) аясында өңір елдері мен Ұйымға мүше мемлекеттердің тұрақты түрде өтетін кездесуі. Іс-шара Еуразия елдері мен ЭЫДҰ арасындағы өңірдің бәсекеге қабілеттілігіне және оның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.«ЭЫДҰ Еуразия апталығына» қатысқан Қазақстан делегациясы құрамына ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова, ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығының, Экономикалық зерттеулер институтының және Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің қызметкерлері кірді.Іс-шараның ашылу сессиясында Орталық Азия бастамасының ЕБҚБ шеңберіндегі өңірлік тең төрағасы ретінде сөйлеген сөзінде Қазақстан делегациясы ЭЫДҰ-ның сапалы талдамасы мен нақты ұсынымдары елімізде және өңірде экономиканың бірқатар негізгі салалары мен мемлекеттік басқару жүйесінде реформаларды әзірлеу және іске асыруда маңызды рөл атқарып, Ұйымның жоғары стандарттары ұлттық заңнаманы жүйелі түрде жетілдіруге ықпал ететінін атап өтті. Бұл ретте, Қазақстан ЭЫДҰ-ның өңіріміздегі елдермен – сауда рәсімдерін жеңілдету және көлік байланыстылығын нығайту салаларын қоса алғанда жүйелі ынтымақтастығын қолдайды.Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы Еуразия апталығының қатысушыларын 22–24 сәуір аралығында Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит туралы хабардар етіп, ЭЫДҰ-ға оның мазмұнды күн тәртібін әзірлеудегі серіктестігі үшін алғыс білдірді.ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі А. Бижанова Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге және Азиядағы стратегиялық инфрақұрылым бағдарламасына (SIPA) арналған сессияларда сөз сөйледі. Өз баяндамаларында ол Транскаспий дәлізіндегі институционалдық кедергілерді жою бойынша Қазақстанның басымдықтарын атап өтті. Цифрландырудың, келісілген инфрақұрылымдық шешімдердің және сауда рәсімдерін үйлестірудің рөлі атап өтілді. Экологиялық тұрақтылық қағидаттарын ескере отырып, «көміртегі күн тәртібіне» және көлік және сауда инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл тұрғыда сауда-саттықты кеңейту және тұрақты жаһандық жеткізу тізбегіне интеграциялау тетігі ретінде өңір елдерінің SIPA шеңберіндегі ынтымақтастығының құндылығы атап өтілді.Делегация аса маңызды шикізат материалдарына арналған сессияға белсенді қатысты. ҚР Қаржы вице-министрі Е. Біржанов Қазақстанда пайдалы қазбалардың бағасын төмендету, зиянды салықтық жеңілдіктер беру, трансферттік баға белгілеу сияқты тәуекелдерге қарсы іс-қимыл жүйесі қалай жолға қойылғаны туралы айтып, жаңа Салық кодексінің бірқатар нормалары осы саладағы инвесторлар үшін тиімді жағдайлар жасауға бағытталғаны атап өтті. Өз кезегінде, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Еуропалық одақтағы өкілі Сайран Байжаханов жауапты бизнес жүргізу саласындағы ЭЫДҰ стандарттарын, атап айтқанда тау-кен өндіру секторында қолдану жөніндегі талқылау барысында Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті.Экономикалық зерттеулер институты басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Нығметов Еуразия елдері экономикаларының бәсекеге қабілеттілігі мәселелеріне арналған сессияда отандық тәжірибені таныстырып, нарықтық бұрмалауларды шектеу және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін қолданылатын реттеушілік және басқарушылық тетіктерге тоқталды. Бұл ретте, ол осы саладағы реформаларды іске асыруда Қазақстанға және өңірдің басқа да елдеріне ЭЫДҰ тарапынан көрсетіліп отырған бағалы қолдауды атап өтті.Сонымен қатар, Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығы бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров халықаралық сауда рәсімдерін жетілдіру, экспортты әртараптандыру және инвестиция тарту тұрғысынан Қазақстанның тәжірибесін таныстырды.Іс-шара аясында ҚР делегациясының ЭЫДҰ-ның құрылымдық бөлімшелерінің және іс-шараға қатысқан басқа делегациялармен бірқатар екіжақты кездесулері өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1155871?lang=kk
Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиналыс өтті 05.02.2026
Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндірме жиналысы өткізілді.Жиналыс барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері, заңнама талаптарын сақтау және қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелері жан-жақты түсіндірілді.Іс-шара барысында әкім Қадырбек Құдайбайұлы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтау, мемлекеттік қызметтің беделін арттырудың маңыздылығына тоқталды.Жиналыс қорытындысы бойынша қызметкерлерге заң талаптарын қатаң сақтау және қызметтік әдеп нормаларын басшылыққа алу қажеттігі ескертілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1155737?lang=kk
Волейболдан жетістік 05.02.2026
Волейболдан 2007 жылы туған және одан кіші ұлдар арасында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатының Мұнайлы аудандық іріктеу жарысында Баянды ауылының командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.Команда құрамында Баянды ауылының жастары өнер көрсетіп, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.Жарыс қорытындысы бойынша ерекше шеберлігімен көзге түскен ойыншылар Тынысбай Мейіржан мен Сағынов Нұртас алдағы Маңғыстау облысының чемпионатында Мұнайлы ауданының намысын қорғайтын болады.Команданы жарысқа дайындаған жаттықтырушылар:Медетов Еркін, Усенов Муратбай.Спортшыларымызды жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1155751?lang=kk
Жарма ауданында ұйғарымды орындамаған «Горводхоз» мекемесі жауапқа тартылды 05.02.2026
Мемлекеттік бақылау шеңберінде Жарма ауданын сумен қамтамасыз ететін «Горводхоз» мекемесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұған тексеріс барысында анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның белгіленген мерзімде орындалмауы негіз болды.Хаттама Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы 3-бөлігі бойынша рәсімделді. Бұл бап мемлекеттік бақылау органдарының заңды талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілікті көздейді.Жоспардан тыс тексеріс барысында кәсіпорынның су есептегіш құралдарын уақытылы салыстырып тексеруден өткізуді қамтамасыз етпегені анықталды. Бұған дейін тиісті ұйғарым берілгенімен, ол мерзімінде орындалмаған.Техникалық реттеу және метрология комитетінің Абай облысы бойынша департаменті сумен жабдықтау саласындағы есептегіш құралдарын салыстырып тексерудің шешуші маңызы бар екенін атап өтеді. Есепке алу аспаптарының дәлдігіне тек есеп айырысудың дұрыстығы ғана емес, сонымен қатар су шығынын бақылау, инженерлік желілердің жай-күйі және көрсетілетін қызметтердің жалпы сапасы да тікелей байланысты. Салыстырып тексерілмеген есептегіштерді пайдалану мәліметтердің бұрмалануына және тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.«Горводхоз» - тіршілікті қамтамасыз ету нысаны. Сондықтан оның жұмысындағы кемшіліктер тұрғындарға, әлеуметтік нысандарға, ауыл шаруашылығы мен бизнеске тікелей әсер етеді. Осыған байланысты заң талаптарын орындау басты міндет.Істі қарау қорытындысы бойынша сот «Горводхоз» мекемесін кінәлі деп танып, оған 302 750 теңге көлемінде айыппұл салды. Департамент өлшеу құралдарын тексеруден өткізу талабы мекеменің мәртебесі мен әлеуметтік маңызына қарамастан барлық субъектілерге ортақ екенін ескертеді.Техникалық реттеу және метрология комитетінің төраға орынбасары Бауыржан Қасымов атап өткендей, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес берілген ұйғарымдар орындалуға міндетті. Сондай-ақ ол ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының заңды талаптарын, ұйғарымдарын немесе қаулыларын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын түсіндірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1155762?lang=kk
Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында 2026 жылғы 5 ақпанда Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі А.И. Умерзакова «Жауапкершілікпен таңдауды үйрену» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Кездесу барысында жоғары сынып оқушылары әр дауыстың неліктен маңызды екенін, адал және ашық сайлаудың негізінде не жатқанын, сондай-ақ жастардың ел болашағын қалыптастыруда қандай рөл атқаратынын талқылады. Сабақ ашық диалог және белсенді талқылау форматында өтті, бұл қатысушыларға жаңа білім алуға ғана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершіліктің өзекті мәселелері бойынша өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді. 05.02.2026
Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында 2026 жылғы 5 ақпанда Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі А.И. Умерзакова «Жауапкершілікпен таңдауды үйрену» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Кездесу барысында жоғары сынып оқушылары әр дауыстың неліктен маңызды екенін, адал және ашық сайлаудың негізінде не жатқанын, сондай-ақ жастардың ел болашағын қалыптастыруда қандай рөл атқаратынын талқылады.Сабақ ашық диалог және белсенді талқылау форматында өтті, бұл қатысушыларға жаңа білім алуға ғана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершіліктің өзекті мәселелері бойынша өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1155695?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН–ПӘКІСТАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДА ЖАҢА КЕЗЕҢ 05.02.2026
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары аясында Исламабадта бірнеше мәдени-білім беру орталықтары мен «Достық» спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Бұл іс-шаралар екі ел арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтып, мәдени, білім және спорт салалары бойынша жаңа мүмкіндіктерді қалыптастыруға бағытталған.Әл-Фараби мәдени-білім беру орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Каид-и-Азам» университеті арасындағы ынтымақтастық шеңберінде ашылып, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен, заманауи компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз етілді. Орталықта қазақ тілі курстары ұйымдастырылмақ.Қаныш Сәтпаев орталығы Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Пәкістан ұлттық ғылым және технология университеті арасындағы ғылым, білім және технология саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға арналған.Қожа Ахмет Ясауи орталығы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Исламабад Халықаралық ислам университетінің келісімі бойынша ашылды.«Достық» спорт кешенінде тоғызқұмалақ, қазақ күресі, шахмат, Qazaq batyry аралас жекпе-жек, грэпплинг және бокс бағыттарында екіжақты ынтымақтастықты дамыту көзделуде. Сондай-ақ пәкістандық жаттықтырушылар мен спортшыларды оқыту үшін бірлескен оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылатын болады.Бұл жобалар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени-гуманитарлық және спорттық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достық байланыстарды тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.
ҚАЗАҚСТАН МЕН ПӘКІСТАН АРАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК: ЖАҢА САЯСИ КЕЗЕҢНІҢ БАСТАУЫ 05.02.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Шахбаз Шариф Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды. Бұл құжат екі ел арасындағы мемлекетаралық қатынастарды сапалық жаңа деңгейге көтеретін маңызды саяси шешім ретінде бағаланады.Бірлескен декларация Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты институционалдық тұрғыда бекітіп, өзара іс-қимылдың басым бағыттарын айқындайды. Атап айтқанда, саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және гуманитарлық ықпалдастықты дамыту стратегиялық серіктестіктің негізгі өзегіне айналады.Сонымен қатар құжат өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара түсіністік пен үйлесімді ұстаным қалыптастыруға бағытталған. Бұл Қазақстан мен Пәкістанның халықаралық аренадағы серіктестігін күшейтіп, аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қоса алады.Аталған декларацияға қол қойылуы Қазақстан–Пәкістан қатынастарының жаңа кезеңге өткенін білдіреді және екі ел халықтарының игілігі жолындағы ұзақ мерзімді, өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге берік негіз қалайды.
Инклюзивті білім беруді іске асыру мәселелері бойынша аудандық семинар 05.02.2026
2026 жылғы 4 ақпанда ZOOM-конференция режимінде ауданның білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді іске асыру мәселелері бойынша кезекті аудандық семинар өткізілді. Семинарға жалпы білім беретін мектептердің педагогтары қатысты.Семинарда бүгінгі таңда өзекті "Үйде оқитын балалармен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдері" тақырыбы қаралды, сондай-ақ инклюзивті сыныптағы тәрбие жұмысы мәселесі қарастырылды.Қорытындылай келе, талқылау барысында айтылған толық және егжей-тегжейлі жауаптар мен ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1155614?lang=kk
Digital Qazaqstan-ның алғашқы қадамы ретінде индустриялық қуаты мен экономикалық әлеуеті зор маңызды аймақтық орталық — Шымкент қаласы таңдалды. 05.02.2026
Digital Almaty ауқымы кеңейіп, Digital Qazaqstan-ға айналуда. Бұл — бүкіл еліміздің цифрлық бастамаларын бір арнаға тоғыстырып, Қазақстандағы технологиялар, инновациялар мен жасанды интеллекттің дамуына серпін беретін бірегей ұлттық платформа.Республикалық форматқа өту — цифрлық күн тәртібін кеңейтудің, аймақтарды белсенді түрде тартудың және озық технологиялық шешімдерді нақты экономикаға енгізудің айқын көрінісі. Енді Digital Qazaqstan жыл сайын еліміздің әртүрлі қалаларында өтеді. Бұл бастама жаңа даму бағытын айқындап, өңірлік экожүйелерді нығайтуға, сондай-ақ цифрлық әлем өкілдері арасында білім мен үздік тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.Digital Qazaqstan-ның алғашқы қадамы ретінде индустриялық қуаты мен экономикалық әлеуеті зор маңызды аймақтық орталық — Шымкент қаласы таңдалды.📍 Digital Qazaqstan 2026🗓 27 марта 2026📌 ШымкентАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/1155621?lang=kk
Жасұлан Ережепов Маринагор ауылдық округінің жаңа әкімі болып тағайындалды 05.02.2026
2026 жылғы 4 ақпанда, Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов Маринагор ауылдық округінің активі мен тұрғындарына жаңа әкімді таныстырды. Кездесу барысында ол Жасұлан Бауыржанұлы Ережеповтің кәсіби тәжірибесін атап өтіп, жаңа қызметінде табысты әрі нәтижелі еңбек етуіне, халықпен тиімді өзара іс-қимыл орнатуына, басқарушылық шешімдерді салмақты қабылдауына және округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыруына тілектестік білдірді.Жаңа әкімді таныстыру аясында округ тұрғындарымен кездесу өтіп, онда халықты толғандыратын өзекті мәселелер мен проблемалар талқыланды, сондай-ақ алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды.Еске сала кетейік, 1 ақпанда Маринагор ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Оның қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясынан ұсынылған Жасұлан Ережепов сайлаушылардың 80 пайыздан астам дауысын жинап, округ әкімі болып сайланды.Бұған дейін ол мемлекеттік және коммуналдық құрылымдарда еңбек етіп, «Батыр» Президенттік полкінде қызмет атқарған, сондай-ақ Самар ауылдық округі әкімі аппаратының құрамында, оның ішінде әкімнің орынбасары қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1155636?lang=kk
KazAID пен MNU: жоғары білім саласындағы серіктестік 05.02.2026
KazAID пен MNU: жоғары білім саласындағы серіктестік 2026 жылғы 2 ақпанда KazAID Басқарма Төрағасы Аркен Арыстановтың Maqsut Narikbayev University басшылығымен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру мәселелерін талқылады.Сондай-ақ кездесуде серіктестіктің перспективалы бағыттары қарастырылып, «Құқықтың болашағы» тақырыбында өтетін, 14 елдің студенттерін біріктіретін International Legathon MaxUP 2026 аясындағы өзара іс-қимылдың ықтимал форматтарына ерекше назар аударылды.Мұндай бастамаларға қатысу халықаралық білім беру және сараптамалық диалогтың дамуына ықпал етіп, жас мамандар арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1155563?lang=kk
ASTANABUILD 2026 АСТАНАДА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ КӘСІПҚОЙЛАРЫН БІРІКТІРЕДІ 05.02.2026
28-сінен 30-сына дейін астанада AstanaBuild халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі өтеді — құрылыс секторы, архитектура, дизайн саласындағы кәсіпқойлар үшін негізгі салалық алаңдардың бірі. Іс-шара өндірушілерді, жеткізушілерді, құрылысшыларды, жобалаушыларды, салалық мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың өкілдерін біріктіреді.Көрмеге Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия және Өзбекстаннан келген компаниялар, оның ішінде Қытай мен Ресейдің ұжымдық экспозициялары қатысады. Қатысушылар арасында ірі халықаралық өндірушілер де, аймақтық компаниялар да бар. Alubest, Alstar, Avcom Kazakhstan, Dalmex, Garant Tranzit Plus, Panelsan, Yasar, Анкор-Астана, Гипсовинил, М-Конструктор, Полимерметалл-Т өз қатысуын растады. Экспозиция өнімдердің кең спектрін қамтиды: қабырға панельдері мен алюминий профильдерінен бастап лифт жабдықтары мен энергия тиімді инженерлік шешімдерге дейін.Көрменің іскерлік бағдарламасы іс-шараның маңызды бөлігі болып табылады және құрылыс дамуының өзекті мәселелеріне, нормативтік реттеу мен саланы цифрландыруға бағытталады. Бағдарлама аясында стратегиялық сессиялар мен семинарлар, кәсіби кездесулер, талқылаулар мен тәжірибе алмасу жоспарланған.AstanaBuild 2026 бизнес үшін жаңа көкжиектер ашады, қатысушыларға өнімдерін таныстыруға, келісімшарттар жасауға және Қазақстанның құрылыс нарығында өздерін танытуға көмектеседі.Іс-шараға ресми қолдау көрсететіндер: ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Құрылыс және ТКШ істері комитеті, «Мемсараптама» РМК.Іс-шараның ұйымдастырушысы — Қазақстандық көрме компаниясы Iteca және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.Келушілер үшін кіру алдын ала тіркелу арқылы тегін: https://astanabuild.kz/kz/kormege-bilet-alu?promo=ASB2026MPSӨтетін орны:Қазақстан Республикасы, Астана қ., «EXPO» ХКОӨтетін күндері: 2026 жылғы 28–30 сәуір Ұйымдастырушылардың байланыс деректері:Тел.: +7 771 258 34 34, +7 727 258 34 34 E-mail: Kz.Build@iteca.events Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1155569?lang=kk
"Алтай ауданы Парыгино ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ жаңа Конституцияның жобасын түсіндіру және талқылау бойынша актив өткізді 05.02.2026
Парыгино ауылдық округінің әкімі Г. А. Төлеков ұжыммен жиналыс өткізіп, жаңа Конституцияның негізгі ережелерін түсіндірді. Ол өз сөзінде негізгі өзгерістерге және олардың құқықтық мәдениетті нығайтудағы маңыздылығына тоқталдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-parygin/press/news/details/1155491?lang=kk
2026 жылғы 5 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар жоспары, сондай-ақ Риддер қаласының жас сайлаушылар клубының жұмыс жоспары аясында Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері «Сайлау құқығы лабиринттерінде» интеллектуалды квиз өткізді. Ойынға 4 команда қатысты, олардың құрамына «Риддер колледжі» КМҚК студенттері және «№1 мектеп-лицей» КММ, «№5 орта мектеп» КММ, «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ жоғары сынып оқушылары кірді. Интеллектуалды жарыс динамикалық және достық атмосферада өтті және бірнеше қызықты турларды қамтыды: интеллектуалды жылыту, сұрақ-жауап «Шындық немесе миф», ребус «Жұмбақтар лабиринті», «Афоризмдер» байқауы, «Селективті интеллект» кроссворды. Балалар сайлау құқығы негіздерін, логикалық ойлауды, эрудицияны және командада жұмыс істей білуді жақсы білетіндіктерін көрсетті. Әр тур қызу қызығушылық тудырды, ал пікірталастар мен даулар ойынның қызығын арттырды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық білімін кеңейтіп қана қоймай, болашақ сайлаушылардың азаматтық белсенділігін арттыра отырып, сайлауға қатысуға жауапкершілікті қалыптастырады 05.02.2026
2026 жылғы 5 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар жоспары, сондай-ақ Риддер қаласының жас сайлаушылар клубының жұмыс жоспары аясында Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері «Сайлау құқығы лабиринттерінде» интеллектуалды квиз өткізді. Ойынға 4 команда қатысты, олардың құрамына «Риддер колледжі» КМҚК студенттері және «№1 мектеп-лицей» КММ, «№5 орта мектеп» КММ, «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ жоғары сынып оқушылары кірді.Интеллектуалды жарыс динамикалық және достық атмосферада өтті және бірнеше қызықты турларды қамтыды: интеллектуалды жылыту, сұрақ-жауап «Шындық немесе миф», ребус «Жұмбақтар лабиринті», «Афоризмдер» байқауы, «Селективті интеллект» кроссворды.Балалар сайлау құқығы негіздерін, логикалық ойлауды, эрудицияны және командада жұмыс істей білуді жақсы білетіндіктерін көрсетті. Әр тур қызу қызығушылық тудырды, ал пікірталастар мен даулар ойынның қызығын арттырды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық білімін кеңейтіп қана қоймай, болашақ сайлаушылардың азаматтық белсенділігін арттыра отырып, сайлауға қатысуға жауапкершілікті қалыптастырадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1155497?lang=kk
Әл-Фарабидің рухани мұрасы Исламдық білім, ғылым және мәдениет ұйымында ұсынылды 05.02.2026
Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ИСЕСКО) және Қазақстанның Мароккодағы Елшілігінің бірлесіп ұйымдастыруымен ИСЕСКО штаб-пәтерінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Көркем академиясының академигі Жанұзақ Мүсәпірдің «Әл-Фарабидің балалық шағы мен өмірі» атты сурет көрмесі өтті.Көрмеге марокколық СІМ, Мәдениет министрлігі, мэрия, зиялы және ғылыми қауым, БАҚ өкілдері, студенттер мен дипломатиялық корпус мүшелері қатысты. Ж. Мүсәпір ісшара Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5-ші Ұлттық Құрылтайда Әл-Фарабидің рухани және мәдени мұрасын халықаралық аренада таныту және кеңінен насихаттау бастамасы аясында өткізіліп жатқанына назар аударды. «Туындыларым арқылы ұлы ойшылдың шынайы ізгілік идеяларын, оның адамзаттық мәдениеттегі орнын және Қазақстанның ұлттық мәдени кодын көрсетуді мақсат еттім» - деп атап өтті Ж.Мүсәпір.ИСЕСКО Бас директорының орынбасары Абделла Бенарафа «Бұл көрме ИСЕСКО мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа бағытын ұсынады және Ұйымның өзінің даналығымен, кең білімімен және әдебиет пен музыкаға деген шынайы қызығушылығымен танымал тұлға ретінде Әл-Фарабидің адамзат ойының қалыптасуындағы орасан зор рөлін мойындауын көрсетеді» – деді. Ұйым Мәдениет департаментінің директоры, Тунистің экс-Мәдениет министрі Мұхаммед Зинлабидин «Бүгінгі көрмеде ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің балалық шағы, ғылыми жолы және ислам өркениетіне қосқан үлесі көркемдік көзқарас арқылы көрсетілді» - деп атады.Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Саулекүл Сайлауқызы. «Әл-Фарабидің мұрасы бүкіл адамзатқа тиесілі және ол тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл ислам әлемінің мақтанышы» – деп атап өтті.Ж. Мүсәпір Әл-Фарабидің өмір жолын бейнелейтін картиналар ислам әлемінің ұлы ойшылына мәңгілік құрмет ретінде ИСЕСКО-ға сыйға тартты және ИСЕСКО басшылығына Қазақстан Көркем академиясының «Ұлы Таранды елі» медалі мен Құрмет грамотасын табыстады.«Әл-Фарабидің балалық шағы мен өмірі» атты сурет көрмесі ү.ж. 5-7 ақпан аралығында Марокконың Сале қаласындағы жергілікті сурет галереясында жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1155502?lang=kk
Қазақстан швед зерттеу институтымен ынтымақтастықты нығайтуда 05.02.2026
2026 ж. 4 ақпан, Стокгольм қ. – Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшісі Олжас Сүлейменов Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) директоры Карим Хаггагпен кездесу өткізді.Кездесу барысында Қазақстан Елшісі К.Хаггагты Институт директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Қазақстан мен SIPRI арасындағы сындарлы диалогты дамытуға және өзара іс-қимылды нығайтуға деген ортақ мүдделілік расталды. Қазақстанның Институтпен көпжылдық ынтымақтастығының тарихы, сондай-ақ SIPRI-дің халықаралық қауіпсіздік, қарусыздану және қақтығыстардың алдын алу салаларындағы жоғары сараптамалық әлеуеті атап өтілді. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тұрақты байланыстарды қолдап, пікір алмасуды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1155514?lang=kk
Қазақстан Республикасы Елшілігі Маутхаузен мемориалдық кешеніндегі естелік іс шараларға қатысты 05.02.2026
Вена, 2026 жылғы 1 ақпан - Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігі Маутхаузен концлагерінің «өлім блогынан» қашқан тұтқындарына арналған гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.Маутхаузен мемориалдық кешенінің аумағында нацистік лагерьлердің құрбаны болған қазақ батырлардың рұхына қойылған мемориалды тақтаға гүл шоқтары қойылды.Олардың батылдығы Қазақстан халқының тарихи жадының ажырамас бөлігі болып табылады, ал мемориалдық тақта Қазақстан халқының бостандық пен бейбітшілік үшін ортақ күреске қосқан үлесін білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1155470?lang=kk
Ұлттық құқық қорғау орталығында жаңа Конституцияның жобасы талқыланды. 05.02.2026
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды.Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ластаев Артур Орталық пен өңірлік өкілдіктердің қызметкерлері алдында сөйлеген сөзінде атап өткендей, елдің Негізгі заңының жобасын әзірлеу бірнеше ай бойы жүргізілді, оған бейжай қарамайтын қазақстандықтардың пікірлері, жұмыс тобының және Конституциялық реформа жөніндегі комиссия (Конституциялық комиссияның) мүшелерінің ұсыныстары ескерілді.Ұсынылған жаңа Конституция жобасы кең қоғамдық қолдау тауып, белсенді талқылаудың нысанына айналды.Негізгі заңға енгізілген өзгерістер оның барлық бөлімдерін және 77 бабын қамтып, Конституция мәтінінің 80 % астамын құрады. Жоба терең конституциялық жаңғыртудың негіздерін көрсетіп, мемлекеттің одан әрі дамуының іргелі базисі болып табылады.Өз сөзінде Омбудсмен адам құқықтары мен құқық қорғау тетіктері мәселелеріне жеке тоқталды.Уәкіл Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Конституцияның Кіріспе бөлімінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау жарияланып отырғанын атап өтті. Адам құқықтарына арналған бөлімнің өзі де қайта аталды, бұл олардың басты рөлін тағы бір мәрте айқындайды.Ластаев Артурдың айтуынша, Конституция жобасында өмірге абсолюттік құқықты бекіту маңызды сәт болды: «Бұл барлық құқықтар мен бостандықтардың негізі. Осы құқықсыз басқа бостандықтар жай ғана болмас еді».Омбудсмен жаңа Конституцияда ұсынылған басқа аспектілер туралы да айтты: өзіне және жақындарына қарсы куәлік бермеу және кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті болмау құқығы, мемлекеттің зайырлылығының бекітілуі, кінәсіздік презумпциясы принципі, некенің және отбасының негіздері, өлім жазасын сақтау тыйымы, жеке өмірге қол сұғылмаушылық кепілдіктерін нақтылау, жеке деректерді және басқа құқықтарды қорғау.Елдің Негізгі заңы жобасын талқылау барысында жиналыс қатысушылары азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1155456?lang=kk
Қазақстан Cыртқы істер министрі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады 05.02.2026
Вашингтон, 2026 жылғы 4 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Вашингтонға сапары аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесуі өтті.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымын, оның ішінде саяси және экономикалық өзара іс-қимылды, сауда мен инвестицияларды дамыту, энергетика және аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты талқылады, сондай-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға бейілділігін растады. Бейбітшілік кеңесін құру жөніндегі американдық бастамасына және осы форматқа Қазақстанның құрылтайшы ел ретінде қатысуына ерекше назар аударылды. Бұған қоса, 2026 жылғы желтоқсанда Майами қаласында өтетін G20 саммитіне Қазақстанның қатысуына дайындық мәселелері талқыланды.Министр елдің энергия ресурстары мен аса маңызды минералдардың жаһандық жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі стратегиялық рөлін атап өтіп, бұл саладағы ынтымақтастықты АҚШ-пен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі ретінде көрсетті.Өз кезегінде, АҚШ дипломаты Қазақстанды Орталық Азиядағы және халықаралық аренадағы сенімді серіктес ретінде атап өтіп, алдағы байланыстар екіжақты қатынастар мен практикалық ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.Келіссөздер барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары мен «С5+1» саммитінің қорытындысы бойынша шамамен 17 млрд АҚШ долларын құрайтын бұрын қол жеткізілген келісімдер мен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қолданыстағы ынтымақтастық форматтары аясында, сондай-ақ жаңа тетіктер мен бастамаларды іске қосу арқылы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1155969?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысында "Халық бухгалтері" акциясы жалғасуда 05.02.2026
2026 жылғы 4 ақпанда Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында республикалық «Халық бухгалтері» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін Ашық есік күні өтті.Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары «Учёт.kz» КБҰ кәсіби бухгалтерімен бірлесіп салық төлеушілерге жаңа Салық кодексінің нормаларын қолдану, салық есептілігін ұсыну тәртібі, арнайы салық режимдерінің өтпелі ережелері, қосылған құн салығы бойынша тіркеу және тіркеуден шығару, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетті.«Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда және 2026 жылғы 30 маусымға дейін өтеді. Салық төлеушілерге арналған консультациялар бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде өткізіледі:қаңтар–ақпан айларында — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін, наурыз айынан бастап — аптасына екі рет.Консультациялар мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Өскемен қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 86, 3-қабат, Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.Облыстың басқа қалалары мен аудандарындағы салық төлеушілер үшін бейнебайланыс форматында кеңес алу мүмкіндігі 8 771 123 80 84 телефон нөмірі арқылы қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1155357?lang=kk