Әлем
Халықаралық жасыл технологиялар орталығы EXPO OSAKA 2025-те жапондық ірі компаниялармен кездесулер өткізді 14.10.2025
Осака, 2025 жылғы 23-24 қыркүйек – Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырған EXPO 2025 Osaka тақырыптық аптасы шеңберінде «Көміртекті шешімдер: орнықты болашаққа бастар жол» деп аталатын сайд-ивент өтті.Іс-шара көміртегі өтемақысын талқылауға, шығарындыларды азайтуға және тұрақты тәжірибені ілгерілетуге бағытталған маңызды оқиға болды. Қатысушылар – мемлекеттік органдардың, халықаралық компаниялар мен қаржы институттарының өкілдері – Қазақстан мен Жапония ұсынған табысты кейстерді таныстырып, экономиканы бірлесіп декарбонизациялау жолдарын талқылады.Негізгі қатысушылар: «Жасыл Даму» АҚ, АХХО, Қазақстанның даму банкі, Қазатомөнеркәсіп, Sanshin Metal Working Co., Ltd., Finetech Co., Ltd. жапондық компаниялары және басқалары.24 қыркүйекте B2B-күні өтті: қазақстандық делегация Nagashima Holdings, Megumi Corp., Mitsubishi Heavy Industries Power Environmental Solutions, Ltd., Finetech Co., Ltd. сияқты бірқатар жапон өнеркәсіптік және технологиялық компанияларымен және Жапонияның Экология министрлігі жанындағы OECC ұйымымен кездесулер өткізді.Іс-шара барысында «жасыл» технологиялар, өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу, әсіресе металлургия секторында және JCM (Joint Crediting Mechanism) тетігі саласында тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды, Жапония осы тетік арқылы әріптес елдерде төмен көміртекті шешімдер енгізуге қолдау көрсетеді. Қазақстан JCM-жобаларға белсенді қатысуға дайын екенін білдірді.Сессияда сөз сөйлеген ЕХРО өкілдері Қазақстан үшін Жапониямен экологиялық ынтымақтастықты тереңдетудің, әсіресе орнықты даму саласындағы технологиялар трансфері мен бірлескен инвестициялық жобалардың әлеуеті зор екенін атап көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1075693?lang=kk
ЭШФ АЖ-да техникалық жұмыстарды жүргізу туралы 14.10.2025
Құрметті салық төлеушілер!ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 6 қарашада сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1099712?lang=kk
«Жетісу аруы - 2025» облыстық байқауы 14.10.2025
Кеше, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Жетісу аруы - 2025» облыстық байқауы 3 кезең бойынша ұйымдастырылды. Байқаудың ұйымдастырушылары Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығы.«Жетісу аруы-2025» сұлулық байқауының мақсаты: ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді тереңірек насихаттау және облысымыздағы дарынды жастардың жаңа мүмкіндіктерін ашу, үндестік пен әдемілік арқылы қазақ қызының бойындағы инабаттылық пен ұлттық тәлім-тәрбиені насихаттау.Қазылар алқасының құрамы:Сабитова Айгүл Ташболатқызы - Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, алқа төрағасы. Айдынбаев Еркебұлан Нұрланұлы - Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының кино және театр актері, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.Аздерова Шолпан Мерекеновна - «Бриллиант» шығармашылық мектебінің басшысы.Спандиярова Салтанат Сайранқызы - Журналист, тележүргізуші, «Үздік mediagroup» жетекшісі, «Үздік келін» байқауының жеңімпазы.Күнбарша Тұрсынбекқызы - «Күнбарша» сұлулық академиясының негізін қалаушы.Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1075736?lang=kk
ТМД елдерінің кеденшілері Душанбеде отырыс өткізді 14.10.2025
2025 жылғы 26 қыркүйекте Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Кеден қызметтері басшылары кеңесінің 81-отырысына Қазақстандық делегация Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиевтің басшылығымен қатысты. Отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің делегациялары қатысты. Тараптар кедендік ынтымақтастықты дамыту, озат құқық қолдану тәжірибесімен алмасу және кедендік үдерістерді жетілдіру мәселелерінің кең ауқымын қарастырды. Делегациялар басшыларымен тауарларды тауар номенклатурасына сәйкес біркелкі жіктеуді қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды. Бұл ретте осы салада арнайы жұмыс тобын құру және кедендік бақылауды жетілдіру мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ тараптар халықаралық тасымалдарға арналған уақытша әкелінген контейнерлерге кедендік бақылау ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Қазақстандық делегация ТМД елдерінің шекараларында тиісті инфрақұрылымдық жағдайлар жасау және шекаралас учаскелерде жұмысты үйлестіре отырып бірлесіп жүргізудің маңыздылығына назар аударды. Кеден қызметтері басшылары кеңесінің келесі отырысын 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда өткізу жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1075758?lang=kk
Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына 60 жыл 14.10.2025
І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметі Жетісу облысы бойыншы департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының алпыс жылдығына арналған «Үшарал шекара отрядының қалыптасуы мен дамуының тарихи аспектірі» атты ғылымы-практикалық конференция өтті.Конференцияда подполковник Мақсат Мырзаханұлы Рысдәулетов баяндама жасап, ел шекарасын қорғау шекара қызметінің басты міндеті және әрбір шекарашының міндеті мен абыройы екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1075768?lang=kk
Моңғолияның сарапшылары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойған басым бағыттарды жоғары бағалады 14.10.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 24 қыркүйек – Моңғолияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.Іс-шара барысында Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі А.Сейтақынов Жолдаудың мазмұнын жан-жақты таныстырып, Мемлекет басшысы айқындаған маңызды міндет – цифрлық трансформацияға тоқталды. Ол тек жаңа технологияларды енгізумен шектелмей, тұтас цифрлық экожүйе қалыптастыруды көздейтінін атап өтті. Елші Қазақстанның стратегиялық мақсаты жаһандық бәсекелестікке тиімді төтеп беруге қабілетті, экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ететін заманауи цифрлық мемлекетке айналу екенін жеткізді.Моңғол сарапшылары Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларды жоғары бағалап, Мемлекет басшысы бастамаларының дәйекті орындалуы елдің жедел дамуына қуатты серпін беріп, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына, шетелдік инвесторлардың қызығушылығын арттыратынына және Қазақстанның халықаралық беделін нығайтатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, сарапшылар қазақстандық өзгерістердің бүкіл өңір үшін маңыздылығын атап өтіп, көзделген мақсаттардың табысты жүзеге асырылуы басқа мемлекеттерге де үлгі бола алатынын атап өтті.Дөңгелек үстел барысында тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы жөнінде пікір алмасты. Сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға, инвестициялық ықпалдастықты кеңейтуге және мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайтуға айрықша назар аударылды.Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша сараптамалық диалогты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1075770?lang=kk
Абайлаңыз алаяқтар 14.10.2025
ҚР Әділет министрлігі құқыққа қарсы әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты ескертеді.Алаяқтар өздерін әділет органдарының қызметкерлері немесе сот орындаушылары ретінде таныстыра отырып, қызметкерлерден жеке деректерді, телефон нөмірлерін, SMS кодтарын сұрайды.Құқыққа қарсы әрекеттерден сақтану үшін Әділет министрлігі тек ресми ақпарат көздеріне сенуді, сондай-ақ жеке деректерді үшінші тұлғаларға немесе күмәнді интернет-ресурстарға бермеуді ұсынады. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1075772?lang=kk
Өскемен қаласында B санаты бойынша практикалық емтихан тапсыруға арналған жаңа автодром ашылды 14.10.2025
2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Өскемен қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да B санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыратын жаңа автоматтандырылған автодром жұмысын бастайды.Алаң қазіргі заманғы стандарттарға толық сәйкес келеді және автоматты (АКПП) және механикалық (МКПП) беріліс қорабы бар көліктерге арналған.Азаматтардың ыңғайлығы үшін кезекті онлайн брондау «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Бұл күту уақытын қысқартып, процесті айқынырақ әрі ыңғайлы етеді.«Автодромның іске қосылуы емтихан кезектерін қысқартуға, жүргізушілерді дайындау сапасын арттыруға және практикалық емтихан тапсыру процесінің ашықтығы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Заманауи автодром, электронды кезек және барлық талаптардың сақталуы – бұл біз ұмтылатын стандарт», – деп атап өтті КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ШҚО бойынша филиалының директоры.Айта кетейік, басқа санаттар бойынша емтихандар бұрынғыдай Назарбаев даңғылы, 59 мекенжайындағы оқу комбинатында өткізіледі.Автодром Өскемен қаласындағы мамандандырылған ХҚКО аумағында, Самар тас жолы, 23/1 мекенжайында орналасқан. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі күні 08:00-ден 12:00-ге дейін. Жексенбі – демалыс күні.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1075794?lang=kk
Астанада “Төреліктегі қамтамасыз ету шараларын қолдану’ тақырыбында семинар өткізілді 14.10.2025
2025 жылғы 22 қыркүйекте GRATA International Астана қаласындағы кеңсесі ENYO Law жетекші халықаралық заң фирмасымен бірлесіп «Төреліктегі қамтамасыз ету шараларын қолдану» тақырыбында семинар өткізді.Төрелік талқылауда жақында жетістікке қол жеткізгеннен кейін GRATA International Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда.Семинарға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдері қатысып, төрелік талқылау саласындағы жергілікті сараптаманы дамытуға баса назар аударылды.Семинар барысында ENYO Law заң фирмасының серіктесі Борис Телятников және ENYO Law аға заңгері Каролина Крофт халықаралық дауларды шешу тәжірибесімен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1075795?lang=kk
Алматы облысында өңештің сирек патологиясына шалдыққан науқасқа сәтті ота жасалды 14.10.2025
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында 1954 жылы туған науқасқа бірегей ота жасалды. Ол 30 жылдан астам уақыт бойы жұтыну бұзылысына шалдыққан. Диагноз – Ценкер дивертикуласы, бұл өңеш ауруларының шамамен 3,5%-ында ғана кездесетін сирек патология.Науқас ондаған жылдар бойы тамақ қабылдауда қиындық көріп келген. Соңғы жылдары жағдайы күрт нашарлаған: тамақ өңеште тұрып қалып, науқас тамақтың асқазанға ішінара өтуі үшін мойнын қолымен басуға мәжбүр болған. Қалғаны құсу арқылы сыртқа шыққан. Соңғы 2–3 жылда ол шамамен 20 келі салмақ тастап, қатты әлсіреген.«Әрбір ас ішу мен үшін азапқа айналды. Тамақтан кейін мойным ісіп кететін. Өзім қолмен басып көретінмін, бірақ көп жағдайда бәрібір құсумен аяқталатын. Дұрыс тамақ ішуге үмітім де қалмаған еді. Тек дәрігерлердің арқасында қайтадан қалыпты өмір сүріп жатқанымды сезінудемін», — деп бөлісті науқас.Операцияны Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының хирургі Айазбаев Нұрбол Бейсенұлы жасады. Ота барысында мойын бөліміндегі өңеш босатылып, кеңейген бөлігі алынды.«Ценкер дивертикуласы – өте күрделі әрі айлакер патология. Көптеген науқастар жылдар бойы нақты диагнозды білмей дисфагиямен өмір сүреді. Бұл жағдайда ота аса қажет болды, өйткені сөз тек өмір сапасы туралы ғана емес, адамның өмірін сақтап қалу жайында еді. Біз науқастың емделуі сәтті өткеніне қуаныштымыз», — деп атап өтті дәрігер.Бүгінде науқас ауруханадан шығарылды. Соңғы үш айда ол толыққанды тамақтанып, 10 келі салмақ қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1075811?lang=kk
Бірінші тамызда Қазақстанның барлық өңірлерінде жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша басталған семинарлар сериясы Астанада аяқталды 14.10.2025
Бірінші тамызда Қазақстанның барлық өңірлерінде жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша басталған семинарлар сериясы Астанада аяқталды Бірінші тамызда Қазақстанның барлық өңірлерінде жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша басталған семинарлар сериясы Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика Серік Жұманғариннің, қаржы министрі Мәди Такиевтің, Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен өткен қорытынды іс-шарамен аяқталды. Семинар онлайн режимде, еліміздің барлық 20 өңірінде МКК өңірлік бөлімшелерін қосу арқылы көрсетілді. Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақты офлайн және онлайн режимінде қойып, толық жауап алды. Павлодар облысының кәсіпкерлері де Келісім Үйінде таратылған семинарға қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1075846?lang=kk
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру 14.10.2025
🔷 Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 2025 жылғы 24 қыркүйекте «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің басшысы Т.К. Мұхтар және Саран қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Ж. Бейскеев «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де бөлімнің қызметкерлеріне, жұмыссыздарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар адамдарға негізгі ережелерді түсіндірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1075852?lang=kk
В рамках проекта «Кедергісіз болашақ» состоялся конкурс «Шексіз мүмкіндіктер әлемі» 14.10.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің үйымдастыруымен зағип оқырмандардың кітап оқу мәдениетін дамыту және қолдау, қоршаған әлемді зерттеуге және қабылдауға бейімдеу мақсатында. «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында« Шексіз мүмкіндіктер әлемі» атты байқауы өтті.Байқау 3 кезеңнен тұрды:Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі», Мұхтар Әуезов «Қорғансыздың күні», Дулат Исабеков «Дермене», Александр Куприн «Гранатовый браслет», Лев Толстой «Метель», Федор Достоевский «Сон смешного человека» берілген шығармалардан үзінді тыңдап, сол шығарманың атын анықтау және авторын табу. Шығармаға байланысты 5 сұраққа жауап беру.Саусақ ұшымен сезіну арқылы тактильді суреттерді анықтау, суреттегібейнеге байланысты өлең жолдарын оқу5 түрлі мақал мәтелді жалғастыру,Байқауға бөлімнің 7 зағип оқырманы қатысып өз шеберлігімен біліктілігін жоғарғы дәрежеде көрсетті . Байқаудың I дәрежелі дипломымен Григорьева Анастасия, II дәрежелі дипломымен Бекенова Қарлығаш, III дәрежелі дипломымен Головушкина Марина марапатталды.Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге алғыс хаттар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1075456?lang=kk
Ү.ж. 18 қыркүйекте “Dubai Cares” ұйымының бас директоры Тарик Әл-Гуркпен кездесіп, гуманитарлық және білім салаларындағы ынтымақтастық бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқыладық. 14.10.2025
Ү.ж. 18 қыркүйекте “Dubai Cares” ұйымының бас директоры Тарик Әл-Гуркпен кездесіп, гуманитарлық және білім салаларындағы ынтымақтастық бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқыладық.Анықтама: “Dubai Cares” — Біріккен Араб Әмірліктеріндегі 2007 жылы құрылған қайырымдылық ұйымы. Оның мақсаты — балалар мен жастарға сапалы білім беру мүмкіндігін қамтамасыз ету, білім беру жүйесін жақсарту және т.б.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1075463?lang=kk
Ү.ж. 23 қыркүйекте БАӘ Адами ресурстар және эмираттандыру министрлігінің Еңбек нарығы қызметтері жөніндегі жауапты хатшысының орынбасары Рашид Хассан Әл Саадимен кездесу өтті. 14.10.2025
Ү.ж. 23 қыркүйекте ҚР азаматтарының еңбек етуіне қатысты ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында БАӘ Адами ресурстар және эмираттандыру министрлігінің Еңбек нарығы қызметтері жөніндегі жауапты хатшысының орынбасары Рашид Хассан Әл Саадимен кездесу өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1075476?lang=kk
XXІ ғасырдың Қажымұқаны: әлем чемпионы Ұлттық ұлан сапында қызмет етуде 14.10.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының сапында гір көтеру спортынан үш дүркін әлем чемпионы Еркебұлан Келдібаев әскери борышын өтеуде. Ол Алматы қаласында орналасқан, Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының есімі берілген 5571 әскери бөлімінде қызмет етеді.Түркістан өңірінің тумасы, қатардағы жауынгер Еркебұлан Келдібаев – танымал спортшы, гір көтеру спортынан үш дүркін әлем және Азия чемпионы, он дүркін Қазақстан чемпионы, спорт шебері. Бала кезінен-ақ даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының ерлігі мен қайсарлығына тәнті болып өскен Еркебұлан спорт алаңдарында шынығып, мінезі мен жігерін енді әскер сапында шыңдап келеді.Әскери бөлімде Еркебұланды қарулас жолдастары ыстық ықыласпен қарсы алды. Ұландықтар оның рухының мықтылығы, еңбекқорлығы мен қарапайымдылығы үшін құрметпен «Қажымұқан» деп атап кеткен. Бос уақытында да Еркебұлан жаттығуларын үзбей жалғастырады, себебі күш-қуат үнемі еңбекті талап етеді. Дәл осы құлшыныспен ол қоғамдық тәртіпті күзетуде. Қала қауіпсіздігі мен тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етуге өз үлесін қосып, тәртібі мен бабын бұзбай, болашақ жеңістерге дайындық үстінде.«Ұлттық ұландағы қызмет – үлкен жауапкершілік, тәртіп пен төзімділіктің мектебі. Мұның бәрі спортта алған тәліміммен бірдей. Осы арқылы жастарды әскерге баруға, спортпен шұғылдануға жігерлендіргім келеді», – дейді Еркебұлан Келдібаев.Ұландықтың жоспары – халықаралық жарыстарға қатысып, Қазақстанның туын биікте желбірету. Әскери бөлім қолбасшылығы оған әскери қызмет пен кәсіби спортты тиімді ұштастыруға толық мүмкіндік беріп отыр.Ұлттық ұлан халықаралық аренада жетістікке жеткен жауынгерлерін әрдайым қолдап, олардың дамуына жағдай жасайды. Соның айқын дәлелі – қатардағы Еркебұлан Келдібаев спорт, әскери қызмет пен отансүйгіштіктің үйлесім таба алатынын дәлелдеп келеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1075479?lang=kk
«Қақтығысты буллингтен қалай ажыратуға болады?» тақырыбында дәріс өткізді. 14.10.2025
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті бастауыш сынып оқушылары үшін «Қақтығысты буллингтен қалай ажыратуға болады?» тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шараның мақсаты – қысым көрсету жағдайларының алдын алу және зорлық-зомбылыққа төзбеушілікті қалыптастыру. Дәріс барысында балаларға қақтығыс пен буллингтің негізгі айырмашылықтары түсіндіріліп, құрдастарымен сыйластықта әрі ізгі ниетпен қарым-қатынас жасаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1075484?lang=kk
Таразда ұландықтар бас жарақатын алған жеткіншекке алғашқы көмек көрсетіп, пышақпен жүрген бозбаланы ұстады 14.10.2025
Күні кеше ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілері бір күннің ішінде жоғары қырағылық пен кәсіби шеберлік танытты. Олар басынан жарақат алған 9 жасар балаға көмек көрсетіп, қолында пышағы бар жасөспірімді ұстады.Маңызды оқиғаның бірі Салтанат ықшам ауданында болған. Шаһардың тыныштығын қадағалап жүрген әскери жасақ жедел әрекет етіп, жарақат алған 9 жасар балаға алғашқы медициналық көмек көрсетті.Ойын алаңында жүгіріп жүрген бала тербеліп тұрған әткеншекке соғысып, сол жердегі жиектасқа құлаған. Дереу көмекке келген әскери жасақ жеткіншектің басындағы терең кесілген жарадан қан кетіп жатқанын көреді. Патрульдік топ бастығы кіші сержант Асылхан Мырзабек қасындағы патрульшілерімен бірге жеткіншекке алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дереу жедел жәрдем көлігін шақыртқан.Дәрігерлер келгенше әскери жасақ баланың жағдайын бақылап, жарақат орнын таңып, қауіпсіздігін қамтамасыз етті.- Қан кетуді тоқтату әдісін қолдандық, жараны таңып, жедел жәрдем шақырдық. Анасына хабарласып жағдайды түсіндірдік. Оқиға орнына жедел келген дәрігерлер жарақат алған ойын баласының жарасына ем-дом жасады, анасымен бірге емханаға алып кетті, — дейді кіші сержант Асылхан Мырзабек.Құқықтық тәртіп әскерінің сарбаздары сол күні Қаратау ықшам ауданында қырағылықтың тағы бір үлгісін көрсетті. Жауынгерлік қызметте жүрген әскери жасақ бастығы кіші сержант Еркеғали Жиембек, патрульшілер қатардағы Бақтияр Тұранов пен Ерлан Жарылғап түнгі сағат 22.00 шамасында Президент саябағының алдында тәртіп сақшыларын көріп, қашпақшы болған бозбаланың адымын аштырған жоқ. Жасақ бастығы кіші сержант Еркеғали Жиембек оның құжаттары мен жеке заттарын қаруға шешім қабылдады. Қолындағы сөмкеден пышақ табылған жігіт полиция бөліміне жеткізілді.Бұл оқиғалар – Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің тек қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін ғана емес, сондай-ақ төтенше жағдайда көмек қолын созуға әрқашан дайын екендігінің дәлелі. ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1075485?lang=kk
23–24 қыркүйек аралығында Дубайда өтіп жатқан Food Future 2025 форумына қатыстық. 14.10.2025
23–24 қыркүйек аралығында Дубайда өтіп жатқан Food Future 2025 форумына қатыстық.Іс-шара аясында әлеуетті серіктестермен бірнеше кездесулер өткізіп, ынтымақтастық мүмкіндіктері мен бірлескен жобаларды талқыладық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1075490?lang=kk
Ү.ж. 25 қыркүйекте Шейх Хамдан Бин Ахмед Әл Мактум Кеңсесінің инвестициялар мәселелері бойынша өкілдерімен кездесу өтті. 14.10.2025
25 сентября т.г. состоялась встреча с представителями Канцелярии Шейха Хамдана бин Ахмеда Аль Мактума по вопросам инвестиций.В ходе встречи были обсуждены вопросы двустороннего сотрудничества и возможности совместной работы в будущем.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1075492?lang=kk